БЕТПАҚДАЛА
Категориясы: Табиғат
Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 шақырымға созылған үлкен аймақ.
Бетпақдала атауы «бетпақ» және «дала» сөздерінің бірігуінен пайда болған. «Бетпақ» парсы тіліндегі «бәдбах» деген сөзден шыққан. Оның екі мағынасы бар. Біріншісі - «бақытсыз». Бетпаққала атауы осы мағынасынан жасалған. Бұл осы өңірдің табиғатының қаталдығына байланысты қолданылған болуы мүмкін. Екіншісі - «оңбаған, бетсіз, арсыз» деген мағына береді.
Дала - түрікше «жазық жер» дегенді білдіреді. Атаудың мағынасы: «аса ыстық, шөл дала, жапан дүз» ұғымын береді.
Бетпақдаланың оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал солтүстік-шығысы қыратты. Ең биік жері - Жамбыл тауы (974 м).
Бетпақдалада жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе өзендері көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Жауын-шашын көп түспейді. Жер асты суының қоры мол.
Бетпақдала - көктемгі және күзгі мал жайылымына өте қолайлы. Тұрақты ағатын өзендері болмағанымен, жайылымдар құдықтар арқылы сумен қамтамасыз етіледі.
Жарияланған-2015-11-24 21:47:52 Қаралды-11110
ТАҢҚҰРАЙДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Таңқурай жидегінде қант, пектин, илік, бояу заттары, лимон, алма, құмырсқа және салиция қышқылдары, фосфор, калий тұздары, С1, Р витаминдері және А провитамині болады. Жабайы өсетін таңқурай - адам организміне керекті тағамның бірі.
ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ

Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.
ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»

Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.
ЖАС ӨРІКТЕН ЖАСАЛҒАН САМБУК

Өрік мұқият жуылады. Сүйектерінен арылтылып, үстіне аздаған су қосып, үккішпен үгіледі. Өрік пюресіне құм шекер және шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, шайқалады.
АЛВАХАЗИ

Қайнатылған ара балынан түрліше, яғни сақина, сегіздік, бұрама, т. с. с. етіп жасалған кәмпит осылай аталады. Түсі жібектей жылтыр реңді, ашық сары болады.