БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ
Категориясы: Өсімдікті
БӘЙШЕШЕК – ПЕРВОЦВЕТ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ
Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі қысқа, гүл сабағы мен оның түбінде топталып сабақты айнала өскен тамыр – жапырақтарынан тұрады. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, қысқа сабақты. Гүлдері ашық сары түсті, қолшатыр тәрізденіп, гүл сабағының ең ұшында бір жағына қарай қисайып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 тісті, гүл жапырақшалары өзара біріккен түтікше тәрізді. Жемісі – қоңырқай түсті, сопақша келген қауашақ. Мамыр айында гүлдеп, шілде айында жеміс береді.
Бәйшешек шабындықтарда, орман ішінде, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Дәрі ұшін өсімдіктің жапырағы мен тамыр сабағы, тамырлары пайдаланылады. Құрамында С витамині, сапониндер, эфир майлары, гликозидтер, примверин, флавондар бар.
Бәйшешектен жасалған дәрілердің тер шығаратын, дененің қызуын төмендететін, жөтелді басатын, құрқұлаққа шипа болатын, несептің бөлінуін күшейтетін қасиеттері бар. Халық медицинасында орталық нерв жүйесінің жұмысын қалпына келтіру үшін, өкпе және бронхтар қабынғанда қақырық түсіру үшін қолданылады. Ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын басу үшін, бүйректің және қуықтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен халық медицинасында іштің жүрмей қалуын, бас ауруын және мигренді емдейді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды қайнап тұрған 2 стакан суға салып, 20 минут тұндырып қояды да, жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішеді. Оның жапырақтарынан тұнбаны былай жасайды: ұнтақталған бір ас қасық жапырақты қайнап тұрған 1 стакан суға салып 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан ішеді.
Жарияланған-2016-07-13 15:23:53 Қаралды-4756
СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады
АПТАДАҒЫ КҮНДЕРДІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСҚАН АТАУЛАРЫ
Қазіргі күн аттары төмендегі ретімен қолданылады; дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ
Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады.
ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?
Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Казақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық-рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы, негізінен, XV-XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралды.