UF

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІН НЕЛІКТЕН ТОТ БАСАДЫ?

Категориясы: Ғылым


«Тот - темірдің соры, шер - көңілдің соры» деген мәтел бар! Бұл жайында ескіден келе жатқан мына бір оқиғаға құлақ сал.

Атам заманда айласынан аңқаулығы басымдау бір патша ыза тепкен қоймаға болат семсер, найзалы мылтық, қалқанды зеңбірек, зілдей-зілдей зеңбірек оғы сияқты қисапсыз қару-жарақты жасыруға жар лық берігіті. Ылғал тартады деп дәрі-дәрмекті қойғызбапты да, темір-терсекке келгенде оны құдай алмайды десе керек.

Тәңірі жарылқап ұзақ уақыт соғыс болмапты, қоймада қару-жарақ жылдар бойы жата беріпті.

Күндердің күнінде патшаны түлен түртіп, асығыс соғысқа жиналады. Әскер қатарына алынған қылшылдаған жас жігіттерді мұздай қаруландыруға әмір етеді. Қойманың жабылып жүріп жеті батпан есігін әрең ашады. Кешегі күнмен шағылысып жалт-жұлт еткен сайып-қырандар семсері қолға ұстағысыз - түгел тот басқан. Тотын кетіргелі тазалай бастағанда ұстаса уыс толар семсер қарыс келмес кездіктей жұқарғанын көреді.

Қоймадағы найзалы мылтықты қолға алып қарайды - кісі көргісіз, сау-тамтық жок, тұтас тоттанған.

Кезек ат басындай-ат басындай оғы бар, ауыр зеңбірекке қеледі. Әбден күнге күйіп, бір қабат терісі сылынып түскен кісіден бетер еді. Бала құшағы жетпес қарбыздың үлкендігіндей оқтан солып піскен картоптай ғана қалған.

Айдарынан жел ескен патша жорығын амалсыз тоқтатады.

Ал мына бір оқиға таяуда ғана болған еді. Мұз үстімен келе жатқан трактор бетін қар бүркемелеген жылымға тап болады. Тракторшыны әупірімдеп жүріп құтқарып алады, ал алып машина со бойда құрдымға кете барады. Содан оны араға бір жыл салып барып су түбінен алып шығады. Көрген кісі шошығандай. Тот баспаған жері жок.

Темір суда ғана тот басса бір сәрі! Металл шіркіннің құлан жортпас құла түзде - аспан айналып жерге түскендей аптапта да тот басып, ит кеміргендей мүжілгенін көрсең. Айналасы ат шаптырым жерден бір қасық су таппас мидай далада бұл қалай дейсің бе? Орынды. Бірақ жері шөлді болғанымен ауа ылғалсыз болмайды... Міне, осының өзі-ақ металдың аздап болса да тот басуына жетіп жатыр.

Ал ылғал мол жерде оның тез бүлінетіні бәсенеден белгілі.

Тот миллион тонна металды мүжіп жейді. Адам баласы атам заманнан бері оған қарсы күресіп-ақ келеді. Сен жаңбырдан қалай қорғанасың? Аяғына резеңке етік, үстіне сулық кию. Ең дұрысы - бастырма астын паналаған ғой. Адамдар да темір-терсекті ашық қалдырмай, жауын тимес жерде сақтайды.

Машиналарды, станоктарды төбесі жабық алаңдар мен цехтарға қояды.

Газ құбырларын, мұнай және су құбырларын төсеген кезде оларға ылғал өтпейтін «сулықтар» кигізеді - бір қабат қара ным жағылған қалың мата не қатырма қағаз оралады.

Ал автомобильдер мен кемелер ше? Көз жауын алар әдемі, ашық сыр сән үшін жағылмайды. Жұқа әрі келісімін тауып сырланған бояу ылғалдан қалай қорған болса, дәл солай тот басудан да сақтайды.

Көпірлер де, вагондар да, кемелер де, үйдің төбелері де... - бәрі-бәрі сол үшін де боялады...

  Жарияланған-2016-09-04 14:41:53     Қаралды-3766

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ

...

Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНАН ЖАСАЛҒАН КӘЗИНЕК

...

Шыныдай жылтыр қатты, қант-сірне шырынында қайнатылған грек жаңғағынан түратын тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧИЛИ АРХИПЕЛАГЫ

...

Оңтүстік Чили жағалауын қуалай жатқан аралдар жүйесінің жалпы аты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІЛЕГЕЙ ТАЯҚШАСЫ

...

Бұл - жаңғақ қосылып кілегей помадасынан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ЛУКУМ

...

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »