ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?
Категориясы: Өнер
София әулие соборының фреска (1043-1046 жж.). Ярославтың қыздары. Киев қ.
Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.
Фреска жаңа ғана әктелген сыз қабырғаға суға езілген бояумен салынады. Кепкен кезде, сылақтың әгі бояумен қосылып, біртұтас қабатқа айналып кетеді.
Ежелгі Русь фресканы ертеден білген. Ол кезде шіркеудегі суреттер ден басқа бейнелеу өнері болмаған. Ал, әлгіндей суреттер шіркеулердің қабырғаларына салынатын.
Орыс монументтік бейнелеу өнерінің бізге жеткен ең ежелгі нұсқасы Киевтің Десятин шіркеуіндегі X ғасырда салынған фресканың жұрнағы. XII және XIII ғасырлардағы Ежелгі Русь фрескалары жақсы сақталынған.
Шіркеу қабырғаларына етегінен төбесіне дейін кілем ілгендей қып, тұп-тұтас суреттер салынатын. Әр княздіктегі суретшілер оны әр қилы әдіспен салған. Мәселен, Суздальда қабырғалар өсімдіктердің суретімен не геометриялық ою-өрнектермен әшекейленетін де, әулиелердің суреті солардың ара-арасына ғана салынатын.
Дионисий. Ферапонтов монастыріндегі фреска.
Фреск салумен атақты орыс суретшілері Андрей Рублев, Дионисий сол сияқты Ресейде тұрған византиялық суретші Феофан Грек көп шұғылданған. Белозер алқабындағы Ферапонтов монастыріндегі фрескаларды Дионисий XV-XVI ғасырлар аралығында салыпты. Аты аталған суретшілердің әр қайсысының өз машық, өз қол таңбасы болған.
Шіркеу фрескалары барлық уақытта діни тақырыпқа арнала бермейді, кейде өмірде болған нақты оқиғаларды бейнелейді.
Ежелгі иконалар сияқты, фрескалар да ежелгі тарихының куәгерлері; сондықтан көне орыс суретшілерінің асқан шеберлігі тудырған бұл асыл мұраны көздің қарашығындай ардақтай білуіміз қажет. Міне, мынау - Ярославльдегі Благовещен шіркеуінде 1709 жылы салынған фреска. Ол ғибадатханадан қуылған көпестер туралы библия аңызын бейнелейді. Күрең, сарғыш, жасыл бояулар арасында жас өспірім жігіттің мойнына асып алған ақ тоқтысы айрықша көзге түсіп тұр. Бұл шіркеудегі фрескаларды салған суретшілердің атақ-жөндері бізге әлі күнге беймәлім.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 13:39:01 Қаралды-5305
ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ
Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.
АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ
1960 жылы Алматыда Абай Құнанбайұлына қоладан құйылған ескерткіш қойылды (мүсінші - Х.Е. Наурызбаев, архитектор - Л.И.Белоцерковский). Ескерткіштің жалпы биіктігі - 13,7 м. Трапеция пішімді тұғыры қызыл граниттен қаланған.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.
ЖҮЗІМ МЕН ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА
Алма жуылады. Ортасындағы өзегі ойылып алынып, бірнеше жерінен тілінеді. Іріктелген сүйексіз жүзім жуылып, жармаланған жаңғаққа қосылады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАЛИТРА
Әр суретші дүниені өзінше көріп, өзінше бейнелейді. Әрқайсысы әр түрлі бояу үйлесімін ұнатады.
ИТМҰРЫННАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Итмұрын жемістері жуылып, дәнінен тазаланады да, кастрюльге салынып, үстіне су құйылады. Сөйтіп бәсең отқа қойылып, жұмсарғанша қайнатылады.