АҚҚАЛАҚ
Категориясы: Жануарлар
Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады. Ол ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Азығын көбіне түнде іздейді. Тиін секілді қысқа қорек жинайды. Бір аққалақ күніне 15 үй тышқаны секілді кеміргіштер ұстайтын көрінеді. Осылай бір жылда 2-3 мыңға жуық кеміргіш аулап, егіске көп пайда келтіреді. Төңірегіндегі ұсақ кеміргіштерді тауысқан соң басқа інге ауысады. Жылына 3-тен 9-ға дейін балалайды. Оған үкі секілді түрлі құстар көп зиян келтіреді.
Жарияланған-2015-11-25 21:56:36 Қаралды-5746
Өнертабыстың ең мұңды патенті
1985 жылы Ральф Пиро «өз-өзін ынталандыратын аппаратты» патенттеген.
ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ
Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т
ЖАЛАҢҚАТ
Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т
ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.