ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)
Категориясы: Адамдар
«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен. Он төрт жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен. «Жетісу акындарының алтын діңгегі» болған атақты Сүйінбай ақыннан он бес жасында бата алған. Ел ішіндегі әділетсіздік пен келеңсіздіктерді өлеңге қосып, халық кұрметіне бөленген.
Қабырғасы қатая келе, айтыстарға катысып, Айкүміс, Бақтыбай, Досмағамбет, Шашубай, Құлмамбет сияқты ірі айтыс ақындарын жеңіп, Жетісу өңіріне атағы шыққан. Оның даңқы қазақ арасында ғана емес, көршілес кырғыз еліне де танымал болған. Жетісу, Қаратау, Сыр бойы мен қырғыз елін аралап, өнер көрсетіп, өзі де өнеге үйренген.
Жамбыл адамгершілік пен ақиқаттың, батырлық пен ерліктің туын биік ұстап, жырға қосқан.
Жарияланған-2015-11-24 20:54:31 Қаралды-3361
АСЫЛ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАРТУ

Кірлеген алтын бұйымдарды сабын суға малып, тіс жуатын щеткамен ептеп қана ысқылайды.
АЛМАТЫДА ДА АЛЫП ЕМЕН АҒАШЫ ӨСІП ТҰР

Алматы тұрғындарынын ішінде де ұзақ жасаушы қарт адамдар кездеседі, бірақ та оларды, саусақпен ғана санауға болады Ал, ағаштардың арасында «ұзақ жасаушылары» көптеп кездеседі.
РАХАТ-ЛУКУМ

Кондитер өнеркәсібі ванильді, қызғылт, жаңғақ қосылған, шоколад қосылған, ассорти рахат-лукумдарын шығарады.
САУЫСҚАН

Республикамыздың барлық аймағында басқа кұстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді. Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді.
СЕМЕИ

Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.