UF

ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

Категориясы: Табиғат


Маршактың «Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді. Кеме жасаушы: «Желкенді бекітетін мачталар мен тақтайлар», ағаш ұстасы: «Сен сабақ оқитын жазатын стол, қалам, сызғыш...» - дер еді. Әрине ол ағаш шкафтар, кітап сөрелер: мен паркет едендерді, терезе жақтаулары мен есіктерді де ұмытпай, санға қосар еді. Қағаз жасайтын комбинаттың жұмысшысы болса дәптермен бірге міндетті түрде кітаптар мен газет-журналдарды атар еді. Өйткені қағаз ағаштан жасалады ғой. Ауыл-селоларда тұратын ағаш ұсталары бөренелерден қиып салынған үйлер мен жылғаларға салынған ағаш көпірлерді еске салар еді. Темір- жолшылар жүк тиейтін ағаш вагондар мен рельстердің астына төсейтін шпалдар туралы айтар еді. Химиктер болса комбинаттарда лак, жасанды шұға тоқуға арналған жіптер мен дәрілер... жасалатын ағаштар туралы небір асыл сөздерін аямас еді. Электриктер мен байланыс қызметкерлері «Электр, телеграф, телефон сымдарына арналған тамаша бағандар үшін орманға айтар алғысымыз шексіз» дер еді.

Музыканттар болса: «Рахмет саған, орман! Бір кезде соққан желге үн қатып, гуілдеп тұратын, құстардың әнін тыңдаған ағаштың енді өзі ән салып жүр. Сол ағаштан жасалған рояль, скрипка, домбыралар тамылжыған ғажайып үнімен құлақ құрышын қандырады!» - деп шаттанар еді.

Біздің әңгімемізді агрономның құлағы шалса: «Орман – егін алқабына қорған. Оны қалай ұмыттыңдар?» - деп, реніш білдірер еді. Ол жазда жер аптабын қуыратын аңызақ желдің жолында қалқан болып, егінді қорғайды. Қыстыгүні өткен күзде себілген астық тұқымын қымтап жатқан қар «көрпені» жел ұшырып кетуінен сақтайды.

Орман - өзендердің де қорғаны. Қыс бойы жауған қарды қаттап, жинап шығады да, көктемде жерге там-тұмдап еріген суынан беріп отырады. Бұл кезде күн нұры мол түскен жазық даланың аңқасы кебе бастаса, орман ішінде шалшықтар жатады, тіпті жыра-жыраларда күртік қарлар да кездеседі. Қар суы жерге бірте-бірте сіңеді де, жер астымен ағып барып, өзендер мен жылғаларға құйылады.

«Ағаш ексек біз, не еккеніміз дейсіз бе? - деп, дәрігер қайталап сұрар еді де, - ағаш бәрінен бұрын денсаулық» - деп жауап берер еді. Әдетте демалыс үйлерін, санаторийлерді қайда салады. Әрине, орман ішіне. Өйткені орман ішіндегі ауа - ең таза, денсаулыққа ең пайдалы ауа. Егер жасыл ормандар болмаса, планетамыздың бүкіл адамдарына тыныс алатын оттегі жетпес еді.

Ал орманшы айтар еді: «Өздеріңіз байқап отырсыздар. Ағаштың қажет емес жері жоқ. Орман байлығы бізге ғана емес, бізден кейінгі ұрпақтарымызға да жетуі үшін, әрбір кесілген ағаштың орнына міндетті түрде бір ағаш, тіпті екі ағаш отырғызу қажет.

Орман тек қана байлық емес, ол - жер көркі, ел көркі» - дер еді.

  Жарияланған-2016-09-16 15:31:28     Қаралды-12534

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМА СІЛІКПЕСІ

...

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕТБҰҒА КҮЙШІ МЕН ЖОШЫ ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ

...

Шыңғыс ханның Жошы деген баласы жабайы құлан аулап, өзін қаумалаған нөкер серіктерінен тым ұзап кеткенін сезбей де қалады. Ханзада жүйткіген құландарды өткір жебемен дәл көздеп құлата береді, оның жүрегінде бейшара жануарларға деген аяушылық болмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЫШАЛДА

...

Сабын-тамырмен және жұмыртқамен араластырып, көпіршітіп шайқалған қант шырыны осылай аталады. Түсі ақ, қоюлығы кремнің қоюлығындай. Белок ретінде жұмыртқа белогы қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Юбкалардың түсінің саралануы

...

Kilt «киімді дене бойымен айналдыру» деп аударылады. Бірақ, заманауи килт – бұл материяның 3-8 ярдтан (7 метрден көп) тұратын аса күрделі конструкция.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?

...

Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған

ТОЛЫҒЫРАҚ »