UF

СҮМӘЛЛӘК

Категориясы: Тағам


Бидайды су себелеп дымқылдап, үш күндей жауып қойып өндіру керек. Сол аздап өнген бидайдың 2-3 сантиметрдей көгі кесіліп тасталады да, қалған ақ түсті дәні жиналып алынып үстіне су салып езіледі. Содан кейін осы сұйық зат сүзіліп, сұйығы құйып алынады. Оны 2-2,5 сағаттай қайнатқаннан кейін аз-аздан ұн салынып, қатты-қатты араластырылады да, қант салынып, тағы да 1,0-1,5 сағаттай қайнатылады. Қазанға ұнмен бірге мөлшері де, салмағы да шамамен бірдей тастар әбден жуылып қоса салынады. Содан ұн жақсы араласып, тағам тез піседі. Тағам піскен кезде қоюланып, тәтті болып шығады.

Бұл тағамды дайындау үшін езілген бидайдың он литрдей сұйығына екі килограмдай ұн, 1 килограмдай қант жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-05 12:37:42     Қаралды-2046

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМА САМБУГЫ

...

Жуылып, ортасындағы өзегі алынған алмалар аздаған су қосылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Алманың ортасына және үккішпен үгілгеннен кейін қалған сығындының үстіне су құйылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

...

«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?

...

Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ

...

Ықылас Дүкенүлы (1843-1916) - қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы мен әкесі қобызшы болған. Киелі өнер ұлдарына да қонып, Ықылас қобыз әуенімен ер жетеді. Қорқыт ата аян беріп, әке

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЕЛ

...

Сел - тау өзендерінің арнасында кенеттен пайда болатын, су деңгейі күрт көтерілген және құрамында қатты материалдар (тау жыныстарының қираған өнімдері) көп уақытша тасқын. Сел ұзақ жауған күшті нөсер жауын, мұздың күрт еруі нәтижесінде, өзен арнасына тау

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ

...

1976 жылы 4 тамызда Марқакөл қорығы ашылды. Марқакөл қорығы Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Негізгі мақсаты - ормандарды, өзендер мен сұлу көлдерді табиғи қалпында сақтап қалып, онда өмір сүретін терісі бағалы жануарлард

ТОЛЫҒЫРАҚ »