UF

Кіріспе


Шаруашылықтарда ірі қара малының тұқымдық қасиеті және шаруашылық қажеттілігін бағалау үшін жыл сайын бұқаларды, сиырларды және төлдерді шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша бағалаудан (бонитировкадан) өткізеді.
Етті сиыр шаруашылықтарда малдарды тамыз айының орта шенінен қазаннан аяғына дейін бонитировкалайды.
Етті ірі қара малдарын ауыл шаруашылық министрліктің 1999 жылғы нұсқауы бойынша бонитировкалайды.
Мал өсіру зауыттарында және басқа шаруашылықтарда бонитировкалауды зоотехник-селекционерлер өткізсе, асылтұқымды мал фермаларында бонитировканы зоотехниктер, т.б. мал мамандары өткізеді. Кейбір шаруашылықтарда бонитировканы өткізуге мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіру станциясының мамандары немесе осы асыл тұқымды малды жақсы білетін, олармен ғылыми жұмыс жүргізетін ғылыми қызметкерлердің көмектесуі арқылы өтеді.
Малдың сырт пішіні мен дене бітімі етті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айқын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапқа сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі (БИ) алдыңғы бөлшектерден сауылған сүттің тәуліктік сүтке пайызбен алғандағы қатынасы, БИ-дің көңілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.
Жас малға 20 балл деген бағаны тұқымымен жынысы айқын болса, жан-жақты дамыса, кеудесі өте жақсы дамыса (кең, терең, жауырын сырты бунақсыз) арқасы, белі, сауыры түзу, бөксесі жақсы дамыған болса ғана береді. Сирақтары дұрыс басылып, сүйегі мықты, ешқандай нәзіктік немесе сөлекеттік жоқ болуы тиіс.
Малды сырт пішіні мен дене бітімі бойынша сынау. Бұқаның сырт пішінін және дене бітімін 30 балдық бағана бойынша, сиырды 10 және жас малды 10 балдық бағана бойынша сынайды. Бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын 3-5 бұзаулаған соң, сауын маусымының 2-3 айларында сынайды.
Егер малдың сырт пішіні мен дене бітімі көрсетілген мерзімде сыналмаса, онда сынақты келесі бонитировкада жүргізеді.
Курстық жобаның мақсаты: Мал тұқымын асылдандыру тәжрибесінде жиі қолданылатын негізгі бағалау әдістерін үйрену. Курстық жобаның міндеті: Шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін жетілдіру.

1 Негізгі бөлім

1.1 Әдебиетке  шолу

1.1.1 Ірі қара тұқымын бонитировкалау


А.Ә. Төреханов мағлуматы бойынша етті бағыттағы ірі қара тұқымын қыркүйек пен қазан айларында жыл сайын бонитировкадан өткізеді. Бордақылаудан шаруашылықтағы өгіз, пішпе және бордақылауда тұрған малдардан басқа барлық ірі қара өткізіледі.
Бонитировка кезінде малды тұқымдығы, ата-тегі, тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, ұрпағының сапасы, төлінің өсу мүмкіндігі және денсаулығы бойынша сынайды.
Өнімділігін анықтау.
Сиырдың сүттілігін төлінің 6 айдағы тірі салмағы бойынша анықтайды. Жас сиырлардың сүттілігін сынағанда сиырларға қойылатын талапты бірінші бұзаулаған сиырларға 10%, екінші бұзаулаған сиырларға 5%- ға кемітеді.
Сақа сиырлардың сүттілігін бұзауы 6 айлығында ең жоғарғы салмақ көрсетсе, сол бойынша сынайды.
Бұқалар мен сиырлар 5 жасына дейін және жас малды соңғы таразыға тартылған өлшемі бойынша, ал сақа малды ең жоғарғы тірі салмағы бойынша сынайды.
Малдың табыннан өсу қабілетін зоотехникалық және ветеринариялық есеп бойынша сынайды. Сиырларды геникологиялық тексеруден өткізеді, бұқаларды жыныстық белсенділігіне, шауқатының көлеміне, ұрығының сапасына және оны келешекте пайдалану мүмкіндігіне қарай анықтайды. Жыл сайын төлдейтін және аналық мейірімі жоғары сиырлар сынақта жоғары балл алады.
Дене бітімі және сырт пішінін сынау. Сиырларды дене бітімі мен сырт пішіні бойынша 3 және 5 жасында, бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын сынайды. Тұлғасының тұқымдық типіне, ұқсастығына, жан жақты дамығандығына көңіл аударады.
Асыл тұқым мал зауыттары, шаруашылықтардағы, фермалардағы бұқалар мен сиырлады 100 балдық бағана, қатардағы шаруашылық табынындағы малды 5 баллдық бағананы қолданып сынайды. Дене бітімі мен сырт пішінін сынағанда тұлғасындағы сынақ балын кемітетін кемшіліктеріне көңіл аударады. Сырт пішінін сынағанда балл беріп сынаумен қатар дене мүшелеріндегі ерекшеліктерін және ақаулар мен кемшіліктерді де есепке алады.
Жас малдың тұлғасын жалпы келбеті және 5 балдық бағана қолданып, өсіп жетілуін бағалайды: өте жақсы -5, жақсы -4, қанағаттанарлық -3, қанағаттанғысыз -2. Жарты балл қосып сынау арқылы бағасын анығырақ дәлелдеуге болады.
«Өте жақсы» деген бағаны жынысы мен тұқымдығы айқын, жақсы өсіп жетілген, кеудесі өте жақсы дамыған, жоны құйымшағы, сыуыры жақсы дамыған, сирақтары дұрыс басылған және сүйегінде нәзіктігі мен сөлекеттігі жоқ мал алады.[1]

