АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР
Категориясы: Өнер
АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР
Адалдық - адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адалдық касиетін оята білген.
Адамгершілік - уәдеге берік, серттен таймайтын, кісіні ғайбаттамайтын, жалған сөйлемейтін адамға тән қасиет. Адамгершілігі мол адам барлық ортада сыйлы болады.
Кісілік - азаматтық дәрежесі биік адамға тән игі қасиет. Бұл жақсы адамның қасиеті. Кей кезде «кісілік» деп мағынасы алғашқыдан мүлдем бөлек, өзгені менсінбейтін, өзін жоғары қоятын мінез-құлықты да айтады. Мұндай кісілік адамды жақсылыққа алып бармайды. Бұл тұста халқымыз «ұлық болсаң, кішік бол» деп кісіліктің жақсы сипатын насихаттайды.
Алғырлық - сырттан келген ақпаратты тез қағып алатын адамның жақсы касиеттерінің бірі.
Әдептілік - тәрбие көрген, ар-ұяты, мәдениеті жоғары адамның сипаты.
Жарияланған-2015-11-20 15:22:33 Қаралды-9549
ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚАТТАМАСЫ

Сарымай қант ұлпасымен қосылып, жақсылап шайқалады, содан соң жұмыртқаның сары уызы, ұнтақталған жаңғақ, түйілген кепкен нан, какао, оның үстіне жұмыртқаның әбден шайқалып көпіршіген ақ уызы қосылады.
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.
ТАРЫ ТАЛҚАНЫ

Тарыны талқандап, сары-маймен, қант ұлпасымен араластырып, бұлғау керек. Бұл тағам көбінесе шай дастарқанына қойылады.