КИНЗА НОГУЛЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - кинза дәнінен жасалатын домалақ, томпақ формалы ақ түйіршіктер. Мөлшері шпан ядросындай. Қант шырыны мен ұнға шыланды.
Шырын сірке қышқылын қоса отырып, ылғалдылығы 10-12 процентке жеткенше қайнатылады. Кинза дәні айналып тұратын қыздыру қазанынан өткізіледі. Қазандағы кинза дәніне 5-6 минут сайын молдау етіп шырын тамызылып тұрады. Осы 5-6 минуттың ішінде тамызылған шырын кепкесін келесі тамшыны тамыза беруге болады. Шырын құйғанда оның арасында ұн себіліп тұрады. Бұл 1,5-2 сағатқа созылады.
Кинза ногулы тек қаңылтыр банкілерге ғана салынып, қақпағы қағаз лентамен желімдеп тасталады.
Бір килограмм ногул жасау үшін 900,2 грамм қант, 14,5 грамм кинза дәні, 96,8 грамм ұн, 5,8 грамм сірке эссенциясы қажет.
Кинза ногулының бір килограмында кем дегенде 500 данасы болады. Ылғалдылығы 5,5 процент, ыдысқа салғандағы салмағы 4 килограмм, алты айға дейін сақтауға келеді.
Жарияланған-2016-02-22 18:05:58 Қаралды-1745
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

Әлемнің жеті кереметі - әлемге әйгілі болған ертедегі ғимараттар мен тас мүсіндердің атауы.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҮЗІМ СОРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Жүзімнің қазіргі қолданылып жүрген, аудандастырылған сорттары ұсынылады.
СЫРДАРИЯ

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы - 2219 км.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.