UF

І  Кіріспе:

ІІ Негізгі  бөлім:  1.  Сөз  мағыналарының  уақ  құрылымы.

                2.   Сема  және  семема  туралы  түсінік.

                           3.   Семаның  түрлері.

ІІІ  Қорытынды.

 

 

Сөз  мағыналарының  уақ  құрылымы  деп  -  біз  әрбір  мағынаның  семалық  құрылымын  айтамыз.

Сема  -  ең  кіші  мағыналық  бөлшек.

Сөздің  ең  кіші  мағыналық  бөлшегін  тіл  білімінде  бірнеше  атаулармен  атайды.  Мысалы,  ең  кіші  семантикалық  бірлік  семантикалық  белгі,  семантикалық  сыңар  мағынаның  қарапайым  бөлшегі,  мағынаның  майда  сыңарлары  мағына  элементі,  құрамдас  элемент,  сема,  т.б.  Біз бұлардың  ішінен  тек  «сема»  терминін  ғана  алдық,  себебі,  ол  әрі  қысқа,  әрі  қолдануға  қолайлы.  Сонымен  бірге  сема  семасиология  терминімен  де  мәндес.

Егер  бір  сөзде  бірнеше  мағына(семема)  болса,  соның  әр  мағынасының  өзі  бірнеше  семалық  бөлшектерден (семалардан)  құралады.  Мысалы,  ұл  деген  сөзде -  1.  еркек бала,  ер  бала  2.  халық  қамын  ойлайтн  ер  азамат,  -  деген  екі  мағына  болса,  оның  бірінші  мағынасы  үш  семадан  тұрады:  1)  адамзат  ұрпағы,  2)жас,  3) еркек  жынысты.  Ұл  сөзінің  екінші  мағынасы  төрт  семадан  құралған:  1)  адамзат  ұрпағы,  2)  еркек  жынысты,  3)  жасы  келген,  есейген,  4)  халық  қамын  ойлайтын.

Қыз  сөзінің  бірінші  мағынасы  да  үш семадан  тұрады:  1)  адамзат  ұрпағы,  2)  жас,  3)  ұрғашы  жынысты.

Егер  ұл,  қыз  сөздерінің  семаларын  салыстырсақ,  олардың  бірінші,  екінші  семаларының  бірдей  екендігін  байқауға  болады.  Айырмашылығы  -  тек  үшінші  семаларында  ғана.  Екі  сөзді  бір-бірінен  ажыратып  тұрған  осы  үшінші  семалары  ғана. 

Ендеше,  сема  дегеніміз  -  сөз  мағынасының  әрі  қарай  бөлшектеуге  келмейтін  ең  кіші  бөлшегі екен.  Басқа  сөзбен  айтсақ,  сема  дегеніміз  -  заттың  немесе  ұғымның  бір  белгісі.  Бұл  -  белгілі  бір  затта  бірнеше  белгі  болса,  ол   затты  белгілейтін  сөзде  соншама  сема  бар  деген  сөз.  Мысалы,  таңқурай(малина)  жидегі  (жидек  дегеннің  өзі  бір  белгі)  қызыл  болады  (екінші  белгісі),  сыртқы  формасы  биенің  емшегі  тәріздес  (үшінші белгісі), дәмді  немесе  тәтті  болады  (бұл  оның  төртінші  белгісі),  жеуге  жарамды  (бесінші  белгісі),  егер осы  бес  белгісінің  басын  қосып,  «сыртқы  формасы  биенің  емшегі  тәріздес,  жеуге  жарамды,  қызыл  немесе  қызыл  күрең  түсиі,  дәмді  жидек  деп  анықтама  берсек,  таңқурай  сөзінің  екінші  мағынасы  айқындалады.

Ал  оның  бірінші  мағынасы  -  «Раушан  гүлділер  тұқымдасына  жататын,  жеуге  жарамды  жидегі  бар,  көп  жылдық  жартылай  бұтақты  өсімдік.  Таңқурай  сөзінің  бұл  мағынасы  да  төрт  семадан  құралған:  1)  раушан  гүлділер  тұқымдасына  жататын,  2)  жеуге  жарамды  жидегі  бар,  3)  көп  жылдық.  4)  жартылай  бұтақты.  (өсімдік). 

Бұларды  ірі  сема,  уақ  сема  деушілер  де  жоқ  емес,  мысалы,  «  бір  нәрсенің  түсі»  десек,  мұндағы  «түс»  (бояу)  деген  -  ірі  семаны,  ал  сол  түсті  нақтылай  түсетін  «ақ»,  «қызыл»,  «сары»,  «көк»  дегендер  -  уақ  семаларды  білдіреді.  Болмаса,  «мал»  деген  -  ірі  сема  да,  ал  «қой,  сиыр,  жылқы,  түйе,  ешкі»  дегендер – уақ  семалар.  Жалпы  ірі  және  уақ  семалар  дегендеріміз  -  осылар.

Әрі-беріден  кейін  «қой»  деген  уақ  семаның   өзі  «кәрі  қой»,  «жас  қой»,  «семіз  қой»,  «арық  қой»  болып,  әрі  қарай  саралана  түссе,  ол  одан  гөрі  уақ  семаға  айналады.  «Кәрі  қой»  дегеннің  «қара  кәрі  қой»,  «ақ  кәрі  қой»  болып,  тағы  да  уақтай  беруі  ғажап  емес.

Жоғарғы  семалар  кейде  міндетті  және  қосалқы  немесе  қосымша  семалар  деп  аталына  береді.  Мысалы,  М.Оразов  адам  деген  сөзге  анықтама  беріп,  оның  мағынасы:  1)  сөйлей  алатын,  2)  ойлай  алатын,  3)  өндіріс  құралдарын  жасай  алатын,  4)  ол  құралдарды  пайдалана  алатын,  5)  жан  иесі,  -  деген  семаларға  бөлінетіндігін  айта  келіп,  1,2,  және  5-  ші  семаларды  міндетті  семалар  дейді  де,  3-ші  және  4-ші  семаларды  шеткері  немесе  қосалқы  семалар  деп  біледі.

2.  Мәнді -  мәнсіздігіне  қарай  семалар  маңызды  немесе  мәнді  және  ықтималды  болып,  тағы  да  екіге  бөлінеді.  Маңызды  семалар  сөз  мағынасының  құрамына  міндетті  түрде  енеді,  ал  ықтималды  сема  кейде  еніп,  кейде  енбеуі  де  мүмкін.  Мұны  анықтайтын  нәрсе  -  мәтін.  Мысалы:

Өзен  -  суы  мол,  ағыны  күшті,  табиғи  су.  Мұнда  маңызды,  мәнді  4 сема  бар:  1)  «суы  мол»,  2)  «ағыны  күшті»,  3)  «табиғи»,  4)  «су».  4-ші  сема  -  жалпы  сема,  ал  1,3 – ші  семалар  -  нақтылы  семалар.  «Су»  деген  жалпы  сема  өзен  сөзін  бастау,  бұлақ,  жылға,  көл,  теңіз,  мұхит,  арық,  тоған,  канал(оман(  сөздерімен  теңестііріп,  бір  лексика-семантикалық  топтың  құрамына  ендіріп  тұрса,  «суы  мол»  деген  бірінші  сема  оны  бастау,  бұлақ,  жылға  дегендерден  суының  молдығы  жағынан  ерекшелеп  тұр.  «Ағыны  күшті»  деген  екінші  сема  оны  көл,  теңіз,  мұхит  дегендерден  суының  ағатындығы  жағынан  ерекшелеп  тұр.  Ал  «табиғи»  деген  үшінші  сема  өзен  сөзін  арық,  тоған,  канал(оман)  деген  жасанды  сулардан  ажыратып тұр.

Өзен  сөзінің  бұлардан  басқа  «қыста  қататын»,  «жазда  буланатын»,  «айналасындағы  ауаны  дымқылданыдырып  тұратын»,  «өткел  болмаса  өте  алмайтын»  деген  сияқты  т.б.  семалары  бар.  Бұлар  -  ықтималды  семалар.  Сондықтан  да  оларды  анықтаманың  құрамына ендірмеуге  болады.

3.  Негізгі-негізгі  емістігі  жағынан  семалар  басты,  негізгі  және  шеткерігі  сема  болып  екіге  бөлінеді.  Мысалы,  бойжеткен  сөзіне  -  «кәмелетке  толған,  бірақ  күйеуге  шықпаған  сұлу  қыз»  деген  анықтама  берсек,  мұндағы  «кәмелетке  толған»,  «қыз»  дегендер  -  негізгі,  басты  семалар,  ал  «күйеуге  шықпаған», «сұлу»  дегендер  -  шеткергі  семалар.

Әдетте  сөзге  анықтама  бергенде  тек  негізгі  семалар  ғана  қамтылады  да,  шеткергі  семалар  онда  көрсетілмейді,  бұл  тұрғыдан  бойжеткен  сөзіне  -  «кәмелетке  толған қыз  бала»  деп  анықтама  беруге  болады.

4.  Байқау,  көріну  дәрежесіне  қарай  семалар  анық,  айқын  және  көмескі  болып  бөлінеді.  Бұлардың  біріншісін  кейдеашық  немесе  күшті  сема  деп,  екіншісін  жасырын  немесе  әлсіз  сема  деп  атай  береді.  Мысалы  шабу  етістігіне  -«сүректі  заттыарнаулы  құралмен  кесу  іс-әрекеті»,  -  деп  анықтама  беруге  болады.  Бұл  -  жалпы  анықтама.  Ол  анықтаманы  нақтылағымыз  келсе,  оны  саралап:  1)  балтамен  ағашты  кесу,  2)  шалғымен  шөпті  ору  деп  жеке-жеке  мағына  етеміз.

Қалай  да  бұл  мағына  үш  семадан  құралған:  1-ші  сема  -  балтамен,  шалғымен,  2-ші  сема  -  ағашты,  шөпті,  3-ші  сема  -  кесу,  ору.  Үшеуі  де  -  анық,  айқын,  ашық  семалар.

Осы  мағынада  көмескі  сема  бар.  Ол -  «күш  жұмсау  арқылы»,  «күшпен»  деген  сема.  Өйткені  кез-келген  кесу,  ору  іс-әрекеті  күшсіз,  күш  жұмсалмай  істелмейді.  Көмескі  немесе  жасырын  сема дегеніміз  -  міне,  осындай  семалар.  Көмескі  семаларды  анықтамаға  қосуға  да,  қоспауға  да  болады.

5.  Таным  деңгейіне  қарай  семалар  жақын және  алыс  семалар  болып  бөлінеді.  Бұларды  жалпыхалықтық  немесе  таяз  сема  және  ғылыми  немесе  терең  сема  деп  жіктеушілер  де  бар.  Сондағы  дәлелдері  -  жақын  семалар  тез  еске  түседі,  елдің  бәріне  танымал  әрі  үстіртін.  Ал  алыс  семаларды  қарапайым  халық  тани  бермейді,  оны  тек  ғалымдар  мен  мамандар  ғана  біле  алады.  Мысалы,  бүршік  сөзіне  анықтама  берсек,  бұл  сұраққа  ботаник  немесе  аграном:  «өсімдік  сабағындағы  жапырақ  өсетін  түйін»  немесе  «өсімдік  тамырындағы  өркен  өсіп  шығатын  түйін,  -  деп  жауап  береді.

Осы  анықтамалардағы  жақын  семалар  -  «өсімдік»,  «сабағындағы», «бұртиған  жер»,  «бүртік»,  «түйіршік»,  ал  алыс  семалар  «жапырақ  өсетін»,  «тамырындағы»,  «өркен  өсіп  шығатын»,  «түйін»  дегендер.

6.  Шындыққа,  өмірге,  болмысқа  қатысына  қарай  семалар  ақиқат  және  жалған  семалар  болып  екіге  бөлінеді.  Ақиқат  семаны  -  кейде  рас  сема,  жалған  семаны  -  өтірік  сема  деп  те  атайды.  Мысалы,  тоғыз -  «үшке  бөлінетін  сан»  десек,  мұндағы  «үшке  бөлінетін»  деген  сема  -  ақиқат  сема,  ал  тоғыз  «екіге  бөлінеьтін  сан»   десек,  мұндағы  «екіге  бөлінетін»  деген  сема  -  жалған  сема.

7.  Семалар  затқа  немесе  ұғымға  қатысына  қарай  материалды  сема  және  идеалды  сема  болып  тағы  да  екіге  бөлінеді.  Егер  сема  нақтылы  затқа  тән  белгіні  көрсетсе,  ол  -  материалды  сема.  Ал  ол  заттық  емес,  идеалды  яғни  ой,  сана  арқылы  танылатын  дерексіз  ұғымға  тән  белгіні  көрсетсе,  ол  -идеалды  сема.  Мысалға  жұлдыз  сөзінің  семаларын  алалық,  жұлдыз  -  аспан  денесі,  ол  түнде  көктен  жылтылдап  көрінеді,  жұлдыздың  саны  көп,  ол  өзінен  жарық  шығарады.  Сондықтан  да,  жұлдыздар  өте  ыстық.  Олардың  температурасы  10  мыңнан  100мың  градусқа  дейін  жетеді.  Жұлдыздар  Жерден  өте  қашыққа  орналасқандықтан  ең  жақын  Жұлдызға  дейінгі  аралықты  4  жыл  3  айда  жүріп  өтеді  екен.  Ол  бізге  кішкентай  болып  көрінеді.Әйтпесе,  Күннен  миллиард  есе  үлкен  Жұлдыздар  бар,  т.б.

Мұндағы,  «аспан  денесі»,  «түнде  көрінеді»,  «кішкентай  болып  көрінеді»,  «саны көп»  деген  семалар  -  материалды  семалар,  ал  «өзі  жарық  шығарады»,  «өте  қашыққа  орналасқан»  деген  семалар  -  идеалды,  яғни  тек  санамен,  оймен  ғана,  ғылыми  зерттеу  жүргізу  арқылы  ғана  беруге  болатын  семалар.

Сондай-ақ,  жатақхана  сөзіндегі  «тұрмысқа  қолайсыз»,  «тар»  семалары  мен  кітап  сөзіндегі  «оқитын  құрал»,  «рухани  қазына»  деген  семалары  да  -  идеалды  семалар.  Бұларды  тек  қиял  көзімен  ғана  көруге  болады.

8.  Қолданылу  өрісіне  қарай  семалар  тілдік  және  сөйлеу  семалары  болып  бөлінеді.  Орыс  тілінде  тілдік  семаларды  -  узуалды  сема,  сөйлеу  семаларын  -  окказионалды  сема  деп  атайды.  Мұндағы  жіктелу  ұстанымы  -  семалардың  қайда,  қай  жерде  қолданылатындығы.

Айталық,  тілде  қолданылатын  семалар  барлық  адамдарға  ортақ,  яғни  жалпы  халықтық.  Ол әр  уақыт  нормаға  сай.  Ал  сөйлеуде  қолданылатын  семалар  жеке  адамдарға  тән,  яғни  индивидуальды.  Ол  көбінесе  жеке  қолданыста,  мәтінде  өмір  сүреді.  Мысал  үшін  түрме  немесе  абақты  сөздерінің  мағыналарына  көңіл  бөліп  көрелік:

Жалпы  халық  түрмені    -  «қылмыстарды  қамайтын  орын»  деп  біледі.  Тергеу  орындағылар:  «қылмыскер  түзеліп  келетін  жер»  деп  ұғады.  Ал  сотталушылардың  өзі  үшін  түрме  -  «қиыншылығы  көп,  ауыртпалығы  мол  азапты  жер».  Егер  осы  анықтамалардағы  семаларға  көңіл  аударсаңыз,  олардың  жеке  адамдарға  байланысты  екендіктерін  байқау  онша  қиынға  соқпайды.

Жолбарыс  -  мысық  тұқымдас,  тарғыл  жолағы  бар  жыртқыш  ірі  аң.  Мұндағы  «тарғыл  жолағы  бар»,  «жыртқыш»,  «ірі»,  «аң»  деген  семалар  -  жалпы  халықтық,  ал  «мысық  тұқымдас»  семасы  -  алыс  сема.

Жолбарыс  сөзінде  бұлардан  басқа  «қорқынышты»,  «айбынды»,  «күшті»,  «тез  қимылдайтын»  деген  сияқты  семалар  кездеседі.  Бұлар  -  көбінесе сөйлеу  тілінде  ұшырасатын,  жеке  адамдарға  тән  индивидуальды  семалар.

Сонымен  біз  8  жұптан  тұратын  16  семаға  тоқтадық.  Жалғастыра  берсек,  олардың  санын  одан  әрі  арттыра  түсуге  болар  еді.  Бірақ  оның  қажеті  шамалы,  өйткені  бізге  керегі  -  семалардың  санын  көбейту  емес,  олардың  қандай-қандай  түрлері  болатындығын  ғана  аңғарту.

Бұл  тұрғыдан  келгенде  тіліміздегі  семалардың  түрлері  онша  көп  те  емес,  егер  шындыққа  жүгінсек,  семалардың  нақты  саны  2-3-тен  аспайды.  Олар:  1)  жалпылаушы  (интегралды)  сема,  2)  нақтылаушы  (  дифференциалды)  сема  және  3)  ықтимал  (потенциалды)  сема.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-12-08 16:08:17     Қаралды-4896

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »