UF

ҚАСЫМ ХАН

Категориясы: Тарих


Бұрындық ханнан соң хан тағына атақты Қасым хан келеді.

Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы.

Ол Бұрындықтың тұсында ханның атты әскерлерін басқарып, қолбасшы батыр болған. Талай шайқастарда қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан майдандағы жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен, көрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, жұртты соңына ертер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған. Бұрындық ханның дегеніне көніп, қалтқысыз қызмет еткен. Бірақ Бұрындық елдің сенімін ақтай алмай, Самарқандқа кетуге мәжбүр болады.

Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым хан билікті өз қолына алады. Ол он жылдай хан тағында билік жүргізеді.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Ол таяу көршілермен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеумен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс аша алмайды. Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап кетеді. Қазак еліндегі барлық сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын екі етпей орындайды. Сол замандағы бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес», - деп жазады. Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды ұмытпай, оның ел басқарудағы тәртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып келеді.

Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан - сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.

 

  Жарияланған-2015-11-13 15:47:38     Қаралды-16502

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ

...

Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ СПОРТЫ

...

Алғашқы пинг-понг (стол теннисі) бәсекесі 1900 жылы Англиада өткізілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

...

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ – ТӘБЕТТІ ҚОЗДЫРАДЫ

...

Қызыл бұрыштың жемісін азғантай мөлшерде тамаққа салса, тәбетті қоздырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТТЕН ЖАСАЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

...

Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдуелгі сүттен небір тамаша тағамның түріп жасай білген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАШМАҚ

...

Бұл - әбден қайнатылған карамель массасынан жіп-жіңішке жіп сияқты етіп созылып жасалған, бір-бірінен оңай ажырайтын тағам. Түсі - ақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »