UF

ІРМЕ ЖӘНЕ ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ ЖОЛДАР МЕН АЛАҢДАРДЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САЛУ

 

  1. Автомобиль жолдары мен аландарды жобалау принциптері
  2. Жолдар мен алаңдар салу
  3. Шағын гидротехникалық ғимараттар құрылысы
  4. Пішіндеме мұнараларды, астық элеваторларын, құрама жемазық зауыттарын салу
  5. Жылыжай кешендерінің құрылысы
  6. Жұмыс өндірісінің әдістерін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жабдықтарды таңдау
  7. Объектінің бас құрылыс және жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері
  8. Агроөнеркәсіп кешендерінің ғимараттарын тұрғызу саласындағы  проблемалық мәселелер

 

  1. Автомобиль жолдары мен аландарды жобалау принциптері

Жолдарды жобалау үш проекциямен: көлденеңді, ұзынды және план түрінде жүзеге асырылады.

Жолдың көлденең қимасы деп жолдың ұзына өсіне tіk түсірген жазықтың, қимасын атайды. Жер бетінің бедеріне қарай жолдар жерден биіктеу - тас төсеу немесе оның бетінен төмен еңісте (1–сүрет) орналасады. Үстінен автомобильдер жүретін жолдың үcтіңгi қабаты көлік жүретін бөлігі деп аталады. Оның ұзына бойына белгілі бip қалыңдығы бар жол бетінің берік төceніші төселеді. Жолдың көлік жүретін бөлігінің екі қапталы жол жиеп деп аталады.

1 – сурет. Жолдың көлденең пішінінің негізгі элементтері.

а - аласа үйінді үстіндеп жолдар; б - сондай, биік үйіндідегі ; в -оймадағы жолдар; А - жол төceмi; Н — жер төсемі|; В - алқан жер; г – кесінді;

I - қор; 2 - қабақ; 3 - үйінді бровкасы; 4 - жол жарасы; 5 - жүргінші бөлімнің жиегі; 6 - жүргінші бөлім; 7 - қордың сырт қабағы; 8 - қабақ: 9 -берма; 10 – үйіндінің баурайы; 11 - үйіндінің қабаты; 12 – ойманың төменгі бровкасы; 13 - бүйір жырасы; 14 - ойма кабағы; 15 – ойманың жоғарғы бровкасы; 16 - банкет; 17 - банкеттен сырт жатқан жыра; 18 -кавальер; к - қабаттың биіктігі; I - қабаттың төмесі

Жолдың көлік жүретін бөлігі топырақ үймесінің үстіне ор­наласады, оның беткі төceнішi төзімді болып, судың ағуына мүмкіндік береді және түрлі атмосфералық факторлардың әрекеттерінен қорғайды.

Жолды құрғату және суды ағызып жіберуді қамтамасыз ету үшін суағарлар мен жанама еңістер (кюветтер) жасалады.

Еңісті жасау үшін топырақтан атжал үйіп, жолға жанастырыла ор тартылады. Жол үймелерінің бүйір бeттepi атжал және ор түрінде еңістеу етіліп төселеді. Жолдың беткі үймесінің жиегі мен еңістің немесе ордың ішкі еңісінің үймесі жол төсенішінің қабаты деп аталады.

Жолдың жүретін бөлігінің ені автомобильдер жүретін жолдардың табанына және солардың әрқайсысының енінің санына байланысты болады.

Жолдың көлік жүретін бөліп, әpi оның жиегі жол үймесі деп аталады.

Күрежолдың планы және пландағы жол элементтері. Күрежол (трасса) деп жолдың беткі қабатына төселген жол­дың ұзына бойғы өci аталады. Горизонталь бетіндегі жолдың кескін күрежолдың планы деп аталады. Тік (пландағы) сызық берілген екі нүкте арасындағы ең қысқа қашықтық болып та-былады, оны әуе жолы (сызығы) деп атайды. Түрлі кедергілерге қарай күрежолдың планы өзара жалғасқан, автомобильдердің еркін және кауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін, бipінен eкiншiciнe өтуге мүмкіндік беретін қисықтармен жалғастырылады, сондай-ақ жергілікті табиғат кескінімен де үйлесім табуы ескеріледі. Пландағы қисықсызықтар айналасы доғатектес етіліп жобаланады (2-сүрет). Әpбip бұрылыстың бұрылу бұрышы а, радиусы R, ұзындығы К - ABC, тaнгeнici T = АД = ДС, биссектрисасы Б - ВД, домері Д = 2Т - К формулаларымен сипатталады. Берілген R және а өлшеуіш арқылы бұрылыс кестесі бойынша бұрылыстардың қалған элементтерін де табады.

3-суретте күре жолдың жоспарының мысалы келтірілген. Онда пикеттер (әpбip 100 метр сайын), километрлер, күрежолдың бойындағы әртүрлі жағдайлар, тік бағыттың румбалары кескінделген.

Радиусы кемінде 600 метр болатын бұрылыстарда қозғалыс қауіпсіздігін камтамасыз ету мақсатында бұрылыстың ортасына карай көлденең кескінмен бip жағына қарай еңістелген бұрылысы жасалады.

Ұзынша кескіні жердің беткі қабатын шартты түрде тік кескіндеу және жол үймегін оның өci бойымен кескіндеу сызығын көзге елестетеді.

Жолдың ұзынша кескін белгіленген стандарт бойынша жа­салады. Масштабы: көлденеңі 1: 5000, тігі 1: 500 болып келеді. Топырақ кескінін жердің беткі қабатының сызығынан 2 см, тік масштабының кескні 1: 50 етіп көрсетіледі.

Жобалық сызығын жер үймесінің бepіктiгi мен тұрақтылығы, eceпті жылдамдығына қарай автомобильдердің еркін, жайлы және қауіпсіз қозғалысы камтама­сыз етілетіндей eтіп төсейді.

Қар басып қалатын жерлерде жол төсеншінің қабаты қардың түсу қалындығынан 0,4-0,6 метрдей биік болуы ескерілуі тиіс.

Жер үймесі. Жер үймесінің құрылымы, топырағы және әдісі aya райының және жыл мерзімінің қандайлығына қарамастан, оның жобадағы геометриялық қалпын сақтауды, жолдың, төсеніштің кажетті бepiктігі мен төзімділігін қам­тамасыз eтyi тиic.

Жер үймесінің барынша беріктігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігіне қарай суағарлары бар құрғақ жерлерді таңдап алған жөн. Жолды сулы немесе дымқыл жерлерде төселген жағдайда жер үймесінің беткі қабатының берік болуы үшін жол үймесінің төменгі бетін топырақ құрамына және жолдық-климаттық аймағына қарай әртүрлі биіктікке (0,3-1,9 м) көтереді.

Жол үймесінің ені кірме және ішкі шаруашылықтық жолдарына қарай 6,5-8, жүретін бөлігінің ені - 3,5-4,5, ал жол жиегінің ені- 1,5-1,7 метр немесе қозғалыс жиілігіне қарай ҚМЕ ІІ - Д. 5-72 бойынша алынады.

Батпақты жерлерге жол үймелерін қиыршық тасты кұмдардан төселген бұл жағдайда шым тезектің көтepгіштігіне қарай топырақ үймесін шым тезекті алмай немесе қалған беткі кабатының калыңдығы жолдың көлік жүретін бөлігі кемінде 1/3, ал төменгі бөлігі - кемінде үйменің минералдық бөлігінің қалыңдығы 1/2 метрден кем болмайтындай есеппен қырналып барып төселеді. құрылыстың өзіндік кұнын арзандату мақсатында батпақты жерлерде жол үймелерін бөренелі, бұтақты төсеніштердің үстіне немесе синтетикалық текстильді материалдар төсенішіне төгеді.

Жер үймелерін қолдан суарылатын аймақтарда жер бедерін ескере отырып, екі жағынан орларын биіктету арқылы төсейді.

Сортаны аз немесе орташа сортанды топырақтарда топырақ үймесін ешкандай шектеусіз үйеді. Қатты сортандаған учаскелерді айналып өту мүмкін болмаған жағдайда топырақ үймесінің беткі қабатына жер асты суының шығуынан сақтайтын шаралар қарастырылуы қажет. Сортанды топырағы өте көп болған жағдайда жол үймесіне кұм және кұм-тас аралас топырақтарды сырттан әкеледі.

Бepiк және тeгic беткі қабатын жасау үшн жолдың жүретін бөлігіне, яғни жол үймесінің үстіне бip немесе бірнеше құралымдық қабаттарды төсеуді жол киімі деп атайды.

Автомобильдерден түсетін күшті қабылдай отырып, жол киімі оны үлкен алаңға шоғырландыру арқылы жол үймесінің теменгі қабаттарына өткізеді.

Жол кимінде автомобиль донғалағынан түсетін күш әр қабатқа салмак салған сайын азая береді, сондықтан да жол киімін көп қабатты құралымдардан жобалаған, бұл үшін оның жекелеген қабаттарына беріктігі әртүрлі материалдарды пайдаланған тиімді.

Жабу деп жол киімінің жүріп келе жатқан көліктер әcepiн тікелей өзіне қабылдауға арналған және жолдың жүретін бөлігінің пайдалану тасымалдық сапасын сипаттайтын беткі қабатын атайды. Төсеніш пайдалану npoцeci кезінде мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын тозу қабатынан да тұруы да мүмін.

Табаны-жол киімінің, бepiктiгi мен төзімдігін қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық қабат.

Табанның нeгiзгi қабаты (төселетін қабаты) тікелей жер үймесінің нығыздалған топырағының үстіне төселеді.

Жол киімдері төсешінің үлгісіне карай жіктеледі және төменгі, өтпелі жетілдіріген жеңіл және жетілдірілген күрделі (1-кесте) болып бөлінеді.

Жабудың күрделі үлгici жалпы жүйедегі жолдардың 1, II категориясында, жеңілдетілген түpi - III, ал өтпелі және теменгі IV - V қолданылады.

Жолдың жүретін бөлігіне екі  жағы кұламалы көлденеңдігі сипат беріледі, оның eңici жабуының үлгісіне карай таңдап алынады: қиыршық тасты, түйіршекті және баска материалдардан төселетін жолдарға 20-25 пайыз мөлшерінде: қиыршық тасты және түйіршекті жабуларға - 25-30 пайыз мөлшерінде органикалық бipiктіргіш қоспалар қосылады, ал жұмыр тасты және топырақты көше жолдарына 30-40 пайыз мөлшерінде жергілікті материалдар қосылады.

Көлденең, кескінді жолдарда eкi жағы кұламалы болып келгенде жол жиегінің көлденең кескіні төсеніш жабуының көлде­нең еңісінен 10-20 пайызға көп болуы керек.

Ауыл шаруашылығы жолдарының киімдерінің құрылысын жобалаған кезде олардың құрылысының кезендік принципін сақтау маңызды.. Өйткені қозғалыс жиілігінің тасымалдық күш түсуінің артуын, жолдың қаншалықты маңыздылығын ескере отырып жол киімін біртіндеп жетілдіруге және күшейтуге тура келеді. Жолды кезеңді құрылыс бойынша салғанда төселген бұрынғы қабаты, оның үстіне бipiші кезекте төселген киімі екіші рет жұмыс қолға алынғанда жолдың табаны болып қалады. Жол құрылысын кезең бойынша жүргізу жол құрылысына бip мезгілде жұмсалатын қаржыны азайтуды қамтамасыз етеді

 

1 -кесте

Төсеніш түрлері

Tөceніштер

I. Теменгі

 

Жергілікті материалдармен нығайтылған топырақ. оның белгілі бip ipiктелген құрамы бар топырақ;

қатты материалдармен (қиыршық тастармен күшейтілген топырақ

П. Өтпелі

 

1.Табиғи тас материалдарынан және шлактар мен қиыршық тастардан тұратын киыршык тасты

2.Органикалык немесе органикалык емес байланыстыргыш бepiктігі әлсіздеу жергілікті материалдар мен топырақтан

Жұмыр тас төселген көше жолдарының жабуы

III. Жетілдіріген

Жеңіл түрі

3.Органикалық байланыстырғыш материалдардан тұратын қиыршықты және түйіршек материалдардан

4.Салқын асфальтты-бетоннан

IV.Жетілдірілген

Күрделі түрі

Жабысқақ битум немесе карамаймен араластырғышта ұқсатылган әртүрлі қиыршық тас материалдарынан тұратындары

2.Ыстык және жылы күйінде төселетшін асфальтты-бетонды

3.цементті бетонды(тұтас және құрастырмалы)

 

Жол киімінің құралымын үлгі-жоба бойынша жол құрылысы материалдарымен қамтамасыз етіуіне карай белгілейді. Жергілікті нақтылы жағдайды ескерген кезде жол құралымының жеке жобасы жасалынады. Құрылыс тәжірибесіне сүйене отырып ауыл шаруашылығы жолдары киімінің мөлшері каба-тының калыңдығы 2-кестеде келтірілген.

Алаңды жобалау өзара байланысты мына темендегі бөліктерден тұрады: көлденең тегістеу (алаңдары кіретін және одан шығатын жолдарды қоса алғанда) tіk тeгіcтey; суағарлар мен дренаждар; төсеніш құрастыру.

Алаңды көлденең тегістеу алаңның қандай мақсаттарға арналғандығы ескеріле отырып технологиялық процеске сәйкес шешіледі. Алаңдағы тeгicтey оған қажетті ғимараттарды, құрылыстарды және жүк тиеу-тycipy орындарына, тасымал құралдарының кipyiнe және қажетті бұрылыстар жасауына ыңғайлы жолдарды орналастыру жағдайына қарай айқындалады.

 

2-кесте

 

Киімдерін типтері

Қабаттарының нобайлы мөлшері, см

беткі

қабаты

таба-ны

Қо-сымша қабаты

Топырақтың нығайтылуы: қиыршық таспен, малта таспен, шлакпен және басқаларымен нығайтылған

15-25

 

 

құмдақты-топырақты

15-30

 

Қиыршык тасты төсеніш:

 

 

 

топырақтық непзде

15-25

 

 

құмдакты қабатта

15-18

10-20

Жерплікті материалдардан жасалған қабатқа қиыршық тас немесе шлак төсеу

10-20

10-25

қиыршық тастар төселген бетін үстін өндеу; жергішікті материалдарда қосымша қабат салү

2-2,5

15-25

0-25

Байлағыш материалдармен нығайтылған топырақ қабатын үстінен ендеү

 

 

 

цементпен, әкпен

1-2,5

12-16

0-25

битуммен, қарамаймен

1-2,5

10-12

0-25

Жергілікті материалдар қабатының және құмдақты қабатынын негізнде жолдың үстінде араластыру тәсілімен жергілікті материалдардан жабу төсеу

6-8

І5-20

0-25

Жергілікті материалдар мен құмдақты қабаттық табанына асфальтты-бетон төсеніш төсеу

5-9

15-20

0-25

 

Алаңды тіk тeгicтey алаңды орналастыруды көзделген жер бeтiнiң бедерін қолдан өзгертуді қарастырады. Осы мақсат үшін не сандық белгі жүйесі, не көлденең сызыктар жүйесі пайдаланылады. Tiк тегістеу технологиялық процестердің талаптары, алаңды пайдалану тиімділігі мен ыңғайлылығы ескеріле оты­рып жүзеге асырылады.

Бетінде тұрған суды ағызудың жүйесі әpбip алаңға арналып жеке, ал топырақтың суағары - топырақ астындағы су тақау жатқан жерге төселеді. Сондықтан да алаңдарды алаңнан ағатын суды жинастыратын табиғи тоғандарға, ойпаңды жерлерге жақын орналастырған абзал.

Көп жағдайда суағарларды ашық орлар түрінде жобалайды. Ор табанының eңici кемінде 3 пайыз болып келеді.

Алаңдар құрылысына төсеніш (киім) ретінде асфальтты-бетон, цементті-бетон тақта, жұмыр тастар немесе шұқанақтар мен дөңестерді тез өңдеуге мүміндік беретін жергікті  материалдар қолданылады.

Алаңның бeтi кемінде 10-15 пайыз eңic етіліп жоспарланады.

2. Жолдар мен алаңдар салу

Топырақ үймегін жасау дайындық жұмыстарын жүргізу қажет, оған:

-   жол тағанын, бөлінген жолағын және резервтерді, карьерлерді, кipмe жолдарды, тұрақты және уакытша құрылыстарды орналастыратын жерлерді қалпына келтіру және бекіту;

-   бөлінген жерді ағаштан, түбірден, талдар мен тастан тазарту;

-   ғимараттарды, құрылыстарды және коммуникацияны алу, басқа жерге көшіру, қайта салу, ағаштардың бағалы түрлерін орналастыру;

-жол құрылысына қажетті бұрыннан бер кірме жолдар мен басқа да ғимараттарды жөндеу немесе қайтадан салу кіреді.

Жер үймегін тұрғызу мынадай жұмыстардан тұрады:

- суағар ғимараттарын қондыру;

- дренаждау және ажыраткыш қабаттар жасау, жер үймесінің бepiктiгi мен төзімділігін қамтамасыз етпейтін жер қыртысын ауыстыру;

- қазу немесе карьерден тасу арқылы топырақ қорын жасау және оны үймеге тегу;

- топырақты үймеде қажетті қалыңдыққа сәйкес қабаттап тегістеу және оның әрбір қабатын тығыздау;

- үйме еңістерін алдын ала жоспарлау, қорларын жоспарлау және өңдеу;

- eңicтepiн қоса алғанда топырақ үймесінің беткі қабатын кескіндеу, жоспарлау, тегістеу және түпкілікті өңдеуден өткізу;

- жарлауыт беткейіне биіктетілетін қабаттарын тасымалдап жеткізу және жазу, қосымша топырақ үю, нығыздау және жиектерін өндеу;

- нығайту жұмыстары.

Үймені тұрғызған кезде, жерглікті жағдайға, жұмыстардың көлемі мен мерзімдеріне және қолдағы машиналардың. санына карай, топырақты төгудің: ұзынша, көлденеңді және "басынан" төгу тәсілдері қолданылады.

Осының топырақты ұзыншалатып төгу тәсілінде топырақ оның

ені мен ұзындығына скрепермен немесе автогреидермен жайып төселеді.

Көлденеңді тәсілде үймеге топырақты оның өсіне тік бағытта төселеді. Бөлінген жолақтың топырақ үймесінің екі немесе бip қанатына бүйірлете төгіліп, жалғастырылады. Бұл тәсіл бульдозерлердің көмегімен тегістеу жерлерге аса биік емес үймелер жасауға тән.

Терең шұңқырлы жерлерді жобалаған және терең, шұқкырдан өту қажет болған асуы қиын жерлерде көлденең кескінінің бүкіл биікгіне көлбеулете "басынан'і бастап топырақ төгу әдісі қолданылады.

Құрылымы әртүрлі топырақты үймеге жеке-жеке қабат бойынша төсейді: су өткізбейтін топырақтың балшықты қабаты үйменің, төменгі бөлігіне, ал жоғарғы қабатына  саз, одан әpi кұмдақты топырақ төселеді.

Үймелер мен терең орлардың беткейлерінен жоспарлау үшн беткейлерінен өңдейтін құралдары бар автогрейдерлер мен бүльдозерлер пайдаланылады.

Топырақ үймегін өндеу және оның,беткейлерін түпкілікті өндеу көлік жүретін бөлігін жабу жұмысы толық аяқталған соң, қолға алынады.

Беткейлерін бекіту үшін оларға шөп өсіреді, кейде шаршы етіп созады, ал аса күрделі жағдайларда (кепірлер ауызының конусында) - ipi тастар, бетон тақталар қолданылады.

Қиыршық тас қабатын төсеу кезінде(табаны мен жаппасы) мынандай жұмыстар орындалады:

- теменгі қабатқа арналган қиыршық тас жеткізіліп, ол тегістеліп жазылады;

- су кұю арқылы қиыршық тасты нығыздайды; - беткі қаба тына арналған қиыршық тасты жеткізеді және оны жайып жазады;

- су құю арқылы қиыршық тасты нығыздайды;

- сыналайтын қиыршық тасты жеткізеді және оны механикалық шөткенің көмегімен жазады;

- су құйып нығыздайды;

- жабуы түпкілікті сыналауға арналған қиыршық тасты жеткізіп, оны жаймалайды және су кұю арқылы толық нығыз­дайды.

Қиыршықтас тағанының төменгі және ортаңғы қабаттарына мөлшері 40-70 және 70-120 мм, тағанының және жабудың жо­ғарғы қабатына 40-70, ал сыналау үшін 5-10; 10-20; 20-40 мм қиыршық тас қолданылады.

Нығыздалған қабатты шеткі қалыңдығы 18-20 сантиметрден аспауы керек.

Тағаны кұмдақты болған және өздігінен жүретін қиыршық тасты жаймалайтын техника болмаған жағдайда қиыршық тасты нығыздалған қиыршық тас қабатының, шетіне Tөгiп, одан әpі бульдозермен жаймалау керек.

Қиыршық тас қабатын нығыздауды жабудың шетінен ортасына қарай енінің 1/3 бөлігі мөлшерінде камтитындай етіп жеңіл каткалармен бастайды да жол өсінің өтпeci санына қарай біртіндеп кемітіліп отырады. Бұдан кейін каток қайтадан жолдың жиегіне шығып, шетінен өсіне қарай қозғалады.

Жеңіл катокпен көзге көрінер iз қалғанша тегістеле береді. Бұдан кейін міндетті түрде су кұя отырып ауыр катоктармен нығыздау басталады.

Катоктың бір реттен жүріп өту саны қиыршық тастың сапасына байланысты және жобамен алғанда нығыздаудың, бipншi етуінде 3-6, екіншісінде - 10-35, үшіншісінде - 10-15 ретке дейін жетеді.

ұсак тасты таған төсеу де осы қиыршық тасты тағанды төсеу жұмысына ұксас.

Топырақты байлағыш минералдармен нығайту деп біртұтас шаралар кешенін атайды. Соның нәтижесінде топырақ ажырамастай болып бipiгеді, кейіннен оларда кристальды байланыстар, механикалық беріктік пен тезімділік қалыптасады.

Минералды бipiктіргіштер (цемент, әк, шлак және күл) топырақтың, жекелеген бөліктерін кристалдық берік байланыстармен тұтастырады, топырақтың коллоидті-химиялық қасиетін өзгертеді және оның механикалық беріктгі мен суға  төзімділігін күшейтеді.

Минералдық біріктіргішпен нығайтуға кесек қиыршық тас­ты және малта тасты топырақтар, жеңіл және ipi кұмдақтар, иленгіш жеңіл саз топырақтар мейлінше жарамды. Олардың мелшері 3-12 мм аспауы керек.

Нығайтылған топырақ қоспасын кемінде 10 және 22 см асырмай қалыңдықпен төсейді.

Топырақтан, нығайтылған топырақтан тұратын қабаттарды төсеу қоршаған ортаның, ауа температурасы жылы 10 градустан төмен болмаған жағдайда жүргізіледі.

Нығайтылған топырақ қоспасын тікелей жолдың үстінде механизмдерді (жол тосейтін фрез, автогрейдері) пайдалана оты­рып дайындайды..Байланыстырғыш топырақты біріктіргіш сатысына пайдаланғанға дейін ipi түйіршіктер (кесектері )5 мм болатын саны 25 пайыздан,оның ішінде l0 мм ipiлepi пайыздан аспайтын болуы ескерілуі керек.

Фрезамен топырақты өндеу жолағының ені 2,5 м дейін, өндеудің анағұрлым үлкен терендігі 20 см болуы тиіс.Қaзipгi уақытта жол құрылысы практикасында топырақ араластырғыш машиналар барған сайын кеңінен қолданылуда. Топырақ араластырғыш машина бip рет жүріп өткенінде ені 2,5 м және қалыңдығы 25 см жол тағайын өндейді. Бұл маши­на топырақты уатып, дымқылдайды, оған байлағыш материалдарды қосады, қоспаларды араластырады және оны алдын ала нығыздауды қамтамасыз етеді.

Топырақты нығайтқыш қоспаны барынша жақсы таптау үшін пневматикалық шиналары бар каткалар, ал олар болмаған жағдайда ауыр жүк тиелген автомобильдер қолданылады, бұдан кейін жолдың беті қажетті тегістікке келтірілу үшін жеңіл тұтас катоктармен өнделеді.

Тапталған жол тағанының, көлік жүруіне 7-10 тәуліктен кейін рұхсат етіледі. Бұл аралықта жолдың үcтінгi әбден бекіп, төзімлігі артады.

Битуммен араластырылған қиыршық тасты төсеу. Қиыр­шық тасты битуммен негізінен тұрақты араластырғыш қондырғыларда немесе жолдың тікелей үстінде араластырады.

Битумның тұтқырлығы мен сол сәттегі ауаның, температурасына қарай жайып төсеу кезінде қоспалардын, температурасы да өлшенеді. Осыған байланысты қоспаларды салқын, ыстық және жылы деп бөледі.

Ыстық қоспаны алу үшін БНД-70/90, БНД-90/130 маркалы тұтқыр жол битумдары қолданылады, қоспаны 10-160°С температурада төсейді. Жылы қоспа үшін БНД-200/300, БНД-130/ 200, СГ-130/200 битумдары қолданылып, олар 50-де, 120°С температурада төселеді. Салқын қоспаны дайындау үшін СГ-70/130, СГ-130/200, МГ-70/130 битумдарды және қоспаларды салқын күйінде төсеуге мүмкіндік беретін баяу және орташа ыдырайтын эмульсия қолданылады.

Минералдық материалдар ретінде бepiктiгi әрқилы жымдасқан тау жыныстарынан тұратын қиыршық тас, малта тас және басқа жергілікті материалдар қолданылады.

Минералдық материалдарды тұткыр материалдармен араластыру үшін epкін және мәжбүр түрде араластыратын араластырғыштар пайдаланылады.

Дайын болған  ыстық және жылы қоспаны автотоңқарғыштар мен жұмыс орнына тезірек жеткізіп, асфальт төсегіштің кемегімен тиісті қалындыққа дейінгі мөлшерде жайып жазады, бұдан кейін жеңіл, одан сон ауыр катоктармен нығыздайды.

Салқын қоспаларды бipiнің, үстіне бipiн үстіне қоймаларда сақтайды, сол жерден оларды қажетіне қарай жұмыс орнына жеткізіп, жұқа қабатпен төсейді және нығыздайды.

Сұйық битумды пайдалана отырып, жол киімін ciңipy және жол үстінде араластыру арқылы төсейді.

Қиыршық немесе малта тасты материалдарды өндеу жол үстінде автогрейдердің көмегімен араластыру тәсілін мына тәртіппен орындайды:

- қиыршық немесе малта тасты кескінделген, бepiк және таза тағанға төгеді немесе призма формасын бере отырып валикке кигізілген минералдық материалды тегістеп шашады;

- сұйық битумды бірнеше кайтара шашып, әрбір шашқан сайын (apбip ретінде 2,5 л/м өлшемімен) автогрейдермен қоспаны араластырады.

Қоспаны жолдың, жүретін бөлігінің екі жағының ортасынан оның шетіне дейін және кейін қарай қайта оралу арқылы, бip түсті көpiнic қалыптасқанша автогрейдермен араластырады. Өнделетін қабаттың ені мен қалындығына қарай бұл үшін авто­грейдер оның үстінен кемінде 25-60 рет жүріп өтуі  керек. Бұдан кейін автогрейдермен қоспаны тегістеп, оның жабуы кескінді түрге ие болады.

Нығыздауды алдымен жеңіл, бұдан соң ауыр катокпен орындайды. Ал түпкілікті нығыздалуы пайдалану пpoцeci кезінде, автомобиль доңғалақтарының, күшімен қалыптасады. Осы кезде біркелкі нығыздалуы үшін жолдың жүретін бөлігінің ені арқылы олардың қозғалысы реттеліп отырылады. Қоспаларды араластыру жұмысы температура 10 градустық жылыдан төмен болмайтын, ауа райы ашық күндерде орындалады.

 

3.Шағын гидротехникалық ғимараттар құрылысы

 

Гидротехникалык құрылыстар  табиғи су көздерін (өзен, көл, жер асты сулары) пайдалану үшін жасалатын инженерлік құрылыстар  деген сөз. Сондай-ақ олар су тасқынының алдын алу мақсатын да көздейді.

Гидротехникалык құрылыстар  максатына қарай жалпылама және арнайы максаттардағы құрылыстар деп бөлінеді.

Жалпы максаттардағысы өз кезегінде: су ұстағыш (бөгет, тоған), су өткізгіш (каналдар, су құбырлары, туннелдер, астаушалар), реттегіш (жартылай тоғандар, шектегіш бөгеттер, қалқандар), су тартатын, су төгетін ғимараттар деп жіктеледі. Арнаулы ғимараттарға ГЭС-тер, жаппалар (шлюздер), бағдаршамдар (маяктар) және басқалар жатады.

Енді республикамыздың селолық жерлеріне арналған ғимараттардың анағұрлым кеңтараған түрлерін түрғызу әдісін қарастырып көрелік.

Құбырлы өткізгіштер құрылысы. Ауқымы үлкен құбыр төсеу жұмыстары селолык елді мекендерді су қоймаларынан (Солтүстік Қазакстандағы Есіл, Сергеевка, Булаев, Преснов) топтык үлгі бойынша бір орталыктан ауыз сумен жабдықтау, үйлер мен ғимараттарға салқын және ыстык су, табиғи газ беру, үйлер мен ғимараттарда пайдаланылған шаруашылықтық суларды сыртқа шығару үшін жасалады.

Құбырлы өткізгіштерді төсеу тағайын жасаудан және құбырларды бір-бірімен жалғастыру жұмыстарынан басталады.

Селолык жерлерде құбырлы өткізгіштерге керамикалык, асбоцементті, пластмассалы, шойын, болат құбырлар қолданылады. Осылардың соңғысы жерге төсейтін жағдайда зауыттың өзінде битумды мастикамен капталады.

Құрылыс жүргізілетін аймағына, топырағына және баска да жергілікті әжағдайларына қарай құбырлы өткізгіштер топырақ үймесіне, жерге және тұғырлардың үстіне төселеді. Жерге төселген жағдайда құбырлы өткізгіш тікелей топырақ үймесінің үстіне немесе құмдақты тіреулерге койылады. Бұл жағдайда ордың түбінің енін теселетін құбырдың үлгісі мен диаметріне, оларды төсеудің тәсіліне қарай өлшеп алады. Түбінен алғандағы еңісті ордың ені (1, а-суретін қараңыз) жекелеген құбырлардан тұратын құбырлы өткізгіштерді төсеу кезінде Д- 0,5 және тармакты төсеу кезінде Д - 0,3 метрлік (мұндағы Д - құбыр диа­метрі) құбырлар қолданылады. Бекіткіштер орнату кезінде ( 1, б-суретті қараңыз) оның енін олардың қалыңдығына сәйкес кеңейтеді. Егер қабырғалары тік орда адамдардың жұмыс істеуі қажет болса, онда құбырлы өткізгіштің жоғарғы жағы мен кабырғаларының ең аз қашықтығы кемінде 0,7 метр болуы керек. Құбырлы өткізгіштерді қосарландырып төсеген жағдайда ордың аумағы 1, в-суретте кескінделгендей үлгіге сәйкес болады. Ордың жоғарғы ені оның беткейлерін жарлауытты болып келуіне қарай айқындалады.

1-сурет. Ор мөлшерін аиыктауға арналган үлгілер: а - трапециялык ордың; б - тік қабырғалары және бекіткіштері бар; в -күрделі қимада құбырларды катар жүргізген кезде

2-сурет. Құбырларды салған кезде ілгектің құлашын анықтау үлгісі: а - трапециалық орларға жеке құбырларды салу; б - сондай, бекіткіштері бар орларга; в - сондай, үзбелеріиің ұзындығы 12 м артканда; г - көлік құралдарынан құрастырған кезде реңдігіне қарай айқындалады.

 

Барлық  жағдайларда да ол топырақтың тоңазу тереңдігінен 0,5 м артық болуы тиіс. Ордың ұзынша еңісі құбырлы өткізгіштің мақсатына қарай жобада көрсетіледі.

Құбырлы өткізгіштерді төсеу кезінде құбырлардың орындарын алмастыру, оларды құрастыру, орға төсеу сияқты негізгі жүмыстар кранның көмегімен орындалады. Құбырлы өткізгіштер құрылысына әдетте жыланбауыр табанды, автомобиль және пневматикалык доңғалағы бар өздігінен жүретін жебелі крандар қолданылады.

Құрастыру крандарын таңдау құбырлы өткізгіштерді төсеудің нақтылы шарттары ескерілген салыстырмалы варианттардың техникалык экономикалык көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі. Бұл үшін ең алдымен осы жағдайға қажетті параметрлер және құрастыру жұмыстарының кабылданған үлгісі басшылыкка алынады.

Құрастыру кранының қажет етілетін ілмегінің L құлашы төмендегі формулалармен және байланысты жағдайлармен (2-сурет) аныкталады.

Трапециялық орларда жекелеген құбырлардан құбырлы өткізгіштерді төсеген кезде (2, а-сурет)

Lk=0,5 (Ь + Бкр)+ 1,2m һ,

формуласы қолданылады. Мұндағы b - метрмен ор түбінің ені; БкР ~ кРан базасының ені; 1,2 m һ - жыраның жиегінен кранның жыланбауыр табанына (доңғалағына немесе үстап тұратын тіреулершеге)дейінгі қашықтығы м; m-еңісін жасау; һ-ордың терендігі, м.

Тік бұрышты орларға құбырларды жеке-жеке қүрастырған кезде де, бекіткішімен коса алғанда, (2, б-суретті караңыз) ілмектің кұлашы осытәсілмен  анықталады.

Ірі құрастырмалы дайындамадан құбырлы өткізгіштерді (ұзындығы 18-24 м) ілмектің кұлашын мына формуламен (2, в-суретті караңыз) аныктайды

L = 0,5 + 1, 2 m һ + d + 1+0,5 Б

Мұндағы dc - төселетін кұбырдың сыртқы диаметрі, ал кең конышты кұбыр үшін  кең коныштың диаметрі, м.

Көлік құралдары үстінен (2, г-суретті қараңыз) құбырды құрастырған кезде ілмектің кұлашымына формуламен аныкта­лады

L = 0,5 (b + Б ) + 1, 2 m h

және мына шартпен тексеріледі

1   = Д + 1 + Б тр  

Мұндағы 1 - кран мен автотасымал құралдары козғалысының өстері арасындағы қашыктык, м; Д- кран платформасының артқы бөлігі бұрылысының радиусы, м; Ба- автокөлік құүралдары базасының ені.

Баска да параметрлерді аныктау және техникалык-экономи-калык көрсеткіштерін салыстыру 4-тарауда мазмұндалған эдісте-меге сәйкес жүргізіледі.

Асбест-цементті құбырлы өткізгіштерді құрастыру мынадай  ретпен атқарылады. Құрастыру алдында құбырларды  ордың қабағынан 1 метрдей алшак жататындай етіп ретімен кояды. Сонымен қатар диаметрі 150 мм дейін жететін құбырларды бір-бірімен 100 метрден аспайтындай қашыктықпен трассаның бойына 1 метр биіктікпен қалап үйеді.

Жұмыс істеп тұрған жағдайда 0,6 қысымына арналған айдамалы құбырлы өткізгіштерді құрастыру екі өңірлі асбестіцементті муфтаны және дөңгелек кесінділі резеңке сақинамен нығыздау тәсілін қолдана отырып жүргізеді. Ал 0,9 МПа қысымына төзімді құбырларды қүрастыруға да осындай муфты мен резенке немесе резеңке сақинасы бар шойынды фланецті муф­та қолданылады. Асбестцементті 1,2 МПа қысымына төтеп беретін құбырлы өткізгіштерді қүрастырған кезде құбырларды резеңкелі сақина кигізілген тек шойынды фланецті муфта қол­данылады.

Диаметрі шағын (150мм дейінгі) құбырлы өткізгіштерді негізінен алғанда қолмен құрастырады.

Күш түспейтін құбырлы өткізгіштерді құрастыру айдағышы жоқ асбесцементті құбырлар мен цилиндрлі муфта қолдану арқылы жүргізіледі.

Жекелеген кұбырлардан тұратын су өткізгіштердің барлык түрлерін құрастырған кезде олардың арасындағы түйісулер құрылысының сапасы маңызды технологиялык жұмыс болып табылады.

Пластмасса құбырлардан құбырлы өткізгіштерді құрастыру. Пластмасса құбырларды жалғастыру үлгісі жұмыстың нақтылы жағдайына және Құбырлы өткізгіштердің төселуіне байланысты болады. Сондай-ак кұбыр материалының қаншалықты беріктігі мен фасондық бөлігінің сәйкес келуіне де тәуелді  болады. Нығыздығы төмен (ПНП), нығыздығы жоғары (ПВП) полиэтиленнен және полипропиленнен (ПП) құбырларды бөлшек-телмейтіндей етіп жалғастыру түйістіріп қыздыру дәнекерімен, ал поливинилхлоридтен (ПВХ)тұратын винипласты құбырларды желімдеу немесе газды сым темір қолданылатын дәнекер арқылы жалғайды.

Пластмассалық құбырлы өткізгіштерді төсеген кезде дәнекерлеу құрастыру жұмыстарының екі базалық және трассалық негізгі үлгілері қолданылады. Осының базалық жағдайында дәнекерлеу  жұмысын құбырларды  үзындығы 18-24 метрге дейін және одан да көп етіп алдын ала объекті қоймасы жанында жалғастырып барып аткарады. Бұдан кейін оларды трассаға жеткізіп, дәнекерлеу қондырғысының көмегімен ұзынша не­месе жалғамалы жіп түрінде дәнекерлейді де орға түсіреді. Құбырлардың трассалық үлгісінде кұбырлар ордың жиегіне ретімен қойылады да жылжымалы дәнекерлеу қондырғысының көмегімен ұзарту тәсілі арқылы дәнекерленеді.

Диаметрі 160 мм өрме құбырды және одан кішісін орға колмен, ал диаметрі үлкендерін жүк кетергіштігі шағын бір неме­се екі кранның көмегімен орындайды.

Керамикалық құбырлы  өткізгіштерді құрастыру жекелеген кұбырлар түрінде де, сондай-ак секциясының жалпы үзындығы 8 м аспайтын екі, үш, бес күбырлар түрінде ірілендіріп жүргізеді. Құбырлы өткізгіштерді жогарыдан төмен қарай, сүйықтың ағу бағытына қарсы көмейінің байқау құдығынан бастап төсейді.

Құбырларды топтық әдіспен жобаға сәйкес төсеу құрылыс мерзімін қыскартады. Бұдан баска диаметрі 250 мм дейінгі біріктірілген құбырларды  қолмен де төсеуге болады, ал диа­метр! үлкен құбырларды төсеген кезде олардың үзбелерін көлденең бағытта түсірілуін камтамасыз ететін жебелі крандар мен арнайы траверстер қолданылады.

Диаметрі 65-1200 мм шойын құбырлы өткізгіштерді құрастыру құбырларды ордың кабағынан кемінде 1-1,5 метр қашық етіптізбек бойынша орналастырады. Болашақ құбырлы  өткізгіштің бойымен сұйықтың ағуы құбырдың кең қонышынан тегіс ба-сына қарай жүреді. Бұл жағдайда шойын құбырларды  құрас-тыруды оңайлату үшін олардың кең коныштары ор бойындағы анағұрлым биік белгі бағытына каратылуы керек. Жеңіл құбыр-ларды (диаметрі 200 мм дейінгі) құбырдың ішінен өткізілген немесе оның екі басынан байланған арканның көмегімен кол­мен орға түсіреді. Ал диаметрі 200 мм артық құбырларды  әдетте  кранның немесе кран-құбыр, төсегіштердің көмегімен төсейді.Орғатүсірілген құбырдың тегіс басынбұрынғытөселінген кұбырдың кең қонышына кигізеді. Бұдан кейін оны кұбырды өткізгіштің тік және көлденең остері бойынша дәлдікке келтіру нысаналау жолмен немесе лазерлі нивелир аспабын қолдану арқылы жүргізіледі. Шойын құбырларды ңтүйіскен коныштарыныңса-ңылауларын бітеу және судың сыртқа шығуын болдырмау үшін көбіктенгіш карамай және битумды ораматығындалады, бүдан кейін асбест-цементті крспадан түратын "күлып" салынады. Бұл гидравликалык кысым кезінде битумды немесе карамайды ора-маны ығыстырып шығаруды болдырмайды.

Диаметрі 50-1600 мм және қабырғаларының қалындығы 3,5-20 мм болат. Құбырлы өткізгіштерді құрастыру құрылысты жеделдету және индустрияландыру мақсатында құбырларды секцияларға құбыр дәнекерлеу  және құбыр дайындау базаларында ірілендіріп құрастыру әдісін қолдана отырып жүзеге асырады. Болат құбырлар негізінен ұзак пайдалануға арналған қысымы жоғары су өткізгіш және канализациялық құбырлы  өткізгіштер қондыргылары үшін қолданылады. Сондықтан да құбырларды тот басудан және тосын ток көздерінен қорғау шаралары қажет етіледі.

Ірілендірілген және окшаулағыш құбырларды  (секцияларды) тасымалдау автомобильді және тракторлы құбыр тасығыштармен, құбыр тасымалдайтын поездармен орындайды. Трассаның бойына жеткізілген құбырларды немесе олардың секцияларын орлардың бойына 1-1,5 метр қашыктыққа  орналасты-рады. Бұл жағдайда оқшауланған құбырлы  өткізгіштерді орға мынандай тәсілмен  төсеуге болады: секцияларды немесе жекелеген Құбырларды ордың ішіне түсіру арқылы дәнекерлеу ; құбырлардан немесе секциялардан дәнекерленген жалғауын орға түсіріп, оларды сәл көтеру немесе тіреулерге кою арқылы ұзарту және ордың жиегінен әлсін-әлсін ішіне түсіріп отыру.

Құбырлы өткізгіштердің жекелеген құбырларын немесе секцияларын орға төсеу жебелі кранмен немесе кран кұбыртөсегішпен атқарылады. ¥зын немесе секциялы құбырларды төсеу үшін бірнеше кран қолданылады. Құбырлы өткізгіштердің түйіскен жерлерін оқшаулау үшін дәнекерлеу  кезіндегі сиякты шүңкырлар пайдаланылады. Тұтастай алғанда бұл жұмыстың орындалуын және суағарларды төсеудің қарқынын тежейді. Сондық­тан кран немесе кранқұбыртөсегіштер жеткілікті болған жағдайда құбырлы өткізгіштерді сабақты секциялар және үзартылған жіп түріндетұтасымен төсеген тиімді. Бұл жағдайда кұбырларды орға үш немесе төрт кранның көмегімен түсіреді. Құбырлы өткізгіштердің қатты қайысып кетпеуі үшін құбырларды ң диаметріне қарай крандарды құбыртөсегіштерді белгілі бір қашықтыкты сақтай отырып орналастыру қажет. Мәселен, диаметрі 529 мм дейінгі құбырларда крандар бір-бірінен 150-20 м; диа­метр! 529-30; 720-35; 1020-30-45; 1220-7-1420 мм - 30-40 м алшақ болуы керек. Құбырларды немесе олардың сабақтаскан түрлерін жерден көтерген кезде оның биіктігі үш және одан да көп кұбыр төсегіштер қолданылған кезде 1 м, ал екі құбыр төсегіш қолданылғанда 0,8 м-ден жоғары болмауы керек.

Бөгет құрылысы. Гидротехникалык құрылысында бөгеттердің қолданылып жүрген үлгілері мен құралымдары материалдарына қарай: жер үйме, тасты қорған, бетонды, темірбетонды, ағаш және аралас материалдар болып бөлінеді.

Су бөгеу ғимараттары ішінде жер үймесі бөгеттері анағұрлым кең тараған түрлері болып табылады және олар түрлі максаттардағы су топтарының көпшілігінің құрамына кіреді, гидромелиоративтік құрылыста кеңінен қолданылады.

Топырақ үймелерінен бөгеттер тұрғызу үймелі, шаймалы және жартылай шаймалы түрлерге жіктеледі. Топырақ үймелерінен бөгетті Топырақты құрғақтай үю, сөйтіп кейіннен механикалық құралдардың күшімен нығыздау немесе суға тікелей төгу әдісімен тұрғызады. Шайынды бөгеттерді гидротехникалык құралдардың күшімен тұрғызады. Бұл жағдайда топырақты карьерден алу, оны тасымалдау және ғимаратқа төсеу судың көмегімен гидравликалық тәсілмен  атқарылады. Жартылай шаймалы бөгеттер топырақты жартылай тегу және жартылай шаймалы етіп тұрғызады.

Су кеңістігі деңгейінің әр қилылығына қарай богеттен жоғары (жоғары вьеф) және төменгі (төменгі вьеф) айырымы қысым деп аталады. Топырақ үймесінің биіктігіне қарай бөгеттер төменгі (қысымы 15м дейін), орташа биіктікті (қысымы 15-50м дейін) және жоғары (қысымы 50 м биік) деп бөлінеді.

Топырақ үймесінен тұратын бөгеттер көлденең кескінінің құрылымына және тұрғызу тәсіліне қарай түрлі үлгілерге бөлінеді. Ол 3-суретте көрсетілген.

Шаймалы бөгеттер көлденең кескінінің құрылымына қарай біртекті (3, а, б-суреттер) және әртекті (3 в, е-суреттер) болып келеді. Біртекті бөгеттердің көлденең кескіні қолдан құлату арқылы немесе жарқабақтың екі беткейінен топырақ төгу аркылы құралады.

 

3-сурет. Жер үйінді бөгеттерініц турлері:

а - біркелкі Топырақтан; б - әркелкі Топырақтан; в - топырақ емес материалдар мен калкандардан г - Топырақтан жасалган калканымен; д - өзекпен; е - диафрагмамеп; 1 - жогаргы баурай; 2 - баурай бекіткіші; 3 - адыр; 4 -төменгі баурай; 5 - бөгет денесі; 6 - кәріз банкет; 7 - табан; 8 - ауыспалы аймак; 9 - орталык призма; 10 - корғандық кабат; 11 - калкан; 12 - жогаргы призма; 13 g өзек; 14 - төменгі призма; 15 - диафрагма; b - адыр бойынша бөгет ені; В - бөгеттіц ені; Н - бөгет биіктігі; ҚТД - калыпты тірек денгей; ТВД - төменгі вьсфтіц денгейі

4 -сурет. Шайыи жасалган богепердің түрлері: а, б - біркелкі; в, г - әркелкі; д, е - жарым-жарты пішімімен біркелкі немесе әркелкі; 1 - жогаргы баурай бскіткіші; 2 - кәріз банкет; 3 - өзек; 4 - аралық аймак; 5 - бүйір жак аймагы; 6 - орталык ұсак кұмды аймак; 7 - тасталған призма; 8 - ірікесекті Топырақтан жасалган салмак

 

Жер үймесінің бөгеттерін тұрғызу үшін бір-бірімен байланысқан және шашыранды табиғи топырақ, жылу-электр орталықтарының күлі, кен орындарының және металлургиялық өнеркәсіптің қалдықтары пайдаланылады.

Топырақты құрғак  күйінде жыныс қабаттарын сақтай отырып тұрғызудың негізгі жұмыстарының құрамына карьерлерді дайындау мен жоспарлау, топырақты төселетін, төгетін жерге жеткізу, ғимараттың құрылысын тегістеу мен нығыздау кіреді.

Карьерде топырақты жер қазатын және жер қазатын тасымалдайтын механизмдердің күшімен өндіреді. Жер қазатын  машина ретінде әдетте шөмішінің сыйымдылығы 0,5-5 текше метрлік бір шөмішті экскаваторлар пайдаланылады. Бұл жағдайда топырақты төгетін жерге жүк көтергіштігі 5-75 т автотоңкарғыштармен, сондай-ак сыйымдылығы 15 т дейінгі өздігінен жүретін және жүгін өзі түсіретін тіркемелі арбалармен, темір жолмен, ленталы транспорттермен тасымалдайды.

Жұмыс көлемі аса ауқымды болған жағдайда тасымал қүралдарын толассыз тиеп отыру үшін көп шөмішті роторлы экска­ваторлар мен конвейерлі жүк тиегіштер пайдаланылуы мүмкін.

Жекелеген жағдайларда топырақты қазу және төселетін жеріне жеткізу шөмішінің сыйымдылығы 2,25-15 текше метрлік тіркемелі және өздігінен жүретін скреперлермен"' және (аса қашық болмаса) бульдозермен атқарылады.

Топырақты қазу мен тасымалдаудың, механизмдердің үлгілерін тандап алу кезінде карьерден топырақтыңтүрі мен оны өндірудің жағдайы, тасымалдауының қашықтығы, орындалатын жұмыстардың көлемі мен уакыты ескеріледі.

Топырақты ғимараттың іргетасына төгудің процесі бірнеше сатыдан тұрады. Осының негізгі сатысы топырақты төгу, тегістеу және тығыздау. Сондықтан да қажетті сатылардың санына қарай жұмыс алаңы өзара тең (екіден төртке дейін) бірнеше картаға бөлінеді, олардың әркайсысында топырақты төсеу жөніндегі жұмыстардың барлық түрлері ретімен орындалып отырады.

Түрлі қарталар бойынша жұмыстардың түрлерін кезектестіріп отыру, топырақты үздіксіз, механизмдерді тоқтатпай төсеуге мүмкіндік береді. Әдетте картаның үзындығы 50-100 м болып келеді.

Топырақтың жобадағы қалыңдық мөлшерінде тегістеу бульдозерлердің, грейдерлердің  және скреперлердің көмегімен орындалады. Жер үймесінен тұратын топырақты механикалық тығыздау, тегістеу, таптау, дірілдету немесе топтастырылған әдістермен жүзеге асырады.

Тығыздау СР мен тығыздаушы механизмдер төселетін топырақтың физикалык қасиетіне, құрылыстың жағдайына және ғимараттың құралымдық ерекшеліктеріне қарай тандалады.

Байланыстырылған топырақ тытығыздау үшін бірінші кезекте токпакты немесе пневматикалыктегістегіш қолданылады. Сондай-ак тегіс, торкезді және дірілдетпелі таптағыштар да пайдаланы­луы мүмкін. Бірікпеген топырақты нығыздау үшін дірілдетпелі және дірілдетпелі таптағыштар анағұрлым тиімді.

Шаймалы бөгеттерді тұрғызу үшін гидромеханизация құралдарының көмегімен топырақты өндірудің екі негізгі тәсілі қолданылады: олар - жероктары (су асты жұмысы) және гидро-мониторлар (құрғак казымдарда су үстінде атқарылатын жұмыс). Жероғы арқылы өндірілген топырақ шайма картасына кысымды, пультөткізгіш арқылы тасымалданады. Ал гидромониторлык топырақ дайындауда топырақты қысымды пультомөткізу не­месе өздігінен ағызу (каналдар мен астаушалар арқылы) тасымалдауға болады.

Байланыстырғыш материалдарды қолданбай-ақ төгу арқылы бөгет тұрғызу тастың және жартастың жеткілікті қоры бар аймактарда экономикалық жағынан анағұрлым тиімді. Тас бөгеттер су шаруашылығының мақсатына қарай суды ұстап тұратын және қажет болған жағдайда су коймасынан артык суды өткізіп жіберетін болып келеді. Мызғымайтын бөгетті жылдың кез келген уакытында тұрғызуға болады.

Төселімді бөгеттер үшін жанартау жыныстары гранит, габ­бро, диорит, диабаз, базальт және басқалар ең колайлы материалдар болып табылады. Шөкпелі жыныстардан анағұрлым жарамдысы   тығыздалған  доломит және кварцит.

 

  1. Пішіндеме мұнараларды, астық элеваторларын, құрама жемазық зауыттарын салу

 

Пішендеме мұнарасы сүрлем сактауға арналған саңылаусыз мұнара үлгісіндегі сыйымдылык ретінде металдан, құрастырмалы темірбетоннан және бетонды блоктардан тұрады. Метал­лы пішендеме мұнарасы ленталы іргетаска қойылатын диаметрі 6 және биіктігі 16-19 м цилиндрлі корпустан тұрады. Мұнараны әрқайсысының биіктігі 1,5 м белдеулерден күрастырады. Белдеулердің әрқайсысы біртекті болат табакшалардан радиу­сы бойымен цилиндр етіп иілген, өзара құрандалармен бекітілген жеке-жеке бөліктерден тұрады.

Мұнараның әдетте салмағы Іт дейінгі ірілендірілген царгалардан құрастырады. Оларды жекелеген болат табақшалардан стендкондукторда құрастырады. Ірілендірілген блоктарды жобалық жағдайға бірмезгілде кояды. Сондықтан да екі кранды қолданады: біреуі құрастыруда, екіншісі - құрастыруда жұмыс істейді. Саңылауларын кышқылдысілтіге төзімді жұмсак резеңке төсеммен бітейді.

Диаметрі 6 және биіктігі 18 м дейінгі құрама темірбетонды пішендеме мұнарасы бірін екіншісінің үстіне қоятын жекелеген  сақиналардан тұрады. Сақинаны құрама темірбетонды сегменттерден стендкондукторда құрастырып, электрлідоғалы дәнекердің көмегімен жалғастырады. Құрастырылатын сакинаныңбиіктігі 1,5 м,салмағы 9тдейін жетеді. Сақинаны ірілендіріп құрастыру процесі кезінде алдын ала күш түсіріп сынаудан өткізеді. Ірілендірілген блокты кранмен цементті коспадан дайындалған төсеніштің үстіне жобада көрсетілгенге сәйкес орнатады. Сақинаның ірілендіріп құрастыруды, орнатуды жүк көтергіштігі соларға сәйкес келетін крандардың көмегімен атқарады.

Бетонды блоктардан тұратын пішендеме мұнараларын диа­метр! 7,3-9,15, биіктігін 21,3-24,4 м етіп салады. Бетонды блоктың мөлшері 762,5x254x92 мм. Мұнараны тұрғызу блоктарды це-ментті ерітіндімен калаудан және болатты сақинаның мүнараны айналдыра орнатудан басталады. Блоктарды калау мұнараның ішкі жағынан орнатылатын төсеме такта арқылы жүргізіледі.

Құрамалы темірбетонды астық элеваторларын мынандай ретпен тұрғызады: алдымен сүрлем астындағы қабатының, бұдан кейін сүрлемге арналған қабатының құралымдарын, жұмыс мұнарасын құрастырады, содан кейін барып элеватордың сүрлем үстіндегі бөлігін қүрастыруға кіріседі.

5-сурет. Сүрлемасты қабатының бағаналарын қүрастыру үлгісі:

1 - іргетас тақтасы; 2 - құрама темірбетон бағаналар; 3 – кран

 

Сүрлем үстіндегі қабаты бағана астары құрастырғыштан тұратын баганалары, шұңқырла-ры мен кабырға жаппалары бар іргетастык тақталардан тұрады. Бағана   асты төсеніштері бар іргетастактаны әдетте құйма темірбетоннан жасайды. Қабаттардың қал­ган элементтері құрамалы темірбетоннан тұрады.   Олардың жекеле­ген түрлерінің  салмагы 4,5 т дейін жетеді. Оларды  да, сүрлем мұнарасы сиякты, мұнаралы крандардың немесе құрастыру жұмыстарының таңдап алынған механикаландыру әдісіне сәйкес өздігінен жүретін жебелі крандармен орнатады. Бағаналарды іргетас тақтасының ойықтарына орналастырып, кұйып тастайды (5-сурет). Тегістеп және бекіткеннен кейін бағаналар капителіне жалпы құралымдарын және темірбетонды   кұйғышты кояды.

Сүрлемдік және жұмыс мұнарасын шаршылы және дөңгелек сақиналы, аумакты және тегіс элементтер түрінде жекеле­ген элементтерден сүрлем асты  кабатының дайын жаппасы үстіне тұрғызылады (6-сурет).

Сүрлемдік қабаттың қабырғаларын биіктігіне қарай жекелеген сатылар етіп қүрастырылады. Сатылардың биіктігі элементтердің биіктігіне сәйкес келеді. Әрбір сатысына (қабатында) элементтерді мынандай ретпен орнатады: алдымен көлемділерін орнатады, бұдан кейін олардың арасына тегістерін орналастырады. Көлемді элементтер мейлінше орнықты болып келеді, сондықтан да оларды құрастыру косымша уақытшалық бекіткіштерсіз-ақ орындалады. Жалпақтақталарды көлемді элементтердің бұрыштарында бар ойықтар арқылы бұранданың көмегімен ұстатады.

Сүрлемдік қабырғаны тұрғызуды аяктағаннан кейін технологиялык жабдықтарымен қоса сүрлем үстіндегі галереяны құрастырады.

Өнімділігі тәулігіне 50 тоннаға дейін құрама жем зауытты таралыкжүктер қоймасынан, құрамажем өндіретін цехтардан, шикізаттар мен дайын қоймаларынан, қабылдау қондырғыларынан, әкімшілік-тұрмыстык жайдан тұрады. Шикізат және дайын өнімдер қоймаларын мұнаа крандарының көмегімен 3x3 метрлік құрамалы темірбетон элементтерінен құрастырады. Зауыт кешенінің құрамына кіретін баска да үйлерді құрастыру үшін жыланбауыр табанды және доңғалақты өздігінен жүретін жебелі крандар, мүнаралы және жабдықталған автомобиль крандары қолданылады.

Тәулігіне 130 тонна өндіретін, мөлшері ЗОх 18 және биіктігі 34,8 метрліккүрамажем зауытының күрамалы құралымын бүкіл кешенді тұрғызуды жүзеге асыратын анағұрлым куатты мұнара кранымен құрастырады.

 

  1. Жылыжай кешендерінің құрылысы

 

Жылыжай комбинаттары және олардың негізінде металл мен құрамалы темірбетоннан тұратын ірі агрономиялык кешендердің көтергіш каңқасын көпаралықты рамалардан, дөңесті фермалардан және басқалардан құрастырады. Жылыжай ғимараттарының негізгі құралымдық элементтері шынылы жаппадан тұрады.

Мысалы үш топсалы металл рамалардан жылыжай салғанда шатырының құралымы екі кезеңмен қүрастырылады. Ең алдымен рамаларын, прогондарын және байланыстарын орындайды. Бұдан кейін жоғарғы және бүйір беттерінің шыныларын орнатады. Қаңкасын құрастыру эдетте жебесінің үзындығы 12 метрлік автокранмен қүрастырылады. Қүрастыру процесі кезінде орнықтылығын камтамасыз ету үшін әрбір жартылай рама-

ны құрастыру тұғырымен тіреп қояды. Екінші жартылай раманы, орнатканнан кейін оларды бұрандалардың көмегімен топсага бекітеді. Алғашқы жартылай раманы жерге кағылатын зәкірге, одан кейінгілерін бұрынғы орнатылған үлгілерге бекітеді. Жар­тылай раманы және олардың уақытша бекіткіштерін орнатканнан кейін құрылыстың сыртқы бойымен жүріп тұратын авто­кранмен іргетастық такталарды, кұбырлар мен байланыстардан тұратын прогондарды орнатады.

Рамаларды, прогондар мен байланыстырғыштарды орнатуды аяқтағаннан кейін жоғарғы және бүйір беткі жарық түсіргіш элементтерін құрастыруға кіріседі. Жарық беру элементтерін құрастыру сатылы баспалдақтардың көмегімен қолмен атқарылады. Жоғарғы жарық беретін бірінші элемент әбден дәлдікке келтіріліп барып дәнекерленеді, калғандарын үлгілердің көмегімен бекітеді.

Металды құбырлардан тұратын инелерден жасалатын жы­лыжай тұрғызған кезде автокран ғимараттардың ортасындатүрады және оны анкерлі бұрандалармен бекітілген іргетаска орната­ды. Жобалық жағдайда бірінші имені қосымша уақытша таңғыштармен ұстатып қояды. Екінші имені жобалық жағдайға келтіріп койғаннан кейін кран оны ұстап турады, бұл уакытта екінші кран орнатылған екі име аралығындағы үзынша прогонды орнатады. Осылайша берік  әрі орнықты құралым жасалып, оның элементтері дәнекермен ұстатылады. Бұдан кейін авто­кран келесі имелерді орнатуға көшеді.

 

  1. Жұмыс өндірісінің әдістерін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жабдықтарды таңдау

 

Еңбек және материалдық-техникалық шығындарды аз жұмсау арқылы зауыттарда дайындалған бөлшектер мен қүралымдардан үйлер мен ғимараттарды кешенді-механикаландырылған әдіспен тұрғызу селолык құрылыстың басты міндеті болып табылады.

Қазіргі уакытта селодағы құрылысты техникалық дамытудың негізгі бағыты ірілендіріп құрастыратын блоктар мен құралымдардан тұратын толык құрастырмалы құрылыстан тұрады. Бұл үшін металл, ағаш және пластмассадан жасалған жеңіл құрастырмалар кеңінен қолданылады.

Мүның бірінші бағыты жүк көтергіштігі артылған құрастыру механизмдерін, екіншісі ұдайы жұмыс жағдайында болатын ілмегі ұзартылатын крандар қолдану арқылы атқарылады.

Ауыл шаруашылығы үйлері мен ғимараттарын да олардың қамту және алатын ауқымын бөлшектеу арқылы орындайды. Құрастыру учаскелері мен жұмыс аукымының санын көбейту өндірістік процестерді құрастыруға, құрылыс объектісінің салыну уакытын қыскартуға және жұмыс тиімділігін арттыруға, негізгі өндірісін өрістету және өнімін шығару мерзімін жақындатуға жағдай жасайды.

Құрылыс тасқынында өндірістің біркелкілігі мен кідіріссіз жүру процестері кезең бойынша ұйымдастыру арқылы камтамасыз етіледі. Жұмыс орындағы процестерді біртіндеп жүзеге асыру технологиялық заңдылыкқа негізделген. Тұрғызылатын объектінің барлық жұмыс көлемін бірқатар процестерге бөлу және оларды бригадалар мен звенолар арасында бөліске түсіру мына жағдайға байланысты:

жұмыс көлемін бөлшектеуде объектінің құралымдық және технологиялық сипаттамаларының ерекшеліктері, сондай-ак жұмыстардың және механизмдерді қолданудың эдістері ескерілуі керек;

звеноға немесе бригадаға бөлінетін жұмыс көлемі жұмысшылардың бүкіл құрамының тегіс іс үстінде болуын камтамасыз етуі тиіс;

бір қамтымда орындаған жұмыстардың ауқымы келесі бри­гада үшін қажетті жұмыс көлемін қамтамасыз етуі қажет;

бригада немесе звено бір алмасуда орындайтын жұмыс көлемі жұмыстың белгілі бір каркынын қамтамасыз етуі тиіс;

жұмысты бөліп-бөліп атқарудың бір процесі кезінде жұмыстың жалпы көлеміне қарай әртекті жұмыстарды біріктіреді, сонда звено және бригада әртүрлі мамандықтың жұмысшыларынан күрастырылады;

технологияда қарастырылған бүкіл құрылыс процестерін атқаратын жұмысшылар кешенді бригадаларға біріктіріледі. Жұмысшылардың бір бөлігінің қосалқы мамандықтары болуы керек.

Осы жерде тауарлы өнімді тек объектілік және кешендік тасқындар шығара алатындығын атап айткан жөн. Өйткені мамандандырылған және дербес тасқындардың өнімдері тікелей пайдалануға беріле алмайды және кешендік тасқындардың тауарлар өнімдерін қалыптастыру кезінде оның қүрамдас бөлігі болып табылады.

Селолық құрылыстың өндірістік объектілерінің ерекшелігі сол, дербес тасқындарды, олардың дамытуының үздіксіз сипатына қарай жеке топқа бөлуге болмайды. Сондықтан дербес (жекеменшік) тасқындардың орындалуын тек қана мамандандырылған тасқындар дәрежесінде үздіксіз өндірістік процеске біріктіруге болады.

Селолык үйлер мен құрылыстар ды тұрғызуда қүралымдарды құрастырудың негізінен екі: кешенді және бөлек даралап әдістері анағұрлым кеңтараған.

Мұның біріншісі барлық қүрастырмалы элементтерді бір үяда, бір тұрғанда құрастыруды қарастырады. Бұл жағдайда үйді толық құрастырушы кранның бір жүріп өткенінде-ак жүзеге асырылады.

Екінші әдісте бүкіл үйдің құрастыруы барлык біртекті элементтерді (мысалы бағаналарды), бұдан кейін басқаларын ретімен орындау арқылы жүргізіледі.

Осы әдістердің артыкшылықтары мен кемшіліктері белгілі. Соған қарамастан ауыл шаруашылығы өндірісінің ғимаратта­рын тұрғызған кезде осы соңғы екінші эдісті қолдану анағұрлым тиімді. Ойткені олардың келемі онеркәсіптік объектілеріне қараганда соншалықты аумакты емес әрі каңкаларын құрастыру күрделі технологиялық жабдықтарды қажет етпейді.

Ауыл шаруашылығының, әсіресе тіреулі аралыкты мал шаруашылығының ғимараттарының элементтерін құрастыруға пайдаланылатын механикаландыру құралдары көбіне жүк котергіштігі шағын болып келеді. Сондықтан да жебесінің кұлашы мен ілмегінің биіктігінің кемуіне қарай бір объектіде кранды бірне-ше рет (45-тен 120-ға дейін) орын алмастыруға тура келеді. Крандарды жебе асты аймағында қолдану машина уакытын едәуір қысқартуға және ілмекті және жебесі кыска крандарға карағанда механикаландырылған жұмыстың өнімділігі экономикалык тиімділігін арттыруға жағдай жасайды..

Село құрылысына арналып арнайы жасалған АБҚС-5 үлгісіндегі кранды қолдану анағұрлым тиімді. Ол құрастыру жұмыстарын орындау ұзақтығын едәуір қыскартуға жағдай жасайды. Осы кранның айрыкша айырмашылығы сол, тасымалдық жағдайда оның мұнаралы жебелі жабдығы бұрылмалы платформа үстінде орнатылған топсаның кемегімен кай жаққа болсын еркін бұрыла алады.

Жебе орналастырылған жүк арбасын ілмегінің 2,5-тен 12 метрге дейін біртіндеп ұзаруын және 5-тен 1,5 тоннаға дейін жүк көтеруін қамтамасыз етеді.

Механикаландырылған стропылау және кайта ағыту операцияларына алыстан немесе автоматты басқару сұқпалы кұлпы бар стропты қамтығыш қолданылады. Стропты камту салмағы 11 тоннаға дейінгі темірбетондарды және болат аралыктарды көтеруге арналған. Боренелер мен фермаларды котеру және құрастыру үшін төрт қырлы арқалықтар не фермалардан тұратын траверстер қолданылады, строптарының шетінде алыстан басқарып отыру үшін сұпалы күліп бекітілген.

Ұзындығы 18 метр және салмағы 12 тоннаға дейінгі параллельді фермаларды көтеру және құрастыру үшін фермалардан, арқандардан, строптардан және төрт сұқпалы құлыптан тұратын траверс қолданылады. Ферманы ағыту құлыптың ағытпасына бекітілген арқанды тарту арқылы атқарылады.

Алдын ала ілмекпен жабдықталған жаппалар мен баска да құрастырмалы темірбетон тақталарын көтеру және құрастыру үшін автоматты қамтығыш қолданылады. Ол траверстен, бекіткіш механизмі, қатты тартпасы және камтығыштары бар рамадан тұрады.

 

  1. Объектінің бас құрылыс және жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері

 

Ауыл шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарының объектілік құрылысыныц бас жоспарын жобалау принципі өнеркәсіптік және тұрғын үй, азаматтық құрылыстардың құрылыстық бас жоспарын жобалаудың негізгі ережелеріне негізделген. Онда сол сияқты уакытша әкімшілік, тұрмыстык және өндірістік жайлар мен құрылыстар , механикаландырылған қондырғылар, уақытша коммуникациялар, материалдары мен құралымдар сақталатын жабық және ашық қоймалар, электр желісі мен жолдары көрсетіледі.

Селодағы күрылыста мал шаруашылығы кешендерін, құрама жем зауыттарын, элеваторларды және баска да агроөнеркәсіп кешенінің ірі объектілерін салған кезде ең алдымен құрылыс алаңынан тыс және ішкері тұрақты жолдар салынады. Ал уақытша және кірме жолдар бас жоспарда тұрақты жолдар қарастырылмаған немесе салынып жатқан объектіден қашық және оларды пайдалану құрылыстың қажетін қанағаттандыра алмайтын жағдайда ғана жобаланады. Сондықтан да уакытша және кірме жолдарды жобалау экономикалық және техникалық жағынан негізделген, тасылатын жүктердің түрлерін, қозғалыстың жиілігін және автокөліктердіңтүрлерін ескеру керек.

Уақытша ғимараттар мен құрылыстар  құрылыс алаңының орналасу және бұрыннан бар түракты ғимараттарды пайдалану жағдайын ескеріп барып тұрғызады. Уақытша тұрмыстық, санитарлық және кызметтік ғимараттардың қажеттігі құрылыс алаңында жұмыс істейтін жұмысшылардың санын, олардың тұрақты тұратын жерлерін, құрылыс алаңының елді мекеннен қашыктығын және тағы басқаларын ескеру арқылы салынады. Қалыптасқан құралымға қарай селолық құрылыста жұмыс істейтіндердің кәсіпкерлік құрамы пайыздық карым-катынасына мынандай болып келеді: 83 пайызы жұмысшылар, 13 инже­нер-техник қызметкерлер, 3 кызметкерлер және 1 пайызы кіші қызмет көрсетуші қызметшілер мен күзетшілер.

Селолык құрылыс жағдайында бетон дайындау тораптары мен қондырғылары әдетте құрылыс ұйымыныңтірек базасын-да, сондай-ак кұм, үсақ тас, қиыршык тас және басқалар жинастырылған орындарға тақау орналасады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілердің мерзімдік жоспарларын жасаған кезде құрылысты іске қосу кешендерін (объектілерін) ұйымдастыру карастырылады. Құрылысты кешендермен (объектілермен, ғимараттармен) ұйымдастыру олардың пайдаланылуы тұтасымен, жеке-жеке бөлмей тап-сыруды қарастырады.

Жұмысты ретімен жүргізу жалпы құрылыстық, құрастыру және арнайы құрылыс жұмыстарын өзара байланыстыруды қажет етеді. Құрылыстың жалпы салыну мерзімін қысқарту және жұмысшылар мен құрылыстағы машиналарды тиімді пайдала­ну үшін мерзімдік жоспарында жұмысты тасқынды әдіспен атқару және түрлі процестерді үйлестіру арқылы жүргізу қарас­тырылады. Уақыты жағынан жекелеген құрылыс процестерін ұштастыру барлықтұрғызылатын құралымдардың орнықтылығына және атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздік ережесіне сәйкес келуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ғимараттарын тұрғызуды қамту аймағына және учаскелерге бөлген кезде үяшық үлгі жұмыс ауқымының бірлігі ретінде пайдаланылуы мүмкін емес. Өйткені бұл жағдай жұмыс ауқымының шағындығына және объектіліктаскынды ұйымдастырудың қиындылығына негізделген. Сондықтан қамту аймағы ретінде ғимараттың анағұрлым ірі учаскелерін алған жөн. Мұндағы жұмыс көлемі звенолар мен бригадалардынтолықауысыммен барынша өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Жұмысты учаскелер мен қамту аймағына бөлшектеуде құрастыру механизмінің ыңғайлы және қауіпсіз жұмысын, тасымал құралдарының еркін жүрісін қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Құрастыру учаскелері мен камту аймағының санын көбейту өндірістік процестерді құрастыруға, құрылыстың мерзімін қысқартуға және жұмыс өнімділігінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Құрылыстың бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіші мыналар: уакытша жолдар мен инженерлік коммуникациялардың ұзындығы мен құны; құрылыс-құрастыру жұмыстарының сметалык күнының 1 миллион теңгеге жатқызылған уакытша ғимараттар мен құрылыстардың көлемі мен құны; құрылыстың жалпы құнындағы күрылыс шаруашылығының жалпы үлгісі мен кұны.

Жұмыстарды атқарудың мерзімдік жоспарының техникалык-экономикалык сарапталуы мынандай көрсеткіштермен жүзеге асырылады: сметамен салыстырғандағы өзіндік құны; құрылыс жұмыстарының механикаландыру дәрежесі және құрылыс алаңының 1 текше метр көлеміне немесе 1 шаршы метріне жұмса-латын еңбек; құрылыстың мөлшері немесе директивалык мерзімімен салыстырғандағы құрылысты салудың ұзақтығы.

Мерзімдік жоспардың негізгі көрсеткіштеріне құрылыстың салыну ұзақтығын қысқарту жатады. Мерзімдік жоспардың варианттарымен салыстырғанда өзіндік кұнды кемітуден алынатын экономикалықтиімділік мына формуламен анықталады

Эк = (СгС2) + Ен(К-К2),

мұндағы Cj-C, - кабылданған шешімге байланысты құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік кұны; Е - құрылыстың мөлшерлік коэффициенті; К,-К2 - негізгі және айналымдық өндірістік қор құнындағы айырмашылық.

 

  1. Агроөнеркәсіп кешендерінің ғимараттарын тұрғызу саласындағы  проблемалық мәселелер

 

Үйлер мен ғимараттардың құралымына күштің аз түсетінді-гімен құрылыс аландарының құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі шағын, бірак шашыранды орналасуы және тасымал байланыстармен канағатандырылғандығы, индустриаландыру мүмкіндігінің тар аукымдылығы және күрдёлі қаржыны тиімді пайдалану қиындығы  ауыл шаруашылығы құрылысын қарқынды дамыту жағдайында бірқатар өзекті мәселелерді шешуді талап етеді. Олар - көлемдік-жоспарлау және құралымдық шешімдері жетілдіру, тиімді құралымдық пен материалдарды қолдану, құрама құралымдарды дайындау мен құрастыруға жұмсалатын шығындарды және өзіндік кұнды азайту.

Жеңіл бетондарды, үйеңкі ағашынан және асбесті құралымдарды кеңінен қолдану-село құрылысын индустриаландырудың және үйлер мен ғимараттардың құралымдық элементтерінің

салмагын жеңілдетудің оңтайлы бағыты. Панельді құралымдардан селолық объектілерді тұрғызуда барынша жоғары тиімділікке қол жетеді.

Көлемдік-жоспарлау және тиімді шешімдерді таңдап алу аймақтықфакторларды және үйлер мен ғимараттарды пайдала­ну шарттарын ескеруге негізделуі тиіс. Белгілі бір құрылыс материалдарын ауыл шаруашылығы үйлері мен ғимараттарына пайдалану үшін алдымен әр материалдардың сол ортаға лайык қасиеттері ескерілуі керек. Егер де құрылысқа сол ортаға лайық емес материалдарды пайдаланатын болса, ол тез арада Бұлінеді.

Құрылыс-құрастыру жұмыстарын механикаландырудың маңызды шарттарының бірі - машиналардың параметрлерін дұрыс таңдап алу және олардың техникалык мүмкіндігінің өндірістік технологиялыкталабынасәйкес келуін анықтау.

Қолданылып жүрген жер қазатын  машиналардың селолық ғимараттардың жер асты бөліктерін жоспарлау мен үйлесімдік шешіміне техникалык сипаттамасына жасалынған талдаулар бір шөмішті экскаваторлардың шөмішінің ені іргетаска арналған ордың енінен едэуір артык екендігін көрсетеді. Бұл механизм күшімен, сондай-ак кол күшімен аткарылатын жер қазу жұмыстарының ауқымын ұлғайтуға соктырады. Сондықтан да селолык құрылыста шөмішінің ені ұзартып немесе шақтап отыру мүмкіндігі бар доңғалакты экскаваторларды қолданған тиімді.

Осы жерде озінің техникалық параметрі жағынан селолық жерлерде пайдалану талабынажауап беретін құрастыру жұмыстарын механикаландыруға арналған арнайы құралдар жасағаны жөн.

Селолық құрылыс өндірісінің жағдайы жүк қамтитын алмалы-салмалы қүрылғыларды әмбебап болуын талап етеді. Өйткені бұл түрлі құралымдықэлементтерін стропылауға, жүкті сенімді ұстап тұруға жағдай жасайды және орын алмастыру кезінде оның орнықтылығын камтамасыз етеді.

Село құрылысында құрамалы үйлер мен құрылыстар  эле-менттерін мәжбүр түрінде құрастыру эдісі кеңінен өрістетілуі керек. Бұл әдісті қолданғанда стропылау және қайта ағыту жұмысын қолмен атқаруды болдырмайды, технологиялыкбосқатұру азаяды, құрастыру цикілінің ұзактығын қысқартады.

Қүрылыс өндірісін жетілдірудің негізгі бағыттары құрылысты кешенді механикаландыру мен индустрияландыру, яғни оны біртіндеп зауыттык дайындама элементтерінен үйлер мен ғимараттарды тұрғызудың бірыңғай онеркәсіптік-қүрылыс процесіне айналдыру.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-14 12:40:53     Қаралды-4309

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »