UF

ЛАШЫН

Категориясы: Жануарлар


Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңкар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады.

Сұңқар тұқымдастарының бір түрі болып есептелетін лашын - Қазақстанда мейлінше сиреген құс. Қазір Қызыл кітапқа енген. Лашынның ұябасарының шалғылығы - 80-120 см; салмағы - 1,5 кг, ал шәулісінің шалғылығы - 29-34 см, салмағы - 500-800 г. Екі көзі қарақаттай мөлдір, көк сұр түсті, өткір ілмек тұмсықты, қос жанарының алдында көлеңкедей тартылған қос жолағы бар, салалы саусақты, ту сырты көк сұр тартқан, балақ жүні қою, топшысы шығыңқы, төбесі басыңқы, қияғы айқаса бітіп құйрығы- мен теңесіп тұрады. Осынау бітімі оның көз ілеспес ұшқырлығына себепші.

Ғылыми деректерде лашын қатты екпін алып құсқа шүйілгенде секундына 100 метрге дейін шапшаңдықпен ұшатыны айтылады. Ол үйрек, қаз, дуадақ сияқты кұстардың бәрін ала береді. Көп ретте алар жемін жерден ілмей, үнемі аяғымен теуіп қағып түсіреді.

  Жарияланған-2015-11-17 14:57:13     Қаралды-61671

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЗАҚТЫҢ ТӘТТІ МАҢЫЗЫ (КРЕМ)

...

Қант суға ерітіліп, 20-30 минут бойы қою шырын пайда болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Моторсыз, аттың күшін пайдаланып жарыс жолына шығу жүректілер ісі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

...

Ең алғашқы «ғажайыпты» жасаушы кім?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ

...

Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОҚАШ-ПАХЛАВА

...

Бұл - ішіне жаңғақ салып, май мен бал сіңірілген, ашытылған қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »