КІШІ ҚАБЫРШӨП
Категориясы: Өсімдікті
КІШІ ҚАБЫРШӨП – БАРВИНОК МАЛЫЙ
Кіші қабыршөп – үнемі көгеріп тұратын, биіктігі 60 сантиметрге жететін, аласа, бұталы өсімдік. Сабағы жайыла өседі. Сопақтау келген, эллипс тәрізді жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырақтарының сағақтары қысқа, екі жағы да жылтыр қою жасыл түсті. Гүл тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады. Гүл тәжі қара кек түсті. 5 гүл жапырақшасы бар, жоғарғы жағы біртіндеп кеңейетін түтікшеге ұқсайды. Май айында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі. Бұталардың арасында, орманды жерлерде, далалы аймақтарда өседі.
Дәрілік мақсат үшін кіші қабыршөптің жер үстіндегі бөлігін мамыр-маусым айларында пышақпен кесіп немесе орақпен орып алады. Тамырымен жұлуға болмайды, себебі бұл, өсімдіктің мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соғады. Оны бір жерден қайталап тек 3-5 жылдан кейін ғана жинауға болады.
Өсімдіктің құрамында винин, пубесцин, мипорин, винкамин деген алкалоидтер, рутин және илік заттар бар. 1934 жылы А. П. Орехов кіші қабыршөптен винин мен пубесцин деген алкалоидтерді бөліп алды және бұл заттардың қан қысымын төмендетіп, мидың қан тамырларын кеңейтетіндігін анықтады.
Кіші қабыршөп дәрі ретінде өте ерте кезден пайдаланылып келеді. Кавказ халықтары оны қанның құрамын тазартатын, қан тоқтататын, жарақаттарды емдейтін дәрі ретінде пайдаланған. Қытайлар қабыршөптің тағы бір түрін қан қысымын төмендету үшін пайдаланған. Еліміздің кей жерлерінде кіші қабыршөппен іш өткенді емдейді.
Кіші қабыршөпті бақтарға кейде әсемдік үшін де егіп тастайды. Халық арасында бұл өсімдікті қасиетті деп есептеп көрнекті таза жерлерге іліп қоятын болған.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Гипертония ауруын емдеу үшін өсімдіктің 5 грамм жапырағын алып, 250 мл қайнап тұрған суға араластырады да, 15 минут қайнатады. 1 сағаттан кейін дәріні сүзіп алады да, әрбір 2 сағаттан кейін 1-2 қасықтан ішеді.
Аптекаларда осы өсімдіктен жасалған, қанның қысымын төмендететін девинкан, винкопам атты дәрілер сатылады.
Жарияланған-2016-07-12 15:42:38 Қаралды-2278
ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ
Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.
КЕНДІ ҚАЛАЙ ӨНДІРЕДІ
Біз әуелі кен байлығы, яғни қазба байлық дегеніміз не екенін білейік. Біз өмір сүріп жатқан Жер, оның қыртысы алуан түрлі топырақтардан, тастардан, т.б. нәрселерден тұратынын білеміз. Олардың барлығы кен байлығына жатпайды.
КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?
Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді.
САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК
Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.
КЕМПІРҚОСАҚТЫҢ ЖЕТІ ТҮС
Аспан төрін айқара керіп кемпірқосақ орнапты. Оның түсі қандай? Дәлірек айтсақ, онда қанша түс бар? Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар.