КӨКШЕТАУ АЙМАҒЫ
Категориясы: Табиғат
Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кең жазығында орналасқан. Батысы мен шығысының арасы 500 км-ге, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы 200 км-ге созылған. Жерінің жалпы аумағы - 78,5 мың км2. Аймақтың орталығын Көкшетау қыраты алып жатыр. Қыраттағы Көкше деп аталатын таудың биіктігі - 947 метр. Төңірегінде қарағай, қайың орманы өскен, табиғаты өте әсем Бурабай, Шортанды, Шабақты, т.б. көлдері, солтүстік-батысында Айыртау, Аралтөбе, Үндемес және Сырымбет атты көрікті шағын таулары бар.
Қыста ауа райы кейде -45°С-қа дейін төмендесе, жаз айларында +25+30°С-қа барады.
Көкшетау аймағында үлкенді-кішілі 150-ден астам көл бар. Олардың 90-ы тұщы сулы. Олар, негізінен, шоқылар мен тау шатқалдары етегінде орналасқан. Жазықтау келген алапта Үлкен Қарасай, Сілетітеңіз, Теке, Қалибек көлдері жатса, Күміскөл, Кіші Шабақты, Шабақты деген бұрынғы атауы бар Бурабай сияқты көлдер тау етектерінде орналасқан. Бурабайдың солтүстік-батыс жағалауына таман бөлігінде Жұмбақтас атты шағын арал бар. Ондағы «Жұмбақтас шыңы» көл бетінен 20 м биікке шаншыла көтеріліп түр. Көл жағалаулары - қарағайлы-қайыңды ормандар. Орман, көл мен тау өзара үйлесім тауып, ерекше әсем көрініс қалыптастырған.
Көкшетау аймағында ел арасында «Ақылбай асуы», «Ақбура тауы», «Оқжетпес», «Жеке батыр» шоқылары, «Жұмбақтас», «Шайтантас», «Ақ Алаң» жайлы көптеген аңыздар бар.
Көкшетау аймағында Көкшетау және Щучинск қалалары орналасқан. Аймақ кен байлықтарына да бай. Мұнда, темір, цирконий, алтын, күміс, тас көмір, уран, т.б. кендер табылған.
Жарияланған-2015-11-25 17:21:04 Қаралды-17778
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.
ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ БАҚТАР МЕН САЯБАҚТАР

Әлемнің ең әдемі бақтар мен саябақтар виртуалды қыдыруға шақырамыз:
ЖАНР

Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.