ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА
Категориясы: Тағам
Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі. Жұмыртқаның сары уызы, қант, ұн, қаймақ, тұз мұқият араластырылып, сүтке езіледі. Ал жұмыртқаның ақ уызы шайқалып, еппен қамырға енгізіледі. Дөңгелектеліп кесілген алма аспаз инесімен ептеп қамырға тығылады да тездетіп майы қызып тұрған табаға салынады. Сырты сарғайып, қабыршақтанып піскенше ұсталады.
Дастарқанға қойылар алдында үстіне қант ұлпасы себіледі.
Бұл тағамға 500 грамм алма, 20 грамм құм шекер, 120 грамм бидай ұны, 120 грамм жұмыртқа, 60 грамм қант ұлпасы, 120 грамм сүт, 60 грамм қаймақ, 1 грамм тұз және 60 грамм сарымай жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-09 15:21:29 Қаралды-2082
КУЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ

Күлтегін ескерткіші 1889 жылы орыс археологиялық-экспедициясының басшылығымен Көкшін-Орхон өзенінің оң жағалауынан Кіші-Цайдам деген жерден табылған. Бұл ескерткіш Түрік империясының тарихы жайлы әңгімелейді.
ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.
СҮМӘЛЛӘК

Бидайды су себелеп дымқылдап, үш күндей жауып қойып өндіру керек. Сол аздап өнген бидайдың 2-3 сантиметрдей көгі кесіліп тасталады да, қалған ақ түсті дәні жиналып алынып үстіне су салып езіледі.
ДУАДАҚ

Дуадақ - далалы жерде кездесетін ірі құстың бірі. Республикамызда дуадақты шөл және шөлейтті, далалы жерлерде кездестіруге болады. Басы мен мойны сұр, арқасы жирен түсті, бауыры ақшыл, қанаты ақ, қанатының ұшы ғана қара болып келеді.
ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады.