ҚҰЛАҚТЫ БАТ-БАТ
Категориясы: Жануарлар
Құлақты бат-бат - негізінен, құмды мекендейтін жануар. Інін қатты жерден 1 метрге дейінгі тереңдікте қазады. Қауіп төнсе, құмға кіреді де, басын шығарып, ештеңе байқалмаса, суырылып кете береді. Кейде аяқтарын тарбитып, денесін ширықтырып, аузын кең ашып, қорқынышты күйге енеді. Тіпті шапшып, тістейді. Оның екі езуіндегі тері қатпары құлақ тәрізді. Аты да соған байланысты қойылған. Құмырсқа, қоңыз, бал арасы, ұсақ кесірткелермен қоректенеді. Дүниеге келген бат-бат екі жылдан сон жазда екі рет 2-6-дан жұмыртқалап, құмға көмеді. Ол шілде соңында жетіліп шығады.
Қазақстанның «Қызыл кітабына» кесірткенің сирек кездесетін келес, сарлан деген түрлері тіркелген. Сарлан аяғы болмағандықтан жыланға ұқсас. Ал келес - өздігінен құйрығын үзе алатын ірі кесіртке.
Жарияланған-2015-11-25 22:01:21 Қаралды-5226
ЕҢ ҮЛКЕН ЕГІС ДАЛАСЫ ҚАЙСЫ?
Бүкіл алқап жайылған алтын кілем секілді. Бұл - бидай, еліміздің астығы. Жел тұрса болды, теңіз суы шайқалғандай, даланы алтын түсті, сарыала толқын басады.
МИ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Мидың ең маңызды бөліктерінің бірі және оның ең жетілген бөлігі – үлкен жарты шарлар қабығы.
ЦИФРЛАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?
Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі.
ҚҰСТАР ӘЛЕМІНДЕ НЕ БІР ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ТҰМСЫҚТАР БАР
Құстар әлемінде не бір таңқаларлық тұмсықтар бар.