UF
Загрузка...

1. Шетел нарқына шығудың мақсатқа сайлығы туралы шешім қабылдау

 

Халықаралық маркетингке фирмалар екі жолмен шығады: не біреу шетелде сауда ұйымдастыру сұрағымен шығады, мысалыға, басқа бір отандық нарық тұтынысынан асып түсуі не ол шетелде қолайлырақ маркетингілік мүмкіншіліктерді көруі.

Шетелге шығар алдында фирма өзінің халықаралық маретингтік міндеттерін және саяси нұсқауларын дәлдеп анықтауы қажет.

Шетелге шығатын фирмалардың көпшілігі шамалы мөлшерден басталады. Кейбіреулері бұл пинципті дәйекті кейін де ұстанады, өйткені шетелдік операцияларды өзінің кәсіпкерлік жұмысының шамалы ғана бөлігі деп санайды. Басқалары шетелдер нарқын отандас нарыққа пара-пар, тіпті оны маңызы жағынан жоғары санап, орасан зор жоспарлар жасайды. Екіншіден, фирма тек бірнеше ғана немесе көптеген елдерде маркетингпен айналысатынын шешіп алуы қажет. «Булова» сағат  компаниясы соңғы нұсқаға тоқтап, өз жұмыстарын жүзден арта елде ұйымдастырған. өз қуаттарын өте шашырандатып, тек қана екі ел бойынша табыс келтіріп, оның жалпы шығыны шамамен 40 млн доллар болған. Үшіншіден, фирма өзінің қандай түрлі жұмыс атқарғысы келетінін шешуі қажет. Шешім таңдалатын елдің ұнамдылығына, ұсынылатн тауарға, географиялық факторларға, табыс деңгейіне, тұрғындардың санына және құрамына, саяси климатқа және де басқа ерекшеліктерге байланысты болады. Сатушы жай ғана кейбір елдер тобына не дүние жүзінің кейбір региондарына кеңшілік жасауы мүмкін.

 

2. Қандай нарықтарға шығу қажеттігі туралы шешім

 

Мүмкін болар шетел нарықтарын қарағаннан кейін, фирма оларды іріктеуге және маңызына қарай бөлектеуге кіріседі. Мына бір мысалды қаралаық: «КМК» фирмасының жүргізген зертеуі біздің компьютерлерді өткізуге болатын мыңызды нарықтарға Англия, Франция, ГФР және Италия жақтарынан ашқан. Англия., Франция, ГФР көлемі жағынан бірдей, ал Италия нарқының потенциалы олардың әрқайсысы потенциалдарының үштен екісіндей. Барлық жағдайларды ескеріп, біздер ең алдымен Англияда орнығуға ұйғардық. өйткені оның біздің тауарларға деген нарық көлемі басқаларынікінен үлкен, бұл елдің заңдары және тілі біздердікімен ұқсас. әрине Англияның қиындық жағдайларға ұшыратуға келтіретін айырмашылықтары да жеткілікті, дегенмен, олардағы кәсіпкерлік орталық амрикандықпен ұқсас болғандықтан, бас жарып алу қаупі төменірек.

Нарықты таңдау жай қарапайым және онша ойлана қоярлықтай сияқты емес. Дегенмен, Англияны таңдарда негізгі фактор ретінде тіл және (маркетинг) мәдениет ұқсастығын ескерген дұрыс па деген сұрақ болуы мүмкін. кандидат елдерді мынандай критерийлер бойынша топтастыруға болады: 1) нарық мөлшері; 2) нарықтың өсу динамикасы; 3) істі жүргізу шығыны; 4) бәсекелестік басқа қауіптілік дәрежесі. Маңызына қарай ранжирлеу фирмаға қандай нарық жұмсалған капиталға ең жоғарғы және ұзақ уақытқа созылған табыс келтіруді қамтамасыз етуіне байланысты болады.

 

3. Нарыққа шығу әдістері туралы шешім

 

Қайсыбір елде өткізумен айналысамын деп шешкен фирма осы таңдалған нарыққа шығудың ең жақсы тәсілін таңдауы қажет олар талдауды экспортқа, бірлескен кәсіпкерлерге жұмысқа не шателде тікелей инвестициялауға тоқтатылуы мүмкін. әрбір келесі стратегиялық жол өзіне көбірек міндет алуды және қауіптіліктің өсуін сезінуді талап етумен қатар, жоғары табыстан да дәмелендіреді. Шетел нарқына шығудың барлық осындай стратегиялары әрбір нақтылы жағдайда мүмкін болатын жұмыс варианттары 1 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1. Шетел нарықтарына шығу стратегиясы

 

Экспорт жанама марке-тинг. Отандас саудагер-экспорттер арқылы. Отандас экспорт бойынша агент арқылы. Отандас кооперативтік мекеме арқылы. Тікелей экспорт. Өз еліндегі экспорт бөлімі арқылы

Бірлескен кәсіпкерлік жұмыс

Тікелей инвестициялау

 Өткізу бөлімдері не шет елдегі филиал арқылы. Экспорт операциялары бойынша коммерционерлер арқылы. Шетел дистрибьюторларыне агенттері арқылы

Лицензиялау. Мердігерлік өндіріс. Контракт бойынша басқару.

Құрастыру кәсіпорындары өндіріс кәсіпорындары.

 

Экспорт

 

Шетел нарқында жұмыс атқаруға кірісудің ең қарапайымы экспорт болып табылады. Жүйеленбеген экспорт – бұл кейде фирма өзінің артық тауарларын шетел фирмалары өкілі болып табылатын жергілікті көтермелерге сататын пассивті деңгейде араласу. Активті экспорт – фирма өзінің экспорттық операцияларын нақтылы нарықтарға кеңейткісі келетін жағдайларда орын алады. Осы екі жағдайда да фирма өз тауарларын өз елінде шығарады. Тауарларды ол экспортқа жетілдірілген түріде де, жетілдірілмеген түрінде де ұсынады. Стратегияның үш вариантында экспорт фирманың тауар ассортиментіне, оның құрамына, күрделі қржылауға және жұмыс бағдарламамсына минималды өзгеріс кіргізуді талап етеді.

Фирма өз тауарын екі тәсілмен экспорттауы мүмкін: тәуелсіз халықаралық маркетингтік делдалдар қызметін пайдалануы мүмкін (жанама экспорт); не экспорт операцияларын тікелей жүргізу. Жанама экспорт тәжірибесі өздерінің экспорттық жұмысын жаңадан бастаған фирмалар арасында көбірек тараған. Біріншіден, ол үрделі қаржыны азөырақ талп етеді. Фирма шетелде өзінің жеке сауда аппаратын ұйымдастырмайды, не контакт жүйесін жөнге салмайды. Екіншіден оның қауіптілігі төменгі дәрежеде. Халықаралық маркетинг делдалдар – бұл отандас саудагерлер-экспортерлер отандас экспорт бойынша агенттер не кооператив мекемелер. Демек, бұлар осы жұмысқа өздерінің мамангерлік білімдерін іскерлігін және қызметін алып келушілер, сондықтан сатушы дағдылы жағдайда қатені көп жібермейді. Бірлескен кәсіпкерлік жұмыс шетел нарқына шығудың жалпы бағытының бір серіктес елдің коммерциялық кәсіпорындар мен күш біріктіріп өндірістік және маркетингілік қуаттарды ұру мақмсаттары. Бірлескен кәсіпкерлік жұмыстың экспорттан айырмашылығы оның нәтижесінде серіктестік құралады. Оның нәтижесінде шет елдік қайсібір өндіріс қуаттары ұйымдастырылады. Ал оның тікелей инвестициялардан айырмашылығы әріптес елде қайсібір жергілікті мекемемен бірлестік құрылады. Бірлескен кәсіпорындардың төрт түрі бар:

- Лицензиялау. Бұл өндірушіні халықаралық маркетингке қатыстырудың ең қарапайым түрі. Лицензиялар шет елдегі лицензщиятпен келісімге келіп оған өндірістік процесті тауар белгісін паттентте сауда құпиясын не басқа бір маңызды құндылықты пайдалану құқын гонарарға не лицензиялық төлемге алмастыруға кіріседі. Лицензиялар нарыққа минималды қауіптілікпен шықса, лицензият нөлден бастамайды. өйткені ол өндірістік тәрбиені жақсы таныс тауарды не атақты бірден алады. Лицензиялық операциялардың көмегімен «Гербер» фирмасы балалар тамағына арналған азық-түлік Жапон нарқына шығарған. «Кока-кола» фирмасы өзінің халықаралық маркетингілік жұмысын дүниенің түрлі бөліктеріндегі әртүрлі кәсіпорындарға лицензия беру арқылы іске асырады. Дәірек айтқанда оларға сауда жеңілдіктерін беру арқылы сусындар дайындауға қажет. Концентратты фирманың өзі береді. Лицензиялаудың потенциалды кемшілігіне фирманың лицензияты бақылау дәрежесінің өзі жаңадан құрған мекемесін бақылауға төмендегі жатады, оның үстіне лицензият үлкен табысты болатын болса, пайданың бәрін өзі алады. Ал контракт мезгілі біткеннен кейін өзін-өзі бәсекелес болдырғанын ашады.

- Жалдау өндірісі. Жергілікті өндірушілермен тауар шығарушылар туралы контракт жасау жұмысының тағы бір варианты «Сирс» фирмасы осы әдімсті Мексикада және Испанияда әмбебап дүкендерін ашқанда пайдалану үшін өзінің сатын көптеген тауарларын әзірлейтін жергілікті мамандандырылған өндірушілерді тапқан. Жалдау өндірісінің кемшіліктеріне фирманың өндірісті бақылау мүмкіншілігінің төмендігі және осыған байланысты өндіріске түсетін табыс бақылаудың төмендігі жатады. Сонымен қатар, ол фирманың өз жұмыстарын кеңейтуді тез орындауға қауіптілікті азайтуға және келешекте жергілікті өндірушілермен серіктестеріне оның кәсіпорынын сатып алуға мүмкіншілік берді.

- Контракт бойынша басқару. Бұл шет ел нарықтарына ең аз қауіптілікпен шығып, және жұмысты ең басынан бамстап табыс табу дегеннімен егер фирманың мамандандырылған басқару штаты шектеулі болса, оларды өзіне жоғары пайдалы түрде пайдаланатын болса, не кәсіпорынды жеке пайдалану әлде қайда көп табыс әкелетін жағдайда контракт бойынша басқаруды пайдалану орынсыз болады. Оның үстіне контракт бойынша басқару фирманы бірқатар уақыт өз кәсіпорынын өркендету мүмкіншіліктерін айырады.

- Бірлесіп шешу кәсіпорындары. Бұл шет ел және жергілікті капитал салымшыларының жергілікті коммерциялық кәсіпорын ашуды ұйымдастырушы, оны бірлескен түрде басқару және иелену үшін күш біріктіру.

 

 3. Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері

 

ХЭҚ-тар субъектісі дегенде, осы қатынастардың дамуы мен өзгеруіне белсенді іс-әрекетімен әсер ететін ХЭҚ қатысушыларын айтамыз. Бұл ұғымның негізгі мазмұны халықаралық құқықта ашылған, бірақ ол әр түрлі субъектілерінің ХЭҚ – ғы орнының өзгеру әсерінен дамиды.

Әлемдік экономика шығу тегі мен мәніне қарай нарықтық экономика болып табылады. әлемдік экономиканың пайда болуының шарты әлемдік нарық болған. Нарықтық экономика өндірісі факторларына жеке меншіктің болуын жоспарлайды, осыған сәйкес оның қатысушылары (субъектілері) белгілі бір функциялары бар тең құқылы меншік иелері болып табылады. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара байланыстылығының жалпы схемасын былай көрсетуге болады: «үй шаруашылықтары (ресурс иелері) – кәсіпорындар (кәсіпкерлер) – мемлекет (шаруашылық процестердің реттелуі)». Әлемдік экономика нарықтық болғандықтан, мұнда да сол субъектілер іс-әрекет етеді: жекелеген индивидтер (жеке тұлғалар); кәсіпорын, фирмалар (заңды тұлғалар); мемлекеттер мен оған қосымша ретінде халықаралық экономикалық ұйымдар.

ХЭҚ-дың дәстүрлі теориялары мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды қарастырады. Бұл үшін тарихи себептермен қатар, осы қатынастардың қазіргі нақты жағдайлары да дәлел бола алады. Халықаралық экономикалық қатынастар мемлекеттердің бір-бірінен тәуелсіз өмір сүруіне тікелей байланысты. Сондықтан «дербес мемлекеттер өмір сүріп отырған уақытта дүниежүзілік шаруашылық экономикасы жеке ғылыми пән болуы қажет». әрбір елдің саясатында көптеген бағыттар бар және оның әрқайсысы сол елдің сайлаушыларының бір бөлігінің мүдделерін білдіреді. Мемлекет өз мүдделерін басқа елдің мүддесінен ешқашан төмен қоймайды. Көбінесе оларға тіпті ешқандай көңіл бөлінбейді»

Белгілі бір батыс оқулықтарының бірінен алынған бұл цитата бізге ХЭҚ-дың ішкі экономикалық қатынастардан айырмашылығы мен күрделілігін көрсетеді. әрбір елдің ішінде өзіндік экономикалық жүйесі бар, тек осы бір жағдай (саяси тәртіптерді санамағада) ХЭҚ-күрделілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қазір әлемде екі жүздей егеменді ел бар. Олардың әрқайсысы экономикалық дамудеңгейімен, саяси тртіптерімен, халық санымн, жалпы ұлттық өнім көлемі және тағы басқадай көрсеткіштерімен қатты ерекшеленеді. Осының бәрі әр елдің халықаралық эконмикалық қатынастарда «салыстырмалы алмағы» болуына әкеледі. осы сұраққа басқа тауарларды әлі талай тоқталамыз. Ал бұдл жердегі әңгімені біз осы ерекшеліктерге байланысты әртүрлі елдерден ХЭҚ – ғы «өзіндік» саясат жүргізіп, оның өзінің қажеттіліктеріне лайықтап, соның көмегімен ішкі мәселелерді шешуге тырысатынын айтамыз. Мұндай тәсілге сәкес ғылыми зерттеулер мен оқулықтарда өзіндік түсінігі мен иделогиялық көрінісін беруде.

Соңғысын айта кетуіміздің себебі, біз ұзақ мерзім бойы мемлекеттік экономика жағдайында өмір сүрдік. Ол кезде басты экономикалық субъект ретінде мемлекет болды. өзінің идеологиялқ және құқықтық қалыптасуын «сыртқы экономикалық қатынастарда іс әрекеттегі мемлекеттік монополия» ұғымынан алады. Сондықтан КСРО-да ХЭҚ субъектісі болып тек мемлекет немесе мемлекет пен кейбір халықаралық ұйымдар танылған еді.

Осындай идеологиялық «қамтамасыздану» мен халықаралақы құқықтық түсіндіру Қазақстанның тағдырына да әсер етті. «Кеңес Одағы мен әрбір одақтас республикалар егеменді мемлекет ретінде халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Бірақ та КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 73 және 80 баптарына байланысты әрбір одақтс республиканың ХЭҚ жүзеге асыру құқығы болмай, оны Кеңес Одағына берілген болатын. Әрбір одақтас республикасының Конституциясы халықаралық қатынастарды консульдық» өзінің өкілеттіліктерін орнату құқығы бекітілген.

Осы жағдайға байланысты Қазақстнда сыртқы экономикалық іс-әрекетінің тәжірибесі болмай, жас мемлекеттің әлемдік экономикаға кіруін тездеткен жоқ. «Социалистік дүниежізілік шаруашылық жүйесінің» ыдырауы ХЭҚ-дағы ұлттық мемлекеттердің орынын кемітпейді, бірақ әр түрлі блоктар мен ел топтарының арасындағы, жеке мемлекеттер арасындағы эономикалық қарама-қарсы тұруын жұмсартуы мүмкін. бұл өз кезегінде әлемдегі экономикалық тәртіпті үйлестіруге көмектеседі. Әлемдік экономикалық тәртіп – зерттеудің жеке тақырыбы. Бұл жерде алдын ала ата кетітін жағдай, экономикалық қатынастардың реттелген жүйесі қабылданған заңдар мен нормативтік құжаттар бар кезде емес, осы қатынастардың қатысушыларын қабылднған ережелерді ұстануға мәжбүрлей алу құқығы бар күш бар кезде пайда болады. әлемде дербес мемлекеттер өмір сүріп тұрған уақытта мұндай тәртіптің болуы екіталай, осылайша халықаралық экономикалық қтынастар мемлекетаралық ынтымақтастықтың саласы ғана емес, бәсекелестіктің саласы да болып табылады.

Халықаралық ұйымдар, оның ішінде экономикалық ұйымдар мемелкетаралық эономикалық қатынастарды реттеу үшін құрылған. Кеңес заманындағы экономиклық сөздіктерде бұл сөз жоқ, оның орнына өзара көмек кеңесі мүшелерінің халықаралық экономикалық ұйымдары көрсетілген. Халықаралық экономикалық ұйымдар – мемлекеттердің немесе ұлттық үкіметтік емес топтардың халықаралық экономикалық ынтымақтастықта ортақ меқсаттарға жету үшін құрылған бірлестіктері. Қазіргі кезде бірнеше мың ресми және бірлескен ұйымдар бар. Бұл ұйымдадың әлемдегі маңызы олардың құқықтық сиптына байланыссыз артуда. Ол экономикалық теорияда ғана емес, практикалық ұсыныстарда да өз көрінісін табуда.

Экономикадан Нобель сыйлығының (1969 ж) лауреаты Я. Тинберген өзінің «ХХІ ғасырда глобалды басқару» жұмысында «адамзат мәселелірін жеке елдердің үкіметтері шешуі мүмкін емес. Бізге әлемдік үкімет қажет… Бұл жерде жақс басқарылатын елмен салыстыру тиімді болады. Өйткені әлемдік экономиканың интеграциялық дәрежесі өсе түскенде, әлемдік табысты бөлу дамыған елдердегі процестерге ұқсатылуы тиіс.

Осы ұсыныстардың кейбіреуі тым батыл және бүгінгі саяси мүмкіндіктерден жоғары түрі. Бірақ бүгінгі идеалистер кейде ертеңгі күннің реалистері болаған»  деп жазған. әлемдік үкіметтің болуы екіталай шығар, бірақ Нобель сыйлығының лауреаты сияқты беделді ғалымың пкірі ХЭҚ-да реттеу мен үйлестірудің объективті қажеттілігін көрсетеді. Бір әлемдік мекеменің жоқ болуы мен оның келер болашақта құрылуы екіталай жағдайда, ол функциялар халықаралық экономикалық ұйымдарға жүктелген.

Халықаралық экономикалық ұйымдар көп болуымен қатар, әр түрлі деңгейде, бейнеленгенін айтсақ, «әр түрлі салмақ категорияларында» әрекет етеді. Олардың кейбіреулері ХЭҚ ғана емес, ұлттық экономикаға да қатты әсер етеді. Кейбіреулерінің бір ел үшін маңызщы зор болса, екінші ел үшін ешқандай мәні болмайды (аймақтық ұйымдар). Қазіргі таңда халықаралық экономикалық ұйымдар, экономикалық әсіресе сыртқы экономикалық саясатты дайындау мен жүргізуде ХЭҚ субъектілері мен жекелеген мемлекеттердің үкіметтеріне белгілі болып отыр. Мұнда осы қатынастардың басқа да, күштірек субъектісі бар екенін есепке алу қажет. Мұндай ұйымдардың пайда болуы мен маңызының арта түсуі халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың пайдасы үшін ұлттық мемлекеттердің экономикалық егеменділігінің бір бөлігінен бас тартуына тура келетіндгін көрсетеді.

Бірақ нарықтық экономикада өндіру мен сауданы мемлекет пен халықаралық ұйымдар емес, кәсіпорындар (фирмалар) мен кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) жүзеге асырады. Экономиканың дамуы барысында ХЭҚ-дағы делдал субъектінің түрі өзгереді. Халықаралық аренада өнеркәсптің шоғырлануына байланысты өнеркәсіптік фирмалар, бантік, қаржылық және басқадай ұйымдар пайда болады. Халықаралық деңгейде әрекет ететін бұл фирмалар трансұлттық компаниялар деп аталады. ТҮК - әлемдік экономикадағы жаңа құбылыс емес, бірақ олар ХХ ғасырдың екінші жартысында айтарлықтай салмаққа ие бола бастады. Экономикалық әдебиетте ТҰК экономикалық қуаттылығын көрсететінмәліметтер жеткілікті, ұл өз кезігінде ХЭҚ-дың жаңа бағыттардың пайда болуына әкеледі.

Француз профессоры Р.Петрелланың пікірнше «Экономика глобализациясы дегеніміз – ұлттқ мемлекеттердің, технологиялардың дамуы мен экономиканың өмір сүруіне арналған орталық стратегиялық кеңестік ретінде жойылуы».. Әлемнің қандай да болсын аймағында экономикалық, технологиялық ресурстарды орналастыруға бйланысты шешімдерді немесе қазіргі жадайды өзгертіп, болашақ дамуды қалыптастыратын шешімдерді ірі ТҰК – лар ақбылдайды. Олар әлемді «жасауды» және «қайта жасауды» өз қалауынша жүзеге асырып, жаңа сфераларға енуде. Осылайша, ірі кәсіпорыгн өзін қолда бар ресурстарды әлемдік масштабта тиімді пайдалануға кепілдік бере алатын бірден бір ұйым ретінде көрсете отырып жаңа тарихи ақталуға ие болады. Нәтижесінде әлемдік үкімет жоқ кезде ксіпорындар әлемдік экономиканы ұйымдастыру функцияларын меншіктеп алады».

Бұл ТҰК-тың экономикадағы ролін проблемаларға назар аудартуға деген ынтамен асыра айту болар. Бірақ та, қазіргі халықаралық экономикалық қатынастарда жиынтық экономикалық қуатты кез келген орташ дамыған мемлекеттен асып түсетін субъектінің пайда болғаны сөзсз. Осы компаниялар арасындағы жекелеген фирмалардың өндірістік қуаттылығы көптеген мемлекеттерден фирмалардың өндірістік қуаттылығы көптеген мемлекеттерден асып түседі. ТҰК-дың әлемдік экономикадағы ролі мен маңызы 60- жылдардан бастап белсенеді талқылауға түсуі кездейсоқ емес. Қазіргі кезде олар ХЭҚ-дың алдыңғы қатарлы тұлғалары болды.

Әрин ХЭҚ-дың бәрінде жекелеген адамдар (жеке тұлғалар) қатысуда, олар үкімет, фирма қызметкерлері немесе тәуелсіз кәсіпкерлер болуы мүмкін. Біздің жағдайымызда, олар оқырмандарға жқсы таныс «челноктар» атыа ие болды.

Халықаралық экономикалық қатынастардың шиеленісуі жағдайында ХЭҚ қатысушыларының ұлтына, қай елдің азаматы екеніне қарай емес, халықаралық мәселелерді (операцияларды) есепке алу тұрғысынан қарағанда, осы қатынастардың нақты қатысушылары ретінде анықтау қиындап отыр. Экономикалық әдебиетте олар резидент атына ие болды. Резиденттің заңды статусы әр елдің заңымен белгіленеді. Қазақстанда «резидент» - Қазақстан Респубикасындағы 1 салық жылы кезінде 183 күннен аса болған жеке тұлға. Қазақстан заңдары негізінде құрылған, нақты басқару органдары Ресчпубликада болған «зңды тұлғалар» да резидент болып табылады.

Осылайша, қазіргі таңдағы халықаралық экономикалық қатынастар әр түрлі салмақтары мен мүмкіндіктері бай ұйымдық формалардың, әр түрлі деңгейдегі субъектілер қатынастарының күрделі шиеленісуінен көрінеді. Бірақ бұл қатынастарда мемлекеттердің ХЭҚ субъектілері ретінде де ерекше орын сақталып қалып отыр. Сондықтан ұлттық мемлекеттер арасындағы қатынстар, бұрынғыша әлемнің саяси-экономикалық бейнесін анықтайды және халықаралық қатынастар көптеген параметрлері соның ішінде экономикалық көрсеткіштері бойынша бір-біріне ұқсамайтын елдер арасындағы қарым-қатынастар әсерімен дамуда.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-26 18:41:30     Қаралды-2126

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »