UF

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                              бет

 

 

АНЫҚТАМАЛАР......................................................................

 

 

КІРІСПЕ.............................................................................................

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................

 

1.1

Аналитикалық бөлім........................................................................

 

1.1.1

Сүт бағытындағы ірі қара өсірудің селекциялық мәселелері.......

 

1.1.2

Әулиеата тұқымының  жалпы  сипаттамасы.................................

 

1.1.3

Голштин тұқымының  жалпы  сипаттамасы.................................

 

1.2

Технологиялық бөлім.......................................................................

 

1.2.1

Сүт бағытындағы мүйізді ірі қараны жақсарту әдістерінің тиімділігі...........................................................................................

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................

 

 

ПАЙДАЛАНЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................

 


Анықтамалар

 

Курстық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар пайдаланылды:

 

Популяция – өмір сүру ортасы бір және оған бейімделу қабілеті де бірдей, бір-бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дарақтар. Сұрыптау- деп генотиптің организмнің сыртқы орта жағдайларына мейлінше көп бейімделуін қамтамасыз ету процесі.

Тұқым – белгілі бір тұқым қуалайтын ерекшеліктері бар, адам қолдан жасап шығарған организмдердің популяциясы.

Генофонд – табиғи мутациялық және сұрыптаудың нәтижесінде популяция-ның өзіне тән нәсілдік қасиеттерімен, хромосома құрылымымен сипатталатын организмдер жиынтығы.

Фенотип – генотип пен сыртқы орта жағдайларының өзара әрекеттесуі нәтижесінде дамып қалыптасқан организмнің белгілері мен қасиеттерінің жиынтағы.

Генотип – организмнің генетикалық түзілісі мен тұқымқуалаушылық қасиеттерінің жиынтығы.

Сүтбір немесе бірнеше жануарлардан, бір немесе бірнеше сауу арқылы сиырдың сүт бездерінің (физиологиялық) қалыпты физиологиялық секрециясы-нан алынған өнім.

Сүт өнімісүттен немесе оның құрамдас бөліктерінен және қосымша шикізатты  сүт майымен ақуызын қолданбай жасалатын тағамдық өнім.

Шикі сүт термиялық өңдеуге түспейтін сүт.

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығының дамыған саласының бірі сүт бағытындағы ірі қара мал өсіру болып табылады. Қазіргі уақытта осы өңірде 840 мыңға жуық ірі қара мал шоғырландырылған. Соның ішінде сүт бағатындағы асыл тұқымды қара-ала сиырдың саны 3940 басты, яғни 0,5% құрайды. Сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығын дамытудың негізгі резерві өсіріліп жатқан мал тұқымдарының өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жетілдірумен қатар олардың жаңа өнімді мал тұқымдарын, желілерін шығару және топтарын құру болып табылады. ТМД елдерінің әртүрлі аймақтарында жергілікті сиырлардың генотипі негізінде импорттық бұқаларды үнемі қолдану арқасында малдың жаңа типтерін шығару жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жылдары облыста әулиеата тұқымының гендік қоры жоғарғы өнімді шетелдік бұқалармен будандастыру (голландық, голштиндік, қара-ала) негізінде өзгеріске ұшырауда. Жүргізілген кең көлемді селекциялық-асылдандыру жұмысының нәтижесінде қара-ала малдың әр түрлі қанды жақсарған мал тұқымының тобы құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту-дың 2015-2020 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасында сүтті мал шаруа-шылығын дамытуға аса зор мән беріліп отыр. Қара-ала сиыр табынын одан әрі жетілдіру мақсатында оның сүт өнімділігін және нәсілдік қасиетін жоғарылату жөнінде мәселе қойылған. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін қара-ала сиырдың сүт өнімділігінің генетикалық потенциалын жоғарылатудың әдістемесін жасау және оның қарқынын жеделдету осы өңірде ғылыми-өндірістік өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – сүтті ірі қара-ала сиыр тұқымын ата-тегі мен жанама туыстарына қарап бағалау мен сұрыптау.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін қара-ала сиырдың генотиптерін бағалау;

- тиімді типтерді селекциялық көрсеткіштері арқылы сұрыптау;

- генотиптердің сүт өнімділігін және олардың сауымдық функцияларын зерттеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оңтүстік өңірінде өсірілетін сүт бағатындағы қара-ала сиыр популяциясын генетикалық тұрғыдан жетілдірудің ғылыми негіздері жасалынды.

Зерттеудің қолданбалы құндылығы. Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін сүтті ірі қара-ала сиырдың генетикалық потенциялы анықталып, оны арттыруға мүмкіндік жасалынды. Сүт бағытындағы қара-ала сиырдың селекциялық тиімді тобы жасақталынды.

 

І  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.1 Аналитикалық бөлім

 

1.1.1  Сүт бағытындағы ірі қара өсірудің селекциялық мәселелері

 

XХІ ғасырда адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің мәселелерін шешу өзекті іс-шараның бірі. Осыған орай, мал шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы қарқынды, тиімді технологияларды өндіріске енгізу [1]. 

М.А.Кинеев, А.Р.Кемпишева [2], Қазақстандағы барлық шаруашылықтарда малдың түрлері көбейіп, ірі қараның 86,9%, қой мен ешкінің 82,4%, шошқалардың 86,9%, жылқының 84,7%, түйенің 76,4% және құстың 51,6% үй шаруашылығының үлесіне тиісті екенін атап өтті. Сол себептенде авторлар фермерлік шаруашылықтардың тиімді екені туралы  ой пікірін білдірді.

Мал  шаруашылығын жеделдете өркендетудің негізгі жолы, жоғары сапалы өнімдерді өндіруді молайту. Ірі қара мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттырумен, бәсекелестігін көтерудің, халық шаруашылығындағы маңызының артуы, мал өнімдерінің өсуі мен сапасының жоғарылауына тікелей байланысты.

А.Соловьеваның [3] зерттеуі бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы потенциалы жоғары, ал БҰҰ жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы Қазақстан 1 млрд адамды азықпен қамтамасыз етуге барлық ресурстар жеткілікті дейді.

М.А.Кинеев [4] Қазақстандағы мал шаруашылығындағы генетикалық ресурстарын және әлемдік генетикалық қорларды қолдануды талдай отырып мынадай тұжырымдама жасады: Қазақстан барлық мал шаруашылығы саласында жеткілікті генетикалық ресурстары бар, оларды сақтау және дамыту қажет және селекциялық процеске әлемдік гендік қорларды пайдалану керек; әлемдік айрықша генетикалық ресурстарды қолдану отандық тұқымдардың өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жақсартып осы ортаға бейім мал тұқымдарын өсіруге қажет; отандық тұқымдардың өнімділік сапасын жақсартуда, селекциялық жұмыстарда мал тұқымының және табиғи климаттық жағдайларын ескеру қажет; отандық мал тұқымының генетикалық сан-алуандығын жақсартушы мал тұқымдарын пайдаланылғанда оларды есепсіз пайдалануға болмайды.

Табиғаттағы популяция структурасы гомозиготты және гетерозиготты генотиптердің белгілі жиілігін сақтау негізінде сақталады. Популяция структурасының әртүрлі генотиптерден тұруы, оны сыртқы ортаның тұрақсыз факторларынан бейімделуге мүмкіндік береді. Популяцияның сыртқы ортаның кез-келген өзгерісіне бейімделу арқылы жауап беруін генетикалық гомеостаз деп атайды.

Сыртқы факторлар популяция құрамына белгілі бір генотиптерді іріктеу немесе оның құрамынан шығарып тастау арқылы әсері етеді. Әсер етуші факторларға табиғи және қолдан іріктеу, мутация, көбею түрі, ген миграциясы және т.б. жатады.

Популяцияны жан-жақты, толық зерттеу үшін ғылымның жаңа методологиялық ағымдары пайда болуда. Табиғаттағы популяцияны басқа қырынан зерттейтін ағым – фенетика. Фенетиканың зерттеу ерекшелігіне морфологиялық, физиологиялық белгілердің кез-келген дискретті вариациясын анықтау және зерттеу жатады. Мұнда фен дегеніміз – кез-келген белгінің немесе қасиеттің дискретті, альтернативті вариациясы. Олар сапасын жоғалтпайтын,  бөлінбейтін зат.

Популяция структурасының тұрақтылығына немесе өзгеруіне көбейту тәсілінің әсері де біршама. Егерде популяцияда туыстығы жақын малдар шағылысса, онда топ ішінде біртіндеп гомозиготты генотиптердің көбеюі салдарынан аллелдердің жиілігі өзгереді. Туыстық шағылысу жалғаса берсе, бір аллелдің жиілігі барынша артып, ал екіншісі  тіпті азайып кетуі салдарынан популяция ішінде жік пайда болады.

Қазіргі кезде малдардың нәсілдік қасиеттерін анықтаудың бірден бір тәсілі, оларды ұрпағының сапасымен тексеру. Кезінде оның қажеттілігіне А. Mutzing [5] көп мән берген. Th.Heidhnes [6] табынды генетикалық жақсартуда сұрыптаудың тиімділі-гіне әсер ететін факторлар төмендегідей екен деп тұжырымдады:

  1. Экономикалық талап-сұрыптауда шаруашылықтың пайдасын жоғары-лататын белгілердің саны аз болған сайын, олардың жеделдету қарқыны жоғарлайды;
  2. Селекциялық белгінің жоғарғы генетикалық өзгергіштікке ие болуы;
  3. Белгінің ұрпаққа берілуі, яғни жоғарғы нәсілділігі;
  4. Селекциялық белгілердің корреляциялық қатынастарын есепке алу. Белгілердің оң корреляциялық қатынаста болуы, селекциядағы белгілердің санын азайтады;

М.Е.Еnsiminger [7] сұрыптау барысында табынның генетикалық жақсаруына қажетті белгінің тұқым қуалаушылығы, белгілердің саны, белгілер арасындағы генотиптік және фенотиптік корреляция, нәсілдік өзгергіштіктің ауқымы, селекциялық бағыты, малдың басы-саны, сұрыптауға алынған малдың сапасы, малдың жасы, ұрпақтар интервалы және баталық бұқалардың сапасы әсер етеді деп баса айтқан.

Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығында бұқаларды ұрпағының көрсеткіштерімен тексереді.

Бұқалардың генетикалық құндылығын олардың ұрпақтарының  өнімділігіне байланысты бағалау төмендегідей қарым-қатынаста болады:

Бұзауларының орташа өнімділік жоғарлығы = бұқаның орташа генетикалық құндылығы + аналарының орташа өнімділігі.

Осыдан, бұқаның орташа генетикалық құндылығы =2 (Ұрпақтарының орташа өнімділік жоғарлығы) - (аналарының орташа өнімділік жоғарлылығы).

Кейінгі жылдары сиырлардың генетикалық құндылығын табынның орташа сүт өнімділігімен сиырлардың өзінің сүт өнімділігінің айырмашылығын тұқымқуалаушылық коэффициентіне көбейту арқылы анықтайды.  

А.Панкратов, Н.Гончарова [8] зерттеулерінде ірі қара малдың  голштин тұқымдары негізінен қара-ала түсте болады (60%). Осы түске байланысты олардың өнімділік және конституциялық ерекшеліктері туралы ғалымдар мен мамандардың ойлары әр түрлі.

Көптеген зерттеушілер, қара-ала сиырды сүтті бағыттағы деп ой кеседі де, ал салмағы ауырлау қызыл-ала сиырды аралас бағытқа жатқызады. Қара-ала сиырға мамандандырылған Краснодар аймағының «Прогресс» колхозында жүргізілген зерттеушілер бұл мал тобына сүтті бағыттағы малдардың қасиеттері тән және олардың сүт өнімділігі қызыл-ала сиырларға қарағанда жоғары әрі сауын кезеңі ұзақтау. Сүттің майлылығы  мен ақуызының көрсеткішінен де қара-ала сиыр жоғары болып, экономикалық жағынан тиімділігін көрсетті.

Селекцияда жергілікті қара-ала сиырлардың өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жетілдіру мақсатында негізінде шет елдік голштин тұқымды бұқаларды кеңінен қолданылады.  

Сиырлардың даралық генетикалық ерекшеліктерін R.R.Shrode және J.L.Lush [9] cіңіре будандастыру арқылы зерттеу өте көп уақыт алатындығын, және   ұрпақтар арасындағы интервал, орташа 4-5 жылды құрайтындығын атап өтті.  Шетелдік селекционерлер, даралық генетикалық өзгерістерді бағалау үшін, малдардың генотиптерін олардың ұрпақтарында кездесетін бағалау деп санайды.

Б.Т.Тулебаев, Б.Т.Кадралиева [10] Батыс-Қазақстан облысының «Өсімтал» шаруа қожалығында голштин тұқымын жүргізілген зерттеулерінде, голштин тұқымының әр сиырынан 5363 сүт өндіріп, оның майлылығы 3,63 пайыз құрағандығын атап өтіп, олардың генетикалық потенциалын толық іске асыру үшін күтім-бағу мәселесіне көңіл болу керектігін атаған.

Генетикалық өзгергіштік көрнекті құралы – әр генотиптердің комбинациялық өзгергіштігі. Сондықтан да, ауыл шаруашылығы малдарында, өнім өндіруде, әсіресе, сүт өндіруде  аналық даралардың рөлі зор. Мұның негізінде кейбір органдарының заңды коррелятивтік өзгермелілігі жатыр, Мұны  бойдың өсуінің (дамудың) ара-қатынасының заңы деп атаған. Демек, сыртқы ортаның нақты жағдайларына байланысты, ересек мал органдарының дифференциациясы және бүтін организмі өзгеріп  шаруашылықтық белгілері әр түрлі, тұлғасы бірдей типтері қалыптасады.

Л.К.Эрнст, А.А.Цалитис [11] сиырларды қолдан ұрықтандырғанда популя-цияда қолданылған бұқаларды пайдаланудың  қарқыны жоғары болған сайын, олардың генетикалық өзгергіштігі төмен болады. Бұқалардың ұрпақтарын табында қолдану және олардың ұрпағының сапасын тексеру кең көлемді селекцияның негізі болып табылады.

А.Төреханов [12] ірі қараны қарқынды өсірудің бірі «СЕЛЭКС» бағдарла-масының мүмкіндігін толық іске асыру, қазіргі ақпараттық жүйелі асылдандыру ісінде малдың генетикалық құндылығының дәлділігін арттыруға және тұқымды генетикалық жақсарту жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді деп есептейді.

 

1.1.2 Әулиеата тұқымының  жалпы  сипаттамасы

 

Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін ірі қара малының аулиеата тұқымы жергілікті сиырларды голландық бұқалармен шағылыстыру арқылы алынған будандуындарды «өз-өзімен» өсіру арқылы шығарылып, 1950 жылы жаңа сүт бағытындағы ірі қара малдың аулиеата тұқымы деген атпен бекітілді.

Н.Г.Дмитриевтің [13] мәліметіне сүйенсек, будан буындар ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында пайда болып, ал асыл тұқымды фермалар мен асыл тұқымды кешендер 1935 жылдары ғана құрыла бастады.

Әулиеата тұқымының қалыптасуына қатысқан үшінші тұқым – симменталь. Симменталь бұқалары табында 1920-1937 жылдары, аз көлемде қазіргі Түлкібас, Сайрам, Байдібек аудандарының шаруашылықтарында қолданылады. Симменталь бұқалары аулиеата малының дене құрылысын жақсартып, тірілей салмағын және сүтінің майлылығын көтерді.

Оңтүстік Қазақстанда ХХ ғасырдың 30 жылдарында голланд және остроиз бұқаларын жаңадан әкелу басталды. Осының нәтижесінде табынның нәсілдік және өнімдік қасиеттері жетілдірілді.

Атап өту қажет, осы тұқым шығарудың ерекшелігі Оңтүстік Қазақстанда голланд тұқымының аналық бастары аз әкелінді және оның басты себебі, олардың жергілікті жердің жаздың ыстық ауасына (40-450С), ауаның ылғалдылығының аздығы және жауын-шашынның біркелкісіздігі мен қансорғыш зиянкестердің кең тарағандылығы әсер етіп, жергілікті жердің табиғи-климаттық, жайылым жағдайларына нашар бейімделгенділігінен болды.

Әулиеата тұқымының басқа қара-ала малдан айырмашылығы, ыстық-құрғақ климатқа бейімділігі мен қансорғыш зиянкестерге және басқа да ауруларға қарсы, табиғи төзімділігімен  айрықшаланады [14].

1989 жылғы бонитировка мәліметтері бойынша Қазақстанда қара-ала сиырлардың үлесі 22,9 айызды құрады. Үлес салмағы бойынша бірінші орында қызыл тұқымдыларда болып- 53,1%, және күлгін-ала 13,1%, қоңыр 10,4% -ын түстілер құраған, ал 0,6% қалған тұқымдардың үлесінде. Республика бойынша орташа сүт сауымы 1-ші тума  сиырға 2356 кг құрады, ал орташа сүт мөлшері сауымның 305 күнінде 2539 кг-ға тең болған. Бонитировкадан өткен 532 мың сиырдың 405 басынның (76,2%) сүт сауымы 3000 кг-нан төмен және тек 1% шамасындағы сиырлар жоғары сүт өнімділігімен ерекшеленген (5000 кг сүт және одан да жоғары). 

Мүйізді ірі қара малының әулиеата тұқымы Қырғыз және Қазақстан шарушылықтарында жергілікті малдарды голланд малдарымен шағылыстыруда алынған будандарды (өзіне) әдісімен өсіру арқылы шығарылған. Ол өз алдына жеке тұқым ретінде 1950 жылы бекітілді. Дегенмен әулиеата тұқымының қалыптасуының басы 1885 жылы Қырғызстанның  Әулиеата уезінде малдардың будандары өсірілген  кезге келеді.

Қазақстанда әулиеата малының қалыптасуы Қырғызстанға қарағанда біршама кеш басталды. Қазақ х голланд будандары тек ХХ ғасырдың бірінші он жылдығында пайда  болды.

Н.Г.Дмитриев, Ж.Г.Логинов, П.Н.Прохоренко [15] мәліметінше асыл тұқымды фермалар мен асыл тұқымды мал өсіретін орындар тек 1935 жылы құрыла бастады. Сондай-ақ Қазақстан және Қырғызстандағы  әулиеата малының тұқымын қалыптастыру әдістерінде бірқатар айырмашылықтар болып, жұмыстың нәтижелеріне әсерін тигізгенін айтуға болады. Қазақстанда негізінен жергілікті малдармен голланд малын шағылыстырудан алынған будан бұқалар пайдаланып, жоғары сүт майлылығымен ерекшеленген төмен қанды будандарды (өзімен өзін) шағылыстыру әдісімен өсіру қолданылды.

Қазақстанда әулиеата малының асылдық және өнімділік сапаларының қалыптасуына үшінші бастапқы симменталь тұқымы маңызды орын алды. Симменталь бұқаларын қолдану әулиеата  малдарының дене бітімінің типіне, тірілей салмағына және сүт майлылығына оң әсерін тигізді. Одан басқа жоғары сапалы асыл тұқымды бұқаларды қолданудың маңызы үлкен болды.

30 жылдары ұзақ үзілістен кейін Оңтүстік Қазақстанға голланд және остфриз бұқаларын әкелу жалғастырылды. Олардың қатарында, жекелеген асыл тұқымды табындарды және нәсілді толығымен жетілдіруге айтарлықтай әсерін тигізген, асылдық және өнімділік сапалары бойынша атақты бұқалар болды. Қазақстандағы әулиеата малы тұқымының қалыптасуындағы ерекшеліктердің бірден бірі, бір, екі бастан басқа   голланд тұқымының аналық бастары әкелінбеген. Республикада құрылған басқа тұқымдармен салыстырғандағы әулиеата тұқымының қалыптасуының  өзіндік ерекшелілігі осында.

Ыстық климат жағдайына қарамастан, әулиеата малдарында қалыпты көбею қабілеттіліктері, жақсы ұрықтанғыш және жоғары бұзау шығымы сақталады. Жетекші табын сиырларының төлдеу арасы кезеңінің ұзақтығы 330-370 күнді құрады, ал сервис-кезең -54-81 күн. Бұзаулары  денсаулығы жақсы және өміршең болып туылады.

Әулиеата тұқымының малдары берік коституциялы, шаруашылыққа пайдалану ұзақтығы жоғары. Бұл тұқымның сиырлары көп жағдайда өмірінің соңына дейін төлдегіштігін және жоғары өнімділігін сақтайды. Әулиеата тұқымы таулы жағдайларда шығарылған алғашқы мамандан-дырылған сүтті тұқымдардың  бірі болып табылады. Малдардың сүттілік белгілері жақсы дамыған және тірілей салмақтары мейлінше жоғары. 1964 жылмен салыстырғанда әулиеата сиырларының тірілей салмақтары айтарлықтай жоғарылады: I төлдеу бойынша -319 дан 409 кг дейін, 2 төлдеу бойынша  352 ден 437 кг дейін, 3 төлдеу бойынша -365 -тен 481 кг-ға дейін.

К.Д.Кадыркұловтың [16] мәліметтері бойынша, әулиеата тұқымының бірінші тума сиырларының тірілей салмағы 383-424 кг, ал сауымның 305 күніндегі сүт мөлшері 2585 кг, майлылығы 3,51% болған.

Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін әулиеата тұқымында сүт өнімділігі жоғары бірқатар малдар алынды. Ангара 9645 сиырынан 6 сауымның 305 күнінде майлылығы 3,76%,  9193 кг сүт алынды, ал Гневная 4268, Шуя 110 және Стая 3422 сиырлары сауымның толыққанды  305 күнінде майлылығы тиісінше 3,80; 3,70 және 4,13% , 7000 кг-нан жоғары сүт берді. Дегенмен, қазіргі уақытта әулиеата тұқымды жануарлардың  тек қана 50 %-ы жетекші шаруашылық белгілері бойынша типтелген  белгілі бір генеологиялық сүлелер мен топтарға жатады. Соңғы жылдары бұл тұқымға голланд және голштин аталық бұқалары үлкен ықпал жасауда.

 

1.1.3 Голштин тұқымының  жалпы  сипаттамасы

 

Голштин тұқымды сүтті малдардың құрылуын соңғы 100 жылдағы генетика және селекцияның  атақты жетістіктерінің бірі деп санауға болады. Малдың бұл тұқымын АҚШ және Канада селекционерлері шығарған. Голштин тұқымының генеологиясының жүйеленуін Ресей Федерациясында көптеген зерттеулерден көруге болады.

Әдеби шолулардан,  гошлтин тұқымының шығу тегі, америка континентіне голландиядан қара ала фриз малдарын әкелумен тығыз байланысты екені белгілі. Ол Солтүстік Америкада тікелей жоғары сүт өнімін алу селекциясында өсірілді. Іріктеу барысында тікелей мамандандырылған шаруашылықтарда сүтті типті малдарға аса көңіл бөлінді. 100 жылдық саласы асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде, тірілей салмағы үлкен, майлылығы орташа, жоғары сүт мөлшерімен сипатталатын голштин малының жаңа заманауи типі шығарылды. Сиырлардың тірілей салмағы 650-700 кг, шоқтық биіктігі – 142-145 см; бұқалардыкі - тиісінше 1100-1200 кг және 160-165 см. Сиырлардың сүттілік типі азықты үлкен көлемде қорытып, сүт өнімін тиімді өңдеуге қабілеттілігімен, аяқтары мен тұяқтарының беріктілігімен еркшеленеді, машинамен сауға бейімделген. Олардың желіндері ауқымды, ванна немесе тостақ пішінділері мал тобының  85-97 пайызында кездеседі, біркелкілік индексі 42-44%-ды құрайды, сүт беру жылдамдығы – 1,91-2,37 кг/мин.

П.Н.Прохоренко және басқалардың [17] еңбектерінде желіндерінің үлкен көлемінің арқасында малдар екі дүркін сауымды жақсы қабылдайтындығы жайлы айтылған.

Сүт өнімінің көлемі және сүт майының шығымы бойынша барлық әлемдік рекордтар голштин тұқымды сиырлардың үлесінде. 1975 жылы Индиана штатының Бичер Арлинда Эллен сиырынан 365 күндік сауым кезеңінде  майлылығы 2,82%  25248 кг сүт алынған. Орташа тәуліктік сүт өнімі – 69,2 кг. Кубадағы «Ла Виктория» шаруашылығында 1981 жылы Урба Бланка атты сиыр  3-ші туманың 365 күнінде майлылығы 3,8% 27674 кг сүт берген. Бұл сиыр жоғары тәуліктік сүт сауымы (110,9 кг) бойынша рекорд орнатқан, ал орташа тәуліктік сүт сауымы 75,81 кг [18]. Урбе Бланка шығу тегі бойынша голштин мен зебу буданы және зебу бойыша қаны 1/4.

Голштин тұқымы сүт майлылығы төмен деп саналғанына қарамастан, бұл малдардың популяиясында сүт майлылығы бойынша рекорд жасаған сиырлар кездеседі. Осылайша Бреквуд Англе Марлин сиыры 5 жасында 305 күн лактацияда сүт майлылығы 9,8% 9325 кг берген.  Сауымдағы сүт майының жалпы шығымы 900 кг-нан асқан [19].

Голштин тұқымының негізгі кемшілігі оның шаруашылық пайдалану мерзімінің төмендігінде деп санауға болады. Олар қарқынды сауылғанда, бұл тұқымның сиырлары  2-3 сауымнан кейін табыннан шығып қалады. Дегенмен, жоғары өнімді  голштин сиырларының ұзақ жылдық қызметтері туралы көптеген  деректер бар. Мысалы, атақты Раунд Оак Рэг Эппл Элевейшн 1491007 бұқасының анасы Айвенго Ив 5749758, тек жоғары сүт өнімділігімен емес, табында ұзақ пайдаланғанымен де ерекшеленген.

Соңғы жылдары Америкада да және Канада да голштин тұқымының селекциясында жоғары өнімді сиырлардың қызмет мерзімін ұзарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Дегенмен, малдардың табыннан ерте шығуы, артынша оларды ауыстыру, ұрпақтар арасындағы интервалды қысқарту есебінен популяцияда генетикалық прогрессті арттыру жұмысында позитивті фактор болып саналады.

П.Н.Прохоренко, А.Гореловтардың [20] пікірінше, 2000 жылдан бері Канадада жыл сайын сиырлардың өнімділігін 0,75%-ға, сүттегі ақуыз мөлшерін 0,005%-ға көтеру, сүт майлылығын 3,7% деңгейінде ұстап тұру, малдарды 6 сауым ұзақтығында қолдану алдын ала қаралады. АҚШ пен Канададағы голштин тұқымының басым бөлігінің түсі қара -ала, дегенмен қызыл алалар да кездеседі. Қәзіргі уақытта қызыл ала голштин малдары өз алдына топқа бөлінген және жеке асыл тұқым кітабына тіркеледі, әйтсе де, қызыл ала түстің рецесивті гені бар қара ала малдар, қара-ала голштин малдарының асыл тұқымды кітабына тіркеледі. Канадада бұл ұрпақтар (қызыл ала) 1972 жылдан арнайы жаңа тұқым болып қабылданған [21].

Қызыл ала сиырлардың сүттілігі  қара ала сиырларға  қарағанда біршама төмен, дегенмен, соңғы жылдары селекционерлер қызыл ала голштиндердің асылтұқымдық және өнімділік сапаларын айтарлықтай жақсартты және қазіргі уақытта бұл тұқымның сиырлары 650-700 кг тірілей салмақта жоғары сүт өнімділігімен сипатталады (майлылығы 3,6-3,7%, 6500-7000 кг сүт).

Нарықтық экономика жағдайында өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігі мен өндірістің экономикалық тиімділігінің басты шарттарын ғылыми негізге ала отырып саланы басқаруда, жаңа технологияларды ендіру мен игеру ірі қара малдың биологиялық мүмкіншіліктерін толығымен пайдалануды қамтамасыз етіп сүт өнімдерін өндіруге ықпал етеді.

Соңғы кезде малдың типінің өзгеруіне байланысты ірі қара мал типтерін жетілдіруге бағытталған асылдандыру жұмыстары асыл тұқымды мал зауыттарында кеңінен жүргізілуде. Әсіресе, қара-ала сиыр генотиптерінің тиімді типтерін жетілдіру бағыттары жан-жақты зерттелмеген.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстанда асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылықтарында қара-ала сиырды алынған голштин бұқаларымен жан-жақты зерттеп, сүтті ірі қара селекциясының әдістерімен тәсілдерін және табынның генеологиялық құрылымын жетілдіру жолдарын қарастыруды мақсат қойдық.

 

1.2 Технологиялық бөлім

 

1.2.1 Сүт бағытындағы мүйізді ірі қараны жақсарту әдістерінің тиімділігі

 

Будандастыру – мал өнімділігін арттыруда және жаңа тұқым шығаруда адам баласының ежелден қолданып келе жатқан мал өсіру әдістемелерінің бірден бір тәсілі. Ауылшаруашылық малдарын өсіруде будандастыру әдісі әр түрлі тұқымдарды жұптау арқылы олардан жаңа гендер комбинациясын алуға негізделген. Будандастыру әдісі екі мақсатта жүргізіледі:

  1. Көрнекі әр түрлі тұқым малдарын шағылыстыру арқылы аталық және аналық тұқымдардың орта фенотиптік көрсеткіштерінен басым түзетін жаңа генерация алу. Бұл жағдайда мұндай селекцияға тиімді белгілер бойынша доми-нанттық және эпистаздық  эффект алу және тұқымқуалаушылықты вариация-лық өзгерту.
  2. Әр түрлі белгілері бар тұқымдарды шағылыстыру арқылы, ұрпағында будандастыруға қатысқан тұқымдардың өте жақсы белгілерін байланыстырған жаңа тұқым шығару. Бұл жағдайда ата-аналарының генетикалық айырмашы-лықтарын жаңа ұрпақта тиімді байланыстыру.

Будандастыру ұрпаққа жаңа ген алып келмейді, ол генотиптердің құрамы мен оның жиілігін өзгертеді. Қазіргі кездегі негізгі бағыт, сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығында будандастыру арқылы жаңа сүт өнімділігі жоғарғы мал тұқымын шығару және жергілікті сүт бағытындағы мал тұқымының сүт өнімділігін арттыру болып табылады.

Тұқым аралық будандастыру мал шаруашылығы іс-тәжірибесінде жиі қолданатын әдістердің бір түрі. Көптеген ауыл шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдары будандастыру тәсілі арқылы алынған.

Тұқым аралық будандастырудың мақсаты - негізгі мал тұқымының кейбір қасиеттерін сақтай отырып, жоғары өнімді, төзімділігі және жергілікті ортаға бейімделу дәрежесі жоғары мал тұқымын шығару деп түсіндіреді.

Сәтті будандастыру ұнамды белгілерді үйлестіріп іріктеуге мүмкіндік береді және әртүрлі генетикалық материалдар алуға жағдай жасайды.

Бірінші будан ұрпақтардың нәсілдік қасиеттері тұрақсыз және қалыпты белгісі бар жаңа типтегі мал алуға мүмкіндік бермейді, сондықтан жаңа типті малдарды қалыптастыру үшін сіңіре будандастыруды келесі ұрпақтан бастау керек. Демек, будандастырудың нәтижесі тек жақсартушы тұқымға ғана емес, жергілікті жақсартылушы тұқымның ерекшеліктеріне, сапасына да байланысты болатындығын білдіреді.

Тұқым аралық будандастыру негізінен гетерозис алуға, таза қанды мал тұқымының кейбір кемшіліктерін жоюға және қолданып жүрген гендік қорға жаңа генетикалық өзгерістер енгізуге жағдай туғызады.

Сонымен Қазақстанның оңтүстігіндегі әулиеата тұқымын жетілдірудің негізгі әдістерінің бірі оны шетелден әкелінген туыстас тұқымдармен шағылыстыру болып табылады. Қазіргі кезде жақсартылған мал басының үлес салмағы 90%-дан жоғары болды. Жұмыста жақсартылған мал басының өнімділік және нәсілдік ерекшеліктері зерттелді. Сонымен қатар осы малдардың басын көбейту жұмыстары да  қоса жүргізілді. Әулиеата тұқымына сырттан әкелінген гендік қорды пайдаланудың зерттеу нәтижелері төмендегіні көрсетті:

а) голланд тұқымының бұқалары қашарлардың алғашқы сауылымдағы сүттілігін (6-10%) арттырды, бірақ олардың майлылығына әсер еткен жоқ, алайда сиырлардың желін пішінін жақсартты;

б) голштин тұқымының бұқаларын пайдалану бірінші буын қашарларының сүттілігін 9-14%, екінші буынның сүттілігін 11-18% және үшінші, одан да жоғары буындарынікі 16-24%-ға, сүтінің майлылығы бұрынғы деңгейінде қалса да,  желінінің пішіні және морфофункциялық қасиеттері жақсарды;

в) қара-ала тұқымының бұқалары сиырлардың сүттілігіне аз мөлшерде ғана әсер етті (6-9%), сонымен қатар сүттің майлылығын 14,0%-ға арттырды.

Табынның сүт өнімділігін арттыру, сүттің майлылығы мен ақуызының құрамы, желіннің морфофункциялық қасиеттерін жақсартуда голштин тұқымының гендік қорын пайдаланудың тиімді екені  зерттеулер нәтижесінде белгілі болды.

Алайда, голштин тұқымын пайдаланудың нәтижесі барлық жағдайда  да оң нәтижелерін берді деп айтуға болмайды. Жемшөп қоры төмен және жемшөппен аз қамтамасыз етілген шаруашылықтарда (сауым маусымында 3000 кг-нан төмен сүт берген сиырлар) голштиндендірілген сиырлардың сүттілігі  жоғары деңгейде жете алмады. Бұл нәтижелер, шаруашылықтағы жемшөп қорының малдың сүттілігіне әсері, жаңа қара-ала типін шығарудың бағдарламасын жасауда есепке алынды.

Қара-ала тұқымының жаңа типін шығаруда будандастырудың сызбасына баға берілді, малөсірудің негізгі шаруашылықтар анықталды, бағытталған стан-дарттар, сырттан әкелінген селекциялық бұқаларынан алынған ұрпақтың өсуі мен жетілуі бағаланды, көптеген ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүргізілді. Нәтижесінде сиырлардың қажетті типтері іріктелініп, олардың туыстық топтарынан жоғары өнімді генотиптер сұрыптап алуға  негіз жасалынды.

Голштин тұқымының жоғары дәрежелі қаны бар сиырларды іріктеу аулиеата тұқымын жетілдіру процесін жеделдете түседі. Соңғы кездері голштин тұқымды бұқалардың ұрпақтарының саны едәуір көбейді.

Сұрыптау тәсілдерінің ішіндегі ең оңай, ең қарапайымы малды өніміне, дене бітімінің типіне қарай сұрыптау. Мысалы, сүтті бағыттағы сиырларды сүт кешендеріне таңдағанда олардың сүттілігіне, сүтінің шығу жылдамдығына, желінің түріне қарай, ал етті бағыттағы малды таңдағанда оның өсу жылдамдығына және тәуліктік қосымша салмақ қосу мүмкіншілігіне қарай сұрыптайды. Сонымен қатар сұрыптауды дәл жүргізу үшін мал өнімінің мөлшерін және сапасын неғұрлым толық есептейді.

Мал тұқымын астылдандыру жұмысына арналып денсаулығы мықты, сыртқы пішін көз тартарлық және салмағы үлкен мал қалдырылады.

Малдың ата-тегіне қарай сұрыптау тәсілі зоотехнияда жолға қойылған, өйткені малдың, әсіресе ата-енесінің әсері, сонау алыстағы тегіне қарағанда өте зор. Бірақ сол алыстағы ата-тегі де малдың өнімдік қасиетіне біршама әсер етеді. Осы жағдайды дәйекті есептеу үшін малдың ата-тегін білу қажет.

Егер малдың ата-тегі толық және дәйекті жазылса, онда оны сұрыптауға ғана пайдаланып қоймай, жұп таңдау жұмыстарына да пайдалану керек. Демек, малдың тегіне, өнімділік қасиетіне қарай жұптауға болады.

Дене құрылысының үйлесімдігін жақсартуда көптеген дене өлшемдері оң немесе теріс байланысты иемденеді, ал шығу тегі әртүрлі ұрықтық өгіздер дене өлшемдерінің қарым-қатынасына әртүрлі ықпал етеді. Біз жекелеген шаруашы-лықтарда дене өлшем бірліктерін тез әрі тиімді жоғарлатуға қол жеткіздік, себебі, малдардың көлемінің тұқымқуалаушылығы жоғары, ал бір, екі, үш немесе одан да жоғары көп дене өлшемдерінің бір тікелей алған дене өлшеміне әсері жекелеген мал тобында әртүрлі болып келеді. (1-кесте).

 

Кесте 1 – Негізгі  өлшемдер арысындағы корреляциялар

 

Бір-бірімен байланысты өлшемдер

Шығу тегіне байланысты корреляция

табын бойынша орташа

(n=27)

тиімді тип

(n=28)

барлығы

(n=55)

Шб-кт-дұ

0,790±0,125

0,701±0,143

0,686±0,084

Шб-кт-со

0,777±0,128

0,647±0,152

0,619±0,091

Шб-дұ-со

0,714±0,143

0,723±0,138

0,844±0,062

Шб-дұ-ко

0,741±0,137

0,692±0,170

0,717±0,081

Дұ-кт-ко

0,796±0,124

0,915±0,081

0,838±0,063

Дұ-кт-шб

0,811±0,119

0,830±0,112

0,807±0,068

Дұ-шб-ко

0,760±0,133

0,919±0,079

0,839±0,063

Дұ-шб-со

0,785±0,127

0,941±0.068

0,733±0,079

Шт-дұ-шб

0,849±0,108

0,814±0,116

0,780±0,072

Шт-шб-ко

0,872±0,100

0,869±0,141

0,826±0,065

Шт-шб-со

0,841±0,110

0,848±0,106

0,696±0,080

Шт-шб-со

0,845±0,099

0,866±0,100

0,838±0,063

Ко-дұ-шб

0,683±0,149

0,917±0,080

0,806±0,068

Ко-шб-кт

0,792±0,125

0,877±0,096

0,831±0,064

Ко-шб-со

0,855±0,106

0,922±0,077

0,754±0,076

Ко-дұ-со

0,818±0,117

0,925±0,076

0,818±0,066

Со-дұ-кт

0,613±0,161

0,916±0,080

0,624±0,090

Со-ко-шб

0,793±0,124

0,895±0,089

0,637±0,089

Со-шб-кт

0,609±0,162

0,803±0,119

0,488±0,101

Ескертпе: шб-шоқтығының биіктігі, дұ-дене ұзындығы, кт-кеуде тереңдігі, ко- кеуде орамы, со-сирақ орамы.

 

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мал тобындағы сиырлардың шоқты-ғының биіктігі, кеуде тереңдігі мен денесінің ұзындығы арасында, тиісінше, 0,790±0,125; 0,701±0,143 жоғарғы дәрежелі қарым-қатынас бар екендігін анықтадық. Сонымен қатар, шоқтық биіктігінің басқа дене өлшемдерімен байланысты өте әлсіз, яғни төмен екендігін аңғардық. Осыған сәйкес мәліметтер денесінің ұзындығы, кеуде тереңдігі, кеуде орамы және сирақ орамы өлшемдерінде де алынды. Мұны голштин тұқымды өгіздердің экстерьерлік белгілерінің тұрақтандырылғанымен түсіндіруге болады. Жалпы мал басына жүргізілген анықтау, дене өлшемдерінің жоғарлауына шоқтық биіктігі, денесінің ұзындығы және кеуде орамы әсері мол екенін көрсетті. Дене тұрқының өлшемдерінің жоғарлануына сирақ орамы өлшемінің ықпалы өте төменгі дәрежеде: негізінен алғанда жалпақ табан етті бағыттағы сиырларға тән.

Шаруашылықтағы мал топтарындағы есепке алынған жалпы дене өлшемдерінің арасында оң генетикалық (корреляция) байлыныс-0,062-ден 0,534-дейін байқалды. Басқа дене өлшем бірліктерімен ең жоғарғы генетикалық байланысты, орташа мәні 0,345, иық шоқтығының биіктігі иемденді, осы жағдайда кеуде тереңдігі-0,299, дене ұзындығы-0,282, кеуде орамы-0,125 тең болды. Сиырдың сүттілігімен ең жоғарғы генетикалық байланысты кеуде орамы-0,302 және сирақ орамы-0,460 көрсетті. Бұл жағдай өсіп-өну ортасына шығым денелі сиырлардың жақсы бейімделетіндігімен байланысты болса керек.

Малдың ұрпағының сапа-қасиетіне қарай сұрыптау ең тиімді жұмыс. Сапалы ұрпақ қалдырған мал жоғары бағаланады да, ол малды келешекте қалай пайдалану туралы тұжырым жасауға болады. Сонымен бұқаларды ата-тегіне қарап талдағанда, оның жақын тегінің өніміне көңіл аударады. Сонымен бірге өнімі жақсы аналық ұядан немесе аталық ізден шыққаны дұрыс.

 Қазіргі кезеңде будан малдардың едәуір мал басы жинақталды және олар жоғары гендік әлеуетке ие болды (2-кесте).

 

Кесте 2 – Шаруашылықтардағы қара-ала тұқымының туыстық топтарының ара қатынасы, %

 

Жылдар

Аналық бастың саны

әулиеата

голландық

голштиндік

қара-ала (эстондық)

қара-ала

(ресейлік)

қажетті тип

2007-4

12,1

17,3

55,8

8,4

6,4

-

2008-5

10,4

16,0

61,5

7,1

5,0

-

2009-6

8,3

14,1

68,2

5,2

4,1

-

2010-7

6,3

13,6

72,8

4,1

3,2

-

2011-8

5,2

8,3

74,4

2,1

2,0

8,0

2012-9

4,7

4,0

78,3

1,6

1,4

10,0

2014-10

3,7

2,6

78,5

1,3

0,9

13,0

 

Шаруашылықтарда жүргізілген асылдандыру жұмысы нәтижесінде жалпы сиырлардың әулиеата тұқымды сиырлар 2007 жылы 12,1%, 2005 жылы 10,4%, б есепке алынған 2006 жылы 8,3%, 2010 жылы 6,3%, 2008 жылы 5,2%, 2006 жылы 4,7%, 2014 жылы 3,7% құрап, осы жылдар арасында едәуір мал саны кеміді. Осы жылдар арасында аналық бастың кемуі голландық генотипінде  6,65 есе, қара-ала эстондық ресейлік генотипте 7,11 есе кеміді. Табында голштиндік генотипті сиырлардың жылдан-жылға үлес салмағы көбейді. Ал, селекцияға тиімді типтегі сиырлар 2011 жылдан бастап іріктеліп алына бастады. Соның нәтижесінде табындағы сиырды голштиндік генотиптерінің ішінен, іріктелініп алынған сиырлар табынның 8,0% құраса, 2012 жылы 10,0% жетік, 2014 жылы табынның 13,0% құрады.

Бұқаны ұрпағының сапасына қарап сынаудың басты тәсілі – оның бірнеше ұрпағын бір-бірімен салыстыру, сондай-ақ бұқалар ұрпағының өнім деңгейін сол табын сиырлары өнімінің орташа деңгейімен салыстыру, бұқалар ұрпағының өнімін өзі шамалас мал өнімімен салыстыру және ұрғашы ұрпағы өнімділігін енелерінің өнімділігімен салыстыру керек.

Демек, іріктелген бұқа ұрпағының сапасы тек бұқаның өзіне ғана емес, оған жұптаған сиырға да байланысты.  

Сүт бағытындағы сиыр шаруашылығында тайынша мен құнажынды жеткі-лікті мөлшерде сұрыптап алу үшін және оларды дұрыс өсіру, буаз құнажын-дарды келешек сауын маусымына дұрыс дайындау, күту, ал тұмса туған сиырларды идіре сауу, оларды сауын маусымында, әсіресе суалған соң толық құнды азықтандыру, ұрпақ жақсартқыш бұқалармен жұптау үшін асылдандыру жұмысын тиянақты жүргізу қажет. Ол үшін әрбір шаруашылықта қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану керек. 

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізгенде шаруашылықтың бағыты мен сапасын ескеру керек. Мал тұқымын асылдандыру заводының негізгі мақсаты-өсіріліп жүрген тұқым малының өнімдік және нәсілдік қасиетін жетілдіре түсу, жаңадан тұқым аралық тип, аталық із малын шығару.

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда таза өсіру (малды аталық із бойынша өсіру және инбридинг қолдану), будандастыру және гибридтеу тәсілдерін қолданады. Мал өсіру тәсілдерін таңдау жер жағдайына, азықтандыру мүмкін-шілігіне және алдағы уақытта өсіретін жергілікті тұқым сапасына байланыста.

Таза қанды тұқым малының биологиялық ерекшелігі-біртекті жұп таңдау жұмысының қортыныдысын тиянақты сұрыптау мен бекіген тұқымдық қасиетін ұрпақтан ұрпаққа тиянақты бере алатын қасиеттің болуы. Бұл ерекшелік-ұрпақтары міндеті түрде тұқымға тән заводтық тип немесе тұқым қуалайтын асыл тұқым малына қажет қасиет. Таза қанды тұқым малын өсірудегі мақсат-тұқымдағы бағалы қасиеттерді сақтау және өрбіту. Демек, бұл тәсілді, әсіресе, өнімі жоғары заводтық тұқымды басқа тұқым малын араластырмай өсіруде қолданған орынды. Қатардағы шаруашылықтардың табынында өнім барынша жоғары болса, жаңа тұқым шығару немесе тұқымды жетілдіре түсу үшін қажет мал басын топтастырып, асылдандыру, жұмысын жүргізу үшін қолданады. Таза тұқым малының барынша көп болғаны жөн.

Таза өсіру кезінде табынды жақсарта түсу үшін малды бір мақсатқа бағындыра сұрыптау және жұптау, оларды көңілдегідей азықтандыру, күту әдісі қолданылады. Сонымен қатар жас мал өсіру тәсілдеріне де көңіл аударылуы керек.

Ірі қараны аталық із қуалай өсіру-селекциялық жұмыстың ең жоғарғы сатысы. Аталық із қуалай өсіру тұқымда ұзақ жылдар бойы жеке малда, табында немесе тұқымда болатын ерекше қасиеттерді тұрақты түрде тұқым қуалай алатындай етіп бекіткен таза тұқым малымен жүргізілген асылдандыру жұмысының қорытындысында ғана іске асады.

Табындағы әр мал өзіне  тән өнімділігімен, дене бітімімен ерекшеленіп қана қоймай, сол ерекшеліктерін ұрпағына да бере алатын тұқым қуалайтын қасиетімен ерекшелінеді. Өзінің шаруашылыққа қажет қасиетін ұрпағына бере алатын мал жиі пайдаланып, табынды немесе тұқымды жетілдіре түседі.

Асыл тұқымды бағалы мал болған сайын оның ерекше қасиеті табында жиналып, сол  қасиеттерді бойына сіңінген мал да көбейеді. Егер мұндай бұқа болса, онда оның еркек те, ұрғашы да ұрпағын табында қалдырады. Олардан өрген ұрпақтар тағы да қалдырылады. Бұқаға гомогенді жұптаумен қатар, аталық ізді үзбей жүргізу беру үшін өз ұрпақтарымен жұптастырып (бірінші ұрғашы ұрпағымен немесе немересімен), аса құнды мал алуға болады.

Сұрыптау және жұп таңдау процесінде бағалы мал ұрпақтарын пайдалана білу өнімі бір-біріне ұқсас мал топтауға мүмкіндік тудырады. Сондықтан жоға-ры өнімді табын жасақтау процесін жеделдетуге бұқаларды іріктеу (олардың гендік топтарға қатынасын есепке ала отырып) ең негізгі бағыт болып есептеледі.

2-кестеден белгілі болғандай, соңғы 7 жылда әулиеата, голланд және қара-ала тұқымды бұқалардың саны күрт азайып, голштин тұқымының бұқаларын пайдалану 2007 жылғы 58,7%-дан 2012 жылы 86,2%-ға өсті. Қорыта айтқанда, селекциялық асылдандыру жұмысында голштин тұқым-дас бұқалар негізгі бағытқа ие болды.

Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына, сауылған мерзіміне және уақытылы саууына байланысты келеді.

Сүт құрамының ең маңыздысы – майлылығы мен ақуызы. Оның осы құрамы жоғарылаған сайын тағамдық құндылығы да арта түседі. Сүттің майы мен ақуызы сиырдың тұқымына, жасына, сауын маусымының кезеңіне, буаздығына, сүттілік мөлшерінің деңгейіне, азықтандыру жағдайына, күтіміне, сауу тәсіліне және денсаулығына байланысты. Сүті және сүтінің майлылығы жоғары сиырлар арасында сұрыптау және жұп таңдау үздіксіз жүргізе отырып, оның азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта түсу қажет.

Сүттің майлылығымен қатар сүттегі ақуызы да көтере түсу қажет. Сүт ақуызы негізінде әр түрлі тұқымдық сиырларда түрліше болады. Бір тұқымға жататын сүт бағытындағы сиырлардың сүтінде азықтандыру жағдайына, күтіміне қарай ақуыз мөлшерінің әр түрлі болуы мүмкін. Сүттегі ақуыз мөлшері сиырлардың тұқым қуалаушылық мүмкіндігіне де байланысты. Сондықтан да мал тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлағанда сүтінің ақуызына қарап сұрыптау жүргізуді де ескерген жөн.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 12 асыл тұқымды шаруашылықтардағы 3250 бас қара-ала сиырдың, оның ішінде 50 аналықтан 518 бас немесе 46% cелекцияға тиімді малдардың критериіне сай келетін 4416 кг сүт, сүт майлылығы 3,84% және ақуыз құрамы, 3,149% іріктеліп алынды (3-кесте).

 

Кесте 3 – Оңтүстік Қазақстандағы негізгі шаруашылықтардағы бұқалардың саны, %

 

Жылдар

Барлығы

Аталық бастың саны

әулиеата

голландық

голш-тиндік

қара-ала (эстондық)

қара-ала

(ресейлік)

қажетті тип

2007-4

26

10,1

16,2

58,7

9,7

5,3

-

2008-5

22

10,0

16,2

59,2

8,2

6,4

-

2009-6

16

7,3

14,8

68,6

5,0

4,3

-

2010-7

14

4,3

12,4

76,6

-

3,6

3,1

2011-8

12

3,0

16,4

84,6

-

1,3

4,7

2012-9

10

3,0

11,3

86,2

-

1,1

5,4

2014-10

10

2,1

1,2

83,8

-

0,3

12,6

 

Сиырлардың орташа сүт өнімділігі 3500 кг жоғары болды. Селекцияға тиімді типтің 2012 жылғы сүт өнімі жалпы барлық шаруашылықтар бойынша осы жылғы табын сиырлармен салыстырғанда 934 кг, ал 2011 жылғы табын сүт өнімділігінен 1036 кг артық болды.

Табындағы тиімді типтегі сиырлардың үлесін талдағанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы асыл тұқымды шаруашылықтарда барлық 1502 бас сиырдың 34,9% cелекцияға тиімді тип ретінде  іріктелініп алынды. Селекцияға тиімді типтегі сиырлардың ең жоғарғы үлесі 60,9% «Қарабау» РМК тән болып, олардың 305 күндік сауымдағы сүттілігі орташа 4640,0 кг, майлылығы 3,94%, ақуызы 3,2% құрады. Осы аталған шаруашылықта сиырлардың  элита-рекорд класы 14,49% және элита класы 43,47% жоғары болды. Табын бойынша барлық шаруашылықтарда сиырлардың 8,3% элита рекорд, 33,9% элита, 1 класы-39,4%  және 2 класы 18,0% құрады (4-кесте).

Сүт өнімінің (4680,7 кг) және оның майлылығының жоғарғы көрсеткіш-терімен (3,94) «Құрбанов» ӨК мал тобы ерекшеленді. Бұл көрсеткіштерді келешекте облысымыздағы басқа шаруашылықтардағы мал топтарынан майлы-лығы жоғары мол сүт өнімін өндіру үшін жүргізілетін селекциялық жұмыстарда қолдану үшін қажетті, жоғары бағалы генотиптер деп есептеуге болады.

Халық арасында сүті мол сиырлардың әдетте майлылығы төмен болады деген ұғым бар. Алайда зерттеу барысында алынған деректер, бұл пікірдің нақты еместігінің дәлелі «Құрбанов» ӨК және «Қарабау» РМК сиырлары сүті-нің молдығымен қатар жоғарғы майлылығымен ерекшеленді және осы генотип-

 

Кесте 4 – Асыл тұқымды шаруашылықтарындағы мал басы мен оның сүт өнімділігі

 

Шаруа-шылық

аты

Аудан аты

01.01.2015 жылғы мал басы

Өнімділігі

Тиімді тип

барлық бас

соның ішінде сиыр

сиырдың кластығы

 

2008ж

 

2009ж.

мал саны

пайызы, %

 

305 күндік  сауымда

майлылығы %

ақуызы %

эл.рек

элита

І кл

ІІ кл

Хусанов ӨК

Сайрам

446

215

11

74

109

21

3433

3400

50

23,3

4540,6

3,88

3,2

Дихан ӨК

Сайрам

221

115

8

53

37

17

3180

3410

37

32,2

4240,7

3,91

3,2

Манкент ӨК

Сайрам

261

104

6

41

43

14

3300

3390

38

36,5

4170,6

3,80

3,3

Құрбанова ӨК

Сайрам

460

140

17

64

35

24

3312

3510

47

33,6

4680,7

3,94

3,2

Бірлік ӨК

Төлеби

227

80

4

34

26

16

3064

3120

34

42,5

4340,0

3,78

3,1

Нұр ЖШС

Төлеби

240

164

11

39

56

58

3080

3164

39

23,8

4240,0

3,80

3,0

Ақсай ӨК

Төлеби

230

114

10

39

33

32

3046

3260

36

31,6

4309,0

3,79

3,2

Атамекен ЖШС

Төлеби

380

150

16

39

74

21

3670

3940

59

39,3

4540,0

3,84

3,3

Бекшеге ш/қ

Төлеби

349

126

9

24

71

22

3410

3500

36

28,6

4370,0

3,80

3,0

Сакен ш/қ

Сарыағаш

360

115

14

32

44

25

3320

3300

54

46,9

4410,4

3,81

3,0

Досби ЖШС

Түлкібас

324

110

15

41

40

14

3610

3700

46

41,8

4510,0

3,90

3,0

Қарабау РМК

Қазығұрт

136

69

10

30

23

6

4140

4100

42

60,9

4640,0

3,94

3,2

Барлығы

 

3634

1502

131

510

591

270

3380

3482

518

34,9

4416

3,84

3,14

 

терді басқа шаруашылықтардағы сиыр тобының генотиптерін жақсарту үшін пайдалану қажет деп түсінеміз. Алынған мәліметтерді қорытындылай келе сүт өнімділік жоғарлатуға бағытталған селекциялық жұмыстармен қатар сүттің майлығын жоғарлатуды да қатар жүргізу қажет деп есептейміз.

Жүргізілген ғылыми жұмыстар сиырларды генотипі мен өнімділігі бойынша іріктеудің тиімді әдістерін жасауға мүмкіндік берді.

Басыңқы ген басылыңқы генмен салыстырғанда пайдалы белгілердің дамуына әсер етеді. Мұндай геннің жинақталған әсері аддиптивті, ал көрсет-кіштің өрбуіне ықпал ететіндері аддиптивтік деп аталынады.

Генотипі әр түрлі малды іріктеп алғанда әр топқа аддиптивті өзгергіштігі бар мал жиналады. Себебі, бұл генотипте көрсеткішке ықпал ететін әр түрлі гені бар ұрпақтар топтасады. Табынды сұрыптағанда сүтінің майлылығы жоғары сиырлар селекциялауға алынып, сүті сұйық, майлылығы аз сиырлар табыннан шығарылады.

Тұқым қуалаушылық әсерінен болса, майда генотипке қатысы жоқ, басқа да жағдайлардың әсерінен өзгерістердің бола беруі мүмкін. Олар азықтандыру және күтім жағдайларына қарай пайда болады. Табында сүттілігі мен сүт ақуызы жоғары сиыр болса, жаңадан аталық із, аналық ұя қалыптасуына, малды жетілдіре түсуге үлкен мүмкіндігі бар болғаны.

Селекцияға тиімді сиырларды генотиптеріне байланысты төмендегідей параметрлеріне байланысты іріктеу жұмыстары жүргізілді (5-кесте).

 

Кесте 5 – Сиырлардың тиімді типтерін генотипі мен өнімділігі бойынша іріктеудің көрсетіштері

 

Голштин тұқымы бойынша қаны

1 сауым

2 сауым

3 сауым және одан да жоғары

сүт сауыны, кг

сүттің майлылығы, %

тірілей салмағы, кг

сүт сауыны, кг

сүттің майлылығы, %

тірілей салмағы, кг

сүт сауыны, кг

сүттің майлылығы, %

тірілей салмағы, кг

1/2

3400

3,7-3,9

440-460

3900

3,8-3,9

460-470

4200

3,8-3,9

480-500

3/4

3500

3,7-3,9

440-460

4100

3,8-3,9

460-470

4300

3,8-3,9

480-500

7/8

3500

3,7-3,9

450-470

4100

3,8-3,9

470-480

4400

3,8-3,9

480-510

15/16

3600

3,7-3,9

450-470

4200

3,8-3,9

470-480

4500

3,8-3,9

480-510

 

Әулиеата сиырларының голштин бұқаларымен жұптаудан алынған сиырларды төмендегідей критерий бойынша сұрыптадық.

Бірінші буданда бірінші сауында сүт сауыны-3400 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы- 3,7-3,9%, тірілей салмағы-440-460 кг, екінші сауында сүт сауыны-3900 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы -3,8-3,9%, тірілей салма-ғы- 460-470 кг, үшінші сауында және одан да жоғары сауында сүт сауыны-4200 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы- 3,8-3,9%, тірілей салмағы-480-500 кг (1-сурет).

   

Сурет 1 – Селекцияға тиімді ½ голштин қанды сиыр

 

Екінші буданда бірінші сауында 3500 кг және одан да жоғары, сүт майлы-лығы-3,7-3,9%, тірілей  салмағы-440-460 кг, екінші  сауында  сүт  сауыны – 4100 кг  және  одан  да  жоғары,  сүт майлылығы-3,8-3,9%, тірілей салмағы-460-470 кг (2-сурет), үшінші сауында сүт сауыны-4300 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы-3,8-3,9%, тірілей салмағы-480-500 кг.

 

Сурет 2 – Селекцияға тиімді қара ала тұқымды әулиеата сиыры

Үшінші буданда бірінші сауында сүт сауыны- 3500 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы-3,7-3,9%, тірілей салмағы-450-470 кг, екінші сауында сүт сауыны-4100 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы- 3,8-3,9%, тірілей салмағы-470-480 кг, үшінші сауында сүт сауыны-4400 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы-3,8-3,9%, тірілей салмағы-480-510 кг (3-сурет).

Сурет 3 – Селекцияға тиімді 7/8 голштин қанды сиыр

 

 

 

Сурет 4 – Селекцияға тиімді 5/6 қанды әулиеата тұқымы

Төртінші буданда бірінші сауында сүт сауыны-3600 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы-3,7-3,9%, тірілей салмағы-450-470 кг, екінші сауында сүт сауыны-4200 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы-3,8-3,9%, тірілей салмағы-470-480кг, үшінші сауында сүт сауыны- 4500 кг және одан да жоғары, сүт майлылығы-3,8-3,9%, тірілей салмағы-480-510 кг (4-сурет).  

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарында жоғарыда көрсетілген пара-метрлерге сәйкес келмейтін малдар селекцияға жарамсыз деп танылып, тауар-лық табынға жығарылып отырылды.  Осындай олқылықтардың орын алмауы үшін сүтті сиырларды шаруашылықта өсірімге қалдыру үшін іріктеу кезінде оларды  табыннан  шығару  (шоқтығының  биіктігі,  кеуде  тереңдігі және кеуде

орамының) селекциялық дифференциалдығы (Sd) және селекциялық тиімділі-гінің  (SТ) жоғарлауын есепке алумен жүргізілді.

Бұл кезде денесінің ұзындық көрсеткіші бойынша SТ жоғарлауында нақты тұрақты жоғары көтерілу болмады-0,229-дан 3,430 дейін. Осыған байланысты сирақ орамында 0,2-0,3 см ауытқушылық орын алды, сондықтан бұл белгімен іріктеу жұмысын жүргізу күрделілірек болды. Бұл жағдай өз кезегінде басқа дене өлшем бірліктерінің теңдігінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Алынған деректерден, сиырларды тиімді дене өлшем бірліктерімен іріктеу дене мығымының нәзіктеуіне жол беретіндігін, айқын көруге болады (6-кесте).

 

Кесте 6 – Сиырларды өлшемдері арқылы іріктеудің әртүрлі қарқындылығының селекциялық тиімділігі

 

%

Өлшемдер

шоқтығының

биіктігі

кеуде тереңдігі

дене ұзындығы

кеуде орамы

сирақ орамы

Sd

Sd

Sd

Sd

Sd

10

0,710

0,534

0,486

0,338

0,690

0,229

0,500

0,443

-0,029

-0,013

20

1,820

1,369

0,617

0,429

1,250

0,415

1,000

0,886

-0,017

-0,007

30

2,567

1,930

2,200

1,531

3,433

1,140

2,300

2,038

-0,100

-0,044

40

2,956

2,223

2,200

1,531

3,441

2,395

2,215

0,735

-0,031

-0,014

50

2,959

2,225

2,200

1,531

3,444

1,143

2,222

1,969

-0,156

-0,069

60

4,398

3,308

2,700

1,879

4,666

1,549

5,830

5,165

0,067

0,028

70

4,870

3,662

2,600

1,810

5,133

1,704

7,400

6,556

-0,200

-0,080

80

6,067

4,562

3,867

2,691

5,000

1,660

8,333

7,383

-0,267

-0,118

90

8,070

6,069

5,200

3,619

10,33

3,430

12,00

10,63

0,400

0,177

 

Малдарды дене өлшемдерімен іріктеу кезінде біздің алдымызда тиімді іріктеу қалпы мен тәсілін анықтау тұрды. Әлбетте шаруашылықтарда бірінші сауымда сүт өнімділігі 3000 кг төмен сиырларды жарамсыз санатына қосып, табыннан шығарып тастайды. Алайда бірінші сауымда 3000 кг төмен сүт өндірген сиырлар, екінші сауымда 4500-5000 кг  сүт беруі мүмкін.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Голштин тұқымды бұқалардың гендік қорын пайдалану арқылы жоғарғы сүт өнімділігі, сүттегі май мен ақуыздың құрамы бойынша селекцияға тиімді табын тобы жасақталды.

2. Соңғы  жылдары қолданылған аулиеата, голланд және қара-ала бұқалары шетел тұқымдарының селекциясы күрт төмендеді, бірақ та қолданылған голштин тұқымды бұқалар 2007 жылдан 58,7%-дан 2014 жылға дейін 83,8% көтерілді.

3. 12 асыл тұқымды шаруашылығындағы жалпы сиырлардың сүт өнімділігі әр басқа 3482 кг, соның ішінде 1502 бас сиырдан іріктеліп алынған 518 бас немесе 34,5% сиырдың орташа сүт өнімділігі 4416 кг  сүт, құрамындағы майы 3,84%,  ақуызы 3,14% құрады. Селекцияға тиімді типке сай сиыр басы 2011 жылы 8,0%-ды құрап, ал 2012 жылы оның үлес салмағы 10%-ға 2014 жылы 13,0%-ға жоғарылады.

4. Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін табындағы қара-ала сиырларды генотипі және сүт өнімділігі бойынша сұрыптап, олардың селекцияға тиімді типтерін топтау қажет.

5. Селекцияға тиімді ірі қара малын Оңтүстік Қазақстандағы сүт шаруашылы-ғының өнімін көбейту мақсатында кең көлемде тарату қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Мысик А.Т. Современные тенденции развитии животноводства в странах мира //Зоотехния. –М., 2010. -№1. –С.2-8.

2 Кинеев М.А., Кемпишева А.Р. Научные обеспечения устойчивого развитие агропромышленного комплекса Республики Казахстан, Сибири, Монголии и Республики Беларусь. –Алматы: Бастау, 2002.  –С.176-177.

3 Соловьева А. Проблемы развития молочной отрасли Казахстана и перспективы их преодоления в условиях  вступления в ВТО //АгроИнформ.  –Астана, 2003. -№8. –С.16-17.

4 Кинеев М.А. О генетических ресурсах животноводство Казахстана и  исследований мирового генофонда //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау, 2009. -№1. –С.46-48.

5 Muntzing A. Genetic Research. –Stockholm, 1961. -48 р.

6 Heidhnes Th. Notwendigleit und Moglichkeit der Selection auf mehrere Leistingseigenschaften bein Rind. –Zuchtugskunde, 1962. –Vol.34, №3. –Р.99-111.

7 Ensminger M.E. Beet Cattle Science. –Danville, 1960. –Р.41-42.

8 Панкратов А., Гончарова Н. Продуктивность типов родной масти //Животноводство России. –М., 2000. -№8. –С.39-40.

9 Shrode R.R., Lush J.L. The genetics of cattle //In Advances in Genetics.   -1947. –Р.209-261.

10 Тулебаев Б.Т., Кадралиева Б.Т. Молочная продуктивность коров голштинской и красной степной пород в западном Казахстане //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау,  2006. -№11. –С.48-49.

11 Эрнст  Л.К., Цалитис А.А. Крупномасштабной селекции в скотоводстве.  -М.: Колос, 1982. -238 с.  

12 Тореханов А. Продуктивные качества помесных бычков //Жаршы.  –Алматы: Бастау, 2004. -№11. –С.3-5.

13 Дмитриев Н.Г. Породы скота по странам мира. –Л.: Колос, 1978. -351 с.

14 Сарбагишев Б.С., Рабочее В.К., Байсеркеев К.Б.  Программа выведения нового молочного типа аулиеатинской породы крупного рогатого скота //Киргизское НПО по животноводству. –Фрунзе, 1967. -30 с.

15 Дмитриев Н.Г., Логинов Ж.Г., Прохоренко П.Н. Методические рекомен-дации   по   использованию   молодых   голштинских быков-сыновей лидеров породы //ВНИИРГЖ. –Л., 1989. -39 с.

16 Кадыркулов К.Д. Совершенствование аулиеатинского скота при чисто-породном разведении и скрещивании с быками голштинской и эстонской черно-пестрой  пород  в  связи  с  требованиями  промышленной  технологии: автореф. ...канд.с.-х.наук: 06.02.04. –М., 1987. – 14 с.

17 Прохоренко П.Н., Логинов Ж.Г., Подгорная Г.А., Дворяншскова Г.В. Методы разведения голштинизированного скота //Генетический прогресс и повышение продуктивности сельскохозяйственных животных: сб.науч.трудов   ВШИРП. –Санкт-Петербург, 1991. –С.23-33.

18 Брыжко А. Высокий генетический потенциал продуктивности //Молоч-ное и мясное скотоводство. –М., 1983. -№10. –С.45.

19 Бич А.И., Сакса Е.И. Методы выведения нового заводского типа черно-пестрого скота с использованием голштино-фризских быков //Сб.науч.трудов ВНИИРГЖ. –Л., 1981. –Вып.31. –С.96-100.

20 Прохоренко П.Н., Горелов А. Селекционно-племенная работа с молочным скотом в Канаде //Молочное и мясное скотоводство. –М., 1984. -№8. –С.38-40.

21 Крыканова Л.Н. Голштинская порода молочного скота Канады  //Сельскохозяйственная наука и производство. –М., 1985. -№4. –С.26-32.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 17:02:37     Қаралды-10286

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »