UF

Тақырып: Экономикалық теория

 

1. Экономикалық теорияның зерттеу әдiстерi.

 

Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебi, адамдар өмiр сүру үшiн алдымен материалдық, рухани игiлiктер өндiруi қажет. Басқаша айтқанда өмiрге қажеттi азық-түлiк, киiм, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндiрiлуi керек. Осыған орай не өндiру, қалай өндiру, кiмдер үшiн өндiру деген сұрақтар адам баласының әрбiр жеткiншек буындарының алдында тұрған көкейтестi мiндет. Бұл мiндеттен ешбiр қоғам құтыла алмайды. Өмiр сүру үшiн тұтыну қажет. Тұтыну қалай тоқтатылмаса, өндiрiс те солай тоқтамауы қажет. Сайып келгенде өндiрiс қоғамдық өндiрiс болып саналады. Себебi, жеке өнiм өндiрушiлер өздерiнiңқажетiн өтеп қана қоймайды, сонымен қатар қоғам мүшелерi үшiн де қызмет атқарады.

Қоғамның өндiргiш күштерi даму барысында алдымен адамдардың еңбекке қабiлеттерi өсуiне байланысты алғашқы қауымның өзiнде қосымша өнiм пайда болуына сәйкес тайпалар арасында тiкелей өнiм айырбасы, кейiннен ақша арқылы айырбас жүргiзiлiп экономикада тауар-ақша немесе нарық қатынасы пайда болды. Бұл нарықтық, тауар-ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5-7 мың жыл бұрын болғаны белгiлi. Мысалы, экономика жөнiнде алғашқы ғылыми мәлiметтер ерте заманғы Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерiнде кездесдi. Бiздiң дәуiрден бұрын 995-935 ж.ж. өмiр сүрген Ксенофонт «Экономикс» (грек тiлiнде «шаруашылық туралы заң» деген ұғым бередi) атты еңбегiнде сол заманғы құл иеленушi үй шаруашылығын басқару жөнiнде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуiрде көпшiлiк елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзi «Ойкономия» - «шаруашылық және басқару» сөзiнен алынып, француз экономистi Антуан Монкретьеннiң «Политэкономия трактаты» деген еңбегi арқылы бекiдi. Сонымен ХVII ғасырдан қазiргi уақытқа шейiн «политэкономия» деген ғылым қалыптасты.

Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы ролi ерекше. Экономикалық теорияның ғылым ретiнде қалыптасуы мен оның даму кезеңдерi тарихи бiрнеше бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, меркантелизм, физиократия, классикалық саяси экономия, марксизм, маржинализм. Экономикалық ой-пiкiрлердiң қазiргi кезеңдегi негiзгi бағыттарына тоқталсақ, олар: неоклассикалық, кейнстiк, институционалды-социологиялық.

Қазiргi экономикалық теория пәнiнiң негiзгi мақсаты – болашақ мамандарды қоғам өмiрiндегi экономикалық проблемалармен терең таныстырып, егемендi мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын құру мен оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiлiгiн дамыту.

Экономикалық теория болып нарықтық шаруашылықты талдау табылады. Экономикалық теория экономикалық ресурстарды зерттемейдi, керiсiнше, ол адамның экономикалық iс-әрекеттерiн зерттейдi. Сондықтан да, экономикалық теория техникалық емес, гуманитарлық ғылым болып табылады.

Экономикалық теория шаруашылықты тиiмдi жүргiзу заңдары мен шаруашылық жүргiзушi тұлғалардың әртүрлi деңгейлерi мен әрқилы тарихи кезеңдердегi әрекеттерiн ұғымдар мен категориялар жүйесi арқылы зерттейдi.

Осылайша, экономикалық теория бiрiншiден, экономикалық заңдарды айқындайды. Екiншiден, ол әртүрлi шаруашылық деңгейлерiндегi экономикалық категорияларды зерттейдi.

Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әртүрлi формалары мен әдiстерiн (ғылыми абстракция, логикалық, позитивтi және нормативтi, экономикалық эксперименттеу, экономикалық-математикалықмоделдеу), функцияларды (танымдық, критикалық жағдай, болжамдық, прагматикалық) қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмiрдi зерттеу әдiстерiнен тұратын ғылыми-методологияны құрайды.

Экономикалық теория негiзiнде экономикалық саясат анықталады. Оның мәселесi – экономикалық мәселелердiң шешiлуi механизмдерi мен варианттарын табу.

Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа сатыға көтеретiндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.

Ғылыми абстракция әдiсiнiң мәнi талдау барысында барлық кездейсоқ жағдайларды елемейтiн және зерттелiп отырған объектiдегi үнемi кездесетiн тұрақты және мәндi құбылыстарды айқындауда жатыр.

Логикалық әдiстер негiзiнен ой-пiкiрлердiң түрленуiне негiзделген әдiстер.

Позитивтi талдау әдiсi экономикалық құбылыстардың өзара байланыстарын ешбiр бағалаусыз, талдаусыз, қандай кұйiнде болса сол қалпында зерттеуге негiзделген. Ал, нормативтi талдау әдiсiнде бағалау, талдау жүргiзiледi.

Экономикалық эксперименттеу әдiсi теориялық көзқарастардың, жоба мен гипотезалардың оңды және терiс жақтарын айқындауға көмектеседi.

Экономикалық-математикалық моделдеу әдiсi экономикалық құбылыстар мен заңдылықтардың өзгеру себептерiн және олардың салдарын зерттеуге және оларды болжауға негiзделген.

Әрбiр елдiң экономикалық жүйесi бар. Бұл жүйе бiр-бiрiне тәуелдi әртүрлi компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игiлiктер мен қызметтердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесi. Экономикалық жүйе көп факторлы болып келедi.

Қазiргi заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесiнiң нәтижесiнде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердiң болуымен сипатталады. Оларды қандай да бiр критерий негiзiнде топтастырып, жiктеуге болады.

 

2. Қоғамдық өндiрiс - қоғам дамуының негiзi. Өндiрiс теориясы.

 

Адам мен қоғам өмiрiнiң негiзiнде шаруашылық қызмет, өндiрiс жатыр.

Өндiрiс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi және де адамдардың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған мақсатты iс-әрекеттерi. Ал, өндiрiс нәтижесi болып адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын материалдық және материалдық емес игiлiктер табылады.

Өндiрiс процесiнiң заңдылықтарын жақсы түсiну, ұғыну үшiн қажеттiлiк, игiлiк және өндiрiс факторлары категорияларын толығырақ зерттеп, танысуымыз қажет.

Қажеттiлiк – бұл адамның жоюға тырысатын (немесе ұмтылатын) қанағатсыздық немесе мұқтаждық жағдайы. Мiне, дәл осы қанағаттанбағандық сезiм адамды белгiлi бiр iс-әрекеттерге талпындырады, итермелейдi.Қажеттiлiктердiң түрлерi әртүрлi болуы мүмкiн. Көптеген экономист - ғалымдар оларды «реттестiруге» тырысып баққан. Мысалға, Альфред Маршалл қажеттiлiктi – абсолюттi және салыстырмалы, жоғары және төменгi, тiкелей және жанама, сол мезеттегi және келешектегi деп бөлген.

Негiзiнен, қажеттiлiктердi жiктеу шартты түрдегi құбылыс және де ол әрбiр адамның жекедара көзқарасына байланысты. Өйткенi, бiреулерге кiтап оқу алғашқы қажеттiлiк болса, екiншiлерi үшiн-керiсiнше болады.

Адам қажеттiлiгi адамзат цивилизациясының дамуымен қатар үздiксiз өзгеруде.

Игiлiктер деп қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Игiлiктер өндiрiсi, бiрiншiден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын; екiншiден, өз шаруашылық қызметтерi барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Өзара қарым-қатынастың бiрiншi типiн өндiргiш күштер деп, ал екiншiсiн – экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.

Экономикалық ғылымда қоғамдық өндiрiс факторларының келесiдей түрлерi кездеседi: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк.

Маркстiк теорияда өндiрiс факторлары өзгеше сипатталады: заттық факторлар (өндiрiс құралдары) мен жеке фактор (жұмыс күшi). Марксизм үшiн бұлайша бөлу аса маңызды, өйткенi, ол барлық заттық факторлар қосымша құн (пайда) өндiрмейтiндiгiн, ал тек жеке фактор – жұмыс күшiнiң құн, қосымша құн өндiретiнiн көрсетедi.

Өндiрiстiң дамуының әрбiр жаңа кезеңiнде оларсыз өндiрiс жемiстi түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазiргi заманғы өндiрiстi, мысалы, кәсiпкерлiк, ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседi. Алайда жүйенiң негiзiн құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Қоғамдық өндiрiстiң қазiргi заманғы құрылымы материалдық және материалдық емес өндiрiс болып екiге бөлiнедi. Қоғамдық өндiрiстiң нәтижесiнде қоғамдық өнiм экономикалық айналымға (қозғалысқа) түседi: өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну.

Қоғамдық өндiрiстiң нәтижесiне ғылыми-техникалық революцияның ықпалы өте зор. Ол өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырады, өндiрiстiң экономикалық дамуына технологиялық көзқарасты алмастыру принципi негiзiнде өндiрiс факторларын өзара үйлестiрудi жүзеге асырады.

 

3. Меншiк және экономикалық жүйелердi ұйымдастыру үлгiлерi.

Қоғам өмiрiнде меншiкке байланысты қатынастар әрқашан да маңызды роль атқарған. «Меншiк» белгiлi бiр затты жеке мүлiк ретiнде адамның иеленуiнен шыққан ұғым. Ол қоғамдық негiзгi бастауларға жатады. Сондықтан да, кез келген үкiмет меншiк туралы заңдар шығарады.

Меншiк құқықтық мағынасында мүлiктiк қатынастарды бiлдiредi. Меншiк иесiне заңмен алдын-ала белгiленген мүлiк қана тән.

Меншiк категориясының экономикадағы орны мен ролiн, мәнiн түсiну үшiн материалдық игiлiктердi өндiруге мүмкiндiк беретiн өндiрiс тәсiлдерiне жалпылама сипаттама беру қажет. Өндiрiс тәсiлiнде екiжақты зерттеу жүргiзiледi. Атап айтқанда,

1)    Өндiргiш күштер. Ол материалдық игiлiктердi өндiруде қолданылатын адам күшi мен өндiрiс құралдарын қамтиды.

2)    Өндiрiстiк қатынастар. Бұл өндiрiс процесi кезiндегi адамдар арасында туындайтын байланыстар.

Экономикалық қатынастардың iшiнде шешушi рөлдi меншiк қатынасы алады.

Меншiк – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншiк ретiнде кез келген тұлғаның затты (объектiнi) пайдалануына байланысты құқығы көрiнедi. Меншiк объектiлерi болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектiлерi ретiнде мемлекет, ұжым, жеке тұлға мен заңды тұлғалар болады.

Экономикалық мағынасында меншiк бүкiл шаруашылық процесiн қамтып, пайдалы игiлiктер мен қызметтердi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын бiлдiредi. Басқаша айтсақ, меншiк – бұл адамдар арасындағы өндiрiс факторлары мен нәтижелерiн иемденуге байланысты объективтi қатынастар жұйесi. Иемдену – әрбiр қоғамдық өндiрiс әдiсiнiң негiзi болып табылады.

«Меншiк» пен «иемдену» тұсiнiктерiн теңестiруге болмайды. Өйткенi, «меншiк» - анағұрлым абстракциялы, ал «иемдену» нақты ұғым. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдiсi.

Меншiк – бұл адамдардың тек затқа ғана қатынасы емес, сонымен қатар адамдардың арасындағы заттарды иелену бойынша қатынастары. Бiрақ та, меншiктiң экономикалық мәнiн ашу үшiн материалдық игiлiктiң бiреуге тиесiлi болғандығы жеткiлiксiз. Мәнiн ашу үшiн қоғамдағы барлық өндiрiстiк қатынастардың жиынтығын талдау керек.

Меншiк пен иемденудiң iшкi заңдары бар. Олар екеу. Бiрiншiсi – өз еңбегiнiң өнiмiн иемдену, меншiктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек – бастапқы иемдену әдiсi. Бұл заңдар жай тауарлы өндiрiске дейiнгi кезеңдерге тән.

Еңбектiң жеке меншiктiң капиталистiк болып өзгеруi бiрiншi меншiк заңының екiншiсiне – бөтен бiреудiң еңбегiнiң өнiмiн меншiктеу заңына ауысуының негiзiнде жүредi. Оған ендi, басқаның еңбегiн иемдену заңы сәйкес келедi.

Меншiк қатынастарын дамытудың бiрден-бiр жолы болып жекешелендiру табылады. Оның нарық қатынастарын қалыптастырудағы рөлi өте үлкен. Қазiргi таңда нарықтық экономикаға өтудiң маңызды шарттары болып мемлекет иелiгiнен алу және мнонополия күшiн әлсiрету табылады. Осы бағытта көптеген әдiстер қолданылады, саясат қалыптасқан, арнайы ережелер бекiтiлген.

Экономикалық жүйенiң пайда болуында меншiк қатынасы ерекше орын алады.

Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игiлiктер мен қызметтердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесi. Қазiргi таңда экономикалық жүйенi анықтаудың келесiдей бағыттары бар: құрылымдық-басқарушылық (Нойбергер, Даффи), технологиялық; уәждемелiк, яғни мотивациялық - Бекингей, Ландауэр; институционалды – социологиялық (Гросман, С. Кузнец).

Экономикалық жүйе – бұл өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың өзара бiрлiгi.

 

4. Тауарлы өндiрiс және оның түрлерi. Ақша және оның қызметтерi.

 

Егер адамдардың экономикалық әрекетiне ретроспективада қарайтын болсақ, онда шаруашылық жүргiзу формаларының қалай өзгеретiнiн байқауға болады.

Өндiрiстi экономикалық ұйымдастырудың тарихи типi 2 түрлi болып келедi:

1)      натуралды өндiрiс;

2)      тауарлы өндiрiс.

Натуралды өндiрiстiң (шаруашылықтың) байлығының негiзгi түрi болып белгiлi бiр тұтыну құны бар натуралдық өнiм, яғни материалдық игiлiк, табылады.

Натуралды өндiрiс әмбебап қол еңбегi негiзделген, анағұрлым таза түрiнде қоғамдық еңбек бөлiнiсiнен хабары жоқ және өнiмдерiн өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өнiм жеке тұтыну мақсатында өндiрiлдi. Өндiргiш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды. Мұнда «не өндiру керек?», «қалай өндiру керек?» және «кiм үшiн өндiру керек?» деген мәселелер оңай шешiлдi. Ал, тауарлы өндiрiс натуралдыққа қарағанда анағұрлым күрделi және дамыған болып келедi.

Тауарлы өндiрiс деп пайдалы өнiмдер нарықта сатылуы үшiн өндiрiлiп, ал өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегiмен жүзеге асырылатын шаруашылықты ұйымдастырудың типiн айтамыз. Осыған сәйкес экономикалық ұйымдастырудың негiзгi мәселесi (ненi? қалай? және кiм үшiн?) нарық талабына сай шешiледi.

Тауарлы өндiрiстiң пайда болуының қажеттi шарты – нақты бiр өнiм шығаруға өндiрушiлердiң мамандануын бiлдiретiн қоғамдық еңбек бөлiнiсi. Тауарлы өндiрiстiң пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың (б.э.д. 7-8 мыңжылдық) ыдырауымен сәйкес келедi. Оның даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты. Әрбiр нарықтың үлгiсiне (реттелген, еркiн, т.с.с.) тауарлы өндiрiстiң ерекше моделi сәйкес келедi (жай тауар өндiрiсi, нарықтықэкономика, реттелетiн және деформацияланған нарықтық тауарлы өндiрiс).

Тауарлы өндiрiстiң екi трi болады: жай тауар өндiрiсi және капиталистiк тауар өндiрiсi.

Тауарлы өндiрiстiң бастапқы нүктесi, шешушi категориясы, оның «экономикалық клеткасы» болып тауар табылады. Сондықтан да, тауарлы өндiрiстi зерттеу тауарды зерттеуден басталады.

Тауардың 2 қасиетi бар, ол – тұтыну құны мен өлшемдiк құны. Өйткенi, оған сiңген еңбек те екi түрлi: жеке (пайданы) және қоғамдық (жалпы адамдық).

Барлық нарық өнiмдерiнде бiрдей және ортақ болатын не? Ол – құн.

Құн – бұл тауардың табиғи қасиетi емес, ол қоғамдық қасиет. Құн – адамдар арасында бiрлесiп еңбек етудiң салдарынан және нарықта еңбек өнiмдерiнiң айырбасталуы кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастардың көрiнiсi.

Құнның келесiдей тарихи даму формалары бар: жай немесе кездейсоқ формасы, толық немесе кең көлемдегi, жалпыламалы (эквиваленттiлiк) және ақшалай формасы.

Құнның мөлшерi ақшалай көрiнiс табады. Ақша ежелгi заманда пайда болған. Ол тауарлы өндiрiстiң дамуының бiрден-бiр шарты болып табылады.

Ақша – өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасында белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн экономикалық категория және де абсолюттi икемдi айырбас құралы болып табылады.

Ақшаның атқаратын келесiдей қызметтерi болады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау (немесе қорлану) және дүниежүзiлiк ақша қызметтерi.

Тауарлы өндiрiстiң негiзгi экономикалық заңы болып құн заңы табылады.

Құн заңы  - бұл тауар өндiрiсiнiң дамуын басқаратын баға заңы. Оның негiзгi атқаратын функциялары мынадай: тауар өндiрiсiн реттеу, еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыру, тауар өндiрушiлердi дифференциалдау.

Қазiргi таңда қағаз ақшаларға қарағанда несиелiк ақшалар көптеп қолданылады. Өйткенi, олар өте икемдi әрi тиiмдi.

Ақшаның ролi әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Құн формасының ақшалай түрге көшуiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Әр түрлi халықтарда ақша ретiнде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылған. Олардың құны тұрақты деп есептелген. Олар мал, қолөнер бұйымдары, маталар, терi, жүн, қару-жарақтар және т.б. болған.

Ақшаның пайда болуының зерттелуiнде екi көзқарас бар: субъективтi және объективтi.

Субъективтi көзқарас кезiнде ақша адамдар арасындағы сапалы, тиiмдi келiсiмнiң нәтижесiнде пайда болады деп есептеледi. Ал, объективтi көзқарас кезiнде ақшаның жалпы эквивалент ролi бекiтiлген, көптеген тауарлардың iшiнен бөлiнiп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының  дамуының нәтижесi екендiгi айқындалады.

Осы теорияларға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты болады.

 

5. Капитал теориясы. Капиталдың мәнi, түрлерi және қорлануы.

Бүгiнде Қазақстанда болып жатқан өтпелi кезең капиталдың алғашқы қорлануымен теңестiрiледi. Алайда, осы процесстердiң арасында толық сәйкестiк жоқ, сондықтан да ұқсастық шартты түрдегi құбылыс. Капиталдың алғашқы қорлануы түсiнiгi ең бiрiншi А. Смит еңбегiнде кездескен, кейiннен К. Маркстiң «Капиталында» зерттелген.

Оның алғашқы мағынасы феодализмнен капитализмге өтудiң материалдық жағдайларын дайындауда болады және де былай айтылады:

1)    тiкелей өндiрушiлердiң  (ең алдымен шаруалардың) өндiрiс құрал-жабдықтарынан (жерден) ажырауы және олардың жалдамалы  жұмысшыларға айналуы;

2)    қоғамдық құралдар мен ақша капиталдарының буржуазия қолдарына көшуi.

Әрбiр экономикалық мектептерде капитал әртүрлi түсiндiрiледi. Бiрақ ең басты бағыттары төмендегiлер болып табылады:

-         заттық немесе натуралдық концепция;

-         ақшалай немесе монетарлық концепция;

-         «адам капиталы» теориясы.

Натуралдық концепция тұрғысынан капитал – өндiрiс құрал-жабдықтары немесе сатуға арналған дайын тауарлар. А. Смит капиталды заттардың қорланған запасы ретiнде, ол Д. Рикардо – өндiрiс құрал-жабдықтары ретiнде түсiндiредi. А. Маршалл теориясында – ол өндiрiс алғышарттарын жинайтын заттар. Монетарлық теория тұрғысынан, капитал-пайыз әкелетiн ақша немесе оның ауыстырушысы – несиелiк ақша.

«Адам капиталы» теориясы ХХ ғ. 60-шы жылдары ҢТР жағдайында адам факторының рөлiнiң артуымен байланысты пайда болды.

Капиталдың жүйелi түсiндiрмесiн К. Маркс жасаған. Ол бiр жағынан капиталдың мәнiн, екiншi жағынан – оның пайда болуының нақты формаларын зерттейдi:

-         өндiрiс құрал-жабдықтары тұрақты капитал ретiнде көрiнедi;

-         жұмысшы күшi – айнымалы капитал ретiнде;

-         ақша – ақша капиталы ретiнде;

-         тауар – тауар капиталы ретiнде.

Капитализмде жұмысшы күшi тек өз құнына тең құн ғана шығармайды, сонымен қатар өз құнынан артық құн немесе қосымша құн өндiредi.

Капитализм тұсында жұмыс күнi 2 бөлiктен тұрады: қажеттi және қосымша уақыт. Қажеттi уақытта жұмысшы өзiнiң жұмыс күнi құнының мөлшерiне тең құн жасайды. Ал, қосымша уақыт iшiнде жұмысшы капиталистке тегiн еңбек етiп, қосымша құн өндiредi. Жұмысшының бiр кұн iшiнде жұмсайтын еңбегi -қажеттi және қосымша еңбек болып бөлiнедi.

Сонымен, қосымша құн дегенiмiз – жалдамалы жұмысшының төленбей қалған еңбегi, капиталисттiң тегiн иемденген құны және де өндiрiсте өздiгiнен өсетiн құн.

Капитал – жалдамалы еңбектi қанау арқылы қосымша құн әкелетiн құн. Капитал қосымша құн өндiру сипатына байланысты екi түрге бөлiнедi: тұрақты және өзгермелi капитал (немесе айнымалы).

Қосымша құн өндiру әдiстерi үшке бөлiнедi: абсолюттiк, салыстырмалы және артық қосымша құн. Жалдамалы еңбектi қанау дәрежесiн көрсететiн шама, ол - қосымша құн нормасы. Ол қосымша құн мөлшерiн өзгермелi капиталға пайыз арқылы бейнелеу арқылы анықталады.

Қоғамдық ұдайы өндiрiс, негiзiнен, капиталдың ауыспалы айналымынан басталады.

Капиталдың ауыспалы айналымы дегенiмiз өндiрiс факторлары құнының нәтижесiнде оның үш сатыдан өтетiн және өндiрiстiк, ақшалай және тауар формаларын қабылдайтын өндiрiстiк және айналым сфералары  арқылы қозғалысы.

Өндiрiстiк капитал – бұл тұйық ұдайы өндiрiстiк циклде қызмет ететiн құндық формада көрсетiлген өндiрiс факторлары.

Пайдаланатын өндiрiстiк капитал құнының жасалған тауар құнына өту әдiсiне байланысты ол екi топқа: негiзгi және айнымалы капиталға бөлiнедi.

Негiзгi капитал – өндiргiш капиталдың бiр бөлiгi және де ол ¶Ұнын өндiрген өнiмге тозу дәрежесiне сай бiртiндеп сiңiредi. Оған ғимараттар, құрал-жабдықтар, машина және т.б. жатады.

Айнымалы капитал толық пайдалнылады және де құнын бiр өндiрiстiк циклда бередi. Оған шикiзат, ресурстар, отын, жұмысшы күшi құны жатады.

 

6. Нарықты экономиканы ұйымдастыру, оның мазмұны мен құрылымы.

Нарық, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жиi теңестiрiледi. Сонымен қатар олар қатаң себеп-салдарлы жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әртүрлi тарихи сатыны бiлдiредi.

Нарықтың қалыптасуы еңбектi қоғамдық бөлудiң пайда болуымен тiкелей байланысты. Еңбектi бөлудiң кұшейуi, оның дифференциалдануы(бөлiнуi) мен  мамандануы тек қана қоғамдық өндiрiстiң өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң артуына алып келген жоқ, сонымен қатар  осы еңбектiң өнiмдерiн мiндеттi түрде айырбастауға да әкеледi. Мұндай айырбас бiрте-бiрте кұшейе түсiп, қазiргi таңдағы нарыққа дейiн жетiлдiрiлдi. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түстi.

Нарық көпжақты, оны әртүрлi жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп.

Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндiрушi мен тұтынушының өзара әрекетiнiң сферасы ретiнде қарастырылады.

Экономикалық ұйымдастыру көзқарасы бойынша нарықты экономиканың iс-әрекет етуiнiң қоғамдық формасы деп атайды.

Нарыққа қатысушы тұлғалардың позициялары бойынша нарық шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыстың формасы болып табылады.

Қорыта айтқанда, нарық - бұл ұдайы өндiрiстiң барлық буынында, өндiру, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесi. Қысқаша айтқанда, нарық дегенiмiз сұраныс пен ұсыныс негiзiнде сату-сатып алу процесi жүретiн ресми орталық.

Кез келген нарық, оның нақтылы түрiне қарамастан, үш негiзгi элементке негiзделiп құрылады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе-теңдiктi дәл осы элементтер айқындайды.

Нарықтың белгiлi бiр құрылымы болады.

Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерiнiң iшкi құрылысы. Ол өзiне тән әртүрлi белгiлерi бойынша жiктеледi. Олардың маңыздылары келесiдей:

1.     Экономикалық белгiленуi бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы, өндiрiс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестиция нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлiнедi.

2.     Географиялық орны бойынша жергiлiктi, ұлттық, аймақтық, әлемдiк нарықтар болып бөлiнедi.

3.     Бәсекенi шектеу дәрежесi бойынша: монополиялық, олигополиялық, еркiн, аралас деп аталады.

4.     Сату сипаты бойынша бөлшек және көтерме деп бөлiнедi.

Қазiргi кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекшi салалар мен ұйымдарсыз мұмкiн емес.

Нарық инфрақұрылымы дегенiмiз нарықтық қатынастардың қызмет етуiн табысты қамтамасыз ететiн мекемелер, мемлекеттiк және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Барлық нарықтардың олардың формаларының, көлемдерiнiң көптұрлiлiгiне қарамастан экономикалы қызметтi ұйымдастырудың басқа да типтерiнен ажырататын 5 белгiсi бар. Олар мыналар:

1.    Нағыз нарық оған еркiн кiрудi және одан еркiн шығуды көздейдi. Сондықтан да, нарыққа қатысушылардың саны еш уақытта да шектелмейдi.

2.    Нарыққа қатысушы тауар өндiрушiлердiң елеулi санының әрқайсысының белгiлеген бағаларының жалпы нарықтық бағаға әсерiнiң төмендiгiнен, кез келген тауар өндiрушi нарықта тұтынушыға өзiнiң бағасын ерiксiз жүктеуүшiн нарыққа сонша тауар шығара алмайды.

3.    Нарықта материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары емiн-еркiн қозғалады.

4.    Нарық, оған қатысушылардың барлығына бiрдей мүмкiндiктер беруi қажет.

5.    Еркiн нарықта белгiлi бiр сатушылар тобы үшiн артықшылықтар көзделмейдi.

 

7. Жетiлген бәсеке жағдайындағы нарықтың қызмет ету механизмi.

Нарықтық экономиканың негiзгi ерекшелiгi болып еркiн таңдау:  өндiрушi үшiн өндiрiлетiн өнiмдi таңдау еркi, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркi айтылады. Бiрақ еркiн таңдау экономикалықтабысты өзiнен-өзi қамтамасыз ете алмайды. Ал, оны бәсекелестiк күресте ғана жеңiп алады.

Жетiлген бәсеке нарығы алыптасуы үшiн нарықтың өзiне тән бес белгiсi орындалуы қажет.

Бәсеке (латынның «concurred» - «қақтығысу» сөзiнен шыққан) – бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндiрiстегi ең жасы жағдайлары үшiн бақталастық.

Бәсеке – нарықтық қатынастардың  негiзгi категориясы, әр түрлi формада болады және әр түрлi тауармен iске асырылады. Ол сала iшiндегi (бiртектес тауарлар арасында) және салааралық (әр түрлi салалар тауарлары арасында) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.

Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтердi бәсекелестiң бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негiзделген. Бағаны төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкiн болады. Оны тек iрi формалар ғана iстей алады.

Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететiн тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенiмдiлiгiмен сатуға негiзделген.

Негiзiнен, жеке фирмалардың өнiм бағасына әсер етуi неғұрлым аз болса, соғұрлым нарық бәсекелiк деп саналады. Олай болса, жетiлген бәсеке (еркiн бәсеке нарығы) дегенiмiз нарықта бiр-бiрiне тәуелсiз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететiн және тең мүмкiндiктерi мен құқықтары бар бәсекенiң идеалды бейнесiн айтады.

Жетiлген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады.

Жетiлген бәсеке жағдайындағы тепе-теңдiк сұраныс пен ұсыныстың теңесуi арқылы жүзеге асады.

Сұраныс – экономикалық категория болып табылады. Сұраныс тауардың бағасы мен оның көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Ол нарықтық бағаның құрылу процесiне әсер ететiн жақтардың бiрi.

Сұраныс деп белгiлi бiр уақыт аралығында тиiмдi бағаға сатылып алынуы тиiс тауардың мөлшерi де аталады. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етедi, олардың негiзгiсi болып баға табылады. Баға мен сұраныс шамасының арасында керi байланыс бар: бағаның көтерiлуi сұранысты түсiредi және керiсiнше. Бұл керi байланыс сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелдiлiктi графикте сұраныс қисығы түрiнде көрсетуге болады.

Сұраныс көлемi – бұл сұранысқа әсер ететiн басқа факторлар (талғам, қалау, табыс және т.б.) тұрақты деп ұйғарғандағы әртүрлi бағамен сатып алынатын тауар санының мөлшерi. Сұраныс көлемiнiң өзгеруi деп бағаның өзгеруiне байланысты сатып алу көлемiнiң өзгеруiн, яғни қисық бойымен қозғалуды айтамыз. Бұл өзгерiстердi икемдiлiк коэффициентi арқылы кескiндеуге болады.

Сұраныс икемдiлiгiнiң үш түрi болады: бағалық, табыстық және қиылысқан.

Ұсыныс – бұл өндiрушiлердiң сату үшiн нарықта ұсынатын тауарларының мөлшерi. Баға неғұрлым жоғары болса, өндiрушiлер нарыққа өнiмнiң көлемiн соғұрлым көп әкелгiсi келедi және керiсiнше.

Ұсыныс заңы деп баға мен ұсынылып отырған өнiмнiң мөлшерiнiң арасындағы тура тәуелдiлiктi айтамыз. Бұл тәуелдiлiк графикалық тұрде ұсыныс қисығы түрiнде бейнеленедi. Ол сұраныс қисығына қарағанда солдан жоғарылап оңға көтерiледi.

Ұсынысқа көптеген факторлар әсер етедi. Соның iшiндегi ең негiзгiсi – өндiрiс шығындары мен уақыт факторы.

Ұсыныс икемдiлiгi – бұл нарыққа ұсынылатын тауар мөлшерiнiң бәсекелестiк бағаның салыстырмалы өзгерiсiне сәйкес салыстырмалы түрдегi көлем өзгерiсiн көрсететiн көрсеткiш. Ұсыныс икемдiлiгiнiң түрлерi келесiдей болады: бағалық, табыстық және қиылысқан.

Сұраныс пен ұсыныс көлемдерiнiң қисықтарының қиылысу нүктесi нарықтық тепе-теңдiк жағдайды көрсетедi. Бұған сай келетiн баға – нарықтық баға, ал көлем – тепе-теңдiк көлемi деп аталады.

 

8. Жетiлмеген бәсеке жағдайындағы нарықтың қызмет ету механизмi.

 

Жетiлмеген бәсеке деп еркiн бәсекенiң шарттарының кем дегенде бiреуi орындалмайтын нарықты атайды.

Жетiлмеген бәсекеге негiзделген нарықтардың төрт түрi бар. Олар: монополиялқ нарық, дуополиялқ нарық, олигополиялық нарық және таза монополиялық нарық.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап ҢТП-тiң әсерiнен өндiрiстi шоғырландыру жүрдi, ол iрi және аса iрi кәсiпорындардың, яғни монополияның құрылуына әкелiп соқты.

Монополияның пайда болуы – бұл өндiрiстiң шоғырлануымен және жоғары мөлшерде пайда табуға кәсiпкерлердiң ұмтылуымен, ҢТР және бәсекелестiк ақылы жаңа нарықтарды жаулап алумен байланысты тарихи экономикалық процесс. Оның қалыптасуы өндiрiстiң жалпылану процесiмен сай келедi.

«Монополия» сөзi гректiң екi сөзiнен құралады: «moons» - «жалғыз» және «polis» - «сатамын». Ол жеке өндiрушi тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстемдiк жүргiзген кезде пайда болады. Монополия жетiлмеген бәсеке нарығында iс-әрекет етедi. Мұнда нарықтың түрiнде тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополист өнiмiн пайдалануға және оның тағайындаған бағасын – төмен болса да, жоғары болса да - қабылдауға мәжбүр болады.

Жетiлмеген бәсеке нарығын зерттеуге үлкен үлестерiн қосқан ғалымдар өте көп. Мысалы, А. Курно, Э. Чемберлин, Джоан Робинсон, Дж. Хикс және т.б. Олар монополист берiлген тауарды өндiрушi жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығының бiр мезгiлде нарықты сұраныс қисығына тең болатындығын дәлелдеген.

Монополия бiрнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және де оның мынадай ұйымдық формалары болады: картель, синдикат, трест, концерн, конгломерант.

Монополияның экономикадағы ролi екi жақты болып келедi. Оның жақсы жағы – монополиялық компаниялардың өнiмдерi жоғары сапасымен ерекшеленедi, ал iрi масштабы өндiрiс шығындарды азайту мен ресурстардыүнемдеуге мүмкiндiк бередi.

Оның терiс (жаман) жағы – монополия нарықта үстемдiк етедi және монопольды жоғары баға қоюдың арқасында жоғары пайда алады, өнiмдi шектейдi. Оған қоса, бәсекелестiк жоқ жағдайда монополия техникалық прогресс есебiнен тиiмдiлiктi жоғарлату ынтасын жоғалтады.

Осыны ескере отырып, мемлекет бәсекенi қолдай отырып, монополизмге қарсы iс-шаралар жүргiзедi, заңдар  шығарады. Бұл үшiн маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданылады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдiктi мемлекеттiк қолдау құралы болып табылатын заңдар пакетi қабылданады. Ең алғашқы антимонополиялық заң 1880 ж. А¬Ш-та қабылданды. Ал, Қазақстанда 1996 жылы қабылданып, оны жүзеге асыратын әрi бақылайтын комитет құрылды.

Нарықты монополиялауға қарсы және оны шектейтiн заңдармен қатар, керiсiнше, монополияны  қорғайтын шаралар да кездеседi. Олар – экономикалық және құқықтық шектеулер. Оларды монополиялық нарыққа ену тосқауылдары деп атайды. Бұл тосқауылдар стратегиялық мемлекеттiк маңызы бар салалар (обьектiлер) үшiн, авторлық жеке құқықтарды қорғау үшiн қолданылады.

Нарықты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты монополияның келесiдей түрлерi болады: жабық монополия, ашық монополия және табиғи монополия.

Жабық монополия бәсекелестiктен заңды шектеулер арқылы қорғалады. Ал, ашық монополия бәсекелестiктен ешқандай да арнайы қорғаусыз нарықта жалғыз тауар өндiрушiнiң пайда болуын көздейдi. Табиғи монополия болса, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi өндiру бiр фирма үшiн басқа  бiрнеше фирмаларға қарағанда арзанға түсетiн жағдайда туындайды.

Кейде, нарықта тек бiр ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады, яғни жалғыз сатып аламын дегендi бiлдiредi.

 

9. Кәсiпкерлiк қызмет және оның түрлерi.

Кәсiпкерлiктiң пайда болуын ғасырлар тереңiнен iздеуiмiз керек. Оның жаңашыл түсiнiктемесi капитализмнiң қалыптасуы мен даму барысы кезiнде пайда болған. ұзақ уақыт бойы кәсiпкерлiк қызмет еңбек өнiмдiлiгiне және толық экономикалық дамуға жанама әсер етушi фактор болып келдi.

«Кәсiпкер» терминi экономикалық теорияда ең алғаш рет ХVIII ғасырда ағылшын экономистi, демограф, банкир Ричард Кантильонның «Коммерция табиғаты туралы сөз» атты очеркiнде қолданылған. «Кәсiпкер» ұғымы көбiнесе «меншiк иесi» ұғымымен алмастырылып отырған.

Кәсiпкер дегенiмiз, Р. Кантильон бойынша, айқындалмаған және тiркелмеген табысты адам. Ол шаруа, саудагер, қол шеберi, тiптi кедей адам да болуы мүмкiн. Өйткенi, кәсiпкер тауарды белгiлi бiр бағамен сатып алады, ал тауардың сату бағасы ол үшiн әлi беймәлiм.

Демек, кәсiпкерлiк қызмет деп тек тәуекелмен, ынтамен, дербестiкпен, iскерлiкпен, жауапкершiлiкпен және белсендi iзденумен байланысты жүргiзiлетiн шаруашылық қызметтi айтамыз. Бұлар кәсiпкерлiктiң белгiлерi болып табылады.

Тәуекел – бұл кәсiпкерлiктiң басты ерекше белгiсi, ал тәуекелдiң негiзгi экономикалық фунциясы болып әртүрлi тауарлы нарықтағы сұранысқа сай келетiн ұсынысты алдын-ала болжай алу табылады. Тәуекелдiң келесiдей түрлерi болады: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, несиелiк және пайыздық. Тәуекелдi әртұрлi әдiстермен өлшеуге болады. Олар: статистикалық, эксперттiк, есептiк талдау.

Кәсiпкерлiкте тұлға (субъект) және нысанын бөлiп қарайды.

Кәсiпкерлiктiң тұлғалары ретiнде жеке тұлғалар, әр түрлi ассоциациялар, акционерлiк қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер және мемлекет бола алады.

Кәсiпкерлiк нысандары (объектiлерi) ретiнде шаруашылық қызметтiң кез келген тұрлерi, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтерi, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Кәсiпкерлiк қызметтiң қалыптасуы мен дамуы үшiн келесiдей алғышарттардың болуы тиiс:

1)    экономикалық алғышарттар, яғни тауарға деген сұраныс, оның түрлерi мен ұсынымы; қаржы, жұмысшы күшiнiң артықшылығы мен тапшылығы және т.б.;

2)    әлеуметтiк алғышарттар, яғни тұтынушының қалауы мен таңдауы, талғамы; дiни нанымдар мен сенiмдер; моральдық көзқарастар;

3)    құқықтық алғышарттар, яғни кәсiпкердi мемлекеттiк бюрократиядан қорғау, жеңiлдiктер беру, кәсiпкерлiктi қолдау органдарын ашу және т.б.

Кәсiпкерлiк қызметтiң жаңашылдықсыз болуы мүмкiн емес. Осыған байланысты кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың екi моделi көзделеген:

1.    Классикалық модель – мұнда бизнесмен өз қызметiн қолда бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебiмен ұйымдастырады.

2.    Инновациялық модель – мұнда бизнесмен өз қызметiн қолда бар ресурстармен қатар сыртқы ресурстарды пайдалану есебiнен де ұйымдастырады.

Кәсiпкерлiк қызмет мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық және консалтингтiк (делдалдық, кеңес беру) кәсiпкерлiк.

Меншiк формасына байланысты жекеменшiктiк және мемлекеттiк кәсiпкерлiктер болады.

Иелiк ету саны бйынша индивидуалды және ұжымдық кәсiпкерлiк деп бөлiнедi.

Ұйымдастырушылы құқұқықтық формалары бойынша: шаруашылықтық серiктестiк, акционерлiк қоғам, кооперативтер болып бөлiнедi.

Ұйымдастырушылық-экономикалық формасы бойынша: ассоциация, синдикат, консорциум, картель, концерн болып бөлiнедi.

Қазақстанда кәсiпкерлiк қызмет формалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады.

 

10. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың даму ерекшелiктерi.

Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндiрушiлердi байланыстырудың тиiмдi механизмi ретiнде әлемдiк өркениеттiң ұлы жетiстiктерiнiң бiрi деп есептеледi. Оны математикамен, гендiк инженериямен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бiрақ, нарық механизмi кәсiпкерлiк пен бәсекелестiктi дамытпайынша өмiр сүруi мүмкiн емес. Ал бұл меншiктiң алуан түрлi формалары және әртүрлi тауар өндiрушiлер болғанда ғана мүмкiн, мұнда өндiрiс экономикалық жағынан әлсiз, өмiр сүруге абiлетi жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесiне олардың тиiмдi жұмыс жасайтын болашағынан үмiт кұттiретiнiне қолайлы жағдай жасайды.

Нарық деп алғашыда адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулердi өзара айырбастайтын жерлердi атаған, бұлар әдетте қала ортасындағы алаңдар болды.

Нарық қоғамдық еңбек бөлiнiсi мен шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң өзара оқшаулауына негiзделген тауар өндiрiсiнiң табиғи-тарихи даму процесiнiң нәтижесi болып табылады.

Нарық күрделi экономикалқ категория ретiнде өз бетiнше емес, әртүрлi факторларға байланысты белгiлi бiр нақтылы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда өмiр сүредi. Дұниежүзiлiк тәжiрибеде, нарықтық механизмнiң келесiдей жағдайлар мен шарттардың орындалуы барысында ғана тиiмдi қалыптасатыны және өмiр сүре алатындығы дәлелдеген. Олар мыналар:

-         шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң дербестiгi мен тәуелсiздiгi;

-         меншiк қатынастарының алуан түрлi нысандары;

-         өндiрiс қуатының белгiлi бiр резервi мен бос жұмысшылардың болуы;

-         нарық инфрақұрылымын жасау және т.б.

Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты – ол өндiрiс құрал-жабдықтарына деген меншiк. Ал, Қазақстандағы өндiрiстiк қатынастардың негiзi жерге деген феодалдық меншiк болды. Көшпелi мал шаруашылығы жағдайында жер өндiрiстiң шарты ғана емес, сонымен бiрге оның негiзгi құралы да болды. Тереңдей түскен меншiктiк бөлiнiсу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастарының белгiлi бiр дәрежеде өрiс алуына, өркендеуiне жағдай жасады.

Қазiргi таңдағы тәуелсiз Қазақстан Республикасының алдында тұрған негiзгi стратегиялық мақсат – демократияны дамыту, меншiк қатынастарын реформалау, нарықтық экономиканы дамыту болып табылады.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлiнiлiп отыр:

I кезең: 1992-1995 ж.ж. Мұнда микроэкономиканы тұратандыру, мемлекет иелiгiнен меншiктеудi алу мен жекешелендiру.

II кезең: 1996-2005 ж.ж. Экономиканың шикiзаттық бағытын бiртiндеп жою, көлiк жүйесi мен телекоммуникацияны жедел дамыту; дамыған тауар, валюта, капитал, жұмыс күшi, бағалы қағаздар, интеллектiк меншiк нарықтарын құру.

III кезең: 5-7 жылға созылып, ашық үлгiдегi экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады. Осының негiзiнде өтпелi кезеңнiң стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдiк саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзiндегi жаңа индустриалды елдер қатарына кiруiмен сипатталатын болады.

Қазiргi кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекшi салалар мен ұйымдарсыз мүмкiн емес. Қазақстан Республикасындағы нарық инфрақұрылымын екi түрлi сипатты белгiлерi бойынша топтастыруға болады: экономика саласы мен еңбек қызметiнiң түрлерiне байланысты және нарықтың типiне байланысты.

Бiрiншi белгiсi бойынша нарық инфрақұрылысы өндiрiстiк, әлеуметтiк, институционалдық және экологиялық инфрақұрылым болып бөлiнедi.

Екiншi белгiсi бойынша жұмысшы күшi нарығы; тауар, қаржы, қызмет көрсету нарықтарының, технологиялық және ақпаратты нарық инфрақұрылымы болып бөлiнедi.

 

11. Фирма экономикалық тұлға ретiнде.

Фирма нарықтық экономиканың негiзгi экономикалық агентi болып табылады.

Фирма дегенiмiз бұл бiр немесе бiрнеше кәсiпорындары бар және пайда алу мақсатында тауар мен қызмет өндiру үшiн ресурстарды пайдаланатын ұйым.

Кәсiпкерлiк қызмет формалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады. Соған сәйкес барлық ұйымдар коммерциялық және коммерциялық емес фирмалар болып бөлiнедi.

Коммерциялық фирмалар шаруашылық серiктестiктер, өндiрiстiк кооператив, мемлекеттiк және жеке кәсiпорын формасында құрыла алады және де пайда табуды көздейдi.

 Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативi, қоғамдық немесе дiни ұйым, қайырымдылық ұйымдар түрiнде құрылады және де пайда табуды масат етпейдi.

Коммерциялық фирма үшiн мүмкiн болатын максималды пайда әкелудi таңдаудың моделi екi басты жағдаймен анықталады:

1)    Уақыт факторымен, яғни қысқа және ұзақ мерзiмдi;

2)    Бәсеке түрiмен, яғни жетiлген және жетiлмеген бәсеке.

Қысқа мерзiмде, егер өндiрiс көлемiн ұлғайту қажет болса, фирма оған айнымалы факторларды өзгерту арқылы ғана жете алады. Тұрақты факторларды (құрылыс көлемi, машина саны) өзгертiп үлгермейдi.

Ұзақ мерзiмде фирманың барлық факторларды өзгертуге мүмкiндiгi бар. Сондықтан да, олардың барлығы айнымалы болып кетедi, факторларды өзара алмастыру және комбинациялар жасау арқылы өндiрiстiк шығындарды минималдауға ұмтылады.

Бәсекенiң типiнiң фирма мiнез-құлқына әсерi өте күрделi болады. Жетiлген бәсеке нарығында фирма өнiм бағасына еш әсер ете алмайды. Ол максималды пайда табу үшiн тек өнiм көлемiн ғана өзгерте алады. Ол үшiн фирманың шектi табысы шектi шығынынан үнемi көп болуы керек.

Жетiлмеген бәсеке нарығындағы фирманың ұтымды жүрiс-тұрысы басқаша болады. Ол өз тауарының бағасына әсер ете алады. Фирма максималды пайда табу үшiн өндрiстiң сату көлемдерiн, өнiмнiң әрбiр қосымша бiрлiгiн өндiрумен байланысты шектi шығындар осы өнiм бiрлiгiн сатудан алған шектi табыстан кем болып отыратындай жағдайға дейiн арттыру керек.

Негiзiнен, нарықтың типтерi баға белгiлеу саясатына әсер етiп отырады. Фирманың мақсатына байланысты бағаны белгiлеу әдiстерi де алуан түрлi болады. Бағаны белгiлеу кезiнде психологиялық фактордың әсерi өте маңызды.

 Фирма қызметiн басқарудың негiзгi формасы болып менеджмент табылады.

Менеджмент – барлық қолда бар ресурстарды пайдаланудың оптималды вариантына жетуге бағытталған шешiмдердi қабылдау және iске асыру жүйесi. Менеджмент белгiлi бiр мақсатқа жетуге бағытталған адамның iс-әрекетiнiң бiр түрi. Адам энергиясын жүйелендiру және оған бағыт беру оның мiндетi болып табылады. «Менеджмент» терминi ағылшын тiлiнен аударғанда «басқару» ұғымын бередi.

Басқаруды iс-әрекеттерiнiң түрлерiне және жүзеге асыру тiзбегiне байланысты үш сатыға бөлуге болады:

1)    стратегиялық басқару;

2)    оперативтiк басқару;

3)    бақылау.

Менеджменттiң негiзгi функциялары мыналар: жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестiру, билiк ету, ынталандыру және бақылау. Жоспарлау – фирманы басқарудың негiзгi элементi. Сондықтан да, кез-келген фирма өзiнiң бизнес-жоспарын жасайды.

Бизнес-жоспар бұл жаңа фирма немесе iс-әрекет етушi фирманың жаңа шаруашылық қызмет түрiн ұйымдастыру және оны дамытудың жоспары.

Фирманың маркетингтiк стратегиясының дұрыс құрылуы – фирма дамуының бiрден-бiр жолы. Маркетингтiк қызмет дегенiмiз тауарға деген мұқтаждықты тауар алмасу арқылы қанағаттандыруға бағытталған қызметтiң түрi. Маркетингтiң негiзгi элементтерiне мыналар жатады: қажеттiлiк, сұраныс пен ұсыныс, тұтыну, тауар, келiсiм, айырбас және т.б.

Жарнама – фирма тауарын өткiзудiң негiзгi жолдарының бiрi. Оның каналдары әртүрлi болады. Лизинг пен факторингтiң фирманың дамуындағы әсерi үлкен.

 

12. Өндiрiс және шығын. Шығындар теориясы.

Өндiрiс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi және де адамдардың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған мақсатты iс-әрекеттерi.

Фирманың өндiрiстiк шешiмдерi нарық жағдайлары мен өндiрiс шығындары арқылы анықталады. Өндiрiс көлемiнiң өзгеруi жалпы және орташа шығындарды өзгертедi, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшерлерi арасындағы қатынасқа едәуiр ықпалын тигiзедi.

Шығындар – өндiрiстiң сатып алынған факторларының төлемi, ұсыныс көлемiне әсер ететiн басты фактор. Бұл даусыз ақиқат.

Өндiрiстiң жалпы шығындарын екi топқа бiрiктiруге болады: бухгалтерлiк және экономикалық.

Бухгалтерлiк шығындарға өндiрiстiң есеп беру кезеңiндегi нақты шығындар жатады және олар шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнының құрамына кiредi. Оған мыналар жатады: шикiзат пен материалдар құны, жұмысшылар менқызметкерлердiң жалақысы, амортизациялық өтемдер, салық және т.б.

Ал, экономикалық шығындарға бiз жалпы, барлы шығындарды жатқызамыз, оның iшiне фирманың өз меншiгiндегi сатып алынбайтын өндiрiс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да кiредi. Сондықтан да, экономикалық шығынға фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табыстары да кiредi.

Өндiрiстiк шығындардың 5 түрi бар: жалпы, тұрақты, айнымалы, орташа және шектi.

Тұрақты шығындар – бұл қысқа мерзiм кезеңiнде өнiм шығару көлемiнiң өзгеруiне байланысты өзгермейтiн шығындар.

Айнымалы шығындар – бұл шығарылатын өнiм көлемiнiң өзгеруiмен бiрге өзгеретiн өндiрiстiк шығындар.

Жалпы шығындар – бұл тұрақты және айнымалы шығындардың жиынтығы.

Орташа шығындар – бұл нарықтық тепе-теңдiктi айқындайтын шығындар және де шығынның бiрқалыпсыз өзгерiсi барысындағы өнiмнiң бiр бөлiгiне кеткен шығынды көрсетедi.

Шектi шығындар – бұл ең арзан жолмен өндiрiлген қосымша өнiм бiрлiгiмен байланысты кеткен қосымша шығындар. Шектi шығындар тұрақты шығындарға тәуелдi емес.

Орташа шығындар мен шектi шығындардың арасында келесiдей қатынастар болады: бiрiншiден, шектi шығын мөлшерi орташа шығын мөлшерiнен артық болса, онда орташа шығынның мөлшерi, өнiм көлемi өскен сайын, арта түседi; екiншiден, егер шектi шығын орташа шығыннан кем болса, онда, өнiм көлемi өскен сайын, орташа шығын мөлшерi төмендейдi; үшiншiден, орта шығын қисығын шектi шығын қисығы оның минималды нүктесiнде қияды.

Құрал-саймандардың кiруiне байланысты шығындар сыртқы және iшкi шығындар болып бөлiнедi.

Сыртқы шығындар – фирманың шикiзат, құрал-жабдық, көлiк, энергияны басқа жақтан сатып алу, яғни кәсiпорын құрамына кiрмейтiн жабдықтаушылардың сатып алуға кеткен ақшалай шығындары.

Iшкi шығындар – өзi өндiрген және дербес қолданылатынресурсына төленбейтiн шығындар.

Өнiмдiлiк – фирма қызметiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын негiзгi шама. Өнiмдiлiк деңгейiн анықтайтын факторлар болып мыналар табылады: еңбек ресурстарының, негiзгi қорлар мен технологиялардың сапасы, басқару шешiмдерi мен ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгi.

Еңбек өнiмдiлiгi бiр уақыт бiрлiгiнде өндiрiлетiн тауарлар санын көрсетедi. Ал, қор қайтарымы негiзгi өндiрiстiк қордың қолданылуының тиiмдiлiгiн бiлдiредi.

Шектi өнiмдiлiк шектi өнiм өндiрiс нәтижесiнiң өзгеруi мен өндiрiстiк процессте қолданылып отырған айнымалы факторлардың санының өзгеруiнiң қатынасын көрсетедi.

Өнiмдiлiктiң төмендеуiне әсер ететiн факторлар болып мыналар табылады: жұмысшы күшiнiң саны мен құрамы, өндiрiстiң техникалық жаңаруына жұмсалатын шығындардың кемуi, құрал-жабдықтардың моральдiк ескiруi.

 

13. Пайда теориясы және жалақы.

Пайда – фирмадағы өндiрiстiң қызмет етуiнiң түпкiлiктi нәтижесi. Пайда экономикалық теориядағы ең күрделi және қарама-қайшы мәселелердiң брi болып табылады.

Пайданың қайнар көзi мен оның экономикадағы өсуi туралы ой-пiкiрлер өте көп. Орыс сөзi «пайда» В. Дальдiң «түсiндiрме сөздiгiнде», «өнiм», «көбею», яғни бастапқы жұмсалған капитал санына «ұстеме» деп түсiндiрiледi. Бұл ұстеме тек тауар өндiрiлгенде емес, сонымен бiрге сатылғанда да көрiнедi. Сондықтан пайданы тiкелей коммерциялық қызметтегi табыспен байланыстырады.

Пайданың қайнар көзi мен туындауы туралы ой-пiкiрлер өте көп. Оның iшiндегi тарихи көзқарастарға тоқталар болсақ, олар мынадай:

Меркантелистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзi сыртқы сауда болып табылады деп есептедi.

А. Смит пен Д. Рикардо пайданы өнiм мен жұмысшы еңбегi үлесiнiң айырмасы ретiнде қарастырған. К. Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екiншi, туынды және өзгертiлген формадағы қосымша құн деп есептедi.

Бұл категорияның анықтамасы қазiргi батыс экономистерiнiң пiкiрлерi бойынша түрлi варианттардың келiсiмдi бiрiгуi болып табылады, оның iшiндегi негiзгiлерi төмендегiлер:

-         пайда – бұл барлық өндiрiстiк факторлардан алынған табыстар, яғни рента, пайыз, жалақы;

-         пайда – бұл кәсiперлiк қызмет үшiн марапаттау және техникалық жетiстiктердi енгiзуге төлем;

-         пайда – бұл тәуекел және белгiсiздiк үшiн төлем.

Қазiргi кезде пайда туралы түсiнiк үш негiзгi бағытта жасалынады: кейнсиандық, институционалды-әлеуметтiк және неоклассикалық.

Кейнсиандық теорияның ойшылдары пайданың жиынтық тұжырымдамасын макроэкономика деңгейiнде ұсынады.

Институционалды – әлеуметтiк теорияда пайда әлеуметтiк, сыртқы экономикалық факторлар жағынан түсiндiрiледi: қоғамның барлық мүшелерiнiң игiлiгiне және т.б. қамқорлық жасау.

Неоклассикалық теорияда пайданы максималды ету процесi жетiлген және жетiлмеген бәсекелестiк жағдайында әрекет ететiн жеке фирмалар деңгейiнде жүргiзiледi.

Еңбек басқа өндiрiс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкелдi. Жалақы еңбекке марапатталу ретiнде көрiнедi.

Жалақы – бұл жұмыс күшiнiң баға және құн формасындағы көрiнiс бердi. Оның өлшемi еңбектi сағатына төлем болып табылады.

Кесiмдi жалақы мөлшерi өндiрiлген өнiм көлемiне байланысты болады. Оның мөлшерi бiр бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады.

Жалақының динамикасы мен деңгейiне ұлттық ресурстар жағдайы (табиғи, еңбек, технологиялық) және экономикалық жағдайлар үлкен әсер етедi.

Нарықтық экономика жағдайында жалақыға кәсiподақтар үлкен әсер етедi:

1)    заң шығару көмегi арқылы жұмыс уақытын шектеу;

2)    еңбекке сұраныс және сонымен бiрге жалақыныөсiруге әкелетiн өндiрiс түрлерiнiң өсуiне көмектесу;

3)    өндiрiстiң монополияландырылуымен күрес;

4)    кәсiпкерлердi ұжымдық келiсiмдi жалақы ставкасын көтеру мәселесiмен келiсiмге отырғанда қысым жасау.

 

14. Аграрлық сектордағы нарықты қатынастардың ерекшелiктерi.

Қазақстан өзiнiң егемендiгiн алғалы берi халық шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшiруге атсалысуда. Оның маңызды звеносы – ауыл шаруашылығы. Оның дамуынан елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгi мен тұрғындардың тағам өнiмдерiмен қамтамасыз етiлу проблемалары шешушi деңгейде тәуелдi болады.

Аграрлық реформаны iске асырудың маңызды жолдары болып – мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру табылады. Солардың көмегiмен совхоздар жекеменшiк және ұжымдық меншiк формаларына негiзделген кәсiпорындарға қайта құрылды. Ал, азаматтар жердi ұзақ уақыт пайдалануға және де мемлекеттiк пен кооперативтiк кәсiпорындардың мүлiктерiн өз меншiктерiне алуға мүмкiндiктер алды.

Ұжымдық кәсiпорындардың, өндiрiстiк кооперативтердiң, шаруашылықтық бiрлестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың, фермерлiк шаруашылықтардың қалыптасу процесi қиын-қыстау және дағдарыстық жағдайларда өттi.

Жер – аграрлық өндiрiстiң негiзгi факторы болып табылады. Жер өндiрiс факторларының iшiндегi ең икемсiзi және шектеулiсi. Оның бағасы жер рентасымен айқындалады және де ол диференциалды болып келедi.

Рента деп экономикалық фактор ретiнде ұсынысы икемсiз болып табылатын белгiлi бiр өндiрiс факторынан алынатын табысты айтамыз.

Дифференциалды жер рентасын зерттеумен А. Смит, Д. Рикардо,   А. Маршалл және т.с.с. Ұлы ойшылдар айналысқан. Жер участогының сапасы әртүрлi, сондықтан да жердiң өндiрiс факторы ретiндегi өнiмдiлiгi оның орналасу орнына, құнарлылығына байланысты болады.

Жерге деген сұраныс туынды сұраныс болып табылады. Сондықтан да, оның мөлшерi одан туындайтын өнiм сұранысына байланысты болады.

Жер ренталарының эволюциясы келесiдей: экономикалық, дифференциалды, монополиялық, ренталы, пайдалы қазбалар рентасы.

Жерге экономикалық баға берудiң орны ерекше. Жердiң бағасы екi тұрлi көрсеткiшке байланысты болады:

1)    жер иесiнiң алатын жер рентасының мөлшерiне;

2)    ссудалық пайыз ставкасына.

Республика экономикасында агроөнеркәсiптiк кешеннiң (АӨК) маңызы өте зор. Өйткенi, осы уақытқа дейiнгi халыққа қажеттi заттардың 2/3 бөлiгiн, ұлттық табыстың 30%-iн, бюджет кiрiсiнiң 1/3 бөлiгiн, негiзгi қордың 40%-iн АӨК құрап келдi. Оның өндiрiстiк және экономикалық мүмкiндiгi аса жоғары. Өйткенi халық шаруашылығында еңбек ететiн халықтың 35%-i АӨК-де шоғырланған; 222,7 млн/га жер ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң пайдаланылуында, ал бұл бүкiл жер ресурсының 82% құрайды.

АӨК үш негiзгi сферасының жиынтығынан тұрады: қор өндiрушi сала, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласы (дайындау, сақтау, қайта өңдеу, өткiзу).

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттiк реттеу – агробизнестiң қызмет етуiнiң механизмi ретiнде, экономиканың аграрлық секторының өндiрiстiк және экономикалық процесстерiне қызмет етудiң басқарушы және үйлестiрушi элементi ретiнде қарастырылады.

Мемлекет аграрлық саясатты жүргiзу барысында жер салығы, жер квоталары, баға субсидиялары, мемлекеттiк сатып алу мәселелерiн дұрыс шешуi керек. Ауыл шаруашылығындағы өндiрушiлердiң, фермерлiк қызметтiң табыстарын мемлекет реттеп отырады және де оларды қолдану, дамыту шараларын жүзеге асырады. Ел Президентiнiң жарлығымен 2003-2005 ж.ж. «ауыл жылы» деп жарияланып, ауылдың жандануына қолдау көрсету жүргiзiлуде.

 

15. Қоғамдық ұдайы өндiрiс. Макроэкономикалық көрсеткiштер, саясат.

Адам мен қоғам өмiрiнiң негiзiнде шаруашылық қызмет пен өндiрiс жатыр.

Өндiрiс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi. Игiлiктер деп адамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндiрiс процесi, негiзiнен, үш элементтiң, яғни адам еңбегiнiң, еңбек затының және еңбек құралдарының өзара әрекеттерi арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процеснiң қарапайым моменттерi деп атайды.

Игiлiктердiң өндiрiсi, бiрiншiден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екiншiден, өз шаруашылық қызметтерi барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Өзара қарым-қатынастардың бiрiншi типiн өндiргiш күштер деп, ал екiншi типiн – экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.

Өндiргiш күштер – бұл қоғамдық өндiрiстiң жеке (жұмысшы күшi) және заттық (өндiрiс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекетi адам мен табиғат қатынасының шешушi, белсендi элементтерi. Ал, өндiрiс құрал-жабдықтары деп қандай да бiр тауарды өндiруге қажеттi еңбек заттары мен құралдарының жиынтығын айтамыз.

Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесi барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндiрiс құрал-жабдықтарына меншiк формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.

Қоғамдық ұдайы өндiрiс – бұл өндiрiс процесiнiң қайталануы. қоғамдық ұдайы өндiрiстiң екi түрi болады: жай және ұлғаймалы ұдайы өндiрiстер.

Жай ұдайы өндiрiс – бұл өндiрiс процесiнiң бұрынғы ауқымында қайталанылуы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндiрiс – бұл ұлғаймалы мөлшерде өндiрiстiң жаңартылып отыруы.

Бiр жыл бойы өндiрiлетiн адамдардың шаруашылық қызметiнiң нәтижесi қоғамдық өнiм болып табылады. Өзiнiң қозғалысында қоғамдық өнiм 4 сатыдан өтедi: өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну. қоғамдық өнiмнiң өтетiн барлық төрт сатысы өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндiрiстi құрайды.

Қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әрекет етуiнiң маңызды көрсеткiшi болып оның тиiмдiлiгi табылады. Бұл көрсеткiш өндiрiс нәтижелерiнiң оның шығындарына қатынасымен анықталады.

Қоғамдық ұдайы өндiрiстегi тепе-теңдiк барлық тауарлар  сатылған кезде, барлық өндiрiс құралдары  мен тұтыну заттары құн және табиғи формада қайтарылған жағдайда ғана мұмкiн болады. қоғамдық ұдайы өндiрiстiң үздiксiздiгi  экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирма, үкiмет болып табылатын экономикалық айналым моделiн көрсетедi.

Қоғамдық ұдайы өндiрiстi зерттеу макроэкономикалық деңгейде және макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде жүзеге асады.

Макроэкономика (грек сөзiнен аударғанда «үлкен» деген мағына бередi) – бұл ұлттық экономиканың жалпы  бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтiн жалпы экономикалық iлiмнiң бөлiмi.

Макроэкономика экономиканы жалпылама бiрiңғай қарастырады. Оның тұлғалары: өкiмет, кәсiподақ, орталық банк, өдiрушiлер мен тұтынушылар жалпы тұлға ретiнде мемлекет көлемiнде қарастырылады.

Макроэкономикада зерттелiнiп ашылған заңдылықтар үкiметтiң экономикалық саясатын жасауға негiз болып табылады. Макроэкономикалық талдаудың  негiзiн болып физиократ Франсуа Кенэ табылады.

Макроэкономикалық талдау жұргiзу үшiн келесiдей макроэкономикалық көрсеткiштер қолданылады: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнiм, ұлттық табыс, таза ұлттық өнiм, жалпы iшкi өнiм, жеке табыс, қолда бар табыс.

ұлттық байлық - бұл  қоғамның бұкiл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Бiрiншi рет ұлттық байлықты 1664 жылы Англияда Уильям Петти (қаржы министрi) есептеген. Ал, Ресейде 1864 жылы есептелген. ұлттық байлық мүлiктердi, табиғи байлықтарды және заттық емес байлықтарды қамтиды.

 

16. Экономикалық өсу, оның мәнi, мақсаты мен типтерi және үлгiлерi.

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң болуымен тұсiндiрiледi. Жыл сайынғы қоғамдық өнiм көлемiнiң өсуi ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң экстенсивтi типiне  негiзделе дамиды. Экономикалық өсу бiрқатар факторларға байланысты: табиғат ресурстарының саны мен сапасына; еңбек ресурстарының саны мен сапасына; капитал ресурстарының саны мен сапасына; капитал ресурстарына, инвестиция, қолда бар технологияға. Экономикалық өсудiң типтерi: экстенсивтi және интенсивтi. Экстенсивтi типте өнiм шығаруды екi есеге арттыру ұшiн, жұмыскер саны және өндiрiстiк қорлары екi есе ұлғаю қажет. Интенсивтi типте осындай нәтижеге жұмыс кұшiн және өндiрiстiк қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткiзумен ерекшеленедi. Экономикалық өсудi өлшеудiң көрсеткiшi: жалпы iшкi өнiм (ЖIӨ) немесе жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҮТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсалюттiк және салыстырмалы мөлшерде  өлшенедi. Экономикалық өсуге әсер ететiн жанама факторлар: жалақы, жинаққа бейiмдiлiк, мемлекеттiң фискальды саясаты.

Теңгерiмдi экономикалық өсу – ұлғаймалы ұдайы өндiрiстiң экстенсивтi және интенсивтi типтерiнiң қатар жүруiмен тұсiндiрiледi. Теңгерiмдi экономикалық өсудiң негiзгi үлгiлерi: теңгерiмдi экономикалық өсу тұрақсыздығы және оған мемлекеттiң араласу қажеттiгi.

Экономикалық өсу экономиканың бiр қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтiк-экономикалық прогресiн көрсетедi. Мұндай прогрестiң жалпы критерииi өндiргiш күштердiң даму деңгейi болып табылады.

Экономикалық өсудiң қазiргi типiнiң өзiндiгi ерекшелiгi мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келдi.

Экономикалық өсудiң жаңа сапалық белгiсi – өндiрiстiң прогрессивтi құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететiн салалардың үлес салмағының артуымен түсiндiрiледi. Экономика өсуiнiң қайнар көзi – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Экономикалық өсудiң сапалық жаңа типiнiң негiзгi қайнар көзi – экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды дөп көрсетедi. Экономикалық өсудiң сапалық жаңа типiнiң түпкi мақсаты адам болып табылады.

 

17. қорлану, тұтыну, жинақтау.

Экономиканы зерттеудiң негiзгi әдiсi тепе-теңдiктiк талдау әдiсi болып табылады. Ол табыс пен шығынның, яғни жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс арасындағы тепе-теңдiкке негiзделген.

Макроэкономика деңгейiндегi тепе-теңдiк мәселесiн зерттеумен классиктер де, неоклассиктер де айналысқан.

Экономикалық теорияда макроэкономикалық деңгейдегi тепе-теңдiктi бейнелейтiн екi графикалық кескiндеме (моделдер) бар:

1)    «ұлттық табыс – жиынтық шығындар» моделi.

2)    «жиынтыққсұраныс – жиынтық ұсыныс» моделi.

Маңызды агрегаттық көрсеткiш болып, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныспен бiрге жинақталған тұтыну табылады.

Тұтыну – басты жинақталған шығыннан тұрады. Тұтынудың негiзгi көзi – табыс. Табыстың қалған бөлiгi қор жинауға кiредi.

Қор жинау (қорлану) – бұл тұтынылмайтын табыстың бөлiгi.

Тұтынудың да, қор жинаудың да белгiлi бiр шегi болады. Тұтыну сияқты, қор жинау да табыс деңгейiне тiкелей тәуелдi және сол факторлардың әсер ету ықпалы байқалады.

Табысы ортаңғы деңгейден жоғары семьялар (табысты семьялар) қор жинайды. Кедей семьялардың қор жинауы оларға қарағанда аз болады, ал ең кедей семьяларда «нольдiк» қор жинау болады. қарызға өмiр сүретiндерде – терiсқор жинау болады. Қор жинауға қарағанда тұтыну барлық семьяда болады. Ал, оның төменгi деңгейi кұн көрiс деңгейiнен түспеуi керек. Тұтыну ағымдағы қажеттiлiктердi қанағаттандырса, қор жинау келешектегiлердiқанағаттандыруға арналады.

Д. Кейнстiң «жалпы психологиялық заңына» сүйенер болсақ,          «… Адамдар, табыс мөлшерлерiнiң өсуiне байланысты өз тұтынуларын да арттыруға бейiм келедi, бiрақ табыстың өсу деңгейiнен төмен деңгейде».

Мұны түсiну үшiн «тұтынуға және қор жинауға деген шектi бейiмдiлiк» ұғымдарымен танысу керек.

Тұтынуға шектi бейiмдiлiк деп тұтыну мөлшерiнiң өзгерiсiнiң өзi туындататын табыс мөлшерiнiң өзгерiсiне қатынасын айтамыз. Мұнда табыс мөлшерiнiң өсуi шығын мөлшерiнiң өсуiнен жоғары болады. Табыстың өсуiмен адамның тұтынуы да, қор жинауы да арта түседi.

қор жинауға шектi бейiмдiлiк деп қор жинау өзгерiсiнiң табыс мөлшерiнiң өзгерiсiне қатынасын айтамыз.

Тұтыну мен қор жинауға басқа да факторлар әсер етедi. Атап айтқанда: байлық, баға деңгейi, күту, салық салу және т.б.

Байлық семьяда қаншалықты мөлшерде жинақталса, соншалықты тұтыну мөлшерi көп, ал қор жинау мөлшерi аз болады.

Баға деңгейiнiң көтерiлуi тұтынуды азайтады және керiсiнше.

Бағаның өсуi мен тауар тапшылығы кұтiлетiн болса, онда тұтыну өседi де қор жинау төмендейдi. Онда адам қажетiнен көп мөлшерде алады, болашақтағы жоғары бағадан сақтанады.

Салық салу тұтынуды да, қор жинауды да азайтады және де салық түске, керiсiнше олардың мөлшерлерiн арттырады.

Инвестиция деңгейi қоғамдағы ұлттық табысқа көп әсер етедi. Оның негiзгi қайнар көзi - қор жинау. Қор жинау тек шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен ғана жүзеге асырылады, ал инвестициялау басқа да тұлғалармен жүзеге асырылады.

 

18. Экономиканың циклдi дамуы және экономикалық дағдарыс.

 Экономикалық цикл – кезеңдiк көтерiлу, өрлеу және iскерлiк белсендiлiк басылуымен көрiнедi, мұмкiн болатын барлық ұсыныс пен сұраныстың сәйкессiздiк формаларында айқындалады.

Кәсiпорын иелерiнiң өз iстерiн кеңейтуге ұнемi Ұмтылуы, нарықтың көп бөлiгiн игеруге ұмтылулары тауардың тым көп өндiрiлуiне алып келедi. Өндiрiс артықшылығының себептерiн зерттей келе экономистер сұраныстың төмендеуiнiң немесе өсуiнiң, өндiрiс көлемiнiң тым көп артуы мезгiл өте қайталанып келетiндiгiн байқады. Бұл құбылыстардың қайталануының белгiлi бiр ретi мен себептерi де байқалды. Мұндай экономикалық циклдердi зерттеумен ХIV, ХХ ғасырлардың көптеген алдыңғы қатарлы ұлы ойшыл-ғалымдары айналысқан. Атап айтқанда,     К. Маркс, У. Митчелл, Дж. М. Кларк және т.б.

Барлық өндiрiсi дамыған елдерде экономикалық даму циклiмен: күйзелiс, өрлеу, қайшылық күйреу, қайта даму, қайта басылу және т.б. сипатталады. Бұл қайталану дөңгеленiп жүрмейдi, спираль сияқты жүзеге асады. Сондықтан да циклдiлiк прогрессивтi формада дамиды, бiр орнында тұрмайды. Циклдiлiк экономиканың теңесуi ауытқу жағдайына байланысты және де мынадай үш типке бөлiнедi:

1)     Қысқа мерзiмдi экономикалық цикл немесе Джозеф Китчин циклы (1923 ж. айқындалған). Циклдың ұзақтығы 3-4 жыл және де ол әлемдiк алтын өорының мөлшерiнiң ауытқуымен байланысты болады.

2)     Орта мерзiмдiк экономикалық цикл немесе Клемент Жугляр циклы (ХIХ ғасырдың II жартысы). Циклдың ұзақтығы 10-15 жыл. Ол көбiнесе негiзгi капиталдың (өндiрiстiк) қызмет ету мерзiмiмен сәйкес келедi. Негiзгi себебi – ақша айналысы сферасында, әсiресе, несие саласында.

3)     ұзақ мерзiмдi экономикалық цикл немесе «Кондратьевтiң ұзақ толқыны» (1926 ж.) деп аталады. Циклдың ұзақтығы 40-60 жыл. Бұл әртүрлi шаруашылық салаларының қызмет етуiнiң Ұзақтығының әртүрлiлiгiне байланысты болады. Өндiрiсте технологиялық тәсiлдiң бiр түрден екiншi түрге ауысуы өндiрiстiң барлық элементтерiн алмастыруға әкеледi. Мысалы: көпiр салу, жол, ғимарат құрылысы т.б.

Экономикалық цикл төрт фазадан құрылады:

1.    Дағдарыс фазасы;

2.    Күйзелiс (депрессия) фазасы;

3.    Жандану (тiрiлу) фазасы;

4.    Өрлеу фазасы.

Барлық экономикалық дағдарыстар ұдайы өндiрiс жүрiсiнiң тез бұзылуынан басталады, оған өндiрiс аралық (нарықтағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлем мүмкiндiк сұранысы) баланстарының тең еместiгiнен пайда болады.

Сондықтан өндiрiс тоқтатуды қуып жетуi керек, ал төлем сұранысы өндiрiстi қуып жетедi. Бiрiншi жағдайда – дағдарыс себебi, артық өндiрiсте, ал екiншiсiнде – дағдарыс өндiрiстiң жетiлмегендiгiнде. Ең алғашқы артық өндiру дағдарысы әлемде 1825 ж. ұлыбританияда болған.

Ауыл шаруашылығында да циклдық даму негiзгi орын алады, аграрлық дағдарыстар пайда болады.

Аграрлық дағдарыстың туындауының негiзгi себептерi мынадай: ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өткiзiлмеген қорының өсуi, олардың бағасының өсуi (не төмендеуi), өндiрiс көлемiнiң қысқаруы және т.б.

Экономикалық дағдарысқа қарсы мемлекет бiрқатар iс-шаралар жүргiзедi, мысалы:

1)     Өрлеу кезеңiнде мемлекеттiң мақсаты экономикалық қызудан сақтап қалу, iскерлiк белсендiлiктi ұстамды жүргiзу;

2)     Күйзелiс кезеңiнде мемлекеттiң барлық шарасы құрылымдық iскерлiк белсендiлiкке бағытталады.

 

19. Жұмысбастылық теориясы. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты.

Елдегi халықтың еңбекке қатысу мүмкiндiгi және қолынан iс келетiн бiр бөлiгi еңбек ресурстарын құрайды.

Еңбек ресурсына жақын үлкен мағынадағы ұғым «еңбек потенциалы».

Еңбек потенциалы – бұл еңбек ресурстарын құрайтын, соның iшiндегi тұлғалардың еңбек ресурстарын осы немесе басқа бағытқа потенциалды өзгерте алатын елдегi халықтың бiр бөлiгiн айтады.

К. Маркстiк концепция бойынша: «… еңбек болашақ құнның қайнар көзi, сондықтан оның құны жоқ, ол тауар емес. Сатылатын жұмысшының еңбекке деген қабiлеттiлiгi болғандықтан тауар болып жұмысшы күшi табылады».

Еңбек нарығы – бұл еңбек мөлшерi және институттары, ұдайы өндiрiстi қамтушы жқмысшы күшi және еңбектi пайдалануды көрсететiн экономикалық механизмдер жүйесi. Барлық нарықтағы сияқты, еңбек нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектiң анықталған түрiне сұраныс құрылады.

Еңбек нарығы кез-келген жағдай шартта қызмет етедi. Қарапайым шарты жетiлген бәсеке.

Қазiргi таңда ҢТР-ның жұмысшы күшiне әсер етуi өте үлкен. Өйткенi, жаңа заман талабы жүмысшы күшiнен жоғары бiлгiрлiктi, тәжiрибенi және мамандануды талап етед. Жоғары бiлiктi, тәжiрибелi маманның еңбек нарығындағы бағасы да жоғары болады. Жалақы мөлшерi мен жұмыс күшiне деген сұраныс мөлшерiнiң арасында керi байланыс бар.

Еңбек нарығының дисбалансы хроникалық сипатты белгiлейдi. Сондықтан жұмысбастылық мәселелерi барлық экономикалық мектептерде қарастырылған.

Жұмысбастылық - макроэкономиканың маңызды сипаты. Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсiндiрiледi. Ал, есейген, еңбекке жарамды халықтың жұмысы жоқ, бiрақ iздеп жүрген бөлiгi жұмыссыздықты құрайды.

Экономикалық мектептерде қалыптасқан жұмысбастылық мәселелерi мынадай болып едi:

1.            Ағылшындық Мальтус халықтың өсу заңын ұсынды, яғни өндiрiске тән азық-түлiк өнiмi арифметикалық прогрессиямен (1, 2, 3, …) өссе, халықтың өсуi – геометриялық прогрессиямен (2, 4, 8, 16, 32 …) айқындалды. Сондықтан да, олар жұмыссыздықтың негiзгi себептерiн бұрмалады.

2.            Классикалық саяси экономия өкiлдерi еңбек нарығын өзiн-өзi реттеушi жүйе деп санады.

3.            Маркстiк теорияда капитализмге тән жұмыссыздық iшкi құбылыс деп қаралды.

4.            Кейнсиандық көзқарас қазiргi кездегi жұмысбастылық теориясының негiзiн қалады.

5.            Қазiргi кездегi неоклассикалық бағыттың өкiлдерi «жұмыссыздықтың табиғи деңгейi» болуы керек, ал одан құтылу еш мүмкiн емес деп санайды.

Жұмыссыздықтың келесiдей түрлерi болады:

1)    еркiн және мәжбұрлi (лажсыз, амалсыз) жұмыссыздық;

2)    фрикциондық, құрылымдық және циклдық жұмыссыздық.

Толық жұмысбастылық жағдайы елде тек циклдық жұмыссыздық жоқ кезде ғана пайда болады. Өйткенi, фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық  - табиғи құбылыс және де олардан құтылу мүмкiн емес.

Нарықтық механизм еш уақытта да кепiлденген әл-ауқаттылық деңгейiн қамтамасыз етпейдi. Ол табысты әркiмге еңбегiне сай бөледi: бiреуiн байытады, екiншiсiн кедейлендiредi. Сондықтан да, ел экономикасының дамуынқамтамасыз ету үшiн мемлекет халықтың табысын қалыптастыру, бөлу саясатын, яғни мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзедi.

Табыс – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында алынатын және игiлiк пен қызметке ие болумен қатар, жеке тұтынуын қамтамасыз ететiн ақша құралының сомасы. Табыстың келесiдей түрлерi бар: номиналды, қолда бар және нақты табыс. Табыстың негiзгi қайнар көздерi, олар: жалақы, меншiктен түскен табыс (дивидент, пайыз, рента), әлеуметтiк төлемдер (зейнетақы, жәрдем ақы).

Табысты бөлудiң теңсiздiгiн өлшеу үшiн экономикалық теорияда Лоренц қисығы қолданылады.

 

20. Ақша-несие жүйесi. Бағалы қағаздар нарығы.

Ақшаның нарықтық экономикадағы ролi өте маңызды. Ол экономикадағы қаржы құралының ерекше түрi. Нарықты ақшасыз, ақша айналымынсыз елестету мүмкiн емес.

Ақша массасы – бұл халық шаруашылығындағы тауар мен қызметтердiң қозғалысын қамтамасыз ететiн қолма-қол және аударым ақша нысанындағы сатып алу және төлем құралдарының (банктiк депозиттер) жиынтығы. Ақша массасы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады.

Ақша айналымы – бұл тауар мен қызметтердiң айналымын және қаржы нарығының қозғалысын қамтамасыз ететiн ақша массасының қозғалысы.

Ақша массасының құрылымы екi бөлiктен тұрады: активтi (белсендi) және пассивтi.

Ақша айналымының әлемде тарихи дамып қалыптасқан түрлi жүйелерi бар. Бiрақ та, бұл жүйелердiң барлығына ортақ болып келетiн маңызды компоненттер бар. Олар: ұлттық ақша бiрлiгi, ақша эмиссиясы жүйесi, ұсақмонеталар, қағаз және несиелiк ақшалар, ақша айналымын реттеушi мемлекеттiк органдар.

Айналымға түсетiн ақшаның түрiне байланысты ақша айналым жүйесi екi негiзгi типке бөлiнедi:

1)           Металл ақша айналымының жүйесi. Мұнда несиелiк ақшалар металл ақшаларға (монета немесе құйма түрiндегi) емiн-еркiн айырбасталады.

2)           Несиелiк және қағаз ақша айналымының жүйесi. Мұнда алтын айналымнан шығарылған, олардың өзара айырбасталуы жүргiзiлмейдi.

Өндiрiс қисыны мынадай – ақша ылғи да айналыста болуы керек. Осыдан кейбiр фирмаларда белгiлi бiр уақытта ақша құралдары уақытша босатылады, ал осы уақытта басқа фирмалар жоқ ақшаға қажеттiлiктi сезедi. Бұлқайшылық несие көмегiмен шешiледi.

Несие (латын сөзi «creditum» - несие, қарыз) – бұл жеделдiк, қайтарымдылық және төлемдiлiк негiзiнде жүзеге асырылатын ссудалық капиталдың қозғалысы.

Несие үшiн төлем оның бағасы болып табылады, ал өсiмi – пайыз түрiнде болады.

Несиелiк ақша негiзiнен ХХ ғасырдың 30-шы жылдары батыс елдерiнде қалыптаса бастады.

Несие келесiдей функцияларды атқарады: қайта бөлу қызметi, айналымдағы нақтылы ақшаны несиелiк ақшамен ауыстыру арқылы айналым шығындарын қысқартады, капиталды шоғырландырады және орталықтандырады.

Несиенiң келесiдей түрлерi болады: коммерциялық, банктiк, тұтынушылық, ипотекалы-кепiлдiк, шаруашылықаралық, ақшалай, мемлекеттiк және халықаралық несиелер.

Несиелiк жүйе – бұл экономиканы реттеу мақсатында мемлекеттiң белсендi қолданатын валюталық-қаржылық мекемелерiнiң кешенi. Ол өндiрiстiң шоғырлануының және капиталдың орталықтандырылуының күштi факторы болып табылады.

Қазiргi заманғы несие жүйесi үш бөлiмнен тұрады: орталық банк, коммерциялық банк және мамандандырылған несие-қаржылық мекемелер.

Бағалы қағаздар – бұл капиталдың бiр түрiне иемдену құқығын куәландыратын және өзiнiң иесiне табыс әкелетiн құжат. Оны мемлекет те, кәсiпорындар да шығара алады.

Бағалы қағаздар «жалған капитал» деп аталады және де олар тек өндiрiске ғана салынады (оның нақты капиталдан айырмашылығы да осында).

Бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi:

1)           Меншiк куәлiгi. Оған акция, опционды куәлiк, қаржылық фьючер, варрант (иелiк етуiн куәландыратын құқық құжаты), коносамент және т.б. жатады.

2)           Займ куәлiгi. Оған вексель, банкнот, чек, облигация, депозитi және қор жинау сертификаттары жатады.

Бағалы қағаздар өмiр циклiнiң үш деңгейiнен өтедi. Олар: дайындық сатысы, бағалы қағазды алғаш орналастыру (немесе «алғашқы нарық»), бағалы қағазды екiншi рет орналастыру (немесе «екiншi нарық»). «Екiншi нарық» қор биржасы деп аталады және де оның жағдайы қор индексiмен немесе Доу-Джонс индексi арқылы айқындалады.

Бағалы қағаздарды сату-сатып алу биржа курсының негiзiнде жүргiзiледi. Бағалы қағазды төменгi бағамен сатып алып, жоғары бағамен сату биржалық табыс алуға әкеледi. Биржалық алып-сатарлықтың күшеюi, кейде қолдан бағалы қағаздың құнсыздануына әкелiп соқтырады. Мұндай жағдайда мемлкеттiң араласуы орынды болады.

 

21. Инфляция және инфляцияға қарсы реттеулер.

Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуi инфляцияға әкелiп соқтырады. Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция ұзақ уақыт бойы өмiр сүрiп келедi. Тiптi, оның пайда болуын ақшаның пайда болуымен де сәйкестендiруге болады.

Жаңа қоғамда инфляцияда көрiнетiн байланыстар күрделiне түскен: қағаз ақшаның алтынға тәуелдiлiгi мүлдем үзiлген, ақша айналымының дәстұрлi заңы бұзылған және де инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бiр себебi мынада – көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретiнде ақша шығару қарқынын көтерiп жiбередi. Нәтижесiнде айналымдағы ақша массасы көбейiп, оның төлем қабiлеттiлiгi әлсiрейдi, азаяды. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттiң қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия iшкi айналым қажеттiлiгiнен де асып кетедi.

Инфляция көп факторлы құбылыс. Ол iс жүзiнде еш уақытта да толық жойылмайды. Өйткенi қазiргi таңдағы экономика өзiнiң құрылысы бойынша инфляциялы болып келедi. Олай болса, қазiргi заманғы инфляцияға былай деп анықтама беруге болады:

Инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуiне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорцияларының бұзылу нәтижесi.

«Инфляция» терминi латынның «inflatio» сөзiнен шыққан, «iсiну, қабыну» деген мағына бередi. Бұл термин ең алғаш рет Солтүстiк Америкадағы 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысында қолданылған.

Инфляцияның негiзгi көрiнiсi тауар бағасының өсуiнде. Бағаның өсу көлемiне байланысты инфляцияның үш түрi болады: баяу, үдемелi және гиперинфляция.

Баяу инфляция нарықты экономика жағдайындағы қалыпты (табиғи) құбылыс болып табылады және де оның өсуi жылына 10% -тен аспайды.

Әдемелi инфляция ауыр әлеуметтiк-экономикалық жағдайға әкелiп соқтырады. Өйткенi, мұнда бағаның өсуi жылына 200%-ке дейiн болуы мүмкiн.

Гиперинфляция жағдайында бағаның өсу жылдамдығы өте жоғары (500-1000%) болады және де оның салдары ауыр болады.

Жалпы инфляцияны ашық және басыңқы деп бөлуге болады. Ашық инфляция бағаның өсуiне негiзделген. Оған инфляцияның баяу, үдемелi, гиперлiк түрлерiн жатқызуға болады. Басыңқы инфляция – тауардың жоғалуынан туындайтын инфляция. Мұндай инфляцияда бағаны мемлекет реттейдi, ол бағаны сұраныстың өсуiне сай көтермейдi. Нәтижесiнде тауар тапшылығы пайда болады, ал ол «көлеңкелi» экономканы туындатады.

Инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық салдарына мыналарды жатқызуға болады:

1)           Ақшалай табыстар ағымының құнсыздануы, яғни барлық ақшалай табыстардың азаюына әкеледi. Табыс мөлшерiнiң өсуi инфляция қарқынынан артта қалады.

2)           Табыстарды, байлықты қайта бөлу. Мұнда қарыз берушiлер (қайтарушылар) ұтысқа ие болады, өйткенi алған ссудаларының сатып алу қабiлеттiлiгi қайтару кезiнде төмендейдi.

3)           Ақша қаражатын материалдау, яғни ақшаны тауарға айналдыру. Бұл ақша құралдарының жетiспеушiлiгiне әкеледi және сұраныс инфляциясын күшейтедi.

4)           ұзақ мерзiмдi мақсатқа деген қызығушылық төмендейдi.

5)           Ақша қаражаты құнсызданады.

6)           ұлттық шаруашылықты басқару қиындайды және т.с.с.

Инфляциямен күресу үшiн мемлекет арнайы антиинфляциялық тәсiлдер мен стратегияларды қолданады: бiрi – инфляцияға бейiмдiлiктi қарастырады, екiншiсi – инфляцияға қарсы реттеу шараларын жүргiзедi.

Бейiмдiлiк шараларына табыс индексациясы және баға деңгейiн бақылау жатады.

Антиинфляциялық стратегияларға мыналар жатады:

1)    Бейiмделгiш инфляциялық күтiмдердi жою стратегиясы.

2)    Ақша массасын шектеу стратегиясы.

3)    Бюджет тапшылығын қысқарту стратегиясы.

Инфляция жұмыссыздық деңгейiне қатты әсер етедi. Бұл әсер ету Филлипс қисығы арқылы көрсетiледi: «Жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi баға мен жалақы мөлшерiнiң өсуiмен қатар жүредi».

 

22. Қаржы жүйесi және мемлекеттiң қаржы саясаты.

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесiндегi ақша құрылысы қорының қалыптасуы, бөлiнуi, қолданылуы.

«Қаржы» терминi ақшалай түрдегi қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды және де латынның «finis» сөзiнен шыққан, аудармасы «соңы, төлемақы соңы» деген мағынаны бередi.

Бiрақ та, кез келген ақшалай түрдегi операция немесе келiсiм қаржылық операцияға жатпайды, өйткенi ақша қоғамдық өнiмнiң бүкiл құнының қозғалысын бейнелейдi.

Сәйкес ақша құралдарының қорын құруға және пайдалануға мүмкiндiк беретiн қаржылық қатынастардың және оларды реттеушi инструменттердiң жиынтығын қаржылық жүйе деп атаймыз.

Қаржы келесiдей қызметтердi атқарады: топтастыру, реттеушiлiк, бөлу және бақылау қызметтерi.

Қаржы қатынасының тұлғалары болып мемлекет, фирма, түрлi бiрлестiктер, ұйымдар және жеке азаматтар табылады.

Қаржының құрамы үш бөлiктен тұрады:

1.  Халық қаржысы, яғни жанұяның алғашқы табысы, мемлекеттiк мекемелердiң көрсеткен қызметтерi үшiн төлемақы төлеу, салық төлемдерi, банктегi жинақ ақшалары және т.б.

2.  Орталықтанбаған (мемлекеттiк емес) қаржы, яғни кәсiпорын, фирма, сала, бiрлестiктердiң қаржылары. Бұл қаржы жүйесiнiң негiзi болып табылады, өйткенi мұнда ұлттық табыс жинақталады.

3.  Орталықтанған (мемлекеттiк) қаржы. Ол мемлекеттiк несие, мемлекеттiк және жеке мүлiктiк сақтандыру, мемлекеттiк бюджет қаржыларын қамтиды.

Мемлекеттiң қаржы жүйесiндегi негiзгi орынды мемлекеттiк бюджет алады. Ол арқылы жалпы ұлттық өнiм бөлiнедi.

Бюджет – бұл табыс пен шығыстың тепе-теңдiгiн көрсететiн баланс.

Бюджеттiк жүйе – күрделi жүйе, оның құрылымы елдiң мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық құрылымына байланысты болады.

Мемлекеттiк бюджет дегенiмiз мемлекеттiң аппаратын, қорғаныс күштерiн және әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiн шешу үшiн мемлекеттiң ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры. Ол экономиканы реттеудiң күштi тетiгi болып табылады.

Бюджеттiң негiзгi табыс көздерi мыналар: фирма табысына салынатын салық, жергiлiктi салық, сатудан түскен табысқа салық, бюджеттiк емес түсiмдер және т.б. Ал, шығыс көздерi қоғамдық-мәдени бағдарламаларды, ҢЗТКЖ, мемлекеттiк қорғанысты және басқаруды қаржыландыру, несие берудi қамтиды.

Бюджеттiң шығыс бөлiмiнiң табыстан артып кетуi бюджет тапшылығына алып келедi. Ал, ол мемлекеттiк қарызды туындатады. Мемлекеттiк қарыз екi түрге бөлiнедi: iшкi және сыртқы. Мемлекеттiң негiз табыс көзi – салық. Салықтың пайда болуы мемлекеттiң тарихи пайда болуымен байланысты.

Салықтың түрлерi екi сипаттама бойынша бөлiнедi:

1) Салық ставкасы бойынша;

2) Төлеу қабiлеттiлiгi бойынша.

Салық мөлшерi мен салық кiрiсiнiң арасындағы байланысты Лаффер қисығы арқылы бейнелеуге болады.

Фискалдық саясат мемлекеттiң экономикаға әсер етуiнiң негiзгi құралы болып табылады. «Фискал» сөзi латын тiлiнен шыққан, аудармасы «қазына» ұғымын бередi. Фискалды саясат екi бөлiмнен құралады:

1) тауар мен қызметтердi сатып алу бойынша үкiмет шығындары;

2) нарықты экономиканың тұрақты iс-әрекет етуiн реттеуге бағытталған мемлекеттiк шығындар.

 

23. Экономиканы мемлекеттiк реттеу. Мемлекеттiң экономикалық қызметтерi.

Кез келген қоғамның басты мәселесi – ол экономикалық қызметтi үйлестiру мәселелерiн шешу, қоғам мүшелерiне қажеттi материалдық игiлiктер мен қызметтердi өндiру. Бұл мәселелердi оңды шешу үшiн мемлекеттiң экономиканы реттеуге араласуы қажет.

Экономика тарихында экономиканы мемлекеттiк реттеудiң келесiдей моделдерi кездеседi.

1.  Классикалық модель. Бұл моделге сәйкес экономикалық жүйе нарықтың және тұтынушының бұйыратын ережелерi бойынша iс-әрекет етедi. Мұндай тұжырымдаманы алғашқы болып А. Смит ұсынды. Смит нарықтың өз-өзiн реттеуiн қолдады, ұкiметтiң экономикаға бақылау жүргiзуiн қолдамады.

Классикалық моделдi жақтаушылар жеке кәсiпкерлiктi қолдады, нарықтың талабын жеке мүдделер арқылы шешудi ұсынды.

2.  Неоклассикалық модель. Бұл моделдi жақтаушылардың негiзгi тұжырымдамасы бойынша экономикалық жүйе өзiн-өзi реттеушi жүйе болып табылады және де қор жинау мен инвестицияның арасында тепе-теңдiк сақталуықажет (Жан Батист Сей).

3.  Кейнсиандық модель. Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң бұл моделi «толық жұмысбастылық» теориясына негiзделген. Теория бойынша экономиканың дамуын «тиiмдi сұраныс» қамтамасыз етедi. Ал, ол жеке тұтынуға бейiмдiлiк пен инвестицияға байланысты болады. Жеке тұтыну жұмысбастылық деңгейiне тәуелдi болады.

4. Неоконсервативтiк модель. Жаңа модель экономиканың неоклассикалық моделдерiне – монетаризм, ұсыныс экономикасы, рационалды күту теорияларына – негiзделген.

Мемлекеттiк реттеудiң неоконсервативтiк моделi ұдайы өндiрiске сұраныс арқылы емес, ұсынысқа әсер етудiң жанама амалдарын пайдалану арқылы әсер етудi көздейдi.

Мемлекет ғылыми-техникалық, құрылымдық, әлеуметтiк және аймақтық саясаттарды жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Мемлекет экономикалық өсуi қамтамасыз етедi, экономикалық прогрестi ынталандырады. Ол үшiн бiрқатар заңдарды, ережелердi шығарады және де олардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды, соған сәйкес тәртiптердi бекiтедi, көптеген әдiстердi пайдаланады.

Экономикаға әсер ету сипаты бойынша экономиканы мемлекеттiк реттеудiң әдiстерiн екi тұрге бөлемiз: тiкелей және жанама.

1.            Тiкелей әсер ету әдiстерi экономика субъектiлерiн ерiксiз, мемлекеттiң көрсеткен нұсқауларының негiзiнде шешiм қабылдауға мәжбүр етедi. Мысалы: салық, заң нормалары, бюджеттiк процедуралар.

2.            Жанама әер ету әдiстерiн пайдалану кезiнде үкiмет субъектiлердiң шешiм қабылдау процесiне тiкелей қатыспайды, ол тек экономикалық саясаттың мақсаттарына сәйкес келетiн шешiмдердi қабылдауға себеп болады. Бұл әдiстер нарықтың тепе-теңдiк жағдайын бұзбайды.

ұйымдастырушылық-институционалдық сипаты бойынша экономикаға әсер етудiң үш түрлi әдiсi бар:

1)      әкiмшiлдiк әдiстер – бұл құқықтық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталған әкiмшiлдiк нысандар. Олар жеке сектордың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған. Негiзгi құралдары: тыйым салу, рұқсат ету және мәжбүрлеу.

2)      Экономикалық әдiстер – бұл нарықтық процестердiң дамуын мемлекетке қажеттi бағытта туралаушы, бағыттаушы мемлекеттiк әсер ету шаралары, яғни бюджеттiк және фискалды, ақша-несие саясаттары, болжау, жоспарлау және т.с.с.

3)      Институционалдық әдiстер – бұл құқықтық, экономикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық нормалар мен арнайы ережелердiң жиынтығы.

Мемлекеттiң экономикаға әсер етуiнiң шегi болуы тиiс. Өйткенi, тым қатты ықпал ету нарықтық қатынастардың дамуын тежейдi, бәсекелестiктi жояды.

 

24. Бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық және оның эволюциясының динамикасы.

Дүниежүзiлiк шаруашылық - бұл халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне ұлттық шаруашылықтарды бiрiктiретiн ғаламдық экономика.

Дүниежүзiлiк шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастар түрiнде жүзеге асады. Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлерiне мыналарды жатқызуға болады: халықаралық сауда, капитал шығару, халықаралық несие, халықаралық жұмысшы күшi миграциясы және т.с.с.

Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгiсi – халықаралық сауда. Ол тауар мен қызмет көрсету экспорты арқылы жүретiн халықаралық экономикалық қатынастың түрi.

Әрбiр елдiң халықаралық саудасы түсу деңгейi мен дәрежесi оның ресурстық потенциалымен айқындалады. Мысалы: дамыған елдердiң ресурстық потенциалы – капитал, ғылыми-техникалық база, маманданған жұмысшы күшi және шикiзат болғандықтан дамыған елдердiң даму моделi де осы тiзбекте жүзеге асады. Ал, дамушы елдерде керiсiнше, олардың ресурстық потенциалы – табиғи ресурстар, сауатсыз жұмысшы күшi, пайдаланылатын жер.

Дұниежүзiлiк шаруашылық субъектiлерiне трансұлттық компанияларды, халықаралық интеграциялық бiрлестiктердi және халықаралық экономикалық ұйымдарды жатқызуға болады.

Дүниежұзiлiк шаруашылықтың даму эволюциясының динамикасын бiрнеше кезеңдерге бөлуге болады. Атап айтқанда:

Бiрiншi кезең, оның өзi үш этаптан құралады.

Бiрiншi этап – ХIХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басынан бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiнгi (1914 жыл) аралықты қамтиды. Бұл этап интеграциялық және айырбас процестерiнiң, өндiрiстiк қатынастардың тез қарқынмен даму кезеңi болды.

Екiншi этап – Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс пен Қазан революциясы жылдары (1920 жылға дейiн) аралығын қамтиды. Екiншi этап шаруашылық қатынастардың екi лагерге жiктелуiмен – социалистiк және капиталистiк лагерлер – сипатталады.

Ішiншi этап – 20-шы жылдар соңы мен 30-шы жылдар басын қамтиды, яғни 1929-1933 ж.ж. «ұлы депрессия» жылдарын.

Екiншi кезең де үш этаптан құралады:

Төртiншi этап – Екiншi дүниежүзiлiк және ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейiнгi жылдар (1939-1960 ж.ж.) аралығын қамтиды. Бұл этапта дүниежүзiлiк шаруашылықтың екi лагерiнде екi түрлi экономикалық даму пайда болады. Трансұлттық компаниялардың шеңберi, ықпалы кеңейе тұседi, «қырғиқабақ соғыс» басталады.

Бесiншi этап – 60-70 жылдарды, отаршылдық жүйенiң жойылуын қамтиды (мысалы, Індiстанның азаттық алуы). Бұл этап мезгiлiнде дамушы елдердiң арасындағы iшкi экономикалық дағдарыстар туындайды, экономикалықартта қалушылық пайда болады.

Алтыншы этап – 70-80 жылдар, яғни 1979-1981 ж.ж. экономикалық (энергетикалық) дағдарыс жылдарын қамтиды. Дүниежүзiлiк шаруашылықтың экономикалық өсуi тежеледi.

Ішiншi кезең, жетiншi этап – 90-шы жылдардағы жаңашыл даму кезеңi, КСРО-ның ыдырауы мен жаңа мемлекеттердiң дүниежүзiлiк экономикалық байланыстарға араласуы. әлемдегi елдердiң үш түрлi жүйеге жiктелуi жүредi: өнеркәсiптiк дамғын елдер, өтпелi кезең және дамушы елдерi.

ұлттық шаруашылықтарды ортақ дүниежүзiлiк шаруашылыққа бiрiктiрудiң негiзiн халықаралық еңбек бөлiнiсi құрайды.

Халықаралық еңбек бөлiнiсi дегенiмiз елдердiң ұлттық шаруашылықтарының ең жоғары тиiмдiлiкке жеткiзетiн тауарларды өндiруге мамандануы.

ХХ ғасырдың халықаралық еңбек бөлiнiсi моделiнiң ең танымал теориясы – Хекшер-Олин теориясы.

Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң негiзгi екi түрi бар:

1)    өндiрiстiң халықаралық мамандануы (өндiрiстiк және аймақтық бағыттарда);

2)    өндiрiстiң халықаралық кооперациялануы.

Дүниежүзiлiк шаруашылықтың дамуында экономикалық интеграцияның мәнi зор.

Интеграция дегенiмiз бұл бiрнеше елдердiң ұлттық шаруашылықтарының бiр-бiрiне жақындауы мен өзара араласуының объективтi процесi және де экономикалық даму деңгейi бойынша бiр-бiрiне жақын ұлттықшаруашылықтардың еңбек бөлiнiсi мен тұрақты экономикалық байланысының даму процесi.

Интеграция – сыртқы экономикалық айырбас пен өндiрiс сферасын қамтиды, аймақтық шаруашылықтық кешендердiң құрылуына себепшi болады.

Интеграция мемлекетаралық та, микродеңгейлiк те болуы мүмкiн.

 

25. Халықаралық сауда. Сауда және төлем балансы.

Әлемдiк шаруашылық - бұл халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне ұлттық шаруашылықтарды бiрiктiретiн ғаламдық экономика. Әлемдiк шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастар түрiнде жүзеге асады. Халықаралықэкономикалық қатынастар түрлерiне мыналар жатады: халықаралық сауда, капитал шығару және халықаралық несие, халықаралық валюталық қатынастар, халықаралық жұмысшы күшi миграциясы, халықаралық ғылыми-техникалықжәне өндiрiстiк қатынастар және т.б.

Халықаралық сауда – бұл әлемдегi барлық елдердiң сыртқы саудаларының  жиынтығын көрсететiн халықаралық қатынастар жүйесi.

Халықаралық сауда көлемi экспорттық және импорттық квоталармен айқындалады. әр елдiң халықаралық саудаға түсу деңгейi мен дәрежесi оның ресурстық потенциалымен айқындалады.

ұлттық шаруашылықтарды ортақ әлемдiк шаруашылыққа бiрiктiрудiң негiзiн халықаралық еңбек бөлiнiсi құрайды. Оның мәнi – әлем елдерiн бiрiктiру, ал нәтижесi – әлемдiк масштабта еңбек өнiмдiлiгiн арттыру.

Халықаралық еңбек бөлiнiсi дегенiмiз бұл елдердiң ұлттық шаруашылықтарының ең жоғарғы тиiмдiлiкке жеткiзетiн тауарларды өндiруге мамандануы.

Д. Рикардо, елдiң белгiлi бiр өнiм түрiн өндiруге бейiмделуiн түсiндiру үшiн  «салыстырмалы артық шығындар теориясын» ұсынады. Оның ойынша, «белгiлi бiр өнiм түрiн өндiруге мамандану тиiмдi болады, егер де сол өнiмдi өз елiнде өндiру басқа елдермен салыстырғанда аз шығынды талап етсе».

Мемлекет протекционизм және еркiн сауда саясатын жүргiзу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейдi.

Протекционизм – бұл импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.

Фритредер – еркiн сауда саясаты.

Протекционизм саясаты келесiдей бағыттарда жүргiзiледi:

-         импорт кезiнде жоғары кеден алымы бар және экспорт кезiнде төмен мөлшердегi кеден салымдары;

-         тарифтiк барьерлер: контингентирлеу, лицензиялау, мемлекеттiк монополия.

Фритредердiң негiзi Д. Рикардоның «салыстырмалы артық шығындар теориясы» жүзiнде тiркелген. Ол 18 ғасыр соңында протекциондық әрекетке қарсы пайда болған. Қазiргi таңда фритредер жеңiске жетiп, «ашық» экономика теориясына енгiзiлген.

Елдiң ағымдағы  сыртқы экономикалық жағдайын төлем балансы арқылы көруге болады.

Төлем балансы – бұл шет елге төлем мен белгiлi бiр уақыттағы шет елден түскен кiрiстiң қатынасы. Оның iргетасын сауда балансы құрайды.

Сауда балансы – бұл тауар экспорты мен импортының қатынасы. Оның негiзiн ел шекарасынан өткен тауарлар жайлы кедендiк статистика мәлiметтерi құрайды.

әлемдiк шаруашылықтың субъектiлерiне трансұлттық компаниялар (ТНК), халықаралық интеграциялық бiрлестiктер: ЕЭС – Европалық экономикалық қауымдастық, ЕС – Европалық  Одақ,  ЕАСТ – Европалық еркiн сауда ассоциациясы, яғни БҰҰ, ОПЕК, ГАТТ – сауда және тарифтер бойынша Бас келiсiм, Халықаралық валюталық қор, Қайта құру және дамудың халықаралық банкi және т.с.с., жатады.

Халықаралық жұмысшы күшi миграциясы – ұлттық шекарадан өткен, көшкен, ауысқан еңбекке қабiлеттi халық қозғалысы. Оның екi түрлi себептерi бар: экономикалық және экономикадан тыс.

Экономикалық себептерге мыналар жатады: төменгi квалификацияланған жұмыс күшiне деген сұраныстың төмендеуi мен ұсыныстың өсуi, халықаралық  жалақы  айырмашылығы.

Экономикадан тыс себептерге: демографиялық жағдай, саяси, дiни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б. факторлар жатады.

 

26. Халықаралық валюта жүйесi мен қаржы.

Валюта – бұл мемлекеттiң ақша бiрлiгi. Елдер арасындағы экономикалық байланысты дамыту үшiн валюта алмастыруды қажет етедi. Ол үшiн арнайы құрылған валюталық жүйенiң болуы шартты. Олардың екi тұрi болады:ұлттық және халықаралық валюта жүйесi.

ұлттық валюталық жүйе – бұл халықаралық құқық нормаларын ескере отырып, ұлттық заң негiзiнде елдiң iшкi экономикалық байланыстарын қамтамасыз ету үшiн қалыптасқан ақша-несиелiк және валюталық  қатынастардың жиынтығы.

Халықаралық валюталық жүйе – бұл сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметiн реттейтiн мекемелердiң заңдары мен ережелерiнiң жиынтығы. Оның құрамдас бөлiктерiне мыналар жатады:

-         халықаралық төлем құралының жиынтығы (ұлттық валюта, алтын, ұжымдық валюта – СДР, евро);

-         валюта курсын қолдау және орнату механизмi;

-         валютаны конверсиялау шарты;

-         халықаралық нарық тәртiбi;

-         валюта қатынасын реттейтiн мемлекетаралық қаржы мекемелерiнiң беделiн анықтау.

Халықаралық валюта жүйесiнiң даму барысы бес этаптан тұрады:

Бiрiншi этап – Париж валюта жүйесi (1867 ж.) деп аталады. Оның базасы – алтын-монеталық стандарт, яғни есеп-айрысуда алтын мiндеттi түрде қолданылған, болды.

Екiншi этап – Генуэзия валюталық жүйесi (1922 ж.), базасы – алтын-девиздiк стандарт, яғни халықаралық есеп-айырысуда алтынды алмастырушы (девиз) ұжымдық валюталар (СДР) қолданылған, болды.

Ішiншi этап – Бреттон Вуд  валюталық жүйесi  (1944 ж.), базасы – алтын-долларлық стандарт және валютаның өзара конверсиялануы болды.

Төртiншi этап – Ямайка валюталық жүйесi (1976-1978 ж.ж.), базасы – девиздiк  жүйе, яғни алтынның ресми бекiтiлген бағасы жойылып, ол тек сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықталды, болды.

Бесiншi этап – Европалық валюта жүйесi (1979 ж.), базасы – ЭКЮ стандарты болды. ЭКЮ – европалық валюталық бiрлiк, оны құруға 2800 тонна алтын жұмсалды.

Қазiргi таңдағы валюталық нарықтардың негiзi 50-60 ж.ж. қаланды. Валюталық шектеулердiң бiрте-бiрте әлсiреуi және валюталардың еркiн айырбасталуын енгiзу, капиталдың халықаралық саудасы мен миграциясының тезқарқынмен өсуi, ТҰК-дың қызметтерiнiң кеңеюi валюталық нарықтардың маңызын арттырды.

Валюталық нарық дегенiмiз бұл сұраныс пен ұсыныс негiзiнде валюталарды сатып алу – сату процесiн жүргiзетiн ресми орталық. Валюталық нарық әлемде тауар және капитал нарықтарынан  кейiнгi екiншi орынды алады.

Әлемдiк валюталық нарық «ядросын» валюталық шектеулерi жоқ немесе елеусiз болатын мемлекеттер құрайды (А¬Ш, Германия, Жапония).

Ең алғашқы валюталық нарық ұлыбританияда (Лондон валюталық нарығы) пайда болған. Оның негiзгi субъектiлерi – коммерциялық банктер.

Мемлекеттер арасындағы өтетiн валюта айырбасы мен есеп-айырысуы валюта курсы негiзiнде болады.

Валюта курсы – бұл берiлген ұлттық валютаның  ақша бiрлiгiнiң бағасы, басқа ел валюталық ақша бiрлiгiнде көрсетiледi.

Алтын стандарты кезiнде валюта курсы тұрақты болады. Ол алтын паритетi (теңдiгi) негiзiнде құрылады.

1971 ж. доллардың алтынға айырбасталуы ресми түрде тоқтатылғаннан кейiн, тұрақты валюта курсы тұрақсыз курсқа ауысты.

Тұрақсыз валюта курсы валютаға деген сұраныс пен оның ұсынысымен анықталады.

Ұлттық валютаны әлемдiкке енгiзу үшiн, ұлттық валюта конверсияланған болуы тиiс.

Валютаны конверсиялау – бұл ұлттық ақша бiрлiгiнiң әртүрлi халықаралық есепте еркiн қолдану қабiлеттiлiгi.

Халықаралық валюта жүйесiнiң қызметi халықаралық ұйымдар арқылы жүзеге асады. Бұл ұйымдарға мыналар жатады: МВФ, МБРР, ОЭСР, МАР және т.б. олардың басты қызметi – халықаралық реттеу тиiмдi болатындай, әлемдiк валюта қатынасын үйлестiру механизмiн құру.

 

27. әлемдiк шаруашылықтың дамуындағы басты iргелi мәселелер.

«Ңаламдық проблемалар» терминi алғашқы рет Батыс елдерiнде 60-шы жылдарда пайда болып, әрi қарай кең көлемде таратыла бастады. Ңаламдық проблемаларға адамзаттың ғаламдық мәселелерi, өркениеттiлiктiң ғаламдықмәселелерi, ҢТР-ның ғаламдық және дүниежүзiлiк экономикалық проблемалар, субғаламдық, әмбебаптық, жалпы дүниежүзiлiк проблемалар жатады. Демек, ғаламдық дегенiмiз жер шарындағы көкейтестi мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Дәлiрек айтсақ: дүниежүзiлiк өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердiң экономикалық артта қалуын жою; энергетикалық, азық-түлiктiк, шикiзаттық және демографиялық проблемалар; дүниежүзiлiк мұхит байлығы мен бейбiт жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және т.с.с.

Ңаламдық проблемалардың ерекшелiгi сол тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси экономикалық, ғылыми-техникалық кұштерiнiң бiрiгуi нәтижесiнде шешуге болады. Оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешудi тоқтату өркениеттiлiктi кұйретумен бiрдей немесе жердегi өндiрiс қызметi мен өмiр жағдайын деградациялау болып табылады.

ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының екiншi жартысында АҚШ пен бұрынғы КСРО арасында қару-жарықтану көз жетпейтiн масштаб пен интенсивтенудiң шарықтану шегiне жеттi. Адамзат тоталитарлық жойылудың адам айтқысыз қаупiмен бетпе-бет келдi. Мiне, осы ғаламдық проблеманы шешу үшiн 1987 жылғы тамызда Нью-Йорктегi Халықаралық конференцияда «Даму үшiн қарусыздану» халықаралық қоры құрылды, «Стратегиялық бағыттағықару-жарықты қысқарту мен шектеу Шарты» қабылданды.

Қазақстан Республикасы да осы Шартқа қосылады. Ядролық қаруды сынау полигоны Семейдi жауып, ядролық зарядтары бар алысқа атылатын ракеталардан босатылады. Осы мақсатта конверсия саясаты, яғни қарусыздану жағдайында соғыс өндiрiсiн немесе қызметтерiн бейбiт рельске көшiру қолға алынып отыр.

Ядролық қарусыздану мен жаппайқарулануды жою - ғаламдық проблемаларды шешудiң басты кiлтi болып табылады.

Жер шарының көп бөлiгiн қамтып отырған ғаламдық проблемалардың бiрегейi – кедейлiктi, аштықты, ауруды жою болып отыр. Бұұ-ның мәлiмдеуiнше дамушы елдерде 800 млн. адам (40%) абсолюттi кедейлiк жағдайда өмiр сұруде.

Жаппай қарулану жыл сайын триллиондаған долларды қажет етедi. Ал, бұл дүниежүзiндегi қару-жараққа жұмсалатын шығындар дамушы елдердi қажеттi тамақ-тағамдармен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жетер едi.

Планетамыздағы дамыған елдер индустриалды дәуiрден постиндустриалдығы, өркениеттi ақпараттық дәуiрге өтуде. Туып келе жатқан ақпараттық қатынастар планетадағы барлық елдерге оның экономикасының дамуы мен сипатының деңгейiне қарамастан (нарықтық па, әлде нарықтық емес пе) әсер етуде.

Қазақстан және ТМД елдерi үшiн де экономиканы ақпараттандыру – алыс келешектiң мiндетi. Бұл үшiн қосымша көп қаржы қажет. Соған қарамастан Қазақстан Республикасы нарыққа өтудiң екiншi бағдарламасы ретiнде телекоммуникацияны жедел дамытып, технологиялық артта қалуды жоюды көздеп отыр.

Энергия тұтынудың құрлымы мен деңгейiн анықтайтын экономикалық өсу бастапқы энергияның барлық түрлерiнiң өндiрiсiнiң айтарлықтай өсуiне әкеледi. Қайта өндiрiлетiн ресурстан, яғни су энергиясы, жел, күн энергиясы, мамандардың бағалауы бойнша әлемдiк энергия тұтынудың 15%-iн қамтамасыз ете алады. Дегенмен де, ХХI асырда энергияның көп бөлiгi ядролық отын есебiнен қамтамасыз етiледi деп күтiлуде. Ал, бұл планетаның климатына үлкен әсер етедi. Қазiргi энергетиканың дамуы қоршаған ортаға локалды масштабта, сондай-ақ ғаламдық масштабта зиян келтiруде.

Адамзатта жалғыз бөлiнбейтiн ауа кеңiстiгi, барлығы үшiн бiртұтас орман массивi, бiр әлемдiк мұхит, бiр космос. Сондықтан да, Жер планетасын қорғау әрбiр мемлекеттiң, әрбiр адамзат баласының мiндетi.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-12 16:23:24     Қаралды-12235

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »