UF

ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Категориясы: Соғыс


Эпизоотиялық жағдай - жасақтар мен халықтың іс-қимылына әсер ететін жануарлардың жұқпалы ауруларының (топалаң, маңқа, аусыл) белгілі бір ортада болуы, таралу сипаты мен дәрежесі. Эпизоотикалық жағдай жұқпалы аурулардың таралу көздері мен жолдарына, табиғи жағдайларға, сондай-ақ мал дәрігерлік қызмет көрсетудің жай-күйіне және халықтың мал дәрігерлік-санитарлық мәдениетіне байланысты. Жасақтардың, халықтың орналасу және әрекет ету аудандарында жұқпалы аурулар тараған кезде қатаң шектеу және карантин шараларын жүргізеді. Дұшпанның жаппай зақымдаушы қаруды қолдануы зақымдану зоналарындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларды кұрт нашарлатуы мүмкін, халық пен жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болып, тарауына себепші болады, сөйтіп эпизоотикалық жағдайды нашарлата түседі. Мұның бәрі мал дәрігерлік қамтамасыз етуді, адамдар мен жануарлар арасында санитарлық-гигиеналық және сауықтыру шараларын ұйымдастырған кезде, сондай-ақ құтқару және авариялық-шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген кезде ескеріледі.

  Жарияланған-2016-02-20 21:27:07     Қаралды-5499

Мәлімет сізге көмек берді ма

ОБИДАҢДОН КАРАМЕЛІ

...

Мөлдір, сырты оралмаған, кесілген батон формалы карамель осылай аталады. Қолданылатын бояуларға байланысты әр түрлі келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Көздің көруіне пайдалы суреттер

...

Көзге сәбіз, қаражидек, көзге арналған жаттығулар және демалыстар пайдалы екендігі барлығына мәлім. Көздің көруіне жақсы әсер ететін ерекше суреттердің бар екендігін білесіздер ме?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ

...

Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЛИТА

...

Бұл тағамды жасау үшін қатты етіліп қамыр иленеді де, 20 тең бөлікке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨРІК КӘМПИТІ (пастила)

...

Піскен өріктер жуылып, сүйектерінен ажыратылады. Аздаған суға салынып, пісіріледі де ысқылап електен өткізіледі. Ботқа сияқты алынған масса өлшеніп, салмағы сондай қант қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ

...

Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »