UF

АЛМҰРТТАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Алмұрттың жемісінде қант, пектин, илік, бояу заттар, алма және лимон қышқылдары, В1, С витаминдері бар. Бұл заттар адам тіршілігіне және организмдегі зат алмасу процесін жақсартуға өте қажетті.

Алмұрт жемісін қайнатқан суды асқазан ауруын смдеуге, буйрегі ауырған адамға зәр жүргізу үшін ішкізуге болады. Сонымен қатар ол дене қызуы көтерілгенде де шипалы. 100 г мөлшерінде 2-3 рет ішкеннен кейін одан терлеп, температурасы төмендейді. Алмұрт жемісін шикі, жас күйінше кептірілген, консервіленген күйінде пайдалануға болады. Алмұрт жемісінен компот, джем, пастила, квас, пюре, компот, шай, кофе, жеміс, сірке сусын жасауға болады.

Алмұрттан компот жасау. Компотқа толық піспеген жемістерді таңдап алып, оларды жуып, кесіп, тазалап, 85° ыссы суда 5-10 минут ұстап, әзірлеп қойған банкаларға салады да, үстіне қайнап тұрған сиропты кұяды (сиропты жасау үшін 1 литр суға 350 г қант салып қайнатады). Қақпағын жауып, кастрюльдегі ыссы суға қойып (0,5 л банканы 15 мин, литрлік банканы 40 минут) қайнату керек. Стерилизациялап болғаннан кейін банкалардың аузын бекітіп, суытады.

Алмұртты консервілеу. Қонсервілеу үшін піспеген қатты жемістер алынады. Олардың көлеміне, пісуіне қарай бөліп алады да, суық суға жуып, ортасындағы тұқымы мен оны қоршаған қатты бөлігін, сағағын, зақымданған жерін алып тастап, бірнеше бөлікке бөледі. Пішінін өзгертпей, өте жұқа етіп қабығын алып тастайды, тазалап алған жұмсағын суық суға салып, оның үстіне лимон қышқылының ерітіндісін құяды да (1 г қышқылды 1 литр суға құяды), 85° температурада 10 минут ұстайды. Сонан кейін суық сумен суытып, әзірлеп қойған банкаларға салып, үстіне қайнап тұрған су құйып, лимон қышқылын қосады (1 литрлік банкаға 1 грамм лимон қышқылы). Қақпағын жауып, литрлік банканы 20 минут, 3 литрлікті 35 минут қойып, қайнатады. Стерилизациялап болғаннан кейін банкалардың аузын жауып суытады.

Алмұрттан маринад жасау. Толық пісіп жетілмеген жемістерді жуып тазалағаннан кейін, бірнеше бөлікке бөліп, ортасындағы тұқымын алып тастайды. Сонымен қатар ұрылған жерін кесіп, қабығынан тазалайды да суық суы бар ыдысқа салады. Тазаланған жемістерді 85° температурадағы лимон қышқылының ерітіндісіне 3-4 минут ұстайды. Сонан кейін суық суға салып суытады. Литрлік банкалардың түбіне 0,5 грамм корица, 4 түйір қалампыр, 4 түйір бұрыш, оның үстіне 670 грамм қант, 5%-тік сірке суынан 120-150 г қосады. Толған банкаларды қақпақпен бастырып, ішінде 50° ыссы суы бар кастрюльге қойып (литрлік банканы 15 ми, 3 литрлікті 25 мин) қайнатып стерилизациялайды.

Стерилизациялағаннан кейін қақпағы жабылып, мықтап бекітіледі де, сол су ішінде суытылады.

Алмұртты кептіру. Алмұртты кесіп немесе тұтас күйінде кептіреді. Ол үшін ең әуелі жемісті сортқа бөліп алып, қайнап жатқан суға 12 минут салып қояды. Сонан кейін суық сумен жақсылап жуып, табаққа салып, 6-8 тәулік бойы күн түсетін жерде кептіреді. Бүтін алмұртты пеште немесе духовкада 20 сағат бойы 80-85° температурада мезгіл-мезгіл аудара отырып кептіреді. Жақсы кепкен алмұрттан шырын шықпайды. Одан компот жасау үшін, үстіне қайнаған су құйып, бір күнге жауып қояды. Сонан соң оны сүзіп алып, пайдалана беруге болады.

  Жарияланған-2016-04-07 16:35:06     Қаралды-4775

Мәлімет сізге көмек берді ма

КАРЛҰҚТАР

...

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН СӘУЛЕСІН ҰСТАП АЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БОЛА МА?

...

Күн сәулесін қос қолыңмен ұстай алмайсың, алақаныңмен де басып қала алмайсың. Ол ешкімнің уысына түспейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҢҒЫ АСҚА АРНАЛҒАН 30 РЕЦЕПТ БУТЕРБРОДТАР

...

Таңғы асқа арналған 30 рецепт бутербродтарды ұсынамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕГІРШІН – ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

...

Шегіршін ылғалды шабындықтарда, орманның шеттерінде, сайларда, өзен жағасында, бұталардың арасында өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

...

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

...

Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »