UF

Тақырып: «Көлік логистикасы»

 

1 ЛОГИСТИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӨЛІК

 

«Логистика» терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі төменде келтірілген. Біздің ойымызша, түрлі терминінің қолданылуы зерттеушінің талғаныма байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалаумен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны «физикалық бөлу» терминінің қолдануы, ол батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келеді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және «дистрибьюция» терминінің синонимі болып табылады. Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын «логистика» терминінің синонимдері:

  • физикалық бөліну;
  • маркетинг логистикасы;
  • материалды менеджмент;
  • логистикалық инжинеринг;
  • өнеркәсіптік логистика;
  • бизнес логистика (коммерциялық логистика);
  • логистикалық менеджмент;
  • біріккен логистикадағы менеджмент;
  • жабдықтау менеджменті;
  • логистикалық арна менеджменті;
  • бөлу менеджменті;
  • логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі);
  • уақытқа негізделген менеджмент;
  • біріккен дистрибьюция;
  • жабдықтау тізбегінің логистикасы;
  • қызметке жауапты логистика;

біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент.

Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминалогиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақтыланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қазіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму келешегін бағалау қызық.

Тарихта әлемдік темір жолдар тиісті инфроқұрылымдары бар, барлық пайдалану және басқару қызметтерін атқаратын және көлік қызметтер нарығында қандай қызметтерді көрсетуді біржақты анықтайтын ұйымдар ретінде дамыды. Мұндай даму уақыт жағдайын нақты белгілейді. XIX ғасырда жер бетіндегі көліктің ең басым түрі ретінде темір жолдар, шын мәнінде, тұтынушылардың таңдау мүмкіндіктернінен тәуелсіз қызмет түрлерін және нақты шығындардан гөрі, көп дәрежедегі сала ішіндегі бәсекелестікке байланысты тарифтерді оларға еріксіз таңды. Темір жол қызметін реттейтін мемлекеттік құрылымдардың бар болуы, тіпті көліктің бәсекелес түрлері нарыққа шыққан ездің өзінде, темір жол монополиясы бар деген түсінікті көптеген елдерде сақтап отырды.

Елдердің көпшілігінде темір жолдағы біртұтастығына (аумақты бөлімшелерді бір орталыққа бағындырып басқаруға.алғашқыда қолайлы болған өндіріс жағдайлары, нарығы және саяси тенденсиялары өзгереді. Темір жол көлігінде қолданылатын технологиялары дамып және жетілдіріле отырып бір сала ішіндегі шеңберден шықты. Инфрақұрылымның құрылысы мен қызмет көрсету, оны пайдалану, басқару, тіпті экономикалық ойлардан туындаған да көп дәрежеде сыртқы жабдықтаушылар мен сыртқы сыртқы компанияларға сүйенетін болды. Оның үстіне, көліктің басқа дамыған түрлерімен бәсекелестік жағдайында, темір жолдар тұтынушылар үшін көрсететін қызметінің деңгейінен де, сондай-ақ тарифтер тұрғысынан да басым артықшылығынан айырылып қалды.

Көп елдерде темір жолдар ұсынған қызметтерінің тұтынушылардың мүделеріне сай келмеуі темір жол әкімшілігінің үлкен қаржылық қиындықтарға және экономикалық тиімсіздікке тап болуына әкеліп соғады. Әлем елдерінің көпшілігінде көлік қызметі нарығындағы темір жолдың үлесінің азаюы, қаржы тапшылығының өсуі, мемлекеттік демеу қаржыға деген мұқтаждықтың күрт көбеюі темір жолдарды түбегейлерді қайта құру және олардың мемлекетпен қарым-қатынасын өзгерту мақсатындағы үкіметке қысым жасаудың өсуіне себепкер болады.

Жалпы экономикалық тиімділікті көрсетуге бағытталған темір жолды қайта ұйымдастырудың әдеттегі міндеттеріне төмендегі аталғандар болуы мүмкін:

  • басқару қызметін күшейту;
  • темір жолға нарықтық жағдайларқа бағытталған коммерциялық кәсіпорын ретінде қызмет істеуге мүмкіндік беру;
  • көліктің жеке түрлері арасындағы және сала шеңберіндегі бәсекелестікті күшейту;
  • қаражаттық нәтижелері үшін жауапкершілікті бөлісу негізінде басқару ақпаратын және бағаларын көбірек алу;
  • темір жолдардың және көліктің басқа түрлерінің әрекет жағдайларын теңестіру;
  • темір жолдағы жеке меңшік секторларының рөлін күшейту;
  • темір жол бюджетінің тапшылығын қысқарту және мемлекеттікдемеуқаржыларды азайту;
  • жоспарлаудағы әлеуметтік маңызы бар кезеңдерді ынталандыру.

Экономикалық қатынастардың ең маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі халықаралық сауда мен елдің кәсіпорындары арасындағы экономикалық байланыстардың әрі қарай дамуымен әлемдік саудада, сондай-ақ республиканың экономикасында жүк ағынының қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесі ерекше көкейтесті сипатқа ие болып отыр. Бұл экономикалық іс-әрекеттерде көліктің ерекше маңызды рөлге ие болумен байланысты. Шаруашылықаралық және сыртқы экономикалық байланыстардың сапасы, тиімділігі және дамуы соның жұмысына байланысты болады. Шаруашылық етудің қазіргі заманғы жағдайларында көлікпен қамтамасыз етуге күн сайын жаңа талаптар қойылуда. Өнімді қатаң белгіленген мерзімде және жоғалтпай, зиян келтірмей және төменгі шығындармен тауарды зақымдамай өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін жеткізудің ырғақтылығы, реттілігі, үздіксіздігі, сенімділігі, жоғарғы жылдамдығы көлікпен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасының маңызды талаптары болыпм табылады. Көлік индустриясы пайдаланушы тараптарынан оған қойылатын таоаптарға сай болуға ұмтылуда. Бұл өнімді өндіру, өткізу және бөлу салаларымен алдыңғы қатарлы көліктік-технологиялық жүйелерді дамытумен және аралас тасымалдаулары тиімді қолданумен; информатика және есептеу техникасы салаларындағы ғылыми жетістіктерді көліктік қамтамасыз етуге ендіру, сондай-ақ, көліктік қатынас кезінде туындайтын әр түрлі ресмиелендіруді реттеу, жеңілдету және үйлестіру туралы нормативтік актілер мен құжаттарды жасау жөніндегі халықарлық және мамандандырылған ұйымдардың белсенді жұмысымен байланысты алғандағы көлікті басқару туралу ғылым ретінде логистикалық тұжырымдамаларын жасаудан және оларды іс іс жүзінде қолданудан көрінеді.

XX ғ. 90-жылдарындағы бұрынғы кеңес дәуірінің экономикалық кеңістігіндегі белгілі өзгерістер өндіріспен тауар қозғалысы саласындағы ыдыраушылық үдерістеріне әкеліп соқты. Осының нәтижесінде отандық тауар қозғалысының қазіргі ұйымдастырылуына қатысушылар әрекеттерінің әлсіз үйлестірлуі тән. Қазіргі таңда бұл сахнада мемлекетдирижердің рөлін атқарып отырған жоқ. Толықтай алғанда тізбек бойынша қорларды бөлу кездейсоқ және тиімсіз сипатқа ие. Көтерме қоймаларда, көліктерде және дүкендерде, ақпаратпен жүктерді өндеудің тарихи қалыптасқан өзара үйлестірілмеген технологиялық үдерістері қолданылады. Қатысушылар пайдаланатын жабдықтар мәнді пайдаланушылық өлшемдері бойынша өзара үйлестірілмеген. Тасымалдаудың құны бірқатар ұйымдастырушылық себептерге байланысты жоғары. Бүгінгі таңда жүк жіберушілердің көлік шығындары шығындардың жалпы соммасының 50%-ны құрайды. Әр түрлі бөлшек сауда кәсіп орындарындағы, сондайөақ темір жолдарда жұмыс істеп тұрған қойма шаруашылықтары тауарлармен жүктерді өндеудің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді, көп жерлерде көліктін кедергісіз кіріп тоқтатуы, тауарлардың жылдам түсірілуі мен қабылдану үшін жағдай жасалмаған. Өндірістегі саудадағы және көліктегі үдерістер жоспарлаудың бірыңғай жүйесімен байланыстырылмаған.

Қазір осы жағымсыз жағдайларды ескере отырып, қазақстандық экономикадағы тауарлар мен қызметтер нарығында нақты ортақ және жеке мақсаттарға жету үшін бірінші жолға нарық субъектілерінің тиімді ынтымақтастық және кірігу принциптері шықты.

Бүгінгі логистикалық бизнестің ерекшелігі жүк әкелуші жүйе тауар әкелуші жүенің негізі болып жатқандығында және олардың біріңғай технологиялық режимінде қызмет етуінде.Тауар қозғалысын ұйымдастырудың логистикалық әдісін қолдану мүмкіндігінің негізгі алғышарты болып тауар қозғалысы қатысушыларының ұйымдастырушылық- экономикалық біртұтастығы есептеледі. Өндіріс, көтерме және бөлшек сауда, көлік өз қызметтерін үйлестіруді және бірге жоспарлауды бастауда. Тарихи қалыптасқан технологиялық үдерістер тура материалдық ағынды оңтайлы ұйымдастырудың талаптарына сәйкес түзіледі. Қотысушылар қолданылатын техниканың өлшемдері туралы келіседі, тасмалдау тәртібі келіседі, қорларды бөледі, қосымша алынған табыстарды бөлудің тәртібін белгілейді.

Кәсіпорындардың логистикалық кірігуінің мәні олардың қызметтерін біріктіруде. Бұндай біріктірудің үлгісі үлкен әр түрлілікпен ерекшеленеді және әрбірнақты шаруашылық ахуалда кәсіпорындарының мақсаттарына, қаржыларына, техникалық мүмкіндіктеріне байланысты. Логистикалық кірігу үлгісінің өрісін біріктірме түрінде келесі жолмен сипаттауға болады – ол төменгілерді біріктіру:

  • қысқа мерзімді жеке немесе бірнеше қызметтер (жоспарлау, тасымалдау, сатып алу, өткізу және т. б.);
  • ұзақ мерзімде ұйымдастырушылық–атқарымдық қызметтің басымдылығы (қоймаларды, көлік шаруашылықтарын және басқа да ұйымдастырушылық бөлімшелерді біріктіру);
  • барлық қызметті басқару және біріңғай кәсіпорындарды құру, яғни, өзінің біріккен қызметінің тиімділігін көтеруде біріккен кәсіпорындардың экономикалық мүдделері негізінде атқарылатын делдалдық қызметін орталықтандыру.

Кәсіпорындар, фирмалар біріге отырып, дербес қызмет барысында аса тиімді түрде шешілмейтін нақты мәселені шешудегі өз мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылады. Белгіленген мұсаттарға жете отырып, бірігіп немесе басқада біріккен және маңызды мақсаттарға жету үшін қызмет етуді жалғастырады немесе басқада кәсіпорындармен бірігеді. Кірігу үдерісі уақыт ішінде және кеңістікте үздіксіз жүргізіледі.

Біріккен кәсіпорындардың қарым-қатынастары біріккен қызметтерді реттейтін және юірлестік қатысушыларының экономикалық мүделерін жүзеге асырушы екі жақты (көп жақты.шаруашылық келісімшарттарымен реттелу мүмкін. Кең тұрғыдан қараған кезде, кәсіпорындардың қызметтерін біріктіру әр түрлі жағдайларда жүргізіледі: құжатсыз келісуден бастап (мысалы,қандайда бір қызметті бір жолғы біріктіру кезінде.толық қосылғанға және біріккен Жарғыны қабылдауға дейін, яғни, олардың заңды мәртебесін толық өзгерткенге дейін.

Экономиканың дамуындағы барлық осы беталыстар тауар қозғалыстар үдерістеріне логистиканы кеңінен қолданудың қажеттілігін және оның мүмкіндігін туғызады. Логистикалық ұйымдастырылған материал әкелуші жүелерде соңғы тұтынушыға әкелген тауардың бастапқы құнынан төмен болып табылады. Көрсетілген айырмашылық қатысушыларға капиталдық салымдар көлеміне емес, логистикалық үдерістерді дұрыс ұйымдастыра білуге тәуелді бәсекелестік артықшылықтары береді. Бұған қоса, логистиканы пайдаланушы жеткізулер тиісті сападағы тауардың қажетті көлемін дәл мерзімінде жеткізуге кепілдік бере алады және сенімділік кепілдігі жоқ жеткізушілерге қарағанда, тұтынушы үшін үлкен құндылықты білдіреді. Осылай логистиканы қолданушы субъектілердің бәсеке қабілеттілігі төмендегілердің есебінен қамтамасыз етіледі:

  • тауардың бастапқы құнының бірден төмендеуі;
  • жеткізудің сенімділігі мен сапасын көтеру (кепілдік берілген мерзімдер, жарамсыз тауардың болмауы, шағын партиялармен жеткізу мүмкіндігі және т.б.).

Тауармен және ақпаратпен жұмыс істеудің тура технологиясы,ілеспе техника, келісілген жоспарлау–бұл тауарды сатып алушыға дейін аз шығындарымен жеткізуге мүмкіндік беретін нәрсе. Логистиканың қызметі бірінші кезекте тауар қатысушыларының техника-технологиялық, экономикалық және әдістемелік келісімдерін күшейтумен сипатталады, яғни, жүйе қызметінің міндетті талаплары төменгідей:

  • бір-бірімен технологиялық ілесетін зауыттар мен құрылыс объектілерінде техникалыұ құралдардың, көліктің болуы, терминалдар және қойма бөлмелері, жеке ЭЕМ, есептеу орталықтары, Интернет жүйесі, байланыс құралдары және байланыс арналары, ғимараттар мен құрылыстар;
  • кімнің не істейтіндігінің, қандай кезекпен атқаратындығының нақты белгіленуі, басқаша айтқанда, тауар өткізу тізбектері бойынша материалдарды өткізудің технологиялық ілесетін жүйелерін және олардың өтуіне бақылау жасау жүйелерін құру;
  • көлік міндеттерін, яғни, автомобиль, темір жол, су көлігімен қозғалыс бағыттарын оңтайландыру міндеттерін шешу, жеткізу кестелерін құру.

Темір жол желісінің үйлесімі екі фактордың ықпалымен қалыптастыру: біріншіден пайдалы қазбалардың кең орны мен тыңды игеру кезіндегі аумақ аралық және республикалық жүк ағындарының өсуі, екіншіден, өтпек жүк парктерінің өсуі. Республиканың темір жол көлігі аумақ аралық, республика аралық және жүк тасымалдарын қамтамасыз етуді жақсы атқарады, республика облыстарының арасындағы жүк тасымалдарына арналған темір жол желісі біршама нашар дайындалған.

Қара алтын мен көгілдір отынның көлігі деп аталатын құбыр көлігі деп аталатын құбыр көлігі басқа көлік түрлерімен салыстырғанда оның барынша мамандандырылған түрі болып табылады. Оның республиканың мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы үшін маңызы зор және сонымен қатар халық шаруашылығының көліктегі шығындарын азайтады. Экономикалық ілесу – бұл нарық жағдайын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың ортақ әдістемесі. Бірге жоспарлау кестелердің бірыңғай жоспарларын жасауды және қолдануды білдіру. Республикада көлік логистикасының міндеттеріне төмендегілерді де жатқызуға болады:

  • көлік жйүелерін, соның ішінде көлік дәліздерін және көлік тізбектерін құру:
  • көліктік-қоймалық үдерістердің технологиялық біртұтастығын қамтамасыз ету:
  • қоймалықпен және өндірістікпен бірге көлік үдерісін бірге жоспарлау;
  • жеткізудің ұтымды бағыттарын белгілеу және т. б.

Көлік жүйесі жүк және жолаушыларды тасымалдауға қажеттілікті қанағаттандыруға арналған, ауыл шаруашылығының бірнеше салалары ретінде түсінілетін көлік кешенінің құрама бөлігі болып табылады. Кешенге орналастыру үрдісін және материалдық өндіріс саласы – «көлік өндірісін» қамтамасыз етуші, көліктік машина жасау, көлік құрылысы, тасымалдауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сол сияқты көлік мамандарын дайындау, жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мекемелер кіреді. Көлік жүйесі ауыл шаруашылығының тұтас саласы бойынша құрамына төрт элемент кіретін сала ретінде қарастырылады:

  • барлық көлік түрлерінің жалпы және жалпы емес пайдаланудағы көлік жүйесі;
  • жылжымалы көлік құралдары (оған деген меншік формасы болса да);
  • көліктің еңбек қорлары;
  • барлық деңгейдегі көлік жүйесін басқару жүйесі.

Сонымен, көлік жүйесі – темір және автомобиль жолдарынан, құбыр өткізгіш, су және әуе жолдары, ондағы «нүктелік элементер» - көлік тораптары қатынастарынан (жолаушы, жүк және басқа да стансалар, теңіз және өзен порттар, әуежайлар және т.б.жол қатынастарынан тұрады.

 

2. КӨлік АҒЫМДАРЫ МЕН КӨЛІКТІҢ ТҰРАҚТЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

 

Көліктік жүйені шығару кезінде керек тасымалдауға қоймаға қатысты және көмекші қоймалары қағаз өнеркәсібінде болған жағдайдағыдай барлық кездесетін сұрақтарды қарастырады.

Қазіргі замандағы жүкті тасымалдау түсінігі біздің мемлекетте нарықтық қатынастардың дамуынан бастап кәсіпорындарды теңдеу саласынан және экономикалық салалардан көліктік қызмет ету саласына дейін біраз өзгерістер енді.

Тұтынушы жағынан қарағанда көліктік сервис жүктің келіскен мерзімде, келіскен жеріне аз шығынмен жеткізуін қамтамасыз ету керек. Сондықтан көліктік қызметтердің пайдаланатындар және тасымалдау әдістерін ең тиімді логистикалық сервисті қамтамасыз ететін көліктің түрлерін таңдайды.

Тасымалдауды фирмада басқару бірнеше негізгі сатылардан тұрады;

  • тасымалдау әдісін таңдау;
  • көлік түрін таңдау;
  • тасымалдау түрін және логистикалық партнерларды тасымалдаудың тиімді;
  • параметрларын таңдау;

Келесі көлік түрлері; т.ж. ішкі су көліктері (өзендік.авто, әуе, құбыр таңдауға болады.

Көліктің әр түрі логистика менеджмент көз қарастарынан нақты ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Салыстырмалы логистикалық әртүрлі көлік түрлерінің мінездемелері олардың көлік түрін таңдаған кезде білу керек.

Теміржол көлігі

артықшылықтары: кез-келген ауа райда, жыл мерзімінде және тәулік уақытында жоғарғы тасымалдау өткізу дәрежесі, жүктерді жиі тасымалдаулары, төменгі тарифтері, транзиттік тасымалдаулардың жеңілдіктері, жоғарғы жылдамдықпен жүкті жеткізу.

кемшіліктері: шектелген саны

Артықшылығы нарықтық көлік болып келеді:

  • құбыр өзенінде жоғары тасымалдау мүмкіндіктері;
  • төлем ақысын салыстырғанда т.ж. қарағанда 30% төмен, ал авто көлікпен салыстырғанда одан да аз;
  • салыстырмалы қаржылық шығынның аз болуы магистральді су көлігінің тасымалдауын ұйымдастыру үшін жылына 80-100 т өткізіледі, темір жолмен жылжымалы құрамына байланысты қарағанда бірнеше рет төмен және авто көлігінің қатты жолынан қарағанда 3-4 рет төмен. Көліктің қолдану кемшіліктеріне жататындар;
  • су көлігінің жүру жолдары тегіс болмауы, тереңдік сатыларыүлкен кемелерге аса ауыр жүктерді тасымалдай алмайды;
  • мерзімдік жұмыста жылжымалы құрамды пайдалануға шек қою;
  • жүктің бағытына қарай маршрутты ұзарту.

Басқа көліктермен салыстырғанда жүк пен жолаушыларды тасымалдағанда айырмашылығы аз.

Автокөлік.

Автокөлік кең тараған көлік түрі өндіріс ішінде (технологиялық.жүкті жеткізу кәсіп орыннан тұтыну орынға дейін жеткізеді. автокөліпен қолдану шамамен 35-40%, жалпы тасымалдау көлемі бұл негізінде жүктерді магистраль көлігімен тасымалданады.

Автокөлік бір қатар экономика-техникалық негіздері, оның орнықшылығы барлық салаларда қолдануға болатыны анықталады.

1. Үлкен маневрлық жіне қозғалыстық.

Автокөлікпен жүктерді өндіру кәсіпорынынан қолдану пунктіне дейін тасымалдайды және ол қайта тиеу мен аралық қоймалау операцияларын жасауды қажет етпейді, яғни

"есіктен есікке".

2. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың өте үлкен жылдамдығы.

Жылдамдық жағынан автокөлік тек әуе көлігіне жол береді.

3. Жолаушылармен жүктерді тасымалдау жүрісінің ең қысқа жолы.

Автокөлік жолымен тасымалдау ара-қашықтығы темір жолдікінен аз болған жағдайда автокөлікпен жолаушылармен жүктерді тасымалдау тиімді болады.

Автокөлік көлігінің кемшіліктері:

1. Су және т.ж. көлігімен салыстырғанда автокөліктің өзіндік құны қымбат.

2. Автокөлікке қызмет ететін техникалық базаларды ұйымдастыру қымбатқа түседі және осы базалар қажет жағдайда дамымаған.

3. Автокөлік жолдарының техникалық жағдайы нашар және төзімділігі аз.

Жолаушылар тасымалының үлкен бөлігі автокөлікпен тасымалданады. Қазақстан көлік жүйесінде әуе көлігі жолаушыларды тасымалдайтын көлік түрінің бірі болып табылады. Халық-аралыққатынастарды басқарудағы әуе көлігінің ролі өте үлкен. Басқа көлік түрлерінің жылдамдығына қарағанда әуе көлігінің техникалық және комерциялық жылдамдығы өте жоғары. Көптеген жағдайда әуе көлігімен алыс қашықтыққа жолаушыларды тасымалдау тиымды болып табылады. Жолаушылар тасымалындағы әуе көлігінің негізгі мыналар:

Жолаушыларды жеткізудегі үлкен жылдамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырудағы маневрлығы және жаңа әуе жолдары аз қаражатпен қысқа уақытта құрылуы мүмкін. Әуе көлігі жолаушылар ағынына байланысты жылжымалы құраммен маневр жасай алады.Үлкен қонбай ұшудың ұзақтығы (10 мың км-ге дейін). Қонбай ұшу ұзақтығы жолаушыларды жеткізу жылдамдығын жоғарлатады.Басқа көлік түрлерінің маршруттарына қарағанда әуе көлігінің маршрутының ара-қашықтығы аз.Жолаушылар уақытының үнемділігі. Жолаушыларға мәдени қызмет көрсету. Әуе көлігінің кемшіліктері:

  • Өзіндік құны жоғары;
  • Әуе көлігі негізінен жолаушыларды тасымалдайтын көлік болып табылады;
  • Олармен жүргізілетін жүк тасымалы жалпы жүк ағынының аз ғана мөлшерін көрсетеді.

Құбыр көлігі. Құбыр көлігі мұнай құбыры, өнім құбыры және газ құбыры болып бөлінеді. Басқа әмбебап көлік түрлерінен құбыр көлігінің айырмашылығы оның тар мамандандырылуы болып табылады. Мұнай құбыры мұнай және мұнай өнімдерін өндіретін және өңделетін жерден мұнайды пайдалану және басқа көлік түріне тиейтін жеріне дейін апаратын кешенді көлік түріне жатады.

Құбыр көлігінің артықшылығы.

  • құбырды кез-келген жерге салу мүмкіндігі;
  • мұнай өндіру ара-қашықтығының ұзақтығы;
  • өзіндік құны төмен;
  • құю операциялары автоматтандырылған;
  • тасымалданатын жүктің әр бірлігіне жұмсалынатын қаржы және металл шығыны басқа көлік түрлеріне қарағанда аз.

Құбыр көлігінің кемшілігіне: оның тар мамандандырылуы және бір қалыпты жеткілікті жүк ағынының мөлшерінің қажеттілігі болып табылады.

Тасымалдаушылар: кәсіпорындық техникалық жоғары қаржылық базасы және тасымалдаудың тоқ сиымдылығы сауда орындарының (тұтынушыларға.соңғы нүктелеріне жеткізу, жүктің төменгі дәрежеде сақталуына байланысты үлкен көлемде қаржыландыру қажет.

Вагондық парк жолаушылар және жүк вагондарынан тұрады. Жүк вагондары универсалды, жартылай вагондар, платформалар, цистерналар және арнайы вагондар болып бөлінеді. Белгілі жүкті тасымалдауға (изотермиялық және цемент тасымалдаушы вагондар.бейімделген. Жабық вагондар- қымбат жүктерді және ауа райы бұзылуынан қорқатын жүктерді тасымалдайды. Жартылай вагондар үлкен көлемді ақтармалы жүктерге арналған. Цистерналар құйылмалы жүктер үшін. Әр вагон жүк көтергіштігімен жүк сиымдылығымен вагон ыдысымен қысықтылығымен және басқада көрсеткіштерімен мінезделеді. Жүк көтергіштігі жүк санымен тоннамен берілген вагонға тиелгенмен беріктігіне, бөлшектеріне, релсіне, кузовының сиымдылығына, вагонның ұзындығына, еніне, биіктігіне байланысты анықталады. Логистикалық өсу элементіне вагон паркінің өндіру қабілеттілігіне толығымен жүк сиымдылығы мен жүк көтергіштігін жүктің тасымалдауын белгілі коэффицен-тіне бағалауға болады.

Жүкті көтеру коэффициенті - вагондағы жүкті салмағының оның жүк көтерімділігіне қатынасы арқылы анықтайды.

Сиымдылық коэффициенті - вагондағы жүктің бір бөлімінің вагонға сиюына қарай анықталады.

Жүк коммрциялық және т.б. операцияларын орындау үшін т.ж. өзінің жүк станциялары бар.

Жүк станциясы - ол жол және жүк құрлыстарының техникалық және жұмысшы- лардың жүк және коммерциялық операцияларды орындауға арналған мекемесінің бірлестігі. Ол жүкті және қол жүгін қабылдау, тиеу және тапсыру жұмыстарын атқарады.

Теңіз көлігі.

Жетістігі(артықшылығы): Континеттер арасында жүк тасымалдау мүмкіншілігі; Ұзақ арақашықтықта өзіндік құнының төлеген болуы; өткізу және тасымалдау қабілетінің жоғарлығы; Тасымалға аз қаржының жұмсалуы.

Кемшілігі: Тасымалдың шектеулігі; тасымалдау жылдамдығының төменділігі(транзитте көп уақыты); Географиялық новигациялық ауа райына тәуелділігі; Күрделі хабарласу инфроструктурасын құру қажеттілігі; жүктің қабы мен бекітуіне деген қатал талаптар; Жүк жіберудің жиі болмауы.

Порттардағы тиеп-түсіру жұмыстары жағалауларда орнатылған қондырғылармен жабдықталған причалда атқарылады, ал әлемдік порттарда, демек акватории аудандарында қатты бекітілген мен бекітілген арнайы қондырғылармен жабдықталған жағалауда жасалады.

Теңіз порттар атқарылатын жүк жұмыстарына қарай ол жүктердің өндіруіне және баратын бағытына қарай мамандандырылуы мүмкін.

Теңіз көлігінің кемшілігі; 1. Табиғи географиялық және новигациялық құбылыстарына тәуелді болуы онымен новигация периоды мен уақытының қиындығы анықталады. Жолдардың толық немесе кейбір бөліктерінің қатып қалуы кей аудандарда теңіз тасымалының маусымдық болуына әкеліп соқтырады.

2. Теңіз жағалауларында күрделі порт шаруашылығы тұрғызу керек. Теңіз көлігін үлкен ара қашықтықтарға пайдаланған дұрыс, ал қысқа арақашықта тасымал-дауға пайдаланатын болсақ теңіз көлігінің ең маңызды артықшылығы үлкен жүк сиымдылығын пайдалана алмаймыз.

3. Теңіз көлігін тура теңіз тасымалында шектеулі мөлшерде ғана пайдалана алуы.

Өзен көлігі - ол территориясында өзен бар және ол мұнай және мұнай өнімдерін, орман бидай және құрылыс материалдарын тасымалдауда ең арзан көлік түрі болатын аудандардағы жалпы көлік жүйесінің негізгі бір звеносы болып табылады.

 

3. ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ МОДЕЛІН ӨҢДЕУДІҢ МОДУЛЬДІК ПРИНЦИПІ

 

Тасымалдау жоспарын орындау барысында әр түрлі көлік түрлерінің өзара әсерін қамтамасыз ету үшін олардың жұмыстарының бағыттары белгілі болу керек.

Координация – Бұл тиісті ұйымдар мен көлік звеноларының тасымалдау жұмыстарындағы бірлік пен тиімділікке жету мақсатындағы әрекеттер келісімі. Тасымалдау көлемінің өсуімен, барлық көлік түрлерінің техникасы мен технологиясының күрделенуіне байланысты олардың әрекеттерінің үйлесімділігі кең мағынаға ие болуда. Жүктерді уақытында жеткізу мерзімінің бұзылуы және көлік құралдарын пайдаланудың төмендеуі тасымалдауды орындау барысындағы белгілі бір көлік звеноларының келіспей қалуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты көліктегі үйлесімділік әрекеттерін ұдайы жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Көлік түрлерінің үйлесімділігі ұйымдастыру және құқықтық облыстарында жүзеге асады. Ұйымдастыру облысы немесе дәлірек айтсақ, басқару облысындағы үйлесімділік жекелеген көлік түрлерінің ұйымдастыру түрлілігі мен әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарға қарайтындықтан,осыған байланысты туындаған кемшіліктерді жоюды мақсат тұтады.

Әр түрлі көлік түрлерінің жұмыстарын жақсартуда араларындағы, сол сияқты көлік ұйымдары мен көлік клиентуралары арасындағы қарым-қатынасты реттейтін олардың құқықтық нормаларын – құқықтық үйлесімділікті жетілідірудің маңызы зор. Екі жақтардың өз ара міндеттері мен жауапкершіліктерінің қаншалықты нақты және дұрыс белгіленгеніне байланысты көліктің техникалық құралдарын ұтымды пайдалану және ең төмен шығынмен тұрғын жерді және ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін толық қанағатандыру мүмкін болады. Әр түрлі заңдық, құқықтық қатынастар тиісті заң актілерімен – темір жол көлігінде – ҚР «Темір жол туралы» Заңымен, «ҚР т.ж. Уставы», теңіз көлігінде- ҚР «Сауда теңіз жүзуі туралы» Заңымен, ҚР «Автомобильді жол туралы», «ҚР көліктерінде» ҚР заңдарымен реттеліп отырады. Әр түрлі көлік түрлерінің үйлесімділік формасының бір түрі тиеу-түсіру бекеттері аз жүк операцияларының (стансалар, порттар, жүк алаңдары және т.б..қоспасы. Жүк операцияларының қоспасының негізгі артықшылығы пункттер санының аздығында көлік шығындарының төмендеуінде, жүктерді жеткізуді жылдамдату, тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау, жылжымалы құрамның тұрып қалуын азайту, көлік құрылғыларының өткізу қабілетінің көтеруде жатыр.

Темір жол және автомобильді көлік жұмыстарында жоғарыда көрсетілген артықшылықтар, егер темір жол желілерімен жүк станцияларына уақытында жеткізетін автомобильді жолдар параллельді бірге жүрсе ғана жүзеге асады. Ортақ пайдаланудағы автокөлік жеткілікті ұйымдастырылған және поезд қозғалыстары көрсетілген кесте бойынша жұмыс істейді. Жақын арадағы аз жұмыс істейтін станциялардан жүк ағымдары жіберіліп отыратын саны аз станциялардағы жүк операцияларының концентрациясын тірек деп атайды. Тірек станцияларында тиеу-түсіру механизмдері жақсы қолданылады, көп көлемді жүктер - тас көмірді, минералды - құрылыс материалдарын, өңдеуге арналған арнайы тиеу-түсіру телімдері салынуда, автомобильді көлікпен жүктерді орталықтандырылған шығару мен кіргізу ұйымдастырылған.

Әрқайсысы өз саласында экономикалық мақсатқа сай қолданылатын қоспаның әр түрлі формалары бар. Мысалы, телімдегі стансаны толық емес, жартылай ғана жабады. Олар операцияларды, мысалы, жылдың белгілі бір уақыттарныда ғана және жүктің кейбір түрлерімен ғана операциялар жасайды. Станцияның өз деңгейінде бірдей жүктерді тиеп, шығару фронттарын мамандандырып және ірілендіру жүргізіледі, ол тәсілдік жұмыс көлемін сақтайды, жылжымалы құрамды өңдеу мен механизациялауды жеделдетуге ықпал жасайды.

Аз жұмыс істейтін тиеу-түсіру бекеттерін жауып және тіректі ұйымдастырғанда, ережеге сай, автокөлікпен тасмалданған жүктерге байланысты шығындар көбейеді, өйткені автомобиль жүрістерінің ұзақтығы өсіп кетеді.

Бұл қосымша шығындар тиеу-түсіру жұмыстарының кешенді механизациялау деңгейін көтеру, кірме жоолдарды жабу, контейнерлерді қолдану есебінен үнемделу қажет. Жүк жұмыстары қоспасының прогрессивті және экономикалық тиімді формаларына – ірі тораптардағы жүктер түрлері бойынша стансаларды (айлақтар мен порттар.мамандандыру: тас көмірлерді, орманның минералды-құрылыс материалдарын және басқа да жүктерді тиеу базаларын, контейнерлі терминалды, жеке дара жүктерді өңдеу бойынша ірі механизацияланған кешендерді ұйымдастыру жатады. Мамандандыру олардың өңдеу қабілеттерін өсіруге, ТТ-ді механизациялауға, ТТМ-нің өнімділігін және жұмыс кезегін өсіруге, жүктерді орталықтандырған жіберулерді ұйымдастыруға, жүк операциялары бойынша жылжымалы құрамдардың тұрып қалуын қысқартуға, жүк және коммерциялық операцияларды автоматтандыру үшін тиімді алғы шарттар жасауға жағдай жасайды.

Ірі көлік тораптарындағы жүк жұмыстарының қоспасы тасымалдау бағыттарын дамытуға әсерін тигізеді. Маршрут деп жүк жіберуші немесе вагон жолдарынан құралған, бекітілген массасы мен ұзындығы бар, бір немесе бірнеше жіберушілердің бір немесе бірнеше станциялардағы тиеген жүктері бар, бір түсіру станциясына немесе вагон ағымдарынан кемінде бір станцияда міндетті түрде босату арқылы бөлуден тұратын поезд құрамын атайды. Маршрутті пойыз арқылы көмір, кен, құрылыс материалдарын, контейнердегі жүктерді тасымалдауға арналған. Жеміс, көкөністерді, балықтарды жылдам маршрутті поездар арқылы тасымалдайды. Маршрутті пойыздар жаңадан құралмай-ақ жүктерді тиеу мен жүк бағыттарыны станцияларының арасында орналасқан телімдік және сұрыптау станцияларында транзитпен өтеді. Маршруттандыру деңгейі жүктерді жіберу және бағыттар бойынша, жүк ағымдарының қоспасы арқылы өсе алады. Бұл үшін көптеген қамтамасыз ету-өнімдік ұйымдарда жобаланған жүк ағымдарын бөлу себептеріне айналған, «сақтандыру» мақсатындағы тұтынушыны екі немесе одан да көп жабдықтаушыға бекіту жүйесі өзгертілу керек. Тиеу пунктінен түсіру пунктіне дейін тасымалдауды маршруттандыру - көлік шығындары қысқартылатын, станциялардағы вагондарды өңдеудің қысқаруынан кәсіпорындарға қызмет ету сапасы көтерілетін тасымалдау үрдісін ұйымдастырудың тиімді тәсілі. Маршруттандырудан жүктерді қосымша тасымалдау үшін жылжымалы құрам босатылады, т.ж. станциясының дамуына кеткен капиталды шығындар қысқарады.

 

4. Жүкті қоймалау,жүк тарасы, орау жӘне қайта

 

Жүк өңдеу, әдетте, қоймалау және тасымалдау сияқты логистикалық функциялармен бірге орындалады. Логистика жөнінде көптеген шетел мамандарының айтуы бойынша, “жүк өңдеу” терминінің өзін анықтау өте қиын. Кейбір авторлар жүк өңдеуді “зауыт ішінде немесе қоймада немесе қойма мен тасымалдау кәсіпорны арасында жүктердің жақын қашықтықта тиімді орын ауысуы” деп аңықтайды.

         Жүк өңдеуді маңызды кешендік логистикалық белсенділік ретінде қарастыра отырып логистикалық менеджмент келесі негізгі факторларды ескеруі тиіс:

  • қозғалыс (жүк өндеу әр уақытта логистикалық жүйедегі немесе одан тыс белгілі бір инфрақұрылым ішіндегі материалды ресурстардың, дайын өнімнің белгілі бір мөлшерінің қозғалысымен және орын ауысуымен байланысты);
  • уақыт ( өнім, өндірістік бөлімшелер, қоймалар және т.б. арасында өндірістік кестемен, тарату уақыты мен немесе логистикалық циклдық басқа уақыт мезетімен байланысты белгілі бір уақытта орын ауыстыруы қажет);
  • саны (жүк өндеу әр уақытта жүк партиясының белгілі бір мөлшерімен байланысты. Кей кезде жүк өндеуші қуаттардың өзі өндірушіге жеткізілетін материалды ресурстардың немесе тұтынушыға жеткізілетін дайын өнімнің тиімді мөлшерін анықтайды);
  • кеңістік (қойма, көлік құралдары, терминал және т.б. өздерінде бар кеңістікті және жүк сиымдылығын дұрыс пайдаланулары қажет. Жүк өңдеу жүйелері кеңістікті тиімді қолдануға мүмкіндік береді).

Бұл маңызды факторлар бірге ескерілуі тиіс. Бұл кезде бірқатар қосымша аспектілерді ескеру тиіс, яғни сатып алу, өндіру және өнімді бөлуде логистикалық делдалдардың әрекетін интеграциялау және үйлестіру.

         Аталған факторлар фирмалық микрологистикалық жүйелердегі жүк өңдеуді басқаруда келесі негізгі мақсатты белгілерге сәйкес ескерілуі тиіс:

         1. Қойма қуатын пайдалану тиімділігін арттыру: Кез келген қойманың белгілі логистикалық шығындармен байланысты белгіленген габаритті мөлшері мен көлемі болады. Қойма кеңістігін пайдалану екі аспектіде қарастырылуы тиіс. Оның бірі қойманың биіктігін максималды тиімді пайдалану. Сондықтан да фирмалар көбінесе жүкті максималды биіктікке қоймалауға мүмкіндік беретін құралдарды қолданады. Келесі аспект – қойма ауданын максималды қолдану (кеңістікті горизонтальді қолдану).

         2. Операциялық тиімділікті жақсарту. Мұның мақсаты - өңделетін жүк бірліктерінің түрін минимизациялау. Көптеген фирмалар мөлшері және салмағы бойынша ерекшеленетін аз көлемді жүктерден өнімнің номенклатурасы көп болса да, тұтынушыларға тапсырыстарды құруға және қоймалауға тырысады. Осындай жүктермен жұмыс жасау құралдың жақсы жұмыс істеуіне, операциялық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

3. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және ауыр қол еңбегін қысқарту. Еңбек жағдайын жақсартудың көп аспектті сипаты бар, оған жүк өңдеу операцияларының қауіпсіздігін, жұмыс орындарының эргономикалық және экологиялық сипаттарын жоғарылату, еңбек қорғанысын және қауіпсіздік техникасын жақсарту және т.б. Жүк өңдеудің логистикалық тиімділігін жоғарылатуда қойма жұмыстарының механизациясы мен автоматизациясы маңызды орын алады, ол қол операцияларын максималды қысқарту есебінен өнімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жүк өңдеу операцияларында маңызды орынды SKU ( Stok Keeping Units .мөлшері алады, бұл қорларды ұстау бірлігі және оған жүк өңдеу технологиясымен қатар, оның автоматтандыру дәрежесі тәуелді. SKU көп кезінде, фирмалар, әдетте, роботехниканы қолданады, себебі қолмен сұрыптау және тапсырыстарды жинақтау мүмкін болмайды.

4. Логистикалық қызметті жақсарту. Жүк өндеу тұтынушылардың сұраныстарына тез икемделу есебімен, оларға қызмет көрсету тиімділігін жаңартады. Жүк өңдеу “дәл мерзімде жеткізу” концепциясын жүзеге асыруда өз рөлін атқарады, яғни қоймаларға тауарларды тасу, қорларды үлестіру, тапсырыстарды іріктеп оларды жинақтау, жүктердің тұтынушыларға тез арада жеткізілуін дайындау жұмыстарын жасайды. Логистикалық менеджменттің бар назары жүк өңдеудің ұзақтығын тасымалдаумен салыстырып қысқартуға бағытталуы тиіс.

5. Логистикалық шығындарды азайту. Бұл мақсат маңыздылардың бірі болып табылады және жүк өндеудің жаңа техналогиялары мен құралдарын қолдануда әр уақытта бақыланып отыруы тиіс.

Қораппен қаптаманың ролі

Маркетинг, логистика және жеке тараудың өзара әрекетін қарастыра отырып, тара және ораммен байланысты кейбір мәселелерді біз жоғарыда айтып өткенбіз. Логистика тұрғысынан орам (Packaging.жеке таратудағы жүк бірліктерінің гармонизациясын және өнімді тасымалдау, қоймалау, жүк өндеу кезінде және т.б. жағдайларда бұзылулардан және жоғалтулардан қорғалуын қамтамасыз ететін құралдар кешені болып табылады.

Қазіргі логистикалық басқарудағы ораудың ролі келесі негізгі жағдайлармен анықталады:

Өнімді идентификациялау және ақпараттар ұсыну. Орамның маңызды функциясы – бұл өнім туралы түрлі тұтынушылар тобына: сатып алушыларға, сатушыларға, түрлі делдалдарға, бүкіл логистикалық тізбек және арналар бойында ақпарат беру. Бұл ақпарат орамдағы жазу, этикеткалар, штрих-кодтар, маркілеу және т.б. арқылы берілуі мүмкін. Демек, орау ақпаратты логистикалық ағымдарды таратудың және алдын ала өңдеу құралы болып табылады.

Қоймалаудың, жүк өңдеудің, тасымалдаудың және жеке таратудың басқа да операцияларының тиімділігін жоғарылату.

Логистикалық басқару тұрғысынан ораудың маңызды ролі тара мен ораудың типтік өлшемді қатарларын гармонизациялау және стандарттау есебінен, логистикалық тізбектердегі материалды ағымдарды басқару кезіндегі ең тиімді жүк бірліктерін таңдау есебінен базистік логистикалық функциялар үшін жеке тарату процедураларын (қоймалау, тасымалдау, жүк өңдеу және т.б..жеңілдету. Орауды үйлестіру қойма және жүк өңдеуші құралдың стандартты қатарын жобалауға және оны қолдануға, көлік құралдарының сипаттарын үйлестіруге мүмкіндік береді және соның есебінен жеке таратудағы логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Қораппен орауды жобалауда назарды үш аспектіге бөлу қажет. Біріншіден, қолданылатын жүк өңдеуші құралға және көлік құралдарының жүк сиымдылығына сәйкес болуы тиіс ораудың геометриялық өлшемдеріне (оларды максималдық тиімділікпен қолдану). Екіншіден, жүктің белгілі бір салмағына және сырттан түсетін қысымға төзетін орамның беріктілігіне. Үшіншіден, орам формасына (тік бұрышты, куб, цилиндірлі және т.б.).

Тұтынушымен байланыс.

Логистиканың басты мақсаты тұтынушылық сервистің сапасын жақсарту болғандықтан, тара мен орау қолданылатын құрал тұрғысынан соңғы және аралық тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс (мысалы, бөлшек сауда үшін – шағын маркет қолданатын сұрыптау және басқа да құралдары және т.б.).

Бұзылудан қорғау.

Ораудың тағы бір маңызды ролі – қоймалау, жүк өңдеу және тасымалдау үрдістеріндегі бұзылулардан және жоғалтулардан қорғау. Ораудың қорғаушы функциясының мәні оның өнімге тиетін химиялық ортаның кері әсеріне, ылғалдыққа, температураға кері әсер ету қабілеттілігіне, яғни өнімді езілуінен, созылуынан және т.б. Сонымен ораудың бұл функциясы жоғарыда аталған себептермен байланысты логистикалық тәуекелдіктерді төмендетеді.

Батыста әдетте, орудың екі типін айырады: тұтынушылық (ішкі.және өндірістік (сыртқы). Тұтынушылық орау тауарды жылжытуға, сату көлемін көбейтуге әрекет етеді және маркетингте маңызды роль атқарады. Логистика үшін сыртқы логистика маңызды, оны көбінесе екінші ретті (тасымал тарасы.деп анықтайды. Екінші орамның мөлшері оған бірінші ретті орау модульдері сиятындай етіп жасалады. Логистикалық әдебиетте тара логистикалық функцияларды орындау кезіндегі өнімді тарату бұйымы болып табылатын орамның элементі ретінде анықталады. Қорапты түрлі белгілер бойынша топтастыруға болады: дайындалған материялы, габариті, функционалдық мақсаты, тиістілігі және пайдалану жағдайлары бойынша.

Логистикадағы негізгі орынды тараның паллет (поддон.және контейнерлер сияқты түрлері алады. Паллет дегеніміз минималды биіктігі бар горизонтальді аудан, ол шанышқы арқылы тиеу тәсіліне сәйкес келеді және жинау үшін, қоймалау, тасымалдау үшін негіз ретінде қолданылады.

Жеке таратуда паллетті қолданудың негізгі проблемасы стандартты паллетте немесе паллеттің тасымалдау қатарында болатын оңтайлы жүк бірліктерін құру болып табылады. Ол үшін базалық модульдің 600х400 мм, европалық стандарты бар, осыған сәйкес үйлескен өлшемді паллеттердің сериясы құрылуы мүмкін. Жүк бірлігі – бұл жүктердің тиелетін, тасымалданатын, түсірілетін және бір масса ретінде сақталатын белгілі бір саны.

Жүк бірлігі – бұл логистикалық үрдістің қатысушыларының технологиялық үрдістерін жалпы бір тұтасқа өз параметрлерімен байланыстыратын логистика элементі. Жүк бірлігі өндіріс учаскілерімен қатар, қоймаларда да құрылуы мүмкін. Ж.үк бірлігінің маңызы мыналар болып табылады:

  • жүк бірлігінің мөлшері;
  • тұтастықты сақтауға, сондай-ақ түрлі логистикалық операциялар үрдісіндегі алғашқы геометриялық формасын сақтауға қабілеттілік.

Бірыңғай модульді қолдану материалды ағымның барлық жылжу жолындағы, яғни шикізаттың алғашқы көзінен бастап, соңғы тұтынушыға дейінгі жолында материалды-техникалық база шамасын гармониялық жағдайға келтіруге мүмкіндік береді.Жүк бірлігінің екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:

  • алғашқы жүк бірлігі – тасымал қорабындағы жүк, мысалы жәшіктерде, бочкаларда, қаптарда және т.б.;
  • іріленген жүк бірлігі – алғашқы жүк бірліктерінен тұғырықта құрылған жүк пакеті.

         Жүк бірлігінің түрлі логистикалық операцияларды орындау үрдісінде тұтастық пен алғашқы геометриялық формасын сақтау қабілеттілігі пакеттеу арқылы жүргізіледі. Пакеттеу – бұл тұғырықта жүк бірлігін құру операциясы және жүк пен тұғырықты бір тұтасқа байланыстыру. Пакеттеу мынаны қамтамасыз етеді.

  • өнімнің тұтынушыға жылжу жолындағы сақталуы;
  • тиеу-түсіру және тасымалдау - қоймалау жұмыстарын орындауда оларды кешенді механизациялау және автоматизациялау есебінен тиімділіктің жоғарғы көрсеткіштеріне жету мүмкіндігі;
  • жүк көтерімділігін және жылжыушы құралдың сиымдылығын максималды қолдану;
  • қайта құрусыз артық жүк тиеу мүмкіндігі;
  • тиеу-түсіру және тасымалдау-қоймалау жұмыстарын орындау қауіпсіздігі.

Іс жүзінде жүк бірліктерін пакеттеудің түрлі әдістерін қолданады, соның ішінде полиэтилен баулармен, жабысқаш баумен және т.б. бандерольдеу (орау). Жүк бірліктерінің прогрессивті құрылу әдістерінің бірі жүктерді термоқысқарушы пленкамен пакеттеу болып табылады. Бұл әдіс, полимерді жұмсарту температурасынан асатын температура әсерінен полимер пленканың шамамен 20% қысқарылу қабілеттілігіне негізделген. Тұғырықта даналық жүктерден жүк пакеті құрылады, оны буын, полимерлі пленкамен орайды. Аз уақытта пленка ысығаннан кейін суиды, оның беті қысқарады (пленканың қысқару температурасы – 250С, ұстамдығы – 40секунд). Пленканың қысқаруы жүктің жан-жағынан тартылуына алып келеді, ол өз кезегінде пакеттің геометриялық формасының сақталуына әсер етеді. Паллетпен қатар, логистикалық басқарудағы маңызды орын контейнерге беріледі. Жоғарыда көрсеткендей, контейнеризация паллетизациядан кейінгі екінші қайтарымсыз тенденция болып, өнімді жеке таратудың сипатын өзгертті.Анықтама бойынша, контейнер дегеніміз төмендегідей ерекше белгілері бар көлік құралының бір заты:

  • жеке тарату операцияларында көп рет қолданылуы үшін тұрақты мөлшері және жеткілікті беріктілігі болады, металдан жасалады;
  • контейнер құрылысы жүктерді аралық тиеусіз бір немесе бірнеше көлік түрлерімен тасымалдауға арнайы бейімделген;
  • тез жүк өңдеу үшін және бір көліктен екінші көлікке тез тиеу үшін арнайы құралдармен жабдықталған;
  • өнімнің оңай тиелуін және түсірілуін қамтамасыз етеді;
  • 1 текше метірден астам ішкі көлемі бар.
  • контейнерлік тасымалдаудың артықшылықтары
  • көлік құралдарының айналымын жеделдету;
  • жүктің сақталуын жоғарлату;
  • логистикалық шығындарды азайту;
  • тиеу-түсіру жұмыстарын және жүктің тұтынушыға берілуін тездету;
  • қораппен ораудың үнемділігі;
  • транзиттік емес өнімдер партиясын сауда делдалдарының қоймаларына жібермей, тікелей өндіруші кәсіпорыннан жеткізу.

Соңында орауды жобалаудың кейбір мәселелеріне тоқталып өтейік. Логистикалық менеджер орауды жоспарлау үрдісіне белсенді түрде әсер етуі тиіс. Бүгінгі күні дамыған капиталистік елдерде өнімді ораумен байланысты логистикалық шығындар зор болып отыр. Орауға кететін шығындар 10-40% ауытқып отырады. Тауарлар бағасында орауға кететін шығындар 1-35% арасында жатады. Жалпы факторларға қатысты орау шығындары орташа есеппен 35% тасымалдау факторларына, 25% -қойма шаруашылығын ұйымдастыруға, 33%-бөлуді ұйымдастыруға және 15%- қорларды басқару әдістеріне байланысты болады.

 

                                                                 

 

-тұтынушылық;  -айналымдық емес;                -ағаштан;            -шыныдан;

-көліктік;             -ыдыс-жабдықтар.                -металдан;           -қағаздан;

-айналымдық;                                           -полимерден;               -аралас.

                                                                   -картоннан;

 

-көп айналымдық;                          -кіші габаритті;                     -стандартты;

-бір рет пайдаланылатын.              -ірі габаритті;                        -стандартсыз.

 

 

-жиналмалы;                                  -жабық;                -жұмсақ; герметикалық;

-жиналмалы емес;                -жиналмалы-бүктелмелі.      -қатты;герметикалық емес -ашық;                                                                                   -жартылай қатты;изотермиялық.

 

Логистикалық ақпараттық жүйенің құрылу негізінде алты негізгі ереже бар:

1. Пайдаланушы үшін ақпараттың толықтығы және жарамдылығы

Логистика менеджері шешім қабылдауы үшін керекті және толық (жеткілікті) ақпарат болу керек. Мысалы, қор мәртебесі туралы немесе тұтынушылардың тапсырыстары туралы ақпараттар алдын ала өңдеуді қажет етеді, және әдетте, ол логистикалық менеджер шешім қабылдайтын жерде орналаспайды. Сондықтан да логистикалық ақпараттық жүйе сәйкес логистикалық функциялар мен операциялар орындауға кажетті орында, қаяжетті түрде және толық ақпарат ұсынуы тиіс.

2- Дәлдік

Бастапқы ақпараттың дәлдігі дұрыс шешім қабылдау үшін өте маңызды. Мысалы, қазіргі логистикалық жүйелердің өткізу торларындағы қорлар деңгейі жөніндегі ақпаратта өткізу торларындағы қорлар деңгейі жөніндегі ақпаратта 1% қате немесе анықсыздық болады. Бастапқы мәліметтердің дәлдігі мен шынайылығы сұранысты болжамдауда, материалды ресурстарға қажеттілікті жоспарлауда және т.б. маңызды орын алады.

3. Уақыттылығы

Логистикалық ақпарат басқару жүйесіне уақтылы жеткізілуі тиіс, себебі бұны көптеген логистикалық технологиялар, әсіресе ЛТ (дәл мерзімде) концепциясына негізделген технологиялар қажет етеді. Ақпараттың уақыттылығы бүкіл кешендік логистикалық функциялар үшін маңызды. Бұдан басқа тасымалдаудағы, операциялық менеджменттегі, тапсырыстар мен қорларды басқарудағы көптеген есептер нақты уақыт тәртібінде шешіледі ("оn Lіnе"). Мұны басқа да логистикалық мониторингтің көптеген есептері де талап етеді. Акпараттық түсу және өңделуінің уақыттылық талабы сканерлеудің, спутник жаңалықтарының, штрих кодтаудың қазіргі логистикалық технологияларымен, ЕDІ/ЕDІҒАСТ стандарттарын енгізу арқылы жүргізіледі.

4. Бейімділік

Логистикалық ақпараттық жүйедегі ақпарат өнім, қызмет сапасын жақсартудың, логистикалық шығындарды төмендетудің қосымша мүмкіндіктерін табуға бейімделуі тиіс. Қабылдау, бейнелеу және ақпаратты алдын ала өңдеу әдістері "тар" орындарды табуға, ресурстарды үнемдеу көздерін табуға және т.б. әсер етуі тиіс.

5. Икемділік

Логистикалық ақпараттық жүйеде жүретін ақпарат нақты пайдаланушыларға икемделуі тиіс және оларға ыңғайлы түрде болуы керек. Бұл фирма персоналымен қатар, логистикалық делдалдарға және соңғы тұтынушыларға да қатысты және электронды құжат айналымы, есеп берудің аралық шығатын фирмалары, анықтамалар және басқа да құжаттар логистикалық үрдістің барлық қатысушыларының талаптарына максималды бейімделуі тиіс және мүмкін болатын қолданылушы интерфейске икемделуі тиіс.

 

 

6. Қолайлы мәліметтер үлгісі.

Логистикалық ақпараттық жүйенің компьютерлік және телекоммуникациялық торларында қолданылатын мәліметтер үлгісі техңикалық құралдардың өнімділігін тиімді қолдануы тиіс (жадының көлемі, тез әрекет ету, өткізу қабілеттілігі және т.б.). Құжаттар түрлері мен формалары, қағаз құжаттарындағы реквизиттердің орналасуы, мәліметтердің өлшемділігі және басқа да параметрлер ақпараттардьң машинамен өңделуін жеңілдетуі тиіс. Бұдаң басқа логистикалық делдалдар мен басқа пайдаланшылардың компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелерінің логистикалық ақпараттар жүйесіндегі мәліметтер үлгісімен ақпараттық үйлесімі болуы тиіс.

12.3 Логистикадағы ақпараттық технологиялар

Егер ақпараттық жүйеде ақпараттардың автоматтаңдырылған өңделуі жүргізілсе, онда техникалық қамтамасыз етуге электронды есептеу техникасы және олардың арасындағы байланыс құралдары жатады. Бұл жағдайда техникалық қамтамасыз етудің негізгі бөлігі ЭЕМ болып табылады.

Қазіргі электронды есептеуіш машиналарының негізгі блогының бірі процессор болып табылады, бұл программаланған мәліметтерді өңдейтін құрал. Электрониканың дамуы тез жұмыс жасайтын және жадының көлемі үлкен шағын аз процессорларды өндіруге мүмкіндік берді. Микропроцессорлар негізінде орындалған ЭЕМ-ды микро-ЭЕМ-ға жатқызады. Маман емес пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет аясы дамыған машиналар ғылыми-көпшілік және ғылыми әдебиеттерде компъютерлер деп аталады.

Экономика саласына логистиканың кеңінен енуі едәуір дәрежеде материалды ағындарды басқаруды компьютерлендірумен байланысты. Компьютер түрлі мамандықтың жұмысшылары үшін оргтехниканың күнделікті элементі болды, онымен жұмыс жасауға үйренді, оған сенді. Компьютерлердің программалық қамтамасыз етілуі кез келген жұмыс орындарында ақпараттарды өңдеу бойынша күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Микропроцессорлық техниканың осы қабілеті логистикалық үрдіс қатысушыларының арасында көп көлемде ақпарат алмасуды және өңдеуді қамтамасыз ете отырып, материалды ағындарды басқаруға жүйелі тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.

Микропроцессорлық техниканың осы көрсеткішттерінің жетілуі, мысалы процессордың тез жұмыс жасауы, жадының көлемі, компьютермен қатынас жасау қарапайымдылығы, есептеуіш техниканың құны және т.б., түрлі қатысушыларды бір жүйеге біріктірудің сапалы мүмкіндігін қамтамасыз етті. Осы қатысушылардың әрқайсысы көп көлемді жұмыс жасайтындығын ескеру қажет.

Жоспарлы және тактикалық деңгейлерде логистикалық акпараттарды өңдеу есептеу орталықтарында немесе мамандардың жұмыс орыңдарындағы бөлімдерде жүргізіледі. Мұндағы шешілетін мәселелер жиынтығы жалпы логистикалық үрдістегі қатысушылардың рөліне байланысты.

Техникалық деңгейде материалдық ағындарды оперативті басқару жүргізіледі. Бұл жүйелер үшін, әсіресе, материалды ағындардың өту қарқынында ақпараттарға көңіл бөліп, оларды өңдеу өте маңызды. Осы кезде пайда болған мәселелерді шешуде ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың қазіргі техникасы мен технологиясын қолдану кезінде ғана мүмкін болады.

 

12.4   Логистикадағы   штрих   кодтарды   сканерлеуді қолдану

 

Логистикадағы материалдық ағындарды сипаттайтын параметрлердің (материалды ресурстардың номенклатурасы, дайын өнім номенклатурасы, ассортимент, габаритті және салмақты сипаттар, тұтынушылық қасиеттер, қолданылатын ыдыс пен орау түрлері және т.б.) көп болуы өнімді, ыдысты, орауды, жүк бірліктерін және т.б. автоматты идентификациялау қажеттілігін тудырады, ол қазіргі уақытта логистикалық ақпараттық жүйеде штрих кодтарды сканерлеу арқылы жүргізіледі.

Машина оқитын штрих код (bar-code) - бұл компьютерлік техниканы қолдана отырып, тауар жөніндегі ақпаратты кодтауға, есептеуге және анықтауға мүмкіндік беретін күңгірт және ашық жолақтардың белгілі бір жиыны. 

Логистикалық операциялар мен функцияларды орындау үрдісінде өнімнің штрих кодтарын автоматты сканерлеу келесі негізгі артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді:

-өнім туралы толық және шынайы ақпаратты тез алуға (сондай-ақ тауар, ыдыс, орамы, жүк бірлігі, сақтау бірлігі және т.б. туралы);

-тауар өндірушісі, жүк жіберуші, жүк алушы, логистикалық делдалдар туралы ақпарат алу;

- логистикалық тізбегінің (арна, тордың) кез келген телімінде әр өнім бірлігін жылжытқаннан кейін ақпараттық - компьютерлік жүйелер арқылы бақылау және мониторинг жүргізу;

-логистикалық    менеджменттегі    тауарлы-тасымалдау, қаржы және басқа да құжаттарды автоматты электронды өңдеу;

-қоймаларда, өндірістік телімінде және логистикалық жүйенің басқа бөлімшелеріндегі материалды ресурстардың дайын өнімнің болуын,   шығындалуын   және   қозғалуын автоматты есептеуді қамтамасыз ету;

-шығындарды азайту, тұтынушылардың тапсырыстарын жинау, өңдеу және орындау процедураларын, өндіріс пен өткізудегі    өнімдер    қорларын    басқару    процедураларын қарапайымдандыру және тездету;

-материалды ағындар туралы логистикалық ақпараттардың дәлдігін және шынайылығын қамтамасыз ету;

-өнім  мен  логистикалық кызмет сапаларын  бақылау процедураларының тиімділігін жоғарылату;

-берілген  тауарлар   ассортименті   үшін   сұраныс   пен нарықты маркетингтік талдау процедураларын жеңілдету.

Логистикадағы   штрих   кодтарды   қолданудың   негізгі проблемалары мен аспектілерін қарастырайық.

Халықаралық сауда саласындағы батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша, қағаз құжаттарды өңдеумен байланысты шығындар тауар бағасының 3,5-15%-ын құрайды. Штрих-кодтарды сканерлеу негізінде автоматтандырылған индикация жүйелерін енгізу бұл шығындарды  0,5-3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Мұндай сканерлеуді шетел фирмаларындағы логистикалық менеджмент персоналы «Direct product profitability» (DРР) -«өнімнің тікелей пайдалылығы» атты концепциясында кеңінен пайдаланады, бұл қазіргі концепция нақты тауарды соңғы тұтынушыға сатқаннан алатын тікелей пайданы анықтайды, яғни өндіруші кәсіпорынның дайын өнім қоймасынан соңғы тұтынушы - сатып алушыға дейінгі өнімнің қосымша құнының барлық  элементтерін   есептеуге   негізделген.   Сонымен концепциясында ақпараттық-компьютерлік технологиялар сатылған тауарлардың штрих кодтарын сканерлеу арқылы әр логистикалық делдалдың қосымша құнынын құрамдас бөлігін және тауарларды өндіруші фирмалардың жалпы таза пайдасын бақылауға   болады.   Шет   ел   фирмалары   жүргізген   талдау көрсеткендей,   бөлшек   дүкендердегі   шығындардың   76%-ы тауарларды өндеуге кетеді, DРР технологиясын және штрих кодтарды сканерлеуді қолдану әр логистикалық шығындарды шынайы бағалап, оларды төмендетудің жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

DРР технологиясы мен сканерлеу «Ргоduct Channel Managent» деп аталатын ең жаңа логистикалық концепциялар негізіне салынған, оны көптеген батыс сарапшылары "Логистикадағы келесі революция" деп атайды.

Штрихтық кодтау ақпаратық технологиясын енгізу 70-жылдардың басына жатады, бұл кезде АҚШ-та өнеркәсіпте де, саудада да қолдануға жарамды ИРС әмбебап тауарлы коды қабылданды. Жалпы АҚШ штрих кодтарды пайдалану бойынша лидер болып табылады.

1977 ж. ең алдымен еуропалық континентте содан кейін басқа континенттерде Еуропалық кодтау жүйесі - ЕАN (European Article Numbering) бекітілді. Қазіргі уақытта көптеген қазақстанды0 кәсіпорындар ЕАN кодын кеңінен пайдаланды. Сарашпылардың бағалаулары к-рсеткендей, тауарлар орамдарында штрих-кодтарды қолдану шығындарды оның қ9нын 10-15%-ға дейін төмендетеді.

Ақпараттарды автоматты жинау түрлі штрих кодтарды пайдалануға негізделген, олардың әрқайсысының технологиялық артықшылықтары болады. Мысалы, тік бұрышты контуры бар код - ІТҒ-14 коды басқа кодтарға қарағанда оңай басылады, бұл оны кеңірдектелген орауларда қолдануға мүмкіндік береді. Тауарлық топтарды кодтау үшін қолданады.

Логистикада басқа кодтарға қосымша 128 коды қолданыла алады. Бұл кодпен партия нөмірі, дайындау мерзімі, өткізу мерзімі және т.б. кодталуы мүмкін.

                                                         

12.3-сурет. ЕАN -13 коды. Сыртқы түрі мен құрылымы. Негізінен халық тұтынатын тауарларды кодтау үшін қолданады.

 

Айналым саласында ЕАN коды кеңінен қолданылады (13.3-сурет), мұны бұқаралық тұтыну тауарларында жиі кездестіруге болады. ЕАN кодының логистикалық үрдісте қолданылу технологиясына толығырақ тоқталып өтейік.

ЕАN кодының алфавиті болады, ондағы әр санға белгілі бір штрихтар мен үзілістер жиыны сәйкес келеді. Тауарды өндіріске жіберу сатысында оған 13 мәнді сандық код беріледі, содан кейін ол штрихтар мен үзілістер түрінде тауарға бекітіледі. Алғашқы екі немесе үш саны елдің кодын білдіреді, бұл оған белгілі тәртіпте ЕАN ассоциациясымен бекітілген. Бұл бөлікті көбінесе префикс деп те атайды.

Келесі 5 немесе 6 сан - ұлттық ұйым ішіндегі кәсіпорынның тіркеу нөмірі. Елдің коды мен кәсіпорын кодының жиынтығы сандардың ерекше комбинациясы болып табылады, бұл кәсіпорынның тіркелгендігін білдіреді.

Қалған код сандары кәсіпорындар үшін, өз қалауымен өнімді кодтау үшін беріледі. Бұл кезде кодтауды 0-ден 999-ға дейін жалғастыруға болады. Сонымен, ЕАN кодының алғашқы 12 саны жалпы тауар салмағының жиынтығындағы кез келген тауарды білдіреді.

Соңғы кодтың он үшінші саны бақылаушы болын табылады. Ол алдыңғы 12 санның негізінде арнайы алгоритммен есептеледі. Штрих кодының кез келген бір саны дұрыс анықталмаса, ЭЕМ 12 сан бойынша бақылау санын есептеп, оның тауардағы бақылау санына сәйкессіздігін шығарады. Сканерлеу айқындалмай, кодты қайтадан    оқуға тура келеді. Сонымен, бақылау саны штрих кодының сенімді әрекетін қамтамасыз етеді және бүкіл жүйенің тұрақтылық және сенімділік кепілі болады.

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, компьютер клавиатурасынан қолымен енгізілген тауар туралы мәліметтерде орташа шамамен, енгізілген 300 белгіде бір қате болады. Штрих кодтарды пайдаланғанда, бұл көрсеткіш 3 миллион белгіге 1 қатеге дейін төмендейді. Осындай қателерді табу және оны жою бойынша жұмыстарға американдық менеджмент ассоциациясы 25 долл. белгіледі. Басқа зерттеулерге сәйкес, осындай қатенің бағасы 100 доллардан аспайды.

Штрих кодтау мен мәліметтерді автоматты түрде жинау технологиясының негізінде қарапайым физикалық заңдар жатыр. Штрих код дегеніміз белгілі бір ережеге сәйкес құрылған, түрлі енді күңгірт және ашық жолақтардың алмасуы. Штрих код жүйедегі басқару объектісі болып табылатын затқа бекітіледі. Бұл затты тіркеу үшін сканерлеу операциясын жүргізеді. Бұл кезде сканерлейтін құралдың жарқыраған лазер сәулесі штрих код бойымен күңгірт және ашық жолақтарды қия отырып, жылжып отырады. Ашық жолақтарда бейнеленген сәулені жарық сезетін құрал қабылдап алып, дискретті электр сигналына айналады. Алынған сигнал вариациясы бейнеленген жарық вариациясына тәуелді. ЭЕМ электр сигналын оқып оны сандық кодқа айналдырады.

Сандық кодта тауардың қасиеттері туралы ақпарат болмайды. Ерекше 13 мәнді сан тек ЭЕМ-ғы жады орнының адресі болады, онда машина оқитын қүжаттарға қажетті тауар туралы барлық мәліметтер болады. Бұл мәліметтердің жиынтығы тауар жөніндегі мәліметтер базасын құрайды. Содан кейін мәліметтер базасы тауар жылжу тізбегі бойынша, электронды байланыс торы арқылы немесе машина оқитын таратушылар арқылы беріліп отыруы тиіс.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде 80-жылдардың  АБЖ жасап, енгізе бастады, ол тауар жөніндегі мәліметтерді автоматта жинауға негізделген. Бүгінгі күні әлемнің түрлі елдеріндегі 100 мыңнан астам дүкендер кодты оқитын жүйелермен жабдықталған. Сыртқы сауда саласында тауардың штрих коды болуы тауарды экспортқа шығарудағы  міндетті талап болып табылады. Кодтың болмауы өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер етеді, ал кейбір кезде оның өткізілуін тіпті мүмкінсіз етеді.

Штрих кодты пайдалана отырып, тауар қозғалысын автоматты басқарудың ашық жүйелері Батыс Еуропаның көптеген елдерінде, АКШ-та, Жапонияда, Шығыс Европаның бірқатар елдерінде кеңінен қолданылады.

Штрих кодтарды сканерлеуге негізделген АБЖ тиімділігі ірі американдық сауда компаниясы "Кmart Corporaton" мысалында жақсы көрінеді,  ол тауарлардың штрих кодтарын автоматты оқуға негізделген, тауар қозғалысын басқару жүйесін кеңінен қолданады. Бұл технология қай тауарды, қандай сапада, қайда, қашан және пайда әкелуі үшін қандай бағамен сату керектігін қатесіз анықтауға мүмкіндік береді. Егер 90- жылдардың басында АҚШ-ң түрлі аймақтарында компания, 100 мың атаулы ассортиментті құратын 2200 дүкендерге қызмет жасаса, онда шамамен басқарушы жүйенің мүмкіндіктерін бағалауға болады.

Жоғарыда атап өткендей, тауар жөніндегі мәліметтер базасы, өнімді өндіріске жіберген кезде және оған ЕАN кодын берген кезде өндіруші кәсіпорнында құрылады. Дайын өнімге түрлі әдіспен, сандық кодқа сәйкес келетін штрих код беріледі.

Штрих кодтарды басудың түрлі технологиялары бар, соның ішінде - мастерфильмдер (фотопленкалы шаблондар), офсетті литография, нүктелік-матрицалық басу және т.б.

Егер жабдықтаушы ЭЕМ мен тауарды алушы ЭЕМ арасында электронды байланыс болса, онда тауар жөніндегі ақпарат, яғни оның саны және тауарлардың өздері туралы мәліметтер базасы автоматты түрде беріледі. Егер мұндай байланыс болмаса, онда ақпарат магнитті дискілерде беріледі. Қажетінше электронды технологияны қағаз түрінде басып шығаруға болады.

Қабылдап алушы қоймасында тауарларды қабылдау кезінде,   арнайы   құрал   арқылы   штрих   кодты   сканерлеу жүргізіледі. Бұл контактті сканер-қалам, портативті лазерлі сканер немесе тұрақты сканерлейтін құрал болуы мүмкін. Тауар санын мәлімет жинаушы ауыспалы құрал есте сақтайды. Сосын бұл ақпарат қоймалық ЭЕМ-ға өтеді, мұнда икемді магнит дискісінде немесе электронды байланыс торы арқылы келген партия жөніндегі мәліметтермен тексеріледі.

Тауарды сату кезінде дүкендегі кассир сатып алушы таңдаған өнімнің штрих кодын оқиды. Тауарды сканерлеуге және оның тауарлық кодын оқуға 2 секунд уақыт кетеді. Бұдан кейін кассалық компьютер өз жадынан бағасы мен басқа да қажетті өнім реквизиттерін тауып, оны экранға шығарып, чекті басып шығарады.                                          

Кассалық компьютер чекті берген кезде, басты компьютер бұл тауардың сатылғандығын өз жадына алып, сақтайды. Тауарлардың қоймалардан алынуын және олардың өткізілуін компьютер арифметикалық әдіспен есептейді. Сонымен жүйе тек тауарлардың сомалық емес, сонымен қатар сандық есептеуін жүргізеді, мұны тауарларды кодтаусыз ұйымдастыру мүмкін емес.

Тауарларды өткізудің сандық есебін тауар ассортиментін уақтылы толықтырып отыру үшін пайдаланады. Тауарларды дүкенге жеткізу тапсырысы әр тауар позициясы бойынша қалыптасқан сұранысты ескереді.

Логистикадағы штрих кодтарды автоматты оқу технологиясын пайдалану логистикалық үрдістің барлық сатыларындағы материалдық ағындарды баскаруды жақсартуға мүмкіңдік береді. Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік.

Өндірісте:

-  әр телімдегі жылжитын өнімдер мен олардың құрамдас бөліктерін, сондай-ақ кәсіпорындағы логистикалық үрдісті жалпы есептеу және бақылаудың бір жүйесін құру;

-  көмекші персонал санын және есептеме құжаттарын қысқарту, қателерді жою.

Қойма шаруашылығында:

-  материалды ағынды есептеу мен бақылауды автоматтандыру;

- материалды қорларды түгендеу үрдісін автоматтандыру; -  материалды және ақпаратты ағындармен жүргізілетін логистикалық операциялардың уақытын қысқарту.

Саудада:

- материалдық ағынды есептеудің біртұтас жүйесін құру;

- тапсырыстарды автоматтандыру және тауарларды түгендеу;

- сатып алушыларға қызмет көрсету уақытын қысқарту.

 

5. кӘсіпорындарда ішкі тасымалдауды сақтау, манипуляциялау процесі

 

Көліктік-қоймалық үрдістің технологиялық бірлігін қамтамасыздандыру. Қоймалық жұмыстардың ұйымдастырылуы. Қойма түрлері. Қосымша бағаның логистикалық тізбегінде қоймалық инфраструктураның ролі.

Қойма - дегеніміз күрделі техникалық құрылыс кешені. Ол берілген өнімді қабылдауға, орналастыруға, жинауға, сақтауға, өңдеуге және де тұтынушыға жіберу мен таратуға арналған.

Технологиялық карталар - қоймалық операциялардың орындалуының бөлшектік өңделуі. Технологиялық карталар өнімді өңдеудің бүкіл үрдісіне жасалуы мүмкін, немесе үрдістің жеке кезеңдеріне құрылуы мүмкін (өнімнің келіп түсуі, өнімнің жөнелтілуі т.б). технологиялық карталарда мыналар анықталады:

- жұмыстардың тізімі (орындалатын операциялар тізімі)

- орындаушы

- технологиялық үрдіс барысында пайда болған құжаттар тізімі.

Қоймалық шаруалық өнім сапаның, материалдардың шикізаттың сақталынуына; өндіріс ұйымдастырылуына және көлік жұмыстарына әсер етеді; мекеме территориясын қолдануға және жақсартуға; көлік құралдарының тоқтап қалуын және көлік шығындарын азайтуға әсер етеді.

Өнімді қоймаландыру берілген өндіріс циклдерінің қобалжуы, тасымалдар және де өнімді тұтыну үшін қажет.

Дайын өнімнің қоймалық шаруашылығына жұмыстың барлық түрлері: дайын өнімді қабылдаудан, оны жөнелтуге дайындыққа дейінгі жұмыстар жатады. Бұларға жататындар:

-   кірмені   бақылау   және   дайын  тауарларды   қоймаға орналастыру

- қоймалау

- көлемін бақылау

- қойманы толықтыруға тапсырыстар жазу

- делдалдық жұмыстар (товарды комиссиялау)

- қаптау және жөнелтуге дайындық. Қойма функциялары.

Өндіріс мекемедегі және фирмалардағы қоймалар әртүрлі функцияларды орындайды:

- комплекстік сатып алушы қоймасы

- материалдар қоймасы (шикізат, көмекші және өндіруді тағайындау)

- жартылай фабрикаттар қоймасы

- аралық өндірістік қоймалар.

 
   

Қойма түрлері

Қоймалар айналым қоймалар, сақтау қоймалары, комиссиялық қоймалар (делдалдық жұмыс атқарады), уақытша сақтау, берілу, қайта қабылдау қоймалары, арнайы қоймалар деп бес түрге бөлінеді.

Айналым қоймасының басты мәселесі кешенді бірліктердің бір көліктен екінші көлікке жүктелуі. Айналым қоймасына:

-   кешенді сақтау бірліктерін қоймада қабылдау және тарату.

- қоймадан қабылдау және тарату.

- қоймада сақтаудың қысқа мерзімдері.

-  қоймадағы көлік операцияларының жоғары толассыздығы тән.

Айналым қоймасында жоғары айналым болу керектігінен, бұл қоймаларды жоспарлау кезінде көлік және көтергіш құрал және қолды операцияларды ұйымдастыру керек.

Тауар тапсырысымен түскен айналым қуатын таратумен тығыз байланысты. Операция айырмашылығы аз ескеріледі. Оның мақсаты сол, өнеркәсіптегі функциялардың сәйкестігін материалдармен қамтамасыз етеді. Сақтау қоймасы өндіріспен тығыз байланысты. Оның қызметі қоймалау мен өндіру үрдісі және де тасымалдау уақытын азайту болып табылады.

Делдалдық қойма

Толықтыру қоймасы. Тасымалдау қоймасының мақсаты, толықтыру тапсырысының таратуы, тұтынушының тапсырысымен сәйкес келеді. Олардың функциясы: санау, іріктеу және тапсырыс қабылдау.

Сақтау қоймасы

Сақтау қоймасының негізгі мақсаты тауарларды қоймалау, сақтау және қорғаудан тұрады.                                  ч

Оның ерекшеліктері мынадай:

- тиеудің жоқтығы

- сақтау тауарының қоймадан белгілі мерзімде берілуі, олардың қайтіп қоймаға қайтарылуы

- заттың қоймада сақталуының ұзақтығы

Арнаулы қойма - заттардың түрлеріне байланысты түрлі болады.

Шектеулі концентрациялау

Арнайы қорғау

Адамдарды корғау

Сақталмалы объекттерді алынуынан сақтау.

Қоймалық шаруашылықтың потенциалдық мәнін ескере отырып, логистикалық жүйе материалдық ресурстардың стратегиялық орналастырылу қиыншылықтарын, технологиялар мен жүйенің дамытылуын, өз уақытында бұлар тауар сақталуын, тиеу-түсіру, көліктік және т.б. қоймалық жұмыстардың өңделуіне мүмкіндік береді.

Тасымалдау және жүк өңдеу тарифтері дайын өнім тығыздығына кері пропорционалды.

Логистикалық шығындарға әсер ететін тағы бір өнімнің қасиеті, ол «баға-салмақ» қатынасы т.б. Бағаның салмақка қатынасы аз өнімдер, мысалы, шикізат жартылай фабрикаттардың сақтауға кететін шығындар салыстырмалы түрде аз болады, бірақ тасымалдау шығындары жоғары болады. Себебі, бұл жерде сақтау шығындарына әсер ететін басты фактор тауар бағасы т.б. Ал тасымалдау шығындары тасымалданатын жүктің салмағына тәуелді және бағаның салмаққа қатынасы неғұрлым аз болса, шығындар соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да осы қатынастың маңызы жоғары фирмалар үшін басты мақсат өткізу торындағы өнім қорларын минимизациялау, ал "баға -салмақ" қатынасы маңызды орын алмайтын фирмалар үшін -жеңілдік тасымалдау тарифтері бойынша жұмыстар. Жүктің тасымалдануы, өңделуі, сақталуы кезіңде сақтықты қамтамасыз ету үшін тәуекелдіктер қосымша шығындарды талап етеді. Мысалы, тез бұзылатын жүктер арнайы рефрижираторларда тасымалданады. Тәуекел өскен сайын тасымалдауға, сақтауға және қорларды ұстауға кететін логистикалық шығындар да өседі.

Ф.Котлер тауар өмір циклының бес сатысын бөліп көрсетеді. Жаңа тауарды жасау сатысы, әдетте ұзақ уақытты алады және ол фирманың ғылыми-зерттеу құрастыру және басқа да дайындықтарына кететін шығындарымен, инвестицияларымен байланысты.

Егер тауарды тұтынушылар қабылдаса, онда өсу сатысы сату көлемінің тез өсуімен және сәйкесінше фирма пайдасының өсуімен сипатталады. Бұл сатыда логистикалық менеджмент үшін сұраныс болжамының айқындылығына байланысты күрделі қиындықтар пайда болады. Сату жөніндегі ақпараттың болмауы немесе оның кешігуі жеке таратудағы дұрыс емес шешімдерге алып келуі мүмкін.

Жандану сатысында сату көлемі және пайда максималды болады, бірақ оның өсу қарқыны баяулайды. Бұл тауарды көптеген потенциалды тұтынушылардың мойындауына байланысты. Осы сатының соңында,әдетте, сату көлемі мен пайданың төмендеуі байқалады, бұл бәсекелестердің алмастырушы тауарларының және фирманың сұранысты ұстауға және бәсекелестерден қорғануға кететін үлкен шығыңдардың әсері мен түсіңдіріледі. Бұл жерде логистикалық шығындарды бақылау өте маңызды.

Тауардың өмірлік циклының сатыларына байланысты негізгі маркетингтік, өндірістік және логистикалық шешімдер 13-кестеде берілген. Тауардың өмірлік циклы логистикалық циклдың құрылымын стратегия анықтайды. Логистикалық цикл - бұл кешендік логистикалық функцияларымен байланысты циклдардың уақыт бойынша біріккен жиынтығы. Егер логистикалық цикл тұтынушы тауар тапсырған мезеттен оны алуға дейінгі кезеңде қарастырылса, онда ол толық логистикалық цикл деп аталады. Әдетте логистикалық цикл құрылымында төмендегідей негізгі құраушы - циклдары бөліп көрсетеді:

- тапсырыс циклы;

- қорлардың кұрылу циклы;

- тұтынушылар тапсырыстарын өңдеу циклы.

-  сатып алуды ұйымдастыру және тапсырыстарды үлестіру циклы;

- жеткізу циклы;

- операциялық цикл;

-   тұтынушылар  тапсырысын  жинау  және  құжаттарды дайындау циклы;

- талдау және есеп беру циклы.

 

6.   ЛОГИСТИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

 

Алдын ала таңдалатын тауарлар («дүкендік»тауарлар.келесідей ерекшеленеді,сатып алушы оны іздеуге, таңдауға дайын және бәсекелес тауарларды олардың сыртқы түрі, дизайны, бағасы, сапасы және т.б бойынша салыстыруға дайын. Осындай тауарлар мысалына автомобиль, жиһаз, аудио және бейнетехника және т.б жатады. Мұндай тауарлар үшін сауда орындарының саны аз, өткізу арналары да қарапайым, бұл логистикалық шығындардың азаюына алып келеді. Ерекше сұраныс тауарларына ерекше сипаттағы тауарлар немесе әйгілі тауар маркісінің тауарлары жатады, оны алу үшін сатып алушы қосымша күш, уақыт және ақша төлеуге дайын. Мұндай тауарлар мысалына автомобильдің,электротұрмыс техникасының, киімнің, аяқ - киімнің және т.б.әйгілі маркілері жатады. Енжар сұранысты тауарлар дегеніміз, сатып алушы ол туралы еш нәрсе білмейтін немесе білетін, бірақсатып алуға асықпайтын тауарлар. Әдетте, бұл іс жүзінде жеткілікті қолданбаған. Өнеркәсіптік тұтыну өнімдерін таратуды және сатуды ұйымдастыру кең тұтыну тауарларынан ерекшеленеді.Бұл жағдайда фирма,әдетте,сатып алушыларды іздейді және олар тұтынушылардың сатып алу саясатына жауап беретіндей логистикалық арналар мен өткізу торларын құрады.

Логистикалық шығындарға және өндіріспен өткізуде логистикалық шешімдерді қабылдау үрдісіне әсер ететін негізгі өнім қасиеттері арасынан бағаны, сауда ассортиментін және номенклатурасын, орамның габаритті өлшемдерін, салмағын қарастыру қажет. Негізінен тауар тығыздығы тасымалдау шығындарына және дайын өнімді сақтауға кететін шығындарға әсер етеді. Тығыздығы жоғары тауарлар тасымалдау мен сақтауға аз шығындарды талап етеді, себебі көлік құралдарының жүк көтерімділігі мен қоймалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді. Тасымалдау және жүк өңдеу тарифтері дайын өнім тығыздығына кері пропорционалды.

Логистикалық шығындарға әсер ететін тағы бір өнімнің қасиеті, ол «баға-салмақ» қатынасы т.б. Бағаның салмаққа қатынасы аз өнімдер, мысалы, шикізат жартылай фабрикаттарын сақтауға кететін шығындар салыстырмалы түрде аз болады, бірақ тасымалдау шығындары жоғары болады. Себебі, бұл жерде сақтау шығындарына әсер ететін басты фактор тауар бағасы т.б. Ал тасымалдау шығындары тасымалданатын жүктің салмағына тәуелді және бағаның салмаққа қатынасы неғұрлым аз болса, шығындар соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да осы қатынастың маңызы жоғары фирмалар үшін басты мақсат өткізу торындағы өнім қорларын минимизациялау, ол баға - салмақ »қатынасы маңыды орын алмайтын фирмалар үшін - жеңілдік тасымалдау тарифтері бойынша жұмыстар. Жүктің тасымалдануы, өңделуі, сақталуы кезінде сақтықты қамтамасыз ету үшін тәуеклдіктер қосымша шығындарды талап етеді. Мысалы, тез бұзылатын жүктер арнайы рефрижираторларда тасымалданып сақталады. Тәуекелдік өскен сайын тасымалдауға, сақтауға және қорларды ұстауға кететін логистикалық шығындар да өседі.

Ф.Котлер тауар өмір циклының бес сатысын бөліп көрсетеді. Жаңа тауарды жасау сатысы, әдетте ұзақ уақытты алады және ол фирманың ғылыми-зерттеу құрастыру және басқа да дайындуларына кететін шығындары мен, инвестицияларымен байланысты.

Егер тауарды тұтынушылар қабылдаса, онда өсу сатысы сату көлемінің тез өсуімен және сәйкесінше фирма пайдасының өсумен сипатталады. Бұл сатыда логистикалық менеджмент үшін сұраныс болжамының айқындылығына байланысты күрделі қиындықтар пайда болады. Сату жөніндегі ақпараттың болмауы немесе оның кешігуі жеке таратудағы дұрыс емес шешімдерге алып келуі мүмкін.

Жандану сатысында сату көлемі және пайда максималды болады, бірақ оның өсу қарқыны баяулайды. Бұл тауарды көптеген потенциалды тұтынушылардың мойындауына байланысты. Осы сатының соңында,әдетте, сату көлемі мен пайданың төмендеуі байқалады, бұл бәсекелестердің алмастырушы тауарларының және фирманың сұранысты ұстауға және бәсекелестерден қорғануға кететін үлкен шығындардың әсері мен түсіндіріледі. Бұл жерде логистикалық шығындарды бақылау өте маңызды.

Тауардың өмірлік циклының сатыларына байланысты негізгі маркетингтік, өндірістік және логистикалық шешімдер 13-кестеде берілген. Тауардың өмірлік циклы логитикалық циклдың құрылымын стратегиялық анықтайды. Логистикалық цикл - бұл кешендік логистикалық функцияларымен байланысты циклдардың уақыт бойынша біріккен жиынтығы. Егер логистикалық цикл тұтынушы тауар тапсырған мезеттен оны алуға дейінгі кезеңде қарастырылса, онда ол толық логистикалық цикл деп аталады. Әдетте логистикалық цикл құрылымында төмендегідей егізгі құраушы - циклдары бөліп көрсетеді:

  • тапсырыс циклы;
  • қорлардың құрылу циклы;
  • тұтынушылар тапсырыстарын өңдеу циклы.

 

1-кесте. Тауардың өмірлік циклымен байланысты негізгі маркетингтік, операциялық және логистикалық менеджмент шешімдері.

Сатылары

Маркетинг және операциялық менеджмент

Логистикалық менеджмент

Ену

Рынокты кеңейту.

Тауар өндірісін өсіру.

Жарнама компаниясын кеңейту.

Тауардың жоғарғы бағасы.

Тауардың негізгі өзгерісі.

Логистикалық менеждмент.

Бірыңғай таратпау логистикалық сынақ арналары.

Сауда орындары көп емес.

Өткізуде қорлардың жиналуы.

Ақпараттық қолдаудың қалыптасуы.

Өсу

Рынок ішіне ену.

Жаппай өндіру.

Бағаны шамалы төмендету.

Тауар сапасының жоғарлауы.

Тауардың бастапқы өзгерісін жетілдіру.

Маркетингтік әрекетті толығымен талдау.

Тез тарату.

Жаңа өткізу арналарын және қызмет торларын құру.

Логистикалық шығындарды талдау.

Ақпараттық -компьютерлік қолдануды жетілдіру.

Жандану

Рыноктағы өз үлесін алу.

Бағаны одан әрі төмендету.

Маркетинг кешенін өзгерту .

Рынокты өзгерту.

Тауарды өзгерту.

Өзгертілген жаңа тауарларды, жаңа орамдарды енгізу.

Сатуды жылжытуды, зерттеуді күшейту.

Тез тарату.

Өткізу арналарыың сиымдылығын жоғарлату.

Қорларды соңғы сату орындарына жеткізу.

Сауда агенттерімен және диллерлермне байланыс орнату.

Қызмет торын күшейту,қосалқы бөлшектердің өндірісін көбейту.

Логистикалық шығындарды толығымен бақылау.

Құлдырау

Рынок сиымдылығын максималды пайдалану.

Құлдырауды жою бойынша маркетингтік күш.

Тауарды өзгертудің барлық варианттарын қолдану.

Бағаны шамалы жоғарлату.

Өндіріс рентабельдігін жоғарлату.

Сынап тарату.

Өткізу арналарын азайту.

Бөлшек сауда орындарындағы қорларды ірі көтерме саудагерлердің қоймаларына қайта бөлу.

 

  • сатып алуды ұйымдастыру және тапсырыстарды үлестіру циклы;
  • жеткізу циклы;
  • операциялық цикл;
  • тұтынушылар тапсырысын жинау және құжаттарды дайындау циклы;
  • талдау және есеп беру циклы;

Тауардың өмір циклы логистикалық циклға үлкен әсер етеді және логистикалық менджменттің дұрыс шешім қабылдауын ынталандырады. Ол, мысалы, графиктермен көрсетілген (37 сурет)

Графиктерде (37 сурет.нақты тауардың өмір циклының қисығы және өткізу трындағы тауар қорларының деңгейлерінің өзгерісін сипаттайтын график бейнеленген. Графиктерден көрініп тұрғандай, егер қорларды басқару тауардың өмірлік циклымен үйлеспеген болса, онда құлдырау сатысында тауар қорларына салынған ақша қаражаттары жоғалуы мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Смехов А.А.Логистикаға кіріспе.-М.Транспорт, 1993.

2.Гордон М.Л., Тишкин Е.М., Узков Н.С. Отандық және шетелдік сатып алушыларға тауарды үнемді жеткізуді қалай жүзеге асыруға болады.-М.:Транспорт,1993.

3.Смехов А.А.Көлік логистикасының негіздері.-М.:Транспорт,1995.

4.Зайцев И.И. Барлығы жүк тасымалы үшін. СПб:Заң және бизнес, 1998.

5.Накифоров В.С.Су көлігіндегі логистика негіздері.Оқу құралы.Новосибирск:НГАВТ,1995.

6.Щербаков В.В.,Уваров С.А.Шаруашылық байланысы мен логистиканың қазіргі уақыттағы жүйесі.СПб:СПбГУ ЭиФ,1997.

7.Төленов А.Т.,Мейірбеков А.А.Практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.М.Ауезов ат.ОҚМУ,2008ж

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-26 13:52:33     Қаралды-23143

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »