Тақырып: Халықаралық экономикалық интеграция теориясы
1. Шаруашылық өмірді интернационалдандыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз. Экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып, интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып отыр.
Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын интернационалдандыруды жеделдетуге жағдай жасайды.
Шартты түрде экономикалық интеграцияға жетелейтін процесті мынадай тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы — халықаралық еңбек бөлінісі — өндіріс пен капиталды интернационалдандыру — экономикалық интеграция экономикалық интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді: оларға ғылыми-техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады.
Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер дамуының жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу мерзімінің төрт кезеңнен өтетінін дәлелдейді:
1. Тарифтерді, тағы басқа шектеулерді жоя отырып, еркін сауда аймақтарын құру;
2. Саудада және еңбек пен капитал қозғалысында бірыңғай тарифтерді орнықтырып, кедендік одақ құру;
3. Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру;
4. Бірыңғай экономикалық саясат жүргізіп ортақ валюта жасау және ұлттық экономикалардың үстінен (наднациональный) қарап, реттейтін ұйым құру арқылы толық интеграцияға қол жеткізу.
Аймақтық интеграция екі деңгейде жүреді. Олар, өздерінің шаруашылық қызметінің барысында интеграциялық процестерге қатысатын жекелеген компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен капиталды үйлестіруге мақсатты түрде бағытталған қызметі барысында пайда болатын интеграцияның мемлекеттік деңгейі.
Экономикалық интеграция – бұл елдер арасындағы экономикалық іс-қимыл әрекет үдерісі, шаруашылық механизмін жақындатуды қарастыратын, елдер арасындағы органдармен келісіліп реттеу және мемлекет арасындағы келісімге келу түрі.
Экономикалық интеграция - кейбір өзіне тән белгілерімен сипатталады, ол өзара елдердің экономикалық байланыстарының басқа түрімен ерекшеленеді:
- ұлттық өндірістік процесстердің (үдерістердің) өзара дендей ену және шиеленісуі;
- өндірісте халықаралық мамандандыру және кооперациялау, ғылымда және техникада негізінен прогрессивтік түрлерін кең ауқымда дамыту;
- Экономикада қатысушы-елдердің құрылымының тереңірек өзгеруімен;
- Интеграциялық процессті тікелей бағытта реттеу, координациялық экономикалық стратегияны және саясатты әзірлеу;
- Интеграцияның кеңістік ауқымының аймақтықтығы, алғаш керек ететін алғышарт ел арасында пайда болады, яғни ол жерде тығыз шаруашылық байланыс орнатылған.
Мазмұны бойынша интеграция - шиеленіскен, өзара дендей ену және елдер аймағында ұдайы өндірісті нығайту процессі. 1947 ж. әлемде 60-тан астам интеграциялық топтар құрылған, бұның барлығы біртұтас алғышарттармен анықталған.
2. Интеграцияның алғышарттары:
- интеграциялық елдердің нарықтық дәрежесінің жетілуі және экономикалық даму деңгейінің жақындастығы. Интеграция дамыған елдердің өнеркәсіптер арасында, немесе дамыған елдер арасында дамиды және ұласады;
- интеграциялық елдердің географиялық жақындығы - ол ортақ шекара және тарихта қалыптасқан экономикалық байланыс;
- экономикалық және басқада ортақ проблемалар- мемлекет алдында тұрған даму, қаржыландыру, экономиканы реттеу, саясаттық ынтымақтастық және т.б. Экономикалық интеграция – интеграциялық елдердің алдында тұрған шын, нақты проблемаларды шешуге бейім;
- демонстрациялық әсер. Интеграциялық бірлестік құрылған елдерде оң ілгерілеулер болады, (ол экономикалық өсу қарқынының жеделдеуі, инфляцияның төмендеуі, жұмыспен қамтушылықтың өсуі және т.б.) мұның барлығы басқа елдерге айрықша психологиялық ықпалын келтіреді. Демонстрациялық әсер бұрынғы СССР елдерде пайда болған, макроэкономикалық алғышарттары жоқ болсада, тезірек Еуропалық одақтың мүшесі болу үшін;
- домино әсері. Көптеген сол немесе басқа да аймақтағы елдер интеграциялық бірлестіктің мүшесі болады, басқа елдер, шекте қалған елдер кейбір қиыншылықты сынап, қайта бағдарлаумен байланысты елдердің экономикалық байланысын, бір-біріне топтастыру. Бұл интеграциялық шекте қалған елдерде сауданың азаюына алып келеді. Сонымен ол елдерде, интеграциялық бірлестікке кіруге мәжбүр болады.
3. Интеграцияның негізгі мақсаттары:
- экономикалық көлемнің артықшылығын қолдану, нарықтың мөлшерін ұлғайту, трансакционндық шығындарды қысқарту, тікелей шетелдік инвестицияның ағымын ұлғайту. Бұл интеграциялық топтар Орталық-Америка және Африкада тұлғаланған.
- Қолайлы сыртқы саясаттық ортаны жасау. Бұл жерде өзара түсіністік және саясатта ынтымақтастықты, әскери, әлеуметтік және басқа да экономикалық емес салаларды нығайту;
- Сауда саясаты мәселесін шешу.
- Экономиканың құрылымын қайта құруда жәрдемдесу;
- Ұлттық өнеркәсіпте жас салаларды қолдау, өйткені оларға кеңінен аймақтық нарыққа шығу мүмкіндігі болады.
Объективті мазмұны бойынша интеграция - шиеленіскен, өзара дендей ену және елдер аймағында ұдайы өндірісті нығайту процессі, өзара елдердің байланысын тиімді қамтамасыз ету.
- Интеграциялық ынтымақтастық шаруашылық субъектілеріне кеңінен әртүрлі ресурстарға қол жеткізуге: қаржылық, еңбектік, материалдық, жаңа технологияларға, өнімдерді шығаруға және т.б.
- экономикалық интеграцияда қатысушы елдердің аймақтық шекарасында фирмаларға экономикалық жақындасу жағдайы жасалынады.
- Интеграциялық іс-қимыл әлеуметтік сипаттағы проблемаларды шешуді қарастырады.
4. Интеграциялық топтардың даму кезеңдері:
Аймақтық экономикалық интеграция өзінің дамуында бірнеше сатылардан өтеді:
- сауда еркіндігі аймағы
- кедендік одақ
- ортақ нарық
- экономикалық және саясаттық одақ.
Интеграциялық одаққа кірген елдер арасында әр сатыда анықталған экономикалық тосқауыл жойылады.
Аймақтық экономикалық интеграция даму сатылары
сатылары |
Мәні |
мысалы |
сауда еркіндігі аймағы |
интеграциялық топтасуға қатысушы - елдер арасында саудада кедендік баж алымын болғызбау |
ЕЭС 1958-1968 ЕАСТ 1960 НАФТА 1988 МЕРКОСУР 1991 |
кедендік одақ |
үшінші елдер арақатынасында кедендік баж алымын сәйкестендіру (бірегейлендіру) |
ЕЭС 1968-1986 МЕРКОСУР 1996 |
ортақ нарық |
интеграциялық топтасуға қатысушы - елдер арасында ресурстар қозғалысын ырықтандыру (капиталдар, жұмыс күші және т.б.) |
ЕЭС 1987-1992 |
экономикалық одақ |
қатысушы - елдер арасында ішкі экономикалық саясатты сәйкестендіру және үйлестіру, бірыңғай валютаға өту |
ЕС 1993 |
саясаттық одақ |
Бірыңғай сыртқы саясатты жүргізу |
- |
Интеграцияның статикалық және динамикалық нәтижесі.
1.Экономикалық интеграцияның теориясының пайда болуы, яғни кедендік одақ канадалық ғылымның есімімен Джәкоба Вайнермен байланыстырады.Талдау негізінде әр елдің өзінің саудада кедендік тарифы бар жағдайда және Кедендік Одақ туралы өзара келісім жасаған жағдайда тарифтердің болмауы. Экономикада Вайнердің Кедендік Одақ теориясының болуы 2 әсер түрі бар екенін көрсетеді.
-статикалық әсер –Кедендік Одақ пайда болуы экономикалық салдардың тікелей нәтижесі болып табылады.
-динамикалық әсер –Кедендік Одақ жұмыс істеуі экономикалық салдарының сатысында кеш білінуі.
Статикалық әсерде сауданың пайда болу әсері мен ауытқу әсерінің үлкен мәні бар.
- Сауданың (пайда болу) құру әсері.
Кедендік Одақ құрғаннан кейін шет елдерде шығарылған тауарлар қымбатырақ болады, бұрын өз ішкі нарықта сатып алынған тауардан қарағанда.
Сауданы құру – жергілікті тұтынушылардың тиімділігі төмен ішкі тауар жеткізу көздерінен тиімдірек сыртқы көзге (импортқа) қарай бағытталу.
Ол Кеден Одақтың шегінде импорттық бажды жою нәтіжесінде мүмкін болады.
КО кұрылуының негізгі белгісі өзара мүше елдер арасында саудада баж салығының болмауы
- Сауданың ауытқу әсері.
Кедендік Одаққа мүше елдер арасында сауданың қайта бағдарлауын жетілдіру, бірақ басқа елдермен емес. Баж салығын жойғаннан соң сауданың пайда болу әсері мен бірге сауданың ауытқу әсері пайда болады, мәні бойынша кері сауданың пайда болу әсеріне, өйткені интеграцияға қатысатын елдерден товарды жеткізу тиімді негізі бола бермейді.
Сауданың ауытқу әсері-жергілікті тұтынушыларды тиімділігі жоғары интеграциядан тыс көзден, кедендік одақ шегінде импорттық баж алымын жою нәтижесінде пайда болған, тиімділігі төмен ішкі интеграциялық көзге қайта бағдарлау.
Кедендік одақ құрылғаннан кейін сауданың ауытқу әсері пайда болады, бұған қатыспайтын елдердің әл-ауқаты нашарлайды, өйткені шектеулі ресурстар тиімсіз пайдаланады, еркін сауда жағдайында. Бір жағынан мүше елдер әл-ауқаты нашарлауы мүмкін, егерде сауданың ауытқу әсері өзінің құндық мөлшері сауда пайда болу әсерінен асып түссе, немесе сауданың ауытқу әсері өзінің құндық мөлшері төмен болса сауда пайда болу әсері жақсарады.
Тәжірибелік сауданың пайда болу және ауытқу көлемін бағалау, дамыған интеграциялық топтарға кіретін, қиынырақ, өйткені сауданың ағымын елдер арасында салыстыру, КО кірген.
3. Б. Белластың тұжырымдамасы келесі болжамдардан шығады:
- егер елдер ЕО құрамында болса олардың барлығындағы импортқа деген сұраныс икемділігі өзгеріссіз қалар еді.
- ЕО-қа кіретін мемлекеттің импортына сураныс икемділігінің өсуі –ЕО кірмейтін елдердің ішіндегі өндірісінің немесе ішкі өндірісінің импортын ауыстыратындығына қарамастан, кең мағынада айтылған сауданы құруды білдіреді.
- ЕО-қа кірмейтін елдерден келетін импортқа сұраныс икемділігінің төмендеуі, сауданың ауытқу әсерін білдіреді
- ЕО –қа кіретін және кірмейтін елдерден келетін импортқа деген сұраныстың икемділігінің өсуі тура мағынада айтылған сауданы құру әсерін айтады, өйткені ЕО елдері импортқа үйреншікті.
Б.Белласа 1953-1959ж импортқа сұраныстың икемділігін салыстырған, яғни интеграциялық топтардың пайда болуына дейін 7 сала бойынша. ЕО құрылғаннам бері сауданың пайда болу әсерінің ролі жоғары. ЕО құрылғанға дейін жалпы ұлттық өніл 2,4%, ЕО құрылғаннан кейін елдер арасында сауда 2,7% көтерілді.
4. «Екінші дұрыс» теориясы - жиынтық әл-ауқаттың өсіміне әкелетін еркін саудадан бөлек сауда саясатының басқа нұсқасы жоқ. Сауда саясатының ең жақсы нұсқасы болмасада, көптеген зерттеулер көрсеткендей, интеграция көп жағдайда кері әсерден көрі тиімді нәтиже береді.
5. Еркін сауда аймағы кезеңі (1958-1969жж.). Бұл кезеңде интеграция еркін сауда аймағы деңгейінде болды, Римдік келісім шарт бойынша кедендік баж алымы және өзара сауданың сандық шегі жойыла бастады, үшінші елдер қатынасында жалпы кедендік тариф орнатылған және жалпы кедендік саясат енгізілген. 1962ж. жалпы ауылшаруашылық саясаты іске енгізілген. 1963ж. Яундский келісім қол қойғаннан кейін бірнеше дамыған елдер ЕО қарым-қатынасқа түсті. 1965ж. үш европалық қауымдастықтар өздерінің атқарушы органдарының қосылуы бойынша шешім қабылдады.
- Кедендік Одақ кезеңі – кедендік одақтың дамуы және сыртқы сауда саясаты үшінші елдер қатынасында, бастапқыда 6 ел- негіздеушілер, кешірек ЕО шеңберінде Дания, Ирландия және Ұлыбритания, 1973ж. Греция, 80-шы жылдар басында Португалия және Испания.
Осы кезеңде тікелей мақсаты бірыңғай ауылшаруашылық саясатының нысаналылығы қоршаған ортаны қорғау және зерттеулер салалары, технологиялық дамумен толықтырылады. 1971ж. Еуропалық Одақ және ЕАСТ келісім бойынша еркін сауда интеграциялық аймақтарының 7 еліне тараған, сол уақытта еркін сауда Еуропалық қауымдастығы мүшесі болған Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция, Швейцария жән,е Ұлыбритания. Жалғаспалылық негізінде бірінші 1975, екінші 1979ж. және үшінші 1984ж. Еуропалық Одақ қауымдастығымен Ломейскалық конвенция дамыған елдер саны 20-дан 66-ға көбейді.
Бұл кезеңге интеграцияның бастамасы валюта-қаржылық саласы жатады: 1972ж. кейбір Еуропа Одақ мүше-елдер арасында бірлескен валюта жүзу енгізілген (валюталық жылан), 1979ж. Еуропалық валюта жүйесі жұмыс істеді.
Ортақ нарық кезеңі 1987-1992жж. Жалпы Еуропалық акт негізінде, 1985ж. ЕО елдерінде ішкі нарықты құру бағдарламасына қол қойылған. Бұның барлығы қалған кедергілерді тауарлардың қозғалысын және өндіріс факторларын құртқан.
Кедендік Одақ теориясының пайда болуынан бұрын, еркін сауда саясатының моделі, барлық елдердің әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз етеді деп есептелген.
Кедендік Одақ теориясы көрсетеді: ондай одақтар егерде Үшінші елдермен байланыста КО құрылған нәтіжесінде тариф ұлғаймайды, ондай одақтар еркін сауда-саясатының оңды әсері нығайтады. КО тарифтерді жою- аймақтық қадам еркін сауда жолы болып қарастырылады. Вайнердің көрсетуі бойынша КО құрған нәтижесінде сауданы құру, яғни оңды әсерімен қатар, кері әсері –ол сауданың ауытқу әсері болады және ол оңды әсерден басымдырақ болуы мүмкін. Мұндай жағдайда КО сауда саясаты моделі сияқты позитивті құбылыстарды халықаралық экономикада қарастыра алмайды. Халықаралық әл- ауқатына позитивті әсер ететініне еркін сауда –саясатынан кейін екінші баламалы сауда саясаты жоқ. 1955 ж Ағылшын экономистінің Дж. Мидтің «екінші дұрыстығы ойы» осыған орай жасалған.
«Екінші дұрыстығы» теориясы – жиынтық әл-ауқаттың өтінішіне әкелетін еркін саудадан бөлек сауда саясатының басқа нұсқасы жоқ. Сауда саясатының ең жақсы нұсқасы болмаса да, көптеген зерттеулер көрсеткендей, интеграция көп жағдайда кері әсерден көрі тиімді нәтиже береді.
Жалпы заңдылықтары келесідей:
- интеграцияға дейін кедендік тарифтердің деңгейі жоғары болса, соғұрлым мүмкіндігі жоғары, оның жоқтығы сауданы құру әсерінің ауытқу әсерінен басымдырақ екеніне алып келеді. Интеграцияға дейін кедендік тарифтердің денгейі төмен болса, соғұрым мүмкіндігі жоғары, оның жоқтығы сауданың ауытқу әсері сауданың құру әсерінен басымдырақ екеніне алып келеді.
- Интеграциялық елдер үшінші елдермен қатынасы жалпы елдердің тарифтеріңің денгейін төмендетіп белгілеген, сауданың ауытқу әсері басымдығы мүмкіндігі төмен болады.
- Неғұрлым мемлекеттер бір-бірімен біріксе жұмыс көлемі ұлғайса, соғұрлым сауданы құру басымдығы жоғары болады.
- Неғұрлым (елдердің) мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі жақын және олардың арасында күшті бәсекелестік болса, соғұрлым сауданы құру әсері басымдығы жоғары. Бұл жағдайда әр мемлекет өндіруде аз шығын кететін тауарларды шығаруға мамандандырылады және ол тауарларды экспортқа шығарады.
- Интеграциялық бірлестіктер құрылғанға дейін, неғұлым біріккен елдер арасында сауда көлемі жоғары болса, соғурлым сауданы қуру әсерінің басымдығы жоғары. Интеграция нәтіжесінде мүше елдер өндіріс көлемін көбейтіп, шығындарды азайтады. КО нәтіжесінде сауданы құру әсері ғана пайда болады, негізінде сауда көлемі еркін кедендік шектеуден жүзеге асрылады. Қатысатын және интеграцияға қатыспайтын барлық елдердің әл- ауқаты өседі. Егерде КО құрылған нәтіжесінде сауданың ауытқу әсері пайда болса, қатыспайтын елдердің әл- ауқаты нашарлайды. Егерде сауданың ауытқу әсері өзінің құндық көлемімен сауданы құру әсерінен басымдырақ болса немесе егерде сауданың ауытқу әсері өзінің құндық көлемінен төмен болса. «Екінші дұрыстығы» теориясы бойынша, еркін сауда саясатынан екінші сауда саясаты баламасы жоқ, халқаралық әл- ауқаты әсерінің позитивтігі.
Экономиканың даму сипаттамасы, ҚР даму басымдықтары.
Қазақстан - ірі аграрлы индустрия. Бұл жерде энергетиканың, металлургияның, отын, химия және машинажасау өнеркәсібінің жақсы орталығы құрылған. Қазақстан Республикасы түсті және қара металлдар, уран, көмір, мұнай, астық, малшаруашылығы өнімдерінің ірі өңдіруші болып табылады. Республиканың кәсіпорындары болат, кокс, мыс, қол, титан, магний, жер сазы, синтетикалық каучук, смола, металды кесетін станоктар, кузнесті-прессолық жабдықтар мен прокатты стандарды, күшті трансформаторларды, рентгенді аппараттарды, ауылшаруашылық маиналарды, тракторларды, экскаваторларды және т.б. өндіреді.
Қазақстан табиғи ресурстарға бай орналасқан. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерден Респубикада 99 анықталған, тіркелген 70, ал пайдаланылады тек 60 элементтері ғана. Пайдалы қазбалары: свинец қорғасын (19% әлемдік запас), цинк, висмут (ТМД елдері ішінде запасы бойынша бірінші орында), марганец (25% әлемдік запаста), медь, молибден, бокситтер, мұнай, фосфаттар,кадмий, (ТМД бойынша екінші орын). ТМД-де өндіріс көлемі қатысты түде қосылады -40% уран, 97% хром, 70% қорғасын, 50% цинка; басқа шикізаттар түрін қазу көлемі көп, сонымен қатар таза қым бағалы металлдар, соның ішінде алтын.
Қазақстанның назарлы-климаттық жағдайы әртүрлі, республикада барлық тұрақты- жылы белді және ауылшаруашылық өнждірісіның әртүрлі салаларын дамытуға мүмкіндік береді.
Экономико-географиялық жағдайының ерекшелігіне қатысты республикада бес экономикалық аймақ құрылды.
Орталық Қазақстан. Оған Қарағанды облысы кіреді (облыс ауданы бойынша ірі). Территория ауданы-428 мың. кв.км. Тұрғыны-1410,2 мың адам.
Шығыс Қазақстан. Ауданы бойынша ең кіші (308,9 мың кв.км.) республика аймағы, Шығыс- Қазақстан облысын қосады. Тұрғыны -1531 мың адам.
Батыс Қазақстан. Республикада ең кең территорияны қамтиды-737,1 мың.кв.км және 4 облысты қосады- Ақтөбе, Атырау, Батыс- Қазақстан және Маңғыстау. Тұрғындар саны 2054,4 мың адам.
Солтүстік Қазақстан. Республиканың басты өміршеңі, Оның территориясында 4 облыс орналасқан- Ақмола, Павлодар, Солтүстік- қазақстан және Қостанай. Ауданы- 585,9 мың кв.км. тұрғыны- 3700 мың адам.
Оңтүстік Қазақстан.Облыстардыбіріктіруші өте тығыз тұрғынды экономикалық район – Алматылық, Қзылордалық, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан. Оның ауданы -711, 6 мың кв.км., тұрғыны -6256,2 мың адам.
Қазақстанның мұнай өңдеуші және газ өнеркәсібі көміртекті шикізаттың көлемді запасымен қамтылған. Тіркелген запастары бойынша 13-ші орынға ие. Қазақстандік эксперттер бойынша, мұнай мен газдыңдың жалпы запасы Қазақстанда 23 млрд. Тоннаны құрадйды, оның ішінде 13 млрд-қа жуығы Каспий шельфінде жинақталған. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 250 ден көп мұнай газ орындары табылған, көбінесе орналасуы бойынша республиканың батыс бөлігін алады. Олардың ішінен ірілері, Тенгиз сияқты орналасқан орны, қызықтыратын мұнай ресурстары 1 млрд-тан жоғары; мұнай газконденсаты орналасу орны Крарачаганак 1,3 трлн.м3 және конденсатты қызықтыратын запастары 700 млн. Тонна шамасы; сондайақ орналасқан жерлер Кенбай, Жанажол, Жетыбай,Каламас, Қаражагнбас, Узень,Күмкөл.
Республикадағы мұнай газ саласы Ұлттық мұнай газ компаниясы «Қазахойл»бақылау келісімі бойынша ұсынылған және мемлекеттік қызығушылықпен қорғалған, көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу мен қазу, оны қолданушыларға басқару жүйесін құру, мұнай газ салаларын жасау мен реконструкциялау және жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру. Бүгінде жалпы барлық мұнай және газдың Қазақстанда орналасуы тіркелген және шетелдік тәжірибе мен қаржыландыруды қолдана жасалады. Орналасу жерін, іздестіре- тіркеу жұмыстары, реконструкциялауды қайта өңдеуші кәсіпорындар, мұнай мен газды тасымалдауда шетелдік капиталдар 27 ірі жобаларға тартылған. Мұнай газ сеторындағы өнімдер бүгінде Евразиялық континенттің он елдеріне экспортталады. Қазақстандық мұнай, газы мен мұнайды қайта өңдеудегі өнімнің ірі импортерлері Ресей, Ұлы Британия, Украина, Швейцария, италия болып табылады.
Мұнай мен газ қазбасының жоспарлы өсуін есепке ала отырып, қосымша құбырпроводтарының қуатты құрылысының сұрақтары актуалды болып отыр. Мұнайды тасымалдаудағы барлық жоспарлатын отырған маршрутты шартты түрде үш бағыттқа бөлуге болады: батыстық, шығыстық және оңтүстік. Батыс маршруты: Қазақстан- Баку-Джейхан, шығыс бағыттары: Батыс Қазақстан- Қытайдың Тынық мұхитты жағасы, оңтүстіктік- Туркменистан-Иран.
2001 жылы жалпы созылымы 1580км, өткізу қабілеті жылына 28 млн. тонна келесі жеткізілім қуаты 67 тоннаға дейін болатын Тенгиз-Новосибирск Каспийлік құбырлар консорциумы құрылысы аяқталуда.
Экспорттық мұнай құбырларынан бөлек ішкі мұнай және газ құбырлаының бірнеше құрылыс жобалары бар:
Батыс Қазақстан мұнай құбыры- Атырау мен Ақтөбе аймақтарын Павлодардағы және Шымкенттегі екі мұнай һөңдеуші зауыттармен байланыстырушы Кенкияк-Кұмкөл, Қазақстан –Қытай мұнайқұбырының құрамды бөлігі болып табылады;
Ақсай газқұбыры- Красный Октябрь- Астана, республиканың солтүстік-шығыс аймақтарына жабдықтау үшін.
Түсті металлургия
Жалпы өнеркәсіп көлемінде түсті металлургия көлемінің мөлшер салмағы 12 % артады. Тартылған рудалардан медь, қорғасын, мыс, титан, магний, өте аз және жерде аз металлдар, медь, қорғасын негізіндегі прокаттар және т.б.
Рафинирленген мед өндіріс деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі ең ірі өндіруші және экспортер болып табылады. Әлемдік мед өндірісінен республика үлесі 2,3 %-ті құрайды. Сонымекн бірге, барлық елдегі өндірілетін медь шетелдіктерге экспортталады. Қазақстандық медтің негізгі импортерлері болып табылатындар Италия, Германия және басқа елдер.
Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттедің ішіндегі үшіншісі, алтынды қазу мен өндірісі жыл сайын жоғарылаушы болып табылады. Елде 170 жоғары алтынды өлкелер тіркелген.
Қара металлургия
Темір рудалары бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орында. Оның әлемдік запас үлесі 6 % құрайды. Сондай запастарынан басқа, қазақстандық темір рудалар арттықшылығы оның жоғары сапасы болып табылады. 8,7 млрд. Тонна темір рудаларының ішінен 73,3% запастары жеңіл қазбалары болып табылады. Елдегі қазылатын темір рудаларының 70%-дан көбі экспортқа кетеді. Қара меттал рудаларының, соның ішінде хромдық және марганецтік рудалар, 1999 жылы жалпы экспортта шамада 4% құрды.
Қара металлургия Қазақстанда 12,5% аса республикалық көлемде өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. Республиканың флагмонды индустриясы болып «Испат-Кармет» Қарағанды металлургиялық комбинаты болып табылады. Кәсіпорын толық металлургиялық циклды қамтиды және ол әртүрлі қара металл прокаты түрлерін шығаруға мамандардырылады- листік, сорттық, ақ жестілі, құбыр және т.б. Бұл комбинаттың металдары ТМД елдеріне және шетелдіктерге экспортталады.
Қазақстан республикалық ферроертетін зауыт негізінде, үлкен хромитті запастарға ие.
Химиялық, мұнайды қайта өңдеуші және мұнайхимиялық өнеркәсіп
Республиканың химия және мұнайхимия өнеркәсіп кіәсіпорындары ассортиментерінде- палстмассалар, химиялық талшықтармен жіптер,автокөлікжәне ауылшаруашылық машиналары үшін балондар, резеңке, хромдық біріккен, карбид кальция, каустикалық сода мен басқада өнімдер бұйымдарының кең ассортименті бар.
Республикада автобензинді, дизельді, котельді топливо, авиациялы керосин, мұнай битумдары мен басқада мұнай өнімдері н шығаратын үш мұнай қайтаөңдеуші зауыттар бар. Сары фосфорды алумен (бұрынғы СССРдың жалпы өндірісінен 90 % көп ) , синтетикалық жуу құралдары фосфорлы рудаларды қайта өңдеу бойынша ірі кешен қызмет етеді.
Бұл саланы дамыту келешегі Батыс Қазақстандық мұнайды қайта өңдеу кешенімен фосфордың ораласу негізінде жаңа өнім түрін ұйымдастыру.
Машина жасау кешені
Машина жасау кешеніндегі өнім жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде республика 8 % құрайды. Ресупбликаның машина жасаушы ксәпорындары шығарады: кузнечно- пресстік жабдықты(Шымкент қ), металлдарды кесуші станок г.Алматы), аккумулятор (Талдықоған қ.), орталықты насостар (Астана қ), рентгендік жабдық (Ақтөбе) және т.б.
Қазііргі кезде машина жасауды дамытуда шетелдік инвесторлар тартылып отыр, соның ішінде медициналық жабдықтар, ауылшаруашылық техникалары, дизельді двигательдер, азықтық өнеркәсіп жабдықтары, электродвигательдер және басқа өндірістік-техникалық бұйымдар.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
Құүрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімі жалпы көлемдее республиканың өнеркәсіптік өндірісінде 4 % аса орын алады.
Саланың кәсіпорындароында цемент, шифр, асбестоцементті құбырлар, жұмсақ жабу материалдары, линолеум, санитарлы- құрылыс фаянсы, облицовалық кремаикалық плиталар еден мен ғимаратқа, панелдерге және басқа констуркцияларды ірі панельді үйқұру, каолин қағаз өнеркәсібі үшін, радиаторлар, конвекторлар мен басқа құрылыс материлдары түрлері мен констуркциялауға жабыстыру үшін өндіреді. Руеспублика құрылыс материалдарын шығару үшін жеткілікті әртүрлі шикізаттар запасымен қамтылған. Одан бөлек, олардың өндірісіне кең қолдаылуына өнеркәсіп қалдықтары орын алады: металлургиялық шлактер мен химиялық өндіріс, жылу электростанцияларының және басқада екіншілі ресурстар.
Транспорт
Қазақстаннның георгафиялық орналауы Евроазиаттық орталық контингетінде оның маңызды транспотттық жетістігімен транзитті облыстарды тасылалдауды жүзеге асырады. Республикадағы транспорттық магистралдар жерлі тартымдылығы 106 мың. Км. Құрайды. Соның ішініен 13,5 мың. Км- магистарды темір жолдары, 87,4 мың.км- қатты жабыдылдағы жалпы пайдаланудағы автомобильді магистралдар, 4 мың.км- өзенді жолар.
Дружба- Алашанько мен Қазақстанжәне Қытай , арасындағы Шекаралық теміржол өту жодарының құрылысы мен Серахс-Мешхедпен Туркеминистан және Иран арасндағы темір жол өту жолдарының Жібек жол машруты бойынша жаңа транзитті кредиторлары:Қытайдың тынық мұхит порттарыдан- Ляньюнган, Циндао, Тяньцзин- Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекистан, Турмекистан, Иран, Турция, Ортатеңіз және Песидтік ағым. Қазіргі таңда барлық осы жолдпрдп толық түрде жүк жүреді.
Бар автокөлік жолдары құрылымдары Ресейге және бұрынғы союздық республикаларға, сондай-ақ Қытайға, Турцияға мен Иран, Қара және Орта теңіз бен Үнді мұхитына порттарына шығуға мүмкіндік береді. Теңіздік құрақтылық Каспий теңізінде (Ақтау порында) Ресейдің Қара және Балтық теңіздерінешығу өзендік жүзеге асырылады.
Ұлттық авиакомпания «Эйр Қазақстан» Қазақстан, ТМД және шет елдер бойынша 40 машруттан көп құрылған. Сонымен бірге Республикада, келесідей шетелдік компанияларда жұмыс істейді: British Airways, Lufthans, KLM, Transaero, PIA, Turkish Airlinies, Iran Air және т.б.
3. Көлік саласының экономикалық интеграциялық үдерісте ролі.
Көлiк саласындағы басты мiндет көлiк инфрақұрылымы дамыту факторын шектейтiн жағдайларды болдырмау мақсатында елдiң жедел экономикалық дамуына сәйкес жүктер мен жолаушылар ағынын кеңейту мен жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Елдiң көлiк әлеуетiн барынша дамыту басқа да маңызды мiндет болып табылады.
Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауларды дамытудың басты артықшылығы - бұл арақашықтықты айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың ең жақсы жағдайларында теңiз жолымен жүктердi жеткiзу мерзiмi Берлиннен қытай порты Ляньюнгаға дейiн 20 күндi құрайды, ал темiр жол бұл уақытты 11 тәулiкке дейiн қысқартады, тасымалдау арақашықтығын екi eceгe азайтады.
Темiржолкөлiгi
Темiр жолының ұлттық желiсi елдiң барлық аумағын дерлiк қамти отырып, дамыту мен оңтайландыруды қажет етедi. Сол себептен де елдiң солтүстiгi мен батысын жалғастыратын Алтынсарин-Хромтау тармағының құрылысы басталды. Қазақстандағы "Достық" станциясы, Қытайдағы "Алашанькоу" станциясы сияқты Трансазия және Еуроазия магистральдарының өзектi буыны болып табылады. Осыны ескере отырып, Қазақстан оны қайта жаңартуға және дамытуға үлкен мән берiп отыр. Таяудағы жылдары станциялардың қуатын ұлғайту жөнiндегi кешендi шаралар өткiзу жоспарланып отыр.
Республиканың автожол кешенi Қазақстанның өңiрлерi арасындағы, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастардағы түрлi көлiк түрлерi мен тауар қозғалысы құралдары арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, мемлекеттiң ө мiр-тiршiлiгiнде маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы үшiн жүктер мен жолаушылардың басым бөлiгiн тасымалдауда автомобиль жолдары үлкен маңызға ие. Сондықтан транзиттiк жүктерді тарту мақсатында халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгiзу, халықаралық автомобиль дәлiздерiнiң сервистiк инфрақұрылымын дамыту және жол қатынастары желiсiн жетiлдiру қажет.
Әуекөлiгi
Республиканың әуе кеңiстiгi арқылы бағыттардың трансазия жүйесi әуе трассаларының желiсi өтедi. Республика арқылы өтетiн транзиттiк ағындардың негiзгi бағыттары Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне өтетiн ағын болып табылады. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға деген сұраныс әуе қозғалысы басқарудың техникалық құралдарын, навигацияны және байланысты жетiлдiрудi қажет етедi.
Cу көлiгiнде Ақтау порты маңызды құрылымдық элемент болып табылады. Ол қазiргi заманғы жаңартылған мынадай инфрақұрылымға ие: темiр жолдар, авто жолдар, жер асты коммуникациялары, айлақтық және мобильдiк крандар және басқалары. Басқа жобаларды iске асыру кешенiнде Ақтау портын дамыту, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан арқылы өтетiн транзиттi дамытудың перспективалы бағыттарының бiрi. ЖҮк ағыны өсуiнiң арқасында портты табысты дамыту, инвестициялар тартуда ынталандыру қызметiн атқарады. Теңiзде тасымалдауды дамыту үшiн "Қазтеңiзтрансфлот" теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы (ҰТЖК) құрылды, сол арқылы Қазақстанда өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың негізі қаланады.
Экономика салаларындағы экономикалық интеграция мәселелері
- ЕврАзЭС мәні және мақсаттары
Европалық экономикалық қоғамдастық (ЕврАзЭС)– бұл оған кіретін елдердің жалпы сыртқы кеден шекарасын қалыптастырумен байланысты қызметтер бекітілген халықаралық экономикалық ұйым.
Қоғамдастық мақсаттары – ЕврАзЭС мүше мемлекеттермен тұтас экономикалық кеңістіктің Кеден Одағын құру үдерісің тиімді жүргізу, әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне интеграциялануда әрекеттерін бағыттау үшін құрылған.
Ұйымның негізгі қызметтерінің бірі – халықтың өмір деңгейін арттыру мақсатында елдердің экономикалық әлеуетін тиімді қолдана отырып әлеуметтік экономикалық қайта құруларды келісу жолымен қоғамдастық елдерінің қарқынды дамуын қамтамасыз ету.
2. Қоғамдастықтың негізгі міндеттері:
- тарифтік емес реттеудің бәріне бірдей іс-шаралар жүйесін және бәріне бірдей кедендік тарифті құруды, еркін сауда тәртібін толық көлемде рәсімдеуді аяқтау;
- тауар және қызметтермен сауда жүргізудің және олардың ішкі нарықта қол жеткізу мүмкіндіктерінің болуының жалпы ережелерін белгілеу;
- валюталық реттеу және валюталық бақылаудың сәйкестендірілген тәртібін енгізу;
- кедендік реттеудің сәйкестендірілген жалпы жүйесін құру;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың бірлескен жобаларын жасау және жүзеге асыру;
- өндірістік және кәсіпкерлік қызметтер үшін теңдей жағдайларды құру;
- жалпы көлік қызметтері нарығы мен бірыңғай көліктік жүйені құру;
- жалпы энергетикалық нарықты құру;
- шетелдік инвестицияларының нарыққа енуі үшін теңдей жағдайларды құру;
- өзінің территориясында білім алу және медициналық көмекті алуда қоғамдастық елдердің азаматтарына бірдей құқықты қамтамасыз ету;
- ұлттық заңнамаларды үйлестіру;
- қоғамдастық шегінде бірыңғай құқықтық кеңістік құру мақсатында ЕврАзЭС мемлекеттерінің құқықтық жүйелерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз ету.
Қоғамдастық мемлекеттерде ЕурАзЭҚ құрамына кіретін азаматтары жоғарғы оқу орнында білім алуға құқығы бар.
Келісім шарт бойынша кез келген азамат осы Қоғамдастық мемлекеттерінің азаматтары кез келген осы мемлекеттердің жоғарғы оқу орнында білім алуға осы мемлекеттердің азаматтары сияөты бірдей құқығы бар.
Орталық-Азиялық аймақтағы экономикалық ынтымақтастық
1. ЕврАзЭС қызметінің негізгі басымдықтары
Келешектегі ЕврАзЭС қызметінің басымды бағыттарына жататындар:
- көлік- келісім шарт бойынша мемлекет ішінде трансұлттық көліктік экспедициялық корпорация құру тәртібін аяқтау, кеден тәртібін ықшамдау, жүк тасымалын жоғарылату, бірыңғай тарифтер мәселелерін шешу.
- Энергетика- Орталық Азия мемлекеттерінде гидроэнергетикалық кешенін біріге игеру және электроэнергия, сумен жабдықтау мәселелерін шешу, бірыңғай энергетикалық балансқа шығу.
- Еңбектік көші-қоны- көшіп қонушылардың және олардың жұмыс берушілерінің салықты төлеудегі байланыстары мәселелерін шешу, көші-қоныға байланысты қылмыспен күрес, еңбектік ресурстардың көші-қонын бақылау және реттеу пәрменді жүйесін құру, көшіп қонушыларды әлеуметтік қорғау.
- Аграрлы өнеркәсіптік кешен-осы салада жаңа нарықтық институттар құру (сақтандыру, банктік, лизингтік, биржалық және т.б.), ауыл шаруашылық өімінің тасымалдауға, сақтауға, сатуға кететін шығындарын қысқарту, қоғамдастық мемлекеттерде бірыңғай азық-түлік нарығын қалыптастыру, ЕврАзЭС мемлекеттерінің ауыл шаруашылық саясатын келістіру.
- Қоғамдастық аумағында, ЕврАзЭС-ке кіретін мемлекеттердің азаматтарының орын ауыстыру (қозғалысы) жағдайы - ЕврАзЭС- ке мүше – үкімет аралық келісім бойынша мемлекет азаматтары, тұрақты мекен жайына тәуелсіз кетуге, келуге, транзитпен қозғалуға, ЕврАзЭС аумағында визасыз келіп кетуге құқығы бар.
- Азаматтық алу тәртібі- қазіргі кезде қоғамдастықта оңайлатылған азаматтық алу тәртібі жұмыс істейді. Мемлкет аралық келісім бойынша регламенттеуші халықаралық ереже, ұлттық құқық актысы басымдығы бойынша осы тәртіпті халықаралық деңгейде жүргізеді.
- Қоғамдастық мемлекеттерде ЕврАзЭС құрамына кіретін азаматтардың жоғарғы оқу орнында білім алуға құқығы бар – келісім шарт бойынша Қоғамдастық мемлекеттерінің азаматтары кез келген осы мемлекеттердің жоғарғы оқу орнында білім алуға осы мемлекеттердің азаматтары сияқты бірдей құқығы бар.
2. Энергетика саласында ЕврАзЭС және Шанхайлық ынтымақтастық ұйым (ШЫҰ) мемлекеттерінің келісілген кеден саясатын және салықтық, тарифтік қағидаттарын қалыптастыру.
Қазір Орталық Азияда 3 аймақтық бірлестіктер бар, олар: ШЫҰ, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы және ЕврАзЭС. Құрамы бойынша Қытайды қоспағанда, бір-біріне сәйкес келеді.
ЕврАзЭС, ШЫҰ, ҰҚКҰ саясат логикасын құру жағынан бірдей емес.
ШЫҰ- Қытай және онымен шекаралас посткеңістіктегі республикалар, онда шекара мәселелері.
ЕврАзЭС негізі – экономикалық кеңістіктегі ТМД мемлекеттерде «әртүрлі жылдамдықтық интеграция» идеясы.
Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы негізі - Ресейдің әскери саясатының жаһандануын күшейту тұжырымдамасы.
Үш ұйым арасында өзара еңбектік бөлінісу мен байланыс жоқ. Экономикалық салада міндеттерді бөлу және координацияны реттеу
актуалды мәселе. Мұның болашақта шешілуі Орталық Азия елдерінде әлеуметтік-экономикалық даму және әлеуметтік – саясаттық тұрақтылығына байланысты.
- Тарифтік саясат облысында қажетті:
- энергоресурстар транзитінің тарифтерін жалпы методологиялық әдіспен есептеп әзірлеу және оған сәйкес келісімдер қабылдау
2.салық саясаты облысында қажетті:
- энергетикалық секторда салықтық жүйені оңайлату шараларын қабылдау, икемділігін және бейімделуін жоғарылату, мұнайгазкөліктік инфрақұрылымды жетілдіру осының барлығы өте маңызды мәселе болып табылады.
3.Кеден саясаты облысында қажетті:
- ЕврАзЭС, ШЫҰ және үшінші елдер шеңберінде-
-нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу, энгергоресурстарды жеткізу барысында кеден тәртібін жүргізуді жеңілдету.
Қазақстанның мұнайгазкөліктік инфрақұрылымын жетілдіруде негізгі фактор – ол, ЕврАзЭС және ШЫҰ мемлекеттері арасында қаржылық ынтымақтастықты дамыту.
Қаржы көлемі бойынша, нақты интеграцияны қаржыландыруда Қазақстан, Қытай және Ресей қаржы бөлуге дайын, оларды «аз шығынды», «орта шығынды», «көп шығынды» жобалар деп бөлуге болады.
- аз шығынды:
- нақты сала қызметіне идеяларды (ойларды) іске асыру және қалыптастыру.
- орта шығынды:
1.тауарлық кредиттерді беруді көбейту
2.энергетикалық секторды қаржыландыру
3.ШЫҰ «Еркін сауда аймағының» көрсеткіштерін қайта құруда бір қатар елдердің қауіпсіз позицияларын әрқашан ескереді. Мысалы, 1-ші кезеңінде еркін сауда тәртібі Ресей және Қытайдың орталық Азия елдерімен – ШЫҰ мүшелерімен саудада қолданылуы мүмкін, тек Ресей-Қазақстан «еркін сауда аймағы» негізі болатын, ЕврАзЭС шегінде еркін сауда аймағын құруда Ресей жоспарларымен сәйкес келеді.
4.экономикалық-әлеуметтік көмек көрсету, жаңа жұмыс орнын құру, кедейлікті жою, саясаттық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
3.Көп шығынды:
-Орталық Азия елдеріне әлеуметтік көмек жүйесін көрсету:
-көліктік инфрақұрылым дамуына, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қаржыландыру:
-ШЫҰ барлық елдері мүше болып табылатын, БҰҰ стандарттарына сәйкес заңдар мен демократиялық тәртіптерді сақтау жағдайында өмірге үйрететін, төменгі сауаттылықты жеңуге көмектесетін, Орталық Азия елдерінде білім беру және ағартушылық жобаларды қаржыландыру.
3.ТҰК, ҚӨТ ролі.
ТҰК – пайда болу себебі – ол өнімділік күштер даму негізінде өндірісті және капиталды интерұлттықтандыру, ұлттық-мемлекеттік шекараға ұласуы. Нақты себептер ол - үлкен өзгерістер саласында - экономикалық тиімділік. Бәсекелестік жағдайда жеңіп шығу өндірісті және капиталды шоғырландыру болып табылады.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде, халықаралық монополияның мынадай түрлері келтірілген: көп ұлттық корпорация, интерұлттық корпорация, трансұлттық корпорация, жаһандану компаниясы және т.б.
Ресей экономистері келесі жіктеуді ұсынады:
- Трансұлттық корпорация – бұл шетелдік активімен ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда - өткізу қызметі бір елден шеткері шығады.
- көпұлттық корпорация – халықаралық корпорация мемлекеттердің өндірістік және ҒТП негізінде ұлттық компанияларды біріктіреді.
90-шы жылдары ресейлік трансұлттық компания құруда және дамуда ең тиімді жол ол институт ҚӨТ болып саналды. ҚӨТ- толық және бөлшекті түрде біріктіретін негізгі және еншілес қоғам ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың жиынтығы.
ҚӨТ құрамына коммерциялық, коммерциялық емес ұйым оның ішінде шетелдік, бірақ қоғамдық және діни ұйымнан басқалары. ҚӨТ мүшелер арасында ұйымның бар болуы, өндіріс саласының іс әрекеті және банктер болуы тиіс.
Еуропалық экономикалық ЕО интеграциясының құрылу эволюциясы және оның ерекшеліктері
Еуропалық Одақ - европалық одақ туралы келісімге қол қойған 27 европалық мемлекеттердің бірігуі Маастрихтскалық келісім. ЕО – халықаралық бірегейлі құру: ол халықаралық ұйым және мемлекеттердің белгілерін бірегейлендіреді, бірақ ол ресми түрде ешқайсысы емес. Одақ – халықаралық жария құқығының субъектісі емес, бірақ халықаралық қатынаста қатысу өкілеттігі бар және онда зор роль атқарады.
ЕО - қа мүше елдер:
Австрия, Бельгия, Болгария, Вкликобритания, Венгрия, Германия, Дания, Греция, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония.
Саясаттық орталықтары:
Брюссель, Страсбург, Люксембург, Гаага, Франкфурт-на –Майне.
ЕО төраға-мемлекет |
Швеция (01.07.2009жылдан бері) |
ЕО кеңесінің төрағасы |
Фредрик Рейнфельдт (01.07.2009жылдан бері) |
Алқабы - жалпы |
әлемде 7-ші 4892685км2 |
Тұрғындары -барлығы (2009) -тығыздығы |
әлемде 3-ші 499.673.325 116,4адам/км2 |
ЖІӨ -барлығы (2006) ЖІӨ/адам |
әлемде 1-ші $17.08*1012 $ 39,900 |
Құрылғаны Қол қойылғаны Күшіне енгені |
Маастрихтскалық келісім 1992ж. 7 ақпан 1993ж. 1қараша |
Қауымдастық валютасы |
12 |
ЕО тарихы
Бірінші әлемдік соғыстан кейін саясаттық пікірсайыста европалық ой болған, бірақ-та нақты қадамға әкелмеді. Екінші әлемдік соғыстан күйреуінен кейін, европалық жетекшілер мына тұжырымға келді, европада тұрақтылықтың және өркендеудің жақсы әдісі ол ынтымақтастық және бейбітшілікті сақтау үшін күш салу. Федеративті Республика Германия және Францияның болат құю өнеркәсіптің және көмір біріктіру Францияның сыртқы істер министрі Роберт Шуман айтуымен 1950ж. 9 мамыр осы үрдіс басталды.
Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуының қазіргі тарихы 1951жылдан басталады. Осы жылдың сәуірінде құрамына 6 ел – Франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген Еуропалық көмір және болат бірлестігін құру туралы шартқа қол қойылды. Мұның өзі Батыс Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал, іс жүзінде Еуропалық одақтың пайда болып, дамуы 1957 жылдан басталады. Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом Энергиясы бойынша Еуропалық одақтастық құру туралы шарттарға қол қойды. Одақтастықтың құрамындағы елдердің жоғары даму деңгейі, бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті.
Еуропалық Экономикалық Одақтастықты немесе «Ортақ нарықты» құрудағы нақты мақсаттарға мыналар жатады:
- Мүше елдер арасындағы сауда-саттықта болуы мүмкін кедергілерді бірте-бірте жою;
- Үшінші елдермен сауда үшін бірыңғай баж тарифін орнықтыру;
- Адамдардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің еркін қозғалысына кедергілердің барлығын алып тастау;
- Көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ортақ саясат жүргізіп, оны бұлжытпай орындау;
- Валюта одағын құру;
- Салық жүйесін үйлестіру;
- Заңдарды жақындастыру;
- Экономикалық саясатты келістіру принциптерін жасау;
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кешенді басқару құрылымы – Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың Министрлер Кеңесі, Еуропалық Одақтастықтың комиссиясы, Еуропалық одақ, Еуропалық сот, Еуропалық парламент құрылды.
ЕО-тың бюджеті
ЕО –тың бюджеті халықаралық ұйымдардың бюджетінен және мемлекеттік бюджеттен ерекшелігі бар. ЕО –та тіркелген мүшелік жарна сомасы болмайды. Басқа халықаралық ұйымнан ерекшелігі европалық одақ ақшасының аз бөлігі басқару шығындарына және персоналдың қажеттілігіне жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттен айырмашылығы, ео бюджеті барлық кезде балансталған болу керек. ЕО –қа мүше мемлекеттердің жалпы өнімінің қосындысынан бюджет көлемі 1,27% құрайды. Ұлттық мемлекеттерде бұл көрсеткіш 20-45% құрайды. Ео-тың қант саясатын қолдау үшін, ЕО-тың дәстүрлі меншікті қаражатына қантглюкоза құрамдас өнімнен кедендік алым және де көп емес салықтар. Табыстың кішігірім бөлігін штрафтар және табыстар құрайды.
2. ЕО-тың ұлғаю тарихы, тарихта Ео-тағы интеграцияның тереңдеуінің негізгі оқиғалары
ЕО-қа кіру үшін кандидат мемлекет Копенгагендік критерийлерге сәйкес болу керек. 1993ж. маусымда ЕО-тық кеңес жиылысында копенгагендік критерийлер қабылданып, 1995ж. желтоқсанда Мадридте ЕО-тың мәжілісінде бекітілген.
Критерий талаптары- мемлекетте демократиялық қағидаттар, адам құқығын құрметтеу, еркіндік қағидаты және де мемлекеттің құқықтық қағидаты сақталуы. Және де мемлекетте бәсекелестік нарықтық экономика болуы қажет, ЕО-тың жалпы ережесін және стандартын мойындау, валюталық одақ, экономикалық және саясаттық мақсатты қосқанда.
ЕО-тың ұлғаю тарихы
жылдар |
мемлекеттер |
25наурыз 1957ж. |
Бельгия, Германия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Франция |
1қаңтар 1973ж. |
Ұлыбритания, Дания, Ирландия |
1қаңтар 1981ж. |
Греция |
1қаңтар 1986ж. |
Испания, Португалия |
1қаңтар 1995ж. |
Австрия, Финляндия, Швеция |
1мамыр 2004ж. |
Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия, Эстония |
1қаңтар 2007ж. |
Болгария, Румыния |
Тарихта Ео-тағы интеграцияның тереңдеуінің негізгі оқиғалары
1951ж. |
Париждік шарт және Еуропалық көмір мен болаттың бірігуі (ЕОУС) |
1957ж. |
Римдік шарт және Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭС) және Евратом құрылу |
1965ж. |
3 еуропалық қоғамдастық ЕОУС, ЕЭС және Евратом бірігу туралы шарт, нәтижесінде бірыңғай Кеңес және бірыңғай комиссия құрылды |
1973ж. |
1-ші ЕЭС-тың ұлғаюы (Дания, Ирландия, Ұлыбритания қосылды) |
1979ж. |
Еуропалық парламентке 1-ші жалпы халықтық сайлау |
1981ж. |
2-ші ЕЭС-тың ұлғаюы (Греция қосылды) |
1985ж. |
Шенгендік келісімге кол қойылуы |
1986ж. |
ЕО шартының 1-ші өзгеруі – бірыңғай еуропалық акт |
1992ж. |
Маастрихтский шарт және қоғамдастықтың негізінде Еуропалық одақтың құрылуы |
1999ж. |
Бірыңғай еуропалық валютаны енгізу - еуро (2002ж. бері қолда айналыста) |
2004ж. |
ЕО конституциясына қол қою |
2007ж. |
Лиссабонда реформалау шартына қол қою |
2007ж. |
Жетекші Франция, Италия, Испания мемлекеттері жаңа ұйым Ортажергіліктімұхиттық одақ құратынын жариялады |
Жұмыс барысында ағылшын және француз тілін қолданады.
3. ЕО бірыңғай ішкі нарық – ЕО шегінде экономикалық интеграция бағдарламасының құрамдық бөлімі, нарықтық сферада бірыңғай ереже іс-әрекеті.
ЕО шегінде интеграциялық үдерістердің үлкен жетістікке жеткені, ол 1992ж. аяғында бірыңғай ішкі нарық құру болып табылды, еркін ішкі интеграциялық тауарлардың жылжуы және қызмет көрсетуі нәтижесінде, тек қана еркін капиталмен және жұмыс күшімен толықтырылған жоқ, мүше-елдер ішкі экономикалық саясатының өлшеуі келісуімен.
1985-1992ж. аралығында тауардың және қызметтің бірыңғай нарық бағдарламасын құру атқарылды – бұл ЕО ішкі нарық бағдарламасы.
Осы бағдарлама нәтижесінде 1993ж. басында ЕО мемлекет арасында өзара саудада барлық тариф және тарифсіз шектеу тауарға және қызмет көрсетуге, транспорттық және қаржылық қызметте; ЕО мемлекет аралық капиталдың жылжуына шектеулер жойылған және ақылмен қадағалау қағидаты мен өзара қаржылық лицензий мойындалып енгізілген; үщінші елдердің импорттық өнеркәсіптік тауарларына ұлттық шектеулер жоқ; өзара сынақ және сертификаттау нәтижесінде танылу, стандартқа минималдық техникалық талаптар енгізілген; ЕО мемлекеттерінің фирмаларына мемлекеттік көтере сатып алу нарығы ашық.
Еуропалық одақ даму кезеңдері
1. Интеграциялық үдерістерінің Еуропалық Одақтың жаңа талапқа сай келбеті, екі негізгі бағыттармен қалыптаса дамиды: экстенсивтік - жаңа мүше-елдердің Еуропалық Одаққа кіруі жағынан интеграцияның көбеюі және интенсивтік - ынтымақтастықтың жай әдісінен қиынырақ жағынан интеграцияның тереңдеуі.
Батыс еуропалық интеграциялық үдерістері басқа интеграциялық одақтардан өзгеше:
- кезеңдік дамумен: кедендік одақ арқылы еркін сауда аймағын құру, бірыңғай ішкі нарық экономикалық және валюталық одақ;
- бірегей ұлттық үсті институттар құру:еуропалық кеңес, Еуропалық Одақ министрлерінің кеңесі, Еуропалық Одақ комиссиясы, Еуропалық парламент және Еуропалық сот;
- ғылыми-техникалық саясат және құрылымдық, қаржылық деңгейде ұлттық үстінде өткізу.
1-ші кезең (1957-1971жж.) - экономика сферасында жаңа талапқа сай еуропалық интеграцияның дамуы еркін сауда аймағын құру «кедендік одақ» саясатын өткізу басталды: саудада алты еуропалық мемлекеттер арасында Франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург кедендік баж алымы жойылған, басқа елдерге жалпы сертқы тариф белгіленген, алты мемлекттер территориясында тарифсыз реттеу өлшемі жойылған.
2-ші кезең (1972-1978жж.) –Батыс Еуропадағы интеграциялық үдерістердің дамуын, Еуропалық экономикалық қоғамдастық дағдарысы деп сипаттауға, 1974-1975жж. әлемдік экономикалық дағдарыс себебінен. Дағдарыстың маңызды себептері тек қана сыртқы факторлардан емес, ішкі тәртіп себебінен, қоғамдастықтың экономикасының экстенсивтік даму жолдарынан интенсивтік жолға өтуі байланысынан. Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық экономикасының индустриясыздандыру байланысы, Бұл кезеңдегі құрылымдық дағдарысқа тән.
3-ші кезең (1979-1985жж.)- келісілген орташа курстың +,-2,25% шамасында валюталық курс дәліздерінің ауытқуына шектеулер қойылған (жолдармен) Еуропалық экономикалық қоғамдастық шеңберінде мақсаты валюта бағамын тұрақтандыру, еуропалық валюталық жүйесін құру. Еуропалық валюталық жүйесіне беріктік беру үшін, Еуропалық экономикалық қоғамдастық мүше-елдер валюта үлесінен тұратын, еуропалық қолма-қол ақшасыз валюта бірлігі ЭКЮ енгізілген және еуропалық валюталық қор ынтымақтастығы құрылған.
4-ші кезең (1986-1992жж.) - бірыңғай еуропалық ішкі нарық құру, 60-шы жыддардағы жалпы нарықтан ерекшелігі тек қана тауарлардың қозғалысы емес, қызмет көрсетуі, капиталдар, жұмыс күші, және де мүше - елдер келісілген экономикалық және валюталық саясат. Осы мақсаттарға жету үшін ЕЭС комиссиясы Ақ кітап дайындаған, бірыңғай ішкі нарық жұмыс істеуіне кедергіні физикалық, техникалық және салықтық тосқауылдарды жою үшін 300 ұсыныстар жасалған.
1992ж басталған қазіргі кездегі экономикалық интеграцияның 5-ші кезеңі бірыңғай ішкі нарықтан экономикалық және валюталық одаққа өту, бірыңғай еуропалық валюта – евро негізінде әлеуметтік-экономикалық, ақшалай-кредиттік және қаржылық саясатты сәйкестендіру.
2. Батыс Еуропа интеграциясы басқа интеграциялық одақтардан ерекшелігі тек қана кезеңдік даму ғана емес және Еуропалық Одақта бірегей ұлттық үсті институттың болуы. Батыс еуропа интеграция түсімдік қозғалысы саясаттық, құқықтық, әкімшілік, қаржылық және соттық институттар жұмысымен қамтамасыз етіледі. Тарихта бұл институционалдық жүйеге ұқсас жоқ, ұлттық жүйеден өзгешелігі үкімет аралық және ұлттық үсті реттеу:
- үкімет аралық органдардың құқығынан, Еуропалық Одақ институттарының міндеттері көп;
- Еуропалық Одақ институтар құқығы мемлекеттік, Еуропалық Одақ институттары ұлттық үкімет және парламенттен тікелей бағынуды талап ете алмайды;
- Еуропалық Одақ атқарушы органдары мен заңдық органдар арасында функциялары бөлінген, заңдық органдар атқарушы функцияларды орындай алады және де керісінше. Батыс экономистері бұл жүйені коммунитарлық дейді, ол тек Еуропалық Одақ тән. Жоғарыда айтылғандай Еуропалық Одақ негізгі институттары олар: Еуропалық кеңес, Еуропалық Одақ министрлер кеңесі, Еуропалық Одақ комиссиясы, Еуропалық парламент, Еуропалық сот.
Еуропалық кеңес – Еуропалық Одақ жоғарғы саясат органы. Еуропалық Одақ экономикалық және саясаттық стратегияны анықтайды, оның құрамы: мемлекет басшылары және Еуропалық Одақ мүше-мемлекет үкіметтері және Еурокомиссия төрағасы. Кемінде жылына 2 рет үкімет басшылары және шетел жұмысы бойынша министрлер кездесіп тұрады.
ЕО министрлер кеңесі, тағы Еуропалық Одақ кеңесі немесе Кеңес деп аталады, шешім қабылдауда басты институт болып табылады. Мұнда Еуропалық Одақ мемлекеттерінің министрлері жиналады. Бұл орган Еуропалық Одақ реформасының негізін құруды қарастырады. Дауыс саны мемлекеттің ауқымына байланысты: Франция мен Германия 10 дауыстан, Бельгия – 5, Люксембург – 2.
ЕО комиссиясы – ұлттық үстінен атқару институты, Кеңестің қаржысын басқарады, қолданыстағы заңдарды өмірде іске асырып қана қоймайды, Еуропалық Одақ заңнамаларын жасайды. Құрамы 27 мүше, әр мемлекет тарапынан. Олар Еуропалық Одақ шарттары және нормаларының орындалуын қадағалайды. Бұзған жағдайда бұзған мемлекетке Еуропалық Одақ комиссиясы сотқа шағым бере алады. Комиссия Брюссельде жиналады, бірақ өкілеттері Еуропалық Одақ мемлекеттері бәрінде бар. Жұмыс барысында ағылшын, француз және неміс тілдері қолданылады.
Еуропалық парламент - демократиялық институт, тіке сайланған және Еуропалық Одақ азаматтарының өкілі. Еуропалық Одақ комиссиясы жоба заңдарына өзгерістер енгізе алады немесе министрлер кеңесі өзгерістерге көнбесе, оны қабылдамайды. Парламент министрлер кеңесімен бірге Комиссия бюджеті жобасын талқылап оны қабылдайды, және Комиссия төрағасын сайлайды. Еуропалық Одақ халықаралық-құқықтық шарттары Парламенттін келісуімен ғана күшіне енеді.
Еуропалық сот – Еуропалық Одақ жоғары сот инстанциясы мәжілістерін Люксембургте өткізеді. Сот мүше-мемлекет аралық келіспеушілікті реттейді, Еуропалық Одақ және мүше-мемлекетаралық , Еуропалық Одақ институттар арасында, Еуропалық Одақ пен заңды тұлғалар арасында. Сот шешімі Еуропалық Одақ аумағында орындалуы тиіс. Сот 27 судьядан, әр мүше-мемлекет тарапынан және 8 бас адвокаттардан тұрады. Жаңа заңдық жоба қабылдау кезінде қандай тәртіп:
Еурокомиссия жаңа ұсыныстар ұсынады, министрлер кеңесіне жібереді, ал олар Парламентке, ол жерде қарастырылып, әр комитеттермен қосымшалар енгізіліп. Парламент пен комитет қорытындылай Еурокомиссияға қайта жібереді. Еурокомиссия қайта өзгерістер енгізгеннен кейін Парламентке жібереді, одан кейін министрлер кеңесіне қайта келіп осы жерде түпкілікті шешім қабылданады.
Еуропалық Одақтың институттары
Еуропалық Одақтың басты институттары Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақтың кеңесі, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық орталық банк және Еуропалық омбудсмен болып табылады. Енді осы құрылымдардың қызметіне тоқталайық.
Еуропалық Парламент тіке дауыс беру арқылы бес жылға сайланған 732 депутаттан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі – Германия, 99 депутат. Одан кейінгілері Франция, Италия, Ұлыбритания – әрқайсысы 78 депутаттан. Испания мен Польша – 54-тен, Нидерланды – 27, Бельгия, Венгрия, Грекия, Португалия, Чехия – 24-тен, Швеция – 19, Аустрия – 18, Дания, Словакия, Финляндия – 14-тен, Ирландия мен Литва – 13 депутаттан, Латвия – 9, Словения – 7, Кипр, Люксембург, Эстония – 6-дан, ал Мальта 5 депутаттан келеді. Депутаттардың кезекті сайлауы 2009 жылдың маусымында өтеді.
Еуропалық Парламенттің өкілеттігі аса ауқымды. Ол Еуропалық Одақтың кеңесімен бірлесе отырып заңнамалық функцияларды жүзеге асырады және жұмыс күшінің қозғалысына, кәсіпкерлікке, қызмет көрсетулерге, білім беру мен зерттеу жұмыстарына, қоршаған орта мен денсаулық сақтауға, тұтынушыларды қорғауға қатысты мәселелер жөнінде тиісті шешім қабылдауға құқығы бар. Сондай-ақ Еуропарламент қажет болып жатса, Одақ кеңесінің шешімін қабылдамауы және заңнамалық үдерісті тоқтатып тастауы мүмкін. Сондықтан Одақ кеңесі халықаралық ынтымақтастық және оны кеңейту туралы келісімдердің қорытындысын Еуропарламентпен келісуге мүдделі. Бүгінде Еуропарламентте тұрақты қызмет ететін 20 комиссия жұмыс істейді. Бас хатшылығы Люксембургте орналасқан. Қазіргі төрағасы – Испания Социалистік жұмысшы партиясының өкілі Хосе Боррель Фонтельес.
Еуропалық Одақ кеңесі – Одақтың өкілетті шешім қабылдайтын басты органы. Оның құрамы Одаққа мүше 25 елдің әртүрлі салалық министрлерінен тұрады. Кеңес Еуропарламентпен бірлесіп, Одақтың заңнамалық актілері мен бюджетін қабылдайды. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия дайындаған халықаралық келісімдерді бекітеді және Одаққа мүше елдердің экономикалық саясатын үйлестіруге жауап береді. Кеңеске төрағалық ету әр жарты жыл сайын ротациялық негізде ауысып отырады. Мәселен, бұл міндетті 2005 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ұлыбритания атқарып келді. Оны енді 2006 жылдың 30 маусымына дейін Аустрия атқаратын болады. Ал Еуропалық Одақ кеңесінің бас хатшылығы Брюссельде орналасқан. Кеңестің бас хатшысы лауазымын 1999 жылдың қазан айынан бері НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Хавьер Солана атқарып келеді.
Еуропалық кеңес – Еуроодақтың жоғары саяси органы ретінде кеңінен танымал. 1974 жылы құрылған Кеңес өз сессияларында Одақтың саяси бағытын айқындайтын өзекті шешімдерді қабылдайды. Еурокомиссия мен Министрлер кеңесі белгілі бір мәселеге байланысты ортақ пікірге келе алмаған жағдайда оның төрелігін Еурокеңес айта алады. Әр жарты жылда Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары мен үкіметтер басшылары кездесіп, өткен жарты жылдың қорытындысын талқылайды және алдағы жарты жылдағы негізгі бағыттарын белгілейді. Оны ұйымдастыру Еуропалық кеңестің мойнында.
Еуропалық комиссия – Еуроодақтың атқарушы органы әрі Еуропалық экономикалық кеңістік пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістікке жетекшілік жасайтын институт. Комиссия 1967 жылдың шілдесінен жұмыс істеп келеді, оның 20 мүшесі бар. Комиссия мүшелерін сол елдердің үкіметі бес жыл мерзімге тағайындайды. Ал Комиссия президенті Одаққа кіретін елдер үкіметтерінің бірлескен шешімі бойынша тағайындалып, оны Еуропарламент бекітеді. Комиссия Еуроодақтың шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Оның штаб-пәтері Брюссельде орын тепкен, 26 директорат пен арнайы қызметтен тұрады. Комиссияның қазіргі президенті – Португалияның бұрынғы премьер-министрі Жозе Мануэль Дурау Баррозу. Бұл қызметті 2004 жылдың қарашасына дейін Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди атқарған.
Ауылшаруашылығы облысындағы саясат
1. ЕО – Еуропаның 27 елінің экономикалық ассоциациясы. ЕО біртұтас ішкі нарық құрылған, тауарлардың, капиталдың, елдер арасында жұмыс күшінің ерікті қозғалуына шектеулер алынған, бір аұша-несие басқару мекемесімен бір ғана валюта жүйесі құрылған.
ЕО елдерінің ауыл шаруашылық өнімдері әлемдік нарықта оншалықты бәсекеге қабілетті болмағандықтан, интеграцияның маңызды мақсаттарының бірі ұлттық өндірушілер үшін қолайлы жағдайларды құру болып табылады. Келісілген аграрлық саясатты жүзеге асыру нәтижесінде ЕО барлық елдері өздерінің өнімдерін, орташа әлемдік деңгейден аспайтын, жекелеген жағдайда 30% немесе оданда жоғары бағаға сату мүмкіндігін алды.
Бірыңғай саясат импорт алдында ЕО елдерінің фермерлерінен ауылшаруашылық өнімдерін абсолютті сатып алу басымдығын қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары кіші фермерлерді қолдау және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді тежеу, бұл саясаттың маңызды бағыттарына айналды.
Бірыңғай аграрлық саясат- тұрақты бағалар, ауыл шаруашылық өнімділігін арттыру, бөлшек бағаның қолайлы деңгейін қолдау және фермерлер мен олардың жанұяларының деңгейін қолдау бойынша, ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты қамтамасыз ету бойынша ЕО елдерінің келісілген іс-әрекеттері.
2.Бірыңғай аграрлық саясаттың негізгі элементтері:
ЕО ішінде ауыл шаруашылық өнімдеріне бірдей баға және оларды қолдауда бәрыңғай
механизм. Маңызды ауыл шаруашылық өнімдеріне қойылатын минималды баға алдын-ала анықталынады. Егер нарықтың бағалар бұл деңгейден 10%-ға төмендейтін болса, баға деңгейін қолдауды қамтамасыз ете отырып, ЕО органдары бұл өнімнің кепілденген сатып алуын қамтамасыз етеді. ЕО бағаның бірнеше негізгі түрлері қолданылады. Бағыттың (бақылау, анықтау) –бағалары, ЕО елдері аймақтың ішкі айналымында ұлттық нарықтарда қолдауға қажетті деп есептейді. Араласу бағасы- бағыттық баға деңгейінің белгіленген шегінен бағаның ауытқуы болған жағдайда, ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын сатып алатын немесе сататын баға. Сыртқы сауда-аграрлық протекционизм құралы, ауылшаруашылық тауарларын сыртқы нарықта өткізу бағасы.
-ЕО ішінде ауылшаруашылық өнімдерін сату еркіндігі тарифтік және сандық шектеудің болмауы. Үшінші елдермен ауыл шаруашылық өнімдерінің сыртқы саудасының біртұтас ережесі және бәрыңғай кедендік тариф. Импортта, ЕО қарағанда ауыл шаруашылық тауарлар өндірісінің шығындары төмен, елдер тарапынан өндірушілерді бәсекеден сақтайтын, компенсациялық алымдар жүйесі қызмет етеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін үшінші елдерге экспортттауда өндірушілер ЕО органдарынан субсиди алады, бұл оларға әлемдік бағадан төмен бағада өнімдерін сату мүмкіндігін береді. Жекелеген тауарлар бойынша ЕО сыртқы жеткізушілермен келісімдер жасаған, ол бойынша олар бұл тауарларды ЕО елдеріне белгіленген деңгейден төменгі баға бойынша экспорттамауға міндеттеме алады. Ауыл шаруашылық облысында бәрыңғай саясатты тәжірибелік жүзеге асыру ЕО мемлекетаралық органдары (кеңес және комиссия) жүргізеді.
- Ауыл шаруашылық қаржыландыру – ауылшаруашылық бағыттау және кепілдендірудің Еуропалық қоры (БКЕҚ) арқылы жүргізіліп, оның қолдауына ЕО бюджетінің жартысынан астамы кетеді. Бағыттау үшін қаражаттар - ауыл шаруашылық өндірісін модернизацичялау және өнімділігін арттыруға арналған, кепілдік қаражаттары, қор сомасын құрай отырып, тікелей бағаны қолдауға бағытталған. БКЕҚ үшінші елдердің ауыл шаруашылық өнімдерінің импортынан алынатын компенсациялық алымдар есебінен, енгізілген өнеркәсіптік тауарларға аударылған алымдар (пошлина), ЕО бюджетінен тікелей жарналардан, қосылған құн салығының түсімдерінен құралады.
ТМД қатысушы- мем лекттерінің жалпылама аграрлық нарығы
1. Бірыңғай аграрлық саясат
2.АӨК жағдайын бағалау
3.Келісілген аграрлық саясаттың негізгі бағыттары.
- Бірыңғай аграрлық саясат- тұрақты бағалар, ауыл шаруашылық өндірістерінің
өнімділігін арттыру, тұтынушылар үшін қолайлы бағаны қамтамасыз ету және фермерлердің өмір деңгейін қолдау бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткізілімін қамтамасыз ету бойынша мүше-елдердің келісілген іс-әрекеттері.
ТМД қатысушы-мемлекеттердің жалпы аграрлық нарығы- барлық қоғамдастық және
ТМД қатысушы-мемлекеттердің әрқайсысы үшін АӨК экономикалық тиімділігін арттыру және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мүддесінде АӨК үшін өндіріс және қызмет құралдарымен, ауыл шаруашылық азық-түлік және өнімдермен кедергісіз сауданы реттеу әдістері мен институционалдық құрылымдардың, келісімдік қатынас жүйесі.
Бірыңғай аграрлық нарық реттеудің әртүрлі әдістерін қолданып және
инфрақұрылымды мақсатты дамыта отырып, жекелеген өнім сегменттерін нарық орбитасына енгізе отырып, еркін сауда және кедендік одақ, режимін игеру жолымен кезеңмен құрылады.
ТМД келісілген аграрлық саясат – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұтас қоғамда және әрбір елдің тұрғындарының мүддесінде ауылдық жерлерді дамыту, сыртқы экономикалық қатынас, аграрлық өнеркәсіп кешенін экономикалық интеграциялауға мемлекеттік ықпал ету принциптері мен әдістерінің жиынтығы.
Келісілген аграрлық саясат Қоғамдастықтың әрбір елінің мүдделерін сыйлау және ТМД алдында тұрған, жалпы мақсаттарға жетуге бағытталған басымдықтарды анықтау принциптеріне негізделеді.
Келісілген аграрлық саясат мақсаты – АӨК салаларының дамуын (ресурстық қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп, сауда), оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету осының негізінде тұтас қоғамдық пен әрбір елдің ұлттық қауіпсіздік жүйесінде азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз еті, ауылдық дамуда әлуметтік-экономикалық проблемаларды кешенді шешуді қамтамасыз ету.
Қойылған мақсатқа жету үшін келісілген аграрлық саясат алдына келесі міндеттерді қояды:
-жалпы қоғамдық және әрбір ел үшін азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
-аграрлық салада әртүрлі меншік формаларын дамыту
-нарықтық қатынастарды дамыту және оларды экономикалық реттеу әдісі
-ТМД жалпы аграрлық нарығын құруда, дамытуда және реттеуде ықпал ету
-жалпы аграрлық нарық келісіміне енбеген елдермен сыртқы экономикалық қатынасты келісу.
-өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, мелиорация және АӨК өзге салалары үшін алдыңғы қатарлы техника және технологияларды жасау, селекция және ұрықтық шаруашылық, жер құнарлығын арттыруды, асыл тұқымдық шаруашылықты қоса ескергенде, аграр саласында ғылыми-техникалық бірлестік процесін белсенділеу.
-АӨК өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру және салынған қаражаттарды тез қайтаруға бағытталған, инвестициялық жобаларды дайындау және бірлесіп жүзеге асыру.
-ТМД елдерінің ғылыми және білім мекемелерінде, ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарында аграрлық ғылым үшін кадрлар дайындау, АӨК дамыту болжамдарын жасау, ғылыми-зерттеу облысындағы қызметтерді реттеу
-семинарлар, конференциялар, жаңа техника мен технологиялардың көрмесін ұйымдастыру, ауылшаруашылық өндірісіне бірлескен ғылыми еңбектер, оқу құралдарын, ұсыныстарды жасау
-аймақтың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды шешуде тәжірибе айырбасына ықпал ету
-ТМД-да аграрлық нарық субъектілері және елдер арасында ақпараттың айырбастың өзге әдістерімен және интернет мүмкіндігін қолдануда интеграциялық ақпараттық жүйені кезеңдеп құру
АӨК экологиялық қауіпсіздікті өамтамасыз етуде іс-әрекеттерді үйлестіру.
2. ТМД қатысушы-елдердің аграрлық өнеркәсіп кешенін бағалау
ТМД қатысушы-елдердің аграрлық саласында терең әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге асырады. Олар нарықтық қатынастардың дамуына, меншік формаларының әртүрлілігі мен шаруашылық көп түрлілігіне негізделеді. Қазіргі уақытта ТМД қатысушы-елдердің барлығында экономикалық дағдарысты өтуде
ЕО-тың үшінші елдермен қатынасы
1964ж-дың басынан бастап ЕО Африка, Карибтік және Тынық мұхит бассейні АКТ
Яундық алғы шеңберінде, кейіннен бірнеше Ломейскалық конвенция ынтымақтастық саясатты пұрсаттылық жағдайда өткізеді. 1989ж. он жыл бойы 70 шақты дамушы мемлекеттер ЕО-пен төртінші Ломейскалық конвенцияда қол қойды. Осы конвенция бойынша АКТ елдері баж алымынан еркін және сандық шектеуден өзінің тауарына экспортқа қол жеткізу ЕО нарықта өзара міндетсіз тауарларды ЕО –тан импортқа, ЕО елдерпінің кепілдігі бойынша АКТ елдерінен қантты 1,3млн.т ЕО бағасымен, Е-лық даму қоры арқылы және Е-лық инвестициялық банктың қаражаты сауданың дамуына және экономикалық өсуді қаражаттау. Ынтымақтастықпен басқару және үйлестіру күшімен үш бірлескен институттар құрылды: ЕО-АКТ министрлер кеңесі, ЕО-АКТ комитеті елшілер деңгейінде және ЕО-АКТ бірлескен Ассамблея.
ЕО және АҚШ өзара қатынаста тармақты жүйе болады оған кіретіндер: бір жылда 2 консультация АҚШ президенті мен ЕО кеңесінің төрағасы және КЕС төрағасы арасында, бір жылда 2 консультация АҚШ мемлекеттік секретарьмен ЕО шетел жұмысы бойынша министрлер жіне КЕС мүшелерімен, жылына 2рет консультация министрлер арасындағы деңгейде. АҚШ пен ЕО арасында келісімге жеке сала – атомдық энергияны пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, балық аулау құқығы, биотехнология, антимонопольдық және бәсекелестік саясатына қол қойылады. ЕО пен АҚШ арасында қатынас жүйесінің дамығанымен, өзара қарама-қайшылық сала ол ЕО біртұтас ауылшаруашылық саясаты, негізі мәнінде ЕО американдық ауылшаруашылық экспорты негізі мәнінде бәсекеге қабілеттігі жоғары қарсы бағытталған.
1989-1990жж. ЕО Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Болгария, Румыния елдерімен келісімге қол қойды. Бұл келісімдер Еуропалық келісімдер деп әйгілі, саясатты үйлестіру және жоғарғы деңгейдегі тұрақты сұхбатты қолдауды қарастырады, еркін сауда аймағын құру, тауарлардың, қызмет көрсету, адамдардың және капиталдардың еркін қозғалысын қарастыратын.
ЕО және қатысушы-мемлекеттер дамушы елдерге барлық халықаралық көмектің 55% құрайды. ЕО туралы шарт бойынша ЕО дамушы елдермен қатынаста саясаттың негізгі мақсаттары келесілер: кедейшілікті жою, орнықты әлеуметтік және экономикалық даму, кедергісіз және біртіндеп интеграцияны халықаралық экономикаға, демократияны нығайту және дамыту, адамның құқығын құрметтеу және заң биліктері. Бұл саясат екі жақты және аймақтық келісім арқылы іске асады, және анықталған салада арнайы бағдарлама арқылы, әсіресе денсаулық және білім саласында. Саясаттың құралы болып сауда пұрсаттылығы, дамуды қаржыландыру және ізгілік көмек. ЕО саясатының дамуы негізінде- қиын шиеленіскен саясаттық альтруизм және меншікті (өз қамын) нәтижені мойындау. ЕО дамушы елдерге экспорттың үш бөлігінен жоғары жұмсайды, көп мөлшерде азық-түлік және шикізат ресурстарын импорттайды: тропикалық жемістер, кофе, банандар, резина, мыс, магний және уран. 90% жоғары мұнайды ЕО Африка, Кариб бассейнінен және Тынықмұхит аймағынан (АКТ) әкеледі. Көмектің көп бөлігі ЕО-қа еуропалық фирмамен контракт түрінде қайтарылады.
1980ж-ға дейін даму саясаты бұрынғы Еуропа колониалдық әсерімен қалыптасқан: Франция, Бельгия, Нидерланды және Италия Европадан шеткері колониялары болған, және ЕО қалыптасқан кезеңінде олармен қатынасты сақтауға тырысқан. Ломейская конвенция ЕО және АКТ елдері 1975-2000жж. өзара қатынастары. 1975ж. Ломда астанасы Того (Батыс Африка), 9 Батыс Еуропа елдері және 46 АКТ дамушы елдермен. Соңғысы, 4-ші Ломейская конвенция 1989ж. желтоқсанда 12 ЕО мемлекеті және 70 ел АКТ қол қойылды. 1995ж. қараша Маврикий аралында жаңартылған 4-ші Ломейская конвенция, ЕО жағынан 15 мемлекет қол қойды. 4-ші Ломейская конвенция ЕО –тың ең үлкен сыртқы бюджетін – жылына 2млрд. евро, әр түрлі қормен қосқанда 5-7млрд. евро.
АКТ мемлекеттері Карибтік бассейнді қоспағанда әлемде дамушы елдер арасында ең кедей болып саналады. Оның ішінде қиын жағдайда тропикалық Африка, 50% тұрғындары бір күнде 1долл АҚШ аз. Осы жағдайда бола тұра халқының орташа жылдық өсуінен әлемде 1-ші орында.
Карибтік бассейндегі елдердің орташа жылдық табыс жан басына шаққанда Тринидаде и Тобагода – 3740дол. АҚШ, Гаити -230дол. АҚШ, Багам аралдарында – 11500дол. АҚШ. Карибтік елдер өзгешелігі АҚШ –қа экономикалық тәуелділігі және жаһрафиялық жақындығы.
Тынықмұхиттағы аймақта 8 мемлекет АКТ мемлекеттері арасында әртүрлі топтарға жатады. Орташа жылдық табыс жан басына шаққанда Кирибати да 710 АҚШ дол-дан Фиджи да 2130 АҚШ дол. Ең ірі ел ол Папуа- Жаңа Гвинея 5млн. адам тұрғындарымен, Тынықмұхит аймақтағы елдерінің тұрғындарының 70% құрайды. Бұл елдер арал елдерін құрайды, кішігірім экономикалық әлеуеті бар және экспорттық саудаға бейімделген.
ЕО – ЕО туралы келісімге қол қойған 27 еуропалық мемлекеттердің бірігуі Маастрихтскалық келісім. ЕО – халықаралық бірегейлі құру: ол халықаралық ұйым және мемлекеттердің белгілерін-бірақ ол ресми түрде ешқайсысы емес. Одақ – халықаралық жария құқығының субъектісі емес, бірақ халықаралық қатынаста қатысу өкілеттігі бар және онда зор роль атқарады. 27 мемлекет мүшелер:
Саясаттық орталығы:
Брюссель, Страсбург, Люксембург, Гаага, Франкфурт-на- Майне
ЕО төраға – мемлекет – Швеция 01.07.2009ж.
ЕО төрағасы Фредерик Рейнфельдт.
2. Тынықмұхиттық аймақ және Карибтік бассейн, Африка дамушы елдерімен ЕО арасында көмек туралы келісім заңдылықпен жасалған өзара байланыстар жүйесін Ломейскалық конвенция ұсынады. Қазіргі кезде АКТ тобына 78 мемлекет, оның 48 –і Африкада, 16 – Карибтік бассейнде және 14- Тынықмұхит аймағында. АКТ 38 мемлекеті БҰҰ –ның тізімінде төмен дамыған елдер қатарына кіреді.
Ломейскалық конвенция негізі серіктестік және сұхбат. Бұл сұхбатты жүргізуде 3 институт құрылған:
- АКТ-ЕО министрлер кеңесі, онда ЕО және АКТ елдерінен министрлер кіреді, және де Комиссия өкілі;
- АКТ-ЕО елшілер комитеті, ЕО мүше мемлекеттерінің тұрақты өкілдері, АКТ және ЕО мемлекеттерінің бас миссий және Еуропа комиссиясының өкілі;
- АКТ-ЕО бірлескен ассамблея, Еуропалық парламент мүшесі, 4 Ломейскалық конвенцияға қатысқан, әр елдің бір сайланған өкілі.
АКТ-ЕО Кеңесі шешім қабылдайды, Комитет орындаушы және басқару функциясын орындайды, Ассамблея – бұл ақыл-кеңес органы, бір жылда 2 рет жиналады. 1 және 2 Ломейскалық конвенция мақсаттары АКТ елдерінің өнеркәсіпті дамытуда жәрдемдесу, 3- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1991ж. қыркүйекте 4-Ломейскалық конвенция 10 жыл жұмыс жасады, мақсаты ұзақ мерзімді даму, әсіресе жекеменшік инвестицияларды, шағын бизнесті, демократия және адам құқығын ардақтауда жәрдемдесу. АКТ елдеріне көмек көрсетудегі негізгі құрал Еуропалық даму қоры. Римдік шарт бойынша 1958ж. құрылған. ЕДҚ ЕО бюджетіне кірмейді және ЕО мемлекеттері қаржыландырады. Әр Ломейскалық конвенцияда ЕДҚ қабылданған, мысалы 8-ші ЕДҚ 4-ші конвенцияға 13,1 млрд. евро , 9-шы ЕДҚ 2000-2005жж. 13,5 млрд.евро плюс Еуропалық инвестициялық банк займы 1,7млрд. евро. ЕДҚ 90% жобасы грант түрден жүзеге асырылады, олардың займнан ерекшелігі қайтарудың қажеті жоқ.
ЕДҚ жобасы 5 негізгі бағытта жүзеге асады:
- СТАБЕКС - экспорттан табысты тұрақтандыру;
- СИСМИН - СТАБЕКС сияқты, бірақ минералдың экспортынан тәуелді елдерде;
- Экономикада құрылымдардың қайта құрылуына көмек;
- Босқындарға көмек;
- Апат зардаптарын жоюда көмектесу.
Еуропалық аудиторлық палата - негізгі міндеті- ЕО қызметінде барлық қаржылық аспектілерін қадағалау. Палата 27 тұрақты мүшеден тұрады, ЕО Кеңесі парламентпен ақылдасқаннан кейін бірыңғай шешіммен тағайындалады. Аудиторлық палата бақылауы ЕО елдерінің барлығына және ЕО көмек алатын үшінші елдерге тиісті.
ЕОР институционалдық органдарынан, ЕО шеңберінде экономикалық және қаржылық профилде институттар бар.
Еуропалық даму қоры- қаржылар тұрақтандыру қоры және венчурный капитал.
- СТАБЕКС- экспорттан табысты тұрақтандыру;
- СИСМИН- СТАБЕКС сияқты, бірақ минералдың экспортынан тәуелді елдерде;
- Экономикада құрылымдардың қайта құрылуына көмек;
- Босқындарға көмек;
- Апат зардаптарын жоюда көмектесу.
Еуропалық инвестициялық банк - ЕО-тың бас инвестициялық институты, Римдік шарт бойыша, ЕО мемлекеттерінің жарнасының жарғылық капиталға және әлемдік нарықта капиталды жұмылдыру. Негізгі міндеті – төмен дамыған елдерде жобаларды қаржыландыру арқылы ЕО мемлекеттерінің экономикалық даму деңгейін теңестіруге көмектесу, және жалпы еуропалық көлемде көлік, байланыс, қоршаған ортаны қорғау, энергетика саласындағы жобаларды қолдау. Банк ЕО мемлекеттерімен келісімге тұрған елдерге кредит береді, Ломейскалық конвенция елдеріне. ЕО 27 мемлекет шеңберінде барлық өндіріс факторлары және тауарлардың еркін қозғалысы қамтамасыз етілген, жалпы кеден тарифі негізінде біртұтас сауда саясаты өткізіледі, ауылшаруашылық, энергетика, көлік және т.б. саласында біртұтас саясат өткізіледі.
Бірнеше қорлар бар:
-Еуропалық әлеуметтік қор, Еуропалық кепілдік ауылшаруашылық және бағдарға алу қоры, Еуропалық аймақтық даму қоры.
- Еуропалық әлеуметтік қор - жұмыс күшінің жаңа жағдайда біртұтас ішкі нарықтағы жаңа жағдайға бейімделуін, қозғалысын және кәсіптік оқытуын жеңілдетуді қамтамасыз етеді.
- Еуропалық кепілдік ауылшаруашылық және бағдарға алу қоры- ауылшаруашылық саясатын нарықтық басқыншылық шеңберінде қаржыландыру, ЕО мемлекет-мүше агроөнімдерінің артығын сыртқа экспорттауда жәрдемдесу.
- Еуропалық аймақтық даму қоры- капиталды салу көзі, қалып еткен аймақтарда жұмыс орнының сақталуы және құрылуына бағытталған субсидия.
ЕО даму келешегі
1.ЕО АҚШ және Жапониямен қатарлас, қазіргі әлемнің дамыған орталықтарының үшеуінің бірі. ЕО – ірі әлемдік сауда державасы: оған әлемдік сауданың төрттен бірі келеді. Ол сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдері мен шикізаттардың нетто-импортері болып табылады. Дамушы елдерге көмектің негізгі бөлігі ЕО үлесіне тиеді. Ломей конвенциясына сәйкес, ЕО Африка,Кариб теңізі және Тынық мұхит бассейіндерінің, олардың қатарына көптеген кедей елдер кіретін, 69 елмен ассоциация туралы келісімдері бар.Сонымен қатар ЕО 60-қа жуық елдермен әртүрлі типтегі екі жақты келісімдер жасаған.Жалпы ЕО әлемнің 130 елдерімен дипломатиялық қатынасты қолдайды. Ол ОЭСР жұмысына қатысып, БҰҰ бақылаушысы статусына ие. Ол Батыстың жеті алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен жоғарғы деңгейдегі жыл сайынғы кездесулерге қатысады – онда негізгі ірі төрт мүше – Франция, Германия, Ұлыбритания және Италия, сонымен қатар ЕО комиссиясының президенті. ЕО әуел бастан СБСЕ (қазіргі ОБСЕ) процесінің белсенді қатысушысы.
Мұнда маңыздысы, «евро» валютасының енгізілуінен кейін, ЕО әлемдік экономикалық аренада АҚШ негізгі және күшті бәсекелесіне айналды.
Евро әлемдегі қаржы – экономикалық күштердің орналасуын түбегейлі өзгертті, евро бағамының долларға қатыста небәрі бір центке өсуі,Ресейдің сыртқы қарызын жүз миллион долларға арттырады. Ресейдің қаржылық билік саясаты 2002 жылмен қалуда. Елдің алтын валюта резервіндегі доллар үлесі 90-73% төмедеген, Қытайда активтерін еврода өсіріп жатқандығын мәлімдеді, өзінің қаржы резервтерін диверсификациялауда. Евроға деген ықылас артып, ал долларға қатысты ол төмендей береді.
Интеграцияның жоғарғы деңгейі – бір тұтас нарық болып табылады. Қазіргі кезде сапалы интеграциялық дамудың бұл кезеңі Европалық одақта жүзеге асырылған. Жеңіске жету үшін басқаруға жаңа көзқарастарды енгізу, ұлттық бастама шарттарын күшейту.ЕО құрылуы КО шегінде жүзеге асыруға болатын қазіргі таңда алты-жеті міндетті шарттардың орындалуын көздеуде. Бірақ КО мүше мемлекеттер араысында кеден төлемдерін тәртіпке келтіре отырып, үшінші елдерге қатысты, біртұтас сауда саясатын жасайды,БН өтудің алғышарттарын құрады. Бірақ БН құруға бұлар жеткіліксіз.
Келесі міндет – экономиканың жекелеген салалары мен секторларын дамытудың жалпы саясатын жасау.Оларды таңдауда, олардың интеграцияны одан әрі нығайтуда қаншалықты маңызды екендігінен, сәйкес шараларды қолданғаннан кейін әлеуметтік түбелістің қаншалықты болатындығын, нақты тұтынушының қажеттіліктерінде қаншалықты әсер ететіндігін ескеру қажет. ЕО-та БН-қа таңдаулы салалар ретінде ауыл шаруашылығы мен көлік салаларының анықталынуы кездейсоқ жағдай емес.
Келесі міндет – тауарлардың ешқандай кедергісіз қозғалуын толықтыратын, капитал, жұмысшы күші,қызмет және ақпараттардың еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау.
БН құрылуында шешімін табатын келесі міндеттерді де айқындау қажет: әлеуметтік және аймақтық дамуларға ықпал ететін жалпы қордың құрылуы, бұл тікелей тұтынушылардың мүдделері мен қажеттіліктеріне бағытталуды білдіреді. Интеграциялық үрдістердің артықшылықтарын нақты байқау мүмкіндіктерін беретін,жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыруды білдіреді. ЕО тұрғысынан бүгінгі күнгі көрінісінде, БН шегіндегі саясатты жүргізу, қолданыс тапқан құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, оған жататындар: заң болып табылатын регламенттер – мүше мемлекеттердің қолданысына міндетті болып табылады;
- мүше – мемлекеттерге бағытталған, директивтер онда орындалуы міндетті болып табылатын міндеттер анықталынады, мұнда әрбір мемлекетке, оларды атқару үшін әдістері мен формаларын таңдау еркі беріледі;
- бәсекелестік саясат облысында заңды немесе жеке тұлғаларға , топтағы мүше-мемлекеттерге белгілі бір әрекеттерді жасауды айқындайтын, міндетті сипаттағы шешім. Бәсекелестік облысындағы саясаттың бастама тезисіне сәйкес – интегралдың «қамтамасыз ету жүйесінде» өте маңызды бөлік, сондықтан шешім міндетті түрде болуы қажет;
- Міндетті күші жоқ, ұсыныстар мен қорытындылар. Негізінде БН құрылысы біртұтас экономикалық, құқықтық және ақпараттық кеңістіктің құрылуымен аяқталынуы тиіс және интеграциялық топтардың сапалы жаңа деңгейге- экономикалық одаққа (ЭО) өтуіне талпыныс беруі тиіс.
3.ЕО дамуының қазіргі кезеңі, одақтың кеңейуімен байланысты бірқатар мәселелермен сипатталынады. ЕО толық мүше болуда қазіргі кандидаттар, жақында ғана жоспарлы болып, қалыпты нарықты құруда үлкен жолды өтуіне тура келетін, өзгермелі экономикалы елдер категориясына жатады. Бұған дейін ешқашан елдердің экономикалық даму деңгейлері бойынша ЕО- мүше елдер мен қоғамдастыққа енуші кандидат-елдер арасындағы алшақтық мұнша үлкен болмаған. 90-жж. Ішінде ЕО мүшелер мен оған енуші кандидаттар арасында, интеграцияның әрқашан негізгі кедергілерінің бірі болған, даму көрсеткіштері бойынша «экономикалық дивергенция» процесі өткен.
Қазіргі кезде ЕО одаққа кіруге 11 мемлекетті ресми түрде кандидат деп таныды. Олардың 6-мен ЕО 1998 ж. Келіссөз процестерін бастаған.Бұл топқа (оның енуі одақтың кеңейуінің бесінші кезеңі б.т) Венгрия, Польша, Чехия, Славения, Эстония, сонымен қатар Кипр (грек) жатады. «Екінші кезектегі кандидаттарға (олармен 1998 ж. Ресми келіссөздер жүргізілмеген, бірақ жақын уақытта басталады) жататында Латвия, Литва, Славакия, Румыния, Болгария. ЕО нақты кеңейу мерізімдерін анықтау қазір қиын. Бірінші кезектегі кандидаттар үшін бұл 2003-2004 ж.ж., ал екіншілеріне 2006-2007ж.ж. Үшінші кезектегі кандидаттармен келіссөздер 2005 ж. Басталған.
Экономикалық даму деңгейі бойынша ЕО-тан кандидат елдердің қалып кетуі, олардың ұлттық шаруашылықтарының төменгі бәсекеге қабілеттілігініңкөрсетеді. Бұл өз кезегінде сауда саласында қомақты мәселелерді туындайды.ЕО сыртқы сауда тәртібіне кандидат елдердің толық енуі ұзақ мерізімді ауысу кезеңін талап етеді. Сонымен қатар, ЕО механизміне кандидат-елдердің толық интеграциялану ісіндегі үлкен қиындықтар сауда саласымен байланысты болмайды. Бұл бағытта «еуропалық келісімдер» орындалу барысында маңызды қадамдар жасалынды. ЕО мүше-елдері және кандидат-елдер арасындағы сауда әсіресе өнеркәсіптік өнімдер бойынша, түбегейлі либеризациядан өтті, кейбір «сезімтал» тауарлар бойынша келісімдермен, мысалы, қара металл және тоқыма беривемдары. Екінші этолонның кандидат- елдерінің өзі, өздерінің сыртқы сауда тәртіптерін ЕО талаптарына бірқатар бейімдеді.
Қазіргі қиыншылықтар қаржы саласына шоғырланған.Мәселелердің негізгі мәні мынада:интеграциялық топтың қызмет етуінің басынан-ақ ЕО механизімінің барлығы дамуы төмен елдер мен аудандарды дамыған деңгейге тарту, «экономикалық дивергацияның» жаңадан туындауына жол бермеу, не керісінше , «экономикалық конвергенцияны» қамтамасыз ету. Сондықтан, одақ бойынша бір тұрғынға ЖІО біршама көрсеткішіндегі ЕО барлық мүше-елдері ЕО нетто демеушілері б.т, яғни олар ЕО бюджетіне, одан алғаннан көрі, үлкен қаржылық қаражаттар қосады. Және де керісінше, бір тұрғынға ЖІО салыстырмалы төменгі көрсеткішіндегі елдер ЕО нетто-реципенттары б.т. Соңғыларына қазіргі кезде жататында Греция, Португалия, Испания, Ирландия, сондай-ақ шектеулі масштабта Финляндия, ал жақын болашақта реципент-елдер тобынан шығуы мүмкін.
Барлық 11 кандидат-елдер ЕО бойынша ЖІӨ бір тұрғынға орташа мөлшерінен артта қалады. Ендеше, ЕО бюджетінің қазіргі құрылуы және таратылуы тәртібінде, олар оның қорынан үлкендеген субсидияларға үміткер бола алады.(тек аграрлық қордың өзінен, бірінші кезектегі кандидаттар жылына 90 млрд.ЭКЮ). Мұндай субсидиялардың берілуі егер оның құрылуы мен қолданылуы тәртібі маңызды түрде өзгертілмесе, онда ЕО бюджетін «ойсыратады». Бірақ мұндай ЕО бюджет саласындағы терең реформалар көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға кезігеді.
ЕО қазіргі еңбек нарығы жағыдайымен байланысты үлкен қиындықтар бар.ЕО мүше-елдерінің көбінде өздігімен қызметтегі тұрғындардың жұмыссыздарының үлесі, тіпті төмендетілген ресми деректер бойынша, 10-12%құрайды, бұл өз кезегінде мысалы, жұмыссыздық бойынша сақтандыруқорын қаржыландыруда үлкен мәселелер тудырады. ЕО жұмыссыздардың жалпы саны, ресми деректер бойынша 18 млн.2 құрайды.
Кандидат-елдер салыстырмалы төменгі төлемдегі (мұндағы нақты орташа жалақы ЕО салыстырмалы 10-20 есе төмен) және де жеткілікті маманданған жұмыс күшінің үлкен резервіне ие, олар ЕО еңбек нарығына өз әсерін тигізеді.Сондықтан, бұл нарық «еуропалық келісім» бойынша либерализацияға жүруші салаға жатпайды, келісім бойынша ЕО қатысушы-елдердің әрқайсысымен ЕО нарығына олардың жұмыс күшінің жіберілуінің келісім-шартты квотасын қарастырады.
Жарияланған-2016-01-12 17:32:36 Қаралды-46999
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина