ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР: ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
Категориясы: Тағам
Қойдың құйрық майы мен бауыры салқын сумен жуылып, тазартылады. Содан соң қазанға су құйылып, отқа қойылады. Су шым–шым қызған кезде қазанға құйрық май салынып қайнатылады. 15 минуттай қайнағаннан кейін бауыр, тұз, бұрыш, сарымсақ салынады да қазанның қақпағы жабылып, құйрық пен бауыр әбден піскенше одан әрі қайната беріледі. Піскеннен кейін құйрық бір бөлек, бауыр бір бөлек ыдысқа түсіріп алынып, суытылады. Өйткені тоңазыған құйрық та, бауыр да тез әрі оңай кесіледі.
Құйрық та, бауыр да жұқа әрі үш бұрыштап қиялап кесіледі. Дастарқанға жайпақ ыдысқа салынып әкелінеді. Ол үшін бір тілім бауырдың үстіне бір тілім құйрық салынады. Әсемдік үшін бетіне көк жуа, аскөк себуге болады.
Құрамы: 600 грамм бауыр, 200 грамм құйрық май, 1 түйір көк жуа, бір шай қасық аскөк, бір бадана сарымсақ, асуға арналған су құйрық пен бауыр еркін батып жататындай, ал тұз бен бұрыш татымына қарай.
Жарияланған-2016-05-27 13:50:20 Қаралды-9434
ШЫМКЕНТ

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы
Танымдық діни бет

Танымдық діни бет. Еврейлер оқымаулары, ал қалғандарына қызық болулары мүмкін. Егер кімге қызық болса одан әрі тереңірек оқыңыздар
БАЛЫҚШЫЛЫҚ

Балықшылық бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен, балығы мол сулардың -жағасында жұт немесе басқа себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың ғана айналысатын кәсібінің түрі еді. Балық табиғат-ананың сыйы болғандықтан, Атырау, Арал, Балқ
БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.