ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ
Категориясы: Адамдар
Ықылас Дүкенүлы (1843-1916) - қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Оның атасы мен әкесі қобызшы болған. Киелі өнер ұлдарына да қонып, Ықылас қобыз әуенімен ер жетеді. Қорқыт ата аян беріп, әкеден балаға жеткен өнер, қобыз үні тағы да үзілместен жалғасын табады.
Ықылас - қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының көрнекті өкілдерінің бірі. Тұлғасы рухани тарихымыздың төрінен орын алған. Ол - атақты Қорқыт бабадан кейінгі қобызға тіл бітірген адам.
Қобыздың құдіретті үнін түрлендіріп құбылтқан Ықылас - ғасыр үнін ғасырларға жеткізген асқан күйші. Оның «Аққу», «Ерден», «Қасқыр», «Жалғыз аяқ», «Жез киік» және тағы басқа күйлері - халықтың асыл мұрасы.
Көнеден жеткен қобыз өнерін артында қалған мұрагерлері жалғастырып келеді.
Жарияланған-2015-11-24 19:07:34 Қаралды-11383
ЕРТІС БОЙЫ

Ертіс бойы өңірі Қазақстанның солтүстік-шығысымен ағатын еліміздегі ең ұзын өзен (1698 км) - Ертіс алабын алып жатыр. Ертіс бойында Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы орналасқан. Қытайдан бастау алатын (Зайсан көліне дейін «Қара Ертіс» дейді) бұл өзен е
ЖҮЗІМ МЕН ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

Алма жуылады. Ортасындағы өзегі ойылып алынып, бірнеше жерінен тілінеді. Іріктелген сүйексіз жүзім жуылып, жармаланған жаңғаққа қосылады.
ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ

Қорғалжың қорығы 1958 жылы Ақмола облысының бірнеше көлді (Қорғалжың, Теңіз) алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды.
МИНЕРАЛДАР

Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.
ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ

Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т