1.1.2 Малдын тұқымдылығын анықтау

Ж.К. Каримов зерттеулері бойынша малдың тұқымдылығын анықтау. Оның шыққан тегі мен ата енелерінің тұқымдылығы арқылы шешіледі, анықтау уақытында малды көзбе көз көреді.
Тұқымдылығы бойынша малдарды таза тұқым, будан және жақсартылған тұқым деп бірнеше топқа бөледі.
Таза тұқымға: біріншіден туыстас немесе ата тегі бір тұқымнан шыққан малды жатқызады. Әрине, ата тегінің немесе туыстас екендігін дәлелдейтін құжаттар болуы керек. Екіншіден IV ұрпақтың буданы (қандылығы 15/16), егер бұл сіңірге шағылыстыру арқылы алынса, әрі осыны дәлелдейтін құжаты болса, әрі осы мал таза тұқымға ұқсас болса, таза тұқым деп есептейді. Үшіншіден тұқымдас тұқымды малды бірімен бірін шағылыстырғанда алынған ұрпақтарын таза тұқым деп есептейді. Туыстас тұқымды мал топтары: а) алатау, швиц, лебедин, кавказдың және карпаттың қоңыр ірі қара малдары, ә) симментал, сычев және монбельярд, б) қара ала, қара ала эстон, қара ала литва, әулиеата, голланд және голштин фриз т.б. ірі қара малдары, в) қырдың қызыл, данияның қызылы, эстонияның қызылы, белоруссияның қызылы және англер ірі қара малдары, г) герефорд, қазақтың ақ бас ірі қарасы, ғ) шортгорн, курган т.б. ірі қара малдары жатады. Бұдан тұқымдылығына біріншіден екі тұқым малын шағылыстырудан пайда болған ұрпақтарын (жоғарыдағы үш кезектен басқаларын), екіншіден ұрпақ будандарын «өзара»шағылыстырудан (жоғарыдағы үш кезектен басқаларын) шыққан ұрпақтарын, үшіншіден жергілікті және жақсартылған малдардың будандарын жатқызады.
Тұқымдылығын зоотехникалық және асыл тұқымдық құжаттар негізінде, малдың міндетті түрде тұқымдық типін көрген соң қояды.
Тұқымдығы бойынша малды таза қанды және будан деп бөледі.
Таза қанды малға:
а) ата енесі бір тұқым малы болғанда;
ә) таза қанды ата енесі мен генетикалық туыстас тұқым малымен будандасқанда (алынған будан тұқымы енесінің тұқымы деп есептелінеді). [2]

1.1.3 Сиырлардың класын анықтау

Қ. Ш. Нұрғазы мағлуматы бойынша сиырдың класын барлық белгілерінің жиыны бойыншаанықтайды: тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, тұқымдығы, шыққан ата тегі, төлінен өсетіндігі.
Сиырлардың класын барлық белгілерінің жиыны бойынша кестедегі бағана бойынша анықтайды.
Бірінші туған сиырдың қорытынды класы, егер төлі бонитировка кезінде 6 айға толмаса, жас мал сыналатын бағана бойынша сынайды, ал тірі салмағы үш жасар сиыр салмағындай болуы керек.
Элита рекорд қорытынды класына тірі салмағы мен сүттілігі I класс талабынан кем емес, тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, IV буыннан төмен емес сиырлар жатады.
Элита қорытынды класына тірі салмағы мен сүттілігі I класс талабынан төмен емес, тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, III буыннан төмен емес сиырлар жатады.
Сиырдың өзінің класынан жоғарыкласты 3 қызы болса, онда оның қорытынды класын бір класқа жоғарылатады.
Бұқалардың класын анықтау. Бұқаның класын бірнеше көрсеткіштері бойынша шығарылған қорытынды класы бойынша анықтайды. Тірі салмағы, сырт пішіні мен дене бітімі, өз өнімі бойынша сынау қорытындысы және ұрпағының сапасы, тұқымдық қандылығы мен шыққан тегі.
Бұқаның бірнеше көрсеткіштері бойынша қорытынды класын кесте бойынша анықтайды.
Элита-рекорд, элита кластарына тірі салмағы I класс талабына сай немесе жоғары, тұқымдығы IV буын, сырт пішіні мен дене бітімі баллы кем дегенде   85-90 балл жинаған бұқа жатады.
Асыл тұқымды мал үшін қандай да болмасын категориясы бар шаруашылықтарда ұрпағының сапасы бойынша сыналған бұқаларды қолданады, ондай бұқалардың ата тегі иммунологиялық жолмен тексеріледі.
Бұқаны ұрпағының сапасы боынша және бұқашықтарды өз өнімі бойынша сынау пайдаланып жүрген әдістемелік нұсқаулар негізінде жүргізілді [3].

1.2 Технологиялық бөлім

1.2.1 Ет бағытындағы ірі қараның сырт  пішіні және дене бітімі

Бұқаның сырт пішінін және дене бітімін 30 балдық бағана бойынша, сиырды 10 және жас малды балдық бағана бойынша сынайды. Бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын, сиырларды 3-5 бұзаулаған соң, сауын маусымының 2-3 айларында сынайды.
Егер малдың сырт пішіні мен дене бітімі көрсетілген мерзімде сыналмаса, онда сынақты келесі бонитировкада жүргізеді.
Малға сынау корытындысьша берген балл, міндетті түрде сырт пішіндегі кемшіліктерді көрсетілген анықтаумен толықтырылады. Малдың сырт пішіні мен дене бітімі етті бағыттағы тұқым малының типіне тән болуы тиіс. Бұқалардың жыныстық белгілері айкын, белі мен бөксесі, артқы сирақтары мықты, сиырлардың желінінің түрі, (үш түрлі болады: тегене, домалақ, ешкі емшек тәрізді) бауырына қабысуы, бөлшектерінің дамуының біркелкілігі талапка сай болғаны жөн. Біркелкілік индексі, БИ-дің көнілден шығатын көрсеткіші - 40 пайыз және одан жоғары.
Жас малға 20 балл деген бағаны тұқым мен жынысы айқын болса, жан-жақты дамыса, кеудесі өте жақсы дамыса (кең, терең, жауырын сырты бунақсыз) арқасы, белі, сауыры түзу, бөксесі жаксы дамыған болса ғана беріледі. Сирактары дұрыс басылып, сүйегі мықты, ешкандай нәзіктік немесе сөлекеттік жоқ болуы тиіс. [5]
Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады.
Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудың ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін (конституциясын), әрі денсаулығын т.б. анықтайды, әрі малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке жеке сипаттап, оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін - 11 , орташа дене өлшемі - 18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады. [6]
Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алған дене өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі үш топтың дене пішінінің салыстырмалы бағалары анықталады.
Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.
Зооинженерлер малдардың сырт пішінін бағалағанда олардың әр мүшелерінің жетістіктері мен кемістіктерінеде көңіл бөледі.
Малдың жеке мүшелері. Басы. Малдың басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Көпке белгілі, жалпы бастың көлеміне, ұзындығына мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай, малдың қандай конституцияға жататынын, әрі шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Әр тұқымға, әр жынысты малға, әр бағытына қарай лайықты бастың құрылысы болады. Етті бағыттағы сиырлардың басы ауырлау, ені үлкен, ұзындығы қысқалау. Маңдайы өте енді. Мүйізі жуан, басы ауыр, дөңкиген, дене бітімі сөлекет түрге жатады. Басы ұзын, мойын терісі қыртысты, сүйектері арбиған мал дене бітімі нәзік типті етті тұқымға жататын сиырларға тән. [7]
Мойыны.Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың мойындары да ерекше болып келеді. Етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысқа, жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатады, етті сиырлардікі жақсы жетілен.
Шоқтығы. Етті бағыттағы сиырлардың шоқтығы енді, біртегіс және жазық. Қосшоқтық етінің нашар жетілгенінің белгісі, ондай малдарды тұқымдыққа қалдырмайды.
Кеудесі. Кеуде қуысында өкпе, жүрек орналасқан. Олардың демалу, қан айналуы үшін маңызы зор. Өкпесі жасы жетілген малдың кеуде қуысы өте көлемді келеді. Кеуденің көлемі оның ұзындығына, кеңдігіне және ендігіне байланысты. Ал қушиған, терең емес, жауырын сырты ойлы болса, ол кеуде мүшенің өте үлкен кемшілігі. Етті бағыттағы сиырлардың кеудесі енді және терең. Кеуденің кеңдігін, малдың биіктігіне қарап та айтуға болады. Егерде шоқтығының биіктігінің 50% болса, ондай кеуде терең болып саналады. Кеудесі қушиған малдың шоқтығы биіктеу келеді, қабырғалары алшақ, әрі еттері нашар жетілген болады.
Арқасы. Артқы дененің бір бөлімі, алдыңғы жағында шоқтықпен, артқы жағында белмен, бүйір жақтарында қабырғаларымен шектескен. Малдың арқасы әр уақытта тегіс және енді болып келеді, әрі ол малдың сырт пішінінің құрылысына көп әсер етіп, оның дене бітімінің мықтылығын анықтайды. Арқаның мықтылығы оның омыртқа сүйектеріне, оның етінің дамуына байланысты. Арқа, малдың өте мықтылығын көрсетеді. Арқаның ойлылығы немесе бүкірлігі дене пішінінің кемістігі болып саналады. [8]
Белі. Малдың арқасының жалғасы, әрі онымен бір тегіс және түзу. Осы түзу қалпында артқы бөксемен жалғасады. Белдің мықтылығы, оның бел омыртқа мен етінің жетілуіне байланысты.
Бөксенің көлемі жамбас, ортан жілік және құйымшақ сүйектерінің өзара байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды артынан тұтас кең болуы керек. Сиырдың еттілігі көбінесе бөксенің көлеміне байланысты. Барлық мал үшін мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны қолайлы. Қушиған немесе тым қысқа, әлде түсіңкі бөксе қай мал үшін де өте үлкен кемістік.
Іші. Малдың іші аумақты, ықшамды болғаны дұрыс, ал босаңқы және салбырап тұрса, ол оның үлкен кемістігі. Іші салбыраған малдардың белі қайқы келеді. Әсіресе бұқалардың іші ықшамды, тартыңқы болғаны жөн.
Аяқтары. Табиғи жайылымда малдар жайылғанда төзімді болуы керек. Малдың аяқтары, әрі буындары жақсы жетілуі қажет. Тұяқтары мықты, ал түсі көмескі болмағаны жөн. Малдың аяқтарына тән кемшіліктерге қайшы аяқтылық, ортақ тілерсектік және т.б. жатады. [9]

1.2.2 Етті бағыттағы ірі қара тұқымын бонитировкалау

Етті бағыттағы ірі қара тұқымын қыркүйек пен қазан айларында жыл сайын бонитировкадан өткізеді. Бордақылаудан шаруашылықтағы өгіз, пішпе және бордақылауда тұрған малдардан басқа барлық ірі қара өткізіледі.
Бонитировка кезінде малды тұқымдығы, ата-тегі, тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, ұрпағының сапасы, төлінің өсу мүмкіндігі және денсаулығы бойынша сынайды.
Бұқалар мен сиырлар 5 жасына дейін және жас малды соңғы таразыға тартылған өлшемі бойынша, ал сақа малды ең жоғарғы тірі салмағы бойынша сынайды.
Малдың табыннан өсу қабілетін зоотехникалық және ветеринариялық есеп бойынша сынайды. Сиырларды геникологиялық тексеруден өткізеді, бұқаларды жыныстық белсенділігіне, шауқатының көлеміне, ұрығының сапасына және оны келешекте пайдалану мүмкіндігіне қарай анықтайды. Жыл сайын төлдейтін және аналық мейірімі жоғары сиырлар сынақта жоғары балл алады. [10]
Дене бітімі және сырт пішінін сынау. Сиырларды дене бітімі мен сырт пішіні бойынша 3 және 5 жасында, бұқаны 5 жасына дейін жыл сайын сынайды. Тұлғасының тұқымдық типіне, ұқсастығына, жан жақты дамығандығына көңіл аударады.
Асыл тұқым мал зауыттары, шаруашылықтардағы, фермалардағы бұқалар мен сиырлады 100 балдық бағана, қатардағы шаруашылық табынындағы малды 5 баллдық бағананы қолданып сынайды. Дене бітімі мен сырт пішінін сынағанда тұлғасындағы сынақ балын кемітетін кемшіліктеріне көңіл аударады. Сырт пішінін сынағанда балл беріп сынаумен қатар дене мүшелеріндегі ерекшеліктерін және ақаулар мен кемшіліктерді де есепке алады.
Жас малдың тұлғасын жалпы келбеті және 5 балдық бағана қолданып, өсіп жетілуін бағалайды: өте жақсы -5, жақсы -4, қанағаттанарлық -3, қанағаттанғысыз -2. Жарты балл қосып сынау арқылы бағасын анығырақ дәлелдеуге болады. [11]
«Өте жақсы» деген бағаны жынысы мен тұқымдығы айқын, жақсы өсіп жетілген, кеудесі өте жақсы дамыған, жоны құйымшағы, сыуыры жақсы дамыған, сирақтары дұрыс басылған және сүйегінде нәзіктігі мен сөлекеттігі жоқ мал алады.

Кесте 1 – Сиырлардың дене бітімін сынау бағанасы

Малдың дене  мүшелері мен жалпы өсіп жетілуі Жоғары балл алу үшін қойылатын талаптар Сынақ бағанасы
  Негізгібалл Коэффициент Жалпы балл
Жалпы  келбеті,   өсіп жетілуі,    тұқымдық типінің айқындығы Тұлғасы   жан   жақты   дамыған   кең,
домаланған, тұқымға  тән   еттілік  типі айқын 5 3 15
 Бұлшық еттері жақсы жетілген,сүйегі
Мықтьқ сөлекеттігі жоқ 5 2 10
Сырт  пішіні мүшелері: 
Басы, мойыны Басы  жеңіл,  тұқымына  тән,  мойыны қысқа етпен жақсы қапталған 5 1 5
Кеудесі Кең, терең, жауырын  сыртында  ойық  жоқ. Төстігі жетілген, бөлектенген, шығыңқы 5 2 10
Шоқтығы, жоны сауыры Шоқтығы кең, ет басқан түзу, жоны мен   сауыры   жалпақ,   ұзын   бұлшық еттері жақсы жетілген 5 3 15
Құйымшағы (сауыры) Түзу, кең және ұзын,  етпен жақсы  қапталған. Құйрығы дұрыс қонған 5 2 10
Сан еті Бұлшық  еті  жақсы  дамыған  тізесіне
қарай түсіңкі 5 2 10
Желіні Барынша жақсы жетілген, түрі дұрыс 5 3 15
Сирақтары Берік, тұяғы дұрыс басылған. 5 2 10
Жиыны:    100

Малдың белгілерінің қорытынды көрсеткіші бойынша класын анықтау. Малдың белгілерінің қорытынды көрсеткіші бойынша мына  төмендегі кластардың біріне жатқызады:
Элита рекорд, элита, I класс, II класс және кластан тыс. Қорытынды класын шығаруға қажет мәліметтер жоқ болған жағдайда, малды класқа бөлмеген жас мал тобына қосады.
Бұқа, сиыр және жас малдың қорытынды класын, жинаған балы бойынша анықтайды.
Элита-рекорд-81 балл және одан жоғары Элита    -71-80 балл
I класс   -61-70 балл
II класс -51-60 балл
Кластан тыс 50 балдан және одан да төмен.
Сиырдың класын барлық белгілерінің жиыны бойыншаанықтайды: тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі,  тұқымдығы, шыққан ата тегі,
Элита рекорд қорытынды класына тірі салмағы мен тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, IV буыннан төмен емес сиырлар жатады.
Элита қорытынды класына тірі салмағы, тұлғасында көзге түсер ақауы жоқ, III буыннан төмен емес сиырлар жатады.
Бұқаның класын бірнеше көрсеткіштері бойынша шығарылған қорытынды класы бойынша анықтайды. Тірі салмағы, сырт пішіні мен дене бітімі, өз өнімі бойынша сынау қорытындысы және ұрпағының сапасы, тұқымдық қандылығы мен шыққан тегі.
Бұқаның бірнеше көрсеткіштері бойынша қорытынды класын кесте бойынша анықтайды. [12]
Элита-рекорд, элита кластарына тірі салмағы I класс талабына сай немесе жоғары, тұқымдығы IV буын, сырт пішіні мен дене бітімі баллы кем дегенде   85-90 балл жинаған бұқа жатады.
Асыл тұқымды мал үшін қандай да болмасын категориясы бар шаруашылықтарда ұрпағының сапасы бойынша сыналған бұқаларды қолданады, ондай бұқалардың ата тегі иммунологиялық жолмен тексеріледі.
Бұқаны ұрпағының сапасы боынша және бұқашықтарды өз өнімі бойынша сынау пайдаланып жүрген әдістемелік нұсқаулар негізінде жүргізілді.[13]

1.2.3 Етті бағыттағы тұқым бұқаларын ұрпақ сапасы бойынша бағалау

Ұрпағы жедел өсетін бұқаны пайдаланудың экономикалық тиімділігі зор, сондықтан оларды сапасы бойынша сынақтан өткізу қажет деп саналады.
Ұрпағының сапасы бойынша сынау үшін сынаққа қойылған әр бұқадан айында 100 бас қалыптағыдай өскен, тұқымдық типі айқындалған еркек ұрпақтарын азықтандыруы мен бағып - күтуі оңтайлы және бірдей жағдайға қояды.
1-кезең ұрпағының өнімі бойынша сынау, және 2-кезең бұқаны ұрпағының сапасы бойынша сынау.
Бұқаны алғашқы өнімі бойынша сынау 8 айынан 15 айына дейінгі өсіру кезеңінде: өсіп - жетілу қарқыны мен азықты өтеу қасиеті, бұқаның сырт пішіні мен оның ұрпағының көрсеткіштері арасында корреялктивтік байланысты анықтау арқылы жүзеге асады. [14]

Кесте  2 - 15 айлық етті бағыттағы бұқаларды сынау бағанасы

Дене мүшелері
мен малдың өсіп
жетілуі Жоғары балмен бағалау үшін қойылатын талаптар Бағасы

  Бал-дары Коэф-
фи-циенті Жалпы
балл
Жалпы түрі, бұлшық етінің өсіп жетілуі

Кеудесі

Шоқтық арқа, белі

Сан еті

Сирақтары

Жиыны: Тұлғасының өсіп жетілуі, жан-
жақтылығы, тұқымға тән тұрғалы үлкен, кең, даналанған, бұлшық еті жақсы жетілген

Кең, терең, жауырын сыртында ойық жоқ. Жақсы жетілген, шығыңқы төстік.

Кең, ұзын, түзу, бұлшық еті жақсы жетілген.

Өте жақсы жетілген, бұлшық еті өкшесіне дейін, санның ішкі беті етті.

Мықты, тура басылған, тұяғы берік 5

5

5
5

5 3

2

2

2

1 15

10

10

10

15

60

Бұқаларды сынағандағы қойылатын талаптар 
а) 8 айынан 15 айына дейінгі тәуліктік қосымша салмақ:
5 балл - 1001 г және жоғары
4 балл-851-1000 гр
3 балл-701-850 гр
2 балл - 700 г және одан да төмен
ә) 15 айлығындағы тірі салмағын классқа жатқызу:
5 балл - тірі салмағы элита-рекорд үстінде
4 балл - -»- элита -»-
3 балл - -»-1 класс -»-
2 балл - -»- II класс -»-
б) 8 айынан 15 айлығына дейін 1 кг қосымша салмаққа шыққан азықтық
өлшем бірлігі (АӨБ)
5 балл - 7 АӨБ дейін
4 балл  -  8АӨБ -»-
3 балл - 9 АӨБ -»-
2 балл - 10 АӨБ жоғары
в) Еттілігін тірісінде сынау
5 балл - сынағанда 54 балдан кем емес
4 балл - сынағанда 48 балдан кем емес
3 балл - сынағанда 42 балдан кем емес
2 балл - сынағанда 36 балдан кем емес

Бұқаны жан-жақты сынау негізінде ұрпағының сапасы бойынша класын және бұқашықтарды өз өнімі бойынша класын шығаруды 42-інші кестеге сүйене отырып жасайды.

Кесте 3 - Бұқаларды ұрпағының сапасы және бұқшықтарды еттілігі бойынша сынау бағанасы

Кластары Балмен бағалау
Элита-рекорд 45-50
Элита 40-44
I класс 32-39
II класс 20-32

Бұқаны   ұрпағының   сапасы   бойынша   класын   оны   бонитировкадан өткізгенде қорытынды класын анықтау үшін қолданады.

Кесте 4 - Бұқаны қорытынды класын ұрпағының сапасы бойынша анықталған  класын қоса есептеп, анықтау

Тірі салмағы, сырт пішіні және шығу тегі бойынша класы

 Ұрпағының сапасы бойынша класы
 Элита-рекорд Элита I класс ІІ класс
Элита-рекорд
Элита
1 Эл.-рекорд
Эл.-рекорд Элита Эл.-рекорд
Элита
Элита Элита
1
1 1
II
II

Бұқашықтың еттілігі бойынша класы, тірі салмағы, сырт пішіні мен дене бітімі бойынша анықталған жиын класына теңделіп, және де бонитировка кезінде қорытынды класс шығару үшін пайдалануға болады.
Бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша класы және өз өнімі бойынша класы көбінесе азықтандыру деңгейі мен азықтандыру жағдайына байланысты, сондықтан әр түрлі шаруашылықта сынақтан өткен, немесё бір шаруашылықта әр жылда өткен бұқаларды салыстыруға байланысты сынақ нәтижесі индекспен толықтырылуы тиіс. [15]
Сонымен бірге, барлық көрсеткіштер бойынша арифметикалық орташа көрсеткіші шығарылады.
Индекс мөлшері азықьтандыру жағдайына, бағып күтуге байланысты немесе, ол малдың тек генетикалық сапасын сипаттайды. Ол белгі, егер бұқашық өз өнімі бойынша сынақтан өтсе көрсетілген классынан «А» деген әріппен белгіленеді, ал бұқа ұрпағының сапасы бойынша сынауықтан өтсе «Б» әріпімен белгіленеді. Осымен қатар сыналатын бұқадан алынған ұрпақтардың шешелері қандай туыстық топқа немесе аталық ізге дататындығы анықталады. Сыналатын бұқаның ұрпақтары жоғары еттілік көрсетсе ондай кросстар келешекте селекция жұмысында пайдалануға ұсынылады.
Егер сынақтан өткен бірнеше бұқа ұрпағының сапасы бойынша бірдей
класқа жатса, онда қорытынды индексі жоғары мал таңдалады.
Өз өнімі бойынша қорытынды индексі 100-ден төмен асыл тұқым бұқашықтарды асыл тұқым мал шаруашылықтарында және қолдан ұрықтандыруға пайдалануға болмайды. Өз табынан жаңартуға индексі 120-дан жоғары бұқашықтарды пайдаланады.
Өсу қарқыны мен азықты ақтау арасындағы өте жоғары корреляция болатындықтан (0,81-0,9), асыл тұқымды фермаларында, егер берген азықты жеке-жеке есептеуге мүмкіндік болса, бұқашықты өз өнімі бойынша бұл көрсеткішсіз-ақ сынауға болады.
Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша және бұқашықтар өз өнімі бойынша сыналатыны туралы қүжатқа директор, бас-зоотехник, зоотехник, селекционер, қолдан ұрықтандыру станциясы маманы қол қойып мөр басады. Ол қосымша сынаққа түсу үшін қажет негізгі құжат болып табылады, асыл тұқымды куәлігімен қатар жүреді. [16]
Сынақ нәтижесі ауыл шаруашылығы басқармасына және республика ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылады.
Ұрпағының сапасы бойынша жоғарғы класқа жататын бұқаларға жақсы рацион жағдай жасалынады. Оларды барынша толық пайдалану керек. Мұндай бұқалардың ұрығы ұзақ сақталады.
Қорытынды индексі 100-ден жоғары бұқа егер еттілігі жақсы болып, азық өтеу қабілеті және өсу қарқыны жоғары болса, тұқым типі анықталған асыл тұқымдық шаруашылықтар мен қолдан ұрықтандыру станцияларына бөлініп, бекітіледі. [17]

1.2.4 Бұқаны ата - тегі бойынша сынау

Асыл тұқымды мал шаруашылықтарына етті сиырларды алу үшін жұптауға бағалы, жынысы жағынан қабілетті, тұқымы жақсы және өнімділігі жоғары бұқаларды пайдаланған жөн.
Ұрпағының сапасы бойынша сыналатын бұқалар асылдандыру мекемелерінде, асыл тұқымды мал зауыттары мен шаруашылықтарында өсірілген жөн. Ұрпағының сапасы бойынша жас бұқаларды арнайы бөлінген шаруашылықтарда, фермаларда, ал азбан бұқаларды сауылған ұрпағы бар асыл тұқым мал зауыттарында және қатардағы шаруашылықтарда жүргізілген бонитировканың қорытындысы блйынша сынайды.
Ұрпағының сапасы бойынша сыналатын бұқаларды келешекте кеңінен өсіру мақсатында жақсы атадан өрбіген, қорытынды класс элита - рекорд, сырт пішіні мен дене бітімінің сынақ балы 25 - 27кем емес (жас бүршақтың сырт пішінінің сынақ балы - 28), келешегі зор аталық із (линия) малының ішінен іріктеп алады.
Бұқаны ата - тегі бойынша енесінен басқа, кем дегенде 2-3 буын аналық тегінің сүттілігіне және жақындарының, қарындастарының, бауырластарының немесе туыстарының өніміне қарай бағалайды.
Олар ұрпағының еттілігі бойынша А1 асыл тұқымдық категориясы бар, дене бітімі шығыңкы, сырт пішіні сымбатты және 27 балл алған. [18]
.
1.2.5 Ұрпағының сапасы бойынша сынау

Бұқаны алдын ала, еркек және ұрпақтарының өсіп жетілуі және олардың тұлғасының типі бойынша сынайды.
Дене бітімі мен сырт пішінінің тұқым қуалағандығын неғұрлым дұрыс тану үшін, жас малды ата - тегіне қарай (бұқалар бойынша) топтас, оларды көз алдынан ары - бері жүргізіп өткізген жөн.
Жас малдың сырт пішінін 10 балдық сынақ бағанасы бойынша 6,12,18 айлығында сынайды. Өсіп жетілуіне, сирақтарын басуына, сүйегінің беріктігіне, денесінің жан-жақты дамығандығына, сырт пішінінің мінсіз болғандығына ерекше мән береді.
Сонымен қатар, тірі салмағына, тәуліктік қосымша салмақ қосу қабілетіне, денсаулығына көңіл аударады. [19]
Сыналатын бұқаны еркек, ұрғашы ұрпақтарының көрсеткіштері, құрбы-құрдастарының көрсеткіштері мен және тұқымының I класының талабымен салыстырады.
Бұқаны сынаудың қорытындысының сенімділігі бірқатар жағдайларға байланысты болады: ұрғашы ұрпағының санына (кем дегенде 95 бас), олардың сүттілік деңгейіне, шешелері мен ұрғашы ұрпақтарының және ұрғашы ұрпақтары мен олардың құрбыларының еттілігінің айырмасы және белгілерінің өзгергіштігіне.
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында бұқаны ұрпағының сапасы бойынша сынаудың мынандай тәсілдері бар:
І.Сыналатын бұқаның ұрғашы ұрпағының еттілігін, олардың енелерінін еттілігімен салыстыру.
2.Ұрғашы ұрпағының еттілігін олардың құрбыларының еттілігімен салыстыру.
З.Ұрғашы ұрпағының еттілігін табанның сол жылғы орта есеппен алғандағы еттілігімен салыстыру. [20]

1.2.6 Қыздары - енелері тәсілі бойынша бағалау

Қыздары мен енелерін салыстыру генетикалық жағынан өте тура тәсіл. Өйткені қызындағы өте күрделі нәсілдік қасиет құрылуына атасы да, шешесіде қатысады.
Салыстыру нәтижесінде қыздарының өнімінің жоғарылауы немесе төмендеуіне қарай атасының асылдық сапасын анықтауға мүмкіндік туады.
Бұқаны «қыздар - енелері» тәсілімен сынау оның жақсартқыш немесе төмендеткіш қасиетін біліп қана қоймай, бұқаның нәсілдік күші анықтауға жағдай тудырады. Бұқаның нәсілдік қасиеті қыздарымен енелері өнімінің арасында коррелляциялық коэффирцентті шығару арқылы анықталады.
Мысалы, қыздары мен енелері еттілігі арасында коррелляция коэффирценті г =0,1- 0,2 болса бұқаның нәсілдігі күшті деп саналады және нәсілдік қасиетін ұрпағына тұрақты бере алады. Ал, керісінше егер г = 0,3-0,4 болса, онда қыздарының еттілігінің жоғалуы, немесе төмендеуінде бұқаның әсері азғантай болғаны. Демек, еттілік шешесінің нәсілдік күшіне байланысты болғаны.
Бұл тәсілді шаруашылыққа бірнеше жыл бойы азықтандыру, бағып - күту, пайдалану жағдайы бірдей болғанда ғана қолданған дұрыс. Және бұл шаруашылықта мал таза өсірілуі, зоотехникалық есеп дұрыс және тиянақты жүргізілуі тиіс. Бұл тәсілдің кемшілігі айтылған талаптарды қатаң сақтай алмағандық (әсересе азықтандыру типі мен деңгейі). Мұндай жағдайда алынған айырма сыналатын бұқаның генотипінің әсері емес, шаруашылықта жасалған жағдайлар өзгешелігінің әсері болып есептеледі. 13-15 айлығында бұқадене пішіні және өсіп - жетілуі, ұрығының сапасы және бұқалық қабілеті бойынша бағаланады. Ең жақсылары ұрпағының сапасы бойынша бағалануға қалдырылады. [21]
Бұқаның тұқым қуалаушылық қасиетін екі тәсілмен анықтайды, бұқа ұрпағының жалпы өнімділігі (бонитировка мәләметтерінен) және бақылау қорасындағы олардан тараған ұрпақтардың сапасы мен өнімі бойынша.
Қазіргі уақытта бұқаны ұрпақ сапасы бойынша бағалаудың бірнеше тәсілі бар, оған: бұқа ұрпағының өнім көрсеткішін енесінің көрсеткішімен салыстыру, ұрпақтардың өнім көрсеткішін, онымен жастас сиырлардың өнім көрсеткішімен, ұрпағының өнім көрсеткішін сиыр табанының өнім көрсеткішімен, ұрпағының өнім көрсеткішін I класс стандарт көрсеткішімен және бұқа ұрпағының өнім көрсеткішін бірімен бірін салыстыру арқыдыг Әрине, бұқаны ұрпағының өнім көрсеткіші бойынша бағаланады, ұрпақтарында да, енелерінде де және өзімен катар сиырларда да күтіп бағу жағдайлары бірдей болғаны шарт. Бағаланатын бұқа енесінің дене бітімі мықты, дене пішіні келісіті, бұзаушылықтық қасиеті жоғары және қорытынды класта элита -рекорд және элита болуы керек.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланатын бұқаның әкесі тұқымдық сапасы, бағалы аталық ізден және өз ортасында ұрпақтарын өсіруге бейім, әрі өнімді болған жөн. Әкесінің қорытынды класы - элита - рекорд, экстерьері мен конституциясы 8 балдан кем болмауы тиіс.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланатын бұқашықтарды мейлінше тез және жақсы өсіріп, жетілдіреді. Олар тәулігіне 850 – 1000 г салмақ қосуға тиісті. Шығу тегін анықтау үшін қаны да тексеріледі. 10-12 айлығында тірідей салмағы I класс стандарт көрсеткішінен 10 - 20% артық болуға тиіс.
Бұқашықтарды қорада бос ұстаған жөн. Ол үшін 6 айлығынан бастап бір топ бұқашық үнемі бірге болады, ал қыс айларында таза ауада, далада көп серуендетіледі. Жаз айларында жайылымда бағылады.
Бұқашықтарды 10 - 12 айлығында басқа тұқымды шаруашылықтарға, немесе малды қолданұрықтандыру станцияларын береді. Сондай - ақ өсу кезінде бұқашықтың дене бітімінің мықтылығын, сырт пішінін және өсіп -жетілу қарқынын қадағалайды, ол үшін ай сайын өлшейді, ал тірідей салмағы нашарларын сұрыптау ісінен шығарады. 10-12 айлығында экстерьері мен конституциясының бағасы 4 балдан кем болмағаны жөн. [22]

1.2.7 Қыздары - құрбылары тәсілі бойынша бағалау

Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша сынаудағы негізгі тәсіл қыздары мен құрбыларының өнімін салыстыру.
Бұқаның асылдағы және асыл тұқымының категориясы қыздарының (кем дегенде 15 бас болу керек) алғаш еттілігі бойынша сынақтан өткен соң анықталады.
Сынақ барысында қыздарының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады. Әр бір көрсеткіш қыздары мен олардың құрбылары арасындағы айырма, ал асыл тұқым мал зауыттары мен шаруашылықтарды олардың шешелерінің ді көрсеткіштері анықталады.
Сынақтан өтетін бұқаны қыздарының құрбылар де жастары бірдей (айырмасы 3 ай шамасында) жылдың бір мезгілінде туған және бірдей жағдайда бағып - күтілген басқа бұқалардың ұрпақтарын айтады. Сыналатын бұқаның қыздарының туған уақыты мен алғаш бұзаулағандығы жасының басқа бұқадан тараған құрбыларынан айырма алшақтығы 6 айдан аспауы тиіс. [23]
Бағалау кезінде қосымша мына көрсеткіштер де есепке алынады: Іш тастаған мал саны, туылған бұзаулар мен кемісті бұзаулар саны, қиын туыт саны, табын құрамынан шығарылған сиырлар, олардың табыннан шығу себептер, бұзаулағанан соңғы күйлеу уақыты, ұрықтандырудың қайталануы.
Сынақтан өткен бұқаның асыл тұқымдық құндылығын кыздары мен құрбыларның өнімі арасындағы айырмасы бойынша анықтайды.
Ұрпағының сапасы бойынша сынақтан өткен бұқаға асыл тұқымдық категория 2 көрсеткіш бойынша еттілігі бойынша беріледе.
Егер бұқаның қыздарының етінің екпіні орташа есеппен төрт баллдан төмен болып және желін индексі 40 баллдан кем болса, онда бұқаға асыл тұқымдық категория тағайындалмайды.
Бұқаларға асыл тұқымдық категория береде 41 - 42 кестелерді пайдаланды. Және қыздарының санына қарай түзеткіш коэффициентті пайдаланып тұқымының тобыбы айырады. [24]
Мысалы, қыздары мен енелері еттілігі арасында коррелляция коэффирценті г =0,1- 0,2 болса бұқаның нәсілдігі күшті деп саналады және нәсілдік қасиетін ұрпағына тұрақты бере алады. Ал, керісінше егер г = 0,3-0,4 болса, онда қыздарының еттілігінің жоғалуы, немесе төмендеуінде бұқаның әсері азғантай болғаны. Демек, еттілік шешесінің нәсілдік күшіне байланысты болғаны.
Бірінші бұзаулаған сиыр еттілігін сақа сиыр еттілігіне аудару үшін 1,26-1,30 коэффицентіне көбейтеді, ал тірі салмағын 1,2 көбейтеді. Екі бұзаулаған сиыр сүттілігін сақа сиыр еттілігіне аудару үшін 1,11 коэффицентін, ал тірі салмағын 1,1 коэффициентіне көбейтеді.
Бұл тәсілді шаруашылыққа бірнеше жыл бойы азықтандыру, бағып - күту, пайдалану жағдайы бірдей болғанда ғана қолданған дұрыс. Және бұл шаруашылықта мал таза өсірілуі, зоотехникалық есеп дұрыс және тиянақты жүргізілуі тиіс. Бұл тәсілдің кемшілігі айтылған талаптарды қатаң сақтай алмағандық (әсересе азықтандыру типі мен деңгейі). Мұндай жағдайда алынған айырма сыналатын бұқаның генотипінің әсері емес, шаруашылықта жасалған жағдайлар өзгешелігінің әсері болып есептеледі. 13-15 айлығында бұқа дене пішіні және өсіп - жетілуі, ұрығының сапасы және бұқалық қабілеті бойынша бағаланады. Ең жақсылары ұрпағының сапасы бойынша бағалануға қалдырылады. [25]

2 Тіршілік қауіпсіздігі

Тіршілік қауіпсіздігі және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады.ірі қарамен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Кезеңі нұсқау іріқара шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болу фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық арашылар қатысады.
Ірі қара шаруашылығында еңбек шарты қора - жай ауасының зиянды газдармен, шаң - тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа
байланысты    болады. Соған байланысты ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Ірі қара шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора - жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Сондықтан да ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.
Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.
Санитарлық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта - матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.
Ауру ірі қарамен , өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді.Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақтылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.
Ірі қарамен жұмыс істеуге 18 - ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора - жайларында тамақ жеуге және ауру ірі қарадан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.
Қызмет көрсетушілер ауру ірі қараны күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарасыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100 - 150 мг/л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарасыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.
Зараданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп
жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан ірі қара шошынып, адам денесіне тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.
Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақтылы ішқұрт тасымалдауға тексеріледі.
Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекцияық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі.Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер киеді.
Дезертінділермен және аэрозольдермен жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауданы аэрозольмен дезинфекциялаумен желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.
Дезинфекция немесе аэрзольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды. Мұндай жағдайда қора - жайлардың есіктеріне кіруге болмайды деген ескертпе жазулар ілінеді.
Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды .Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және ірі қараны жіберуге рүқсат етіледі.
Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.
Ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.
Туберкулезбен , бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар ірі қарамен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі ет арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін.
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру ірі қараны және өлекселермен тікелей қатыса болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтауы ас қажет.
Ветеринариялық - санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді.І рі шаруашылықтарда осындай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.
Ірі қара шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклимат жасау ( температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарықтандыру ) , тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру араны оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.
Ірі қараны аурудан сақтаудың бірден - бір жолы - санитариялық -гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақтысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.

Қорытынды

Асыл тұқымды мал өсіру зауыттарында және басқа шаруашылықтарда бонитировкалауды зоотехник-селекционерлер өткізсе, асылтұқымды мал фермаларында бонитировканы зоотехниктер, т.б. мал мамандары өткізеді.
Етті ірі қара малы ауыл шаруашылық министрлігінің 1999 жылғы арнаулы нұсқауы бойынша бонитировкалайды, осы бағыттағы малдарды тамыз айының орта шенінен қазаннан аяғына дейін бонитировкалайды.
Бонитировка кезінде малды тұқымдығы, ата-тегі, тірі салмағы, сырт пішіні және дене бітімі, сүттілігі, ұрпағының сапасы, төлінің өсу мүмкіндігі және денсаулығы бойынша сынайды.
Бонитировканы шаруашылықытың селекционер зоотехнигі, малды асылдандыру қызметкерлері, жекелеген жағдайда тұқым ерекшеліктерін жақсы білетін ғылыми қызметкерлер жүргізеді.
Бонитировка негізінде табынды толықтыру, бұзау өсіру, малдың өнімін көтере түсу үшін істелетін шаралар жоспары жасалады. Асыл тұқым мал тіркейтін кітапқа жазылатын мал анықталады. Малды келешекте асылдандыру жоспары жасалынады да, аталық із, аналық ұя малдарын, типтерді, тұқымдарды жетілдіре түсетін, асыл тұқым мал сатып алу және сату шаралары жасалынады
Етті бағыттағы ірі қара табынының сипаттамасы: тұқымдылығы, класы, өнімі, сырт пішіні мен дене бітімі, сүттілігі; шығу тегі, тектік құрамы, туыстас топтарының өнімділік қасиеті, жалпы сұрыптаудың әсерін анықтау, мемлекеттік мал зауытындағы жұп таңдаудың жоспарын құру, малдарды бонитировкалаудың маңызы  зор.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.  Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж
2.  Төреханов А.Ә, Каримов Ж.К, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж, 251-269 беттер
3.   Каримов Ж.К, Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж
4.  Бусев Г.С. Итоги выращивания и откорма молодняка крупного рогатого скота., 1956. -С. 67-69.
5.  Вишневский М.В. Закономерности роста желудочно-кишечного тракта в онтогенезе крупного рогатого скота //Животноводство. -М., 1960. -№7. -С.33-37.
6.   Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф
7.  Төреханов А.Ә, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж
8.   Даленов Ш.Д,. Ірі қара шаруашылығы -Алматы 2005 ж
9.    Найманов Д.Қ, Ірі қара шаруашылығы -Алматы 2005 ж
10.   Булгаков В.Б. и Моргун Э.М. Улучшение качества и сокращение потерь продукции животноводства. -М.: Агропромиздат., 1988.-с. 135
11.  Төлебаева Б.К Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар
12.  Досқали Құрмаш Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 2006 ж
13.   Ысқақбаев Б.Б Сиырды қолда өсіру -Алматы Қайнар 1987 ж, 36-54
14.  Оразбеков Ж , Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 1991 ж
15.   Т.Телеуғали, С.Қырықбайұлы Мал дәрігерлік – санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы, 1998
16.  Кравченко А.И.Влияние разного уровня, 1974. -С. 158-160.
17.  Кулешов   П.Н.   Влияние   питания   на   формы   тела   и   на  характер  продуктивности //Избранные работы. -М., 1949. -С.247-262.
18.  Кулиев Г.К. Рост и развитие скелета некоторых пород овец в отгонно-горных условиях Азербайджана. -Баку: Изд. АН АзССР, 1979. -№3. -59 с.
19.  Левантин Д.Л. Влияние питания на рост, развитие и мясные качества молодняка симментальской породы -М.,  1950. -№1. -С.52-62.
20. Левантин Д.Л. Возрастные изменения костяка крупного рогатого скота   //Сб.науч.трудов ин-та морфологии им.А.Н.Северцова. -М.: AH CCCP, 1957. -ВЫП.П.-С.98-Ю7.
21.  Богданов Е.А.  Типы телосложения с.-х. животных и человека и их значение.  -М.: Государственное изд-во, 1923. -C.11.
22.  Булгаков В.Б. и Моргун Э.М. Улучшение качества и сокращение потерь продукции животноводства. -М.: Агропромиздат., 1988.-с. 135
23.   Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж
24.   Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж, 45-65 беттер

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-02-13 16:33:46     Қаралды-4647

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »