ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ
Категориясы: Тағам
Бірінші вариант. Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі. Салқындаған кексті түрліше етіп кесе беруге болады.
Бұл тағамды жасауға 250 грамма ұн, 200 грамм бал, 120 грамнан қант пен жаңғақ, 50 грамм мейіз және 4 жұмыртқа жұмсалады.
Екінші вариант. Ұннан, сүттен, қанттан және майдан қамыр дайындалып, оған какао, бал, уытын қайтарған сода, дәм қабық қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп, біркелкі масса жасалып, жармаланған жаңғақ салынады. Дайындалған масса май жағылған кекс формасына салынып, пісіріледі.
Пісіп шыққан кекстің үстіне қант ұлпасы себіліп, кесіп-кесіп шай дастарқанына қойылады.
Бұл тағамды жасау үшін 600 грамм ұн, 400 грамм сүт, 300 грамм қант, 200 грамм жаңғақ, 100 грамм бал, 75 грамм май, 25 грамм какао, 100 грамм сода жұмсалады. Дәм қабық дәміне қарай салынады.
Жарияланған-2016-03-04 16:01:15 Қаралды-2420
ИТМҰРЫННАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Итмұрын жемістері жуылып, дәнінен тазаланады да, кастрюльге салынып, үстіне су құйылады. Сөйтіп бәсең отқа қойылып, жұмсарғанша қайнатылады.
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӨНЕРІ
Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын Бағзы Греция мен оны жаулап алғап Римде қазір «Ежелгі дәуір өнері» деп ата латын сан алуан көркем өнер түрлері ерекше көркейіп өскен.
БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі
МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ
Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.