UF

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

Категориясы: Өсімдікті


ДӘРІЛІК МЕЛИССА - МЕЛИССА ЛЕКАРСТВЕННАЯ

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу әрі төрт қырлы, сыртын түк басқан, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сабақтары ұзын, жұмыртқа тәрізді. Шеттері ара тісті, ұштары сүйір, жоғарғы жағы қою жасыл тусті, төменгі жағы ашық жасыл түсті, шеттерінде қызыл дақтары бар. Гүлдері майда, 6-10-нан жиналып, жоғарғы жағындағы жапырақтарының қуысына орналасқаи. Гүл тостағаншасы түтікше тәрізді, қос ерінді, жоғарғы ернінде 3 қалақшасы, төменгі ернінде 2 қалакшасы бар. Гүл тәжі де ұзынша келген түтікшеге ұқсайды. Ол қос ерінді, ақ түсті, 5 гүл жапырақшасынан тұрады, июль-август айларында гүлдейді, иісі лимонның иісіне ұқсас. Ол бұталардың арасында, орманның күн сәулесі көп түсетін жерлерінде, тұрғын үйлердің маңайында өседі.

Дәрі жасау үшін дәрілік мелиссаның жер бетіндегі бөлігін гүлдей бастаған кезінде жинап алады. Құрамында эфир майлары, аскорбин, кофеин, урсол қышқылдары, илік заттар, майлар бар.

Халық медицинасында дәрілік мелиссаның тұнбасын денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын және қолаяқтың бұлшық еттерінің жиырылуына қарсы әсер ететін дәрі ретінде қолданады. Сонымен қатар, бұл өсімдіктен жасалған дәрілер жүйкені тыныштандырып, жүректің жұмысын жақсартады. Осыған байланысты аурудың ентіккені, жүрек тұсының ауырғаны басылады. Жүрек қалыптан тыс жиі соқпайтын болады. Іш желденгенде, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, асқазан түйнеп ауырғанда, әйелдерде етеккір кешігіп келгенде осы өсімдіктен жасалған дәрілермен емдеуге болады. Ұйқы қашқанда, жүйке қажығанда, жүрек демікпесінде, қан азайғанда және кейде іш жүргізетін дәрі ретінде халық медицинасында кеңінен пайдаланылады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен ревматизмді де емдейді.


Дәріні дайындау және колдану тәсілі. 15 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрган суға салып, 40 минут тұндырады да, 1 ас қасыктан 3 рет ішеді. Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 100 грамм спиртқе салып 8-10 күн тұндырады да, даяр болған дәріні подагра және ревматизм ауруларына байланысты сырқыраған буындарға жағады.

  Жарияланған-2016-07-12 11:59:56     Қаралды-6075

Мәлімет сізге көмек берді ма

МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

...

Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА ТЕҢІЗДІҢ СУЫ ШЫНЫНДА ДА, ҚАРА МА?

...

Кез келген ертегі немесе ән атаулыда теңіз кездессе, міндетті түрде - «көк теңіз» болып келетіні өзіңе мәлім болар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ПУРИ

...

Тоқаш қамырынан жасалатын құырма сияқты тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНТҚА САЛЫНҒАН КУРАГА

...

Курага жақсылап жуылып, кептіріледі. Қант улпасы, түйген қант және белок дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »