UF

       Аннотация

 

 

         Хирургия пәнінен Қойдың алдыңғы аяғының  оститін емдеуге арналған ауру тарихы тақырыбына жазылған курстық жұмыс 32 беттен тұрады. 

         Менің курстық жұмысым кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден  тұрады.

 

 

                                                    Мазмұны

Аннотация

Белгілер  мен  қысқартулар

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Кіріспе………………………………………………………………………….......8

1Негізгі бөлім.................................................................................................... 9

1.1Сүйек аурулары, периоститтер..................................................................... 

1.2Оститтер..............................................................................................................

1.3 Сүйектің сынуы................................................................................................

2  Өзіндік   зерттеу- Ауру тарихы...........................................................................21

2.1Proanamnеsis............................................................................................. ....21

2.2  Anamnesis vitae................................................ ........................................ ....21

2.3      Anamnesis morbi...................................................................................... ....21

2.4  Status praesens universalis.. :................................................................... ....21

2.5 Status prаesens localis.....................................................................................22

2.6 Diagnosis.................................................................................................. ....22

2.7  Decursus morbi et therapia.................................................................. ....23

2.8 Epicrisis...........................................................................................................29

3 Техникалық   қауіпсіздік........................................................................................30

Қорытынды.................................................................................................................31

Пайдаланылған    әдебиеттер   тізімі.......................................................................32

 

                            

   Анықтамалар

 

Остит- сүйектің қабынуы

Сынық - сүйек бүтіндігінің бұзылуы

Сүйектің сынуы деп - бір күштің әсерінен сүйек ұлпасының тұтастығыны

бұзылуын айтады.

Остеобласталар - сүйек құраушы клеткалар

Дайындық кезең - жарақаттанған уақыттан басталатын процесс

Сүйелдің  сүйектенуі  -  сынықтар  қосылған  кезеңнен   10-12  тәуліктен   сон басталатын процесс

Сепсис - жалпы іріңді инфекцияға айналу

Толық сынық - сүйектердің ұштары бір-бірімен түйіспейтін сынық түрі

Жартылай сынық - сүйектерді шытынап, жартылай сынуы

Ашық сынық деп - терісі зақымданған сынық түрі

Жабық сынық - терісі аман сынық түрі

 

 

 Белгілер мен қысқартулар

 

м2  -  шаршы  метр       

м3 – метр куб, көлем

м – метр

% - пайыз

°С – температура

мг/ м3 – көлем

г – грамм

кг – килограмм 

ЖК - жарақат

 

 

                               Нормативтік   сілтемелер

 

Осы  курстық жұмыста  келесі  нормативтік  құжаттарды  қолдануға  сілтемелер  жасалған:

      МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі  жазбалар.

      МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.

      МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану  құжаттары.

      МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық  шрифттер.

      МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері  мен  типтері.Орындауға  қойылатын  жалпы    талаптар.

      МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік  белгілеу.

ГОСТ 2888-68 - Ветеринарлық термометр

ГОСТ 1770-74 -  Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

ГОСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

ГОСТ 5962-67 -  Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

ГОСТ 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

ГОСТ  24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

ГОСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

ГОСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар

 

      Кіріспе

         Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оны толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сыньш кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.

     Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қыскарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.

      Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бүзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.

     Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод түнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып танып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сү-кабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сымтемірден жасалған таңғыштар пайдаланылады.

    Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады.

     Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.

     Ірі малдардың эсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз.

     Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.

 

                                                    

 

      1 Негізгі бөлім

 

      1.1 Сүйек аурулары, периоститтер

 

      Сүйек құрылысы ауызша айтылады.

      Периоститтер – сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға ажыратады:

1. Жарақаттанудан, қабынудан және токсикалық.

2.Патолого-анатомиялық өзгерістерге байланысты – сероздық, сероздық-фибриноздық, іріңді, фибринозды.

3. Клиникалық ағымына байланысты – жіті және созылмалы.

4. Таралу дәрежесіне қарай – шектелген, диффузды және көптік.

Серозды және іріңді жіті өтеді, ал қалғандары созылмалы түрде жүреді.

Серозды периостит /periostis serosa/ жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектерде болады.

      Этиологиясы – сүйек қабығының жабық механикалық зақымдалуынан болады.

      Патогенез: зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну, гиперемия, клеткалық – сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің серозды – фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат сорылып кетеді және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде жіті қабыну созылмалы – фибриноздыға немесе оссиферлеуші периоститке айналуы мүмкін.

      Клиникасы: ыстық, ауырсыну, ақсау пайда болады.

      Емдеу: тыныштық, құрғақ суық, қысатын таңғыштар, одан кейін жылылық процедуралар.

      Іріңді периостит /periostitus pirilenta/ сүйек қабығының балқып, тесіліп, абцесс пайда болумен сипатталатын сүйек қабығының іріңді қабынуы.

      Этиология: біріншілік және екіншілік.

      Патогенез: Кішкентай абцесстерде ірің сорылып кетеді немесе сыртқа ағып кетеді, қуыс грануляциялы ұлпаға толып, ол кейін остеоидты, содан кейін сүйек ұлпасымен бірігіп әр түрлі қатты түзілістер түзеді.

      Ауыр ағында өтсе кариеске, сүйек некрозына, тіпті остеомиелитке айналуы мүмкін.

      Клиникалық белгілері: температура көтерілуі, әлсіздік, жергілікті ісік, қатты ауырсыну, ақсау.

      Болжау: уақытында емдесе – емделеді.

      Емдеу: антибиотиктермен бірге қысқа новокаинді блокада, спирттік  таңғыштар, артерия ішіне және сүйек ішіне антибиотиктер енгізу, өлі ұлпалардан арылту, симптоматикалық емдеу.

      Фибринозды периостит /periostikus fibrosa/ сүйек қабығы жағынан фибринозды дәнекер ұлпа өсуімен сипатталады. Көбінесе дистальді бөліктен өсіп шығады.

      Этиологиясы: сүйек қабығының ортаңғы және беткейлі қабаттарының қайталап механикалық зақымдалуы, сіңір-байланыс аппаратындағы және жұмсақ ұлпалардың сүйек қабығының тітіркенуін шақыратын созылмалы қабыну үрдістері.

      Патогенез: Тамырлар қабығынан ірі-дисперсті белок-фибриногендер кіреді, шыққан экссудат сүйек қабығының фиброзды жіпшелеріне сіңеді, фибрин шөгеді. Кейін жіті қабыну көріністері жоғалғаннан кейін фиброзды периостит сақталған созылмалы түрге айналуы мүмкін.

      Клиникалық белгілері: Тері астында аздап ауыратын ісінулер пайда болады, температура көтерілмейді.

      Емдеу: Жылылық процедуралар, сынап майымен ысқылау, иод препараттарының ионофорезі, диатермия.

      Оссифицирлеуші периостит /periostitus ossificans/ - сүйек қабығы жақтан сүйек ұлпасының өсуі.

      Себептері: механикалық зақымдалулар, қабыну процестері.

      Патогенез: остеобластардан остеоидты ұлпа дамиды, ол кейіннен жай сүйектен қаттырақ сүйек ұлпасына ауысады.

      Клиникалық белгілері: пальпация жасағанда қатты зат білінеді.

      Болжам: Ақсақтық болмаса қауіпті емес.

      Емдеу: парафинді және озокеритті апликациялар, тітіркендіргіш мазьдармен ысқылау, тері астына иодтың спиртті ерітіндісін немесе сулеманы енгізу. Оперативтік жолмен алып тастау.

      Уытты / токсикалық/ оссифицирлеуші остеопериостоз / osteoperiostosis ossificans toxica / - сүйектің қабыну белгілері байқалмайтын пролиферативті үрдіс. Трубка тәрізді сүйектің бетінде көптеген оссифирлеуші қабаттанулар пайда болады, көбінесе иттер ауырады.

      Этиопатогенез: себептері анықталмаған: зақымданған ошақтардың улы заттарының тітіркендіріп әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

      Клиникалық белгілері: сыртқы белгілері және жергілікті қабыну үрдістері байқалмайды. Жылқыларда шынтақ сүйектерінде, иық және тізе сүйек эпифизінде, саусақ және фалангтарда пальпация жасағанда гиперстоздар байқалады.

      Диагноз: рентгенографиямен бірге клиникалық.

      Болжам: жазылмауы мүмкін.

      Емдеу: негізгі ауруларды жою.

     

      1.2 Оститтер

 

      Оститтер – жеке ауру ретінде сирек кездеседі, әдетте сүйектің барлық элементтері – сүйек қабығы, сүйек, эндоост және сүйек кемігі зақымдалады. Клиникалық белгілері бойынша – жіті және созылмалы; экссудат сипатына қарай – асептикалық және іріңді, ал патоморфологиялық өзгерістеріне қарай – конденсирленген және сиретілген деп ажыратылады.

      Асептикалық остит / оситис асептика / - жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектердің механикалық зақымдалуы, сонымен қатар көрші ұлпалардағы қабыну үрдістерінің ауысуы нәтижесінде болуы мүмкін.

      Патогенез: қабыну үрдістері тамырлар гиперемиясымен және лейкоциттердің жаппай көшуімен экссудаттың ағуымен өтеді.

      Сүйек негізінің қабырғаларының бұзылуының нәтижесінде гаверс каналдары үлкейеді, лакундар түзіледі, сүйек сиретіледі, сондықтан қабыну үрдісі сиретілген остит деп аталады. Инфекция түспесе қабыну эксудаты сорылып кетеді, лакундерге дәнекер ұлпа және остеоидті ұлпа толады, ол кейін жаңа сүйек ұлпасына ауысады. Сүйектің осындай жаңа түрінің түзілуі конденсирленген остит стадиясы деп аталады.

      Клиникалық белгілері: Пальпацияда және перкуссияда ауырсыну реакциясы байқалады, бұл сүйек қабығының зақымдалғанын көрсетеді, ақсақтық байқалады.

      Диагноз: клиникалық және рентгенография.

      Болжам: жазылады.

      Емдеу: тыныштық, алғашқы тәуліктерінде суық басу, таңғыштар. Жіті қабыну үрдістері кеткеннен кейін  жылытатын компресстер қою, кондинсерленген оститте парафин, озокерит.

      Іріңді остит / оститус пирулента / - біріншілік және екіншілік кокты микрофлораның енуі. Жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.

      Жіті іріңді остит / оститус парулента акута / - қабыну ошағында сүйек ішілік тамырлар қысылады, қан және лимфа айналу бұзылады, микробтардан улы өнімдер пайда болады, тамырлардың тромбозы және оның қабырғаларының некрозы, сүйек аймағының өліеттенуі.

      Клеткалық элементтер босаған ферменттермен бірге тірі және өлі шекарасында сүйек ұлпасын бұзады. Жиірек қабыну үрдісі сүйек қабығына ауысып оның қабынуын шақырады / іріңді периостит / немесе сүйек ішіне еніп оның кемігін зақымдайды  /іріңді остеомиелит/.

      Көптеген жағдайларда ойықтар пайда болады, ол жерлерде қабыну болуы мүмкін.

      Клиникалық белгілері: ауыр ағында өтеді, жоғары температура, қатты ауырсыну, ақсау, зақымданған сүйек қалыңдайды.

      Диагноз: клиникалық және рентгенография.

      Болжам: күдікті және қауіпті.

      Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, алғашқы сатысында спиртті – кептіргіш таңғыштар, спиртті – қыздырғыш таңғыштар, новокаинді блокада, оперативтік араласулар.

      Кариес – сүйек язвасы түзілетін сүйек ұлпасының шектелген ұсақ дәнді ыдырауы.

      Этиология: сүйек ұлпасын қоршаған жұмсақ ұлпалардың қабынуы, Инфекциялық аурулар /туберкулез, актиномикоз/.

Гиповитаминоз, жүдеу, зат алмасуының бұзылуы.

Патогенез: ұзақ ағында өтіп, сүйекті бұзады.

      Клиникалық белгілері: іріңді ойықтар түзіледі, жітіде пальпация жасағанда ауырсыну, созылмалыда – ауырмайды.

      Емдеу: іріңді жарады, ірің ағуына жағдай жасайды. Кариозды тістерді жұлады.

      Остеомиелит / остеомилитис/ сүйек кемігінің қабынуы, асептикалық және инфекциондық түрлерін ажыратады. Өту ағымына қарай жіті және созылмалы деп бөлінеді.

      Этиология: сүйек жарақаттануы, суу, жүдеу, гиповитаминоз.

      Келесі себебі: жабық механикалық зақымдалу – асептикалық, стафилококтардың немесе басқа микрофлораның сүйек кемігіне енуі.

      Патогенез: асептикалық үрдісте өтсе жазылуы мүмкін. Іріңді түрде жіті диффузды қабыну болып, ұлпа серозды – фибринозды сұйыққа толады.

      Гематогенді остеомиелит – жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.

      Клиникалық белгілер: жоғары температураның кенеттен көтерілуі, зақымданған жерде ыстық ісіктер пайда болады, пальпацияда ауырсынады, қатты ақсайды, жергілікті лимфа түйіндері үлкейген, рентгенографияда сүйек деструкциясы көрінеді.

      Диагноз: рентгеноскопия, клиникалық белгілер.

      Болжам: күдікті және қауіпті.

      Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, күтім. Сепсисті болдырмау үшін антибиотиктер, сульфаниламидтер, Кадыковтың камфорлы сұйықтығы, новокаинді блокада, қан құю.

      Сүйек ішіне антибиотиктер қолдану /эритромицин, кевзол, эпициллин/.

      Сүйекті қарқынды түрде бұзып жатқан остеомиелитте хирургиялық емдеу, зақымданған аймақты алып тастау, іріңді экссудаттың ағуына жағдай жасау, кюретаж. Қуысты фурацилинмен жуу эфир – спиртпен жуу, тыныштық.

 

      1.3 Сүйектің сынуы

 

      Сүйек сыну – жұмсақ ұлпалардың зақымдалуымен бірге жүретін, механикалық әсерден сүйектің бүтіндігінің жартылай немесе толық бұзылуы. Мысалы соққы, ұрып алу, құлау т.б.

      Уақытына қарай туа біткен және жүре келе пайда болған деп бөлінеді. Сөзбен: жабық – егер тері бүтіндігі сақталса, ашық – терең ұлпалар мен тері бұзылса. Трубкалы сүйектің локализациясына байланысты – эпифизарлы, метафизарлы және диафизарлы. Зақым дәрежесіне байланысты – толық емес және толық.

      Клиникалық белгілер: Толық еместе: қызметінің бұзылуы, пальпацияда ауырсыну.

      Толық: ауырсыну, қызметінің бұзылуы, зақымданған сегменттің дефигурациясы, сүйектер буыннан тыс қозғалады, сүйек крепитациясы.

      Диагноз: клиникалық, рентгенография.

      Емдеу: алғашқы көмек, иммобилизация.

      Жабық сынықтарды консервативті емдеу: а) бөлектенген сынықтарды орнына келтіру.

б) орнында салынған сынықтарды иммобилдеу.

в) жараның регенерациясына және стимуляциясына жағдай жасау. Шокты болдырмау, бұлшықеттерді босаңсыту, жергілікті жансыздандыру.

      Ірі жануарларда иммобильдеуші таңғышты 35-40 күннен кейін, ұсақ малда 20-25 күннен кейін шешеді. Гипсті таңғыштардың кемшіліктері сөзбен айтылады.

      Ашық сынықтарды емдеу: ауырсынуды азайту, өңдеу, гипс. Сынықты оперативтік жолмен емдеу: сүйек сынықтарын бекіту: 1) оларды кетгутпен, жібекпен, сым темірмен тігу. 2) шұрыптар көмегімен металл пластиналармен бекіту. 3) сүйек – кемік каналына металл немесе пластмасс штифт енгізіп бекіту. 4) әр түрлі бекіткіш аппараттар қолдану – Илизарова, Гудушаури, Рахимкулова т.б. 

 

 

  2 Өзіндік зерттеу – Ауру тарихы

 

Өзіндік зерттеу жұмысымды Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Агроөнеркәсіп факультеті «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасының клиникасында жүргіздім. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, қойдың алдыңғы аяғының оститін  емдедім.  Емдеу барысында ветеринария ғылымының докторы, профессор Ілиясов Б.К. жетекшілік жасады.

 

2.1 Proanamnesis

 

    1.Амбулаториялық журналдағы тіркеу нөмірі – 35

    2.Емдік мекеме мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтурсынов көшесі.

    3.Емдік мекеме аты: ОҚМУ, Агроөнеркәсіп факультеті, ВМжЗ»кафедрасының ветеринарлық  клиникасы.

   4.Мал түрі –қой

   5.Жынысы –еркек

   6.Түсі – Қара

   7.Жасы – 3жасар

   8.Салмағы – 25 кг.

   9. Лақап аты – Барон

   10.Иесі – Налибаев М

   11.Ауырған күні – 01.02.2011ж.

   12.Сауығу күні – 11.02.2011ж. 

   13.Иесінің мекен - жайы: Шымкент қаласы, Ынтымақ елді мекені,  Абай 12

   14.Алдын ала қойылған диагноз: Қойдың алдыңғы аяғының  оститі

 

    2.2 Anamnesis vitae

 

    Барон 4 жаста. Ол ауладағы қорада   тұрады. Оның азық рационында қоректік заттардың (витаминдер, минералдар, белоктар т.б.) барлығы өз нормасымен беріледі. Иесінің айтуынша Барон қасындағы қойлармен сүзісіп алдыңғы аяғының сүйегін ауыртып алған.Егесі алдыңғы аяғының сынығына  күдіктеніп, қойды  клиникаға емдеуге алып келген. 

 

    2.3 Anamnesis morbi

 

    Баронның азыққа тәбеті тартпай, дене қызуы көтеріліп, әр жерге жата береді,аяғын ақсаңдап басады.    Алғашқыда  жабығу,  әлсіреу, азыққа зауқының жоқ болып, ауырған аяғын қайта – қайта жалап мазасызданған.   

 

   2.4 Status prаesens universalis

 

     Тері мен оның өнімдерін тексеру: Терінің ылғалдылығы біркелкі. Тері температурасы ыстық, дененің симметриялық бөлімдерінде бірдей. Оң жақ аяғында жарақат білінеді. Пальпация арқылы тексергенде, қой қол тигізбей мазасызданады. Жарақаттан сұйықтық ағып тұр.

      Кілегей қабықтарын зерттеу. Ауыз қуысының, көздің т.б. кілегей қабықтары ақшыл қызғылт түсті, ылғалдылығы төмендеу.

      Қаңқа сүйектерін зерттеу. Қаңқа сүйектері – қалыпты, ешбір өзгеріссіз, тек  оң жақ аяғын ақсаңдап басып, жата береді. Қолмен басып көргенде ауырсыну байқалады..

      Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу. Жүректі клиникада зерттегенде ауруын анықтаудың негізгі тәсілдері мынадай: жүрек серпінін сипап білу, жүрек соғуын қағып және тыңдап білу.

      Жүрек серпінін сипап білу қошқарда жүрек серпінін 3-5-ші қабырғалардың арасынан сипап байқайды.

     Жүрек соғуын тыңдап білу, мысықта  жүректің клапан аппаратының дыбысы неғұрлым айқын естілетін жерлері жылқыдағы сияқты, бірақ қос қалқанды клапанды көкірек қуысының төменгі үштен бірінің орта шенінен жоғарырақ, ал қолқаның жарты ай тәрізді  клапандарын – иық буынының тұсынан тыңдаған жақсы.

     Жүрек-қан тамыр жүйесін фонендоскоппен тыңдап зерттегенде, тамыр соғысы 100-105 рет, яғни ауытқуы жоқ. Жүрек саздары қалыпты, бірақ ырғағы жылдамдаған.    

     Лимфа жүйесін зерттеу. Лимфа түйіндерінің қалыпты екенін зерттеу. Бездердің көлемі кіші қабынулық патология білінбейді.

     Жақ асты жұп безін зерттеп қарағанда, кішкене дөңестілік немесе ісінулер, қабынудың себебінен онша байқала қоймайды.

     Жүйке жүйесін зерттеу. Қойдың аяқтары, құйрығы, жамбас белдеуі жүйке жүйелері рефлекстері жақсы сақталған. Ине тығу арқылы да байқап көрдік. Онда рефлексті жауап білінеді. Ауырсыну сезімдері байқалады.

     Көз, құлақ, т.б. ағзалардың рефлексін зерттедік.

     Әдетте өкпенің күйін перкуссия арқылы зерттеп гидроторакс, т.б. патологияларды зерттейді. Ондай індеттік клиникалар жоқ.

    Тыныс алу жиілеген, минутына 87 (орташа). Кейде біраз ентігеді.

     Ас қорыту жүйесін зерттеу. Қойдың жалпы ас қорыту жүйесі қалыпты қызмет атқарады. Азыққа тәбеті тартпай, самарқау қарайды.

     Несеп жүйесін зерттеу. Несеп жүйеінде ауытқулар жоқ.

 

     2.5 Status prаesens localis

 

   Баронның жалпы жағдайы төмендеу. Адамға жақындауға қорқады, әсіресе оң аяғын ұстатпайды.

   Аяғын қолмен сипап көргенде оң аяғында жарақат барын және сүйектің қабынғанын байқадық. Қойдың  алдыңғы аяғының сол жақ медиалды бөлігін пальпация жасағанымызда қатты ауырсыну белгілері байқалады, сонымен қатар жергілікті қызуы бар. Пальпациялау кезінде қолымызға сүйектің жарыншақталған ұштары білінеді.

 

2.6 Diagnosis

 

   Баронның  иесінің берген мәліметтеріне, клиникалық белгілері мен көзге айқын көрінетін белгілеріне, қосымша зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып түпкілікті диагнозды қоюға болады: «Қойдың алдыңғы оң аяғының сүйегінің қабынуы». Ауру асқыну үстінде.

 

2.7 Decursus morbi et therapia

 

   Операциялық стол дайындап, қойды фиксациялаймыз. Қолды жуып, арнайы қолғап киеміз.Жарақатқа   қолданылатын   амал  -   жергілікті   емдеу   және    жалпы   емдеу.    Жергілікті   емдеу   кезінде    жарақат   төңірегіндегі   теріні   70   пайыз   спиртпен   сүртеді,   2  пайыз   салицил    спиртімен   немесе   1-3   пайыз   спирттелген    көк    метилен   ерітіндісімен,   немесе   спирттелген   бриллиант    жасыл   сұйығымен   тәптіштей    жуылады,  жарақат   пайда   болған   жердің     төңірегіндегі   жүнді    қырып   тастайды. Жарақаттанған жерде  гемоторакстың бар  -жоғын анықтадық. Осы мақсатпен кеуде қуысын ақырындап саусақпен соғып байқадық. Сол кезде дүңкілдеген дыбыс естілмеді, яғни гемоторакс жоқ.   

 

Күні

Дене қызуы

Тыныс алуы

Тамыр соғуы

Decursis morbi

 Decursis therapia

01.02.11

38,5С

65

90

Жарақат жердің жүнін қырқып, спиртті иодпен сүртеміз де, сол жердің тері астына новокаин ерітіндісін  жергілікті жансыздандыру үшін саламыз.

Баронға  тыныштық беріп, жараны жуып, тазалайды. Қойдың аяғына таңғыш саламыз.

Rр:Calipsoli ketamini-2,0

 D.S.бұлшық етке

 

Rр:Sol. Novokaine 10,0

D.S.анестезия үшін

 

 

 

02.02.2011

38,4С

64

85

Қойдың иесі қоңырау шалып қойдың аяғындағы таңғышқа үйренбей жатқанын хабарлады.

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.

              

Rp: Кофеин           

D.s.  тері астына

                

Rp: 0,5-10% калий перманганаты

D.s.Жараны жууға.

 

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

 

 

 

 

 

 

 

03.02.2011

38,4С

64

90

Қойдың жалпы күйі жақсы. Орнынан тұрып жүргісі келеді.

Азық қабылдай алады. Аяғын ауырсынады.

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

 

04.02.2011

38,4С

64

88

Қойдың жалпы күйі алдыңғы күндерге қарағанда жақсарған. Қатты ауырсынады, тәбеті онша емес.

 

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.

              

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

 

 

               

 

05.02.2011

38,2С

74

87

Қойдың жалпы күйі алдыңғы күндерге қарағанда жақсарған. Азық қабылдай алады.

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

               

Rp: Кофеин

D.s.тері астына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

06.02.2011

38,2С

67

88

Күннен күнге қойдың халі жақсара түскен. Азық қабылдауы нашар. Әлі аяғын ауырсынады.

 

 

 

 

 

 

 

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

 

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

 

07.02.2011

38,1

74

81

Күннен күнге қойдың халі жақсара түскен. Азық қабылдауы жақсы. Әлі ауырсынады.

 

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

08.02.2011

38,0С

74

81

Күннен күнге қойдың халі жақсара түсуде. Азық қабылдауы жақсы. Әлі ауырсынады. Орнынан тұрып жүргенде ақсаңдағаны басылды.

 

 

 

 

 

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

 

Rp: Кофеин

D.s.тері астына

 

Қойды серуендету,

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

 

09.02.2011

37,5С

65

85

Күннен күнге қойдың халі жақсара түсуде. Азық қабылдауы жақсы. Әлі ауырсынады. Орнынан тұрып жүргенде ақсаңдағаны басылды.

 

 

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға Қойды серуендету

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

 

10.02.2011

36,9С

64

72

Күннен күнге қойдың халі жақсара түсуде. Азық қабылдауы жақсы. Әлі ауырсынады. Орнынан тұрып жүре бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

 

Қойды серуендету

тағайындалды.

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

 

11.02.2011

36,5

64

72

Қойдың халі жақсара түсуде. Азық қабылдауы жақсы. Ауырсынбайды.

Rp: 20% глюкоза

D.s.Тамырға

 Қойды серуендету

тағайындалды.

С, Д витаминдерін беру,  фосфор мен кальцийға бай азықтарды беру қажет,  соллюкс шамымен, ионофорез қолданады.              

 

 

   

      2.8 Epicrisіs

 

      Баронның диагнозын дер кезінде анықтап, жергілікті емдеу жүргізу арқасында,  ауруын асқынтпай , аман алып қалдық. Жалпы жағдайы бірқалыпты. Азық қабылдауы жақсы, онша ауырсынбайды. Орнынан тұрып жүре бастады, Қолмен ұстап қарағанда сүйегінің іскен жері қайтқан.     

     Сынықтың жазылу құбылысын шартты түрде 4 кезеңге бөледі.

     Дайындық кезең (жарақаттанған уакыттан басталады) аққан қанның фибрині бөлініп, сынған бөлшектердің ұшына жинақталады, қабыну процесімен катар экссудация,   лейкоциттердің   ауысуы,   фагоцитоз,   қан   қоюлығының   және зақымдалған  ұлпаның  таралуы,   бір  мезгілде   сынған   бөлшек  ұштарынын детерализациялануы және капиллярлардың қалыптасуы өтеді.

      Дәнекер ұлпа сүйегінің түзілуі (3-4 тэулік) қан қүрамында сүйек қабығыкын остеогенді торшалары эндооста, сүйек майы, капиллярлар еніп өседі де, олар біртіндеп остеобласталарға (сүйек күраушы клеткалар), ал аралық заттары -коллагендік талшыктарға айналады, соңында сынықтың ұштары бірігеді.      

      Сүйелдің сүйектенуі (сынықтар косылған кезеңнен  10-12 тәуліктен соң басталады) процесс жинақталған кальций тұзы мен фосфордың есебінен жүреи және жүйесіз түрде өтеді, айтарлықтай мөлшерде сүйек ұлпалары өседі,                                                             

жылқы мен иттің сыныктары 35-45 күнде, сиыр мен шошкада 25-23 күнде бітелеш, бірак жаңа пайда болған ұлпа толық  анатомиялық және қызмет атқара алмайды, закымдалған мүше функциялары жайлап орнына келе бастайды.                          

      Сүйек сүйелінің ақырғы түзілуі бірнеше айға созылады, Бұл кезде сүйек балкалары жайылып сіңеді, ал кысым бекемделеді.

 

 

 

      3Техника қауіпсіздігі

 

     Операция жасалып жатқан кезде, санитарлар әр түрлі жолмен түскен, бөлінген ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп дезинфекция жасайды; операциядан кейін келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды; арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады; операция жасардың алдында тағы да соңғы рет шаң - тозаңның сүртіп тазаланады.

 Операция бөлмесінде температура 22 - 25 °С, 50 % - дық ылғалдылық және тоңазытқыш болу керек.

 Операция бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампалар қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал -жабдықтар және т.б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцидті ультра күлгін лампаларды операциялық бөлмелерде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда, олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метрлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр 2 метр сайын қою немесе жылжыту керек.

     Операциялық бөлмеде адамдар болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек лампаларды 2-3 сағат қоюында микробтар едәуір азайса, 6-8 сағатта 50-80 пайызға кемиді. Егерде лампалармен бірге операция бөлмесін ауамен тоңазытса, онда микробтардың жойылуы 75-90 пайыз артатындығы анықталған.

  Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы дезинфекция жасалса, асептикалық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3,5 есе азайғандығы дәлелденген. Операция бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау операция жасайтын жерді өңдеу, тігін - таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

      Хирургиялық клиникада жүмысқа кіріспес бұрын, студент тек қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды. Кейіннен клиникада оқуды өту бағтында сол малдар оның пациенттері болады.

 Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатынын сөзсіз екеніне қүбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты оперативтік хирургияны толық зерттеу үшін, студенттерге анатомия, физиология, дерттік физиология, фармокология және басқа да пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

 

 

      Қорытынды

      Қорыта айтқанда,  остит дегеніміз  сүйектің қабынуы, ал сынық  дегеніміз  латын  тілінде - fractura, сүйек бүтіндігінің бұзылуы.

     Мал сүйегінің ісінуі, сынуы жиі кездеседі. Оны толық (малда сүйектердін ұштары  бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мүлда шытынап, жартылай сынып кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.

     Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қысқарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.

     Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бұзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.

     Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод тұнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып таңып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сұкабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сымтемірден жасалған таңғыштар пайдаланылады. Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады.

      Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.

     Ірі малдардың әсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз. Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.

     Сүйегі сынғанда, буыны тайғанда, жарақаттанғанда малға жедел жәрдем көрсетілуі тиіс. Ол үшін аққан қанды тез тоқтатып, ауырсынғанын басады және мироорганизмдерді зақымданған етрі арқылы тканге түсірмеу жолын қарастырады. Ауырған малға алғашқы жәрдем тез көрсетілсе, асқыну кауіпті яғни жіті қан жоғалту, естен тану, микробтармен зарарлану азаяды.

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  

1«Мал   дәрігерлік   препараттар»   Алматы   1975ж.-126 бет.

2«Мал   дәрігерлігі   жөніндегі   анықтамалық»   Алматы   1982ж.   -     111бет. 3«Оперативтік    хирургия»     К.Қ. Мүрәлінов- 122бет.

4Шакалов   К.Н.,   Башкиров   Б.А.,   Семенов   Б.С.«Хирургические       болезни    сельскохозяйственных   животных».-146бет.

5«Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Оқулық –     Алматы: ЖШС «Сөздік-Словарь», 2005 - 140 бет.

6 Ілиясов   Б.К    «Алғашқы   ветеринариялық   жәрдем»,107 бет.

7 «Ветеринариялық хирургия», Б.К. Ильясов. -77 бет.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-10-09 20:50:57     Қаралды-14512

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »