UF

Тақырыбы: СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

 

КІРІСПЕ

 

Гидротехникалық ғимараттарды пайдаланудың құрылу тарихы мен даму қызметі ежелгі Месопотамиядағы Тигр және Евфрат, Египеттегі Нил, Индиядағы Инд, Қытайдағы Хуанхэ өзендерінің жағалауларының өркениетіне тамырланып кетеді.

Қазірдің өзінде Орта Азия республикаларындағы жүздеген гектар ауылшаруашылық алқаптарына суды жиырмаға жуық ежелгі суландыратын каналдар арқылы беріледі. Бұл – біздің эрамызға дейінгі ІІ ... ІІІ ғасырларда құрылған адамдардың жоғарғы жасампаздық іс-әрекетін куәландыратын Зах, Искандер, Бозсу, Салар және т.б. каналдар.

Адамдар қалай сумен қамту жүйелерін, плотина және дамбалар тұрғызып, өзендердің сағаларын реттеп, каналдар жүргізе бастаса, солай оларды пайдалану қажеттілігі де пайда болды. Мысалы, б.э.д. ІV ғасырға дейін жер иеленушілердің арасында суды тарату үшін жабайы су өлшеуіштер қолданыла бастады. ХVII ғасырда сұйықтықтың пластинаны, роторды және т.б. айналып ағуына негізделген судың ағысының жылдамдығын өлшеуге арналған аспаптар пайда болды. Кейінгі кездерде басқа да аспаптар пайда болды, олардың жұмыс істеу принциптері осы уақытқа дейін маңызын жоғалтқан жоқ.

Су шаруашылық құрылымдарының құрылысы мен пайдаланылуы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында турбиналар, бетон және темірбетондар пайда болған кездерде жақсы дами бастады. ХХ ғасырдың басында Вышневолоцская, Тихвинская, Мариинская және т.б. сияқты тасымалдау және жерді суландыру мәселелерін шешуге арналған салыстырмалы түрде ірі бассейнаралық жүйелер пайда болды.

ГОЭЛРО жоспарында қарастырылған энергетикалық қажеттілікке арналған ондаған плотиналар құрылысы салынып болған соң, гидротехникалық құрылымдарды пайдалану қызметін жаңа, жоғарғы деңгейге қойды. Дағыстан АССР-нда Октябрь Революциясы атындағы, Кабардин-Балкар АССР-ның Терек өзенінде Кіші-Кабардин гидроторабы, Шешен-Ингуш АССР-нда Алхан-Чурт жүйелері, Өзбекстандағы Үлкен Ферғана каналы және тағы бірқатарының жұмыс істеу барысында оларды пайдалануда белгілі бір тәжірибе жинақталды. Гидроэнергетика мен мелиорацияда пайдалану қызметінің структурасы (құрылымы) нақты бір мәселені шешуге байланысты болады, гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалану мәні бірдей болады десе болады. Сол себепті гидроэнергетика саласында жинақталған гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалану тәжірибесін мелиоративтік гидротехникалық құрылымдарға да таратуға болады.

Біздің елімізде сушаруашылық объектілерінің кең өріс алған құрылысы оларды пайдалануда көп тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Бүкіл әлемде құрылған сыйымдылығы 1 млн.м3-тан асатын 13 мың су қоймаларының 15% КСРО-да салынған. КСРО-да салынған 470 су қоймаларының сыйымдылығы 20 млн.м3-ден асады, ал шамамен 200 су қоймасы – 100 млн.м3-ден асады. Еліміздегі салынған көптеген плотиналар әлемдегі ең ірі плотиналар қатарына кіреді.

Су шаруашылық объектілерінің (нысандарының) жұмыс істеу қабілеттілігі едәуір мөлшерде оларды пайдалану жағдайына, олардың күтіміне, дер кезінде жөндеу және қайта құрастыру мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сол себепті Министрлік өз жұмысын негізінде қосымша су ресурстарын босату мақсатында мелиорацияны қарқынды түрде дамытуға, жүйелер мен құрылымдарды қайта құруға (реконструкциялауға) арналған жұмыстардың көлемін кеңейтуге бағыттауға тиіс. КСРО кезінде капиталдық салымның 70 пайызын жұмыс істеп тұрған су шаруашылық нысандарын қайта құру мен техникалық жетілдіруге бағыттаған.

Су шаруашылық нысандарын (олардың құрама бөлігі болып табылатын гидротехникалық құрылымдарды да) пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттарын келесідей көрсетуге болады: пайдалану қызметін басқару мен ұйымдастырудың ұтымды құрылымын (структурасын) жасау; алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу және жұмысшыларды еңбекке ынталандыру негізінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру; гидротехникалық құрылымдардың автоматтандыру жүйелерін техникалық басқаруды құрастыру және оларды жетілдіру; жаңа, неғұрлым жетілдірілген бақылау-өлшеуіш аппаратуралар жасау; жөндеу-пайдалану жұмыстарын кешенді механизациялауды қамтамасыз ететін алға басатын (прогрессивті) технологиялар мен механизмдер құрастыру; гидромелиоративтік жүйелер мен олардың құрамындағы гидротехникалық құрылымдарды пайдалануға арналған мелиоративтік машиналардың толық кешенін құрастыру; каналдар салу мен оларды жөндеу үшін технологиялық кешендерді құру және енгізу арқылы жөндеу-пайдалану жұмыстарында еңбек өнімділігін арттыру; сушаруашылық нысандары мен жекелеген гидротехникалық құрылымдарды пайдаланудың жетілдірілген типтік қағидаларын, инструкциялары мен ережелерін жасау.

Сушаруашылық құрылымдарды пайдалану және оларды жөндеу талаптарын қанағаттандыра отырып, сенімділік қасиетіне ие болу шарт, сол арқылы оларға белгіленген қызмет ету мерзімі барысында өздеріне жүктелген функцияларды орындаулары қажет; олардың құрылымдары мен жекелеген элементтері бір-бірімен байланысты құрылымдарды тоқтатпастан, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеудің барлық түрін орындауға болатындай етіп бейімделген болуы; пайдалану кезінде экономикалық тұрғыдан тиімді; эстетикалық архитектуралық сипаты болуы керек; негізделген техникалық резервке ие болу қажет.

Әртүрлі салалар және олардың бағыттары гидротехникалық құрылымдарға белгілі бір талаптар қояды: суландыру –магистрал каналдарға су пайдалану графигіне сәйкес кепілді су беру және каналдардың шөгінділерден қорғалуын қанағаттандыру; сумен қамту жүйесі – ауыз су мен өндірістік қажеттілікке арналған кепілді су алуды қамтамасыз ету; гидроэнергетика – жоспарланған мөлшерде электр энергиясын өндіру; су жолдары – су трассасы форватерінде есептік су деңгейі мен тереңдігін ұстап тұру; балық шаруашылығы – балық өткізу құрылымдарына қарай тарту жылдамдығын қамтамасыз ету.

Көбінесе бір саланың талаптары екінші бір саланың талаптарына қарама қайшы келеді.

Пайдаланудың күрделі мәселелерінің кешенін шешу жолында ғалымдар мен мамандар пайдалану жүйелерін жетілдіруде, гидротехникалық құрылымдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындауда, сондай-ақ,  бақылау-өлшеуіш аппаратураларды жасауға көп еңбек сіңірді. Суландыру және құрғату жүйелерін, сондай-ақ,  әртүрлі гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдаланудың ережелері құрастырылды. Суландыру жүйелерін пайдалану қызметін жобалаудың жетекшілігі, құрылымдарды техникалық пайдаланудың типтік инструкциялары құрастырылды. Құрылымдарды коррозиядан,  балдырлармен өсуден және мұздақталудан сақтау құралдары ұсынылды. Гидротехникалық құрылымдарды табиғи бақылау және зерттеуге арналған жетекшіліктер мен нұсқаулар құрастырылған, қажетті бақылау-өлшеуіш аппаратуралар жасалды. Әртүрлі материалдардан жасалған жер беттік, жер асты жағдайларында және су астында  гидротехникалық құрылымдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде едәуір тәжірибе жинақталды.

 

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

 

1.1 Пайдалану қызметінің міндеттері, құрылымы және ұйымдастырылуы

 

Гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалану процесінде шешілетін сауалдар олардың құрамына, жағдайына, дайындығына, атқаратын міндетіне, өзара байланысына, климаттық, геологиялық, гидрологиялық, топографиялық жағдайларына және басқа факторларға байланысты болады. Пайдалану қызметінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: құрылымдар мен жабдықтардың дұрыс, қалыпты жұмыс жасауы; қажетті мөлшерде су қорын жинау және оны су пайдаланушыларға жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету масқатында гидротораптың техникалық құрылысын күнделікті оперативті басқару; құрылымдардың жағдайын және оларды күтімін  жүйелі түрде көзбен шолып бақылау; техникалық пайдалану ережелеріне, нормативтерге, инструкцияларға, қағидаларға сәйкес баылау-өлшеуіш құралдардың көмегімен өлшеулер жүргізу; бақылаулар мен өлшеулердің алынған мәндерін уақытында өңдеп, талдау; пайдалану тәжірибесін жинақтап қорыту; құрылымдар мен жабдықтардың ақауларын, бұзылған, сынған жерлерін немесе апаттық жағдайларын мезгілінде айқындап отыру; құрылымдар мен жабдықтарды қалыпты техникалық жағдайға келтіруге арналған іс-шараларды құрастырып, оларды жүзеге асыру; сенімділігін арттыру және қосымша су ресурстары мөлшерін қалыптасыру мақсатында оларды жаңарту және реконструкциялау; арнайы бақылаулар, зерттеулер жүргізу немесе бақылау көлемін төмендету-төмендетпеу қажеттілігін анықтау; жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; пайдалану жөніндегі техникалық құжаттар жүргізу, жылдық есеп құрастыру, озық тәжірибелерді, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу; қоршаған ортаны, негізгі құрылымдарды қорғау және т.с.с.

Ірі каналдар мен су қоймаларының құрылысы жобасының құрамына міндетті түрде пайдалану қызметін ұйымдастыру бөлімі құралады, онда аталған қызметтің құрылымы (структурасы), сондай-ақ оның міндеттері, көлемі, жөндеу-пайдалану жұмыстарының технологиясы анықталады. Мұндай нысандар үшін арнайы техникалық пайдалану ережелері дайындалады.

Құрылымдарды салғанда және оларды өткізгенде пайдалану қызметі (салынып жатқан гидротораптың басқармасы) құрылыс-монтаж жұмыстарына, құрылымдардың, жабдықтардың және бақылау-өлшеуіш аспаптарының қабылдануына сәйкес қойылып жатқан жабдықтардың сапасын бақылауға алады, сонымен қатар құрылысшылардың арнайы тобымен бірге құрылымдардың қалпын тексереді.

Сушаруашылық нысандардың пайдалану қызметінің структурасы жекелеген нақты жағдайда шешілетін мәселелерге сәйкес әртүрлі бола алады. Дегенмен, оған қарамастан, пайдалану қызметінің келесі структуралық топтарын бөліп алған жөн: гидромелиоративтік жүйенің басқарма құрамында, ірі магистралдық каналдарда, жекелеген мақсатты және кешенді гидротораптарда; кешенді энергетикалық гидротораптарда жұмыс жасайды.

Пайдалану қызметінің жұмысы әр деңгейде өзіне сәйкес ережелермен, инструкциялармен, қағидалармен және одан да басқа нормативтік құжаттармен белгіленеді.

Одан басқа гидротехникалық құрылымдарды пайдаланумен шұғылданатын тұлғалардың құқығы, міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайтын лауазымдық (должностные) инструкциялар да бар. Типтік қағидалар барлық басқармалар мен топтардың арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіріп отырады.

 

1.2 Гидротехникалық құрылымдардың жұмыс істеу жағдайлары

 

Гидротехникалық құрылымдарды пайдалану кезінде оларға ауа атмосферасы, сулы орта, мұз, төмен және жоғары температура, атмосфералық жауын-шашын, жел және боран, күн радиациясы, сейсмикалық күштер және т.б. одан баса құрылымдар мен олардың табаны арасында әрекеттесу болады.

Ауа атмосферасы құрамында гидротехникалық құрылымдарды бұзатын химиялық қоспалар массасы, шаңдар және газдар болады. Ауада болатын химиялық қоспалар, әсіресе ылғал күйінде, бетондарды коррозияға ұшыратады, жарылуға әкеледі, бетондық конструкцияларды, механикалық жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерін ластап, бүлдіреді. Сонымен қатар, агрессивті химиялық қоспаларсыз жоғары дәрежедегі ылғалдық бетонның беріктілігін арттырады. Құрғақ және таза атмосферада бетон, металл, тас құрылымдар жүздеген жылдарға дейін сақталады. Сонымен, құрылымдардың жағдайы ауа атмосферасының агрессивтілік дәрежесіне байланысты болады.

Ортаның агрессивтілігін арттыратын негізгі ластаушыларға әртүрлі отындардың жану өнімдері мен химиялық өнеркәсіптердің қалдықтары жатады. Сол себепті қалалар мен өндіріс нысандарына жақын жерлерде салынған металл құрылымдар ауылдық жерлерде салынған металл құрылымдарға қарағанда коррозияға 2...4 есе қарқынды түрде бейім болады. Әдетте гидротехникалық құрылымдардың көбісін қаладан аулақ жерде орналастырылатынын атап кеткен жөн.

Сулы орта гидротехникалық құрылымдарға қарқынды түрде механикалық, физика-химиялық және биологиялық әсер етеді.

Механикалық әсер статикалық, динамикалық және абразивті деп бөлінеді. Статикалық әсерге судың, мұздың, топырақтың кері жапқан кезіндегі, құрылымдардың алдында пайда болған наностардың қысымы жатады. Динамикалық әсер жылжып келе жатқан ағымның, мұздықтың, алып жүрген денелердің, шектеусіз толқын құбылыстардың, гидравликалық соққы кезінде, сейсмикалық күштердің соққысынан пайда болады.

Гидротехникалық құрылымдардың элементтеріне механикалық абразивті әсерінің мысалы ретінде келесі гидротораптарды келтіруге болады: Косьва (Кама өзенінің бастауында) өзеніндегі Широковская плотинасында су ұрғыш плитаның құрылыстардан кейін қалған тастармен, ал Бөріжар құламасында плитаның металл заттармен үйкелісі орын алған.

Судың құрылымдарға физика-химиялық әсері металл мен бетонның коррозиясынан, бетон қатқанда, ерігенде және агрессивтік сулардың әсерінен бұзылғанда, ағым фильтрациясы нәтижесінде бетон мен топырақтың суффозиялануында байқалады.

Құрылымдардың элементтерінің бетіне жоғары жылдамдықпен ағым келіп түскенде, ол жерде төмен қысымды локалды аймақ пайда болады.

Судың биологиялық әсері сулы ортада және құрылымдардың элементтерінде өмір сүретін микроорганизмдердің тіршілігімен түсіндіріледі. Олардың әсері әртүрлі элементтердің шіруінен, құбырлардың шөп-шаламмен өсіп кетуінен, құрылымдардың жекелеген бөліктерінің моллюскаллармен өсіп кетуінен байқалады.

Бетон құрылымдар қарапайым суда уақыт өткен сайын беки түседі, ал агрессивті суда бұзылады. Әрдайым суда тұратын ағаш өзінің беріктік қасиетерін ондаған, жүздеген жылдар бойы сақтауы мүмкін. Мысалы, Санкт-Петербордағы Исаакиевский собор көптеген ғасырлар бойы ағаш свайларда тұр, ол свайлар қажетті беріктікті сақтай отырып майысқан. Ал енді судың өзгеріп тұратын деңгейінде және оған атмосфераның әсерінен ағаш қарқынды түрде бұзылады. Ағаш конструкцияларды пайдаланған кезде оларды әртүрлі мұнай өнімдерін сіңіру арқылы қорғайды. Сол Санкт-Петерборда Адмиралтействоның ғимаратының шпилі ағаштан ХVIII ғасырдың 20...30-шы жылдарында салынғанмен осы уаытқа дейін сақталған.

Толқындар гидротехникалық құрылымдардың элементтеріне динамикалық қысым көрсетеді. Қуып жетіп және басып қалатын толқындардың қосылуы нәтижесінде су топырақ плотинаның жиегінен асып төгілуіне әкеліп соғады. Вайонт (Италия, 1963), су қоймасында үлкен топырақ құздың сырғуының салдарынан су толқыны пайда болып, ол жиектен асып кетіп, плотинаны бұзғанынан 2000-нан астам адам қаза тапқан.

Мұз теріс температура басталысымен өзен мұздан тазартылғанға дейін пайда болады. Мұздың судағы майда бөлшектері өзен сағасын бітеп тастайды. Бұл кезде ағыстың жоғары жағында подпор пайда болады. өзеннің тарылған жерінде жинақталған мұздардан затор пайда болады, оны алып тастау өте қауіпті, себебі ол кезде мұздың массасының құрылымдарға көптеп түсу қаупі бар. Айта кетсек, Американың Сейф Харбор плотинасында биіктігі 8 м мұздың жинағы пайда болған. Мұздықтарды соққысы механикалық жабдықтарды, олардың нығыздалуын, энергия сөндіргіштерді зақымдауы мүмкін. Мұздардың пайда болуы көктемде паводка кезінде судың кетуін, балық жіберуші және балық қорғаушы құрылымдардың жмысын қиындатады.

Төмен температура дренаждық құрылымдарды жартылай немесе түгелімен қатуына, еңістерде жарықшалардың пайда болуына, тығыздалулардың едәуір ашылуына, құбырлардың қатуына, сазды топырақтың қампиуына әкелуі мүмкін. Одан басқа, төмен температура механикалық жабдықтардың майлануының қоюлануына, торлардың және бекітпелердің (затворлардың) тығыздауының тоңуына әкеледі, жасанды материалдардан, пластмассадан, полиэтиленнен, резинадан жасалған элементтердің беріктік және пластикалық сапаларын төмендетеді.

Жоғары температура бетон мен жабдықтардың металл бөлшектерінің температуралық деформациялануына әкеледі. Соның салдарынан майда жарықшалар пайда болуы мүмкін. Едәуір оң температурада майлайтын майлары ағып кетуі, еңістердің бекітулерінің плиталар тығыздауынан жмсарған және битумдық композиция сыртқа шығып труы мүмкін.

Атмосфералық жауын-шашындар ұзақ нөсер түрінде су қоймаларын асыра толтырып жіберуі мүмкін, судың бөгеттің (плотинаның) жоталарынан асып кетуіне әкеледі. Оның мысалы ретінде АҚШ-та (Сают Форк) бөгетте дәл осындай жағдай болып, нәтижесінде бөгет толық бұзылды. Нөсер жауындар бөгеттердің жөнді бекітілмеген еңіс жерлерін, нөсер жауындар тасталатын лотоктарды шайып кетуі мүмкін. Теріс температураларда (нольге жақын) жаңбыр аралас қар құрылымдардың едәуір қатып қалуына әкеледі, қатты тайғақ болуы нәтижесінде гидротехникалық құрылымдарды пайдалану қиындайды.

Жел мен борандар кей кездерде көтергіш механизмдерді істен шығарады. Мысалы, Ирак республикасының Феллуджа гидроторабындағы бөгетке бекітпелер (затворлар) жинақтайтын алаңда кранды рельсімен, шпалдарымен бірге аударып тастаған. Сол апаттан соң кран іске жарамай қалды.

Күн радиациясы қардың еру қарқындылығын күшейтеді, ол - тасқынның ұлғаю дәрежесі де күшейеді деген сөз. Ол құрылыста пайдаланылатын резина материалдарына, полиэтилен қабықтарға және басқа да жасанды материалдарға теріс әсерін тигізеді.

Сейсмикалық әсер ету баллдарының қанша болуына байланысты гидротехникалық құрылымдардың бзылуына шейін зиянын тигізеді. Болмашы жер сілкіну кезінде әдетте құрылымдардың элементтерінде жарықшалар пайда болады, бекітпелердің қисайып, сыналап қалуы, жапсарлар тығыздалуларының шпонкаларының бұзылуы, дренаждық жүйелердәің конструкцияларының істен шығуы мүмкін.

Құрылымдар іргетасымен  (табанымен) әсерлескенде олардың су қоймаларының толу дәрежесіне қарай ширығу жағдайлары, серпімділік модульдерінің, табандарының, жағаларының және т.б. геологиялық құрылысының қатынасы өзгеріп отырады. Әлсіз табандарда кей кездерде құрылымдардың жекелеген элементтерінің әдәуір біркелкісіз шөгінділері пайда болады. мұндай жағдай бетон (топырақ) бөгеттерде немесе олардың құрылымдардың сүзгіленуге қарсы құрылымдарында тұрақтылығын жоғалтатын жарықшаларға әкеледі. Жекелеген жағдайларда бекітпелердің қисайып ауытқуы мүмкін.

 

1.3. Гидротехникалық құрылымдардың сенімділігі, ремонтаралық мерзімнің ұзақтығына әсер етуші факторлар.

 

Гидротехникалық құрылымдардың сенімділігі дегеніміз құрылымдардың немесе олардың жекелеген элементтерінің қызмет ету мерзімі барысында қалыпты пайдалану жағдайларында өзінің функцияларын қалтқысыз орындау қабілеттілігі.

Эксплуатациялық сенімділіктің негізгі көрсеткіштері (гидротехникалық құрылымдардың функциялары) төмендегідей болып бөлінеді: конструкциялық сенімділік көрсеткіштері – беріктілік, тұрақтылық, су өткізбеушілік, суыққа төзімділік және т.б. технологиялық сенімділік көрсеткіштері – арын, шығын, су қоймасындағы судың көлемі, электр энергиясын өндіру, су тарту мен су беруді қамтамасыз ету, балықтарды және кемелерді жіберу, т.с.с.; архитектуралық сәйкестікті сақтау – ландшафты ескере отырып архитектуралық формаларды сақтау; бетті фактурасы, түсі, сырт келбеті және басқалар.

Гидротехникалық құрылымдардың сенімділігі жобаның негізінде салынған жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен және құрылымдарды тұрғызғанда жұмыстардың орындалу сапасымен анықталады. Пайдалану барысында гидротехникалық құрылымдардың сенімділігі іс жүзінде сол қалпында қалуы да, жоғарылауы да немесе төмендеуі де мүмкін. Пайдаланудың бірінші жылдарында жекелеген құрылымдардың не олардың элементтерінің жұмысқа бейімделу мерзімі аралығында (алғашқы 5 ...7 жыл) тоқтап қалулары көп байқалады, ол кезде сенімділіктің мәндері төмен болады. Кейінгі жылдары құрылымдардың қалыпты жұмыс істеу мерзімі басталады, ол кезде тоқтап қалулары азаяды. Ірі және орташа құрылымдар үшін мұндай мерзім құрылымдардың қызмет ету мерзіміне байланысты 30 ...70 жылды құрайды. Одан ары қарай құрылымдардың сенімділігі төмендейді де, тоқтап қалулары көбейеді. Айта кетерлік жайт, сушаруашылық құрылымдардың жекелеген элементтері үшін жоғарыда қаралғандарға қарағанда сенімділіктің әртүрлі таралу заңдылықтары болуы мүмкін. Мысалы, дренажды жүйелер бастапқы мерзімде ең жоғарғы сенімділікке ие болуы мүмкін, сосын ол төмендейді, профильтрациялық констукциялардың сенімділігі бастапқы мерзімде  төмен болып келіп, кейін, егер пайдалану процесінде фильтрациялық деформация пайда болса, олардың жекелеген элементтерінің сенімділігі, не артады, не төмендейді.

Гидротехникалық құрылымдардың сенімділігі тоқтап қалмауымен, ұзақмерзімділігімен және жөндеуге жарамдылығымен анықталады. Бұл түсініктердің барлығы ықтималдық сипатта болады. Тоқтап қалмай жұмыс істеу құрылымның берілген уақыт аралығында өзінің жұмыс істеу қабілеттілігін пайдаланудың кейбір жағдайларында сақтап қалуы ықтималдығымен сипатталады. Ұзақтылық дегеніміз құрылымның берілген уақыт шебінде өзінің пайдалану көрсеткіштерін атардан шығып алғанға дейін сақтап қалу қасиеті. Жөндеуге жарамдылық дегеніміз зақымдалулар мен тоқтап қалуларды қалпына келтіруге қажетті уақыт пен құнының жиынтығы.

Құрылымдардың немесе олардың элементтерінің қажетті пайдалану сапасын жоғалтуы ескіру немесе тозу деп аталады. Бұл түсінік ұзақмерзімділік түсінігіне қарама-қарсы. Ескіруді физикалық және моральдық ескіру деп айырады. Физикалық ескіру деп, құрылымдардың өзінің бастапқы физика-техникалық қасиеттерін (беріктік, тұрақтылық, ағымның артық энергиясын сөндіруді қамтамасыз ету, суөткізбеушілік, аязға төзімділік) жоғалтуын айтамыз. Моральдық ескіру дегеніміз, заманауи талаптарға және ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне технологиялық сәйкессіздікті байқалуы. Гидротехникалық құрылыста жиі кездесетіні физикалық ескіру факторы және сол себепті жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары немесе құрылымдарды реконструкциялау қажеттілігі туындап отыр.

Гидротехникалық құрылымдардың сенімділігін анықтағанда арнайы әдебиеттерді, мысалы үшін «Кептіргіш жүйелерді техникалық пайдаланудың ережелерін» пайдаланған жөн. Одан басқа статикалық талдау жүргізу үшін бақылау кешендері болғаны керек және құрылымдардың қызмет ету мерзімін ескеру қажет.

 

Нысандар

Орташа қызмет ету мерзімі, жыл

Топырақ, бетон, темірбетон бөгеттер

100

Магистралды суландыру каналдары ((қаптаусыз) облицовкасыз және сырты оралған)

100

Суағарлар, су тарту, тұндырғыштар, акведуктар, лотоктар, дюкерлер, балықөткізетін және балыққорғайтын құрылымдар

80

Жерге орналастырған бөгеттердегі су қоймалар (ірі ГЭС-дың су қоймаларынан басқа)

100

Тоғандардағы бетон және темірбетон суағызғыштар және суқабылдағыштар

40

Гидротехникалық туннельдер

70

Тоғандардағы ағаш суағызғыштар мен сушығарғыштар

10

Реттегіш дамбалар

10

Каналдардағы гидротехникалық құрылымдар:

  • шаруашылықаралық
  • ішкі шаруашылық

 

40

30

Ішкішаруашылық суландыру желісі:

  • топырақ каналдар:

қаптаусыз (облицовкасыз)

таспен, бетонмен және темірбетонмен қапталған

темірбетон лотоктар

асбестцемент құбырлар

болаттан жасалған құбырлар

 

 

40

30

25

40

25

 

Жөндеуаралық мерзімнің өмірлігі мен ұзақтығына әсер етуші негізгі факторларға жобаны құрастырғанда оның негізіне салынған техникалық шешімдердің сенімділік деңгейі, құрылыс жұмыстарын орындау сапасы, гидротехникалық құрылымдарды пайдалану деңгейі жатады. Сол себепті құрылымдардың сенімділігін жоғарылату және жөндеуаралық мерзімін ұзарту мақсатында жобаларды құрастырғанда және құрылыс кезінде есептеу схемаларының сәйкессіздігін болдырмау және геологиялық, гидрологиялық, инженерлік-геологиялық, климаттық және техникалық немесе технологиялық сипаттамаларын ескермеу; жобалаушылар жағынан авторлық бақылауды әлсіретпеу қажет. Құрылыс кезінде жобадан негізсіз ауытқымау, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасының төмендігін болдырмау, технологияны бұзбау, жобада қарастырылмаған құрылыс материалдарын негізсіз пайдаланбау керек. Эксплуатациялық персонал пайдалануға аяқталған, ақаусыз, жобадан ауытқымаған құрылымдарды қабылдаулары керек; өздері дайындықты жеткілікті техникалық дәрежеде өткен болулары қажет; құрылымдардың күтімін қамтамасыз етулері, бақылаулар нәтижесін жүйелі түрде талдап отырулары, уақытында жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын өткізіп отырулары керек.   

     

Қазiргi гидромелиоративтiк жүйелер және оларды пайдаланудағы негiзгi мiндеттер

 

  1. Гидромелиоративтiк жүйелер жайлы түсiнiк және олардың  құрамы

 

Мелиорацияланған жердегi ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiруде гидромелиоративтiк жүйенi (ГМЖ) осы жердiң мелиоративтiк режимiн (су, жылу, химиялық және қоректiк заттар) оперативтi түрде реттеуге (басқару) арналған, ауылшаруашылығы өндiрiсi кешенiнiң  бiр бөлiгi деп қарастыру керек.

Мелиорацияланған жер деп гидромелиоративтiк жүйелер қызмет жасайтын ауыл шаруашылығына арналған жерлердi айтады.

А.Н.Костяков бойынша техникалық жағынан гидромелиоративтiк жүйе - жетiспейтiн судың көлемiн алып және оны мелиорацияланған жерге берудi қамтамасыз ететiн, ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн реттейтiн, артық суды әкететiн және оны тастайтын гидротехникалық ғимараттар мен каналдардан тәратын гидротехникалық берiлiс механизмiнiң жиынтығы. Ол қосымша екi жүйенi енгiзедi: суландыратын және қәрғататын.

Суландыратын (су әкелетiн) қосымша жүйе - жетiспейтiн судың көлемiн су көздерiнен алып оны мелиорацияланған жерге берудi қамтамасыз ететiн, осы жерлердiң мелиоративтiк режимiн реттейтiн жүйелердi айтады. Олар, су алатын ғимараттан (гидроузел), реттеушi және өткiзетiн тiзбектерден, суару техникасынан тәрады.

Құрғататын (су әкететiн) қосымша жүйе - ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн реттеудi қамтамасыз ететiн, осы жерден артық судың көлемiн және солармен бiрге егiнге зиянды тәздарды әкету, артық суларды су қабылдағыштарға тастау. Олар, реттейтiн, өткiзетiн тiзбектерден және су тастайтын ғимараттардан тәрады.

Гидротехникалық бөлiмнен (каналдар, ғимараттар) басқа гидромелиоративтiк жүйе тағы екi түрлi нысана қосады: пайдалану мен басқаруға керектi техникалық қәралдар мен жүйенi басқаратын еңбек коллективi.

Пайдалану мен басқаруға керектi техникалық құралдарға кiретiндер: ғимараттар, арнайы ғимараттар, техникалық қондырғылар, оның iшiнде инструменттер, артық бөлшектер және пайдалануға керектi материалдар, ақпарат жинауға, жөндеуге, жеткiзуге және сигналдар мен командаларды басқаратын орталықтар қәру.

Еңбек коллективi (пайдалану қызметi) функциональдi бөлiмдер бойынша бiрiккен.

Кибернетиканың көз қарасы (басқарушы ғылым) бойынша гидромелиоративтiк жүйелердегi осы нысанның екi түрі қосымша басқару жүйелерi болады, ал оның гидротехникалық бөлiмi - қосымша жүйелердi басқару нысанасыi болады.

Қосымша жүйелердi басқару суды беруге және әкетуге, ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн реттеуге арналған.

Қосымша жүйелердi басқарушы гидромелиоративтiк жүйелердегi судың ағынын оперативтi түрде, ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн, гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын қамтамасыз етедi. Қосымша жүйелерге басқару сигналын немесе команда беру үшін ол шешiм қабылдайды, ал ол жақтан басқару нысанасының жағдайы жайлы ақпарат түседі.

Гидромелиоративтiк жүйелерде бiрлесiп әрекет жасайтын екi қосымша жүйенiң болуы (басқарылатын және басқарушы) оларды су шаруашылығы кәсіпорны деп қарастыруға негiз бередi. Сонымен, гидромелиоративтiк жүйе - бұл су шаруашылығы кәсіпорны, ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары өнiм алу мақсатында, өзiнiң жәмыс iстеу үрдісiнде ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн оперативтi басқару, топырақтың қәнарлылығын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау.

Гидромелиоративтiк жүйелердi олардың тағайындалуына байланысты суландыру, құрғату немесе құрғату-ылғалдандыру деп атайды.

Ылғалдың жетiспеушiлiгiне және ауа-райының ыссы қәрғақтығына байланысты қәрғақ және шөлдi аймақтарда суармалы гидромелиоративтiк жүйелердiң орны жоғары. Ылғалдылығы мол және климаты салқын, бiрiншi орында негiзiнен құрғату, ал суару екiншi орындағы гумидтi аймақтарда гидромелиоративтiк жүйелердi құрғату - ылғалдандыру жүйелерi деп атайды.

Жауын-шашыны мол және ауа-райының температурасы төмен гумидтi аймақтардың солтүстiк - батысында суға деген мұқтаждықтың мүмкін болмауы. Бұндай жағдайда гидромелиоративтiк жәйелер қосымша құрғату жүйесінен ғана тұрады, бәндай жүйелердi құрғату жүйелерi деп атайды.

Гидромелиоративтiк жүйе бiр iзбен орналасқан және келiсiп әрекет жасайтын бiрнеше бөлiктерден түратын звенолар, бiр-бiрiнен айырмашылығы мiндеттерiне және конструктивтi орындалуына байланысты. Әдетте ГМЖ келесi звеноларға бөлiнедi: сағадағы су алатын ғимарат; шаруашылық аралық суармалы тiзбек; шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбек; суару техникасы; шаруашылықтың iшiндегi құрғату немесе суды әкету тiзбегi; шаруашылық аралық құрғату немесе суды әкету тiзбегi.

Сағадағы су алатын ғимарат (су алатын түйін) суландыру көзiнен су алуға арналған және келесi негiзгi элементтерден тұрады: су алатын ғимарат (су қабылдағыш), бөгет (бөгетті су алу жағдайында), сорап бекеті (суды машиналар арқылы көтеру жағдайында), қалқыған заттарды ұстайтын керегелер, балық құрғайтын ғимараттар; тұндырғыштар, магистрал каналының бас учаскесi (сағадағы су өлшейтiн бекетке дейiн).

Шаруашылық аралық суармалы тiзбек суарылатын (ылғалданатын) жерге суды әкелу (тасымалдау) және оны суармалы алқаптармен су тұтынатын шаруашылықтарға бөлу үшін қызмет етедi. Шаруашылық аралық суармалы тiзбек магистрал каналынан (каналдардан), шаруашылық аралық таратушы каналдар мен құбырлардан, әр түрлi гидротехникалық ғимараттардан (командалық түйіндер мен су үлестiргiштер, шаруашылыққа су беретiн нүктелер, пропорциональдi су үлестiргiштер және т.б.) тұрады.

Құрғату - ылғалдандыру жүйелерiнде жердi ылғалдау, тiрек жасау үшін қалқаланған жақтау шлюздерiнiң көмегiмен су тiкелей өзен жақтаулары арқылы түсуi мүмкін (мысалы, Iрпен және Трубеж құрғату-ылғалдау жүйелерi).

Командалық түйіндер - бұл табиғи төмен жерлерге (сай, өзендер, балқала) суды тастауға арналған су шығаратын немесе арнайы тастайтын каналы бар, магистрал каналындағы су шығыны мен деңгейiн реттеу және ұстап тұруға арналған түйіндегi гидротехникалық ғимараттар.

Су бөлетiн түйіндер - бұл төменгi реттегi шаруашылық аралық каналдарға және шаруашылықтарға су бөлетiн нүктелерде суды бөлуге арналған түйіндердегi гидротехникалық ғимараттар.

Шаруашылыққа су бөлетiн нүкте - бұл суды тiкелей су тұтынушыларға беруге арналған су шығаратын гидротехникалық ғимарат.

Шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбек суды ауыспалы егiстерге, бригадаларға, суармалы учаскелерге бөлу және оны танаптардағы суару техникаларына беру үшін қызмет етедi. Шаруашылықтың iшiндегi тiзбек шаруашылықтың iшiндегi бөлгiш және танаптық каналдардан, астаулардан, құбырлардан, уақытша каналдардан, әр түрлi гидротехникалық ғимараттардан тұрады.

Суару техникасы ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға арналған. Ол, жаңбырлатқыш аппараттарды, жаңбырлатқыш және суару машиналарын (қондырғылар), суару шлангаларын және құбырларды, суаратын астауларды, суару жүйектерi мен жолақтарын, атыздарды топырақ қабатындағы (топырақ астындағы) ылғалдағыштарды, аздан су шығаратын (капельницалар) құбырларды қосады.

Құрғату - ылғалдау жүйелерiнде топырақ астынан ылғалдағанда суару техникасы құрғату-ылғалдау, керiздi-ылғалдау, кротолық кәріздер-ылғалдағышт ардан тұрады.

Суару жүйелерiнде шаруашылықтың iшiндегi су әкететiн тiзбек су жинайтын-тастайтын және коллекторлы-керiздi болып бөлiнедi.

Су жинайтын-тастайтын тiзбек шаруашылықтың суармалы территориясынан суарғанда, нөсерден апат кезiнде, топырақты шайғанда және каналдарды, астауларды, құбырларды құрғатқанда жер бетiнде пайда болатын артық суларды тастау үшін сақтандыратын (апат кезiнде) және аяққы су тастайтын ғимараттар, суармалы каналдардан және жер бетiндегi судың ағып кетуi үшін немесе суармалы жерден тасталған артық суларды әкетiп тастау үшін әр түрлi реттегi су жинайтын-тастайтын, онша терең емес ашық каналдар кiредi.

Коллекторлы-керiздi тiзбек топырақтағы судың-тұздың режимiн реттейдi және минерализациясы жоғары шайылған және жер бетiне жақын жатқан жағдайда топырақ суларын әкетедi. Коллекторлы-керiздi тiзбекке: көлбеу және тiк керiздер, коллекторлар (ашық және жабық), құйярлықтағы ғимараттар, бақылау және бастапқы құдықтар кiредi.

Құрғату-дымқылдау және құрғату жүйелерiндегi шаруашылықтың iшiндегi құрғату тiзбегi шаруашылық территориясынан жер бетiндегi және топырақ қабатындағы артық суларды әкетедi, құрғатылатын ауылшаруашылығы жерiнiң  оптимальдi мелиоративтiк режимi мен топырақ қабатындағы сулардың тереңдiгiн ұстап тұрады.

Суармалы жүйелердегi шаруашылық аралық су әкететiн тiзбек суды жинайтын-тастайтын және коллекторлы болып екiге бөлiнедi.

Суды жинайтын-тастайтын тiзбек жердiң бетiндегi артық суларды жинайды және әкетедi, су жинайтын ғимараттардан және таудан аққан сулардан қорғайтын тау етегiндегi каналдардан, шаруашылық аралық каналдардан және суармалы жерден шыққан артық суларды жинап-әкететiн ашық су жинайтын-тастайтын каналдардан тұрады, жоғары орналасқан жерден түсетін артық суды (нөсер немесе  ерiген) жолдан ұстап алып әкетуге арналған нөсер жинайтын және тасқыннан қорғайтын каналдардан тұрады.

Коллекторлы тiзбек топырақ қабатындағы тұздалған және шайылған суларды жинап әкету үшін арналған және iрi ашық шаруашылық аралық коллекторлардан тұрады.

Құрғату-дымқылдау және құрғату жүйелерiндегi шаруашылық аралық құрғату тiзбегi шаруашылықтың iшiндегi құрғату тiзбектерiнен суды жинап су қабылдағышқа қарай әкетедi. Олар тасымалдайтын жинағыштардан, таудың бетiмен және төменгi қабатымен аққан суларды ұстайтын каналдардан немесе кәріздерден, жағалаудағы кәріздерден немесе каналдардан, магистрал каналынан, құрғататын сорғы бекеттерінен, гидротехникалық ғимараттардан (құламалар, дюкерлер және т.б.) тұрады.

Құрғату жүйесі екi звенодан ғана тұрады, себебi қосымша суару (дымқылдау) жүйе бұнда болмайды.

 

  1. Гидромелиоративтiк жүйелердiң жiктелуi

 

Жүйелердiң жiктелуi - бұл оларды пайдалану, жобалау және тұрғызу үшін маңызының бар болуына байланысты олардың белгiлерiне (факторларға) әр түрлi разрядтарға, топтарға және түрлерге бөлiнуi.

Жiктелудiң мақсаты - табиғи, экологиялық және шаруашылықтың мелиорацияланған жерiнiң жағдайын барынша есептей отырып ғылым мен техниканың жетiстiктерiнiң негiзiне сүйене отырып жүйелердi пайдалану мен жетiлдiрудi ғылыми-техникалық сауатты түрде ұйымдастыру.

Суармалы жүйелер негiзгi тағайындалуларына, геоморфологиялық орналасуына, суармалы тiзбектiң конструкцияларына, жабдықтарына, су беру әдiстерiне, су айналу принциптерiне, мықтылық дәрежесiне, қызмет жасайтын ауданына, техникалық жағдайының деңгейiне байланыты жiктеледi.

Ең басты тағайындалуына байланысты жүйелер төмендегiдей болып бөлінедi:

- суаратын ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға арналған. Бұндай жүйелердiң егiлетiн аудандарының бруттосы жалпы ауданның 50-100 ( құрайды (төменгi пайызы далалық аймақтарда, жоғарғысы - жартылай шөлді және шөлді аймақтарда);

- суару-суландыру, ауылшаруашылығы дақылдарын суару және территорияны суландыруға пайдаланылады. Бұндай жүйелердiң суармалы аудандарының бруттосы - жалпы ауданның 10-50 %  құрайды. Территорияларды суландыру су қоймаларын, тоғандарды және каналдар тұрғызу арқылы орындалады, суды қалалар мен поселкалардың, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және суару қажетi үшін пайдаланады;

- суландыру-суару, көбiнесе территорияларды суландыру, сонымен қатар iшiнара ауылшаруашылығы дақылдарын суару үшін қызмет етедi. Бұндай жүйелердiң суармалы аудандарының бруттосы жалпы ауданның 5-10% пайызын құрайды. Суару, негiзiнен, жем-шөп дақылдарын өсіру үшін, сонымен қатар халық үшін көкөніс және жемiс дақылдарына пайдаланады, ал территорияны суландыру - малды суару және адам өмірінің жақсаруына жағдай жасау үшін пайдаланады;

- күріш суаратын, күріштi суаруға арналған. Олар, Үлкен өзендердiң (Краснодар жағы, Ростов, Астрахан облыстары, Таяу Шығыс, Украина, Қазақстан және Өзбекiстан) төменгi жағындағы ауыр топырақтарда кеңiнен тараған. Күріш жүйелерiнiң негiзгi айырмашылықтары - күріш танаптарындағы топырақ ылғалының екi жақтан реттелуi. Күріш жүйелерi ауыспалы егiстiкте күрішпен бiрге егiлетiн ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру үшін оптимальдi жағдайды қамтамасыз ету керек.

- жергiлiктi ағынмен жүйелі түрде суару, ауылшаруашылығы дақылдарын суару және территорияны суландыру үшін, тоғандар мен су қоймаларында азғантай су жинайтын ауданнан жиналған суды пайдалану. Бұндай жүйелер Ресей Федерациясында (Тамбов, орлов, Курск, Воронеж облыстары) және Украинада (Донецк, Днепропетровск, Харьков облыстары) кең тараған. Жергiлiктi ағынмен жүйелі түрде суару жүйесі өздігінен және машинамен көтеретін  болып екiге бөлінедi. өте көп   таралғаны соңғы жүйе;

- көлтабандатып суару, топырақты ерiген сумен көктемде бiр рет ылғалдау үшін және су эрозиясымен күресуге арналған. Олар, жылдық жауын-шашынның мөлшері 200-300 мм және одан да көбірек  далалық және жартылай шөлді аймақтарда кеңiнен тараған (Қазақстан, Поволжье, Қалмақтар, Батыс Сiбiр, Якутия, Краснояр жағы, Орал және Солтүстiк Кавказ). Су көзiнен судың толуына байланысты көлтабандардың тiкелей толуы, жайылмалы көлтабандар және суару-суландыру (немесе суландыру-суару) жүйелерiндегi көлтабандар болып ажыратылады.

Көлтабандатып суару жүйесі жайылымда егiлген шөптердi, бидайды, жүгерінi, сүлыны, арпа, қант сыпырғышын, күнбағысты суару үшін пайдаланылады;

- төгінді (лас) сулармен суару, ауылшаруашылығы дақылдарын суару, топырақтың құнарлығын арттыру, лас суларды топырақ арқылы тазалау және залалсыздандыру, су көздерiнен ластанудан қорғау сияқты кешендi мiндеттердi шешу үшін пайдаланылады. Лас сулар жүйесі қала, елдi-мекеннiң және мал шаруашылығы кешендерiнiң айналасында қондырылады.

Геоморфологиялық орналасуына байланысты суару жүйелерi төмендегiлерге бөлінедi: тау етегiндегi жүйелер, тау етегiндегi жазықтықта орналасқан және төменде келтiрiлген конструкциялық ерекшелiктерiмен сипатталады. Су алу өзендерiнен, су қоймаларынан, артезиан ұңғымаларынан, жәй өзендерден, су алу бөгетсіз немесе бөгеттің көмегі арқылы жүргізіледі.

Су алатын ғимараттарда түткі және қалытқы тасындылармен күресуге арналған арнайы қондырғылар бар. Горизонтальдiң бойымен орналасқан магистрал каналдары нөсер және тасқын ағындарынан қорғалады. Ең үлкен еңiстікпен орналасқан каналдарға көп   құламалар немесе тезағарлар қондырылады. Жер арнасындағы каналдар жүйесінiң пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК) өте төмен (0,4-0,5). Сондықтан iрi шаруашылық аралық каналдар, ереже бойынша, бетондалуы керек, ал, шаруашылықтың iшiндегi кiшi тiзбек зздігінен су жүретін құбырлардан орындалады. Топырақ сулары терең жатқан жағдайда коллекторлы-кәріздi тiзбек болмайды. Жердiң бетiндегi артық және тасталған сулар су жинайтын-тастайтын тiзбектер арқылы әкетiледi;

- өзен аңғарындағы түрі, өзендер аңғарындағы орналасқан және келесi конструктивтi ерекшелiктерiмен сипатталады. өзеннен су алу бөгетсіз, бөгет арқылы немесе сорап бекетінің көмегімен жүргізіледі. Магистрал каналы горизонталь бойымен (өзен бойы) жердiң ең биiк белгілері арқылы, еңiсте, өзен еңістігінен кiшiрек трассаланады. Канал бiр жақты басқарады. Бөлгіш каналдар горизонтальға дұрыс жүргізіледі. Жер арнасындағы каналдар жүйесінiң пайдалы әсер коэффициентi 0,8;

- атырау жүйесі түрі, өзендердiң (өзен атырауында) төменгi ағысында орналасқан. Олардың ерекшелiктерiнен негiзгi айырмашылықтары келесiлер: суды өзендерден су деңгейiн көтеретін  бөгеттердің немесе сорап бекетінің көмегімен алады. Территорияны, тасқын сулардың астында қалып қоймау үшін өзендердi дамбалармен қоршайды. Минерализациясы жоғары топырақ суларының деңгейi жердiң бетiне жақын орналасқан, жер батпақталған немесе сортаңдалған, сондықтан, коллекторлы-кәріздi тiзбек қажет. Магистрал немесе iрi бөлгіш каналдар шұқырда өтедi. Кiшi каналдарға су машиналы әдiспен берiледi. Жер арнасындағы каналдар жүйесінiң пайдалы әсер коэффициентi 0,8;

- су айыратын жүйелер түрі - жазықтан және үстiрттегi суды екi жаққа айыру үшін қолданылады. Олар су айрығының үстiмен жүретін магистрал каналының орналасуымен және суды екi жаққа бiрдей беруiмен айрықшаланады. Су көздерiнен су машинаның (сораптың) көмегімен көтеріледі;

- теңiз жағасындағы жүйелер түрі, теңiз жағасындағы ойпаттарда орналасқан. Олар тұздалған топырақ суларының деңгейiнiң жерге жақын орналасуымен айрықшаланады. Сондықтан, бұл арада коллекторлы-кәріздi тiзбек барлық уақытта керек;

- аралас жүйелер түрі, әр түрлі жер бедерiнде орналасқан. Бұндай жүйелер көпшiлiк жағдайда кездеседi.

Жабдықтарына байланысты суару жүйелерi төмендегiдей болып бөлінедi:

- шаруашылықтың iшiндегi (коллективтi, жеке) жүйелер, бiр шаруашылықтың балансында болатын, осы шаруашылықта жататын және осы шаруашылық қызмет жасайды. Бұндай жүйелерге суды су көзiнен (өзен, тоған және т.б.) немесе шаруашылық аралық жүйелердегi каналдардан бередi;

- шаруашылық аралық (мемлекеттiк) жүйелер, бiрнеше шаруашылыққа қызмет жасайды. Бұндай жүйелер әкiмгершiлiк белгiсiне, бiр немесе бiрнеше ауданның, бiрнеше облыстың, республикалардың (мемлкеттердiң) жерiне қызмет етуiне байланысты аудандық, ауданаралық, облысаралық және республикааралық (мемлекетаралық) болуы мүмкін.

Суару тiзбегiнiң конструкциясына байланысты жүйелер ашық, жабық және құрастырылған болып бөлінедi.

Ашық жүйелерде суару тiзбегi ашық каналдар мен астаулар түрінде болады.

Жабық жүйелерде суару тiзбегiнiң барлығы құбыр (арынды немесе арынсыз) арқылы орындалады.

Құрастырылған жүйелерде суармалы тiзбек ашық каналдар (астаулар) жабық құбырларды тiркестiру арқылы орындалады.

Су беру әдiсi бойынша суару жүйесі өздігінен ағатын және машиналармен көтеретін  болып бөлінедi.

Өздiгiнен ағатын жүйелерде су көздерiнен су өз бетiмен ағып түседі.

Машиналармен көтеретін  жүйелерде суармалы жерлер су көзiнен әлдеқайда жоғары орналасады. Сондықтан су көзiнен су суару территориясына бiр немесе бiрнеше сорап бекеттері арқылы берiледi, содан кейiн ол өздігінен ағатын каналдар арқылы бөлінедi. Жалпы суды көтеру биiктiгi 200...700 м және одан да көбірекке жетедi.                      

Бiр сорап бекеті бар жүйелерде барлық суды не суаратын ауданның ең жоғарғы белгісіне, не бұл суаратын ауданды биiктiгiне байланысты аймақтарға бөледі, және әр аймаққа жалпы шығынның бөліктері түседі.

Бiрнеше сорап бекеттері бар жүйелердi суды тiзбектi орналасқан сорап бекеттері каскадты бередi (сурет 1.5.б). Аймақтардың саны технико-экономикалық есептердiң негiзiнде алынады, олар 2-ден 5-6 дейiн және одан да көбірек болуы мүмкін.

Мықтылық дәрежесiне байланысты суармалы жүйелер тұрақты, жартылай тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін.

Тұрақты жүйелерде барлық элементтер (суармалы тiзбек, суару техникасы және басқалара) тұрақты арынға ие болады.

Жартылай тұрақты жүйелерде суару үрдісiнде суару техникасы танаптарда ауысып отырады, ал жүйелердiң қалған элементтерi тұрақты арынға ие болады.

Жылжымалы жүйелерде барлық элементтер (сорап бекеті, жиналмалы суармалы тiзбек, суару техникасы) суару үрдісiнде бiр позициядан екiншi позицияға ауысып отырады.

Су айналу принципi бойынша суармалы жүйелер су айналмайтын және су айналатын болып бөлінедi.

Су айналмайтын жүйелер барлық сарқынды суларды тастайтын және коллекторлы-кәріздi сулары толығымен су қабылдағышқа тасталады.

Су айналатын (рециркуляция) жүйелерде барлық тасталатын сарқынды сулар тоғандарда шоғырланады (құйылатын кiшiгiрiм су қоймалары). Бұл сулар сорап бекеті (қондырғысы) арқылы арынды құбырлармен суармалы тiзбекке қайта берiледi. Кейбiр жағдайларда тиiстi дәлелдеулерiне байланысты кәріздi-коллекторлы судың бiр бөлігі де суармалы тiзбекке қайта берiледi (әлсiз минерализацияланған немесе таза сумен араластырғанда құмшауыт топырақтарда). Бұндай жүйелер жоғары су пайдалану коэффициентi қамтамасыз етедi.

Қызмет жасайтын ауданына және пайдаланудың күрделілiгiне байланысты суармалы жүйелер бес топқа бөлінедi. Қызмет жасайтын аудан үшін жүйелердiң келтiрiлген ауданы қабылданады.

Бiрiншi топ - суармалы жерiнiң келтiрiлген ауданы 90 мың га көбірек; екiншi - 60-90; үшіншi - 30-60; төртінші - 15-20; бесiншi - 15 мың га дейiнгi жүйелер.

Жүйелердiң келтiрiлген ауданы түзету коэффициенттерiнен баламаларының көмегі арқылы есептелiнедi. Жүйелі түрде суарылатын суармалы жүйелердiң 1000 га келтiрiлген ауданына: 625 га машинамен суарылатын (түзету коэффициентi 1,6); 667 га күріш ауыспалы егiсi (түзету коэффициентi 1,5); 2000 га көлтабан  датып суарылатын; 10000 га каналдар және құбырлар арқылы суландырылатын және т.б. аудандар қабылданады.

Техникалық жағдайының деңгейiне байланысты суармалы жүйелердi төрт разрядқа бөледі:

бiрiншi - техникалық жағдайының деңгейi жақсы жүйелер. Бұндай жүйелер техникалық құралдардың барлығымен толық жинақталған. Олар барлық элементтердiң қажеттi сенiмдiлiгi (берiктiгi) бар және оларға жүктелген функцияларды берiлген шегiне жететiн дәлдікпенен орындалуын қамтамасыз етедi. Бұндай жүйелер қайта құруды керек етпейдi;

екiншi - суармалы жүйелердiң техникалық жағдайының деңгейi қанағаттанарлық, яғни, жүйенiң негiзгi қорының бағасының балансынан 25(-ға дейiн бағаға аздап қайта құруды қажет етедi;

үшіншi - техникалық жағдайының деңгейi қанағаттанарсыз жүйелер. Бұндай жүйелер жете басқарылмайды. Олар жүйенiң негiзгi қорының бағасының балансынан 25-50%-ға дейiн бағаға қайта құруды қажет етедi;

төртінші - техникалық жағдайының деңгейi қанағаттандырмайтын жүйелер. Бұндай жүйелерде жүйенiң негiзнгi қорының бағасының балансынан 50%-ден көбірек бағаға кешендi қайта құруды қажет етедi.

Қайта құрудан және жетiлдiруден кейiн жүйелердiң разрядтары көтеріледі, жүйелердi пайдалану және олардың тиiмдiлiгi жақсарады. Жүйелердiң техникалық жағдайы 2-шi тарауда қарастырылған көрсеткіштердiң көмегімен бағаланады.

Құрғату-дымқылдандыру және құрғату жүйелерi. Оларды әдетте келесi белгiлерiмен: негiзгi тағайындалуы, жабдықталынуы, құрғату жүйесінiң конструкциясы, артық суларды әкету әдiсi, құрғату тiзбегiн аудандарға орналастыру принципi, су айыру принципi, қызмет ететiн ауданы, техникалық жағдайының деңгейiне байланысты жiктеледi.

Негiзгi тағайындалуына байланысты ажыратылуы:

- құрғату жүйелерi, қайта дымқылданған ауылшаруашылық жерiн құрғатуға арналған. Оларды қосымша құрғату жүйелерi ғана бар және артық суларды Әкетудi қамтамасыз етедi. Бұндай жүйелердiң негiзгi кемшiлiгi - құрғақшылық жылдары немесе кезеңдерде жердi дымқылдау мүмкіншiлiгi болмайды;

- құрғату-дымқылдандыру жүйелерi, ылғалды жылдары немесе кезеңдерде жердi құрғату үшін және құрғақшылық жылдары немесе кезеңдерде оларды дымқылдандыру үшін қызмет жасайды. Олар суды әкетудi ғана емес, сонымен қатар, оны топыраққа берудi де қамтамасыз етедi. Бұндай жүйелерде дымқылдаудың (суару) негiзгi екi әдiсi - топырақ астынан және жаңбырлату қабылданады. Кейде тамшылату және жер бетiмен суару әдiстерi қабылданады;

- польдерiндi жүйелер (польдерлер), мелиорацияланған жердi өзен, көл, теңiз және су қоймаларының суларының басуынан қорғайды, сонымен қатар осы жерлердi құрғатады және дымқылдандырады. Польдерiндi жүйелердiң негiзгi артықшылықтары - жердi су басуын болдырмау үшін топырақтан үйiндi бөгет жасау. Суды польдерн территориясынан көп  шiлiк жағдайда сорап бекетінің көмегімен әкетедi.

Конструктивтi шешiмге және құрғату территориясында жасалынатын гидрогеологиялық режимге байланысты су басатын және су баспайтын польдерндер болып бөлінедi.

Су баспайтын немесе қысқы польдерлер көктемгi тасқын судан биiк бөгеттермен (биiктiгi 2-4м) қоршалады.

Су басатын немесе жазғы польдерде қоршайтын бөгеттер әдеуір төмен (биiктiгi 0,5-1,5м). Олар польдердiң территориясын көктемгi-жазғы тасыған судың басып кетуiнен қорғайды.

Суға басылу ұзақтығын реттейтiн көктемгi-жазғы польдерлердiң бiр түрі. Оларды көктемгi су тасқынының ұзақтығы 45 тәуліктен көбірек болатын территорияларда жасалынады. Тасқын бәсеңдегенде олардан суды Әдепкi кезде өздігінен тастайды, одан кейiн суды сорап бекеті арқылы әкетедi, бұл су басудың ұзақтығын әдеуiр қысқартуға мүмкіндiк бередi.

Жазықтағы өзендердiң жайылымын тиiмдi пайдалану үшін бiрлескен польдерiн жүйелерi қолданылады, мұнда суға бастырылмаған және бастырылған польдерлер жалпы констукцияға бiрiккен және бiр-бiрiне жанасқан. өзенге жақын суға бастырылған польдерлер орналасады, ал өзеннен әрiрек - бастырылмаған.

Құрғату территориясының орналасуы су қабылдағышқа салыстырғанда польдердiң Үш: жайылымдағы, теңiз маңындағы және ойпаттағы түрін ажыратады.

Жайылымдағы польдер құрғату территориясын тасыған өзен суының бастырылуынан, теңiз маңындағы теңiздiң тасуынан, ал ойпаттағы - өзен және су қоймаларындағы сулардың басуынан қорғайды.

Бекiну сипатына байланысты қапталдағы және сақиналы польдерлi жүйелер болып бөлінедi. Қапталдағы схемада, қоршайтын бөгеттердiң ақыры жайылым үстiндегi террасаға жанасады. Сақиналы жүйеде ереже бойынша польдердi жүйелердi су басатын iрi аралдарға орнатылады.  

Су қабылдағышпен қабысу принципi бойынша өздiгiмен ағатын польдерлер және машинамен су көтеретін  польдерлер.

Өздiгiмен ағатын польдерлерде артық суды сорап бекетінің көмегінсiз - каналдар мен су жiбергiштердiң жәрдемі арқылы шығарып жiбередi. Бұндай польдерлер азғантай.

Машинамен су көтеретін  польдерлерде құрғатылатын жердегi есептi судың деңгейi оған жанасқан су қабылдағыштағы су деңгейiнен төмен. Олардағы артық суды құрғататын сорап бекетінің көмегімен шығарып жiбередi. Бұндай польдерлi жүйелерi өте көп   тараған.

Ресей Федерациясында польдерлi жүйелер 125 мың га көбірек, Украинада - 170 мың га көбірек, Беларусь Республикасында - 113 мың га көбірек, Прибалтика мемлекеттерiнде (Литва, Латвия, Эстония) - 60 мың га көбірек, Қазақстанда -   .

Жүйелердiң жабдықталуына байланысты шаруашылықтың iшiндегi (коллективтi, жекелеген) және шаруашылық аралық (мемлекеттiк) болып бөлінедi.

Құрғату тiзбегiнiң конструкциясына байланысты жүйелер жабық, ашық және құрастырылған болып бөлінедi.

Жабық жүйелерде құрғату тiзбегiнiң барлық элементтерi жабық кәріздер немесе жабық жинағыштар түрінде берiледi.

Ашық жүйелерде  құрғату тiзбегiнiң барлық элементтерi ашық каналдар түрінде берiледi.

Құрастырылған жүйелерде реттейтiн және өткiзетiн тiзбектiң бiр бөлігі (коллекторлар) жабық элементтер түрінде берiледi, ал өткiзетiн iзбектiң қалған бөлігі - ашық каналдармен берiледi.

Су қабылдағышпен қабысу принципi бойынша құрғату жүйесі өздiгiмен ағатын және машинамен су көтеретін  болып бөлінедi.

Өздiгiмен ағатын жүйелерде су құрғату тiзбегiнен су қабылдағышқа өздiгiмен түседі.

Машинамен көтеретін  жүйелерде су бас құрғату каналынан су қабылдағышқа сорап бекеті арқылы әкетiледi.

Құрғату тiзбегiн аудандарға орналастыру принципi бойынша жүйелі және iрiктеп құрғату жүйелерi болуы мүмкін.

Жүйелі түрде құрғататын жүйелерде құрғату тiзбегiн бүкіл құрғататын ауданға бiр қалыпты орналастырады, ал iрiктеп құрғататын жүйелерде - дымқылданып кеткен учаскелердiң орналасуына байланысты бiр қалыпты емес.

Су айналмалы принципi бойынша құрғату-дымқылдау жүйелерi су айналмайтын, жартылай су айналатын және су айналатын болып ажыратылады.

Су айналмайтын жүйелерде артық сулардың барлығы құрғататын ауданнан су қабылдағышқа тасталады.

Жартылай су айналатын жүйелерде (жарым-жартылай бекiтiлген су айналымда) ағынның бiр бөлігі құрғатылатын ауданнан (көбінесе жазғы уақытта) ауылшаруашылығы дақылдарын кейiнiрек дымқылдау үшін шоғырланады.

Су айналатын жүйелерде құрғатылған ауданнан шыққан барлық артық сулар құрғақ кезеңде ауылшаруашылығы дақылдарын дымқылдау үшін суаттарда ұсталады.

Қызмет жасайтын ауданы және пайдаланудың күрделілiгiне байланысты құрғату жүйелерi бес топқа бөлінедi. Қызмет жасайтын аудан үшін жүйелердiң келтiрiлген ауданы қабылданады.

Бiрiншi топ - жүйелердiң құрғатылатын жерiнiң келтiрiлген ауданы 180 мың га көбірек; екiншi - 120-180; үшіншi - 60-120;  төртінші - 30-60; бесiншi - 30 мың га дейiн.

Жүйелердiң келтiрiлген ауданы түзету коэффициентiмен баламалардың көмегі арқылы есептелiнедi.

Келтiрiлген құрғату жүйесінiң ауданын 1000 гектарға теңгеру: шын мәнісiнде пайдаланылатын құрғатылған жердiң 1000 га; құрғату-дымқылдау жүйесіндегi 500 га құрғатылатын жер; машинамен су көтеретін  польдерiн жүйелерiнiң 625 га (түзету коэффициентi 1,6) және т.б.

Техникалық жағдайының деңгейiне байланысты құрғату және құрғату-дымқылдау жүйелерi суармалы жүйелердегi сияқты төрт разрядқа бөлінедi. 

 

1.3 Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалануды ұйымдастыру және пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерi 

 

Өндiрiстiк және басқару әрекетiнде (қызметiнде) гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану суаратын және құрғататын жердiң мелиоративтiк режимдерiн жоспарлау және оперативтi түрде реттеуден, жүйелердiң барлық звеноларының жұмыс iстеу қабiлетi жағдайын сүйемелдеуден, оларды толық жетiлдiруден, инженерлi-мелиоративтiк мониторингтан тұрады.

Бұл функцияларды шаруашылық (мемлекеттiк) жүйелерiнде мелиоративтiк (пайдалану) қызметiн мемлекеттiк мекеме, ал шаруашылықтың iшiндегi (коллективтi, жеке) жүйелерде жер иелерi (пайдаланушы) атқарады.

Шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметi шаруашылықтың құрылымдық бөлімшесi болады (шаруашылық ассоциациясы). Оның негiзгi мiндеттерi:

Суаратын және құрғататын жердiң мелиоративтiк режимдерiн оперативтi реттеу. Ол: суармалы жүйелердегi - су алатын нүктелерден суды алу және суармалы учаскелерге оны бөлу, суаруды жүргізу, тасталатын және коллекторлы-кәріздi суларды жинау және шаруашылықтың сыртына әкету (немесе қайта пайдалануға қолдану) жұмыстарын қосады; құрғату-дымқылдау жүйелерiнде ылғалды кезеңдерде артық жер қыртысындағы және жер бетiндегi суларды жинау және шаруашылықтың сыртына әкету немесе қайта пайдалануға қолдану, құрғақ кезеңдерде - жер қыртысындағы сулардың ағынын және топырақтағы ылғалды ұстау, жетiспейтiн судың көлемiн шаруашылық аралық суару тiзбегiнен қабылдап, оны топыраққа беру;

шаруашылықтың iшiндегi жүйелерге техникалық қызмет жасау және жөндеу;

шаруашылықтың iшiндегi жүйелердi жетiлдiру;

шаруашылықта инженерлi-мелиоративтiк мониторинг жүргізу.

Шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметiнiң өндiрiстiк әрекетi ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға дайындаудан және жүргізуден, берiлетiн және әкетiлетiн су шығындарын реттеуден, шаруашылықтың iшiндегi тiзбекке техникалық қызмет жасаудан және құрғатылатын жерге өндiрiстiк зерттеулер жүргізуден тұрады. Бұл функцияларды: ауылшаруашылығы дақылдарын суаруды, құрғатылатын жердiң су режимiн реттеудi, шаруашылықтың iшiндегi жүйелердiң кейбiр элементтерiн (суару техникасын, сорап бекеттерін, құбырларды) жөндеудi және техникалық қызмет көрсетуді, тасқынды жiберудi, өндірістік зерттеулердi бригадалар, отрядтар немесе звенолар орындайды.

Шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметiнiң басқару әрекетi өндірістік үрдістiң құрамымен байланысты және шаруашылықта оны мелиорация және су шаруашылығының бас немесе аға инженерiне, ал жеке бригадаларды инженерге және техник-гидротехникке жүктелген. Мелиорацияланатын жердiң ауданы өте үлкен емес шаруашылықты шаруашылықтың iшкi жүйесін басқару қызметiн бiр инженер немесе техник-гидротехник орындауы мүмкін.

Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалануды шаруашылық аралық суарылатын және құрғатылатын жүйелердi пайдалану, жөндеу - пайдалану кәсіпорындарын басқару берiлген, шаруашылық аралық пайдалану қызметi орындайды. Пайдалану басқармасының құрамында жүйенiң жеке бөліктеріне - су алатын бас ғимарат, iрi бас каналдар немесе каналдар топтары, суаратын немесе құрғататын тiзбек ғимараттарымен, жүйе ауданының бөлімдерiне қызмет жасайтын пайдалану учаскесi (ПУ) болады.

Шаруашылық аралық жүйелердiң қызметiн пайдаланудың негiзгi мiндеттерi:

суармалы жүйелерде - суды алу және су тұтынушыларға бөлу (су беретiн нүктелерде) және шаруашылық территориясынан түсетін, тасталатын және кәріздi-коллекторлардың артық суларын әкету; құрғату-дымқылдау жүйелерiнде - шаруашылықтан түсетін және ылғалды кезеңдерде жанасқан территориялардағы артық жер қыртысындағы және бетiндегi суларды әкету және құрғақ кезеңдерде шаруашылыққа жетiспейтiн судың көлемiн беру;

шаруашылық аралық жүйелерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

шаруашылық аралық жүйелердi жетiлдiру;

жүйеде инженерлi-мелиоративтiк мониторинг жүргізу.

Пайдалану учаскелерiнде пайдалану қызметi өзiнiң әрекет жасайтын аймағында жергiлiктi нақтылы мiндеттердi орындайды.

Мысалы, бас пайдалану учаскесiндегi пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерi суды су көздерiнен алудан, су алатын ғимаратты жөндеу және техникалық көмек көрсетуден, осы ғимаратты жетiлдiруден (тасындылардан қорғау iс-шаралары, су көздерiнiң суару мүмкіншiлiгiн көтеруден) тұрады.

Бас канал қызмет ететiн пайдалану учаскесiндегi пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:

суармалы суды әкететiн шаруашылық аралық каналдарға тасымалдау және бөлу, осы каналдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, каналдарды жетiлдiру (сүзілуге қарсы шаралар, каналдағы ғимараттарды суды бөлудi автоматтандыру үшін осы заманғы құралдармен жабдықтау және судың есебi, және басқалар).

Шаруашылық аралық пайдалану қызметiнiң өндірістік әрекетi су көздерiнен суаратын суды алуда, оны шаруашылықтарға бөлуде, суды шаруашылықтың шекарасынан әрi қарай су қабылдағышқа әкетуде, шаруашылық аралық жүйелерге осы заманғы техникалық қызмет және жөндеу жүргізуде, шаруашылық аралық жүйелердi жетiлдiру үшін жасалған iс-шараларды орындауда, шаруашылықтарда мелиорацияланған жердi және пайдаланатын суды, сонымен қатар жердiң мелиоративтiк жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны бақылауда болады. Шаруашылықпен келiсiм-шарт негiзiнде олар ауылшаруашылығы дақылдарын суару жұмыстарын орындауы, шаруашылықтың iшкi жүйесінiң жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуi мүмкін. ´ндiрiстiк қызмет пайдаланушы қызметшiлермен iске асырылады (жұмысшылар, техниктер). Су алу, бөлу және суаратын судың есебi учаскедегi гидротехниктерге, ғимараттағы гидротехниктерге, суды бақылаушыларға, учаскенiң гидрометрiне және басқаларға жүктеледi. Жөндеу жұмыстарын механикаландырылған отрядтар (звенолар) мен бiрiккен жұмысшылар, сонымен қатар жақтаудағы жөндеу жүргізетiндер (құрғату жүйелерiнде), суды бақылаушылар және басқалар орындайды.

1.4 Гидромелиоративтiк жүйелердiң мiндеттерi

 

Гидромелиоративтiк жүйенiң қызметi су шаруашылығы кәсіпорны ретiнде белгiлi бiр мiндеттердi орындаумен қорытындыланады.

Гидромелиоративтiк жүйелердiң мiндеттерi күрделі және көп  салалы (жеке). Оларды жалпы және ерекше деп бөледі.

Жалпы мiндеттер басқарудың негiзгi мазмұны нысанды бүтіндей реттеу үрдісiн көрсетедi. Ол мiндеттерге кiретiндер: жоспарлау, оның iшiнде болжау, ұйымдастыру, оперативтi басқару (реттеу), есеп және бақылау.

Ерекше мiндеттер жүйенiң алдында тұрған басқарудың нақтылы мiндеттерiн шешудi, нақтылы мақсаттарға жетудi қамтамасыз етедi. Оларды төрт топқа бiрiктiруге болады.

Бiрiншi топтағы мiндеттерге суарылатын және құрғатылатын ауыл шаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимдерiн оперативтi түрде жобалау және реттеу жұмыстары енгiзiледi.

Суарылатын жүйелерде мелиоративтiк режимдердiң оперативтi реттеу жұмыстарына төмендегiлер енгiзiледi: су көздерiнен су алу, оны суарылатын территорияға тасымалдау, суды су тұтынушылар мен учаскелерге (танаптар, бригадалар, суармалы) бөлу, оларды су ағысы жағдайынан топырақ ылғалы жағдайына айналдыру, пайдаланылмай тасталған және минерализацияланған кәріздi-коллектордың (шайылған, жер қыртысындағы) суларын суармалы территориядан әкету. Жоспарлау жұмыстары су алу көзiнен су алудың болжау-жоспарын жасау, су тұтынатын шаруашылықтарға, шаруашылықтың iшiндегi су тұтынушыларға суды алу, суаруды ұйымдастырумен тұжырымдалады.   

Суару-дымқылдау жүйелерiнде мелиоративтiк режимдердi оперативтi реттеу келесi операцияларды қосады: ылғалды кезеңде - топырақтан және жер бетiнен артық топырақ, жер қыртысындағы және бетiндегi суларды әкету; жанасқан территориялардан түсетін ерiген, жаңбырдың және жер қыртысындағы сулардан қорғау, мелиорацияланған территорияны тасыған судың басуынан қорғау (толық немесе жарым-жартылай және тасқынды жiберу (су тасқыны); құрғақ кезеңде - жер қыртысы суларының және топырақтың ылғалын шлюздер және суару көзiнен жетiспейтiн судың көлемiн топыраққа беру арқылы ағынды ұстау.

Құрғату жүйелерiнде мелиоративтi режимдi оперативтi реттеу шектелген және артық суларды әкетуден ғана және жанасқан территориялардан түсетін ерiген, жаңбырдың және жер қыртысындағы сулардан қорғау немесе су қабылдағыштардан.

Екiншi топтағы мiндеттер жүйенiң барлық звеноларын жұмысқа жарамды жағдайда ұстап тұруға бағытталған, яғни гидромелиоративтiк жүйелердiң ұзақ уақыт және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және олар техникалық қызмет және уақытылы жөндеу жасаумен тұжырымдалады.

Үшiншi топтағы мiндеттер жүйелердi пайдаланудағы тәжіребелердi барынша есептей отырып жетiлдiрудi енгiзу. Бүған кiретiндер жүйелердi кешендi қайта құру және жүйенi басқару әдiстерiн жетiлдiру. Жүйелердi кешендi түрде қайта құруды жетiлдiру каналдар тiзбегiн, гидротехникалық ғимараттарды және әр түрлі техникалық құралдарды, тозығы жеткен және моральдi ескiрген жабдықтарды ауыстыруды, жаңа техникаларды енгiзудi қамтиды. Жүйенi басқару әдiстерiн жетiлдiруде басқару органдарының құрамын жетiлдiру керек, сонымен қатар шаруашылық жүйелерiнiң механизмдерiнiң iстеуi және қабылданған басқару әдiстерiнiң шешiмдерi.

Төртінші топтағы мiндеттер инженерлi-мелиоративтiк мониторингпен тұжырымдалады. Бүған кiретiндер: бақылау, бағалау және жүйелердiң техникалық жағадйын болжау және олардың сенiмдi түрде жұмыс iстеуi, суармалы суды тиiмдi пайдалану және жердi мелиорациялау, тасталатын және коллекторлы-кәріздi судың көлемi ластану дәрежесi, жердiң мелиоративтiк жағадйы және қоршаған табиғи орта. Бұл функция жүйенi басқарудағы қабылданған шешiмдi немесе жасалған өзгерiстердi кейiн қайтару ролiн атқарады.

Гидромелиоративтiк жүйедегi инженерлi-мелиоративтiк мониторинг жүйедегi жағымсыз құбылыстарды уақытылы болдырмайды және оның жұмыс iстеуiн жақсартуға арналған iс-шараларды жүргізудi жоспарлауға және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндiк бередi.

Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелер және оларды пайдалануда қойылатын талаптар

 

  1. Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелер бойынша түсiнiк және негiзгi ережелерi

              

Гидромелиоративтiк жүйелердiң тиiмдiлiгi және экологиялық қауiпсiздiгi олардың сапасына, оларға жүктелген мiндеттердiң нақты және сенiмдi орындалуына байланысты.

Жүйенiң сапасы - бұл жүйенi сол немесе басқа дәрежеде техникалық жетiлдiрудiң белгiлi қасиеттерiнiң жиынтығы.

Жүйенiң сапасы және оның элементтерi жобада қаланады, құрылысты салғанда қамтамасыз етiледi, пайдаланғанда қалпына келтiрiледi және ұстап тұрады.

Мiндеттердiң орындалу нақтылығы -  бұл реттелетiн параметрлердiң (су шығыны, топырақтың ылғалдылығы және т.б.) берiлген параметрлерге дәл мағынасына жақындау дәрежесi. Мiндеттердi берiлген дәлдікпен орындау дегенiмiз реттелетiн параметрлер алдын-ала берiлген шекте болуы.

Сенiмдiлiк - бұл берiлген мiндеттердi орындайтын нысанның қасиетi (жүйелердiң элементтерi) жүйелер толығымен берiлген шекте анықталған пайдалану көрсеткіштерiнiң мәнін талап етiлген уақыт аралығында сақтау. Мелиоративтiк жүйенiң сенiмдiлiгi элементтердiң техникалық сенiмдiлiгiмен және басқару жүйесінiң сенiмдiлiгiмен толығымен анықталады.

Нысанның жалпы техникалық сенiмдiлiк қасиетi дегенiмiз тоқтаусыздығы, ұзақ уақыттық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы.

Тоқтаусызыдығы - бұл нысанның (жүйенiң немесе оның элементтерiнiң) шамалы уақыт iшiнде жұмыс iстеу қабiлетiн үздiксiз сақтау қасиетi.

Ұзақ уақыттық - бұл нысанның орнатылған жүйедегi жөндеу мен техникалық қызметi шамасының жақындау жағдайына дейiнгi жұмыс iстеу қабiлетiн сақтау қасиетi.

Орындамау (тоқтап қалу) - нысанның жұмыс iстеу қабiлетiнiң бұзылуы. Көрсету сипатына байланысты кенеттен және бiртiндеп болып бөлінедi, ал салдарына байланысты - жарым-жартылай және толығымен орындамау (тоқтап қалу). Жарым-жартылай орындамауда (тоқтап қалуда) нысанды тағайындалуына (бағытына) байланысты жарым-жартылай пайдалануы мүмкін, толық орындамауда (тоқтап қалуда) - нысанды бағытына байланысты, пайдалану мүмкін емес.

Жөндеуге жарамдылығы - бұл нысанның тоқтап қалу себептерiн ескертуге және табуға бейiмделу қасиетi, жөндеу және техникалық қызмет жүргізудiң нәтижесiнде солардың салдарынан келген зақымды жою.

Сақталуы - нысанның сақталатын және одан кейiнгi кезеңде үздiксiз және жұмысқа жарамды жағдайында сақтау қабiлетi.

Гидромелиоративтiк жүйелердiң жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету - пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi.

Жоғарғы сапаға ие болуы және оларға жүктелген мiндеттердiң берiлген нақтылығы мен сенiмдi түрде орындалуын қамтамасыз ету гидромелиоративтiк жүйелердiң жетiлген түрі деп аталады. Олардың келесi негiзгi белгiлерi бар: звено мiндеттерiн айыру, резервтер мен жетiлген керi байланыстың бары, қимылдың дискреттiлiгi, жүйелердi үздiксiз жетiлдiру. Мелиорация ғылымы мен техникасының қазiргi деңгейде дамуы техникалық жетiлген гидромелиоративтiк жүйелердi жасауға нақты мүмкіншiлiк бар.

Бұндай жүйелердi жасаудың негiзгi мақсаты топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру; мелиорацияланған жердiң өнiмдiлiгiн көтеру; су, жер, энергетикалық және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану; су ресурстарын қорғау және сапасын жақсарту; қоршаған табиғи ортаны сақтау және жақсарту.

 

  1. Гидромелиоративтiк жүйелердiң сапа көрсеткіштерi

 

Гидромелиоративтiк жүйенiң сапасын және оның элементтерiн, белгiлi бiр сапалы көрсеткіштердiң жүйесі арқылы бағаланады.   

Жүйелердiң сапасын салыстырмалы бағалағанда негiзгi алынған көрсеткіштер мәні базалық (негiздiк) деп аталады.

Көрсеткіштердiң базалы мағыналарын сараптау, құжаттар, талдау әдiстерiмен және оларды байланыстыру (үйлестiру) арқылы анықтайды. Құжаттар арқылы анықтау әдiсi негiзгiсi болып табылады. Бұл әдiс бойынша базалар көрсеткіштерiнiң мағынасын әр түрлі құжаттар - СНиП, техникалық жағдайлар, ұсыныстар, анықтамалар негiзiнде, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн сараптау, жобалау құжаттарының, алдыңғы қатардағы жүйелердiң және су тұтынатын (пайдаланатын) шаруашылықтардың көрсеткіштерi негiздерiнде қабылдайды. Егер де құжаттар және талдау әдiстерiн кейбiр жағдайларға байланысты қолдану қиындау немесе тиiмсiз болса, онда сараптау әдiсi пайдаланылады. Базалар көрсеткіштерi мәндерiнiң сапасы табиғаттың және шаруашылықтың жағдайына байланысты.

Гидромелиоративтiк жүйенiң сапасын бағалайтын барлық көрсеткіштер үлкен екi топқа бөлінедi: техникалық сапа көрсеткіштерi және жүйелердiң жұмыс iстеу сапасының көрсеткіштерi.

Өз кезегiнде, техникалық сапа көрсеткіштерiнде: техникалық жағдайының көрсеткіштерi және жүйенiң техникалық деңгейiнiң көрсеткіштерi деп екi топқа бөлуге болады. Жүйелердiң жұмыс iстеу сапасының көрсеткіштерiн де екi топқа бөлуге болады: суды бөлу және суда пайдалану көрсеткіштерi, суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайының көрсеткіштерi.

Жүйенiң техникалық жағдайының және олардың элементтерiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң құрамына әдетте, судың шығыны, арын (сорап бекеті үшін), элементтердiң тозуы, техникалық пайдалану коэффициентi және басқалар кiредi.

Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық деңгейi көрсеткіштердiң мәндерiн салыстыруға негiзделген, бағаланатын жүйенi техникалық жетiлгендiгiн сипаттайтын, база көрсеткіштерiне сай келетiн сапа сипаты деп түсiнедi. Мұндай баға жүйенiң моральдық құрылымын есепке алуды рұқсат етедi. Жүйенiң техникалық деңгейi және олардың элементтерiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң құрамына әдетте жердi пайдалану коэффициентi, суармалы тiзбектiң пайдалы әсер коэффициентi, суармалы және құрғату тiзбектерiнiң бiрлiк ұзындығы, жолдың және байланыс желiсiнiң бiрлiк ұзындығы, су өлшейтiн ғимараттармен бiрлiк жабдықталуы және басқалар кiредi.

Суды бөлу және суды пайлдалану сапалары деп - гидромелиоративтiк жүйенiң өсiмдiктi қажеттi сапа, керектi көлемде және қажеттi мерзiмде сумен қамтамасыз ету мүмкіншiлiгi. Суды бөлу және суды пайдалану сапасы әдеуір мөлшерде суармалы тiзбектiң техникалық жағдайы мен техникалық деңгейiне және суару техникаларына байланысты. Суды бөлу және суды пайдалану сапасының негiзгi көрсеткіштерiнiң құрамына жүйенiң сумен қамтамасыздығы, жүйеге және су беретiн нүктеге судың бiрқалыпты түсуi жүйенiң сағасына су берудiң бiрлiк көлемi, жүйенiң және танаптың суды пайдалану коэффициентi, суару кезiндегi суды жердiң бетiнен тастау пайызы, танаптың бетiндегi топырақтың шайылуының бiрлiк көлемi және басқалар.

Суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайы деп - жүйенiң уақытылы және қажеттi мөлшерде тасталған және кәріздiң суын әкету мүмкіншiлiгi, сонымен қатар жер қыртысындағы судың деңгейiн ұсынылған тереңдiкте ұстап тұру. Суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайының сапасы суды жинайтын-тастайтын және коллекторлы-кәріздi тiзбектердiң техникалық жағдайы мен техникалық деңгейiне байланысты. Суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайының сапасының негiзгi көрсеткіштерiне кiретiндер: әкететiн судағы тұздың құрамы, кәріздi ағынның модулi, жер қыртысында жататын судың тереңдiгi және оның минерализациясы, сортаңдалған, батпақталған және эрозияға ұшыраған жерлер.

Гидромелиоративтiк жүйенiң сапасын бағалаудаен басқа топырақтың жағдайы және танаптың бетi, экологиялық жағдай, мелиорацияланған жердегi ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiктерi бағалануы керек.

Бағаланатын негiзгi көрсеткіштер:

топырақтың жағдайы және танаптың бетi: топырақтың тығыздығы, қара шiрiндiнiң құрамы, топырақ қабатының қалыңдығы, сүзгiштiк коэффициентi, сiңу жылдамдығы, төменгi ылғал сыйымдылығы, танап бетiнiң тегiстiгi және еңістігі;

жүйенiң және жанасқан жерлердiң экологиялық жағдай: суару көзiнен су iрiктеу үлесi, тасталған және кәріздi судағы нитраттар мен пестицидтердiң құрамы, топырақ қыртысындағы судың болуы және ластану қарқындылығы, ауылшаруашылығы өнiмдерiнде нитраттар мен пестицидтердiң құрамы, балықты қорғау шараларының болуы және басқалар;

мелиорацияланған жердегi ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi: негiзгi өндірістік қордың бағасы, барлық өнiмнiң жылдық бағасы, жылдық шығындар, жылдық пайда, рентабельдiлiк деңгейi, ауылшаруашылығы өнiмдерi мен суармалы судың өзiндiк қүны, өндірістік қордың жалпы экономикалық тиiмдiлiк коэффициентi.

 

  1. Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланудың талаптары

 

Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелер сапа көрсеткішiнiң жиынтығына сәйкес болу мiндеттi, оны пайдалану талаптары түрінде бiлдiруге болады. Олар табиғи-климаттық аймақтарға, суару тәсілдерiне, гидромелиоративтiк жүйелердiң түрлерiне байланысты. Пайдалану талаптарын жүйенiң звеноларына байланысты топтастыру орынды.

Суармалы жүйелерде су алатын ғимараттарға, шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбекке қойылатын талаптар болып бөлінедi.

Су алатын ғимаратқа және алынатын суармалы судың сапасына қойылатын негiзгi пайдалану талаптары:

Су көзiнен суаруға алынатын судың минерализациясы 1 г/л, шөлді аймақтардың құмды топырақтары үшін 2-3 г/л, сұр топырақтар үшін - 1,5 г/л, құрлықтағы аймақтардың күңгiрт-қызғыш топырақтары үшін - 0,7-0,8 (судағы натрийдiң құрамы кальций мен магнийдiң қосындыларының 25%-нан аспауы керек, рН суда 7,5 көп   емес); далалық аймақтардағы қара топырақтар үшін - 0,5-0,6 (натрийдiң құрамы кальций мен магнийдiң қосындысының 10-15%-нан аспауы керек, рН 7-ден көп   емес.

Жүйеге түсетін судағы тасындылардың құрамы суармалы ауданның 1 га есептегенде 5 м3 аспауы керек;

судағы қалқын жүрген қалдықтардың құрамы суармалы тiзбектiң конструкциясына (ашық, жабық) және суару техникасына байланысты тағайындалған мүмкін шектерiнен аспауы керек;

жүйенiң сумен қамтамасыздығы (яғни, шындығында берiлетiн судың есептелген қажеттi суға сәйкестiк дәрежесi) есептi жылы (75% немесе 90%-ды қамтамасыздығы) 100%-ды құрауы керек;

Шаруашылық аралық суармалы тiзбектi пайдаланудың негiзгi талаптары:

Әр 10-30 шақырымда командалық (басқару) түйіндерi, Әр 3-6 шақырым су бөлетін, түйіндерi және әрбiр 1000 га бiр-екi су беретiн нүктесi бар түйіндi тiзбектi схемасы;

ұзындықтары өте үлкен емес, сүзілуге қарсы жасалған төсенiш бар, пайдалы әсер коэффициентi жоғары (0,85-0,9) каналдар;

1000 га 6-9 су өлшейтiн бекеттер;

тiзбек ғимараттарында суды бөлудi автоматтандыру, бейне механизациялау және суды есептеу құралдарымен толық қамтамасыз етiлген;

көлемi жүйеге алынатын судың 5-10%- ын құрайтын тәулік немесе он күн бойы реттейтiн жүйе iшiндегi су қоймасының болуы (негiзiнен далалық аймақтарда).

Шаруашылық iшiндегi суармалы тiзбекке қойылатын талаптар:

iрi шаруашылық каналдарының ұзындықтары өте үлкен болмауы және сүзілуге қарсы жасалған төсенiшi бар болуы керек, ал майда тiзбек (танаптық немесе бөлгіш) - құбырдан немесе астаудан (науа) жасалуы керек; шаруашылық каналдарының бiрлiк ұзындығы - 5-8 м/га, жердiң бетiмен суарғанда танаптағы (бөлгіш) құбырлар мен астаулардың (науа) 20-35 м/га; ал жаңбырлатып суарғанда - жаңбырлатқыш машиналардың түрлерiне байланысты;

шаруашылықтың iшкi желiсi қалқып жүрген заттардан қорғалған болуы керек. Ол үшін су бөлетін нүктелерде және бөлетін құбырлардың (астаулардың) сағасына қалдық заттарды ұстайтын ғимараттарды (торлар) орнатады;

жөндеу жұмыстарын орындау үшін, лайдан қорғау және тасындыларды шаю үшін құбырларды реттеушi, тиектеушi, қорғап қалатын құбыр арматуралармен жабдықтайды. Арматуралардың саны құбырлардың жақсы басқарылуын және сенiмдi жұмысын қамтамасыз ететiндей болуы керек; құбырдың еңістігі босататын арында 0,001-ден кем болмауы керек;

су өлшейтiн бекеттердiң саны 1000 га 10-15 кем болмауы керек;

жер бетiмен суару тәсілiнде шаруашылық тiзбегiнiң пайдалы әсер коэффициентi 0,85-0,9, жаңбырлатып суарғанда 0,90-0,95 кiшi болмауы керек.

Суару техникасын пайдаланудың негiзге талаптары:

жетiлген және кәріздi заманғы суару техникаларын (суару техникалық құралы);

топырақтың ылғалдылығын оптимальдi шекте оперативтi реттеу: шөлді аймақтардағы сүр топырақтарда мақта және басқа жыртылып өңделетiн дақылдар үшін 0,65-0,9-ты, шөптер үшін 0,7-0,95-ты, шөлдегi қоңыр сұр өте күштi тастақталған топырақтарда жүзімдiктер үшін 0,6-0,9-ты; құрғақ далалық аймақтардағы күңгiрт-қызғыш топырақтарда 0,7-0,8-ты; далалық аймақтардағы қара топырақтарда 0,65-0,8-ты;

су ресурстарын (суаратын су) тиiмдi пайдалану.

Танаптардағы суды пайдалану коэффициентi ( = (Wбр - Wн) * Wбр 0,8-0,95 кiшi болмауы керек (Wбр - жаңбырлатқыш немесе суаратын машиналардың, суаратын құбырлардың немесе астаулардың беретiн суы (брутто), м3/га; Wн - танаптағы су ысырабы, м3/га);

танаптарға судың бiрқалыпты бөлінуi. Жүйектердiң немесе жолақтардың ұзына бойындағы топырақтың бiрқалыпты дымқылдану коэффициентi Кр = Wmin / Wmax 0,85-0,95 кiшi болмауы керек (Wmin және Wmax - жүйектердiң немесе жолақтардың ұзына бойындағы топырақтарға сiңетiн судың төменгi және жоғарғы көлемi, м3/га немесе м).

Жаңбырлатқыштарда суару тиiмдiлiгi коэффициентi Ктс.а = Fтс.а/Fжалпы 0,7 кем болмауы керек (Fтс.а; Fжалпы - сәйкес тиiмдi суарылған аудан мен жаңбырлатқыш машинаның жалпы қамтыған ауданы);

топырақты су эрозиясынан (шаю) ескерту. Жер бетiмен суарғанда танаптың еңістігі кiшi және орташа болғанда топырақты шаю рұқсат етiлмейдi, ал үлкен еңiстерде (0,008 үлкен) рұқсат етiлген шамадан аспауы керек. Жаңбырлатқыштармен суарғанда топырақты шаю рұқсат етiлмейдi;

жаңбырлатқыштармен суарғанда шалшықтың пайда болуын және судың ағынын ескерту. Суарудың аяғында жаңбырдың орташа қарқындылығы сiңу жылдамдығынан артпауы керек (жаңбырлатып суарғанда сiңу жылдамдығы жер бетiмен бастырып суарғандағы сiңу жылдамдығынан 15-30( кiшi);

жер ресурстарын тиiмдi пайдалану. Танаптағы жердi пайдалану коэффициентi КЗИ = Fnt/Fбр (Fnt және Fбр - танаптағы суарылатын ауданның неттосы мен бруттосы). Көп  жылдық егiстердi жер бетiмен суарғанда 0,93-тен кем болмауы керек; отамалы дақылдарда 0,69-дан кем болмауы керек; жаңбырлатыпс суарғанда 0,97 кем бомлауы керек;

еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану. Жердiң бетiмен суарғанда мұраптардың еңбек өнiмдiлiгi бiр сменада 2-6 га кiшi болмауы керек, ал 1000 м3 берiлген суды суаруға кететiн еңбектiң уақыты 2 сағаттан артпауы керек;

энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану. Суаруға берiлген 1000 м3 суды көтеру үшін энергияның шығыны: жаңбырлатып суарғанда 400-800 квт.сағ, жер бетiмен, тамшылатып және топырақтың iшiмен суарғанда 50-200 квт.сағ артпауы керек. Жердiң үлкен еңістігінде жер бетiмен өзiнiң ағынымен суару, өзiндiк арынды шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбек арқылы энергия шығындамай жүргізіледі;

суару техникасының жоғары сенiмдiлiгi. Техникалық құралдардың суаруға дайындығы коэффициентi Кч = To/(To + Tв) 0,96 кiшi болмауы керек, ал тоқтаусыз жұмыс iстеу мүмкіндiгi Pt = (no - nt)/no 0,90 кiшi емес (То - iстен шығуға бейiмдiлiгi;  Тв - қалпына келтiрудiң орташа уақыты; no - пайдаланудың басында суаратын техникалық құралдардың саны;  nt - t уақытында тоқтап қалатын техникалық құралдардың саны).

Суды әкететiн (коллекторлы-кәріздi және су жинайтын-тастайтын) тiзбек келесi негiзгi пайдалану талаптарын қанағаттандыру керек:

суды әкететiн тiзбектiң жетiлген және қазiргi заманғы конструкциясы. Коллекторлы-кәріздi тiзбек суармалы алқаптiң табиғи жағдайына байланысты жабық көлбеу, тiк немесе құрастырылған кәріздер болуы мүмкін. Жабық көлбеу кәрізде кәріздi тiзбек тұрақты суармалы каналдардың арасына олардан 20-30 м қашықтықта орналастырады. Кәріздiң тереңдiгi 2,5-4 м, жер қыртысындағы судың алмағайып деңгейiнен аспауы керек. Суармалы территоиряда кәріздiң бiрлiк ұзындығы 50-100 м/га құрауы керек. Тiк кәрізде бiр ұңғыманың қызмет ететiн ауданы 50-100 га, кейбiр жағдайда 400 га дейiн жетедi. Су жинайтын-тастайтын тiзбек жердiң бетiнен тасталған суларды жинау және әкету үшін керек. Олар терең емес ашық каналдар болуы керек. Су шығыны 0,25 м3/с көп   барлық тұрақты суармалы каналдардың соңында сарқынды суды тастайтын канал болуы керек. Апатты (сақтау) жағдайда суды тастау командалық түйіндерде қаралу керек және жауапты ғимараттардың алдында немесе танаптық каналдарда қаралады. Коллекторлы-кәріздi және суды жинау-тастау тiзбектерiн қосуға рұқсат етiлмейдi. Сарқынды және лас (төгінді) суларды коллекторлы-кәріздi тiзбекке тастауға рұқсат етiлмейдi;

суармалы жердiң мелиоративтiк режимдерiн оптимальдi уақыт аралығында шапшаң реттеудi қамтамасыз ету. Минерализацияланған жер қыртысындағы сулардың тереңдiгi алмағайып деңгейден көп   болуы керек. Сары топырақта алмағайып тереңдiк, жер қыртысы суларының минерализациясы 3 г/л дейiн болғанда - 1,7-2,2 м;  3-5 г/л - 2,2-3 м;  5-7 г/л - 3-3,5 м. Жеңiл құмшауыт топырақтарда алмағайып деңгей азаяды. Жер қыртысы суларының тереңдiгi 0,6-1 м кiшi жағдайда, жердi батпақтау және басып кету қаупiнiң болуына байланысты рұқсат етiлмейдi. Топырақтың құрамында уатты тұздар құрғақ топырақ массасының 0,2-0,3( көп   болмауы керек. Na/  және Na/  қатынасы топырақ ерiтiндiсiнде рұқсат етiлген шамадан аспауы керек. Натрийдiң құрамы ППК-да: шөлді аймақтарда 10(; далалық аймақтарда 4-5( аспауы керек;

ақаба және коллекторлы-кәріздiң суларында уытты заттардың құрамы, оларды су қабылдағыштарға тастағанда ПДК-дан аспауы керек. Ақаба және коллекторлы-кәріздiң суларын суаруға пайдаланғанда олардың сапасы суаратын суға қойылған стандартқа сәйкес болуы керек;

кәріз, коллекторлар және тiк кәріздердiң сағасындағы (құйылысындағы) ғимараттар су өлшейтiн қондырғылармен жабдықталуы керек;

жер қыртысындағы сулардың деңгейiн және минерализациясын бақылау мақсатында жүйеде бақылау ұңғымалары орналасуы керек. Топырақтың сортаңдылығын бақылау үшін бақылау ұңғымаларының жанынан тұздардың құрамын анықтау үшін топырақ үлгiлерiн алатын алаң жабдықталады (тұзды бақылайтын нүктелер).

Суармалы жүйелердегi және оған жанаса жатқан жердiң экологиялық жағдайының негiзгi талаптары келесiлер:

табиғи ландшафттарды сақтау немесе жартылай табиғи ландшафттар жасау. Шөлді аймақтарда танаптарды қорғайтын ағаш жолақтары және оларды отырғызу ауданның 6-10 % алуы керек, ал далалық аймақтарда табиғи және жартылай табиғи ландшафттардың ауданы ауданның 25-30 % болуы керек;

суару көздерiнен су бөлу және жер асты суларын алу белгiленген мәннен аспауы керек;

жүйелерде балық қорғайтын шаралардың болуы мiндеттi;

улы химиялы заттарды және пестицидтердi абайлап қолдану (мөлшері 4-5 кг/га артпауы керек);

ақаба және коллекторлы-кәріздiң суларын су қабылдағыштарға тастағанда олардың құрамындағы уатты тұздар, нитраттар және пестицидтер ПДК-дан аспауы керек;

ауылшаруашылық өнiмiнде нитраттар мен пестицидтердiң құрамы ПДК-дан артық болмауы керек.

Суармалы жерлердегi ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiнiң негiзгi талаптары төмендегiдей:

жоғары тиiмдiлiк мақсатқа сәйкес ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi (0,85-0,95) Уmax және топырақтың пайда болуы үшін қолайлы жағдай;

суармалы жерден ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң жоғарғы тиiмдiлiгi. Ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң рентабельдiлiгi деңгейi Урент = 100П/С қазiргi нарық жағдайында 40-50% кем болмауы керек (П - ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiруден түскен пайда, т;  С - ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң өзiндiк қүны, т).

қазiргi негiзгi өндірістік қорды пайдаланғандағы жалпы (абсолюттi) экономикалық тиiмдiлiктердiң көрсеткішi, немесе қордың рентабельдiлiгi, Экр = П/Ф орнатылған негiзгi қордың тиiмдiлiк нормасына тең немесе көп   болуы керек (Ф - өндiрiлген негiзгi қордың орташа жылдық бағасы және құралдарды қайта нормативтеу, т). Негiзгi қордың тиiмдiлiгiнiң нормативтiк мәнін орташа 0,1 ұсынады.

Құрғату-дымқылдандыру жүйелерiнде су алатын ғимараттарға, шаруашылық аралық суармалы тiзбекке, шаруашылықтың iшiндегi суармалы (дымқылдандыру) тiзбекке, суару техникасына, құрғату тiзбегiне, сонымен қатар экологиялық жағдайлар мен құрғатылатын жердегi ауылшаруашылық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiне қойылатын талаптарды атап көрсетедi. Құрғату жүйелерiнде құрғату тiзбегiне, экологиялық жағдайға және ауылшаруашылық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiне пайдалану талаптары қойылады.

Құрғату-дымқылдандыру және суару жүйелерiндегi су алатын ғимараттарға, суармалы тiзбекке және суару техникасына қойылатын талаптардың көпшiлiгi бiрдей болғандықтан, төменде олардың құрғату-дымқылдандыру жүйелерi үшін өзгешелеу кейбiреулерi ғана қарастырылған:

- гумидтi аймақта суаратын судың минерализациясы 2 г/л кiшi болуы керек;

- құрғатылатын жердi дымқылдау тәсілi табиғи жағдайға сәйкес келуi керек: судың қоректену түрі, топырақтың су өткiзгiштiгi және жердiң еңістігі;

- топырақтың тамыр орналасқан қабатының ылғалдылығын оперативтi реттеу қолайлы шамада (0,8-1,0 т.ы.) жүргізiлуi керек;

- жердi игеру коэффициентi (ЖИК) 0,85 кiшi болмауы керек.

Құрғату тiзбегiне төмендегiдей негiзгi пайдалану талаптары қойылады:

реттейтiн тiзбектiң түрі өте дымқылданған факторларға және егiлетiн ауылшаруашылығы дақылдардың түрлерiне сәйкес болуы керек;

вегетациялық кезеңде ауыспалы егiстiктен және жайылымнан шыққан артық жердiң бетiндегi және инфильтрациялы-топырақ суларын әкету ұзақтығы: жер бетiндегi топырақтардан 0,5-1 тәуліктен, айдалатын қабаттан - 1,5; тамыр орналасқан қабаттан 5 тәуліктен артық болмауы керек, шабындықта ол сәйкес 1,5; 3 және 7 тәулікке дейiн өседi;

жер қыртысындағы сулар оптимальдi шамада реттелуi керек. Оптимальдi құрғату мөлшері жыл мезгiлiне, өндiрiлетiн ауылшаруашылық дақылдарына және ауа райының жағдайларына байланысты: көктемгi егiлетiн мезгiлде 0,4-0,6 м; ауыспалы егiстiк пен жайылымда вегетациялық кезеңде 0,9-1,1 м және шабындықта 0,6-0,8 м; егiндi жинар алдында 0,4-0,6 м; ылғалды кезеңде 1-1,1 м (жазда күштi жаңбырдың кезiнде 0,4-0,5 м, ұзақтығы 2-3 тәуліктен көп   емес) болуы керек. Жер қыртысындағы судың деңгейiн төмендету жылдамдығы 5-6 см/тәулік кем болмауы керек. Дымқылданған қатты сортаңдалған топырақтардағы минерализациясы жоғары жер қыртысы суларының жату тереңдiгi алмағайып тереңдiктен көп   болуы керек (мысалы, Барабанның ойпаң жерiнде қауiптi деңгей 0,9-1,7 м аралығында жатыр;

қорғаушы тiзбек жердiң бетiндегi және жер қыртысындағы құрғатылатын территорияға су жинайтын алқаптан түсетін, сонымен қатар өзеннен және су сақтайтын орындардан сүзілетiн суларды ұстап қалуды қамтамасыз ету керек;

құрғататын суларды Қткiзетiн тiзбек құрғатылатыен ауданнан жердiң бетiндегi және жер қыртысындағы артық суларды территорияны суға бастырмай, реттейтiн тiзбекке қалқан жасамай және канал арнасын шаймай су қабылдағышқа уақытылы Әкетудi қамтамасыз ету керек;

су қабылдағыш су өткiзетiн тiзбектен артық суларды қалқан жасамай және жанаса жатқан территорияларды суға бастырмай суды қабылдауы керек. Ауылшаруашылығы жерiн уақытша суға бастыру (7-14 тәулік) көктемде рұқсат етiледi, егер де ол жерге күздiк дақылдар өндiрiлмесе. Егер де бұл талаптар орындалмаса, онда су қабылдағышты реттейдi, немесе құрғатылатын ауданды топырақ үйiп қорғайды, немесе машинамен су көтеру жүйесін жасайды.

Экологиялық жағдайлар мен құрғатылатын жердегi ауылшаруашылық өндiрiстерiнiң тиiмдiлiгiне қойылатын негiзгi талаптар келесiлер:

жер қыртысы сулары жататын тереңдiк құрғату мөлшеріне сәйкес келуi тиiс;

жердiң бетiндегi және инфильтрациялы-топырақ суларын әкету ұзақтығы ұсынылған шамадан аспауы керек;

жүйелер аймағындағы территорияны сумен абаттандыру жұмыстары орындалуы керек, суландыратын каналдар тiзбегiн, бассейндердi, тоғандарды, су қоймаларын, өзендi радиусы 2-3 шақырымнан аспайтын жануарлар су iшетiн пункттердi қоса есептегенде;

ауданы 40-50 ( кем емес табиғи және жартылай табиғи ландшафттарда сақталған болуы керек (мемлекеттiк орман қорындағы жерлер, жайылымдар, танаптарды қорғайтын орман жолақтары және басқалар);

қоршаған жерлер көбірек құрғатылудан және бастырылудан қорғалған болуы керек;

су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндiк туғызатын және олардың биолоигялық және минералдық заттармен ластануын ескертетiн су айналымы жүйелерi қолданылады;

құрғатылатын жерлерде ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету керек: өнiмдi өндiру рентабельдiлiгi 40-50% кем емес, қордың рентабельдiлiгi белгiленген мөлшерден кем емес.

Нақтылы жүйелер үшін пайдалану талаптары анықталады және нақтыланады.

 

  1.  Жетiлген гидромелиоративтiк жүйелердiң принциптi схемалары

 

Шаруашылықтың iшiндегi кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тiзбектiң принциптi схемасын А.Н.Костяков атындағы Бүкіл Одақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институты жасаған. Шаруашылықтың iшiндегi кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тiзбектiң принциптi схемасы, суару, тыңайтқыш енгiзу және кәріздi-қашыртқы суын бiр-екi ауыспалы егiстiң алқапiнiң ауданына пайдалануға арналған. Олар кәдімгi звенолардан басқа жаңа блоктарды қосқан: химиялық, кәріздi-қашыртқы суын пайдалану, жүйенiң жұмысын бақылау және басқару.

Химияландыру блогi минералды, органикалық және бактериалды тыңайтқыштарды енгiзу, суарылатын сумен бiрге пестицидтердi және химиялық мелиоранттарды енгiзуге арналған. Оларды суармалы тiзбекке немесе суару техникасына су арқылы қоректендiргiштердiң көмегі (тыңайтқыш, химиялық мелиоранттар) және арнайы машиналар - гербигиторлар (пестицидтер) арқылы берiледi. Тыңайтқыштар мен пестицидтер вегетация кезеңiнде суаратын сумен енгiзiледi, ал химиялық мелиоранттар - шайылатын сумен. Микротыңайтқыштарды енгiзу Үшін анодты металл (мырыш, молибден, медь, кобальт) ерiтiндiсi қондырғысын қолданады.

Кәріздi-қашыртқы суын пайдаланатын блок жинау, өңдеу және оларды суаруға қайта пайдалану үшін қызмет етедi. Ол, жинау - бассейннен, тазарту және деминерализациялайтын түйіндерден, пайдаланылған кәріздi-қашыртқы суын жинайтын қоймадан, тазаланған суды беретiн сорап бекетінан, суару тiзбегiнен және қосымша суармалы ауданды суаруға арналған суару техникаларынан тұрады. Кәріздi-қашыртқы суын тазалау және олардың сапасын жақсарту үшін әр түрлі тәсілдермен техникалық құралдарды пайдаланады: иониттi сүзгi, таза сумен араластыру, қысқы жаңбырлату және көлемдi мұздарды қатыру, биохимиялық тазалау, суаратын суға химиялық мелиоранттарды кiргiзу. Әзiрге барлық әдiстер экспериментальдi және тәжіребелi тексерiстерден өтуде. Тазартылған кәріздi-қашыртқы суымен әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарын суарады, оның iшiнде тұзға төзімдi және галофиттер.

Суармалы жүйенiң жұмысын бақылау және басқару блогi жүйедегi технологиялық үрдістердi және суармалы жердiң мелиоративтiк режимiн басқару, сонымен қатар жүйедегi технологиялық параметрлердi бақылайды. Ол: метеостанциядан, топырақтың ылғалдылығын өлшейтiн құралдардан (ылғалдылық датчиктерi, нейтронды ылғал өлшегiштер, тензиометрлер және басқалар), су өлшейтiн қондырғылардан (байланыс сымы, радио каналы және басқалар), пакет программасы мен жеке ЭЕМ және тағы сол сияқтылар. Айтылған блок агрометеопараметрлердi, топырақтың ылғалдылығын, суаратын және кәріздi-қашыртқы суының көлемi мен шығынын, агрохимикаттардың концентрациясы мен мөлшерін, жер қыртысы және кәріздi-қашыртқы суларының минерализацияларын өлшейдi, сорап бекеттерін қосады және ажыратады. Суаратын және кәріздi-қашыртқылы тiзбектердегi арматуралар, суару техникасы және тағы сол сияқтылар.

Автоматты тамшылатып суаратын жүйелерде барлық технологиялық операциялар автоматты түрде орындалады. Суды тазарту үшін топырақтан немесе бетоннан жасалған тұндырғыштар, торлы сүзгiлер, микросүзгiлер және барабанды торлар, түйіршiктi сүзгiлер қолданылады.

Суармалы тiзбекке тыңайтқыштар беру үшін арнайы түйінге стационарлық үстеп қоректендiрушiлер қосады.

Үлкен еңiстi жердегi ауылшаруашылығы дақылдарын жүйекітеп суаруға арналған Москваның гидромелиоративтiк институты жасаған (1994 жылдың тамызынан МГУП) шаруашылықтың iшiндегi өзiндiк арынды жабық суармалы жүйелердiң принциптi схемасы .

Топырақ астымен суаратын құбырлы өзiндiк арынды жабық суармалы жүйе еңістігі 0,004-0,2 аралығында болатын жүзімдiктер мен бақтарды суаруға арналған. Топырақ астындағы суаратын құбырдың ұзындығы 150-200 м; 40-60 см тереңдiкте жатқызылады (құбырдың жоғарғы бетiне дейiн) және полиэтилендi құбырша су жiбергiштермен жабдықтайды. Құбыршалар, жүзімдiктердiң немесе бақтардың қатарындағы жақтаулардағы құбырға арнайы тесiлген тесiктерге орнатылады. Құбыршалардың табанында құбырдан су жiберу үшін жасалған су жiберетiн тесiктерi бар, ал жоғарғы бөлігінде - жүйектерге су ағызатын тесiктер. Суаратын құбырдағы қажеттi судың арыны: шапшып ағатын шығынның кiшi мәнінде 1 м, үлкенiнде (екi есе көбейген) 4 м.

Шапшып ағатын судың шығынын суару барысында суаратын құбырдың басындағы iлмектi-реттегiш ысырма арқылы реттейдi. Суаратын құбырлардың ара қашықтығын суару жүйектерiнiң тиiмдi ұзындығына (50-200 м) тең етiп қабылдайды.

Су алатын ғимарат шөп-шаламды ұстайтын қалыңдығы 1 мм болаттан тоқылған алынып-салынатын, шарбақ тормен, iлмектi-реттегiш ысырмамен және су өлшейтiн қондырғымен жабдықталады.

Суаратын полиэтилендi шлангалы өзiндiк арынды жабық суармалы жүйе  еңiстігi 0,008-0,05 аралығында болатын отамалы дақылдарды суаруға арналған. Жабық бөлгіш құбырлардың ара қашықтығы 300-400 м, гидрант-су жiбергiштердiң арасы 60-150 м (суару жүйектерiнiң ұзындығына байланысты).

Суаратын шлангалар тығыздығы төмен полиэтиленнен және тұрақитандырылған қара күйемен (күйенiң құрамы 2%) жасалған. Шлангалардың диаметрi 150-200 мм, ұзындығы 150-200 м. Оларда диаметрi бiрдей реттелмейтiн су жiберетiн тесiктерi бар. Шланганың трассасының еңістігін, шапшып ағатын судың шығыны бiрдей жағдайда, гидравликалық есептермен анықтайды.

Жабық жүйелердiң суаруды, химияландыруды және кәріздi-қашыртқы суларын пайдалануды басқару үшін автоматтандырылған блогi блоктары болуы керек.

Ғ´Б (Беларуссияның мелиорация және су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) жасаған өзен польдерi құрғату-дымқылдау жүйесіндегi су айналымы схемасы 2.4 суретте көрсетiлген.

Бұл жүйеде кәріздiң сулары тоған-жинағыштарда жиналады және құрғақ кезеңде олардан бөлгіш каналдар арқылы құрғату-дымқылдау тiзбегiне түседі. Бұндай ағынсыз жүйелер жоғарғы экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз етедi: су ресурстарын тиiмдi пайдалануға жол берiледi және кәріздiң суларымен жер бетiндегi көздердiң ластануын болдырмайды. 

 
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланатын және басқаратын техникалық құралдар

 

Пайдаланатын және басқаратын техникалық құралдар қосымша жүйелердi басқару құрамына кiредi. Олар, жинайтын, өңдеу және ақпарат беру, және басқару сигналдары мен командалардың қалыптасуын (диспетчерлiк байланыс, бақылау ұңғымалары, өндірістік зерттеулер зертханалары, жолдар, тасымалдау құралдары), сонымен қатар қосалқы кәсіпорны мен өндірістік базалар, өндiрiстегi пайдалану жұмыстарына керектi машиналар, Өндірістік және тұрғын үйлердi, каналдар мен ғимараттарды пайдалану жағадйлары, орман жолақтары үшін керектi техникалық құралдардың кешенiнен тұрады.

 

3.1 Диспетчерлiк байланыс

 

Гидромелиоративтiк жүйелердi диспетчерлеу негiзiнде басқарады (ағылшын тiлiнде dispatch - жылдам басқару) кәсіпорында бақылау және басқаруды оперативтi орталықтандыру, ақпаратты өңдеудi және берудi қазiргi заманғы құралдарды пайдалануға негiзделу. Диспетрерлеу басқару нысанасының кейбiр звеноларының келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Бұл жағдайда технико-экономикалық көрсеткіштерi, жұмыстың ырғақтылығы жоғарылайды, гидромелиоративтiк жүйелерде өндiрiстiң қуаттылығы жақсырақ пайдаланылады.

Арнайы бөлмеден барлық жүйенi немесе оның бөлімдерiн бiр орталықтан басқару және бақылау диспетчерлiк пункт деп аталады. Бұнда, диспетчерлiк қызмет өзiнiң мiндетiн орындауға көмектесетiн жабдықтар мен аппараттарды орналастырады.

Диспетчерлiк пункттегi жабдықтар диспетчерге жүйенi басқаруда жүктелген мiндеттердi анық және жоғарғы шапшаңдықпен орындалуды қамтамасыз ету керек. Диспетчер мен орындаушылардың хабарласуы және ақпарат алмасып тұруы үшін телефон, телеграф және радио байланыстар жасалған.

Гидроиелиоративтiк жүйедегi басқарылатын барлық нысаналар диспетчерлiк байланыспен жабдықталады (су алатын ғимараттар, сорап бекеті, бақылау түйіндерi, бөлгіш түйіндер, су беретiн нүктелер, суаратын техника). Сонымен қатар, жалпы байланыс схемасына кiретiндер қызмет жасайтын шаруашылық, пайдалану учаскелерi, негiзгi су өлшейтiн бекеттер, жүйенiң жұмысымен оперативтi байланыстағы қызмет адамдары (жүйенiң начальнигi, бас инженер, бөлім және пайдалану учаскесiнiң жетекшiлерi). Дисперчердiң байланыс жолы арқылы жүйедегi балық нысаналар мен үрдістердi басқарады, жүйенiң жұмыс режимiнiң қажеттiлiгiнiң шығуына қарай ол командалар бередi.

Диспетчерлiк байланыс бақылаудағы нысанның әрқайсысынан ақпарат алуды, үкiм берудi (басқарушың әрқайсысынан ақпарат алуды, үкiм берудi (басқарушыға ықпал жасау) және өндiрiстiң мәжілiстерiн өткiзудi қамтамасыз етедi.

Әр кезде байланыс құралын таңдау нақтылы жағдайға байланысты: байланыс құралының болуы және оларды арендалау мүмкіншiлiгi, жаңа байланыс нысаналарын тұрғызудың мүмкіншiлiгi. Байланыс құралдарын қалай су шаруашылығы пайдалану мекемелерi, солай мамандырылған байланыс кәсіпорындары пайдалану мүмкін. Бiрiншi жағдайда облыстық пайдалану басқармалары пайдалану-техникалық байланыс түйіндерiн жасайды (ПТБТ), ал жүйенi пайдалану басқармаларында - арнайы байланыс қызметiн.

Жүйелерде дисперлiк қызметке арнайы бейiмделген телефон байланысы көп таралған. Мұндай байланыстың ең сенiмдi схемасы - сақиналы, барлық диспетчерлiк нүктелер (басқару нысаналары) екi желiлi сыммен қосылып сақина жасайды. Бұл схема пiшiнi онша көп созылмаған гидромелиоративтiк жүйелердiң кез келгенiнде қолданылады. Телефон байланысын жүзеге асыру үшін тұрақты телефон желiсiн, телефон станциясын (АТС, коммутаторлар) және тәулік бойы кезекшi телефоншылар қызмет ететiн селектор қондырғыларын орнатады.

Негiзгi басқару нысаналарынде телефон аппараттары бар, шаруашылық аралық каналдар тiзбегiнiң ұзын учаскелерiнде - розеткалар. Су күзетшiлерi далалық телефондармен жабдықталған, телефон трубкасы. Телефон желiсiнiң бiрлiк ұзындығы 1000 гектарға 8-10 шақырым.

Телефон байланысын негiзiнен гидрометеорологиялық қызметке бағынышты гидрометрия тiрек бекетiнен ақпарат беру үшін қолданады. Бұл жағдайда, әдетте, жалпы телеграф тiзбегiнiң жақын пунктiн пайдаланады. Кейбiр телефон арқылы автоматты жұмыс жасайтын су деңгейiн өлшегiштердiң көрсеткіштерiн бередi. Бұндайды арнайы байланыс деп атайды.

Жүйеге басшылықты елеулi жақсартуға, күнделiкте-i сүрақтарды тым оперативтi шешуге, судың есебiн жақсартуға, суару жұмыстарының жүруi жайлы ақпараттарды жинау және берудi әдеуір жақс арту берудi әдеуір жақсартуға және басқа да мүмкіндiк беретiн ультрақысқатолқындағы радио байланысының тиiмдiлiгi жоғары.

Радио байланыстың кемшiлiктерi: эфирдiң бос еместiгi және радио жиiлiгiн алудың қиындығы, өнеркәсiптiң және атмосфераның бөгетiнiң әсерi (тұман, жаңбыр, қар) және басқалар.    

Ультрақысқатолқындағы радиобайланыс құралдары қалай тұрақты, солай жылжымалы нысаналардың арасындағы байлансты қамтамасыз етуге арналған. Жүйелер әдетте радиусы 4-20 шақырым аралығында ықпал ететiн радиостанциялармен жабдықталады. Ара қашықтығы 50-70 шақырымнан жоғары аралықпен хабарласуы Үшін ретрансляцияны пайдаланады.

Техникалық байланыс құралдарының кешенiне кiретiндер: телефон аппараттары мен концентраторлар, телеграф аппараттары, радио және радиорелелi станция, мәліметтердi хабарлайтын аппараттар, дыбысты жазып алатын және тiркейтiн қондырғылар.

Диспетчерлiк байланысты бiр сатылы және екi сатылы схемада ұйымдастырады.

Бiр сатылы схемада барлық басқарылатын нысаналарда оперативтi басқаруды жүргізетiн бiр диспетчерлiк пункт бар.

Екi сатылы схемада орталықтандырылған (ОДП) және бiрнеше жергiлiктi диспетчерлiк пункттер бар (ЖДП) бар. Соңғысы жүйенiң бөліктерін басқаруға арналған (бөлім учаскелерiн), ал ОДП олардың жұмыстарын координациялайды (үйлестiредi). Екi сатылы схемалар басқарылатын нысаналар көп   (әдетте 100-200) болғанда қолданылады.

 

3.2 Автоматтау және бейнемеханикаландыру құралдары

 

Олар жүйелердi диспетчерлiк бақылау және басқару, жергiлiктi электроавтоматика, гидроавтоматика, ақпаратты басқарушы (кеңес беретiн) құралдарға кiредi.

Диспетчерлiк бақылау және басқару құралдарына кiретiндер: ақпаратты қабылдайтын, өзгертетiн және хабарлайтын қондырғылар; ақпаратты өңдейтiн және сақтайтын қондырғылар; басқару командасын құратын және хабарлайтын қондырғылар.

Ақпаратты қабылдайтын құралдарға деңгейдi өлшейтiн және бақылайтын, қысымды, судың шығыны мен температурасын, топырақтың ылғалдылығы мен температурасын өлшейтiн әр түрлі приборлар (датчиктер) кiредi.

Мысалы, судың деңгейiн қалытқылы, электродты, акустикалық және басқа сұйық деңгейiн өлшейтiн және бақылайтын датчиктермен жүргізіледі.

Ашық каналдардағы және жабық резервуарлардағы сұйықтың деңгейлерiн өлшегенде ең көп   тараған қалытқылы датчиктер. Бұндай датчиктердiң сезiмтал элементi - қалытқы, сұйық деңгейiнiң өзгеруiне байланысты ауысуы өлшейтiн приборлардың стрелкасына немесе бейнеөлшегiштерiне берiледi. Бейнеөлшегiштерде қалытқы деңгейiнiң ауысуы басқа электрлi сигнал түріне ауысады.

Электродты датчиктер деңгейдiң дикреттi (жазып алу) мәнін анықтау, екi позициялы реттеуде, деңгейдiң өзгеру жылдамдығын анықтау Үшін кеңiнен қолданылады. Олар, жұмыста қарапайым және сенiмдi. Судың деңгейiн электродқа дейiн көтергенде немесе одан төмен түсiргенде сигнал пайда болады, осыған байланысты судың деңгейi жазылып алынады.

Арынды құбырларда судың шығынын шығынөлшегiштермен өлшейдi (шығын датчиктерi): индукциялы, ультрадыбысты және басқалар.

Ақпаратты сигнал түріне ауыстырып және оларды байланыс желiсiнiң бiреуiмен диспетчерлiк пунктке (басқару пунктi) хабарлау, сонымен қатар құрастыру және Өндірістік нысанды басқаруға диспетчер команда (қосу, ажырату, орнын өзгерту) беру үшін бейнемеханика құралдары пайдаланылады (гректiң Fehe - қашықтық, механика - мастерлiк).

Жергiлiктi электроавтоматика құралдары автоматтандырылған нысаналарда болады. Оларға электрлендiрiлген қақпақ көтергiштерi, электроавтоматты реттегiштер, тапсырманы iстейтiн механизмдер, технологиялық параметрлердi бақылайтын датчиктер, басқару шкафы және автоматтау жәшіктерi, программа және өлшейтiн қондырғылар кiредi.

Жүйелердегi аралықтан басқарылатын жергiлiктi  автоматиканың сипаты сонда, басқару пунктi мен объектi нысанасының бiр бiрiнен қашық орналаспауы. Олардың ара қашықтығы он шақты және жүз шақты метрдi құрайды. Әрбiр басқару командасы немесе басқару нысанасының жағдайы жайлы ақпарат беру бейнемеханика жүйесінен айырмашылығы дербес сым арқылы жiберiледi, бейнемеханика жүйесі әрбiр команда үшін жеке сым салуды болдырмайды.

Гидроавтоматика құралдарын гидротехникалық ғимараттарда орналастырады. Оларға деңгей реттегiштерi (қысым), құлама деңгейi реттегiштерi, су жiберетiн босағалар және сифондар, шығын реттегiштерi, шығын стабилизаторлары кiредi.

Жүйелердi ақпаратты-басқарушы құралдарға (кеңесушi) ЭЕМ, ылғал өлшегiштер, буландырғыштар, телефондар, телетайптар және басқалар кiредi.

 

3.3 Су өлшейтiн бекеттер. Бақылайтын ұңғымалар

 

Су өлшейтiн бекеттер жабдықталған орны мен орындайтын мiндеттерiне байланысты бiрнеше түрге бөлінедi.

Бекеттердiң конструкциясы және олардың жабдықтары ағынның гидравликалық параметрлерiне оперативтi анықтауды қамтамасыз етуi керек: су деңгейi, шығын, су көлемi, жылдамдық және тағы сол сияқтылар. Су өлшейтiн бекеттiң санын, судың есебiн өлшеудi нормалы қамтамасыз етуiне байланысты орналастырылады (4 бөлімдi қара).

Бақылайтын ұңғымалар тiректi (режимдi) және шаруашылықтың iшiндегi болып бөлінедi. Олар, жер қыртысы суларының деңгейi мен минерализациясын бақылауға, топырақтың сортаңдылық дәрежесiн, тұздардың химиялық құрамын анықтауға арналған.

Тiректi (режимдi) ұңғымалар гидромелиоративтiк жақтауларда орналасады. Ұңғыма аймағында, сонымен қатар, топырақтың су-физикалық қасиетiн, тұздардың құрамын және тағы сол сияқтыларды анықтау мақсатында, Үлгiсiн алуға арналған шлангалар орналастырады.

Гидромелиоративтiк жақтаулар жер қыртысы суларының ағыны бағытымен орналасады. Бұл жағдайда, олар, ең төменгi және жоғарғы учаскелердi кесiп өтуi керек. Жақтаулардың ара қашықтығы 3 шақырымнан 5-6 шақырым, суармалы алқапте ұңғымалардың арасы 1-1,5 шқ, ал оның шет жағында 3 шқ. дейiн, құрғататын алқаптен 1,5 шқ орналасады. Каналдарға, коллекторларға және кәріздерге жақындаған сайын ұңғымаларды жиi орналастырады: суаратын алқапте магистрал каналына жақын жерде - судың ернеуiнен 10, 40, 130, 400, 1000 м ара қашықтықта, құрғататын алқапте 5, 30, 80 м ара қашықтықта. Кәрізi бар суаратын алқаптарде бiр режимдi ұңғыманың қызмет жасайтын ауданы, орташа, 250-500 га құрайды, жиi кәріздi тiзбегi бар ауыр топырақтарда ол 200-100 га дейiн азаяды, ал кәріз жоқ жағдайда 500-2000 га дейiн өседi.

Жақтауларды реперлермен бекiтедi. Ұңғымаларды нивелирлеу жылына бiр рет орындалады.

Шаруашылықтың iшiндегi (жергiлiктi) ұңғымалар шаруашылық ауданында бiркелкi орналасады: суаратын алқаптi бiр ұңғыма есебiнен 100-150 га, ал құрғататын алқапте - бiр ұңғыма 10-15 га.

Бақылау ұңғымаларының тереңдiгiн суармалы жерде жер қыртысы суларының ең жоғарғы тереңдiгiнен 0,5 м көп   қабылданады, ал құрғатылатын жерде - 0,2-0,3 м. Ұңғымаларды диаметрлерi 50-100 мм обсадты құбырлармен (асбестоцементтi), пластмассалы, темiр, ағаш) бекiтедi, төменгi бөлігінде сүзгi орналастырады. Обсадты құбыр жер бетiнен 0,5-0,7 м артық. Құбырдың табанын герметикалық жабады, ал жоғарғы жағы алынып-салынатын қақпақпен жабдықталады. Ұңғымаларда жер қыртысы суларының деңгейiн деңгей өлшегiшпен өлшейдi. Топырақтың және жер қыртысы суларының үлгiсiн, тұздың мөлшерін және химиялық құрамын анықтау Үшін, жылына екi рет алады (көктемде және күзде).

Ұңғымаларды және тұз алаңдарын бақылаудың қорытындысы негiзiнде жер қыртысы суларының тереңдiгiнiң және минерализациясының картасы және жердiң мелиоративтiк жағдайының картасы жасалынады.

Жердiң мелиоративтiк жағдайын жақсартуға арналған iс-шараларды мелиоративтiк қызмет жасайды.

3.4 Өндiрiстiк және тұрғын үйi. Өндiрiстiк зерттеулер зертханасы

           

Еңбекшi коллективке керектi еңбек және тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін әрбiр гидромелиоративтiк жүйенiң жұмысшылардың штат санына сай қызметтiк, мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй және өндiрiске арналған ғимараттары болуы керек.

Жүйенiң пайдаланушы қызметшiлерiне арналған барлық үйлер арнайы ұйымдастырылған поселкiлерде (қалашықтарда) орналасады, сонымен қатар елдi пунктте орналасқан пайдалану учаскесiнiң үй-жайы жолдармен, электр жарығымен, газбен, телефон байланысымен және басқалармен қамтамасыз етiлген. Жүйенiң бас учаскесiнде және түйіндегi ғимараттарда кезекшi қызметкерлердi және маусымдық жұмысшыларды орналастыру үшін үй болуы керек.

Тұрғын үй қорын анықтағанда жүйедегi жұмысшылардың санының есебiн, әдетте, штат құрамының 80%-на тең қабылдайды. Жұмысшылардың қалған 20 %-ын - жергiлiктi тұрғындар және негiзгi жұмысшылардың жан-үялары деп үйғарады. Тұрғын Үйдiң пайдалы ауданын, штаттағы әр жұмысшының жан-үясына, қазiргi нормаға сай бiр адамға бөлінетiн жалпы ауданды есептеп, бөлек пәтер беру керегiн ескере отырып анықтайды.

Шаруашылық аралық жүйенiң пайдалану басқармасының үйiнiң ауданын, әр қызметкерлi, орташа 8 м2 қамтамаыз ететiндей жағдайда есептейдi. Одан басқа, басқарма үйiнде мәжілiс залы, диспетчерлер бөлмесi, байланыс торабы, зертхана, техникалық әдебиеттер кiтапханасы және басқа бөлмелер (мысалы, мұражай).

Қазiргi жүйелердiң тәжіребелерiне сүйенiп өндірістік үйдiң пайдалы ауданы 1 га мелиорацияланған ауданға 0,1-0,15 м2 құрайды. Өндiрiстiк үйлерге солармен бiрге, қоймалар, гараждар және басқалар жатады.   

Пайдалану қалашықтарына мәдени-тұрмыстық үйлер тұрғызылады: дүкендер, клубтар, мектептер, медпункттер, моншалар. Қалашық су, жылу-газ- және электр жабдықтарымен қамтамасыз етiледi, телефондандырылады.

Пайдалану басқармасында өндірістік зерттеулер зертханасы жүйелердi жетiлдiру және оларды пайдалануды жақсарту үшін құрылады. Олар зерттеулердi шаруашылық аралық жүйелердiң бөлімдерiнде ғана емес, шаруашылықтың жасаған келiсiм-шарттары бойынша шаруашылықтың iшiндегi жүйелерде де жүргізедi.

Зертханада жер қыртысы және суаратын сулардың сапаларын талдау, топырақтың су-физикалық қасиеттерiн анықтау жұмыстарын жүргізедi, суару режимi мен технолоигясы, суаратын судың ысырабы, тағы басқалар бойынша далалық зерттеулердi орындайды; Өндірістік зерттеулердiң нәтижелерiн өңдейдi және ғылыми-техникалық есеп жасайды. Зертхана соңғы құрал-саймандар (жабдықтармен) және есептеу техникаларымен жабдықталады. Бiр зертхана 10-12 мың га мелиорацияланған жерге қызмет жасайды.

 

3.5 Қосымша кәсіпорны мен өндірістік база. Пайдалану жұмыстарына арналған машиналар. Тасымалдау құралдары

 

Жүйедегi нысаналарда негiзгi жөндеу жұмыстары мен техникалық қызметтi орындау үшін мелиоративтi-құрылыс машиналары мен тасымалдау құралдары пайдалану басқармасының өзiнiң қосымша кәсіпорны мен өндірістік базасы (материалды-техникалық) бар.

Қосымша кәсіпорынға жөндеу-механикалық шеберханалары, механикалық базалары, мұнай базасы, трансформаторлы подстанция, складтар, құрылыс аулалары, карьерлер жатады.

Жөндеу-механикалық шеберханасының өндірістік қуаттылығы машина паркiндегi барлық жөндеуге көп   еңбек сiңiрудi керек қылушылықтың қосындысына және қуаттылықтың 10-30%-ға өсетiндiгiн ескере отырып бiр шартты жөндеуге көп   еңбек сiңiрудi керек қылушылыққа (қазiргi жүйелерде шамамен 300 адам-са жүйелерде шамамен 300 адам-сағат) байланысты, сонымен қатар тек пайдалануға керектi артық бөлшектер мен жабдықтарды дайындауға мүмкіншiлiктiң болуы.

Гидромелиоративтiк жүйелер пайдалану жұмыстары үшін мелиоративтiк-құрылыс машиналары, тасымалдау құралдарымен жабдықталған болуы керек. Машиналардың саны мен құрамы жөндеу-пайдалану жұмыстарының көлемiне байланысты.

Жөндеу-пайдалану жұмыстары үшін машина паркiнiң құрамына кiретiндер: автомобильдер, тракторлар, экскаваторлар, скреперлер, грейдерлер, бульдозерлер, ұзынбазалы тегiстегiштер, катоктар, каналтазартқыштар, крандар, оратын машиналар, жерснаряд-машиналар, бетонараластырғаштар, ұңғыма бүрғылайтын машиналар және басқалар.

Жүк және жеңiл машиналардығ санын пайдаланушы қызметкерлердiң әдеттегiдей жұмыс жасауына керектi шамаға, жүйенiң күрделілiгi мен ауданына байланысты анықтайды.

Пайдалану басқармасында бiр жеңiл автомобиль, ГАЗ-53А түріндегi 1-4 автомобильдер, 3-14 мотоциклдер (бiрiншi цифры ауданы 5-15 мың га болатын өздігінен суарылатын жүйелер үшін, екiншiсi - ауданы 30-60 мың га суды машинамен көтерiп суаратын жүйелер үшін) болуы керек.

Гидромелиоративтiк жүйелерде, каналдар мен су қоймаларында материалдарды жеткiзу үшін және инспекторлық мақсатқа қажеттi су транспорты болуы керек (катерлер, баржылар, глиссерлер, моторлы қайықтар және басқалар).

Жүйелерге техникалық қызмет жасайтын механикаландырылған звенолар машинамен, көлiк тасымалдарымен және ережеге байланысты құрал-саймандармен жабдықталады. Мысалы, ауданы 3 мың га болатынсуармалы жүйеге қызмет жасайтын механикаландырылған звено бiр шөмішті пневмодөңгелектi экскаватор немесе каналтазартқыш, трактор, трактор тiркемесi - екi осьтi өзi аударатын (1-4), оратын машина (косилка), бортты автомобиль, далалық вагон, дәнекерлеу агрегаты.

Жөндеу-пайдалану жұмыстарын әдеттегiдей орындау үшін өндірістік базаның негiзгi қорының бағасы осы жұмыстардың жылдық көлемiнiң шамамен 60-70% құрауы керек (су шаруашылығы ұйымдарының жөндеу-салу жұмыстарының тәжіребесi бойынша).

 

3.6 Жолдар тiзбегi. Каналдар мен ғимараттардағы пайдалану жабдықтары

 

Жолдар тiзбегi iрi каналдар мен коллекторлардың жиегiмен жүруге арнайы (пайдалану) жолдардан арналған, сонымен қатар пайдалану басқармасы мен пайдалану учаскелерiн көп  шiлiктiң пайдаланатын жолдарымен қосатын кiретiн жолдардан тұрады. Пайдалану жолдары тиiстi тәртіп бойынша болуы керек және ауа-райының жағдайына қарамастан барлық гидротехникалық ғимараттарға емiн-еркiн кiрудi, iрi каналдар мен үйiлген бөгеттердi жағалап жүрудi қамтамасыз етедi. Кiшкентай каналдар мен ғимараттарды қарау және жөндеу үшін енi 1-1,5 м болатын пайдалану соқпақтарын жасайды.

Кiретiн жолдардың топырақпен төселетiн енi 6,5 м, пайдаланатын жолдардiкi - 5 м. Кюветтер трапецеидальдi және үшбүрышты, тереңдiктерi тастақ және құмайт топырақтарда 0,3-0,4 м, сазды және шаң топырақтарда 0,5-0,6 м. Жолдың үйiндiсiнiң биiктiгi 0,5 м көбірек және құмшауыт топырақтарға жолдың кюветсiз көлденең қимасы ұсынылады.

Каналдар мен ғимараттардағы пайдалану жабдықтарына реперлер, маркiлер, жаға белгiлерi, каналдардағы бақылау жақтаулары, бақылау ұңғымалары және басқалар жатады.

Реперлердiң екi түрі орнатылады: геодезиялық және конструкциялық. Геодезиялық реперлер жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, гидрометриялық өлшеулер, жер қыртысы суларын бақылағанда, жұмыс көлемiн анықтағанда және басқа жағдайларда биiктiкке бекiтуге арналған. Конструкциялы реперлер жөндеу жұмыстарын ниверлирсiз жүргізу үшін каналдардың, бөгеттердiң, бөгеттердiң жобадағы белгілері мен өлшемдерін бекiту үшін қызмет етедi.

Жаға белгiлерi (шақырым столбтары, пикеттiк және реттiк белгiлерi) жүйеге техникалық қызмет жасағанда пайдалану қызметкерлерiнiң бағыт-бағдарын жеңiлдету үшін қойылады.

Топырақтан жасалған бөгеттің және бөгеттердiң денесiнен жер қыртысы суларының сүзілуiн, сонымен қатар бетоннан жасалған ғимараттардың табанынан және оларды айналып өтуiн бақылау үшін құбырдың төменгi бөлігінде сүзгiсi бар ұңғыма-пьезометрлер орналастырады. Ғимараттардағы пьезометрлiк жақтаулардың саны олардың конструктивтi ерекшелiктерiне байланысты, ал олардағы пьезометрлердiң саны сондағы немесе басқа көлденең қимасында депрессия қисығын алуды қамтамасыз етуiне байланысты. Әдетте, ғимараттарда орнатылатын пьезометриялық жақтаудың саны үштен кем емес.

3.7 Орман жолақтары

 

Суаратын каналдар мен су жинайтын-тастайтын тiзбектердi жағалай ағаштар жолағын отырғызады. Сондай-ақ, орман жолақтары пайдалану учаскелерiнiң, ауыспалы егiс танаптарының шекараларына, жолдарды жағалай, су тоғандарының айналасына отырғызылады. Жүйенiң бас учаскесiнде ағаштар бөлек алқаптар түрінде отырғызылады.

Мiндеттерiне байланысты орман жолақтары танаптарды қорғау үшін (құрғақшылыққа қарсы), каналдарды көлеңкелеу үшін (олардағы өсiмдiктердiң өсуiн азайту мақсатында), су реттеудi қорғау (су эрозиясынан қорғау үшін), мелиоративтi (канал жиегiндегi жолақтарда жер қыртысы суларының деңгейiн төмендету үшін) болып бөлінедi.

Каналдардың (әсiресе iрi) екi жағына орналастырылған орман жолақтары көбірек тиiмдi. Ағаштардың қатардағы саны, демек, жолақтардың енi де олардың мiндеттерiне және орналасу орнына байланысты: iрi каналдардың жиегiндегi шүңқырлардағы орман жолақтары 5-30 м құрайды, ал кейбiр жағдайларда 60-80 м (қатардың саны 4-6 және одан да көбірек), суармалы алқаптар мен жердi пайдалану шекараларында орман жолақтары 2-5 қатардан отырғызылады, жолдардың жиегiнде - 1-2-ден 4-6 қатарға дейiн.

Қатардың ара қашықтығы 1,2-2,5 м, орман жолағы мен канал жиегiнiң (шұқырдағы) немесе каналдарды механизмдермен тазалағанда үйiндiнiң үлтанының арасы 4-5 м.

Отырғызуға жемiс ағаштарын, тұт ағаштары, пирамидалы теректер пайдаланылады.

Пайдалану абсқармасының қарауындағы ағаштарды отырғызатын аудан жүйе ауданының 1,5-2% құрайды.

Жүйенiң бас учаскесiндегi өзен жайылымындағы отырғызылған шоқ ағаш ғимараттарды жөндеуге және тасқыннан қорғауға керектi ағаштармен қамтамасыз етедi.

 

Гидромелиоративтiк жүйелердегi пайдалану гидрометриясы және судың есебi

 

Гидромелиоративтiк жүйелердегi судың есебi, ең алдымен, суды пайдалануды және суды бөлудi техникалық сауатты ұйымдастыру үшін керек. Сонымен қатар, жүйелерде суды дәл және жүйелі түрде есептеу - бұл оны тиiмдi пайдаланудың басты жағдайларының бiрi.

Суды есептеу және оны жұмсауды бақылау үшін гидромелиоративтiк жүйелердегi барлық су алатын және су жiберетiн ғимараттар, стационарлы сорап бекеттері суды есептеу және өлшеуге арналған қазiргi техникалық құралдармен жабдықталады. Суды есептеудiң екi түрін ажыратады: технологиялық және коммерциялық..

Технологиялық суды есептеу су шаруашылығы жүйелерiнiң, суды пайдаланатын шаруашылықтардың және бригада учаскелерiнiң арасында су ресурстарын пайдалануды және бөлудi оперативтi басқару мақсатында, сонымен қатар каналдардың, сорап бекеттерінің, гидротехникалық ғимараттардың жұмысын Әдеттегiдей жағдайда қамтамасыз ету арқылы iске асады.

Коммерциялық судың есебi суару көзiнен алынған және белгiленген мерзiмде, керектi шығынды тұтынушыларға берiлетiн судың көлемiн анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

4.1 Су өлшейтiн бекеттердi жiктеу және орналастыру. Оларға қойылатын негiзгi талаптар

 

Суды есептеу үшін су өлшейтiн гидрометриялық бекеттер тiзбегiн жасайды (су есепетейтiн пункттер). Гидромелиоративтiк жүйелерде оларды суару көзiндегi су алатын ғимараттардың жанына, магистрал каналының сағасына, iрi шаруашылық каналдардағы су бөлетін орындарға, су тұтынушы шаруашылықтарға су беретiн нүктелерде, бөлімдерге, ауыспалы егiстерге және бригада учаскелерiне су беретiн нүктелерге, ақаба суды тастайтын каналдарға, кәріздiң және коллекторлардың құйылысына орналастырады. Орналасатын жерiне және орындайтын мiндеттеріне байланысты оларды түрлерге бөледі.

Су өлшейтiн бекеттер үлкен екi топты бiрiктiредi: теңдiк және оперативтi судың есебi. Теңдiк бекеттерi сағадағы ең басты, бөлгіштердiң басындағы, шаруашылықтың және ақаба суды тастайтын бекеттердiң мiндеттерiн орындайды. Бұл мiндеттердi транзиттi ең басты және бөлгіштердегi посттарда атқарады, егер де оларды аудандардың немесе облыстардың шекараларына орналастырса. Қалған су өлшейтiн бекеттер - оперативтi су өлшейтiн бекеттер.

Шаруашылық аралық суармалы тiзбекте әдеттегi суды есептеу үшін 1000 га есептегенде 6-9 бекеттер болуы керек, ал шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбекте - 10-15 бекеттер. Су өлшейтiн бекеттер суды есептейтiн техникалық құралдармен жабдықталады - су өлшейтiн қондырғылармен.

Су өлшейтiн бекеттер және су өлшейтiн қондырғылар келесi негiзгi талаптарға жауап беруi керек:

судың оперативтi есебi (шығынның мәліметтерi сүрағаннан кейiн бiрден түсуi керек);

суды есептеудiң дәлдiгi (өлшенетiн су шығынның рұқсат етiлетiн орташа-квадратты салыстырмалы қателiгi + 5 ( артық болмауы керек);

су өлшейтiн бекеттердiң ұзақ уақыттығы және сенiмдiлiгi;

шығынды өлшеудiң қарапайымдылығы (өлшенетiн параметрлердiң кiшi саны бойынша, мысалы, арыны, деңгейi немесе деңгей айырымдары, арындар);

шығындардың үлкен көлемде өлшенуi (шығындардың 5-10 есе өзгеруi);

аз арындарда және деңгей айырмаларында (құламаларда) жұмысының сенiмдiлiгi және су өлшеуiнiң дәлдiгi;

температураның үлкен тербелiсiнде, жоғарғы ылғалдылықтар және ауаның шаңдану кездерiнде жұмыс iстеуiнiң сенiмдiлiгi;

тасындылар мен қалқып жүрген заттарды кедергiсiз жiберуi;

конструкциясының қарапайымдылығы, бағасының көп   еместiгi;

шығарылуы және қолданылуы көп  шiлiкке бiрдейлiгi.

 

4.2 Су өлшейтiн қондырғыларды құрайтын бөліктері және түрлерi

 

Гидромелиораитвтiк жүйелерде су шығынын өлшеу, ереже бойынша, жанама өлшеу принципiне негiзделген. Әдетте, тiкелей шығынды өлшемейдi, каналдағы немесе құбырдағы су қозғалысының жылдамдығы мен көлденең қимасының ауданын өлшейдi, сонымен қатар арынды немесе арын ысырабын (деңгей құламасы).

Су өлшейтiн қондырғы, әдетте, ағын қалыптастыратын және ақпарат бөлімдерiнен тұрады (су деңгейiн, деңгей құламалары немесе ағын қалыптасатын бөлімнiң көлденең қимасындағы арынды өлшеуге арналған приборлар мен жабдықтар), қосалқы қондырғылар (тыныштандыратын құдықтар, өлшейтiн жабдықтарды орналастыруға арналған шкаптар).

Су өлшейтiн қондырғы жұмыс iстеу принципiне байланысты төрт түрге бөлінедi:

арнайы ағын қалыптастыратын бөлімдерi бар су өлшейтiн қондырғы (суағарлар, босағалар, астаулар, саптамалар, тiреуiштер, диафрагмалар, диффузорлар);

электромагниттi және акустикалы су өлшейтiн қондырғылар (индукциялы, ультрадыбысты шығын өлшейтiндер);

жылдам су өлшейтiн қондырғылар (гидродинамикалық түтігi бар су өткiзетiн учаске, вертушкалармен және басқалар);

гидравликалық су өлшегiш қондырғылар (шығынды гидравликалық тұрақтандырғыштар, градусталған ғимараттар).

Су өлшейтiн қондырығының түрін немесе ағын қалыптастыратын бөлімдердi өлшенетiн судың шығынына және оны өлшейтiн арынға байланысты таңдайды.

Су өлшейтiн қондырғылардың ақпаратты бөлімiнде сериялы шығарылған iрiктеп жинақталған аспаптар мен өлшеу жабдықтарын пайдаланады. Гидрометриялық жүйелерде гидравликалық параметрлердi (деңгейлер, жылдамдықтар және басқалар) өлшеу үшін аспаптар мен жабдықтардың келесi түрлерiн қолданады:

ашық су өткiзушiлерде судың деңгейлерiн (деңгей құламалары) - деңгей өлшегiштер және деңгей өлшейтiн рейкалар;

су ағынының жергiлiктi жылдамдықтарын - гидрометриялық вертушкалар, гидродинамикалық түтіктер, индукциялы және ультрадыбысты жылдамдық өлшегiштер;

арынды су өткiзгiштерде қысым құламасын - дифмонометрлi және пьезометрлi түтіктер;

судың ағыны - ағын өлшегiштер;

гидротехникалық ғимараттардағы қақпақты ашу мөлшері - қақпақтың түратын орнын анықтайтын датчиктер, штрихты ұзындық өлшемi.

Iрiктеп жинақталған аспаптар мен өлшеу жабдықтарының түрін ағын қалыптастырушы қондырғының түріне байланысты таңдайды.

 

4.3 Су өлшейтiн қондырғылар мен ғимараттардың конструкциялары

 

Су өлшейтiн қондырғылардың түрлерi мен конструкцияларын олардың қолданылатын жағдайларына, су өткiзгiштердiң (ашық немесе құбырлы) түрлерiне, су өткiзгiштердiң өлшемдері мен көлденең қимасының формаларына, судың шығыны мен жылдамдығына, судағы тасындылар мен қалқыма заттарға байланысты таңдайды.

Су өлшейтiн қондырғылардың әрбiр түрін қолдануға қойылатын талаптар арнаулы инструкцияда айтылған.

Су шығыны 10 м3/с көп   ашық каналдар мен ғимараттар. Бұнда ағын қалыптастыратын қондырғының негiзiнен екi түрі қолданылады - градусталған каналдар және градусталған гидротехникалық ғимараттар.

Градусталған канал «белгiленген жақтау» каналдың түзу сызықты учаскесi бетонмен, плитамен және басқа материалдармен қапталған (белгiленген) гидрометриялық көп  iрлермен немесе өткелге арналған басқа құралдармен және каналдағы судың тереңдiгiн анықтауға арналған деңгей өлшегiшпен жабдықталған болып саналады. Учаскенiң ұзындығы тең немесе каналдың бес еселенген жоғарғы енiнен көп   емес, бiрақ та 5 м кем емес және 50 м көп   болмауы керек. Судың шығынын өлшеудегi жiберiлетiн қатесi + 5-6%. Бiрақ та жақтау лайланған (шөгiндiлермен) жағдайда, су қозғалысының тоспалы-үзiлiстi режимiнде қателiк 10%-ға дейiн өседi.

Градусталған гидротехникалық ғимарат ретiнде реттелмейтiн (қалқансыз және қақпақсыз) және реттелетiн (қалқанды және қақпақты) гидротехникалық ғимарат пайдаланылады. Соның iшiнде су өлшеу жағдайына жауап беретiн су шығынын стабилизаторлы және автоматты реттегiштер. Су шығынын өлшеудегi жiберiлетiн қателiгi + 5-10%. 

Градусталған каналдар үшін, жеке градусталған өткiзушi және қабыстырушы ғимараттар және метрологиялық аттестациялау арқылы, нормативтi өлшеу дәлдiгiн қамтамасыз еткенде, шығынның су деңгейiне (деңгейлерiне) байланыстылығы тәуелдiлiгiн анықтайды (корреляциялық байланыс), реттеушi ғимараттар үшін - шығынның су деңгейлерiне және қақпақтың ашылуына байланыстылығы.

Жеке градустау гидрометриялық вертушкалардың, гидродинамикалық түтіктердiң немесе ультрадыбысты приборлардың көмегі арқылы “жылдамдық х аудан” әдiсiмен iске асырылады.

Каналдардың градусталған учаскесi мен ғимараттардың негiзгi жетiстiктерi: ағындағы қосымша гидравликалық кедергiлердiң болмауы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасының салыстырмалы алғанда төмендiгi, ал негiзгi кемшiлiктерi: оларды градустау және тексеру жұмыстары көп еңбек сiңiрудi керек қылады, су қозғалысының таспалы-үзiлiстi режимi жағдайында өлшеу дәлдiгi жоғары емес және су есебiнiң оперативтiлiгi жеткiлiксiз.

Градусталған реттеушi ғимараттардың су өлшегiштiк жағдайы келесiлер:

ғимараттың су жiберетiн бiр (көп   дегенде екi) тесiгi болуы керек;

жоғарғы бьефтегi ағынның жылдамдығы 1 м/с көп   болмауы керек;

қақпақ астынан өткендегi режим шығынның және су деңгейiнiң барлық өзгерiсiнде тұрақты (тек қана ерiктi немесе тек қана бастырылған) болуы керек;

қақапақтың астынан өту бастырылған ғимараттарда төменгi бьефтен су астында қалуы жоғарғы бьефтегi судың тереңдiгiнен 85% артық болмауы керек;

қақпақтың алдындағы судың тереңдiгi 1 м кем болмауы керек; 

қақпақпен маневр жасау 0,2 метрден су жiберетiн тесiктiң енiнiң жартысына дейiн рұқсат етiледi.

Гидромелиоративтiк жүйелерде гидротехникалық ғимараттардың тек қана салыстырмалы алғанда азғантай пайызы ғана су өлшегiштiк жағдайына жауап бере алады.

            Су өлшейтiн ғимараттар ретiнде шығын реттегiштер мен автореттегiштердi пайдаланғанда бұл ғимараттар үшін су шығыны коэффициентiнiң нақтылы мәнін бiлген пайдалы.

 

            Тесiктiң ауданы “(” мен (h-ты тiкелей өлшеу арқылы жеңiл анықтауға болады.

            Ғимаратты тарировка жасау үшін жоғарғы және төменгi бьефтерге рейкалар орнатады "арынды (h өте жылдам анықтау үшін мүмкіндiгiнше бiр деңгейде). Әр түрлi арында су шығынын табу үшін әкететiн каналда гидрометриялық жақтау жабдықталады. Әрбiр арында ғимараттағы тесiктiң ауданы да өлшенедi.

            Тарировкалау кезiнде ( және (h өзгерте отырып, Q = f((, (h)тәуелдiлiгiн анықтайды, әдетте суды есептегенде пайдаланылатын бұл тәуелдiлiктiң кестесiн құрады. Шығын коэффициенттерiн формула (4.1) арқылы есептейдi және ( ( f((, (h) тәуелдiлiгiн тұрғызады.

            Градусталған каналдар учаскелерi мен құбырлы реттегiш ғимараттарда ультрадыбысты шығынөлшегiштердi пайдалануға болады. Олардың жұмыс жасау принципi қозғалатын ортада ультрадыбысты сигналдың таралу жылдамдығының өзгеруiне негiзделген.

            Қималары трапецеидальды және төртбүрышты магистральдi каналдарда су қозғалысының тынық бiрқалыпты және таспалы-үзiлiстi режимiнде, сонымен қатар iрi түйіндерде УШС (ультрадыбысты шығынөлшегiш бекеті) түріндегi ультрадыбысты шығынөлшегiш қондырғыларын пайдалану ұсынылады. УШС пайдалану жағдайы канал табанының енi 5-150 м ағынның жылдамдығы 0,2-0,5 м/с, су тереңдiгi 0,5-6 м, су шығыны 5-1000 м3/с, олардың өзгеру еселiлiгi 25 көп  , қалытқы тасындылардың (лайлылығы) концентрациясы 5 кг/м3 дейiн ағын аэрацияланбаған.

            Ультрадыбысты шығын өлшейтiн қондырғылар электр энергиясын талап етедi және бағасы жоғары. Сондықтан олармен шығыны 25 м3/с көп   каналдарды жабдықтайды. Шығыны 25 м3/с кiшi каналдарға қою экономикалық талдауды талап етедi.

            Құбырының диаметрi 0,4-1,5 м деңгейлерiнiң гидравликалық құламасы 0,02-0,4 м және шығатын қимасы бастырылған режимде жұмыс жасайтын құбырлы реттегiш ғимараттарда ультрадыбысты ағынды қалыптастыратын бiрканалды шығынөлшегiштер орнатылады.

            Ашық каналдардағы су деңгейiнiң өзгеруiн бақылау үшін деңгейқлшегiштер қолданылады. Олардың iшiнде ең көп   таралғаны - су өлшейтiн рейка РГ-01, екi негiзгi бөліктен құрастырылып орындалған: түлғасы және шкаласы. Тұлға шкаламен кронштейндердi бекiтуге арналған және астау пiшiндi иiлген металл табиғи түрінде болады. Рейканың шкаласы арқылы су деңгейiнiң өзгеруiн бақылайды. Су деңгейiн тоқтаусыз жазу үшін арнайы приборлар арналған - су деңгейiн өздiгiмен жазатын ГР-38 және ГР-116 су деңгейiн өлшеу диапазоны 0-6 м.

            Су шығыны 1-10 м3/с ашық каналдар мен ғимараттар. Бұнда негiзiнен ағын қалыптастыратын қондырғылардың келесi түрлерiн қолданады: гидрометриялық босағалар, гидрометриялық астаулар (науалар), саптамалар мен тiреуiштер. Олар Қлшеудi жоғарғы дәлдікте жеткiлiктi түрде қамтамасыз етедi (қателiгi + 3-6(). Солармен қатар градусталған каналдар мен ғимараттарда қолданылады.

            Гидрометриялық босағалар суағар жотасының бойлық қимасының пiшiнi стандартты - трапецеидальды, төртбүрышты немесе үшбүрышты болып келетiн су өлшейтiн тоспалы ғимарат. Су деңгейiн өлшеу үшін тыныштандырушы құдықта орнатылған деңгейөлшегiштер қолданылады.

            Пiшiнi трапецеидальды гидрометриялық босаға қимасы трапецеидальды каналдарда қолдануға ұсынылады; пiшiнi үшбүрышты босаға - қимасы төртбүрышты каналдар мен ғимараттарда және кең жақтаулы қимасы еркiн азғантай тереңдiктегi суларда, босағаның кiретiн жиегi дөңгелектенген - пiшiнi төртбүрышты каналдарда.

            Гидрометриялық босағаларды қолдану келесi жағдайларда шектеледi: жеткiзетiн жақтаулардағы ағынның жоғарғы жылдамдығы 1 м/с аспауы керек; төменгi бьефтегi жоғарғы тереңдiк жоғарғы бьефтегi ағынның тереңдiгiнiң 0,75 аспауы керек; босағадағы судың тереңдiгi 0,1 м кем болмауы керек.

            Босағаның кемшiлiктерi: жоғарғы бьефтегi су деңгейiне әдеуір тiреу жасалуы (су тереңдiгi алғашқыға қарағанда 1,5-2 есеге дейiн өседi) және олардың алдында тасындылардың шөгуi.

            Гидрометриялық босаға үшін су шығынының, м3/с, формуласының жалпы түрі:

Q = m * b * * h3/2  ,                              (4.2)

            мұнда:  m -  шығын коэффициентi (босағаның түріне және конструкциясына байланысты);  b - босағадағы ағынның орташа енi, м;  h - босағаның үстiндегi геометриялық арын, м.

            Гидрометриялық науалар ағынның бүйірлерi қысылған су өлшейтiн гидротехникалық ғимарат. Олар, ереже бойынша, мойыннан, қабылдайтын және әкететiн қоныштардан тұрады және тыныштандыратын құдықта орнатылған деңгей Қлшегiшпен жабдықталады.

            Науалар келесi жағдайларда қолданылады: жеткiзетiн жақтаудағы ағынның жылдамдығы 2 м/с көп   емес, науаның мойнындағы судың төменгi тереңдiгi 0,1 м көп   болмауы керек, әкететiн қоныштағы судың тереңдiгi жеткiзетiн қоныштағы судың тереңдiгiнен 0,75-0,8 көп   болмау керек, жоғарғы жiберу мүмкіншiлiгi 10 м3/с.

            Науалар жоғарғы бьефтегi су деңгейiне тiреу жасайды (судың тереңдiгi алғашқыда қарағанда 1,2-1,5 есеге дейiн өседi).

            Гидрометриялық науалардың конструкциялары басқаларға қарағанда бiраз айырмашылықтары бар. өте кең тараған босағасыз Вентури науасы. Оларды су шығыны 10 м3/с дейiн болатын каналдарда қалытқы және домаланған майда тасындылар бар болғанында қолданады.

            Саптамалар мен тiреуiштер арнайы формада тесiгi бар бастырылған режимде жұмыс жасайтын су өлшейтiн тосқауылдаушы ғимараттар болып саналады. Сондықтан оларды деңгей құламасын өлшейтiн құралдармен жабдықтайды - құлама өлшейтiндер, дифмонометрлер.

            ОАКРҒЗИ конусты саптамасы, Орталық Азия су мақта жобалау институтының тiреуiштерi, Вентури құбыры, Украинаның гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының тiреуiштерi қолданылады.

            Түсетін саптамасы бар ОАКРҒЗИ шығынөлшегiшi, жақтау тосқауылдаушы, қимасы дөңгелек немесе квадрат конусты құбырша орнатылған, тесiгi бар қабырға. Оның шығыны 0,7 м3/с дейiн тасындылар мен қалқыма заттарының мөлшері азғантай каналдың транзиттi учаскесiнде қолданылады.

            Вентури құбыры  су шығыны 5 м3/с дейiнгi құбырлы ғимараттардың шығатын учаскелерiне орнатылады.

            Келесi жағдайларда саптамалар мен тiреуiштер қолданылады: жеткiзетiн жақтаулардағы ағынның жоғарғы жылдамдығы 0,5 м/с үлкен болмауы керек; бьефтердегi төменгi деңгей құламалары 0,1 м үлкен болуы керек, саптамалар мен тiреуiштер бастырылған болуы керек, төменгi бьефтегi су деңгейiнiң саптама (құбыр) тесiгiнiң жоғарғы жиегiнен артуы 0,05 м кем болмауы керек. Тiреуiштер мен Вентури құбырын пайдаланғанда ғимараттардағы су жiберетiн аралықтардың саны екiден көп   болмауы керек. Саптамалар мен тiреуiштерден өтетiн шығынды формуламен анықтайды.  

              Су шығыны 1 м3/с дейiнгi каналдар мен ғимараттар. Бұнда жұқа қабырғалы суағар, гидрометриялық босағалар мен науалар, саптамалар мен тiреуiштер, градусталған каналдар мен ғимараттар қолданылады.

            Жұқа қабырғалы суағар стандартты - үшбүрышты, трапецеидальды, төртбүрышты формадағы сүйір суағардың жиегi ойылып iстелген тосқауылдап тежейтiн қабырға болып саналады. Олардың су өлшеу сапасы жоғарғы (өлшеу қателiгi + 3-5%)

            Трапециялы суағар бүйір қырының көлбеулiк бүрышы 14 және 450 (Чиполетти және Ивановтардың суағарлары). Су шығыны сәйкес 0,25 және 1 м3/с дейiнгi трапеция формасындағы каналдарда, төртбұрыштысы - су шығыны 1 м3/с дейiн болатын төртбұрышты формадағы каналдар мен ғимараттарда, үшбүрыштысы (Томсонның суағары) - су шығыны 0,1 м3/с дейiн болатын шаруашылықтың iшiндегi тiзбектердегi кiшi каналдарда және кәріздерде қолданылады.

Өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін суағар тыныштандыратын құдықта орналасқан деңгей өлшегiшпен жабдықталады. Жұқа қабырғалы суағарды қондыруға және пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар келесiлер: суағар жазықтығындағы ағынның ауданының жеткiзетiн жақтауға қатынасы 0,25 көп   болмауы керек; жеткiзетiн жақтаудағы ағынның жылдамдығы 0,5 м/с көп   болмауы керек; тесiкке кiреберiстегi сығылған ағын тiкелей жетуi үшін, суағардың босағасы жеткiзушi арнаның табанынан бiраз биiк болуы керек; төменгi бьефте шапшып ағатын кедергiсiз ағуына ауаның еркiн кiруi қамтамасыз етiлуi керек. Жұқа қабырғалы суағардың кемшiлiктерi: каналдағы су ағынының алғашқы тереңдiгiн 1,5-2 есеге дейiн көтеретін , жоғарғы бьефте тоспа жасалынуы керек; суағар босағасының алдына түпкі және қалытқы тасындылардың шөгуі.

Кедергiсiз ағатын Чиполеттидiң трапецеидальдi суағары арқылы өтетiн су шығыны, м3/с, төмендегi формула арқылы анықталады:

Q = 1,86 * в * h3/2 ,                           (4.3)

            мұнда:  в - суағардың енi, м;  h - суағардың жотасы Үстiндегi арын, м.

            өлшегенде h = 0,05-1 м және в = 3-4 h болуы ұсынылады.

А.И.Ивановтың суағарын суағар арқылы өту бастырылған жағдайда қолдану ұсынылады. Бұл жағдайдағы есептерде батуын ескеру керек.

Үшбүрышты суағардың кесiлу бүрышы 90 және 450 болады. Пайдалануда кеңiнен таралған түрі бүрышы 900 суағарлар. Бұл жағдайда үшбүрышты суағар арқылы өтетiн су шығыны, м3/с, келесi формула арқылы анықталады:

Q = 1,4 * h5/2 ,                                   (4.4)

Диаметрi 1600 мм артығырақ құбырлар. Оларға негiзiнен суды реттеудi автоматты және шығынды бейнеөлшеуге мүмкіншiлiк ететiн, көп  каналды ультрадыбысты шығынөлшегiштер РУМ-1 орнатады.

Диаметрi 400-1000 мм артығырақ құбырлар. Бұнда негiзiнен бiрканалды ультрадыбысты шығынөлшегiштер УЗР-В және олардың модификациялары, жергiлiктi жылдамдықты электромагниттi шығынөлшегiш ЭРИС, тарылу қондырғылы шығынөлшегiштер (Вентури құбыры, сегменттi және сақиналы диафрагмалар).

Ультрадыбысты шығынөлшегiштер УЗР-В диаметрi 400-1000 мм аралығындағы құбырларға орнатады. Шығынөлшегiш УЗР-В жиiлiктi  ультрадыбысты шығынөлшегiш, ағынның бағытына және оған қарсы бағытталған ультрадыбыстың тербелiсi жолының испульстi жиiлiгiнiң айырмасын өлшеу болып табылады. Ол құбырларға монтаждалған екi пьезоэлекторлы датчиктерден, үйде орнатылатын шығын индикаторлары мен есептегiшi бар электронды блоктан; датчиктердi электронды блокқа қосатын кабельдерден тұрады.

Су өлшейтiн қондырғылардың бұндай түрлерiне ультрадыбысты су есептегiш Шығын-7 жатады (29 модификациялар). Оларды диаметрi 10-1200 мм аралығындағы құбырларда қолданады.

Ультрадыбысты шығынөлшегiштер қосымша арын ысырабын жасамайды, пайдалану сенiмдiлiгi және дәлдiгi жоғары (өлшеу қателiгi + 1-1,5%). Ультрадыбысты шығынөлшегiштердiң кемшiлiгi - құбырдағы шығынқлшегiш датчигiнiң алдындағы керек етiлетiн түзу учаскенiң ұзындығы  үлкен (20-70 диаметр). 

Электромагниттi шығынөлшегiш, олардың жұмыс iстеу принципi мынада, шығыны электромагниттiң көмегі арқылы өлшенуi керек электр өткiзетiн сұйықта (суда) магниттi өрiс жасалынады. Сұйық аққан кезде өрiс күшінiң сызықтарын кесiп өтедi және оларда, қозғалушы өткiзгiш ретiнде, сұйықтың шығынына пропорциональды электроқозғаушы күшi пайда болады. Индукцияланған электроқозғаушы күш электродтармен алынып сигнал беретiн сымдар (кабельдер) арқылы электронды блокқа берiледi, бұнда күшейедi және үйлестiрiлген шығатын сигналға өзгередi.

Электромагниттi шығынөлшегiштердiң айырмашылығы құбырдағы қажет ететiн түзу учаскенiң ұзындығы бұрынғылармен салыстырғанда аз (5 диаметр) және дәлдiгi жоғары.

Жергiлiктi жылдамдықты электромагниттi шығынөлшегiш ЭРИС диаметрлерi 400-1000 мм аралығындағы құбырларда қолданылады. Олар құбырға енгiзiлетiн жергiлiктi жылдамдық датчигiнен (жылдамдық өзгерткiш), сигнал дайындайтын блоктан және электронды блоктан тұрады. Құбырға дәнекерленген жергiлiктi жылдамдық датчигi фланца және бобышкiлердiң көмегімен құбырға бекiтiледi.

Шығынөлшегiш ЭРИС шығынды өлшеу “жылдымдық х аудан” және құбырдың көлденең қимасының нүктесiнде жылдамдықты өлшеу әдiстерiне негiзделген.

Жергiлiктi жылдамдық датчигiн орташа жылдамдықтың орнына орнатады, яғни, құбырдың iшкi қабырғасынан 0,242Rташа жылдамдық бойынша өлшеу қателiгi + 1,5%, шығын бойынша + 2,5%.

Тарылатын қондырғысы бар шығынҚлшегiш диаметрi 100-1500 мм аралығындағы құбырларға орнатылады. Олар құбырға монтаждалған тарылатын қондырғыдан (шығында өзгертетiн датчиктен); үндестiрiлген сигналдағы қысымның құлағынан өзгертетiн дифмонометр – шығынөлшегiштен; қоқымның құлағының датчиктен - дифмонометрге – шығынөлшегiшке беретiн қосушы сызықтан; үндестiрiлген сигналды қабылдайтын және өлшенген ақпараттарды бақылаушының тiкелей қабылдауына түсiнiктi түрде шығаратын екiншi рет (өлшейтiн) аспаптардан тұрады. Шығынды өлшеу қателiгi + 1,5-3%.

Тарылатын қондырғысы бар шығынөлшегiштердiң негiзгi жақсы жақтары: шығын өзгерткiштер шығын өлшейтiн стендтерде жеке градустауды қажет етпейдi, тарылатын қондырғыларды гидромелиоративтiк жүйелер басқармасындағы механикалық шеберханаларда немесе жөндеу-механикалық зауыттарында жасауға болады. Кемшiлiктерi: өлшеу диапазоны аз (1 : 3-тен 1 : 5-ке дейiн), арынның ысырабы салыстырмалы қарағанда көбірек және үрлеудi немесе шаюды көбірек қажет етедi.

Диаметрi 400 мм кемiрек құбырлар. Оларға электромагниттi шығынөлшегiш ИР-61 (Қлшеу қателiгi + 1%), ультрадыбысты шығынөлшегiш УЗР, тахометрлi шығынөлшегiштер, сонымен қатар тарылатын қондырғылы шығынөлшегiштер.

Тарылатын қондырғылы, электромагниттi және ультрадыбысты шығынөлшегiштердiң жұмыс iстеу принциптерi ертерек айтылды.

Тахометрлi шығынөлшегiштерге ВД-180, СВ-1, СГВ-100, СГВ-150 және басқалар жатады. Суарғанда шығындарды және су көлемдерiнiң қосындысын өлшеу үшін суару техникасына арналған су есептегiшi ВД-80 диаметрi 180 мм шығыны 40-130 л/с аралығындағы құбырларда қолданылады. Есептегiштiң жұмыс iстеу принципi сұйық ағынның гидравликалық энергиясын қанаттар валының механикалық энергиясына айналдыру.

 

4.4 Гидрометриялық қызмет. Оның мiндеттерi мен жұмыс құрамы

 

Гидромелиоративтiк жүйелердегi ұйымдастыру және судың есебiн жүргізумен гидрометристерден, су өлшейтін бекеттердiң бақылаушыларынан, ғимараттарды реттейтiн және су өлшейтiн қондырғыларды жөндейтiн техниктерден түратын гидрометриялық қызмет айналысады. Гидрометриялық қызметтiң штаты нормамен анықталады. Гидрометриялық қызметтiң негiзгi мiндеттерi келесiлер:

суару көзiндегi бар судың қорын бақылау;

суармалы тiзбектiң барлық звеноларында тәулiгiне үш реттен сирек емес 7, 13 және 19 сағат суды өлшеу және есептеу;

суды шаруашылықтарға бөлуге және оларды дақылдарды суаруға пайдалануына бақылау және көмектесу;

коллекторлы-кәріздi және ақаба суын тастайтын тiзбектi тәулiгiне бiр реттен сирек емес суды өлшеу және есептеу;

каналдардағы судың сүзілуiне кететiн ысырапты өлшеу және каналдар мен жүйелердiң ПӘК анықтау;

суармалы жүйелерде және олардың кейбiр учаскелерiнде су теңдiгiн анықтау.

Гидрометриялық қызмет мынандай жұмыстарды iске асырады:

каналдар мен ғимараттардың жағдайын тексередi, олардың геометриялық және гидравликалық параметрлерiн анықтайды;

су өлшейтiн қондырғылардың түрін таңдайды;

су өлшейтiн бекеттерде бақылау жұмыстарын орындау және алынған материалдарды жинайды және өңдейдi;

бақылау өлшеулерiн жүргізедi;

су өлшейтiн қондырғыларға, аспаптарға және өлшейтiн жабдықтарға техникалық қызмет жасау.

Су өлшейтiн қондырғалар ( ағын қалыптастырушы қондырғы, аспаптарға iрiктеп жиналған және өлшейтiн жабдықтар) ведомстволық немесе ведомствоаралық метрологиялық аттестациялардан өтуi керек. Ведомстволық және ведомствоаралық сынаудың ретi мен көлемi тиiстi салалық стандарттар мен ГОСТтер белгiленген.

 

5. Өндiрiстiк зерттеулер және гидромелиоративтiк жүйелердi келешекте дамытудың жоспарлары

 

5.1 Өндiрiстiк зерттеулердiң мақсаты және негiзгi мiндеттерi

 

 

Гидромелиоративтiк жүйедегi өндірістік зерттеулердiң мақсаты - жүйелердi қайта құруға (дамытуға) арналған ұсыныстар мен iс-шараларды iстеу және оны пайдалануды толық жетiлдiру. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн жаңа жүйелердi құрғанда да, оларды пайдалануды ұйымдастырғанда да пайдаланады.

Өндiрiстiк зерттеулер - бұл инженерлi-мелиоративтiк мониторингтiң бiр бөлігі. Оларға тұрақты бақылау жүйенiң техникалық жағдайын бағалу және болжау және оның сенiмдi жұмыс iстеуi, суаратын суды және өңделген жердi тиiмдi пайдалану, жердiң мелиоративтiк және қоршаған табиғи ортаның жағдайы кiредi.

Өндiрiстiк зерттеулердiң негiзгi мiндеттерi: жүйенiң кейбiр звенолары мен элементтерiнiң бағасы және техникалық жағдайы мен тиiмдi жұмыс iстеуiн болжау; жүйенi жетiлдiру және қайта құруға керектi iс-шараларды таңдау және iстеу; жүйелерге жасалатын техникалық қызметтiң нормаларын жасап шығару; конструкциялары мен қондырғылардың сапасын бағалау және сенiмдiлiк көрсеткіштерiн анықтау.

Мемлекеттiк шаруашылық аралық гидромелиоративтiк жүйелерде өндірістік зерттеулердi осы жүйелердiң пайдалану абсқармалары жүргізу керек, ал шаруашылықтың iшiндегi жүйелерде - шаруашылықтың пайдалану қызметi. өндiрiстiк зерттеулерге келiсiм шарт негiзiнде ғылыми-зерттеу институттары мен мелиоративтi бағыттағы жоғары оқу орындарын тарту орынды.

Өндiрiстiк зерттеулердi практикаға енгiзу үшін пайдаланушы ұйымдарының жұмысында бiр зертхана 10-12 мың га есептелiнiп пайдалану басқармасының әрқайсысында өндірістік зерттеулер зертханасын жасау және табиғи аймақтарға байланысты тiрек жүйелерiн бөлу керек.

Пайдалануға керектi қосымша ақпараттар алу мақсатында тiрек жүйелерiнде пайдалануды бақылауға алатын ұйым болуы керек. Бұндай жүйелерде барлық пайдалану көрсеткіштерiн тiкелей өлшеу арқылы анықтайды және жүйе жұмысының сенiмдiлiгiн бағалау үшін статистикалық берiлгендер жиналады, өндірістік зерттеулердiң әдiстерi анықталады.

Тiрек жүйелерi берiлген табиғи аймақтағы басқа жүйелерде пайдалануды ұйымдастыруда эталон қызметiн атқару керек. Оларды, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жүйелердi жетiлдiруге және пайдалануды жақсартуға керектi ұсыныстарды жасау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары гидромелиоративтi және ауылшаруашылығы жоғары оқу орындарына бекiту тиiмдi.

 

5.2 Шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелердегі. Өндірістік зерттеулердiң құрамы

 

Шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелердегi өндірістік зерттеулердiң құрамына кiретiндер: су бөлетін нүктелерге түсетін суды және шаруашылықтың iшiнде суды бөлудi зерттеу, шаруашылықтың iшiндегi тiзбектегi судың ысырабы, суаруды ауылшаруашылығы егiстiгiн өңдеумен бiрiктiре отырып ұйымдастыру, суару техникасы мен технологиясы, суармалы жердiң мелиоративтiк жағдайы, шаруашылықтың iшiндегi тiзбектiң және гидротехникалық ғимараттардың техникалық жағдайы және сол сияқтылар. Бұл зерттеулердiң барлығы шаруашылықтың iшiндегi су пайдалануды жетiлдiруге бағытталған.

Су бөлетін нүктелерге судың түсуi және шаруашылықтың iшiнде суды бөлу берiлетiн (нақтылы) шығынның және есептi (мәлімделiнген) су көлемiнiң сәйкестiгiн және уақытқа байланысты су шығынының бiрқалыпты берiлуiн және бөлінуiн жақсартуды бақылау мақсатында зерттеледi.

Оперативтi жоспарланған мерзiмде (тәулік, бескүндiк, онкүндiк) суды бiрқалыпты беру суару техникасының жұмыс ырғағының жоғарғы өнiмдiлiгi үшін керек. Су бөлетін нүктеге судың бiрқалыпты түсуi (шаруашылыққа, бригадаға), әдетте, шығынның вариация коэффициентiмен бағаланады (2 тарауды қара). Егер де вариация коэффициентi 0,1 артпаса, қазiргi жүйелердегi су бөлетін нүктелерге суды бөлу бiрқалыпты деп есептеу қабылданған. Жетiлген жүйелерде ол 0,05-0,1 көбірек болмауы керек.

Пайдаланудағы жұмысшылардың материалды ынталандыру үшін оларға еңбек ақы төлеуi бөлетін нүктелерге суды бiрқалыпты беруге байланысты болуы керек.

Шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбектегi су ысырабы оларды нақтылы өлшеу жолымен және су теңдiгiнiң есептерi арқылы азайту мақсатында зерттеледi. Каналдардағы су ысырабын анықтау әдiстерi 16 тарауда толық айтылған.

Суаруды егiстiктi өңдеумен бiрiктiре отырып ұйымдастыру учаскелердi (танаптарды) суарудың ең тиiмдi кезегiн анықтау, суаруды егiстiктi өңдеумен келiсу, далалық жұмыстардың (танаптардағы конвейер) анық толассыздығын анықтау, ауылшаруашылығы дақылдарын егудегi прогрессивтi технологияны енгiзудi зерттеу. Зерттеулердi ауданы 100-150 га болатын және одан да асатын бригаданың тәжіребе учаскесiнде (ауыспалы учаске) жүргізедi. Бiр мезгiлде (тәулікте) суарылған немесе өңделген учаскелердi белгiлейдi. Олардың ауданын, суарылатын уақытын, топырақтың пiсуiнiң ұзақтығын, ауылшаруашылығы егiстiгiн өңдеу түрін және уақытын анықтайды.

Шартты белгiлердегi егiстiктi суару мен өңдеудi графикке түсiредi, онда, көлбеу (осьтiң) бойымен басынан соңына дейiн тәулікпен вегетациялық мезгiлдi түсiредi, тiк оське - гектармен бригада учаскесiнiң ауданын және бiр мезгiлде суарылатын учаскелердi.

Ауылшаруашылығы дақылдарының нақтылы суару режимi суармалы танаптарда су режимiн оптимизациялау және лайықты бiр суаруға және вегетациялық мезгiлде берiлетiн судың мөлшеріне дейiн нақтылы берiлетiн судың бiрлiк мөлшерін азайту үшін керек. Зерттеулер ауданы 8-12 га тәжіребе учаскелерiнде (берiлген шаруашылық үшін типтiк) жылдың ауа-райының әр жағдайында (құрғақ, орташа, ылғалды және сол сияқты” жүргізіледі.

Нақтылы өлшеулердiң мәліметтерi бойынша әрбiр суаруда және тұтасымен вегетациялық мезгiлдегi нақтылы су берудiң бiрлiк мөлшерін (бiр га ауданға, бiр центнер өнiмге) анықтайды. Суару санын және оларды жүргізетiн уақытын, аралық суару мезгiлiн, әр суаруға дейiнгi және одан кейiнгi 1-1,5 м дейiнгi тереңдiктегi қабаттардағы топырақтың ылғалдылығын анықтайды; жоғарғы қабаттарда әр 5-10 см сайын және төменгiде әр 10-20 см. Жердiң бетiмен өздiгiмен суарылатын тәжіребе жүйектерiндегi (жолақтарындағы) ылғалдылық басында (басынан 5-10 м), ортасында және соңында (соңынан 5-10 м), жотасында және жүйектердiң табанында немесе олардың еңістіктерінде өлшенедi.

Нақтылы өлшенген мәліметтердi нормадағы немесе есептелiнгендермен (нақтылы жыл үшін) салыстырады, осыған байланысты лайықты өзгерiстер не нақтылы суару режимiн, не ұсынылған режимдi енгiзедi.

Егер де суландыратын судың нақтылы шығыны суаруға және суландыруға ұсынылған мөлшерден айырмашылығы + 10%-дан азырақ болса, онда нақтылы суару режимiн қанағаттанарлық деп есептейдi.

Топырақтың ұсынылған оптимальдi ылғалдылығы 2 тарауда келтiрiлген.

Ауылшаруашылығы дақылдарын суару техникасы мен технологиясы суару сапасын жақсарту, суармалы судың ысырабын азайту және ауданы 8-12 га типтiк тәжіребе учаскелерiнде және ауданы 0,2-0,1 га және кiшiрек делянкаларды суарғанда топырақ эрозиясын болдырмау мақсатында зерттеледi.

Нақтылы өлшеулермен суару жүйектерiнiң (жолақтардың) тиiмдi ұзындықтары мен шапшып шығатын суару шығынын, жасанды жаңбырлардың тиiмдi қарқындылығын, бiрқалыпты ылғалдануы мен топырақтың шайылуы, нақтылы берiлетiн судың бiрлiк неттосы мен бруттосын, суармалы танаптардағы судың ысырабын анықтайды.     

Үлкен және орташа еңiстердегi жүйектердегi суаратын ағыс шығыны топырақтың эрозиясын болдырмайтын жағдайға байланысты анықтайды, кiшi еңiстерде - жүйектердiң толып кетпеу жағдайына. Үлкен еңiстіктерде (0,008 көбірек) топырақтың шайылуы мүмкін болатын шамадан аспауы керек. Тәжіребелерде суаратын ағыс шығынын мөлшерлейдi және өлшейдi: жүйенiң басында үшбүрышты суарулармен немесе қабырғасында дөңгелек тесiгi бар градусталған (тарировкаланған) ыдыспен, жүйекітiң соңында - үшбүрышты суағарлармен немесе өлшеушi ыдыс және секундомердiң көмегі арқылы көлемдiк тәсілмен.

Ағыс шығынының вариантының санын әдетте үшеу немесе одан көбірек қабылдайды, қайталану саны - үшеуден кем емес. Суаратын жүйекітiң ұзындығын оның ұзына бойындағы топырақтардың бiр қалыпты ылғалдану жағдайына байланысты анықтайды. Жүйекітiң немесе жолақтың ұзына бойының бiрқалыпты ылғалдану коэффициентi (Кр = Wmin / Wmax) 0,85-0,95 кiшi болмау керек. Жүйекі ұзындығының кiшiреюiне қарай оның ұзына бойындағы бiр қалыпты ылғалдылығы көтеріледі.

Әр суару кезiнде нақтылы берiлетiн судың бруттосының Wбр бiрлiк мәнін (танаптардағы судың ысырабымен бiрге), бiр мезгiлде суарылатын учаскеге және оның ауданына берiлген судың көлемiн нақтылы өлшеу арқылы анықтайды.

Танаптың бетiнен тасталатын су ысырабын Wn, суару кезiнде тереңге сiңуiн және булауын бiрiншi күнi де одан кейiн де (дымқылдылығы жоғары топырақтардан және өсiмдiк жапырақтарынан) арнаулы өлшеулер мен есептеулер арқылы анықтайды: жер бетiнен тастағандағы судың ысырабын - онша үлкен емес тасымалдайтын трапеция немесе үшбүрышты суағардың көмегімен; тереңге сүзілетiн судың ысырабын (тереңге тастау) - топырақтан есептi қабатының шекарасындағы топырақ ылғалының потенциалын тензометрмен өөлшеп, әрi қарай Дарсидiң формуласымен есептеу; жер бетiндегi жүйектер мен жолақтар арқылы суарғанда суарудың соңында және бiткеннен кейiнгi бiрiншi күндерi булану арқылы болатын судың ысырабын (дымқылдығы жоғары топырақтарда) - булану мен өсiмдiктiң есептi суды тұтынуларының арасындағы айырманы есептеу (суарудың басында және бiткеннен кейiн екiншi-үшіншi тәуліктерде ысырап аз болады); жаңбырлатқанда булануға кететiн судың ысырабын арнайы зерттеулердiң мәліметтерiнен қабылдайды.

Бiр суарғанда нақтылы берiлетiн судың бiрлiк мөлшері (Wnt = Wбр - Wn) суару техникасының элементтерi дұрыс таңдағанда (жүйектердiң ұзындығы, суару ағысы шығыны, жаңбырдың қарқындылығы, суару ұзақтығы) есептi суару нормасына тең болуы керек, ал танаптағы суды пайдалану коэффициентi 0,8-0,95 кiшi болмауы керек.

Суаратын ағыс шығынының суаратын құбырдың, шланганың немесе науаның ұзына бойына бiрқалыптылығы, көлемдiк тәсілмен немесе үшбүрышты суағардың көмегімен анықтайды. Суаратын ағыстың орташа мәнінен ауытқуы + 5% мүмкін деп саналады.

Топырақтың шайылуының рұқсат етiлген мәнінде, бiрқалыпты дымқылдану және суды пайдалану коэффициенттерiнiң, суару ағысының суаратын құбырдың немесе шланганың ұзына бойындағы ауытқуы суару сапасын жақсы деп есептейдi.

Жер қыртысындағы су деңгейлерiнiң динамикасы вегетациялық мезгiлде берiлетiн судың, жер қыртысындағы суға түсетін көлемдi анықтау, және оның ысырабын азайтуға арналған iс-шараларды жасау үшін зерттеледi. Ереже бойынша, жер қыртысындағы су деңгейiнiң көтерiлуi каналдардан сүзілуге кететiн су ысырабының және суармалы танаптарға берiлген су бөлігінiң топырақтағы тамыр қабатынан төмен сiңуi нәтижесiнде болады. Су ысырабының көп  тiгiнен жер қыртысындағы судың деңгейiнiң, мезгiлдегi тербелiспен бiрiге отырып, көп  жылғы көтерiлуi пайда болады. Жер қыртысы суының деңгейiнiң көтерiлуiн төмендегi формула арқылы анықтайды, м:   

 (h = (W3 / (104 * () ,                          (5.1)

мұнда: (W3 - жер қыртысы суы қорының өзгеруi, м3/га;  ( - топырақтың ерiктi сыйымдылығы (қуыстылығы) коэффициентi, топырақ көлемiнiң үлесi.

Қарапайым жағдайда iрi суармалы алқаптарде олардың шекараларына жер қыртысы суларының келуi және кетуi шамалы және арынды қоректiң болмауы кезiнде жер қыртысы су қорының өзгеруiн төмендегi формула арқылы анықтайды:

 (W3 = фk + g

мұнда: фk - суармалы тiзбектен сүзілуге кететiн ысырап, м3/га;  g - жер қыртысы сулары жағынан капиллярлы қоректендiру, немесе суармалы судың бөлігінiң тереңге сүзілуi (сiңуi), м3/га.

Топырақтың ерiктi сыйымдылығы коэффициентi әдетте 0,05-0,15 аралығында түрленедi. Оның орта 0,1 мәнінде жер қыртысы суларына түсетін, әрбiр 1000 м3/га суаратын су, олардың деңгейiн 1 м көтередi. Жер қыртысы суының динамикасын талдау, суаратын судың қанша саны жер қыртысына түсетінiн анықтауға мүмкіндiк бередi.

Суармалы жердiң мелиоративтiк жағдайының динамикасын оны жақсарту мақсатында зерттейдi. Әдетте көктем  де (сәуір) және күзде (қазан) жақын жатқан жер қыртысы суларының контурын және олардың минерализациясын, сортаң жерлердiң контурын және оларды сортаңдылық дәрежелерiн анықтайды. Зерттеу нәтижелерi бойынша жердiң мелиоративтiк жағдайын жақсартатын ұсыныстар жасалынады.

Тiзбектiң және ғимараттардың, суару техникаларының техникалық жағдайын оны жақсарту мақсатында зерттейдi. Бақылау жақтауларын тексеру үшін өлшеу және нивелирлеу жолымен тiзбектердiң және ғимараттардың деформацияларын анықтайды, жөндеу жұмыстарының және техникалық қызмет көрсетудің нормаларын дәлдейдi, жүйелердiң элементтерiнiң сенiмдiлiгiн көтеруге арналған ұсыныстарды жетiлдiредi.

 

5.3 Шаруашылық аралық суармалы жүйелердегi өндірістік зерттеулердiң құрамы

 

Мемлекеттiк шаруашылық аралық суармалы жүйелердегi өндірістік зерттеулердiң құрамына кiретiндер: жүйенiң су ресурстарын зерттеу, жүйеге алынатын судың лимитi, жүйеге түсетін су және суды бөлу, шаруашылық аралық тiзбектегi су ысырабын анықтау, жүйедегi тасындылардың қозғалысының режимiн зерттеу, жер қоры, су-мелиоративтiк теңдiк, шаруашылық аралық тiзбектердiң және ғимараттардың техникалық жағдайы және т.с.с.

Жүйенiң су ресурстары сумен қамтамасыздығын анықтау және жетiлдiру мақсатында зерттеледi. Оларды вегетациялық мезгiл бойынша және жылдағы әр түрлі қамтамасыздығы (көп суда, орташа, аз суда және т.с.с.) бойынша зерттейдi. Зерттеулердiң нәтижесiнде суару көзiне келетiн су шығынын қысқа уақытқа болжайтын әдiстердi дәлдейдi, аудан және өзен алқабы бойынша су-жер теңдiгiн түзейдi, килiгетiн және қайтқан сулардың шығынын анықтайды.

Жүйеге алынатын судың лимитi сипатты жылдардың 95, 75, 50, 25 және 5%-ды қамтамасыздығында алынатын суаратын судың керектi және жеткiлiктi көлемiн, оны үнемдi пайдаланғанда, анықтау мақсатында зерттейдi. Нәтижесiнде, сипатты жылдары суару көздерiнен су алудың мүмкіндiгiн айқындайды, жүйе жұмысындағы алмағайып кезеңдi анықтайды, алмағайып кезеңдi болдырмау үшін ұсыныстар жасайды.

Жүйенiң басына судың түсуi және оны каналдарға және бөлетін нүктелерге бөлінуiн нақтылы алынатын және бөлінетiн есептi су шығындары мен көлемдерiнiң сәйкестiгiн бақылау және уақытқа байланысты олардың бiрқалыптылығын жақсарту мақсаттарында зерттейдi.

Алынатын және бөлінетiн су шығының вариация коэффициенттерiн анықтайды, ол 0,1 артпауы керек.

Шаруашылық аралық суармалы тiзбектегi су ысырабын оларды азайтуға арналған iс-шараларды жасау және жүйелік су бөлісте ысыраптың номрасын анықтау Үшін керек. Зерттеулердiң нәтижесiнде жүйенiң жұмыс iстеу кезеңдерiнде каналдардағы судың нақтылы ысырабының олардағы су шығындарына қандай да бiр каналдар тобыда су ысырабы бойынша мәліметтер саны көп   болған жағдайда оларды орта мәнге келтiредi, ысырапты анықтауға арналған теңдеу алады, сосын оны пайдалану үрдісiнде қолданады.

Суармалы тiзбекке тасындылардың түсуi, қозғалу және шөгу режимдерiн тiзбектегi тазалайтын көлемдi азайтуға арналған iс-шараларды жасау және осы жұмыстардың механизмдермен орындалу деңгейiн көтеру мақсатында зерттейдi.

Суару көздерiндегi, магистральдi және бөлетін каналдардағы, тұнбалардағы, лайлылықты және тасындылардың механикалық құрамын, сонымен қатар каналдар мен коллекторларды тасындылар мен шөптерден тазалау көлемiн анықтайды.      

Су-мелиоративтiк теңдiгi алқаптардегi жүйелерде жасайды және жердiң мелиоративтiк жағдайының өзгеру себептерiн анықтау үшін зерттейдi. Жақтау ұңғымалары арқылы жер қыртысы суларының режимiн бақылауды жүргізедi, жер қыртысы суларының өзгеруiнiң суару режимiне байланыстылығын анықтайды.

ЖҮй жерiндегi топырақ-мелиоративтiк аудандардың шекараларын дифференцияланған суару режимiн жасау және қолдану үшін зерттейдi және дәлдейдi.

Тiзбектер мен ғимараттардың техникалық жағдайы олардың деформациясын, жүйенiң элементтерiнiң техникалық жағдайын жақсарту, жөндеу және тiзбектi тазалау жұмыстарының нормативiн дәлдеу, тiзбектiң және ғимараттардың сенiмдiлiк көрсеткіштерiн анықтау үшін жүргізіледі.

 

5.4 Құрғату жүйелерiндегi өндiрiстк зерттеулердiң құрамы

 

Құрғату жүйелерiндегi өндірістік зерттеулердiң құрамына кiретiндер: көп   жылғы мезгiлдегi су қабылдағыштағы су деңгейiнiң және шығынының динамикасын және су қабылдағыштың коллекторлар мен кәріздердiң жұмысына әсерiн зерттеу; жер қыртысы суларының динамикасы және олардың режимдерiне климаттық және басқа факторлардың әсерi; құрғатудың тиiмдi тәсілдерi мен техникасын зерттеу; каналдар пiшiнiнiң, ғимараттардың деформацияларының, құйылыстардың, каналдардың бекiтiлген учаскелерiнiң (зертетулер алқаптардегi бақылау жақтауларында жүргізіледі), тұрақтылықтары, агромелиоративтiк iс-шаралардың тиiмдiлiктерi және олардың топырақтың су-физикалық қасиеттерiн жақсартуға әсерi; техникалық дақылдардың және пайдалану жұмыстарының прогрессивтi технологиясы; құрғатылған жердi бiрiншi рет игеруге қабылдау; жүйелердiң технико-пайдалану және технико-экономикалық көрсеткіштерi. Әр жылдың соңында жүйелердi пайдалану басқармасы есеп түзейдi, есепте өндірістік зерттеулердiң материалдарын талдайды және жинақтап қорытады.

 

5.5 Жүйелердi дамытудың перспективалық жоспары

 

Өндiрiстiк зерттеулердiң негiзiнде пайдалану қызметi жүйелердi дамытудың перспективалық жоспарын түзейдi, бұнда жүйелердi жетiлдiруге, оларды пайдалануды жақсартуға байланысты ұсыныстар жасайды. Бұл пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Жыл сайын перспективалық жоспарға жаңа зерттеулердiң нәтижелерiн және олардың негiзiнде пайда болғандарды ескерiп дәлдіктер ұсынылады.

Перспективалық жоспардың ақырғы мақсаты - гидромелиоративтiк жүйелердi жетiлдiру, олардың резервтерiн пайдалану, су, еңбек, жер мен энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту, ауылшаруашылығы дақылдарының өнiмдерiн экономикалық тиiмдi жағдайға дейiн көтеру, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту.

Перспективалық жоспар - бұл алғашқы құжат, осының негiзiнде жүйелердi қайта құруға техникалық жобалар жасалынады.

Перспективалық жоспарды инженерлiк тұрғыда дәлелдеуде .гидромелиоративтiк жүйелер басқармасының құрамындағы жобалау топтары және зертханалар белсендiлiк көрсету керек.

Перспективалық жоспар - бұл пайдалану қызметкерлерiнiң творчестволық инженерлiк еңбегi, пайдаланудағы өзiндiк тәжіребелердi ескере отырып өндірістік зерттеулердiң негiзiнде жүйелердi жетiлдiруге арналған инженерлiк есептеулердiң бiрiншi вариантындағы ұсыныстарды белгiлейдi.

Перспективалық жоспарда жүйелердi жетiлдiру үшін орындалатын перспективалық iс-шараларды жасайды;

техникалық және варианттардың алғашқы ұсыныстарын талқылайды, жүйелердi жетiлдiру және қайта құруға керектi жұмыс көлемдерi мен шығындарын анықтайды;

өндірістік зерттеулер мен ғылыми өңдеулердiң негiзiнде ұсынылған iс-шаралар мен техникалық шешiмдердiң технико-экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау;

жүйенi қайта құруға арналған iс-шаралардың орындалуын және жұмыстардың орындалу тәртібiнiң кезегiн қояды, жобалауға және келесi жылғы құрылыстың жоспарына алғашқы кезектегi iс-шараларды кiргiзуге және орындаушы ұйымдардың құрамына байланысты ұсыныстарды қарап талқылайды.

Перспективалық iс-шараларда оларды жетiлдiру және қайта құру үшін шаралар жасалынады: жүйелерде су қам тамасыздығын жақсарту, су қоймалары мен тоғандарын салу есебiнен жұмыстың алмағайып кезеңiн жою, каналдар мен су көздерiн қоршау;

Каналдарды бетондау, шаруашылықтың iшiндегi ашық каналдар тiзбегiн жабық немесе науалы каналдар тiзбегiмен ауыстыру есебiнен суармалы тiзбектiң ПӘК 0,8-0,8; прогрессивтi суару техникасы мен технологиясын қолдану есебiнен танаптарда су пайдалану коэффициентiн 0,8-0,95; жүйенiң жұмыс iстеу аймағында суармалы және құрғататын жердi игеру коэффициентiн (ЖИК) 0,8-0,85 дейiн көтерудi қарастыру;

жүйелердiң техникалық жағдайын жақсарту, прогрессивтi суару техникасы мен технологиясын қолдану, су пайдалануды жетiлдiру, коллекторлы-кәріздi тiзбектiң құрылысын салу, жердi шаю есебiнен жердiң мелиоративтiк жағдайын жақсартуға арналған iс-шараларды белгiлеу (яғни минерализациялы жер қыртысы суларының деңгейiн алмағайып деңгейден төмен түсiру, тұщы жер қыртысы суларының түғылығын жасау, топырақтағы уытты тұздардың құрамын құрғақ топырақтың массасына қарағанда 0,3-0,2( және одан да төмен пайызға түсiру);

Өзеннен жүйеге түсетін тасындыны, сонымен қатар тазаланатын көлемдi 5-6 м3/га дейiн және одан да төменге азайтуға арналған шараларды жасау;

суды диспетчерлiкбөлудi жақсартуды, оның сенiмдiлiгiн көтеру, жүйелерге түйін схем асын ендiру есебiнен гидротехникалық ғимараттарда арынды ысыраптарды азайтуды; автоматтандыруға және технологиялық үрдістердi оперативтi басқаруға арналған ақпарат-кеңесшi жүйелерiн пайдалану есебiнен жүйелердiң басқарылуын жақсарту қарастырылады;

пайдалану жұмыстарын кешендi механизациялау үшін машина паркiн жасақтайды;

жүйелерде суды абаттандыру қарастырады;

каналдардың, жолдардың жиегiнде, бас учаскеде және түйін ғимарттарының жанында жүйенiң ауданынан 6-10% болатын орман жолақтарының ауданын көбейтудi белгiлейдi;

құрғату жүйелерiнде топырақтың ылғалдылығын екi жақты реттеу, оларды құрғату-дымқылдандыру жүйесіне айналдыру үшін жағдай жасаудың мүмкіншiлiгiн қарастырады.

 

6 Гидромелиоративтiк жүйелердегi пайдалану қызметiн ұйымдастыру

 

Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалануға арналған өндірістік және басқару қызметi, яғни оларды пайдалануды, пайдалану қызметi жүзеге асырады (су шаруашылығы мекемелерiн пайдалану үшін бiрiккен еңбек коллективiндегi адамдар).

Пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндетi - суармалы немесе құрғататын жердiң мелиоративтiк режимiн топырақтың құнарлығын көтеру және су, жер, еңбек және энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану арқылы ауылшаруашылығы дақылдарынан экономикалық дәлелденген жоғары өнiм алу мақсатында оптимальдi шамада басқару және мелиорацияның қоршаған табиғи ортаға керi әсерiн болдырмауға арналған iс-шаралардың сөзсiз орындалуы.  

Бұл мiндеттердi орындау үшін мәні өте зор және мелиорацияланған жердегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiне маңызды әсер ететiн сенiмдi ғылыми дәлелденген гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң ұйымы керек.

Дұрыс ұйымдастырылған қай өнеркәсiптiң қызметi, оның iшiнде гидромелиоративтiк жүйелерде болмасын, келесi негiзгi факторлармен анықталады:

басқару ұйымының құрылымы жүйенiң алдында тұрған мақсатты жеңiске Әкелетiн қажеттi барлық мәндеттi қызметтiң орындалуын қамтамасыз етуi керек;

жұмысшы кадрлардың iскерлiк сапасы отырған қызмет орнына сәйкес және қажеттi мамандығының болуы;

шаруашылық механизмi жұмыста жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін бүкіл коллективтi, оның жеке бөлімдерiн және әр жұмысшыны оятуы және ынталандыруы керек;

қолайлы психологиялық климат өнеркәсіптің жақсы жұмыс iстеуiнiң маңызды жағдайының бiрi болып саналады.

 

6.1 Жүйенi басқару мекемесiнiң құрамы

 

Гидромелиоративтiк жүйелердi басқару мекемесiнiң құрамы аймақтың табиғи және шаруашылық жағдайына, сонымен қатар мемлекеттердiң, республикалардың, крайлардың, облыстардың территориялы-әкiмгершiлiкке бөлінулерiне байланысты.

Ресей Федерациясында федеральдық деңгейдегi басқару мемлекеттiк шаруашылық аралық гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану сүрақтарымен құнарлы топырақ, жердi мелиорациялау және азық-түлік Министрлiгi, сонымен қатар “Россельхозводстрой” және “Центринжсельстрой” су шаруашылығы құрылыс акционерлiк корпорациясы айналысады.

Бас су шаруашылығының құрамында мемлекеттiк мелиоративтiк жүйелерге су бөлетін және кадастрмен айналысатын корпорация құрамында - мелиоративтiк жүйелердi пайдалану бөлімшелерi бар.

Облыстық басқару деңгейiнде шаруашылық аралық жүйелердi пайдалану сүрақтарымен мелиорация және су шаруашылығы мемлекеттiк кәсіпорын, сонымен қатар аудандарға су бөлетін су торабын және магистрал каналдарды пайдалану басқармасы айналысады. Бұл мемлекеттiк кәсіпорындар мен пайдалану басқармалары республикалардағы ауыл шаруашылығы минстрлiгiне, ауыл шаруашылығы басқармаларына және су ресурстары комитеттерiне бағынады. Көрсетiлген мемлекеттiк кәсіпорындар мен пайдалану басқармаларын ғылыми-техникалық және әдiстемелермен қамтамасыз ету iске асырылады.

Шаруашылық аралық маңызы бар мемлекеттiк гидрмоелиоративтiк жүйелердi пайдалану мен тiкелей айналысатын негiз.гi пайдалану ұйымы - шаруашылық аралық мелиоративтiк жүйелердi пайдалану басқармасы. Сонымен қатар гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану сүрақтарымен гидрогеолого-мелиоративтiк партиялар, арендалық (акционерлiк) жөндеу-пайдалану кәсіпорындары, су шаруашылығы құрылысы және құрылыс материалдары өндiрiсi де (акционерлiк корпорацияның құрылтайшылары) айналысады. Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалану абсқармасы және гидрогеолого-мелиоративтiк партиялар мелиорация және су шаруашылығы мемлекеттiк кәсіпорынға бағынады, ал жөндеу-пайдалану кәсіпорны және акционерлiк қоғам мемлекеттiк кәсіпорындармен келiсiм шарт негiзiнде болады.

Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалану басқармаксының негiзгi мiндеттерi: су алу және оны су пайдаланушы шаруашылықтарға бөлу; шаруашылықтардан түсетін артық суларды әкету; шаруашылық аралық жүйелерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, оларды жетiлдiру. Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалану басқармасына пайдалану учаскелерi немесе бөлімдерi бағынады. Олардың барлығы және саны қызмет жасалатын нысаналардың территорияларында орналасуына және тағы сол сияқтыларға байланысты анықталады. Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалану мемлекеттiң қаржысы есебiнен iске асырылады (бюджеттiң қаржысы, қаржы капитальдi және қаржы ресурстары). Бюджеттiң қаржысы гидромелиоративтiк жүйелердi ұстап тұру және жөндеу, ал капитальдi қаржы және қаржы ресурстары - техникалар алу және өндірістік базаны дамыту үшін бөлінедi.

Шаруашылық аралық жүйелердi пайдалану басқармасының iшкi құрылымы негiзiнен, олардың орындайтын функцияларына байланысты. Осы функцияларға сәйкес басқармада келесi функциональдi бөлімдер бөлінуi мүмкін: су пайдалану, суаруды оперативтi басқару, пайдалану - гидрометрия, жөндеу - салу, механизация, автоматика және телемеханика, мелиоративтiк қызмет, диспетчерлiк қызм ет, өндірістік зерттеулер зертханасы, жобалау-сметалау тобы. Функциональдi бөлімдердiң саны мен құрамы мелиорацияланатын ауданның өлшемдеріне және жүйелердiң күрделілiк дәрежелерiне байланысты. Мысалы, су пайдалану, суаруды оперативтi басқару және пайдалану гидрометрия бөлiмшелерi бiр бөлімге бiрiктiрiлуi мүмкін, жобалау-сметалық топ болмауы мүмкін, мелиоративтiк қызмет гидрогеолого-мелиоративтiк партияның құрамына кiруi мүмкін және т.б. Функциональдi бөлімдерден басқа да қосымша, әкiмшiлiк-шаруашылық, есеп, кадр бөлімi, пәтер-үй-жай және т.б. бөлімдерi болады.

Пайдалану басқармасының саны, құрылымы және штаты қазiргi күшi бар нормативтерге немесе келтiрiлген суармалы немесе құрғататын аудандарға, механизмдерге, электржабдықтарына, автоматтау және телемеханика құралдарына, сорап бекеттеріна және басқарларға байланысты жеке ретте анықталады. Суармалы жүйелердi пайдалану басқармасындағы әкiмшiлiк қызм етшiлердiң саны шамамен келесiлер: суармалы аудан 90 мың га көбірек - 20-14 адам, 90-60 - 14-11 адам, 60-30 - 11-8 адам, 30-16 - 8-6 адам және ауданы 15 мың га кiшi болғанда - 6-4 адам.

Суармалы жүйелердегi пайдаланушы қызметшiлердiң барлық саны Әр 1000 га суармалы ауданға 3-тен 13 бiрлiктiк арасында түрленедi (өзгередi).

Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдалануды шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметi жүргізедi. Бұны, шаруашылықпен келiсiм шартқа отырған жүйелер басқармасы да жүргізуi мүмкін.

Келiсiм шарттар ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға, шаруашылықтың iшкi жүйелерiне жөндеу және техникалық қызмет жүргізу үшін жасалынады. Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдалану шаруашылықтың есебiнен жүргізіледі.

Шаруашылықтың iшкi жүйесін пайдалануға шаруашылықтың мамандары жетекшiлiк жасайды  және мелиорация су шаруашылығының инженерлерi мен техниктерi. Мамандардың саны суарылатын немесе құрғатылшатын ауданға және шаруашылықтың негiзгi бағытына байланысты.

Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдаланушы қызметкерлердiң шамамен алғандағы нормативтi штаты 6.1 кестеде келтiрiлген.

 

Кесте 6.1. Шаруашылықтағы гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметкерлерiнiң нормативтi штаты

 

6.2 Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдаланатын инженерлiк қызмет

 

Осы заманның талабына сай суару техникаларымен, сорап бекеттерімен және суармалы тiзбек құбырлармен жабдықталған шаруашылықтарда шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қазiргi заманғы инженерлiк деңгейде болуы керек. Бұл үшін шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану үшін инженерлiк қызмет жасақталынады.

Табиғи шаруашылықтардың жағдайларының көп  жақтылығы, шаруашылықтардың мамандануы, суару техникасының кең номенклатурасы және шаруашылықтың осы техникамен жабдықталуының әр түрлi дәрежесi шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану ұйымдардың әр түрлі формасына байланысты, олардың әрқайсысы экономикалық тұрғыда дәлелденген болуы керек.

Құрғақшылық аймақта шаруашылықтың суармалы жерiнiң ауданы 2000 га көбірек және суару техникасы 25-30 бiрлiктен көбірек болуы шаруашылықтың iшiндегi пайдалану қызметiнiң жекеменшiктiгi ұтымды.

Аз аудандарда шаруашылықтың iшкi жүйесін пайдалануды пайдалану басқармасы шаруашылықпен келiсiм-шарт арқылы iске асырады.

Суармалы ауданы аз кiшi пiшiнде жердi пайдаланатын аймақтарда (қаратопырақты облыстың үлкен бөлігі) шаруашылықтың iшiндегi жүйелердi пайдаланудың ең ұтымдысы пайдалану басқармасы.

Шаруашылықтың iшкi жүйелерiн пайдалануда инженерлiк қызмет сорап бекеттерін, арынды құбырларды, шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбектi дұрыс пайдалануды, ауылшаруашылығы дақылдарын суаруды уақытылы және сапалы жүргізудi қамтамасыз етуi керек.

Әдетте бұл қызметтiң құрамына кiретiндер: бас мамандардың зықметi, диспетчерлiк пункт, топырақ зертханасы, апат-жөндеу қызметi, өндірістік-техникалық база, суарылатын өндірістік учаскелер, суару техникасын пайдалану және шаруашылықтың iшкi суару тiзбегi.

Шаруашылықтың iшкi жүйесін пайдаланатын инженерлiк қызметтiң негiзiн ауылшаруашылығы дақылдарын суаратын суару техникасына жоспарлы-профилактикалық қызмет жас айтын суармалы жүйелерге апат жағдайында қызмет көрсететiн стационарлы сорап бекеттерін пайдаланатын бригадалар мен звенолар құрайды.

Суару звенолары қабылданған суару режимiн сақтай отырып ауылшаруашылығы дақылдарын суаруды жүргізедi, жаңбырлатқыш техникалар мен жылжымалы сорап бекеттерінің үзiлiссiз жұмыс жасауын қамтамасыз етедi, ай сайын суару техникасына техникалық қызмет жүргізедi, суармалы жүйенiң  элементтерiнiң жұмысын бақылайды. Суару звеносының құрамына жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылардың оператор-мұраптар, жылжымалы сорап бекеттерінің мотористерi, ДДА және ДДН түріндегi агрегаттармен суарғанда уақытша қарықтардағы судың шығынын реттейтiн жұмысшылар кiредi. Үш-төрт жаңбырлатқыш машиналары «Фрегат» тобымен және тәулік бойы жұмыс iстегенде звено құрамына үш оператор-мұрап кiредi. Суару звеносы сорап бекетімен, жоспарлы-профилактикалық қызмет жасайтын звенолармен және апат жағдайында қызмет көрсететiн бригадалармен байланыс жасау үшін бiр-екi рациямен, кең қанатты жаңбырлатқыш машиналардың тобына қызмет жасағанда - жеке тасымалдау құралдарымен (мотоцикл, шасси) жабдықталады.

Жоспарлы-профилактикалық қызмет жасайтын звено жаңбырлатқыш машиналар мен жылжымалы сорап бекеттерінің күрделі емес ақаулары жояды.

Әдетте бұл звеноның құрамына машинист-тракторист (звено жетекшiсi), электрик және слесарь-дәнекершi кiредi. Звено жылжымалы мастерской, рация, тракторлармен («Фрегат» түріндегi жаңбырлатқыш машинаны екi позицияда жұмыс жасағанда қызмет ететiн) жабдықталады.

Суармалы жүйелерге апат жағдайында қызмет жасайтын бригада суару техникасының санына жне шоырлануына байланысты бiр немесе бiрнеше өндірістік учаскелерге қызмет жасайды. Олар оперативтi түрде апатты және суару техникаларының, шаруашылықтың iшкi тiзбегiнiң және жылжымалы сорап бекеттерінің ақауларын жояды.

Әдетте бұл бригаданың құрамына машинист-тракторист (бригадир), электрик, слесарь-дәнекершi, шофер-крановщик, машинист-экскаваторщик, монтажник-такелажник, жәй жұмысшылар кiредi. Бригада келесi техникалық құралдармен жабдықталады: жылжымалы мастерской, жүк көтеретін  автокөлiк, шөміштің сыйымдылығы 0,15 м3 болатын экскаватор, жүктi көтеруi 5-6 т болатын автокран, сораптар, байланыс құралдары. Бригаданың ұсынылған қабылдайтын жүктемесi: болат және шөген құбырлы жабық суармалы жүйелердiң ауданы 5-7 мың га және 55-60 жаңбырлатқыш машина, болат құбыры бар жүйелерде 10 мың га дейiн өседi, ал шөген құбыры бар жүйелерде 2 мың га кемидi.

Стационарлы сорап бекеттерін пайдалану қызметi пайдаланушылар басқармасының әрекетi жасайтын аймағына кiрмейтiн шаруашылықтарда құрылады. Олар керектi су шығынын үздiксiз берудi iске асырады және құбырлы тзбекке керектi арынды ұстап тұрады, жоспарлы-профилактикалық және сорап бекетінің барлық жабдықтарына апат қызметiн жүргізедi, олардың жұмысына есеп жүргізедi, сорап бекетін тоқтатып қояды және қайтадан жүргізедi. Бұл қызметтiң құрамына сорап бекетінің мотористi (кезекшi қызметкер) және екi адамнан түратын жөндеу звеносы (гидромеханикалық жабдықтарды жөндейтiн және дайындайтын механик, электротехникалық жабдықтарды жөндейтiн жне дайындайтын электромонтер). Жөндеу звеносының жүктемесi 20-25 - дейiн сорап агрегатын құрайды.

 

6.3 Мемлекеттiк пайдалану қызметiнiң құқыларылары мен мiндеттерi

 

Мемлекеттiк гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң мiндеттерi:

суды су пайдаланушыларға тарату;

шаруашылық аралық суармалы және құрғататын тiзбектер, олардағы ғимараттарды, пайдалану және басқару техникалық құралдарын жарамды жағдайда ұстау;

су тұтынушылардың суармалы суды тиiмдi пайдалануына бақылау жасау;

суармалы және құрғататын жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылау, олардың сортаңдалуын және батпақтануын болдырмайтын керектi iс-шараларды орындау;

су тұтынушы - шаруашылықтарға шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалануда техникалық көмек көрсету;

шаруашылықтарда олармен келiсiм-шарт арқылы шаруашылықтың iшкi тiзбегiнде және ғимараттарда тазарту және жөндеу жұмыстарын орындау;

шарашылықтарға мелиорацияланатын жердi кезектегi тегiстеудi, тұздалған жердi шаюды, суаруды жүргізудi ұйымдастыруға көмек көрсету;

шаруашылықтарға кадрлердi гидромелиоративтiк профильдегi мамандыққа жаппай дайындауға және қайта дайындауға көмек көрсету;

шаруашылықаралық маңызы бар суармалы жүйелердегi судың есебi.н, коллекторлы-кәріздi және қашыртқылы тiзбектер арқылы әкететiн суларды қайта пайдалануға керектi шараларды қабылдауды ұйымдастыру;

суармалы тiзбектiң прайдалы әсер коэффициентiн көтеруге бағытталған iс-шараларды жетiлдiру және iске асыру;

су пайдаланушыларға ауылшаруашылығы дақылдарын суарудың көбірек жетiлген техникасын, сонымен қатар автомантандырылған және басқа да күрделі машиналарды және т.б. енгiзуге көмектесу.

Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң төмендегiдей құқылары бар:

су тапшылығы кезеңiнде су тұтынушыларға суармалы жүйелерге су айналымын енгiзу арқылы су берудi шектеу;

суды ұқыпсыз пайдалану немесе кейбiр су тұтынушылар өз бетiмен су алған жағдайда оларға су берудi шектеу;

ауа-райының жағдайына және басқа себептерге байланысты су көзiндегi судың режимiнiң өзгеруiнiң қорытындысы бойынша су беру жоспарын түзету.

Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланушы қызметкерлердiң құқылары мен мiндеттерi қызметтiк инструкцияда баяндалған.

 

6.4 Өндiрiстiк-қаржылық жоспарлау және есеп

 

Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiнiң әрекетi жылдық және келешектегi өндірістік-қаражаттық жоспарменен анықталады.

Келешектегi жоспарда жүйелердi жетiлдiруге арналған iс-шараларды, жаңа суару техникасын енгiзудi, жұмысты кешендi механикаландыруды, суармалы тiзбектiң ПӘК арттыруды және басқаларды қарастырады.

Жылдық өндірістік жоспарда келесi негiзгi бөлімдер бар:

шаруашылық аралық су пайдалану жоспары (суды бөліп тарату) , бұнда су алуға, суды бөліп таратуға және жүйелердегi судың есебiне жасалынатын iс-шаралар көрсетiледi;

тiзбекте және ғимараттарға көрсетiлген техникалық қызмет және ремонт жоспары, бұнда каналдарды тазалауға, ғимараттарды жөндеуге, пайдалануға және басқаруға керектi техникалық құралдарға арналған iс-шаралар, жағалауды бекiтуге және тасқанға қарсы жасалынатын iс-шаралар қарастыралады;

жүйенi дамыту және жақсарту жоспары, бұнда жүйелердi қайта құруға арналған жобалау-iздеу жұмыстары, жүйелердi және оларды пайдалануды жетiлдiруге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары, кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру жұмыстары айтылады.

Жүйелердiң пайдалану басқармасының қаражаттық әрекетi өндірістік-қаражаттық жоспардың арнайы бөлімiнде, пайдаланушы қызметкерлердi ұстап тұру қоса келтiрiлген.

Жүйелердi пайдалану басқармасының шаруашылық қызметi келесi көрсеткіштермен: артық суды пайдалану, пайдалану шығындары, жердiң мелиоративтiк жағдайы, жүйелерге түсетін тасындылардың көлемi және тазартылуы, экономикалық көрсеткіштермен талданады.

            Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметi жұмыстың орындалуына байланысты жоғары тұрған мекеменiң алдында есеп бередi, есепте оперативтi және айлық статикалық есеп бойынша, сонымен қатар кварталдық және жылдық өндірістік-қаражаттық есеп бойынша информация ұсынылады. Жылдық есеп - әр ұйымның немесе мекеменiң қызметiн бағалайтын негiзгi құжат.

 

6.5 Жүйелердi құжаттандыру және инвентаризациялау

 

            Гидромелиоративтiк жүйелердi құжаттандыру - жүйелердiң конструктивтiк, технико-экономикалық және басқа сипаттамаларына белгiлi бiр уақыт мезгiлiндегi жағдайына арнайы құжатқа - техникалық құжатқа жүйелі түрде есеп жүргізу. Техникалық құжат - гидромелиоративтiк жүйенiң техникалық жағдайын бейнелейтiн негiзгi есептеу-техникалық құжат. Құжат бүкіл жүйеге және бөлек iрi ғимараттарға жасалынады. Жүйеге мезгiл-мезгiл жасалған құжаттық есептiң негiзiнде гидромелиоративтiк жүйелердiң кадастры түзiледi - жүйелердiң және олардың негiзгi элементтерiнiң жүйелі түрде жасалған мәліметтер жинағы.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi инвентаризациялау - жүйенiң және олардың кейбiр элементтерiнiң шын мәнісiндегi жағдайын мезгiл-мезгiл тексеру, нысанның дұрыс (инвентарлы) бағасын анықтау. Инвентаризациялауға негiзгi және айналым қорлары, күрделі жұмыстар, аяқталмаған өндiрiс және жүйенiң басқа мүліктерi, сонымен қатар мелиорацияланатын жерлер жатады. Инвентаризациялау арқылы ғимараттардың, каналдардың, гидромелиоративтiк жүйелердiң жабдықтарының және басқалардың шын мәніндегi жағдайы, олардың әдеттегiдей жұмыс жасау ұзақтығы мен шын мәніндегi бағасын анықтайды. Жаппай инвентаризациялау әр 5-10 жыл сайын жүргізіледі.

            Инвентарлы баға, теңге:

ИС = ПС + Кр - Ав * t                                   (6.1.)

            мұнда: ПС - ғимараттардың (жабдықтардың) алғашқы бағасы немесе оны ауыстыратын қалпына келтiретiн баға, теңге;  Кр - t уақытындағы күрделі жөндеуге кеткен шығын, теңге;  Ав - қайта қалпына келтiруге арналған жылдық аммортизацияға бөлінген шығын, теңге;  t - ғимаратты пайдалануға берген уақытынан бастап инвентаризация жүргізгенге дейiнгi қызмет уақыты, жыл.

 

Гидромелиоративтiк жүйелердегi техникалық қызмет және жөндеу жұмыстары

 

7.1 Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын бағалау

 

            Гидромелиоративтiк жүйелер пайдалану үрдісiнде табиғи және жасанды (адамның iс-әрекетi нәтижесiнде) факторлардың әсерлерiне байланысты бүлінуi, тозуы мүмкін.

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайының көрсеткіштерi бiртiндеп нашарлайды: жүйелердiң элементтерiнiң тозуы және техникалық қызметке және жөндеуге кететiн шығындары артады; судың сүзілуге кететiн ысырабы артады және жүйелердiң ПӘК төмендейдi; каналдар мен құбырлардағы судың шығыны азаяды; сорап бекетінің арыны өзгередi; суару техникасының жұмыс iстеу қабiлетi нашарлайды; техникалық пайдалану коэффициентi төмендейдi.

            Нәтижесiнде, жүйелерге суды тазарту және шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану, суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайының, жүйелердiң сенiмдi жұмысының, мелиорацияланатын жердiң ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi сапасы және экологиялық жағдайы нашарлайды. Сондықтан, гидромелиоративтiк жүйелердiң барлық элементтерiнiң қызметiн әдеттегi мерзiм уақытында жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұру керектiгi ақиқат.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұру, оның бастапқы түрін және техникалық сипаттамаларын (көрсеткіштерiн) дер кезiнде қалпына келтiру - пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, бұнда гидромелиоративтiк жүйелердi және мелиорацияланатын жердi байқау (қадағалау) жүргізіледі, жүйенiң техникалық жағдайын анықтайды (бағалайды), техникалық қызметтер жне жөндеулер орындалады.

            Әрбiр гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық құжаттары болады (құжаты, ведомосттерi, карточкалары), бұнда жобадағы және шындыққа негiзделген көрсеткіштер, сонымен қатар пайдалану үрдісiнде болған өзгерiстер келтiрiледi.

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын бағалайтын алғашқы құжаты оның жеке элементтерiнiң жағдайын күнделiктi бақылайтын журналы болып табылады. Журналда, табылған ақауларды және олардың орны, канал бөгеттерi арқылы сүзілуге кететiн шығындарды, су деңгейiнiң белгілері, ақауды жоюға қабылданған шараларды және т.с.с. белгiлейдi.

            Әрбір гидромелиоративтiк жүйеге оқтын-оқтын сондай тексеру және оның техникалық жағдайын бақылау жүргізіледі. Оларды жүргізу мерзiмi техникалық пайдалану ережесi бойынша белгiленедi және ол жүйелердiң түрі мен конструкциясына байланысты.

            Осы тексерулердiң негiзiнде шаруашылық аралық жүйелердiң техникалық жағдайының актiсi және шаруашылықтың iшкi жүйелерiнiң ақау ведомостi жасалынады.

            Техникалық жағдай актiсiнде жүйе элементтерiнiң аттары, ақаудың табылған орны, керектi жөндеу жұмыстарын қысқаша баяндап жазу, жөндеу жұмыстарының түрлерi, олардың көлемi және ұсынылған орындалу мерзiмi берiледi. Ақау ведомосттарында жүйе элементтерiнiң аттары және ақаудың табылған орны көрсетiледi, ақауды баяндап жазу, жөндеу жұмыстарының аттары, олардың көлемi және бағасы берiледi.

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын және олардың бөлек элементтерiн техникалық жағдайының шын мәніндегi көрсеткіштерiн жүйелердi жобалағанда және салғанда алынған базадағы сол көрсеткіштердiң мәнімен салыстыру арқылы бағалайды.

            Техникалық жағдайын бағалағанда физикалық тозуын және пайдалану үрдісiнде жүйелердiң бөлек элементтерiнiң өзгеруiн, содан кейiн керектi жөндеу түрлерi мен техникалық қызметiн анықтайды.

 

7.3 Гидромелиоративтiк жүйелерге техникалық қызмет ету мен жөндеу түрлерi

 

            Техникалық қызмет ету - бұл гидромелиоративтiк жүйелер мен оның элементтерiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн немесе дұрыстығын сақтауға арналған операция немесе операциялар кешенi. Ол, ұсақ бүліну мен бұзылудың пайда болуына байланысты оларды жоюға және болдырмауға арналған алдын алу шараларының кешенiн бiрiктiредi.

            Жүйенi пайдалануға берiлген мезгiлiнен бастап техникалық қызмет көрсету арнайы мерзiмдiлiкпен әрдайым жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудiң) мерзiмiдiлiгi - бұл техникалық қызметтiң (жөндеудiң) тап осы түрі мен келесi жүргізiлетiн дәл осындай техникалық қызметтiң (жөндеудiң) түрлерiнiң немесе күрделілiгi зор басқа қызметтердiң арасындағы уақыт аралығы немесе жасалған жұмыс.

            Техникалық қызмет еткенде жүйелердiң жиi бүлінуге үшырайтын элементтерiне немесе елдi мекенге жақын орналасқан жайылымға және босаң топырақты учаскелерге ерекше көңіл бөлінедi. Шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелер бөлімдерiнiң ең жауапты элементтерi үшін (суару техникалары, сорап бекеттері) жоспарлы-сақтық жөндеу (ЖСЖ) жүйесінде техникалық қызмет етудiң келесi түрлерi қарастырылған: жүргізiп жаттықтыруға дайындық және өткiзу кезiнде пайдалану техникалық қызмет ету (ТІ-П), мерзiмдiлiгi 8-10 сағат аралығындағы ай сайынғы техникалық қызмет ету (АТІ), мезгiл-мезгiл (нөмерлі) техникалық қызмет ету (ТІ-1, ТІ-2, ТІ-3) мерзiмдiлiгi сәйкес 60, 240 және 960 сағаттан, маусымдық техникалық қызмет ету (ТІ-О, ТО-В), мерзiмдiлiгi бiр айдан сақтағандағы техникалық қызмет ету (ТІ-СА).

            Шаруашылықаралық суармалы тiзбектер үшін техникалық қызмет етудiң келесi түрлерi қарастырылған: АТІ, ТІ-2, ТІ-О және ТІ-В. Маусымдық техникалық қызмет ету суару техникаларын, сорап бекеттерін және суармалы тiзбектi суару маусымы, бiткеннен кейiн күзгi-қысқы жағдайда ұзақ мерзiмге сақтауға қойғанда (консервация) маусымдық техникалық қызмет ету (ТІ-О), ал маусымдық техникалық қызмет ету ТІ-В - оларды ұзақ сақтаудан алғаннан кейiн (роасконсервация) және көктем  гi-жазғы жағдайда пайдалануға дайындық жасауға байланысты орындалады. Үшiншi мерзiмдiлiк техникалық қызмет ету (ТІ-3) тек қана сорап бекеттері және ЭДМФ «Кубань» үшін қарастырылған.

            Жөндеу - бұл гидромелиоративтiк жүйелердi және олардың элементтерiнiң (қосымша бөліктерін) жұмысқа қабiлеттiлiгiн немесе дұрыстығын қалпына келтiруге арналған операциялардың кешенi.

            Жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемi,не байланысты күнделiктi, күрделі және апат жағдайындағы жөндеу болып ажыратылады.

            Күнделiктi жөндеу (КЖ) - бұл нысанды қалпына келтiруге арналған шығын оның теңдiк бағасының 20%-на дейiн құрайтын жөндеу. Күнделiктi жөндеудiң негiзгi мақсаты - гидромелиоративтiк жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау және оның қызмет ету мерзiмiн өсіру.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану басқармасының жылдық жоспарына байланысты күнделiктi жөндеу жүйе элементтерiнiң көпшiлiгiнде жыл сайын (мерзiмдiлiгi 1 жыл) жүргізіледі. Жүйенiң кейбiр элементтерiне (мысалы, коллекторлы-кәріздi тiзбек) күнделiктi жөндеу жұмыстарының мерзiмдiлiгi 3-5 жыл.

            Күнделiктi жөндеу жұмыстарының айтарлықтай бөлімi жүйе жұмысын тоқтатпай орындалады.

            Күрделі жөндеу (КЖ) - бұл нысанды қалпына келтiруге арналған шығын оның теңдiк бағасының 20-50%-на дейiн құрайтын жөндеу. Күрделі жөндеудiң негiзгi мақсаты - гидромелиоративтiк жүйелердi бүліншiлiктi жою және құрылыстан шыққан iрi элементтердi қайта қалпына келтiру, каналдардағы iрi деформацияларды түзеу.

            Күрделі жөндеу кешендi немесе iшiнара болуы мүмкін. Кешендi, күрделі жөндеуге жататын жүйенiң барлық элементтерiн қамтиды, сондықтан гидромелиоративтiк жүйелердегi жұмыс тоқтатылады. Iшiнара, жүйенiң бөлек элементтерi жөнделедi (ғимараттар, каналдар, құбырлар және т.с.с.). Барлығынан көбірек iшiнара күрделі жөндеу орындалады. Әрбiр гидромелиоративтiк жүйелерде күрделі жөндеудiң өзiнiң ерекшелiктерi бар, сондықтан оларды, iздеулер және өндірістік зерттеулер материалдарының көмегімен жасалған арнайы жобалар арқылы орындайды.

            Күрделі жөндеу анықталған уақыт аралығы арқылы жүргізіледі, яғни, анықталған мерзiмдiлiк, жүйенiң әр элементтерi үшін 2 мен 20 жыл аралығында тербеледi.

            Күрделі және күнделiктi жөндеулер жоспарлы-сақтық графигi сияқты орындалады.

            Апат жағдайындағы жөндеу апат, тасқын, және басқа стихиялы ауыртпалықтардың нәтижесiнде болған гидромелиоративтiк жүйелердегi бүлінулердiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру үшін керек. Аяқталған жөндеу жұмыстарының барлығын арнайы комиссия қабылдайды.

 

7.3 Жөндеу және техникалық қызмет ету жұмыстарының құрамы

 

            Суармалы жүйелердi жөндеу және техникалық қызмет ету: тұндырғыштарды, каналдарды, коллекторларды және кәріздердi тасындылар мен өсiмдiктерден тазартудан;

            каналдардың бермасын тазалау, еңістіктерін жөндеу және бөгеттердi жобадағы өлшемге дейiнгi қалпына келтiру, каналдардың қаптауын жөндеуден;

            жабық суармалы құбырларды шаю және жөндеуден;

            суару техникаларына техникалық қызмет ету және жөндеу;

            үйiлген бөгеттердi жөндеуден;

            жабық кәріздердi шаю және жөндеуден;

            гидротехникалық ғимараттарды, сорап бекеттерін, су өлшейтiн бекеттердi, жолдарды, зданияларды, байланыс және жарық беретiн желiлердi жөндеуден;

            су алуды қамтамасыз ету үшін жөндеу-реттеу және қорғау жұмыстарынан, тасқынды, қабыршақ мұзды және мұзды өткiзу кезiнде болатын бүлінулерден қорғаудан;

            ғимараттарды, суармалы және коллекторлы-кәріздi тiзбектi құм борасынан, қардан және мұздан тазартудан;

            суармалы және суды әкететiн тiзбектердi босату, жүйелердi қысқа дайындағанда ғимараттардың темiр бөліктерін және арматураларды майлау және коррозияға үшырамайтындай етiп жабудан;

            сорап бекеттерінің, ғимараттардың төңірегiне, каналдар мен жолдардың жиегiне орм ан жолақтарын және гүлдер отырғызудан тұрады.

            Каналдарға, тұндырғыштарға, коллекторларға техникалық қызмет ету және жөндеу жұмыстары олардың жағдайын жүйелі түрде бақылаудан, бүлінуден, тұнба шөгіндiлерден және шөп өсiп кетуден, қорғаудан, тасындылардан, және арам шөптерден тазартудан, сүзілуге кететiн ысырапты болдырмауға жасалған қапталған және бекiткен заттарды жөндеуден тұрады. Бұл жұмыстарды суармалы және суды әкететiн тiзбектердiң өткiзу қабiлеттерiн қамтамасыз ету және олардың қызмет ету мезгiлiн ұзарту үшін жүргізедi.

            Каналдардың өткiзу қабiлетi жобалаған, тұрғыздан және пайдаланған жағдайларда (көлденең қимасының өлшемдері және еңістігі кiшiрейген, кедiр-бүдырлар көбейген, шөгіндiлер түскен және шөп өскен) жiберiлген қателіктерге байланысты жобадағыға сәйкес келмеуi мүмкін.

            Каналдың жұмыс iстеу сенiмдiлiгiн ағынның динамикалық осьнiң, шөгіндiлер түспеген және арнасына шөптер өспеген, жағалары мен еңістіктері анық көрсетiлген канал осінен ауытқымаған жағдайдағы жобалағанға жылдамдық пен деңгейде есептi шығынды өткiзуге байланысты анықталады.

            Каналдағы су деңгейiнiң орны, олардың жақтаулары және бөгеттерiнiң жағдайы мезгiл-мезгiл бақыланады.

            Арнасы топырақтан жасалған каналдардағы судың шегiне жеткен жылдамдығы олардың арнасындағы топырақтың механикалық құрамына және су шығынына байланысты жылдамдатылған жұмыс режiмiндегi каналдарда су шығыны 0,5-10 м3/с аралығындағы, ол лай, ұсақ құм және жеңiл құмайт топырақтар үшін 0,37-0,47 м/с; орташа саздақтар, орташа сары топырақтар және iрi құмдар үшін 0,59-0,75 м/с, тығыз орташа саздар және орташа қиыршық тастар үшін 0,82-1,05 м/с; ауыр саздар, iрi жүмыр тас және қиыршық тастар үшін 1,26-1,62 м/с аспауы керек.

            Бiрiншi жыл пайдаланылатын каналдарда жылдамдатылған су шығынын өткiзуге рұқсат етiлмейдi.

            Жылдамдатылған су шығынын өткiзгенде немесе ғимараттың алдындағы учаскелердегi тежелген су деңгейiнен бөгеттiң биiктiгi, каналдағы судың шығыны 1 3/с - 0,2 м;  10-30 - 0,4 м және су шығыны 50 м3/с - 0,6 м кем болмауы керек.

Еңiстi сүзілудiң салдарынан болатын бүлінуден және мүжілiп құлауынан сақтандыру үшін каналдардағы судың деңгейiн, аралығы 2 сағаттан кем емес, бiртiндеп ауыстырады. Бұл жағдайда бiр аралықтағы (интервалдағы) су шығынының өзгеруi: iрi каналдар үшін жоғарғы су шығынынан 10%, ұсақ каналдар үшін 20% артық болмауы керек.

            Мүжілiп құлаған және отырылуға үшыраған, каналдың учаскелерiне қосымша бермалар немесе еңiстерге орнатады.

            Арам шөптермен күресу үшін механикалық, термиялық, химиялық, химиялық және биологиялық әдiстер қолданылады.

            Суармалы каналдардағы сүзілу ысырабына қарсы бетоннан және темiрбетоннан жасалған қаптауларды жөндеу жұмыстарының құрамы олардың бүлінуiне байлансты. Мысалы, активтi жарықтарды икемдi материалдармен герметикалық жабады, ал пассивтi жарықтарды цемент ерiтiндiсiмен немесе фуранды смолалар негiзiнде композицияларымен тегiстеп жабады немесе жұқа қабатпен шаңдатады.

            Омырлып жерлердi және раковиндарды бетон және цемент ерiтiндiлерiмен, фуранды смоланың модификациясы негiзiндегi композициялармен немесе полимерцементтi құрамымен толтырады.

            Бетонның бетi қабыршақтанған жағдайда цементпен ұстатады, темiрлеу , полиерлi композициялармен жұқа қабатпен шаңдатады, полимерцементтi құраммен тегiстеп жағады.

            Плиталардың қосылған жерлерi бұзылғанда және олардың шайғанда, әсiресе толқындардың жеткен жерлерiн, қиыршық таспенен құмды араластырып дайындаған қоспаны плитаның астына салып содан кейiн, қосылған жерлердi қалпына келтiредi.

            Карстар дамыған аймақта қапталғанның астындағы топырақ сүзілген сулармен шайылуы мүмкін, мұндай жағдайда қапталғанға алдымен клейленетiн гидроизоляция қабатын, одан кейiн қалыңдығы 10 см болатын темiрбетон БГТ-200 жапсырады. Одан басқа, канал арнасына 30 см тереңдiкке дейiн цементтi құм ерiтiндiсi айдалады.

            Күрделі жөндеу жүргізгенде бүлінген платиларды жаңа плиталармен ауыстырады, қаптағанның бетонмен құйылған бұзылған учаскелерiн алып тастап жаңа бетон отырғызады.

            Жабық суармалы тiзбектердегi жөндеу және техникалық қызмет ету жұмыстарының құрамы құбырдың материалына және бұзылу сипатына байланысты. Жабық суармалы тiзбекке техникалық қызмет ету: құбырлар мен арматуралардың трассаларында саңылау қалдырылғанын немесе қалдырылмағанын табу мақсатында сырттай байқаудан; арматуралардың ұсақ жөндеуiнен; құдықтарды ластан, судан, қардан және мұздан тазартудан; майлау бекiту және тәртіпке келтiру жұмыстарынан тұрады.

            Жабық суармалы тiзбектегi жөндеу жұмыстары: құбырлардағы ақауларды анықтаудан; бұзылған учаскелердi, жақын орналасқан ысырманың көмегімен жұмыс iстеп тұрған тiзбектен ажыратудан және төменде жатқан құбырдың учаскелерiн босатудан; ақауларды және кiретiн жолдардың жағдайын және машиналарды, жабдықтар мен материалдарды жеткiзудi зерттеуден; құбырларды экскаваторлармен қазудан; траншеяларды түзету және құбырлар мен олардың түйіскен жерлерiн топырақтан қолдап тазартудан; ақаудың сипатын зерттеу және оны жою әдiстерiн таңдаудан; құбырдағы ақауды жоюдан; жөндеу жұмыстарынан кейiн құбырды сынаудан; траншеяны қайта көмуден тұрады.

            Жердiң астындағы құбырларды жөндеу әдiстерi негiзiнен құбырдың материалы мен бұзылудың сипатына байланысты. Қаяу құйымдардың, жарықтардың және раковиналардың асбестоцементтi, темiрбетонды және шөген құбырларымен қосылған жерiндегi судың азғантай ағуын табақ резеңке ңпластырьдыңң, болат жапсырманың және қамыттың көмегімен жояды. Асбестоцементтi құбырлардың қосылған жерiндегi судың ағуын әдетте қосылған жердi қайта монтаждау және резеңкелi нығыздағышты ауыстыру немесе муфта арқылы жояды. Асбестоцементтi, шөгендi және болат құбырлардағы көлденең жарықтарды және сынықтарды, бүлінген учаскелердi кесiп алып оны құбырдың жаңа кесектерiмен ауыстыру арқылы жояды. Соңғысы құбырлармен фланцiлi муфта арқылы қосылады. Үлкен жарықтарды, сынықтарды және ажырағанда ақауы бар құбырды жаңа (асбестоцементтi құбырлар үшін) немесе екi қоспаны монтаждау (темiрбетон құбырлар үшін) ауыстырады. Iстен шыққан арматураларды электрмен дәнекерлеудi немесе пластинкамен тойтаруды қолдана отырып бұрынғы қалпына келтiредi, ал корпусы қызыл бояу немесе кузбасс лакпен жабылады. Iстен шыққан болттар мен нығыздағыштарды ауыстырады. Суармалы асбестоцементтi құбырлардағы жасалған су жiбергiш тесiктер цемент ерiтiндiсiнiң көмегімен бұрынғы қалпына келтiрiледi, ал сынған құбыршалар тесiктiң үстiндегi су жiбергiштердi жаңасымен ауыстырады.

            Топырақтан жасалған бөгеттер мен қорғағыш дуалдарды жөндеу жұмысының құрамы жөндеу түрлерiне байланысты. Күнделiктi жөндеу жұмыстарына: топырақ төсеу; жарықтарды бiтеу; сүзілуге жалғасқан орынды жою, бекiткiштiң күрделі түрлерiн жөндеу; көп   жылдық шөптердi егу немесе еңiстiң бұзылған жерлерiне шым отырғызу, толқыннан қорғайтын бүталар алқабын қалпына келтiру, жертесерлермен күрес және т.б. кiредi.

            Күрделі жөндеу бөгеттер мен дуалдарға жобадағы өлшемдеріне жеткенше құм төсеуден, бекiткiштiң күрделі түрлерiн ауыстырудан немесе бұрынғы қалпына келтiруден, сүзілуге қарсы iс-шараларды жүргізуден және басқалардан тұрады.

            Сүзілу ағынының төменгi жағындағы бөгет еңістігінiң тоңдануын топырақ салу, еңiстi жатқызу және сүзілуге қарсы экрандар қолдану арқылы болдырмайды. Сүзілген ағын еңiстiң құрғақ жерiнен шыққан кезде пайда болатын көшкіндi жылытылған жергiлiктi топырақтан бос сүйенген кәріз жасайды.

            Апат жағдайындағы жөндеу жұмыстары, тасқыннан немесе басқа стихиялық құбылыстардан бұзылған бөгеттер мен дуалдарды бұрынғы қалпына келтiруден тұрады.

            Құрғату жүйелерiн жөндеу және техникалық қызмет ету: су қыбалдағыштарды, каналдарды және жолдарды жобадағы өлшемдері мен белгiлерiн бұрынғы қалпына келтiруден; су қабылдағыштарды және каналдарды тасындылардан тазартудан; оларды болдырмауды және ағаш-бүта өсiмдiктерiн жүлудан; уақытша (ағаштан жасалған) реттегiш-шлюздердi, көп  iрлердi, құбырларды және басқа гидротехникалық ғимараттарды тұрақты түрімен толық немесе жарым-жартылай ауыстыру; жабық коллекторларды, кәріздердi, сүзгiлердi және басқаларды шаю және тазартудан тұрады.

            Құрғату каналдарындағы жөндеу жұмыстарының құрамы каналдарды бекiту түріне және бүліну сипатына байланысты.

            Судың қозғалу жылдамдығы азғантай (1,5 м/с көп   емес) бекiген жерi бұзылған каналды жөндеу үшін шым немесе шым қиындыларын салу қолданылады.

            Рұқсат етiлген жылдамдықтан асқанда, бекiтудiң биологиялық түрлерi үшін, сонымен қатар еңiстiң орнықтылығын көтеру үшін, оларды бекiтуге темiрбетон плиталары пайдаланылады, сонымен қатар қиыршық тас немесе ұсақталған тас төселедi.

            Су әкелетiн каналдар тiзбегiнiң еңістігінiң табан бұзылған учаскелердi сi тiрегiш қабырғалармен немесе темiрбетонды плиталармен бекiтедi, ал реттеушi каналдар тiзбегiне - қиыршық, үнтақталған тастар себедi немесе шым төсейдi. Су тiрейтiн қабырғаларды, каналда тұрақты судың ағысы болған жағдайда, жергiлiктi материалдармен орнатуға болады (тоқылған, ағаштардан және басқалардан).

            Каналдың түбі шайылған жағдайда оны енi 0,2 м кем емес қиыршық немесе ұсақталған тастарды учаскелерге салу арқылы бекiтедi немесе өлшемдері 0,2 х 0,2 м және ұзындығы канал түбінiң енiне тең темiрбетонды табалдырықтар орналастырады.

Жабық құрғататын тiзбектердегi жөндеу жұмыстарының құрамына тiзбектiң элементтерiнiң түріне, бүліну сипатына және жөндеу түріне байланысты.

            Iрi коллекторларды (диаметрi 200 мм және көбірек) күнделiктi жөндегенде және техникалық қызмет еткенде келесi негiзгi жұмыстар жүргізіледі: коллектордың трассасындағы шұқырларды жою, құйылыстарды тазалу және жөндеу, құйылыстағы керегелердi ауыстыру, құбырларды (ашпай) тасындылардан тазарту және бiтелiп қалған жердi жою; күрделі жөндеуде: құбырдың кейбiр бөлімдерiн ауыстыру немесе қайта салу; құбырларды тазалау (ашып), қосымша учаскелердi салу немесе коллектордың трассасын өзгерту.

            Үлкен диаметрлi коллекторларды тазалап және жөндеп болғаннан кейiн құрғататын тiзбектегi ғимараттарды жөндеуге кiрiседi. Бақылау құдықтарын жөндегенде бетон және темiрбетон сақиналарын ауыстырады, кольцолардың араларын және құбырлардың қосылған жерiн цемент ерiтiндiсiмен бiтейдi (құрамы 1:3), кольцоның сыртқы айналасына қабат саз (құлып) төсеп нығыздайды. Тұнбалар жиналған сiңiру құдықтарын жөндегенде көмілiп тасталған су сiңетiн қабаттарды ашып, шыққан ұсақталған және қиыршық тастарды жуады немесе жаңасымен ауыстырады, су сiңiретiн көмілетiн қабатты таза сүзетiн материалмен орындайды.

            Ғимараттарды жөндеп болғаннан кейiн кәріздi жөндеудi орындайды. Көлбеу кәріздердi үш тәсілмен тазартады: тұтас - кәріздi ашып оны қайта салу, пунктирлi-кәріздi ашу, шурфтардың арасындағы арнайы құралдармен тазарту, кәріздi ашпай тазарту.

            Бiрiншi тәсіл құбырдың қуысы құрғақ найлктармен және темiр шөгіндiлерiмен, оларда өсiмдiктiң тамырлары жиналғанда, кәріздiң еңістігі керi, құбырлардың қосылған жерiндегi саңылау жарамайтын жағдайда болғанда, оларды жылжытқанда және бұлдiргенде, қорғайтын сүзетiн материалдарды ауыстырғанда қолданылады; екiншiсi - құбырдың қуысына 0,3-0,6 диаметрiне дейiн тұнбалар жиналғанда және ылғалды найлкте, кәріздi түзету және ауыстыру керек емес жағдайда; үшіншiсi - керi еңiстiң болмауы және қыш құбырлардың сапалы төселуi, оларды қайта ауыстырып салудың қажет болмау жағдайында қолданылады. Бұл жағдайда кәріздер химиялық, гидравликалық және механикалық тәсілдермен тазартылуы мүмкін. Кәріздердi гидравликалық тәсілмен тазарту кеңiнен тараған.

 

7.4 Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

 

            Жөндеуге жататын каналдар мен ғимараттардың тiзiмiн, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының түрлерi мен көлемдерiн анықтау үшін пайдалану қызметiнiң қызметкерлерi гидромелиоративтiк жүйелердi зерттейдi; суармалы тiзбектi - күзде, вегетациялық суарулар аяқталғаннан кейiн. Осы зерттеулердiң негiзiнде алдын-ала ақау ведомостьi дайындалады. Содан кейiн аудандық немесе облыстық пайдалану басқармасы тағайындаған арнайы комиссия гидромелиоративтiк жүйенiң техникалық жағдайы жайлы акт жасайды.

            Каналдарды шөгіндiлерден тазарту жұмысының көлемi нивелирлеу арқылы анықталады. Кiшiгiрiм каналдарда көлденең қимасын түсiрмей - тек қана ұзына бойын нивелирлеу орындалады немесе көлденең қимасының тек қана ерекше орындарын әр 300-500 м аралығында өлшейдi. Нивелирлеудiң нәтижесiмен каналдардың қазiргi жағдайдағы бойлық пiшiнi мен көлденең қимасын сызады және оларды жобамен салыстырады. Нәтижесiнде каналдардағы шөгіндiнiң көлемiн және жөндеу жұмыстарының түрін анықтайды. Шаруашылық аралық жүйелердегi жөндеу жұмыстары мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыланады, ал шаруашылықтың iшiндегi жөндеу жұмыстары жер иесiнiң есебiнен (жер игерушiлер).

            Жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарында оларды жүргізетiн мерзiмдерi және көлемдерi, сонымен қатар қазiргi норманы есепке ала отырып жұмысшылардың қажеттiлiгi, материалдар, механизмдер және тасымалдау құралдары көрсетiледi.

            Суармалы жүйелерде жөндеу жұмыстары күзгi-қысқы және бiрең-сараңы дайындық кезеңiнде (көктем  де суаруға дайындалғанда) орындалады. Жөндеу жұмыстарына әдеттегiдей жағдайды қамтамасыз ету үшін вегетациялық кезең аяқталғаннан кейiн тұрақты аяз орнағанға дейiн канал астындағы топырақ суының күмбезi түсуi үшін суармалы жүйелерге су берудi тоқтатады.

            Суармалы каналдарды тасындылар мен өсiмдiктерден күзде және көктем  де тазартады. Ғимараттарды күнделiктi жөндеу үшін жүйелерге су берудi тоқтатуды қажет ететiн ғимаратты қоспағанда суармалы жүйелердiң жұмысының барлық кезеңiнде жүргізіледі. Бұл ғимараттар күзгi-қысқы кезеңде жне ерте көктем  де (суару басталғанға дейiн) жөнделедi.

            Құрғататын жүйелерде күнделiктi жөндеу тасқыннан кейiн жүргізіледі, негiзiнен көктем  гi-жазғы, күзгi кезеңдерде және бiрең-сараңы қыста, көктемгi тасқын судың алдында. Күрделі жөндеудiң мерзiмi жобамен анықталады.

            Шаруашылық аралық тiзбектегi iрi жөндеу жұмыстары жөндейтiн - суармалы және құрылыс су шаруашылығы ұйымдарымен келiсiм-шарт негiзiнде мердiгерлiк тәсілмен орындалады. Шаруашылықтың iшiндегi тiзбектегi жөндеу жұмыстары шаруашылықтың күшiмен немесе мердiгерлiк тәсілмен орындалады.

            Суармалы каналға немесе ғимаратқа апат жағдайын шақыруы мүмкін бүлінулер (канал бөгеттерiнiң шөгуі, жарықтар, ғимараттың шайылуы) ғимараттарды айналып өтетiн шұқырлар табылғаннан кейiн пайдалану ұйымының күшiмен дереу жойылады. Бұл үшін апат жағдайындағы бригадалар жасақталады.

            Апат кезiнде басқару жүйесінiң диспетчерi дереу бүлінген учаскенi ажыратады және апат учаскесi аймағындағы тiзбектi босатады. Осымен қатар ол басқарма жүйесінiң бастығына апат жайлы хабарлайды және апат болған жерге апат бригадасының құрамына кiретiн механикаландырылған отрядты және линиядағы қызметкерлердi жiбередi. Басқарма жүйесінiң бас инженерi мен механикаландырылған отрядтың бастығы апат болған орынға өздерi шығып апатты жоюды ұйымдастырады. Апат кезiнде орындалған жөндеу жұмыстарына арнайы акт жасайды.

            Шаруашылықтың iшiндегi тiзбекке техникалық қызмет етудi және жөндеудi пайдалану ұйымдары, шаруашылықтың келiсiм-шарты бойынша, өз күштерiмен орындайды.

            Жөндеу жұмыстарын, пайдалану және мердiгерлiк ұйымдардың, шаруашылықтардың өкiлдерiнен ұйымдастырылған, жұмыс комиссиясы қабылдайды. Орындалған жұмыс орнын қарау негiзiнде комиссия қабылдау актiсiн жасайды.

 

7.5 Жөндеу жұмыстарының механизациясы және технологиясы

 

            Каналдарды тасындылардан тазарту. Оны арамшөп өсiмдiктерiн тазартумен бiрiктiредi және жалпы құрылыс және арнайы машиналармен жасайды. Соңғысы қағида бойынша тиiмдiрек.

            Iрi каналдар мен коллекторларды бiр шөмішті экскаваторлармен тазалау орынды. Бұл жағдайда каналдағы тасындылардың қабаты 0,3 м кем болмауы керек, себебi, аз қабатта экскаваторларды қолдану экономикалық тұрғыдан қарағанда тиiмсiз. Егер де өндірістік жұмыстың жағдайына қайшылық жасамаса, сыйымдылығы үлкейтiлген ожауларды пайдаланады. Шөмішті ауыстырудың тиiмдiлiгi тасындыларды шығаруға, топырақтарды шығарумен салыстырғанда, азғантай энергияның жұмсалуына байланысты. Тазарту жұмыстарына ең көп таратылған шөміштің сыйымдылығы 0,4-0,65 м3 болатын экскаваторлар, сонымен қатар шөміштің сыйымдылығы 1 м3 және одан да көбірек экскаваторларды пайдалануға болады.

            Каналдарды жеңiл-желпi жөндегенде бiр шөмішті эксекаваторлар үш технологиялық схемамен жұмыс iстеуi мүмкін: көлденең iстеу, екi жақты көлденең iстеу, ұзына бойына iшкi арнада iстеу.

            Көлденең iстеу жоғарғы енi экскаватордың қазу радиусынан аспайтын, ал олардағы судың орташа шығыны 0,2 м3/с дейiнгi кiшiгiрiм каналдар мен табиғи арналарды жөндегенде қолданылады.

            Екi жақты көлденең iстеу схемасы судың шығыны 0,2 м3/с көбірек каналдарды жөндегенде жобадағы қиманы экскаватор екi рет жүрiп өткенде қалпына келтiретiн жағдайда пайдаланылады.

            Ұзына бойына iшкi арнада iстеу келесi жағдайларда: минералды немесе таяз тыңайған шым тезекте салынған каналдарда; нығыздалып жатып қалған минералды бөлшектерден пайда болған экскаватордың динамикалық қозғалысына шыдайтын тасындыларда; табанының енi экскаватордың жүру енiнен кем емес каналдарда; каналда су жоқ немесе оның деңгейi экскаватордың канал табанымен қозғалуына кедергi жасамайтын кезде қолданылады. Бұл схема бойынша жөндеуге жұмыс жабдығы дреглайнды немесе каналдың құйылысы жағынан арна табанымен төменнен жоғары қарай қозғалатын және қиманы бiр өткенде толығымен өңдейтiн экскаваторлар керек.

            Iрi каналдарды, бас тұндырғыштарды, су қабылдағыштарды және өзендердi топырақты су астында өңдейтiн, мелиоративтi жер соратын снарядтармен тазартуға болады. Топырақты өңдеу тәсілдерi (папильонажды, бегермейстрлi, желкуiштi, траншеялы) тазарту жұмыстарының орындалу жағдайларына байланысты.

            Тереңдiгi 1,6-2,3 м және жоғарғы енi 3,6-5,7 м, орман жолақтары отырғызылмаған каналдарды жұмыс органы көп   шөмішті каналтазартқыштармен тазартуға болады. Олар, екi технологиялық схемамен жұмыс iстей алады: жаға және ерлi.

            Жаға схемасы бойынша жұмыс жасағанда каналтазартқыштың екi шынжыр табаны (негiзгiсi және қосалқы) каналдың бiр жағында орналасады. Мұндай схеманы каналдың жоғарғы енi 5 м көбірек, машинаның жұмыс кезiндегi қозғалысына кедергi жасайтын гидротехникалық ғимараттардың саны көп   болғанда қолданылады.

            Ерлi схемасы бойынша жұмыс жасағанда каналтазартқыштың екi шынжыр табаны каналдың екi жағында орналасады. Бұндай схеманы гидротехникалық ғимараттары жоқ жоғарғы енi 5 м дейiнгi каналдарда пайдаланады.

            Тереңдiгi 0,4-1,2 м және табанының енi 0,4-0,6 м, орман жолақтары отырғызылмаған шаруашылықтың iшiндегi бөлгіш каналдарды түрендi аспалы каналқазғыштармен МК-16 тазартуға болады. Тазартуды каналдың басынан бастайды және бiр рет өткенде орындайды. Каналқазғышты екi-үш трактор буксирге алады.

            Орман жолақтары отырғызылған шаруашылықтың iшiндегi бөлгіш каналдарды, тiк тазартқыштармен тазарту орынды. Жұмыс кезiнде олар каналдың табанымен қозғалады.

            Құрғататын каналдарды жұмыс органы роторлы каналтазартқыштармен тазартады: тереңдiгi 2 м дейiнгi каналдарды каналтазартқыш МР-14, ал тереңдiгi 3 м дейiнгi каналтазартқыш МР-16. Канал табанын бiр немесе бiрнеше рет өтуi арқылы тазартады. Тасындылар каналдың қарама-қарсы жағына лақтырушымен лақтырылады.

            Сонымен қатар каналдарды тазарту үшін цептi сүйреткiштер, цептi және рамалы пышақтар пайдаланылады.

Қапталған каналдарды роторлы каналтазартқыштар және жер соратын қондырғылармен тазартады. Роторлы каналтазартқыштар каналдағы судың тереңдiгi 10-15 см жұмыс iстейдi. Олар жұмыс iстегенде тасындылардан, қалыңдығы 4 см дейiн қорғайтын қабат қалуы керек. Жер соратын қондырғылар жағадағы және қалқымалы көп  iр түрінде болуы мүмкін; жағадағысы және қалқымалы көп  iр түрінде болуы мүмкін; жағадағысы каналдың бермасы арқылы ауысады, қалқымалы көп  iр - каналдың iшiндегi суменен. Тасындылар пульпалар түрінде каналдың жағасына лақтырылады. Пульпалардың лақтырылу қашықтығы 15-20 м. Тасындылардың 85-90 %-на дейiн шығарылады. Механикаландырылмаған тәсілмен салыстырғанда тазартуға кететiн қаржы 8-10 есе төмен.

Науалы тiзбек екi этапта тазартылады: резинамен қапталған, экскаваторлармен алдын ала тазарт улар орындалады. Екiншiде - ақырғы тазарту қолмен немесе астаулы тiзбекпен су жiберу арқылы.

Сондай-ақ, науаларды Бүкілодақтық Гидротехника және Мелиорация ғылыми Зерттеу Институты (БГжәне МҒЗИ) ұсынған қысылған ауа тәсілiмен тазартуға болады, бұл тәсіл науалардағы құрғақ қопсытылған тасындыларды Өте сапалы тазартуға мүмкіндiк жасайды. Бiрақ бұл тәсіл қымбат тұрады және қызметкерлер ауыр санитарлық жағдайда жұмыс жасауына тура келедi.

Каналдардың еңістіктері мен табанын бекiту. Оларды әр түрлі тәсілдермен: көп   жылғы шөптердi егуден, жаппай шымдаудан, бетон плитасымен қаптаудан, өсiмдiк топырағынан, полиер пленкасынан, битумдар эмульсиясынан және басқа пленка пайда болатын материалдардан жасалған қорғаулы пленкалардан болатын деформацияны ескерту үшін жүргізедi.

Құрғату аймағындағы көбірек таралған тәсіл - көп   жылғы шөптердi егу. Кейде оны суару аймағында да пайдаланады. Көп жылғы шөптердi МК-14 А-1 су сеялкасымен себедi, көп   жылғы шөптердiң тұқымын, минералды тыңайтқыштарды, ал керек жағдайда пленка жасайтын материалдардың үнтағын сумен мүқият араластырып канал еңістіктеріне тастайды. әнтақтарды сумен себу бастырылмаған еңiстердi бекiту үшін қолданылады. әнтақталған материал ретiнде ағаш опилкаларын, ұсақ шабылған сабандарды және торфтардың қабыршақтарын пайдаланады.

Сеялка шөптердiң қоспасын тереңдiгi 5 м дейiнгi құрғататын каналдардың еңістігінiң қай көлбеулiгi болмасын себуi мүмкін. Сумен себудi ауада жауын-шашынның жоқ кезiнде және желдiң жылдамдығы 2-3 м/с көп   емес жағдайда жүргізедi.

Мелиоративтiк каналдарға арам шөп өсiмдiктерiмен күрес. Механикалық, химиялық, биологиялық және термиялық тәсілдермен жүргізедi.

Механикалық тәсілде өсiмдiктер косилкалармен немесе қолдап орылады.

Сегмент пiшiндi кесушi аппараты бар косилка ККД-1,5 тереңдiгi 3 м (сонымен бiрге су толған) және бөгеттерiнiң еңістігінiң тiктiгi 450 дейiнгi каналдардың бермалары мен еңістіктеріндегi шөптердi және майда бүталы өсiмдiктердi шауып және шығарып тастауға арналған. Жұмыс органының ауқымының енi 1,5 м.

Жұмыс органы ротациялы косилка РР-26 тереңдiгi және бөгетi 1,5 м дейiнгi каналдардың еңістігін шабады. Жұмыс органының ауқымының енi 2,1 м.

Косилка РР-42 тереңдiгi 2 м дейiнгi каналдардың еңістігін шабу үшін қолданылады. Жұмыс органының ауқымының енi 2 м.

Бiрiншi шабу, өсiмдiктердi көбірек тиiмдi жою мақсатында гүлдеген кезеңiнде жүргізедi, екiншiсi - күзде. Бұл тәсіл экологиялық таза және пайдалану ұйымдарында көбірек таралған.

Өсiмдiктермен күресудiң химиялық тәсілi гербицидтермен бүрку, жергiлiктi химиялық өндiрiстердiң және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарымен өңдеумен тұжырымдалады. Гербицдтермен жұмыс iстегенде техника қауiпсiздiгi ережесiн сақтау керек, оларды дұрыс сақтау, сонымен қатар жеке қауiпсiздiктi. Гербицидтердiң таңдап және жаппай әсер ететiнi болады. Бiрiншiсi, бiр биологиялық топтағы арам шөп өсiмдiктерiне әсер етедi, екiншiсi - биологиялық топтардың барлығына.

Өсiмдiктермен биологиялық тәсілмен күресу каналдарды ағаш отырғызу арқылы көлеңкелеуден, көп   жылдық жем-шөптермен каналдарды себуден, өсiмдiктер мен қоректенетiн балықтарды пайдаланудан тұрады.

Ағаш отырғызу арқылы каналдарды көлеңкелегенде жақсы көлеңке жасайтын (бәйтерек және түркiстан терегi, жылауық тал, қылқан жапырақты тал) түрлерi пайдаланылады.

Бөгеттi және каналдардың құрғақ еңістіктеріне көп   жылдық жем-шөптердi себу арам шөп өсiмдiктерiне қысым көрсетедi, сонымен қатар еңiстердiң деформациясын болдырмайды және каналдарды күтіп-баптауға арналған пайдалану жұмыстарын механикаландыруды қамтамасыз етедi. Арам шөптермен бiрге малдарды қоректендiру үшін пайдаланылатын жем-шөптердi өсiредi.

Өсiмдiктермен қоректенетiн балықтар (ақ амур, кәдімгi және шұбар дөңмаңдайлар) Орта Азияның суармалы жүйелерiнде арам шөп өсiмдiктерiмен күресуде қолданылады.

Биологиялық тәсіл экологиялық таза және жоғары экономикалық пайда бередi.

Термиялық тәсіл арам шөп өсiмдiктерiн жою оларды ашық түрде Қртеуге негiзделген. Бұл әдiс өртке қауiптi, экономикалық жеткiлiксiз және оны қолдану шектелген.

Кәріздердi тазарту. Механикалық және гидравликалық тәсілдермен жүзеге асырылады.

Гидравликалық тәсілмен тазартудың екi түрі бар: кәріз арқылы шланга тартпайтын және тартатын.

Шланга тартпай кәріздi гидравликалық тазартуда шлангалардағы шөгіндiлердi шаюға және шығарып тастауға жеткiлiктi 1-2 м/с және одан   да көбірек судың жылдамдығын жасайды. Кәріздерге суды 0,05-0,1 мПа дейiн қысым толтырады.

Шланга тартып кәріздердi гидравликалық тазартуда кәрізге солқылдақ шланганы кiргiзедi - басның үшында қарсы алдында және сырт жағында тесiгi бар су жүргізгiш (канал). Басына қысыммен берiлген су, қарсы алдындағы тесiктен үлкен жылдамдықпен шыққан су тасындыларды шаяды, ал сыртқы тесiктен шыққан су бастың шлангамен бiрге кәріздiң iшiнде iлгерi қозғалуына мүмкіндiк туғызатын реактивтi күш жасайды. Арынды шланганың кәрізге енгiзiлуi кәріздi тазартудың сенiмдiлiгiн және құбырдың шайылуын бақылауды қамтамасыз етедi.

Кәріздi тазару үшін суармалы аймақта ПДТ-125А, ал құрғататын аймақта Д-910А кәріз шаятын машиналарды қолданады.

Механикалық тазарту тәсілiнде кәрізге ұзындығы 10-250 м және диаметрi 8-32 мм, тез жал кәрізге ұзындығы 10-250 м және диаметрi 8-32 мм, тез жалғасатын солқылдақ стерженьдердi енгiзедi, айналдыру қолдап немесе электр (немесе механикалық) жетектiң көмегімен келтiрiледi. Сонымен, қопсытылған тасындылар кәрізден судың шапшаң ағысы арқылы әкетiледi.

Гидротехникалық ғимараттарды, қапталған каналдарды және науаларды жөндеу. Арнайы жөндейтiн агрегаттардың АРС-2Б, РР-11, АУГ-1 және АУГ-2 көмегімен жүргізедi. Бұл агрегаттар әсiресе орталықтандырылған немесе жергiлiктi электр қуаты жоқ жерлерге керек.

Каналдардағы гидротехникалық ғимараттарды жөндеу үшін агрегат АРС-2Б жер, бетон, монтаждау, дәнекерлеу және красклейтiн жұмыстарын қолданылады. Оны, топырақты және бетонды нығыздауға, бетон қоймалжыңын дайындауға, дәнекерлеуге, котлованнан суды әкетуге, қысқы жағдайда топырақты және бетонды тоқпен қыздыруға, жұмыс ауданын жарықтандыруға, ғимараттардың немесе қапталған каналдың жарамсыз бөліктерін бұзылуға пайдаланады. Бiр агрегат маусымда ауданы 10 мың га дейiн суармалы жүйелердегi жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етуi мүмкін.

Агрегат РР-11 металлдан және бетоннан жасалған конструкцияларды жөндеуге, моторлы инструменттермен қолдап оруға арналған.

Гидротехникалық ғимараттарға күтім жасау үшін, яғни кәріздiң қүярлықты шаю, еңiстi бекiткен жерлерiн жөндеу, краскiлеу-әәктеу жұмыстарын, шлюздi реттегiштердiң қақпақтарын басқару үшін АУГ-1 және АУГ-2 агрегаттарын пайдаланады.

 

8 Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану бойынша жобалау

 

 

            Жаңадан соғылатын және қайта құрылатын нысаналардың жобаларында техникалық сауатты, ғылыми тұрғыда негiзделген гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалануды ұйымдастыру үшін «Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану» деген арнайы бөлім қарастырылған.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану жобасының бөлімi бөлек кiтап болып дайындалады және пайдалану ұйымдарына берiледi. Бұл бөлімде пайдалану нысаналарының техникалық-экономикалық сипаттамасы, суармалы және құрғататын жердiң мелиоративтiк режимiн басқару, пайдалану жұмыстарының құрамы және көлемi, суды есептеу құралдары және жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылау, пайдалану жабдықтары, жөндеу-пайдалану жұмыстарын механикаландыратын құралдар және тасымалдар, өндірістік базада пайдалану қызметi, ғылыми-өндірістік зерттеулер, жыл сайынғы пайдалану шығындары және басқалар жасалынады.

            «Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану» бөлімiн жасағанда жер мен судың негiзгi заңдылықтарына, табиғатты қоржасағанда жер мен судың негiзгi заңдылықтарына, табиғатты қорғау заңдылықтарына, нормативтi құжаттарға қойылатын талаптарды сақтау қажет.

 

8.1 Пайдалану нысанасының технико-экономикалық сипаты

 

            Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi территорияны ұйымдастыру сүрақтарын қарасытрады, тiзбекке және ғимараттарға қысқаша техникалық сипаттама бередi, гидромелиоративтiк жүйелердiң су көздерiмен және су қабылдағыштармен, сонымен қатар су тұтынушылармен немесе жердi пайдаланушылармен (жер иелерiмен) байланысын орнатады, негiзгi пайдалану нысанасыiн, олардың жабдықтарын және теңдiк бағасын көрсетедi.

            Шаруашылық аралық территорияны ұйымдастыруды жазғанда жүйенiң ауданын (валовый, брутто, нетто), облыстағы, аудандағы қызмет ететiн жүйелердiң санын, шаруашылықтарды және олардың әрқайсысындағы мелиорацияланған жердiң ауданын көрсетедi. Гидромелиоративтiк жүйелердiң схемасында барлық шаруашылықтардың, аудандардың және облыстың шекаралары көрсетiледi.

            Шаруашылықтың iшiндегi территорияны ұйымдастыруды жазғанда, оның негiзiне қандай Өндірістік бөлімдер тиiстi (бөлімше, өндірістік алқап, бригада, звено және т.с.с) көрсетiледi. ´ндiрiстiк және ауыспалы егiстiң алқаптарының, бригаданың учаскелерiнiң, танаптардың орташа аудандары, қабылданған ауыспалы егiстiң схемасы, олардың орналасуы көрсетiледi. Далалық бөлімшелердiң орталық мекенмен байланысы, ал соңғысының - ауданның және облыстың орталығымен (жолдың класстары, олардың ұзындықтары) көрсетiледi.

            Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбектiң және ғимараттардың техникалық сипаттамасында бұл элементтердiң негiзгi көрсеткіштерiн қысқаша бередi. Тiзбектердiң түрін (каналдар, науалар, құбырлар) каналдардың атауларын, қапталғандағы және оның түрі, қызмет ететiн ауданы, пайдалы әсер коэффициентi, бекiтiлген ауданы, түйіндердiң саны, ауданы, түйіндердiң саны, ғимараттар және сорап бекеттері, сорап бекеттеріндағы судың шығындары, автоматика және бейне механика құралдарының болуы, су өлшейтiн бекеттердiң саны және түрлерi, суару техникасы, техникалық жағдайы көрсетiледi.     

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң су көздерiмен және су қабылдағыштармен, су тұтынушылармен (жердi пайдаланушылармен) байланысын жазғанда негiзгi алқаптардегi немесе аудандардағы суаратын көздердi (көздi), су алатын ғимараттың орналасқан жерi, алқаптардiң жерiн iрi коллекторларға бекiтiлуi, негiзгi су қабылда жерi, алқаптардiң жерiн iрi коллекторларға бекiтiлуi, негiзгi су қабылдағыш iрi-iрi (магистралды) коллекторлар, су пайдаланушыларды (жердi пайдаланушыларды немесе жер иелерiн) шаруашылық аралық каналдарға және коллекторларға бекiтулерi көрсетiледi.

            Негiзгi пайдалану нысаналарын жазғанда олардың жабдықтары және теңдiк бағасы көрсетiледi. Негiзгi қаржының теңдiк бағасы (алғашқы, қалпына келтiретiн немесе инвентарлы) оларды тұрғызуға немесе алуға бөлінетiн шығындардың қосындысынан тұрады, бұның iшiнде әкелуге және қондыруға кететiн шығындарда бар. Шаруашылықтың iшiндегi нысаналардың теңдiк бағасына сонымен қатар (бөлек пунктен) күрделі  жоспарлауға бөлінетiн күрделі қаржы да кiредi.

            Егер де, гидрмелиоративтiк жүйе бiрнеше ауданға қызмет ететiн болса, онда теңдiк бағаны әдетте әр аудан бойынша бөлек көрсетедi.

 

8.2 Суармалы немесе құрғататын жердiң мелиоративтiк режимiн басқару

 

            Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы суару режимiн (ылғалдану) пайдаланылатын су тұтынуды, су көздерiнiң суару қабiлетiн, суару тәсілдерi мен техникасын, тiзбектiң және ғимараттардың, сорап бекеттерінің, суару және жаңбырлатқыш машиналардың жұмыс режимiн, шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспарын жасайтын ұсыныстарды және суды жүйелерге бөлудiң жоспарын (немесе мелиорацияланатын жердiң су режимiн реттеудiң жоспары) қарастырылады.

            Ауыл шаруашылығы дақылдарының пайдаланатын суару режимiн сипатты жылдар үшін белгiлi қамтамасыздықпен және суармалы танаптардың әр түрлі топырақ және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты диффренециялды анықталады. Сипатты жылдар ретiнде әдетте 95, 75, 50, 25 және 5%-ды өсiп-өну кезеңiндегi булану тапшылығы (булану алу жауын-шашын) бойынша қамтамасызды жылдар қабылданады.

            Пайдаланылатын суару режимi негiзiнде әр танаптың топырақ және гидрогеологиялық жағдайын, дақылдардың агротехникалық және сорттық ерекшелiктерiн, шаруашылықтың мүмкіншiлiктерiн және шаруашылыққа берiлетiн судың лимитiн ескере отырып барлық сипатты жылдар үшін шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары жасалады.

            Шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары және шаруашылыққа бөлетін нүктелерге алынатын судың режимдерi негiзiнде шаруашылық аралық суды бөлу жоспары жасалады және шаруашылық аралық суармалы тiзбектiң жұмыс режимiн және лимиттi ескере отырып жүйеге алынатын судың режимiн анықтайды.

            Пайдаланылатын сурау режимдерiн және каналдардағы судың шығындарын жобадағымен салыстырады, суаратын суды үнемдеу, алмағайып кезеңдерде ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен үздiксiз қамтамасыз ету үшін iс-шаралар белгiлейдi. Ондай iс-шаралар: ылғалды жылдары жне топырақты жасанды ылғалмен күзде, я қыста суару немесе жоғары нормамен вегетациялық суарудың есебiнен, құрғақ жылдары және кейбiр ең бағалы дақылдарды таңдап суару кезеңiнде болуы мүмкін. Кейбiр жүйелерде ылғалды жылдары суды, жоспарлы су беру режимiне сәйкес, су қоймаларына бередi, ал құрғақ жылдары олардан алады. Басқа жүйелерде суды магистрал каналы арқылы тұрақты шығынмен әрқашанда бередi және қызуы азырақ мезгiлде (көктем  , күз) оның бөлігін су қоймаларын толтыру үшін пайдаланады. Ең қызған жазғы мезгiлде суды су қоймаларынан алып және жоғары шығынмен бередi.

            Жүйеге алынатын судың режимдерi негiзiнде суармалы жүйелердiң су тұтынуын анықтайды, яғни бiр жылда су көзiнен (көздерiнен) алынатын судың көлемi. Суды тұтыну әдетте жүйелердi толық пайдалану кезеңiмен және бөлек аудандар үшін анықтайды.

            Бұл бөлімде суару тәсілдерi мен суару техникасын негiздеуге, суару техникасының элементтерiнiң негiзгi параметрлерiн (жүйектердiң ұзындығы, шапшып шығатын судың шығындары, жаңбырдың қарқындылығы және т.б.) оптимизациялауға көбірек көңіл бөлінген. Булану тапшылығы 500 мм көбірек жағдайда, ережеге сай, жердiң бетiмен суару тәсілi қолданылады, ал оның азғантай мәнінде - жаңбырлатып суару. Күрделі табиғи жағдайларда су ресурстарының тапшылығына байланысты прогрессивтi суару тәсілдерi пайдаланылады (тамшылатып, топырақтың iшiмен, аэрозольдi). Таңдалып алынған суару техникасына техникалық сипаттама берiледi. Суару технологиясын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі (суармалы танаптарды суару кезегi, суару ұзақтығы, суару нормасы және басқалар).

            Суару тәсілдерi және суару техникасы берiлген нормалармен суаруды және берiлген мерзiмде, ресурстарды тиiмдi пайдалануды (су, жер, энергетикалық), топырақтардың эрозиясы болдырмауды қамтамасыз ету керек, суаруда еңбектiң жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету суаратын және жаңбырлататын машиналардың жұмыс режимiн мiндеттi түрде барлық сипатты жылдардағы және кезеңдердегi (вегетациялық, вегетациялық емес) суармалы тiзбектiң және сорап бекеттерінің жұмыс режимiн үйлестiредi.

            Суды бөлу және әкету үрдістерiн автоматтандырудың және телемеханикаландырудың жалпы схемасын жасайды. Суды бөлу үрдісiн реттейтiн және жүйеге диспетчерлiк қызмет ету схемаларын таңдайды.

            Суаруды, суландыратын және әкететiн суды, жердiң мелиоративтiк жағдайын, топырақтың ылғалдылығын бақылауға арналған ұсыныстарды жасайды.

            Пайдалану қызметкерлерiне су теңдiгiн жасауға керектi жауын-шашынның, температураның, ауаның және топырақтың ылғалдылығын, топырақ суларының деңгейiн және басқа параметрлердi алатын көздердi көрсетедi. Пайдаланған ұсыныстардың тiзiмi келтiредi.

 

8.3 Пайдалану жұмыстарының құрамы және көлемi

 

            Пайдалану жұмыстарының құрамы мен көлемiн (техникалық қызмет ету, жеңiл-желпi және күрделі жөндеулер, каналдар мен коллекторларды тазартуда, өзен арнасында қорғау-реттеу және басқалар) әрбiр пайдалану нысанасыi бойынша анықтайды.

            Жеңiл-желпi және күрделі жөндеу жұмыстарының көлемдерiн (шығындарын) аймақтағы пайдаланушы ұйымдарының және шаруашылықтардың тәжіребесi негiзiнде қабылдайды. Шамамен оларды жеңiл-желпi және күрделі жөндеулердiң нормаларына байланысты негiзгi қаржының бағасынан пайыз (%) арқылы анықтауға болады.

            Жыл сайынғы каналдарды тасындылардан тазарту көлемдерi каналдардың ұзындықтарына, шөгіндiлердiң мүмкін болатын бiрлiк көлемiне және мезгiл-мезгiл тазартуларға, орылу параметрiне және бiр жылдағы орылу санына (нысанның табиғат-климаттық жағдайына байланысты), суармалы жердiң бетiн тегiстеу жұмыстарының көлемiне - жердiң бетiмен суарылатын ауданға және қолданылатын техникалардың өту санына, жабық коллекторлар мен кәріздердi гидравликалық шаю жұмыстарының көлемiне - олардың ұзындықтарына және мезгiл-мезгiл шайылуына байланысты.

            Жұмыстардың көлемдерi және шығындары екi кезеңге есептелiнедi: бастапқы (5-10 жыл) және қалыпты пайдалану. Алғашқы кезеңдегi жыл сайынғы шығындар, қалыпты пайдалану кезеңiндегi шығындарға қарағанда 3-4 есе көп  .

            Пайдалану жұмыстарының орындалуына жобалау графиктерi мен технологиялық схемалар жасалынады.

            Өндiрiстiк апат жұмыстары және iрi ғимараттардан тасқынды жiберу және гидромелиоративтiк жүйелердегi қауiптi учаскелер үшін, қазiргi нормативтерге сәйкес артық материалдар, жабдықтар және инструменттер қарастырылады.

 

8.4 Техникалық пайдалануды ұйымдастыру

 

            Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi тiзбектер мен ғимараттарды пайдалануды ұйымдастыру схемасы қарастырылады.

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң: каналдардың, iрi гидротехникалық ғимараттардың, сорап бекеттерінің, көлбеу және тiк кәріздер жүйелерiнiң және басқалардың және оның элементтерiнiң негiзгi техникалық жағдайлары және жұмыс iстеу көрсеткіштерiнiң тиiмдiлiгi берiледi.

            Жылдың әр мезгiлiндегi жүйелердiң жұмысының жағдайы көрсетiледi. Каналдарды, бөгеттердi, ғимараттарды, суару техникаларын, кәріздердi, сорапты - күш беретiн жне энергетикалық жабдықтарды, тоқ беретiн желiлердi және байланыстарды, суаттарды, жолдар тiзбегiн, орман жолақтарын және басқа негiзгi қорларды жұмысқа жарамды жағдайда ұстап тұруға арналған ережелердi тағайындайды.

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң тасқынды және сельдi өткiзуге, суаруды жүргізуге және кәріздi және ақаба суларды әкетуге, қысқы мезгiлге дайындықтарын қарастырады.

            Тiзбектердегi және ғимараттардағы жөндеу-пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды қарастырады, осы жұмыстарды орындаушыларды тағайындайды. Табиғатты қорғау шараларын дайындайды. Техника қауiпсiздiгi сүрақтарын қарастырады.

 

 

8.5 Судың есебiн және жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылайтын құралдар. Пайдалану жағдайы

 

            Гидромелиоративтiк жүйелерде республиканың, облыстың, ауданның, шаруашылықтың, учаскенiң территорияларына берiлген, сонымен қатар су қабылдағышқа әкетiлетiн кәріздердiң және ақаба сулардың есебi бөлек қарастырылады. Судың есебi: коммерциялық (бақылаушы) және технологиялық болып екi түрге бөлінедi.

            Коммерциялық судың есебi республиканың, облыстың, ауданның, шаруашылықтың территорияларына су бөлетін нүктелерде, сонымен қатар кәріздiң, ақаба және артық суларды тастайтын нүктелерде ұйымдасады.

            Технологиялық судың есебi шаруашылық аралық бөлгіш каналдарға, ауыспалы егiс учаскесiне, танаптарға су бөлетін нүктелерде, ал жабық тiзбекте қосымша - сорап бекеттерінда, учаскелерге (бөлетін) және танаптарға (суаратын) су беретiн құбырлардың басында, жаңбырлатқыш (суаратын) машиналар мен қондырғыларда, су алатын ұңғымаларда және тiк кәріздi ұңғымаларда ұйымдасады. Егер де жаңбырлатқыш машиналар жеке шығын өлшегiштермен жабдықталса, онда оларды қосатын суаратын құбырларға су өлшейтiн құрал қондырылмайды.

            Су бөлетін нүктелердегi шығынды және көлемдi өлшеу дәлдiгi +5%, ал тастайтын нүктелерде +10%.

            Коммерциялық су есептейтiн құралдар стационарлы, технологиялық-стационарлы немесе тасымалды болулары керек. Соңғысын екi жағдайда қолдануға болады: вегетацияда жұмыс iстеу ұзақтығы 20%-дан көп   емес мезгiл-мезгiл жұмыс iстейтiн нысаналарда, бiр жыл iшiнде тұрақты су шығынымен жұмыс iстейтiн нысаналарда (шығынның өзгеруi 10%-дан көп   емес). Табиғи ашық арналардың учаскелерiне орналастырылған су есептейтiн құралдар бьефтiң төменгi жағынан тежелетiн-өзгеретiн ағын режимiнiң әсер ететiн жатпауы керек, ал құбырдың түзу учаскесiнде орналасқан су есептейтiн құралдар шығын өлшейтiн датчиктiң алдындағы ұзындық приборлар мен жабдықтарды гидравликалық соққыдан қорғау үшін жеткiлiктi болуы керек.

            Суды есептейтiн құралдар сериялы, метрологиялық аттестациядан өткен болуы керек. Су есептейтiн құралдарды бөліктеу (градустау) және метрологиялық аттестациядан өткiзу үшін каналдарда немесе құбырларда үлгiлi өлшегiш құралдармен өлшейтiн учаскелер (тұрақты немесе уақытша) жабдықталады.

            Жердiң гидромелиоративтiк жағдайын бақылау үшін режимдi ұңғымалар тiзбегi, топырақ-тұздың немесе су-тереңдiгiнiң стационары, өндірістік зерттеулер зертханалары қарастырылады.

            Режимдi ұңғымаларды көбінесе жақтауларға орналастырады. Суармалы жердегi ұңғымаларда орналастыру тығыздығы суармалы территорияның табиғи құрғату дәрежесiне, ал құрғататын жерде - қоректi судың түріне байланысты.

            Топырақты тұздың стационарлары суармалы жерде бiр стационар 150-200 мың га есеппен құрылады. Оларды негiзгi гидромодульдi аудандардағы типтiк ауыспалы егiстiктерге орналастырады. Стационарлар режимдi ұңғымалар тiзбегiмен (25-50), су өлшейтiн бекеттермен және 9-12 лизиметрлерi бар су-теңдiгiнiң алаңымен жабдықталады.

            Су-теңдiгiнiң стационары құрғататын жерде 150-300 мың га бiр стационар бар. Оларды судың қоректiк түріне, гидрологиялық және топырақ жағдайларына, реттейтiн тiзбектiң конструкцияларына байланысты типтiк қызмет ететiн алқаптардегi ауыл шаруашылығында пайдаланып жүрген құрғататын жүйелердiң жерiне орналастырады. Стационар режимдi ұңғымалар тiзбегiмен (9-20), су өлшейтiн бекеттермен және 6-9 лизиметрлерi бар су-теңдiгi алаңымен жабдықталады.

            ´ндiрiстiк зерттеулер зертханасы топырақтың ылғалдылығын және химиялық құрамын, судың химиялық анализiн анықтауға арналған приборлар мен жабдықтармен жабдықталады.

            Магистральдi, бөлгіш, ақаба суды тастайтын, қоршалған каналдарда, коллекторларда, бөгеттерде, жолдарда әр 200 м шақырым бағандары мен пикет таңбалары орнатылады. Қапталған каналдарға бағандар мен таңбалар орнатылмайды, ал керектi мәліметтердi тiке қапталғанға жазады.

            Суармалы каналдардың сағаларына және құрғататын каналдардың қүярлықтарына, жолдардың қиылысқан жерiне және тармақтарына, ғимараттарға сiлтегiш таңбалар орнатылады. Жабық құбырларда және коллекторларға сiлтеушi таңбалар әдетте танаптың жақын орналасқан шекарасына орнатылады.

            Ескертетiн таңбалар каналдарды немесе ғимараттарды пайдалануға болатындығын, болмайтындығын немесе шектелгендiгiн көрсетедi және оларды жолдың бойына, қиылысқан жерiне және көп  iрлердiң жанындағы топырақтарға, өткелдерге, елдi-мекеннiң жанына және далалық қостарға орналастырады.

            Пайдалану жолдарындағы магистрал каналдардың жиегiндегi жол таңбаларының және сiлтегiштердiң формалары мен өлшемдері ГОСТ-қа сәйкес болуы керек.

            Өткiзу қабiлетi 10 м3/с көп iрi гидротехникалық ғимараттарда, магистрал және бөлгіш каналдардың (құбырлар) жиектерiнде, ақаба суды тастайтын каналдарда және коллекторларда, қоршалған каналдарда, бөгеттерде және жолдарда тұрақты геодезиялық размерлер орнатылады, олардың бекiту ұзындықтары 2 шақырымнан аспауы керек.

 

8.6 Жөндеу-пайдалану жұмыстарын механикаландыру құралдары және тасымалдар

 

            Жөндеу-пайдалану жұмыстарын механикаландыру құралдарын (машиналар және механизмдер) осы жұмыстардың технологиясына және көлемдерiне сәйкес қазiргi «Ауылшаруашылық өндiрiсi кешендi механизациялауға арналған машиналар жүйесі» бойынша таңдайды.

            Арнайы техникалармен бiрге (каналтазартқыштар, орақтар, шым жуатын машиналар және басқалар) жалпы құрылысқа арналған машиналар да пайдаланады (экскаваторлар, бульдозерлер, скреперлер, грейдерлер және басқалар).

            Машиналар мен механизмдердiң керектi санын, пайдаланушы ұйымдар өз күштерiмен орындайтын жыл сайынғы жөндеу-пайдалану жұмыстарының көлемдерiне және әр машинаның жылдық өнiмдiлiгiне байланысты анықтайды.

            Тасымалдау құралдарының түрі мен саны тасылатын жүктiң түріне, жүрiп тұрған автомобильдер мен автоприцептердiң тiзiмiне, орта ара қашықтыққа және тасылатын жүктiң көлемiне, тасымалдайтын құралдардың жылдық өнiмдiлiктерiне байланысты.

            Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын бақылау үшін пайдалану қызметкерлерi мотоциклдермен, мопедтермен және велосипедтермен қамтамасыз етiледi.

 

 

8.7 Өндiрiстiк база, пәтер үй. Пайдалану қызметi

 

            Өндiрiстiк базаның құрамына өндірістік зерттеулер зертханасы мен әкiмгершiлiк үйi, жөндеу шеберханалары, қоймалық бөлмелер, гараждар, баспалар, алаңдар және т.с.с.

            Жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін, топырақтағы тұздың құрамын және ылғалын, суармалы және коллекторлы-кәріздi сулардың минерализациясын анықтау, 1000 га мелиорацияланатын жерге ұсынылған шартты. Химиялық анализдерге байланысты зертхананың қуаттылығы суармалы жерде 50-100 анализ және құрғататын жерде 10-25.

            Жөндеу-механикалық шеберханалары қуаттылығы техникалық қызмет етудi керек қылатын және жергiлiктi орындарда және даярлаушы зауыттарда жұмыстың жиiрек орындалуын ескере отырып, құрылыс-мелиоративтiк техникалар мен автокөлiк қондырғыларының есептi жөндеу санына байланысты анықталады.

            Қоймалық бөлмелердiң қуаттылығы оларға жүктелген мiндеттердi ескере отырып орындалатын жұмыстың көлемiне байланысты. Жанар-жағар материалдарда сақтауға арналған ыдыстың көлемiн он күндiк үнемдi ескере отырып есептейдi.

            Тұрғын үйдiң және балалар мекемелерiнiң көлемi күшi бар СНиП талабына жауап беруi керек. Ауылдық жердегi тұрғын үйлерде жер учаскелерi және қора-қопсы құрылыстары қарастырылады.

            Өндiрiстiк және тұрғын-үй, ереже бойынша, гидромелиоративтiк жүйелердiң iшiндегi немесе жанындағы елдi-мекенде орналасады.

            Пайдалану қызметiнiң нысаналарының сәулеттi-жоспарлау шешiмi күшi бар СНиП талаптарына сай болуы керек.

            Пайдалану қызметiнiң нысаналарын жобалағанда күшi бар су шаруашылығын пайдалану ұйымдарының өндірістік базасының типтiк техникалық шешiмдерiн пайдаланады.

            Жүйенi басқарудың тәсілi мен ұйымдастыру принциптерiн жасайды, пайдалану қызметiнiң құрылымы мен штабын белгiлейдi.

            Пайдалану қызметiнiң құрылымы пайдалану ұйымдарына қажеттi барлық функцияларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуi керек. Ол, гидромелиоративтiк жүйенi қандай топқа жатқызуына, жүйелердi автоматты басқаруына (АСУ) және басқа факторларға байланысты.

            Пайдалану басқармаларында негiзгi функционалдi және қосалқы бөлімдерге бөлінедi. Пайдалану учаскелерiнiң (бөлімдердiң) саны және олардың пайдалану қызметiнiң шекаралары, диспетчерлiк пункттiң саны және олардың орнласауы анықталады.

            Пайдалану қызметiнiң штаты күшi бар штатты нормативтке сәйкес болуға тиiстi, немесе оны суармалы немесе құрғататын жердiң келтiрiлген аудандарына, (топтар, жүйелер), механизмдерге, автоматика және телемеханика құралдарына және басқаларға байланысты пайдалану ұйымдарына және су пайдаланатын шаруашылықтарға (жер пайдаланушылар) бөлек анықтайды.

            Жүйе элементтерiне (каналдар, құбырлар, ғимараттар және т.с.с.) қызмет ету Үшін пайдаланушы қызметкерлерге қажеттiлiк нормаға сәйкес бiр жұмысшының жүктемесiне байланысты анықталады.

            Сорап бекетінда жұмыс жасайтын қызметкерлердiң саны станцияның жұмыс iстеу режимiне (ңқүлыптаң, станциядағы кезекшiлiк), оны беруге және су алудың күрделілiгiне байланысты штатты норматив бойынша анықталады, ал арнайы режимде жұмыс жасайтын (немесе күрделі гидротехникалық ғимараттың барлығына) жеке есептермен анықталады.

            Автоматика және телемеханика, диспетчерлiк қызмет және басқа құралдарға техникалық қызмет жасау үшін штат анықталады.

            Бiр жұмысшының жүктемесiн есепке ала отырып, суаруды жүргізу үшін суару машиналарына қажеттi машинисттердiң санын, жаңбырлатқыш машиналардың операторларын, сушыларды және басқа жұмысшыларды есептейдi.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiн жете зерттегенде бұрынғы пайдалану ұйымдарын, олардың бөлімшелерiн және өндірістік базаларын барынша пайдаланады.

            Ғылыми-өндірістік зерттеулердiң құрамын, оларды қаржыландыру көлемiн, мүмкіншiлiгi келетiн орындаушы ұйымдарды (ҒЗИ, ЖОО) анықтайды.

 

8.8 Жыл сайынғы пайдалану шығындары

 

            Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшкi жүйелерiнiң бөліктерінiң және бүкіл жүйелердiң (шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi мелиоративтiк шығындар) жыл сайынғы пайдалану шығындарын анықтайды.

            Жыл сайынғы гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану шығындарына келесi шығын статьялары кiредi: пайдалану қызметi штатын ұстау, электроэнергияның бағасы, техникалық қызмет ету және жеңiл-желпi жөндеу, күрделі жөндеулер, негiзгi қаржыны қалпына келтiретiн аммортизациялық жарна (реновация), басқа жалпы жүйелік шығындар.

            Штатты ұстау шығындары есептелген сомаға сәйкес пайдаланушы қызметкерлердiң жалақыларының қосындыларынан тұрады. Бұл жағдайда, жөндеу бөлімшелерi қызметкерлерiнiң жалақысы штатты ұстау шығындарына кiрмейдi.

            Электроэнергияның бағасы сорап бекеттері, су алатын және кәріздi ұңғымалар арқылы ауылшаруашылығы тұтынушыларына арналған күшi бар прейскурантқа байланысты анықталады. Өндiрiстiк үйлердi және ғимараттарды энергиямен қамтамасыз етуге арналған электроэнергияның бағасы жалпы жүйелік шығындарда қарастырылады.

            Жеңiл-желпi және күрделі жөндеулер шығындары жөндеудiң осы түріне керектi мөлшердегi шығынға негiзгi қаржының теңдiк бағасынан пайыз арқылы немесе аймақтағы пайдалану ұйымдарының және шаруашылықтардың тәжіребелерi арқылы анықталады.

            Негiзгi қаржыны қалпына келтiретiн аммортизациялық жарнаны аммортизациялық жарнаның мөлшеріне байланысты қабылдайды. Бұл жағдайда, шаруашылық аралық жүйелердегi негiзгi қаржыны қалпына келтiретiн аммортизациялық жарнаны тек қана пайдалану ұйымдарын қаржылау бюджеттен шаруашылық есепке ауыстырған жағдайда ескерiледi.

            Басқа жалпы жүйелік шығындарға: iс-сапар, пошто-телеграфты, канцелярлық, жылу және өндірістік үйлер мен ғимараттарды энергиямен қамтамасыз ету, тасымалдау құралдарын ұстау және жөндеу, жанар-жағар материалдардың бағасы, газеттер мен журналдарға жазылуға арналған шығындар, арнайы киiмдердi жне зертханалық материалдарды алуға жне басқалар кiредi. Бұл шығындар жалпы пайдалану шығындарының азғантай бөлігін құрайды. Мысалы, магистрал каналдарды пайдалануды өз бетiмен (дербес) ұйымдастыру үшін, оларды пайдалану шығындарының қосындысының 1% қабылдау ұсынылады.

            Өсiмдiк шаруашылығының өндiрген өнiмiнiң шығынын есептегенде жыл сайынғы суаруды жүргізуге және оларды дайындауға арналған шығындар да анықталады, бүған сушылардың және жаңбырлатқыш (суаратын) машиналардың машинисттерiнiң жалақысы, уақытша қарықтар тiзбегiн тiлу және тегiстеу бағалары, суармалы тiзбектi (жүйектердi, жолақтарды, атыздарды) тiлуге, жердi түзетуге жне эксплуатациялық тегiстеуге, аммортизациялық жарна және суару техникаларын жөндеуге керектi шығындар, жаңбырлатқыш (суаратын) машиналарға арналған жанар-жағар материалдарының бағалары кiредi. Бұл шығындар бөлек жолмен көрсетiледi және шаруашылықтың iшiндегi жүйелердiң бөліктерін пайдалану шығындарының қосындысына кiрмейдi.

 

8.9 Iске қосу кешенiн пайдалану. Күрделі ғимараттарды пайдалану

 

            Жобаларда жiберетiн кешендер бөлінген кезде гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану сүрақтары пайдалану кезеңiне байланысты, жiберетiн кешендердi қосуға сәйкес, жасалынады.

            Жiберетiн кешендер құрамында жiберушi кешендердi қалыпты пайдалануды қамтамасыз ететiн техникалық құралдарды пайдалану және басқару қарастырылады.

            Пайдаланудың әр кезеңiне ұйымдар мен олардың бөлімшелерi үшін пайдалану қызметiнiң құрылымы және олардың саны келтiрiледi, пайдалану ұйымдарының машиналар мен механизмдермен, тасымалдармен, жабдықтармен, апат жағдайында керектi артық материалдармен жабдықталуы анықталады, кәсіпорындардың және ғимараттардың өндірістік базаларын және сол сияқты тұрғызудың кезегiн қарастырады.

            Тапсырма берушiнiң талаптарына байланысты күрделі ғимараттар үшін оларды пайдалану ережесi жасалынады, ол ереже барлық қүштар ұйымдармен келiсiледi.

 

9 Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда табиғатты қорғау

 

            Қоршаған табиғи ортаны ластанудан және қорлардың сарқылуынан қорғау бiздiң уақытымыздағы күрделі мәселе болып табылады, оның iшiнде гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда да.

            Қазіргі уақытта жұмыс iстеп тұрған гидромелиоративтiк жүйелер оң нәтижелерi мен қатар өзiнiң күшінде орындалмауы және сапасының төмендiгi көп   жағдайда қоршаған табиғи ортаға жағымсыз серiн тигiзедi. Жағымсыз жағдайлар ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи үрдістердiң бұзылу салдарынан пайда болады, Әсiресе гидромелиоративтiк жүйелердi бiрiншi жылдары пайдаланғанда. Бұл құбылыстардың кейбiреулерi сөзсіз болатын құбылыстар, бiрақ табиғи үрдістердiң заңдылықтарын бiле отырып олардың көп  шiлiгiн болдырмауға болады. Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда табиғатты қорғау судың және химиялық заттардың биологиялық және геологиялық айналымын басқаруға негiзделуi керек.

            Гидромелиоративтiк жүйелерде негiзгi табиғатты қорғау нысанасыi су және жер қорлары, сонымен қатар өсiмдiк және жануарлар әлемi болады.

 

9.1 Су ресурстарын қорғау

 

            Су қорларын қорғау олардың сарқылуын, ластануын және бүлінуiн болдырмауға және кешендi пайдалануға арналған iс-шаралар жүйесі болып саналады. Әрекеттерiнiң барлығы судың жағдайына әсер ететiн кәсіпорындар мен ұйымдар суды қорғайтын iс -шараларды жүргізуге мiндеттi.

            Гидромелиоративтiк жүйелер әсер ететiн аймақтардағы су көздерiнiң таусылуының негiзгi себептерi суармалы жердiң ауданының дәлелсiз көбеюі, ылғал сүйгіш дақылдардың ауданының аса көтерiлуi, суармалы тiзбектегi және танаптардағы су ысырабының көбеюі, суару және суландыру мөлшерінiң аса көтерiлуi болып табылады.

            Жер бетiндегi су көздерiнiң ластануының негiзгi себептерi: оларға суармалы немесе құрғататын территориялардағы кәріздiң және ақаба суларды тастау, сонымен қатар төгінді суларды тастау (тұрмыстық, өндірістік, қалалық, жануарлардың). Кәріздiң суларында мелиорацияланатын жерге қолданылатын минералды тыңайтқыштардың және пестицидтердiң қалдықтары бар. Сондай-ақ, тұздалған жерлерде де топырақтан шайылған суда еритiн тұздар бар. Суармалы танаптардан тасталған ақаба суларда минералды және органикалық тыңайтқыштардан, пестицидтерден басқа да жер қыртысының эрозиясының және түскен өсiмдiктердiң өнiмдерi бар. Жыл сайын су көздерiне ластанған сулармен жүз мыңдаған тонна әр түрлі лас заттар тасталады, бұл қасапсыз экономикалық зиян келтiредi.

            Жер асты суларының ластануының негiзгi себептерi: тыңайтқыштардың, пестицидтердiң қалдықтары және ерiген тұздар бар суармалы судың тереңге кететiн сүзілуi.

            Алдан ала тазартылған төгінді сулар.

            Суаруға және ауылшаруашылығы жерiне пайдалануға арналған алдын ала тазартылған төгінді сулар мен тыңайтқыштар жер бетiндегi су көздердi және жер асты суларының ластануын төмендетедi, бiрақ жоймайды.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда суларды сарқылудан және ластанудан қорғайтын негiзгi iс-шаралар: суару және суландыру мөлшерлерiн азайту, табиғи жағдайларға сәйкес оларды дәлме-дәл дифференциялды пайдалану, суарылатын танаптарда және суармалы тiзбекте суарылатын судың ысырабын болдырмау, кәріздiң және ақаба суларды жүйелердiң сыртына тастауды азайту және толық доғару.

            Суару және суландыру мөлшерлерiн азайтудың мүмкіншiлiгi осы заманғы ғылыми зерттеулер мен суармалы егiншiлiктiң тәжіребесiнде жеткiлiктi сендiру дәлелденген. Биологиялық оптимальдi деп аталатын суландыру мөлшері, өсiмдiктi оптимальдi сумен жабдықтауға және жоғары өнiм алуға есептелiнген, бiрақ олар бұның экономикалық тиiмсiз екенiн күәландырып отыр. Экономикалық тиiмдi суландыру мөлшері 1,3-1,5, ал кейде 2 есеге дейiн биологиялық оптимальдi суландыру мөлшерінен кiшi. Бұл жағдайда ауылшаруашылығы дақылдарының өнiмi жоғарғы Уmax өнiммен салыстырғанда төмендеуi 5-15%-дан көп   емес. Ылғалы көбірек аймақтарда (орманды дала, далалық) суландыру мөлшерін ылғалы аз (шөлді, шөлейт) аймақтарға қарағанда  үлкенiрек мәнге төмендетуге болады. Мысалы, ҚазСШҒЗИ (Қазақтың су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) берiлгендерi бойынша орманды дала аймағының жағдайында суландыру мөлшерін 1,5 есеге төмендеткенде дақылдардың өнiмi 10%-ға төмедейдi; ал солтүстiк шөлді аймағының жағдайында 1,2 есеге төмендету керек. ´ндiрiстiк жағдайда өнiмнiң 5-15% төмендеуi егiстiң ала-құлалығына өсiмдiктердiң ауруына байланысты барлық уақытта орын алады. Сондықтан дақылдардың өнiмдiлiгiне (0,85-0,95) Уmax байланысты суландыру мөлшерінiң кемуi орынды және экономикалық тиiмдi.

            Дәлме-дәл дифференциалды суару режимiн пайдалануды қолдану жылдың ауа-райының жағдайына байланысты, Әр танаптың гидрогеологиялық және топырақ жағдайлары суландыру мөлшерлерiн елеулi төмендетуге мүмкіндiк бередi. Ылғалды және салқын жылдары, су тұтыну жинағы азайғанда және жауын-шашынның саны көбейгенде, сонымен қатар танаптарда тұщы және минерализациясы аз топырақ сулары жақын жатқанда суландыру мөлшері төмендейдi. Мысалы, ҚазСШҒЗИ берiлгендерi бойынша Орал облысының солтүстiк аудандарының жағдайында құрғақ және ылғалды жылдары суландыру мөлшері (95 және 5%-ды табиғи ылғалмен қамтамасыздығы) сәйкес: жазғы бидайлар үшін 3200 және 750 м3/га, сүрлем жүгерілер үшін 3750 және 1500, көкөністер үшін 4900 жне 2000, көп   жылдық шөптер мен жайылымдар үшін 5550 және 2200, жемiс және жидектер үшін 3900 және 1650 м3/га. Ылғалды жылдары суландыру мөлшері 2,4-4,3 есеге төмендейдi, бұл су қорларын әдеуір экономикалық жасауға мүмкіндiк беред. әқсас көкөністер және басқа суармалы аймақтарда да байқалады. Үстiмiздегi жылда қалыптасатын ауа-райының жағдайын ескерiп суару мерзiмi мен мөлшерін оперативтi анықтау үшін суаруды ЭЕМ пайдалана отырып оперативтi басқару жүйесін енгiзудiң үлкен мәні бар.

            Тұщы топырақ суларының жақын жатуы тамыр жүйесі дамыған дақылдардың су тұтыну жиынтығының әдеуір бөлігін қамтамасыз етедi. Мысалы, тамыр жүйелерi 1 м-ден көбірек тереңдiкке таралғанда дақылдардың топырақ суларын тұтынуы келесi түрде қамтамасыз етедi (қоректендiрудiң кiшi мәніне сәйкес жеңiл топырақтарға, үлкенi - ауыр топырақтарға)

            Топырақ сулары тұщы және жердiң бетiне жақын жатқан жердi суарғанда олардың жату тереңдiгi азайған сайын суландыру мөлшері төмендейдi.

            Жақын орналасқан минерализацияланған топырақ суларын өсiмдiктердiң пайдалануы сондай, бiрақ қарқындылығы 1,5-2 есеге кiшiрек. Сөйтсе де бұл жағдайда топырақтың тұздалуынан аман болу үшін шаю режимiн күшейту керек. Еске сала кететiн нәрсе топырақ суларының минерализациясының көтерiлуiне және олардың жату тереңдiгiнiң кiшiреюiне байланысты шаю режимiнiң қарқындылығы, олай болса, суландыру мөлшері де өседi. Мысалы, топырақ суларының минерализациясы 25 г/л болса, олардың тереңдiгi 3,2-ден 1,6 м кiшiрейгенде суландыру мөлшері екi есеге өседi.

            Сондықтан әлсiз минерализацияланған (1-3 г/л) топырақ суларын бiршама азғантай тереңдiкте ұстап тұруға болады. Күштi минерализацияланған )5 г/л көбірек) топырақ суларында шаю режимiнiң қарқындылығын және суландыру мөлшерін азайту үшін олардың деңгейiн үлкен тереңдiкте - 3-3,5 м шамасында ұстап тұру орынды (егер де бүған тұрғызылған коллекторлы-кәріздi тiзбек мүмкіндiк берсе).           

            Суаратын судың минерализациясы азайған кезде де суландыру мөлшерін төмендетедi. Мысалы, минерализациясы 1,25 г/л болатынсумен суарғанға қарағанда тұщы сумен суарғанда суландыру мөлшері 2 есеге дейiн аз қажет етiледi. Сондықтан, минерализациясы жоғары коллекторлы-кәріздiң суларын қайта пайдалану, көп  шiлiк жағдайда, суармалы суды үнемдеудiң тек қана қиялын жасайды.

            Сондай-ақ суландыру мөлшерін су тұтыну жиынын кемiту және жауын-шашынды тиiмдiрек пайдалану арқылы да азайтуға болады. Тау етегiндегi зонаның шөлейттi және далалық аймақтарда, мысалы, бақтарды және жүзімдiктердi, ауаның температурасы төмен және су тұтыну жиыны аз, ал жауын-шашыны көп   жер бедерiнiң биiктiгi көбірек аудандарда егу орынды. Шөлді және шөлейттi жазық аймақтарда ылғал сүйгіш дақылдарды егудi қысқартып (мысалы, күріштi) оларды ылғалды аз сүйетін дақылдармен (жүзім, бақ, жүгері, көкөніс) ауыстырған орынды.

            Су тұтыну жиынын топырақты ылғалдау немесе оны пленкамен жабу жолдарымен елеулi қысқартуға болады. Бұл жағдайда су тұтыну жиынының әдеуір үлесiн құрайтын (мысалы, мақта егiстiктерiнде 0,63-0,70) топырақтың беткi қабатынан болатын физикалық булану кенет қысқарады немесе толық дерлiк болғызбайды.

            ҚХР (Синьцзян) мақта, жүгері, бақша және көкөніс дақылдарын ауданы 350 мың га көбірек жердi пластмасса пленкасымен суарады (Чжан Чжисинь мәліметтерi бойынша). Бұнда пленка суару техникасының жақсаруына және топырақтың беткi қабатынан болатын босқа кететiн физикалық булануды төмендетуге мүмкіндiк туғызады. Нәтижесiнде, пленкасыз жүйекітеп суарумен салыстырғанда мақта егiстiгiнде су 36%-ға үнемделедi.

            Суармалы танаптарда судың ысырабы танаптарға берiлетiн судың 40-60% жетуi жиi. Бұнда су жердiң бетiмен тасталуына, терең сүзілуге және суару кезiнде және суарғаннан кейiн алғашқы күндерi булануға (артық ылғалданған топырақтардан және өсiмдiктiң жапырақ беттерiмен) жоғалады.

            Жүйектермен суарғанда суарылатын судың ысырабын азайтуға арналған негiзгi iс-шаралар: уақытқа байланысты шапшып ағатын судың шығынының өзгеруi, жүйектердiң орынды ұзындың шығынының өзгеруi, жүйектердiң орынды ұзындығы, жүйектердiң арасын үлғайту (жүйекі аралық арқылы суару), жүйектерге суаратын ағынды дискреттi (үзiк-үзiк) беру, көп   сатысысты суару технологиясы, жүйектерге ағынды үлестiруге арналған жетiлген техникалық құралдар.

            Суару ағынының шығыны жүйектердiң соңына жеткеннен кейiн топырақтың сiңiру қабiлетiнiң төмендеуiне сәйкес (топыраққа сiңген су шығынының азаюына қарай), азаюы керек. Iс жүзiнде әдетте бiр немесе екi тәсілде суару ағынының шығынын 1,5-2,5 есеге төмендетедi (сiңетiн шығынның азаюына байланысты).

            Суармалы жүйектердiң ұзындықтары салыстырмалы азғантай болулары керек: үлкен еңiстіктерде (0,01-0,2) - 200-50 м, орташа және кiшi еңiстерде (0,003-0,002 және кiшiрек) - 300-200 м. әзындықтары азғантай жүйектерде ылғал көбірек бiркелкi таралады, бiркелкiлiк ылғалдану коэффициентi 0,8-0,95 құрайды.

            Жүйектердiң ұзындықтарының үлкеюiне байланысты бiркелкiлiк ылғалдану коэффициентi азаяды, ал судың тереңге сүзілетiн ысырабы көбейедi. Үлкен еңiстiң жағдайында, мысалы, бiркелкiлiк ылғалдану коэффициентi 0,95-тен 0,75 дейiн кiшiрейгенде, бiркелкi ылғалданбаудың салдарынын болатынсудың тереңге сүзілу ысырабы, суару мөлшерінiң неттосынан 3-тен 7%-ға дейiн өседi.

            Дискреттi суару кезiнде судың тереңге сүзілуi және жердiң бетiнен тасталу әдеуір азаяды. Оны танаптардың бетiнiң еңістіктері орташа (0,002-0,004) жағдайларда қолдану тиiмдiрек.

            Жүйек аралық арқылы суару салыстырмалы жүйекі аралықтары тар (60-70 см) сулану контуры кең ауыр және орташа топырақтарда қолданылады. Мұндай суаруда суаратын жүйектердiң саны 2 есеге дейiн азаяды, демек, суармалы судың және сушылардың еңбегiнiң шығындары, жердiң бетiмен суды тастау да 2 есеге дейiн азаяды. Бұл жағдайда топырақтың ылғалдылығын төменгi деңгейде көбірек ұстап тұруға болады, нәтижесiнде судың тереңге сүзілу ысырабы төмендейдi.

            Жүйектерге суды үлестiрудiң қазiргi техникалық құралы - суару құбырлары, шлангалар, науалар, суару машиналары және өсiмдiктiң қажеттiлiгiне және топырақтың өзiне тән қасиеттерiне сәйкес танапқа берiлген суды оперативтi реттеуге мүмкіндiк беретiн қондырғылар. Оларды қолдану нәтижесiнде судың ысырабы әдеуiр азаяды.

            Суармалы құбырлар, полиэтилендi шлангалар, суару машиналары көп   сатысысты суару технологиясын қабылдауға мүмкіндiк бередi, бұл жағдайда суармалы учаскеге тесiп Өтетiн жүйектердi тiледi (учаскенiң бүкіл ұзына бойына), содан кейiн суару құбырларының немесе шлангалардың бiрнеше сатысыстарын бiр уақытта жұмысқа қосады. Жоғарғы сатыларда топыраққа сiңбеген су, тесiп өткен жүйектермен (құбырдың Үстiңгi немесе шланганың астыңғы жағымен) төменгi сатысыстарға өтiп осы жерде топырақтарға сiңедi. Бұндай суару технологиясында суды жердiң бетiнен тастау тек қана төменгi (соңғы) сатысысында пайда болады. Нәтижесiнде жер бетiмен тасталатын судың ысырабы суармалы учаскедегi сатысыстардың санына еселi азаяды.

            Судың тереңге сүзілу ысырабын төмендету үшін топырақтың тамыры бар арынды қабаттың ылғалдылығын салыстырмалы төменгi деңгейде ұстап тұру жеткiлiктi: шөлейт аймақтарда 0,6-0,95 НВ, құрғақ далалық аймақтарда 0,7-0,85 НВ, далалық аймақтарда 0,65-0,80 НВ, гумидтi аймақтарда 0,8-1 НВ. Бұл үшін суару мөлшерлерi: жаңбырлатып суарғанда 150-400 м3/га, жер бетiмен суарғанда 400-800 м3/га болуы керек.

            Сонымен, топырақ сулары тереңде жатқан және топырақтың ылғалдылығы төмен жағдайларда судың тереңге сүзілу ысырабы азаяды (А.И.Головановтың мәліметi бойынша):  

            Су топырақ қабаттары арқылы өткенде олардан уытты тұздар, сонымен қатар Қсiмдiкке керектi қоректiк минералды элементтер және органикалық заттар жуылады. Және де шығарылатын химиялық және органикалық заттардың көлемдерi шамамен судың сүзілуге кететiн ысырабының көлемiне пропорциональдi. Сондықтан судың тереңге сүзілу ысырабы көп   болған сайын, өсiмдiкке керектi қоректiк минеральдi элементтерi менн топырақтағы органикалық заттардың ысырабы елеуiрек болады. Суару үрдісiндегi судың булануға кететiн және суару бiткеннен кейiнгi алғашқы күндерi (артық ылғалданған топырақтар мен өсiмдiктiң жапырақ беттерiнен) болатын ысыраптарды азайтудың маңызы бар. Бұл ысыраптар ауаның температурасына және қатысты ылғалдылығына, желдiң жылдамдығына, суды ыдыратып жiберу дәрежелерiне байланысты. Күндiз, ауаның жоғарғы температурасында булануға кететiн ысырап барынша көп   мәнге жетедi, ал түнде әдеуір төмендейдi. Сондықтан, судың ысырабын азайту Үшін iрi жүйелерде суаруды тәулік бойына жүргізу қажет (түнгі сағаттарды қоса), ал шаруашылықтың iшiндегi кiшкентай жүйелерде - көбінесе түнде.

            Жаңбырдың қарқындылығы судың топыраққа сiңу жылдамдығынан артып кеткен жағдайда жердiң бетiнде су жиналады (жер бетiнен тастағанда болатын судың ысырабы). Бұл құбылысты болдырмау үшін судың топыраққа сiңу жылдамдығынан артпайтын жаңбырының қарқындылығы орташа жаңбырлатқыш машиналарды (қондырғыларды) қабылдау қажет. Жаңбырының ең кiшi қарқындылығы (0,02 мм/мин көп   емес) синхронды импульсты жаңбырлатқыштар жүйелерiнде (СИЖ) оларды жер бетiндегi судың жиналуын болдырмайтын ең күрделі табиғи жағдайларда (еңістіктері үлкен, ауыр топырақтар) қолданады.

            Жаңбырлатқыштарда суару мөлшері топырақтың эрозиясын болдырмайтын мөлшерден аспауы керек. Оны жаңбырдың сапасы мен қарқындылығын, топырақтың сiңiру қабiлетiн, агрофонның жағдайын, танаптың бедерi мен еңістігін ескере отырып тағайындайды. Осы факторларға байланысты ағын жиналуға дейiнгi суару мөлшері 50-600 м3/га және одан да көбіректi құрайды.

            Суармалы тiзбектегi су ысырабын азайту - су ресурстарын қорғаудағы маңызды тәсіл. Суармалы каналдардағы судың ысырабы негiзгi үш элементтен құралады: сүзілу (каналдарға берiлетiн шығынның 40-60 %-ға дейiн), пайдалану (технологиялық) ысырабы (2-5%) және судың бетiнен булану (2-3%). Ысыраптарды азайту үшін инженерлiк және пайдалану шаралары қолданылады.

            Инженерлiк шаралар: сүзілуге қарсы каналдарды қаптауды ұйымдастыру (каналдарды жабу), каналдардың арналарындағы топырақтың су сүзілгiштiгiн азайту (нығыздау, кальмотациялау және басқалар), каналдарды құбырлармен және науалармен ауыстыру.

            Пайдалану шаралары: су айналымын және топтап суаруды қолдану арқылы каналдың жұмыс iстеушi ұзындығын қысқарту, уақытқа байланысты суды бiрқалыпты беру, каналдарды тасындылар мен өсiмдiктерден тазарту, ғимараттарды және олардағы қақпақтарды дұрыс жағдайда ұстау, шұқырлар және көртышқан тескен тесiктерi арқылы ауғуды жою, қысқа қарсы уақытылы жүйелердi жабу. Бұл шаралар суармалы тiзбектiң ПӘК 0,5-0,6-дан 0,8-0,85 дейiн көтеруге мүмкіндiк бередi және нәтижесiнде су көздерiнен су алуды азайтады.

            Жүйелердегi каналдардан қашыртқыға тастағанда судың ысырабын бодырмау су жинайтын қоймалар (жүйенiң iшiнде және шаруашылықтың iшiнде), сонымен қатар ЭЕМ пайдалана отырып суды бөлуды оперативтi басқару жүйелерiн ендiру үшін маңызы зор. Бұндай жүйелер шаруашылықтардың мәлімдемелерiне сәйкес суды, су қабылдағышқа бос тастамай, алуды және бөліп таратуды оперативтi басқаруға мүмкіндiк бередi.

            Су ресурстарын қорғауға қажеттi жағдайлар, сондай-ақ механизмдердi экономикалық пайдалануға да болады. Жүйелерге және бөлек шаруашылықтарға алынатын суға қатаң шек қосылуы керек. Суды орнатылған шектен асыра алған кезде жоғары салық енгiзiлуi керек. Бұл жағдайда шаруашылық (фермерлер) суды үнемдеуге мәжбүр болады, суаруға жаңа су сақтайтын технологияны ендiредi.

            Кешендi қайта құру және жетiлген экологиялық тұрақты жүйелердi жасау су айналымы принциптерiне сүйенiп тазарту және кәріздiң, ақаба суларды қайта пайдалану су ресурстарын қорғаудағы ең негiзгi, бiрақ қымбат түратын тәсіл.

 

9.2 Жер ресурстарын қорғау

 

            Жердi қорғау - жердiң жағдайын нашарлататын, сонымен қатар оларды пайдалану ретiн бүзатын үрдістердi ескертуге және жоюға арналған iс-шаралар жүйелерi болып табылады.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда бiрiншi кезекте топырақты қорғау және жақсарту шараларын белгiлейдi. Олардың негiзгiсi: топырақты сортаңдалудан және батырылудан қорғау, топырақты эрозиядан сақтау.

            Суармалы жердiң сортаңдалуының негiзгi себептерi: минерализацияланған топырақ суларының жоғару жатуы немесе олардың деңгейiнiң көтерiлуi, келесiсi олардың капиллярлы көтерiлуi және топырақтың бетiнен булануы, ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға минерализациясы жоғары суларды пайдалану (құрғақ далалық және далалық аймақтарға топырақтар үшін 0,5-0,8 г/л көбірек, шөлді аймақтардағы топырақтар үшін 1,5-2 көбірек, қаратопырақты аймақтар үшін 2 г/л көбірек); топырақтың құрылымының бұзылуына әкелетiн, агротехникалық шараларды уақытылы жүргізбеу.

            Суармалы жердi сортаңдалудан және батырылудан сақтау үшін кешендi пайдалану (агротехникалық, мелиоративтiк, орман мелиоративтiк) шаралардың кешенiн қолданады. Оларға: тiзбектердегi және суармалы танаптардағы ысыраптарды азайта отырып суармалы суды тиiмдi пайдалану; қысқы мезгiлге қарай жүйелерге су берудi уақытылы тоқтату; суармалы жерге күріш егудi ұтымды жоспарлау; коллекторлы-кәріздi тiзбектi жұмысқа жарамды жағдайда ұстау (тұздардан және өсiмдiктерден уақыты тазарту, бүлінген жердi қалпына келтiру); топырақтың жоғарғы қабатының құрылымын түйір, борпылдақ жағдайда сақтау; көп   жылғы шөптердi пайдалану арқылы шөп танапты ауыспалы егiстi қолдану; суармалы танаптарды пайдаланғанда тегстеудi жүйелі түрде жүргізу; каналдар мен жолдардың жиектерiне орман жолақтарын отырғызу (биологиялық кәріз); күштi сортаңдалған топырақтарды шаю; терең жырту; топырақтарды гипстеу (әсiресе сорланған); тұзға төзімдi дақылдарды егу (арпа, т.с.с).

            Алғашқы (табиғи) және екiншi сортаңдалумен күресу үшін тұзға төзімдi дақылдарды егудi, күштi сортаңдалған топырақтарды шаюды, терең жыртуды, топырақтарды гипстеу (әсiресе сорланған).

            Суармалы жердi жақсы мелиоративтiк жағдайда сақтау үшін басқа факторлармен бiрге топырақ сулары теңдiгiнiң кiрiс және шығыс элементтерiн үйрену және талдау қажет. Теңдiк арқылы, топырақ суларының деңгейiн көтермейтiн, берiлетiн судың мүмкін көлемiн анықтайды. Топырақтың сортаңдылығының динамикасын бағалау үшін 3-5 жылда бiр рет суармалы территорияның учаскелерiнде тұзды анықтайтын съемка жүргізу керек.

            Топырақтың эрозиясы дегенiмiз су ағынымен болатын топырақтың бұзылуы. Табиғи жағдайда болатын су эрозиясының негiзгi себептерi - қардың еруiнiң қарқындылығы және нөсері жаңбырдың ұзақтығы. Су эрозиясының бiр түрі топырақты суландыру эрозиясы болып табылады, ол үлкен еңiстi жердi суарғанда пайда болады. Суландыру эрозиясы тәсілдерiн дұрыс жүргізбегенде, суармалы каналдар және ақаба суды тастайтын тiзбектер арқылы судың жоғарғы шығынын жiбергенде, гидротехникалық ғимараттардан, құбырлардан және науалардан судың ағып кетуi салдарынан танаптардың бетiнде суарған судан пайда болатын ақаба сулардан болуы мүмкін.

            Эрозияға үшырайтын жерлер Ресей және ТМД елдерiнiң территорияларында кеңiнен таралған. Су эрозиясына көбірек үшырайтын эерлер үлкен еңiстiктi және өсiмдiктерi жоқ, құрылымы жоқ жеңiл шайылатын топырақтар.

            Топырақ қабатын суару кезiнде жазықтық және сызықтық формадағы эрозияның түрлерi кездеседi.

            Жазықтық формадағы эрозия - топырақ бетiнiң бөлшектерiнiң бұзылуы және сол бөлшектердiң судың ағынынан пайда болған шүқанақтар арқылы бiрқалыпты шайылуы.

            Сызықтық формадағы эрозия - судың ағынынан пайда болған өте жiңiшке жұқа жырашықтар бiр-бiрiне қосылым iрi ағынға айналады. Осының нәтижесiнде пайда болған жыралардың тереңдiктерi 10-20 см жетуi мүмкін. Жыл сайынғы құнарлы топырақтардың шайылуы кейбiр жағдайларда 500 т дейiн жетуi мүмкін.

            Жер жағдайы қыртысына байланысты, өңделiп егiлген дақылдардың түріне қарай эрозияны болдырмауға және онымен күресуге қарсы әр түрлі шаралардың кешенi қолданылады. Шаруашылықтың ұйымдастыру, агромелиоративтiк, орман мелиоративтi және гидротехникалық шаралар. Топырақты эрозиядан тиiмді қорғау үшін осы әдiстердiң бiреуiн пайдалану жеткiлiксiз, бiрнешеуiн қатар пайдалану эрозиямен күрес те үлкен нәтиже бередi.

            Шаруашылықты ұйымдастыру шараларының негiзгi мақсаты жердi дұрыс пайдалануды ұйымдастыру:

            - ауылшаруашылығы дақылдарын әр танапқа, жер бедерiне қарай дұрыс орналастырып себу, бұндай себу көбінесе, жер бедерiнiң ерекшелiктерiн, топырақтың түрін және олардың шайылу дәрежесiн ескерудi қажет етедi;

            - суландыру жүйесі дұрыс жобалануы керек, ондағы топырақтың, жер бетiнiң жағдайы ескерiлуi тиiс, суару тәсілi мен жердiң ылғалдылығы анықталады, сонымен қатар суару кезiнде су беретiн желiнiң жағдайын бақылауға алу;

            - ауыспалы егiстiктi енгiзу жне оны дұрыс пайдалану. Ауыспалы егiстiктi өндiрiске енгiзiп, оны дұрыс пайдалану - топырақ құнарлығын сақтаудағы және оны арттырудағы ең маңызды жолдарының бiрi болып саналады. Жоңышқа және бұршақ қоспалары өте жоғары түрде топырақты қорғап, оның құнарлығын арттыратыны белгiлi.

            Беткейлi жерге екi-үш тақта жоңышқа және бiр-екi дәнді дақыл егу тиiмдi. Суармалы жердi осылай қорғау тәсілi қосымша қаражат және энергия көздерiн көп   қажет етпейдi. Бiр жерге қайта-қайта айдалатын дақыл егiлсе,  онда ол жерде эрозия тез дамып өршидi, егер де айдалатын дақылдар мен жалпы егiлетiн дақылдарды  алмастырып отырса, топырақтың шайылуы кемидi.

            Суару техникасын таңдап сол аймақтың ауа-райының жне жер бедерiнiң ерекшелiктерiн ескерудi қажет етедi, мысалы, жаңбырлатқыш машиналарды таңдау кезiнде жаңбырдың үдемелi қарқындылығы судың топыраққа сiңу жылдамдығынан аспауы;

  • суару тәсілдерi мен элементтерiнiң дұрыс анықталуы.

            Агромелиоративтiк шаралардың мақсаты: эрозиялық үрдістiң пайда болуын ескерту және оны болдырмау мүмкіндiктерiн iске асыруғ топырақтың шайылуына, жырылып бұзылуына кедергi жасау және топырақтың ылғал сiңiру қасиетiн арттыру. Топырақты жырту, саңылаулау және көртышқанша iз салу баурайға көлденең жүргізіледі. Егу және топырақты қатар аралық өңдеу де осы бағытпен орындалады (культивациялау).

            Орман  мелиоративтiк шаралар: қар ұстайтын және жердiң бетiндегi ақаба суларды сiңiретiн суды реттейтiн орман жолақтары белдеулерiн танаптардың шекараларына отырғызу арқылы топырақ эрозиясын азайту.

            Гидротехникалық шаралар: Әр түрлі гидротехникалық ғимараттарды құру: су ұстайтын дуалдар, су сiңiретiн орлар, баурайлы-еңiстiктердi сатылау және басқалар.

            Баурайда дуалдар мен орларды құру бөлек немесе орман жолақтарымен бiрiктiредi. Дуалдардың ара қашықтықтары 20-200 м және одан да көбірек.

            Баурайдың еңістігі 10-40 жағдайда бiр және көп   қатарлы жүзімдiктердi және жемiс бақтарын отырғызу Үшін сатылы жүйелер жасау тиiмдiрек. Сатылардың бөгетсының көлденең еңістіктері тура, керi және тегiс (ноль) болып жасалынады. Тура еңiстi сатыларды (3-60) жауын-шашыны мол жағдайда, керi (3-60) жауын-шашыны аз, ал тегiс (ноль) еңiспен - суармалы террассаларда жасалынады.

            Трассалардың еңкiш еңістіктері шымдалынады.

            Пайда болу орнына және таралуына байланысты су эрозиясы танаптық және желiлiк болып екiге бөлінедi.

            Танаптық эрозия жер бетiмен өздiгiмен суарғанда суармалы танаптарға берiлетiн судың шығыны көтерiңкi және жаңбырлатып суарғанда жаңбырының қарқындылығы жоғары болу нәтижелерiнен пайда болады. Екi жағдайда да эрозияның себебi суару техникасының параметрлерiнiң табиғи-шарауашылық жағдайына үйлесiмсiздiгiнен болады.

            Желiлiк эрозия қапталмаған суармалы және ақаба суды тастайтын каналдардағы судың үлкен жылдамдықпен қозғалу нәтижесiнде пайда болады.

            Жер бетiмен жүйекітеп суарғанда, бiрiншi кезекте жүйектерге берiлетiн сорғалап ағатын судың шығынын төмендету, демек, жүйектердiң ұзындығын кiшiрейту арқылы танаптық эрозияларды болдырмауға болады.

            Мысалы, еңістіктеріне байланысты, орташа сазды сүр топырақтар үшін сорғалап ағатын судың шығындары мен жүйекітiң ұзындықтарының төменде келтiрiлгендерi ұсынылады:

            Сорғалап ағатын судың бұндай шығындары мен жүйектердiң ұзындықтарында топырақтың эрозиясы мүмкін болатын мәннен (жылына 3-10 т/га) артпайды, ал танаптарда суды пайдалану коэффициентi 0,8-0,9 құрайды.

            Жүйектердiң еңістіктерін және топырақтың эрозиясын кiшiрейту мақсатында сонымен қатар ирек жүйектер жасалынады. Сорғалап ағатын судың шығынын және оларды дәл реттеудi дозалау үшін суару шлангаларын, құбырларды, науаларды, суару машиналарын қолданады.

            Жаңбырлатып суарғанда танаптық эрозияны жаңбырдың қарқындылығын азайту және оның сапасын жақсарту арқылы болдырмауға болады. Үлкен еңiстiк жердi суарғанда ең тиiмдi суару тәсілдерi - тамшылатып және синхронды-үдемелi суару тәсілдерi. Екiншi тәсілдiң артықшылығы суарылатын ауданға шектi түрде бытыратып шашу арқылы су эрозиясын болдырмайды, жер бетiне жақын қабатының ең тиiмдi және тамшы түсетін жердiң ылғалдылығын сақтайды, ол үшін тамшының үдемелi қарқындылығының түсу шегi 0,003-0,011 мм/мин болу керек. Бұл тәсіл жемiс-жидек өсiретiн Жамбыл облысындағы Мерке және Алматы облысы Талғар ауданындағы «Горный гигант» шаруашылықтарында өте жақсы жақтарынан көрсеттi.

            Тiзбектiк эрозияны болдырмаудың негiзгi шаралары - судың ағып кетуiн, апат жағдайында судың бөгеттi бүзып өтуiн болғызбау үшін каналдарды, науаларды, құбырларды және гидротехникалық ғимараттарды жоғарғы сапада тұрғызу және пайдалану. Каналдардың көлденең қималары олардың арналарын шайып кетпейтiн жағдайды сақтайтын су шығынына сәйкес болуы қажет.

            Ирригациялық эрозияны болдырмау талаптарына ең толық жауап беретiн жабық суармалы тiзбек.

            Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн жыралар олар мәдени егiстiң, оның iшiнде суармалы аудандардың көлемiн әдеуір қысқартады.

            Жыралар тiзбегiнiң қалыңдығы 0,4-1 км/км2 болатын территорияларды ең көп   зақымдалған территориялар болып саналады. Бұндай территориялар үстiрттеу жерлерде орналасқан (Орталық-қаратопырақты зона, Поволжье, қаратопырақсыз зона, Украина, Молдова, сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседi). Жыралармен өте көп   зақымдалған жердiң көлемi ТМД-нiң территориясында 300 мың км2 құрайды.

            Жыралармен күресудiң негiзгi шаралары - гидротехникалық және орман мелиоративтiк.

            Гидротехникалық шаралардың құрамына жыралардың баурайына су тоқтататын және су әкететiн дуалдарды, жоғарғы қашыртқыдағы ғимараттарды (тезағарларды, құламаларды, консольдi қашыртқыларды), түпкі ғимараттарды (бөгеулердi, құламаларды) құру кiредi.

            Су тоқтататын дуалдарды баурайға көлденең горизонтальға параллель орналастырады. Олар жауын-шашын түскен мезгiлде судың ағынын бөгейдi, нәтижесiнде жыралардың өсуi тоқталады.

            Су әкететiн дуалдар, ол да баурайға көлденең құрылған, жауын-шашын түскенде судың ағынын дуалдың жиегiмен жоғарғы қашыртқыдағы ғимарат әкетедi, ол жақтан оны жыраларға тастайды, бұл жағдайда жыралар бүлінбейдi.

            Жоғарғы қашыртқыдағы ғимаратты жыраның ең төбесiне орналастырады, олар тезағарлар (сурет 9.1), құламалар және консольдi қашыртқы түрінде (сурет 9.2) болуы мүмкін. Су. Осы ғимараттар арқылы жыраларға түскенде, эрозияның ғимараттарынсыз, аталған ғимараттардың бойымен жойылады. Нәтижесiнде жыраның өсуi алқап жерiне тереңдемей тоқтайды. Жыралардың түбінде түпкі ғимараттар орналасады: бөгеулер, түпкі құламалар (сурет 9.3). Олар, жыраның еңістігімен түбін бұлдiрмей төменгi бьефке асып құйылып жатқан суды тоқтатады.

 

                        Орман мелиоративтiк шаралардың құрамында горизонтальдiң бойымен орналастырылған су реттеушi орман жолақтары (сурет 9.4) кiредi. Орман жолақтарының енi 10-15 м, олардың ара қашықтықтары 200-600 м. Жас ағаштардан отырғызылған орман жолақтары (олардың бойымен) су сiңiретiн оры бар су тоқтататын дуалдар жасайды. Орман жолақтарында 6-8 жылдардан кейiн судың ағынын дуалдар орсыз өз бетiмен тоқтататын қабiлетi бар тамыр жүйелерi жақсы дамыған ағаштар үлкейiп өседi.

 

            Бұрыннан бар жыраларды жиiрек көму арқылы жояды. Сондықтан оларды жиi қоқыс тастайтын жерге айналдырады, кейiн төбесiне топырақпен көміп тастайды. Жыраны көміп тастаған топырақтың көлемiн бiржолата грейдерлермен және ұзынбазалы жер тегiстегiштермен те.гiстейдi. Бұдан кейiн ауылшаруашылығына немесе демалыс орнына пайдалануға жарамды жаңа бедерлi жер қалыптасады.

            Бұрынғы жыралардың түбі мен еңістіктеріне мәдени шөптер сеуiп тастайды немесе еңiстерге террассалар жасайды, оған жемiс-жидек ағаштарын және жүзім отырғызады. Адамдардың демалыс орнына айналған бұрынғы жыраларды парктерге бөледі.

            Жыраларға, балық және суда жүзетiн құстарды өсіру үшін жиiрек тоғандар және су бөгендерiн (жиi тоғандар күрілдеуiктерi) жасайды.

            Жердi құрғатқанда ауылшаруашылық дақылдарын дамыту үшін көбірек қолайлы жағдай жасаумен бiрге қолайсыз құбылыстар да шығады. Желдiң және судың эрозиясы күшейедi, Әсiресе шым тезек және қиыршық топырақтарда. Далалық ауыспалы егiстiктер үшін ашылған органикалық заттармен бай шым тезек топырақтардағы органикалық бөлімдерi тез бөлінiп және шайылады, нәтижесiнде құнарлығы төмендейдi (топырақтың биохимиялық жарамсыздығы), өзендермен көлдер таязданады, құдықтардағы су жоғалады, ормандар солады.

            Жағымсыз құбылыстарды болдырмау, жоғары өнiм алу және топырақтың құнарлығын сақтау үшін, дақылдардың түріне және олардың өсiп-өну кезеңiне байланысты вегетация мезгiлiнде топырақ суының деңгейiн құрғататын мөлшерде (0,4-1,1 м) үзбей ұстап отыру қажет.

            Сонымен қатар жердiң және судың қорларын қорғауға құрғататын территорияларға су бөгендерiн жасау және өзендердiң чсуын көбейту де мүмкіндiк туғызады.

            Жер мен судың қорларын қорғау талаптарының барлығына жақсырақ жаупа беретiн су айналымы және польдер жүйелерi. Польдер жүйелерiн жасағанда өзендердiң табиғат режимiнiң бұзылуы өте аз және жанасқан территориялардың өте құрғап кетуiн болдырмайды. Су айналымы жүйелерiнде құрғатылатын аудандардағы барлық артық сулар, құрғақшылық кезеңде ауылшаруашылығы дақылдарын кейiнiрек ылғалдау үшін, су қоймаларында ұсталады. Бұдан басқа, бұндай жүйелер жердiң бетiндегi суларды кәріздiң ағынымен ластануынан қорғайды.

            Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнде қорғау керек.

            Сонымен, каналдар мен құбырлардағы миграция орындарында жабайы жануарлар үшін арнайы өткелдер орнатылады. Магистральдi каналдарда суаттарды және каналдарға түскен жануарлардың шығу үшін Әрбiр 800 м сайын уположенные учаскелер жабдықталады. Жануарлардың көп   мекендеген орындарында ағашты-бүталы өсiмдiктердi химиялық тәсілмен жоюға рұқсат етiлмейдi.

            Балық шаруашылығының су қоймаларындағы балықтардың су алатын ғимараттарға түсуiнен қорғау үшін балықты қорғайтын мекемелермен келiсе отырып соңғыларына арнайы құралдар орнатады.

            Табиғи өсiмдiктердi сақтау үшін арнайы мелиоративтiк шаралар қаралады. Құрғатылатын табиғи территориялардың бөлінуi, табиғи ортаның учаске эталонын сақтауда үлкен мәні бар.

 

10Суармалы жүйелердi пайдалану.  Суармалы жүйелердегi су пайдалану негiздерi

 

10.1 Су пайдалану жоспары жайлы түсiнiк

 

            Жоспарлы су пайдалану - бұл басқарылатын технологиялық үрдіс, су көздерiнен суды алу арқылы ауылшаруашылық дақылдарына керектi суды және қоректiк заттардың режимiн қолайлы түрде реттеу, алынған суды су пайдаланушыларға керектi агротехникалық мерзiмiне байланысты қажеттi көлемде ұтымды бөлу арқылы оларды суармалы танаптарға тиiмдi түрде тарату, жүйелердiң конструктивтi элементтерiнiң барлығының және суармалы учаскелердiң, бар жабдықтардың, қондырғылар мен суару техникаларының жұмысын сенiмдi түрде қамтамасыз ететiн шаралардың мiндеттi түрде орындалуы, су шаруашылығының нысаналарындағы (суармалы жүйелер немесе олардың бөлек звенолары, әр түрлі су тұтынушылар, фермерлiк шаруашылық) техникалық шараларды кешендi ұйымдастыру.

            Жоспарлы су пайдалану - жеке су пайдаланушылар мен бүкіл суармалы жүйелердiң қызметiнiң оперативтi негiзi. Жоспарлаудың негiзгi мақсаты: су көздерiнен алынатын суды анықтау, оны уақытылы (керектi уақытта және қажеттi көлемде) су пайдаланушыларға беру, берiлген суды суармалы учаскелермен танаптарға ұтымды бөлу, жөндеу жұмыстарын жүргізу және суармалы жүйелердi және ондағы жабдықтарды техникалық дұрыс жағдайда ұстап тұру үшін жасалған жұмыстар.

            Суды пайдалану -  суармалы жердегi ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрудегi жалпы технологиялық үрдістiң ажырамайтын бөлімi, ал шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары - шаруашылықтың (су пайдаланушылар) өндірістік-қаражаттық бөлімi.

            Жоспарлаудың мақсаты - ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнiм алу.суармалы учаскелердi ғылыми тұрғыда дәлелденген агротехникалық мерзiмде керектi көлемде суаратын сумен қамтамасыз ету, су мен ауаның, қоректiк заттардың және жылудың режимдерiнiң қолайлы жағдайын жасау, топырақ қүнарын және қоршаған табиғи ортаны мiндеттi түрде сақтай отырып суармалы жердiң қалыпты мелиоративтiк жағдайын қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының мәдениеттi өмiр сүруiне жағдай жасау.

 

10.2 Жоспарлы су пайдалану принциптерi

 

            Суармалы жүйелердi көп   жылғы пайдаланудың тәжіребесi жоспарлы су пайдаланудың келесi негiзгi принциптерiн тұжырымдауға мүмкіндiк бередi:

            1. Жоспарлау принципi. Су пайдалануды жоспарлағанда белгiлi бiр иерархияның қарастырылуы. Жоспарлағанда негiзгi звено - шаруашылық, сондықтан бұл деңгейде шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары жасалынады. Жасалған жоспардың негiзiнде жүйелерге суды бөлудiң жоспары жасалады, одан кейiн бассейннiң су мен жердiң теңдiгi жасалынады. Бұл құжатқа өзiне тән тексеру әдiсi мен есебiнiң формасы бар мемлекеттiк статус берiледi.

            2. Кезеңдiлiк принципi. Ауылшаруашылық дақылдарының суармалы суға оптимальдi қажеттiлiгiн ескерiп, оларды прогрессшiл технология арқылы өңдеумен толық байланыста бола отырып, суды төменнен жоғары қарай бiр iзбенен пайдалану жоспарланады.

            Суару режимiн әр танапқа, ауыспалы учаскге, шаруашылыққа, ауданға, суармалы территорияға және аймаққа экспериментальдi зерттеулердiң негiзiнде немесе есептеу әдiсiмен, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiне әсер ететiн факторларды ескере отырып анықтайды.

            3. Шектiк принципi. Жүйелерге немесе жеке шаруашылықтарға алынатын суармалы судың шегi су көздерiнiң сулылығына, жүйенiң бас ғимаратының конструктивтiк ерекшелiктерiмен, шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелердiң және олардағы гидротехникалық ғимараттарға, суармалы жердiң мелиоративтiк жағдайы мен олардың сортаңдылық дәрежесiне, кәріздiң жобаланғандығына байланысты айқындалады. Шаруашылықтағы ауылшаруашылық дақылдарын суару техникасымен қамтамасыздық деңгейiнiң және ресурстардың әр түрлілiгiнiң өте маңызды мағынасы бар.

            Әр түрлi - 95, 75, 50, 25 және 5%-ды жылдардың қамтамасыздығының шегi тағайындалады, арнайы теңдiк есебiнiң негiзiне байланысты  және суармалы жүйелердi пайдалану тәжіребесiн ескере отырып түзетiледi.   

            4. Оптимальдiк принципi. Бұл тәсілдiң методологиясы ресурстардың кейбiр түрлерiне жасалған кедергiлерге қарамастан жоғары өнiм алуға мүмкіншiлiк жасайды. Бүған, оптимальдi режимде барлық технологиялы үрдістердi орындау арқылы жетедi - нақтылы берiлген жағдайда жоғарғы экономикалық нәтиже алу мақсатында, су және еңбек ресурстарымен, техникамен уақытылы маневр жасауды қамтамасыз ету үшін, суармалы тiзбекке суды тарату, суаруды және керектi агротехникалық шараларды жүргізу, т.б.

            5. Iрi шаруашылықтарға суды үздiксiз және кiшi шаруашылықтарға суды кезекпен беру принципi. Ол, iрi шаруашылықтарға суды үлкен шығынмен тәулік бойы берудi және кiшiгiрiм, аудандары 100 - 200 га аспайтын (фермерлiк) шаруашылықтарға кезекпен берудi қарастырады. Кiшiгiрiм шаруашылықтарға, суармалы суды тиiмдi пайдалану үшін, екi немесе төрт тактолi су айналымы енгiзiледi.

            Судың кенет тапшылығы жағдайында iрi шаруашылықтарға да су бергенде тактолы су айналымы енгiзiледi, ол мүмкін шаруашылық аралық немесе шаруашылықтың iшiндегi тактолы су айналымы болуы мүмкін.

            6. Жоспардың кешендiлiк принципi. Жоспарлы су пайдалану суармалы суды алу және тиiмдi таратудан ғана тұрмайды, сонымен қатар, каналдарды, ғимараттарды, автоматтандырылған және телемеханикаландырылған жүйелердi, қосымша жабдықтарды жөндеу мен қалпына келтiру жұмыстарынан тұрады; мелиоративтiк техникалар және инвентарлармен қамтамасыз етiлгендiгi; керектi мамандықтары бар еңбек ресурстарының теңдiгiн жасау; су пайдаланудың тиiмдiлiгi және тұтасымен экономикалық көрсеткіштiң есебi.

            7. Нормативтiк база. Суды пайдалануды жоспарлағанда ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының арнайы дайындалған нормативтiк құжаттарды мiндеттi түрде пайдаланады. Бұған, ауылшаруашылық дақылдарының суару режимiн дифференциалау, жөндеу жұмыстарының барлық түрлерi, әр түрлі машиналар мен механизмдер, су өлшейтiн жүйелер, автоматтар мен телемеханикалар, сонымен қатар Өндірістік және тұрмыстық жағдайларының қызметiн мiндеттi түрде қалыпты қамтамасыз ететiн еңбек ресурстары.

            8. Ғылыми-техникалық жетiстiктер. Мiндеттi түрде ғылыми-техникалық жетiстiктердi суармалы жүйелердi пайдалану практикасына енгiзу - экономика-математикалық әдiстердi, жүйелік сараптау әдiстердi, жүйелерде технологиялық үрдістердi жоспарлағанда және оперативтi басқарғанда электронды есептеу машиналарын пайдалану.

 

10.3 Жүйенiң және су көзiнiң суару қабiлетi

 

            Жүйенiң суару қабiлетi деп - су қажеттiлiгiнiң ең жоғарғы тапшылығы кезiнде егiлген жердiң ауданын берiлген жылдың белгiлi кезеңдерiнде (онкүндiк, ай) суармалы сумен қамтамасыз етiлуi мүмкін деп түсiнiлуi. Жүйенiң суару қабiлетi жыл сайын Қзгередi, себебi, орнықты каналдар суармалы суды тұрақты жiбередi, ал суға деген қажеттiлiк, қалыптасқан ауа-райының жағдайына байланысты жыл сайын өзгередi. Ол, суармалы тiзбегi бар ауданнан үлкен де және кiшi де болуы мүмкін. Бiрiншi жағдайда суармалы тiзбекпен жабдықталмаған қосымша белгiлi бiр ауданның жерiн суаруға болады. Бұл жағдайда (жылжымалы суару( ұғымы енгiзiледi, бұны орындау үшін қосымша қуат пайдаланады - жаңбырлатқыш машиналар, жылжымалы сорап бекеттері, құбырлар, еңбек ресурстары. Екiншi жағдайда, жүйеде суармалы судың тапшылығы пайда болады, ол суармалы жүйелердi жобалағанда есептi қамтамасыздықпен анықталады. Суару қабiлеттiлiгiн су қажеттiлiгiнiң тапшылығы бойынша жылдың әр түрлі қамтамасыздығымен анықталады. Есептер жылдың бес ерекшелiгi бойынша: 95, 75, 50, 25 және 5%-ды қамтамасыздықтармен өткiзiледi. Әр жылға жасақталған гидромодуль графигi тұрғызылады, кейiннен шығынды есептеу үшін олардың он күндiктегi және ай сайынғы жоғарғы және орташа мәндерiн табады, ол, суармалы тiзбектiң барлық элементтерiндегi ысыраптарды есептей отырып ауылшаруашылық дақылдарын сумен қамтамасыз ету үшін жүйеге қажеттi суды алу.

            Жүйенiң суару қабiлетiн, жүйеге берiлуi мүмкін судың кез-келген шығынының қолайлы жағдайларын (оның алуы мүмкін) болжай отырып есептейдi. Бiрақ, су көздерiндегi шығындарда (көбірек бұл өзен) табиғатта бей-берекет жағдайда болады. Сондықтан, өзендегi су шығынының қабiлеттiлiгiне байланысты су алу мүмкіншiлiгiн бағалау мiндеттi түрде жүргізiлуi керек. Су алу мүмкіншiлiгi суармалы жүйелердiң есептi су қамтамасыздығымен анықталады, ағынның есептi қамтамасыздығының бiрнеше вариантын, суармалы суға қажеттiлiгiн ескере отырып, су тапшылығы теңдiгiмен үйлестiру арқылы, суарудан түсетін таза пайданың өсуiн, тиiмдiлiк коэффициентiн анықтай отырып күрделі қаржы бiрлiгiнiң есебiн нормадағы мәнімен түйістiру, оптимизациялау мiндеттерi болып саналады және суармалы жүйелердiң есептi қамтамасыздығын анықтайды.

            Өзен шығынының қамтамасыздығын, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары 10-15 жылға жасайтын, су мен жердiң теңдiгi негiзiнде табылады. Көрсетiлген теңдiкте суармалы жүйелердiң мүқтаждығын су көздерiнiң мүмкіншiлiктерiмен үйлесуiн ескередi. Әр 30-50 шақырым орналасқан өзен жақтауларының аралығында реттелмеген ағын, сипатты жылдар үшін 95, 75, 50, 25 және 5%-ды, ағын бойынша, қамтамасыздықпен бөлінедi. өзен трассасы бойымен суды тиiмдi бөліп тарату, ағынның - ағып келген, қайтқан сулардың, сүзілу ысырабына кеткен сулардың, сонымен қатар басқа тұтынушылардың алған суларының қалыптасу динамикаларын ескере отырып есептелiнедi. Су мен жердiң теңдiгiнiң әрбiр келесi жасалуы, бұрынғы жасалғаннан кейiнгi болған өзгерiстердi ескередi. Әр жақтауға сәйкес суарылатын аудан iлiнiп қойылады. Суару қабiлетiнiң есебiнiң әдiстемесi өзен ағынының реттелу дәрежесiмен анықталады. Ағыны реттелмеген өзендер үшін негiзiнен кiшi және орташа өзендер өсiмдiктiң өсiп-өну кезеңiндегi суарылатын аудан төмендегi келтiрiлген формула арқылы анықталады:

 

Fnt.cyp = (1 * Qp * (c * (u / qор.Қлш,                                (10.1)

 

            мұнда: (1 - өзен шығынын суаруға пайдалану мүмкіншiлiгi коэффициентi (Үлес);  Qp - өзеннiң орташа айлық (орташа онкүндiктегi) су шығыны, л/с;  (c - суармалы жүйенiң ПӘК; (u - танаптардағы суармалы суды пайдалану коэффициентi;  qор.Қлш - сол кезең үшін жүйе бойынша гидромодуль графигi ординатасының орташа өлшенген мәні, л/с*га.

 

            Есептегенде алынған ауданның кiшi мәнін өзеннiң суару қабiлетiне қабылданады.

            Реттелген су көздерi үшін (су шығындарымен өзендер) өсiмдiктiң өсiп-өну кезеңi үшін суарылатын аудан, га:

 

Fnt.cyp = (2 * Wв * (c * (u / Мnt.ор.Қлш,                            (10.2)

 

            мұнда:  (2 - су тоғанының пайдалы көлемiн суаруға пайдалану мүмкіншiлiгi коэффициентi;  Wв - су т оғанының пайдалы көлемi, м3Мnt.ор.Қлш - жүйелердiң суармалы аудандарында өсiрiлетiн дақылдардың суландыру мөлшерінiң орташа өлшенген мәні, м3/га.   

            Ағыны реттелмеген кiшкентай суы аз өзендерде суды пайдалануды жоспарлау суармалы аудандарды сумен қамтамасыз етудi көтеруге арналған шараларды қарастырады. Ең алдымен күздегi, қыстағы және көктем  дегi ылғалды көтеруге арналған суаруды жүргізу, суармалы каналдарда сүзілуге қарсы шараларды жүргізу, суармалы жердiң құрылымын өзгерту және су тапшы жағдайда тиiмдi суландыру мөлшерін анықтау есебiнен, топырақтағы суды бiр жерге жинауға арналған шараларды жүргізедi.

            Суландыру тәсілi мен суару техникасын негiздеуге, суару техникасы элементтерiнiң негiзгi параметрлерiн оптимизациялауға (жүйектердiң ұзындықтары, суару шығындары, жаңбырдың қарқындылығы және т.с.с.) көбірек көңіл бөлінедi. Булану тапшылығы 500 мм көп   болғанда, ережеге байланысты, жердiң бетiмен суландыру тәсілi, ал кiшi мәнінде - жаңбырлатып суландыру тәсілi қолданылады. Күрделі табиғи жағдайларда, су қорларының тапшылығы кезiнде прогрессшiл суландыру тәсілi қолданылады (тамшылатып, топырақтың iшiмен, аэрозольдi). Таңдалған суару техникасына техникалық сипаттама берiледi. Суаруды ұйымдастыруға және технологиясына ерекше көңіл бөлінедi (учаскелердi суару кезегi, суару ұзақтығы, суару мөлшері және басқалар).

            Суландыру тәсілдерi және суару техникасына берiлген мөлшермен суаруды және берiлген мерзiмде, қорларды (судың, жердiң, энергияның) тиiмдi пайдалануды топырақ эрозиясын болдырмауды, суару кезiнде жоғарғы еңбек өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету керек.

            Суаратын және жаңбырлататын машиналардың жұмыс iстеу режимiн мiндеттi түрде барлық сипатты жылдармен кезеңдерде (вегетациялық, вегетациялық емес) тiзбектiң және сорап бекетінің жұмыс iстеу режимiмен үйлестiредi.

 

10.4 Суармалы жүйелердi басқарудағы жүйелі талдау

 

            Соңғы он бес - жиырма жылдардағы ғылыми-техникалық прогресс өндiрiстi басқару сүрақтарына жаңаша келуге мүмкіндiк бердi, оның iшiнде суармалы жүйелер де бар. Жүйелердi басқаруды қайта құруға маңызды ықпал жасаған кибернетиканың дамуы - күрделі жүйелердi басқаруға арналған ғылым. Қолданбалы кибернетиканың бүтақтары пайда болды - жүйелі талдау, яғни, жүйелер ретiнде және осы жүйелердi талдау арқылы ұсынылған нысаналардың қайсысы болмасын оларды зерттеу методологиясы. Бұндай тәсіл тiлеген мақсатқа жетуге әкелетiн альтернативтiк әрекеттердi жүйелі түрде зерттеудi және өзара салыстыруды жұмсалатын қордың бағасы негiзiнде альтернативтi салыстыру және әрбiр альтернативтен алынатын нәтижелердi, белгiсiздiктi есептеудi және толық талдауды болжайды. Сонымен, жүйелі талдау әдiсiн қолдану негiзiне «жүйе» түсiнiгi жатады. Жүйелі талдау  түсiнiгi жатады. Жүйелі талдау ғылыми концепциясында үлкен жүйенiң көп  шiлiк таныған қажеттi бiр қатар қасиеттерi бар екенiн атап қою керек.

            Жүргізiлген талдаулар, жүйелі талдау әдiсi гидромелиоративтiк жүйелердi басқаруда пайдалану үшін алдын ала керектi объективтi жағдайлардың қалыптасатынын көрсетедi, өйткенi оларға үлкен жүйелердiң өзiне тән ерекше белгiсi өзiне тән.

            Эмерджентность - жүйелерде қасиеттiң тұтастығының бар болуы, яғни, оларды құрайтын элементтерiне тиiстi емес жүйелердiң сондай қасиеттерi. Гидромелиоративтiк жүйелерге сәйкес - бұл өндiрiлген ауылшаруашылық өнiмдерiн тұрақтандыру, суару кең дамыған аймақтардағы әлеуметтiк құрылымның өзгеруi, бұл аймақтардағы жаңа экологиялық қасиеттер.

            Экономикалық гомеостаз - әлеуметтiк ортадағы өзгеретiн экономикалық жүйенiң орнықты және үйлесiмдi  (тепе-теңдiк) жұмыс iстеуi. Гидромелиоративтiк жүйелер үшін бұл қасиет үлкен жүйелерде көрсетiледi олардың өздерiнiң функцияларын кең диапазонда ауа-райының жағдайының, суарылатын ауданның құрылымының, шаруашылық әрекетiнiң жағдайының және т.с.с. Өзгеруiне байланысты орындау қабiлетi.

            Үртүрлiлiк - жүйелердiң әр түрлі күйiнiң өлшем саны. Гидромелиоративтiк жүйелер үшін әр түрлілiктi қысқарты жүйелердiң жұмыс iстеуiне толып жатқан кедергiлердiң бар болуы: каналдардың өткiзу қабiлеттiлiгi, ауылшаруашылық дақылдарын суару режимi, ғимараттардың керектi жұмыс режимi және олардағы жабдықтардың жарамдылығы.

            Жүйенi талдау әдiсiн гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланудағы ең перспективалы пайдалану облысының бiрi басқару өрiсi болып табылады. Әдеуір өзiне меншiктi әр түрлілiгiмен және иерархиялы негiзiнде ерекшеленетiн басқару жүйесін ұсынады. Бұл келесi аспектiлерде жүзеге асатын жүйелердi үйлесiмдi басқару әдiсiн жасауға және енгiзуге себепшi болуы мүмкін:

            - басқару және альтернативтi болуы мүмкін мақсатты орындау, оларға жету үшін басқару жүйелерiн жүйелі түрде зерттеу, функциональды схемаларды және толассыз функциональды схемаларды анықтау; тайыз орындарды табу;

            - ЭЕМ көмегімен ақпараттарды осы заманғы өңдеу тәсілдерiне, байланыс құралдарына, қолайлы шешiмдердi тез қабылдауға мүмкіншiлiк беретiн ұйымдастыру техникаларына негiзделген басқару жүйелерiн жасау (модельдер жүйесі).

            Көрсетiлген аспектiлер жүйелердi автоматты түрде басқару деп аталатын iрi тәуелсiз бағыт болып қалыптасты.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-26 18:01:58     Қаралды-10346

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »