БҰҚАРДЫҢ ДОМАЛАҚ КАРАМЕЛЬДЕРІ (БҰҚАР ШАРЛАРЫ)
Категориясы: Тағам
Бұл - оралмаған, шар сияқты домалақ карамельдер. Бетінде түрлі түске боялған жолақтары болады. Беті құрғақ, қолға жабыспайды.
Дәмі тәтті, аздап қана ашқылтым келеді. Тағамның ылғалдылығы 2,5 проценттен аспайды.
Бір килограмында 80-100 данасы болады. Ең узақ сақталатын мерзімі - үш ай.
10 килограмм тағам жасау үшін 8,3 килограмм құмшекер, 2,0 кг сірне, 0,01 кг лимон қышқылы, 0,03 кг жеміс эссенциясы, 0,01 килограмм 10 проценттік езілген бояу жұмсалады.
Қант шырынына лимон қышқылы қосылып карамель массасы сияқты қайнатылады. Түрге енгізер алдында карамель массасы арнаулы машинамен немесе қолмен сабанның жіңішкелігіндей етіліп созылады. Түрге келтіріліп, 25-30 градусқа дейін салқындатылған карамель қаңылтыр қораптарға және жәшіктерге салынады.
Бұрама таяқшалар
Қисайтпай қабырға сияқты етіп бұралған карамель осылай аталады. Мөлдір емес карамель массасын созып жасап, сыртынан мөлдір карамель массасымен оралады. Сыртында түрлі түсті жіңішке сызықшалары болады. Беті қурғақ, қолға жабыспайды.
Бір килограмында кемінде 40-50 немесе 100-120 данасы болады. Мұндай мөлшерінің салмағы 2-3 килограмнан келетін қаңылтыр қораптарға салынады, ал 40-50 данасы болғанда көркемдеп жасалған қағаздарға оралады.
10 килограмм таяқша жасау үшін 8,34 килограмм құмшекер, 2,08 кг сірне, 0,028 кг шарап-тас қышқылы, 0,02 кг жеміс эссенциясы, 0,01 килограмм 10 проценттік езілген бояу жұмсалады.
Жарияланған-2016-02-28 17:53:23 Қаралды-2031
Хан отбасы мүшелерінің ұшуының өз ережелері бар
Сол уақыттарда қарапайым адамдар сияқты жалпыға бірдей ұшу ережелерін сақтау тиіс еді, оған қоса хан отбасының өз ережелері бар.
ЛИМОН ЖӘНЕ МАНДАРИН НУГАСЫ (II түрі)
Бұл - шайқалып көпіршітілген белокты кейіннен көбік түзгіште қант-сірне шырынымен қосып тағы көпіршітілген, жаңғақ және хош иісті заттар салынған тағам. Өндіріс кезінде қалған кесінділерінің шикізаты үшін өз салмағының 15-20 процентінен аспайтын мөлшерде
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ
Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.