АЛМАТЫНЫҢ ТӘТТІ НАНЫ
Категориясы: Тағам
Бұл нанды жасау үшін май, қант, қатырылған (меланж) немесе қатырылмаған жұмыртқа, сода немесе аммоний араластырылады. Оған су, жүзім қосылады, ұн салынып, қамыр иленеді. Жаңғақ ұнтақталды. Қамыр 58 грамнан он бөлікке бөлінеді. Олар сопақтау етіп жайылады да жаңғаққа аунатып, алынады. Алдын-ала май жағылған табаққа салынады да пеш температурасы 160-200 градусқа жеткізіліп, пісіріледі.
Бұл нанды жасауға 270 грамм ұн (оның 20 грамы үстіне себуге кетеді), 8 грамм құм шекер, 75 грамм сарымай, 100 грамм жұмыртқа (екі жарым жұмыртқа) немесе меланж (қатырылған жұмыртқа), 80 грамм жүзім, 4 грамм сода немесе аммоний, 25 грамм тазартылған грек жаңғағы, 45 грамм су, табақты майлау үшін 20 грамм өсімдік майы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 16:38:56 Қаралды-2337
НЕЛІКТЕН АЛГЕБРА АЛГЕБРАҒА АЙНАЛДЫ?

9 ғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі әл-Хорезми бірінші дәрежелі...
ШҰБАТТЫҢ ДӘРУЛІК, ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар.
ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ

Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.
ҚОЛӨНЕРДЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР

Шап-шағын кішкене қорапшаның жып жылтыр қақпағына алтындап өрнек салыныпты. Оның иесінің кім болғаны қазір белгісіз. Бұл бір кезде атақты Лукутин фабрикасынан шыққан темекі сауыт.