UF

«Оңтүстік өңірінде өсірілетін тарлау өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері»

 

Мазмұны

     бет

 

 

белгілер мен қысқартулар.............................................................

4

 

Кіріспе.........................................................................................................

5

1

Әдебиетке шолу....................................................................................

7

1.1

Мал азықтық өсімдіктердің сапалық маңыздылығы.................................

7

1.2

Егіншілікте топырақты өңдеу технологиясы мен оның құнарлығы........

12

1.3

Жасыл өсімдіктен сүрленген азықтан пішен дайындау............................

20

1.4

Мал азықтарынан дайындалатын шөптің ұны мен шөп

турандысының сипаты.................................................................................

31

1.5

Тарлау егістігінде арамшөптермен күресу шаралары мен оларға гербицидтер әсері..........................................................................................

40

1.6

Тарлау өсімдігінің биологиялык-өнімділік ерекшелігі.............................

42

2

негізгі бөлім............................................................................................

46

2.1

Эксперимент жүргізілген жердің климаттық ерекшеліктері....................

46

2.2

Зерттеудін нысаны мен әдістемесі..............................................................

47

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ.............................................................................

51

3.1

Тарлаудың егілу тереңдігіне байланысты өсуі..........................................

51

3.2

Тарлаудын экологиялық тобының морфологиялық ерекшеліктері.........

58

3.3

Биологиялық ерекшеліктері.........................................................................

60

3.4

Тамыр жүйесі................................................................................................

62

3.5

Тарлаудың өнімділігі....................................................................................

65

3.6

Тарлау ұрығының технологиясы.................................................................

65

3.7

Жайылым экологиясы..................................................................................

68

3.8

Тарлау егістігінде әртүрлі жаңа гербицидтерді пайдаланудың өнімділікке әсері...........................................................................................

71

3.9

Зиянкестерге төзімділігі...............................................................................

75

3.10

Жайылымдарды жақсартудың экономикалық тиімділігі.........................

80

 

Қорытынды..............................................................................................

81

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................

83

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

Диссертациялық жұмыста келесідей белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:

 

млн.

– миллион

км.

– километр

0С

– Цельсий бойынша градус

мм

– миллиметр

%

– пайыз

см

– сантиметр

мг

– миллиграмм

рН

– топырақ ортасының реакциясы

м2

– шаршы метр

ц/га

– 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Тіршілік – заттар мен энергияның үнемі алмасуынан тұрады. Тіпті жеке организмдегі әрбір клетканың өзіне тән тіршілігі бар. Организм өзінің тіршілігіне қажетті заттарды өмір бойы өзін қоршаған ортадан алады. Организмге қоректік заттар үздіксіз келіп отырғанда ғана оның өсуі және клеткаларының жаңарып тұруы мүмкін. Азықтың қоректік заттары тірі дене түзілетін пластикалық материал болып,қоршаған ортадағы тірі организмнің бәрі де қоректену арқылы тіршілік етеді.

Қазақстанның шөлді-шөлейітті аймағында табиғи жайылымдардың көлемі мол болғанымен, олардың шығымдылығының төмендігі және жыл сайынғы өзгеруі мал шаруашылығын өркендетуде көп қиындықтар туғызады. Сол себепті екпелік жайылымдықтар жасауда жемшөп қорын дайындау негізгі бағыттардын бірі болып саналады. Бұл мәселеде қуаңшылық аймақтың жағдайларына бейімделген өсімдіктерді таңдап, пайдаланған жөн.

Оңтүстік өңірі Қазақстан Республикадағы ірі аймақтардың бірі. Мұнда малазықтык өндіріс экстенсивтік және жайылыммен шабындықтардын табиғилығына өте тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда мал азығы ретінде құнды да құнарлы болып табылатын тарлау өсімдігін қолдану өзекті мәселеге жатады.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде астықты дақылдардың ішінде тарлау негізгілерінің бірі болғандықтан ауыл шаруашылық дақылдарын қазіргі заман талабына сай нарықтық экономикалық бәсекеге байланысты арамшөптермен күрес жүргізе отырып шығынды аз жұмсап, өнімді жоғарылату бүгінгі таңда басты бағытқа ие. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіруде егіс алқабының топырағын негізгі өңдеуге және егер алдындағы топырақты майдалап уақтауға кететін барлық шығын мөлшерінің 40-45 пайызды құрайтындығы баршамызға белгілі, осы шығынды азайту өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Ауылшаруашылық мәдени дақылдарын егіп-өсіруге ұсынылған агротехнологиялық шараларды ұстануға әртүрлі жаңа ауылшаруашылық құрылымдарының объективті және субъективті себептер мен қаржылық – техникалық жағдайдың төмен және жеткіліксіз болуына байланысты егіншілік танапта жүйелі агротехнологиялық шаралар жүргізілмей келеді. Сондықтан егіншілік жүйесінде қазіргі нарықтық бәсекеге сай тікелей себу технологиясын пайдалану қажеттілігі туындауда. Негізінен бұл технология барлық мемлекеттерде қолданыс тауып, нарықтық экономикаға байланысты ауыл шаруашылық дақылдары кең көлемді алқапқа себіліп, жылдан-жылға кеңеюде.

Арамшөптердің тұқымы топырақтың беткі қабатында орналасқандықтан негізінен көктем шыға бастағаннан қарқынды өніп шығады. Сондықтан  топырақты үнемді өңдеу технологиясында арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері мен түрлеріне қарай күрес шараларын анықтауды ұйымдастыру басым бағытқа ие болып табылады. Тікелей себу технологиясын пайдаланы арқылы тарлау өсімдігін мал азығы ретінде өсіру Оңтүстік Қазақстанда алғаш зерттеліп отырғандықтан оның өніп-өсу кезеңдеріндегі биологиялық және өнімділік қасиеттерін зерттеу арқылы, оларға гербицидтің жаңа түрлерін қолданып, үнемді агротехнологиялық үлгісін жасақтау тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты тәлімі жерлерінде тарлау өсімдігін топырақты өңдемей тікелей себу технологиясын пайдалана отырып оның биологиялық және өнімділік сапасын апнықтау жұмыстың басты мақсаты болды.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- тәжірибе танабында аудандастырылған тарлаудың егілу тереңдігіне байланысты өсуін анықтау;

- тарлаудың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- тамыр жүйесі мен өсім діктің ұрығының технологиясын анықтау;

- жайылым экологиясы мен зиянекестерге төзімділігін зерттеу;

- жайылымды жақсартудағы тарлаудың экономикалық иімділігін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан өңірінде алғаш рет тарлауды тікелей себу технологиясы арқылы егіс алқаптарындағы арамшөптерге әртүрлі жаңа гербицидтерді және тыңайтқышты қолдану бағытында жүргізілді. Тікелей себу технологиясымен кәдімгі технологияны салыстыра отырып өніп-өсіп, даму заңдылықтарының ерекшеліктерін тарлаудың өнім түзуі мен өсіп даму өзгешеліктері анықталынды.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеуге алынған тарлаудың Шортанды сорты Оңтүстік Қазақстанда топырақты өңдемей тікелей себу барысында өнімділігі мен дәнінің сапалылығы және өніп-өсу кезеңдерінде өнімділікке әсер ететін басты фактордың, яғни тарлаудың ауыспалы егістік орнына қарай ауадан түскен ылғалмен қамтылу жағдайы мен арамшөптердің әсері анықталды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс мәтіні 85 бетке терілген, кіріспеден, әдебиетке шолу, зерттеу зерзаты мен әдістемесінен, зерттеу нәтижелерінен және қорытынды мен өндіріске ұсыныстардан тұрады. 13 сурет, 13 кесте, 56 әдебиеттер тізбесінен тұрады.

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1 Мал азықтық өсімдіктердің сапалық маңыздылығы

 

Азыққа өсімдік, жануар және микроб тектес, малды уландырмайтын, оның денсаулығы мен өніміне зиян келтірмейтін, жақсы желініп, қорытылатын заттар кіреді. Мұнда сапалық талапқар жауап беретін мал азықтандыру өндіріс шығаратын бірқатар қажетті қосындылар (минералды, витаминді, ферментті, т.б.) қолданылады.

Азық сапсын екі тұрғыдан бағалайды. Алдымен азықтың тазалығы, жұғымдылығы, малға тартымдығы секілді физика-механикалық қасиеттерімен, ал одан кейін берілген азықтың малдың тіршілік қажеттілігін өтеушілік деңгейімен. Соңғысын, әдетте, азықтың биологиялық толық бағалылығы деп атайды. Демек, жалпы алғанда азық сапасы мал мұқтаждығын өтеушілік қасиеттерімен бағаланады десек те болады [1].

Азық сапасын органолептикалық, яғни сезім мүшелеріне негізделген, бағалау, химиялық құрамын зерттеу, желінуі мен қорытылуын анықтау арқылы біледі. Осы көрсеткіштерге сәйкес оларды сапалық кластарға бөледі.

Мал азығының ең басты көрсеткіші – қоректілігі. Оны азық құрғақ затындағы энергияның шоғырлану дәрежесімен белгілейді (алмасу энергиясы немесе азық өлшемі түрінде). Азықтың энергетикалық, яғни жалпы, қоректілігі алдымен оның құрамындағы өздері тікелей энергия шығаратын қоректік заттарға (протеин, май, көмірсулар), екіншіден сол қоректік заттардың ас қорыту барысында толық игеріліп, тиімді пайдалануына әсер ететін өздері тікелей энергия өндірмегенмен, организмдегі энергия алмасуына зат алмасу барысын реттестіру арқылы ықпыл ететін минералды және де басқа да биологиялық пәрменді заттарға (дәрумендер, ферментт, гормонндар, қоректілікке қарсы заттар, ингибиоторлар) туәелді [2].

Желінген азық малдың энергетикалық мұқтаждығымен (дене жылулығын сақтауға, механикалық жұмысына, өніміне) қатар, тірі орагнизмде үздіксіз жүретін зат алмасуын (катаболизм мен анаболизмнен тұратын) қамтамасыз етуі қажет. Осы тұрғыдан азық қоректілігі энергетикалық деңгейімен қоса структуралық, яғни құрылыстық қосындылар жеткізушілігімен де бағаланады [3].

Мал денесінің құрылысына қажет қосындылар негізінен азық протеинімен жеткізіледі. Сонымен қатар минералды заттар (кальций сүйек құрылысында, микроэлементтер ферменттерде, т.с.), кейбір көмірсулар құрылыстық қызмет атқарады. Бұл көрсеткіш бойынша азық сапасы энергия  бірлігіне келетін протеин мөлшерімен бағаланып, протеиндік  (қорытылатын азотсыз қоректік заттар, яғни май мен көмірсулар қосындысының, қорытылатын азотты, яғни протеинге қатынасын көрсететін) немесе энерго-протеиндік (азықтағы  1% протеинге келетін энергия мөлшерін көрсететін) қатынастармен белгіленеді [4].

Азық сапасына оның диетикалық, яғни жұғымдылық қасиеттері де әсер етеді. Оларға құрғақ зат мөлшері, физикалық түрі, сүрлемдеу тәсілі, тазалығы, усыздығы, дәмділігі мен хош иістілігі жатады. Азық сапасын белгілейтін физикалық қасиеттеріне – ылғалдылығы (балаусалылығы), ұсақтығы (түйіршектелуі), аумақтығы, тығыздығы, ылғыл сорғыштығы және ылғыл жоғалтқыштығы, жылу өткізгіштігі және жылу жинағыштығы, т.б., механикалық қасиеттеріне – бөлшектерінің бір-біріне жабысқыштығы, жылжымалығы, біріккіштігі қарастырылады.

Дайындаған азық малға бергенге дейінгі мерзімде сапалы түрде сақталуы қажет. Азық сақталуы оның өзіндік қасиеттері мен сақтау жағдайына байланысты. Соңғыларынан азыққа күн сәулесі, жылулық, ауа ылғалдылығы, т.б. ықпал етеді. Дайындауда қолданылған немесе сақтау барысында пайда болған химиялық қосындылардың да әсері зор. Жарық, әсіресе күн сәулесі азықтағы тотығу барысын мейілінше тездетеді. Оны ксантафил мен каротин пигменттерінің ыдырауынан орын алатын жемшөп бояуының жойылуынан байқауға болады. Тотығуды азықтағы ауа (оттегі), орта жылулығы үдетеді. Жеткілікті құрғатылмаған пішенде (ылғалдылығы 18%-тен жоғары) биологиялық оксидация мен микроорганизмдер тіршілігінен ішкі жылулығы көтеріліп, ол қызып, қарайып, көптеген қоректік заты ыдырап, тіпті жанып та кетуі мүмкін. 14-18% ылғалдылықтағы пішенді дұрыс сақтамаса көгеріп кететінін ескеру қажет [5, 6].

Дайындалып сақталған жемшөпті малға бергенде оның келесі сапалық көрсеткіші – желінуі анықталады. Азық желінуін малға салынған мөлшерінен қалдығын алып есептейді. Оған азық иісі, дәмділігі, физикалық түрі, құрғақ зат көлемі, тазалығы, зияндылық немесе уландырушылықтығының жоқтығы әсер етеді. Суда еритін заттар арқылы мал азықтық қышқыл, тұзды, ашты, тәтті дәмін ажыратады. Хош, жұпар иісті азықты мал сүйсініп жейді. Азықтың осы екі қасиеті хеморецепция арқылы азық қорытылуына, сайып келгенде оның өнімділік потенциялына ықпал етеді. Профессор А.Богдановтың тұжырымдауы бойынша азықтың өнімдік потенциалы 70%-ке оның желінуіне, қалған 30%-ті қорытылуына байланысты. Демек, азық сапасын жақсартып, желінуін жоғарылатудың азықтандырудағы маңызы зор. Тәжірибелік мәліметтер бойынша сапасы төмен пішендеменің жоғары сапалымен салыстырғанда жалпы желінуі 20-28%-ке, құрғақ затынікі – 31-35%-ке төмендейді екен. Сүрлем құрғақ затының 1-%-ке жоғарылауы 0,17 кг-ға ұлғайтады [7, 8].   

Желінген азықтың сапалылығы  қорытылымына ықпал етеді. Жемшөп желінгіштігі оның дәміне байланысты. Құрамында азотты, минералды, майлы, қантты, витаминді заттар көп шоғырланған өсімдіктің жұмсақ бөлшектері (жапырағы, көк балаусасы) клетчатка мен лигнин шоғырланған ірі бөлігінен (сабағы, қатайғаны) дәмдірек болғандықтан, оларды мал теріп жеп, жақсы қорытады. Бұл жемшөптің қорытылымдылығын сипаттайды.

Осымен қатар өндірістік технология жемшөптің механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелерде қолдануға ыңғайлы техногендік (түйіршіктелгіш, тасымалданғыш, т.б.) тұрғыдан сипатталуын да талап етеді.

Толық бағалық тұрғысынан алғанда әр қоректік зат тобының өзіндік сапа сипаттамасы бар. Айталық, протеиннің су мен тұзда тез еритін фракциясы, амин қышқылдық құрамы, минералды заттағы жекелеген макро- және микроэлементтер деңгейімен арақатынасы, майдың қышқылдық құрамы, жеңіл қорытылатын (ыдырайтын) көмірсулар деңгейі және басқасы. Осының бәрін жан-жақты қамтып, кешенді түрде таразылағанда ғана азық сапасын әділ бағалау мүмкін.

Мал азығының классификациясы. Мал азықтандыруда қолданылатын сан алуан азық түрін жүйелеп, жіктеп, топтастырады. Ең алдымен тегі бойынша азық өсімдік, жануар және микроб тектес деп бөледі. Малға берілетін азықтың басым көпшілігі өсімдік тектес. Оларды ботаникалық құрамы, қоректілігі мен жекелеген қоректік заттары, технологиялық қасиеттері, организмге әсері бойынша  келесі топтарға жіктейді [9]:

1.      Көк азық балауса, жайылым оты, екпелі шөп көгі жатады. Құрамында ылғалдылығы мол (75-85%) болғанымен, құрғақ заты биологиялық тұрғыдан  өте жоғары, тіршілікке қажет қоректілік және биологиялық пәрменді затпен толықтырылған. Жоғары қорытылып, тиімді пайдаланылатын өте жұғымды азық.

2.      Шырынды азық – балауса кезеңінде дайындалғандықтан шырын сөлін сақтап қалған азық. Сүрлем, пішендеме, тамырлы-түйнекті жемістілер, бақша дақылы жатады (пішендеменің құрғақ затындағы клетчаткасы 19%-тен асатындықтан кейде ірі азыққа да жатқызады). Мол желініп, жоғары қорытылатын азық. Бірақ сүрлемдеу барысында біршама жеңіл ыдырағыш энергиясынан айырылатынын ескеріп, мал рационында басқа азықпен араластырып береді.

3.      Ірі азық – кептіру барысында ылғалдылығынан айырылып, мейілінше қатайғандықтан осылай атайды. Пішен мен сабан, топан жатады. Клетчаткасы мол болғандықтан құнарлылығы жағынан жемге тең шөп ұнын да жатқызады. Мал рационын аумақты клетчаткамен қамтамасыз етеді. Қорытылымы жануар түріне, клетчаткасының қатаюына (лигнинделуіне) байланысты өзгереді. Азық клетчаткасын қорытуда микроорганизмдердің маңызы ерекше.

4.      Құнарлы азық, яғни жем – астық және бұршақ тұқымдастар дәнінен тұрады. Бұл топқа қоректілігі жоғары наубайшылық, сыра қайнату және май өндіру қалдықтары жатады.

Өңдеу барысында көп су жұмсалатын техникалық дақылдар қалдығы (қант өндірісіндегі – жом, крахмал өндірісіндегі – мезга, спирт өндірісіндегі – барда) ылғалды азықтық қалдықтарға жатқызылады. Олардың құнарлылығын кептіру арқылы  көтереді [10]. Өндіріс шығаратын құрама жем түрлі азықтық қосындылармен (азотты, минералды, витаминді, ферментті және күрделі премикс түріндегі) жеке топқа жатқызылады.

Әр азық тобын органолетикалық және химиялық, қоректілік көрсеткіштері бойынша кластарға бөледі. Мысалы, сүрлем, пішендеме, пішен, шөп ұны бірінші класының сапасы мен қоректілігі жоғары болғандықтан, ол жоғары бағаланады. Соңғы класс көрсеткіштеріне сай келмейтін азық классыз деп табылып, азықтандыруға арнайы өңдеуден кейін қолданылады.

Биохимиялық тұрғыдан бүкіл азықтарды үлкен екі топқа авторофты, яғни қорегін сыртқы орта қосындыларынан өзі игеретін, және гетеротрофты, яғни қоректенуіне дайын органикалық қосындылары керек ететіндерге бөледі. Химияның дамуының арқасында жасанды, яғни химиялық азықтар да пайда болды.

Мал өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығыны малға жегізілген азықтың сапасы  мен қоректік құндылығына тәуелді. Шаруашылықтағы дайындалған жемшөп қоректілігі алдымен оның химиялық құрамымен байланысты. Жемшөптің химиялық құрамы өсімдік түрі, агротехникасы, вегетация фазасы, климат әсері, жинау мерзімі, сақтау жағдайы, т.с.с. көптеген факторга сай өзгеріп отырад [11].

Азық құрамы сыртқы ортадан енетін түрлі химиялық элементтерден тұрады. Олар өсімдіктен мал организміне қоректену барысында берілетіндіктен белгілі дәрежеде азық пен мал денесінің элементтік және химиялық құрамында ұқсастық болады. Организм құрғақ затының 92-95% құрайтын органикалық элементтер

                             С               О                Н                N      

көк шөпте           15%            12%            70%            0,5%

жүгері дәнінде   40%             6%              50%            1,5%

қой денесінде     25%             11%            52%            2,7%

        

Бірақ, өсімдік органикалық заты негізінен көмірсулардан тұрса, мал органикалық заты протеин мен майдан тұрады. Өсімдік құрамында көмірсулардың қанттар, крахмал, клетчатка түріндегі моно- екі- және көпқанттардан тұратын алуан түрлі қосындылары басым болса, жануар денесінде глюкоза мен жануар крахмалы деп аталатын, бауырда энергетикалық қор ретінде жиналатын гликоген ғана болады. Организмнің органикалық затынан қалған 5-7% құрайтын минералдық элементтерден қазіргі кезде өсімдікте, малда 70-ке жуығы анықталып отыр.

Бұл академик В.И.Вернадскийдің биосфера қабаттарында химиялық элементтердің шашыранды түрде барлық жерде тарайтынын болжаған биогеохимиялық ілімін дәлелдейді. Әрине, биоценоздарындағы барлық минералды элементтің өсімдік пен жануар организмінде өзіндік биологиялық қызмет атқаратынын атап айту қиын.

Минералды элементтерден өсімдікте К мен  Са үлесі басым болатын болса, жануар денесінде Са мен Р басым келеді. Бұл биохимиялық қоректік тізбекте организмнің, бір жағынан, тығыз байланысын көрсетсе, екінші жағынан, сапалық айырмашылығын айғақтайды. Демек, тіршілік өзегі болап табылатын осы қоректік тізбектегі биологиялық заңдылықтарды анықтау үшін мал қорегін, яғни азық құрамын анықталад [12].

Азық сапасы ең алдымен химиялыққұрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен анықталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.

Сурет 1 – Өсімдік пен мал арасындағы биологиялық заңдылықтар тізбегі

Келтірілген жіктеу жобасы біздің жағдайдағы мал азықтандыру тұрғысынан азық құнарлылығын айқындайтын физиологиялық-қоректік қасиеттеріне негізделген. Мұнымен қатар азықтардың биохимиялық қасиеттерін ескеретін жіктеу жобалары бойынша органикалық қосындыларды пайдаланатын азық болып табылады.

 

1.2 Егіншілікте топырақты өңдеу технологиясы мен оның құнарлығы

 

Қазіргі егіншілік саласында топырақты техниканың көмегімен механикалық жолмен өңдеу жүйесіне аса мән берілуде. Өйткені, ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін жоғарылатып, еңбек шығындарын төмендетіп, кең ауқымды өнім өндірудін алғышарттарының бірі осыған саяды. Адам еңбегінің топыраққа әсерінің күшеюі, оны әртүрлі эрозиялардан қорғау мәселесінің өзектілігіне көніл болуді талап етед. Топырақты үнемділікпен өңдеудің теориялық және практикалық негіздемесін жасау – егіншілік жүйесін жетілдірудегі аграрлық ғылымның зерттеу бағытының басым бағытына ие.

Т.С.Мальцевтің [13] деректеріне сүйенсек, жылдар бойы жүргізілген тәжірибе нәтижесінде топырақты қайырмасыз өңдеу шынында да жан баспаған тың бағыт екендігіне егіншілердің көзін жеткізді. Топырақ қыртысын төңкермей терең жыртқан кезде егілетін дақылдың белгілі өлшеміне тиетін топырақ қыртысының көлемі молайып, өсімдіктің қорек алатын жер көлемі кеңейеді, соның әсерінен топыраккыртысынын шығымдылықы жоғарылайды. Автор егіншілік жүйесінің мамандарына тәжірибесін қалай болса, солай қолданбай, жер жағдайына ыңғайлай отырып, қайырмасыз өңдеудің өзіндік жүйесін жасауды ұсынған болатын. Сонымен қатар біржылдық өсімдіктің топырақ құнарлығын арттыра алатындыктан оны сақтап қана емес, арттыра түсуге мүмкіндігі бар екенін көрсеткен, сөйтіп өсімдіктерге қолайлы жағдай жасаған кезде мұны толық жүзеге асыруға болатындығын мәлімдеген. Жерді жыртқанда немесе оқта-текте ғана, әрі қайырмасыз жыртқанда топырақтын кунарлылығын жоғарлатуга әлдеқайда мол мүмкіншілік бар екенін тұжырымдады. Алдыңғы зерттеулерде мол өнім алынғанда топырақ құнарлылылгы азайып, жер тозады деген ұғым қалыптасқан болатын. Т.С. Мальцевтің айтуына қарағанда алынған өнім мол болғанда топырақта органикалық заттар молырақ қалады. Өйткені өсімдік мыкты әрі қалын өсетіндіктен, тамыржүйесі күшті дамып, аңызда сабақ және тамыр қалдықтары көбірек қалып, топырақты оргзаттармен байытады деп қорытады.

Қазіргі таңдагі егіншіліктегі негізгі буын –топырақты өңдеу. Оны дұрыс ғылыми негіздеу өсімдіктін жаксы өсуі мен жетілуіне және топырақтын құнарының артуына мүмкіндік беретін топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына қолайлы жағдай туады. Егіншілікті қарқынды дамыту, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді жетілдіру –топырақ өңдеужүйесі мен тәсілдеріне өзгерістер ендіруді қалайды.

Ресейдің көрнекті ғалымы А.Г.Дояренко [14] ылғал мәселесі қуаңшылық жағдайда аса маңызды деп бағалады және оны реттеуде ылғалды асаонтайлы пайдаланып, буланудын азаюына бағытталған топырақ өңдеу тәсілдерін іздестіруге көніл болген. Сондықтан астық пен мал азығының едәуір мөлшері тәлімі жерлерде өндіріледі.

Топырақтың құнарлы болуы өсімдіктің жақсы өсуіне, қалыптасуына әсер ететін факторларға байланысты. Бұларға ауа райы, жылу деңгейі, топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері, қажетті қоректі элементтер жатады.  Топырақтың құнарлы болуы жер қыртысындағы қарашіріндіге тікелей байланысты, яғни өсімдіктің жақсы өсіп-жетілуінде басты қызмет атқарады, сол себепті топыраққа тыңайтқыштар ендіру, мал қиы, сонымен қатар өсімдіктерді ауыспалы әдістермен өсірудің маңызы зор [15].

В.Р.Вильямс [16] топырактын құнарлыгын 2-ге бөлген: ықтымал және тиімді. Топырақта өсімдікке керекті элементтер көп болуы мүмкін, әйтсе де одан мол өнім өндіруге болмайды. Өсімдікке керекті элемент топырақта тиімсіз түрде болып, жиналатын дақылдың өсуін тежейді. Мұнда топырақ құнарлылығы «потенциалды» болып келіп, оны өңдеген кезде ол «тиімді құнарлы» топыраққа айналады, ал мұндай топырақтан өнімді мол алуға мүмкіндік бар.

В.Дакучаев, П.А.Костычев [17] зерттеулерінің топырақ туралы ілімі ғалымдардың зейінін қарашіріндіге аудартты. Бұл тұрғыдан микроорганизмдердің қарашірінді заттарын синтездеудегі атқаратын рөлі айрықта. Өткен ғасырдың бас кезінде топырақтағы қарашірінді заттардың құнды қасиеттері зерттелген.

Топырақ жамылғысын механикалық жолмен өңдеу арқылы дақылдарды өсіру көптеген елдерде жақсы дамыған. Мысалы, Ресей мемлекетіндегі шаруашылықтар мен ғылыми-зерттеу институттарында дақылдарды тікесебу тәсілін қолданады. Сонымен қатар әлемде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тәжірибесінде көбіне қолданыстағы технологиямен топырақты өңдемей 20-30%-да себу тәсілін қолданады.

Х.Х.Хабибрахманов, В.Ф.Мареев [18] зерттеулерінде Татарыстанның орманды сүр топырағында гербицидті қолданғанда топырақ негізін сыдыражыртуды аударамен және сыдыраөңдеуді сыдырақопсытумен алмастыруға болады.

Минералдық және органикалыө тыңайтқыштарды мезгілімен жүйелі түрде қолданғанда топырақ кескінінің біртіндеп фосформен баюын камтамасыз ететіні белгілі. Қазіргі кезде енгізілген фосфор тыңайтқыштарының негізінде жүретін топырақтағы процестер жан-жақты зерттеліп, фосфордың өзгергіштігіне ықпал жасайтын факторлар және тыңайтқыш фосфорының байланыстағы ауыспалы түрлері жақсы анықталған.

Л.Н. Барсуков, К.М. Забавская [19] келтірген деректерге сүйенсек, еліміздің оңтүстік өңіріндегі қара топырақты жыл сайын аудара жыртқанда топырақ қабаттарының құнарлылығы теңеледі де, сүдіре жыртқанда жоғарғы қабатында артып, төменгіде азаяды. Топырақтағы биохимиялық процестердің қарқын-дылығының сандық көрсеткішінің бірі – құнарлылығының биологиялық белсенділігі. Бұл белсенділіктің өлшеміне биогендік, аммонификация, нитрификация немесе целлюлоза ыдырауы процестерінің қарқындылығы, топырақтың тыныстануы, т.б. жатады.

Біркатар мәліметтер жыртылатын қабаттың бөлшектенгенінің биологиялық белсенділікке әсерін, құнарлығы бойынша сапасы әр түрлі болғандығын сипаттайды. Топырақтың жыртылған жоғарғы қабаттарында өсімдіктің тамырының, қалдықтын ыдырауы, оргқалдықтардың минералдануы анагурлым белсенді жүреді деп көрстеіледі.

Микробиолог мамандардын зерттеулері көрсеткендей, биологиялық процестер топырақтың ең жоғарғы қабатында жақсы жүреді. Ш.А.Чулаков [20] өсімдіктерді қалыңдығы 0-7 см топыракты ыдыста өсіргенде олар 14-21 см қалыңдықтағы топырақпен салыстырғанда өнімділігі 2-3 есе артқандығын анықтаған. Мұнда топырактын биологиялық белсенділігінің артуы жыртылатын топырақ қабатын дұрыс араластыру нәтижесінде болады.

В.Н. Береснева [21] жасаған тәжірибесінде өңдеудің төмендегідей түрлері қолданылған: тереңдікке аудармай өңдеу мен Мальцев бойынша дискілеу, топырақты тереңдеп аудара жырту және В.Р.Вильямс бойынша өңдеудің мақсаты микробиологиялық процестердің даму заңдылығын зерттеу болды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шым-күлгін топырақта микробиологиялық процесс қарқынды түрде жүреді. Топырақ қабаттарының тереңдеуінің салдарынан бұл көрсеткіш азаяды.

Әртүрлі топырақ қыртысында микроағзалардың таралуы оны өңдеу тәсілдеріне айтарлықтай әсер етеді. В.Г. Мосолов [22] деректері бойынша топырақты аударып жыртқанда микроорганизмдердің тіршілігінің белсенділігі топырақ-тың бетінде емес, 10-20 сантиметрде, ал аудармай жыртқанда керісінше ең беткі қабатында (0-10) жүреді.

Құрғақшылық болған аймақтарда барлық уақытта ғалымдардың басты назарларын топырак өндеу аударған. Өткен ғасырдың сонында жерқабатын тереңдете өңдеудің пайдалылығы жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіліп, көпөнім өндірудін бірден-бірі жолы ретінде қарастырылған. Жүргізілген бірнеше зерттеулердің нәтижесінде жерді аудара жырту еліміздің барлық аймақтарында топырақтағы ылғалдылықты және оны көптеген бүлінуілерден қорғап, жерді аудармайөңдеу дұрыс деп шешкен.

М.К.Сулейменов [22] сүдігерді өңдеу тәсілдерін таңдағанда арнайы дақылды еккенге дейінгі оларда пайдаланылған алғы дақылдардан жоғары өнімалу мүмкін деп есептейді.

Жер қабатын бірнеше жылдар бойы жеңіл өңдеу арқылы жүргізген зерттеулерінде Холмов В.Г. мен Палецкая Г.Я. [23] топырақ қабатының ылғалдылық және физикалық қасиеттері нашарламағанын жазады. Мұндай мәліметтерді басқа да ғылыми еңбектерден көруге болады. Ауылшаруашылык дақылдарынан тарлау өсімдігін жерді қопсытпай  тікелей сепкенде топырақты өндеп болғаннан сон себуғе қарағанда жоғары агротехнология жағдайында тиімдірек..

Жер жүзінде жүргізілген астық дақылдарын өсіруге бағытталған зерттеулерде топырақты қорғауда оны жеңіл өңдеудің тиімді екенін көрсетеді. Ол сүрі танаптың терең қопсытуын азайту және 2-ші дақылды сүртанаптан сон топырақөңдемей аңыздыкта себуді көпсетеді.

В.Г. Люфт [24] және басқа зерттеушілер күз маусымының көпшілік жағдайда құргакты болып, кепкен топырақты сыдыра жыртушы қуралдармен терендете өндеу мүмкін еместігін ескертсе, оны терең өңдейтіндей жағдай болса ол жұмыс сапасыздау атқарылғаны деиді. Мұнда кардың жинақталу деңгейін тексеру қиын болады, нәтижесінде көктемде буланып көп ылғалды жоғалтады, себілген дәннің шығу сапасы мен біркелкілігі төмендейді. Көктемде бір мезгілде жүргізілген сыдыра өңдеуіш құралдармен өңдеу және қопсыту топырақтың қар суын сіңіретін төменгі қабатын тығыздап, су тапшылығына кезіктіреді.

В.С.Дорохин [25] мәліметі бойынша, егіншілікте құрғақшылық аймақтарда топырактты дұрыс өңдеу тәсілі  сүдігер жыртуда күздік жауын-шашынды пайдалану коэффиценті 28-30 %-ға жоғарлайды. Күздік жауын-шашынды сіңіру айырмашылығы сыдыра өндеууде 8,5пайызды құраиды.

И.С.Шатилов [26] интенсивті өсімдік шаруашылығындағы ғылыми негізделген ауыспаыл егістің фитосанитарлық ролін ескере отырып, оларды топырақтың экономикалық құнарылығын әрдайым арттырушы деп санайды Егіншілікті шоғырландыру мен мамандандыру жағдайында егістіктің ластануы және әртүрлі өсімдік ауруларымен күресуде алғы дақылдардың алатын орны өте ерекше.

Топырақ өңдеуді жеңілдету  үшін топырақ тереңдігін азайтып қана қоймай, топырақтың аймақтық полосаларының бәрін дерлік өндеумен алмастыру болып табылады. Танаптың жоғарғы қабатын жеңіл өңдеу тиімділігі топырақты эрозиядан қорғаумен ғана ешектелмейді, бұл жағдайда өсімдікктен өнімді жоғары алуға оң әсер етіп, топырақ құрамындағы қарашірік сақталад.

Тарлау егілетін танаптарды әртүрлі табиғи топырақты қопсыту және өңдеу арқылы жүргізілсе, кейбір аймақтарда топырақты аударып жыртқанда бірыңғай себілген дақылдарды топырақ қабатын сегіз-он екі сантиметрде жеңіл өңдеумен алмастырған жөн деп санайды. Бұл жағдайда астық дақылдарынан алынатын өнім тіпті құрғақшылық болған жылдардың өзінде жоғарылайды. Алайда топырақты жеңілдеп өндеудін агротехника деп қабылдауға болмайды. Дақылдарды себу уақытында егістіктегі топырақ қабатын сегіз-он сантиметр тереңдікте өңдеу жеткілікті болатындығын көрсетеді.

Белоруссия жағдайында астық дақылдарын өсіргенде топырақ қабатының беткі жағын өңдеу тиімді екендігін Г.Д.Белов, Г.В.Симченков [27] та көрсеткен. Тарлау өсімдігі дақылдарының егістігін жеңілөңдеп негізгі топырақты өңдеуді қолданбауға толығымен болады. Топырақ тығыздығының тепе-теңдігі топырақ қабаттарына (0-ден 30 см-ге дейін) сәйкесінше шаршы метрге есептегенде гектарына 1,16; 1,22 және 1,31 жоғарылаған.

В.И.Двуреченский [28], Қостанай өңірінде егілген астық дақылдарында нөлдік технологияның тиімді екендігін айта келе бұл технологияны Қазақстанның басқа егіс аймақтарында да, аз шығын, энергия үнемдеуші, еңбек қорын аз қажет ететін технология екендігін дәлелдеген.

А.К. Киреевтің [29] жалпы мәліметтері бойынша топырақты жеңіл өңдеуде астық дақылдарының өнімділігі топырақты 20-21 см аралығында айдара жыртудағыдай өнімді қамтиды, бірақ ұтымдылығы жағынан шығынды төмендетіп, жағармай шығынын гектарына он-он бес кг-ға кемітеді. Күздік егістіктерде жеңіл өңдеуді кұрғақшылық жылдарда қолдану тиімділігі байқалады. Осы өңдеуді аударажыртумен салыстырганнда өнімділік деңгейі гектарына 1,4-5,2 центнерге жоғарыласа, ал ылғалдылығы жеткілікті болған жылдары керісінше төмендеген.

Астық шаруашылығын тұрақтандыруда астық дақылдарын өсіріп шығын азайту жолында энергия үнемдеуші технологияға бейімделу қажеттігі туындап отыр.

В.В.Каракулов [30] мәліметі бойынша, астық дақылдарын өсіруде перспективалы қор үнемдеуші технологияның арқасында гербицид енгізуді ең жоғарыдан орташа және ең төменгі мөлшерге дейін азайтып, өнімділігі экологиялық тұрғыдан таза болатын дақыл алуға болады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеген бірқатар ғалымдардың пікірінше топырақ қабатын жеңіл әдіспен өңдеу оның құнарлылық деңгейін бірқалыпты жағдайда ұстайтын егін жүйесінің биологиялық факторы болып табылатындығын байқаған. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулерде нөлдік технологияны пайдаланғанда топырақ қабатындағы 0,5 сантиметр көлеміндегі қарашірікті аударып қайыра жыртумен салыстырғанда екі есеге көбейген [31].

Е.И. Рябовтың [32] пікірінше топырақты механикалық өңдеудің әсерін қысқартып және топырақ қыртысын аудармай топырақ қорғау мақсатында жеңіл өңдегенде кәдімгі қарашіріктің жагдайына жақындауын қалыптастырады. Топырақ қабатын өңдеудің жеңіл әдісі Қазақстанда да зерттелуде. Қостанай облысының құрғақ далалық аймағында ұсынылған негізгі өңдеусіз тәсілімен жаздық бидай өсіргенде топырақтың тығыздалуы мен өнімділіктің төмендеуіне әкелген жоқ. Сүрі танаптан кейінгі өңделмеген аңызда екінші және үшінші дақылдан кейінгі себілген бидайдың тіршілік өміршеңдігі жоғары болатындығы анықталды.

Топырақ қабатын өңдеу технологиясын зерттеу кезінде қалыптасқан жер жырту әдісіне қарағанда топырақты өңдеуді жеңілдету топырақтың агрегаттық жағдайын арттыруға, эрозия процесін азайтуға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді. Оның ең басты ерекшеліктері топырақ құнарлылығын арттыру, эрозияның алдын алу, жер өңдеуге кететін шығынды кеміту жолдары қарастырылады. Мысалы, бірқатар ғалымдар зерттеулерінде топырақты жеңіл өңдеуге өтуді бірінші кезекте қара топырақты аймақтарда іске асыру керек. Еліміздің бірқатар институттарының мәліметтерінде астықты дақылдарды күзде жыртпай аңызға тікелей егу әдісінің тиімді әрі болашағы бар екендігін көрсетеді. Мәселен, Қостанай өңірінің құрғақтай далалы аймақтарында жаздық бидайды тікелей егу әдісі топырақты тығыздамай еккенде олардан өнімді көптеп алу мүмкіндік. Тікелей егудің болашағы зор екенін И.И. Градасов та айтып кеткен [33].

Ю.Б.Мощенконың [34] деректері бойынша, Омбы облысының далалы аудандарында сантиметріне 10-12 тереңдікте топырақты сыдыра жырту, қайыра жыртумен салыстырғанда гектарына төрт центнерге дейін артық бидай өнімін қалыптастырған. Сонымен бірге құрғақ күзде және сүрі танаптан кейінгі астықты дақыл мен көпжылдық малазықтық дақылдың айналымынан кейін жерді жыртпай қалдыруға болатындығын хабарлайды. Батыс Сібір қара топырақтарында оның өңдеу кезінде тереңдігі мен көлемін белгілеу үшін, оның құрылым тығыздығы мен ылғалдылығы, механикалық құрамы, өсірілетін дақыл, алдыңғы дақыл, егістіктің ластануы анықталып соған байланысты өңделуі керек. Сондықтан, ол келесі қағиданы басшылыққа алуды ұсынады: егер күз өте құрғақ болып, топырақтың 1 м дейінгі тереңдігіндегі ылғал қоры <30 мм болса және өте ылғалды >100 мм болған жағдайда топырақты өңдеу тереңдігін азайту керек, ал топырақ ылғалдылығы орташа 30-100 мм аралығында болғанда жаздық егіске арналған барлық танап өңдеуден өту керек.

Көптеген шетел ғалымдарының зерттеулерінде тұжырымдалғандай, үнемді не нөлдік технологияның тиімділігі дәлелденіп отыр. Бұл технологияны Канада елінің батыс провинцияларындағы далалық жақсы кәрізді топырақтарда көп қолданысқа енген. Ал, ылғалы көп ауыр сазды топырақта бұл тәсіл жарамсыз. Америка ғалымдары топырақ бетінде 25% кем емес аңыздық өсімдік қалдықтарын қалдыра өңдеудің кез-келген түрін консервілеуші - деп есептейді. Аңыздар мен өсімдіктер қалдықтарынан жабындылаудың АҚШ мен Канаданың шөлейт аймақтарында жер жырту кезіндегі мәнісі өте жоғары бағаланады. Бұл әдіс аталмыш елдерде жүгері буданынан кейінгі аграрлық ғылымының үлкен жетістігі деп мәлімдейді. Шет мемлекеттің ғалымдары және басқалары көрсеткендей, ұзақ уақыт тәлімді жерлердегі егіншілік жүйесінде жыртпай өңдеу тәсілі басқа әдістерден жоғары бағалануда, өйткені бұл тәсіл топырақ құнарын көтеріп топырақтың бүлінуіне жол бермейді. Ұзақ уақыт жерді жыртудан бас тарту топырақты эрозиядан сақтайды, инфильтрация дәрежесі күшейеді, ауа мен судың ластануы төмендейді. Ал, бұл қоғамға экологиялық таза және сапалы тамақ өнімдерін береді деген сөз [35].

Аталган технологияның тиімділігі Қостанай мен Көкшетау облыстарының үлкен өндірістік егіс даласында қолданылып, кең қолданысқа ие болды. Тәлімі аймақтағы басты міндет –топыраққа ылғал қорын жинау. Қазіргі таңда егін шаруашылығында топырақты өңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ, ауылшаруашылық дақылын өсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысынан да көбі осы топырақты өңдеудің еншісінде. Сондықтан, ғаламның біркатар мемлекеттерінде ауылшаруашылық дақылын өсіруде топырақты минималды өңдеуге немесе қарапайым тілмен айтқанда топырақ қабатын өңдеудің жеңілдетілген әдісі кеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда тіпті танапты күзде өңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері анықталып отыр.

Тыңайтқыштармен жүргізілген көп жылдық тәжірибелердің нәтижелерін талдау бір ғана тыңайтқыштардың минералданған түрін ендіру топырақ шіріндісінің мөлшерін арттырады деудің қисыны келмес, сондықтан бұл жерде оның алғашқы деңгейін қамтамасыз ететіндігі жөнінде айтылған жөн болар.

А.А. Коневтің [36] есептеуінше күз және қыз мезгілдерінде жауған жаңбырды жинақтаушы ретінде кез-келген климаттық жағдайда топырақ қабатын күзде өңдеу тәсілінен басқа ешбір үлгі тең келмейді. Осыған байланысты өндірісте негізгі өңдеуден күзгі таяз қопсыту және топырақты тілу, күзгі ылғалды жабу тәсіліне көшкен жөн. Күзде жауын-шашын кем жылдары нольдік немесе үнемді өңдеу әдісінің маңызы жоғары болады.

Батыс Қазақстан облысында сүрліктанаптан сон өңдеу өткен жылғы климаттық жағдайға қарай әртүрлі болады: жауған жаңбыр мол болып топырақ қабаты көп тығыздалса топырақты тереңірек қопсытуға тура келсе, құрғақшылық жылынан кейін сыдыра өңдеу, керек болса тікелей егуге де болады [37]. Осыған байланысты негізгі бағыт – ауылшаруашылық дақылдарын өндіруге шығатын энергетикалық шығынды азайту мәселесі, сосын ауыр техниканың топыраққа тигізетін кері әсерін кеміту, эрозиядан сақтап, топырақ құнарын сақталуын жетілдіру. Ауылшаруашылығының техникалық қарулануы өсу негізінде, топырақ құнарын қарқынды пайдалану механкалық өңдеудің саны мен тереңдігінің артуына әкеп соқтырды. Тек қана топырақтың потенциалды құнарлығын жүйелі пайдалана беру – ол міндетті түрде топырақ құнарының іргетасы болып табылатын қарашірік құрамының төмендеп, агрофизикалық қасиеттерінің нашарлауына әкеп соқтырады.

Топырақ құнарлылығын ұтымды пайдалану мақсатында топырақты қарқынды өңдеу нәтижесінде қарашірік құрамының төмендеп, оның құрылымының бұзылып, сондай-ақ топырақтың агрофизикалық қасиеттерінің және су өткізгіштік қабілетінің нашарлауы –топырақты аз өңдеу керектігіне назар аударуға алып келді.

Ғаламдағы бірнеше мемлекеттерде егістік танаптың топырағын аудармай егістікті тазаламай, топырақ бетінде өсімдіктерді қалдыра жыртуды үнемді өңдеуге жатқызады. Жер жыртуға қатысты кейбір қате түсінік салдарынан сыдыра жер жырту теориясының болмауынан, олардың түрлері мен пішіні, қолдану тәсілдері көп жағдайда негізсіз болып келді. Бұрынғы КСРО мен көптеген басқа елдерде де бұл жағдай топырақтың тозуына әкеп соқтырды.

Неміс ғалымы Г.Кант айтқандай, жерді қайыра жырту бұл топырақтың табиғи құрылысына тигізген ең ауыр араласу, оның тигізген кері әсерінің қанша уақытқа дейін болатыны белгісіз. Бұл кері әсерден қарашірік құрамы бұзылады, топырақтың тозуы, оның әртүрлі тозу факторларының әсерінен бүліну құбылыстары жүреді.

Осыған байланысты әлемнің барлық елдерінде кейінгі уакытта ауылшаруащылык өнімдерін өндірудің заманауи үнемді технологиясы кеңінен таралып, сонымен бірге өнімділік өсімі де, еңбек өнімділігі де бірнеше есе артып, алынған өнімге кететін шығын да азаюда.

Танапты қайыра жырту көптеген аймақтарда тұрақты су режимін құрып, топырақты бүлінуден сақтай алмады, сондықтан топырақты аудармай, сыдыра жырту, оның тереңдігі көбіне он-он екі сантиметр құрайтын қопсыта жырту идеясы мен теориясы пайда болды.

Өткен ғасырдың аяғында соқаны өндіріске енгізгенге дейін, топырақтың негізінен сыдыра жырту әдісімен өңдеп келген. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары жерді қопара аудару топырақ құнарын арттырмайды деп есептеген. Жерді қопара аударуды алмастыратын басқа тәсілдер тұрақты түрде іздестірілді.

Еліміздің алдыңғы қатарлы зерттеу институттарының мәліметтері бойынша кадммгі суртопырақтынн ылғал қорымен қамтылмаған тәлімі жерінде аса құрғақ жылдары арпа өсімдігін тікелей  еккенде, сыдыра қопсытқан нұсқаға қарағанда гектарына 1,4 центрге жоғарылап, алыннған өнім артқандығы анықталған. Топырақты өңдеу жүйесінде үнемді немесе нольдік технологияны қолдану ауыспалы егістікке кететін қуат көзін екі немесе бірнеше ретке кемітеді. Топыраққа механикалық сыртқы әсерді қысқарту немесе оны толық тоқтату мүмкіндіктерін анықтау бағытындағы зерттеулер Ресейде де жүргізілді. Саратов облысының сазды қызғылт қоңыр топырағында құрғақшылық жылдары күзде жеңіл сыдыра 10-12см-ге қопсытады немесе мүлде тиіспей қысқа қалдыруды ұсынады. Бірақ егістік жүйесін ауыспалы 10 танаптықта 2 реттен артық өңдеуді қысқарту қажет емес, бірақ тпырақ қабатын қопсыту жұмыстарын қысқарту міндетті түрде гербицидтерді қолданумен толықтырылуы керектігін мәлімдейді және топырақты үнемді өңдеу өте тиімді болады.

Нольдік технология көпшілік қабылдауындағы түсінік бойынша төмендегідей негізгі іс-қимылдардан құралады:

а) арамшөптерге қарсы өңдеу;

б) тікелей егу + үстеп қоректендіру;

в) өнім жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын майдалап шашып қалдыру.

Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей тікелей егу жүйесі мен нольдік технологияларды қолданғанда мынандай нәтиже байқалды:

- ауа райының құрғақ және жаңбыр аз жауатын аудандарда топырақ қабатын механикалық жолмен өңдеу ылғалдың буланып топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан сақтайды:

- жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су тез шайылып ағып кететіндіктен сақтайды;

- топырағының құрылымы нашар аймақтарда механикалық өңдеу кезінде климаттың құрғақшылығында тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндігінен;

- дала жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа-райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымдылығы.

Қазақстанның тәлімі егіншілік жерлерінде әртүрлі экологиялық эрозиялар әсеріне ұшыраған аймақтарында нольдік технологияның атқаратын рөлінің болашағы зор.

Нольдік технология мен тікелей егу жүйесінің шағын агроқұрылымдарға (фермерлерге) беретін негізгі артықшылықтары:

- топырақ эрозиясы төмендейді және бүлінуі тоқтайды;

- өнімнің өзіндік құны азаяды;

- дақылдың еккеннен өнім жинарға дейінгі ара қашықтығы барынша кемиді, яғни алынған өнім екі еселеніп, бұл процесс бір танапта жүргізілуі үшін маңызды;

- жерді пайдалану тиімділігі артады;

- өсімдіктердің су мен ылғалды пайдалануы жақсарады;

- топырақ қабатының хитмиялық-физикалык және биологиалык сипаттары жақсара отырып, топырақ құнары қалпына келеді, соның нәтижесінде өсімдіктің өнімділігі жоғарылайды;

- аймақта экологиялық жағдай жақсарады.

Бұл тәсілдің артықшылығы ретінде дәстүрлі өңдеуге (аудара жырту) қарағанда, оның экономикалық тұрғыдан тиімділігі, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтижесінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтауы және оның құнарлығын арттыруы, топыраққа ылғал қорын тиімді жинауы және сақтауы тәрізді ұтымды жақтарына база назар аударуға болады.

 

1.3 Жасыл өсімдіктен сүрленген азықтан пішен дайындау

 

Пішеннің қоректілігі өсімдіктің химиялыққұрамына байланысты. Өсімдіктің қүрғақ заты минералдық заттардан және органикалық заттың негізгі үш тобынан: белоктардан, майдан, май тәрізді заттар мен углеводтардан құралатыны мәлім. Осы негізгі топтардан басқа, өсімдікте мал организміне елеулі физиологиялық әсер ететін аздаған қосылыстар болады. Бұл қосылыстарға: каротин (А провитамині), В комплексіндегі витаминдері (В1, В2, т.б.), Д, Е, К тобындағы витаминдер, С витамині жатады. Белгілі-бір химиялық реакцияның өтуін жеделдететін және зат алмасуда айрықша роль атқаратын (ферменттер, яғни энзимдер) биологиялық катализаторлар дербес топ түзеді.

Азоттық заттар. Азоттық қосылыстар шөп тектес өсімдіктердің 7-26 пайызын құрайды. Белоктардан басқа, пішенде жай азоттық қосылыстар - аминді қыщқылдар мен оның туындылары - амидтер бар. Азоттық қосылыстардың ішінен неғұрлым құндысы - тірі клетканың негізі - белоктар.

Азоттық заттардың жалпы мөлшері есебінен алғанда ору кезіндегі шөпте белок 60-90 пайызға жетеді. Белоктық азоттың көпмөлщері бұршақ тұқымдастарда болады (шикі протеиннің жалпы мөлшері есебінен 70-95%), бұл көрсеткіш шаршы гүлді өсімдіктерде - 62-65%, сра тұқымдастарда - 70 пайызға дейін, өлең шөптерде - 82-90%), астық тұқымдастарда - 80-84%.

Өсімдіктегі шикі протеин мен белоктың мөлшері вегетация кезеңіне қарай өзгереді. Шөп толық гүлдеуінен жеміс сала бастау шағына ауысқанда шикі протеиннің, соның ішінде белоктың да мөлшері азаяды. Белоктың негізгі құрамды бөліктері - амин қышқылдары, олардың ішіндегі ең маңыздызы алмастырылмайтын амин қышқылдары – лизин,метионин, т.б. Фенологиялық кезеңдер бойынша шикі протеин мен белок мөлшерінің өзгеруі кейбір аминқышқылдары мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Азотсыз заттардың ішінен неғұрлым қажеттісі - углеводтар мен майлар. Өсімдікте олар құрғақ заттың негізгі бөлігін (80-90%) құрайды.

Углеводтарға қант, крахмал, клетчатка, гемицеллюлоза, пентозандар жатады. 2-17 проценті жеңіл еритін моносахаридтер мен дисахаридтердің үлесіне, 0,7-4 проценті крахмалдың үлесіне тиеді. Басқа полисахаридтерден әсіресе клетчаткалар көп (1-ші кесте).

 

1-ші кесте – Өсу кезеңдеріне байланысты мал азығы түрлерінің құрамы

 

Дақылдар

Вегетация кезеңі

Моносахаридтер мен дисахаридтер

Крахмал

Гемицеллюлоза

Пектин заттары

Пентозан

Клетчатка

Судан шөбі

Масақтану

12,57

2,33

22,58

1,66

18,15

31,40

Қылтықсыз арпабас

16,50

1,70

20,13

0,30

20,80

30,64

Қызылбас жоңышқа

Шанақтану

9,37

1,46

5,68

6,84

11,79

21,15

Гибридтік беде

8,80

2,69

7,42

5,92

12,78

27,89

 

Қоректік құндылығы жағынан углеводтарды былайша орналастыруға (үдемелі күйде) болады: клетчатка, крахмал, қант, гемиселлюлоза, пентоза, т.б. Жас өсімдікте клетчатканың дені целлюлозадан түрады, тамыр жайғанына бірнеше жыл болған өсімдікте клеткалардың қабырғалары қатаяды және клетчатканың мөлшері көбейеді, оның сіңімділігі және пішеннің сапасы төмендиді.

Май- ең калориялы органикалық қосылыс, 1г май -9,5ккал жылу береді. Пішенде майдың көпмөлщері шамамен 2-2,5%, күрделі тұқымдастар өсімдігінен дайындалған пішенде олар 5,4 процентке жетеді. Өсімдіктің жетілу кезендері бойынша май мөлшерінің ауытқуы онша көп байқалмайды. Май әсіресе өсімдік дәндерінде көп болады.

Пішеннің  минералдық,   яғни  күл  заттары   кальцийден,   фосфордан, калийден, хлордан, темірден, күкірттен және басқа химиялық элементтерден тұрады. Минералдық заттар малдың калыпты тіршілігіне, әсіресе оның тканьдерінің, өсіп жетілуі үшін қажет. Мал төлінде минералдық заттардың жетімсіздігі оның жалпы күйін нашарлатып, көбінесе ауруға шалдықтыруы ықтимал.

Минералдық заттар бұршақ тұқымдас өсімдіктердің пішенінде көбірек, астық түқымдас өсімдіктердің пішенінде азырақ болады. Батпақ жерде өсетін өлең шөпте фосфор мен кальций жоқ деуге болады. Пішендегі минералды зат молшері шөптің қандай кезеңінде орылуына байланысты.

Әдетте астық және бұршақ тукымдастардын жапырақтарында (сабақтарындағымен салыстырғанда) минералдық заттар екіжарым есеге артық келеді. Өсімдік өсіп - жетілген сайын күлдің мөлшері де азая түседі. Астық тұқымдас өсімдіктердің және түрлі шөптің өсіп- жетілуінің соңғы кезеңдерінде оның мөлшері мүлде азаяды. Сонымен қабат өсімдіктегі күлдің мөлшері ору мерзімінде, ауа райының жағдайына, учаскесінің орналасуына, енгізілетін тыңайтқыштарға қатысты.

Өсімдік пен жемшөпте витаминдер түрлі мөлшерде кездеседі. Өсімдіктің әр түрлі бөліктерінде каротин мөлшерлерінің едәуір ауытқитыны байқалады. Мысалы, өсімдік сабақтарына қарағанда жапырақтарда ол 10-12 есе артық. Беде сабақтарының 1кг құрғакзатында 69 мг, ал жапырақтарында -611, қызылбас жоңышқада тиісінше 25 және 525 мг каротин бар.

Каротин мөлшері -пішен сапасының елеулі көрсеткіші. Пішенде каротиннің мынадай мөлшері қалыпты деп есептеледі: беде пішенінде оның 1 килограмына 45 мг, астыкты тұқымдастар пішенінде- 30, жоңышқанікінде - 25, шалғын пішенінде- 15, сай - сала пішенінде- 10 және батпақты жер пішенінде- 7 мг. Провитамин А- каротин пішенінде неғұрлым көп болады. Дәндегімен салыстырғанда пішенде ол 30 есе артық.

Пішеннің химқурамы накты бір мәнде болмайды, оның қоректілік құндылығы мен желінгіштігіне көптеген факторлар: топырақтык-климаттык, пішенге арнап орылған шөптің ботаникалық құрамы, ору кезеңі, қолданылатын агротехникалық тәсілдер мен пішен даярлау технологиясы, әсерін тидіреді.

Солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай ойысқанда, ботаникалық құрамы бірдей келетін пішенде қүрғақ заттың, протеиннің, минералдыкзат молшері жоғарылай түседі. Өнімді арттырудың, пішеннің ботаникалық және химиялық құрамын жақсартудың, қоректік заттардың қорытылуын күшитудің елеулі факторы минералдық және оргзаттар.

Ботаникалық құрамы мен өсуінеп қарай пішен 4 түрге бөлінеді: бұршақ тұқымдастардың пішені (екпе), астық тұқымдастардың пішені (екпе), бұршақ +астық түқымдастардың пішені (екпе) және табиғи шабындық жерлердің пішені.

 

2-ші кесте – Шөп жинау мерзімінің қоректік заттар мөлшеріне (құрғақ затқа   % есебімен) және пішеннің сіңімділігіне (% есебімен) тигізетін әсері

 

Шөп түрлері және вегетация кезеңі

Протеин

Белок

Клетчатка

АЭЗ

Көп жылдық астық тұқымдастар

Түптенуі, түтіктенуі

13,0

74,8

11,7

74,3

23,1

80,7

52,5

87,6

Масақтануы, гүлдене бастауы

10,3

68,1

8,1

59,7

34,3

70,3

43,6

72,1

Гүлденуі

9,3

60,0

8,1

60,7

37,7

63,1

46,0

69,4

Гүлденгеннен кейін

6,6

46,9

6,6

46,5

34,4

55,2

50,5

65,2

Беде

Шанақтанар алдында

19,3

81,3

16,4

84,9

20,1

42,4

47,5

79,4

Гүлденуі

13,0

73,0

10,0

69,8

27,6

33,6

47,3

73,7

Ескерту. Үстіңгі цифр - қорекзаттар мөлшері; астыңғысы -сіңімділік.

 

Шөпті толық сабақтану - шанақтану - гүлдене бастау кезеңінде шапқанда, шалғындық аумағының бір өлшемінен протеин неғұрлым көп жиналады. Өсімдіктің толық гүлдену кезеңінде протеиннің жетіспеуі 15-17 процентке жуық, мүнда клетчатканың мөлшері 25-40% көбейеді.

Өсімдіктің химиалык құрамынын өзгерісі мен протеин, басқа да заттар мөлшерінің азаюы, клетчатканың көбеюі өсімдіктің ескіруіне, сондай-ақ өсіп-жетілу кезеңдері бойынша өсімдіктің түрлі органдарының арақатынасының өзгеруіне де байланысты (4-кесте).

Алғашқы орымның шөбін дер кезінде шауып алу екпе шалғындардың шөбін екі рет, одан да көп шауып алуды, ал табиғи шалғындардың көптеген типтерінен —екінші рет құнды орымалуды қамтиды. Шөпті ерте жинағанда, оның пішені нәзік, жүмсақ болады, сондықтан да мал сүйсініп жейді және бұл жұмыстарды қысқа мерзімде, егін жинау басталғанга дейін аяқтауга мүмкіндік береді.

Шөптерді шашақтану кезеңінде, астық тұқымдас шөптерді масақтану кезеңінде пішенге арнап жинай бастау және алғашқы орымды 5-7күн ішінде, бірақ гүлдене бастаудан қалдырмай, яғни жалпы өсіп түрған шөп ішіндегі неғүрлым басым келетін өсімдіктің әрі кеткенде онан бір бөлігі гүлдеген кезде аяқтау ғылыми түрғыдан дәлелденген және шаруашылық түрғыдан алғанда тиімді. Осы ережені басшылыққа ала отырып, шалғындардың жеке типтерінің ерекшеліктерін - олардың ботаникалық құрамын, өнімнің қандай мақсатқа пайдаланылатынын, арам шөп басу дәрежесін, т.б. ескеру қажет.

 

3-ші кесте - Вегетация кезеңдері бойынша кейбір шөптердің химиялық құрамы (абсолюттік қүрғақ заттан % есебімен)

 

Дақылдар

Вегетация кезеңі

Протеин

Шикі май

Күл

Шикі клетчатка

Азотсыз

экстрактивті

заттар

каротин (1 гектарға мг есебімен)

Қызылбас жоңышқа

Вегетация

21,6

3,4

7,7

20,5

46,5

314

Шанақтану

19,9

2,9

6,2

24,1

44,9

228

Гүлдене бастауы

18,5

3,1

5,9

26,5

43,7

175

Толық гүлденуі

17,8

2,6

7,3

25,3

45,9

160

Екпелі беде

Вегетация

22,4

3,1

10,4

21,7

42,4

236

Шанақтану

19,9

2,5

11,3

25,4

41,2

206

Гүлдене бастауы

16,8

2,4

10,6

29,1

41,1

170

Толық гүлденүі

16,2

2,2

8,4

31,4

41,9

127

Шалғындық атқонақ

Вегетация

15,5

3,4

6,9

19,1

55,1

190

Шанақтану

13,9

2,9

6,4

29,6

54,2

155

Гүлдене бастауы

9,3

2,7

6,1

26,5

54,4

93

Толық гүлденуі

8,1

2,2

5,9

28,7

52,2

82

 

Шалғындарды дұрыс пайдалану және олардан неғұрлым молөнім алуда бетегелі және бетегелі-жусанды шалғындарда табиғи не екпешөптерді орудың үлгі биіктігі жерден 3-4 см; беткі жағы тегіс және шөбі шүйгін әрі аласа шалғындарда 4-5 см болуға тиіс.

 

4-ші кесте - Өсіп жетілуінің түрлі кезеңінде кейбір шөптер жапырақтарының салмағы (жалпы салмағынан % есебімен)

 

Өсімдік

Шанақтануы, сабақтануы

Гүлденуі

Жеміс сала бастауы

Беде (суармалы жерде)

50-60

45-55

40-35

Қызылбас жоңышқа

45-50

35-45

25-35

Қылтықсыз арпабас

40-50

35-45

30-40

Шалғындық атқонақ

38-45

30-40

15-20

Шалғындық субетеге

45-55

35-45

30-40

Шалғындық түлкіқұйрық

40-45

35-40

30-40

Жима тарғақ

40-45

35-40

30-40

 

Табиғи шалғындарда, сондай-ақ көп жылдық екпе шөптерді мынадай биіктікте орады: қара топырақсыз аймақта - 5-6 см, далалық аймақта- 3-4см (өткен жылы орылмаған учаскелерде, сондай-ақ шөп сирек өсетін аймақта 4-8см); ылғалды аймақтың шөптерін екінші рет орғанда 6-7 см; сиыржоңышқа-сұлы қоспасы - 4-6см; көп жылдық екпе шөптерді тіршілігінің алғашқы жылында - 9-11см; түқымға арналған көп жылдық шөптер - 8-9 см, ақбас түйежоңышқа - 12 см; биік және жуан сабақты өсімдіктер- 9-14см болады.

Пішен дайындау технологиясы. Еңбек пен қаражатты аз жұмсай отырып, сапалылығы жоғары пішенді алу және оны қысқа мерзімде жинау үшін бірқатар ұйымдастыру шараларын іске асыру   қажет.   Ең   алдымен   жемшөп   дайындау   жөніндегі   жоспарлау жұмыстарының негізіне тиімді технологияны және шаруашылықтың нақтылы жағдайларын ескере отырып, оны орындау үшін механикаландыру әдістерін таңдап алу жатады.

Шөптің өсіп шығуына дейін тиісті жұмыстар (ескі маялардың қалдықтарын жинап алады, терең бороздаларды тегістейді т.б.) атқарылады.

Шөпті шаппастан бүрын танаптарға сипаттама беріледі (шөптің өсіп-жетілу күйі, өнім шамасы, танаптар пішіні т.б.), осының негізінде агрегаттардың бір танаптан екінші танапқа ауысуының жоспар-маршруты жасалады. Дер кезінде, сапалы дайындалудың және жемшөп дайындау жұмысында техниканы дұрыс пайдаланудың айрықша мәні бар. Техниканың мейлінше тиімді пайдаланылуына, әр машина мен агрегаттың сменалық жұмыс нормаларының орындалуын және асыра орындалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуы керек. Жөндеу жұмыстарын дер кезінде атқару және дала жағдайында шөп жинау машиналарының ақаулығын жою үшін, запас бөлшектермен қамтамасыз ете отырып, көшпелі жөндеу машиналар бірде-бір сағат қарап тұрмауы керек, өйткені бүл жем-шөптің толық жинап алынбауына және оның сапасының нашарлауына әкеліп соқтырады. Пішен дайындаған кезде агрегаттар жұмысын топтық тәсілмен үйымдастырған тиімді, мұнда техникалық жағынан қамту жағдайы (техникалық күтім, кішігірім жөндеу жұмыстары, реттеу т.б.) жақсарады, транспортты пайдалану тиімділігі, сондай-ақ механизаторлардың жұмыс өнімділігі артады, жемшөп ысырабы азаяды.

Озат шаруашылықтардың тәжірибелеріне қарағанда, жемшөп дайындауда еңбек ұйымдастырудың неғұрлым қолайлы түрі жемшөп өндіру жөніндегі бригадалар немесе звенолар болып табылады. Бригадалардағы (звенолардағы) адамдар саны өндіріс құрал-жабдықтарды неғұрлым қолайлы агротехникалық мерзімдерде атқаруды қамтамасыз ететіндей болуы керек. Бригадаларды немесе звеноларды ұйымдастырған кезде елеулі шарт -нақтылы шаруашылықтың жағдайына сай олардағы адам санын белгілеу.

Шаруашылықтарда шабындықтар типі әр түрлі болса, олардың шөбін былайша кезектестіріп орған жөн. Орманды аймақта сай-салалардан, шағын өзендер алқаптарынан, орташа және ірі өзендер алқаптарының қыраттау жерлерінен, кейбір ойпаң шалғындардан ең алдымен ерте гүлдейтін және тез қатаятын өсімдіктер түрлерін - шалғындық түлкіқұйрықты, айрауықтар, қызыл және қой субетегелері, шалғындық көде, өлең шөптерді, т.б. шабады; екінші кезекте -өзен алқаптарынан, басқа да ойпаң шалғындардан, орман арасындағы шабындықтардан субидайықтарды, ірі өлең шөптерді, түрлі шөп-астық тұқымдастарды, сондай-ақ көп жылдық екпе шөптерді шабады; үшінші кезекте - ылғалы мол учаскелердегі өзге шалғындық шабындықтарды, біржылдык шөптерді шабады.

Шөлейтті және шөлді аймактарда ең алдымен баданалы көде, шөлдік өлең, бір жылдық арпабас, арпа және басқалар аралас өсетін раң тәріздестерді, раң тәріздес-жусан шөптерді шабады; екінші кезекте -неғұрлым қырат жерлердегі өзен алқаптарының шалғындары мен көлтабандардың шөптерін (ақмамық, ақмамық-жусан), еркек шөп, қияқ және басқа көпжылдық екпе шөптерді шабады; үшінші кезекте - көлтабандар мен өзен алқаптарынан бидайықты, қияқты, сондай-ақ жантақты, жусанды шабады.

Танаптың шөбін ору және кептіру. Табиғи не екпешөптерді ору үшін КТП-6 үш брусты тіркемелі шөп машиналар, КДП-4,0 екі брусты жартылай аспалы, КС-2,1, КСП-2ДА аспалы және басқа шөп машиналары пайдаланылады.

Мол өнімді жатаған шөптерді ору үшін КРН-2,1 ротациялы шөп машиналары пайдаланылады, оларды «Беларусь» типті, Т-40 тракторларына тіркейді. Шөп машинасы төрт дискіден түрады, бұларға топсалы күйде екі-екіден кескіш пластиналар бекітілген. Жұмыс органдары трактордын қуат білігінен жүргізіледі, ал кескіш аппарат гидросистеманың көмегімен көтеріледі. Алым ені 2,1, өнімділігі (бір сағат ішінде) 3,1 га. Шөпті орып болғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек кептірген жөн. Ору мен шөпті пішенге арнап жинау операцияларының арасын алшақтау етіп, ысырап болуына және каротиннің ыдырауына әкеліп соқтырады.

Өсімдік жапырақтары мен сабақтары біркелкі кеппейтіні мәлім. Жапырақтар кепкеннен кейін де сабақтар ылғал күйінде қалады. Сабақтардың ылғалдылығы тиісті дәрежеге дейін төмендеген кезде жапырақтар тым кеуіп кетеді, үзілгіш келеді, мұның өзі қоректік заттардың едәуір мөлшерде жоғалуына әкеліп соқтырады.

Дакылдалдарды  жаныштаған кезде кебуі едәуір жеделдейді, әрі біркелкі өтеді. Оның үшін десте салатын КПВ-3,0 (өз елімізде шығарылады) және Е-301 (ГДР) білікті орғыш-жаныштағыш машиналар пайдаланылады, олар бір дүркін өткенде шөпті шабады, жаныштайды және шабылған шөпті қопсыңқы дестеге салады. Бүл жағдайда шөпті жинап алғаннан кейін қалдығын жинастырудың қажеті жоқ, шөп шамадан тыс кеуіп те кетпейді, мүның ауа райы әрі ыстық әрі қуаң келетін аудандар үшін айрықша мәні бар.

Көптеген жағдайларда шөптің неғұрлым бірдей кебуің қамтитын тиімді тәсіл - аударыстыру. Шөпті аударыстырмаса, астыңғы жағы кепкен кезде, үстіңгі жағы тым құрғап кетеді. Пішен осалданып, сынғыш келеді, түсі сарғыш тартады. Ауа райы қоңыр салқын келетін аудандарда, орған кезде шөп қабаты біркелкі түспейтін мол өнімді учаскелерде аударыстырудың айрықша мәні бар. Аударыстырғанда шөп қопсып, оның ауаны өткізуі жақсарады, ол бірқалыпты әрі тез кебеді. Алғаш рет орумен бір мезетте немесе ора салысымен, одан кейін - орғындардағы шөптің үстіңгі қабатының кебуіне қарай аударыстырылады.

Климаты ыстық аймақтарда шөпті кептірудің технологиялық процесі күн көзінің жаксы әсерінен қорғайтындай тәсілдерді көздеуі керек. Бүл аймақтардың өнімі аз учаскелерінде шөпті шабумен бір мезетте дестелерге салып отыру қажет. Ылғалдылығы 30 процентке дейін және бұдан да төмен кептірілген шөп дестелерін, ал ылғалдылығы 40 проценттен төмен келетін жанышталған бұршақ түқымдас-астық түқымдас шөпті аударыстырған жөн.

Орғындардағы шөпті қопсытып, оны дестелерге жию, дестелерді аударыстыру жұмысы ГВК-6,0 дөңгелекті-саусақты тырнауыштармен немесе Е-247/249 (ГДР) тырнауыш-аударыстырғыштармен атқарылады. Осы машиналармен қабат шөп жинаған кезде ГПП-6, ГТП-6 көлденең трактор тырнауыштарын пайдалануға болады; аумақты учаскелерде тракторға тіркелетін ГП-14 кең алымды көлденең тырнауыштар қолданылады. Пішен дайындаудың таңдап алынған технологиясына байланысты (сусымалы, престелген т.б.) дестелердегі шөп белгілі бір ылғалдылыққа дейін кептіріледі.

Ұсақталған пішен дайындау. Мұндай әдіс шөп жинау жұмысының барлық процестерін толық механикаландыруға, неғұрлым сапалылыгы жогары пішендік алу, еңбек шығынын азайтуға және шөп жинау жұмысының құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Шөпті танапта ұсақталмаған сусымалы пішен дайындағандағы сияқты, сондай технология бойынша және сондай машиналармен өңдейді. Айырмашылығы мынада ғана: шөпті дестелерден ылғалдылығы 35-45 процентке жеткен кезде жиыстырып, ұсақтайды да, транспортқа тиейді. Шөптің ылғалдылығы 35 проценттен төмен болса, ұсақтау тиімді емес, өйткені ысырап көбейеді, кейбір жағдайда ол 10-12пайызга жетеді.

Ұсақталған пішенді танаптан сүрлем салатын жерге тасу үшін қолда бар жемшөп үлестіргішлер және қоршау сеткасымен жабдықталған трактор тіркемелері қолданылады. Ұсақталған пішенді өздігінен түсіретін арбамен тасығанда, оны қойма жанындағы алаңға түсіреді, одан кейін грейферлі немесе қайта жабдықталған күделеуішпен түрақты орнатылған жемшөп үлестіргішке салады, ол ұсақталған пішенді қоймаға салатын пневматикалық транспортерге үздіксіз және бірқалыпты беріп түрады.

Ұсақталган пішенді мал фермалары үйлерінің төбелерінде, сарайларда сақтайды. Ұсақталған пішенді мұнара типті қоймаларда сақтаған неғұрлым тиімді келеді. Ауаның емін-еркін өтуі үшін мұнараның сыртқы бетін айналсоқ тәрізді етіп тақтайлармен қаптайды. Мұнараның ортасынан арнайы білікке темірден   жасалған   іші   қуыс   қалтқы   орнатады,   ол   қойманы   пішенмен толтырған сайын тік ауа бөлпш канал жасаи отырып, жоғары қарай көтеріледі.

Пішенді (малға бергенде) пішен түсіргішпен түсіреді, оны қалтқының орнына орнатады. Пішен түсіргіштің жұмыс органдары пішенді тік каналға беріп түрады, сол канал бойымен ол оттықтарға бағыттайтын транспортерге түседі.

Престелген пішенді дайындау. Сусымалы пішенге қарағанда престелген пішеннің бірқатар артықшылығы бар. Престелген пішен дайындағанда ысырап азаяды, өйткені жапырақтар түсуі мүмкін, бірқатар операциялар орындалмайды. Сусымалы пішенмен салыстырғанда, теңдегі пішеннің көлемі бірнеше есе кем болатындақтан, оны жақсы сақтауға толық мүмкіндік бар. Әсіресе өте қашық жерге тасығанда транспорттың жүк көтергіштігін неғұрлым толық пайдалану нәтижесінде, теңге салынған пішенді сақталатын жерге тасу шығыны едәуір азаяды. Теңге салынған пішенді пайдаланғанда, қызмет істеушілер еңбегінің санитарлық жағдайы жақсарады.

Шаруашылықтағы престер санына қарай, шөп шабудың күндік нормасын белгілеп, жинау мерзімін (шөп шабудан бастап теңдерді танаптан алып кетуге дейін) екі күннен аспайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру керек. Өздігінен қызып, көгеріп кетпеуі үшін шөптің белгілі бір қалыпты ылғалдылығы болуы керек. Танаптағы шабылған шөптің кебуін жеделдету үшін, жоғарыда айтылғандай, жарыштап, қопсытады.

Теңге салынып, престелетін шөптің ылғалдылығы 20-22% болуы керек. Егер теңге салынған пішенді қосымша екпіндете желдету жоспарланса, онда пішенді 100-130 кг/м3 нығыздықпен, ылғалдылығын 30-35 процентке жеткізіп престейді.

Престеген кезде пішеннің орташа ылғалдылығы орта өңір үшін 24 проценттен, ал оңтүстік өңір үшін 27-30 проценттен аспауы керек, ең аз дегендегі ылғалдылық 15 проценттен төмен болмауға тиіс. Өздігінен қызып, көгермеуі үшін пішеннің ылғалдылығы бірқалыпты болғаны жөн.

Пішенді дестелерден жиыстыру және престеп теңдерге автоматтық күйде екі жерінен сыммен немесе берік кендірмен орау жұмысы ПСБ-1,6 немесе ПС-1,6 «Киргизстан» пресс-жинағыштармен жүргізіледі. Теңдердің пішіні тік бұрышты, көлемі 100 х 50 х 36 см.

Малазығын брикеттеу. Біздің елімізде және шет елдерде брикеттелген жемшөп дайындау ісіне айрықша назар аударылады. Жемшөптің бүл түрінің: қоректік заттардың мол болуы, тиегенде, сақтағанда және үлестіргенде еңбек шығынын қысқарту, малға бергенде ысырапты азайту, транспортты толық пайдалану сияқты едәуір ерекшеліктері бар. Брикеттелген жемшөп дайындағанда бүкіл технологиялық процестерді түгелдей механикаландыруға мүмкіндік бар.

Жабдық комплектісі толтырғыш-мөлшерлеуіштен, тасымалдағыш транспортерден, престелетін шөпке су беріп тұру жүйесінен, брикеттейтін престен, түсіру транспортерінен және басқару пультінен тұрады.

Жемшөптік   және   өсімдік   массасынан   брикеттер   жасайтын   пресс престеу тетігінен және брикеттерді ығыстырып тұратын транспортерден құралады. Престеу тетігі электр двигателінен муфта арқылы іске қосылады.

 Престеу  тетігінің жұмыс органы жылжымайтын көлденең матрица және айналып престеп тұратын екі білікше болып табылады. Брикеттердің престеу нығыздығы гидравликалық механизммен реттеледі.

Жемшөпті брикеттеудің технологиялық процесі былай өтеді. 12-17% ылғалдылыққа дейін кептірілген шөп кесіндісі кептіру агрегатынан толтырғыш-мөлшерлеуішке беріледі, бұл жерде ол бірсыдырғы теңестіріледі, одан кейін беріп тұратын транспортерге түседі. Ылғалдылығы төмен болса, престелетін шөп кесіндісін беріп тұратын транспортерге орнатылған бүріккіш форсункалар арқылы сумен ылғалдандырады. Престейтін камераға түскен масса айналып түратын білікшелер мен жылжымайтын матрицаның арасына тартылады және пресс-камераларда жаншылады. Осы пресс-камералардан шығарда престелген масса жеке брикеттерге бөлінгеннен кейін шығару транспортеріне келеді, одан соң түсіру транспортерімен машина қорабына беріледі.

Шөлді- шөлейтті аимактарда пішен дайындаудың ерекшеліктері. Қысқа дайындайтын негізгі жайылым өсімдіктері шөлдік жусан, жантақ, шоқайна және басқа ірі сабақты өсімдіктер болып табылады.

Бүл өсімдіктерді дайындау мерзімдері көбінесе екі факторға: жемшөп қорына, қорекзат мөлшеріне байланысты. Жусанның ең көп жемшөп қоры майда - августа, тамырында тұрғанда ылғалдылығы - мартта - майда, жантақ соған сәйкес августа - октябрьде және мартта - майда. Шоқайнаның ең көп ылғалдылығы мартта - апрельде, ондағы каротин - апрельде болады.

Шөл аймақта орылып, шөмелелерге салынған өсімдіктің көлемдік салмағы төмен (16-25 кг/м3), сондықтан ол әсіресе жемшөп дайындаған кезде күшті де ұйтқымалы келетін желмен оңай ұшып кетуі мүмкін, жылжымалы келетін құм мен үнемі соғып түратын желдің әсерінен өсімдік сабақтарын шаң мен ұсақ құм басады (өсімдік салмағының 3 процентіне дейін). Сондықтан әдеттегі сегмент-саусақ типті кескіш аппараттар өсімдікті орған кезде істен тез шығып қалады.

Тырнауыштардан пайда болған дестені жел ұшырып кетпеуі үшін ұзындығы 1 м жердегі шөптің салмағы кемінде 5 кг болуға тиіс. Жемшөп дайындау үшін тиісті технология белгіленген және пішен дайындаған кезде операцияларды қатарынан атқаруға болатындай машиналар комплексі жасалған: 1 - ірі сабақты өсімдікті шауып, шөптің машина бункерінде жинақталуы; 2 - жинақталған шөпті шөмелелер күйінді түсіріп тастау; 3- шөмелелерді ұсақтап бір мезетте транспортқа тиеу; 4 - сақталатын орынға тасымалдау; 5 - сақтау үшін орналастыру.

Ірі сабақты өсімдікті ору үшін КПП-2,0 тіркемелі бөлектеп түсіретін шөп машиналары қолданылады, олардың ротор типті кескіш аппаратының алым ені 2 м, өнімділігі - 1 сағат жұмыс істегенде 1,6 га. Сиымдылығы 3,5 м бункерде шабылған шөп бөліктері жинақталады және нығыздалған, желге төзімді шөмелелер күйінде ауыз-ауық түсіріліп отырады. Кесу биіктігін реттеу және жинақталғап  шөпті бункерден танапқа түсіріп тастау операциясы трактордың гидравликалық жүйесі арқылы орындалады.

Шөпті жиыстыру, ұсақтау және транспортқа тиеу үшін ДИП-2 жылжымалы жемшоп ұсақтағыш пайдаланылады, оның ені 1,7м, тиеу биіктігі - 2,1 м, өнімділігі - сағатына 1,4 т. Мұндай шөпті тасымалдау үшін трактор тіркемелері мен автомашиналар пайдаланылады. Бұл мақсатқа ең қолайлысы - 2-ПТС-4-793 өздігінен түсіретін тіркеме.

Пішенді мал қораларының маңынан арнайы бөлінген алаңдарда -пішен қораларда, пішен сарайларда маялайды. Алаң асфальттанған, бетонданған немесе оған кірпіш төселген болуы керек. Шаруашылықта арнайы пішен түсіретін жер болмаса, маяларды дөңес, су қаптап кетпейтіндей, топырақ үйілген алаңдарда орналастырады, бұған жылдың кез келген кезеңінде қатынауға болатын кіріс жолы болуы керек. Маялардың астына биіктігі: қурайдан - 25 см, сабаннан - 35, шлак пен сабаннан - 25 (оның ішінде шлак 10 және сабан 15), тас пен сабаннан - 25 (оның ішінде шлак 10 және сабан 15), тас пен сабаннан - 25 см (оның ішінде тас 15 және сабан 10) етіп төсемдер салады.

Престелген пішен штабельдерінің астына бөренелерден, сырықтардан төсемдер салады. Бұларды айқастырып екі қатар етіп орналастырады, мұнда төменгі қатарды неғұрлым жуан бөренелерден аралығын 80-100 см қашықтықта, үстіңгі қатарды жіңішке бөренелерден 30-40 см қашықтықта салады. Сусымалы пішен маясының астына салатын төсем жасау үшін жуандығы 10-20 см сырықтан 3,5 м3, престелген пішен штабелінің астына салатын сырықтан 5 м3 керек.

Маялар бүйір жағымен устем жел бағытына тік бұрыш жасай отырып орналастырылуға тиіс. Дұрыс маялау пішенді сақтауға неғүрлым онтайлы әсер етіп, пішеннің өзі алғашқы кездегі сапалылыгын ұзақ мерзімге сактайды. Маяның ең жақсы түрі - төбесін тік шатыр тәрізді етіп шығару, көденікі - дөңгелек және төрт бұрышты; олардан жауын-шашын суы төмен қарай тез ағады және үстіңгі жағы да жөнді суланбайды. Маялар мен көделердің табаны енсіз, ол жоғары қарай бірте-бірте ұлғая түседі және  маяның шамамен 2/3 биіктігінде неғүрлым енді болады, одан кейін бірден төбесіне  қарай  60°  бұрыш  жасай  отырып   сүйірленеді. Мая  мен  көдені осындай пішенмен үйгенде, жаңбыр суы бүкіл пішенді бойламай, жалпақ бөлігінен ғана жерге ағады.

Пішен өте дымқыл тартқыш және ылғалды тез сіңіреді. Сондықтан жауын-шашын көп түсетін аудандарда маялау жүмысын шық кепкен соң, түс кезінде, дымқылдандырмау үшін күн батқанға дейін, ал оңтүстік аудандарда таңертең және кешкілік, күн батқаннан кейін, жапырақтарының және басқа нәзік бөліктерінің сыну үзіліп түсу хаупі жоқ кезде атқару керек.

Пішенді маялаған кезде сыртқы жақтарынан бастайды да, бірте-бірте орта шеніне ойысады. Төсемнің ең астына құндылығы шамалы пішенді - ірі, жуан сабақты, мал жөнді жемейтін, өсімдік араласқан, түсін бұзған т.б. бірақ дымқылданбаған және көгермеген пішенді салады. Пішенді маяның бүкіл өн бойына немесе көденің бүкіл шеңберіне бірқалыпты етіп тегістеп салады, мұнда жан-жағына салынған пішеннің қалыңдығы кемінде  жарты метр, орта шенінде - 1 метрге дейін болуы керек. Әр дүркін беріліп тұрған пішен, оның алдында салынған пішенді бастыра, өзара кіріге орналастырылуы қажет. Маялаушы маяның бүкіл аумағы бастамадан төбесін шығарғанға дейін бірдей нығыздап салынуын қадағалайды, мұнда ортасы шеттерінен көтеріңкі болуы керек.

 

1.4  Мал азықтарынан дайындалатын шөптің ұны мен шөп турандысының сипаты

 

Шөп ұны - қолдан кептірілген шөптен алынған қүнды жемшөп. Жоғары температуралы кептіргіш агрегаттарда шөпті қолдан кептіру оның жемшөптік қасиетін түгелдей дерлік сақталуына жағдай тудырады. Жас, жақсы жапырақтанған шөптерден даярланған ұн қоректілігі жағынан көптеген дәнді жем азықтардан кем түспейді. 1 кг шөп ұнының қоректілігі 0,95 азық өлшеміне тең, 1 килограмында протеин - 16-23%, каротин - 150-300 мг.

Шөп ұнын мал мен құсты азықтандырғанда көк азық - каротин (А провитамині) мен кортылатын протейн ретінде қолданады. Кейбір малдардың жем азық, жем азық-картоп немесе қызылша рациондарына 4-10% мөлшерінде сапалылығы күшті көпұнын қосу малдың қосымша салмағын арттырады. Шөп ұнының өте қоректі болуы оны мал рациондарында жем азықтардың бір бөлігін алмастырушы ретінде ойдағыдай қолдануга жагдай жасайды.

Шөп ұнын малды азықтандырған кезде каротин көзі ретінде белоктың, көмірсулардын бірболшегі ретінде пайдаланылады. Каротин көзі ретінде шөп ұнын ең аддымен рациондары дәнді жем азықтардан, азық-түлік өнеркәсібінің, картоптың, қызылшаның қалдықтарынан қүралғанда және рационға жақсы сүрлем, жас көк азық, каротиннің басқа да көздерін енгізбеген кезде қолданады. Шөп ұнының мөлшерін белгілегенде, ондағы каротиннің мөлшері де ескеріледі. Шөп ұнындағы каротин 1 кг жемшөпте 130-дан 250 милиграмға дейін ауытқыса, онда шошқаға мұндай ұнды 5-10% (жемшөп қоспасының құрғақ затының салмағынан алғанда) мөлшерінде беру ұсынылады.

Жетіспеген жем азық орнын толықтыру үшін   шөп ұнының мөлшерін оның  жалпы   және   протеиндік   қоректілігіне   қарай   белгілейді. Мысалы, шөп ұнын ірі қара төлін азықтандырғанда екі айлық бұзаулардың рационына 10-15%, одан марқайғандарына 40 пайызға дейін пішен  ұнын енгізеді. Көк сүтшен араластырғанда, ол тартылмаған сүттің бір бөлігін алмастырады, бүзаулардың неғүрлым тез жетілуіне себін тигізеді Сақа күйіс малына қолдан кептірілген шөпті сусымалы немесе брикеттелген шөптің турандысы күйінде берген тиімді. Оны сауын сиырдың өнімділігіне қарай рационының жалпы қоректілігінің 30-60 проценті молшерінде рационға қосады.

Барлық сорттар үшін ұнның 1 килограмында мөлшері 2 миллиметрге дейін 30 миллиграмнан аспайтындай дәрежеде металл-магнит қоспасының, 1 проценттен аспайтындай дәрежеде қүмның болуы қауіпті емес. Қырлары өткір металл сынықтарының азыққа араласуына жол беруге болмайды.

Біздің елімізде шөп үнын даярлау үшін неғүрлым көп тараған кептіргіш агрегаттар қолданылады. Бүл агрегаттар жаңадан орылған, сондай-ақ 30 милиметрге дейін үсақталған, кептірген көк балаусаны қолдан кептіруге, кептіргеннен кейін оны үнтақтауға, сонсоң қаптарға салуға арналған. Бұдан ірілеу етіп ұсақтағанда, көк балауса кептіргіш агрегаттың барабанында жанып кетуі мүмкін. Аталған осы агрегаттарды дәнді, тамыр жемістілердің, қылқан жапырақтардың жапырақ-сабақтарын және басқа ұсақталған және сусымалы жемшөпті кептіру үшін пайдалануға да болады.

Кептіргіш агрегаттардың жұмысын сменалардың арасы мен түскі тамақ кезіндегі үзілісте тоқтатпастан үш сменамен  жүргізген тиімді. Сонда тиімді неғұрлым көп шығаруға және оның өзіндік құнын төмендетуге жағдай туады. Бұзылып қалғанда, кептірілген көк балауса жанғанда және техникалық күтім беру үшін ғана агрегатты тоқтатуға болады. Астық тұқымдас ақылдарды кептірген кезде орылған өсімдіктің сабақтарын жаныштаған тиімді. Сабақтарды жаныштау ылғалдылығы жағынан неғұрлым біркелкі жемшөп алуға және кептіргенде суды көп шығаруға болады. Сабақтары жанышталған өсімдікті кептіргенде кептіргіш агрегаттың өнімділігі 10-15% артады. Кептіру жұмысы аяқталғаннан кейін дестелердегі шөпті жинағышпен жабдықталған шөп машинасы-ұсақтағышпен немесе өздігінен жүретін Е-280 (ГДР) жемшөп дайындағыш комбайнымен жинайды.

Кептіргіш   қондырғының   жанына   тасып    әкелінген   көк   балауса мүмкіндігінше   тезірек   өңделуге   тиіс,   әйтпесе   құрамындағы каротинін жоғалтады. Сондықтан шикізат жеткізуді көк балаусаны 2-3 сағаттан аспайтындай етіп жоспарлау керек. Жұмыс кезінде шөп ұнының ылғалдылығын бақылап отырады. Ылғалдылығын әр ретте жеке анықтаудың ұзақтығы 3-4 минуттан, 10-13% төмен болмауы керек. Оны шамадан тыс кептіріп жіберу (ылғалдылық 8 проценттен төмен), шөпті кептіру және шөп ұнын сақтау кезінде каротиннің көбірек жоғалуына әкеліп соқтырады. Шамадан тыс кеуіп кеткен шөпті ұнтақтау процесінде оның көбі тозаңға айналып кетеді, ол циклонда шөкпей, ауаның ағынымен бірге сыртқа шығарылады.

Сүрлем дайындау. Сүрлеу - сүткышқылынын ашу процесі негізінде болатын азықты консервілеудің барлық технологиялық тәсілдерінін жиынтыгы және басқа да өмір сүргіш микроб түрлерін жоюға бағытталуы тиіс. Өсімдік бетінде әр түрлі организмдер: бактериялар, ашытқыш клеткалар, көкөңез және басқалары болады. Соның ішіндегі ең көбі шіріткіш бактериялар. Сүт қышқылды бактериялар бұған қарағанда аз болады.

Микроб түрлерінің ішіндегі ең қауіптісі көкөңез бен аэробты бактериялар. Бұлар азықтың тез қызып, бұзылуына әсер етеді. Аталған микроорганизмдер оттегі барда өмір сүре алады. Азықты ауа өткізбей салу және өсімдік клеткаларына тыныс алдырмайды, ал онымен бір мезгілде ашу реакциясына әсер етуші қант секілді корекзаттарды шыгындайды.

Азықты ауаның өтіп кетуінен сақтаудың қаншалықты жақсы және жедел атқарылғандығын температура арқылы анықтауға болады. Шөпті сүрлемге салу мен нығыздаудың ережесін сақтаған күнде өсімдік клеткаларының тыныс алуы мен өмір сүргіш бактериялардың әсерінен болатын шөптің қызуы 35-37° С аспайды. Сүрленетін шөптің бүдан жоғары қызып кетуі витаминдердің ысырап болуына, қорытылатын протеиннін азаюына әкеліп соқтырады. Протеиннің азаюы температура көтерілгенде сүрлеуге тиісті шөптегі белоктар мен амин қышқылы қантпен химиялық реакцияға түседі де, соның салдарынан меланоидин атты төзімді және күрделі комплексті құрайды. Мұндай комплекстегі белоктар малдың ас қорытқыш сілекейіне жетпейді.

Анаэробты жағдайлар жасалған соң сүрлемнің жақсы салынуы ондағы шөптің қанттылығы мен ылғалдылығына байланысты болады. Ауа енбегенде азықты сүт қышқылмен қоса залалды бактериялар - шіріткіштер мен май қышқылдары да дамиды. Сүт қышқылды бактериялар өзінің қоректенуі үшін қантты пайдаланады.. Сүрленген шөптегі рН-нің 4,2-ге шейін ауысуы өсімдіктегі нақтылы қанттың ең аз мөлшеріне арақатысы кемінде бір өлшемге тең болғанда ғана байқалады.

Сүрленуіне    қарай    өсімдік:     оңай    сүрленетін,     сүрленуі    қиын, сүрленбейтін деп ажыратылады. Онайсүрленетін өсімдікте қажетті мөлшерде сүт қышқылын түзетін қант көп болады. Сүрленуі қиын өсімдіктегі қант сүт қышқылына толық ауысуы кезінде ғана жеткілікті мөлшерде болады да, шөпті керегінше ашытуға ғана жетеді (мұндай өсімдіктер сүрлеу кезінде аши бермейді, оған сол себепті де оңай сүрленетін өсімдікті де қосып отыру керек). Сүрленбейтін өсімдікте қант аз болады: тіпті ол сүт қышқылына толық ауысқан күнде де азықты ашытуға қант жетіспейді. Одан сапалы азық алу үшін жаңа шабылған кезде оған оңай сүрленетін өсімдікті 1:2 мөлшерде араластырып, шіріткіш және мол қышқылды бактериялардың дамуын мүлде болдырмайтын химиялық препараттарды қосып отыру керек.

Өсимдіктердін онайсүрленетіндеріне астық тұқымдас дақылдар (жүгері, сорго, судан  т.б.), күнбағыс, бақша дақылдары және сүттеніп балауызданған немесе гүлдей бастаған біржылдық бұршақтұқымдастар (асбұршақ, пелюшка)  жатады.  Қиынсүрленетін топқа беде,  шанақтана бастаған  түйе жоңышқа, бұршақ тұқымдас мол жайылым шөбі, т.т. жатады. Сүрленбейтін өсімдіктерге жоңышқаның экспарцетті, ноғатықты, сараделланы, бақша дақылдары мен картоп жапырақтарын жатқызуға болады.

Көптеген өсімдіктердің сүрленгіштігі оның өсу дәуірінің кезеңдеріне де байланысты. Біржылдық шөптерде, астық тұқымдас шөптермен қоспасы шанақтанған кезде нашар сүрленеді, ал төменгі сабақтары сүттеніп балауыздана  бастаған бұршақ шөптері жақсы сүрленеді. Шанақтана бастаған бедені, ал жауын-шашынды жылдары шанақтанған беденің өзін сүрленуі қиын өсімдікке, ал гүлдеген кезінде оңай сүрленетін өсімдікке жатқызуға болады. Азотпен жақсы тыңайтылған жерде өсірілген жыйма тарғақ, қылтықсыз арпабас, шалғын сүлысы жайлы да осыны айтуға болады. Аталған шөптерден бас ала бастаған немесе гүлдей бастаған шағында жинаған жағдайда ғана сапалылыгы артады. Дақылдардың бүл қасиеттерін сүрлеу кезінде микробиологиялық процестерді реттеу қажет болғанда ескерген жөн.

Сүрлеудің технологиялық тәсілдері сүт қышқылы бактерияларын мейлінше дамытуға бағытталуға тиіс. Сүттеніп, балауызданған жүгері, райграс, ерте жиналған сорго сияқты дақылдарда қанттық минимумға қарағанда қант молшері көпте келеді. Сүт қышқылды бактериялардың өмір сүргіштігін тежемей сүрлегенде мүндай шөптерде қант қышқылдары көп мөлшерде түзіліп, ол бүрқырайды да, соның салдарынан сүрлем ашидыда, оны мал сүйсініп жемейді.

Сүрлеу кезінде белоктар едәуір өзгеріске ұшырайды. Сүрлеудің қалыпты процесінде ол 35-40% гидролизденіп, осімдік клеткалары ферменттерінің әсерінен амин қышқылына дейін жетеді. Бірақ белок пен амин қышқылының бір бөлігі шіріткіш бактериялар ферменттерінің әсерінен аммиак пен басқа да негізгі өнімдерді түзуге бөлініп кетеді. Шіріткіш бактериялардың әсерінен белоктың болшектену дәрежесінің көрсеткіші аммиак мөлшерімен анықталады. Сапалы сүрлемде оның құрамы азоттың жалпы мөлшеріне шаққанда 5% аспайды.

Сүрлемнің бактерияларының дамуын сүрленетін шоптің ылғалдылығы арқылы қажетті бағытқа реттеп отыруға болады. Эксперимент материалдары мынаны көрсетіп отыр: өсімдіктегі нақтылы қанттың қант минимумына арақатысы кемінде бір өлшем болуға тиіс деген пікірді дәлелдеді, демек сүрленетін шөптің ылғалдылығы 70% болганда мұны қатаң сақтаған жөн. Құрғақ зат кобейген жағдайда өсімдіктегі қант азайып, мәнін жоғалтып алады. Бүның мәнісі мынада, 60-65% ылғалдылықтың өзінде шірітетін және майқышқылды бактериялар өмір сүруін   бірден   тоқтата   бастайды.   Сүт   қышқылды   бактериялар   мұндай ылғалдылықта әрі өмір сүре береді. 60-65% ылғалдылықтағы шөпті сүрлемге салғанда сүт қышқылды бактериялар, қышқылды бактериялардан ешбір қысым көрмейді. Сөйтіп жақсы дамуға мүмкіндік алады. Ол өзінің қоректенуіне қантты молырақ қамтиды. Соның нәтижесінде шіріткіш бактериялар өмір сүруін тежеп, сілтілі өнімдердің түзілуі азаяды, оған қышқыл да аз кетеді. Сондықтан да 60-65 процентке дейін дегдітілген жас шөпті сүрлемге салғанда ол жаңа шабылған шөпке қарағанда көбірек ашиды.

Сүрлемге арнап өсірілген дақылдар ішінде 65-70% ылғалдылық жүгеріде, соргода, біржылдық бұршақ тұқымдастарда (асбұршақ, сиыр жоңышқа, бөрі бұршақ) болады. Бұл дақылдардың мұндай ылғалдылықта болуы дәнінің сүттенген кезіне дәл келеді. 65-70% суы бар өсімдікті жинау егістің әр өлшемінен қорытылатын сіңімді заттарды мейлінше мол алынады.

Өсімдік пісе бастағанда дәнде протеиннің және крахмалдың, қорытылатын қоректік заттардың жиналуы жүгері, астық және астық-бұршақ тұқымдас дақылдарға тән, әрі ол түскен жапырақтың орнын толтырып, өсімдіктің дәнінен басқа бөлігіндегі клетчаткаларға қарағанда мол болады. Сондықтан да өсімдіктегі клетчаткалар артпағанымен, оның сіңімділігі кемімейді.

60-70% ылғалдылықтағы шөпті трактормен нығыздағанда шырын шықпайды. Балауызданып піскен жүгері сүрлемінің малға жұғымдылығын арттыру үшін оны ұзына бойы қақ жарып ұсақтаған жөн. Ал ылғалдылығы 75-80% өсімдікті 4-5 см етіп ұсақтау керек. Бұл өсімдік клеткалаларынан шырынның мейлінше аз бөлінуіне ықпал етіп, бактерилардың бөлшектенуі әсерінен ысырабын азайтады. Ылғалдылығы 75-80% шөпті 4-5 см етіп турау қажет, сонда жақсы нығыздалады. Ал ылғалдылығы 80%-тен аса шөпті 4-5 см етіп турау қажет, сонда ол жақсы нығыздалады. Ал ылғалдылығы 80%- тен аса шөпті 8-12 см етіп ұсақтаған дұрыс. Бірақ бұлай етіп турауды егер сүрлем шұқырдан фрезерлі тиегішпен шығарылатын жағдайда ғана қолдануға болады. Өйткені фрезерлі тиегіш оны екінші рет ұсақтап шығарады. Ысырапты азайтып, сүрлемнің жоғары сапалылығын қамтамасыз етуде, оған қоса микробиологиялық процестерді реттеуде қойма сапасы мен оны толтыру техникасының маңызы зор.

Қазіргі қолда бар қоймалардың ішінен сүрленетін шөпке ауа өткізбейтіні мұнаралар орнатылган. Дегенмен сүрлемді сақтаудың ең ұтымды тәсілі – орға салу. Бірақ ондай әдіспен салынған сүрлемді траншея үстін жамылғылармен жапқанда ғана дұрыс сақтауға болады. Траешеялар жер бетіндік, жартылай қазылған және тереңдете қазылған болады. Соның ішінде жағалауы топырақпен биіктетілген жер бетіндік траншеялар салу тиімді екенін тәжірибе көрсетті. Ол пайдалануға қолайлы, көтермелер сүрлемді суықтан да, ыстықтан да қорғайды, қабырғалардан ауаның өтпеуін қамтамасыз етеді. Жер беті траншеясынан аса ылғалды, шөпті сүрлеу кезінде оның шырынын ағызып жіберу де оңай. Онда сүрлемді сақтағанда жер асты суының қаупі де болмайды. Жер беті траншеяларынан сүрлем шығаруды механикаландыру да жеңілге түседі. Мұндай траншеялардың барлық түрінің биіктігі (тереңдігі) 3,5м-ден кем болады, мүның өзі сүрлемнің ашық қауын болдырмайды. Траншеяның көлденеңін оның қүрылысының қүнына қарай белгілеуге болады. Егер оның көлденеңі ұлғайтылатын болса, соның есесіне оны салуға кететін шығын да азаяды Бірақ траншея құрылысының өзіндік құны оның енін анықтаудың факторы тағы да бола алмайды. Сүрлемді шығару жағдайын есептеу де оңай жұмыс емес.

Сүрлемді ұзақ сақталған жағдайда қалыңдығы 0,2мм пленкалар оған ауаның өтіп кетпеуін қамтамасыз ете алады. Дегенмен ені 8-9 м полиэтиленді пленкаларды қолдану экономикалық жағынан тиімді. Оларды қолданғанда ені 3-4 м пленкаларды пайдаланғандағыдан жабуға кететін еңбек шығыны төрт-бес есеге азаяды, және сүрлемге ауаның өтіп кетпеуі қаматамасыз етіледі. Плекаларды ұзына бойы желімдеп жапсыру керек. Ал қалай болса солай жаба беру оның шығынын жиырмапайызға арттырып, жамылғылардың кіріктірілген жерінен ауа өтіп кетеді.

Полиэтиленді пленкаларды бір-біріне сәл ыстықпен желімдеу арқылы жапсыруға болады. Жабысқақ ленталармен жапсырылған пленкалардың жиегін күн сәулесі түспейтіндей етіп жапсыру қажет. Әсіресе ені 8-9 см жабысқақ ленталар қолайлы деп саналуда. Енді мұндай ленталардың 60 метрін екі жұмысшы бір сағатта- ақ желімдеп шыға алады. Оны азықтың үстіне жапқан және қабырғаларды жақсылап қымтаған соң пленкаларды үстінен жүктеп бастыру қажет. Бұл шөп пен пленка арасындағы саңлаудан ауаның өтіп кетуін болдырмайды.

Дәні сүттене және пісе бастаған дақылдардан салынған сүрлемді жапқанда пленкаларды кеміргіштер зақымдайды. Мұндайда одан сақтандыру-дың жолы – оған қарсы әк ұнтағын пайдалану. Оны пленканың үстіне жүкпен бастырмас бұрын жұқа етіп шапгу керек. Полимер пленкаларды қолданудың тиімділігі әлдеқайда жоғарғы қабатын бүлінуден сақтаудың өзінен трашеядағы 1м жерден 100-150 кг сүрлемді бұзылудан сақтауға болады. Бұл сүрлем шығымын 3-4% арттырады. Осының өзінен - ақ пленканы сатып алуы мен азықты жабуға кеткен шығынды толық өтеуге болады. Сүрлемді салу мерзімін сақтап, пленкалармен уақтылы жапқан жағдайда қорекзаттың сақталуы шөптің ылғалдылығына қарай әртүрлі, бірақ соның көбіне жоғары болады.

Ауыл шаруашьшығы жануарлары әртүрлі мерзімдеге жейтін азықүлесін жоғары деңгейдегі жұғымдылығын  қамтуда белокқа, жеңіл сіңетін көмірсулар мен каротинге бай азықтардан құрама сүрлем дайындауды тәжірибеге енгізу қажет.

Құрама сүрлем - толыққұнды шырыназық алу әдісі жане әртүрлі өсімдік шикізатын сүрлеудің ұтымды әдісі де. Құрама сүрлем — шошқа, құс және ірі қара төлдері үшін құнды азық. Мұндай сүрлем салу үшін, шикізат ретінде: жүгеріні, жералмұртын, қантты және малазығындық қызылшаны, сәбізді, малазығындық асқабақты тағы баскаларды пайдаланаып, сүрлемдердің жұғымдылық құндылығын жогарылатуда, шөпұнын, дән қалдықтарын қосады.

Сүрленетін азықтарды қоспаның жалпылама ылгалдылықы 75%, 1 кг-да 25-30г қортылтын протеин мен 20 мг каротин болғанда жұғымдылығы 0,25азық өлшемінен кем емес, талшықтары 3-5%-дан аспауытиіс етіп таңдалады.

Шаруашылықта құрама сүрлем салуға кажетті өсімдік шикізатының қандай түрлері бар екендігіне қарай, олардын ережелері де өзгеруі мүмкін. Азықтарды тандаганда осы азықтың қоректік не дәмдік қасиеттеріне қойылатын негізгі талабтары бұзылмайтындай дәрежеде жүргізіледі.

Академик В.А.Вернигордың жетекшілігімен құрама сүрлем дайындаудың негізгі үлгі-мөлшерін (рецепті) жасап, және өндіріске ұсынылды (салмағына қарай % есебімен):

1) дәні сүттеніп- балауызданатын, піскенде жинапалынған жүгері собықтары - 60, малазығындық асқабақ - 30, шөп ұны - 5, дән қалдықтары - 5.

2) піспеген картоб - 85, жоңышқа ұны - 5, дән қалдықтары - 10.

3) малазығындық асқабақ - 85, жоңышқа ұны - 10, дән қалдықтары - 5.

4) малазығындық асқабақ - 85, қант қызылшасы - 30, шөп үны - 5.

5) жүгері собықтары- 65, қызылша - 30, шөп ұны-5.

6) дәні балауызданғанда жиналган жүгері собықтары-60, малазығындық қызылша- 30, дән қалдықтары-5.

7) қант қызылшасы - 90, шөп ұны - 5, сәбіз- 5.

8) қант қызылшасы - 85, жоңышқа ұны - 5, дән қалдықтары - 10.

9) жералмұртынын көгі -25, малазығындық асқабақ - 25, дән қалдықтары- 10.

Құрама сүрлемдерді іші қапталған шұңқырлар мен ұзынша орларға орналастырад. Малазығындық асқабақты, қызылшаны және картошканы топырағынан әбден тазалар, сүрлемдейтін қоймаға әкеледі, жуып және ұсақтайды.

Құрама азықтар мен шопұнын ұзынша ордың ішіне біртегіс етіп жайады, көк және шырыназыктармен араластырылады.

Сүрлеу тәсілдері: сүрлемдейлетені шұңқырдың, ұзынша ордың түбіне бөлінетін шырыңды өзіне сіңіруі үшін 50-60 см ұзындықта туралған бір қабат сабан төсейді. Ұсақталып туралған балаусашопті нығыздайды, әсіресе сүрлем салынған құрылыстың қабырғасына жақын жерлеріндегісін жақсылап тапталад.

Құрама сүрлемнің құрамына кіретін азықтарды қабат-қабатымен орналастырып, араластарыда. Егерде құрама сүрлем тек картобтан, бұршақтұқымдас шөптердің көкбалаусасынан жасалса, жақсы ашыган, кемеліне келуі үшін, құралдармен әбден былгайды.

Сүрленетін азықтың төмен қарай сығылатынын ескеріп, жиектерінен 1м биік етіп, шұңқырды не ұзынша орды екі-үш күннен әріге жібермей толтырылады. Азықты жаңбыр мен қардан қорғау үшін, мүмкіндігінше сүрлем салынған құрылыстың үстіне қалқандардан шатрша жасайды.

Құрама сүрлем қосымша дайындалмайды. Оны таза астауға не ақырға шошқалар бірден жейтіндей мөлшерде ғана салынады. Әр азықтандырған астаушаны құрама сүрлем қалдықтарынан тазалайды, өйткені сүрленген азық ауаның әсерімен өте тез бұзылып кетеді.

Құрама сүрлемді пропиондық-ашытқылы ұйытқы қосып дайындаган жон. Мұндайқоспа сүрлемді амин қышқылдарымен, В тобындағы дәрумендермен байытылып, азықтың сапалылыгын жақсартады.

Сүрлем салғанда өніп-өсетін микрофлораның қайнар көзі сүрлем әзірленетін өсімдіктердің эпифитті микроптар. Шынында мәніндегі эпифитті, , өсімдіктердің бергі қабатында үнемі тіршілік ететін микроағзалар олардың елеусіз бөлігін ғана құрап, тасымалдап, ұнтақтау, қоймаларға жеткізу, нығарлау кезінде қашықтыққа тасиды. Өсімдіктер елдімекендерден, мал қораларынан, шаң-тозаңды жолдардаң шалғайлау аймактардан жеткізілсе, іс жүзінде таза не бактериялар аз кездеседі.

Анықтаулар микробиологиялық жолдауға арналған көкбалауссаны қоймаға не лабораториялық сосудқа жеткізбестен бұрын және кейін тазартылса, соңғы жағдайда микроорганизмдердің ұрықтануы мейілінше жоғары келеді. Эпифитті микрофлорада сүт қышқылдыбактериялар аз кездеседі. Негізінен сүрлеу процесі кезінде енеді. Сүрлеуде микрофлораның динамикасының көкшөпті ыдысқа салғаннан кейін алынған байқауды бастапқы масса ретінде дұрыс қолдану керектігі түсінікті. Өйтпегенде сүрлеудің алғашқы сәттерінде микрофлораның өсуі жөнінде жаңсақ тұжырымджалады. Сүрлеуде микроптардан сүткышқылы бактерияллары кездесуіі тиіс. Кейбір микробиологтардың пікірлеріне қарағанда, бұлар эпифитті микрофлорада кезлдеспейжі . Өсімдіктерде қайткенменде болатындығын бірақ аз кездесетіндіктен және тәсілдері жетілмегендіктен байқау қиынға соғады.

Сүткышкылы бактерияларында ең негізгісі суда еритін гексондардан сүт қышқылы, газ бен басқа да жанамаөнімдер түзетін гомоферментативті және тіршілік қызметі нәтижесінде сүт қышқылдарымен қатар басқа қышқылдар, су түзетін гетероферментативті түрлері кездеседі. Синтетикалық средада жай өседі, тегі органикалық азоттық қоректерді: амин қышқылын, пептидтерді қолданады. Бірақ белгілі бір дәрежеде кейбіреулері аммиак қосындыларын да, витаминдерді, рибофлавинді, басқа да енгізіледі.

Сүрлем сапасының төмендеуі ауаның әсерінен болсада, май қышқылдары бактерияларының өсіп-өнуін тоқтата аларлықтай өсімдіктерден бөлініп шығатын газдардың әсері жоқтығынан кездесуі мүмкін. Өсімдіктердің арасындағы қуыстарды толтырғанда газмассалары тазааланбайды, ал жабынды тоқтатқанда ол ұшып кетеді.

Көптеген жағдайларда шөптің неғұрлым жақсы кепкенін аудару тәсілімен пайдаланалыады. Шөпті аударганда астыңғы жағы кепкенде, үстіңгі жағы құрғап кетеді. Пішен сынғыш келеді, түсі саргаяды. Қоңыр салқын климатта орғанда шөп қабаты біркелкі түспейтін мол өнімді аударыстырудың айрықша мәні бар. Аударыстырғанда шөп қопсып, оның ауаныөткізуі жақсарады, ол бірқалыпты әрі тез кебеді. Климаты ыстық аймақтарда шөпті кептірудің технологиялық процесі күн көзінен қорғайтындай тәсілдерді көздеуі тиісті. Бүл аймақтардың өнімі аз учаскелерінде шөпті шапқанда бір мезгілде бумалрға салынады.

Қазіргіде мал азқтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспейтін қажетті элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік заттардың мал ағзасымен өзара әрекеттестігін мейілінше нақтылы зерттеулерде қуат, көмірсутектер (талшық, қант), май, алмастырмайтын майқышқылдар, макро- микроэлементтер, дарумендер, ферменттер т.б. сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтадыру және бақылау мүмкіндігі белгілі.

Сүрленетін шикізаттың ылғалдылығы бірқатар процесстердін қарқындылығын, қоректік шығынының көлемін, сүрлемнің сапалық жұғымдылығын анықтайтын маңызды ықпал. Сүрлемді қажетті заттармен қамту үшін, сүрлегенде құрамында азоты бар мочевина, аммоний сульфаты, аммоний бисульфаты, аммоний бикарбонаты сияқты синтетикалық заттар қосылады. Белоктік қосылыстарды енгізудің қолайлы мөлшері — бір тонна көк балаусаға 2,5килограм азот.

Азықты сүрлеу - өте күрделі биологиялық процесс. Сүрлеуде жаңадан шабылған шөпшырынынан сүт қышқылы түзіледі. Міне, осы процестің нәтижесінде алынған азық – сүрлемнің дәмі қышқылданып, тұздалған көкөніс пен жеміске ұқсас өзіндік жағымды иісі бар. Азықты қышқылдандырып тұратын сүт қышқылы – негізгі консервілеуші. Ол жемшөптегі қанттан түзіледі. Сондықтан да азықтағы сүт қышқылының көптеп жинакталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жемшөпті сүрлеу технологиясының негізгісі деп есептеледі. 

Жайылым экологиясы. Соңғы кезде агроөнеркәсіптік кешенінде болған өзгерістерге орай мал шаруашылығында түрлі меншіктер құрылды. Іс-қызмет бабы кезінде көптеген меншік түрі мамандарының жайылымға көзқарасының өз деңгейінде болмай, оны әртүрлі пайдалатындығы байқалады. Ал, табиғи жайылымдар қалыптасқан күрделі экологиялық жүйе болып есептелінеді. Ол уақыт және кеңістікте өзгеріске ұшырайды. Сондықтан жайылымнын экологиясы сауаттылықты бірінші кезеңде жүзеге асырылады. Бұл үшін әр елдімекендерде қысқа мерзімді оқукурстары ашылғаны тиіс.

Жайылымға жауапкершілікті жоғарылатуда оның құқықтық негізін қалау тиімді. Соның бipiне – шаруаға бекітілген жайылымдарға паспорт дайындалғаны дұрыс. Мұнда жайылының көлемі, топырақ, өсімдік жамылғысы, суландырылуы, ұтымды пайдаланудың, шығымдылығын көтерудің іс-шаралары көрсетілуі тиіс.

Жайылымнын шығымдылығын арттырудың ең жақсысы - қорғау алқаптарын және екпежайылым жасау. Қорғау алқаптары негізінен раңды және жусан-раңды жайылымдардан дайындалаы. Екпежайылымдар жұмысы маусымдық раң және сортаңдарда, шөбі сұйыған алқаптарда жүргізіледі.

Қазіргіде өсімдік қауымдастығының қоршаған ортаның келеңсіз әсеріне тұрақтылығы, оның құрамының неғұрлым әртүрлі және бай болуына қарай белгілі. Жақсарту ісінде араластырылған екпелік жайылымдардың орны ерекше. Бұл жайылымдардың шығымдылығының жоғары және өнімділігінің тұрақтылығы агротехникалық ережелерді дұрыс қолданып, қатаң сақтауға қатысты.

Егістерді орналастырғанде қара сексеуілден жасалған қорғау белдеулері екі түрде, яғни ені 1,4 м 6 қатар жолақтан тұратындары меншік қожалықтарын белгілеу үшін, ал ені 2,8 м 3 қатар жолақтан тұратындар алқаптарды белгілеуге  қолданады Қорғайтын екі алқаптың аралығында 150-200 метр кеңістік қалдырылады. Соңғылардың екі топырағы жеңіл құмды алқаптарда 1,4-2,8м, құмшауытты алқаптарда 10-12 м құрайды.

Әрине, қазіргі мал шаруашылығында түрлі меншіктің қалыптасуы малазықтық өсімдіктерідің тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Себебі мұны жақсартудың ландшафты-экологиялық жүйесіне көшу жаңа өсімдік түрлерінің тұқымын өндіруді, меншік түрлерінің топырақ және климат жағдайы түрлі алқаптарда орнықтыру жергілікті тұқым шаруашылығын қалыптастыру меселесін туындатады. Бұл меншік түрлерінің өз қалауымен жайылымдық өсімдіктердің тұқымын өндіруге мүмкіндігі бар дегенді білдіреді. Сондыктан тұқымдық     егістерді    өсіріп     күтуге жауапкершілікпен қарап, оны дұрыс қолдану қажет.

Шөл және шөлейт аймақтары мал ызығындық өсімдіктерінің тұқымдық егістері жүйесінің ерекшеліктері мынадай. Тұқымдық егістер көпжылдық тәжірбиелер шөл мал азьнындық өсімдіктерінің жоғары сапалық тұқымдыы біржылда 180-240 мм жаңбыр түсетін аудандардан алынды. Бұған негізінен өңірдің құрғақ аймағында тәлімдері кіреді. Мұнда ең көп тараған топырақ түрі механикалық құрамы әр түрлі сұр күлгін. Ара кідік құмды және құмшауыт топырақтар. Топырақ түрі және оның механикалық құрамына сай өсімдік түрлері таңдалынады.

Оңтүстік Қазақстанның мал шаруашылығы үшін азық базасының негізін табиғи шабындықтар мен жайылымдықтар құрайды. Жайылымдықтардың аумағы 9223,1 млн гектарға жуық жерді қамтиды

 

 1.5 Тарлау егістігінде арамшөптермен күресу шаралары мен оларға гербицидтер әсері

 

Ауылшаруашылығында арамшөптердің тұқым өнімділігі жоғары. Мәселен, ақ алабұтаның бір түбінен 100 мың дән, қызылқұйрықтан 500 мың дән, сарыбасты қурайдан 790 мың дән алынса, арамшөптердің тұқымдары топырақ құрамында бірнеше уакыттан қатарынан өз өнгіштігін сақтайды. Бұларда мәдени екпелік өсімдіктермен салыстырғанда өнгіштік қасиетін сақтайды. Дәнінің саны жағынан мәдени өсімдіктерден де жүздеген еселік артықшылықта кездеседі. Топырақтың ластануынан өсімдіктердің шаруашылықтағы ахуалына анықтама беріледі.

Қазақстанда тың игеруде игерілетін жерлердің көп бөлігі егістікке түгелдеу айналып, 20-сы ғасырдың соңынан көпшілік егістіктерде тозған сораңдарда малазықтық және дәндік дақылдар себілмей, тоқталыды. Н.И.Можаевтың [38] дерекктерінде, бұл аймақтарда арамшөптер қаулап өсіп, тозган, қураған аудандарға ұшыраы.

Мұндай қурайлы, тастап кеткен аймактарда арамшөптердің көбеюінен зиянкес, аурулар көбейді. Күз мезгілінде тынайган аймақтаррда ірісояу арамшөптер қпаулап, бұл аймақта өрт қауіптілігі туды. Сондыктан өсімдіктер егістігінде экологиялық жағдайлар едәуір төмендеді. Бұл аймақта топырақ қабатының құнарлылығы нашар, олардың аз уақыт ішінде қайта қалпына келуі шешуі табылмай, өте күрделі мәселеге айналды [39].

Н.И. Можаевтың [40] деректеріннде, тозыган, тасталган аудандардан мал азығы үшін жоғары өнімді жерге айналдыруға кемінде үш не алтыжылдың көлемі қажет. Бұл жерлердегі арамшөптерді құрту мақсатында әртүрлі механикаландырылған өңдеу әдістерін қолдану қажет.

Ғалым Безуглов В.Г. [41] «Глиффоссат» гербицидін зерттеп, оның өсімдік жамылғысына біршама жүйелі әсер ететіндігін байқаған. Ол өз зерттеулерінде топырақ қабатының ылғалдыгын қадағалап, арамшөптердің қарқынды өсу кезінде гербицидті пайдаланған. Бұл гербицидтін әсеріннен кейбір арамшөптерге төмен болғандықтан, егістік шырмауық, қалуен, т.б. арамшөптерге «Монссанто» фирмасынын ұсынған 2,4 Д преппаратымен үйлестіріп қолдануды ұсынады.

А.И. Гринец, С. Нургалиев, И. Сидорик [42] тәжірибелері нәтижесінде солтүстік өңіріндегі ғылыми-өндірістік орталығында сүрітанапта БДТ- 7 қопсытқышымен тыңайған жерлерге механикалық өңдеу жүргізіп, арамшөптер 15-20 см биіктеп өскенде Глифоссат қосылған Дианнат гербицидінің қоспасын әртүрлі молшерде арамшөптердің түріне қарсы қолданудың биологиялық тиімділіктерінің әсерін анықтап дәлелдеген.

Елімізде укекіре өсімдігінің егістіктерде тездеп таралуынын салдарынан бірнеше млрд. шығын келтірудде. Мұның себебі, укекіре өсімдігінен егістіктің өнімділігі мен сапалылылгы бірнеше мәрте төмендейді. Бұл өсімдік кездесетін атралудың алқаптарынан малға азық ретінде дайындалған сүрлемді мал жемейді, ал жылқы тез уланад, өлу қаупі болады. Соллсебепті укекіре өсімдігін шығынға қарамай құрту аграрлық сектордың маңыздысы деп қарастыру керек. Өсімдіктің биологиялық қасиетін әртүрлі агротехникалық әдістерді қолдану арқылы тиімді гербицидтерді біріктіре қолдану, жатаған у кекіренің қаптап өсуін тоқтатып, қажетті дақылдың өнімін төмендетпей жоғарылатуға болад. Мәселенки, астық дақылдары орылған соң топырақ қабатын сыдырата жырту, укекіре өсімдігінің сабақтану кезеңінде Ураган препарратын гектарга төртжарым л-мен не бұны Эстеронмен (гектаррына 4,5+1 л), Диален-супер 480с.е.-мен (гектарыга 4,5+2 л), Секаторменн (гектарга шаққанда 4,5 л + 200 мл), Лонтрелмен (гектарлық 4,5+1 л) қосып өсімдіктерді залансыздандырып, негізгі принцип – фотосинтездеу арқылы қажетті гербицидтер сабақ арқылы тамырға жетеді. Бүркіп болған соң он-он бес күннен соң өңделген жерді тереңдігі 28-31 см, ал бір айдансоң 61-66 см-де жыртқанда, укекіре екі-үш жыл өспейді.

Бірқатар зерттеушілердің мәліметінде қолданылған гербецидтер қоспасы 30 күннен кейін гидролизденудін әсерінен инулинді ыдыратып, мәселен «Ураган» гербицидін гектарға 4л қолданғанда егістіктің тиімділігі өңдегеннен кейінгі жеті-сегіз күн аралығында анықталса, «Стиннг» гербицидін 6 л/га қолданғанда 10-12 күнде нәтижесі алынған. Әсіресе, аталған гербицидтерді жапырақтары жалпақ келетін арамшөптерге қолданылғанда оң нәтиже алынған. Яғни аталған гербицидтерді арамшөптер бүршік жарғанда қолданған өте тиімді  [43].

Ю. Гештовт [44] деректеріне сүйенсек, ауылшаруашылыкы өсімдіктерінің өсіп –жетілу уақытанда қолданылатын селективті гербицидтердін көбіне қос жарнақты арамшоптерғе оң әсер етеді. Ал тажірбиеде қосжарнақты арамшөптерді жоюда астық тұқымдас арамшөптер көбейіп кетеді және керісінше. Әлемдік тәжірибеде көптеген арамшөптерге тиімді және кең көлемде әсер ететін түрлерін іздестіріп, жаңадан жасап шығару жұмыстарын жүргізуде. Елімізде мұндай гербицедтерге Пума супер комби препараты кіреді. Ал астық тұқымды арамшөптерге әсер ететін Иллокссан, Топик, Пума супер гербицидтерді қолданылған. Кешенді әсер беретін Пума супер –комби, Грансстар+Топик және Пума супер +Грансттар гербицидтерінің биологиялық тиімділігі 87-92% құрап, астықтың қосымша өнімділігі г-ға 2,9центнер құрайды.

Астықтұқымдастар дақылдары егісіндегі арамшөптермен күресудің Солтүстік Қазақстан аграрлық ландшафтына үйлестірілген кешенді жүйесі экологиялық зиянсыз, санитарлық –гигиена шарттарға сайкелетін, адам денсаулығына зияны тимейді деп мәлімдейді В.П.Шашков және басқа ғалымдар [45].

К.О. Баядилов [46] зерттеулеріннде Ураган не Раундаптың Дикамиинмен қоспасының әсері Лонттрел қоспаларына қарағанда айтарлықтай жоғары болған. Ураган әйтпесе Раундаптың Лоннтрелмен және Дикамимнмен қоспасын бірқалыпты қолдану топырақтың метрлік қабатындағы у кекіренің тамырлык ластануының 43,2-68,2 пайызға төмендетеді. Көктемде және жаздарда у кекіре қаптаған қара топырақты гербецидтермеен өңдеу жатаған у кекіремен күресудің тиімді әдісі және топырақтың ылғалдылығын сақтауға әсерін тигізетінін атап көрсеткен.

Д.А. Сыдык, С.Б. Турсынбаев, Н.К. Кашкенов, Е. Серикбаев [47] зерттеулері нәтижесінде күздікбиддай егістіктерінде біржылдық қосжарнақты арамшөптергге қарсы 5 түрлі гербиццидті қолданылып, олардың тиімділігі анықталған. Ең жоғарғы тиімді әсер Дикаммин гербицидін га-рына 1,25 литр мөлшерде қолданған нұсқада байқалды. Эсторон гербицидің га-ға 0,9 л, Ковбой гербицидін – 0,3 литр мөлшерінде қолдану жақсы тиімді әсер етіп, біржылдық арамшөптерді -90,9-91,1%, көпжылдық арамшөптерді – 90,3 және 82,0% дейін жоюға көмектесті. Дикамин, Эсстерон және Лонртрим гербицидтері егістіктердің арамшөптермен былгануынан 81,2%-дан 87,2%-ға дейін төмендетті. Амин тұзы гербициді көпжылдық арамшөптерге қарсы әсері төмен болып, ианаптарды арамшөптерден жою нәтижесінде астықтан қосымша гектарга 16,4 центнер өнім өндірілген.

Қорыта айтқанда, ғылыми негіздегі гербицид қолдану өсімдікті қорғау тәсілдерінің негізгі бағыты. Егістіктерді тұрақты түрде арамшөптерден тазалау, егіншілік мәдениетін көтеріп, диқандарға қосымша табыс табуға көмектеседі. Яки, астыктұкымдас тарлаудың тікеллей егу агротехнологиялық жүйесін жасақтауда арамшөптермен ластанған жергге гербицидтердің жаңа түрлерін пайдаланудын ең қажетті агротехнологиялық шарасы болады.

 

1.6 Тарлау өсімдігінің биологиялык-өнімділік ерекшелігі

 

Тарлау – еліміздің барлық аймақтарында кездесетін малазық дақылы. Жер құнары нашар аймақтарда да жоғары өнім берумен қатар топырақты органикалық заттармен байытуға, жердің құнарлылығын арттыруға аса қабілетті өсімдік. Қабілеттілігі сонда астық тұқымдастар өсімдігіне жатады, оның ішінде  көпжылдық түрлері топырақтың құнарлығын ауадан бос азотты өзінің бойына сіңіру арқылы арттыратындығымен белгілі [48]. Өкінішке орай, тарлау күні бүгінге дейін өндіріске кеңінен енгізілмей отыр [49].

Тарлау Psathyrostachys түріне, арпа (Hоrdeae Вenth.) тұқымына, ноқатот тұқым тармағына (PoаteaeCevdul), астық тұқымдасына (GraminaeJuss) жатады.

Тарлаудын ауылшаруашылығында белгілі болғанына көп болған жоқ. Тарлау өткен ғасырдың ортасында бағалы жайылымдық шөп ретінде пайдаланыла бастады. Тарлау, малазықтық дақыл болып республиканың мал шаруашылығы саласында жақсы танымал.

Тарлау – болбырбұталы күздік типті астық дақылы, биіктігі 60-12 см-ді құрайтын, жертаған жапырақтары ұзын келген шымдылығы мықты көпжылдық өсімдік. Негізгі мал азықтық құндылығын жертаған жапырақтары (15-45 см) және сұр-жасыл жапырақтары ұзын, вегетативті өркендері қысқа келеді. Барлық бұтақ салмағы 40-тан 60%-ға дейін құрайтын жапырақұтары мен вегетативтік өркендегі қысқа болады.

 

Сурет 2 – Тарлау өсімдігінің құрылымдық жүйесі

 

Жартылай шөлді аймақтарда қатты ыстық түскен мезгілде тарлаудың жапырақтары қурайды. Алайда аз ғана ылғалдылық мөлшері болғанда олардың жапырақтары жасыл күйінде қоңыр күзге дейін сақаталады.

Генеративтік өркендері жұқа, тіке не жай иілген, пішінді келеді. Атауы айтып тұрғандай, тарлауға тұқымы толық піскен соң цилиндрлік масағы сынғыштық тән келеді. Піскен тұқымдары өте нәзік дәне тез төгіліп қалуы мүмкін. Масақ ұзындығы 11-ден 18 см-ге, ал ені 6-дан 7 см-ге дейін құрайды. Әрбір масақтан жүзден аса дән жинауға болады. 1000 дәнінің салмағы өскен жер жағдайына және әрбір жылдың ылғалдылығына байланысты 2,9 г-нан 3,3 г аралығында ауытқиды.

Тарлау Қазақстанның топырақ-климаттық аймақтарына қарамастан өте кең тараған өсімдік. Революцияға дейін Ресейде тарлаумен тек жекелеген станцияларда ынта қойып қызығушылық танытқан әуесқой адамдар ғана айналысқан. Осындай бағалы дақылды өндіріске енгізу жөнінде И.Э. Смирнова [50] көптеген ғылыми жұмыстар жүргізген.

Осы дақылдың шөлге және суыққа төзімділігін және де құнары төмен тұздайған топырақтарда фитомелиоранттық қасиеті бар екендігін зерттеген ғылыми мәліметтердің болмауы, қысқаша айтқанда аталған дақылды өз    дәрежесінде өсіретін технологияның болмауы дақылдың өндірісте кең өріс алуына едәуір кедергісін тигізді. Кейбір зерттеушілер тарлауды ауылшаруашылық дақыл есебінде алғашқы кездерде тек қана шөлді және шөлейт жерлерде өсіріп келсе соңғы жылдары оны суармалы аймақтарда өсіріле бастағаны және де бұл дақылды терең ғылыми тұрғыдан зерттеп ғалымдардың көңіл аудара бастағаны қуантарлық жағдай.

 Қоршаған ортаның кейбір келеңсіз құбылыстарына бейімделгіштігімен ерекшеленетін тарлаудын көптеген аудандарда өзіне тиісті үлесін арттыра бастауы әлі де болса өз дәрежесінде көлемін кеңейте алмай отыр. Тарлау өсімдігінің тағыда бір басқа малазықтық дақылдармен салыстырғанда биологиялық ерекшеліктерінің бірі – суық аймақтарда да өсіріле беруі. Дегенмен тұзды топырақты қуаң далалық аудандарда өсірген тиімдірек. Тарлау өсімдігін зерттеумен айналысқан ғалымдардың айтуына қарағанда ол  далалы және қуаң далалық дақыл болып табылады.

Құрғақшылыққа, қыстың суығына мейлінше төзімді және топырақтың тығыздылығына барынша бейімділігіне байланысты, бұл өсімдікті Қазақстанның      тұзды топырақты аудандары үшін ерекше құнды. Өйткені ондай жерде басқа тұқымдас шөптер нашар өседі және өсседе өнімді өз дәрежесінде бере алмайды.

Табиғи өсетін тарлау түрлері ТМД-ның барлық түкпірлерінде дерлік таралған. Бірақ олардың негізгі таралған жерлері далалық және орманды далалық аймақтардың ашық жерлері болып отыр. Бұл таралудың солтүстік шекараға жақындаған сайын бұл дақыл түрін өндіру мүмкіндігі шектеле түседі. Таулы жерде теңіз деңгейінен 1800-2200 м биіктікте кездеседі. Жабайы тарлаудың жекелеген түрлеріне келетін болсақ, олар Қазақстанның өсімдік өсетін аймақтарының бәрінде дерлік таралған.

Тарлау –алмасып тозаңданатын өсімдік. Тозаңы желдің көмегімен тасымалданады, табиғатта қосжынысты тозаңдануға мүмкіндік берілмейді. Гүлдеудің алдында масақ пен масақшалар жайылып, масақ өсінен еңкеюі бұрышына қарай масақшалар үлкейеді.

Тарлау гүлінде 3 аталық бар. Гүлдеу кезінде ұзын аталықтары гүлден шығып, ашық сары түсті гүлмен тозаңданады. Тозаңмен бірге аналықтары да бірге шығып тозаңдану процесіне қатысады. Тарлаудың гүлдеу мерзімі ауарайы жағдайына байланысты келеді. Жоғары ылғалдылық пен ауа температурасында гүлдеу мерзімі кешеуілдейді. Гүлдері таңертеңгі және кешкі мезгілдегі ауа температурасымен салыстырғанда жоғары болатын күннің ортасында ашылады.

Қазақстанның жартылай шөлейітті оңтүстік-шығыс өңірлерінде тарлау тұқымы әдетте маусымның екінші онкүндігінің соңы мен үшінші онкүндігінің басында пісіп-жетіледі. Алайда ауа райы салқын болған жагдайда тұқымының пісуі кешеуілдейді.

Тарлау өсімдігі құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Алайда ол ксерофит емес, температурасның төмендеуіне  дұрыс әрекет етеді. Топырақ қабатының жеткілікті мөлшерде ылғалдануында жақсы өседі және дамиды. Ал топырақта ылғал жетіспегенде өліп қалады. Алайда өсуіне оңтайлы мезгіл болғанда қайта көктеп шығады. Тарлау өсімдігі құрғап кетуден сақталынған десе де болады, себебі оның өмірге қажетті мүшелері әрдайым жапырақ өсімдік қынабында сақталады.

Тарлаудың күздік өркендерінің болуы олардың қыс мезгіліндегі төменгі температураға бейімделуіне мүмкіндік тудырады. Сондықтан суыққатөзімділігі-мен оның тез пісімділігі, көктемде өркендерінің тездеп өсуіне мен күздегі өсуінің кеш тоқтауына байланысты.

Сондайак тарлау өсімдігі ұзақ жылдар өмір сүруге бейім.  Кейбір әдеби деректерде өсімдік шымдылығы 20-30 жылға дейін сақталады. Тарлау өсімдігінің тагы бір ерекшелігі – құрамында ксерофитті және галофиттік белгілерінің болуына қарай тұзға төзімділігі.

Тарлаудың бұтағының құрылымы олардың таза жайылымды өсімдік екендігін көрсетеді. Оның жоғары бағалылылығының мәні мал жегеннен соң жақсы өсу қабілеттілігімен тұжырымдалады.

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1 Эксперимент жүргізілген жердің климаттық ерекшеліктері

 

Қазақстан оңтүстік өңірі климаттық және топырақ қабатынын әртүрлілігімен ерекшеленді. Қаратаужотасы мен Тянь-Шань тауының батысы облыстың солтүстік-батысы аймағнда орналасқан шөлейтті-құмды Бетпақдала жазығымен жалғасады. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты тез құбылмалығымен және жылылығымен ерекшеленеді. Ауанын ортаща суық емес кезеңі 246-266 күнді құраса, нөлден жоғары температура 7-9айды құрайды. Зерттелегн жылдары қыс мезгілінде агрометрологиялық жағдай температураның күрт төмендегенімен қардың көп көлемде түсуімен ерекшеленді. Алғашқы қар жамылғысы қарашанын II декадасының соңғы күндері түсіп, ал 2015ж. желтоқсан айының II-декадасында  жауған қар ақпан айының соңына дейін сақталып, наурызға дейін болды. Ең жоғарғы қар жамылығысының биіктігі қараша-қаңтарда 23-45 см жетіп, топырақ қабатында тоң қату болған жоқ, сондыктан тарлау қар жамылғысының астында қолайлы жағдай қалыптасқандықтан әрі қарай даму процестері жүріп жатқандығы байқалды.

Ккөпжылдық мәліметтеріге сүйенсек, жауынның түсімі жиынтығы 515 мм-ді құрап, оның ішінде 40пайызы көктем мезгілінде, 5,2пайызы жазда, 18,6 - күзде, 36,2 - қыста түсетіндігі байқалган. Көктем және қыс мезгілдерінде жылдык түсетін жаңбыр мөлшері 70-80%-ды құраса, күзда - 13,2-18,6% жаңбыр жауды. Күздегі далалық жұмыстарды уақтылы және сапаплы жүргізу үшін әржылы көптеген қиындықтар мен кедергілер туындап, , егіншілік жүйесінде күзде жүргізілетін агротехникалық шараға айтарлыктай шығынды аз жұмсау бағытын қалыптастыру керектігі анықталды.

Эксперимент жүргізілген уақытта дақылдарды себудин алдындағы кезеңде климаттық жағдайы өте құрғақшылық танытып, жаңбыр мөлшері қазанда 2,5-8 мм құраса, көпжылдық жаңбырдын мөлшерінен 4,6 есеғе кем қурады. Күздік дақылдарды себуде 2014ж. керісінше 1,5есеге артық түсіп, 54,7 мм құрады.

Барлық күздік дақылдарды сепкенсон қараша айының I-декадасы ылғалды, жауған жауыннын мөлшері 79,3-125,9 мм құрап, көпжылдық көрсеткішпен салыстырғанда 1,5-2,4 есекөп түсіп, күздік астық тұқымдас мәдени өсімдіктердің шығымдылығының біркелкі қарқындылығы артқаны байкалды. Ягни, эксперимент жүргізілген тарлауды топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірген уақыт нағыз ауанын әр түрлі қалыптасуына орай далалық танаптағы сынақаланы, жаңа өсіру технологиясының өміршеңдігіне жеткілікті мәліметтер жинауға оң әсер етті.

Топырақ қабатының ерекшеліктері. Қазақстанның оңтүстік өңірі оңтүстікке солтүстіктен 650 км және батысқа шығыстан 550 км жерді құрап, көлемі 17,4 мың км2 құрайды.

Облыстың аумағы негізінен солтүстік шөл аймақта орналасқан. Жербедері алуантүрлі. Жердін бедеріне қарай айқын айырмашылығы бар төрт бөлікке бөлінеді: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазық-оңтүстік және оңтүстік-шығыстаулы. Географиялық тұрғыдан өңір аймағына Қызылқұм шөл даласының оңтүстік – шығыс болігі, Сырдарья өзені орта ағысы аңғарлары, Мойынқұмның батысы, Шу өзені төменгі ағысында орналасқан алқап, Бетпақдала шөлі саздақты бөлігімен, Қаратау жотасының көптеген бөлігі мен Батыстық Тянь-Шаньның бірқатар жотталары қосылады. Қаратаужотасы оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай екіге: солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөлінеді.

Өсімдіктер дүниесі. ОҚО тау бөктері мен жазық далалык, шөл-шөлейтті ауданга орналасқан. Бұл өңірдің өсімдіктер дүниесінде жеріне қарай әртүрлі өсімдіктер кездеседі. Ертерек көктемде эфемерлердің басымдылығы байқалып, соңынан жуссан және шымдық астық тұқымдастар болады.

Оңтүстік Қазақстанның жазынын ыстық әрі құрғақ болуы құрғақшылыққа төзімді көпжылдық тамыржүйесі жақсы жетілген өсімдіктер көптеп кездеседі. Табиғи шөп жамылғысында эфеммерлер мен эфеммероидтар: шөл шытыршыгы (Alyssum desertorum Stapf), қызғалтақ түрлері (Papaver rhoeas L.), пияшықты қоңырбас (Poa bulbosa G.), іле пиязшыгы (Allium iliense Rgl.) және тағы басқа көптеген шөптер кездеседі. Құрғақшылыққа төзімді көпжылдық өсімдіктерден жантақ (Alhagi camelorum), қызғылт у кекіре (Acroptilon repens), ажырық (Cynodon dactylon), тағы басқа түрлері кездеседі. Көктем мезгіліндегі жауынның әсерінен бұл аймақтың топырақ жамылғысының беткі қабатында көптеген эфемерлі өсімдіктер қаптап шығып, жазда қурап кетеді.

 

2.2 Зерттеудін нысаны мен әдістемесі

 

Оңтүстік  Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты тәлімі егістік жерлеріне тарлау дақылын тікелей егумен алғашқы мәрте кәдімгі технологиямен салыстырыла 2014-2016жж. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының шығыс жағында орналасқан Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Тассай тірек пунктінің тәжірибе аланында жүргізілді. Зерттеу нысанына күздік бидайдың аудандастырылған Шортанды сорты алынды. Зерттеуді қысқа ротациялық 5 танапты ауыспалы егістіктің тәлімі жерінде жүргізілді.

Тарлауды тікесебу технологиясы мақсары дақылынан соң егіліп зерттелінді. Мақсары дақылы ертекөктемде егілетін болғандықтан, дән себудін алдындағы агротехнологиялық щаралар көктемде жүргізілетіндіктен қыстап шығатын арамшөптер саны кеміп, егіс алқабы таза болатындығы белгілі.

Топырақта өңдемей тікелей егу технологиясын өндірісте қалыптасқан технологиямен салыстыра отырып зерттеулер бірінші тәжірибе жүргізу тізбесі алты нұсқада жүргізілді.

Себілген мерзім ауа райына сайкес топыраққа сіңген ылғалдың мөлшері топырақ қабатының 10-12 см-не жеткенде жүргізілді. Себілген тұқым климаттың жылырақ, ылғалы жеткілікті болғанда 8-10 күнде өніп шықты, ал күн суып, топырақтың жылылыгы төмендегенде кешігіп шығуы байқалды. Бір ескеретіні, кәдімгі технологияға қарағанда тікелей себумен себілген дән 2-3 күн бұрын шығатыны белгілі, өйткені СЗС-2,1 дәнсепкіштің соңғы жағындағы дискілі доңғалақ себілген дәнмен топырақтың жанасып өтуіне оң әсер етеді.

Тәжірибеде бақылаулар мен талдамалар жүргізілді:

-        тарлаудың қыстап шыққан түпсаны бір м2 төрт қайталап саналды;

-        өсіп-даму кезеңдеріне орай топырақтың 1 метр тереңдіктегі ылғалдылығы әрбір топырақ қабаты 10 сантиметр сайын дақылды себуалдында, түптену, тітіктену, бас шығарған және пісер алдындағы кезеңдерінде анықталды. Топырақ үлгілері әрбір нұсқадан үш қайталануда АМ-16 бұрғысымен іске асырылды;

-        топырақ қабатының 0-30 сантиметр қалыңдығындағы қарашірік мөлшері мен химиялық құрамы, тәжірибе танабының әрбір нұсқасынан топырақтың араласкан үлгілері алынды;

-        топырақ қабатының тығыздығы дақылдың түптену және өнімді жинағанда Качинский әдісін қолдану көмегімен анықталды;

-        тарлаудың себілгеннен дәнінің толық піскен уақытына дейінгі кезеңдері анықталып, фенологиялық бақылаулар жүргізілді;

-  тарлау егісінің 1 м2 алаңындағы арамшөптермен ластанғанын анықтау Мальцев әдісі арқылы жүргізіллді;

 - егістіктегі өсімдік сабағы және тамыржүйесінің органикалық қалдықтарының құрамын Станков және Пейсов әдістерімен анықталды;

- жаңбыр мөлшерін анықтау гидрометеорологиялық әдіспен жүргізілді;

-        дақылдың биологиялық өнімділігі әрбір нұсқадан төрт қайталамадағы өнімді санау арқылы анықталды;

-        әр нұсқадағы нақты  шаруашылықтық өнім Сампо-500 комбаинымен тікелей жинап, дәннің ылғалдылығы мен тазалығы ескеріліп, есептелінді;

-        алынған нәтижелер биометриялық өңдеуден Б.А.Доспеховтың [51] корреляция және дисперсиялық әдісімен анықталып, есептелді.

Егістіктегі дақылдын өсірілетін алқабынжа ерте көктемде ЗБСС-1 тырмасымен ылғал қорын сақтау және біржылдық арамшөптерді құрту бағдарламаға сәйкес жүргізілді. Тәжірибе жұмысының нұсқауларына сәйкес үстеме қорек және гербицидтерді пайдаланып, әдістемеге сәйкес оңтайлы мерзімдерде жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде көктем мезгілі тез түсетіні баршамызға белгілі, қар жамылғысы ақпан айының соңғы онкүндігінде кетеді. Қысқы қар жамылғысының ең жоғары қалыңдығы 25-45см жетіп, топырақта тоң болмағанымен қардың қалыңдығынан күздік егістің қар астындағы өніп-өсу кезеңі ауа өтпегендіктен әлсіз жүргендігі байқалады. Біздің тәжірибемізде зерттеулер наурыззда, яғни, тарлау мен арамшөптің тоң қабаты болмағандықтан өлмей қыстап шығуын бір шарщы алаңды 4 қайталап есептегенде анықталды. Тәжірибе танабындағы нұсқалар арамшөптердің шығуына орай күздік бидайдың түптену кезеңінде үстеп қоректендіріліп, гербицид қолдану және механикалық техникаларды мақсатты қолдану арқылы жүргізілді.

Сурет 4 – Тарлаудың піскен кезеңі

 

Сурет 5 – Тарлау егістігі

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Тарлаудың егілу тереңдігіне байланысты өсуі

 

Қуаңшылық аймақтардың топырақ қабаттары сол жердің физикалық-географиялық жағдайларына байланысты алуан түрлі болады. Шөл даланың топырақ қабаттарының құрамы пайда болуы жақсы зерттелген, ол Е.В.Лобованың [52] еңбегінде жазылған. Зерттеліп отырған аймақ негізінен сұртопырақты зонаға жатады. Топырақтар тау жазықтарына гипс тәріздес және жіпше тәріздес жолақша батпақ іздері болып орналасқан. Оларда тұз қабаттары анық көрінеді. Топырақтың түрлерінің әрқайсысының құрамы әрқилы болады, тұздылығы, топырақ түзетін тұқымдардың сипатына қарай бөлінеді. Топырақтық түзілу ерекшеліктеріне және су режиміне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: қалыпты жағдай (түйіршікті-ірілеу), қатты тұзды, сұр топырақ, тақыр жердегі сор топырақ.

Тәжірибелік танаптың басты бөлігі оңтүстіктің ақшыл түсті сұр топырағы, кейбір жерлерде құмшауыттау болып келеді. Ылғалдың аз болуы себебінен бұл жерде жауын құрттары кездеспейді. Сол себепті топырақ формасы түйіршік емес басқа да формада бола береді.

Екпелік тарлаудан мол әрі тұрақты өнім алу үшін агротехникалық шаралар жүйесіне, оның экологиялық түрлерін таңдаумен қатар топырақты мезгілінде және сапалы әзірлеудің маңызы зор.

Сонымен шөлді- шөлейтті аудандардағы топыраққабатын өндеудегі мақсат – ылғал жинап, оны сақтау, арам шөптерді құрту, топырақтың жыртылған қабатын ұсақтап, оның бетін тегістеу және айдалған өңірді жел эрозиясына ұшыратпау.

Ылғал жинаудың бірден-біржолы топырақты терең өңдеу. Бұл үшін құмды және құмдақ  жерлер культивациямен 14-16 см тереңдікте қопсытылса, механикалық құрамы жеңілдеу ашық сұр топырақтарды 18-22 см тереңдікте қайырмалы соқамен жырту ұсынылады. Ауыр топырақты учаскелер 20-24 см тереңдікте жыртылады.

 Ғалымдардың көп жылдық зерттеуінен мынаны көруге болады: сәуір айының бас кезінде терең жыртылған (0-20 см) топырақ кабатында өңделмеген жерге қарағанда  7-16 см ылғал артық жиналады, ал шілдеде 20-80 см тереңдіктегі ылғал қоры 6,8 -39,3 мм артық болады.  Бұл саз топырақты өңдеу ісіне немқұрайды қарауға болмайтындығын дәлелдеген.

Топырақ өңдеудің қолайлы мерзімі қыркүйек – қазан айлары. Тұқымның біркелкі жатуы үшін буылтық катокпен тегістеледі. Бұл агротәсілдер жеңіл топырақтарда бір мезгілде жүргізіледі. Ауыр топырақтарды жыртылған жер әуелі дискіленеді, содан соң буылтық катокпен тапталады.

 Жер эрозиясынан сақталу үшін жер өкпек жел бағытына кесе көлденең және өңірлеп айдалуы керек. Өңір ені топырақтын механикалык құрамына, тұқым себетін агрегаттардың ауқымына сай әртүрлі. Соңғы жылдары изен тұқымын себу үшін НРУ – 0,5 агрегаты пайдаланылуда. Бұл агрегаттың дән шашу ауқымдылығы 6-7 метрге тең. Осыған байланысты жеңіл топырақты жерлерде айдалған өңірдің ені  6-12 метр, ал отраша және ауыр топырақта 18-20 метр болғаны дұрыс.  Айдалмайтын өңірдің ені де жоғарыдағыдай. Осы жүйені сақтау әртүрлі эрозиялык қорғауда ғана емес, жайылымның табиғи азықтық қасиетін де сақтайды. Бірақ ескертетін бір мәселе – айдалған өңірге жанындағы  тың өңірдегі табиғи шөптер тұқымы түседі. Сондықтан топырақ өңдеу кезінде осы ерекшелікті ескеріп, күздің айларында немесе алғашқы қар түскенше танапты тырмалау қажет. Көп жағдайда бұл тәсілге көңіл бөлінбейді. Алынған деректер бұл тәсілдің айдалған өңірдегі арам шөптер санын 1,8 есеге дейін азайтатынын көрсетіп берді. Тәсіл тиімділігі ебелек, бүрген (шашақты жусан), түйеқарын сияқты арам шөптер басқан алқаптарды игерген кезде арта түседі. Себебі өсімдік тукымынын пісуі ұзаққа созылатындықтан сүдігер жыртқан кезде айдалмаған өңірдегі олардың тұқымы аңызға толық төгіле қоймауы мүмкін. Сөйтіп жыртылған жерге өңделмеген өңірден тұқымдардың желмен келіп түсуі алғашқы қар түскенше жалғаса береді. Соған байланысты танапты тармалау кейінгі түскен  арам шөптер ұрықтарын тереңге сіңіруге себеп болады.

Тарлаудын беткі қабатқа бірдей көктеп шығуы себу мерзіміне байланысты. Бұл агротәсілді анықтау кезінде мыналарды еске алған жөн: біріншіден, изен тұқымы жинап алынғаннан кейін 1-6 айдың ішінде толық пісіп жетіледі. Тұқымды бұдан әрі сақтау оның шығымдылығының төмендеуіне немесе мүлдем шықпай қалуына әкеліп соғады. Сондықтан бүкіл егіс материалы оны дайындаған жылы себілуге тиіс. Екіншіден, тұқымның өнуі кезінде топырақ-тың ылғалы мол және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жақсы болуыс тиіс. П.П.Бегучевтің [53] пікірінше мұндай жағдай қыс аяғында немесе көктем басында болуы мүмкін. Үшіншіден, изен тұқымы табиғи жағдайдағыдай қыс мезгілінде сертификациядан өтуі қажет. Себебі изеннің гүлдеуі және дән байлауы әр өсімдіктің бойында ғана емес, бір сабақтың бойында да бір мезгілде өтпейді. Сондықтан тұқым жинау кезінде дәннің пісуі  әр түрлі дәрежеде болады. Біздің тәжірибелеріміз көрсеткендей изеннің жаңа жиналған тұқымының лабораториялық өнгіштігі төмен болады. Егер сол изен тұқымын қыстың күні топырақ бетінде бір айдай немесе тоңазытқышта төменгі температурада 30-40 күндей сақтаса, оның лабораториялық өнгіштігі сексен пайзыга артады.

Қыс кезінде ауа құбылмалы болып, тұқым себу өте қиынға түседі және сапасы да нашар болады.

Тарлауды қыс алдында себудің қаншалықты тиімді екенін тәжірибе учаскесінде жүргізген зерттеулер анық көрсеткен. Себудің үш мерзімі зерттелді; олар: 1) қарашаның аяғы – желтоқсанның басы; 2) қаңтар айының ортасы; 3) ақпанның соңы – наурыздың басы. Осы тәжірибе кезінде тұқымның егістегі енгіштігі бірінші мерзімде 21,3 – 24,2 процент, екінші мерзімде бар-жоғы 6,7-7,7процент, ал үшінші мерзімде бірен-саран өскіндер болады. Сөйтіп,

бір гектардағы  өсімдік саны бірінші мерзімде көп (434,6 – 646,8 мың), екінші мерзімде бұдан 290 – 400,0 мың өсімдік кем шықты.

 

Сурет 6 – Тарлаудың әртүрлі тіршілік жылындағы топырақ қабатында өсуі

Сонымен, тұқым себуді көктемге қарай қалдыруға болмайды. Олай дейтініміз, біріншіден, сақталу мерзіміне байланысты дән өзінің өнгіштігін төмендетеді, екіншіден, олардың өнуі үшін, жоғарыда атап өткеніміздей мол ылғал керек. Әдетте, тұқым өте майда болғандықтан топыраққа небары жарты сантиметр тереңдікке сіңіріледі, яғни тұқымды нақтылы жер бетіне түсіріп, шамалы ғана бетін жасыру деген сөз. Аңызақты шөлді- шөлейтті аймақтарда көктем кезінде ылғалдың топырақ бетінде ұзақ сақталмайды. Сол себепті себілген тұқым ылғалдың жетіспеуі салдарынан өнбей қалған.

Себілетін тұқымнын молшері мен әдісі. Тарлау өсімдігі топырақ бетінде біркелкі орналасқан жағдай да ғана жақсы жетіледі. Мұндай шарттың орындалуы тұқым себу мөлшеріне көп байланысты. Себудін мөлщері экологиялық тобына, агротехника дәрежесіне, тұқымның сапасына, себу әдістеріне қарай әрқилы болады.

Тарлау тұқымы өте майда, оның мың тұқымының салмағы 1,5г. Сондықтан оны біздің көп жылдық зерттеулеріміз көрсеткеніндей тереңге себуге болмайды. Тұқым түскенде топыраққабаты жылдам құрғап, бірсыпырасы ылғалдың жетіспеуіне байланысты өнбей қалады. Сондай-ақ топырақ бетінің ойдағыдай тегіс болмауы салдарынан қажетті мөлшерден тереңге себілген дән де өніп кете алмайды. Мысалы, жартысантиметр тереңдікке себілген құмдақ изені тұқымының өнгіштігі 14-30,6 процент болса, ал 2см тереңдікке түскен тұқымның 4,2-6,8проценті ғана өнген. Бұдан қосымша, қыс кезінде қар бетіне себілген тұқымның біразы желмен ұшып кетуі мүмкін.  Міне, осы айтылған себептер салдарынан себілген тұқымның небары 15 – 70 проценті ғана өскін берген.

 Оның үстіне шыққан өскіндердің бәрі бірдей нақты өсімдікке айнала бермейді. Қоршаған ортадағы зиянды жәндіктердің зақымдауынан және арам шөп әсерінен олардың шамамен 20-60 процентінен басқалары семіп қалады.

 Зерттеулердің көрсеткеніндей, тарлаудың ең мол өнімі гектарына 2,5-3 млн дән сепкенде алынады. Тұқымды келтірілген мөлшермен сепкенде танаптың белгілі бір  өлшемінде өсіп тұратын өсімдік тығыздығы қолайлы мөлшерде болады да, топырақта жиналған ылғалдылык пенқорекзат қорын өсімдік тиімді түрде пайдаланады. Тұқым себу мөлшерін тым кем немесе көп егу өсімдік өсуінің алғашқы кезеңінде топырақтағы ылғалдың тиімді пайдаланылмауына әкеліп соғады.

 Оңтүстік Қазақстанның сұрқай топырағы жағдайында құмдақ, изенінің өсуінің алғашқы жылдарында бір гектардағы саны 30-40 мыңнан, саздақ және тастақ изенінікі 20-30 мыңнан кем болмауы шарт. Бұл көрсеткіштер екпе жайылымның сапасын және өнімділігін арттырады.

Тұқымды егудің тереңдігі мен әдістері. Азықтық өсімдіктерден өнімді жақсы алу үшін оларды егудің әдістерін дұрыс білу керек. Көптеген ғалымдар изен шөбінің тұқымы тереңдетіп егуді қаламайтынын айтады. Егер тұқымды жердің бетіне сепсек,құстар,зиянкес құрттар жейді немесе жел ұшырып әкетеді, сондыктан өсімдіктің өнуі төмендейді. 2015 жылғы тарлау егісін тереңдетпей егудің нәтижесінде бақылағандай өсімдік жер бетіне өте жақсы өсіп шыққан, жарты сантиметр тереңдікке егілген тарлаудың 14,5-30% дейін өніп шыққан (5-кесте). Тәжірибенің басқа варианттарында тарлау өсімдігінің шығымы нашар болған. Бұл тәжірибеден  тереңдетіп еккен сайын тұқымның өнгіштігіне белгілі бір энергия қажет. Зертхана жағдайында бұл энергия жеткілікті болғанымен, табиғат жағдайында ол жетімсіз болады дағы тұқымның семіп қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тереңге егілген тұқымның сыртқа өсіп шығуы, тұқым құрамындағы қоректік заттардың жеткілікті болуына байланысты. 

 

5-ші кесте – Тарлаудың егілу тереңдігіне байланысты өсуі

 

Егілу тереңдігі, см

Тұқымның 1 метрге егілу саны, дана

2014-15 ж.

2015-16 ж.

өсімдіктің шығымы, %

өсімдіктің шығымы, %

б

350

107

30,6

51

14,5

0,5

350

26

7,4

59

16,9

1,0

350

21

6,0

24

6,9

2,0

350

14

4,0

20

5,7

3,0

350

10

3,0

16

4,6

 

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей тарлау экотиптері үшінші-төртінші күндері шыға бастады. Тарлаудың өсіп шығуына тұқымды жерге сіңіру шешуші рөл атқарад. Тәжірибелерге қарай отырып, изен шөбінің қалың болып шығуы, топыраққа дұрыс дәрежеде сіңіре егуінде екендігін саралаймыз.

Егістікті күтіп баптау. Тарлау екпе егісін күту-баптау мынандай жұмыстардан тұрады: арамшөп отау, егісті дискілеу, зиянкестермен күресу, онтайлы пайдалану.

Тарлау өскіндері жер бетіне шыққанда бірінші пайдаланылатын агротех-никалық шара - арамшөптен отау. Себебі тарлаудын өскіні жетілудің бірінші уақытында өте баяу өссе, ал арамшөп керісінше тез оседі. Көпжылдық тәжірибелер арамшөпті сәуірдің ішінде отап тастау өскіндердін толық жетілуіне себепші. Арамшөпті дер кезінде отаудың тиімділігінің қандай екенін Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибеалаңында жүргізген тәжірибе мәліметтерінен байқаймыз. 2014 жылы тарлау өскіндері наурыздың басында көрінді. 1 м2 –де 3,6-7,7дана өскін болды. Арамшөп сәуірдің екінші жартысында орылғанда өскіндердің 86проценті сақталса, мамырда 30проценті калган. Шілденың басында арамшөпті отаған егістікте тарлау өсімдігінің бойы 29 см-дей, сабақ саны 4,7дана болды. Арамшөп кеш оталған егістікте ол көрсеткіштер мынандай болған: 13,8 см, 1,4 дана.

 

Сурте 7 – Тарлаудың жайылымдық өнгіштігі

 

Сурте 8 – Тарлау егісіндегі агротеъникалық шараларды жүргізуөнгіштігі

 

Осы ретте тәжірибе аланында арамшөп отауды өте кешіктіріп алудың немесе мүлдем отамаудың салдарынан жөнді нәтиже шықпай жүргені туралы деректер аз емес.

Бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін егістікті арам шөп басады, ал сабақ қалдықтары жайылым сапасын төмендетеді. Бұл ретте кейбір ғылыми-зерттеу институтынын ұсынысы: егістікті ерте көктемде бір немесе екі ізбен (15-20 бұрышпен) дискілеу өсімдіктердің «жасаңғырап» қайтадан жақсы жетілуіне әсер етеді. Дискілеу нәтижесінде арам шөп жойылады, сабақ қалдықтары кесіледі, топырағы қопсытылады.

Арам шөбі, әсіресе ебелекті құрту үшін А.Г.Давлетшина [54] ерте көктемде 1га-га 2кг мөлшерінде пирамин және хлорозон гербицидтерін пайдаланады.

Күтіп-баптаудың ішінде түрлі зиянекестермен күресу әзірше етек алған жоқ. Дегенмен, біздің байқауларымыз тарлаудың дұрыс жетіліп өсуіне мүмкіндік бермейтін зиянкестердің көп екенін көрсетті. Мысалы, тарлаудын өскіндерін және кәрі өсімдіктерінің тамырын қара қоңыз личинкалары 15-20 сантиметр тереңдікте қиып тастайды. Осының салдарынан олардың егістігі қатты сирейді.

Жоғарыда аталған зиянкестермен күресу үшін түрлі шаралар қолданылады. Олар көбейіп кеткен жағдайда сәуір- мамырда тарлау егістігіне серии немесе хлорофос препараттарының 0,5%дық ерітіндісін шашқан өте тиімді. Егер бұл препараттар болмаған жағдайда 1 гектарға 25 кг мөлшерінде 12 проценттік ГХЦТ дустымен өңдеген дұрыс.

Сондай-ақ, егістік шетіндегі шырыш өсімдіктерімен күрес те кеміргіш қоңыз – көбелектердің санын азайтуға себеп болады.

Тарлау егістігінің өнімділігі бірнеше жылдар бойы сақталуы үшін дұрыс пайдалануға тәуелді. 1-ші жылы екпелік жайылымда мал бағуға қатан тиым салынады. Сондай-ақ иесіз малды да жіберуге болмайды. Екінші-үшінші жылдары күз – қыс айларында аздап малды жайуға болад. Кейінгі жылдары егістік өрістерге бөлініп, оларды маусымдарға сәйкес рет – ретпен пайдаланған дұрыс деген қорытындыға келдік.

Тұқымды жинау Қазіргі кезде тұқым жинайтын арнаулы машиналардың болмауына байланысты, шөл жерлердегі өсетін азықтық өсімдік тұқымдарын қайта жабдықталған астық комбаиндарымен машиналарымен жиналады. Машинамен жинаудың негізгі тәсілі – тікелей комбайнды егіске салу. Тұқым пісуі ұзақ мерзімге созлатын өсімдіктерді, мысалға тарлауды бөлекше әдіспен жинау ұсынылған. Бұл әдісте ЖВН-6 жаткасы қолданылады. Кептірілген тарлау сабақтары дәндерімен бірге қайта жабдықталған СК-4 комбайнынан өткізіледі. Қайта жабдықталған комбайн барабаны минутына 650 р. айналады. Барабан мен дека арасындағы ашық жер 30-40 мм шығар бетінде 25-30 мм. Жоғарғы решетаның ашылуы 2/3, төменгісі-1/3; желдеткіштің заслоны жабық жағдайда. Жинау әдісінің тура және әркелкі түрін ұсынақты түрде ұйымдастыру қажет. Бөліктеп жинаған кезде орылған өсімдік массасын токқа алып келіп кептіреді, содан соң тазалайтын ОВ-10 машинасынан, тұқым тазалайтын-СУ 0,1, ОС-4,5А, ОПС-2 т.б. машиналарда тазаланады. Тазаланған тұқымның ылғалдылығы 12-13% аспауы керек. Осындай тұқымды сақтауға қоюға жарайды.

 

3.2 Тарлаудын экологиялық тобының морфологиялық ерекшеліктері

 

Морфологиялық ерекшеліктері. Тарлау – күзге қарай сарғыш қызыл реңге енетін жасыл сары түсті, шоқ түбінің биіктігі 90-100 см. дейін жететін өсімдік. Жапырақтары жіңішкелеу, ұзынша 2,6см, көлденеңі 0,15см-дей. Гүл шоғыры-шашақгүл, сабақтың 1/3 бөлігін алады. Гүлдері 4-5-тен шоғырланып тұрады. Жемісінің көлемі үлкен емес. Құрғақшылық жылдарында қысқалау, ылғалды жағымды жылдарда әр шашақта қанатшалы жемістері өседі [55]. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл  облыстарының құмдағы жайылымдарында өседі (Қызылқұм, Созақ, Мойынқұм т.б. аудан).

Ал, БТ-7 типі жасылдау тарлаудың жасылдау тармағына кіреді. Бұл күзге қарай сарғыш қызыл реңге енетін жасыл сары түсті, шоқ түбінің биіктігі 90-100см дейін жететін өсімдік. Бұтақтары түзу өседі, сабақтарын сирек түк басқан, күзге қарай қатқыл келеді. Жапырақтары жіңішкелеу (2,5см), түгі аз, жұмсақтау, жасыл түсті. Гүл шоғыры – шашақгүл. Гүлдеген шашақтарында 2-3-тен қанатшалы жеміс-тері бар. Олар түксіз, сусымалдығы жақсы. Мың дәнінің салмағы 1,2-1,8 г.

 

6-шы кесте – Тарлаудың экологиялық тобының морфологиясы

 

Экотиптер

Биіктігі, см

Жапырақ ұзындығы, см

Жемісінің көлемі, см

1000 дәнінің салмағы, г

К-2994

90-100

1,0-2,5

0,005-0,2

1,0-1,3

БТ-7

80-90

1,0-16

0,25—0,27

0,8-1,4

 

БТ-7 экологиялық тобына жататын үлгі тарлау тармағының  қалың түкті түршесіне кіреді. Тарлаудың бұл түрі қоңыр сұр дағы бар жасыл түсті. Сабақтары жуан, қалың түк басқан тік өседі. Шоғының биіктігі 100см дейін жетеді. Ұрық байлаған кезде жайылып тұрады.. Жапырақтары ірі, түкті, ланцетті, узындыгы -2-3 см. Гүл шоғыры – шашақгүл. Жемістері түкті. Алайда, сусымалдығы дұрыстау. Мыңдән салмагы 1,5-2,0г.

Шөл аймақтарындағы жайылымның өнімділігін арттыруда қара оттың ішінен тарлауды сұрыптаудың және оның тұқымын өндірудің маңызы ерекше.

Тарлау ұзақ өсіп – жетілетін бұтақты, тұзды сорға, құрғақшылыққа төзімді, белокқа бай, құнды, малдың қай түрі болса да жыл бойы жей беретін өсімдік. Ол Қазақстанның түрлі топырақты, құбылмалы ауа райы жағдайларында өседі. Кейде тіпті бірқатар морфологиялық белгілері бойынша белгілі бір жерде өседі. Оттық сапасы жоғары, табиғи ортаның ыстық суығына төзімді

 

Сурет 9 – Егу нормасы байланысты тарлаудың жайылымдық массасы

 

 Экологиялық биологиялық шаруашылық қасеттеріне және төңірекке бейімділігіне байланысты осы жартылай бұталы өсімдікті сұрыптау жұмысы кеңінен жүргізілуде.

Қазіргі міндет экологиялық, биологиялық тәжірибелер жүргізе отырып, осы өсімдіктің шөлге төзімді типтерін іріктеу мен жоғары өнімді жаңа типтерін шығару. Осы бағытта тәжірибе алаңында эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Зерттеу үшін тарлаудың 33 түрі алынды. Бұлар Н.И. Вавилов атындағы институтының коллекциясынан алынған түрлер.

 

3.3 Биологиялық ерекшеліктері

 

Тарлаудың биологиялық ерекшеліктерін және сыртқы жағдайларға қоятын талаптарын білу жолымен оны жақсы өсіруге және агротехникалық шараларды ғылыми негізде реттеп, дұрыс шешуге болады екен.

Тарлау ұрығы ұрыққап ішінде орналасқан, бес желекпен көмкеріліп жабылған. Ұрықтың өзін өте жұқа жамылғы жауып тұрады. Ол тамыршадан, жасыл түсті тұқым жарнағының қалтасынан, қос жарнақтан және жарнақ арасында орналасқан бүршіктерден тұрады.

Тарлау ұрығына  биологиялық жағынан жетіліп, пісу қасиеті тән. Себебі өсімдіктің гүлдеуі және дән байлауы әр өсімдіктің бойында ғана емес, бір сабақтың бойында да бір мезгілде өтпейді. Сондықтан да тұқым жинау кезінде дәннің пісуі әр түрлі дәрежеде өтеді. Осыған орай терілген дәннің өнгіштігі 3-8 процент құрайды. Қамбада жатқан дәннің өнгіштігі 2-3айдан кейін 60-80%-ға жетеді, ал 7-9 айдан кейін өнгіштігі күрт төмендейді немесе мүлдем өнбейді.

Тарлау тұқымы ерте көктемде 4-5 градус жылулықта өне бастайды. Зерт-теулер көрсеткендей, тұқымның жақсы көктеуі үшін топырақ ылғалдылығы құмда 7-9  процент, сазды жерде 11-15%, сондай-ақ ылғалдылығы 70-80% болуы керек.

Тұқым өніп келе жатқанда бірінші болып жер бетінде ұзындығы 6-8мм, колденені 3мм келетін екі жарнағы көрінеді. Олардың тіршілік ететін уақыты шамамен 20-40 күнге дейін созылады. Жарнақтар алғашқы жапырақтар пайда болғанша тамырлары қорекзаттармен қамтиды. Өскіндердің бастапқы дамуы тамыржүйесі жылдам дамыса, керісінше сабақтардың өсуі өте баяу (7-кесте).

2014 жылы ауа райы тарлау өсімдігінің жетілуіне қолайлы болған. Өскіннің бастапқы өсуі кезінде тамыржүйесі тез жетілген. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 3,6 тең болып шықты.

Мамырдың соңғы онкүндігінен бастап өсімдіктің жербеті мушелері, яғни сабақтары тез жетіле бастайды. Шілде айында тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 1,9-ға томендеген.

7-ші кесте – Тарлаудың сабағы мен тамырларының жетілуі

 

Анықталған мезгілі

Сабағының биіктігі, см

Тамырының ұзындығы, см

Тамыр ұзындығы-ның сабақ биікті-гіне ара қатынасы

1-ші жыл

2-ші жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

7.04

2,0

1,7

8,1

7,2

4,0

4,2

24.04

3,1

2,3

11,8

8,4

3,8

3.6

25.05

9,8

3,9

37,0

16,2

3,7

4,1

16.06

21,0

9,9

76,0

52,3

3,6

5,2

27.07

52,7

-

91,1

-

1,7

-

 

Мысалы, ғалымдардың зерттеу нәтижесінде 2012 жылы ылғал аз болып, оның үстіне мамырдың екінші он күндігінен күн қатты ыси бастаған. Осыған байланысты өсімдіктің жер бетіндегі сабақтарының жетілуі күрт нашарлаған. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктіліне ара қатынасы бұл жылы жоғары күйінде қалған.

Екі жылғы бақылау өскіндердің бастапқы жетілуі кезінде тамыр жүйесінің тез өсетінін көрсеткен [56]. Бұл ерекшелікті өсімдіктің құрғақ аймақтың қатал жағдайына бейімделгендігі деп дәлелдейді. Себебі, күн ыси бастасымен топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғал тез азаяды. Ал, зерттеулердің көрсеткеніндей, топырақтың төменгі қабаттарында (100-120см) тұрақтылығы конденсасиялык ылғалы бар екені белгілі. Сондықтан, жаздың аптап ыстығы басталғанша, тамыр жүйесінің осы ылғалды қабатқа жетіп үлгеруі керек.

Ылғалды жылдарда бірінші жылғы өсімдіктер жетілудің әртурлі кезеңдерінен өтіп, тукым байлайды. Гүлдеу кезеңінде бірінші болып мамыр айының басында тарлау гүлдейді. Ал жемісінің пісуі қыркүйектің аяғы – қазаның басына байқалады. Өсіп-өну ұзақтығы 185-225күнді құраған.

Ғалымдардың төменде жыл бойына жасаған тәжірибелерінен метеороло-гиялық анықтамалар, жауын-шашынның түсімі, температураның көрсеткішін, ауаның ылғалдылығын, тарлау өсімдігінің фенологиялық спектрін көріп отырмыз (8-ші кесте).

 

8-ші кесте – Тарлау өсімдігінің феноспектрлері

 

Экологиялық тобы

Күндері

жер бетіне көрінуі

түйіндеуі

гүлдеуі

тұқымның пісуі

К-2994

10-15.3

15-25.6

20-22.7

23-30.9

БТ-7

10-15.3

25.6 – 5.7

20.7 – 5.8

14 -20.10

 

Жалпы айтқанда, тарлау өсімдігі құрғақшылыққа және суыққа төзімді келеді. Топырақтың құрғақтығына, ауа ылғалының тапшылығына төзімділігін көрсететін маңызды физиологиялық ерекшеліктері оның клеткасының жоғары дәрежеге жететін осмостық қысым болуында. Шілде-тамызда бұл көрсеткіш 23-49 атмосфералық қысымға тең. Сонымен қатар тарлаудың булануға кететін ылғалды үнемдеп жұмсайтын қасиетін және өсімдіктегі фотосинтез процесінің едәуір интенсивті жүретінін атап өту керек.

Дегенмен, тарлаудың экологиялық топтарының құрғақшылыққа, суыққа төзімділігі әрқилы. Көктем айларындағы үсікке тарлау шыдамсыз келеді.

 

3.4  Тамыр жүйесі

 

Тарлау өсімдігінің тамыржүйесі – негізгі органға жатады, ол тек өсімдікті топырақпен байланыстырып қана қоймайды, өсімдікті сумен және  минералды заттармен қамтамасыз ете отырып органикалық заттардың синтезделуіне және өсімдіктің жалпы жақсы өсуіне ықпал жасайды.

Тамыр жүйесінің жақсы дамуы тек өсімдіктін өсуіне ғана емес, өнімінің де жақсы болуына көмектеседі.

Тарлаудың құрғақшылыққа төзімді болуына тамыр жүйесі де есебін тигізеді. Оңтүстік Қазақстанның құмшауыт топырағында құмда өсетін тарлаудың тамыры тіршілігінің алғашқы жылында 110-138 сантиметр, ал таулы жерлердегілерде 168-178 сантиметр тереңдікке дейін енеді. Қосалқы тамырлары 60-98 см-ге дейін жайылып тарайды.

Тарлау тамырларының жетіліп өсуі топырақтың көктемде сіңірген ылғалдылығына  және топырақтың сыртқы бетінің ылғалдылығына қарайды. Егер ылғал мол болса тамыр да жақсы дамиды, бүйірлік тамырлар да ұзаққа жайылып қомданады, егер құрғақшылық болса, тек негізгі тамыр ғана өсіп, жанама тамырлар майда әрі қысқа күйінде қалып кетеді. Тамырдың жақсы өсіп дамуы өсімдіктің биік әрі мықты болып өсуіне, мол өнім беруіне негіз болады. Тарлау шөбінің барлық экологиялық топтарында тамыр мойны мен жанама тамырлардың жақсы жетілуі өсімдіктің биік әрі бұталарының мол болып өседі. Өсімдік биіктігі мен тамыр мойнының диаметрі және жанама тамырлардың жайылғыштығы мынандай коэффициентпен көрсетуге болады.

Сондықтан, шөл жағдайында күшті дамыған тамыр жүйесі ғана өсімдіктің өсіп, жетіліп жақсы азық, құнарлы шөп болуына жағдай жасайды. Қазіргі кезде тарлаудың тамыр жүйесінің табиғи жағдайда да мәдени жағдайда да қалай өсетіндігін зерттеген ғалымдар еңбегі көптеп саналады.Тарлаудың желі түрінде тамыр жүйесі тереңдеуге тез бет алады. Өскіннің бастапқы өсуі кезінде тамырлык жуйесі тез жетіледі. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 3,6 тең болып шықты.Тамыр тереңдігінің ұзындығына қатынасы ірісі – 138-178см, орташасында – 126 см, майдасында – 110-169см.  Тамыр мойыны ірі бұталарда жуан болып жақсы жетілген.Топырақта тереңдеген сайын негізі тамыр жіңішкеріп, жан-жаққа атпа тамырлар жайылып кетеді. Тамыр жүйесінің жетілуі оның тіршілігінің соңғы жылдарында да тоқтамайды.

Тарлаудың биологиялық ерекшеліктерінің бірі – жаз бойы өсуінде. Өсімдік маусым-шілде айларында қарқынды өседі. Кей жылдары жас өсімдіктерінің биіктігі 41-71см дейін, кәрі өсімдіктерінің биіктігі 75-94 см-ге дейін барады.

Өсімдіктің жылдық тіршілік циклы біткен соң қыс айларында сабақтың көп бөлігі өліп қалады. Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей сабақтың түп жағынан ұзындығы  12-20 см болатын бөлігі ғана тірі қалады. Келесі жылғы сабақтар осы бөлігінде орналасқан бүршіктерден тарайды. Өсімдіктің тіршілік циклы 20-22 жылға созылады.

Оңтүстік Қазақстанның шөлейттерінде өсімдіктердің бойы мен өсу динамикасы олардың өзіндік өсу ерекшеліетерін білу керек. Тарлаудың экологиялық топтарының бәрі де бірінші жылы баяу өседі, ол вегетативтік мерзімнің бірінші жартысы болып саналады. Бұл кезеңде тамыржүйесі тез дамыды (9-шы кесте).

 

9-шы кесте – Тарлаудың тамыры мен сабағының өсу жылдамдығы

 

Анықтау мерзгілі

Негізгі тамыр ұзындығы

Сабақтың биіктігі

Негізгі тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне қатынасы

1-ші жыл

2-ші

жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

Сәуірдің басында

8,1

7,2

2,0

1,7

4,05

4,2

Сәуірдің аяғында

11,8

8,4

3,1

2,3

3,8

3,6

Мамырдың аяғында

37,0

16,2

9,8

3,9

3,7

4,1

Маусымның ортасында

76,0

52,0

21,0

9,9

3,6

5.2

Маусымның аяғында

91,1

-

52,7

-

1,7

-

 

Тарлаудың бірінші жылдағы вегетация кезеңіндегі баяу өсуі өсімдіктің көп жылуды қажет етуінен болады. Вегетативтік мерзімнің 2-ші жартысынан температуралық режимнің реттеуіне байланысты тарлаудың қаулап өсе бастайды немесе керісінше баяу өседі. Өсімдіктің өсу белсенділігін тереңірей зерттей келе, жылдың ыстық мезгілдерінде өсу жылдамдылығының артатынын байқаған. Осыған қарап тарлаудың жылулықты көп қажет ететіні байқалады. Бұл өсімдіктің онтогенез кезінде қайталанып отырытын филогенетикалық тарихына байланысты жағдай. Бұл тәжірибеден өсімдіктің экотиптерінің онтогенез кезінде суық температураға төзімді болып қалыптасқандығын байқаған. Жылдам өсетін тарлаудын тез арада жайылымды көгертіп пайдаға асатыны белгілі. Сондықтан тарлау экотипі ерте пайдалануға жарамды жайылым жасауға болады деп, ғалымдардың назарын өзіне алдарып отыр.

Кейбір кезеңдерде қоршаған ортаның факторларытарлау экотипіне қарсы әсер етуі мүмкін: топырақтың жоғары ылғалдылығы, ылғалдылық, температуралы өсімдіктін биологиялық талаптарына сай болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда тарлау шөбі метеорологиялық күйзеліске ұшырайды.

 

Сурет 10 – Тарлаудың тамыржүйесі

 

3.5  Тарлаудың өнімділігі

 

Тарлау шаруашылықтық маңыздылығымен шаруа қауымға жақсы танылған өсімдік. Қазірше қуаң аймақ жағдайында бұған тең келер дақыл жоқ. Себебі, жаз-күз айларында мал сүйсініп жейтін көк балаусамен қамтамасыз ететін бірден-бір өсімдік. ОҚО шөлейттік далаларда жогаргы өнімділікті тарлаудың оңтүстік экотипі. 7-кестеден көрсетілгендей бұл экотип 3 жылдың көлемінде орта есеппен 16,1ц/га құрғақ азықтық шөп берген, оның ішінде сабақтары – 10,3, жапырақтары мен генеративтік органдары – 6,2 ц/га. Табиғи шөптердің түсімі бұл  мезгілдерде орта есеппен гектарына 2,6ц.

Құмдақты экотиптердің арасынан ең өнімдісі Мойынқұмнан әкелінген тарлау болды. Оның орташа түсімі гектарына 8,0ц құрғақ пішен берді. Жапырақтары мен генеративтік органдарын қосқанда 33% немесе гектарына 2,7ц. Ең төменгі өнімділік Қырғызстаннан әкелінген құмдақ экотиптер болды – 5,2ц. 3-ші жылдық егісінде де осындай көрсеткіштер болды. Бұл жерде Қырғызстаннан әкелінген тастақ тарлаудың экотипі жоғары көрсеткішке жетті. Мойынқұмның құмдақ экотипі мен саздақты экотипі бірдей көрсеткішке ие болды: 21,8,  13,5 және 18,2ц/га құрғақ пішендеме берді. Тұқымның өнімділігі де вегетациялық кезеңдегі метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Тұқымдар мөлшері бірдей экотиптің өзінде де әр жылды әр түрлі болды.

 

3.6 Тарлау ұрығының технологиясы

 

Мол, тұрақты өнім өндіруде тарлау егуде оның әр түрлі экологиялық түрлерін қуаң аймақтың жағдайына сәйкес іріктеу шешуші орын алады.  Өйткені қолдан егілген изен егісі көп жыл бойы пайдаланатын болғандықтан, мұндай да жіберілетін қателікті кейіннен түзеу өте қиынға түседі.

Жабайы өсетін жем-шөп өсімдіктерінің тұқымы олар жинап алынғаннан кейінгі 1-6 айдың ішінде пісіп жетіледі. Тұқымды бұдан әрі сақтау оның шығымдылығының төмендеуіне немесе тіпті мүлдем шықпай қалуына әкеліп соғады. Сондықтан бүкіл егіс материалы оны дайындайтын жылы себілуге тиіс.

Өсімдіктің қаулап, жақсы өсіп шығуы оны себудің мерзіміне байланыста.  Перспективалы шөл далалы жем шөптік өсімдіктерді себудің оптимальді мерзімі – қарашаның екінші онкүндігінен желтоқсанның ортасына дейін. Бұдан кеш себілгенге қарағанда тұқым себудің бұл мерзімі өсімдіктің 2-3есе артық көктеп шығуын қамтамасыз етеді. Жылы қыста 3-5сантиметр тереңдікте еріген  топыраққа қаңтар айында да себуге болады.

Тұқымды топыраққа сіңірудің маныздылыгы зор. Топыраққа дұрыстап сіңірілмеген тұқым Қазақстанның оңтүстігінде болатын жылымның кезінде өніп шығады да, ал содан кейін ақпан және наурыз айларындағы таңертеңгі қара суық кезінде құрып кетеді. Тарлаудын тұқымын топыраққа сіңірудің оптимальді және терендігі 1,0см-дей болады. Бұл тәртіпті сақтау тарлаудын сәуірдің бірінші онкүндігінде көктеп шығуын қамтамасыз етеді. 1 гектар жерге тарлау тұқымын себу нормасы 3-4 кг. Тарлау тұқымын себу ССТ -3 сексеуіл-шөп сеялкасымен шашыратып себу немесе қатарлап себу әдісімен жүргізіледі. ССТ-3 сеялкасы МТЗ-50х,  МТЗ-52 және Т-40 А тракторларына тіркеледі, агрегаттың жұмыс өнімділігі тұқымды шашыратып сепкен кезде, сағатына 1,5га, ал қатарлап сепкен кезде 1,2га. Шаруашылықтарда ССТ-3 сеялкасы жоқ болса, онда КРН-4,2 культиваторын пайдалануға болады.

 

Сурет 11 – Өңдеу тереңдігіне байланысты тарлаудың далалық өнгіштігі

 

Шөл далада өсірілетін азықтық өсімдіктердің тұқымдарының кемдігіне байланысты, оларды көбейтудің бір әдісі сиректеп егу әдісі. Қатарлардың ара қашықтығы тарлауда 70-90см, теріскен, шоған, кеуректе де солай болады, тек қара сексеуілде 2,0м етіп егу керек. Негізгі егі тәсілі механикалық егу – ол сексеуіл-шөпті сепкішпен СШС-3 егіледі. Егер бұл механизм жоқ болған жағдайда астықтық немесе астықтық шөптерді себетін сепкіштерді пайдалануға болады (СУ-24, СЗТ-47 және КРН-4,2). Шөлде егілетін азықтық өсімдіктердің тұқымдарының жеңіл әрі ұшқыш болуы ескеріле келсе, ол тұқымдарды құмшауытқа немесе көңге араластырып егу қарастырылған- 1:3 қатынасы бойынша.

Батпақта өсетін тарлау тұқымының дәндерінің егілуі қиындық тудыр-майтын болғандықтан еш нәрсеге араластырмай еге беруге болады (10-кесте).

Тұқымдық егісті күту науқаны бірінші жылдан бастап, қолданылып жүрген мерзімнің бәрін де де жалғаса береді. Бірінші жылда сәуірдің орта шенінен басталады, ол кезде арам шөптен тазарту науқаны болады. Екінші жылында ерте көктемде тырмалап тастау керек. Үшінші жылда және әр жылы ерте көктемде кең қатарлы егісте аралық 8-12 см тереңдікте өңдеу жүргізу керек. Ерте көктемгі дискование жасау изенге өте пайдалы, оны 15- 20 градус бұрыштап 1-2 ізбен жүргізіп отыру керек. Тарлау егісіндегі ебелекті жою үшін пирамин мен хлорозонның қосындысын гектарға 2 кг есебімен ерте көктемде себуді ұсынады. Шөлдегі азықтық өсімдіктер егісіне шегірткелер, долгоносиктер, қоңыздар, күйе т.б. кеміргіштерден құм саршұнақтары зиян келтіреді. Егістікті зиянкестерден қорғаудың ең тиімді тәсілі алдын-ала әрекет жасау. Оларға, азықтық өсімдіктің тұқымдарын агротехникалық әдіс арқылы уақтылы жинап алу жатады. Зиянкестермен белсенді түрде күрес, олардың көбеюі кезінде күрес улы химикаттарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл мақсатта сәуір айының басынан бастап мамыр айында 12% дуст ұнтағымен бұрқыратып шашу арқылы залалсыздандырылады 1-25 кг. Егістікті улы химикатармен өңдеу ертеңгі және кешкі уақыттарда жүргізіледі.

Құм аймақтарының ерекшелігі өте ыстық және ауасы құрғақ. Жыл бойына және әрбір айлардағы ыстық кезеңдер, күннен бөлінетін радиация сәулелерінің көптігі Қазақстан аумағындағы ауа райын реттеп тұруға зор пайдасын тигізеді. «Қазақстанның ауа райы» деген анықтамада суммарлық радиация жылына 140-150, ал шілдеде, желтоқсанда 19 және 4 ккал/см2. Климаттың континентальдығы ауаның ыстықтығы, ылғалдың көп түспеуі

10-шы кесте – Мал азығындық шөл дақылдарын өсірудің үлгі ретіндегі    технологиялық картасы

 

Әр жылда жүргізілетін жұмыс түрі және оның орындалу технологиясы

Айы
Бескүндік

Агрегат

Топырақты дайындау және тұқым себу

Топырақты 20-22 тереңдікте жырту

Егіс алдында топырақты тегістеу

Тұқымды агрегатқа тасып әкелу

Егу

 

Себуден кейінгі нығыздау

X

 

XI

 

 

XI
XII
XI
XII

XI
XII

1-3

 

3-4

 

 

5-6

2-3

5-6

2-3

5-6

2-3

Т-150+ПН-4-35+3ККш-6

ДТ-75+-ПН-4-35+3ККШ-6

ДТ-75+-РВК-3

МТЗ-80+РВК-3

«Газель» немесе МТЗ-80+2ПТС

МТЗ-80+НРУ-0,5

МТЗ-80+ККН-2,8

Мал азығындық шөл дақылдары тіршілігінің бірінші жылы

Өскіндерді анықтау

Арам шөпті отау

Егістікке мал жібермеу

IV
IV

жыл бойы

2-3

4-5

-

 

МТЗ-80+-КПД-4

Мал азығындық шөл дақылдары тіршілігінің екінші және келесі жылдары

Арам шөпті отау

Күзде немесе қыста аздап мал жаю (екінші жылы)

Үшінші жылдан бастап малды ауыспалы жайы-лым тәртібімен жаю

IV

X-II

4-5

-

МТЗ-80+КПД-4

 

Қазақстанның мұхиттар мен теңіздерден алыс орналысуына байланысты. Территорияны солтүстік шығыс желдерінен Қаратау таулары сақтайды, оңтүстік шығыстан Талас жотасы ықтасын болып тұр, осының барлығы оңтүстік қазақстан климатының ыстық әрі құрғақ болуына зор әсерін тигізеді.

 

3.7 Жайылым экологиясы

 

Топырақтың беткі қабаты, жердің желдетілетін жоғарғы қабаты, оның негізгі қасиеті – құнарлық. Топырақтың көп құрамдығына байланысты онда интенсивті биохимиялық және геохимиялық реакциялар жүреді, олардың негізі күн сәулесі болып табылады. Жердің әртүрлі геологиялық этапындағы топырақтың түзілу процесіндегі, әсіресе құрлықтағы топырақ қабатының түзілуіндегі негізгі функцияларды микроағзалар, бактериялар және саңырау-құлақтар атқарады. Микроағзалар құрлықта өсімдіктерден бұрын қоныстанды.

Жақсы сақталған өсімдік қалдықтары сол дәуірдегі атмосфера құрамындағы оттегінің құрамын анықтайды.

Өсімдіктер құрлыққа шығынымен активті түрде атмосфера көміртек газы қолданып оттегімен байытады. Атмосферадағы көміртегінің азаюымен климат суйды, оның мезгілділігіне орай өсімдік түрлерін өзгертіп ғана қоймай химиялық құрамын өзгертеді. Оттегі құрамының 50% тиетін, өсімдіктің қоректік қорына полисахаридтер жатады.

Полисахаридтердің жиналуы суыққа пропорцианалды түрде жиналады, соған байланысты оттегі құрамы өзгереді. Қазіргі өсімдіктерде оттегі атмосфераға қарағанда екіесе жогары.

Соңғы жылдары агроөнеркәсіп кешенінде болған өзгерістерге байланысты мал шаруашылығында түрлі меншік нысандары құрылды. Іс қызмет бабы кезінде көптеген меншік түрі мамандарының жайылымға деген көз қарасының өз деңгейінде емес екендігін, оны қалай болса солай пайдаланатындығы байқалды. Ал, шынында, табиғи жайылым ғасырлар бойы қалыптасқанкүрделі экологиялық жүйе. Ол уақыт және кеңістік бойынша өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан жайылым экологиясы туралы сауаттылықты дамыту бірінші кезеңде жүзеге асырылуы керек.

Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін әр түрлі факторлар бар. Сондай факторлардың бірі Антропогендік фактор – адамның қызмет қорекетінен жаңа түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс – әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгеруі, табиғи қурауыштарының байланысы, жаңа кешендердің қалыптасуы.

Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік. Казыргі уақытта шөл аумағы 10 миллион шаршы километрге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 пайызына жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мысалы, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардыњ күтілмеуі, қорғаныш орман – тоғай белделері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстіңгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды.

Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену, т.б. туындауы.

 

 

3.8 Тарлау егістігінде әртүрлі жаңа гербицидтерді пайдаланудың өнімділікке әсері

 

Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде егу әдістемелігіне және әртүрлі гербицидтерді қолданылғанда өсімдіктің өнімділік дәрежесі ауа-райының қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты зерттеулер жүргізілген жылдары әр түрлі деңгейде болғанын байқаймыз. 2013 жылғы қазанның соңғы уақытына дейін жауын жаумастан далалық егістікте топырақты өңдеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Қараша айының бас кезінен жауған (79,3 мм) жауын топырақтың беткі қабатын ылғалдандырып күздік бидайды себу мүмкіндігі осы айдың үшінші онкүндігінің бірінші күні атқарылды. Желтоқсан мезгілі жылы болғандықтан күздіктің өсіп-дамуы жалғасып жатты. Ал 2014 жылдың қаңтары суық болып (- 5,30С) қар қалың болғандықтан (35 см немесе 118,9 мм) ктарлаудың қыстауына қолайлы болып, ақпан айының бас кезінен күн жылып жылы жауынның мол түсуінен (86,2 мм) дақыл өсіп дамуын жалғастырды. Осы жылдын наурызы да жыоы болды, күзде және қыста топырақ қабатында жинақталған ылғалды тиімді пайдаланып оның үстіне жаңбырлдың көп жылғы орташа көрсеткіші (79,1мм) түсті, өсімдіктін тез көтеріліп өсуіне өте ыңғайлы болып қалыптасты. Сәуірдың 1-онкүнінде 21,5 мм, 3-шісінде 18,3 мм жауған жауын, температуралық көрсеткіштің 15,20С төңірегінде қалыптасуы тарлаудың биік болып өсіп болашақ мол өнімнің негізін қалады. Мамырдың аяғына таман жауын жаумай, температуралық режимнің I –онкүндікте -16,40С, II–онкүндікте -23,80С болуы топырақтағы ылғал қорымен бірқалыпты дамуына оң әсер етті. Осы айдың соңғы күндері жауған жауын (28,8 мм) дақылдың пісіп жетілуіне, дәннің толық болуына қолайлы болды.

Нәтижесінде өсімдікті топырақты өңдемей СЗС-2,1дәнсеккішті пайдаланыап тікелей сеуіп, ерте көктемде наурыз айының екінші онкүндігінде азот тыңайтқышымен N35 кг/га ә.з.е.  үстеп қоректендіріп, соңынан тырмалап, арамшөптерге қарсы гербицидтерді жоғарыда айтылған мөлшерде араластырып қолданғанымызда ең жоғарғы өнім төртінші нұсқада қалыптасты, гектарына есептгенеде 27,88ц (11-кесте).

Ал үшінші нұсқада топырақты өңдемей тікелей сеуіп, ерте көктемде үстеп қоректендіріп N35 кг/га ә.з.е., тырмалап, тек қана гектарына 700г Диален супер 480 с.е. гербицидті пайдаланғанда өнімділік көрсеткіші 24,68ц құрад. Бесінші нұсқада топырақты өңдемей тікелей сеуіп, үстеп қоректендіріп, тырмалап, гектарға шаққанда 400 грамм Топик 080 э.к. гербицидін қолданғанда өнімділік деңгейі-20,97ц құрады. Ертеден өндірісте ұсынылған бақылау нұсқасында –топырақты күзде негізгі өңдеп ірі кесектерді екі рет ауыр малалармен уақтап соңынан СЗ-3,6 дәнсепкішімен гектарына өндіргіш тұқым 4млн. сеуіп, ерте көктемде N35кг/га ә.з.е. үстеп қоректендіріп, тырмалап, арамшөптерге қарсы Диален супер 480 с.е. қолданғанда гетарға 24,77ц дән бастырылды. Өндірісте қалыптасқан технологияда, яғни гербицид қолданылмаған нұсқада гектатрына 14,9ц өнім алынды. Демек, егістіктегі арамшөптердің түріне байланысты қолданылған гербицидтердің әсер етуі әр түрлі болып өнімділік көрсеткішінің әртүрлі дәрежеде қалыптастыратыны байқалды. Зерттеулер нәтижесінде байқалғаны гектарына есептегендде 400г Топик 080 э.к. гербицидті қолданғанда негізінен астық тұққмдастардағы арам шөптреге күшті әсер етіп толық жояды (жабайы арпа немесе «қарақылтық», мысыққұйрық, жатаған бидайыққа, тауық тарысы т.с.с.). Бұл гербицид у кекіреге, егістік қырыққабатқа, жантаққа, мияға әсері өте төмен екендігі анықталды. Ал, гектарына 700г Диален супер 480 с.е.гербицидіннде біржылдық және көп жылдық арамшөптердің көбінесе әсер ететінін және арамшөптердің алғашқы өсу дәуірінде қолданғанда өте тиімді болатынын анықталды. Дегенмен, Диален супер 480 с.е.гербицидінің жоғарыда аталғаан өсімдіктиеріъдің арамшөптеріне нашар әсер ететіні байқалды.

 

11-ші кесте – Егу әдістемелігіне байланысты және әр түрлі жаңа гербицидтер қолданудың өнімділікке әсері

 

Тәжірибе нұсқалары

Зерттеу жүргізілген жылдардағы өнім, ц/га

Орташа өнімділік, ц/га

2014 ж.

2015 ж.

 

Өндірісте қалыптасқан технология (гербицидсіз) - бақылау

14,9

10,9

14,2

Ұсынылған агротехнологиялық жүйе (бақылау)- үстеп қоректендіру N35кг/га ә.з.е.  + тырмалау + гербицид қолдану Диален супер 480 с.е.-0,7 л/га

24,8

17,7

20,9

Тікелей себу   СЗС-2,1

үстеп қоректендіру N35кг/га ә.з.е. + тырмалау +гербицид қолдану Диален супер 480 с.е.-0,7 л/га

24,7

16,9

20,4

Тікелей себу   СЗС-2,1

 үстеп қоректендіру N35кг/га ә.з.е. + тырмалау  + гербицид қолдану Диален супер 480 с.е. -0,7л/га + Топик 080 э.к.-0,4л/га аралас қосындысы

27,9

19,9

25,0

Тікелей себу   СЗС-2,1

үстеп қоректендіру N35кг/га ә.з.е. + тырмалау + гербицид қолдану Топик 080 э.к.-0,4 л/га

21,8

17,2

20,9

Тікелей себу   СЗС-2,1

 үстеп қоректендіру N35кг/га ә.з.е. + тырмалау  + гербицид қолдану Истребитель в.д.г. 15 г/га + Эферам  к.э. - 0,4 л/га

__

19,1

22,7

ЕКЕА05=  ц/га

0,83

1,91

-

Р, %

3,6

1,12

 

 

2014 жылдың күзі жауын-шашынды болып тарлауды қараша айының алғашқы күндері топырақты өңдемей тікелей СЗС-2,1 дәнсепкішімен егуге мүмкіндік болды. Дақыл өскіні жер бетіне тез өсіп шықты. Дегенмен бұл жылы қыс қараша айының соңғы аптасынан басталып қардың қалыңдығы 17-23 см төңірегінде тегіс түсіп, желтоқсан айындағы қардың ең жоғарғы қалыңдығы 44 см жетті, дегенмен топырақта тоң болмады 3 см тереңдікте -1,00С төңірегінде температуралық көрсеткіш қалыптасты. Ақпан айының бас кезінен күн жылы болып (I онкүндікте - +7,10С, II - +2,90С, III онкүндікте – 0,10С қалыптасып, орташа температуралық көрсеткіш +3,60С болып, 96,3мм жауын жауды, ал көпжылдық көрсеткіш сәйкесінше -1,70С, -0,40С, +1,20С, -0,30С және 63,0 мм) құрап, өсіп дамуын жалғастырды. Наурыз (орташа температурасы +6,60С, жауын мөлшері 72,5 мм), сәуір (Т-16,10С және R-84,1мм), мамыр (T-19,40С және R-44,5 мм) айларында ауа-райы дақылдын қарқынды өсуі мен даму кезеңдеріне өте оңтайлы болып қалыптасты. Осы жылы ертеден ұсынылған технологиялық жүйеде және топырақты өңдемей сеуіп өсімдіктін дамуында ерте көктемде N35 кг/гаә.з.е. үстеп қоректендіріп, тырмалап, гектарына 0,7л Диален супер 480 с.е. гербицидін қолданған нұсқаларда өнімділік көрсеткіші сәйкесінше 20,3 және 19,7ц/га болып деңгейлес қалыптасты. Дакылды тікелей сеуіп, үстеп қоректендіріп, тырмалап, гектарына 0,4л Топик 080 э.к. гербицидін қолданғанда өнімділігі 22,9центнерге жоғарылады.

Тарлауды тікелей сеуіп ерте көктемде азот тыңайтқышымен N35 кг/га ә.з.е. үстеп қоректендіріп, ылғал жауып тырмалап, жаңа гербицидті (Истребитель с.д.т.) гектарына 15 литрден, Эферам э.к. гербицидін 0,4 литредн аралас қосындысын  қолданғанда өнімділігі артып, гектраны 26,27 центнер құрады. Мұнда ең жоғары өнімділік (27,1ц/га) тікелей сеуіп, үстеп қоректендіріп, тырмалап белгілі мөлшерде гербицидтерді аралас қосындысын қолданған нұсқада қалыптасты. Бұл жылы бақылау нұсқасында (гербицид қолданбаған нұсқада) дақылдын өнімділігі 14,88ц/га құрады.

2014-2015 жылдары желтоқсан айының 19 жұлдызында түскен қар келесі жылдың ақпан айының ақырғы күндерінде еріді (27-28.02.2015 ж). Демек, тарлау 72 күн қар астында жатып қалыптасқан 0,00С температуралық режимде баяу да болса демалу процессі жүріп, бойындағы пластикалық заттардың қоры шығындалды. Нәтижесінде көктемге қарай 25% күздіктің өскін саны кемігенін анықтадық. Наурыз айындағы ауа-райының қолайсыз болуы, жалпы осы жылдың көктемінен құрғақшылық қалыптасу нәтижесінде дақылдардың өнімділігі оңтүстік өңірінде өте төмен болды.

Дегенмен, тәжірибе алқабындағы ең жоғарғы дақылдың өнімділігі 19,9ц/га топырақты өңдемей тікелей сеуіп, ерте көктемде үстеп қоректендіріп N35 кг/гаә.з.е., арамшөптерге қарсы гербицидтержің аралас қосындысымен өңдеген нұсқада байқалды. Яғни, гектарына Диален супер 480 с.е. гербицидін 0,7ц мөлшерімен жеке өзін қолданған нұсқаға қарағанда өнімділік деңгейі 2,99ц/га жоғарылады. Алтыншы нұсқада күздікті топырақты өңдемей тікелей сеуіп, азот тыңайтқышымен N35 кг/гаә.з.е. үстеп қоректендіріп, түптену дәуірінде ылғал жауып тырмалағанда және танапты гектарына 15л (Истребитель с.д.т. гербициді) мен 0,4л (Эферам э.к. гербициді) аралас қосындысымен өңдегенде өнімділік басқа нұсқаларға қарағанда тәп–тәуір жоғары деңгейді көрсетті (гектарына 19,09ц). Ал бақалау нұсқасында күздік бидайды ертеден ұсынылған технологиямен өсірген кезде әр гектардан 17,7 центнер өнім жиналды. Тікелей сеуіп, үстеп қоректендіріп, тырмалап, егістікті тек қана Диален супер 480 с.е. гербицидімен өңдегенде 16,87ц/га өнім, ал төртінші нұсқада Топик 080 э.к. гербицидін қолданғанда өнімділігі 16,93ц/га болды. Жлапы, аталған нұсқаларда өнімділік көрсеткіші деңгейлес болып, дисперсиялық талдаулар нәтижесінде нұсқалар арасындағы айырма (гектарына 0,9; 0,5; 0,3га) ең кіші елеулі айырмадан төмен болып, тәжірибе нұсқаларындағы агротехнологиялық жүргізілген шараларға байланысты айырманың шынайлығы анықталмады.

 

 

3.9 Зиянкестерге төзімділігі

 

Мәдени өсімдіктерге айналдырылған табиғи жабайы өсімдіктер зиянкестерден зардап шегіп жатады. Ғалым А.Г.Давлетшинаның [54] зерттеулеріне қарағанда тарлау өсімдігіне зиянкестік жасайтындар саны 90 түрлі болады екен. Оның ішіндегі ең қауіптілері чернотелки, долгоносиктер, жуки-кравчики, личинки хрущей, проволочники, цикадки, тли т.б. Бақылаған кезеңдерде бұл зиянкестерден басқа да көптеген зиянкестер изенге орасан зор зиянын тигізеді екен. Олар гусеницы жузгунового шелкопряда және  жуки нарывники. Жүзгеннің жібек құрттары тарлауды сәуір айының жартысынан бастап жеп жап-жалаңаш етіп, тек сабағын ғана қалдырады. Бұл құрттар тарлаудың түбінде топталып орналасады, әр түпте 8-12 данадан болады.

Тарлаудын басқа түрлері онша көп зақымданбаған. Бұл тарлаудын экотипінің сонша зақымдануы жапырақтарының жерге дейін иіліп салуында деп түсіндірілді. Құрттармен зақымданған тарлау бұталары азықтық өнім түсімін төмендетті. Тарлаудың генеративтік органдарына негізгі зиянкес – жуки- нарывники. Бұл қоңыздардың пайда болуы өсімдіктің түйін салуға әрекет жасаған кезіне (сәуірдiң аяғы, мамаырдың ортасы) сәйкес келді. Қоңыздар көктемгі кезде эремерустың жемісімен қоректенеді, мамырдың бірінші онкүндігінен бастап тарлау өсімдіктеріне жайласып алады. Содан мауcымның аяғына дейін тарлауға зиянын тигізеді. Тарлаудың зиянкестік залал шегуі онша көп болмайды. Себебі бұл экотиптердің гүлдеп түйіндеуі басталады.

Зерттеу нәтижесі тарлау экотиптерінің зиянкестеріне төзімді екендігін көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды: тарлау экотиптерінің зиянкестерге жем болуының себебі өсімдіктің жерге жайылып жататындығында. Ғалымдар келешекте зиянкестерге төзімді тарлау экотиптерін шығарады деп сенеміз. Далалық-зертханалық зерттеу нәтижесі мынаны көрсетті: Қазақстанның оңтүстігіндегі шөл далаларында егілген тарлау шөбінің экотиптерінің ішінен биологиялық-экологиялық және шаруашылык бағалылығы жағынан да ең тиімдісі тастақтағы тарлау экотипі болды.

Тарлау егістігін арамшөптің басуы. Оңтүстік Қазақстан өңірінде астықты дақылдар егістік алқаптарында арамшөптердің көптеген түрлері кездеседі. Күздік дақлыды тіке себу технологиясында кездесетін аса зиянды біржылдық арамшөптерге қарақылтық, кәріқыз, жабайы қызғалтақ, жабайы бұршақ т.с.с., ал көпжылдық арамшөптерге егістік қырыққабат, қызғылт у кекіре, жантақ, егістік тікенқурай т.с.с. өсімдіктер жатады.

ОҚО дәнді дақылдар егістігінің фитосанитарлық жағдайларын анықтау үшін шаруашылықтардағы дәнді егіс танаптарына экспедицияға шығып зерттеу жасалынды. Егіс алқаптарына фитосанитарлық баға беру мамыр айының алғашқы күнінен ортасына дейін егіс алаңдарын зерттеп аралап көру арқылы атқарылды, өйткені дәл осы мезгілде негізгі және қауіпті арамшөптердің кездесуіне баға беруге мүмкіндік болады. Зерттеудің нәтижесі бойынша негізгі кездесетін арамшөптер анықталды.

Облыс территориясын 4 аймаққа бөле отырып, дақылдардың арамшөптермен ластану дәрежесіне сипаттама берілді. Дәнді дақылдар егістігінің арамшөптермен ластануын төрт баллдық шкала есебі арқылы жүргізілді.

Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тәлімі жерлерже өсірілетін астық дақылдарының егістіктерінде арамшөптердің басуы табиғи-климаттық ерекшеліктеріне және жергілікті топырақ құрылымының өзгешелігіне байланысты, топырақты өңдеу мәдениетінің дәрежесіне қарай аймақтарды тексеру барысында өзгеріп отыратыны анықталды.

Әр түрлі агроқұрылымдардың егістіктеріндегі арамшөптермен ластануы дәрежесін тексеру, бірінші аймақтың ылғалмен қамтылған жерде астық тұқымдас дақылдары мен көпжылдық шөптесін өсімдіктер егістігінде арамшөптердің біржылдық және тамыр сабақты өсімдіктер кездесетіні байқалды (12-ші кесте).

Ылғалмен қамтылмаған жер жағдайында арамшөптердің түрі мен саны және олардың соңғы жылдары көктеп көбейгендігі дәлелденді. Бұл аймақтың тарлау дақылдары мен көпжылдық шөптесін өсімдіктер егістіктері тамыратқыш және тамырсабақты арамшөптердің негізгі түрлерімен ластанған. Соңғы кезде егіс алқаптарын жабайы арпа немесе «қарақылтық» және егістік қырыққабат арамшөптерімен ластануы қарқынды болып, жылдан-жылға ұлғайып көбеюде.

 Тарлау егістігінде негізінен құрғақшылыққа төзімді арамшөптер кездеседі. Көпжылдық арамшөптерден жантақ, қызғылт у кекіре, егістік тікенқурай т.б., ал біржылдықтардан егіс қышасы, қарақылтық, егістік қанатжеміс және жабысқақ қызылбас, т.с.с. таралған. Сонымен қатар өте қатты ластайтын раң (эфемер) тектес арамшөптердің кездесетін түрлері кәдімгі қараот, қойтікен және т.с.

12-ші кесте – Оңтүстік Қазақстанда тарлау егістігін ластайтын негізі арамшөптер

 

Біржылдық арамшөптер

Жабайы арпа немесе «Қарақылтық»

Дикий ячмень

Hordeum spontaneum

Жабысқақ қызылбояу

Подмаренник цепкий

Jalium aparine

Егіс қышасы

Горчица полевая

Sinapis arvensis

Ит қызғалтақ

Мак самосейка

Papaver rhoeas L

Жатаған теміртікен

Якорцы стелящиеся

Tribulus terrestris

Жабысқақ қызылбас

Прицепник  липучковый

Caucflis lappyla

Қаңбақ

Перекати поле

Salsola ruthenica

Жабайы бұршақ

Горох полевой

Pisum arbensis

Тау шырмауығы

Горец вьюнковый

Poligonum convolvulus

Қойтікен (шошқа тікен)

Дурман обыкновенный

Datura stramonium

Егістік қанатжеміс

Ярутка полевая

Thlaspi arvesis

Иіссіз түймедақ

Ромашка непахучая

Matricaria  inodera

Жұмыршақ

Пастушья сумка

Capsella bursa- pastoris

Көпжылдық арамшөптер

Егістік қырыққабат

Полевая капуста

Brassica campestris

Сасық сарықурай

Ферула  вонючая

Ferula assa

Сарықурай сасыр

Ферула широкрылая

Ferula foetida

Жатаған бидайық

Пырей ползучий

Elytrigia repens

Жатаған у кекіре

Горчак ползучий

Acroptilon repens

Кәдімгі жусан (қараот)

Полынь обыкновенная

Artemisia vulgares

Қызғылт у кекіре

Горчак розовый

Acroptilon repens

Есекмия жуанжемісті

Софора толстоплодная

Sophora pachycarpa

Мия түйетабан

Софора парнолистная

Sophora difolia

Жантақ

Колючка верблюжья

Alhagi camelorum

Шырмауық

Вьюнок полевой

Convolvulus arvensis

Мия

Солодка

Clucurchiga glabre

Егістік тікенқурай

Осот полевой

Sonchus arvensis

Ажырық

Свинорой

Cynodon dactylon

Атқұлақ қымыздығы

Шавель конский

Rumex contertus

Алабұта

Марь белая

Chenopodium album

Жабағы тұрып

Редька дикая

Raphanus raphanistrum L.

Шайқурай

Зверобой

Hypericum

 

Сондықтан зерттеу нәтижелері барысында арамшөптердің және олармен күрес шараларын ескеріп, түр құрамы мен биологиялық ерекшеліктерін ескеріп әр түрлі жаңа жүйелік гербицидтерді оларға қарсы пайдаланған кезде арамшөптерді жоюмен қатар, олапрлың өсуі, дамуына колайлы жагдай жасап, жоғаргы өнім алу мақсатталынды.

Тарлау егістігінің ластану деңгейі туралы нақтылай мәлімет алу үшін алуан түрлі агроқұрылымдарда жыл сайын зерттеулер жүргізіліп, арамшөптердің саны және түр құрамы анықталды.

Біздің тәжірибе танабымызда 30-ға жуық арамшөп түрлері кездесіп, олардың ішінде егістікте жиі ластайтын түрлері төмендегілер болды: көпжылдықтардан қызғылт у кекіре, жантақ, мия, шайқурай, жатаған у кекіре, егістік тікенқурай, жабайы қырыққабат т.с.с., ал біржылдықтардан – жабайы бұршақ, жабайы арпа немесе «қарақылтық», жабайы қызғалтақ, жабысқақ қызылбояу, т.с.с. Өсімдіктердің санын шаршы метрге есептегенде 86-181 данаға дейін кездеседі. Бұл арамшөптердің ауылшаруашылық өндірісінің егіс алқаптарының өнімдерін 40-60 пайызға төмендететіні анықталды.

Тәжірибе танабында жиі кездесетін қауіпті арамшөптердің биологиялық қасиеттерін бақылау жүргізілді.

Қызғылт укекіре – (Асroptilon repens) тамыржүйесі тік тереңге кететін, күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Өсімдіктің тамыржүйесі жаксы жетилген, сабағы тіке өседі. Ылғал көп жылдары бойы 50-60 см жетіп, қызғылт реңді гүл ашады. Өсімдік тұқымымен және тамыр бүршігі өркенімен кебейеді. Өсімдік ауа-райы жылып, қызған сайын күшті өсіп-сабақтанып, бидайдың өсіп-дамуына кедергі келтіріп, күйдіріп жібереді.

Жабайы арпа – (Hordeum spontaneum) – бұл өсімдік мәдени арпа дақылының ата-тегі. Биологиялық ерекшелігіне байланысты тұқымының өніп-өсіп шығуына дейін, өзінің көлемінен он есе көп ылғал кажет. Мәдени екпе дақылдарға қарағанда 10-13күн кеш шығады, ал қыстап шығуға өте төзімді және түптенуі де күшті. 1 дәннен 4-6 сабаққа дейін шығарып бас байлап тұқым береді. Бұл өсімдіктің ерекшелігі сабағының жұмсақтығы, бірақ жатқан сабағы дән беріп үлгереді, дәнді дақылдардан 10-15күн ерте-пісіп жетіледі, дәні тез төгілгіш. Арамшөп тұқымымен кебейеді. Бұл өсімдік дәнді дақылдарға өте ұқсас, өніп-өсу кезеңінде жапырағының жалпақтығына қарап қана ажыратуға болады. Қарақылтық арамшөбінің түптену кезеңі басталар алдында оларға гектарына Топик 080 э.к. гербициді 400-500 г мөлшерінде пайдаланғанымызда жапырақтары бұралып өсіп-дамуы тоқтап өсімдік ауырып өспей тұрып қалғаны байқалды. Егер ол түптеніп түтікше шығару кезеңі басталған кезде гербицидпен өңдегенімізде жоқ дегенде бір бас шығарып дән беріп үлгеретіндігі анықталды.

Жабайы бұршақ – (Pisum arbensis) бұршақ тұқымдасына жататын шөптес өсімдік, гүлі ақ түсті, дән қауашағында 3-4 дана дән болып, толық піскен кезінде қауашағы жарылып, төгілу арқылы көбейеді. Дәні қара-қоңыр қосжарнақты, сопақша дөңгелектеу, бидай дәнінен сәл ғана ірі болып келеді. Өсімдік  ылғал сүйгіш, ылғал жақсы түскен жылдары 50-60см өсіп дәнді мол байлайды. Дәнді дақылдардан 15-20күн ертепіседі, егіс алқаптарын қатты ластайды.

Жабысқақ қызылбояу – (Jalium aparine) рияндар тұқымдасына жататын қыстап шығатын шөптес өсімдік. Арамшөп бойының биіктігі төмен болып, тұқымының сыртында майда жабысқақ тікені бар, тұқымды өте көп байлап сол арқылы көбейеді. Сәуір айының I онкүндігінде гүл ашып мамыр айының III онкүндігінде тұқымы пісіп жетіледі де, егіс алқабының топырағын қатты ластайды. Дәні сопақша бидай дәнімен бірдей болады, бойы төмен болуына байланысты ары-бері жүрген техниканың басып жаншуы, малдың тұяғының әсері арқылы шашылып-төгіліп көбейеді.

Түйекарын (Btassice catnpestris) – тамырсабақты арамшөп. Өсімдік тек тұқыммен емес, сонымен қатар топырақ қабатындағы аударуға келетін терең тамыр қалдықтары арқылы да көбейеді. Жазда тұқымдары толық піскенде бұл өсімдік әртүрлі бағытта желмен домалап ұшады. Пісіп жетілген тұқымдары өздігінен төгіліп егісті алқаптың ластануы жоғарылайды. Арамшөп өте өсімтал.

Көпжылдық арамшөптердің биологиялық тұрғыдан ерекшеліктеріне қарай тамыр жүйесі өте жақсы дамыған. Жаңадан жасақталған қысқа ротациялық жүйеде ұсынылған агро- және технологиялық-химиялық күрес іс-шараларын ұтымды пайдаланып егіс алқаптарының ластануын күрт төмендетуге, арамшөптердің өсіп-дамуына үлкен тосқауыл жасауға болады. 

Тарлауды өсірудің ерекшелігіне орай арамшөпте санының қалыптасуына әсері. ОҚО күздік бидай – негізгі азық-түлік дақыл. Егілетін дәнді дақылдардың ішінде оның егіс көлемі 80-90% құрайды. Тарлау негізінен тәлімі жерлерде барлық агроқұрылымдарда өсіріледі, оның өнімділік көрсеткішіне және сапасына арамшөптермен ластануы керіәсер етті. Арамшөп егістікте топырақ құрамында кездесетін өзіне қажетті заттарды басқа дақылдармен бәсекелестік жасай отырып өз бойына сіңіріп, күздік астықты көлеңкелеп, ластап өнімділікті 40-60% төмендетеді. Әсіресе бүгінгі таңда қалыптасқан объективті және субъективті жағдайға байланысты шаруа қожалықтарында топырақты өңдеудің ұсынылған жүйесінің сақталмауына байланысты масақты дақылдар егістігінің ластануы сын көтермейтін жағдайға жетті.

Жоғарыда атап өткеніміздей, тарлауды топырақты өңдемей тікелей себу бағытындағы жұмыстар тәжірибе танабында ауыспалы егістікте мақсары дақылынан кейін жүргізілді.

Біздің тәжірибелеріміз көрсеткендей тікелейсебу технологиясында арамшөптер біршама көбірек кездесетіні және қолданылған агротехникаға, ауа-райы температуасының көтерілуіне байланысты кейбір біржылдық майда арамшөптердің өсіп-даму кезені тез аяқталып, саны жағынан азайғаны белгілі болды. Ал оның есесіне көпжылдық арамшөптер күшті өсіп-дамып егілген дақылдың бірқалыпты өсуіне керіәсерін тигізеді, тарлау өнімін барынша төмендететіндігі анықталды.

Тарлау егісін арамшоптин басуының бастапкы молшері өсіру технологиялык ерекшелігіне байланысты шаршы метррге есептегенде 102-133данада ауытқыды, ал массасы сәйкесінше 618,8-685,1 г/м2 деңгейінде қалыптасты. Осы кезде егістікте кеңінен кездесетін қос жарнақты жабайы бұршақ, шырмауық, жабысқақ қызылбояу, егістік қырыққабат, қызғылт у кекіре, жатаған у кекіре, жантақ, атқұлақ қымыздығы, кәдімгі қараот, мия, есекмия жуанжемісті, ит қызғалтақ, алабұта және басқа да арамшөптер қарақылтық, жатаған бидайық, ажырық т.с.с арамшөптер вегетациясын жалғастырып, бидайдың өсу-дамуына кері әсерін тигізіп, олардың дүркіреп тез өсіп жатқаны байқалды. Әсіресе, жабайы бұршақ пен жабысқақ қазылбояу күздіктің сабағына оралып масақ шығар алдында астықты дақылдың масақ бастарын төмен қарай иіп биіктеп өсуін тежейтіні анықталды. Жоғарыда айтылған арамшөптер табиғаттың келеңсіз жағдайына тез бейімделіп, астықты дақылдармен бәсекелестікте жайқала өсіп топырақ құрамындағы қажжетті заттар ұтымды пайдаланылып, күздік астықтың дамуын тежеп, өнімділігі күрт төмендетті.

Бақылау нұсқада өнімді жинар алдында жүргізілген есеп бойынша арамшөп саны 56 дана/м2 болып, массасы 327,9 г/м2 төмендеді. Яғни, арамшөптің саны 52,7% кемісе, массасы 49,6% азайды. Бұл кезде біржылдық арамшөптер толығымен пісіп, тұқымын егістік алқапта шашып үлгереді. Негізінде астықты жинар алдында, өсіп дамуын жалғастырып жатқан көпжылдық арамшөптер болды (жантақ, жатаған у кекіре, қызғылт у кекіре, мия, есекмия жуанжемісті, ажырық т.с.с).

Тәжірибенің екінші нұсқасында тарлауды топыракты өндемей СЗС-2,1 дән сепкішпен тікелей сепкенде арамшөп басуынын бастапкы мөлшері 122,0 дана/м2, массасы 676,4 г/м2 болды. Күздік бидайдың түтіктенуі арамшөптін санының бастапқы мөлшерінен 38,3%, массасының 33,7% кеміді, өнімін жинар алдында арамшөп саны шаршы метррге есептегенеде 67,59дана, массасы 362,1 г/м2 болды, қалыптасып арамшөптің бастапқы мөлшерінен сәйкесінше 44,5 және 46,4% кеміді. Яғни, өсімдікті тіке сепкен кезде арамшөп саны да, массасы да өндірісте қалыптасқан технологияға қарағанда күздіктің даму кезеңінің барлық дәуірінде жоғары болғаны анықталды.

Өсімдікті тіке сеуіп, көктемде ылғалды сақтауда тісті тырмалармен БЗТС-1,0 өңдеген нұсқада күздіктің түтіктену тәуірінде арамшөптер саны 65дана/м2, ал массасы 412,7 г/м2 болды.

 

3.10 Жайылымдарды жақсартудың экономикалық тиімділігі

 

Тарлау өсімдігі шаруашылықтық пайдалылығымен катар экономикалық тиімділігімен де ерекшеленеді. Оңтүстік өңірінде мал жыл бойы жайылымда болған жағдайда, жем – шөпке барлық шығынның 11 – 14 проценті жұмсалса, осы түліктің жаңа тұқымдарын өсіргенде немесе малды жартылай қолда ұстағанда, 22 проценттен 25 процентке дейін, толық қолда баққанда 45-42 проценті жұмсалады. Шөлді- шөлейтті аймақтарда малды далада ерте көктемнен (эфемерлер мен ерте өнетін тағы басқа шөптерде) қоңыр күзге дейін (тіпті жылдың салқын кездерінде де өзінің қоректік қасиетін сақтайтын жусанды – ащылы өсімдіктерге) жою мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады.

Мысалы, кейбір шаруашылықтардың бірқатарының деректері бойынша, бір отар қой көктемгі – күзгі жайып – бағу кезеңінде 10 тоннаға дейін салмақ қосады екен. Жартылай қолда болған жағдайда, мұның өзі қой етінің, елтірінің және қозының өзіндік құнының төмен болуына ықпал етеді. Алайда қыста азықтың жетіспеуі жайып – бағудан келетін бұл пайданы мүлде жоққа шығаруы ықтимал.

 

13-ші кесте – Жалпы дайындық жұмыстарға кеткен шығындар

 

Көрсеткіштер

Соммасы, теңге

үлесі

1.

Топырақты дайындау және тұқым себу

97297,5

65,0

2.

Мал азығын шөл дақылдары тіршілігіне дайындау

37387,5

25,0

3.

Басқа да шығындар

14865

10,0

4.

Барлығы

149550

100,0

Агротехникалық құралдарға кеткен шығындар

Агротехника құралдарының аталуы

Са-ны

Бірлігі-нің бағасы

Тасымалдау-ға кеткен шығындар

Жалпы сметалық құны

Амортизация-лық бөліну

%

теңге

%

теңге

1. ССТ-3 сеялкасы

2. МТ352 трактор

3. Т30А трактор

1

1

1

120000

1584000

2112000

30,0

30,0

30,0

475200

36000

633600

2059200

156000

2745600

10,0

15,0

10,0

20592

2340

27456

Жалпы

 

 

 

 

4960800

503880

Ескерілмеген құрал жабдықтар

 

 

 

 

496080

5038,8

Инструмент және инвентарь

 

 

 

 

49608

503,8

Барлығы

 

 

 

 

5506488

55930,7

                   

 

Сондықтан қысқа жем – шөптің жеткілікті қорын жасау түліктің өткен жайып – бағу кезіндегі қндылығын қосқан салмағын сақтауына, сүйтіп келесі көктемнен күзге дейін одан әрі алуына жағдай жасайды.

Тарлау екпе егістігі 20жылға дейін пайдалануға болады. Бір гектар қоршаулы тарлау екпе егістігін жасау үшін 9,9 теңге 70 тиын жұмсалған. 3-ші жылдан бастап бір гектарға 5ц-ден азық өлшемін берген. 1ц а.ө. 5 мың 71 тиыннан таза пайда келтіріп отырған.

Тарлау егістігін кеңінен енгізу қазіргі түрлі меншік ұжымдарының өз күшімен тарлау жайылымын жасауға мғмкіндіктері жоқ. Сондықтан бұл істі мемлекет өз қолына алғаны дұрыс болар еді.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Оңтүстік Қазақстанның шөлдегі жайылымдары, республиканың Оңтүстік облыстарындағы мал шаруашылығын дамытудағы бірден – бір азықтық қоры. Бұл жайылымдар, қатал табиғат жағдайымен, топырағының құнарсыз болуымен, вегетация мерзімінің ұзаққа созылып, түсімінің аздығымен ерекшеленеді. Сондықтан бұл жайылымдарды мәдени түрге айналдыру, табиғи шөптерді тұрақтандыру кезек күттірмейтін мєселе. Бұл тұрғыдан тарлау өсімдігіне тең келетін шөлге төзімді өсімдік жоқ.

2. Тарлау – полиморфты түр. Бұл өсімдіктің түрлерін ашуға және кез-келген климаттык жағдайларга карай бейімдеп өсіруге мүмкіндік береді. Тарлау экотиптерінің ішіндегі Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайына тиімдісі – кеш пісетін экотип. Бұл тарлаудын бойы (50-78 см). Азықтық құнарлыгы отежоғары, түсімі 15,4-21,8ц/га. Өсімдік органдарындағы протеин мөлшері 8,6-23,2%, құрғақшылыққа, зиянкестерге төзімді. Орташа пісетін экотип –құмда өсетін тарлау – бұтақтары нәзік, протеин мөлшері 10,9-12,6%;

3. Оңтүстік Қазақстанның құмшауыт, ашық сұр топырақты тау етегіндегі жазықтарда өсетін тарлаудың ең дұрысы желтоқсан айында егіп тастау. Тарлаудың тұқым себудегі оптимальдық шамасы (10,0-12,8ц/га), ягни 2,6млн/дана әр гектарға.

4. Тарлауды зерттеген уақытта мынадай өсімдік пайда болды; сабақтары әртүрлі, вегетациялык мерзіміде әртүрлі, өсімдік биіктігі, жапырағының қалыңдығы, бұтақтылығы, химиялык курамы да өзгеше. Бұл ғалымдарға селекциялық – тұқым шаруашылығында зерттеуді жүктейді.

5. Оңтүстік Қазақстанның тәлімі сұр топырақты аймағында күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей сеуіп өсірген кездегі ең жоғарғы өнім 25,0 ц/га болды, бақылау нұсқасынан 10,8 ц/га артық өнім жиналды. Осы өнім ерте көктемде күздікті азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіріп N35кг/га ә.е.з., тырмалап, арамшөптерге қарсы Диален супер 480 с.е.- 0,7 л/га +Топик 080 э.к. -0,4 л/га гербицидтерінің аралас қосындысымен өңдеген кезде ең жоғарғы нәтиже берді.

6. Зерттеулер нәтижесінде жаңа Истребитель с.д.т. -15 г/га +Эферам э.к.-0,4 л/га гербицидтерінің аралас қосындысымен өңдеу нұсқасында күздік бидай өнімі 22,7ц/га құрады, демек ерте көктемде үстеп қоректендіріп, тырмалап, арамшөптермен ластану түрі мен дәрежесіне байланысты гербицидтердің жаңа түрін әсер етуші затына сәйкес қолдану арқылы топырақты өңдемей күздік бидайды егіп тұрақты жоғары өнім алуға толық негіз барлығын байқадық.

7. Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі шөлейт жайылымдарда тарлау шөбін мәдени түрдеегу бір гектар жайылымға 0,88-1,5бас малды жаюға болады. Мәдени жайылымның 1 гектарынан 5,93-9,77 теңге пайда келтіреді, ал табиғи жайылымнан небәрі 2,98 теңге болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки: Справочник. – М.: Росагропромиздат, 1989. – 526 с.

2 Сарбасов Т., Құлақбаев Қ. Малды азықтандыру жөніндегі анықтамалық. – Алматы : Қайнар, 1976. – 380 б.

3 Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру. – Алматы : Қайнар, 1980. – 324 б.

4 Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. – Алматы, 1993. – 163б.

5 Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қазақстанның қой шаруашылығы. – Алматы : Қайнар, 1984. – 320 б.

6 Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі. – Алматы : Бастау, 2006. – 432 б.

7 Омарқожаев Н. Мал азықтандыру // Оқулық. – Алматы : Қайнар, 1998. – 192 б.

8 Зафрен С.Я. Жемшөп дайындау технологиясы. – Алматы : Қайнар, 1980. – 380 б.

9 Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы // Анықтамалық. –Алматы : Бастау, 2006. – 452 б.

10 Шумилин И.С. и др.Состав и питательность кормов // Справочник.  – М. : Агропромиздат, 1986. – 303 с.

11. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. – М. : Колос, 1981. – 287 с.

12. Рақышев Н. Мал азығының микроэлементтері. – Алматы : Қайнар, 1981. – 411 б.

13 Мальцев Т.С. Вопросы Земледелия. –М.: Колос, 1971. –С.390.

14 Дояренко А.Г. Жизнь поля. –М.: Колос, 1963. –С. 71

15 Рубинштейн М.И. Богарные почвы предгорных равнин Тянь-Шаня (физические свойства и водный режим). –Алма-Ата: Наука, 1988. –С.131.

16 Вильямс В.Р. Почвоведение. Земледелие с основами почвоведения //Основы земледелия. –М.:Сельхозиздат, 1949. –Ч.2. –С.279-290.

17 Докучаев В.В. Костычев П.А. Почвоведение. –М.: Изд-во Высшая школа, 1972. –С.4-10

18 Хабибрахманов Х.Х., Мареев В.Д. Основная обработка почвы под яровую пшеницу //Земледелие. –М., 1985. -№5. –С.39-40.

19 Барсуков Л.Н., Забавская К.М. Изучение условия плодородия в различных прослойках пахотного слоя в зависимости от обработки //Почвоведение.             –М., 1953. -№12. –С.18-23.

20 Чулаков Ш.А. Влияние различных способов обработки почвы на динамику микробиологических процессов //Сб.науч.трудов Ин-та микробиологии АН КазССР. –Алма-Ата, 1960. -№7. –С.249.

21 Береснева В.Н. Влияние различных способов обработки дерново-подзолистой почвы на микробиологические процессы //Изучение влияние обработки почвы на микробиологические процессы: Сб.науч.трудов Ин-та микробиологии АН СССР. –М., 1960. –Вып.VII. –С.81-87.

22 Сулейменов М.К. Новые подходы к изучению севооборота в Северном Казахстане //Земледелие. –М., 1991. -№5. –С.54-57.

23 Холмов В.Г., Палецкая Г.Я. Влияние продолжительного применения минимальной обработки на водный режим и запасы гумуса в выщелоченным черноземе южной лесостепи Западной Сибири //Минимализация обработки почвы. –М.: Колос, 1984. –С.285-290.

24 Люфт В.Г., Динкелакер А.Ф., Буянкин Н.И. Необходимо освоить выпуск щелевых рыхлителей //Земледелие. –М., 1988. -№3. –С.17-19.

25 Дорохин В.С. Влияние безотвальной обработки на накопление почвой осенне-зимней влаги. // Информация о работе Уральской с.-х. опытной станции. – Алма-Ата: Кайнар. – 1974. – С.2-3.

26 Шатилов И.С. Могучий ускоритель прогресса. // Сельское хозяйство России, 1977. - № 11.- С.11-15.

27 Белов Г.Д., Симченков Г.В. Минимальная обработка в Белоруссии //Земледелие.–М., 1980. -№10. –С.33-34.

28 Двуреченский В.И. Влаго-ресурсосберегающая технология производства зерна на Севере Казахстана //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау, 2003. -№5. –С.45-51.

29 Киреев А.К. Бесплужная мульчирующая обработка богарного серозема на юго-востоке Казахстана //Стратегия земледелия и растениеводства на рубеже XXI века: матер.межд.науч.-теор.конф. –Алматы, 1999. –С.224-226.

30 Каракулов В.В. Ресурсосбережение и экологизация земледелия //Земледелие. –М., 2003. -№5. –С.7-8.

31 Follett R.F., Peterson Q.A. Длительное воздействие вспашки на почвенное плодородие (США) //Земледелие. –М., 1990. -№5. –С.11-14.

32 Рябов Е.И. Теория и технология минимальной обработки почвы //Земледелие. –М., 1994. -№ 1. –С.27-31.

33 Градасов И.И. Технологические и экономические преимущества мини-мальной обработки почвы //Земледелие. –М., 1997. -№1. –С.6-7.

34 Мощенко Ю.Б. Особенности системы земледелия степной зоны //Земледелие. –М., 1985. -№7. –С.20-22.

35 Lissiter F. Eoofallow is the big answer // No-rill. Farmer. – 1977. - №Р. 4-5.

36 Конев А.А. Погодно-климатические условия и дифференциация агротехники //Земледелие. –М., 1986. -№7. –С.14-19.

37 Кудайбергенов Г.К. Технология нулевой обработки и прямого посева для возделывания зерновых культур в Северном Казахстане. –Алматы-Астана, 2005. –С.7-8.

38 Можаев Н.И. Теоретические и практические аспекты освоения под кормовые угодья заброшенной пашни в северном степном регионе Казахстана. –Алма-Ата, 1997. –С.32-41.

39 Асанов К.А., Кирдяйкин А.Ф., Кушанов Б.М. Создания высоко-продуктивных сеяных сенокосов //Аграрная наука. –М., 1998. –С.67.

40 Можаев Н.И. Где колосилась нива, остались сорняки //Аргументы и факты Казахстана: газета. –Алматы, 2007.- №56(127). –С.3.

41 Безуглов В.Г. Минимальная обработка почвы //Земледелие. –М., 2002. -№4. –C.21.

42 Гринец А.И., Нургалиев С., Сидорик И. Тыңайған жерді арамшөптен тазарту үшін гербицид қоспаларын қолдану //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2007.            -№4. –16-20б.

43 Жарасов Ш.У. Ішкібаев Қ. Жатаған укекіремен күресу жүйелері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№3. –59-60б.

44 Гештовт Ю. Применение гербицидов – на научную основу //Защита растений в Казахстане. –Алматы, 1997. -№2. –С.27-29.

45 Шашков В.П. Комплексные меры борьбы с сорняками на посевах зерновых культур // Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социо-экономических условиях. –М., 1997. –С.274-279.

46 Баядилов К.О. Алматы облысы жағдайында суғарылмайтын жатаған укекіреге қарсы агротехника мен гербицидтерді біріктіре қолданудың тиімділігі //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№6. –28-30б.

47 Сыдык Д.А., Турсынбаев С.Б., Кашкенов Н.К., Серикбаев Е. Влияние различных гербицидов на засоренность посевов и урожайность озимой пшеницы //Научные основы производства конкурентоспособной продукции сельского хозяйства: матер.межд.науч.-практ.конф. –Усть-Каменогорск, 2005.   –С.103-104.

48  Нугматжанов К.Г., Ахмедиев Г.З., Балагутина М.Р. Активность   силосных бактериальных заквасок в  средах с сульфитным щелочом // Изв. АН КазССР. Сер. биолог. – Алма-Ата, 1987. - №2. – С. 50-55.

49 Нугматжанов К.Г. Микробиологические способы повышения
корма.  – Алма Ата : Кайнар, 1984.  – С. 7-11.

50 Смирнова И.Э. Ацидотолерантные факультативно-анаэробные   целлюлолитические бактерии, перспективные для использования в биотехнологии : Автореферат лдиссертации на соискание ученой степени  кандидата сельскохозяйственных наук. – Алма-Ата, 1992. - 25 с.

51 Доспехов А.Н. Методика полевого опыта. –М.: Колос, 1985. –С.230-245.

52 Лобова Е. В. Почвы пустынной зоны СССР. –М.: Изд. АН СССР, 1960. -364 с.

53 Бегучев Н.П., Леонтьева И.П. Прутняк (Зультурган) ценная кормовая культура в Калмыкии. –Элиста: Калм. кн. изд-во, 1960. –С.8-22.

54 Давлетшина А.Г. К фауне насекомых вредителей пастбищных растений полупустынной зоны Нуратинского хребта //Разработка научных основ улучшения и рационального использования каракулеводческих пастбищ: тез.докл. –Ташкент, 1967. –С.134-137.

55 Базиевская Н.А. Теория и методы интродукции растений. –М., 1964. -130 с.

56 Селянинов Г.Т. Климатические аналоги черноморского округа в пределах СССР, Западной Европы, Малой Азии и Алжира. –Краснодар, 1928.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-06-30 15:47:31     Қаралды-2511

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »