UF

Нормативтік  сілтемелер

 

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС2Л04-2006КҚБЖ(ЕСКД).Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.

МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСҚД).Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

 

Кіріспе

 

 

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды  күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек.

1 Негізгі бөлім

1.1 Індетке қарсы шаралар

 

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.


Ірі мал фермалары мен кешендерді індеттен қорғау. Кешендерді салу және малмен толтыруға қойылатын санитариялық талаптар. Кешендердің ішкі және сыртқы санитариялық аймақтары, олардағы індетке қарсы шаралар.

1.2 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

 

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.

Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

 

Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.

Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.

Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.

 

1.3  Ұйымдастыру шаруашылық шаралары

 

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар - мал шаруашылығын дұрыс жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.

Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және арнайы шаралар - малды ауруға тексеру мен иммундеу, барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.

Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған жас-өспірімдер, екі қабат және емшекте баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен жабдықтау, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады.

Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың жауапкершіліктеріне сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, дәрістер өткізу арқылы жүргізеді.

Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән ретінде оқытылады.

 

1.4  Жұкпалы ауруларды дауалау шаралары

 

Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.

Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі.

Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда ерекше көңіл бөлетін мәселе - экзотикалық деп аталатын аурулардың алдын алу. Ондай ауруларға біздің елде кездеспейтін шошқаның африкалық обасы, блутанг, аусылдың сирек кездесетін типтері, т.б. жатады.

Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, елде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі.

Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине, бұл шаралардың бағыты мен мазмұны жағынан мемлекетаралық шекарадағы атқарылатын әдіс-амалдардан айырмашылықтары болады.


Мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды індеттен қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топалаң секілді қоздырушысы топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын аурудан ол жердің сау болуы шарт.

Жұқпалы ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал фермаларын әр түрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай

ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жұқпалы аурудың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады. Өндіріс орындарының ішінде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындары (тері заводы, ет комбинаты, т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған дұрыс.

Ферма территориясын қоршау. Санитариялық тұрғыдан мал фермалары мен кешендері жабық кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның биіктігі кемінде 180см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1м, тереңдігі 1,5м ор қазылады.

Ферманың ішкі территориясына қатынайтын көлік, егер мал тұрмайтын шаруашылық аймағына баратын болса (мысалы, жем-шөп әкелгенде), дез-тосқауыл арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар ветсан өткелек арқылы өткізіледі.


Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен әкелінген мал табынға қосардан бұрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп ұсталынады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта ұстау үшін жұқпалы аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі.

Карантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан әкелінген бұзаулардың карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.

Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы жұқпалы ауруларға, тексеріп отырады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, хламидиялық іш тастау, жылқыда маңқа, инфекциялық анемия, т.б. жатады.

Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Бұл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция жасалынады.

 

1.5 Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу

 

Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жасанды жолмен, яғни қолдан иммундеу белсенді және енжар әдістер арқылы іске асырылады. Белсенді иммундеу үшін вакциналар, ал енжар иммундеу үшін иммуноглобулин препараттары қолданылады.

Вакциналар тірі және өлтірілген деп аталатын екі топқа бөлінеді.

Тірі вакциналар. Тірі вакциналар ауру қоздырушыларының тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар әлсіретілген және әлсіретілмеген деп аталатын топтарға бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы микробтың уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп тиісті бір ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен уыттылығы бәсеңдетілген түрін айтады. Уыттылығының төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғалтып, иммунитет қалыптастыру қасиетін сақтайтындай дәрежеде болуы қажет. Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым қуалап, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болса, ондай әлсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, яғни вакцина даярлау үшін қолданады.

Тарихи тұрғыдан қарастырғанда адамзат алғашында вакцина ретінде өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Адамзат сүт ашытатын микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл ауруларға қарсы егу үшін құрамында ауру қоздырушы микроб бар әр түрлі патологиялық материалдар пайдаланылған.

Адамға шешек егу вариолау деп аталады. Іс жүзінде бұл адамнан адамға шешекті қолдан жұқтыру еді. Ал қойдан қойға шешекті егу овиналау деп аталады. Кейін (1902 ж.) қойға егілген шешек сөлі - овина өндірістік әдіспен алына бастады. Қазір бұл дәрмектің негізінде аллюминий гидрототықты формолвакцина даярланады. 1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер халық тәжірибесіне сүйеніп, адамға сиырдың шешегін егуді ұсынды. Бұл әдіс вакциналау (вакцинация, латынша vасса - сиыр) деп аталды да, бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу әдістерінің барлық түрлері осылайша аталатын болды.

Әлсіретілмеген вакциналарды пайдалану қазіргі уақытта да қалған жоқ, Мысалы, қазір құс шешегіне қарсы вакцина ретінде тауық пен күрке тауықты егу үшін шешек вирусының көгершіннен алынған штаммы қолданылады.

 

Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егудің өзіндік ерекше әдістері бар. Бүл дәрмектер әдеттегіден тыс микробтың денеге табиғи жолмен енуіне керағар организмдегі белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы, овинаны қойдың құйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін сиырдың құйыршығының ұшының сырт жағына, кебенек сөлін ешкінің маңдайына, құс шешегін құстың балақ қауырсынының ұясына (фолликуласына) жібереді. Вакцинаны бұлай еккенде орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры сәтті аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.

Соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың тағы бір әдісі пайдаланыла бастады. Бұл - гетерологиялық иммунитетті (гетероиммунитет) пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқыш иммунитет деп те атайды, оның негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, шошқа обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.

Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.

Әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы төмендеген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудыратын қасиетін

мейлінше сақтауы қажет. Екінші сөзбен айтканда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық штамм организмге енгізілгеңде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуно-морфологиялық болып табылады.

Әлсіретілген вакциналық штамм - ауру қоздырушының сапалық жағынан басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген жөн. Вакциналық штамм ретінде әлсіреген микробтың табиғи жағдайда пайда болған немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір тармағы (клоны) пайдаланылады. Бұндай клондарды табу үшін ауру жануарлардан бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сұрыптау жұмысын жүргізеді. Ал жасанды жолмен алу үшін ұзақ уақыт қоректік ортада өсіреді немесе әр түрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді , не болмаса әр түрлі  мутогендік факторлармен әсер  етеді.  Мұндай жасанды мутанттар алудың әдістерін үш топқа бөлуге болады:

1.Химиялық әдістер: азот қышқылы, т.б. химиялық заттармен әсер ету. 2.Физикалық әдістер: ультракүлгін сәуле, температура, радиация, т.б.

3. Биологиялық әдістер: бактериофагтар, антибиотиктер, жануар организмі арқылы пассаж, т.б.

Әлсіретілген тірі вакциналардың алыну тарихына аздап шолу жасасақ, бұл әдістің негізін қалаған Л.Пастер топалаң микробын жоғары температурада (42,5-43° С) өсіру арқылы оның уыттылығын төмендетті. Жануарлар арқылы пассаж жасау да Л.Пастер тапқан әдіс. Ол құтырық вирусын үй қояны арқылы үздіксіз пассаж жасау арқылы вакциналық штамм вирус-фикс (fiхе - бекіту) алды..

Аталған әдіс вирустық инфекцияларға қарсы вакцина алу үшін кеңінен пайдаланылады. Алынған вакциналық штамдар пассаж жасау үшін пайдаланған жануарлардың түріне қарап әр түрлі атауларға ие болды. Мысалы, үй қояны арқылы пассаж жасалса, ондай штамм лапинделген (lаріnus - үй қояны), құс арқылы болса авинделген (avis - құс) деп аталады. Ал ұлпа өсіндісіне өсірілуге бейімделген штамм өсіндік, ал құс эмбрионында өсуге бейімделсе эмбриондық вакцина деп атау қалыптасты.

Соңғы кезде микроорганизмдердің вакциналық штаммдарын алу үшін генноинженерлік әдістер пайдаланыла бастады. Вакцинаны гендік инженерлік әдіспен синтездеу (құрастыру) үшін ауру қоздырушысының антигендік детерминанты үшін жауапты ДНҚ сегментін прокариот немесе эукариот жасуша жүйесіне енгізеді. Бұл әдіспен әр түрлі ауру қоздырушы микробтардың антигендік құрамын өзгертуге, не болмаса ауру қоздырмайтын сапрофитті микробка ауру қоздыратын микробтың антигенін көшіріп

қондыруға болады.

Өлтірілген вакциналар. Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздырушы микробтарды әр түрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін бактерияларды тығыз немесе сұйық қоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс орындарында микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең тарауына байланысты көбінде сұйық қоректік орта пайдаланылады. Алынған микробтарды өлтіру үшін әдетте формалин, фенол, мертиолат (тиомерсал), ацетон, ал кей жағдайда жоғары температура, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс пайдаланылады. Осыдан келіп формолвакцина, фенол вакцина, мертиолат вакцина (тиомерсал вакцина), қыздырылған вакцина, дезинтеграциаланган (улътрадыбыспен талқандалған) вакцина, т.т. атаулар пайда болған. Осы аталған заттардың ішінде формалиннің әсері ерекше. Ол микробты өлтіріп қана қоймай, оның токсиндерінің улық қасиетін бейтараптайды. Формалинмен, бейтараптанған токсин анатоксин деп аталады, ол иммуногендік қасиетін толық сақтайды. Француз ғалымы Г.Рамон ашқан бұл жаңалық сіреспеге, дифтерияға қарсы вакциналар даярлауға мүмкіндік берді. Мұлдай вакциналар анатоксин вакциналар немесе анавакциналар деп аталады. Өлтірілген вакциналар тірі вакциналарға қарағанда иммуногендік қасиеті жағынан анағұрлым төмен. Бұл кемшіліктің аз да болса орнын толтыруға адъюванттардың көмегі бар. Адъюванттарды да Г. Рамон (1925) ұсынған болатын. Бірталай заттар: аллюминий гидрототығы, ашудастар (квасцы), өсімдік майлары, ланолин, лецитин, хлорлы кальций антигендердің иммуногендік қасиетін арттырады. Адъювантпен араластырылған антиген кіргізілген орында қабынған түйіршік (гранулема) түзіледі, соның нәтижесінде антигеннің организмге сіңуі баяулап, ыдырайтын және әсер ететін мерзімі ұзарады. Сондықтан мұндай вакциналарды деполандырылған (депо - қойма) деп те атайды. Лимфалық элементтердің молынан шоғырлануына байланысты қабынған түйіршіктерде антиденелердің 80% дейіні түзіледі. Адъюванттардың мутогендік қасиеті бар. Олардың әсерінен маңындағы және алыстағы сөл түйіндерінде, көк бауырда көптеген бұдырмақтар пайда болады. Бұл бұдырмақтар - белсендірілген лимфоциттердің шоғыры.

Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендер болады. Ауруға қарсы иммунитет пайда болуы үшін олардың барлығының маңызы бірдей емес. Тек қана протективті (қорғаушы) деп аталатын антигендер ауруға қарсы иммунитет тудыра алады. Энтербактериялардың протективті антигендеріне Vі-антиген, ішек таяқшасында К-антиген жатады. Осындай тазартылған протективті антигеннен даярланған вакциналар химиялық вакциналар деп аталады. Мұндай вакциналар организмде жайсыз реакциялар тудырмайды, ондай препараттардың болашағы зор.

Жануарларды иммундеу әдістері. Иммундеудің нәтижесі қолданылатын дәрмектің иммуногендік қасиетіне ғана емес, оны қолдану әдісіне де байланысты. Сонымен қатар жануарларды жаппай иммундеу оларды ауруға тексеру (аллергиялық тексеру, қан алу) сияқты көп еңбекті қажет етеді.

Жануарларды негізінен екі түрлі жолмен: жекелей және жаппай иммундеуге

болады. Дара иммундеу жануарлардың әрқайсысына жеке-жеке вакцина жіберу арқылы, ал топтап иммундеу жануарлардың тұтас бір тобына вакцинамен бірден әсер ету арқылы іске асырылады. Жекелей иммундеу кезінде вакцинаны бұлшық етке, тері астына, тері ішіне, тері үстіне жібереді. Бүл әдістерді парентеральдық деп атайды (ішекке соқпай, яғни ішек арқылы емес, деген мағынада). Парентеральдық жолға көк тамырға енгізу де жатады, бірақ бұл әдіспен іс жүзінде ешбір вакцина жіберілмейді. Энтеральдық жолмен яғни ішек арқылы, дәлірек айтқанда ауыз арқылы, яғни пероральдық жолмен, вакциналау әдісі кеңінен қолданылады. Сонымен қатар вакцинаны әр түрлі кілегейлі қабықтар арқылы да (танау қуысына, көз конъюнктивасына, клоакаға, емшек үрпіне) денеге енгізуге болады.

Вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектің антигендік физикалық және химиялық қасиеттері және тиісті аурудың ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, тері астына топалаңның және құтырықтың, бұлшық етке қысаға мен лептоспироздың, тері үстіне шешектің, танау қуысына парагрипптің, емшек үрпіне (интрацистернальдық немесе диалетикалық жолмен) колибактериоз бен қылаудың вакциналары жіберіледі.

Топтап вакциналау екі түрлі жолмен: ауыз арқылы (энтеральдық немесе пероральдық әдіс) және аэрозольдік (аэрогендік немесе аспирациялық) әдіспен іске асырылады. Бұл әдістер еңбек өнімділігін шұғыл арттырып, вакцинациялау жұмысын көп жеңілдетеді. Пероральдық әдіспен алиментарлық жолмен жұғатын, ал аэрозольдік әдіспен респираторлық жолмен жұғатын ауруларға қарсы егу жақсы нәтиже береді. Бірақ бұл заңдылық бұлжымайтын қағида емес. Іс жүзінде жаппай егетін әдістің екеуін де, аурудың табиғи жұғу жолы қандай болмасын (алиментарлық, аэрогендік, трансмиссивтік немесе жанасу арқылы) пайдалана беруге болады. Әйтсе де респираторлық инфекциялар кезінде аэрозольдік, ал алиментарлық инфекциялар кезінде пероральдік егу әдісі жақсы нәтиже береді. Өйткені организмді жұқпалы аурудан сақтандырғанда жалпы иммунитетпен қатар, орны шектелген иммунитет те үлкен рөл атқарады.

Аэрозольдік әдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды, терісі бағалы андарды иммундеу жөнінде біраз тәжірибе жинақталған. Құсты Ньюкасл ауруына, шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәтижесі аэрозольдің көлеміне байланысты. Ірі аэрбзольдер жоғарғы тыныс жолдарында шөгеді де, өте майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиолалары мен альвеолаларына өтеді. Аэрогендік әдіспен иммундеу үшін вакцинаны құрғақ немесе сұйық күйінде де пайдалануға болды. Әйтседе бірдей нәтижеге жету үшін сұйық вакцинаға қарағанда құрғақ вакцина анағүрлым көп мөлшерде қажет болады. Иммундеудің нәтижесі тірі вакцинаның аэрозоль күйінде тіршілігін сақтауына байланысты. Бүркілген вакцина штаммы жылдам кебуінің салдырынан тез өле бастайды. Оның тіршілігін сақтауы табиғатына, ортаның температурасы мен ылғалдығына байланысты. Аэрозольдік жолмен иммундеу үшін тірі вакциналар тиімді. Олардың ауада тіршілігін ұзақ уақыт сақтау үшін әр түрлі тұрақтандырушы қоспалар пайдаланылады. Ондай қоспалар ретінде қолданылатын кептірілген сүт, глицерин аэрозоль бөлшектерінің ылғалын сақтауға көмектеседі.

Аэрозольдік вакцина ретінде аз уақыт ішінде (1-3 тәулікте) иммунитет қалыптастыратын штаммдарды пайдаланған тиімді. Ондай вакцина адам мен жануарлар үшін қауіпсіз болуы керек. Аэрозольдік әдіс тез арада ауруды дауалауға мүмкіндік береді. Бірақ герметикаландырылған қора-жайды, тиісті аэрозольдік генераторлар мен бүріккіштерді керек етеді.

Пероральді иммундеу ең қарапайым және денеге бөгде заттың енетін табиғи жолы болып табылады. Бүл әдісті 1930-жылдары Безредка бактериялық ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі) кезінде жан-жақты зерттеген болатын. Бірақ ол кездегі вакциналардың жарамсыздығынан іске аспай қалды. Кейінірек бұл әдіс медицинада пайдаланыла бастады да, кейбір ауруға, мысалы полимиелитке қарсы егуде негізгі әдіске айналды. Ветеринарияда Ньюкасл ауруының ВІ және Ла-Сота штамдарынан даярланған вакциналарды тауыққа суға қосып ішкізеді.

Энтеральдік вакциналарды даярлағанда оларға қарын сөлінің қолайсыз әсері ескеріліп, таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен қорғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.

Пероральді иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуысында сіңіріле бастайды, мысалы, шешек вирусы мен аденовирустар. Жалпы ішек-қарын жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен көкбауырда іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморальдік, жасушалық және орны шектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады. Ерекше атап өтетін жағдай антиденелер қанда ғана емес, секреттік А иммуноглобулин ретінде сілекейге, ішек сөліне, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұндай антиденелер ішекке тән жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды рөл атқарады.

Пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған. Өте жақсы нәтиже бұзауды колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін Сидоров пен Курашвили (1981) колипротектан деп аталатын дәрмек ұсынды. Торайларға колиэнтеро-токсемияға қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нәтиже береді. Диктиокаулез гельминтінің балапан құрттарына рентген сәулесімен әсер етіп, пероральдік жолмен иммундеу үшін пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік әдіс жабайы жануарларды, мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын етке қосып беру арқылы, иммундеудің бірден-бір қолайлы жолы болып табылады.

Жануарларды жаппай иммундеуді жеңілдету мақсатында бірнеше вакцинаны бір мезгілде егуге болады. Бұл әдіс кешенді вакциналау деп аталады. Кешенді иммундеу кезінде әрбір вакцина жеке-жеке егіледі. Әр түрлі вакцинаны даярлаған кезінде араластырып қоспа (ассоциацияланган) вакцина даярлау биология өндірісінде жолға қойылып, дамытылып келеді.

 

 2 Өзіндік зерттеу

 

 Курстық  жұмысты орындау барысында жұқпалы ауруларды балаудың ерекшеліктері зерттелді. Жұқпалы ауруды балау, немесе диагноз қою, аурудың кез келген түріне (ішкі жұқпайтын, оташылық, т.б.) қатысты ортақ заңдылықтарына негізделген. Әйтсе де жұқпалы ауруларды балаудың өзіндік үш түрлі ерекшеліктері бар.

Жұқпалы аурудың әрқайсысының өзіне тән телімді тірі қоздырушысы    болатындықтан, сол қоздырушыны ауырған жануардың денесінен тауып, оны анықтау диагноз қоюға толық негіз болады. Жұқпалы ауру кезінде денеде ауру қоздырушыға қарсы өзіне тән иммундік жауап реакциялары болатындықтан, осы өзгерістерді аллергиялық немесе серологиялық тәсілдермен анықтау - ауруды балаудың аса бір тиімді әдістері болып табылады.

Жұқпалы ауруға індет процесі тән болғандықтан, індеттену ерекшеліктерін ескеру арқылы балау жұмыстарына тиісті бір бағдар беруге болады.

Жұқпалы ауруларды балау кешенді түрде жүргізіледі де, бұл кешен мынандай құрама бөліктерден тұрады:  

  1. Індеттанулық әдіс.
  2. Клиникалық әдіс.
  3. Патологиялық-анатомиялық әдіс.

4. Микробиологиялық (бактериологиялық, микологиялық, вирусологиялық) әдіс.

5.Серологиялықәдіс.

6. Аллергиялы эдіс.

Жұқпалы ауруды балау кезінде диагноздың екі түрін ажыратқан жөн. Олар - нозологиялық және індеттанулық диагноз. Нозологиялық балау аурудың түрін (мысалы: бруцеллез, топалаң, сіреспе) анықтауға саяды. Індеттанулық балау толық індеттік жағдайды анықтауға бағытталған. Індеттанулық балау негізінде індеттің буындары (инфекция қоздырушысының бастауы, оның берілу тетіктері мен ауруға бейім жануарлар) және індет ошағының ерекшеліктері мен шекарасы анықталады. Тек егжей-тегжейлі іңдеттанулық балау негізінде ғана індетке қарсы нәтижелі жұмыс жүргізуге болады.

Індеттанулық балау әдісі. Індеттанулық балау әдістері індеттің шығуы мен таралуына қатысты төмендегідей мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

  1. Індеттік жағдай.
  2. Індет бұғауының буындары.
  3. Аурудың індеттік ерекшеліктері.

Індеттік жағдайдың негізгі көрсеткіші - күдік тудырған аурудың сол өңірде бар немесе жоқ екендігі. Басқаша айтқанда, тиісті індет ошағының немесе табиғи ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл аймақта болмаса, осы аурудың басқа жердегі ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкін екендігін анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының нысандарын талдауға тікелей

қатысты. Індет бұғауының буындарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен басталады. Ауруға бейім жануар індет бұғауының соңғы буыны болса да, жануардың ауруға бейімділігі балау жұмыстарында бірінші кезекте ескеріледі. Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпайтындықтан малдың бұл түлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз әрекет екені даусыз. Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс және жас ерекшеліктеріне негізделіп қарастырылады.

Індет бұғауының буындарын талдағанда екінші кезекте күдік тудырған ауру қоздырушысының бастауы болып табылатын ауру немесе микроб алып жүруші жануардың бар немесе жоқ екені анықталады. Егер инфекция қоздырушысының бастауы табылса, оның берілу тетіктері іздестіріледі. Ауруға бейім жануар инфекция қоздырушысымен тікелей жанаспаған жағдайда жұғу факторлары мен тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы анықталады. Сонымен қатар инфекцияның қарастырылып отырған жағдайдағы мүмкін болатын берілу жолдары және олардың осы аурудың ерекшеліктерімен үйлесімділігі.

Аурудың індеттік ерекшеліктеріне тоқталғанда, оның қарқыны (спорадия, эпизоотия, панзоотия), жұғымталдығы, шығын және өлім көрсеткіштері, т.б. ескеріледі. Сонымен қатар аурудың маусымдық және кезеңдік ерекшеліктері оны балау үшін құнды деректер болып табылады.

Індеттанулық балау әдісі түпкілікті нозологиялық диагноз қоюға толық мүмкіндік бермегенмен, басқа дәлдігі жоғары арнаулы әдістерді пайдалануға бағдар береді.

Клиникалық балау әдісі. Ауырған жануарды клиникалық тексеру-балаудың міндетті шарты. Сіреспе, қысаға, аусыл, құтырық сияқты аурулар кезінде клиникалық тексерудің диагноз қою үшін шешуші маңызы бар,  көптеген жұқпалы аурулар кезінде бұл аса құнды қосымша әдіс болып табылады. Індеттанулық талдаумен қатар клиникалық тексеру ауруға лабораториялық зерттеуді белгілі бір бағдарда жүргізуге жағдай жасайды. Клиникалық тексеру кезінде ауырған жануардан тірі кезінде лабораториялык зерттеулер үшін тиісті материалдар алынады.

Жұқпалы ауруларға клиникалық балау жүргізгенде олардың мынандай ерекшеліктерін ескеру керек.

Жұқпалы аурулардың өршуінің сатылығы (стадиялығы). Аурудың бірінен соң бірі келетін жасырын, клиника алдындағы, клиникалық және ақырғы қорытынды сатылары болады. Сондықтан аурудың белгілерін динамикалык өзгерістерін ескере отырып қарастырады.

Инфекциялық синдромға тән құбылыстар. Инфекциялық синдром деп этиологиясына қатыссыз жұқпалы аурулардың көпшілігіне тән клиникалык белгілер кешенін айтады. Бұл белгілері арқылы аурудың жұқпалы екендігі пайымдалады.

Көп жағдайда инфекциялық синдром организмнің жалпы өзгерістері ретінде байқалады. Бұл өзгерістер: дененің қызынуы, жабырқау, тәбеттің жойылуы, метоболиттік ақаулар. Кейде инфекциялық

синдром орны шектелген ақаулар арқылы білінеді. Мұндай құбылыстар белгілі бір ұлпалар мен мүшелердің шектеулі зақымдануы кезінде байқалады. Орны шектелген инфекциялық процестің әдеттегі белгілері - жалпы қабыну құбылыстарына тән өзгерістер: rubor, tumor, саlor, dolor және functio leasa. Бұған осы мүшеге ғана тән симптоматологиялық белгілер қосылады.

Көптеген жұқпалы аурулар кезінде сепсис (өлі тию) байқалады. Сепсистің клиникалық белгілері: дененің ыстығы 2-4° С өзгеріп тұратын қайталама қызба, демігу, тамыр соғуының жиілеп-бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, кілегейлі қабықтардың сарғаюы, ішек-қарын қызметінің бұзылып іш өтуі, құрысу. салдану, көз бен мұрыннан сора ағу, ядросы солға ауысқан лейкоцитоз.

Жануарларды клиникалық тексеру жалпы, арнаулы және лабораториялық әдістерді пайдаланып жүргізіледі. Жалпы әдістерге жататындар: тіркеу. анамнез, қарау және бақылау, дененің ыстығын өлшеу, пальпация, перкуссия. аускультация. Арнаулы әдістер: зондтау, катетерлеу, эндоскопия, ультрадыбыспен зерттеу, рентгеноскопия, графикалық әдістер (ЭКГ, ринография, пневмография, гастрография, сфигмография, флегмография, рентгенография).

Лабораториялық әдістер: несептің, нәжістің, ликвордың т.б. анализдері.

Клиникалық зерттеу нозологиялық диагноз қоюмен қатар аурудың біліну түрлерін де айқындауға мүмкіндік береді.  Аурудың клиникалық түрлері әдеттегі (кәдімгі), әдеттегінден тыс, аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы, үзікті, зілді, зілсіз, орны шектелген, жайылған, т.б. Аурудың мұндай түрлерін айқындаудың емдеу үшін маңызы аса зор.

Патологиялық-анатомиялық балау әдісі. Патологоанатомиялық әдістің жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін көмегі зор. Жұқпалы ауруды балау үшін үш түрлі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескеру қажет.

1.  Инфекция қоздырушысының денеге енген жерінде болатын өзгерістер.

2. Инфекциялық процестерге тән денедегі жалпы патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

3.  Жекелеген жұқпалы аурудың өзіне тән телімді өзгерістері.
Жұқпалы аурудың қоздырушысы денеге енген инфекция қақпасында әдетте бастапқы ошақ немесе бастапқы эффект пайда болады. Мысалы, өкпедегі немесе ішектегі туберкулез ошағы, аусыл кезіндегі бастапқы апта , топалаң кезіндегі терідегі карбункул. Бастапқы ошақты толық және толық емес бастапқы кешен деп атайды.

Бастапқы толық кешен деп тиісті мүше мен оның маңындағы сөл түйіні бірдей зақымдануын атайды. Егер микроб енген жерде ақау болмай тек қана маңындағы сөл түйіні ғана зақымданса, онда ол толық емес бастапқы кешен болып табылады. Егер бастапқы ошақ бір ғана емес бірнеше мүшелерде болса, ондай ошақ күрделі бастапқы кешен деп аталады. Мысалы туберкулез кезінде өкпе мен ішек қатарынан зақымдануы мүмкін.

Инфекциялық процестерге тән денедегі жалпы өзгерістерге мыналар жатады:

  • қан және сөл айналымының бұзылуы;
  • торшаларының көбеюі;
  • ішкі ағзалардағы дистрофиялық өліеттену құбылыстары;
  • кілегейлі қабықтар мен терінің зақымдануы.

Қан және сөл айналымының бұзылуы - ауру қоздырушысының және оның уларының қан тамырына және қан айналу орталығына әсер етуінің және аллергиялық реакциялардың нәтижесі. Геморрагия (қанталау) ауруды балау кезінде ескерілетін негізгі бір ерекшелік, бұндай құбылыс барлық жіті өтетін және бірталай созылмалы жұқпалы ауруларда кездеседі. Геморрагиямен қатар тері асты шелінің домбығуы жиі байқалады. Аллергиялық процестер кезінде қан тамырларының қабырғасында фибринозды өліеттену кездеседі. Жүректің кызметінің бұзылуы тоқырау құбылыстарын тудырып, оның нәтижесінде тері асты шелі қабынып, сірілі қуыстарда транссудат жиналады.

Жұқпалы ауруларды балау кезінде лимфоидты мүшелерде болатын өзгерістерге ерекше көңіл бөлінеді. Көкбауыр мен сөл түйіндерінің гиперплазия (ұлғаюы) жұқпалы ауруларға тән заңды құбылыс. Көкбауыр әсіресе жіті өтетін өлі тиген жұқпалы аурулар кезінде (мысалы, топалаң) өте зор өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан да өлітиген көкбауыр деп бұл ағзаның шектен тыс ұлғайып, оның ұлпасының жұмсарып, кескен кезде қоймалжыңдануын айтады. Созылмалы аурулар кезінде (мысалы, жұқпалы анемия) көк-бауыр аздап қана ұлғайып консистенциясы нығыздалып, кескен кезде бозарыңқы болады. Жаңа туған және көтерем болған жануарларда көкбауыр өзгеріске аз ұшырайды.

Дистрофиялық өліеттену процестері де ауру қоздырушысы мен оның уларының әсерінен болады. Бұлар көбінесе өлітиген инфекциялар, токсико ифекциялар және сенсибилизация (сезімталдану) кезінде байқалады.

Жұқпалы ауруларды балау үшін гистологиялық зерттеулердің маңызы зор. Оның нәтижесінде төмендегі құбылыстарды анықтауға болады:

  • инфекциялық патологиялық процестердің өршуі;
  • иммунологиялық қорғаныс процестерінің дамуы;
  • әрбір ауруға тән өзгерістердің білінуі, әсіресе вирустық аурулар кез

байқалатын жасуша ішіндегі денешіктер (тельца-включения). Ішкергі денешіктерді табу вирустық ауруларға түпкілікті   диагноз қоюға негіз болады. Олар цитоплазмалық және ядролық болып бөлінеді. Цитоплазмада болатын денешіктер құтырық (Бабеш-Негри денешіктері), шешек (Болингер денешіктері), грипп, парагрипп, сиыр обасы, пситтакоз кезінде кездеседі. Ядрода болатын денешіктер Борн ауруы, сиыр ринотрахеиті, жылқы ринопневмониясы, везикулярлық стоматит, құс ларинготрахеиті кезінде байқалады.

Жұқпалы ауруларды балаудың арнайы әдістері. Індеттанулық, клиникалық және патологоанатомиялық әдістердің көмегімен кейбір жекелеген жұқпалы ауруларға ғана диагноз қою мүмкін. Көбінде бұл зерттеулердің нәтижесінде белгілі бір ауруға күдіктенуге болады. Бұл арнаулы әдістер аурудын өзіне тән қоздырушысын немесе оған қарсы жануар денесіндегі

өзгеше иммунологиялық құбылыстарды айқындауға негізделген. Мұндай арнаулы әдістерге микробиологиялық (бактериологиялық, вирусологиялық), серологиялық және аллергиялық зерттеулер жатады.

Бактериологиялық зерттеу. Бактериологиялық балау әдісі жұқпалы ауруларға шалдыққан жануардың денесінен ауру қоздырушы зардапты микробты табуға негізделген. Микробты табу "индикация" оның қай түрге жататындығын айқындау "идентификация" деп аталады. Бактериологиялық зерттеу үш түрлі буыннан тұрады. Олар: микроскоппен көру яғни микроскопия (микроскоптау), бактерияны қоректік ортада өсіріп өсін алу және лабораториялық жануарларға жұқтырып биосынама қою.

Бактериологиялық зерттеу оң нәтиже берген жағдайда іс жүзінде тұжырымды диагноз қоюға болады. Тек кейбір шартты түрдегі зардапты микробтар (сальмонеллалар, пастереллалар, эшерихиялар) табылған кезде басқа балау әдістерінің көмегімен ауру немесе микроб алып жүру екенін ажыратуға тура келеді. Енді бір жағдайда табылған микробтың індеттік штамм немесе вакциналық штамм екенін айқындау қажет болады. Қазіргі замандағы әдістер бұл қиындықтарды жеңуге толық мүмкіндік береді.

Вирусологиялық зерттеу. Вирусологиялық әдістің бактериологиялық зерттеулерден біршама өзгешеліктері бар. Вирус жасуша ішінде тіршілік ететіндіктен вирионды босатып алу үшін ең әуелі патматериалды мұқият ұнтақтап, суспензия дайындайды. Вирусты бөліп алу үшін суспензияны тауық эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізеді, болмаса лабораториялық немесе табиғи бейім жануарларға жұқтырады. Жұқтырудың нәтижесі оң болған жағдайда өсіп-өнген вирусты айқындау үшін әр түрлі серологиялық реакциялар пайдаланылады.

Аллергиялық зерттеу. Жүқпалы ауруларды аллергиялық әдістермен балау баяу типті сезімталдыққа негізделген. Бұндай зерттеулер ауру қоздырушы микробтардың антигендерінен даярланатын аллергендердің көмегімен іске асырылады. Аллергиялық балау туберкулез, паратуберкулез, бруцеллез, маңқа, топалаңның созылмалы түрі (шошқада) сияқты аурулар кезінде пайдаланылады.

Аллергенді негізінен орны .шектелген реакция үшін тері ішіне, қабақ астына, көздің конъюнктивасына жібереді.

Орны шектелген реакция аллерген енгізген жердің қабынуы арқылы білінеді. Соның нәтижесінде тері қыртысы қалыңдайды, қабақ асты бүлтияды, ал көздің қасаң қабығы қабынып, ірің аралас жас ағады.

Кей жағдайда, орны шектелген реакцияның нәтижесі дүдәмал болса немесе бұндай зерттеуді жүргізу мүмкін болмаса, организмнің жалпы реакциясын анықтайтын зерттеулер жүргізеді. Бұндай жағдайда аллергенді вена ішіне немесе тері астына жібереді Орны шектелген реакциядан гөрі жалпы реакцияны анықтау мейлінше дәлірек мәлімет береді.

Серологиялық зерттеу. Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс іn vіtго өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындайды. Антиген

мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Сондықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларда антиген мен антиденеден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, антиглобулин, т.б. пайдаланылады. Серологиялық реакциялардың компоненттері өзгермеген (табиғи қалпындағы), алып жүруші негізге (эритроцит, латекс, декстран, т.б.) жабыстырылған және радиоактивті изотоп, люминисцентті бояу немесе тағы басқалармен таңбаланған болуы мүмкін. Антиген мен антидене қосылғанда белгілі бір құбылыс байқалады. Мысалы, антигендер жабысып іріміктенеді (агглютинация, преципитация) немесе ериді (лизис). Осы құбылыстарды тікелей бақылаумен қатар, бір тектес қос компонентті жарыстырып, бірінің әсерін екіншісі тежеуі арқылы да серологиялық реакцияның нәтижесін бақылауға болады. Мұндай реакциялардың бірінші түрі тікелей жүретін реакциялар да, екінші түрі - тежелінген реакциялар. Сонымен біздің пайымдауымызша (Т.Сайдулдин, 1982) серологиялық реакциялар негізгі екі жікке бөлінеді: қосымша факторлары жоқ реакциялар және қосымша факторлары бар реакциялар. Бұлардың әрқайсысы компонентерінің ерекшеліктеріне байланысты компоненттері өзгермеген, компоненттері жабыстырылған және компоненттері таңбаланған деп аталатын үш топқа бөлінеді.

Серологиялық реакцияларда антигенді, не болмаса антиденені айқындауға болады. Антигенді айқындау үшін алдын ала белгілі, құрамында сол антигенге қарсы антиденелер бар қан сарысу немесе иммунологлобулиндес пайдаланылады. Керісінше антиденелерді айқындау үшін алдын ала белгілі стандартты антиген қажет.

Антигенді айқындау мақсатымен серологиялық зерттеу үшін қоздырушы микроб немесе оның антигені бар-ау деген патматериалды пайдаланады. Мысалы, бұл мақсатпен құтырыққа ауырған жануардың миын, топалаңға малдың терісін тексереді. Патматериалда антигеннің табылуы диагностикалық маңызы жағынан сол аурудың қоздырушысының табылуымен пара-пар болып есептеледі.

Серологиялық реакциялардың көмегімен бөлініп алынған ауру қоздырушысын да тексеріп, оның түрін, тіпті серологиялық вариант (серовар) деп аталатын қоздырушының айрықша жекелеген топтарын айқындауға болады. Сондықтан серологиялық реакциялар бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулердің басым көпшілігінің құрама бөлігі болып табылады.

Серологиялық әдіспен ауру қоздырушысына қарсы антиденелерді айқындау үшін негізінен қан сарысуы тексеріледі. Бұл жолмен жұқпалы ауруларға диагноз қойғанда мынандай жайттарды ескеру қажет. Антидене жануарлардың қанында ауру нәтижесінде ғана емес вакцинамен иммундеу себепті болуы да мүмкін. Денесінде әр түрлі микробтардың ортақ антигендері болуы нәтижесінде ауырмаған және вакцинамен егілмеген организмде қалыпты (нормадағы) мөлшерде антиденелер кездеседі. Сондықтан антиденелердің

диагностикалық титрі деген үғым қалыптасқан. Мысалы, сиырдың қан сарысуында бруцеллезге қарсы антидененің агглютинация реакциясындағы титрі 1:100-ден жоғары болғанда зерттеудің нәтижесі оң, яғни мал ауру деп есептеледі. Титрі 1:50 болса, зерттеудің нәтижесі дүдәмал, ал 1:25 және одан төмен болса реакцияның нәтижесі теріс, яғни мал сау деп есептеледі.

Антиденелерді айқындау арқылы жұқпалы ауруларға серологиялық диагноз қойғанда кей жағдайда жұп сарысу әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін тексеретін малдан арасына екі аптадай үзіліс салып екі мәрте қан алады. Егер соңғы зерттеу кезіңде алдыңғысымен салыстырғанда, антидененің титрі 4 есе немесе одан да жоғары артса, диагноз қойылды деп есептелінеді. Егер титрі бұрынғы мөлшерде сақталса немесе 2 есе ғана артса, зерттеудің нәтижесі дүдәмал болып есептеледі. Ал титрдің төмендеуі оның бұрынғы аурудан, әлде вакцина егуден немесе айқыш иммунитеттен қалған анемнездік жадылық реакция ретінде бағаланады. Бұл айтылғандар көпшілік жағдайға ортақ жалпы заңдылық, ал кейбір жануарларда зерттеу нәтижесі бұл ережемен сәйкеспеуі мүмкін.

Індеттанулық балау. Жоғарыда қарастырылған ауруды балаудың жолдары нозологиялық диагноз қоюға бағытталған. Нозологиялық балау үшін негізінен бір ғана ауырған жануарды немесе одан алынған материалды зерттеу жеткілікті. Ал індеттанулық балау тұтас бір территорияда індет процесінің дамуы мен індеттік жағдайдың қалыптасуын анықтауды қажет етеді. Ол үшін сол территориядағы жануарлар арасында жұқпалы аурудың таралуы, қоршаған ортадағы жұғу факторлары мен инфекция қоздырушыларының тасымалдаушылары және тағы басқа да індеттенуге қатысты жәйттер мұқият  тексеріледі. Нозологиялық диагноз қою үшін іңдеттанулық балау әдісі қолданылады. Одан індеттанулық балаудың айырмашылығы: біріншісі зерттеу әдісі болса, соңғысы зерттеудің қорытындысы. Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін індеттенуге қатысты кейбір мағлұматтарды ғана қамтыса,індеттанулық балау індет процесі мен індет ошағы туралы керекті мәліметтердің тұжырымдалған қорытындысы болып табылады. Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін қызмет етсе, індеттанулық балау іңдетке қарсы нақтылы шараларды іске асырудың жолдарын көрсетеді. Нозологиялық диагноз қойғанда індеттанулық әдістер арқылы ауру қоздырушысының бастауы және оның берілу тетіктерінің немесе індет ошағының бар-жоғы анықталса, індеттанулық балау кезінде бұл аталғандар егжей-тегежейлі сипатталуы керек. Мысалы, инфекция қоздырушысының бастаулары түгелдей анықталып, олар басқа жануарлардан оқшаулануы керек. Сондай-ақ аурудың берілу тетіктері де түгелдей нақтыланып, жойылуы қажет. Іңдет ошағы туралы да бар" немесе "жоқ" деген мәліметпен шектелмей, оның шекарасы нақтыланып, сол арқылы карантин немесе тежеу межесі жүргізілуі қажет. Қорыта келгенде, індеттанулық балаусыз іңдетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру мүмкін болмайды.

 

 

3 Техникалық  қауіпсіздік

 

Малдың  жұқпалы және жұқпалы емес ауруларымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау- қоғамдық және адамның жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдың ауруына, өлуіне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.

Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады.Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі.Арнайы киім- бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резенке, шұлықтар жатады.

Ауру малмен,өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутас және т.б. аурулар жатады.

Улы химикаттармен жұмыс істеуге ең кемі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқау алған және патогенез микроорганизмдерді құрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұқсат беріледі.

Жас өспірімдер, жүкті және баласын емізіп жүрген әйелдер кейбір аурумен ауырып жүрген адамдар мұндай жұмысқа қабылданбайды.

Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде тамақ, су ішуге, темекі тартуға болмайды. Тамақты жұмыс аяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде ғана ішуге болады, бірақ міндетті түрде арнайы киімді шешіп, беті-қолды мұқият сабындап жуу керек.

Дезинфекциялау шараларын атқаруға міндетті адамдар жұмыс кезінде дезинфекциялағыш дәрілерді көзден таса қалдырмау керек.

ОҚЭБМ газымен дезинфекциялау жұмысын тек мал дәрігерлік- санитарлық немесе дезинфекциялайтын отрядтардың қызметкерлері ғана жүргізеді, мұнда арнайы даярлықтан өткен мал дәрігері немесе фельдшер басшылық етеді.

ОҚЭБМ газымен жұмыс істеген сайын денсаулық сақтау органдарына рұқсат алу қажет.

 

 

      Қорытынды

Қортындылай келе індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

   Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

   Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.

 

      Пайданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (255-260б).
  2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(125-127б).
  3. Қасымов Е.  «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
    ауруларды балау және күресу шаралары»  Алматы 1992ж.(200-205б).
  4. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
    орысша ветеринария сөздігі»  Алматы 2005ж. (245 б).
  5. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
    санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (255 б).
  6. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
    А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(170б).
  7. Ж.Бердімұратов "Ірі қара аурулары" Алматы Қайнар 1976 ж.(60 б).
  8. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж. (100б).  
  9. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (66 б).
  10. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. «Ағылшынша-қазақша- орысша ветеринария сөздігі». - Алматы, 2005, (23 б).
  11. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(225 б)
  12.  А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(46б)
  13. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
    санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (149 б).
  14. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред. А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж. ( 115 б)
  15.  Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие.

Л. Колос, 1981г.(25 б)

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-10-07 21:14:15     Қаралды-14446

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »