UF

ЯНТАРЬ - ТАС ЕМЕС

Категориясы: Сән


Әр түрлі салада маманданған ғалымдар қандай жаңалық ашпасын, алдымен оның тарихын зерттейді. Тарих барлық ғылымдардың шежіресі деп санау өте орынды. Жаратылыстану саласын зерттейтін ғалымдар-биологтар, ботаниктер, зоологтар, геологтар, географтар, палеонтологтар және т.б. зерттейтін дүниесінің тарихына сүйенеді. Тарихын білмесе ғылым алға баспайды, дамымайды.

Жер қыртысының қабаттарын зерттеуші ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың көптеген тасқа айналған іздерін табу арқылы янтарьдың тас емес екендігін анықтады. Теңіздер мен мүхиттердың түбіндегі үйінділердің қабаттарындағы әр кезеңде болған іздерді «тас шежіресіне» - табиғаттың өзі «жазып» қалдырады. Әрбір осындай іздер өте ерте ғасырларда тіршілік өткен өсімдіктер мен жануарлардың қандай болғандығын, неліктен жойылғандығын ғалымдардың зерттеуіне көмектеседі.

Янтарьды - Балтық теңізінің жағалауынан көптеп өндіреді. Кімнен сұрасаң да янтарьды - тас деп жауап береді. Одан түрлі әшекейлі бұйымдар (сырға, моншақ, шолпы, ыдыс және т.б.) жасайды, тұрмыста көбірек қолданады. Көпке дейін янтарьдың қандай зат екендігі белгісіз болып келді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ашық тұқымды өсімдіктер (қылқанжапырақтылар - қарағай, шырша, арша, және т.б.) палеозой заманының таскөмір кезеңінде пайда болған. Қылқанжапырақтылардың (ашық тұқымдылар) қабығы, сүреғі, және жапырақтарында шайырлы өзек жолдары (каналдар) болады. Сол өзектің ішкі қабатынан шайыр (смола) бөлінеді. Әсіресе қарағайлар тұқымдасында шайыр көп болады. Осы күнгі қылқанжапырақтылардың да қабығы мен сүретінде шайырлы өзек жолдары көп. Шайырлы өзек жолы жасушалардың арасындағы кеңістікте орналасқан іші эфир майына, шайырға, бальзамға толы пішіні ұзынша жіңішке өзек (канал). Өзектің ең ішкі шайыр бөлінетін бөлімі бір қабат жасушалардан (сақина тәрізді дөңгеленіп орналасады) тұрады. Оның сыртын айналдыра ішіңде цитоплазмасы жоқ, іші ауаға толы өлі жасушапар қаптайды. Өлі жасушалардың сыртын цитоплазмасы қою, ядросы және қоректік қор заты (май, крахмал) бар 1-2 қабаты жасушалар қоршап тұрады. Шайыр қылқанжапырақты ағаштардан ұдайы бөлініп қабығының сыртына шығып ағып тұрады. Егер ағаш зақымданса (кесілсе, сынса) шайыр тіпті көп ағады. Шайыр өте хош иісті, мөлдір, сәл сарғыш түсті созылмалы зат, ауада тез қатаяды. Ол өсімдікті әр түрлі зиянкестерден қорғайды, абайсызда зақымданған жерін бітеп микробтардан сақтайды, шайырды өндіріс орындарында да кеңінен пайдаланады.

Янтарь дегеніміз бірнеше заманнан бері жер қойнауыңда сақталып тасқа айналған шайыр. Өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылымды - пәлеоботаника, ал қазба қалдықтарды зерттеуші ғалымды - палеоботаник дейді. Жер қыртысында өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтары, іздері, таңбалары арқылы янтарьдың да тас емес шайыр екендігі дәлелденді. Табылған янтарьдың қабаттарынан бірге қатып сақталған жәндіктердің дене бөлшектері, өсімдіетердің гүл, жапырақ, сабақ қалдықтары бар екендігі анықталды. Янтарьды қазып алған соң тазалап қайта өңдеп әр түрлі пішінге келтіріп әшекей бұйымдар жасауға пайдаланады.

  Жарияланған-2015-12-07 19:18:41     Қаралды-5764

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАЛСЫЗ КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

...

Бұл - күнбағыс дәнінен жасалатын төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам. Бадамнан жасалатын кәзинек схемасы бойынша дайындалады. Бұйым тығыз жабылатын қақпағы бар қаңылтыр қораптарға салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?

...

Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДЫ ЕКІ РЕТ ҚАЙНАТУ ЗИЯНДЫ ЕКЕНІ РАС ПА?

...

Қайнаған кезде сұйықтық дәмі «бос» болады - оны ішу қиын, ал сусындар соншалықты хош иісті және дәмді емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ЕҢ КІШІ?

...

Ватикан - ең кішкентай мемлекет, дәлірек айтсақ, қала-мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шаш сияқты таныс дене мүшесі сирек сұрақтар тудырады. Шынында да, олар туралы не айтуға болады?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АКРОБАТИКА ТАРИХЫНАН

...

Акробатика - бұл адам өмірінде өз қолтаңбасы бар спорт түрі деп әбден болады. Себебі, адамның өз денесін өз мұхтажына сәйкес қызмет өткізу - әркімнің ізгі арманы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »