UF

Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» 

 

Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық  орны, ауданы және шекаралары

 

Қазақстан Республикасының территориясы – Евразия материгінің орталық бөлігінде, ТМД елдерінің оңтүстігінде 55°26-40°56с.е. және 45°27-87°18 ш.б. аралығында орналасқан, яғни батысында Волга  өзенінің төменгі ағысынан шығыста Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, ал солтүстікте Батыс сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы Қазақ жері қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстіктегі субтропикаға өтпелі белдеудің солтүстік шетін алып жатыр.

Қазақстан мемлекеттік щекарасының жалпы ұзындығы 15000км, оның 12000км құрлықпен, 3000км сумен (Каспий және Арал теңіздері) өтеді. Батысында, солтүстігінде және солтүстік батысында Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде және оңтүстік батысында Орта Азия ресеймен (Түркімен, Өзбекстан, Қырғызтан), оңтүстік шығысы мен шығысында ҚХР-сымен шектеседі. Қазақстанның қазіргі шекарасы ұлттық ерекшеліктерге, қазақ халқының ежелгі қоныстану өңірлеріне сай қалыптасқан.

Жер көлемі – 2,7 млн.км², дүние жүзі жерінің ауданы жөнінде 9-орында тұр, атап айтсақ Республиканың территориясы Батыс Европадағы ең ірі держава – Франциядан 5 есе үлкен, яғни Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері  еркін сияды.

Халқының саны 15млн. адамға жуықтайды. Жер бедері жағынан Қазақстан жазықты және ойпатты елге жатады. Оның көлемді кең жазығы Орталық Қазақстан өңірінде жекеленген аласа таулы Сарыарқа, Шығыс және оңтүстік – шығыста Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелеріне ұласады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және Алтай тау жүйелерінің абсолюттік биіктігі 4500м-ден асады. Қазақстанның ең биік нүктесі – Қырғызтан, Қытаймен шекарада орны – Хан Тәңірі шыңы (6995ж), ең төменгі нүктесі – Каспий теңізі жағалауындағы Қарақия ойысы, теңіз деңгейінен – 132 м. Тереңде жатыр. Қазақстан жер қойнауы темір рудасына, тас көмір мен қоңыр көмірге, түсті металдарға, фосфоритке, тұз және әртүрлі құрылыс металдарына бай болып келеді.

Евразия материгінің орталық бөлігінде мұхиттар мен теңіздерден тым алшақ жатуына байланысты Республика территориясына тым континенттік, қуаң климат ықпал етеді. Қазақстан Қара теңізден 2000км, Балтық және Араб теңіздерінен 3000км, Жапон теңізінен 5000км қашықта жатыр. Бірақ жылдық салқын маусымдарында Қазақстан территориясында Арктика мен Шығыс.Сібірдің қатал климатының әсері байқалады.

Климат пен жер бедерінің көптеген ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанның өзіне тән су жүйесі мен гидрологиялық режимі қалыптасқан. Мұндағы гидрологиялық тордың бірден-бір ерекшелігі республиканың ішкі су алабтары тұйық бассейінді болу керек. Ірі өзендерге Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл жатса, оларда бүкіл жыл бойына судың жоғары деңгейі сақталады. Республиканың негізгі көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті.

Орта ендікте орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды дала, одан оңтүстікке қарай дала шөлейт және шөлге ауысады. Топырақтан орманның сұр, шалғынды, күлгінді, қара, қызылқоңыр, және сортаң топырақ  типтері кездеседі.

Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі биік таулы аймақтардың табиғат жағдайлары биіктік зоналық немесе белдеуліктер бойынша өзгеріп отырады.

 

 

        Тақырыбы:  Қазақстанның тектоникалық –геологиялық құрылымы

 

1.Палеозойға дейінгі тау жыныстар;

2.Шөгінді және магмалық тау жыныстардың PZ тобы;

3. Мезозой жыныстар;

4. KZ- эрасаның шөгінділері;                  

Қазақстан территориясы өзінің қалыптасу тарихында бірнеше геологиялық кезеңдерді басынан өткізді; яғни геолдогиялық дамуы өте күрделі.

Геология дегеніміз- жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын, тау жыныстарын, олардың құрам бөліктерін, жер қойнауында химиялық заттардың таралуы мен орын ауыстыруын, ішкі және сыртқы күштердің әсерінен жер қойнауының дамуын және жер бетінде органикалық дүниенің пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылым. Кез-келген аймақтың геологиялық құрылысы мен геологиялық жасы геохронологиялық  кесте бойынша есептелінеді. Геохронологиялық кесте дегеніміз- геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының пайда болған кезі мен ретін білдіретін уақыт бөліктерінің жүйесі.

Қазақстанның кез-келген физика –географиялық аймағы әр түрлі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде пайда болған, мысалы, Қазапқтың ұсақ шоқысы, Тянь-Шань, Торғай үстірті және Тұран жазықтары тектоникалық көтерілулердің әсерінен пайда болған.

Пайда болған кезеңдеріне қарай Қазақстандағы тау жыныстары әр түрлі топтарға бөлінеді.

 Палеозойға дейінгі таужыныстар- бұлар қатпарлы құрылымдардың ішіндегі ең ежелгі шөгінділер болып есептелінеді. Қазақстан территориясында мрамор, кристалл тақтатастар, кварциттер түрінде Іле Алатауында, Талас Алатауында, Қаратау мен Шу-Іле тауаралық ойыстарында көптеп кездеседі. Олардың ең көп қабаттары Көкшетау мен Қазақтың қатпарлы өлкесінде (Сарыарқада) шоғырланған.

Шөгінді және магмалық тау жыныстардың PZ тобы- бұлар көбінесе Мұғалжар, Ұсақ шоқы және Оңтүстік-Шығыс пен Шығыстағы тау жүйелерінде көптеп қалыптасқан. Төменгі PZ-ң жыныстары, яғни кембрий жыныстары (мен силур) әртүрлі әктастар, құмдауыттар және сазды тақтатастар түрінде Бозшакөл, Шыңғыстау, Қаратау мен Талас Алатуында кездессе, силур шөгінділері Орталық Қазақстанда, Мұғалжарда, Балқаш маңы мен Тянь-Шаньда таралған. Төменгі PZ-ң интрузивті жыныстары шоғырланған жерлерде бірте-бірте хромит пен никель сияқты рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. (Мысалы, Мұғалжардың Оңтүстік бөлігі ) Орта PZ жыныстары литологиялық құрамына қарай әртүрлі болып келеді. Тянь- Шаньда, Мұғалжарда, Жоңғар Алатауында дөңбек тастар, қиыршық және малтатас пен әктастар түрінде кездеседі.

Жоғары PZ-ң шөгінділері Орталық Қазақстанда, Оңтүстік Балқаш маңында, Арал маңы мен Зайсан ойыстарында қызғылт түсті құмдар мен тақтатастар түрінде тараған. Карбон дәуірінде Солтүстік Тянь- Шань, Алтай, Тарбағатай, Мұғалжар таулары мен Сарыарқада мыс, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, сурьма, молибден және алтын рудаларының пайда болып қалыптасқан.

Ал пермь шөгінділеріне келсек, Қазақстан бойынша өте сирек тараған. Олар тек қана Орал-Ембі ауданы мен Маңғышлақ түбегіндегі Қаратау жотасында құмдар мен сазды мергель түрінде таралған. Мергель деп – құрамы саз корбанат қосылысынан тұратын тау жынысы, түсі ақшылдау болып келеді, цемент өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады.

Мезозой жыныстары. MZ эрасы триас, юра, бор болып 3 дәуірге бөлінеді. Қазақстанда PZ жыныстарына қарағанда MZ жыныстары сирек тараған. Себебі; мезозой кезеңінде денудация процестері басым болған.

Денудациялық процес деп – тау жыныстарының үгіліп, пайда болған үгінділердің биік жерлерден су, жел, мұздардың әрекетінен сырғып ойыс жерлерге шөгуін айтамыз. Триасс дәуірінің теңіздік шөгінділері Маңғышлақта қалыптасса, юра дәуірінің қызыл түсті құмдары және құрамында көмірі бар тақтатастар Іле ойпатында, Маңғышлақтағы Қаратауда, Торғай ойысында кездеседі. Бор дәуірінің шөгінділері Іле ойпаты мен зайсанда құрғақ құмдар түрінде табылған.

Ал, Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі Қаратау жоталарында бор шөгінділері құмдар мен қиыршық тастар түрінде қалыптасып, сол өңірлерде фосфариттердің кен орындары пайда болған.

KZ эрасының шөгінділері- бұлардың бір ерекшелігі Қазақстанның барлық территориясында кездеседі. Бұл жыныстардың литологиялық құрамы өте болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік шөгінділер.

Палеоген шөгінділері мергельді және гипсті қызыл саздардан, құмдар мен алвриттерден тұрып көбінесе тауаралық Шу, Іле және Зайсан ойыстарында кездеседі. Палеогеннің қызыл түсті балшықтарының қалыңдығы Солтүстік Тянь-Шаньның шығысы мен Жоңғар Алатауының тау бөктерінде 100 м-ден асады.

Неоген шөгінділері палеоген жыныстарының бетінен қалыптасады да, құба түсті болып келеді, құрамында саз, ұсақ тасты конгломераттар, гравелиттер болады. Іле Алатауының шығыс бөлігі мен Кетпен қыраттарында неоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м жетеді.

Қазақстан территориясында палеоген және неоген жыныстарымен бірге ең жас төрттік шөгінділерде бар, олар генетикалық құрамдарына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: теңіздік, аллювиалдық, пролювиалдық, көлдік, өзендік, мұздықтық және эолдық.

Теңіздік шөгінділер Каспий мкаңы ойпатында, Қарақұмда және Торғай үстірттерінде жайғасса, пролювиалдық шөгінділер тау беткейінің төменгі бөліктерінде, ал аллювиалдық –көлдік және өзендік шөгінділер Қазақстан территориясындағы барлық ірі қазаншұңқырларда етек жайған.

Мұздық шөгінділер мореналық және мұзды жыныстар түрінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шаньның биік беткейлерінде пайда болып механикалық құрамында дөңбек тастар мен малта тастар болады, мысалы, Іле Алатауында 1800м биіктікте мұздық жыныстар кездесіп, олардың қалыңдықтары 25 м-г жетеді.

Ал, эолдық шөгінділер дегеніміз- желдің соғуы нәтижесінде құмдардың бір жерге шоғырлануынан пайда болған жыныстар.

Осындай тау жыныстарының пайда болуы мен таралу ерекшеліктеріне қарай Қазақстан территориясы бірнеше тектоникалық аудандарға бөлінген.

Тектоникалық аудандастыру.

1.Шығыс-Европа платформасы.

2. Орал-Монғол қатпарлы белдеуі.

Палеозойга дейінгі кезең.

Палеозой кезеңі

Мезозой кезеңі

Кайнозой кезеңі.

Шығыс-Европа платформасы – оған Каспий маңы ойпаты кіреді. Бұл аймақ қалыптасуының бастапқы кезеңінде фундаменттің толқу салдарынан бірнеше блоктарға бөлінген. Мұндағы биіктік және PZ жыныстардың қалыңдығы 13 км-ге жетті.

Орал-Монғол қатпарлы белдеуі- Оралдың оңтүстігі, Тянь-Шаньның оңтүстік, Қазақтың қатпарлы өлкесін және Алтай, Саян қатпарлы елдерін қамтиды.

Орал қатпарлы жүйесі Үстіртпен Арал теңізінің солтүстігінде Орыс плитасына  ұласып, протерозой мен палеозой шөгінділерінен құралады.

Герциндік қатпарлы белдеудегі Маңғыстау жүйесіне батыстағы Қаратау, Орталық Каспий, Қарабұғаз көтерілімдері жатады. Ал, палеозой қатпарлық құрылымындағы Қазақтың ұсақ шоқысына Торғай, Сарыназ (Орталық Қазақстанда), Ұлытау, Мойынқұм, Ақбастау (Орталықта), Баянауыл,Ерейментау және Шығыс Тарбағатай жатады. Алтай -Саян қатпарлы өлкесіне Кенді Алтай тау жүйесі жатады,ол Ертіс арқалы өтіп, көбінесе ордовик, карбон, силур шөгінділерімен көмкерілген.

Қазақстандағы ең ірі Тұран плитасына Арал және Каспий теңіздеріне іргелес жатқан Үстірт, Маңғыстау Қарақұм, Қызылқұм және оңтүстік Торғай жатады.

Әрбір қатпарлы құрылымдар, облыстар және өлкелер ерекше геологиялық кезеңдерден өтіп, сол кезеңге сай тау жыныстарымен көмкерілген. Атап айтсақ, PZ –ң кембриінде вулканогендік процестер мен базальтты шөгінділердің қалыптасуы болып өтсе, родовикте жаңа көтерілемдер пайда болған граниттер түзілген. Деванда теңіздердің алабтары көмкеріліп, каледондық тауларда бұзылу процестері басым болды.

Ал MZ-да Қазақстанның Шығыс бөлігінің көпшілік жері континеттік массив болып, карбонатты мергелдер түзіледі.

Неогеннің ішінде Қазақстан территориясын құрлыққа айналып, құмды-сазды теңіз шөгінділері тек Каспий маңы ауданы мен шекттеледі. Бұл кезде Сарыарқаның темірлі- марганицті, тұзды жыныстары жинала бастады.

KZ-ң соңғы кезеңдерінде Қазақстанның таулы аудандары күмбезді көтерілімдерге шалынып, тау бөктерлерінде ысырылып конустары пайда болды. Онда лесс тәрізді саздақтар шөккен. Қазақстан территориясында 4 рет теңіз трансгрессия жүріп өтті (Хазар, Хвасин,баку және Каспий). Соның әсерінен Шөлді аудандардың көлдерінде сульфат, сода, ас тұзы тұнған.

Қазақстан Республикасының кең көлемді территориясы дамудың күрделі кезеңінен өтіп, геологиялық құрылысы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Сондықтан оның геологиясын, тектоникалық құрылысын және пайдлалы қазбалары туралы ғылыми зерттеулер мен көптеген ғалымдар айналысты. Атап айтсақ, А.А. Абдулигн, А.Д. Архангельский, В.Ф. Беспалов, Р.А. Борукаев, Ш.И. Есенов, Н.Г. Кассин, Н.Н. Костенко, Г.Ц.Медоев, К.И. Сатпаев, Е.Д. Шлигин, Б.А. Федорович, А.А. Яншин және т.б.                             

Палеозойға дейінгі кезең. Көптеген  зерттеушілердің пікірі бойынша Қазақстан территориясында архей және төменгі протерозой құрылымдары кездеспейді. Сондықтан, ежелгі қабаттың төменгі шекарасы жоғарғы протерозой шегінде көрінбейді. Антициклонерилік құрылымдардың осьтік бөлігінде қалыптасқан және кристалл тақтатастар мен гнейстерге айналған ежелгі тау жыныстары Қазақстанның көптеген аудандарында дамыған. Протерозой тау жыныстары көбінесе Мұғалжар тауы мен Торғай ойысының батыс қақпасында тараған. Кембриге дейінгі шөгінді тау жыныстары Көкшетау, Ұлытау, Қарсақпай, Шыңғыстау жоталары мен Атасу – Мойынты су айрығы мен Балқаш маңының шығысында қалыптасқан. Жоғарғы протерозой құрылымдары Ерейментау мен Баянауыл тауларында,ал ежелгі метаморфтықты шөгінділер солтүстік Тянь-Шань антиклинорилерінің осьтік бөліктерінде қалыптасқан.

Палеозой кезеңі.      Геологиялық палеозой кезеңінде Қазақстан территориясында құрылымдық- тектоникалық белгілер байқалады. Палеозойдың бас кезінде Қазақстан территориясында теңіздік геосинклинальдық жағдайлар басым болды., яғни жер қабатында шөгінділердің жиналуы мен үгілу процестері жүріп отырса, жер қабығы учаскелерінің шекараларында опырылмалар пайда болып, олар арқылы жер бетіне вулкагндық шөгінділер шығып отырады.

Мезозой кезеңі.        Қазақстан жерінің даму тарихындағы мезозой кезеңінде көптеген геологиялық құрылыстар болып өткен., яғни триаста ауданы қысқара түсті. Бірақ Қазақстанның батысындағы Орал-Ембі платформалық аймағы теңіз түбіне батты. Триастағы теңіздік шөгінділер Маңғыстау Қаратауының антиклинорий зонасында, Басқұншақ көлдерінің жағалауында пайда болған.                                 

Кайнозой кезеңі.      Кайнозой кезеңінің басты ерекшелігі- оның шөгінділері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседлі. Олардың литологиялық құрамы күрделі болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, және төрттік.

 

Тақырыбы: Қазақстанның климаты және климат құрушы факторлар

 

  1. Климат қалыптастырушы факторлар;
  2. Қазақстан климатының жеке элементтерінің режимі;
  3. Қазақстан территориясын климаттық аудандастыру;

Атмосфераның төменгі қабаты мен жер бетінің арасында үнемі болып отыратын климаттық ерекшеліктер табиғат жағдайларын қалыптастырушы себептер болып табылады, яғни климат дегеніміз-Күн радиациясы мен атмосфера циркуляциясына байланысты ауа-райының көп жылдық режимі. Ал климаттық жағдай дегеніміз жер бетіндегі ауа массаларының физикалық қасиеттерінің көп жылдық өзгерісі.

Қазақстандағы климаттың ең алғашқы ғылыми деректерін зерттеумен М.Д.Пономарев, А.А.Григорьев, П.Н.Колосков, А.С.Утешов сияқты ғалымдар айналысты.

Климаттық мәліметтер күн радиациясы мен негізгі метеорологиялық элементтерді көпжылдық бақылау нәтижесінде алынған статистикалық деректер бойынша жинақталады.

Жерінің аумағына және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның климаттық жағдайы өте күрделі қалыптасқан. Территориясының солтүстігінен оңтүстігіне қарай далалық зонаның климатынан шөлдік зона климатына дейін ауытқу байқалады. Сондықтан Қазақстан климатына тән төмендегідей ерекшеліктер анықталған: оның мұхиттардан, әсіресе ылғалды мол әкелетін Атлант мұхитынан алшақ жатуы; биік тау массивтерінің оңтүстік-шығыста орналасуы.

Еліміздің климатын қалыптастырушы көптеген факторлар дәлелденген, атап айтсақ: күн радиациясы, ауа құрамы, атмосфера циркуляциясы және олардың табиғат компоненттерімен өзара байланысы. Сонымен бірге климатты анықтайтын негізгі элементтерге метеорологиялық атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы, ауа температурасы мен ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашындар жатады.

Климат қалыптастырушы факторларға тоқталамыз:

1. Күн радиациясы-бұл бүкіл географиялық қабыққа келіп түсетін және климат түзуші энеогия көзі болып есептеледі. Географиялық ендікке және Қазақстан территорисының үлкендігіне байланысты Күннің түсуі әркелкі болады. Қазқстан қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде орналасқан, сондықтан күннің түсуі жоғары, орта есеппен алғанда жылына 2000-3000сағат күн сәулесі түсіп отырады, бірақ солтүстіктен оңтүстікке қарай бұл көрсеткіш өзгереді.Яғни Қостанайда 2058сағат, Астанада 2102сағат, Шымкентте 2892сағат, Алматыда 2043сағат, Бетпақ Далада 2936сағат, ал оңтүстік-шығыс таулы аудандарда 2000сағатқа жетеді. Себебі таулы аудандарда күн радиациясының жиынтық мөлшері бұлттылыққа тәуелді болады. «Бұлттылық» дегеніміз атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының жиынтығы, олар ауа массаларының жоғары көтеріліп, суынуының нәтижесінде пайда болады. Бұлттар күннен келетін тікелей радиацияның үлесін азайтып, олардың шашырап түсуіне ықпал етеді. Яғни қызуды азайтады. Бұлтты күндердің саны орташа есеппен солтүстікте 245 күн, оңтүстікте 105 күнге жетеді. Жаздыгүні Қазақстан бүкіл ТМД елдері бойынша ең бұлтсыз өңір деп есептеліп, «күн шуақты» өлке деп аталады.

Күн радиациясының түсуіне кері әсер ететін келесі фактор-альбедо. Жер бетінің альбедосы дегеніміз- жарықты шағылыстыру қабілеті, оның мөлшері оңтүстікке қарағанда солтүстікте басым болады.

2. Климаттың қалыптастыруын анықтайтын маңызды факторлардың бірі- атмосферадағы циркуляциялық процестер. Циркуляция дегеніміз- жер бетіндегі ауның әртүрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі. Циркуляциялық процестер жоғары және төменгі қысымды аймақтар, мұхит және құрлықтар арасында жүріп отырады.

Қазақстан территориясына жыл бойы ауа массаларының 3 типі ықпал етеді: арктикалық, полярлық, тропиктік. Жазғы маусымда Орта Азия мен Қазақстанның шөлді кеңістіктерінде атмосфераның төменгі қысымдағы облыстары қалыптасып, тропиктік құрғақ ауа массалары пайда болады да бұлтсыз ашық ауа-райы үстемдік етеді, ал Орталық Қазақстанда жоғары жылдамдықтағы желдер пайда болып ауа температурасы 30-35˚С, ал оңтүстікке жақындаған сайын 40-45˚С-қа дейін көтеріледі.

Ал, қыстыгүні арктикалық және полярлық ауа массаларының ықпалынан Қазақстанға  Батыс Сібір жазығы арқылы суынған ауа массалары келіп, тауаралық жазықтарда температура -5-15˚С, ал Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерінде -20-30˚С-қа төмендейді.

Таулы аудандарда ауа-райының қалыптасу процесіне жергілікті циркуляциялық жағдайлар да әсер етеді, яғни мұнда бұлттар күрт қоюланып, атмосфералық жауын-шашындар мол түседі. Ал ірі су айдындарының жағалауында ауа райын қалыптастыруда бриз желінің ықпалы байқалады.

Қазақстан климатының жеке элементтерінің режимі. Климат қалыптастырушы факторлармен бірге климатты анықтайтын бірнеше көрсеткіштер де бар. Олар: атмосфера қысымы, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, жел, бұлттылық. Қазақстан климатының негізгі сипаттамасы осындай метеорологиялық элементтердің ұзақ жылдардағы орташа және абсолюттік мөлшерлері бойынша анықталады.

Республикада климат батыстан шығысқа қарай құрғақтана түседі, ең құрғақ  климат орталық аудандарда байқалады. Себебі, мұнда жыл бойына солтүстік арктикалық суық ауалармен бірге оңтүстіктің жылы ауа массалары ықпал етіп отырады. Соның әсерінен көктем мен күз маусымдарында аракідік аязды күндер, ауа райының сууы және қар көшкіндері сияқты табиғат құбылыстары болып отырады.

Қазақстан территориясында үстемдік ететін метеорологиялық элементтерге

жеке-жеке тоқталамыз:

  1. Ауа қысымы мен жел. Атмосфералық қысым- бұл ауаның барлық денелер мен жер бетіне түсіретін қысымы. Қалыпты қысым Ο˚С температурада 760мм-ге тең, қысымды өлшейтін прибор барометр деп аталады.

Жер бедерінің күрделілігіне байланысты атмосфералық қысым өзгеріп отырады. Ауа қысымының орташа жылдық мөлшері жазықтық аудандарда 977-1022 мб-ға, Астанада 977 мб, Атырауда 1022 мб, Қ.О.-1003мб, ең төменгі мөлшері таулы аудандарға тән. Мысалы Алматыда 920мб.

Ауа қысымы мен ауа температурасы бір-біріне кері пропорционал, яғни температура жоғарылаған сайын жаз маусымында қысым төмендейді, ал температура төмендеген сайын қысым керісінше жоғарылайды.

Қазақстанның жел режимі атмосфералық циркуляция мен жер бедеріне байланысты анықталады. «Жел» дегеніміз - ауаның жоғарғы қысымды аймақтан төменгі қысымды аймаққа қарай горизонталь бағытта қозғалуы.

Қыстыгүні оңтүстік пен оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай жылдамдық 6м/сек-қа дейін желдер соқса, ал жаздыгүні батыстан солтүстікке, солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай бағытталған желдер соғып тұрады, олардың орташа жылдамдығы 2-3 м/сек. Ал таулы аймақтарда аңғарлық желдер соғады. Мысалы Шу және Іле аймақтарында аңғарлық желдердің бағыты батысқа қарай соғады. Жазықты және аласа таулы аудандарда жылдамдығы 40-45 м/сек жететін дауылды желдер тұрып, олар халық-шаруашылығына кері әсер етеді, мұндай желдер көбінесе Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында байқалады. Көлдер мен үлкен су қоймаларының жағалауларында бриз желдері соғады. «Бриздер» дегеніміз-атмосфералық қысымның өзгеруінен күндіз теңізден құрлыққа, түнде құрлықтан теңізге қарай соғатын желдер. Таулы аймақтарда аңғарға қарай соғатын құрғақ әрі жылы желдер-фендер деп аталады. Мұндай желдер Тянь-Шань тауларында жиі-жиі болып отырады.

  1. Ауа температурасы. Қазақстанда қаңтардағы ауаның орташа температурасы қиыр оңтүстікте -1-5˚С, ал солтүстікте -19˚-20˚С-қа жетеді. Қыста суық ауа массаларының тау алдында және тұйық аңғарларда жиналуынан таулы өңірлерде радиациялық суыну байқалады. Республика бойынша қысқы ең қатты суыну Алтайдың тау аралық қазан шұңқырларында болады. Ал, абсолюттік min -47˚-54˚С-қа төмендейді. Ең ыстық ай шілде, шілденің орташа температурасы 18-30˚С, ал абсолюттік max оңтүстікте 42-44˚С-қа жетеді. Жеке қалалар бойынша қаңтардағы ауаның орташа температурасы Петропавлда -19˚С, Астанада -17,7˚С, Оралда -14˚С, Атырауда -10,4˚С, Таразда -5˚С, Шымкентте -4˚С, ең аязды күндер Солтүстік Қазақстанда байқалып, ауа температурасы -50-53˚С-қа жетеді. Ал шілдеде, Петропавлда +19˚С, Астанада 20˚С, Оралда 23˚С, Атырауда 25˚С, Шымкентте 26˚С.

Республикада 1 жыл ішіндегі аязды күндердің саны 90-200-ге жетеді. Мысалы, Қызылордада 148 күн, Оралда 177, Семейде 183күн, Астанада 200күн, Шымкент пен Таразда 100 күнге де жетпейді, ал таулы аудандарда биіктікке және географиялық орналасу ерекшелігіне қарай аязды күндердің саны артып отырады.

  1. Ауаның ылғалдылығы – бұл ауадағы су буының мөлшерін, жергілікті жердің ауа-райы мен климаттық ерекшеліктерді сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Ылғалдылықтың жылдық режимі ауа массаларының ауа температурасының алмасуымен және жауын-шашын мен буланудың мөлшеріне қарай анықталады. Республика территориясында жыл бойына түсетін жауын-шашын мөлшеріне қарағанда булану бірнеше есе артық, яғни түсетін жауын-шашын мөлшері солтүстікте 350-500мм, оңтүстікте 100-150мм, ал булану солтүстікте 550-1000мм, оңтүстікте 1000-1700мм. Ылғалдылықтың жетіспеуінен құрғақ күндер өте көп болады да, олар әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда аймақтарында көп байқалады.
  2. Атмосфералық жауын-шашындар дегеніміз – бұлттардағы су буының конденсациялануы нәтижесінде жер бетіне жаңбыр, бұршақ, қар, қырау, түрінде түсетін ылғал. Биік таулы аудандарды ескермегенде, Қазақстан жері қуаң болып келеді. Жауын-шашынның таралуына көп жағдайда жергілікті жер бедері көп әсер етеді. Республиканың дала зонасында жылына орта есеппен 250-300мм жауын-шашын түседі, бұл көрсеткіш Орталық Қазақстанның көпшілік бөлігінде бірте-бірте төмендеп, 125-250мм-ге жетеді. Республика бойынша жауын-шашын ең аз түсетін аймақ – Балқаш көлі жағалауы мен Арал маңындағы Қарақұм өңірі, орташа жылдық жауын-шашын 100мм-ден аспайды. Батыстағы Үстірт пен Маңғыстау түбегінде 150мм түседі. Жер бедерінің биіктігі мен пішіндеріне қарай Қазақстанның биік таулы аудандарында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400-1000мм жетеді. Алтай тауларының батыс беткейлерінде 1500мм-ден артық ылғал түседі. Тау шыңдарынан етектеріне қарай ылғалдың мөлшері төмендеп, тауаралық қазаншұңқырларда 400-450мм, ал Зайсан қазаншұңқырларында 150мм жауын-шашын түседі. Іле Алатауында 900мм-ден аспайды. Ал, буланудың орташа мөлшері оңтүстікте 250мм-ден, солтүстікте 100мм-ге жетеді. Тау бөктерлерінде 200мм, таулы аудандарда 350-400мм.

Жаздыгүні буланудың мөлшері артып, оның абсолюттік max оңтүстікте 1200 мм-ге көтерілсе, солтүстікте 500мм.

Қазақстан территориясы бойынша жауын-шашынның таралуы өте әркелкі, мысалы жалпы бір жылда түсетін атмосфералық жауын-шашынның Оңтүстік Қазақстанда 60-65% салқын мезгілде жауса, керісінше Солтүстік Қазақстанда 70-80% жылы мезгілде түседі. Ол орманды дала зонасында жауын-шашынның көп бөлігі шілде айында жауады, тау баурайларында көктем мен күзде түседі.

 

Қазақстан территориясын климаттық аудандастыру.

Қазақстанда климатты ерекшеліктеріне қарай аудандастыру принциптерімен атақты климатологтар Б.П.Алисов пен А.А.Борисов айналысты. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда климаттық жағдайлар негізге алатындықтан, олар Қазақстан жерін (таулы аудандар қосылмайды) ылғал және жылу қорына қарай агроклиматтық аудандарға бөлді:

  1. Республиканың ең салқын және ылғалды өңірі болып саналатын қиыр солтүстік, ылғалдылық коэффициенті 1-ге тең. Сондықтан дәнді дақылдармен бау-бақша дақылдарын өсіру ұйымдастырылған.
  2. Қуаң қоңыржай жылы агроклиматтық облыс, оған Солтүстік Қазақстан облысы жатады. Ылғалдылық коэффициенті 0,7-1, жаздық бидай, тары, бұршақ және жүгнрі өсіруге қолайлы.
  3. Қуаң жылы облыс. Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары жатады, жаздық бидай және жүгері өсіруге тиімді.
  4. Аса қуаң жылы облыс. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе және Семей, бұрынғы Торғай мен Жезқазған облыстарының солтүстігі жатады, ылғалдылық коэффициенті 0,5-0,7, күнбағыс, жүгері, картоп.
  5. Ауасы құрғақ жылы облыс, бұл 4 облыстың оңтүстігінде ендік бағытта батыс және шығыс шекараларға дейін созылады, егіс дақылдарының өсіп жетілуіне ылғал жеткіліксіз болып табылады.
  6. Ауасы құрғақ, қоңыржай ыстық облыс, оған Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбенің орталығы және бұрынғы Торғай облысының оңтүстік жағы жатады, ылғал мөлшері жеткіліксіз және топырағы сортаң болып келеді. Сондықтан мал шаруашылығына қолайлы.
  7. Ауасы тым құрғақ, қоңыржай ыстық облыс, бұл 6 облыс оңтүстікте қалыптасқан, мал шаруашылығы өсіріледі.
  8. Тым құрғақ ыстық облыс.Қазақстанның оңтүстік жазықтық бөлігін қамтиды, ылғалдылық коэффициенті 0,1-0,3. Бетпақ Дала мен Мойынқұм және т.б. шөлді аудандар мал жайылымында пайдаланады. Ол сырдария мен Шу өзенінің жайылмаларында күріш, жүзім және т.б. бақша дақылдары өсіріледі.
  9. Аса құрғақ және өте ыстық облыс. Қазақстанның оңтүстігі шөлді аудандарды қамтиды, қой және ірі қара мал шаруашылығы мен жүзім егісі дамыған.
  10. Сарыарқа облысы, мал шаруашылығы дамыған. Ылғалдылық коэффициенті 0,1-0,2.
  11.  Зайсан қазан шұңқыры, ылғалға тапшы, ылғалдылық коэффициенті 0,2-0,5, мал шаруашылығы мен суармалы егін шаруашылығы өсіріледі.
  12. Жоңғар Алатауының тауалды және жазықтықтары, ылғалдылық коэффициенті 0,3-0,5, мал және суармалы егіншілік.
  13. Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, мұндағы температуралық жағдай техникалық дақылдар және бау-бақша өсіруге қолайлы.
  14. Іле Алатауының тау бөктерлері. Ылғалдылық коэффициенті 0,5-0,7. Климаттық жағдайы күздік және жаздық дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, темекі өсіруге тиімді.
  15. Іле аңғары-бұл Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ең құрғақ әрі ыстық агроклиматтық облыс, суармалы егіншілік, бидай, қант қызылшасы мен темекі өсіріледі.Ылғалдылық коэффициенті 0,7-0,8.

 

Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктер

 

1.  Мұздықтар мен мәңгі тоңдар;

2. Қазақстан өзендерінің гидрометриялық сипаттамасы және олардың экологиялық  

    Жағдайы;

3. Қазақстанның көлдері мен теңіздері;

4. Жерасты сулары мен минералдық сулар;

Ішкі сулар немесе беттік сулар дегеніміз жер бетінде үнемі немесе уақытша сұйық және қатты күйде тұратын, табиғаттағы су айналымымен тығыз байланыс орнататын маңызды табиғат ресурстары. Ішкі сулар ландшафтың басты компоненті бола отырып, қоршаған ортаға көп жақты әсер етеді.

Қазақстанның ішкі суларын көптеген ғалымдар зерттеген. Атап айтсақ, мұздықтарды С.Е.Дмитриев, Н.Н.Пальгов, К.Г. Макаревич, П.А.Черкасов, өзендерді  П.С.Кузин, И.С.Соседов, В.И.Коробин. В.А.Семенов, В.М.Болдырев,  теңіздер мен көлдерді  Л.С.Берг,  А.Н.Косарев, И.А.Шикломанов, Г.Г.Муравив, Н.Т.Кузнецов және т.б. зерттеп, ғылыми  сипаттама жасаған.

Қазақстанның географиялық орны, жер бедері мен климаттық  жағдайлар-  дың әртүрлілігімен ішкі сулар да өте әркелкі таралған. Мысалы, құрғақ, аридті аудандарда өзендер мен көлдер өте сирек, ол солтүстікте, орманды дала зонасында тығыз орналасқан.

Қазақстанның су қорларына мұздықтар мен мәңгі тоңдар, өзендер мен көлдер, су қоймалары мен бөгендер, теңіздер және жер асты сулары жатады.

Мұздықтар мен мәңгі тоңдар. Мұздық дегеніміз атмосфералық жауын-шашыннан пайда болған мұз жиынтығы, тау беткейін және тау аңғарын бойлай төмен сырғитын мұз массалары.

Көп жылдық тоңдар температура үнемі 0°-тан төмен болғанда тоңған жер қабатында қалыптасады.

Қазақстан территориясындағы мұздықтар мен мәңгі тоңдардың көпшілігі Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тауларының 3500-4000м биіктіктерінде кездеседі. Олар орташа жылдық температураның төмендеуі мен буланудың аздығынан қыс бойы жауған қар жамылғысы ерімей, бірте-бірте жиналып, қабатталуынан пайда болады. Қазақстан тауларындағы қарлардың жиналуы негізінен ауа массасының көктемгі және жазғы циркуляциялық процестеріне байланысты болады. Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттардан келетін батыс желдері көптеген ылғалды ауа массаларын әкеліп, олар таулы аудандарға қар түрінде жауады. Тау басындағы мұздықтар мен қабатталған қарлар Қазақстанның табиғатына әсер ете отырып, өзендер мен көлдердің негізгі қоректену көздері болып есептеледі. Жазғы маусымдағы қарлар мен мұздықтардың еруі егістік шаруашылығында жерді қолдан суару үшін қолданылады.

Қазақстанның әрбір таулы аудандарында қар сызығы әртүрлі биіктікте орналасқан. Қар сызығы дегеніміз тау басындағы қар жататын шекара, одан әрі қарай қар жыл бойы ерімейді. Қар сызығының биіктігі таулардың географиялық ендігіне, жауын-шашынның мөлшеріне, беткейдің еңістігіне және теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты өзгеруі. Тян-Шань тауында қар сызығы 3500-3800м биіктікте жатса, Іле Алатауында 3370м биіктікте орналасқан.

Қазақстан территориясындағы мұздықтардың жалпы саны 2724, ал жалпы олардың ауданы 1673,9 км². Олардың көпшілігі еліміздің оңтүстігі мен шығысындағы абсолюттік биіктік 4000метрден асатын Тянь-Шаньның –Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей Алатауы мен Жоңғар Алатауы, Сауыр және Қазақстандық Алтай тауларында мұздық белдеуі түрінде орналасқан, Қазақстан бойыша ең мұзданған аймақ-Жоңғар Алатауы. Себебі, онда жалпы мұздықтардың жартысына жуығы шоғырланған (1-кесте).

 

1-кесте. Қазақстан тауларындағы қазіргі мұз басудың таралуы

 

Таулы аймақтар

Мұздықтардың саны

Мұздықтардың ауданы, км²

Мұздықтардың көлемі, км³

Қазақстандық Алтай

Сауыр

Жоңғар Алатауы

Теріскей Алатауы

Күнгей Алатауы

Іле Алатауы

Қырғыз Алатауы

Талас Алатауы

Барлығы

328

18

1369

169

163

393

34

250

2724

72,3

14,8

813,9

137,8

126,4

422,7

9,5

76,5

1673,9

1,6

0,5

35,4

4,5

4,0

16,7

0,3

1,0

64,0

 

Таулардың абсолюттік биіктігі, олардың тілімделуі, күн радиациясының әркелкі таралуы және беткейлердің ылдилығы мұздықтардың  морфологиялық белгілерін анықтайды, яғни Қазақстан тауларындағы мұздықтар 3 топқа бөлінеді: 1) аңғарлық мұздықтар, олар жалпы мұздықтар санының  19%, ауданының 66%  алады; 2) тау беткейлерінің мұздықтары - 79%  және  33%, 3) биікке көтерілген ежелгі денудациялық беткейлердің  мұздықтары  2% және 1%.

Қазақстандағы ең ірі мұздық Корженевский аңғарлық мұздығы, ол Іле Алатауының Талғар жотасының (4973м) оңтүстік беткейінде орналасқан, ұзындығы 12км, ауданы 35км², ең қалың қабаты 200метрге жетеді. Сол сияқты Іле Алатауының негізгі мұздықты  аудандары солтүстік беткейдегі Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Тургень денудациялық бассейнінде орналасқан, олардың жалпы саны 194, ал жалпы ауданы 297 км². Ал Қазақстандық Алтай тауларында жалпы ауданы 207 км² болатын 300-ден астам мұздық бар.

Мұздықтардың қоректенуі мен температуралық режимдеріне байланысты Абляция процестері жүреді. Абляция дегеніміз климаттық жағдайларға байланысты еру, булану және сыну нәтижесінде мұздықтар көлемінің кішіреюі. Соңғы 70-80 жыл ішінде Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларындағы  мұздықтар жылына 20-30 метрге дейін еріп, көлемдері қысқаруда.

Абляция кезеңі мұздықтарда әдетте 2-2,5 айға, яғни шілдеден қыркүйекке дейін созылады. Тілдері төмен түскен мұздықтар жаздыгүні 3м, кейде 5-6м қабаттары ериді. Жаздыгүні мұздықтарға келіп түскен жылудың 22% жоғарғы қабаттарын қыздыруға жұмсалса, 78% мұздықтарды ерітуге және булануға кетеді.

Қазіргі кезде қоршаған ортаға антропогендік әрекеттердің таулы аудандардағы климаттың жылынуы және атмосферада көмірқышқыл газының көбеюінен мұздықтардың деградациялық (бұзылу) процесі жиілей түсуде. Осыған байланысты  ғалымдардың алдын  ала болжауы  бойынша  XXI ғасырдың ортасында Қазақстандағы қазіргі мұз басу екі есе қысқарып, ғасыр соңында түгелімен жойылады деп күтіледі, яғни құрлықты су басу қаупі төніп тұр.

Қазақстан өзендерінің гидрометриялық сипаттамасы және олардың экологиялық жағдайы.  Қазақстандағы өзендердің гидрографиялық жүйесі мен режимі жазықтық аудандарда ендік зоналық, ал таулы аймақтарда биіктік белдеулік бойынша сипатталады. Республика территориясы бойынша ылғалдың жеткіліксіздігі-

нен,  әсіресе шөлді аудандарда беттік ағындар сирек, өзендердің суы өте аз болып келеді. Көптеген өзендер құяр сағасына жетпей, арнасы кеуіп кетеді.

Қазақстандағы өзендердің жалпы саны 85мыңға жетеді, олардың 8мыңға жуығы (10%) 10 км-ге созылса, тек 10 өзеннің  ұзындығы 800 км-ден асады  (2 кесте).

 

2-кесте. Қазақстандағы ірі өзендердің гидрометриялық сипаттамасы

 

Өзендер

 

Ұзындығы, км.

Алабының ауданы, мың км².

 

Жалпы

Қазақстан территория-

сындағы

 

Жалпы

Қазастан

территория-

сындағы

  1. Ертіс
  2. Есіл
  3. Тобыл
  4. Урал
  5. Сырдария
  6. Шу
  7. Сарысу
  8. Іле
  9. Нұра
  10. Торғай

4284

2450

1591

2428

3019

1067

671

1384

978

827

1700

1400

800

1082

1400

800

671

815

978

827

1643

177

426

231

462

148

81,6

140

60,8

157

234

123

130

72,5

240

62,5

81,6

68,4

60,8

157

 

Республика территориясы бойынша өзендер әркелкі таралған. Яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай өзендердің орналасу жиілігі азая түседі. Атмосфералық жауын-шашындар көп түсетін орманды дала және дала зоналарының әрбір 100 км² жерінде 4-6 км өзен болса, шөлейт зонасында     2-4км, ол шөл зонасында 0,5км-ден аспайды. Ал,таулы аудандарда жазықтарға қарағанда өзендер анағұрлым көп. Мысалы, Жоңғар Алатауының етегінде 100км²-қа 2-4км, ол орташа биіктіктегі бөліктерінде 12-16км-ге дейін жетеді.

Сонымен бірге, Қазақстан таулы өзендерінің бір ерекшелігі сел процестері жиі болып тұрады. Сел дегеніміз таулы аудандарда жер сілкінуден, нөсерлі жауын-шашынның өтуінен, қар көшкінінен, мұздықтар мен қарлардың мөлшерден көп еруінен немесе тау беткейіндегі борпылдақ жыныстарының өзен арнасына құлауынан басталатын лай балшықты, күшті тау тасқыны.

Қазақстан бойынша селге ең қауіпті аудан- Іле Алатауының солтүстік беткейі. Селден елді мекендерді қорғау үшін каналдар, көпірлер,бөгеттер салынып, ағаштар отырғызылады. Кіші Алматы өзенінің Медеу тұсында биіктігі 112 метрге жететін бөгет салынған.

Жасанды өзендер болып саналатын каналдар егістікті суару үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықты сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазақстандағы ең ірі канал Ертіс-Қарағанды-Жезқазған ұзындығы 1000км-ге жетеді,ені жоғарғы ағысында 40км-ге жетсе, тереңдігі 5-7метр. Каналдың бойында 100-ге жуық гидротехникалық құрылғылар салынған. Сонымен бірге, Арыс-Түркістан каналы ұзындығы 200км, Сырдария өзенінің бойында салынған Жаңадария-600км, Орал-Көшім-200км (Б.Қ.О), ол ұсақ каналдарға Шыршық, Чу, Көксу, Үлкен Алматы және т.б.

Қазақстандағы өзендер мен каналдардың көпшілігі шаруашылық мақсатта қолданылып келеді.

Қазақстанның көлдері мен теңіздері. Қазақстан Республикасының территориясында көлдердің жалпы саны         ( теңіз, су қоймаларын қоспағанда )  48 мыңға жетеді, олардың жалпы ауданы 45 мың км² құрайды. Ауданы 1км² болатын шағын көлдердің сандық үлесі 94%, ол ауданы жөнінен 10% құрайды, ал ауданы 100км²-тен асатын ірі көлдердің саны бар жоғы 22. Көл қазаншұңқырларының көпшілігі шөлді аудандарда орналасқан, мысалы, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл және т.б.

Қазақстандағы көлдердің орташа тереңдігі 2м, ал ең тереңі 4-8м-45м-ге  жетеді де,олардың көбісі 100-350м абсолюттік биіктікте орналасқан (3 кесте).

Қазақстан жеріндегі өзендер орналасу географиясына қарай бірнеше бассейндерге біріккен:

  1. Солтүстік Мұзды мұхит бассейні, оған Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері салаларымен, Алтай тауларынан басталатын Уба, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Сілеті, Шідерті, және Үленті жатады.
  2. Каспий теңізінің бассейні. Орал өзені мен оның салалары Ембі, Сағыз, Үлкен және Кіші Өзен және Ембі үстіртінен ағып өтетін бірнеше ұсақ өзендер жатады. Орал өзенінің Қазақстандағы бөлігі Жйық деп аталып, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км, арнасының ені 350-500 метрге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде көптеген тарауларға бөлінеді. Жайық өзенінде тұрақты кеме шаруашылығы ұйымдастырылған.
  3. Арал теңізінің бассейніне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдария (оның салалары Арыс, Шу), Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері жатады.
  4. Балқаш-Алакөл көлдерінің бассейні, оған Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері жатады. Бұл өзендер Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауларынан басталып, Балқаш көліне құяды.
  5. Теңіз және Қарасор көлдерінің кіші бассейні , оған Орталық Қазақстан-   дағы Нұра, Талды, Көк өзендері жатады. Бұл өзендердің суы аз болғандықтан, жазғы маусым кезінде буланудың әсерінен сулары таусылып, кейде құмға сіңіп кетіп, арналары кеуіп қалады.

Қазақстан өзендері қоректену көзіне қарай 3 типке бөлінеді: 1) Қар және жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды-дала және дала зоналарының өзендері жатады. Мысалы, Есіл және Тобыл өзендері сәуір-мамыр айларында тау басындағы қарлардың еруінен өзендердің сулары молайып, арналарында су тасқыны басталады. 2) Еріген қар суымен қоректенетін өзендерге шөл-шөлейттің  өзендері жатады. 3) Жерасты суларымен және жаңбыр суымен немесе аралас қоректенетін өзендерге Орал, Ембі, Сағыз, Торғай өзендері жатады.

Ал, таулы аудандарда тау басындағы қарлар шаңқай түсте немесе түстен кейін еруіне байланысты биік таулы өзендерде таңертең су аз болып, түстен кейін ғана судың деңгейі бірден көбейеді.

Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларының өзендері тек қана қыстыгүні жерасты суларымен қоректеніп, басқа уақыттарда қар суымен, мұздықтармен қоректенеді (Іленің салалары-Шелек, Шарын, Есік, Қаскелең және Қаратал, Лепсі).             

 

3-кесте. Қазақстандағы ірі көлдердің морфометриялық сипаттамасы

 

  Көлдер

Абсолюттік

биіктігі,м.

Көл ауданы,

км²

Ұзындығы,

км.

Ені, км.

Ең терең

жері, м.

Балқаш

Алакөл

Теңіз

Сілетітеңіз

Сасықкөл

Марқакөл

342

347

304

65

350

1149

18200

2200

1162

777

745

449

605

104

74

65

50

88

74

52

40

22

20

19

26

45

8

3,2

4,7

2,7

 

Көл қазаншұңқырлары жаратылысын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: 1) тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған – тектоникалық көлдер; 2) вулканның әсерінен пайда болған – вулкандық көлдер; 3) мұздықты-тектоникалық көлдер; 4) әртүрлі тау жыныстарының шөгуінен пайда болған-суффозиондық көлдер; 5) құмдар мен желдердің әсерінен пайда болған-дефляциялық көлдер.

Тектоникалық көлдердің көпшілігі оңтүстік-шығыстағы таулы аудандар мен Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқыларда орналасқан, оларға Зайсан, Қарасор (Қарқаралыда), Теңіз, Марқакөл, Қорғалжың көлдері жатады. Ал, мұздықты көлдер биік таулардағы мұз басқан жерлерде, яғни Іле Алтауы мен Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде пайда болған, оларға Үлкен Алматы көлі мен Жасылкөл жатады.

Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатында суффозиондық көлдер орналасса, оңтүстік-батыстағы Үстірт пен Бетпақ Далада дефляциялық көлдер пайда болды.

Қазақстан көлдеріндегі су деңгейінің тербелісі жыл бойына ауытқып отырады. Яғни көктем мен жазда судың толысуы байқалса, жаздың соңына қарай су деңгейі төмендеп отырады. Жазықтықтар мен аласатаулардың көлдері дамудың соңғы сатыларынан өтуде, себебі шөл зонасының көлдері бірден тұзданып, су айдындары сортаңдарға айналуда. Ал, орманды-дала мен дала зоналарында эрозиялық процестің әрекетінен көл қазаншұңқырлары борпылдақ жыныстарға толып, тереңдіктері азайып, бірте-бірте құрып бара жатыр.

Тау жыныстарының құрамы мен жер асты суларының таралуына қарай көл суларының химиялық құрамы да өзгеше болады, яғни гидрокарбонаттық көлдер-Алтай, Сауыр және Тянь-Шаньның таулары мен олардың етектерінде, сульфатты көлдер-Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм, хлоридті көлдер Ертістің сол жағалауы мен Қазақтың ұсақ шоқында орналасқан. Қазақстандағы жалпы көлдердің 87%-сульфатты, 10%-гидрокарбонатты, 3%-хлорлы типке жатады.

Каспий маңы ойпатында көптеген ащы және тұзды көлдер пайда болды (Боткөл, Аралсор, Алға және Ақтөбедегі Шалқар).

Көл суларында микроэлементтердің құрамында бром, бор, фтор, йод, молибден, мырыш, марганец, темір, қорғасын, кобальт, мыс және никель. Егер судың тұздылығы артса, онда металдық концентрациялар азайып, керісінше фтор, йод, бром көбейеді.

Қазақстанда көлдермен бірге көптеген жасанды су қоймалары салынған. Мысалы, Бұқтырма, Өскемен, Қапшағай, Шардара және т.б.

Қазақстанның теңіздеріне келсек, екі теңізде (Арал, Каспий) әлемдік мұхиттан шалғай орналасқан. Каспий-дүние жүзіндегі ең ірі тұзды көл, теңіз деңгейінен 28метр төмен орналасқан. Ұзындығы 1200км, ені 300км, жағалық шекарасының ұзындығы 7000км, оның 2340км-Қазақстанда, ең терең жері 1025метр. Теңіз суының орташа тұздылығы 12,7‰.

Арал теңізі-геологиялық жасына қарағанда Каспийден анағұрлым жас, теңіз деңгейінен 53 метр биіктікте жатыр. 1960 жылға дейін теңіздің ауданы 66 мың км², ұзындығы 428 км, ені 235 км,ең терең жері 67 метрге жеткен. Тұздылығы 11-13‰.

Ал қазіргі таңда су деңгейі 14-15 метрге төмендеп, ауданы 25 мың км²-қа қысқарып, су көлемі 2 есе азайса, су тұздылығы 3 есе артты.

 

Тақырыбы: Жер асты суларының таралу ерекшелігі жәнешаруашылықтағы маңызы

 

Жерасты суы дегеніміз-жер қыртысы жоғары қабаттарындағы тау жыныстарының қуысында кездесетін су. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерлері-бұлақтар деп аталады. Жерасты суларындағы физико-химиялық қасиеттері бар сулар-минералдық сулар деп аталады.

Еліміздің территориясында табиғи температурасы мен минералдығы әртүрлі жерасты сулары бар, минералды су көздерінің қалыптасуы негізінен жер қыртысындағы хлорлы, кальцийлі және натрий тұздарының құрамына байланысты, кейбір жерасты суларының табиғи температурасы 32 +50°C-қа жетіп, олар халықтың күнделікті тұрмысы және емдік қасиеттері үшін қолданылады. Мысалы, Бурабай, Арасан, Сары-Ағаш, Жаңақорған курорттарының минералдық сулары ревматизм, асқазан, ішек, бауыр және тері ауруларын емдеу үшін қолданады. Қазақстанның шөлді аудандарында әлі күнге дейін игерілмей келе жатқан минералдық су көздері өте көп шоғырланған.

Жер асты сулары  деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алқаптың геологиялық құрылысымен анықталады. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарының гидросфера қабатын құрап, жалпы су айналымына қатысады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер асты сулары жер беті суларымен тікелей байланысты.

Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл болып бөлінеді. Орналасуына қарай жер асты сулары: 1) шөгінді тау жыныстарының кеуек-қуыстарында  кездескен жағдайда кеуек-қуыс сулары; 2) кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездескенде жарықшақ сулары; 3) оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында кездессе карст сулары деп бөлінеді.

Тереңдік жағдайларына қарай олар: үстіңгі қалқыма су, грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді. Қалқыма су кішігірім ойыстарда, құмшағылдар арасында атмосфералық жаңбыр мен қар немесе тасыған өзен суларының топырақ қабатына сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған және жер бетіне ең жақын орналасқан сулар. Грунтты топырақ суларының қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты болып келеді. Олар жер бетіне жақын орналасқан жер асты суларынан құралады. Бұл суларды “құдық суы” деп те атайды. Артезиан сулары – терең қабаттарда кездесетін шөгінді жыныстар арасында қалыптасқан жер асты сулары.

Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.

Жер асты суларының маңызы орасан зор және жан-жақты. Олар ағынның ең тұрақты бөлігі болып, өзендер мен көлдерді толықтырады; олардың орын алмасуы арқысында еріген заттар тасымалданады; өсімдіктер ылғал мен қоректік тұздар алады; рельефтің сырғу, суффозия, карст қалыптасуына қатысады.

Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтрация) және конденсациялық. Сорғу теориясы жер асты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын-шашындары мен жер үсті суларының жерге сіңуі арқылы түсіндіреді. Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану  жолымен түсіндіріледі.

Жер асты сулары инфильтрациялық жолмен атмосфералық сулардың есебінен де көбейіп отырады. Инфильтрациялық және  седиментациялық сулар аралас кездеседі. Соның нәтижесінде тұщы және ащы сулар құралады. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында әрі тұщы, әрі жас сулар (атмосфералық), тереңірек – минералды немесе ескі сулар, ал ең төменгі қабаттарда – ащы немесе тұзды сулар түзіледі.

Атмосфералық тұщы сулар төмен қарай сарқылып, жер қыртысының жоғарғы қабаттарына жиналады, ал терең қабаттарда ескі теңіз сулары сақталады. Тұзды сулар мантия қабатынан жоғары көтеріліп пайда болады. Ал кейбір болжамдар бойынша, тұщы сулар тұзды қабаттар арқылы ағып өткенде жолай оларды ерітіп, өзіне қосып алып тұзды суға айналады.

 

Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы. Топырақтың таралу заңдылығы

 

  1. Қазақстанның топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі;
  2. Топырақтардың түрлері;
  3. Өсімдік жамылғысы;

 

Қазақстанның топырақ жамылғысы өте күрделі. Кез-келген аймақтағы топырақтың таралуы топырақ түрлері және оны түзуші факторлар мен тығыз байланысты. Сондықтан топырақ жамылғысы белгілі бір географиялық заңдылықтарға байланысты қалыптасады.

 Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеумен 30-40 жылдары И.П. Ирасимов, Е.Н. Иванова, М.А. Глазовская айналысса, 50-жылдарда Қазақстан топырағының негізін қалаушы В.М. Боровский топырақты зерттеудің милиоративтік бағытын анықтады.

Қазақстанның топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі әркелкі және таралуы да біркелкі емес. Табиғаттың мұндай компоненттерінің орналасуына топтың  тарихи қалыптасуымен қазіргі кездегі физика-географиялық жағдайлар әсер етті. Еуразия материгінің ішкі шөл занасында орналасуы мен Қазақстан климатының құрғақтығына байланысты көрші жатқан Орта Азия мемлекеттеріне ұқсас болып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан территориясында ксерофитті өсімдіктер басым, олардың негізгі бөлігі құрғақ климаттық жағдайлаға бейімделсе, кейбіреулері Орталық Азиядан миграция жасау арқылы жеткен.

Қазақсьанда топырақ -өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің таралуы жалпы алғанда ендік бағыттағы табиғат зоналары биіктік белдеуліктері байланысты өзгеріп отырады.

Өсімдіктердің таралу ауданы жөнінен 1-ші орынды құрғақ сүйгіш өсімдіктер алады, олар негізінде каштан, сұр-құба және сұр топыраұқтарда өседі де, көбінесе жазықты аймақтарда, ойпаттардың түбінде, тау етектерінде және беткейлерде өсуге бейімделген., ал, екінші орында қара топырақтар мен таудың шалғынды топырақтарында өсетін орманды дала, шалғын және шалғынды даланың өсімдіктері алады. Қазақсьанда бұталы және орманды алқаптар өте аз, олар бар болғаны Қазақсттанның жалпы территориясының 1,5% ғана алып жатыр.

Топырақтардың түрлері. Топырақ дегеніміз- өсімдік өсіп өнуге бейімделген жер бетініңи борпылдақ қабаты.

Қазақстан территориясындағы табиғат зоналарына байланысты топырақтың да бірнеше типтері қалыптасқан, олар; қаратопырақтар, каштан топырақтар, құба топырақтар, сұр-құба топырақтар және солтүстіктің сұр топырақтары, сонымен бірге топырақ типіне қосылмайтын сортаңдармен сорлар да көптеп кезөқеседі, олар азоналдвық топырақтар деп аталады.

Азоналдық топырақтар Қзазақстан территориясында арал тәрізді әр жрде орналасып, олар топырақ жамылғысын шұбарлап жіберген.

1. Қара топырақтар –Қазақстанның солтүстігінде таралып, жалпы теспублика териториясының 7,2% алып жатыр, олар бірнеше подтипке бөлінеді. 1) орташа гумусты;  2) орташа гумусты сортаң; 3) азгумусты; 4) азгумусты сортаң.

1) Ортагусмусты қара топырақтардың құрамында гумустың мөлшері 6-8%, механикалық құрамы түйіршікті болып, құрамында өсімдіктер тіршілігі үшін зиянды ерітінділер болмайды. Мұндай топырақтардың карбонатты қабаттары 70-80см тереңдікте орналасқан. Топырақтың бұл типтері суармайтын егіншілік өсірумен айналасуға өте қолайлы.

2) Ортагумусты сортаң топырақтар рельфтің ойысты жерлерінде көп кездеседі, олардың негізгі ерекшелігі, беткі 40-50 см қабаты өте тығыздалған, карбонатты және гипсті қабаттар жер бетіне жақын жатады.мұндай сортаң топырақтарда егіншілікпен айнлысу үшін минералды тыңайтқыштар мен қолдан суаруды қажет етеді.

3) Азгумусті топырақтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан,Қостанай және Ақтөбе облыстардың оңтүстік аймақтарында таралған. Ондағы гумус мөлшері 4-7%, ал гумус қабатының қалыңдығы 30-40см. Бұл топырақтың физикалық қасиеттрін байланысты құрамында қоректену заттары өт көп, сондықтан құрғақ климаттық жағдайдағы, қалың қар қабаттарын қажет етеді.

2. Каштан (қызылқоңыр) топырақтар. Топырақтың бұл типі Қазақтың Ұсақ шоқысының, Каспий маңы ойпатының және Торғай қатпарлы өлкесінің солтүстік аймақтарында таралған, олар республиканың жалпы трриториясының 37%-ін алып жатыр. Механикалық құрамына қарай 2-ге бөлінеді:  1) күңгірт каштан; 2) ашық каштан;

Мұндай топырақтың түсі құрамындағы гумус мөлшеріне қарай өзгеріп отырады, яғни гумус артқан сайын,топырақ күңгірттенсе, гумус азайған сайын ашық түске өтеді.

1) Күңгірт каштан топырақтарда гумус мөлшері 3-4,5%, ал оның қалыңдығы 35-45см, құрылымы түйіршікті болып келеді. Топырақтың карбонатты қабаты 30-50см тереңдікте қалыптасқан. Мұндай топырақтар мал жайылымы үшін өте пайдалы және құрғақ климаттық жағдайда суармайтын егіншілік өсіруге қолайлы. Көл қазаншұңқырларында және жазықтың аласа бөліктерінде сортаң топырақтыр таралған.

2) Ашық каштан топырақтар көбінесе құрғақ аймақтарға тән. Мұнда гумус мөлшері аз, 2-3%, оның қалыңдығы 25-30см. Ашық каштан топырақтардың құрамындағы сортаңдар егін шаруашылығы үшін тиімсіздеу болғандықтан, мұндай топырақтарды көбінесе малға жайылым ретінде қолданады.

3. Құба және сұр құба топырақтар. Шөл зонасының солтүстігімен шөлейтті зоналарында таралған. Олар Қазақстан территориясының 32% бөлігін қамтиды. Мұндай топырақтар негізіенен жылына орта есеппен 100-200мм жауын-шашын түсетін құрғақ аймақтарда түзіледі. Құба топырақтар түсі ақшылдау болып, гумус мөлшері 2%, құрамы сортаңды болуы керек. Ал сұр құба топырақтардың 10-20см тереңдігінде тығыздалған қабатта гипс кзездеседі., мұндай топырақтарда өскен өсімдіктер мал жайылымы үшін қолданылады.

Қазақстанның жазықты аймақтарының көпшілік жерлерінде сорлар, сортаңдар және тақыр тәрізді топырақтар көп таралған.

Ал таулы аймақтарда тау топырақтарының мынадай типтері бар: сұр тлпырақтар, каштан топырақтар, қара топырақтар, таудың күңгірт түсті орман топырақтар, таудың шалғынды топырақтары және тундралы топырақтары.

Оңтүстік Қазақстан тауларының етектерінде ашық сұр топырақтар кездеседі. Ондағы гумус мөлшері 0,7-1,5%, құрамында сарғыш түсті қабаттармен бірге, 15-20см тереңдікте горизонт қабаты кездеседі.

Ал, таудың икаштан топырағы жылына орта есеппен 300-400 мм жауын-шашын түсетін таулы аудандарда таралған. Түсі қоңырлау болып, гумус мөлшері 3,5-4,5%, ал оның қалыңдығы 35-40 см-ге жетеді. Таудың каштан топырақты аймақтарында егін шаруашылығын ұйымдастырған тиімді.

Таудың қара топырақтары каштан топырақты белдеудің жоғарғы бөлігінде орналасқан, олар әдетте әртүрлі шөптесінді және бұталы өсімдіктер өсетін далада қалыптасқан.ондағы гумус мөлшері 6-10%, ал оның қалығңдығы 60-70см, құрамы органикалық заттарға бай,егін шаруашылығы үшінөте қолайлы.

Таулы орманның күңгірт түсті топырақтары Тянь-Шань, Жоңғар Алатауының жапырақты және шыршалы орманды өскен солтүстік беткейлерінде дамыған. Ондағы гумус 46%, карбонатты қабат 60-70см тереңдікте орналасқн. Ал Алтай тауларында емен-қайыңды ормандарда орманның сұр топырақтары, ал самырсынды тайгасында таудың күлгін топырақтары тараған.

Таулы топырақтардың келесі типі – шалғынды топырақтар. Мұндай топырақтардың ең беткі қабатында гумус мөлшері өте көп, яғни 15-20%, альпі шалғындығында гумус 10-12%,ал гумус қабатының қалыңдығы 50-70см, оның төменгі жағында қиыршықтастар кездеседі. Орманның тундралы топырағы өте әлсіз, олардың құрамында шымдар көптеп кездеседі.

 

Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің таралу ерекшелігі мен заңдылықтары

 

Қазақстанның өсімдік жамылғысында 4750-ден астам жоғарғы өсімдіктер бар, олардың 66-ысы ағаштар,266-бұталар, 250-аласа бойлы өсімдіктер, л 2800-і көпжылдық және бір жылдық шөпті өсімдіктер. Жалпы өсімдіктердің 12%- эндемиктер. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің де түрлері өте көп, азық-түліктік және майлы өсімдіктердің 150 түрі, мал азықтық өсімдіктрді 500-ден астам түрі, дәрілік шөптердің 230-дан астам түрлері Қазақстанның территориясынан кездеседі.

Жапырақты және қылқан жапырақты ормандар. Мұндай орман алқаптары Алтай және Тянь-шань тауларында таралған. Алтайда көбінесе самырсын, шырша, қайың, қарағай өссе, ал Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань шыршасы және сибир самырсыны өседі.

Ашыққылқан жапырақтыларға емен және арша ормандары жатады. Еменді ормандар Ертіс және Тобыл өзендерінің аңғарындағы құмдар мен Қазақтың Ұсақ Шоқысындаөскен.  Ал аршалы ормандар Батыс Тянь-Шань тауларында етек алған.

Қазақстанның топырақты ормандарында қайың,алма, жаңғақ және т.б. ағаштары өседі. Олар орманды дала және дала зоналары мен бірге таулы аудандарда кездеседі. Терек ағаштары Алтай, Солтүстік Қзақстандағы өзен аңғарларында өседі,грек жаңғағының ормандары Бтыс Тянь –Шаньның тау аңғарларында өскен.

Бұталы өсімдіктер- Қазақстанда өте көп, олардың ішінде қараған, розария, талдар көп кездеседі.

Қараған өсімдіктері Қазақтың Ұсақ Шоқысында, Алтай, Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай және Жоңғар Алатауының тау тектерінде өссе, ал розариялар (роза түрлерінің қауымдастығы), тау беткейлерінде көп беімдерген.

Оңтүстік Қазақстанның өзен аңғарларында тоғай өсімдіктері көп, соның ішінде талды ағаштар, жыңғыл және т.б. өседі.

Жартылай ағашты өсімдіктерге жататын сексеуілдерҚазақстанның оңтүстік аймағының құмды жерлерінде өседі. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі бар- ақ сексеуіл және қар сексеуіл. Ақ сексеуілдер құм массивтерінде өссө, ал қара сексеуілдер сазды тақырларда, яғни Сырдария, Шу және Балқаш көліне құятын өзендердің аңғарларында өседі.

Шөлдің аласа бойлы өсімдіктері. Қазақстандағы мұндай өсімдіктер 2 топқа бөлген:  1) жусанды өсімдіктер; 2) шеркезді ((солянковые) өсімдігі.

Қазақстанның шөлді аймақтарында жусанды өсімдіктер өте көп шоғырланған. Соның ішінде ақ жусан, қара жусан, сұр жусан және оңтүстік жусаны. Ақжусандар көбінесе Каспий маңының солтүстігінде, ал қара жусандардың ареалдары сортаң топырақты жерлерде, ал Оңтүстік Қазақстанда сұр және оңтүстік жусандары кездеседі.

Аласа бойлы өсімдіктердің шеркезді тобынан сортаң топтарда сарсазон, Ұсақ шоқының гипсті топтарда көкпек, долана.

 

Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар дүниесі. Жануарлардың зерттелу тарихы

 

Қазақстан территориясы жануарлар жөнінен бүкіл ТМД елдері сияқты Голарктикалық зоогеографиялық облыстың Палеоарктикалық бөлімінің құрамына кіреді. Қазақстанның шөл және шөлейтті зоналары Жеортатеңіздік, дала зонасы мен таулы аймағы Орталық Азиялық облыс тармағына жатады.

Республика фаунасының тарихи даму тегі неоген дәуірінен басталып, бірақ оның құрылымы мен таралу ерекшеліктері мұз басу дәуіріндегі климат жағдайларының өзгеруіне байланысты қалыптасқан.

Қазақстанның территориясында сүт қоректіліердің 158 түрі, құстардың 485 түрі,бауырмен жорғалаушылардың 58, қосмекенділердің 12, балықтың 150 түрі және омыртқасыздардың мыңдаған түрлері мекен етеді.

Қазақстанның фаунасы біркелкі емес, оның таралу тегі мен геология-географиялық жасы жағынан әртүрлі жануарлар бар.

Құстар, сүтқоректілер және насекомдар фаунасының шыққан тегі арктикалық, сібірлік, европалық, монғолиялық, қытайлық болса, сонымен бірге Қазақстанның эндемиктік түрлері де көп тараған. Фауна құрамындағы жануарлар түрі әртүрлі географиялық зоналарға беімделген. Арктикалық түрлер Алтай мен Тарбағатайдың биік таулы жерлерінде, ал европалық түрлер Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік- батысындағы орманды жерлерде, ал монғолиялық жануарлар шөлді зоналарда мекендейді.

ТМД елдрінің батыс бөлігінде, Қырымда және Кавказдың солтүстік беткейінде ғана мекен ететін кейбір жануарлар соңғы кезде Қазақстанның Арал маңында, Бетпақдала шөлінің солтүстік бөлігінде тараған. Мұның өзі Қазақстанның фаунасының түрлік құрамының артып келе жатқанын білдіреді.

 

Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары

 

Қазақстан жерінің 90% - ін жазықтар алып жатыр, ол  Оңтүстіктен Солтүстікке 1600 км ге, ол  батыстан шығысқа қарай 3000 км ге созылып жатыр. Қазақстандағы табиғат зоналарының орналасуына геологиялық және геоморфологиялық процестер, радиациямен, атмосфералық және циркулляциялық факторлар әсер етеді. Осын дай  ерекшеліктерге байланыс ты Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай т.з мынадай ретпен орналасқан:

  1. орманды дала
  2. дала
  3. шөлейт
  4. шөл.

Табиғат зонасы дегеніміз ендік бағытта созылып жатқан топыра ғы мен өсімдіктері және жануарлар дүниесі ұқсас болып келетін территориялар.

1. Орманды – дала зонасы. Бұл Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының территориясын қамтиды, яғни республика жерінің 7% - ін алып жатыр. Бұл зона қоңыржай континеттік климатпен сипатталады, жылдық – шашындардың орташа мөлшері, 300 -350 км.   Мұндай  батыс – сібірлік типке жататын орман – дала ландшафты, басым болып, олар жерасты суларының жер бетіне жақын жатуынан көлдік - өзендік жазықтар да қалыптасқан. Зона ның жер бедері – Батыс Сібір жазығының оңтүстік  бөлігі алып жатыр, сонымен бірге  ойысты жерлер де кездеседі, зонаның абсолюттік биіктігі 120 – 180 метрге өзгеріп отырады.  Жер қайнар, төрттік дәуірінің құлдықтары мен саздарынан тұрады. Мысалы Батыс Сібір  жазығы ежелгі палеозой жыныстарымен көмкеріліп, Петропавл қаласында кристалл шөгінділердің әктастары қалыптасқан.

Климаты жылы әрі құрғақ. Жылу мен ылғалдық мөлшері  дәнді және техникалық дақылдар өсіруге өте қолайлы, қыс мезгілі ұзақ әрі суық, қаңтардың орт 7  = - 190,  ең суық күні – 400С, ал жазы ыстық, шілде орт t 180 + 190C. 

Су торларына келсек, басқа зоналармен салыстырғанда өзен – көлдері нашар дамыған, көпшілік өзендері ұсақ, олар ағынсыз көлдерге құйып, кейбіреулері жазды гүні кеуіп кетеді өзендері жаңбыр қар және жерасты суларымен қоректеніп, көктемді су тасу процестері жүріп отырады. Зонаның ең ірі өзені – Есіл өзені, ол Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік – шығысынан басталып Ресей территориясына ұласады, жалпы ℓ  = 400 км. Ал, жерасты сулары орманды дала зонасына өте көп  шыққан, олардың минералды құрамы, тұщы болып, кейбір жердерде құрамында аз мөлшерде тұз кездеседі.

Жер бетіне жақын жерлерде карбонатты тұщы сулар, ал 10 – 30 м тереңдікте хлор лы сульфатты сулар кездеседі, ірі көлдері: Лебяжы, Сиверки, Қамыс және т.б. Құрғақшылық жылдары көлдердің көбісі кеуіп кетеді. Орманды даланың көлдері жерасаты суларымен қоректенеді. Топырақтың кәдімгі қаратопырақтар мен шалғында қара топырағы тараған. Осындай топырақтарда әртүрлі шөптесінді және жусанды өсімдіктер өседі. Жануарлардан  орман мен далалық түрлер бейімделген.

2. Дала зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларыана дейін 2200 км ге созылған. Ал зонаның ені рельф жағдайларына байланысты 40 км – ден 140 км ге дейін өзгереді. Бұл зона республика жерінің 20% алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтері құрғақ климат жағдайында қалыптасқан. Дала зонасының жер бедеріне Уралмаңы үстіртінің шығыс бөлігі, Батыс Сібір ойпатының оңтүстік – батыс бөлігі және Қазақтың Ұсақ шоқысының солтүстіктегі далалы  жазықары енеді. Сонымен қатар жер пішінінің өзен аңғарлары, көл қазыншұңқырлары орналасқан. Мұн дағы рельфтердің әртүрлі болуы климатқа және топырақ пен су торларына септігін тигізуде.

Зонаның климаты құрғап континентті, мұнда орман – дала зонасына қарағанда жылу мөлшері көбейіп, жауын – шашын мөлшері азая түседі. Дала зонасына жыл бөліп келіп түсетін жауын -  шашынның орташа мөлшері 200 – 300 мм, оның 60 - 80% ке жуығы жылы маусымды түседі. Қысы суық, қаңтар айындағы ауаның орт t–16–190C, кейбір аязды күндері – 500 С қа төмендейді, қыста жауған қардың қалыңдығы зона бойынша 30 см ге жетеді. Ал жаз маусымы ыстық әрі ұзақ болып, шілдедегі ауаның орт t+18+220C , кейде 35 +400C қа жоғарылайды.

Зонаның су жүйесіне келсек, өзен торлары Ертіс өзенінің бассейніне жатады да, сулары аздау болып, өзендері еріген қар суымен қоректеніп, көптеген сулары, жазды құрғап кетеді, зонаның ірі өзендері Тобыл мен Есіл. Ел ең негізгісі Ертіс өзені ол Қытайдан басталып, көптеген аймақтарды  басып ағып өтеді. Ал, көлдері жөнінен дала зонасы он  бай, ірі көлдері – теңіз, Қорғалжын, қарасор, Сілеті. Ұсақ шоқымы аймақта тұруы көлдер басым, өзендер сияқты көлдер де еріген қар суларымен қоректенеді. Дала зонасының жерасты сулары 10 – 20 м тереңдікке орналасып, олардың құрамы минералды заттарға  он  бай бөлсек

Дала зонасында топырақтың мынадай типтері түзілген кәдімгі қара топырақ, гумусы 6-10%, оңтүстігіндегі күңгірт – каштан топырақтар. (3-5%), карбонатты сазды топырақтар (5-6%). Кәдімгі қара топырақтарда әртүрлі шөпті және дәнді дақылдар өссе, қара және құба топырақтарда жүсон тенге және эфемерлі өсімдіктер, ал аласа таулы өлкелерде емен – қайыңдар өседі.

Жануарлардың негізгі түрлері далалық оған көртішқан, сілеусін және т.б тұяқтылар мен кеміргіштер мекен етеді.

3. Шөлейт зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км ге созылып жатыр. Қазақстан жерінің 23% - н алып  жатыр. Зонаның жер бедері  толқынды болып,  орташа абсолюттік h = 50 м. Шөлейт зонасына кіретін Каспий маңы ойпаты төрттік дәуірдің теңіздік  шөгінділері мен толғындырылған. Ал, Торғай үстіртіндегі орт h = 50 – 60 м ге жетіп, онда  аймақтар жиі қалыптасқан. Сонымен бірге шөлейт зоналарының  территориясына кіретін қазақтың қатпарлы өлкесі тақтатастар мен пварциттерден және әктастардан тұрып, орт h = 350-450 м ге тең.

Зоналық климаты қуаң континентті типке жатады. Жауын – шашын орташа жылдық мөлшері 200 мм ден аспайды, бұл көрсеткіш оңтүстікке қарай төмендей түседі. Шөлейт зонасының қысы суық, қаңтар орт t – байланыста – 120С, шығыс – 200С  қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 20 см, ал жазы ыстық әрі ұзақ шілдедегі ауаның орт t  = +250C. Аймаққа жыл бойына келіп түсетін жауын – шашынға қарағанда булануы мөлшері көп. Су торлары зонадағы өзендердің суы аз, негізгілері Сарысу,   Аягөз, Торғай, Соғыз, Ембі және Ора л.

Сарысу өзені Қазақтың  ұсақ шоқысынан басталып, жалпы  ℓ = 800 Км, еріген қарсуымен қоректенеді. Ал, Жайық өзені – Ора л тау – нан басталып, Каспий теңізіне құяды , ұзындығы 1000 км  ден асады. Ал Ембі  өзені Муғалжар тауынан басталып ұзындығы 647 км. Көлдері  таяз көлдер шөлейт зонада өте көп тараған соның  бірі Шалқар көлі, ауданы 1800 км2, ал Қазақстан шөлейт зонаның ең ірі көлі – Зайсон, ол теңіз деңгейінен есептеледі 383 м биіктікте орналасқан. Ал жерасты сулары  өте тереңде, яғни 100120 м тереңдікте жатқан артезион суларынан тұрады, жерасты суларының механикалық құрамы, немесе  минералдық заттар өте көп, олар емдік қасиеттері үшін қалыптасқан.

Топырақ жамылғысында ашық каштан топырақ басым, ондағы гумус мөлшері 2-3% ылғалдың жетіспеуімен топырақ құрамында тұздар жинақталған. Зонаның оңтүстік бөлігінде құба топырақтар түзіліп, онда сортаң және сорланған өсімдіктер өседі. Ал сортаңдалған топырақтарда  жусан мен бітеге нің бірнеше түрлері өссе, оңтүстікке қарай ксерофитті өсімдіктер бейімделген. Жануарлардан – кеміргіштер, жыртқыштар және бауырымен жорғалаушылар  бейімделген.

Шөлейт зоналарының жер қойнауы пайдалы қазбаларға, соның ішінде марганец, полиметалл, мыс және темір рудаларына өте бай, сонымен бірге фосфорит пен асбест кәсіпорындары бар.

4. Шөл зонасы – Қазақстанның шөлейт зонасының оңтүстік бөлігінде жазықтарды түгелдей қамтиды, яғни солтүстіктен оңтүстікке 900 км, ал шығыстан батысқа 3000 км ге созылып жатыр, жалпы республика жерінің 47% - алып жатыр, яғни Каспий маңы ойпатының оңтүстігінен, Маңғыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстікте Арал маңын, Атбақдаланы, Сырдария ойпатын, Қызылқұм  мен Мойынқұм массивтерін, Балқаш маңын түгелімен алып жатыр.

Климаты өте құрғақ, атмосфералық жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 100 – 200 мм, ол булану деңгейі одан 10 еседей артық. Жазы өте ыстық, шілде орт t = 23 + 250C, ге ең ыстық күндері + 40 + 450С, ал  қысы суық, жауын – шашын аз түседі, қаңтардағы ауаның  орт t = -5-150C, кейде – 200С та төмендейді жауған қар жамылғысының қалыңдығы 5 – 10 см.

Су торларына келсек, өзендері Сырдария, Іле, Қаратол, Лепсі. Олардың көбісі жаңбыр және қар суларымен қоректенеді. Ал, жерасты сулары 10 м тереңдікте орналасқан. Әсіресе ең кішігі палеозой жыныстарымен көмкерілген Қазақстанның Ұсақ шоқысы мен (Маңғыстаудағы) Қаратау минералды су көздері жер бетіне бұлақ түрінде шығып жатыр. Шөл зонасында ірі көлдер көп, Каспий, Арал, Балқаш.

Өсімдіктері ылғалы аз аймаққа бейімделген ксерофитті түрлер мен жүсанды – сор өсім діктер. Топырағы: шөлдің құмды топырағы, сұр құба топырағы, қызыл топырақ. Жануарлары: бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер, сүт қоректілер және т.б.

 

Тақырыбы: Қазақстанның физикалық-географиялық аудандастырылуы.   Аудандастыру принциптері

 

1.Аудандастырудың негізгі мәселелері;

2.Аудандастырудың басты принцптеріне жалпы сипаттама;         

            Физикалық географиялық аудандастырудың негізгі мәселесі – географияның әлі күнге дейінгі   жеткілікті деңге йде зерттелмеген күрделі  проблемалардың бірі . Қазақстанды физикалық-географиялық  аудандастыру үшін көптеген әдеби және картографиялық мәліметтер жинақталған. Қазақстанды алғаш  рет кешенді физ-географиялзық аудандастыру жұмыстары мен 1913ж Л.С. Берг, 1930ж Р.И. Аболин, 1944ж А.А. Григорев , 1948 ж, Н.г. Рыбин және 1656ж М.М. Өтемағамбетов шұғылданды. Кеңестік кезеңде  физикалық-географиялық  аудандастырудың негізгі принцптері бойынша Қазақстан 5 табиғи зонаға , 3 табиғи өлкеге  және 9 провинцияға  бөлінсе , ал 1969ж .А. Федорович басшылық еткен авторлар колективі  республика территориясын 8 өлкеге 25 провминцияға және 70 облысқа бөлді. Аймақтвы өлке және провинцияларға бөлу  геология геоморфологиялық факторлар бощйыеша , ол облыстарға  бөлу зоналарының бөліктерге негізделіп  жүргізіледі .1968 жэылоы Москва мемлекеттік университетінің ғалымдары шығарған  ғылыми еңбекте  Қазақстанның территориясының бжарлық табиғат жағдайларын  қамтитын кешендік принцп  негізінде жаңадан физикалық-географиялық  аудандастыру жүргұіззіледі. Биік таулы аймақтарда  биіктік зоналық  құрылымдары жіктеледі. Бұл еңбек бойынша  Қазақстан территориясы 7 өлкеге , 14 облысқа жъәне 43 провинцияға  бөлінеді.

Жоғарыда аталған жұмыстарға қарамастан  осы уақытқа дейін Қазақстан территориясын   физикалық-географиялық  аудандастырудың нақты жасалған схемасы жоқ. Бірақ 1: 1500000 геологиялық, 1:2500000 топырақ, 1: 1500000 тектоникалық карталар құрастырылған.

1970ж  Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктері ескере отырып  төмендегідей физикалық-географиялық  аудандастыру схемасы жасалды.

А) Орыс (Шығыс еуропа ) жазығы.Ол 3 зонаға бөлінген:

1.Қуаң дала зонасы.

2.Шөлейт зонасы.

3.Шөл зонасы.

Провинциялары:

а) Жалпы сырт.

б) Елек.

В)Өзен-Жайық.

г)Жем.

д)Каспий маңы.

Ә)Батыс Сібір жазығы. 3 табиғи зоеаға бөлінеді.

1.Орманды дала.

2.Дала зонасы.

3.Қуаң дала зонасы.

Провинциялары.

а)Есіл.

б)Тобыл маңы

в)Шағалалы Ертіс.

г)Ертіс маңы.

д)Құлынды.

Б)Тұран жазық өлкесі.

1.Қуаң дала зонасы.

2.Шөлейт зонасы.

3.Шөл зонасы.

Провинциялары.

а)Солтүстік Торғай.

б)Оңтүстік Торғай.

В)Маңғыстау.

Г)Үстірт.

Д)Төменгі Сырдария.

Е)Ортаңғы Сырдария.

Ж)Солтүстік Қызылқұм.

З)Бетпақдала.

И)Мойынқұм.

л)Балқаш маңы Алакөл.

В)Орал таулы өлкесі. Ол 1 облысқа бөллінген.

1.Оңтүстік Орал таулы облысы.

Провинциялары.

А)Мұғалжар.

Б)Орал сырты.

Г)Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы) өлкесі. 3 зонаға бөлінеді.

1.Дала зонасы.

2.Қуаң зонасы.

3.Шөлейт зонасы.

Провинциялары.

А)Көкшетау.

Б)Атбасар.

В)Теңіз.

Г)БАянауыл-Қарқаралы.

Д)Ұлытау.

Е)Сарысу-Қызылжар.

Ж)Қызылтас.

З)Шыңғыстау.

Д)Алтай Саян таулы елі. 1облысқа бөлінеді.

1.Алтай облысы.

Провинциялары.

А)Батыс Алтай.

Б)Оңтүстік Алтай.

В)Қалба жотасы.

Е)Жоңғар –Сауыр-Тарбағатай елі. 2облысқа бөлінеді.

1.Сауыр Тарбағатай облысы.

2.Жоңғар облысы.

Провинциялары.

А)Зайсан.

Б)Тарбағатай.

В)Жоңғар Алтайы.

Г)Батыс Жоңғар.

Ж)Тянь-Шань таулы елі. 2 облысқа бөлінеді.

1.Солтоүстік Тян-Шань облысы.

2.Оңтүстік батыс Тянь-Шань облысы.

Провинциялары.

А)Іле.

Б)Шу, Іле.

В)Қырғыз жотасы.

Г)Қаратау.

 

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы

 

  1. Атмосфералық ауаның газдық құрамы;
  2. Атмосфераны ластаудың негізгі көздері;
  3. Ластанған ауаның зиянды әсері;
  4. Қазақстанда қалыптасқан ауа қабаты;

 

Жер атмосфералық ауамен қоршалып жатыр. Атмосфералық ауаның газдық құрамы келесі заттардан тұрады: азот-78,08, оттегі-20,95, аргон-0,93, көмір қышқылгазы-0,03, неон N2, гелий (He) радон -0,01. Сонымен қатар ауа құрамында шаңдар және су булары кездеседі. Адам тамақсыз 25 апта, сусыз 5 күн, ал ауасыз 5 минутте өмір сүре алмайды. Адам тәулігіне 25 кг немесе 10-11 мың литр ауа тұтынады. Ауа бүкіл әлемнің тіршілік тынысы және оның шекарасы болмайды. Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады- тропосфера, азон, истратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан. Тропосфера және азон қабатының тіршілік үшін маңызы зор.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера –бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз етеді. Атмосфераның негізгі ластаушы көздері: ірі өнеркәсіп кешендері, автомабиль двигательдері,негізінен олар 2-ге бөлінеді: табиғи және жасанды. Табиғи: жер және ғарыштық. Жер – құрлық-теңіз

Құрлық: органикалық және бейорганикалық. Органикалық: түтін, жануарлар, өсімдіктер., бейорганикалық: зіл-зала, вулкан, үгілу.

Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау. Агрегаттық күйіне қарай, атмосфераны ластайтын заттарды 4 топқа бөледі: қатты, сұйық, газ және аралас. Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарының атмосфераға тарайтын бөлігін төмендегідей етіп топтайды.

Үйлестірілген өндіріс қалдығын шығару дегеніміз- арнаулы газ жүретін қондырғы, құбырлар арқылы газды атмосфераға шығару. Үйлестірілмеген- өндіріс қалдығын шығару- газх өнімдерін бейтарап, бағыт-бағдарсыз атмосфераға жіберу.

Осы көздерден шыққан заттар ауа құрамындағы компаненттерінің қатысуымен химиялық неменсе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химифлықөнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.Атмосфера құрамындағы оттегі және көмір қышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе- теңдігіне әсер етеді. Мәселен фотосинтезпроцесі. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.

Біздің республикамызда  атмосфера ауасына шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп «Ақпаратық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшыілікті хабардар етеді.

Атмосфераның ластану индексін (А Л И) бағалау бойынша 1995-2000жылдар аралығында ауасы ең көп ластнған қалаларға: Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Повлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. Себебі аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мәселен, 1995ж ең көп ластанған қала Жезқазған, Балқаш болса, қазір 1999-2001ж Ленинагор мен Өскемен щығып отыр, себебі бұл жердегі түсті металдардан ауаға шығатын зиянды заттар мөлшері артып келеді.

Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіп кешендердің техникалық жағынан қамтамасыздануы нашар болып отыр, бұл проблема, яғни ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы келеді. Ол заттар негізінен SO2, CO2, NO2, SH, NH3 және әртүрлі қатты және сұйық заттар. Тұрақты көздерден атмосфераға шығатын зиянды заттардың мөлшері қалалар бойынша: Павлодар (763,0 мың т.), иҚарағанды (601,6 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120), Атырау (90 мың т.). Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия мұназ-газ кәсіп орындары шорғырланған. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километіріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалады.

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейіні автокөліктерден шығатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мысалы Қостанай 119,4 мың т. Қоқыс заттар, Оңтүстік Қазақстан 87,3, Алматы 85,0, Павлодар 74,4, Көкшетау 53,6. Автокөдіктерден бөлінетін көміртегі аксиді барлывқ шығарылатын заттардың 70-80% алып отыр.

Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диаксиді және фенор, азот диаксиді қалыпты деңгейден 1-4 ПДК-ға жетіп отыр. Ақтау, Теміртау, Шымкент, Трааз қалаларында улы формальдиид 3 есеге кзбейген. Теміртауда фенол мөлшері 2,4 есе көбейген.

Қазақстан жағдлайында ауа бассейіндерінің ластануы көбінесе қатаң континенттері ауа райына байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян қалаларының ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, сол себепті қалалар үнемі қалың зиянды улы смогтармен оралып жатады.

Қазақстан ауа бассейіндерінің ластануы көршілес мемлекеттер есебіненде көбеюде. Мысалы  1) S 46% немесе 380000 т

                                                         N (тотыққан) -19% немесе 46400т

                                                         N (тотықпаған) -51% немесе 11300т

 2)   S- 54%

       N – 81%

       N – 49%

Атмосфераны ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн.т. жетіп отыр, ал оның құрамы 20 химиялық элементтердлен тұрады. Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, техниканы жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты техниканы енгізі мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру.

 

Тақырыбы: Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар  және шешу жолдары

 

Геоэкологияның актуалды мәселелерінің бірі адам қоғамы мен табиғат арасындағы кеңістік пен уақыт заңдылығы негізінде қарым қатынасы. Осы жерде адамның шынай табиғи ортада ғылыми зерттеудің назарында болады. Геоэкологияның ғылыми пән ретінде оның басты бағыты адам өмір сүретін ортаның геоэкологиялық жағдайын, әртүрлі таксономиялық бірліктердің геожүйелік табиғи, табиғи- антропогендік жағынан зерттеу мен баға беру. Табиғи антропогендік ландшафттағы экологиялық жағдай көптеген факторларға байланысты : табиғи жағдай, оның техногенезге тұрақтылығы мен антропогендік жағдайдың әсер етуі мен оның табиғи ортаға интенсивтілігі және адамдардың табиғатқа реакциясы осы аталған геожүйелерге әсер етеін факторлар географиялық қабықта біркелкі орналаспаған. Мұнда антрпогенездің геожүйенің табиғи ортасымен спецификалы0 байланысы және оның табиғи кешендердің құрылымына тәуелділігі байқалады.

Басқа жағынан қарағанда бұрын жойылған ландшафтардың экологиялық қасиеттерін қайтадан қалпына келтіру тікелей сол жердің табиғи  жағдайларының экологиялық тұрақсыздану қаупінің деңгейіне байланысты болады. Осы жағдайлар экологиялық өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 

Тақырыбы: Оңтүстік Орал таулы аймағы

 

  1. Геологиялық құрлысы;
  2. Жер бедері;
  3. Климаты;
  4. Су торлары;

 

Орал таулы елі- ең ірі физикалық географиялық елдердің бірі. Оның оңтүстік  бөлігі ғана Қазақстан территориясында, ал қалған бөлігі тұтастай Ресей территориясында орналасқан. Орал тауларының физикалық географиялық  елі болып бөлінуінде мынадай негізгі белгілері бар:

1. Орал-герциндік қатпарлы құрылымында қалыптасқан тұтастай тау жүйесі;

2. Оралға келетін ауа массаларының батыс тасымалы өзіндік циклондық климаттық ерекшеліктерін туғызады;

3. Қылқан жапырақты ормандардың көп болуы.

Орал таулары солтүстіктен  оңтүстікке қарай Югор Шар бұғазынан Арал-Каспий шөлдеріне дейін 2900 км-ге созылып жатыр, сонымен бірге ірі-ірі Шығыс Европпа, Батыс Сібір және Тұран ойпатының аралығында орналасқан. Солтүстік поляр шеңберінде  Орал тауының ені 50 км-ге жетсе, ал оңтүстікте 300-400 км-ге жетеді.

Геологиялық құрлысы. Орал тауларының  геологиялық құрылымы жоғарғы полезой дәуірінде Евразия қатпарлы белдеуінде пайда болған. Олардың даму тарихы негізгі 3 кезеңнен тұрады.

1 кезең- палеозойға дейінгі және палеозой кезеңі . Бұл уақытта қатпарлы таулардың қалыптасуы мен тау жыныстарының шөгуі және вулкандық әректтер байқалған. Полезойдың орта тұсында Оралдың батыс бөлігінде корбонатты шөгінділер қалыптасқан. Бірінші кезеңде Орал тауларында байкал және коледон қатпарлықтары байқалғанымен  ешқандай тау көтерілу процестері жүрмеген . Карбон қатпарлығы байқалып, Орал таулары көтеріле бастаған.

2 кезең- мезозой және полеоген кезеңі. Бұл уақытта көбінесе жер бедерінің бұзылулары болып отырған . Триас дәуірінде Орал тауларының шығыс бөлігі үлкен бұзылысқа ұшырап, соның нәтижесінде Батыс Сібір плитасының фундаменті пайда болды. Полеогеннің соңына қарай Орал тауларының орнында үлкен жазықтар болып, олардың қалдықтары қазіргі кезде Оралдың оңтүстігі мен солтүстігінде сақталған.

3 кезең-  неоген – төрттік . Бұл кезеңде жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қазіргі Оралдың жер бедері қалыптасқан, жазықтықты аудандар әртүрлі биіктіктерге көтеріліп , жер бедерін қырқалы қатпарлы пішіндері пайда болған .

Орал тауларының жер бедеріндегі геологиялық құрылымдар мен ондағы тау жыныстарының литологиялық құрамдары өте әртүрлі . Оралдың батыс беткейі корбонатты және гипсті тау жыныстары көптеп таралса , ал шығыс беткейде метоморфты және магмалық жыныстар басым болып келеді.     Төрттік дәуірде Оралда мұз басу дәуірі басталып , Днепр- Самара мұз басудың шекарасы 60 градусқа жетті.

Жер бедері. Қазақстан территориясында орналасқан  Оңтүстік Орал тауларының орташа абсолюттік биіктігі 250м-ден 600-700м-ге дейін жетеді. Жер бедерінің негізгі пішіндері үстірт тәрізді қырқалармен жоталы төбелерден құралып , көбінесе олар кристалл тау жыныстарымен көмкерілген.Cол сияқты мұзды жарлы беткейлерде бор және мергельді шөгінділермен бірге тұзды жартастарда мезозой және пермь тау жыныстары түзілген.

Оңтүстік Орал таулары Мұғалжар тауларының солтүстік тізбектермен шектесіп, сол аймақта силур және девон жасындағы шөгінділер түзілген.

Климаты. Оралдың климаты қоңыржай континентті, мұндағы климаттың континенттігі батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарй артып, Оралмен көрші жатқан жазықты жерлерде климаттың күрт өзгерісі байқалады яғни климаттың қалыптасуына Шығыс Европпаға үстемдік ететін атланттық және арктикалық ауа масалары ықпал етеді. Территория бойынша ылғалдылық коэфиценті 0,3. Күн радиациясының жиынтық мөлшері 2800-3000градус С-ге тен. Жылы кезеңнің ұзақтығы 205-209 күн. Температураның абсолюттік жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-320мм. Қар жамылғысының жату ұзақтығы 125-140күн, қалындығы 25-35см.

Су торлары. Орал таулары бойынша Солтүстік мұзды мұхиты мен Арал-Каспий ағынсыз бассеинің су айрығы басып өтеді. Оралдың өзендері көбінесе суы мол болып, олар Баренц,Кар теңізі арқылы Каспий теңізіне құяды. Негізгі өзендері Ырғыз,Елек, Ембі. Ал көлдері ұсақ әрі өте көп болғанымен суы аз.

 

Тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы (Батыс Сібір жазығы)

 

Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік етегі кіреді. Ол Орал маңы үстіртінен Алтайға дейін 1400км Ұз-қа созылады да Торғай үстірті мен Қаззақтың ұсақ шоқысынан  солтүстікке қарай еңістеу болып келеді. Оңтүстіктегі  абс-к биіктік 200м. Тектоникалық жағынан Батыс сібір плитасына сай келеді. Бұл плитада  сипты жөнінен палнзой жыныстарынан құралған қатпарлық фундамент орналасқан. Фундаменттің қалыңдығы оңтүстікте 100м, солтүстікте 1500м-к мезозой және кайназой шөгінділерінің қалың қабаттары табылған. Беткі бөлігі палеогеннің теңіздік  және континенттік шөгінділкрінен түзілген.Климаты тым континенттік.Қыстыгүні бұл өңірге сібірдің максимумы  аймағынан таралатын  қоңыржай белдеудің континенттік ауа массалары үстемдік етеді. Жазда  Оңтүстік Қазақстан Орта Азиядан өтетін континенттік тропикалық ауа масалары ықпал етеді. Аймақтың өзен торы сирек қалыптасқан. Ірі өзендері – Ертіс, Есіл, Тобыл қалған өзендерінің суы аз, негізінен қар суы мен қоректенеді. Көлге аудан өте бай, ірілері- Сілетітеңіз, Шағалылы теңіз. Батыс Сібірдің Қазақстандық бөлігінде  орманды дала және қуаң дала зоналарының  5 проовинциясы орналасқан.

Орманды дала зонасындағы  Есіл провинциясы Қазақстанның қиыр слтүстік бөлігін алып жатыр және Есіл өзендерінің  батыс және шығыс өңірлерін қамтиды. Есіл жазығын рельеф пішіні  ойпаң , көлдер мен бөлшектенген, кейбір бөлігі батпақты болып келеді.Есілдің орманды зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақ жамылғысында  қайың ормандары өседі.

Дала зонамындағы Тобыл мааңы провинциясы Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Батыста Орал сырты үстірті , оңтүстікте Торғай үстірті, шығыста Есілдің солтүстік жағалауы аралығында орналасқан. Палезой фундаменті оңтүстігінде 100м, солтүстік шығысында 200-400м тереңдікте жатыр.  Қатпарлы фундаменттің интркзивтік шөгінділерінде Соколов Сарыбай темір рудасы шоғырланған.

Дала зонасындағы Шағалалы Ертіс провинциясы- дала зонасының шығыс бөлігін қамтиды. Тобыл маңы провинциясын салыстврғанда палезой фундаменті  тереңде шөккен, яғни 800-100 м төменде жатыр. Овинцияның көпшілік бөлігін  алювилік-көлдік жазықтар алып жатыр, өзен торлары нашар дамыған. Жер асты сулары  минералды, ал  көлдері  тұзды болып келеді. Топыраағы кәдімгі қара , өсімдіктің далалық түрлері басым болып келеді. Ауыл шаруашылығында провинция егіншілікке және мал жайылымына пайдаланады.

Қуаң дала зонасында Ертіс маңы провинциясы- Батыс Сібір физикалық географиялық елінің оңтүстік шығысының бөлігін қамтиды. Ертіс өзенінің  2 жағын ала орналасқан  көлдік алювилік тегіс келген баспалдақты жазықтан тұрады. Территориясының абс-к биіктігі 110-200м. Тектоникалық жағынан   Ертіс маңы ойына жатады. Нртістің сотүстік жағалауы біртіндеп Сарыарқаға ұласады.  Ежелгі алювилік  құмды жазықтың беті  эолдық әрекеттерге ұшыраған дюналық массивтер кеңінен таралған. Провинцияның ірі өзндері- Ертіс, Шағыл, Сілеті, Шідерті, және т.б. Топырақ жамылғысы- күңгірт, қызыл қоңыр және қызыл топырақ типтерінен тұрса, өсімдіктерден бетегелі және ксеофидті түрлер кең тараған.

Құлынды провинциясы- Ертіс аңғарынан шығысқа қарай созылып жатқан қуаң дала зонасының шығыс ауданын қамтиды. Првинция территориясының бетін флювиогляциалдық көлдік шөгінділер жапқан. Климаттық жағдайы өте қуаң болып келеді. Жылына орташа есеппен  енбәрі 250-260мм  жауын шашын түседі. Топпырақтың күңгірт  қызыл және қоңыр түрлері , өсімдіктердің далалық түрлері кездеседі.  

 

Тақырыбы: Қазақстың қатпарлы даласы (Қазақтың ұсақ шоқысы )

 

Қазақтың ұсақ шоқысы мен Үстірт физика-географиялық елі ежелгі таулзы аймақтың қалдығы болып саналады да оның шеткі бөліктері борпылдақ тау жыныстарынан түзілген. Мұндағы бұзылу процестері полезоұйдың орта кезінене басталған. Соны мен бірге бұл аймақ кембриге  деейінгі және полнзойдың  орта кезінен басталған. Каледон және герциндіу тоау түзілісі кезінде бұл тау жыныстары күшті диспокацияға ұшырап, ұсақ шоқылы жер бедері қалыптасуының алғашқы кезең і қалыптасуы басталды. Денудация процестерінің нәтижесінде  бұзылзуға шыдамды боллып келетін аласа таулы  ежелгі пенеплен қалыптасты. Ал қазіргі кезде көптеген аймақтарда  сақталған .

Неогенді әлсіз көтерулер мен төмен түсулер әсерінен денудациялық және акумулятивтік жазықтар ппайда болады. Төрттік кезеңннің ортасына  қарай көтеріңкі жазықтарда  эрозиялық тілзлімденуден суайрықтық беткейлер , шоқылы төбелер, қырқалар мен жондар түзеді. Қазақтың ұсақ шоқысы мен Үстірт елінің территориясы 2 облысқа бөлінеді: 1) Қазақ ұсақ шоқысы. 2) Орал маңы  торғай.

А)Қазақтың ұсақ шоқысы өлкесі- Қазақстанның рталық және шығыс балігін қамтитын физ-георафиялық өлке. Жер бедері қыратты ,ұсақ шоқылы және аласа төбелі болып келген жазық болып табылаады. Батысы Торғацй ойысынан басталып , шығысы тарбағатайдың батыс сілеміне дейігн  созылып жатыро.Солтүстігі Батыс сібір жазығынан , оңтүстігі Бетпақдалаға  және Балқаш көліне ұласады. Өлекенің ең биік нүктесі 1565м (Ақсоран тауы) .Өлкенің гипсометрлік құрылымыортасынан  шетіне қарай аласарып отырады. Өлкенің кейбір жерлерін мезокайназой шөггінділері  географиялық және климаттық жағдайларына қарай 3 зонаға және 8 провинцияға бөлінген.

1.Дала зонасындағы  Көкшетау провинциясы- Сарыарқаның солтүстігі Көкшетау қыратын қамтиды. Абс-к биіктіігі 947м. Кристалды фундаментті архей, протерозойдың кварцит кристалды тақтатастарынан түзілген. Өзендеріне Иманбұрлық, Зеренді, Бурабай, УҮлкегн және кіші Шабақты, Шортьанды көлдері жатады.

2.Қуаң дала  зонасындағы Атбасар провинциясы- солтүстігі Көкшетау қыраты, оңтүстігі Теңіз ойысы, батысында Терісаққан, шығысында Нұра өзен аңғарларында көтеріңкі келген Атбасар жазығын қамтиды.Абс-к биіктігі 450м. Қара топырақты далалары мен оңтүстіктің қара топырақты аудандары ауыл шаруашылығына тиімді болып келеді.

3.Теңіз провинциясы- солтүстіктен атбасар жазығы мен оңтүстікте Сарысу айрығындағы ұсаақ шоқылық, шығыста Ерментау аласа таулы төбелері мен батыста  терісақан  өзен аңғарынгың  аралығында орналасқан. Абс-к биіктігі 500м.Провинция жерінде Қорғалжын өқорығы лорналасқан.

4.Баянауыл-Қарқаралы провинциясы- Орталық Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігін алып жатыр, каледоен қатпарлы белде уінде қалыптасқан, полезойдың шөгінді вулкандық қатпарынан түзілген. Таулы массивтеріне Бжаянауыл, Қоощйтас, Қарқаралщы жатады. Жер асты суына өте бай.Өзен аңғарлзарында егіншілік дамыған. Твау жыныстарының геологиялық қалыптасу кезеңдеріне қарай Қарағанды көмір бассейіні осы провинция территориясында қалыптасқан.

5.Шөлейт зонасындағы  Ұллытау провинциясы- Сарыпрқаның оңтүстік батыс шетщіндегі Ұлытау тауын және ұсақ шоқыға  келіп тірелетін  таулдзы массивтерді қамтиды. Абс-к биіктігі 1134м. Ұлытау тектоникалық кембриге дейінгі кезеңдерде жаралып, каледон тау түзілісі кезінде күрделі өзгеріске ұшыраған Қазақ қалқанының көне құрылымдарының  бірі. Бұл провинцияда ұсақ шоқының  шөлдаланың ландшафты басым болып келеді. Сондықтан мал жайылмы тиімді.

6.Сарысу –Қызылжар провинциясы- Ұлытаудан шығысқа қарай Теңіз-сарысу айрығындағы көтеріңкі өңірді қамтиды. Абс-к биіутігі 602м. Провинциянгың оңтүстік батысында атақты Жезқазған мыс комбмнаты орналасқан.Провинцияның топырақ жамылғысында сортаң топырақтың үлесі басым, сондықтан суармалы егіншңлік пен мал шаруашылығы ұйіымдастырылжған.

7.Қызылжар провинциясы- Орталық Қазақстанның анағұрлым көтеріңкі бөлзігін алып жатыр.Абс-к биіктігі 1565м.Пшалезойдың шөгінді және эфузиялық жыныстарымен көмкерілген. Даланың және шөл даланың ландшафттары басым келеді.

8.Шыңғыстау провинциясы- Сарыарқаның шығысындағы  Шыңғыстау жотасын қамтиды. Солтүстік шығысында Шар өзенінің тектоникалық аңғары мен шектесіп  Алтай таулы облычсынан боліп тұрады.

Шығысында Зайсан таулзарының қазан шұңқырларына оңтүстіәк шығысында Тарбағатай жотасына жалғасып жатады. Топырағы Қызыл қоңыр, өсімдігі бетеге жусанды түрлер.

Б)Орал маңы Торғай облысы. 2провинцияға бөлінеді.

1.Орал маңы .

2.Жоғарғы Торғай.

1.Орал маңы провинциясы герциндік және каледон қатпарлық белдеуіндегі Оралсырты құрылымында денудациялық жазық ретінде қалыптасқан және полезой мен протерозойдың метаморфты , шөгінді және интрузивті шөгінділнрінен түзілген. Ал аридті –денудациялық жазықтары тауалды ойыстарында қалыптасып юри шөгінділері мен көмкерілген.

Провинцияның геологиялық құрылысында бор дәу ірінде пайда болды.

2.Жоғарғы Торғай провинциясы- Торғай ойысының солтүстік бөлігін қамтиды.

Палеоген кезеңінде Торғай ойысы Тұран және Сібір теңіздерін бііріктіріші үлкен бұғаз болған. Неогенде  олрал таульапры мен Сарыарқадан басталатын  өзен аңғарлары пайда болған. Провинцияның абс-к биіктігі 100-300м. Жер асты сулары құмды сазды шөгінділерде пайда болған.

Топырағы –қара, күңгірт каштан, сор және карбонатты. Өсімдіктерден шөптесінді бетегелі түрлері  дамыған.

Провинцияның табиғат кешендері дәнді дақылдар енгісі мен сүт ет бағытындағы мал шаруашылығында пайдаланады.

 

Тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы

 

  1. Зайсан провинциясы;
  2. Тарбағатай провинциясы;
  3. Сауыр провинциясы;
  4. Майлы-Барлық провинциясы;
  5. Жоңғар Алатауы провинциясы;

 

Жоңғар-Сауыр- Тарбағатай өлкесінің негізгі бөлігі Қытай территориясында орналасқан. Кең аймақты Жоңғар ойысын жан-жағынан тау жоталары қоршап тұрады. Қазақстан жеріне Жоңғар ойысының батыс бөлігі енеді.

Қазақстандық Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай елі бірнеше провинцияға бөлінеді.

Зайсан провинциясы. Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерін бөліп жатқан Зайсан қазаншұңқырын қамтиды. Мұндағы полезойдың қатпарлық фундаменті 1600-1700 м-ге жетеді (қалыңдығы ) оның бетін бор, полеоген , неоген және төрттік дәуірдің шөгінділері жауып жатыр. Бұл провинцияда шөл және шөлейт ландшафттары басым болып келеді, сондықтан суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған.

Тарбағатай провинциясы. Ендік бағытта созылып жатқан Тарбағатай жотасын қамтиды және Зайсан қазаншұңқырын Балхаш –Алакөл ойысынан бөліп тұрады. Жотаның орташа биіктігі 2000-2200м , ал ең биік нүктелері болып саналатын Тастау және Жалаулы таулары 3134м-ге көтерілген . Қазіргі кездегі мұз басу процесі байқалмаған , анғұрлым көтеріңкі бөлігі солтүстік – батыс бағытқа ассиметриалы созылған .

Тарбағатайдың қазіргі таулы жер бедері N-Q дәуіріндегі жаңа тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде қалыптасқан. Полезойдың әктастарында карсты , ал мезозойда аккумлятивтік шөгінділер пайда болған.

Жер асты сулары кристалл тау жыныстарында пайда болған , олар 10м-ден 50-100м тереңдікте орналасқан. Сол сияқты минералдық су көздері тектоникалық жарылыстардан пайда болған , құрамы сульфатты-хлоридті және натрий – кальцилік болып келеді. Ең ірі минералдық су көздері Айнабұлақ және Талды деп аталады.

Аймақтың климатына келсек, ылғал жеткіліксіз, жазы жылы , қысы қатал болып келеді. Қантардың орташа температурасы - 18 градус С , аьсолютік минимальді теңдігі - 46 грдус С, шілденің орташа температурасы +20 ,+21 грдус С, жауын-шашынның  жылдық  мөлшері солтүстік беткейде 350-500мм, оңтүстік беткейде 600-1000мм  , 2500м.биіктіктен мәңгі тоң басталады. Негізгі өзендері Үржар және Қатынсу.

Тарбағатай провинциясының территориясында қой шаруашылығы мен дәнді және техникалық дақылдар өсіріледі.

Сауыр провинциясы . Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Сауыр жотасын қамтиды , ең биік нүктесі Мұзтау шыңы 3816м . Морфологиялық пішініне қарай Сауырдың солтүстік беткейі Алтайға ұқсас болып келеді. Ал оңтүстік беткейі тік жарлы және құзды болып келеді. 3300м биіктікте қар сызығы орналасқан.

Сауыр тау жүйесі көптеген шөгінді тау жыныстарынан : тақтатастар, әктастар, құмдықтардан тұрады, олардың геологиялық жасы полезойға сай келеді. Бор шөгінділерінде көмірдің кендірлік  кен орындары қалыптасқан.Солтүстік тау бөктерлері палеоген мен неогеннің континентік шөгінділерінен тұрады. Сауыр жотасы 7 балдық сейсмикалық зонаға жатады. 

Климатында ылғал жеткіліксіз, қаңтардағы орташа температура теңдігі -17-20 градус С, шілдеде +23градус С. Жауын – шашының жылдық мөлшері 280мм, 2000-2500м –ден мәңгі тоң басталады. Негізгі өзені Кендірлік.

Майлы-Барлық провинциясына – Жоңғар қақпасы жатады, ол тектоникалық жолмен түзілген. Осы өңір арқылы жойқын күшпен «Ебі», «Сайқан»желдері соғып тұрады.

Жоңғар Алатауы провинциясы-бұл Жоңғар Алатауының негізгі тау тізбектерін қамтиды, оның шығыс бөлігі Қазақстан жерінде орналасқан, қалғаны Қытайда. Жоңғар Алатауының биік нүктелері: Сайқан және Теклі (1100 м); Аршалы (2200 м); Шабынды (1450 м); Қарасырық (1600 м); Күнгей, Қарашеку, Ешкіөлмес, Суықтау (2000 м); Тастау (3150 м); Жұмақ (3240м); Суықжайлау (3010м); Алтын-Емел (3200м); Суаттау(3900м); ең биік нүктелері Тышқан(4442м)және Сарқан(4446м).

Жоңғар Алатауының жер бедерінде тегістелген беткейлер қалыптасып, олар сатылы сипатта болады. Тау жүйесі түгелімен 6-8 балдық сейсмикалық зонаға жатады. Жер бетінде эффузивтік және шөгінді жыныстармен бірге, лесс тәрізді құмдауықтар кездеседі. Оңтүстік беткейде борпылдақ тау жыныстарында түзілген. Жоңғар Алатауының қырқалы тізбектері силур, девон,және карбон жыныстарынан тұрады. Таулардың биік шыңдарында гранитті шөгінділерден түзілген. Метоморфты тау жыныстарында полиметалдардың , мыс және сирек кездесетін металдардың, тас көмір мен әктастардың кен орындары пайда болған.

Аймақтың климаты қоңыржай континентік . Қаңтар айының температутасы -19 градус С , шілдеде +16+18 градус С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау бөктерлерінде 300-800мм, биік тауларда 1500мм. 2600-2800м биіктіктен мәңгі тоң басталады.

Негізгі өзендері – Ағанақты, Лепсі, Тентек, Тастау,Жамантты, Теректі, Сарыбұлақ, Сарқан,Биен,Ақсу және тағы басқа.         

 

Тақырыбы:  Қазақстанның физикалық географиясының қазіргі кезеңдегі міндеттері

 

  1. Экологиялық-географиялық зерттеулердің негізгі бағыттары;
  2. Техниканың табиғи ортамен өзара әрекеттесу проблемалары;
  3. Географиялық болжам және экологиялық-географиялық сараптама;

 

Қазіргі таңда физикалық географияның алдында тұрған басты мақсаттардың бірі, ол- Қазақстан территориясын кешенді физикалық-географиялық зерттеу яғни күрделілік деңгейі әртүрлі ТАК-ді зерттеу болып табылады. Оны зерттеу үшін 2 жол нақтыланған: ландшафттық картографиялау және физикалық-географиялық аудандастыру.

Ландшафттық зерттеу мен картографиялауда қолданылатын орта- және ұсақмасшабты карталар ТАК-дің кеңістіктегі құрылымын анықтау үшін өте тиімді. Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарының ортамасшабтағы ландшафттық карталары құрастырылып, баспадан шығарылған. Атап айтсақ, Украина мен Кавказдың, Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Сібірдің оңтүстік аймағының және Батыс Сібірдің орсан зор бөлігін алып жатқан Түмен облысының  ландшафттық карталары жарыққа шыққан. Сол сияқты, жоғары мектептерге арналған 1: 4 000 000 масшабтағы және геологиялық-барлау мақсатында қолданылатын 1: 2 500 000 масштабтағы ТМД елдерінің ландшафттық карталары жарияланды.

Географиялық әдебиеттерде қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану үшін физикалық-географиялық аудандастырудың әдістемесі туралы мәселелер көтерілуде. Сондықтан, кешенді аудандастырудың қолданбалы схемасын жаңартып, оның әдістері мен тәсілдерін талдау физикалық географияның негізгі міндеттері болып саналады.

 

Тақырыбы:   Қазақстан табиғатының антропогендік өзгерістері

 

Табиғатты қорғау ісі жөнінде Қазақстан Ресбубликасы көптеген жұмыстар жүргізіп келеді. Солтүстік пен оңтүстікке 1600 км-ге, ал батыстан шығысқа 3000 км-ге созылып жатқан кең байтақ Қазақстан жерінде табиғи ресурстар мен табиғат жағдайларының қоры шоғырланған. Мұнда 35 млн. Га жыртылған құнарлы жер, 187 млн. Га шабындық пен жайылым, 20 млн. Га орман және Менделеевтің периодтық системасындағы барлық элементтерінің ірі кен орындары бар. Су ресурстары мыңдаған өзеннен, көлден, мұздықтан және жер асты суларынан құралады. Осындай мәселелерді негізге ала отырып, табиғатты қорғау ісі саласындағы мынадай бағыттар мен міндеттер белгіленген:

1. жаңа ғылыми техникалық құралдарды пайдаланып, табиғи ресурстарды зерттеу және айналадағы ортаның жағдайын, оны ластайтын себептерді анықтау;

2. қазба байлықтардың кен орындарын тиімді пайдаланып, жер қойнауындағы шикізаттарды түгелдей барлап, оларды кешенді түрде өндіру, өндірілген қазба байлықтарының қалдықтарының айналадағы қоршаған ортаға зиянын болдырмау;

3. кәсіпорындар мен қалалардағы тиімді тазартқыш құрылымдарды орнатып, қажетті құрал-жабдықтармен бұйымдарды шығаратын өндірістерді дамыту;

4. топырақтың құнарлылығын арттырып, оны су мен жел эрозиясынан сақтау және топырақты ластануданқорғап, шымтезек өндіру мен кен орныдары жұмыстары жүргізілгеннен кейін жерді қайта жақсарту.

5.  зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына қарсы шаралар қолданып, транспорттық шуға, электр мен магнит өрістерінің әсеріне қарсы күрек жүргізу;

6. жер, су және орман ресурстарын кешенді әрі тиімді пайдаланып, оларды қорғау жөнінде шаралар ұйымсдастыру;

Осы міндеттерді толық жүзеге асыру үшін біздің елімізде барлық жағдайлар мен толық мүмкіндіктер бар.

Жерді қорғау. Жер – кез келген  мемлекеттің аса маңызды байлығы болғандықтан, ол ауылшаруашылығындағы өндірістің басты құраклы, халық шаруашылығының барлық салаларын дамытуға негізгі белгісі болып табылады.

Жан басына шаққанда жерінің ауданы бойынша Қазақстан дүниежүзіндегі 1-ші орындыь алады. Республика 50 жылдардан бастаптың және тыңайған жерлерді игеру басталып, нәтижесінде қазіргі кезде астығы мол елге айналып отыр, сонымен қатар қазақстанда шығарылатын, ірі астық базалары қалыптасуда.Табиғатты қорғау ісінде пайдаланылмаған, жыртуға жарамсыз жерлерді игеру маңызды орын алуда.

Ал, жер қойнауын қорғауға келсек, ол табиғи айналадағы ортаның бөлінбес бір бөлігі, минералдардың шикізат ресурстары кез келген мемлекеттің экономикалық потенциалынан анықтайтын табиғи өқорлар болып табылады.

Суды қорғау.Су – айналадағы табиғи ортаның, табиғат байлықтарының бір бөлігі. Адамның өмірі мен тіршілігі және әл-ауқаты сумен тығыз байланысты. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін, электрн энергиясын алу үшін, балық аулау үшін, тамақтық және тұрмыстық, емдік, демалыс қакжеттерін өтеу үшін де су қорлары пайдаланылады.

Су айдындарының тазалығын сақтау әдістерінің бірі – пайдаланылған суды қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік тәсіл. Дегенмен суды қорғауға барлық жерде мән берілмейді. Шығыс Қазақстанның байлығын қарқынды игеру, түсті металлургияның, энергетьиканың, шаруашылықтың тез дамуына Ертіс маңында тұщы су тапшылығы байқалып келеді. Сонымен өсімдік пен топырақ жамылғысы да күшті су тазартқыш болыпсаналады. Ауыл шаруашылығында суды дұрыс пайдаланып, егіс өнімділігін арттыру үшін ылғалдылық пен қоектік элементтердің тиімді игеру крек.

Су тапшылығына басты себеп – оны тұтыну қажетінің тез артуы, өзен, көлдердің ластану және сарқылуы. Сонымен бірге өнеркәсіптің барлық салаларында су ресурстары көптеп қолданылатындықтан ол сарқылудың алдында тұр.

Ауа кеңістігін қорғау.Атмосфералық ауаны қорғау – бүгінгі таңда дүние жүзі халықтьарының басты назарны аударып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы – адам, өсімдік және жануарлар, организміне зиянды ықпал ететін тфактор. Сондықтан атмосфераны санитарлық жағынан қорғаудың мемлекеттік маңызы зор.

Атмосферадағы зиянды заттардың шығарылуы және ластанған ағын суларды ағызып жіберуге жол бермей, тазарту құрылғыларын дер кезінде іске қосып отыру қажет. 1986-1995 жылдары аралығында республикада тозаң және газ бөлшектерін ұстап қалуға арналған жабдықтар құрылысының көлемі 3 есеге өсті. Кәсіпорындардың, қаланың ауа кеңістігін ластайтын қалдықтарды сорып алатын 700 мм-ге жуық қуатты қондырғылар пайдалануға беріледі. Қазақстанда көмірқышқыл газын бақылайтын құрал-жабдықтар шығара бастады.

Өсімдіктерді қорғау.Қазіргі Қазақстанның өте бай, флорасынан көптеген азықтық, техникалық түрге айналдыруда. Республиканың ең байлығы мол аймағы – орман алқабы. Орман – техникалық материалдар құрылысы ғана емес, сонымен бірге тотын, целлюлоза мен қағаз, картон, мебель және фанер шығару үшін қолданылады. Орманды алөқаптарды қорғап, оларды пайдалануды реттеу керек, өйткені ормандар оттегі шығара отырып, топырақты жел және су эрозиясынан қорғайды, ондағы ылғалдылықты сақтайды, сонымен бірге, өзендердей су тасқындары мен сел құбылыстың жылдамдығын баяулатады, жер бетіндекгі тіршілікке қолайлы жағдай туғызады.

Жануарлар дүниесін қорғау

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде фаунасы бай елдердің бірі. Кең байтақ Қазақстан жерінде бағалы теріліде, дәрі-дәрмек, жүн шикізаттарын беретін аңдар мен құстар өте көп. Кәсіптік аңдар ауланатын құстар мен сирек кездесетін және эндемик жануарлардың ғылыми маңызы өте зор. Олар қазақ жерінде мекендейтін қарақұйрық, сусар, құндыз, тырна, безгелдек, дуадақтар жыл сайын азайып барады. Соңғы ғасырларға дейін Қазақстанда тіршілік еткен бұғылар,жабайы түйе, жолбарыс пенг құлан, бұлан жануарлары құрып кетті.

Жабайы аңдарды еспсіз аулауынан олардың саны келіп, тіпті құрып барады. Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығының орталықтары қалыптасқан.

Қорықтарды қорғау.Қорық дегеніміз - өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын аймақ. Қазақстанның табиғаты көркем аймақтарына Көкшетаудағы Бурабай, Павлодар, Баянауыл, Тянь-Шань тау тжоталары мен Іле Алатауының бөктерін жатқызуға болады. Қазақстан территориясында Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Наурызым, Марқакөл және Үстірт қоырқтары бар. Оларда өсімдіктер мен жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін сақтап, қорғау жұмыстар ұйымдастырылған.

 

Тақырыбы: Табиғатты ұтымды пайдалану проблемалары

 

  1. Табиғат ресурстарын үнемі пайдалану және қоршаған табиғат ортаны қорғау проблемаларының көкейкестілігі;
  2. Антропогендік әсер жағдайында геожүйелердің тұрақтылығын сақтау проблемалдары;

 

Жаңа ғасырдағы географиялық зерттеудегі  келелі мәселелердің бірі- табиғат пен қоғамның өзара әсерлесуіндегі географиялық аспектілер болып отыр. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму дәуірінде табиғат ресурстарын пайдалану деңгейіне негізделеді. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы күрделі мәселе болса, ал табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оларды қорғау - адамзаттың келешек ұрпақ алдындағы басты парызы болып табылады.Осындай мәселелерді шешу үшін физикалық географтардың да орны ерекше болғандықтан, олар қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесу проблемаларын шешудің географиялық және экологиялық тәсілдерін анықтады.

Кешенді географиялық тәсіл кеңістіктегі объектілер мен құбылыстардың өзара байланысына негізделген. Оны қолдану табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың аймақтық жүйесі мен олардың өзара әсерлесу, байланыс орнатуда ұтымды қарым-қатынасты реттеуге түрткі болады. Ал, экологиялық тәсіл қоршаған ортаны «табиғат-өз үйіміз» ұстанымы бойынша оның қожайыны ретінде қорғап, сақтау мәсеселерін қарастыруға бағытталған.

Жоғарыда аталған тәсілдерді біріктіре отырып географтар мынадай бағыттарды өз міндетіне алды:

  1. Адам әрекетінен қоршаған табиғат ортасының өзгерісіне бақылау жасау;
  2. Қоршаған ортаға адамның шаруашылық әрекетінің салдарына ғылыми-географиялық болжам жасау;
  3. Табиғи апатты құбылыстардың алдын алу және оларды ескерту;
  4. Адам әрекетінен пайда болған табиғи-техникалық жүйелерді оңтайластыру;

Бұл мәселелерді шешу үшін ТАК-ды терең зерттеп, олар туралы толықтай білімді болу шарт,сонымен бірге табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын нақтылай білу керек.

Табиғат пайдалану- бұл 70-жылдары кең тараған ғылыми ұғым, ол шаруашылық әрекеттің негізгі сферасы ретінде қарастырылып, төмендегідей өзара байланысқан 2 міндетті шешуге бағытталған: 1) шаруашылық пен халықтың табиғат ресурстарына деген сұранысын қамтамасыз ету және 2) адамның өмір сүруі үшін табиғи ортаны сақтау және арттыру, биосфера эволюциясы мен дамуын және оның әртүрлілігі мен біртұтастығын сақтау .

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-21 14:55:23     Қаралды-54228

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »