UF

ХАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ДАМУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

 

Халық мұрасының ізгі дәстүрі - жас ұрпақты өнерге баулудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ұлттық онерінде арнакы балалар үшін жасағандай қөрінетін қарапайым өрнек элементтері өте көп. Оларды екі жүйеге бөлуге болады. Ең алдымен жас ұрпақты (барлық оқушыларды деп те айтуға болады) ғажайып көркем өрнек өнеріне, ғаламат ұшқыр қиял тіршілігіне жетелейді. Ұлттық өнеріміздің ғажайып түстерге бөленген айшықты өрнектері мен сол өрнектердің бір-бірімен үйлесім тауып жұптастырып тұрған таптырмас әдіс тәсілдер қаншама. Осының барлығы жалпы адамзат өнерінің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолының қалыптасу кезеңдерінің көркем тарихындай әсер етеді. Ендеше бізге дейін әдептеліп (сұрыпталып), әбден байып жеткен ұлттық онерінен белгілі дережеде халық тарихын іздеу - қажетті жағдай.

Сондықтан ғасырларға созылған тарих көшінде жұртта қалып бара жатқан ұлттық бейнелеу өнеріміздің шашылған жүгін түгендеп, оны келешек ұрпаққа жеткізу қамын ойлантатын мәселе.

Ең алдымен халқымыздың осы ұлттықөнерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүйелеп, сұрыптап, мол қазынаны төгіп-шашпай, қастерлеп ыждахаттылықпен үйретуді ойлау қажет. Осыны ескертіп, арнайы еңбектер жазылса, халқымыздың өнер дәстүрін сүйетін, оны нақышына келтіре орындайтын бесаспап өнер шеберлерін іздестіріп, оларға да өз шәкірттерін тәрбиелей білуіне ерекше қамқорлықтар жасалып жатса.

Қазіргі кезеңде оқушыларды халқымыздың ұлттық өнеріне тәрбиелеуге қойылатын үлкен талаптар - ең алдымен баланың жас шамасына, білім мен ой өрісіне сай болуы, оның жан-жүрегіне әсер ету арқылы халық мұрасына, жалпы өнер дүниесіне деген көзқарасына ықпал ету, заманның, қоғамның алдындағы ерекше зерек азаматы болып қалыптасуына мейлінше үлес қосу, өмірді шындықпен, шығармашылықпен суреттеуге бейімдеу.

Отанға, өз ұлтына, ұлттық дәстүрге, халық өнеріне деген адалдық, адамгершілік, еңбекқорлық, ар-намыс, ерлік, интернационалдық, патриоттық, достық туралы балғын күннен-ақ толғана бастаған баланың, ат жалын тартып мінген азамат болуы - қоғамдық әлеуметтік мүдде.

Біздің көркемдік - эстетикалық тілек-мұраттарымызға ғана емес, бүкіл саяси әлеуметтік өмірімізде де ұлы жаңалықтардың, өзгерістердің жүзеге асуы барысында, халық мұрасына терең үңіліп, әрбір жас ұрпақтың ізденістеріне, олардың шығармашылық үлестеріне ерекше назар аударған жөн.

Халық мұрасын игеру мәселесін сөз еткенде оны тек қана өнер үлгілерімен ғана шектеліп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы халық мұрасының мәнді бір саласы ғана.

Қазіргі таңдағы оқу жүйесінде ғана емес, қазақ қоғамында ең көп сөз болып жатқан мәселе - ол тіл мәселесі. Қазір тіл туралы жалпы халықтық, бүкіл парламенттік сайыс жүріп жатыр. Біз болашақ үшін тілді ғана меңгеріп қоймай, ана тілімізде ғылымды, өнерді, тарихи дәстүрді, ұлттық қол өнер мен оның түрлі салаларын терең меңгеру қажет. Сонда ғана ісіміз алға баспақ.

Басты мақсат - кең өріс алып отырған ұлттық өнердің, әсіресе, соңғы жылдардағы үрдісіне келіп қосылған таланттар мен талапкерлердің шығармалары өзіндік ерекшелік, бояу-нақышымен, талғам танымдарымен көзге түсуі. Сондықтан да қалың корермен қауым өнер танудың өзекті мәселесін - бейнелеу өнерінің арнайы тілі төңірегінен ой тербегіп, ұлттық тілде ағынан жарылып айтар пікірімізді ортаға салуды күтеді.

Өнер тану ғылымдарының алдында тұрған қазіргі таңдағы маңызды міндеттердің бірі - көркемөнер саласында түстердің реңдерін саралап, ажырата білудегі рухани өлемінің барша тереңдігін жүйелей зерттеу.

Біздің айтпағымыз - ұлттық бейнелеу өнерін қабылдау теориясының табиғатына тән кейбір жалпы да нақтылы заңдылықтар жайында болмақ. Олай дейтініміз, ұлттық бейнелеу өнері де өзіндік қыры мен сыры мол сара. Белгілі бір пайымдауда құрылатын қимыл-әрекет, уақыт-мерзім шеңберімен шектелетін оқиға, ішкі толғаныс тағы басқалар - осының бәрі бейнелеу өнерінің кәсіптік тілімен астарласып келетін бейнелі көріністер.

Мәселе бүгінгі таңның талабына сай қойылатын бейнелеу өнеріндегі ұлттық және кәсіби терминдерді қалыптастыруда болып отыр. Сайып келгенде, мақсат-ұлттық бейнелеу өнерінің мән жайын ашып корсетуде терминдер мен ұғымдарға ұлттық үлгі жасап, ұлттық дәстүрімізді жаңғырта отырып, оны жаңа белестерге котеруге, сөйтіп ұлттық терминдердің дамуының бүгінгі тенденциясын, бағыт-бағдарын онықтай түсу.

Көркем шығарма саласында арнайы ден қойып, оны әр түрлі қырынан танып, білу көркем өнер мәдениетінің биік даму саласында жүзеге асады, сонымен бірге шығармашылық биік талап пен зор ықылыс туғызады.

Өнер тану ғылымдарында халқымыздың түстерді жүйелей-саралай білудегі рухани әлемін зерттеу мынадай бірнеше міндеттерді жүктейді:

Біріншіден, халық мұрасы болып келген фольклорлық шығармалардағы жиі кездесетін түстердің образды айтылуы, эстетикалық табиғатын, көркемдік қасиетін түсінуге, әсемдікті ұйымдастырушы әрекеттерге жағдай жасауға көмектеседі.

Екіншіден, жалпы түстерді саралай білудегі ұғымдардың толығып, бар болмысын пайымдап, түстердің атаулары мен шығу тарихын зерттеп, әрі қарай даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Үшіншіден, өнер тану ғылымдарының жаңа саласы - түстерді саралай білудің көптеген мәселерін шешуге де өз үлесін қосады.

"Ел іші - өнер кеніші", - дейміз. Ендеше осы жүйеде тек қана құрғақ тұжырымдар жасаудан гөрі (мысалға, "реңі коркем", "айшықты", "түсі қанық" деген сияқты) мәселенің бабына баруға, оның құпия сырын анықтауға тырысу қажет. Ол баршамыздың, әсіресе өнер сүйгіш қауымның осы мәселені зерделі ой елегінен өткізуіне байланысты. Дегенмен, түстерді жүйелі түрде ажырата білудің құпия сырын түсінуге тырысудың көптеген мәселелері, атап айтқанда «жай» қарапайым түстердің өзіндік ерекшеліктері, тағы басқа көптеген жайлар-әлі өз шешімдерін толық таппай отырған орасаң мол түстердің байлығын құрымет тұтып, терең зерттеп, қадірлеп, болашаққа табиғи қалпында табыс егу, тек көрермен қауымға ғана емес, әрбір ұстазға да бұлтартпайтын міндет жүктейді. Біздің хақымыздың келешектегі, яғни ұлттың ұлт болып қалуы, ең алдымен жас ұрпақтың туған тілді ғана емес, сонымен бірге олардың халықтың өнерін, салт-дәстүрін жетік меңгеруіне тығыз байланысты.

Ал шындығына келсек, орыс мектептеріне қарағанда қазақ мектептеріндегі оқытудың дәрежесі қазіргі заман талабы деңгейінен төмендеу. Онын себебі қазақ мектептеріндегі ұлттық онеріміздің тарихы мен дәстүрін терең зерделеп, тек қана тілді ғана меңгеріп қоймай, ана тілімізде ғылымды, өнерді, тарихи дәстүрді, үлттық қолөнер мең оның түрлі салаларын терең меңгеру қажет.

Бүгінгі кезеңде халық өнерінің арғы тегі мен алуан жанрларындағы ұнамды сипаттарды анықтап айтсақ - көркемдік әдіс тәсілдердің түрленуі, жанрлық пайымдаулық кұрылымның соны мүмкіншіліктерін іздеп табуға деген тынымсыз талап, толассыз қарбалас еңбек қажет. (Сонымен бірге, әсіресе психологиялық талдаулардың тереңдеуі мен мазмұнның құбылуы, проблеманың күрделігі мен өткірлігі, бейнелеу құралдары мен мүмкіншіліктерінің молаюын атап айғар едік).

Жалпы оқытудың жаңа тәсілдерін ойластырудың кезек күттірмейтін кезеңі енді келген сияқты. Олай дейтініміз, оқытудың қазіргі әдіс-тәсілдері бұрынғы бір орталыққа бығынған әбден ескірген баяғы ескі сүрлеумен «таптаурын» болған оқыту жолдарымен келеміз. Ол Мұгалімді де, баланы да зеріктіріп болған бұрынғы қайғалау әдістері.

 

Жұмыстын жалпы сипаты

 

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің даму процесі - жас ұрпақты өнерге баулудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ұлттық өнерінде арнайы келешек ұрпақ үшін жасалғандай көрінетін қарапайым өрнек элементтері өте көп. Ұлттық онеріміздің ғажайып түстерге бөленген айшықты өрнектер мен сол өрнектердің бір-бірімен үйлесім тауып жұптастырып тұрған таптырмас айла тәсілдер қаншама. Осының барлығы жалпы адамзат өнерінің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолының қалыптасу кезеңдерінің көркем тарихындай әсер етеді. Ендеше бізге дейін әдіптіліп (сұрыпталып), әбден байып жеткен ұлттық өнерінен белгілі дәрежеде халық тарихын іздеу қажетті жағдай.

Әдетте халқымыз «өнер сарқылмас қазына» дегенді жиі айтады. Оған дау жоқ. Сонымен бірге ол жанды құбылыс. Ол - халықпен бірге дамып, елдің күнделікті қарым-қатынас ісінде қызметтік қажеттілігіне орай жаңа сапаға иеленіп, толығып, байып отырмақ.

Тағы бар айта кететін мәселе - бүкіл әлемдігі оркениеттің мәдениет, өнер, ғылым т.б. салаларда қолы жеткен табыстардың қазақ тілінде жедел әрі барынша толық мазмұнды әрі сапалы түрде жарық коруі қажет.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің дамуы арқылы эстетикалық тәрбие беру дегеніміз - жас ұрпақтың бойында ұлттық мұраттардың негізінде дүниежүзілік рухани қазынамен ұштаса қалыптасатыны мәлім жағдай.

Тілді, ұлттық өнерді, ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыпты, дәстүрлі, халықтық өнерді білмеудің арты тұтастай мәңгүрттікке, ұлтсыздыққа ұластырады.

Ендеше, ұлттық өнер мен ұрпақ болашағына бір кісідей жұмыла кірісер сәт келді. Әлбетте, теориялық түсініктерден кедейлік жоқ, ой салатын үлгі болатын өмір сабақтары мен іскерлік және ұшқыр да келелі шаруа қажет. Ол хақымызды кемелдікке, дербестігімізге болашақ ұрпақтың зиялы да онерлі сезімтал топтың шығуына ұйтқы болмақ. "Иә, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері оның баға жетпес рухани мұралары сақталып дами түсуі керек. Біз бұрыңғы империялық пиғылмен қазақтарға шірене қарайтындармен күресіп келдік, бұдан былай күресе береміз", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев, қазанның 24-де Алматыда Республика күніне арналған жұртшылықтың салтанатты жиналысында.

Қазақтың ұлттық бейнелеу өнері саласында педагогика ғылымы мен өнертануда ұлттық өнеріміздің жетекші саласы халық өнерінің тәрбиелік мақсаты түбегейлі шешімін тапты деуге тіпті де болмайды.

Соның ең бастысы ұлттық бейнелеу өнеріміздің көркемдік даму тарихын түсіндіретін тенденциялары, негізгі концепциялары мен методологиясы көп сөз бола бермейді. Сондықтан да халық мұрасындағы ұлттық өнердің ерекшелігі, өзіндік көркемдік шешімі айқындала қойған жоқ. Танымдық-эстетикалық жүйесі ашылып, халық өнері дәстүрінің сабақтастығы, дербестігі де терең зерттелмей назардан тыс қала береді. Сондықтан қазіргі кезеңдегі ұлттық өнеріміздің көркемдік ерекшеліктеріне шолу жасап тәрбие мақсатында қолданғанда хронологиялық жолдан шығу қерек те, негізінен дәстүр мен жаңашылдық проблемасы арқылы ұлттық өнеріміздің негізгі пір тұту (кредосын) мақсатын айқындау керек.

Әрбір халықтың өзіне лайық - төл ойлау жүйесі, айнала ортаны өзіше сезінуі, дербес дүниетанымы болады. Ол үшін жалқыдан жалпыға шығу керек.

Біріншіден, қазақ ұлттық мектептерде осы уақытқа дейін қазақтың ұлттық өнеріне, бейнелеу өнері пәндеріне аса көңіл аударылып ерекше мақсат қойылған емес. Тек жалпы алынған Ресей программасымен ғана жұмыс жасалып жүре берілді. Демек, осы кезеңге дейін қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнерінен арнайы жасалған бағдарлама жоқ. Бұл қазақтың ұлттық қолөнерін, өрнек өнерін, оның дәстүрін, тәрбиелік мақсатын танып-білу мәселесінде зардабын тигізбей қойған жоқ.

Екіншіден, халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түстердін реңдерін айырудағы ұлттық дәстүрді оқытып үйретудегі орын алған шолақ түсінік қазақтың ұлттық өнерін терең тануға, халық өнерінің терең мұрасын, дүниетанымын зерттеуде нәтижелі ғылыми методологиялық пайымдаулар болмады.

Қазір қазақ мектептерінде халық педагогикасының, ата дәстүрінің, ұлттық мәдениеттің, ұлттық психологияның, ұлттық өнердің ең озық үлгілерік жастар санасына еңгізу қолға алынып жатыр. Бірақ біз жастарымызды тек өз халқымыздың ғана дәстүрімен, мәдениетімен, өнерімен тәрбиелесеқ, онда біз дүниежүзілік өркениет керуенінен артта қалар едік. Бүкіл адамзат таныған дүниежүзілік өркениетті тек бір ғана халық жасай алмайды. Оған бүкіл адамзат өз үлесін қосады. Оның бар жетістіктерін біздің жастарымыз, болашақ ұрпақ өз бойына сіңірмесе, онда басқаға жұғымы жоқ сыңаржақ ұрпақ тәрбиеленеді.

Үшіншіден, тек интернационалдық тәрбиені бетке перде егіп қазақтың дәстүрлі ұлттық өнерін тереңдетіп оқытудың қажеті шамалы деген пікір тек социалисттік, коммунисттік идеялардың негізінде біржақты қабылданған. Интернациналдық мәдениеттің аса маңызды құндылықтарын: топтасу мен ұлтаралық келісімді, жеке адамның құқы мен бостадығын, боспаламау этикасын тәжірибеге енгізу.

Төртіншіден, қазақтың ұлттық өнерінің дамуындағы әлеуметтік дүниетанымын терең түсіну. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі халқымыздың тарихында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мол ұлттық қазыналар, идеялар негізінде құрылып, ортақ мәдени мұраларын, қазақ халқының рухани және адамгершілік дәстүрлерін, елімзді мекендеген этностардың мәдени күш-қуатын әлемдік өркениет жасаған қазыналарды тұғыр етуі қажет.

Бесіншіден, халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму тарихының ерекшкліктерін зерттеушілер біріңғай Батыстық үлгіні (моделді) қолдаған. Тек қана Батыс өнерінде қалыптасқан ілім-ұғымдар терең зерттеліп Шығыс өнеріне онша назар аударылмай келген. Бұл өте күрделі сұрақ, біз оған осы еңбегімізде шама келгенінше (екінші және үшіңше бөлімдерде) жауап беруге тырыстық. Бұл мәселе осы еңбекте қойылсымен-ақ талас пікірлер туғызуы мүмкін. Бұл таң қалатын іс емес, себебі қазақың ұлттық өрнектері мен түрлі реңдері Шығыс өнерімен сабақтас жатыр. Ал қазақ халқының мұрасындағы ұлттық өрнектер мен түрлі реңдер бір кісінің зерттеуімен тұжырымдалатын мәселе емес.

Алтыншыдан, халық мұрасындағы ұлттық өрнек және реңдеген ұғымның өзі, бізге кейінгі жылдарда ғана келген бұрын-соңды терең зерттелмеген түсінік. Халық мұрасындағы ұлттық өнердің даму тарихындағы өрнек пен түрлі реңдердің болашақ ұрпаққа тәрбие беру және жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру мақсатында қарастырдық.

Міне, осылай халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдерді тұңғыш рет проблема етіп көтеріп отырмыз. Сонымен әңгіме осы проблеманы зерттеудің тәсіліне келіп тіреледі.

 

Зерттеудің тәсілі

 

Зерттеудің тәсілі жұмыстың мақсатынан туындайтыны хақ. Бұл еңбектің басты мақсаттары халық мұрасындағы ұлттық өнердің дамуын жалпылай мәлімдеумен емес, білім беру жүйесі арқылы барынша тиімді қол жеткізуге болатынын дәлелдеу.

Білім беру жүйесі ұлттық сананы қалыптастырудың ұлттық мәдениет пен өнерді жүзеге асырудың құралы ретінде басты үш қызмет атқаруы тиіс:

  • табыстаушылық (ұлттық мәдениетті, өнерді өркендету, дәстүрді сақтау және дамыту);
  • саралаушылық (халқымыздың ұлттық-мәдени қажеттілітерін айқындау);

- ынтымақтастырушылық (мәдениеттің, ұлттық өнеріміздің өзара бірлігін, кірігуін, байытудың және әлемдік мәдениет жүйесіне ұмтылуын қамтамасыз ету).

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің даму тарихын - оқыту тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес. Аталған идеяны қабылдау - бұл салада тың бағыт ұсыну, ұлттық өнеріміздің өлемдік деңгейін дәстүрлі тарихи құндылықтарымен үйлестіріп, оқыту мен тәрбинің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді. Біз осы мөселеге қөңіл бөлдік.

 

Зерттеудің маңыздылығы

 

Халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдерді оқытудың тәрбиелік мақсатын жүзеге асырудың негізгі шарттары біздің ойымызша мыналар:

  • білім беру мен мектептің ұлттық қайнарларын нығайту;
  • ұлттық өміріміздің, төл мәдениетіміздің шүбәсіз басымдылығын мойындау және камтамасыз ету;
  • ұлттық онерді оқытып-үйретуді жүзеге асыру салаларының сан алуандылығы, көп түрлілігі мен жедел қолға алыпуы;
  • мемлекеттік біріңғай бағдарламар негізінде аталған проблема бойынша аймақтық бағдарламардың болуы;

- халық мұрасындағы ұлттық өнердің мәдени-этникалық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған педагогиқалық қызмттің үздіксіздігі (жүйелілігі);

- бұл жүйені жаңаша оқытудың ұлттық-педагогиқаға қосатын үлесін айқындауға және қамтамасыз етуге мақсатты түрде бағыттау.

 

Зерттеудін мақсаты мен міндеттері

 

Мақсат халық мұрасындағы ұлттық өнердің көркемдік даму тарихын, оның ішінде ұлттық өрнектер мен түрлі реңдерді тереңірек танып білу. Мұндайда төмендегідей негізгі қағидаларды басшылыққа алудың маңызы ерекше:

  • соңғы кезеңдердегі педагогика саласында бүгінгі күнге дейінгі халық өнеріндегі ұлттық дәстүр туралы айтылған, жазылған пікірлерді ой елегінен өткізіп, тың мәселелерді көтеру;
  • халық мұрасындағы дәстүрлі ұлттық өнеріндегі өрнек пен түстерді қабылдау өнерін әлемдік педагогикалық кеңістіктен орынып анықтау;
  • халық мұрасындағы ұлттық өнерді саяси ұшқары пікірлерден тазарту және халық өнеріндегі философиялық ойшыл педагогикаға тән ерекшелігін ашып, оны болашақ ұрпақ тәрбиесінің мәдени үлгісіндегі орынын бағдарлау.

Мектеп әлемі адамзат баласына бір қияннан шөліркеп кеп бас қоятын мөлдір бастау болғаны жөн. Ондағы берілетін білім мен өнер сапасы да барынша қарапайым, өмірдің керегіне жарарлық болғаны ләзім.

Ал оқушы қолындағы оқулық пен оқу құралдарына келсек, ешбір сын көтермейтінін көреміз. Оны, көбінесе, мектеп есігін қайдан ашылатынын білмейтін ғалымдар иә "жаңашыл" мұғалім жазады. Ол жаңашыл болған соң ең жоғары талап деңгейінде жасайды да, оқулық оқулық емес, тәжірибелік (эксперименттік) дүбәра болып шығады. Оны жазудың бірден-бір жолы, халық мұрасындағы ұлттық онердің қарапайым элементтерінен бастау алу. Екіншісі - республика бойынша жаппай конкурс жариялау, оган ақыны бар, суретшісі, жазушысы, мұғалімі, профессоры бар, түгел қатысуы керек. Сонда ғана жақсы оқулық жасалады.

Көктеуі келіспеген егін, егін емес. Адамзат баласының көктеуі - балалық шақ. Мектеп кезеңі де осындай заңдылыққа бағынады. Алғашқы дүниетаным, мінездің қалыптасуы, білім мен өнерге деген алғашқы көзқарас, өмірден өз орнын іздеу сияқты процестер де осы кезеңде шапшаң жүреді. Келешектің көркі боларлық мемлекетаралық қатынастар, әр түрлі ғылым мен өнер саласында ашылатын таңғажайып жаңалықтар осы мектеп партасынан бастау алады.

 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

 

Біріншіден, халық мұрасындағы ұлттық өрнек түрлі реңдердін тәрбиелік мақсаты бұрын зерттеу объектісі болмаған тың тақырып. Бұл мәселе проблема ретінде Б.Алмухамбетов, Қ.Амирғазин, Е.Асылханов. Ә.Қомақов, Ө.Жәнібеков, Қ.Болатбаев, А.Сейдімбеков зерттеулерінде жалпылай ғана жазылған. Біз зерттеуімізде жоғарыда айтылған осы авторлардың жалпы айтқан пікірлерін негізге алдық.

Екіншіден, бұл проблемаларды біз тұңғыш рет ұлттық өнер тәсілдерімен түсіндірдік. Сондықтан еңбек басынан аяғына дейін ешкімге еліктемей, таптаурын болған іздерге (тәсілдерге) түспей, жеке авторлық үлгіде жазылған. Бұл ерекшелік жұмыстың құрылымынан, логикасынан аңғарылады.

Үшіншіден, халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдердің дүниетанымын білдіретін ұғым, түсініктерді саралап алдық. Олар жұмыстың мазмұнында көрсетілген.

Төртіншіден, біз ұлттық өнердің тәрбиелік мақсатын танудағы заманында жасалған келте қорытындыларға қарсы дәлелдер ұсындық. Солардың бірі ұлттық өнердегі тәрбиенің негізі арқылы анықтау. Елімізде ұлттық бейнелеу өнері туралы дұрыс ой-тұжырым қалыптаспағандықтан, біртұтас мәдени-рухани мүдде әр түрлі ойда бөлшектеніп кеткен. Ол біртұтас мемлекеттік ой-тұжырым (концепция) қалыптастыру жұмысын жүйелеу қажет. Әрине, бұрын- соңды халық өнері туралы кейбір педагогикалық мәнде айтылған ой-пікірлер баршылық, бірақ олар негізгі ой-тұжырымның арқауы, өзегі болар жайлар емес.

Ұлттық өнердің тарихындағы халық даналығының, ұлылығының өлшемдері, оның қолданған «мәңгілік» филисофиялық ұғымдарында жатыр.

Бесіншіден, халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдерді тұтастай қабылдау өте күрделі. Осы жағдайды ескере отырып біз өрнектің әдептеу жолдарын қарапайымнан күрделіге қарай қалай өзгеретінін қарастырдық. Мұндай жұмыс баланың жас ерекшелігіне қарай яғни оңайдан күрделіге деген қағида бойынша өрнек онерін балабақшадан бастауға жол ашады.

Балабақша, ондағы тәрбие жұмыстары, көрнекі құрылдар мен тәрбие беру үлгілері, білікті мамандары қандай болса, ұлттың болашағы да сондай болады. Бұл да ұлттық өрнек өнерін оқытып үйретудің әдіс-тәсілдері туралы ғылымда тұңғыш жасалған шара.

Алтыншыдан, проблема ретінде болса да, біз алғаш рет түрлі ұлттық реңдерді аталу себебін және оны өнерге қалай қолдануға болатын қарастырдық. Мұнда халқымыздың фольклордық ауыз әдебиеті мен өнер арасындағы сабақтастық сөз болады.

Жетіншіден, ұлттық өрнек пен түрлі реңдердің дүниетанымдық тарихи арналарын қарастырдық. Біз мұндай арналарды А.Сейдімбеков, Ө.Жәнібеков, Б.Сапаралы т.б. авторлардың зерттеулерінен таптық. Бұл жайлар осы еңбекте және басылым беттерінде жарияланған еңбектерде кеңінен қарастырылады.

Сегізіншіден, халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдердің келешек жас ұрпаққа тигізер әсері тек білім беру ісіне, өнерді дарыту және маман кадрлар даярлау әдісі ретінде емес, ұлттық мәдениетке баулу ортасы, іс жүзінде адамгершілік және ұлттық жеке ерекшелікті сақтап, дамытудың бірден-бір құралы ретіндегі көзқарасты жүзеге асыру.

 

Жұмыстың тәжірибелік мәні

 

Кез келген мемлекеттік істің стратегиясы мен тактикасы болатыны аян. Бұл ретте, бірінші кезекте мән беруліге тиісті істердің бірі - ғылым мен өнерді дамытудың бағыты.

Сондықтан ғылым мен өнердің барлық саласынан әлемдік мәні бар ұлттық еңбектерді мемлекеттік ең маңызды істердің бірі ретінде қолға алу керек.

Осы уақытқа дейін қазақтын қолөнеріне, этнографиясына, бейнелеу өнеріне, сәулет өнеріне, кино өнеріне, театр өнеріне т.б. арналған бірде-бір оқулық жоқ. Сонда басқа оқу орындарын былай қойғанда, өнер саласынан білім беретін оқу орындарымыз (өнер институттары, колледждері, арнаулы мектептер т.б.) қалай оқытып жатқанын, нені оқытып жатқанын, қай елдің рухани мәдениетіне бағдар (ориентация) жасап жатқанын елестетуге болар. Осыдан кейін ұлттық қасиеті бар төлтума өнер тудыру мүмкін емес. Ал нағыз өнер тек қана ұлттық төлтумалықта жатыр.

Еңбектің нәтижелерін жоғары мектептің өнер пәнінің мұғалімдері мен студенттері пайдалануы әбден мүмкін. Себебі, халық мұрасындағы ұлттық өнер туралы мынадай арнайы еңбек бұрын болмаған. Сондықтан бұл еңбек халқымыздың ұлттық өнерімен айналысып жүргендерге бірден-бір комекші құрал.

Бұл еңбектің негізгі қорытындылары автор өзі оқитын бейнелеу өнерінен дәріс берудің әдістемелері пәнінде ауқымды пайдаланылды.

 

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму тарихы

 

Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы өсіп-өну тарихында рудан тайпаға, тайпалар одағынан ұлтқа айналу процесінде оның рухани дүниесі де дамып ұлттық өнері болған және ол басқа ұлттарға үлгі боларлықтай асыл қасиеттерді мол жинақтаған. Халқымыздың ұлылығы тек сан- мен емес, азамат ой-санасына қосқан ұлттық өнер үлгісімен есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда ұрпағын жан-жақты тәрбиелеуге арналған қазақтың халық педагогикасының бай мұрасын, жүздеген-мыңдаған ақын-жыраулары, ойшылдары жасап кетен бай ауыз әдебиетінің, ұлттық қолданбалы қолөнерінің нәрін дүниежүзілік денгейде тартса қазақ ұлты ұлы өркениетті ұлттар қатарынан көрінетіні сөзсіз.

Халқымыз жастарды отаншыл рухта тәрбиелеп, ерліктің, еңбекқорлықтың, қайырымдылықтың, ұлттық өнердің тамаша дәстүрлерін қалыптастырған.

Тарихты ойлап қарасақ, әр заманда, әр мемлекетте оны жақсылыққа қарай сүйрелеген (прогресті) не өрге қарай тартқан (реакциялық) ағымдар шығып тұрған. Бірақ, ерте ме, кеш пе, халықтар әр қашан да әділрттілікті таңдап алып отырған. Сондықтан да халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу онерінің танымдық эстетикалық концепцияларының ең бастысы - тәрбиелік жұмыстарда ұлттық өнеріміздің тарихи дәстүрін насихаттаудан бастау алуы керек.

Ең алдымен ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму тарихы жайлы сөз қозғасақ, ұлттық дәстүр, өрнек өнерінің даму ерекшеліктерінің етене үйлесілімділігіне бағытталғаны дұрыс. Уақыт сарапшылығынан туындаған ұлттық өнердің тарихи дәстүрінен өнегелілік, адамгершілік пен имандылық қайнарын көруге болады. Халық мұрасындағы ұлттық мәдениет пен өнерді, дәстүрді айтқанда мынадай мәселені ескерген жөн. Ешбір қоғам, оның халықтары тек қана тарих жолымен ғана өмір сүрмейді. Мысалға, қазіргі кезеңде қазақтың ұлттық киімдерін көшеде, оқу орындарында, тұрмыста кездестірсек қана ұлттық мәдениетіміз оралғандай сезінеміз. Бұл, әрине, кезінде жатсынып, өгейсуғе ұшыраған кейінгі тірлігіміз. Дегенмен, тап бүгінгі әлеуметтік өмірімізде тек өткен заманның ұлттық өрнегін ғана жалпыға бірдей міндетті етіп ұсынуға болмайды. Басты нәрсе тарихи ұлттық мәдениетіміздің көркемдік белгілірінің толық қайталануы көрінісінен ғана емес, үйлесімінен де жаңа үрдіс табуымыз керек.

Қазіргі кезеңде ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму ерекшеліктерін қайта жетілдіру аса маңызды. Бұл қадам ұлттық бейнелеу онерінің яғни өрнек өнерінің қайта жаңғырып жандануымен қатар жүргізілуі қажет. Сондықтан да болашақ ұрпақтың рухани азығының негізі осында. Өмір тәжірибесіне қарап отырсақ ұлттық өнерімізбен мәдениетіміздің қанат жаюы төзімді, қамқорлықты қажет етеді.

Осынау ұзақ та игі процесс халық мұрасындағы ұлттық өнердің көркемдік даму мақсатын жаңаша ойлаусыз жүзеге аспайды. Өйткені ақиқатты дәлелдеуге бағыттлаған тарихи шындық арқылы халық сенімінен шығу жай айтыла салатын шаруа емес. Күні кешеге дейін қыруар шындықтар айтылмай, тарихымыз терең зерттелмей, шындық жасырылып келді.

Кешегі тоталитарлық-әміршілдік жүйенің кесірінен жойылып кетуге аз-ақ қалған халық мұрасындағы ұлттық көркем өнердің түрлері енді-енді жарыққа шығып, тәуелсіз еліміздің келешегіне қалтқысыз қызмет етуіне, өнеріміз бен мәдениетіміздің өркениетті елдермен терезесі тең дәрежеге көтерілуіне себебін тигізіп ыждаһаттылықпен паймдалғаны дұрыс. Бүгінгі ұрпақ сол халық мұрасындағы ұлттық өнердің көркемдік дамуының тарихи дәстүрімен кең түрде танысып, оның тәрбиелік мақсатына терең ой жүгіртіп ілгері дамытуы қажет. Ендеше халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу онерінің көркемдік дамуы тарихи методологиясы - жаңа шығармашылық көзқараспен ойлаудың қанатты шарты.

Қандай қоғам, қандай ел болмасын экономикалық саяси т.б. артықшылықтарына қарамастан өзінің өнері, мәдениеті, ұлттық дәстүрін сақтай алмаса, толық жеңіске жете алмайтыны айқындалған осынау кезеңде халық мұрасының ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму ерекшеліктері әр халықтың, әрбір қоғам мүшесінің өмірлік мақсатына, тіршілік дағдасына айналуы қажет. Осынау ұлы процесте ұлттық өнердің атқаратын ролі аса зор. Осы орайда төлтума өнеріміздің ілгерілуіне кедергі болып келген нәубеттер туралы ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбетов айтқан деректерді келтіруге болады:

1. Алуан түрлі жат идеялар кеулеп, алаңдатып, ығыстырып, ұлттық өнердің төлтума қалыбын тұншықтыруда. Бұл проблеманы түзету былай тұрсын, айтқан адамның өзін «ескіні көксеуші», «артта қалған», «ұлтшыл» деген қарғыс таңбасымен күстаналайды.

2. Өнердің парқы мен нарқы өзінің тарихилығымен, төлтумалығымен, көркемдігімен өлшенбейтін болуы. Өктем идеология талғамына қаншалықты сай келуімен өлшенеді. Бұл талапты жақсы орындағандардың иығына шапан жабылып, атақ-абырой бұйырды.

3. Ұлттық өнердің әлемдік аренаға шығу, танылу тағдыры мүлде тығырыққа тірелген. Біздің идеологтарымыздың түсінігінше сыртқа көрсететін өнеріміз алдымен орыс өнеріне ұқсас болуы керек, сонансоң сол баратын шет ел өнеріне тым болмаса еліктеп жатуы керек.

4. Ұлттық өнеріміздің парқы мен нарқы, эстетикалық бағасы тек қана орыстың эстетикалық қалыбымен сараланады. Өнердің ұлттық қасиеті неғұрлым айқын болған сайын солғұрлым сарапшыларға ұнамды.

Міне, ұлттық өнеріміздің көркемдік дамуы туралы бұл деректердің түйіні біреу-ақ, мұндай үрдіс (процесс) ұлттық «нер атаулының қадірін кетіру арқылы, ұлттық асылды жасыту арқылы жүзеге асады.

Біздіңше бүгінгі таңдағы халық мұрасындағы ұлттық «нердің өркендеуі, жаңаруы - жеке адам мен қоғам тағдыры, жекеленген халықтар мен тұтас адамзат өркениеті тағдырына сабақтас екенін жан-тәнімен тереңдей сезіну, біржола байыптау. Бүгінгі кезеңдегі халық мұрасындағы ұлттық өнердің көркемдік дамуындағы қыруар көкейтесті мәселелеріне арналған көптеген халықаралық. Республикалық, қалалық конференцияларда айтылған ой-толғаныстардан шығатын түйін әлем халықтары тек қана өзара қамқорлық пен сыйластық, бірін-бірі өнері, мәдениеті арқылы түсіну жағдайында өмір сүре алады дегенге тіреледі. Солай десек те ұлттық өнердің алғышарттары әр адамның табиғи қажеттілігіне айналдыруға ат саулысу арқылы қоғамның рухани дамуына мейлінше ықпал ете алады. Бұл ретте, әрине, тек ұлттық өнердің түрлері ғана емес, экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени басқа да жағдайлар осындай жарқын мақсаттарға бағытталғаны жөн.

А.М.Сандерс: «өз ұлтынан пайдалы салт-дәстүрін пір тұтқандар басқалардан үнемі жоғары тұрады», - дейді. Біздің ұлттық мәдениетіміз бен болмысымыздың ұлы мақсатының өзі ұлттық салт-дәстүрмен мың жылдап қалыптасқан ұлттық өнері мен мәдениеті. Сондықтан ұрпағымызға дұрыс тәрбие беру үшін ең алдымен ұлттық тілді, өнерді, дәстүр мен мәдениетілікті үйретуге қажеттілікті тудыру керек. Халқының ұлттық тарихи дәстүрінің нәрін бойына сіңірмей өскен ұрпақ намыс, мақсат, мүддеден ада болады. Ұлттық өнеріміздің мәртебесін кетермей оның асылын, маржанын ұрпақ жадында өз қалпында табиғи, ұлттық сипатында сіңірмей, болашақ ұрпаққа берер тәрбие еш уақытта баянды болмайды.

Біздің пайымдауымызша, халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнері дәстүрін қалпына келтіру үшін, ұлттық сана мен психологиямызды көне ғұрыптарымыздың негізінде қалыптастыра отырып, дамыту бағытындамыз. Бір айта кететін мәселе ұлтымыздың зиялы алдыңғы қатарлы өкілдерінің деңі жаңаша түсінуде. Мысалға, Ө.Жәнібеков, А.Сейдімбеков, Б.Сапаров, Р.Бердібеков, А.Қырықбаев т.б. Мерзімді баспасөздерде қазіргі жарық көріп жатқан мақалалардың өзі-еқ мазмұны мен мақсаты бұған толық дәлел бола алады: Мұндай құлашы кең серпілістің - ұлттық қайта өрлеудің заңды құбылыс екендігін басқа да ұлт өкілдері ішінара болса да түсіне бастауы жақсылықтың нышаны деп түсінуіміз керек.

Ұлттық өрлеу дегеніміз өте нәзік, аса жауапты һәм экономикалық, әлеуметтік және рухани сипаты бар күрделі қоғамдық процесс.

Біздің ата-бабаларымыз бұл жерде ықылым заманнан бері өмір сүріп келеді. Олардың мәйттері де бейіттері осы жерде. Тар заман талап етпесе туған жерін тастап тойған жерге кету әдетімізде жоқ. Осыған байланысты «кісі есігінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалымыз бар. Олар артында қымбат мұра ретінде ұлттық сипаты бар әрі өмірге пайдасы мол ғажап ғұрыптарды, салттарды, ауыз әдебиетін, нәзік үнге толы ән-күйін, көздің жауын алатын қол өнерін қалдырып кетті. Сондықтан біз ықылым заманнан біртұтас еліміз келешекте азаматтық мемлекеттік аясында емес, ұлттық мемлекеттік шеңберде қалыптасып өркен жаюымыз керек.

Сол бабалар ұрпағының болашағы, балаға да, данаға да тікелей байланысты. Оларға әлеуметтік құқылық, педагогикалық жалпы адамгершілік ақ пейіл және жүйелі, нақтылы тәрбие керек.

Халық мұрасындағы бейнелеу өнерінің көркемдік дамуының негізгі мақсаты - бүгінгі болмасты нақты, реалды бағалай білу және объективті байыптау, өнердің алуан саласындағы әрекет, т.т. уақыт пен заман талабына сай мейлінше сергек қарау сол талап үрдесінен шығатындай әрекет жасау. Халық мұрасындағы ұлттық өнердің рухани дамуының нәтижесінде туындағандықтан жаңаша шығармашылықта ойлауды қалыптастыру қажет.

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің негізгі коркемдік даму қасиеті мен мәні барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болғандықтан, оның даму заңдылықтарын айқындайтын іргетасы әрі методологиялық иегізі де болып табылады. Бұл мәселеде ұлттық тарихи дәстүр, адамдардың шығармашылық сезімдік қасиеттері қалыптасады, сонымен бірге талап-тілек, қажеттілік деңгейі орнығады. Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің тарихи дәстүрі адамдарды тәрбиелейді, түрлі нәрселерге үйретеді.

Ғылыми-техникалық өрлеу кезеңі дағдылы ойлау қасиетін ғылымның жаңа жетістіктерімен қаруландырып, келешек даму перспективасын бұрынғы кезеңдегіден де тереңірек талдай білуіне жәрдемін тигізеді. Ал, халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік дамуы, халық онеріндегі түрлі шығармашылық дәстүрді объективті байыптай білу, неғұрлым жоғары деңгейде болса, өткен тарихи жолы мен келешек даму перспективасын солғұрым айқындай алады. Бұл күрделі де көп қырлы, ұзақ уақытты талап ететін процесс болғанымен дұрыс та қажетті екені шексіз. Өйткені онсыз ғылым мен өнерді шығармашылық үйлесімдікті сақтау мүмкін емес. Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу онерінің тарихи дәстүрінен бас тарту - шығармашылық жағдайда жөн-жосықсыз, мән-мағнасыз, өзімізді озіміз жоқ етумен бара-бар.

Өнер мен ғылымда халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік тарихи дәстүрі уақыт өткен сайын қарым-қатынасы күрделене түсуіне байланысты, қазіргі кезеңде сан-салалы қыруар мәселелер туындауда. Оны бір немесе бірнеше адамның шеше қоюы мүмкін емес. Сондықтан, осы мәселелерді комплексті түрде, жан-жақты зерттейтін мекемелер қажет. Әсіресе, ғылым, мәдениет, ұлттық өнерді қопара зерттейтін бір орталыққа шоғырланып, жүйеленген арнайы кеңес құру қазіргі кезеңнің айрықша қажетгілігі екені даусыз.

Алуан конференцияда айтылған ой-пікірлерді аналитикалық тұрғыдан жинақтау мен келешек бағыт-бағдарларды айқындауға, салалы да салиқалы зерттеулерді саралап бөлуде мұндай кеңестердің мейлінше игі роль атқарып, ұлттық өнердің дамуына оң ықпал ете алар еді. Осыған байланысты қыруар проблемалардың түйінін шешпейінше ең көкейтесті маселені көңілдегідей жүзеге асыру мүмкін емес. Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік дамуы бірден пайда болмайтынын, халық өнерін ең бірінші зерттеу мен оның дәстүрін игеруден басталатынын ескергеніміз жөн. Қазіргі кезеңде өз ұлттық өнерімізді терең тануымыз (самосознание) - өткеніміз бен бүгінімізді, болашағымызды мейілінше объективті ғылыми-тарихи тұрғыдан бағалау, байыптау. Мұнсыз халықтын сана-сезімі (самосознание) оянуы мүмкін емес. Ал, халықтың сана-сезімі оянбаған жерде жаңаша ойлау туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз.

«Бүкіл адамзаттын келешегі - жас жеткіншектердің қандай мұраттар негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты» - деген екен ғұлама жазушы Ғабит Мүсірепов. Олай болса ертеңін ойлаған елдің негізгі нысанасы келешек ұрпақтың саналы тәрбиесіне бағытталуы керек екені өзінен-өзі түсінікті.

Тегінде алды-артын түгел болжап, ертеңін ойлаған ел ата-бабасының аруағын да сыйлайды, арттан ерген ұрпақтың қамын да қатар ойлайды. Өйткені бүгінгі ұрпақсыз ұлтымыздың келешегін елестету мүмкін емес.

Егер жас ұрпақты алтын дәннің тұқымына теңесек, оның пор алатын құнарлы топырағы мен сусындайғын қайнар бұлағының бірі - халқымыздың ғасырлар бойы сұрыпталған үлгі өнеге, үрдіс тұжырымдары, мәдени және рухани мұралары өнердегі тарихи дәстүрі болмақ. Осы тұрғыдан келсек, ізбасарларымызды халық өнерінің уызымен ауыздандырып, философиялық мәні шексіз даналық дәстүрлерімізді танып-білуге тәрбиелеу, ұлттық өнердің көркемдік дамуындағы үрдіс өнегелерді қанына сіңіру, сөйтіп олардың өз ұлтына деген махаббатын, мақтаныш тсезімін ояту ертеңге қалдырмайтын басты мақсатымыз.

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму тарихы әрбір халықтың рухани өмірімен біте қайнасып жатқан қасиет, рухани-психологиялық, философиялық, пішін, ұлт тарихымен оның әлеуметімен бірге жетіледі. Сондықтан ұлттық бейнелеу өнерінің көркемдік даму тарихы, әрбір әлеуметтік дәуір ұлттық өнерге өз ізін, өрнегін салмай қоймайды. Олай болса, халық мұрасындағы ұлттық онердің қай кезңіндегі болсын айтулы құбылыстар ұлттық орнектерде байыпталуы, гуманистік тұрғыдан өркендей беруі қажет.

Бұл ретте халық мұрасындағы ұлттық өнердің құрылымы мен мазмұны өмірдің өзімен тығыз байланысты. Өмірлік қажеттілік өнердің өзіндік «жаңа» түрлерін тудырады. Әрине, жаңа формалардың пайда болуы процесінде адамның интеллектуалдық қабілеті, рухани тәжірибесі тарихи кезеңдердегі ұмтылысы үлкен роль атқарады. Біз халық мұрасының ұлттық өнердегі тарихи дәстүрі арқылы өткен кезең мен бүгінгі дәуірдің көркемдік-рухани тәжірибесімен қаруланып немесе нәр алып отырамыз.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің тарихи дәстүрі коркемділігімен, көпқырлылығымен, тосындылығымен түрлі шығармашылық құбылыстарын байытуда жатыр.

Біз тарихи дәстүрге сүйене отырып, тарихи объективті ақиқат - жалпы уақыт арнасында сараптауға деп қоямыз.

Біз халық мұрасындағы ұлттық өрнектерден күллі табиғатты, өмірдегі тіршілік тынысты, өзін қоршаған болмысты, өзіндік рухани қуанышы мол өнердің қадір-қасиетін сезінеміз. Мұндай ұлттық шығармалар жаңаша шығармашылық ой тудырудың қайнар бұлағындай әсер етеді. Ендеше халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің терең тамырлары өткен күндердің тарихи дәстүрінде жатыр, өйтпесе көркемдік даму болмас та еді. Сол себебті халық мұрасындағы ұлттық өнер дәстүріне терең үңілу жүзеге ойдағыдай асқан жағдайда ұлттық бейнелеу өнеріндегі шығармашылықтың да сапалық тұрғыдан жаңаруына, жаңғыруына жол бастамақшы.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің тарихи дәстүрі тура мағнасында ұғылмауға тиіс. Бұл - ең алдымен шығармашылық ойлау дағдысы мен одан гөрі дәлірек айтсақ, санамызда қатып-сіңіп қалғандардың бәрін қайта құруға күш салу. Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің міндеті мен маңызы сан мыңдаған көрермендерді - жаңа көркемдік-бейнелеу құралдарымен тәнті етуінде емес, тарихи дәстүрдің, өнердің даму үрдесі (динамикасы) туралы мейлінше объективті, мейлінше терең көркемдік-философиялық байыптауға өткен тарихи дәстүр мен келешекті сабақтастыра сараптай білуге байланысты. Өткен дәуірдің ұлы шеберлерінің өзі адам мен қоғам туралы барша күрделі шындықты түгесіп талғап кетуі мүмкін емес, өйткені уақыт озған сайын бұлар да өзгеріп отырады.

Затында, шығармашылық ойлау абстрактылы болған мен әлеуметтік сипаты бар. Өйткені ойлау-теориялық қару іспетті, қолайлы жағдай туғанда, реалды күшке айналып, кетуі әбден мүмкін. Ал өнердегі көркемдік ойлау өз заманның бағыт-бағдарын таразылап отыратын фәлсафалық саяси ойдың жетістіктеріне сүйенбеуі мүмкін емес. Бұлар бір-бірін толықтырып, бірін-бірі дамытып отырады. Өйткені қатаң логикалық фәлсафалық ойлау түрлі себептерге сәйкес белгілі бір дағдарыстарға ұшырауы мүмкін, ал шығармашылық қиялдау шексіз. Демек, өнердегі көркемдік ойлау өзінің образды-интуитивті қуатының арқасында логикалық-фәлсафалық ойлаудың тамырына қан жүгіртіп өл бермекші. Сондай-ақ барлық халықтар мен барша уақытты, байтақ әлемді қамти алатын қабілетінің арқасында миллиондардардың сана-сезіміне әсер ете алады. Сол себепті ұлттық бейнелеу өңеріндегі жаңаша шығармашылық ойлау жиһанды жаңғыртуға бағытталған айрықша белсенділік ретінде бейнеленген игі іс. Сол себепті халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнеріндегі өрнек пен реңдердің - бүгінгі табиғи өмірлік қажеттілігіміз, ұлттық өнерді жүзеге асыру, дамыту жолындағы теориялық бағытымыз.

Халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен реңдер дегеніміз алуан түрлі шығармашылық қасиеттерден тұратын өзіндік күрделі әлем, оның өзіндік ішкі рухани-реалды тарихы, кеңістігі мен бағдары бар. Оны ескермейінше шығармашылық өнердің шексіз - сындарлы сипатын түйсіну негайбыл. Ендеше, халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдер имер табиғатын тарихи болмыспен тығыз да тікелей сабақтастықта мейлінше терең зерттеу.

Сондықтан, біздіңше, халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен рең дегеніміз аяқ астында туған, әшекейі басым, әдейі ойланып шығарылған жаңа ғылыми анықтама емес, ең алдымен диалектикалық даму заңдылығы тудырған құбылыс демек, шындыққа жақындай түсетін сияқтымыз. Оның сапалық қасиеттері қатарына орасан мол ұлттық өрнектерді, түрлі реңдердегі фәлсәфалық тереңдікті, методологиялық астарлау мен ауқымдылықты т. т. жатқыза отырып алуан ракурста айқындауға ұмтылсақ та, тамыр алатын топырағы ортақ, ол - халық мұрасындағы тарихи дәстүр.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің жаңа көкжиектерін қаншама сабылып іздегенімізбен оның өткен немесе бүгінгі шығармашылық өнермен де берік байланысын айқын кореміз.

Ал оның бейнелеу өнерінде өте қажеттілігі қым-қуат дүниеде адамның өнерге деген шығармашылық сезімін арттыруында, өз ойын тереңдету - өнердегі шығармашылық шарттарды ескеруінде, пайымдауында, болашақ бағдарын адаспайтындай, айнымайтындай түзу жол табуға мүмкіндік тудыруында.

Ұлттық бейнелеу өнеріндегі оның ішінде өрнек өнеріндегі басты нәрсе - оның тарихи дәстүрін сақтай отырып ұлттық сана сезімді шығармашылықпен әдептелінуі, (стилизациялануы) жаңаша түрленіп шешім табуы. Осы шығармашылықтың тереңдігі мен орнықтылығы ұлттық өнердің қадір-қасиетін анықтайды. Қазіргі ұлттық өнерімізге мұндай шықармашылық ізгі қасиеттер әлі қалыптасқан жоқ.

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерінің дәстүрлері мен тарихы осы кезеңге дейін жарық көргенінен горі әлі де болса құпиясы көп болуы ғажап емес. Біздің ойымызша ұлттық өнердің өресін кеңейтудің бірнеше бағыты мен жолдарын ұсынуды келешек игілікті іске бағыт бермекпіз.

Бірінші, көзі еріксіз бітелген бұлақтың тұнбасы секілді ұлттық онеріміздің дәстүрінің тарихи көзін ашсақ, өрнек онерінің небір құпия сырларына зерделі зерттау жүргізге өнер иесінің көп нәрсеге көзі қанып көкірегі оянып суреттеймін дегенін қиналмай, әдемі өрнек табамын деп әлектенбей, ғажап түстерді реалистік тұрғыда жеткізе алатынын байқаймыз.

Екінші, қалай десек те "көшпенділер" деп тарихқа терең үңілмей теріс айналғанымызбен халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, өмірін, өнерін баяндаған тарихи дерегі мол шын көркем туындылар ғана болашақтың үлесіне тиері сөзсіз. Тек қана сол жауһар дүниелерімізді асқан көрегенділікпен корсете білсек.

Үшінші, болашақ ұрпақтың халқымыздың ұлттық өнер дәстүрінен оқып-үйрене отырып тарихи дәріс, эстетикалық ләззат алатыны өзінен-өзі түсінікті.

Ұлттық өнеріміздің өркендей түсуіне болашақ ұрпақтан рухани сұранысын тезірек өтеуге, ат салысып, халық өнерін сусындай беруі қажет.

Ұлттық өнерге келешек ұрпақты еркін баули білетін маман даярлау, әсіресе бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі өнерді терең оқытуда білімді де өнерлі мұгалімдерді әзірлеуді мықтап қолға алған жөн.

Арнайы мамандандырылған кадр мәселесі халық өнерін меңгеру ісінің іштей байланысып жатқан тұтас құрылымының жанды бөлшегі. Ұлттық өнер дәстүрін терең меңгеру, оны басқа ұлт өнерімен салыстыра үйрену ісі аса күрделі де, ішкі иірімдері мол, біл жағынан өте ыждаһаттылықты қажет ететін нәзік құбылыс. Бұл орайда бала-бақша, мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындары болып жалғасып келетін онерді үйренудің-күнделікті өмірмен байланысты басқа да жаңа формаларын табу, оларды қаржыландыру мен үйлестірудің тың жолдарын тынымсыз іздестірген жөн.

Төл мәдениетіміздің ұлттық бейнелеу өнеріміздің мәртебесін көтеруге деген ізгі ниетті, әдістемелік нұсқаулар мен арнайы оқулықтар басып шығарудың жаңаша түрін қолға алудан бастаған жөн. Осы орайда айта кететін тағы бір жақ - бұрын дайын оқулықты қазақша аудара салып, көпшілік сұранысы тек орыс тіліндегі кітаптар деп ойлап келген болса, оның үстіне бұрын дайын оқулықты қазақшаға аудара салып үйренгендікпен, елімізде ұлттық өнерден төл оқулықтар жазатын авторлар қалыптаспаған. Сондықтан да оқулық, оқу құралдарының сапасы бүгінгі талапқа сай келмейді.

Оқулық шығару ісінің ғылыми негізге қойылып, мемлекеттік қамқорлықты күшейтпей болмайды. Сонымен қатар, ұлттық тілде ұлттық өнердің тарихы мен дәстүрін жүйелі түрде оқытып барлық оқу орындарына арналған төлтума әдістемелік оқулықтарға Мемлекеттік сыйлық тағайындалып, оқулық жазған ғалымдар мен оқытушылардың еңбегін дәріптегі отыру да ұлттық өнер дәстүріне деген құрметтің үлкен бір белгісі болар еді.

Осындай қажетті мәселелерді іске асыру үшін арнайы теориялық, ғылыми-практикалық маслихаттар ұйымдастырылып, соңынан республикалық кеңес өткізіліп, нақтылы ұсыныстар қабылдап, оларды өмірге еңгізу қажет.

Бір сөзбен айтқанда, тарих, дәстүр, салт-сана, сондай-ақ калық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнері жайында, ягни бейнелеу өнеріндегі ұлттық өрнек пен реңдердің шежіресі жайында ақиқатты жазуға енді ғана қолымыз жетті ме деп отырған шақта әркім өз білгенінше "көлеңкеге қарап тон піше салмай", келеше ұрпақ алдында жауапкер екендігін ұмытпаса, әр айтар ойын саралап, салмақтап барып айту керектігін естен шығармау қажет.

 

Халық мұрасындағы ұлттық қолөнердің көркемдік даму тенденциялары

 

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да, материалдық қазынасының қомақты бөлігі - ұлттық қолөнері. Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Шаруашылықтың түрі арқылы түсетін материалдар, қолданылатын заттар, олардың атқаратын қызметі халық қолөнерінің формалық сипатын, ал шаруашылыққа байланысты салт-дәстүрлер, діни мифологиялық ұғымдар өнердің ішкі мәнін анықтайды.

Халық мұрасындағы ұлттық қолөнер қашанда ритуалдық сипатта болғандықтан тұрақтылық танытып, жылдар бойы негізгі сипатын өзгертпей сақтап отырады. Халық мұрасындағы ұлттық өнердің бұл саласы мыңдаған жылдар бойы дамып, озық үлгілері сұрыпталып, бір жүйеге түсіп, жинақталып отырған. Шығармашылықтың түрлі қолөнерді тудырушы болғандықтан өмір сүру салтының өзгеруі халықтың мәдениетінің өзгеруіне әкеліп соқтырды.

Халық мұрасының қолөнер кәсібі мекендеген жерінің табиғи ерекшелігіне тікелей байланысты болған. Қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі өрнек пен реңдердің бұл түрі ғасырлар бойы сақталып келсе де, тоқталып қалған процесс еместін: тәжірибе жинақтап, жетіле келе түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Бұрынғы адамдардың табиғатты терең сезіне білуі - өрнек өнері мен түрлі реңдердің табиғатқа да үйлесімді, адамға да нәтижелі түрін таңдауына көмектескен.

Бабаларымыздың күріш өсірген қытай, егін еккен орыс, жүзім өсірген сарттар сияқты халықтармен сауда жасасып, араласып тұрса да, жаппай егін, күріш өсірумен айналыспауы - өз жерінің табиғатына, климатына байланысты ең дұрысы мал өсіру екенін жақсы түсінгендігі.

Халқымыздың ертеден жесе - тамағы, кисе - киімі, ішсе - сусыны, мінсе - көлігі, тіпті тезегі жақса отыны - төрт түлік малы болғаны. Сондықтан шығар, атамыз қазақ малды кемсітпей, қадірлей қараған, тіпті оларды киелі деп білген. Олардың иесі, атап айтқанда пірлері болады деп сенген. Мысалға, қойдын пірі - Шопан ата, жылқының пірі - Қамбар ата (Жылқышы ата), түйенің пірі - Ойсыл қара, сийырдың пірі - Зеңгі баба, ал ешкінің пірі - Шекшек ата болып саналады. Бабаларымыз, міне осы пірлерге сиынып, малының көп болып өсіпөнуін тілеген. Соған орай ғажайып көркем, танымдық та, тағлымдық мағынасы мол өлеңдер, мақал-мәтелдер сонымен қоса малдың денесіне, сүйегіне, ізіне байланысты өрнектер көптеп кездеседі. Қазақ күні бүгінге дейін ішінен шыққан баласын «ботам», «құлыным», «қоңыр қозым» деп жақсы көреді.

Халық мұрасындагы ұлттық өнердің коркемдік даму ерекшкліктерінің негізі сайын даланың табигатымен тікелей байланысты. Табигат аясында бейбіт жатқан ақбоз ауылдар- дың сән-салтанаты сарқылмас этңографиялық музейден бір де кем емес еді. Өнер мен шеберлік қиюмен шыққан неше түрлі алуан киім киген, сал-сері жігіттері мен ару қыздары күнделікті өмірде де дәл солай тұрмыс кешіп жүрген-ді. Халқымыздың өні аспанмен үндесіп жатса, ою-өрнегі ұлттық сәні болса, күмбірлеген күй үні халық мұрасының шығармашылық көрінісі болды. Міне, бұл қазақ елі еді. Осы орайда халық мұрасындағы ұлттық қолөнердің биік көркемдікте жасалған ғажайып мүліктері пайда болды. Ұлттық бет-пішін дегеніміздің озі осы.

Үш ғасырлық бодандықты басынан өткізген қазақ халқының қазіргі мәдени-рухани болмысы тарихи соққыдан есеңгірегендей халде. Осы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жүйені, қазақтардың өзіндік өмір сүру салтын жасанды түрде бұзу, қазақ халқын күшпен жаппай отырықшылдыққа еңгізу, бұл істі аса қаталдықпен өткізу, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын ескермеу - қазақ халқының ұлтттық мәдениеті мен өнеріне балта шабумен бірдей еді. Халық өзінің этнос ретіндегі қорғаныс тетіктерінен (механизмі) жұрдай болған. Яғни, кешегі көшпелі халық бір сәтке отырықшыға айналып, бұрыңғы ұлттық өнері мен мәдениетін жоғалта бастады. Халықтық мәдениет пен өнердің материалдық негізі қирауымен қатар оны жасаушы адамдардың  санасында да ұятты өзгерістер пайда болды. Мәдени мұраттар ауысып көркемдік бағыттар өзгерді, ұлттық мақсат-мұрат жолында біліктілікпен атқарылып жатқан сенімді әрекет-қимыл жоғалды. Өз өнері мен мәдениетін қадірлеудің орнына менсінбеушілік, көркемдік талғамдылық ауысып, ұлттық идеялардың орнын басқа идеялар басты. Тұрмыс өзгеріп, бұрынғы қолонер бұйымдарына сұраныс азайды: дәстүрлі шикізат жоғалды, сұлулықты қабылдау жүйесі өзгерді. Сондықтан ұлттық қолөнермен айналысатындар азайды, кәсіпкерлік шеберліктер жойылды. Сөйтіп дәстүрлі ұлттық қолөнеріміздің даму тоқтап деградациясы басталды.

Тарихи дәстүрі жойылған қазақтардың жаңа жағдайда биік деңгейдегі жаңаша халықтық қолөнер тудыра алмауы - объективті заңдылық.

Енді сол ұлттық қолданбалы қолөнеріміздің ғасырлар бойы жинақталған заттық қазыналы қоры қайда құрып кетті деген мәселеге көшейік.

Қолөнердің оте жоғары көркемдік деңгейде орындаған озық үлгілерінің иелері ауқатты адамдар, үстем тап өкілдері болатын. Зерлі бас киімдерді, кестеленген шапандарды, алтындаған әшекейлі сәукелелерді, көркем жасалған ат әбзелдерін, т.б. тұтынғандар солар. Бұл зиялылық барлық халықтарға ортақ. Мысалға, Эрмитаж, Қару-жарақ палатасы, Третьяков галереясы, Лувр, т.б. сияқты өнер мұражайлары мен оның экспонаттарының кезіндегі иелері - ауқатты адамдар. Төңкеріс кезінде Қазақстанда үстем тап өкілдерімен ымырасыз күрес жүргізілгенде, олардың мал-мүліктерімен қоса сол мүліктің ішіндегі талай жауптар қолонер туындылары да тәркіге түсті. Егерде Ресейдің өзінде патшаның, дворяндардың, копестердің игілігіндегі сарайлар, олар иеленген онер туындылары бүкіл халыққа ортақ қазына саналып, Кеңес үкіметінің қорғауына алынса (Мысалы, қолонер туындыларына жататын патшаның тәждері, ақсүйектердің салтанатты киімдері, әшекейлі қарулары. көркем жихаздары, т.б.) қазақтың ұлттық қолөнерінің туындылары, әрине, ондай кәсіпке ие бола алған жоқ. Қазақ ақсүйектері ұстаған асыл дүниелер із-түзсіз жоғалып кетті.

Одан кейін қазақ даласында өткен азамат соғысының қанды айқастарында да талай дүниелер талауға түсті. Жеңіске жеткен Кеңес үкіметінінің алғашқы заң қаулыларында қазақтың халықтық өнерінің туындыларын қорғау ескерілген жоқ.

Күштеп ұйымдастыру, кәмпескелеу, отырықшылыққа енгізу, соның салдарынан туған үлкен ашаршылық кезінде ел ішінде сақталып қалған көркем қолөнер туындылары бір татым тамақ үшін жұмсалып кетіп отырды. Олардың қандай қолға түскені белгісіз. Азамат соғысында, ашаршылықта қырылған халықтың ішінде қолөнердің небір һас шеберлері кетті.

1941-1945 жылы үлкен зұлмат соғыста қазақ халқы да өзінің талай асылдарын Отан қорғауға аттандырды. "Бәрі майдан үшін!", деген үндесуге қосылған қазақ әйелдері де таза алтыннан, күмістен, басқа да асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарын өз еркімен үкіметке тапсырып жатты. Аз да болса сақталып келген қолөнеріміздің жұрнағы осы жолы біржола қару үшін жұмсалып кетті.

Ұлы Отан соғысы кезіңде Эрмитаждағы, Кремльдегі, Қару-жарақ палатасындағы т.б. Европаның, ресейдің бейнелеу өнері мен қолөнері туындылары сақтап қалу шаралары жүргізіліп жатса, қазақтың қолөнерінің туындылары қайтадан металға айналып, қару-жарақ, әскери техника алуға қаржы ретінде қолданылды. Бұл ұлттық өнеріміздің құны шикізат құнына дейін төмендегені болатын. Егер осы уақытқа дейін “қазақта мәдениет пен өнер жоқ" деген жалаң ұғым болып келсе де, ендігі буын халқымызда өнер болды десе сенбейтіндей халге жеттік.

Ұлттық өнерді өркендетіп шығарма тудырушылары жойылып, тутынушылары жоғалған ұлттық өнеріміздің құлдырауын орыс, Европа өнерінің үлгеріне еліктеу, ұлттық мәдениетімізге менсінбей қарау одан әрі үдете түсті.

Ұлттық қолөнеріміздегі кәсіпкер (профессионал) ешеберлердің құрып кетуі салдарынан онымең тек әуесқой онерпаздар ғана айналысты. Бірақ әуесқойлықтың деңгейі онша жоғары болмайтыны түсінікті. Әуесқойлық шығармашылықта тәжрибе қортылмайды, стильдік ерекшеліктер пайда болмайды, мектеп қалыптаспайды, халықтық синтетикалық-көркемдік жүйе құрылмайды, және бүкілхалықтық игілікке айналмайды, ұлттық мәдениет бола алмайды.

Кәзіргі халықтың қолөнері деп жүргеніміздің көпшілігі - осындай әуесқойлық өнер туындылары. Шын халықтық қолонер пайда болу үшін шығармашылық өнер иесі онымен өмір бойы айналысып, тұрақты кәсіп қылып, күн көрісі осы кәсіпте болып, шәкірт ұстап, дәстүр жалғастыру қажет және тікелей халық ортасында жұмыс істеп, бұйымдарын халық тұтынуы тиіс.

Қандай рухани мутацияға ұшырасақ та, тегіміздегі, қанымыздағы ұлттық қасиеттеріміз сыртқа шықпай қылуы мүмкін емес.

Әрине, қапір кәсіпқой бейнелеу онері саласында халықтық қолөнер технологиясын жаңғыртып, жаңаша қолдану қалыптаса бастады. Ши тоқу техникасымен жұміс істеп жүрген ерлі-зайыпты Бакафонтар, терімен жаңаша жұмыс істейтін А. Иханона мен Ж. Үмбетов, тоқыма жасаушы Б. Зәуірбекова, киізбен жұмыс істеп жүрген Бөлтірікова, М. Қалқабаев сияқты профессионал суретшілеріміз баршылық. Бірақ олардың жұмыстары технологиясы жағынан қолөнер туындысы болғанымен, сипаты жағынан таза бейнелеу өнерінің туындылары.

Халықтық дәстүрді жалғастырып, ұлттық қолөнер бұйымдарын істеп жүрген бір топ қолонер шеберлері де бар. Мысалы, көптен ата кәсібін жалғастырып, халық өнері технологиясын зерттеп, терімен, ағашпен, зергерлікпеп жұмыс істеп жүрген Д. Шоқпарұлы оның ізімен келе жатқан бір топ жастарды ерекше атауға болады.

Қазіргі кезеңдегі шеберлер, көбіне заттарды көрмеге қою үшін, немесе музейлік экспонат ретінде жасағандықтан және туындыларын да халықтық ерекшеліктерден гөрі авторлық шығармашылық ерешеліктері басым түсетіндіктен олардың көпшілігін халық шеберлері дегеннен гөрі кәсіпқой бейнелеу өнері шеберлері деген дұрыс.

Халықтық дәстүріміздің үзіліп кетуі, бізге жеткен халықтық қолөнеріміздің көркем үлгілерінің оте аздығы сияқты себептерден келіп қолонер туындысының функциялық және көркемдік ерекшелігін шатастыру, оюды түсінбей талғамсыз, орынсыз қолдану, заттың ішкі мәнін түсінбей жасау, бұрыңғы үлгілердің мағынасын түсінбей жалаң қайталау т.б. Сондықтан да ағылшынның ғалымы «Жібек жолы» экспедициясына қатысқан суретші-археолог Стефани Бани осы туралы былай деп ескертпе жасайды: «Алайда қазақ, қырғыз, өзбек ісмерлеріне айтарым - жергілікті этнограф ғалымдармен байланысып, көне өнерді қалпына келтірсе: өйткені ол теңдесі жоқ байлық. Қазіргі текемет, кілемдерге басы артық әлеміш бөтен, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өрнектер еніп кеткені өкінішті-ақ".

Ал ұлттық бұйымдар шығаратын еліміздегі "Түскиіз", "Сувенир" т.б. фабрикалар конвейерінен шығатын заттарды сапасы жағынан да сипаты жағынан да ұлттық бұйымдар деп айту мүлде қиын. Олар өте нашар деңгейдегі ұлттық мәнерде әдептелінген (стилизацияланған), көбіне басқа ұлттардың қолөнерінің ерекшеліктері шым-шытырақ араласып кеткен заттар.

Көбіне заттардың көркемдік жобасын жасайтын онер адамдары басқа ұлт өкілдері екенін, кейде істеп жүрген өз ұлтымыздың ұл-қыздары да халық өнерінің сипатын терең біле бермейтінін айта кеткен жөн.

Бүгінгі нарықтық экономикаға көшудің қиын заманы да ұлттық өнерімізге қатер төндіріп тұр. Әуесқойлық деңгейде болса да, ұлттық өнеріміздің болашағына негіз боларлық дүниелер қазір де бар. Бірақ олар ақша құмар баюды ғана көздеген коммерсанттардың қолында қайтадан алтын, күміске айналып шетелге сатылып кетіп жатқаны да баршылық.

Енді осы халықтық төл өнеріміздің құлдырауып тоқтағып, өнерімізді қайта түлету үшін халықтық шаралар қажет:

Бірінші, саяси және экономикалық проблема дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету халық өнерінің басты қозғаушы күші болар еді.

Екіншіден, қазір ТМД елдері арасында мәдени шараларды бір-біріне қайғару туралы келісім-шарт жасалып, қол қойылған. Соны іске асыра отырып талан-таражыға түскен халықтық мәдени мұраларымыздың ең жақсылары Мәскеу, Санкт-Петербург мұражайлары қорларында жатыр. Соларды елге қайтаруды қолға алу.

Үшінші, біздің республикамызда өлкелік, аудандық көптеген мұражайлардың қорларында қаншама қолөнер дүниелері бар. Соларды бір орталыққа жинақтап ұлттық өнеріміздің жеке мұражайын ашу керек. Мұндай мұражайдың пайда болуы ұлттық өнеріміздің мәдени жағынан да ғылыми жағынан да жаңғырып жаңаруына септігін тигізеді.

Төртінші, әлі де болса басқа халық арасында сақталым қалған көне бұйымдарды сатып алып орталық мұражайға табыс ету және ондай жұмыстарды ұлттық өнерді терең білетін білімді ғалымдарға жүктеу қажет.

Бесінші, мұражай жұмысының ең маңызды бағыты - ғылыми-зерттеу жұмыстары. Осы уақытқа дейін халық өнерінің көркемдік ерекшекліктерін, сипатын, аймақтық стильдерін, даму тарихын т.б. жақтарын жүйелі түрде зерттеу қолға алынбай келеді.

Методикалық, тәжірибелік жұмыстарды да осы жерде ұйымдастырса. Олар ұлттық өнеріміздің ерекшеліктерін қайтадан қалпына келтіріп, бүгінгі заман талантарына сай қызмет ету үшін жұмыс жасауы керек.

Алтыншы, халық арасында жүрген қолынан іс келетін қолөнер шеберлерін тауып, оларға көмек көрсетілсе, талапты шәкірттер беріліп арнайы мектептер ашылса.

Жетінші, халықтың ұлттық қолөнері тарихын мектептің арнаулы оқу орындарының бағдарламаларына кіргізу қажет. Әдістемелік нұсқаулар мен арнайы оқулықтар жазылуы керек.

Халық мұрасындағы ұлттық өнерімізді қайта тірілту мәселесін қолға алу үшін осындай мәселелерді жүйелі түрде шеше отырып, жанжақты шараларды қарастыру қажет. Мұндай істі қолға алу - біздің ұлттық өнеріміздің тарихы алдында да, болашақ келер ұрпақ алдында да, бүгінгі халқымыздың алдыңда да үлкен борышымыз болмақ.

Халық мұрасындағы ұлттық қолөнердің тарихи дәстүрінен талай тағылым алуға болады. Осы уақытқа дейін дәстүрлі ұлттық өнеріміздің рухани болмысы туралы сөз қозғағанда "олар утилитарлық немесе қолданбалы (прикладной) деңгейде ғана өнер тудырған" деп келетін ойдың жосығы бел алып келді. Мұндай тұжырымның тарихи шындыққа қиянат екеніне мән беруіміз керек.

Дәстүрлі ұлттық өнеріміздің негізгі сөз өнеріне, музыка өнеріне және қол өнеріне жүктелген өтпелі қоғамда халықтың өзінің талғамсыз өресі сарапшы болып отыр. Осыны мойындай отырып, біздер оның сабақтарын әрдайым ескерім, одан әрқашан қорытынды шығаруымыз қажет.

Қазіргі адамзаттық дамудың парқын болжай отырып әлемдік дамудың өзекті заңдылықтарымен санасып отыру - кез келген ұлттың өмірін ұзарту үшін қажеттілікке айналуға тиіс.

Өнері арқылы ұлттың өмір салтын ғана емес, өмірбаянын да тануға болады.

Ал біз өнеріміз арқылы ұлттық болмысымызды анықтаудың орнына осы уақытқа дейін ұлтымыздың өз өнерін өзіне тек тапсырумен ғана айналысып келеміз.

Ұлттың толтумалық, ұлттың дәстүрлі мәдениеті - сол ұлтты өзгеден даралап қана қоймайды, ұлтті "өлтірмейтін" қорғаныс тетігі (механизмі) болып табылады.

Осы орайда төл мәдениетімізді көтерудің ең мәнді тетігі - таза ұлтты, таза дәстүрлі, таза толтума өнердің өкілдеріне бірінші кезекте мән беріліп, мемлекеттік деңгейде марапатталып, алдымен соларға атақ-лаузым беріліп отыру керек.

“Итальянның әнін жақсы айтқан әншіні Қазақстан Халық әртісі деп марапаттау - мемлекеттік деңгейдегі мәдени саясаттың жоқтығын ғана білдіреді", - дейді жазушы-ғалым А. Сейдімбеков. Сондықтан халық мұрасындағы ұлттық өнердің тек қана қазақ ортасында, қазақ топырағында ұлттық өнер ұлттық өнер туатындығын әсте естен шығаруға болмайды. Жат өнер қанша асыл болғанымен, оларға орынсыз табынсақ, халқымыз өз мұрасын өзі жиренетін болады.

Біздің халық қазір осындай халді бастан кешуде.

Өз ұлтымыздың, одан әрі салсақ дүние жүзі әлемдік өнердің көркемдік даму тенденциясы оның озық үлгілері ең алдымен оз ұлт топырығгында ғана көктейтінін байқатады.

Осындай жағдайларда қазақ, қазақ халқының мұрасындағы ұлттық қолөнердің мәдени-рухани толтума болмысын сақтап қалу үшін күресуі дегеніміз, әлдебір жеке адамдардың қалауы емес, әлемдік даму үрдесіндегі теңденция, өзекті қажеттілік екенін ескермей болмайды.

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерін, сөз еткенде стиль даралығы әсіресе, бүгінгі таңда ғылыми проблема етіп қарастыруға онер спецификасының тәрбие мақсатында тыс қалып келе жатқандығы. Өйткені, адамның ойлау жүйесіндегі өнер тудыру процессінің өзі психологиялық- философиялық кұбылыс ретінде зерттеу объектісі емес пе?

Ұлттық онердің өзіндік арнасын ашу арқылы біз адам ойының, қиялы мен сезімінің жаңа, қырларын, тани аламыз ғой.

Олай болса, бүгінгі күннің көкейтесті ортақ проблемасының бүкіл құрылымына, өнер ұшығына бірден жете алмаймыз. Сондықтан мәселенің негізін көбіне халық мұрасының бір тармағын ғана тақырып етіп алса сол да жетеді. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдерді талдау тәсілі, синкреатизм тенденциясы осындай негізгі таным қажеттілігімен туындайды.

 

Халық мұрасындағы ұлттық, өрнек пен реңдердің танымдық-эстетикалық, тәрбиелік концепциялары

 

Қазақстан сияқты жаңа ғана тәуелсіздік алған, экономикасы әлсіз, ұлттық мәдениеті, өнері тоқырап қалған елге ұлттық өнердің ерекшеліктерін қайтадан қалпына келтіріп, бүгінгі заман талаптарына қызмет ету үшін жаңаша жұмыс жүргізген дұрыс. Бұл бағытта өнер адамдары және білім беру, мәдениет саласы бір ұйымға бірігіп, өздерінің бағдарламарын жариялап, ұлттық өнерінің тарихын зерттеумен айналысу қажет.

Өнерде, мәдениетте өзінің төл ұлттық дәстүрінің терең тамыры, ұзақ жылдар тоқырап қалғандықтан, әр халықтардың өкілдерінен құралып пайда болған Қазақстан мемлекеті әуел бастап-ақ басқа халықтың өнер жетістіктерін қолдады.

Әр ұлттың, республиканың таланты өнер иелері орталық үшін, оның идеологиясы үшін қызмет етуге баулынды. Бұл процесті бақылауға алып басқару үшін бір орталыққа бағынган шығармашылық одақтар жүйесі құрылған болатын. Осы жағдайда шығармашылық жұмыс істеудің жалғыз-ақ жолы болғандықтан, әр халықтың талантты өкілдері осы жүйеден өтуге мәжбүр болды. Осы жүйе арқылы олар өзін де, халқын да басқаларға таныта білді. Мұндай жағдайлар, әрине, белгілі бір тәуекелге бел байлауға мәжбүр ететін, Сол үшін ешкімді қіналауға болмайды!

Әр республикадағы дарын иелерінің онердің әр саласындағы жеке шығармашылық одақтарға кіруі әр саланың өзара байланысын үзді. Сөйтіп, өнердің ұлттық тұтастығы жойыла бастады. Бұл тұтастықсыз ұлттық мәдениеттің өмір сүруі қиын. Қазақ жазушылары өз республикасында су ретшілердің, шығармашылықтарында не болып жатқанынан бейхабар болса, қазақ суретшілері қазақ музыкасындағы жаңалықтарды біле бермейді. Ал, керісінше әр жазушы, суретші, музыкант өз саласында орталықтарда көрме байқаулар арқылы басқа республикаларда қандай жетістіктер барын жақсы біліп отыратын. Әр салада мамандар даярлау да бір орталықтан басқарылды. Сондықтан да әр халықтың ұлттық өнерінің тұтастығын одақ бойынша әр өнер саласындағы идеологиялық тұтастық алмастырады.

Шығармашылық одақ тек кәсіподақ өнер салаларында ғана болды да, таза халыктық өнердің дамуы құлдырап, әуесқойлық деңгейге түсіп кетті, ал кейбіреулері жойыла бастады. Бірақ мәдениетіміздің, өнеріміздің әр саласының, әр түрінің өзара байланысы қайтадан орнына келіп, бір-бірінің өзара ықпалы күшейіп, ұлттық тұтастығы қалпына келмей, ұлттық мәдениетіміз орнына келеді деп айту қиын. Халық болу үшін өзінің өнерінде ұлттық стиль, ұлттық мәдениет келбеті қалыптасуы қажет.

Эстетикалық түсінігі, көркемдік көзқарастары жағынан жазушы, суретші, музыканттардың, актерлердің, сәулетшілердің бәрін біріктіретін, байланыстыратын ұлттық өнер адамдары бізде бар ма? Әзірше дәл осындай сұрақтарға толық "иә" деп жауап бере қою қиын. Сондықтан мәдениетіміздің алдында тұрған басты мақсат - ұлттық опердің ішкі тұтастығын қалпына келтіру.

Бүгінгі күн таразысымен салыстырсақ, шындығы керек, кешегі кеңес дәуірі қазақтың бейнелеу өнеріндегі халықтық мұраны, ягни ұлттық өрнек пен түрлі реңктердің ғажап эстетикалық танымдық, тәрбиелік қасиеттерін әлемдік өнер арнасына көтере алған жоқ. Ал қазақ музыкасын алсақ әлемдік өнер арнасына көтерілді. Ұлттық аспаптар оркестр дәрежесіне көтеріліп «академиялық» деген атаққа ие болды.

Қараңыз, қазан төңкерісіне дейінгі әнші, жыршы, сал-сері ешуақытта өнер сатпаған да өнерін сатуға мал да жинамаған. Бүгінгі парламент кешегі өнеріндегі ұлттық дәстүрді жаңғыртса құба-құп (біз ұлттық мәдениет туралы айтып отырмыз). Егер халықтың еркесі мен серкесі болып келген майталман өнер шеберлері дүние-малдың соңына түссе, халықтық деп аталатын ғажап өнер тумаған да, дамымаған да болар еді. Ақын, айтыскер, термеші сақтаған қазақ тілі саф қалпында сан ғасырдың сынынан өтіп, түбінде мемлекеттік тілге айналып отыр.

Заман өзгеріп, замана ығына қарай ата заңымыз түрлепіп жатқан тұста ұлттық өнеріміздің томаға тұйыққа тірелуіне еш болмайды. Әр ұлт өнерімен, тілімен ұмтылуы керек. Міне, сол себепті де халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен түрлі реңдердің танымдық эстетикалық мәні болашақ ұрпаққа бала шағынан бастап сіңіруге деп қою қажет.

Ие, халық мұрасындағы ұлттықөрнек пен реңдердің оның ішінде өрнек өнерінің танымдық-эстетикалық тәрбиелік мақсаты ерекше. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек пен реңдердің танымдық-эстетикалық мәнін халықтық педагогиканың бір тармығы деп танимыз. Себебі, халық мұрасындағы ұлттық өрнектер мен сол өрнектердегі түрлі реңктердің әлемінде халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін бейнелейтінін былай қойғанда, оның тарихы мен шежіресін, жағрапиясын, әсіресе қазақтың мінезін, ерлігіп, өрлігін халық өнеріндей дәл бейнелейтін қаңлай құдірет бар (Мұның ішінде халықтың музыкалық және фольклорлық ауыз әдебиеті де кіреді).

Әрбір халық, ең алдымен өз халқының ұлттық мұрасын, өнерін тани білуі керек. Оның қандай қасиеті, қандай болмыс бітімі, нендей дәстүр, үрдісі озық екенін білін, зерттеп алмаған ұрпақ замана ағымында адаспай қоймайды. Өзге ұлттар мен өркениетті елдердің озінің өнер үлгілеріне қарап ой түзеп, олардың озық мәдениетін қан тамырына сіңіру - тарихи дамудың тартымды бір талғамы.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің ұрпақ тәрбиесі саласында жиі айтылатын халықтық педагогиканың толық мағынасы, астарлы ролі жайлы түсінік әркімде әр қилы. Жасыратыны жоқ, ғалымдарда осы төңіректе бір жүйелі тұжырымға келе алмай жүр. Оның негізгі бағыты - жас ұрпақты ұлттық таным, салт-дәстүріміз, рухында тәрбиелеп, халықтық тәрбиеде әбден шыныққан асыл қасиеттерді бабалар үрдісімен олардың санасына сіңіру екені бәрімізге белгілі. Бірақ ол қандай формадағы ұлттық өнерді ұрпақ тәрбиесіне қалай пайдаланамыз? Оның несі озық, несі тозық? Міне, біздерді тағырыққа тірейтін осы мәселелер. Қолдарында ешқандай әдістемелік нұсқау, әдебиет жоқ мектептегі мұғалімдер, балабақшадағы тәрбиешілер амалдың жоқтығынан тәрбиелік шараларына келін түсіру, беташар, құрсақ той, шілдехана, тағы басқа халықтық педагогика "элементтерін" еңгізуге мәжбүр болып жүр. Күні бүгінге дейін солай етіп келеді.

Ұрпақ тәрбиесі сан қилы күрделі әрекет екендігі ықылым заманнан бергі жай. Арнаулы әдебиеттердің, оқулықтардың шығуын күтіп қол қусырып отыра берудің жөні жоқ. Халық мұрасындағы ұлттық өнер эстетикалық өсімдікті қалыптастырған халқымыздың өмір сүру дағдысы, кәсібі, онері, танымы, білігі. Ол нағыз халықтың мыңдаған жылдар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, эволюциялық жолмен пісіп жетілген рухани, тағлымдық мұрасы.

Ата-баба мұрасының тарихи мәдени ескерткіштерімен ғана шешілмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы, жеткілікті ұланғайыр кеңістіктегі  шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қолөнері, оған тікелей қатысты ою-өрнегі қайталанбас үй жиһаздары, киім-кешегі, қару-жарағы, әуез аспаптары, тіптен қырыққа тарта жанрлармен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті, белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық, шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының мақтаныш сезімін оятатын құбылыстар.

Ал эстетикалық тәрбиенің міндеті - жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі көркемөнердегі, табиғаттағы халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақлай алатын азамат тәрбиелеу. Ал күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақлау, байқау, пайдалану үшін жастардың халық өнеріндегі ұлттық тарихи дәстүрінің танымдық қасиеттері жоғары, сауатты өнердің түрлі салаларынан жанға рухани азық, ләззат ала-алатын, сезім-түйсіп ұшкыр, ақыл-ойы алғыр терең білімді азамат болуы керек. Осындай адамның өмірге, тарихи дәстүрге, ұлттық өнерге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.

Жастарды халық мұрасындағы ұлттық өнерді, тарихи танымдық дәстүрді сезу қабілетін дамыту үшін эстетикалық қажетсіну өнерге құмарлықтың, білім мен шығармашылыққа талпынудың бұлақ суындай бырқылдап қайнап шығып жатқан көзіне айналуы шарт. Ал бұлақ көзінің бітеліп, қайнардың сарқылып қалмасы үшін халық мұрасындағы ұлттық өнердің тарихы мол дәстүрінен сусындай отырып адам өзінің эстетикалық рухани жан дүниесін шығармашылық талап тұрғысынан нәр ала білуге, ұлттық өнердің танымдық қасиетінен сусындай отырып оның қиын да күрделі тілін түсіне білуге ұмтылуы парыз.

Халық өнерінің танымдық-эстетикалық қажеттілігі бізге дейінгі бүкіл адамзат тарихының ғасырлар бойғы жемісі болып табылады. Адамның шығармашылық ойлау қабілеті ұрпақтан-ұрпаққа қалай мұра болып келе жатса эстетикалық қажетсіну де дәл солай ұлттық өнер атадан балаға ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазына. Мұны сезінбеуден даналық жоқ, талант жоқ, ақыл-парасат жоқ, күнделікті тіршілік қамына, өзімшілдіктің ұсақ-түйек есептеріне қажетті құнсыз ақылгөйсу ғана қалады.

Эстетикалық білім дегеніміз - белгілі бір кезеңде ғана шұғылданып, сонан соң ұзақ уақыт үзіліс жасап, қажет болған кезде қайта айналысатын маусымдық нәрсе емес, адамның бүкіл өмір бойына үздіксіз жүзеге асырылатын процесс. Ол - әрдайым әрленіп, нәрленіп отыратын, дамылсыз дамып отыратын ерекше сапа.

Әсемдікті түсінуге негізгі бағыт беретін, қоғамдық өмір тұрғысында суреттейтін адам өмірінің айнасы - көркемөнер. Көркемөнер өткен қоғамдық формациядағы халықтың тұрмысын, саяси хал-жағыдайын, іс-әрекетін, мінез-құлқын тереңірек көркем түрде білуге жол ашады. Өнер - адам баласын алуан түрлі біліммен қаруландырады, адам жанын нәзік сезімдерге бөлейді. Өнерді түсіне білген адам, бөтен біреудің жанына жара салмайды, адамгершілік биік мұратқа ұмтылады.

Адамзат тарихының дамуына көз жіберсек қоғамның ең қуатты күші адамдардың рухы болғандығын көреміз. Сол адамзат рухы қашанда қалыптасу кезеңдерінде өнер-білімді алдыңғы орынға қоюы тегін емес еді. Одан әр ұлттың психологиясындағы, философиясындағы, әлеуметтік ахуалы мен мәдениетіндегі, эстетикасындағы, идеологиясындағы, тұрмысы мен дәстүріндегі, парасатындағы намыс категориясы ұялаған.

Өркениеттілік елдің материалдық байлығымен өлшенбейді, рухани байлығымен өлшенеді. Әйтпесе рухани байлыққа кенелген кезіміз болды. Ендігі бір сәтте тұншықтырылып, жүгенделініп, қолдан реттеліп отырған өнер-білім саласындағы намысқа тиер жағдайға тоқталсақ. Бұл жерде қарын тойғызу қамы мен көңіл тойғызудың амалы екі түрлі әрекет тілейді. Мұны біздің халқымыз әлімсақтан білген - алғашқысы үшін "ортақ өгізден оңаша бұзауды" артық санаса, екіншісіне келгенде “шебердің қолы, шешеннің тілі артық" дейді. Ендеше құлқымызды түзеп, адамдық рухымызды асқақтата алсақ бәрі де қалпына келеді.

Республика Жоғары Кеңесінің 1994 жылғы 9 маусымдағы мәжілісінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә. Назарбаев мынадай бір түйін жасап, ой толғайды: “Өз беттерінше дербес өмір сүріп жатқан мәдени ағымдарды мойындау - олардың бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі байыта түсетінін жоққа шығармайды және мұның өзі олардың де білдірмейді. Қазақстандағы көп мәдениеттілік (поликультурность) дегеніміз - біздің қоғамымыздағы прогресті фактор еқендігі шүбәсіз. Сондықтан да біз тарихтың өзі тудырған мүмкіндікті толық деңгейде пайдалануға тиіспіз.

Біздің Евразиялық тегіміз шығыстың азиялық, батыстың еуразиялық ағымдарды біріктіріп, көп мәдениеттілікті дамытудың өте сирек ұшырасатын қазақстандық вариантын жасауға мүмкіндік берді".

Әлбетте, бұл өте астарлы, өте маңызды бағыт, игі мақсат. Халық мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық, тәрбиелік концепциялары көп ұлтты мемлекет жагдайында, ұлттық өнер мен мәдениеттің өркендеуіне қызмет етуге тиіс. Егер ол ұлтшылдық пиғыл шеңберінде қалса - сол ұлттың өзіне үлкен қатер.

Сондықтан да біз халық мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық дамуын үлкен парасаттылық, жоғары кемелдік биігінен көруге тиіспіз.

 

Мәдени-этникалық білім беру жүйесінде ұлттың өнерді оқыту мен тәрбиенің негізгі қағидалары

 

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген (котерген) кезеңде ең алдымен қолға алар шаруамыздың бірі де, бірегейі де ертенін ойлаған елдің негізгі нысанасы, өкшебасар ұрпақтың саналы тәрбиесі.

Ұрпаққа берер тәрбие, дарытар ұлағат, әрине, ұлттық мектептердің санымен емес сапасымен өлшенуге тиіс. Егер ұлт тілінде білім беріп, маман даярлайтын бөлімдер мен топтардың санын ғана қуаламай, сапасын да көтереміз десек, онда пән негіздері бойынша жақсы оқулықтар шығарып, әдістемелік құралдар туғызуды, сондай-ақ оқыту үрдісін жарақтандыруды кейінге қалдыра бермей мемлекеттік деңгейде бірігей жүйе мен әрі шұғыл қолға алу қажет.

Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде ұлттық қолөнер шеберханалардың құру төл тәрбиенің басты да құрамдас бөлігі екені соңғы кезде көп айтылып жүр. Мысалға, зергерлік бұйымдар туралы ауызша ертеден қара кешке дейін жүз рет тамылжытып айтқаннан гөрі, оны шәкірттер көзінің алдына бір сәтке көлденең тартқан - мың артық.

Екінші жағынан, қолөнер шеберханалары арқылы шәкірттерді ұлттық қолөнер дәстүріне баулумен қатар, сол әсем де сәнді заттардың бүгінде ұмытыла бастаған атауларын жастардың жадында жаңғыртудың келешектің еншісіне қалдырмайтын іс деп санау қажет.

Жоғарғы педагогикалық оқу орындарында "Бейнелеу өнері тарихы" және "Бейнелеу өнері пәнін оқутыдың әдістемелері" қурсынан дәріс оқи жүріп және мемлекеттік емтихандардағы студенттердің жауабын тыңдай жүріп байқағанымыз - студентердің қазақтың ұлттық бейнелеу өнерінің тарихына қатысты, ұлттық өнердің тарихы қай кезеңдерден басталатыны, оны дәлелдеу мәселелері тоңірегіндегі түсініктердің әр қиылығы және таяздығы. Мұның басты себебі айтылған курстарға арналған оқулықтардың жоқтығы десек, екіншіден бұл курстардан дәріс беретін оқытушылардың оқулық жазуға және басқа да зерттеулер жүргізуге көңіл бөле бермейтіндігі.

Сондықтан да ұлттық бейнелеу онері тарихын жасау үшін оның әр кезеңдегі тарихын жинаудың, олардың ұлттық ерекшеліктерін зерттеудің зор маңызы бар.

Мәдени-этникалық білім беруді қолға алуға байланысты ұлттық өнерді оқыту жүйесінің кең көлемді реформасы ғылымның жүйелі көмегінсіз тиімді бола алмайды. Сондықтан этнопсихология, этнопедагогика, этнология және диаспорология секілді ғылыми пәндердің болашақта терең қалыптасуы үшін мемлекет тарапынан игі ықпал жасауы қажет.

Сонда ғана осы ауқымды "ұлт",“этнос", “мәдени-этникалық тектестік", “жан-жақты мәдениетті тұлға" және де басқа ғылымдарға теориялық талдау жасауға мүмкіндік туады.

Міне осындай ата-баба мұрасындағы ұлттық дәстүрлердің мақсаттары ретінде ұсынылған мәдени-этникалық және мемлекеттік тектестікке бұқаралық ақпарат құралдарында жалпылай мәлімдеумен емес, білім беру жүйесі арқылы барынша тиімді қол жеткізуге болады.

Білім беру ісі ұлттық сананы қалыптастырудың мәдени ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде төмендегідей үш бағытта қарастырылуы тиіс:

- табыстаушылық (ұлттық мәдениетті, өнерді өркендету, сақтау және дамыту);

- саралаушылық (адамның этникалық топтың немесе этностың ұлттық-мәдени қажеттіліктерін айқындау);

- ынтымақтастырушылық (өнер мен модениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын қамтамасыз ету).

Яғни ғылым дегеніміз, әзірше халықтың қалың қатпарлы рухани мол мұрасын тіркеумен ғана айналасын келеді.

Дәстүрлі халық өнері дегеніміз адамның қызмет саласындағы жеке дара іс. Сондықтан да ол өзінің даму заңдылықтарымен тұжырымдалады. Бірақ та оны басқа саладан бөліп алудың қажеті жоқ. Сол себепті де бүгінде ұлттық өнерді қалыптастыру, міндеті жаңаша қалыптасу керек. Себебі өзінің ұлттық ерекшелігін, қайталанбайтын қасиеттерін көрсететін дәстүрлі ұлттық өнері жоқ халық, мідетті түрде көптің ішінде өз ерекшелігін жойып, жоғалып кетеді. Сол себепті де жалпы өнер құндылығын жоғары бағалай отырып, ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескермеуге болмайды.

Халық өнеріндегі ұлттық дәстүр - оқыту мен тәрбие жүйесінің жай ғана бөлшегі емес. Жоғары да айтылған құндылықтарды қабылдау - бұл салада тың бағыт ұсыну, мәдени және ұлттық өнердегі сан алуандық идея - сапа негізделген, техникалық жарақтанудың деңгейін дәстүрлі шығармашылық құндылықтармен үйлестіретін оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі ұлттық өнеріміздегі мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мол қазыналар, идеялар мен бастамалар негізінде құрылып, қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрін, өнер мен шығармашылық күш-қуатын, әлемдік өркениет жасаған қазыналарды тұғыр етуі тиіс.

Аталған проблемаларды жүзеге асырудың негізгі шарттары біздің ойымызша мыналар:

  • білім беру мен мектептің ұлттық қайнарларын нығайту;
  • ұлттық өнеріміз бен төл мәдениеттің шүбәсіз басымдылығын мойындау және қамтамасыз ету;
  • ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік тәрбиедегі осы сала-салаға қатысты бүкіл жетістігін қабылдаушылығы мен икемділігі;
  • жеке адам мен қоғамның мәдени-эстетикалық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған ағартушылық қызметтің жүйелігі;
  • мемлекеттік біріңғай бағдарламалар негізінде аталған проблема бойынша аймақтық бағдарламалардың болуы.

      Мұндайда төмендегідей негізгі қағидаларды басшылыққа алудың маңызы ерекше:   

      - ұлттық өнерді және дәстүрді үйретуде, білім беруде, қызмет көрсету саласында мемлекет тарапынан кандай да араласушылыққа заң шеңберінде шек қою. Бұл талап саяси партиялардың, қоғамдық және діни ұйымдардың жекелегең адамдардың осы саладағы іс-әрекетіне де қатысты;

  • көп жылдық орталық езгіден зардап шеккен халықтардың мәдениеті мен ұлттық өнерін жандандыруға деген халықаралық құжаттарда тіркелген ерекше құқын ескеру;
  • қоғамда Қазақстанның ұлттық, халық өнерінің дамуы мен гүлденуінің маңызды шарты ретіндегі мәдени-этникалық келісімді қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Ұлтсыз мектептің болмайтынын, мектеп өз ұлтының мәдениетіне сүйенбей зиялы адамды тәрбиелей алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеп берді. Ұлттық мектептердің мәні - өз шәкірттеріне халқының мәдениетін, дәстүрін, өнерін терең, жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезімін сіңіре білуде және басқа да ұлттардың мәдениетін қадірлей білуге тәрбиелеу болып табылады.

Осыдан келіп ұлттық өнердің дәстүрінің тағы да бір міндеті келіп туады. Бұл - ұлттық өнерді насихаттау. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың, оның ішінде қазақтың ұлттық өнеріне қатысты тарихи әділеттілікті қалыптастыру керек. Мәселенің мәні халқымыздың мол мұрасының эстетикалық қуат-құрамы, қай деңгейде, ерекетшілігі қалай, содан соң осының бәрі әлемдік рухани игіліктерімен шендескенде қалай көрінеді. Міне, мәнді мол мұрамызға деген сыни зерде, осындай өрістерде атой салып жүруі керек. Сонда ғана халық асылына сеніп, қанаттанып шығармашылық тұғырға қонады да, намыс оты оянып, жаңа әрекеттерге білек түреді.

Халқымыздың дәстүрлі ұлттық өнерінің рухани идеялары осылайша сара бағыт алып, кең арна тауып, болашақтың ұлы керуеніне ілесуіне жаңа жол ашылады.

Бұл біздің Республикамыздың өзіндік мәдени ерекшелігі, болашақ мемлекеттің ұлттық өнерінің құрамдас бөлігі болмақ. Бұл арада біздерге болшақта кедергі келтіретін екі асыра сілтеушілікке жол беруге болмайды.

Біріншіден, қалың жанрдың күш-жігерін ортақ іске бағыттауда жалпылама істерге орын жоқ. Мұндай жағдайды біздер көп уақыт басымыздан өткердік. Мысалға, "Сенің интернационалист екенің рас болса, орысша ғана ойла" болатын. Бүгінгі күннің міндеті әрбір ұлттың ерекшелігін ескере отырып, оның рухани дүниесіндегі жақсы жақтарын барынша тиімді пайдалану. Бұл салада халыққа білім мен өнерді оқыту орындарының алдында мәдени орталықтармен жұмысты жандаңдыру міндеті тұр.

Екіншіден, ұлтаралық қатынас проблемасы көтерілген кезде дәстүрлі ұлттық өнердің мәні мен әлеуметтік қызметіне дұрыс баға берілмей келгендігі.

Дәстүрлі ұлттық өнер дегеніміз ғасырлар бойы қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жеткен өнер түрлері.

Бір сөзбен айтқанда, әрбір халық өкілдерінің ұлттық өнерін қалыптастыра отырып, әрбір ұлттың өркен жайып, әрі дамуына қол жеткізе отырып, біздің ортақ отанымызға деген сүйіспеншілікке, қазақстандық өнерге келіп жету.

Халық батыры, тамаша жазушы, халық өмірін жақсы білетін шебер психолог, әрі педагог Бауыржан Момышұлы былай деген екен: "Ұлттық мақтаныш - сол ұлт үшін бұлжымайтын заң мен құдырет. Кімде-кім өзінің ұлтын құрметтемесе, әрі мақтап тұтпаса, ол тексіз адам, қаңғыбас. Халықтың туыстығы әрбір ұлттың намысына негізделген. Интернационализмның негізі де осында жатыр". Мұнан артық айту мүмкін емес.

Қазақ ұлттық мектептерінде ұлттық өнерді оқыту жүйесіндегі білім санасының төмендігі, әрине, ұлттық өнердегі тарихи дәстүрді жүйелі оқыту пәндерін меңгерудің адам төзгісіздігі, мектепті қазақша бітірген балалардың ұлттық өнерден ешқандай мағлұмат алмайтындығы, осының кесірінен ұлттық өнерде ғылым зиялыларының түзелмей жатқандығы бірден бір айғақ.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Білім уәзірлігі де оған қарасты Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты да, педагогикалық оқу орындары да қазақ мектептерінің материалдық базасын жақсарту, оқулықтарын жетілдіру, қазақша дәріс берудің әдістемесін жаңарту деген сияқты бірсыпыра шаруаларды қолға алған болып жатыр.

Алайда, біздің ойымызша, қазақ мектептеріне арналған бағдарламалар қалай жақсарса да, оқулықтар қалай түзелсе де, әдістемелер қанша жетілдірілсе де, материалдық базалар оңалса да, бұл міндеттер бір адым алға жылжуы мүмкін емес. Мұның ең басты себебі - кадр мәселесі.

Қазақстаннан шыққан педагог кадрлардың бойындағы функционалдық сауатсыздықтың кейбір нышандары мыналардан көрінеді, қазақтың ұлттық өнерден дәріс беретін мұғалімдері сөлеудің публицистикалық, ғылыми, тарихи және терминдік стилдері дегендердің болатыныр да біле бермейді.

Сондықтан олар өнерді, ұлттық өнер тарихын ғылыми әдістемелік стилдермен жүргізбейді. Терминдер, атаулар мен ұғымдарда тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты да орнықты қолданылмайды (бейнелеу өнеріндегі арнайы терминдер сақталмайды). Өнерді қазақ тілінде оқыту процесі толығымен отбасы тілімен тұрмыстық стилде жүргізіледі. Тұрмыстық стилде өнер мен ғылым негіздерін меңгеру мүмкін емес.

Осы уақытқа дейін қазақша білім беру саласының мәселесі қаражат арқылы, оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту арқылы, оқытуға ұлттық реңк беру арқылы ғана шешіліп келеді. Әрине, бұларды да теріске шығаруға болмайды. Мұның барлығы да керек жағдай. Дегенмен, біздің бір ғана нәрсеге - осы тұтқалардың бәрінің кімнің қолына шоғырланып отырғанына мән бергіміз келмейді. Бұл игіліктердің және осы тұрғыдан саясаттың көбінесе ұлт тағдыры мен мемлекеттің келешегіне жаны ашымайтындардың қолына түсіп отырғандығын аңғармаймыз. Бұл жердегі мәселенің түп төркіні олардың солай істеуіне жағдай жасап беріп отырған жүйеде болып отыр.

Демек, мәдени-эстетикалық білім беру жүйесінде ұлттық онерді үйрету мен білім беруді ұйымдастырудың қалыптасып қатып қалған жүйесінен бас тарту керек.

Адам еңбегі түпкілікті нәтижемен бағалануы керек. Қайда болсаң да білікті кадрлардың қажеттілігі сезіліп тұруы керек.

Өркениетті ұлы мемлекеттер қатарына қосылу үшін жас мемлекетіміздің кадрларды іріктеудің ғылыми критерийлер жүйесін, мектептерде білім беру мен тәрбиені басқару, ұлттық өнерді оқытудың бағдарламасы, мектепті және мұғалімдерді аттестациялау мен оқушылардың нақты білім деңгейін анықтаудың жаңа формасын жасауға қажетті материалдар жинақтай отырып, білім уәзірлігі тарапынан жол ашылса біз білім беру мен тәрбиенің нақтылы нәтижелеріне жете алатынымызға сенімдеміз.

Сонымен қатар жүйелі де жоспарлы білім беру арқылы ғана өнердің ұлттық тарихын және мәдени дәстүрін ұсынуға болады. Ол мәдени-этникалық білімді, ұлттық бейнелеу өнері танымдарын меңгерген, мәдениет пен ғұрыптарға (сенімге, дінге, рухани өрлеуге) деп қойған жаңа ұрпақтың қалыптасуы. Осы ретте ғана ол өзінің белгілі бір қаумдастық пен халыққа қатынастығын сезінеді, оның бойында адамгершілікке, ой әрекетке, сұлулыққа, рухани қайнарларға құлшыныс тәрізді мәдени құндылықтар қалыптасады.

Мәдени-этникалық білім беру жүйесіне көшу - бір сәттік шара емес, өзіндік кезеңі бар ұзаққа созылар үрдіс. Ұлттық өнерді қалыптастыру жүйесінің қайта бейімделуіне әлеуметтік-этникалық және демографиялық жағдайларды ескеріп, алыс болашақты көздейтін шартты түрде үш негізгі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші, дайындық кезеңінде ұлттық өнерді қалыптастыру үшін барлық алғашқы жағдайды жасау қажет болады. Бұл Қазақстанның ұлттық мәдениетінің еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету бойынша, тарихи мұралар қорғау, білім мен қажеттіліктеріне үнемі талдау жасап отыру.

Екінші, негізгі кезеңнің мазмұны мектептерде, оқу орындарына тысқары тәлім-тәрбие орындарында ұлттық өнерді кіргізу болуға тиіс.

Педагогикалық колледждер мен гимназияларда, институттарда, университеттерде ұлттық өнерді оқыту бойынша мамандар даярлауды жетілдіру.

Үшінші қорытынды кезеңде ұлттық өнерден дәріс беретін оқулықтарды, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды, ұлттық тілдегі терминдер сөздігін әзірлеу бойынша жұмысты толық аяқтау қажет болады.

Пайдаланған әдеибет:

1. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-12-08 13:51:11     Қаралды-5168

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »