ТЕРИ АЛУАСЫ
Категориясы: Тағам
Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады. Түсі сарғыштау сүр. Сыртқы формасы - салмағы 300-400 грамм тартатын төрт бұрышты болады. Ол қағазбен немесе целофанмен оралады да ыдысқа салынады.
Он килограмм тери алуасын жасауға 3,82 килограмм құм шекер, 1,60 килограмм сірне, 1,80 килограмм өсімдік майы, 2,60 килограмм бірінші сортты ұн, 1,62 килограмм қой майы, 0,28 килограмм тауық жұмыртқасының ақ уызы және 0,03 килограмм сабын-тамыр жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-01 19:18:02 Қаралды-1218
АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ

Арамзалық - арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.
Намыс жеңістен де маңызды

Бұл оқиға 2012 жылы желтоқсанда болды. Испанияның Наварра провинциясында күшті атлеттер мен тұлғалы жүлделі қордың қатысуымен ірі халықаралық жарыстар болған. Бірақ, бұл сайыстар тарихқа тіпті үздік спорттық жетістіктермен келмеді.
ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС

Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі.