UF

АВАРИЯНЫ ТУҒЫЗАТЫН КАНДАЙ СЕБЕПТЕР БАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ?

Категориясы: Соғыс


Авария (апат) — өндірістік процестің бұзылуын туғызатын, машинаның, агрегаттың істен шығуы немесе адамдардың өмі рі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты тоқтатылуы. Ірі өндірістік апаттарында өнеркәсіп орындарында, транспортта немесе басқа да халық шаруашылығы объектілерінде өндірістік процесс кенеттен тоқтайды немесе істен шығады, бұл адамдардың зардап шегуіне немесе шығынға ұшырауына, материалдық игіліктердің зақымдануына әкеп соқтырады. Апат зардаптарының сипаты олардың түріне, ауқымына және авария шыққан кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Қейбір жағдайда авария атмосфераның ластануын, мұнай өнімдерінің, зиянды сұйықтар мен күшті әсер ететін улағыш заттардың төгіліп, жайылуын туғызады. Халық шаруашылығы объектілерінде көп жағдайда аварияны туғызатын себептер - технологиялық процестің және қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуы. Ірі өндірістік аварияны жою кезінде төмендегідей шаралар жүргізіледі: объектінің жұмысшылары мен қызметшілерін, авария қызметтерін, халықты (қажет болған жағдайда) аварияның пайда болған қауіпті зардаптары жөнінде хабарландыру; адамдарды құлаған үйінділердің астынан, қираған және зақымданған үйлер мен ғимараттардан шығару, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне көшіру; өрттерді сөндіру және оқшаулау; коммуналдық-энергетикалық жүйелердегі аварияны оқшаулау; авария болған жерлерге, зақымданған және қираған үйлерге кіретін және шығатын жолдар жасау; механизмдердің жұмыс істеуі үшін алаңдар дайындау; авария болған ауданға және ол шектесетін территорияларда коменданттық қызметтер ұйымдастыру. Оларды жүзеге асыру үшін авария әскерінің - аға бастығының шешімі бойынша авария әскери емес жасақтары тартылады.

  Жарияланған-2016-02-20 14:39:05     Қаралды-3234

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ

...

Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰҢҚАР

...

Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, міне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҚТАУ

...

Суретші кенепке (холст) сурет салу үшін, ол теп-тегіс боп керіліп жату керек. Ол үшін жақтау жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жержаңғақ динамиттің ингредиенті болып табылады

...

Сіздер динамиттің жержаңғақтың көмегімен жасауға болатындығын білдіңіздер ма?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »