АКРОБАТИКА ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Акробатика - бұл адам өмірінде өз қолтаңбасы бар спорт түрі деп әбден болады. Себебі, адамның өз денесін өз мұхтажына сәйкес қызмет өткізу - әркімнің ізгі арманы. Сондықтан да цирк өнерімен шұғылданушылар акробатиканы «Цирк ханымы» - деп атайды екен.
Ертедегі римдіктер акробатиканы «Тірі сәулет өнері» - деп мақтап етіпті. Олар театр әртістерінің шеберліктерін анықтау барысында акробатикалық дайыңдығын да есепке алыпты. Гомер өзінің «Одиссея» атты шығармасында Менелая патшаның тойында өнер көрсеткен екі акробаттардың секіріп көрсеткен өнеріне зор ризашылық білдіріп жазған. Сонымен қатар бұл өнер шеберлерін шіркеу иелері қатаң жасалап та отырған. 1551 жылы Иван Грозный патшаның бұйрығы мен акробатикалық жатгығуды меңгерушілерді «шайтанның тұзағына түскендер» деп жариялаған.
Жоғарыдағы жазалаушылыққа мойымаған акробатика өнерін сүйген қауым қарап отырған жоқ, олар бұл өнердің бүкілхалықтыққа айналуына ат салысты. Акробатика өнеріне арналған жазба еңбектер XVI ғасырдан бастап өмірге жолдама ала бастады. Олар: 1573 жылы жарық көрген «Гимнастика өнері туралы» 1599 жылы жазылған «Секіру жаттығуымен ауадағы қалықтау» атты еңбектер. Бұл әдістемелік еңбектерде акробатикалық жаттығулардың тиімділігі туралы келелі ой-пікірлер айтылды.
Акробатикадан жаттығуларының спорт саласы болып бөлінуі. 1895 жылдан басталды. Осы кезеңнен бастап, акробатика өнері цирк өнерінен өз алдында бөлініп шығып, оқу орындарында арнайы пән дәрежесіне көтерілді. 1900 жылдары Петербург қаласында алғашқы акробатикалық ұйымдар пайда болған. Ал 1913 жылы Россияда акробатикалық жаттығулар негізіне арналған окулық жарық көрді.
Бұрынғы КСРО-да 1925 жылдан бастап акробатика ден тәрбиесі мәдениеті пән ретінде мектеп бағдарламасын енгізілген.
1934 жылдан бастап Москва ден тәрбиесі мәдениеті институты жанынан акробатика кафедрасы ашылған. 1939 жылы акробатикадан бүкілодақтық біріншілік өткізді. 1957 жылы Европа біріншілігі өткен. 1973 жылы халықаралық алғашқы федерация ұйымдастырылды. 1974 жылы Москва қаласында дүниежүзілік чемпионат өтті.
Сөйтіп, спорттың акробатика дүниежүзілік аренада өз сыбағасын алады.
«Акробатес» - ірек сөзі, дәл мағынасы - «жоғары шығушы» деген сөз.
Барлық акробатикалық жаттығулар негізгі үш топқа белінеді. Олар: секіру, тепе-теңдікті сақтау және лақтыру жаттығулары. Сөйтіп, акробатика дегеніміз жаттығулар жиынтығы, спортшының қимыл-қозғалысын басқару қабілеті, жинақтылық пен шапшандылық және қанатсыз қалықтау өнері.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-21 13:20:16 Қаралды-20494
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА
Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.
ТАҢҚҰРАЙДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Таңқурай жидегінде қант, пектин, илік, бояу заттары, лимон, алма, құмырсқа және салиция қышқылдары, фосфор, калий тұздары, С1, Р витаминдері және А провитамині болады. Жабайы өсетін таңқурай - адам организміне керекті тағамның бірі.
Бізге қанша уақыт ұйқы керек?
Біз ұйқы қашан біздің миымыз және денеміз демалған кезде болдаы деп ойлаймыз. Бұл олай емес; ұйқы бұл көптеген маңызды процестердің, қалыпқа келулердің және күш жұмсаулардың өтетін белсенді уақыттары. Ұйқы – денсаулыққа өте маңызды. Бірақ, шектен тыс көп
Кальмарлар ұша алады
Тынықмұхит кальмары – «ұшатын» мүмкіндігі бар, онқолды тұқымдастардың ішіндегі басаяқты ұлулар түрі.
БЕХИ ДУЛМА (ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН АЙВА)
Піскен айва жемісінің түктері алынып тасталып, ортасы дәнімен алынады да салқын сумен шайылады.
Баобаб қанша өмір сүреді?
Баобаб кң алдымен өзінің көлемімен әйгілі. Діңгегінің диаметрі 8 метрге жетеді. Сондай-ақ бұл ағаш ұзақ өиір сүретінін барлығы біледі. Бірақ, баобабтардың қанша уақыт өмір сүретіндігін дәл анықтау мүмкін емес. Оның жарамды сақиналары жоқ. Сондықтан бағала