UF

Мазмұны

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

 

Анықтамалар

 

 

Қысқартылған сөздер мен белгілеулер

 

 

Кіріспе...................................................................................................

9

1

Негізгі бөлім.........................................................................................

11

1.1

Әдебиетке шолу...................................................................................

11

1.1.1

Зоотехникалық және асылдандыру есебі ........................................

11

1.1.2

Ірі қара шаруашылықтарын кең ауқымды селекциялық бағдарлама бойынша асылдандыру..............................................

12

1.2

Технологиялық бөлім....................................................................

19

1.2.1

Зоотехникалық және асылдандыру есептерінің түрлері ................

19

2

Тіршілік қауіпсіздігі......................................................................

22

 

Қорытынды .................................................................................

23

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................

24

 

Кіріспе

 

Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру және мамандандыруға да көп байланысты.

Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардын көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр.

Ірі өндірістік фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау.

Қазіргі уақытта сауын сиырлардың машинамен саууына, топтап бағып-күтуге бейімделуіне көп көңіл бөлінеді.

Сүтті ірі қара шаруашылығында сүтті сиырлардың төмендегідей көрсеткіштерінің параметріне қарайды. Сүтті сақа сиырлардың тірідей салмағы орташа 600-650 кг, 305 күндегі сүті 8000-8500 кг, ал майы 280-300 кг, белогы 280-300 кг жетуі керек, сонымен қатар желіндерінің алдыңғы екі бөлімінен кем дегенде 40%-ға дейін сүт алу қажет, ал сүт сауу уақыты 5-6 минуттай, жылына әр сиырдан бұзау алу.

Ірі қараны асылдандыруда әлемдік генофонд ресурстарын пайдаланған жөн. Ол үшін: өз аймағымызда асыл тұқымды малдардың санын көбейтіп және сапасын арттыру, жергілікті ірі қара сиырларын шет мемлекеттерден әкелінген асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру.

Екіншіден жаңадан асыл тұқымды ірі қара тұқымын шығару, ол үшін жергілікті ірі қара тұқымдарының сиырларын әлемге әйгілі генофондқа жататын қара ала голштин-фриз, қызыл ала голштин-фриз, монбельярд, айршир, щвиц,англер және дания-қызыл асыл тұқымды бұқалармен шағылыстырып, қара ала, қызыл ала, қоңыр және қызыл түсті ірі қара тұқымдарының ұрпақ будандастарын алу.

Үшіншіден жергілікті аймақта шыққан сапалы да ірі қара тұқымдарының генофондысының бұқаларының ұрық қорын сақтау, әрі тұқымды ірі қара өсіретін мамандандырылған шаруашылықтарда малды өз төлінен өсіруді кеңінен жолға қою.

Асылдандыру жұмысының теориялық негізі. Ірі кара малын асылдандыру және жаңадан ірі қара тұқымын шығару, сұрыптау және жұптаудан ғана емес, сонымен қатар тірі организмнің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне де көп байланысты. Сондықтан организмнің өсіп дамуындағы тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері біріне-бірі өте байланысты өтеді.

Бір тұқымнан, бір табыннан және бір ата-енеден шықкан малдардың өзі бір-бірінен көптеген айырмашылығы болады. Бұл жақсы қасиет, себебі малды іріктеп, сұрыптауға өте қолайлы.

Малды асылдандырудың теориялық негізі генетика ғылымы болып саналады. Генетика ғылымы дегеніміз — тірі организмнің түқым қуалаушылық және өзгергіштік касиетін айтамыз, онын өзі өлемнің органикалык эволюцияның дамуына байланысты.

Ірі қараның селекциялық белгілеріне: сүті, сүтінің майлылығы мен белогы, сүт сауылу жылдамдығы, желінінің өсіп-дамуы мен түрлері, дене бітімінің (конституциясының) мықтылығы, тірідей салмағы, өсіп-дамуы т.б. жатады. Бұл белгілердің барлығы да генетикалық себептермен, нерв жүйелерінің, қан айналу, ас қорыту, зат алмасу, көбею және бөліну функцияларымен де байланысты.

Ірі қараның бұл белгілеріне сыртқы ортаның да әсері зор, әсіресе азықтандыру және бағып-күтудің.

Ірі караны асылдандыруда көбінесе төмендегідей генетикалық параметрлерін ескереді. Оған: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық, қайталау және байланыс (корреляция) белгілері жатады.

Өзгергіштік (Cv) пайызбей есептелінеді, ірі қара өнімінің көрсеткіштері біркелкі болып келмейді, әр уақытта өзгерісте болады. Өнім белгілерінің өзгеруі оның тұқымдық қасиетіне, асылдандыру жұмысына көп байланысты. Өзгергіштік коэффициенттерінің жоғары болуы селекциялық жұмыс үшін өте қолайлы. Әсіресе сұрыптау үшін маңызы зор. Ірі қара малының өзгергіштік коэффициенттері төмендегідей: сүті 20-25%, сүтінің майлылығы 5-8, белогы 4-8, сауу жылдамдығы 10-15, сақа сиырларының тірілей салмағы 12-15%. Сүттің, сүт майлығы мен белогының өзгергіштік коэффициенті үнемі тұрақты көрсеткіш емес, олар көбінесе өмір сүретін ортаға, сұрыптау және жұп таңдау, табынның генетикалық құрамына т.б. себептерге байланысты.

Өзгергіштік коэффициенттің көрсеткіш санының аз болуы, мал-дың өсіп-дамуы белгілерінің өте тұрақгылығын көрсетеді, ондай жағдайда селекциялық нәтижеге қолжету өте қиын.

Ірі қараны асылдандыру жұмысында инбридингтің (туыстас малдарды өзара шағылыстыру) өзгергіштік коэффициентіне қандай әсері бар екенін анықтау қажет.

Көптеген ғылыми деректер бойынша инбридингтің өзгергіштік коэффициентке әсері онша емес.

Тұқым қуалаушылық (һ2) - деп ірі қара белгілерінің келесі ұрпаққа берілу дәрежесін айтады. Тұқым қуалау коэффициенті 0-ден бастап, 1-ге дейінгі бірлік, соның мөлшерімен немесе 0-ден 100-ге дейін пайыз есебімен анықталады. Егер ол 0,3-тен кем болса төмен; 0,3-05 болса орта, 0,6-дан бастап жоғары деп есептелінеді. Тұқым қуалаушылық коэффициентін бірнеше төсілмен есептейді: ата-енесі мен ұрпақ аралық байланыс корре-ляциясын өзін-өзіне көбейту арқылы (Һ2=2г) немесе сол сияқты регрессия коэффициентін (h2=2R) анықтайды және дисперсия тәсілін қолданады.  Тұқым қуалаушылық коэффициентінің ірі қара табынының, немесе бір тобының өнімділіктерін болжау үшін, селекция жұмысының нәтижелілігін білу үшін маңызы зор.

 

1.Негізгі бөлім

1.1 Әдебиетке шолу

1.1.1 Зоотехникалық және асылдандыру есебі

 

Мал шаруашылығын асылдандырудағы алғашқы жұмыс және соның негізі. Әсіресе қазіргі уақытта, мал шаруашылығы өндірістік негізде дамып жатқан уақытта, әрі сүтті ірі қара мал шаруашылығы ірі ауқымды селекция жүйесіне көшіп жатқан жағдайда, селекция тәжірибесіне электронды есептеу машинасы (ЭВМ) пайдаланып жатқанда зоотехникалық пен асылдандыру есебінің маңызы өте зор.

Малға ен салу. Малдардың өсіп-дамуын, өнімін және тұқымдық қасиетін анықтау үшін ен салудың маңызы зор. Асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылықтарында жаңадан туған бұзауларға ғұмырлық нөмір белгілейді. Малға ен салудың бірнеше түрлері бар. Оған: гатуировка (күлақтың ішкі жағына тушпен нөмір салады), құлағын биркалау, мойнына қайыс нөмір салу (ошейники), құлағын кесу, мүйізіне күйдіріп нөмір салу т.б. Сүтті ірі қара шару-ашылығында ең қолайлысы малдың құлақтарына арнайы аппаратпен нөмір салу, оны Ивановтың тәсілі деп есептейді.

Малдың құлағын кесіп нөмірлеудің тәсілі. Бұл тәсілдің кемістігі, егерде табында мал өте көп болса нөмірлердің жетіспей калуы, сосын кұлақтың тесілген жерлері бітіп кетуі мүмкін, немесе құлақтары шұрқ-шұрқ тесік болып қалады. Осыған косымша малға құлаққа салатын биркалар, мойын белдеулері және әр түсті биркаларда болуы мүмкін. 

Бір шаруашылықтағы малдардың нөмірлері еш уақытта қайталанбауы тиіс.

Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында әр малға ат қояды. Малға ат қоюдың маңызы зор, ол жұмысшылардың жұмысын жеңілдетеді, әсіресе селекционерлер үшін өте қолайлы, себебі ірі қара малдың атына қарай, қандай аталық ізден немесе аналық ұядан шыққанын аңғарады. Ал, малдарға ат қоюдың әзінше тәсілдері бар. Оған біріншіден — енесінің атымен; екіншіден — әрбір жыл сайын жаңа бір қарыптан бастайды. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында - бірінші тәсіл өте колайлы, себебі кандай аналық ұядан шыққаны белгілі болып тұрады, ал өндірістік (тауарлы) шаруашылықтар үшін екінші тәсіл қолайлы.

Малдың аты жеңіл, құлаққа ұнамды және адамдардың атын беруге болмайды.

Көптеген ғалымдардың дерегі бойынша, қазіргі жағдайда, жаңа табындарда зауыттық типке көп көңіл бөлінеді. Сондықтан ондай малдарды суретке (фотоға) түсірудің маңызы  зор.

Ірі қара мал шаруашылығында асылдандыру жұмысының нәтижелі болуы үшін зоотехникалық және асылдандыру жұмысының есебі де нәтижелі, толық, әрі дұрыс болуы қажет. Әсіресе малдан алынатын өнімдердің, селекциялық' белгілерінің, шығу тектерінің, ұрпақтарының өсіп-дамуының т.б. есептері мезгілді уақытында өтіп түрғаны дұрыс. Төмендегі кестеде осы мәселе көрсетілген.

 

Кесте 1 - Зоотехникалық және асылдандыру жұмыстарының есебін жүргізу мен ұйымдастыру мезгілдері

 

Ұйымдастырылуы

Мезгілі (уақыты)

Қайталануы

1

2

3

Жаңа туған бұзауды өлшеу және нөмірлеу

 

Сиырларды нөмірлеу

Туған күні

 

Бірінші бұзаулағаннан кейін

-

 

-

 

Төлдерді өлшеу

Сиырларды өлшеу

Сырт пішіні мен дене бітімін бағалау : төлдердікі

Сиырларды бұзаулау қорасынан шығарғанда кейін

Бұқаларды

Сиырлардың сүт өнімін анықтау: асыл тұқымды табындарда  

Өндірістік фермалар мен комплекстер

Сиыр сүтінің асыл тұқымды табындарда өндірістік фермалар мен комплекстер

Асыл тұқымды шаруашылықтарда сиыр сүтінің белогын анықтау

Сиырларды қашыру буаздығын айыру, бұзаулау себептері

Мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін малдардың дене өлшемін өлшеу

 

Бонитировкалау: сиырларды

төлдерді 

Айдың аяғында

Бұзаулау қорасынан жалпы топқа ауыстырғанда

10 айлығынан

Жыл бойы

 

Жыл бойы

10 күн тәулігінен кейін

 

30 күн тәулігінен кейін

-//-

 

Бақылау сауу мезгілдерінде

 

Жыл бойы 

 

Малдың сырт пішінін бағалаған кезде

 

 

Сауу маусымы біткенде

10 айлығынан бастап

Ай сайын

 

Жылына бір рет бонитировкалау уақытында

Бірінші және үшінші бұзаулағаннан кейін

Жыл сайын 5 жасқа келгенше

Айына 3 рет

 

Айына 1 рет

-//-

 

Екі айда бір рет

 

-//-

 

-//-

 

 

Жылына бір рет

 

Жылына бір рет

 

1.1.2 Ірі қара шаруашылықтарын кең ауқымды селекциялық бағдарлама бойынша асылдандыру

Көптеген шаруашылықтарда сүтті ірі қара малын асылдандыру жұмысы бұқаларды өз ұрпағы бойынша бағалаудан бастайды және сұрыптау тәсілін қолданып бағаланған бұқаларды кеңінен пайдалануға тырысады. Бұл тәсіл ірі ауқымды селекциялық тәсілдің тууына әсер етеді.

Ірі ауқымды асылдандыру селекциясы деп селекциялық, генетикалық, биотехнологиялық және ұйымдастыру тәсілдеріне сүйене отырып, асыл тұқымды мамандардың өнімін одан әрі көбейту.

Көптеген асыл тұқымды мал шаруашылықтарында әр бұқадан 2-8 жылдың ішінде 20-30 мың доза ұрықты алып, оны мұздатса, ал кейбір жоғары бағалы бұқалардан 100 мыңға дейін доза ұрық алып мұздатады. Кейбір бұқалардың ұрығымен 100 мыңнан аса сиырларды қашыруда. Мысалы, осындай жұмыстар Мәскеу, Ленинград, Литва, Эстония т.б. республикаларда іске асуда.

Ірі аукымды асылдандыру селекция жұмысының негізгі — селекциялық бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша малды ең алдымен өсіп-жетілу кезеңдерінде бағалау, сұрыптау, жұптау және өте бағалы малдарды кеңінен пайдалану. Осындай әрекеттердің нәтижесінде, аса бағалы бұқалардан 50-100 мың-нан астам ұрпақ алуға болады.

Кейінгі уақытта осы бағдарламаны іске асыру үшін компьютер колдануда. Бұл бағдарламаны ірі қара малының кез келген тұқымын асылдандыру үшін қолдануға болады, соның нәтижесінде әр сиырдың басына есептегенде 35-50 кг сүт артық өндіруге болады.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін одақ бойынша селекциялық орталык ұйым құрылған.

Электронды есептеу машинасын (ЭВМ) ірі қараны асылдандыру жұмысында пайдалану. Ірі ауқымды асылдандыру селекциялық жұмыстарында электронды есептеу машинасының (ЭВМ) маңызы зор. Оның негізгі міндеті материалды жинау, асылдандыру жұмысының нәтижесін есептеу. Әсіресе ірі қара малын бағалағанда, ірі ауқымды асылдандыру селекцияның бағдарламасын анықтағанда, үлгілеуге (моделирования) келтіргенде электронды есептеу машинасы зор роль атқарады. Әрбір шаруашылық орталық есептеу ұйымына ай сайын және жылына бір рет есептеу бланкілерін беріп тұрады. Оған сүтті сиыр шаруашылығыні: 1-мол. және 2-мол. атты бланкілер жатады.

Есептеу орталығында материалдардың деректері магнит лентасына, перфокартаға, дискке, т.б. техникалық аппараттарға беріледі. Одан өткен материалдар есептеу орталығының (ВЦ) архивіне өткізіледі, ал малдардың жеке карточкалары шаруашылықтарға қайырылып, әрі қарай жалғастырып, толтыруына мүмкіндік жасалынады.

Электронды есептеу машинасына (ЭВМ) ай сайын түсетін деректерге: сиырлардың бұзаулау және қашыру мезгілдері, төлдердің өсіп-жетілуі, сауын сиырлардың айлық өнім көрсеткіші, бұқалардың ұрықтарының буаздандыру қасиеттілігі, ұрық банкісінің кіріс және шығысы т.б. деректер жатады.

Деректердің түсіміне байланысты жылдық қорытынды есеп анықталады. Оған малдардың жылдық өнімі, бонитировканың нәтижесі жөне асыл тұқымды малдарды келешекте қолдану тәсілдері жатады.

2 мол - сүт карточкалары бойынша ірі қара малының асылдығы шешіледі. Осындай атқарылатын жұмыстың нәтижесі өте жоғары.

Әр ай сайын электронды есептеу машинасы арқылы алынатын деректер Латвияда және Эстонияда дұрыс жолға қойылған.

Есептеу орталығы ЭВМ-нен шыққан деректерді әр шаруашылыққа таратады. Онда кеткен кемшіліктерді көрсетіп, көбінесе түзеп жібереді. Ал, егерде берілген тапсырма дұрыс құрылмаса, оны есептеп сырт шығарып тастайды да, оған жеке тізім құрады. Есептеу орталығы ай сайын аудандық, облыстық т.б. өлкелік ұйымдарға малдың өнімі жөнінде мәлімет береді. Бұл ұйымның ірі қара малын асылдандыруда маңызы өте зор.

Ресейде жылына 8-10 миллионға дейінгі сиырлардың деректері осындай ЭВМ-нің есебінен өтеді. Соңғы жылдары ірі ауқымды асылдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу компьютер көмегімен атқарылуда. Ресейде Санкт-Петербург және қазақстандық селекционер-ғылымдар бірлесе қолданбалы жасаған «СЕЛЭКС» бағдарламасы жұмыс атқаруда.

Асыл тұқым және жеке табын жұмыстарын асылдандыру жоспары. Ірі ауқымы селекциялық бағдарламаның шешіміне байланысты 15-20 жылға арналған ірі қара мал шаруашылығын асылдандыру жоспары жасалынады.

Асылдандыру жұмысының жоспары екі бөлімнен тұрады:

1) асыл тұқымды малының асылдандыру жұмысының негізі уақыттағы барысы және 2) асылдандыру жұмысының болашағы.

Бірінші бөлімінде ірі қара малын асылдандырудағы осы уакытқа дейінгі жұмыс деңгейі мәлімдемесі. Онда ірі қара қара  тұқымының құралу тарихы, таралуы, саны, шығу тегіне-құрамы, бонитировкадан өткен сауын сиырларының сүт өнімі. малды азықтандыру, бұқалардың ұрпақ сапасы бойынша бағалау, ірі қара малының сырт пішіні, аталық із бен аналык ұялардың сипаттамасы, бұқалардың ұрығы жөніндегі мәліметтер, сиыр желіндерінің морфофункцияналдық қасиеті ірі қара малын қашыру мәселелері, асыл тұқымды төл өсіру т.б. мәселелер.

Екінші бөлімде ірі қара мал тұқымының болашақ шығу тегінін құрамы, болашақ асылдандыру мәселелері, «аталық із» және «аналық ұя» жөніндегі жұмыстар, жаңа типті мал шығару, бұқаларды өсіру және бағалау, бұқалардың атасы мен енесін сұрыптау, сиырлардың да ата-енесін сұрыптау, тұқым аралық шағылыстыру, тұқым ішінде жаңадан типтер шығару т.б. мәселелер қамтылады.

Ал, әрбір жеке табындар ушін 5, 10 жылдық асылдандыру жоспарлары тұжырымы бойынша жасалынады. Ондай жоспар үш бөлімнен тұрады:

  1.  ірі қара мал табыны жөніндегі мәлімдеме және бұрынғы асылдандыру жоспарларының орындалуы;
  2.  ірі қара мал табынын одан әрі асылдандыру жұмысы;
  3.  болашақ ірі қара мал шаруашылығын ұйымдастыру мәслелелрі.

Бірінші бөлімде табын құрамы жөніндегі мәлімдемеде, олардың жасы, аталық ізі мен аналық ұясы жөніндегі мәліметтер, малдардың тұқымдық және өнімдік қасиеттері, ірі қара малын азықтандыру, әрі ірі қара мал табынының малдәрігерлік мәлімдемесі т.б. мәселелер талқыланады.

Екінші бөлімде ірі қара мал табынының жалпы асылдандыру бағыты, малдардың болашақтағы типі, аталық ізі мен аналық ұясы,  болашақ асылдандыру төсілі,  болашақ селекция жетістіктері жөне өнім көрсеткіштері, ірі қара малын азықтандыру деңгейлері белгіленеді.

Үшінші бөлімінде асылдандыру жоспарының орындалу мезгілдері, ұйымдастыру мәселелері, селекциялық — бақылау фермасының жұмысы, ірі қара мал қораларын ұтымды пайлалану және құрылыс мәселелері, ірі қараны азықтандыру, төл әсіру, қашыру және малдәрігерлік шаралар т.б. с.с. мәселелер белгіленеді.

Ірі қараны асылдандыруда белоктың полиморфизмы мен биохимиялық көрсеткіштерді пайдалану. Белоктардың полиморфиялық айырмашылығы оның генетикалық себептеріне байланысты. Сондықтан бұл деректерді малдың шығу тегін анықтау үшін, тұқымаралық туыстық жақындығын білу үшін қолданады. Бұл ілімнің тағы бір ерекшелігі сол бір табын, немесе бір топ малдың ұрпақтан ұрпаққа беретін қасиетін генетикалық маркерлер арқылы анықтайды.

Малдардың асылдық және өнімділік қасиеттерін анықтауда белоктардың полиморфиялық көрсеткіштері мен секлекциялық белгілер аралығындағы корреляция коэффициентін есептеудің маңызы зор.

Ірі қараның шығу тегін анықтау үшін, олардың қан тобының маңызы зор. Ол үшін қан белоктарының полиморфтық тобын және ірі қара қанының ферменттерін зерттеген.

Осы деректердің барлығы да организмде өтетін зат алмасуына көп әсері бар. Гемоглобиннің организмдегі демалу функциясымен және оттегі мөлшерінің процестерімен тікелей байланысты. Көміртегі алмасуына амилазаның, темірдің алмасуына трансфериннің атқаратын ролі күшті. Көптеген ғалымдардың дерегі бойынша трансфериннің топтары арқылы қандағы гемоглобиннің мөлшерін, каталазаның қимылын, өсіп-даму барысын, әр түрлі зат алмасу деңгейін анықтауға болады.

Тәжірибе жүзінде сүтті ірі қара шаруашылығында липидтер мен белок алмасуларынын сүт өнімімен тығыз байланыстығьтн анықтаудың маңызы өте зор болды. В.И. Волгин және А.С. Бибикова ғалымдарының дерегі бойынша тайыншалардың қанында нейтральный майының концентрациясы жоғары, жал-пы липидтер мен уксус қышқылдары да жоғары болса, кейін сауын сиыр уақытында, сүтінің майлылығы бойынша жоғары іріктелген сауын сиырларымен салыстырғанда, сүті 497 кг және сүтінің майы 24,5 кг артык, болған.

Ғалымдар Г.П. Легошин және Л.С. Обуховтардың сүтті ірі қараны зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған: жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысы, альбуминдер, глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6 көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеге жеткен. Сонымен селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінен 3-4 рет есе жоғарылауына себеп болған. В.И. Волгин және А.С. Бибикова ғалымдарының дерегі бойынша тайыншалардың қанында нейтральный майының концентрациясы жоғары, жал-пы липидтер мен уксус қышқылдары да жоғары болса, кейін сауын сиыр уақытында, сүтінің майлылығы бойынша жоғары іріктелген сауын сиырларымен салыстырғанда, сүті 497 кг және сүтінің майы 24,5 кг артык, болған.Әрине бұл тәсіл шығу тегі бойынша сұрыптаудан көбінесе дәлірек, әрі зор сенім туғызады. Қазіргі уақытта ірі қараның сүтінің, сүттің майлылығының, белогының т.б. көрсеткіштерінің тұқым қуалаушылық коэффициенттері бар.                   

 

Кесте 2- Ірі қара малының әртүрлі белгілерінің тұқым қуалаушылық коэффициенті

 

Көрсеткіштері

һ2

Көрсеткіштері

һ2

Күндегі сүт өнімі

Сүтінің майлылығы

Сүтінің белогі

Сауу маусымының мерзімі

Суалу уақыты

Сүт сауылу жылдамдығы

Сүтке шыққан мал азығы

Қосымша емшектердің барлығы

Дене тұлғасының бітімі  

,30-0,42

0,60-0,78

0,50-0,70

0,20

0,39

0,35-0,60

0,20-0,48

0,63

0,25

Бірінші бұзаулау мерзімі

Темперамент

Бұзаулардың туғандағы салмағы

Екі жастағы тірідей салмағы

Сақа сиырлардың тірідей салмағы

Тәулігіне қосатын салмағы

Салмағына шыққан мал азығы

Еттің жұмсақтығы

Ұша шығымы

Сиырлардың бұзаулағыштығы

Бұқалардың қашыру қасиеті 

0,34

0,40

0,11-0,58

0,58

0,37

0,40

0,22-0,48

0,60-0,71

0,25-0,78

0,08-0,10

0,55

 

Ірі қараның тұкым қуалаушылық касиеті жоғары белгілеріне, оның сүтінің майлылығы мен белогы, сауу жылдамдығы, етінін жұмсақтығы, бүқалардың бұқалық қасиеті және сиырлардың қосымша емшектері жатады. Бұл аталған көрсеткіштердің тұқым куалаушылык коэффициенті 0,50 асып тұр. Ал, сиырлардың сүтінің, сауу маусымының, суалу мерзімінің, тәулік салмақ қосуының, ірі қараның тірідей салмағының, сырт пішінінің, ұша шығымының, өнімге шыққан мал азығының тұқым куалаушылық коэффициенті 0,20-0,50 аспайды. Ал, өте төмен тұқым қуалаушылык коэффициентке бірінші бұзаулағаннан келесі бұзаулағанға дейінгі уақыт, сиырлардың бұзаулағыштық қасиеті, өмірінің ұзақтығы жатады. -

Тұқым қуалаушылық коэффициенттің жоғары болуы ол ірі қараның сыртқы әсерге өте тұрақтылығын, ал екіншіден ата-тегінен ұрпағына берілетін генетикалық көрсеткіштердің көптігін білдіреді, ал тұқым қуалаушылық коэффициенттің төмен болуы, ол керісінше жағдай. Бір тұқымнан шыққан өр сиырдың сүт өнімінің тұқым куалаушылық коэффициенті әр түрлі.

Тұқым куалаушылық коэффициенттің жоғары болуы сұрыптауға өте тиімді, ол арқылы әр малдың болашақ өнімін болжауға болады.

Қайталау коэффициентінің ірі қара шаруашылығында маңызы зор. Қайталау коэффициенті деп бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі өнім көрсеткіштерінің тұрақты кайталануын айтады. Қайталау коэффициентін бір малдың бір көрсеткіші бойынша бірнеше жыл бойы корреляциялық байланысы арқылы анықтайды. Қайталау коэффициентінің өте жоғары болуы селекциялық жұмыстың жоғары нәтижелілігін көрсетеді. Тәжірибе жүзінде сүтті ірі қара шаруашылығында сүт өнімінің, сүттің майлылығының, белогының т.б. керсеткіштерінің қайталануы малдың бірнеше сауу маусымында кездеседі, ол сол малдың асылдық қасиетінің жоғарлылығын дәлелдейді.

Сүт өнімінің тұмса сиырлардың үш айлық сауу маусымы мезгілінен бастап сақа сиыр болғанша қайталануы оның өнімінің өте жоғары екендігін анықтайды. Профессор Л.П. Пяновскаяның дерегі бойынша сүттің қайталану коэффициенті 0,66-0,79, сүт майлылығынікі 0,64-0,68, сүт белогынікі 0,69-0,85.

Профессор С.А.Рузскийдің дерегі бойынша 1-ші, 3-ші т.с.с. сауын сиырларының ғұмыр бойы сүтінің қайталану коэффициенті 0,49-0,66 жетсе, сүтінің майлылығы 0,5-ке жеткен. Ірі караның туғандағы тірілей салмағы мен сақа уақытысында қайталау коэффициенті 0,19; етті тұқымға жататын енесінен айырған бұзаулардың және 13 айлықтарындағы қайталау коэффициенті -0,48.

Корреляция — дегеніміз малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланыстығын айтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінің де өзгеруін көрсетеді. Корреляция оң және теріс болып бөлінеді. Оң корреляция болса, онда малдың бір өнімінің көбеюіне байланысты екінші өнімі де көбейеді, ал теріс корреляция болса, малдың бір өнімі көбейсе, екінші өнімі азаяды. Корреляцияны бірлік санмен есептейді, ол - 1,0-ден +1,0-ге дейін. Ірі қара малын асылдандыру жұмысында олардың сүті мен тірідей салмақ аралығындағы байла-ныс корреляциясын, сол сияқты сүті мен желін түрлерінің ара-лық корреляциясын анықтайды.

Дегенмен сиырлардың тірідей салмағы мен сүтінің арасындағы корреляция бір қалыпты болып келмейді. Малдың тірідей салмағы өскен сайын, оның сүті де өседі, бірақта ол шексіз емес, белгілі бір мөлшерге дейін, сосын барып керісінше болады. Көптеген ғылыми деректер бойынша ол коэффициент 0,2-0,3.

Сауын сиырдың сүті мен сүт майлығының арасындағы кор-реляциялық байланыстың селекция жұмысы үшін маңызы зор. Асылдандыру жұмысы уақытында малдарды сүттілігі және сүтінің майлылығы бойынша сұрыптау және жұп таңдауды қатарымен жүргізбесе, онда бұл көрсеткіштердің аралық байланысында теріс корреляция болуы мүмкін, себебі сүт өнімінің көбеюіне байланысты, оның сүтінің майлылығы азаюы мүмкін. Бірақта мұндай байланыс корреляциясы әр ірі қараның тұқымында әр түрлі.

Сүттің тағамдық қасиетіне, оның құрамындағы белогының да маңызы зор. Көптеген ғылыми деректер бойынша, сиырдың сүті мен сүтінің белогының арасында да теріс корреляция. Сүттің майлылығы мен белогының арасында әр уақытта оң корреляция. Әсіресе алатау, лебедин және холмогор асыл тұқымды сиырлардың сүтінің майлығы мен белогының арасында оң корреляция байланысы болса, Ярославль, кострома, қара ала асыл тұқымды сиырларында бұл көрсеткіш өте төмен. Көбінесе сауын сиырларымен селекция    жұмысын жүргізгенде, оның сүтінің майлылығы көбейсе, онымен қатар сүтінің белогы да 26-40%-дай көбейеді. Орташа есептегенде, егерде сиыр сүтінің майлылығы 1%-ға көтерілсе, сүтінің белогы 0,8%-ға жоғарылайды.           

Дегенмен де, көптеген деректерге қарасақ сиыр сүтінің майлылығы мен белогының арасында әр уақытта оң корреляция болуы шарт емес.

Ал, сиыр сүті мен оны сауу жылдамдығы, сиыр сүті мен желінінің дамуы, сиыр сүті мен сүтке шыққан мал азығы аралықтарында оң корреляция болады.

Бұзаулардың туғандағы салмағы мен енесінен айырғанға дейінгі тәулік қосатын салмағына (г=+0,46), тірідей салмағы мен ұша салмағы (г=+0,45-+0,55), тәулік қосатын салмағы мен сояр алдындағы салмағы (г=+0,77), бұзаудың енесінен айыру салмағы мен енесінің сүті (г=+0,70), арылықтарында әр уақытта оң корреляция байқалады.

Ірі қараның жоғарыда көрсетілген генетикалық параметрлерін болашақ өнімін болжау үшін, әрі селекциялық жұмыстың нәтижелілігін анықтау үшін қолданады. Олардың ішінде тұқым қуалаушылық (һ2) коэффициенттің маңызы зор. Селекциялық нәтижені анықтау үшін селекциялық дифференциал және тұқым қуалаушылық коэффициентін білген жөн.

Селекциялық дифференциал деп іріктеп алынған бір топ малдың өнім көрсеткішінің тобын, немесе басқа топ өнімдері көрсеткішімен салыстырғанда көп артықтығын көрсетеді. Профессор Иогонсонның дерегі бойынша селекциялық болашақ нәтижесі төмендегідей формуламен анықталады:

Сн = Сдх һ2, мұндағы

Сн — селекцияның болашақ нәтижесі; Сд — орташа селекциялық дифференциал; һ2 - тұқым қуалаушылық коэффициенті.

һ2 - коэффициенті жоғары болса, селекциялық болашақ нәтиженің де көрсеткіші жоғары болады, ал тұқым қуалау коэффициенті төмен болса, онда барлығы керісінше, аз болады.

 

1.2 Технологиялық бөлім

1.2.1 Зоотехникалық және асылдандыру есептерінің түрлері

 

Мұндай есептерді мемлекеттік формамен, тиісті уақытында өткізіп тұрады. Негізгі құжаттардың түріне: тұқымдық бұқалардың карточкасы және тұқымдық сиырлардың (тайыншалардың) карточкалары, ал басқа жақтан сатып алынған малдардың тұқымдық куәлігі болады.

Тұқымдық бұқалардың карточкасы (№1-сүт формасы)

Мұнда бұқалардың өсіп-дамуы, шығу тегі, қандай аталық ізіне жатуы т.б. мәліметтер жазылады.

Тұқымдық сиырлардың (тайыншалардың) карточкасы (№2-сүт формасы)

Мұнда малдың туған мезгілінен шаруашылықта аяғына дейін пайдалану мерзімі қамтылады. Бұл карточкада сиыр жөнінде жан-жақты мәліметтер қамтылады. Мысалы: туған күні, шығу тегі, тұқымдылығы, өсіп-дамуы, сырт пішіні мен дене бітімінің бағасы, желінінің құрылысы, сүт сауу жылдамдығы, сүт өнімі мен оның химиялық құрамы, суалу, бұзаулау және қашыру мезгілдері, класы, табыннан шығу себептері. Малдардың карточкалары, олардың мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін де пайдаланылады, әрі малдардың бағасын анықтау және бонитировка уақыттарында қолданылады.

Сиырларды қашыру және бұзаулау журналдары (№3-сүт формасы)

Бұл журналға сиырлардың соңғы бұзаулаған уақыты, өткен жылғы қашыру уақыты, биылғы жылғы қашыру мезгілі, бұқалардың нөмірі, сиырлардың буаздығын анықтау, бұзаулау мезгілі, сосын нақты бұзаулаған күні, бұзаулардың жынысы. туғандағы тірідей салмағы, аты және жеке нөмірі тіркеледі.

Жаңа туған бұзауларды тіркеу және төл өсіру журналы (№4-сүт формасы)

Бұл журналға «төл актысынан» бұзау туралы барлық мәлімдеме көшіріледі. Одан кейін, ай сайын бұзаулардың тірідей салмағы тіркеледі. Бұл журналда әр ферма жүргізеді және жалпы шаруашылық бойынша мәлімдеме қорытылады.

Асыл тұқымды төлдердің мәлімдемесін бұқалардың немесе сиырлардың (тайыншалардың) карточкасына толтырады.

Бақылау сауу актісі (№5-сүт формасы)

Бұл акт бір рет қана толтырылады, осы мәлімдеме арқылы сиырдың сүт өнімін анықтайды, мұнда сиырлардың он күндік, айлық және 305 тәулік сүт өнімі тіркеледі. Бұл акті де сиырлардың аты, жеке нөмірі, әрбір сауылған сүтінің мөлшері және тәулігіне сауылған сүт (кг есебімен), сүтінің майлылығы мен белогы (%) жазылады. 

Сүтті ірі қара мал шаруашылықтарындағы асылдандыру мәселелері жөніндегі зоотехникалык, есеп  (№6-сүт формасы)

Бұл журналға ірі қара мал табыны бойынша жүргізілген бонитировканың нәтижесі толтырылады. Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабы. Бұл кітаптың ірі қара малын одан әрі асылдандыруда және өнімін көтеруде маңызы өте зор. Мұнда алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі, мал өсіру және ірі қара мал тұқымын, табынын және аталық ізін асылдандыру тәсілдерінің нәтижесін, асыл тұқымды малдың генеалогия-лык құрылымын мәлімдейді, әрі болашақ селекция жоспарларын белгілейді.

Қазіргі жағдайда, барлық асыл тұқымды малдар жөніндегі деректер уақытында ескеріліп, есепке алынып тұрады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы мамандардың негізгі міндеті, осы кітапқа жазуға деңгейі жеткен малдарды анықтау.

Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабын әрбір ірі қара мал тұқымына арнауға болады. Оған асыл түқымды мал шаруашылықтарының, асыл тұқымды мал асылдандыру ұйымдарының малдары жазылады.

Сүтті және сүтті-етті ірі қара малдарының асыл тұқымдары, егерде таза тұқымға жатса ғана мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабына ғана жазыла алады; бұқалары 1,5 жастан, ұрықтарының сапасы бойынша бағаланған, қашыру қасиеті жоғары, комплексті класы элитадан кем емес, шығу тегі төрт атаға дейін белгілі, таза тұқымды малдар осы кітапқа жазылады, ал сиырларда осындай қасиеттері бар, әрі тұқымдылығы таза, IV және III ұрпақ буыннан кем емес сиырларда жазылады, ал сүт өнімі өте жоғары маусымы есепке алынып, сүтінің майлылығы стандарттан кем болмауы қажет.

Малдарды ең алдымен бонитировка жүргізіп бағалайды, онда олардың сырт пішіні, дене бітімі және дене тұлғасының 5 өлшемі алынады, оған: шоқтығының биіктігі, кеуде тереңдігі, кеуде орамы, денесінің қиғаш ұзындығы және жіліншігінің орамы жатады. Мемлекеттік асыл тұқымды мал кітабына жазылатын малдарды ең алдымен көзбен қарап, бағалап, сосын мамандар арнайы карточкаларды толтырады. Әрбір шаруашылық осы кітапқа жазылуға жарайтын малдар жөнінде жоғары ауыл шаруашылық ұйымдарына мәлімет беріп тұрады.

Ірі қара малдың көрмесі. Ірі қара малды көрмеге дайындау мемлекеттік маңызды м ле, себебі оның мал шаруашылығын дамытуда, асылдандыру жұмыстарының жақсаруына алдыңғы қатарлы шаруашылыктардың және ғылыми жетістіктердің іске асуында маңызы зор. Көрмені ұйымдастыра білудің өзі де бұл саланың дамуына үлкен әсері бар, әрі селекционер-мамандардың үлкен нәтижелі жұмыстарын көрсетеді.

Көрмеде әрбір алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың селекциялық асылдандыру жұмыстарының нәтижесі анықталуда, әрі аса сүтті, мол өнімді, асыл тұқымды малдарды көзбе-көз көруге мүмкіндік туғызады. Көрмеге әкелінген малдардың сырт пішіні өте өдемі, қондылығы ойдағыдай, терісі мен жүні таза, әрі жылтырлау келгені дұрыс. Әрбір әкелінген малдың деректеріне, оның шығу тегі, өнімі, ұрпақтарының сапалылығы, т.б. ерекшеліктері жөнінде мәлімет болады. Бұл деректердің барлығы көрме карточкасына жазылады да, көрме каталогы шығады. Көрме басталардан бұрын эксперттік комиссия жоспар бойынша малды жеке-жеке бағалайды. Ең жоғарғы баға — 50 баллмен есептелінеді, оның ішінде шығу тегі үшін — 10 балл, тұқымдылығына тән типі үшін - 15, өнімі үшін — 20, жалпы саулығы үшін — 5 балл. Осы балдардың косындысы арқылы эксперттік комиссия, оның нешінші орында екендігін анықтайды. Ең жоғарғы балл алған малдар эталон болып есептелінеді. Ондай малдарға чемпион атағы тағайындалып, I және II — дәрежелі диплом беріледі. Сонымен қатар чемпион атағына ие болған, ол малды бағып-күткен, өсірген шаруашылықтарға да сыйлық беріліп, мамандар мен малшыларға сый құрмет көрсетіледі. Көрмені ұйымдастырғанда, оны өткізу реті (күнтізбесі) және уақыты алдын-ала анықталады. Алдымен аудандық көрме ұйымдастырылса, кейін облыстық-өлкелік, ең ақыр аяғында республика-лық көрме ашылады. Бүл көрмелер жыл сайын қайталанып түрады.

Мал шаруашылығын дамытуда көрменің маңызы өте зор, әрі алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда және ғылыми жетістіктерді насихаттауда да ролі өте күшті.

Ipi қара мал селекциясының ғылыми негізі Сүтті ірі қара мал шаруашылығының селекция жұмысында кейінгі уақыттарда жаңа тәсіл бойынша синтетикалық асыл тұқым шығарылуда. Ол үшін, ғалымдар төрт ірі қара мал тұқымдарын бірімен-бірін будандастырып, жаңадан синтетикалық тұқым (кросс-тұқым) шығаруда.

Синтетикалық ірі кара мал тұқымының ұтымдысы, сол жоғары бағалы бұқаларды шет мемлекеттерден әкеліп, жергілікті рі қара мал аналықтарымен будандастырып, олардың генетикалық (тұқым қуалаушылық) қасиетін одан әрі жақсарту болып саналады. Мұндай жағдайда, алынған ұрпақтардың өнімдерінің өзгергіштігі (CV) анықталып, бұл жақсы қасиетті одан әрі дамытуға жол болады.

Синтетикалық ірі қара мал тұқымының шығаруға үш будандастыру тәсілі бар. Оған: 1) симментал х айршир х монбельярд х голштиннің қызыл-ала тұқымдарын өзара шағылыстыру. 2) қырдың қызыл (және басқа да қызыл түсті ірі қара малдарының тұқымдары) х данияның қызыл х англер х айршир. 3) ТМД қара-ала х голландияның қара ала х голштин тұқымдары.

Ірі қара малының жаңа тұқымын шығаруда жаңа ірі қара мал тұқымын шығарудың ең бір ұтымды жолы — еліміздің жергілікті ірі қара мал тұқымын күрделі өндірістік будандастыру аркылы туыстас асыл тұқымды бұқалармен шағылыстыру. Ол үшін әлемге әйгілі аса сүтті Америка мен Канаданың голштин сүтті ірі қара мал тұқымын жиі пайдалануда.

          

2 Тіршілік қауіпсіздігі

 

Техникалық қауіпсіздік және өндірістік – санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды  қамтамасыз етуі керек.

Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілык оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Ірі қара  шаруашылығында еңбек шарты қора – жай ауасының зиянды газдармен, шаң – тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады.Соған байланысты құс шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық  ауруына ұшырайды.Ірі қара  шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі.Арнайы киім – бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және  биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал.Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Ірі қарамен жұмыс істеуге 18 – ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді.Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора – жайларында тамақ жеуге және ауру ірі қарадан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.

Ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық кітапшалары болады.Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.

Ірі қара шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: ірі қара қора – жайларында оптимальді микроклимат жасау ( температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарықтандыру ) , тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру араны оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.

Ірі қараны аурудан сақтаудың бірден – бір жолы – санитариялық – гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақтысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.

 

Қорытынды

 

Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру және мамандандыруға да көп байланысты.

Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардын көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр.

Ірі өндірістік фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау.

Қазіргі уақытта сауын сиырлардың машинамен саууына, топтап бағып-күтуге бейімделуіне көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі жағдайда, барлық асыл тұқымды малдар жөніндегі деректер уақытында ескеріліп, есепке алынып тұрады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы мамандардың негізгі міндеті, осы кітапқа жазуға деңгейі жеткен малдарды анықтау.

Қазіргі жағдайда, барлық асыл тұқымды малдар жөніндегі деректер уақытында ескеріліп, есепке алынып тұрады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы мамандардың негізгі міндеті, осы кітапқа жазуға деңгейі жеткен малдарды анықтау.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Т.Телеуғали, С.Қырықбайұлы Мал дәрігерлік – санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы, 1998.-58 б.

2 А.Ә.Төреханов, Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.Қ.Найманов, Н.Ә.Жазылбеков. Ірі қара шаруашылығы. Алматы, 2006.-145 б.

3 А.Нұржанова Сүт және сүт өнімдерін өңдеу технологиясы. Астана, 2010.-35 б.

4 Афанасьев Г.И. и Никитченко В.Е. (1989). Эффективность производства говядины при выращивании и откорме помесных симментальных гомитинских бычков //Молочное и мясное скотоводство.  -М., 1990. —Вып.12.-96 с.

5 Бельков Г.И. Технология выращивания и откорма скота в промышленных комплексах и на площадках. -М.: Росагропромиздат, 1989. -32 с.

6 Бельков Г.И. Технология выращивания и откорма скота в промышленных комплексах и ни площадках. -М.: Росагропромиздат, 1989. -32 с.

7 Богданов Е.А.  Типы телосложения с.-х. животных и человека и их значение.  -М.: Государственное изд-во, 1923. -11с.

8 Булгаков В.Б. и Моргун Э.М. Улучшение качества и сокращение потерь продукции животноводства. -М.: Агропромиздат., 1988.-135 с.

9 Бурлаков Н.М. Технология производства говядины. -М., 1971. -231 с.

10 Бусев Г.С. Итоги выращивания и откорма молодняка крупного рогатого скота,  молочных  н  малочно-мясных  пород  //Новое  по  откорму  и  нагулу крупного рогаггого скота н овец. -М., 1956. - 67-69 с.

11 Вишневский М.В. Закономерности роста желудочно-кишечного тракта в онтогенезе крупного рогатого скота //Животноводство. -М., 1960. -№7. - 33-37 с

12 Григорьев Н.Г., Гаганов А.П.  Влияние концентрации обменной энергии рациона   качества   мясо   откармливаемых   бычков   //Молочное   и   мясное скотоводство. -М, 1989. -Вып.12. -№9. – 16 с.

13 Девяткин А.Н. Ірі қараны комплекстерде өсіріп, бордақылау. -Алматы: Қайнар, 1980. -200 б.

14 Дьяков CM. Высокопитательные корма в рационах молодняка крупного рогатого  скота на откорм //Молочное  и мясное  скотоводство.  -М.,   1990. -Вып.12.-148.

15 Жузенов Ш.А., Жазылбекова Н.А., Жусупов М. Эффективность произ-водства говядины в зависимости от съемной живой массы бычков казахской белоголовой  породы //Животноводство,  кормопроизводство  и  ветеринария. -Алматы: Бастау, 2006. -№2. -72-73 с.

16 Жузенов Ш.А., Жусупов М., Кулиев Т.М. Как правильно выращивать бычков казахской белоголовой породы до высокой кондиции //Агроинформ. -Астана, 2006. -№8. - 17-18с.

17 Журавская Н.К., Алехина Л.Т., Отряшенкова Л.М. Исследование и контроль качества мяса и мясопродуктов. -М.: Агропромиздат, 1985. -63 с.

18 Зарпуллаев   Ш.Н., Жуманбаев А.С., Алиханов Ж. Интенсивное выращивание, откорм и мясная продуктивность некондиционного молодняка крупного рогатого скота //Научные основы развития сельского хозяйства на юге Казахстана: сб.науч.трудов ЮКИНИИСХ. -Алматы: Бастау, 2001. - 204-216с.

19 Зарпуллаев Ш.Н., Алиханов Ж. Интенсивные  методы  подготовки некондиционного молодняка крупного рогатого скота на мясо //Матер.межд. науч.-практ.конф. -Алматы, 2000. - 112-113 с.

20 Карманов А.Г. Влияние типа кормления молодняка крупного рогатого скота на формирование сельского хозяйства. -М., 1961. -Т.З. -87-92 с.

21 Комаров Л.Л. Производство говядины при разных формах специализации. -М., 1971.-187 с.

22 Кравченко А.И.Влияние разного уровня протеина и его заменителей на  откормочные и мясные качества тонкорунных ягнят //Проблемы интенсифи-кации овцеводства. -Ставрополь, 1974. - 158-160 с.

23 Кулешов   П.Н.   Влияние   питания   на   формы   тела   и   на  характер  продуктивности //Избранные работы. -М., 1949. -247-262 с.

24 Кулиев Г.К. Рост и развитие скелета некоторых пород овец в отгонно-горных условиях Азербайджана. -Баку: Изд. АН АзССР, 1979. -№3. -59 с.

25 Левантин Д.А. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. -М.: Колос, 1966. - 232-236 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 17:37:22     Қаралды-7797

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »