UF

Мазмұны

 

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтама

Белгілермен қысқыртулар

Кіріспе...........................................................................................................................8

Негізгі бөлім.................................................................................................................9

1.1 Аурудың өршуі және оның белгілері..................................................................9

1.2 Аурудың таралуы және созылмалы түрлері.......................................................

1.3 Аурудың індеттік ерекшілігі................................................................................

1.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары....................................................

2 Өзіндік зерттеу .........................................................................................................

2.1 Обаны патанатомиялық тұғыдан зерттеу............................................................

3 Техникалық қауіпсіздік...........................................................................................

Қорытынды .................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................................

Қосымша оба кезіндегі суреттер..............................................................................

 

 

 

     Анықтама

     Шошқаның обасы (Pestis suum,чума свиней) – аса жұғымтал, жіті  байқалғанда өлітиіп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.                                                                                                                     

    Індеттану- індет процессін, жұқөпалы ауруардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.

    Инфекция- жануарлар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне  әсерінен туындайтын ерекше жағдай.

    Тірі вакцина - ауру  қоздырушыларының тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады.

    Індеттанулық эксперимент – тәжірбие ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарлардың арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау.

     Иммундеуші субинфекция – енген микробтың өсіп-өнбей тіршілігін тоқтатуының нәтижесінде организмнің дертке шалдықпай, онда иммунитеттің қалпытасуы.

     Инфекция қақпасы – зардапты микорбтың жануар организміне енген орны

 

    Аннотация

  

    Бұл курстық жұмыс 26 беттен тұрады. Аурудың өршуі және оның белгілері, аурудың таралуы және созылмалы түрлері, аурудың індеттік ерекшілігі, аурудан сақтану және одан арылу шаралары, өзіндік зерттеу және қорытындыдан тұрады. 

 

    Кіріспе

 

 

    Шошқаның обасы (Pestis suum,чума свиней) – аса жұғымтал, жіті  байқалғанда өлітиіп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

    Тарихи деректер. Шошқа обасы алғаш 1833ж Солтүстік Америкада анықталып, жазылған болатын. 19- ғасырдың 60-жылдарында оба Еуропа елдерінің көпшілігінде кеңінен тарап, 20-ғасырдың  50-жылдарына дейін шошқа өсірумен шұғылданатын дүниежүзі елдерінде індет ретінде жиі байқалды. Оба вирусын алғаш 1903ж американ ғалымдары Швеиниц пен Досерт  анықтады. 1908ж Досерт пен Уленгут обаға қарсы гипериммунді қан сарысуын алып, оны вируспен бір мезгілде егіп, обаға иммундеудің симультанды әдісін пайдаланды.  АҚШ-та 1936ж Мак-Браид, КСРО- да 1939ж И.И. Кулеско шошқа обасына қарсы өлтірілген кристаллволет вакцина әзірледі.Үстіміздегі  ғасырдың 50-жылдарынан бастап шошқа организміне реактогендік қасиеттері әр түрлі, қоян организмінде өсуге бейімделген әлсіретілген штаммдардан ( Ровак, SFA, Гудзон) дайындалған құрғақ вирусвакциналар пайдаланыла бастады.  Сондай-ақ, К штамынан торша өсіндерінде өсірілген вирусвакцина да дайындалды. Бұрынғы КСРО да обаны зерттеп, оған қарсы шараларын ұйымдастыруда П.С. Саломкин, Н.В. Лихочев, И.И. Кулеско еңбектерін атаған жөн. Шошқаның бұл ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет Оңтүстік Африкада Хутчен (1903ж) сипаттады, ал Тейлор  оны эксперименттік жолмен жұқтыруға болатындығын  дәлелдеді. Мартгомери  1911-1912  жылдары  жан- жақты зерттеулер жүргізіп, ауруды вирус қоздыратындығын анықтады. Сондықтан, кейінгі уақытта ауру осы зерттеушінің атымен атала бастады.  1957 ж. дейін бұл індет Африканың экватордан төмен орналасқан елдерде ғана байқалды. Кейіннен ауру басқа  құрлықтарға  да  тарап,  қазіргі  уақытта  Партугалия, Испания, Орталық және Оңтүстік Американың шошқа шаруашылығы дамыған бірқатар елдерінде тұрақты орын алды. Ауру Қоздырушысын алғаш анықтап, ажыратып  жазған  Р. Кох (1878), Микробты қоян организмінен өткізіп, тірі вакцина даярлаған Л.Пастер (1883). Кейіннен  Виноградник ВР -2 вакциналық штамды ұсынады.  Оба вирусының А және В  серологиялық топтары, обаға қарсы К штамының вакцинасы, ВНИИ  ВМ  и В вакцинасы,  ВГНКИ вакцинасы ойлап табылды.

     Сонымен қатар, 1958ж Д.Ф Конев  өзінің атымен аталған вакцианы ғылымға енгізді. Обаға қарсы  Коневтың К штамынан деполандырылған вакцинасы, Румынияның  ВР -2 вакцинасы.

 

 

   

     1 Негізгі бөлім

     1.1 Аурудың өршуі және оның белгілері

 

     Шошқаның обасы (Pestis suum,чума свиней) – аса жұғымтал, жіті  байқалғанда өлетеніп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – European shwinefever pestivirus,  құрамында РНҚ  бар Togoviridae  тұқымдастығына  pestivirus  туыстастығына жатады. Көлемі 35-40 нм. Тұратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқаларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген және төменгі температурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созылмалы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бұл топтарды бір бірінен ажырату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау, иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану және торайларға  қойылатын биосынама пайдаланылады. Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік туыстығы бар.

     Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді. Бұл вирусқа тек қана шошқа бейім. Ауырып жазылған жануарлардың қанында вирусты бейтараптайтын, агглютинациялайтын және комплементті байланыстыратын  антиденелерді кездестіруге болады [1,2,4].

    Вирус шошқа эмбрионының алғашқы торша өсінінде және қайталап егілетін ПК-15 торшасының өсінінде өсіп-өнеді, ЦПӘ тудырмайды. Вирустың өсінде бар-жоғын және індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды.

    Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады, соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайындайтын штаммдар (SFA, К) алынады. Сондай-ақ вирустың торша өсіндерінде өсуге бейімделген штаммдары да бар.

    Төзімділігі. Вирус 60°С 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0,5% карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңазытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай, мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2,5% ерітінділері, хлорлы әктің судағы 15-20% тұңбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.

     Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі 5-8 тәулік. Көбінесе жіті, жітіден төмен, созылмалы, ал сейрегірек оба аса жіті түрде өтеді.Аса жіті түрінде жануарлардың қызуы көтеріліп (41 және одан жоғары), жүрек соғуы және тынысы жиілеп, құсып, теріде ақ-қызыл дақтар пайда болып, жылдам әлсіреп, 1-2 күнде өледі. Обаның бұл түрі көбінесе ауруға сезімтал жас малдарға тән.

     Аурудың жіті түрі негізінен індет жаңа басталған кезде байқалады. Мұндағы инфекцияның басты белгілерінің бірі - дене қызуының тұрақты түрде жоғары болуы (40-41°С). Жануардың күйі кетіп, әлсіреп, 2-3 күннен кейін құсып, іші қатып, кейіннен іші өтіп (кейде қан аралас), көздің қасаң қабығы қабынып, кілегейлі-іріңді сора ағады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Танаудың кілегейлі  қабығы қабынып, кейде қан ағады. Ауру шошқалар көбінесе жатады, селқостанып, шөліркейді, жүргенде белі бүкірейіп, артқы аяқтарын нық баса алмай, шатқаяқтайды. Санның ішкі бетінің, мойынның, кұлақ түбі, іштің төменгі жағы терісінде сарғыш, сұйыққа толы күлдіреуіктер пайда болады, оларға кейіннен қан құйылып, бір-біріне қосылып, қолмен басқанда кетпейтін қара-қошқыл дақтарға айналады.

     Ауру шошқаның жалпы әлсіреуіне оның тынысының жиілеп, қиналып
демалуы, журек жұмысының нашарлауы қосылып, кейіннен аяқтың, іштің,
күлақтың терісі көкшіл тартады. Қанда ликопения байқалады. Көбінесе ауру
7-10 күннің ішінде өліммен аяқталады. Өлердің алдында шошқаның дене
кызуы 35-36°С-қа дейін төмендейді [1,2,4].                                                    

     Ауру аса жіті, жіті түрде өрбігенде, кейбір жануарда жүйке жүйесінің зақымдану белгілері басым болады (аурудың жүйкедегі түрі). Ондайда шошқаның аяғын шалыс басуы, бұлшық еттері дірілдеп, құрысуымен қатар кейде кенеттен эпилепсиялық ұстамасы қозып, одан кейін қатты әлсіреп қалады. Мұңдайда ауру жануар жылдам титықтап, тез өледі.

      Обаның жітіден төмен түрі 2-3 аптаға созылып, негізінен тыныс алу (кеудедегі түрі) және ас қорыту (ішектегі түрі) жүйелері зақымданады. Егер өкпе зақымданса крупозды қабыну өрбіп, шошқа қиналып, сырылдап дем алып, ышқынып жөтеліп, кеудесін басқанда ауырсынады. Аурудың ішектегі түрінде тоқ ішектің кілегейлі қабаты крупозды-дифтеритті қабынып, іші өтеді. Дененің мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, арықтап, әлсіреп, әрең қозғалып, көбінесе бір орында жатып, негізінен өліммен аяқталады. Аурудың ақыры сәтті болған жағдайда шошқа жемге қарап, іші өтуі тоқтап, бірте-бірте жазылады, бірақ, жазылғаннан кейін 10 айға дейін вирус алып жүруші болып қалады.Обаның созылмолы түрі екі айға және одан да ұзақ уақытқа жетеді. Шошқаның оқтын-оқтын іші өтіп, мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, жөтеліп,рықтап, терісі қыртыстанып, қабыршақтанады. Кейде қүлағы мен құйрығының ұшатары өліеттенеді.Аурудың жітіден төмен және созылмалы түрлерді қосымша инфекциялармен асқынған жағдайда аурудың клиникалық белгілері өзгерістерге өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да ауру жануарлар қатарынан қалып өспей қалады. Мұндай шошқалар толық жазылмай, айлар бойына вирус алып жүруші болып, айналасындағы сау малдарға қауіп туғызады.Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі, әсіресе, құлақта, талпақ танауында, кеудесінде, төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында қөкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңінде бұл жерлері қанталайды. Өлерінен 1-2 күн бұрын кей жануарларда менин-гоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады. Жітіден төмен өткенде, 15-25 күнге созылады да, көбінесе өліммен тынады. Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында бронхопнеманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып өледі [1,2,4,5].

     1.2 Аурудың таралуы және созылмалы түрлері

 

      Оба вирусы шошқа организміне енгеннен кейін лимфоидты ұлпаларда көбейіп, 6 сағаттан кейін сол маңдағы сөл түйіндеріне енеді. Бір   тәуліктен кейін қанға өтіп, организмге түгел жайылады, бірақ, негізінен көкбауыр, сөл түйіндері, бауыр, жілік майы сияқты лимфоидты торшаларға бай ағзаларда жинақталады. Вирус енген қан тамырларының эндотелий қабаты зақымданып, өліеттенеді. Осындай тамырлар жарылып, көптеген қанталаула кездеседі. Соның салдарынан қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылып, оның әсерінен сөл түйіндерінде, ішекте, басқа да ағзаларда өліеттену ошақтары пайда болады.Қан түзу органдарының зақымдануына байланысты қаназдық, лейкопения өрбіп, лимфоидты-макрофагты ұлпалар семіп, соның салдарынан жалпы иммундік жүйенің қызметі бұзылады. Егер оба қосалқы бактериялық инфекциялармен асқынса, ішекте крупозды-дифтериттік қабыну болады. Мидағы және жұлындағы қабыну процестерінің әсерінен іріңсіз энцефалитке тән тамыр төңірегінде іркілген торшалар жиынтығы кездеседі. Жүйке жүйесінің осындай өзгерістерінің әсерінен жануардың күйзелуі немесе қозынуы байқалады.Ауру жіті өткенде бүкіл организмдегі, әсіресе, қан түзу және қан айналу жүйелерінің, морфологиялық зақымдануы өлімге әкеп соғады. Оба жітідентөмен және созылмалы түрінде өткенде жануардың табиғи төзімділігі әлсіреп иммундік жүйенің жұмысы бұзылады. Нәтижесінде организмдегі шартты түрде зардапты микроорганизмдер (сальмонеллалар, пастереллалар, т.б.) көбейіп, негізгі ауру қосалқы инфекциямен асқынады. Мұндайда көбінесе өкпеде крупозды, тоқ ішекте крупозды-дифтериттік қабыну өрбіп, шошқа әлсіреп, арықтап, өліп қалады. Обаның созылмолы түрі екі айға және одан да ұзақ уақытқа жетеді. Шошқаның оқтын-оқтын іші өтіп, мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, жөтеліп,арықтап, терісі қыртыстанып, қабыршақтанады. Кейде қүлағы мен құйрығының ұшатары өліеттенеді Аурудың жітіден төмен және созылмалы түрлерді қосымша инфекциялармен асқынған жағдайда аурудың клиникалық белгілері өзгерістерге өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да ауру жануарлар қатарынан қалып өспей қалады. Мұндай шошқалар толық жазылмай, айлар бойына вирус алып жүруші болып,айналасындағы сау малдарға қауіп туғызады [2,6,8].

    Иммунитет. Аурудан айыққан шошқалар қайталап ауырмайды.Қазіргі кезде көптеген елдерде обаға қарсы белсенді иммунитет қалыптастыру  мақсатында  оба вирусының  қоян денесінде өсіруге бейімделген немесе торша өсіндісінде өсіріп әлсіретілген  штаммдарынан дайындалған құрғақ вирусты вакциналар пайдаланылады. ТМД елдерінде вакцина дайындау үшін қоян организмінде өсіріліп әлсіретілген К штамм пайдаланылады. Иммунитет еккеннен кейін 5-10 күнде түзіліп, ересек шошқаларда 1 жылға дейін сақталады.К штаммынан бұдан басқа торша өсінділерінде дайындаған екі вирусвакциналар қолданылады:

   -қозылардың ен ұлпасының диплоидты торшасында өсірілген ВНИИВМи вирусвакцинасы;

    -шошқа эмбрионының бүйрегінің торша өсіндісінде өсірілген ВГНКИ вирусвакцинасы. Кейінгі жылдары шошқаны обаға қарсы иммундеудің аэрозольдік және алиментарлық әдістері тәжірибеге енгізілді. Сондай-ақ, оба, тілме, ауески ауруы, пастереллез, сальмонеллезге бір мезгілде кешенді иммундеу әдісі қолданыла бастады.Жасырын кезеңі 2-22 күн. Аса жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Аса жіті өткенде, дененің ыстығы кенеттен  40,5-42,5°С-қа  көтеріледі. Жануар  ентігіп, жөтеледі, жемге қарамайды, шөлдейді. 1-2 күн өткенде ыстығы төмендейді. Артқы аяқтары салдана бастайды. Ыстығы басылғаннан соң 2-3 күн өткенде ауырған шошқа өледі.Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі, әсіресе, құлақта, талпақ танауында, кеудесінде, төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында қөкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңінде бұл жерлері қанталайды. Өлерінен 1-2 күн бұрын кей жануарларда менин-гоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады. Жітіден төмен өткенде, 15-25 күнге созылады да, көбінесе өліммен тынады. Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында бронхопнеманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып өледі. Обаны індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректерге сүйеніп анықтайды [2,6,8].

     Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде бактериялық инфекциялардан ажыратады. Аурудың  жылдам  таралып, жасына, күйіне, жыл мезгіліне  қарамастан  ауыр түрде өтіп, көп  шығынға ұшыратуы, өлекседегі өзіндік  өзгерістер обаны  анықтауға мүмкіндік береді. Күмәнді  болған жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Зертханаға торайлардың өлексесін түгелімен немесе қанын, ішкі  үлпершек ағзаларын, сөл түйіндерін жібереді. Зертханада вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі. Серологиялық реакциялардан ИФР, КБР, БР пайдаланылады. Түпкілікті диагноз қою үшін шошқаға жұқтыру арқылы биосынама пайдаланылады.

     Аурудан айыққан шошқалар қайталап ауырмайды.Қазіргі кезде көптеген елдерде обаға қарсы белсенді иммунитет қалыптастыру мақсатында оба вирусының қоян денесінде өсіруге бейімделген немесе торша өсіндісінде өсіріп әлсіретілген штаммдарынан дайындалған құрғақ вирусты вакциналар пайдаланылады. ТМД елдерінде  вакцина дайындау үшін қоян организмінде өсіріліп әлсіретілген К штамм пайдаланылады.   Иммунитет еккеннен кейін 5-10 күнде түзіліп, ересек шошқаларда 1 жылға дейін сақтала К штаммынан бұдан басқа торша өсінділерінде дайындаған екі вирус-вакциналар қолданылады:

   -қозылардың ен ұлпасының диплоидты торшасында өсірілген ВНИИВМи В вирусвакцинасы;

    -шошқа эмбрионының бүйрегінің торша өсіндісінде өсірілген ВГНКИ вирусвакцинасы.

    Кейінгі жылдары шошқаны обаға қарсы иммундеудің  аэрозольдік және алиментарлық әдістері тәжірибеге енгізілді. Сондай-ақ, оба, тілме, ауески ауруы, пастереллез, сальмонеллезге бір мезгілде кешенді иммундеу әдісі қолданыла бастады [2,6,8,10].

     1.3 Аурудың індеттік ерекшілігі

 

     Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда обамен жасына, тұқымына қа-рамастан үй және жабайы шошқалар ауырады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді. Жабайы шошқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады.Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар. Ауруды таратуда және індеттік жағдайдың сақталып, шиеленісуінде анықталмай калған жасырын вирус алып жүрушілер ерекше қауіпті болады. Вирус алып жүру 3-10 айға созылады.

    Ауру жануарлар вирусты несеп, нәжіс, танау мен көзден аққан сорааркылы бөліп шығарады. Вирусты сыртқы ортаға бөлу аурудың жасырын кезінде басталып, клиникалық белгілері білінген сайын ұлғая түседі. Берілу факторларына вируспен ластанған су, жемшөп, төсеніш, көң,өлексе, малдан алынған өнімдер мен шикізат, ет комбинаттары, қасапхана мен асхананың зарарсыздандырылмаған қалдықтары жатады. Сондай-ақ, індеттің таралуында механикалық тасымалдаушылардың (үй және жабайы жануарлар) алатын орыны ерекше.

     Оба көбінесе ауру және аурудан айыққан вирус алып жүрушілерді жа-нуарлармен бірге ұстағанда немесе шошқаларға вируспен ластанған жем, әсіресе, зарарсыздандырылмаған қасапхана және асхана қалдықтарын бергенде жұғады. Вирус шошқа денесіне негізінен ас қорыту жүйесі, тыныс мүшелері арқылы енеді. Сондай-ақ кілегейлі қабықтар және жарақаттанған тері арқылы да жұғуы мүмкін [4,10,12].

Шаруашылық ішінде ауру негізінен жануардарға бір-біріне көлбеу жолмен (алиментарлық, аэрогендік), ал оба өзіне тән емес түрде өткенде тікелей, яғни вертикальді (плацента арқылы), берілуі мүмкін. Аурудан сау шаруашылықтарға әдетте ауру қоздырушысы зарарсыздандырылмаған асхана, қасапхана қалдықтарымен, әр түрлі көлік-қатынас құралдарымен, вирус алып жүрушілермен енеді. Сондай-ақ, шошқаны сойып, оның өнімдерін өңдейтін кәсіпорындағы ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамау, алынған өнімдерді бақылаусыз сату аурудың таралу себебі болады.Оба жылдың кез келген мезгілінде байқалуы мүмкін, дегенмен, көбінесе күзге қарай шошқаны жиі араластыру, сату және сою аурудың шығуына әсерін тигізеді. Жаңадан пайда болған індет тез тарап, кең етек алады. Егер оба шаруашылыққа вирус алып жүрушілермен енген болса, әуелі шошқалардың аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет жаппай байқалуы мүмкін. Ал егер вирус жеммен әкелінген жағдайда, 2-3 күннің ішінде шошқалардың басым көпшілігі, кейде тіпті түгелдей, ауруға шалдығады. Ауруға шалдығу көрсеткіші 95-100% жетеді.

    Оба вирусының сыртқы ортаға төзімділігі және анықталмаған вирус алып жүрушілердің әсерінен ауру шыққан жер бірте-бірте тұрақты індет ошғына айналады. Мұндай жағдай көбінесе індеттен айықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілмей, жоспарсыз вакциналаумен ғана шектелген шаруашылықтарда жиі кездеседі. Әдетте тұрақты індет ошақтарында ересек шошқалар, вакцинаның әсерінен иммунитет болғандықтан олар ауырмайды. Ауырып жазылған не вакциналанған мегежіндерден туған торайлар сүтпен антиденені алатындықтан, олар еметін кезеңде ауруға төзімді келеді, бірақ, енесінен айырылғаннан кейін ауыруы мүмкін. Сондықтан обадын тұрақты сау емес шарушылықтарда енесінайырған торайлар індеттің сақталуының негізгі себеікері болады.

    Обадан сау емес шаруашылықтарда жануарлар иммунитетінің әсерінен вирустың уыттылығы төмендеп, індет сылбыр өтеді де, шошқалар көбінесе созылмалы түрде ауырады, өспей қалады. Көбінесе стресс-факторлардың азық пен күтімнің нашарлауынан, басқа да аурулар (пастереллез, гемофилез сальмонеллез, колибактериоз, т.б.) қабаттасып, індеттік ахуалды одан сайын шиеленістіреді. Обаны уыттылығы төмен В серотобының вирусы қоздырғанда мегежіндердің іш тастауы, төлдің өлі тууы немесе әлсіз болып кейіннен көп шығынға ұшырауы сияқты аурудың өзіне тән емес түрлері байқалады [4,10,12].

 

 

    Вирус көбінесе шошқаның денесіне жұтқыншақтың кілегейлі кабықтары арқылы енеді де, сол маңдағы лимфоидты ағзаларда көбейіп, сөл мен қан арқылы бүкіл денеге жайылады. Қоздырушы пантропты болғанымен, негізінен лимфоидты торшаларды, қан тамырларының энодтелийін зақымдайды. Вирустың сөл түйіндерінде көбеюінен осы ағзалар серозды-геморрагиялық қабынуға ұшырап, қанталайды. Мұндай құбылыстар көк бауырда да байқалады. Лимфоидты ағзалардың зақымдануынан патологиялық құбылыстар иммунодефициттік сипат алады. Вирустың қан түзу ағзаларында көбеюінен гемопоэз тежеліп, лейкопения, нитрофильдердің ядросының солға ауытқуы байқалады. Қоздырушының қан тамырларының эндотелийінде көбеюі қан және сөл тамырлары қабырғасының босаңсып, өткізгіштігі артуы нәтижесінде ұлпаларда домбығу, қанталау құбылыстары өршіп, ұсақ тамырлардың тромбамен бітелуінен инфаркт және некроз өрбиді. Қан айналымының бұзылуынан ұлпалар мен ағзаларда оттегі жетіспей, зат алмасуы бұзылады және улы заттар көбейеді.Ауру өрши келе жүйке жүйесінің, тыныс, қан айналу, ас қорыту мүшелерінің қызметі мен құрамы терең өзгеріске ұшырап, тез арада жануарлардың өлуімен тынады. Африкалық обамен тек қана шошқа ауырады. Әсіресе, үй шошқасы және европалық жабайы қабан өте сезімтал, ал афикалық жабайы шошқалар біршама төзімді келеді де, ауру оларда жасырын симптомсыз өтіп, денесіндегі вирусты тек қана үй шошқасына биосынама  қойып айқындауға болады.

     Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып жазылған  шошқалар Соңғылары 2 жыл және одан артық уақыт вирус алып жүреді. Шошқа  денесінен вирус барлық секреттер мен экскреттер арқылы бөлінеді. Сыртқы  ортадағы заттар  құрал-жабдықтар, қөлік, жем, су, көң, топырақ, т.б. аурудың  жұғу факторы болады. Вирус денеге негізінен алиментарлық жолмен, соны қатар, ауамен, зақымданған тері арқылы және денесінде вирус бар кене шаққанда жұғады. Ең қауіпті берілу факторына ауырған шошқаны сойғанда алынған өнімдер, тағам қалдықтары жатады. Адам және бұл ауруға бейім емес жануарлар, құстар, кемірушілер және жәндіктер вирустың механикалық тасымалдаушылары болуы мүмкін. Африка обасы кең тараған аймақтарда вирустың қорламасы және тасымалдаушысы 10-12 жыл шамасы өмір сүретін аргас кенелері болып табылады [12,8,13].

      Шошқаның африка обасы індет түрінде өтеді. Онымен жануарлар жасына қарамай ауырады. Ауру тұрақты байқалатын өлкелерде кезеңділігі байқалады да, өршуі Африкада 2-4, Европада 5-6 жыл өткенде қайталанады.

     Аурудың ең басты ерекшелігі - өте тез жайылып, шалдығу және өлім көрсеткіштері 98-100% дейін жетеді. Кей жағдайда лаң (панзоотия) ретінде байқалып, бірнеше мемлекеттерді қамтуы мүмкін. Сондықтан оған қарсы сақтық шаралары аурудан сау аймақтарда да жүргізілуге тиіс. Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі, әсіресе, құлақта, талпақ танауында, кеудесінде, төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында қөкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңінде бұл жерлері қанталайды. Өлерінен 1-2 күн бұрын кей жануарларда менин-гоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады. Жітіден төмен өткенде, 15-25 күнге созылады да, көбінесе өліммен тынады. Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында бронхопнеманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып өледі [8,12,13].

 

     1.4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары

 

     Дауалау және күресу шаралары. Дауалау мақсатында аурудан сау емес шаруашылықтан вирус енбеуін және ет комбинаты, қасапхана, асхана қалдықтарын

    зарарсыздандырғаннан кейін ғана шаруашылыққа әкелінуін қатты қадағалау қажет.Шошқа фермаларында тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтап, төменде көрсетілген жағдайларда дауалау мақсатында вакцина егеді;

    1.Обамен сау емес шаруашылықтан аурудың ену қаупі туған жағдайда;

-    әр жерден әкеліп шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда және жемге
асхана, тағам, қасапхана қалдықтарын пайдаланғанда;

- ет өңдейтін  өндіріс орындарына жақын  орналасқан және жабайы
шошқалар арасында оба бар немесе соңғы 3 жылда оба байқалған аймақта
орналасқан шошқа шаруашылықтарында [1,2,6].

     Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жарияланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.

     Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шошқалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық және төл алатын шаруашылықтарда тек қана ауырған, ауруы күмәнді, тыныс алу және ас қорыту жүйелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қалған шошкаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң вакцина жібереді.

     Шошқаларды сол ауру шыққан фермада жабдықталған арнайы сою пунктінде немесе ет комбинатының санитариялық қасапханасында сояды. Обамен ауру не ауруы күмәнді шошқаларды сойғанда, олардың терісін сыпырмайды, оны қайнаған сумен шылайды не күйдіреді. Өлексені өртейді [1,2,4].

     Сонымен қатар қоздырушыны сыртқы ортада жоюға бағытталған шаралар жүргізіледі. Ауру шыққан шошқа қораларын және станоктарды ауру байқалған сайын механикалық жолмен тазалап, дезинфекциялайды, ал одан кейін карантин алынғанша әр 5 сайын тазалап, дезинфекциялайды. Шошқанын қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, құнсыз құрал-жабдықтарды өртеп жібереді.

     Шаруашылықтан карантинді соңғы обамен ауырған шошқа өлгеннен не сойылғаннан кейін, олардан алынған етті зарарсыздандырып тиісті ветерина-риялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін 40 күн өткен соң алады. Карантин алынғаннан кейін де шаруашылықта 12 айға дейін шектеу сақталады. Сондықтан қалған шошқалар, олардан алынған өнімдер басқа жаққа шығарылмайды (ет комбинатынан басқа). Қалған шошқалардың барлығын семіртуге қойып, етке өткізеді. Одан кейін тиісті шараларды іске асырып, корытынды дезинфекция жасап барып, шектеуді алады.Африка обасынан жазылған шошқада ауруға қарсы әдетте айтарлықтай иммунитет қалыптаспайды. Ауруға қарсы қолданылатын сенімді вакцина жоқ.Тірі вакцина егілген жануарларда аурудың созылмалы өтіп, ұзақ уақыт вирус алып жүруге жағдай жасайды.Аурудың алдын алу үшін елге вирус алып келуді болдырмауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың кешенін жүргізу қажет. Ауру байқала қалған жағдайда індет ошағына карантин қойылады. Ол жердегі барлық шошқаны қанын шығармай өлтіреді. Шошқаның өлекселерін, көңді, жемнің қалдықтарын, арзан қол жабдықтарды жағып жібереді. Қораны 3-5 күн сайын 3 рет 4% белсенді хлоры бар хлорлы әкпен, 2-3% белсенді хлоры бар натрий немесе кальций гипохлоридімен, формалин препараттарымен  дезинфекциялайды. Сонымен қатар, дератизация және дезинсекция жасалады. Карантин ауру шыққан территориядағы және қатер төнген аймақтағы барлық шошқаны жойғаннан кейін 30 күн өткенде алынады. Ауру шыққан қораларға карантин алынған соң 6 ай өткеннен кейін, биологиялық сынамадан теріс нәтиже алынған жағдайда ғана, шошқаларды орналастыруға болады.Ауруға диагноз қою індеттанулық талдауға, клиникалық белгігілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Вирусты бөліп алу, оны гемадсорбция, иммунофлуоресценция, иммуноферментті реакцияларда анықтау түпкілікті диагнозқоюға мүмкіндік береді. Ауруды анықтау үшін кәдімгі обаға иммунді шошқаға биосынама қою міндетті шарттардың бірі болып есептеледі. Обаға қарсы  иммундеу жүйесі індеттік жағдайға байланысты. Обаны дауалау шаралары негізінен шаруашылықты немесе ауылдық округті вет.санитариялық тұрғыда қорғаудан тұрады. Әсіресе вирустың сырттан заралы мал өнімдері, қалдықтары арқылы келмеуін қадағаланады [1,2,3].

     Аурудың алдын алу үшін елге вирус алып келуді болдырмауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың кешенін жүргізу қажет. Ауру байқала қалған жағдайда індет ошағына карантин қойылады. Ол жердегі барлық шошқаны қанын шығармай өлтіреді. Шошқаның өлекселерін, көңді, жемнің қалдықтарын, арзан қол жабдықтарды жағып жібереді. Қораны 3-5 күн сайын 3 рет 4% белсенді хлоры бар хлорлы әкпен, 2-3% белсенді хлоры бар натрий немесе кальций гипохлоридімен, формалин препараттарымен  дезинфекциялайды. Сонымен қатар, дератизация және дезинсекция жасалады. Карантин ауру шыққан территориядағы және қатер төнген аймақтағы барлық шошқаны жойғаннан кейін 30 күн өткенде алынады. Ауру шыққан қораларға карантин алынған соң 6 ай өткеннен кейін, биологиялық сынамадан теріс нәтиже алынған жағдайда ғана, шошқаларды орналастыруға болады белгілер және өлексені, не арнайы өлтіріп сойғандағы зардапты өзгерістер ескеріледі. Ауру табында жаңа басталған кезеңде балау қою белгілі қиындықтар туғызады. Ондайда барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, ауруға күмәнді 3-4 шошқаны сойып, тексеріп қарайды. Ауруды анықтау мақсатында кюнтген және риноскопияны пайдаланып, танау сорасын ауру қоздырушысына тексереді. Сондай-ақ, аурудың танаудың кілегейлі қабығының қабынуы, қақ тістерінің беттеспеуі сияқты белгілеріне көңіл аударады. Вирус көбінесе шошқаның денесіне жұтқыншақтың кілегейлі кабықтары арқылы енеді де, сол маңдағы лимфоидты ағзаларда көбейіп, сөл мен қан арқылы бүкіл денеге жайылады. Қоздырушы пантропты болғанымен, негізінен лимфоидты торшаларды, қан тамырларының энодтелийін зақымдайды. Вирустың сөл түйіндерінде көбеюінен осы ағзалар серозды-геморрагиялық қабынуға ұшырап, қанталайды. Мұндай құбылыстар көк бауырда да байқалады. Лимфоидты ағзалардың зақымдануынан патологиялық құбылыстар иммунодефициттік сипат алады. Вирустың қан түзу ағзаларында көбеюінен гемопоэз тежеліп, лейкопения, нитрофильдердің ядросының солға ауытқуы байқалады. Қоздырушының қан тамырларының эндотелийінде көбеюі қан және сөл тамырлары қабырғасының босаңсып, өткізгіштігі артуы нәтижесінде ұлпаларда домбығу, қанталау құбылыстары өршіп, ұсақ тамырлардың тромбамен бітелуінен инфаркт және некроз өрбиді. Қан айналымының бұзылуынан ұлпалар мен ағзаларда оттегі жетіспей, зат алмасуы бұзылады және улы заттар көбейеді. Ауру өрши келе жүйке жүйесінің, тыныс, қан айналу, ас қорыту мүшелерінің қызметі мен құрамы терең өзгеріске ұшырап, тез арада жануарлардың өлуімен тынады. Індет ошағынан арылу шаралары кординалды  түрде  жүргізіледі. Яғни ондағы барлық мал жойылып, қатаң  вет.санитариялық шаралар орындалады [3,2,10].

 

 

Bleeding from nose caused by atrophic rhinitis

 

  

 

     2 Өзіндік зерттеу

 

     2.1 Обаны патанатомиялық тұрғыдан зерттеу

 

     Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлекседегі өзгерістер аурудың өтуіне, асқыну дәрежесіне, шошқаның жасына қарай әр түрлі болады. Сондықтан тиянақты қорытынды жасау үшін бірнеше өлексені сойып көру қажет. Аурудың жіті түрі кезінде сақа шошқаның терісіне, сірі жэне кілегейлі қабықтарына, сөл түйіндеріне, ішкі үлпершек ағзаларына қан құйылады. Әсіресе көмекей үстінің, ас қорыту жүйесінің, қуықтың кілегейлі қабықтарында көкірек пердесі мен бүйрек қабықшасының астында қан құйылулар жиірек кездеседі. Көкірек және құрсақ қуысындағы, бастың айналасындағы сөл түйіндері 2-3 есе ұлғайып, геморрагиялық қабынып, тіліп көргенде өрнегі мәрмәр тәрізді болады. Көкбауыр көбінесе ұлғаймайды, ұлпасы түйіршіктеніп, оның шет жақтарында 45-50% жағдайда қошқыл қызыл түсті инфаркт ошақтары кездеседі. Өкпеде қан толу және катарлы немесе крупозды қабыну ошақтары кездеседі.

           Шошқаның обасы кезіндегі терінің қанталауы.

Жүрек, бауыр, бүйрек бозғылт тартып, қаназдық байқалып, дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабықтары катарлы қабынып, қан құйылады. Жас торайларда геморрагиялық өзгерістер бәсеңдеу болып, негізгі өзгерістер ас қорыту жүйесі және бүйрекпен шектеледі.

     Өлексенің сіресуі тез аралада басталады. Геморрагиялық диатез және лимфоидты ағзалардың зақымдану белгілері байқалады.Ауыздың,қынаптың, артқы тесік пен конъюнктиваньң кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталайды. Артқы тесік пен мұрыннан қан немесе қан аралас сұйық ағады. Теріде көптеген қанталаулар болады. Сел түйіндері ұлғайып, қанталап, оларда ұйыған қан немесе гемотома кездеседі. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат болады.  Көкбауыр қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды (кейде 6 есе), басқа ішкі ағзалар да ұлғайып, ісінеді, көптеген қанталаулар кездеседі. Өкпенің домбығуы байқалады. Тері астындағы шелдің, құрсақ қуысындағы ағзалардың, шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған қанға толы болады. Бүйректер қанға толы, бауыр мен өттің қабы ұлғайған. Ағзаларда дистрофиялық және өліеттену құбылыстары байқалады [14,2].

    

     Лимфоидты ағзалардың зақымдануынан патологиялық құбылыстар иммунодефициттік сипат алады. Вирустың қан түзу ағзаларында көбеюінен гемопоэз тежеліп, лейкопения, нитрофильдердің ядросының солға ауытқуы байқалады. Қоздырушының қан тамырларының эндотелийінде көбеюі қан және сөл тамырлары қабырғасының босаңсып, өткізгіштігі артуы нәтижесінде ұлпаларда домбығу, қанталау құбылыстары өршіп, ұсақ тамырлардың тромбамен бітелуінен инфаркт және некроз өрбиді. Қан айналымының бұзылуынан ұлпалар мен ағзаларда оттегі жетіспей, зат алмасуы бұзылады және улы заттар көбейеді.Ауру өрши келе жүйке жүйесінің, тыныс, қан айналу, ас қорыту мүшелерінің қызметі мен құрамы терең өзгеріске ұшырап, тез арада жануарлардың өлуімен тынады. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат болады.  Көкбауыр қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды (кейде 6 есе), басқа ішкі ағзалар да ұлғайып, ісінеді, көптеген қанталаулар кездеседі. Өкпенің домбығуы байқалады. Тері астындағы шелдің, құрсақ қуысындағы ағзалардың, шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған қанға толы болады. Бүйректер қанға толы, бауыр мен өттің қабы ұлғайған. Ағзаларда дистрофиялық және өліеттену құбылыстары байқалады.Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында бронхопнеманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып өледі. Вирус 60°С минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін жояды. Қан түзу органдарының зақымдануына байланысты қаназдық, лейкопения өрбіп, лимфоидты-макрофагты ұлпалар семіп, соның салдарынан жалпы иммундік жүйенің қызметі бұзылады [16].

 

 

 

 

   

     Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0,5% карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңазытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай, мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2,5% ерітінділері, хлорлы әктің судағы 15-20% тұңбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.Оба вирусы шошқа организміне енгеннен кейін лимфоидты ұлпаларда көбейіп, 6 сағаттан кейін сол маңдағы сөл түйіндеріне енеді Бір   тәуліктен кейін қанға өтіп, организмге түгел жайылады, бірақ, негізінен көкбауыр, сөл түйіндері, бауыр, жілік майы сияқты лимфоидты торшаларға бай ағзаларда жинақталады. Вирус енген қан тамырларының эндотелий қабаты зақымданып, өліеттенеді. Осындай тамырлар жарылып, көптеген қанталаула кездеседі. Соның салдарынан қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылып, оның әсерінен сөл түйіндерінде, ішекте, басқа да ағзаларда өліеттену ошақтары пайда болады.Қан түзу органдарының зақымдануына байланысты қаназдық, лейкопения өрбіп, лимфоидты-макрофагты ұлпалар семіп, соның салдарынан жалпы иммундік жүйенің қызметі бұзылады. Егер оба қосалқы бактериялық инфекциялармен асқынса, ішекте крупозды-дифтериттік қабыну болады. Мидағы және жұлындағы қабыну процестерінің әсерінен іріңсіз энцефалитке тән тамыр төңірегінде іркілген торшалар жиынтығы кездеседі. Жүйке жүйесінің осындай өзгерістерінің әсерінен жануардың күйзелуі немесе қозынуы байқалады [16].

 

 

     3 Техникалық қауіпсіздік

 

     Шошқаға ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. Операциядан кейін, келесі операцияға  дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды, арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады, операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң – тозаңнан сүртіп тазаланады.

     Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт.

      Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампала қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал-жабдықтар және т.б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцитті ультракүлгін лампаларда, операция бөлмесінде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метірлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр екі метр сайын қою немесе жылжыту керек. Операция бөлмесінде адам болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек  лампаларды бөлмеге 2-3 сағат қойғанда микробтар едәуір азайса  6-8 сағатта 50- 80 пайызға дейін кемиді. Егерде лампалармен бірге операция бөлмесін ауамен тоңазытса онда микробтардың жойылуы 70-90 пайыз артатындығы анықталған.

     Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы дезинфекция жасалса, асептиклық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3,5 есе азайғандығы дәлелденген.

    Емдеу бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген  дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау, операция жасайтын жерде өңдеу, тігін – таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

    Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды. Кейіннен клиникада  оқуда өтуі  бағытында  сол  малдар оның пациенттері болады. Оперативтік хирургуяда операциялардың сәтті орындалуы  оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байлансты  болатыны сөзсіз екеніне күмән болмайды, бірақ хирургиялық операциялардың тек қана жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттерге анатомия, физиология, фармокология және басқада пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

 

 

    Қорытынды    

    Қорыта айтқанда шошқа обасы барлық шаруашылыққа кесірін алып келеді.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жарияланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.

    Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шошқалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық және төл алатын шаруашылықтарда тек қана ауырған, ауруы күмәнді, тыныс алу және ас қорыту жүйелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қалған шошкаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң вакцина жібереді.

     Шошқаларды сол ауру шыққан фермада жабдықталған арнайы сою пунктінде немесе ет комбинатының санитариялық қасапханасында сояды. Обамен ауру не ауруы күмәнді шошқаларды сойғанда, олардың терісін сыпырмайды, оны қайнаған сумен шылайды не күйдіреді. Өлексені өртейді.

     Сонымен қатар қоздырушыны сыртқы ортада жоюға бағытталған шаралар жүргізіледі. Ауру шыққан шошқа қораларын және станоктарды ауру байқалған сайын механикалық жолмен тазалап, дезинфекциялайды, ал одан кейін карантин алынғанша әр 5 сайын тазалап, дезинфекциялайды. Шошқанын қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, құнсыз құрал-жабдықтарды өртеп жібереді.

     Шаруашылықтан карантинді соңғы обамен ауырған шошқа өлгеннен не сойылғаннан кейін, олардан алынған етті зарарсыздандырып тиісті ветерина-риялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін 40 күн өткен соң алады. Карантин алынғаннан кейін де шаруашылықта 12 айға дейін шектеу сақталады.

    Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.Оба вирусы шошқа организміне енгеннен кейін лимфоидты ұлпаларда көбейіп, 6 сағаттан кейін сол маңдағы сөл түйіндеріне енеді. Бір   тәуліктен кейін қанға өтіп, организмге түгел жайылады, бірақ, негізінен көкбауыр, сөл түйіндері, бауыр, жілік майы сияқты лимфоидты торшаларға бай ағзаларда жинақталады.

 

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

   

     1. Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж (345)

     2. Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен»  Алматы-2006ж (125)

     3.  З.Қ Қожабаев «Мал аурулары»  Қайнар баспасы, Алматы-1989ж (182)

     4.  Ығылманұлы  «Малдың жалпы патологиясы» (113)

     5. Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж (166)

     6. «Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж (87)

     7. Құрманов   «Адамға малдан жұғатын аурулар» Алматы-Қазақстан 1983ж (245)

     8. «Паразиталогия және жануарлардың инвазиялық аурулары ветеринариялық санитария негіздерімен»  Алматы 2006ж (325)

    9. Орысша – қазақша мал дәрігерлік сөздігі . Т.Сайдулдин. Алматы, 1993жыл.(102)

    10. «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» Шымкент 2006ж (220-262)

    11. Б.К. Ілиясов  «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» Алматы 2001жыл (250)

    12. Б.К. Ілиясов  «Ветеринариялық хирургия». Алматы 2009жыл (230)

     13. «Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж (356)

    14.  Құрманов   «Адамға малдан жұғатын аурулар» Алматы-Қазақстан 1983ж (145)

     15. «Паразиталогия және жануарлардың инвазиялық аурулары ветеринариялық санитария негіздерімен»  Алматы 2006ж (225)

     16. Жалпы ғаламторлық ақпраты. w.w.w.gool.veterinarii.ru

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-10-22 20:38:34     Қаралды-6250

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »