UF

Тақырыбы: Аумақтық жерге орналастыру

 

1.ЖОҒН, түсінігі, мақсаты, міндеттері.

Жерге орналастырудың ғылыми негіздері (ЖОҒН) бір қатар жалпы ғылыми пәндер - Қазақстан тарихы, геодезия, топырақтану және т.б. арқылы алынған білімдерге сүйенеді. Солардың арасында ЖОҒЫ-нің алдында оқылатын жер қатынастары мен жерге орналастыру тарихы (ЖҚ жөне ЖОТ). Бұндағы материалды ұғу барысында аса маңызды: жер қатынастарының негізгі заңдылықтары, олардың өндіргіш күштерін үнемі арттырып отырудағы ролі, жерге орналастырудың әр түрлі тарихи кезеңдерде, әсіресе ірі жер реформаларын (1861, 1906-1913 ж.ж.) жүзеге асырғандағы және 1917 ж. кейін жер қатынастарын қайта құрғандағы мемлекет құралы ретіндегі ролі, жерге орналастыру іс-қимылдарының (қазіргі, Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстан территориясында, Ресей империясы мен КСРО аумағында және тәуелсіздік кезеңінде) соңғы ғасырлар ішінде жерді пайдалануды және жер ресурстарын ұтымды пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі маңызы мен мазмұны.

Қазіргі жерге орнапастыру елдің экономикасына, соның ішінде аграрлық саласына жаңа нарық қатынастарын енгізумен байланысты. Ол Конституция мен жер заңдары негізінде жүзеге асырылатын аграрлық саясаттың құралы болып табылады.

Жер Кодексінде бұрынғыдай жер пайдалану мен жер иеленудің әр түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Бүл заңның негізгі мақсаты жойылған колхоздар мен совхоздардың негізінде құрылған шаруа (фермерлік) қожалықтарына, жауапкершілігі шектелген серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, командиттік серіктестіктерге, өндірістік кооперативтерге (АҚ. ЖШС, КС, ЛЕС), сонымен бірге ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау-баңшалығының, өнеркөсін, энергетика және басңада көсіпорындарының қосалқы шаруашылықтарының әрі қарай дамуына қолайлы территориялық жағдай жасау.

Қазіргі кезде республика жер қорының негізгі бөлігі жоғарыда аталған 8 мың мемлекеттік емес ірі ауылшаруашылық құрылымдарының иелігі мен пайдалануында. Осымен қатар, миллиондаған жанұя жеке меншік құқығы негізінде әр түрлі көлемді (көбінесе шағын) учаскелерді үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізуге пайдалануда. Жер реформасының негізгі мақсаты - жерге иесін қайтару. Революциядан кейінгі жылдары өткізілген национализацияның, басқаша айтқанда жерді мемлекет меншігі ретінде жариялаудың, нәтижесінде, әсіресе ауыл шаруашылығын зобалаң әдістермен ұжымдаудың салдарынан, ауыл еңбеккерлері жер иесі қасиеттерінен айрылып, жерден алшақтап кетті. Жаңадан пайда болған шаруашылық құрылымдарда өндірістік қатынастар айтарлықтай өзгеруде. Ұйымдастырылған өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар (АК), көптеген жауапкершілігі шектелген серіктестіктер (ЖШС), шаруа (фермерлік) қожалықтар өзі еріктерімен қабылдаған Уставтары негізінде жұмыс істейді. ШФҚ көбінесе бұрынғы совхоздар мен колхоздар есебінен бөлініп берілген жер үлестері негізінде құрылуда. Олар әрқашанда өз жер үлестерін алып жеке шаруашылық жүргізуге құқықты. Жергілікті әкімшіліктердің қарамағында жаңа шаруашылық қожалықтарын құруға қажетті арнайы жер қорлары жасалған. Олардың барлығына жер белгілі бір мөлшерде шектелген жеке меншікке (негізінен үй маңындағы учаскелер), ал көбінесе тұрақты пайдалануға, немесе жалға (5 - 49 жылға) беріледі.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан кауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін - ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.

 Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері айқындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайларына саяды:

  • Республика заңдарының негізінде жер катынастарын реттеу;
  • жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
  • жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
  • топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау
  • жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту.

 

2.Жер қатынастары.

Жер қатынастары қоғамның экономиканың құрамын қалыптастыратын өндірістік қатынастар жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады.

Жер меншігі, жер иелену және жер пайдалану формалары әрқашанда олардың негізі ретінде болады.

Өндірістің әрбір тәсіліне (феодалдык, капиталистік, социалистік) өзіне сөйкес меншік формасы тән. Мысалы, марксизм классиктерінің пайымдауынша, социалистік құрылыста, капиталистік құрылысқа қарағанда, меншіктің мемлекеттік, кооперативтік және жеке меншік формалары болады. Бірақ, олар, жер жеке меншігі оның тиімді пайдалануына кедергі жасайды, тек жалпыхалықтық немесе мемлекеттік меншік қана егіншілікте прогресті қамтамасыз ете алады деп есептеді. Іс жүзінде тиімді егіншілік, жер меншігінің қай формасы болса да, сонымен бірге сан түрлі шаруашылық жүргізу формаларына қарамастан да орын алуы мүмкін.

Қазан революциясынан кейінгі және ЖЭС кезеңіндегі жер қатынастарын қайта құру тәжірибесінің көрсетуінше, еңбектік жер пайдалану формалары сол кезде белгілі бір маңызға ие болды. Олардың кейбіреулері (қауымдастық, серіктестік) ұсақ шаруашылықтардан кооперация жолымен ірі шаруашылықтарды кұруға мүмкіндік туғызса, басқалары (отрубтік, әсіресе хуторлық формалары) - жеке меншік шаруа қожалықтарының, негізінен жанұя-еңбектік шаруашылық жүргізу укладтарының сақталып қалуына әсер етті.

Жер қатынастары бүкіл өндірістік қатынастарымен және өндіргіш күштерімен бірге дамиды. Мысалы, егіншілікте қуатты трак­торлар мен күрделі ауылшаруашылық техниканың қолданылуы өндірістік қатынастары мен жер қатынастарын елеулі түрде өзгертіп жіберді. Бұндай жағдайда өндірісті шоғырландыру, егіншілікте кооперацияны пайдалану, соған себепті жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің аудандарын ұлғайту қажеттілігі туындайды. Осының нәтижесінде белгілі бір мөлшерде егіншілік еңбегінің өнімділігі де арта түседі.

Жердің шаруашылық құндылығының өсуіне, жер құқығының бірте - бірте дамуына қарай межелеу қажеттілігі пайда болады, ал соңғысы уақыт өте бара күрделі жерге орналастыру шаралары кешеніне айналады. Жер катынастарының күрделене түсуіне сәйкес, жерді экономикалық және экологиялық тұрғыдан орынды пайдалану мақсатымен, оларды реттеуге қолданылатын жерге орналастыру іс-қимылдары да сан алуан формаларына ие болады.

Қоғам тарихында жер иелену және жер пайдалану формаларының алмасуы әрқашанда жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылып отырады. Соңғысы әрдайым сол өндіріс тәсіліне тән жер меншігі мен жер реттілігін орнату және нығайту жөніндегі үкімет құралы ретінде пайдаланылды. Осының барысында жер иелері мен жер пайдаланушылардың мүдделерін ескерте ұмтылу байқалады. Жер қатынастары мен жерге орналастыру тарихында бұл ой желісі бір қатар оқиғалармен бейнеленеді: крепостное правоның жойылуынан кейінгі (1861 ж. реформа) помещиктік жерге орналастыру, шаруалар жеке меншігінің; дамуына, сонымен бірге ірі помещиктік жер иеліктерінің сақталуына себеп болған столыпиндік жерге орналастыру.

Революциядан кейін өкімет басына келген басқа әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделеріне сәйкес, жерге орналастырудың алдына мүлде басқа міндеттер койылды. Демек жерге орналастыру әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретінде, заң негіздерінде жер иелену мен жер пайдалануды реттеп отыруға колданылды. Ол жер қатынастарының дамуымен, өндіргіш күштерінің өсуімен, жерді пайдалану формаларын жетілдірумен өзара тығыз байланысты.

XX ғасырдың басында Ресей империясының территориясында помещиктік және шаруашылық жер иелену мен жер пайдалану фео­далдык сарқын-шарпындарымен аралас болып шықты. Осыған себепті жер пайдалануда алабарлық, теңбілдеулік, шалғайжерлік және басқа да көптеген осы тәріздес кеңістік кемшіліктер орын алды. Соңғылары жер қатынастарын шиеленістіріп, үстемдік таптарға сөз жүзінде еркін шаруаларды экономикалық езгіде ұстауға мүмкіндік беріп отырды.

Осындай жағдайда жер мәселесі революцияның түбегейлі мәселесіне айналып, әр түрлі партиялар мен ағымдардың бағдарламаларында басты орын алды.

Әсіресе табанды және бірізді жерді ұлттандыру (национализация) бағдарламасын большевиктер партиясы қорғады. Марксизм классиктері мен В.И. Лениннің пайымдауынша, жерді ұлттандыру буржуазиялық - демократиялық революцияның нәтижесі болуға тиісті, өйткені буржуазия жер меншігінен, ал сонымен бірге, арам-тамақ абсолюттік жер рентасын пайдаланып отырған жер иеленушілер табынан құтылуға мүдделі. К. Маркс жер меншігі белгілі бір даму деңгейінде керексіз және зиянды деп есептеді.

Оның ойынша буржуазиялық құрылыста жерді ұлттандыру бір қатар себептерден мүмкін емес: біріншіден,- жалпы жеке меншік принципін бұзбау үшін, екіншіден, - бұл идеяның басқа жеке меншік түрлеріне (банктер, фабрикалар, зауттар жене т.с.с.) өрістеуінен қауіптену себебінен. Қазірдің өзінде, ғылыми-техникалық прогресс заманында, кәсіпорындар мен жылжымайтын мүліктердің иелері әр түрлі мақсатпен жер сатып алуда. Дәл осы себептен адамзат тари­хында орын алған бірде - бір буржуазиялық - демократиялық революцияның нәтижесінде жерді ұлттандыру идеясы жүзеге асырылған жоқ. Тек Кеңес үкіметінің бірінші күні қабылдаған "Жер туралы" Декретінде ғана жер жеке меншік құқығы мүлде жойылады, бүкіл жер жалпыхалықтық дәулетке айналады және еңбеккерлерге пайдалануға беріледі делінген. Жерді ұлттандыру сол кезде ауылды жаңартуға, агромәдениеттік процесті күрт жеделдетуге мүмкіндік береді деп есептелді. Осындай пікірде белгілі ғалымдар А.В. Чаянов, П.Н. Першин және т.б. болды.

3.Жерде шаруалау.

Табиғи ортаға, сонымен бірге, нақты ықпал қоғамдық өндіріс шеңберінде жасалады. Бүкіл адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуы жемен байланысты және түптеп келгенде, адам мен жердің өзара әрекеттестігіне саяды. Еңбек адамның материалдық құндылықтарды жасау жөніндегі іс-әрекеттері, ал жер осы еңбектің территориялық негізі ретінде жоғарыда аталған әрекеттестіктің міндетті түрде болатын құрам бөлшегі болып табылады. Еңбек процесінде адам өзі мен жердің арасындағы орын алатын зат алмасуын реттеп және қадағалап отырады. Демек, жер оның жұмыс орны болып, еңбегіне әрекет саласы ретінде қызмет етеді.

Тұтыну құндылығының қайсысы болса да, ол екі элементтердің -жер (табиғат заты) мен еңбектің қосындысы болып табылады. Қоғамдық өндірістің экономикалық факторы ретінде жер- жалпы еңбек заты. Ол еңбектің нәтижесі емес, демек адамның қатысынсыз пайда болған табиғат сыйы.

Сонымен қатар, экономиканың қай саласы болса да, жер өндіріс орналастырылатын және жүргізілетін жалпы еңбек кұралы болып табылады. Өндіріс барысында нақтылы және затталған еңбекпен қосыла отырып, ол өндіріс құралына айналады.

Жердің қоғамдық өндірістегі ролін асыра бағалау өте қиын. Қоғамдық өндірістің екі қырының - өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуында оның маңызы орасан зор. Елдің ұлттық қорының құрам бөлшегі ретінде, жер мемлекеттің аса күрделі басқару тетігінің бірі болып табылады.

Оның өндіріс процесіне әсер етуі жалпы сипатқа ие болуда. Бәріне мәлім, жерсіз ғимарат немесе құрылыс салуға, ешқандай материалдың құндылықтың өндірілуін ұйымдастыру мүмкін емес. Өндірістік және өндірістік емес салаларда еңбек процесі әрқашанда территориялық негіз ролін атқаратын жерден басталады. Жер осындай ролъді өндірістің қай саласында болсада - өнеркәсіп, көлік, энергетика құрылыс және ауыл шаруашылығы, сонымен бірге өндірістік емес салаларда да атқарады.

Бірақ та ауыл шаруашылығында жердің маңызы ерекше. Экономиканың тек осы саласы мен орман шаруашылығында еңбек нөтижесі елеулі түрде жердің сапасынан, ландшафттың кеңістік қасиеттерінен, әсіресе топырақ жамылғысының сапасынан төуелді.

Жердің еңбек процесіндегі ролін айқындай отырып мынадай тұжырым жасауға болады - материалдық қүндылықтар мен тіршілікке қажетті заттарды өндіруге керекті бүкіл еңбек қүралдарын үш топқа бөлуге болады:

1) жер (жер ресурстары); 2) жылжымалы; 3)жермен үзілмес байланыстағы құралдар.

Бірақ та жердің функциялау заңдылықтары халық шаруашылығының әр түрлі салаларында бірдей емес.

Жер өнімді жасауға тікелей қатыспағанымен, онсыз өндіріс процесі мүмкін емес.

Жер еңбек процесінің ең соңғы нөтижесіне бірдей әсер етпейді. Өзінің халық шаруашылығындағы (өндіріс және өндірістік емес саладағы) экономикалық және функционалдық максатталғалдығына қарай, жер әр түрлі роль атқарады:

1)басты өндіріс құралы;

  1. өндірістің кеңістік базисі;
  2. ерекше минералдық-шикізат ресурстарының қоймасы;
  3. типті және сирек кездесетін реликт ландшафттары.

Адам тіршілігінің аса көне саласы егіншілік әрқашанда табиғаттың өндіргіш күштеріне негізделген. Қазіргі ауыл шаруашылығы, "Адам - жер - машина" жүйесінде өлшемсіз зор мүмкіншілігіне қарамастан, қажетті биологиялық массаны алу үшін, бірінші кезекте, жер мен тірі табиғаттағы жаратылыс заттар айналымын пайдаланады. Ол өлі де белгілі бір деңгейде аймақтың макро және микроклиматынан, ландшафттан, жердің кеңістік қасиеттерінен төуелді. Аталған жүйеде аса маңызды рольді, тіршілік әрекеті топырақсыз болмайтын өсімдіктер атқарады. Өзі кезегінде топырақ адам ыкпалына аса бейімді табиғи заттардың бірі.

Осы ықпалдың табыстылығы табиғи және өндірістік заттар алмасуының зандылықтарын танып білу деңгейіне байланысты.

Адам жерді өңдей отырып, топырақтың жаратылыс қасиеттері мен табиғи құнарлылығына әсер етеді, оның тиімділік (экономикалық) құнарлылығын арттырады. Сонымен, топырақ құнарлылығы ауыл шаруашылығында ең басты роль атқарады. "Топырақтану" ғылымында топырақтың табиғи жөне жасанды құнар­лылығы, оның физика-химиялық және механикалық қасиеттері динамикада зерттеледі. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесінде, сонымен бірге жер кадастрында, осылардан басқа жердің экономикалық (тиімділік) құнарлылығы ескеріледі. Демек, соңғысының қазіргі және келешектегі жалпы агроөнеркәсіп кешенінің және оның белді құрам бөлігі - ауыл шаруашылығының даму деңгейіне сәйкестігі зерттеледі. Ауылшаруашылық дақылдары түсімділігінің мөлшері мен тұрақтылығы осы экономикалық құнарлылықты дұрыс пайдаланудан тәуелді, өйткені жерге (топыраққа) түскен дәннің өсіп-өнуі тірі және затқа айналдырылған еңбектің интенсивтігіне, қолданылған прогрессивтік технологияға тікелей байланысты. Адам еңбегінің топырақ-климаттық жағдайлардан осы тәуелділігі, ғылыми-техникалық прогрестің нөтижесінде азая бастауына қарамастан, әлі де ұзақ уақыт едөуір салмақты болып қала береді. Бұл объективтік шындықты жерді орынды пайдалану және қорғау барысында, осы жөніндегі жобалық шешімдерді қабылдағанда, әрқашанда ескеріп отырған қажет.

 

5.Жердің кеңістік қасиеттері және климаттық факторлар.

 

Жоғарыда аталған жердің негізгі кеңістік касиеттерінен туынды болып, жер алаптарының орналасуы мен құрылымы, кескін үйлесімдігі мен бытыраңқылығы, жер учаскелерінің (ауыспалы егістер мен олардың танаптарының, ауыспалы жайылымдар мен ауыспалы шабындықтар танаптарының, жұмыс учаскелерінің) орналасу ерекшеліктері мен межелері және т.б. табылады.

Жерге орналастыруда ескерілетін факторлардың ең бастысының бірі - топырақ қыртысы.

Топырақтың құнарлылығы, әсіресе экономикалық (тиімділік) құнарлылығы диқан еңбегінің нәтижелігіне, дақылдардың түсімділігіне және мал азығы алаптарының өнімділігіне тікелей әсер етеді. Су мен жел эрозияларының өршуі топырақ құрылымынан, оның экологиялық төзімділігінен тәуелді. Сондықтан да қазіргі кезде ішкішаруашылық жерге орналастырудың басты бағытының бірі болып табылатын территорияны эрозияға қарсы бейімдеу топырақтың түрлерін, физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін, эрозияға ұшырағандығын, ұшырауға ықтималдығын сипаттайтын накты материалдарға негізделеді. Сонымен қатар топырақ қыртысының тұзданған және сортаңданған мөлшері, ластанғандығы және басқа жағымсыз құбылыстарға ұшырағаны ескеріліп отырады. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиісті түрде орналастыру, жоғары тиімді ауылшаруашылық өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ, агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, топырақтың құнарлылығын арттыруға және ұдайы өндіруге қолайлы территориялық жағдайларды жасауды көздейді. Бұндай методологиялық амал, жердің ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы ретіндегі басты ерекшелігінен - дұрыс пайдаланғанда өндіргіш қасиеттерін (құнарлылығын) жоғалтпай, қалпына келіп отыру қабілеттілігінен, туындайды.

Бонитет және құндылық бағалау балымен сипатталатын топы­рак күйін ескеру, бірінші кезекте, жер алаптарының құрамы мен орналасуын белгілеуге, оларды бір-біріне ауыстыруға, жыртылған жерде ауыспалы егістіктер жүйесін (ауыспалы егістердің түрлері мен типтерін таңдау, олардың танаптары мен жұмыс учаскелерін, мал азығы алаптарын орналастыру) жобалауға қажет.

Қазіргі нарықтық жағдайда жер жөніндегі әр түрлі келісім-шарттарды жүргізуде, салық салуда, мемлекеттік жер кадастрын жасауда және көптеген баска да жер қатынастарын реттеуге байланысты мәселерді шешкенде, кең қолданылатын жер учаскелерінің бағалау балын топырақтың күйі себептейді.

Шаруашылық жүргізу жағдайлары мен жердің пайдаланылуына бедер саналуан ықпал жасайды.

Жер қыртысының топыраққа айналу процесі бедердің әр түрлі элементтерінде (суайрық, тальвег, баурайдың басы мен етегі) өзіне тән сипатқа ие болады.

Сонымен бірге бедер су эрозиясының басты себебі, топырақтың шайылуы, оның табиғи құнарлылығын жоғалтуы, қордасының азаюы, жыра-жыраңалардың пайда болуы бедердің кеңістік қасиеттеріне байланысты.

Баурайлардың әрбір беткейінде (экспозициясында) жеке микро­климат болады. Демек, тәулік пен жылдың мезгіліне қарай ерекше температуралық және ылғалдық режим қалыптасып отырады. Осыған байланысты ауылшаруашылық алаптары мен дақылдардың, әсіресе жеміс-жидектердің орналасуы белгіленеді.

Ғимараттар мен құрылыстарды, жол мен ирригациялық жүйелерді және басқа да объектілерді салу бедердің сипатынан айтарлықтай тәуелді.

Бедер машина-тракторлық агрегаттардың (МТА) да тиімділігіне әсер етеді. Құламалы баурайларда МТА өнімділігі күрт төмендейді. Өрге қарай тракторға қосымша тарту күші қажет. Осы жағдайды танаптар мен жұмысшы учаскелерін жобалағанда әрқашанда ескеріп отырған жөн.

Макро-, мезо- және микробедер сан алуан жағдайлармен сипатталатын және әр түрлі көлемді агроландшафттарды құрайды. Жерге орналастыру шешімдерін қабылдау барысында олардың ерекшеліктерін ескеру мақсатымен түрлі-түрлі амалдарды іздестіру керек. Бұл шешімдердің дәлелді болуы үшін жер бедері көрсетілген план-картографиялық материалдар міндетті түрде колданылуы қажет.

Ландшафттар, сонымен бірге агроландшафттар гидрографиялық тармақты да қамтиды. Өзі кезегінде соңғысы (өзен-өзек, көлтоған, сай-жыра жүйесі) ландшафттың жалпы сипатын себептейді. Ландшафттарды айтарлықтай өзгертіп отыратын жерге орналастыру шешімдері өте жоғары дәрежеде территорияның гидрографиялық тармақпен кескіленуінен төуелді.

Бір қатар жағдайларда жерге орналастыру міндеттерінің орын-далуы гидрогеологиялык жағдайлармен байланысты. Соңғыларына су көздерінің дебиті, жер асты және артезиан суларының орналасу тереңдігі жатады. Бұл жағдайлар елді мекендер мен ауыл-шаруашылық өндірісін сумен қамсыздандыру мүмкіншіліктерін себептейді.

Адам тіршілігіне байланысты ландшафттардағы түбегейлі өзгерістерге қарамастан, онда әлі де біраз табиғи өсімдіктер кездеседі. Жерге орналастыру шешімдерін кабылдағанда аса маңызды табиғи шөп жамылғысы, оның түрлері мен улы арам шөптермен басылуы назардан тыс қалмағаны жөн. Мал азығы алаптарының культуртехникалық күйін, олардың территориясында батпақ, төмпешіктер, тас жөне басқа, сапасына теріс әсер ететін заттардың бар болуын сипаттайтын мағлұматтар қажет.

Сонымен бірге территорияны реттестіргенде шөп жамылғысы мен табиғи алаптарының сапалық сипаттамасы, мал азықтығы ескерілуге тиісті. Осыған байланысты план-картографиялық материалдардың құрамында жалпы ситуация мен жер бедері бейнеленген жер пайдаланушылықтың геодезияның планы және топырақ картасымен қатар геоботаникалық карта да енеді. Ал аса күрделі жағдайларда өсімдіктер түрлері және басқа да сипаттамаларды қамтыған картограммалар қолданылады. 

Климат жағдайларының арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын, жел белсенділігі және температуралық режим.

Жерге орналастыру объектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезеңде түсетін жауын-шашынның түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соңғыларының мазмұны жеткілкті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шөлде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі, телімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше.

Желдің күші мен багыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасай­ды. Бұндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған.

Дефляциялық процестердің алдын алу немесе бәсеңдету максатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік жөне орман жолақтары жобаланады.

Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті аңызақ жел температураның жоғары және ауа ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура косындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын тікелей себептейді.

6.Жерге орналастыру шешімдерінің тиімділігіне әсер етуші экономикалық және әлеуметтік жағдайлар.

Жерге орналастыру, қоғамның өндірістің құрамды бөлігі ретінде, әрқашанда нақты экономикалық жағдайларда жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш күштерінің және өндірістік қатынастарының арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі. Сондықтан жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асыру мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру қажет. Салааралық және шаруашылықаралық жерге орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты объектілердің макроэкономикалық күйін, салалар мен шаруашылықтардың мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайларын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Экономикалық жағдайлардың арасында, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыруда ескерілетіндеріне, мынадайлар жатады:

  1. жер алаптарының құрамы мен аудандары, оларды әр түрлі мақсаттарға игеру мүмкіншіліктері;
  2. жалпы өнімге, шығындардың өтелуіне жөне дифференциалдық табысқа қарай, құндық немесе аналитикалық (балдық) көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш қасиеттерін бағалау;
  3. серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы (өндірістік бағыттары), шаруашылықаралық және интеграциялық байланыс­тары, нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсыру жөне жабдықталу пунктерінің орналасуы;
  4. ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлестіктердің шаруашылық жүргізу жүйесі және экономикалық нәтижелері, салаларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудан­дары, өндірістік және каржы көрсеткіштері (егіншілік және мал шаруашылығы бойынша), а.ш. дақылдарының түсімділігі мен алаптарының өнімділігі, жалпы өнімі мен табысы, кірістері мен өндірістің рентабельділігі;
  5. шаруашылықтардың ұйымдастыру-өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;
  6. кәсіпорындардың еңбек ресурстарымен, а.ш. техникасымен, өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы және енбектің энергиямен қаруландырылғандығы;
  7. шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау және несие беру мүмкіндіктері.

Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер алаптарының құрамы мен ау­дандары оның өндірістік бағытын, мамандандырылғандығын жөне салаларының үйлесімін себептейді. Мысалы, жыртылған жердің үлес салмағы жоғары болса - астың өндіруге, табиғи жайылымдардьщ мол-шылығы - қой шаруашылығьш жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Айтарлықтай кең ауданды шабындықтары мен жайылымдары бар шаруашылықтарда басты назар осылардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру мәселелеріне аударылады. Керісінше, мал азығы алаптары шамалы кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге ауыстырылып, көк азық конвейері ұйымдастырылады, арнайы мал азығы ауыспалы егістері енгізіліп, осы мақсатпен жұмысшы учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Осымен қатар трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың мелиоративтік қоры жасалады.

Құндылық бағалауға қатысты материалдар шаруашылықтың қарамағындағы жерлердің экономикалық құнарлылығын сипаттайды. Бұнда табиғи құнарлылықпен бірге жердің елді мекендерден шалғайлығы, эрозияның өршіп кету қауіптілігі, жер массивтерінің технологиялың қасиеттері, конфигурациялары, көлемдері және бедері ескеріледі.

Жерге орналастыруда экономикалық жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі, территорияны өндірістің мұқтаждықтарына қарай бейімдеу арқылы, екіншісі, өндірісті территорияның реттілігі мен касиеттерін ескере отырып өзгерту. Бірінші жағдайда өндірістің салалық құрамына сәйкес алаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады, еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер массивтерінің пішін кескіндіктерін жақсарту, алаптардың ұсақ контурлылығы мен ыдыраңқылығын жою қажеттілігі қарастырылады. Екінші жағдайда шаруашылықтың өндірістік бағыты, мамандандырылғандығы, мал фермалары мен бөлімшелерінің орналасуы, ауыспалы егістіктері мен а.ш. дақылдарды өсіру технологиялары топырақтардың құнарлылығы мен таралуына, эрозияланғандығына және жердің басқа да кеңістік ерекшеліктеріне қарай анықталады. Шаруашылық орналасқан аймақтың топырақ -климаттық жағдайлары алаптардың құрамы мен арақатынастарын себептейді, ал соңғысы шаруашылықтың мамандандырылғандығын, демек территорияның реттестірілуіне тікелей әсер етеді. Мысалы, астың өндіретін шаруашылықтарда алаптардың басым бөлігін жыртылған жер құраса, қой шаруашылықтарында табиғи жайылымдардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Қала маңында орналасқан, еңбек ресурстарымен толығырақ қамтамасыз етілген шаруашылықтарда көбінесе интенсивтік дақылдар (көкөніс, картоп және т.с.с.) шоғырланады.

Ал, мал өсіруге мамандандырылған кәсіпорындардың егістік құрамында мал азығы дақылдарының (көпжылдық және біржылдық шөп, жүгері, тамыр жемістілері және т.б.) үлес салмақтары едөуір артығырақ болады.

Жеміс-жидек бағытындағы шаруашылықтарда алаптарының біраз бөлігі көпжылдық көшеттерді өсіруге үлестіріледі.

Нарықтық экономика кезеңінде өнімнің кай түрі болса да шаруашылықтың мамандандырылғандығына қарамастан, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру принциптерін негізінде өндіріледі. Бұл, ауылшаруашылық өндірісі толығымен ұдайы өндіріске жеткілікті тұрақты рентабельдікке бағытталған деген сөз.

Сондықтан жерге орналастыруда шаруашылық пен оның өндірістік бөлімшелерінің мамандандырылғандығын талдау, соңғысының жерді тиімді пайдалану талаптарына сай болуын анықтау қажетті. Осымен қатар өнімдерді қабылдау және өңдеу кәсіпорындарының жабдықтану пункттері мен инфрақұрылымның бар болуы және ор­наласуы, шаруашылықаралық кооперация және агроөнеркәсіптік интеграция мүмкіншіліктері туралы мәліметтер жиналады. Бұл мәліметтер шаруашылықтың мамандандырылғандығын нақтылауға, алаптардың құрамы мен аудандарын және т.б. осыған сөйкес қалып­тастыруға мүмкіндік береді. Түпкі мақсат -жердің пайдалану деңгейін барынша көтеру және топырақтың құнарлылығын жүйелі түрде арттырып отыру.

Осы мақсатпен, сонымен бірге өндірістің тиімділігін арттыру үшін, шаруашылық жүргізу жүйесі, егіншілік және мал шаруашылығы салаларының үйлесімділігі, өндірістің ұйымдастыру деңгейі зерттеледі, жалпы және тауарлы өнімнің құрамы мен өндірістің рентабельдіктігі, кіріс пен шығыс, өнімнің өзіндік құны мен тағыда көптеген экономикалық көрсеткіштер талданады.

Бұл іс-әрекеттер нарық қатынастары, толық шаруашылық есебі, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.

Сондай-ақ жерге орналастыруда еңбектің үйымдастырылуы, ең-бек ұжымдарының а.ш. техникамен және өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы назарға алынады. Ол үшін еңбекке жарамды адамдардыңтсаны, біліктілігі, а.ш. алаптарымен жүктелуі, өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі, шаруашылық жүргізу және жекешелендіру формалары, мүлік және жер үлестерінің мөлшері, бұрынғы совхоздар мен колхоздардың территорияларында жаңа шаруашылық қүрылымдарының (ШФҚ, ЖШС, ЖК және т.с.с.) ұйымдастырылуы анықталады.

Жерге орналастыруда ескерілетін негізгі әлеуметтік жағдайларға жатады:

  1. қалыптасқан қоныстану жүйесі, халықтың құрамы мен коныстану тығыздығы, миграциялық процестердің динамикасы;
  2. елді мекендердің саны, орналасуы, көлемдері, мақсатталғандығы және жабдықталу деңгейі, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы
  3. мал фермаларының түрлері, саны, көлемі, егіншілік пен мал шаруашылығында өндірістік процестердің механикаландыру деңгейі;
  4. еңбекті ұйымдастыру, ақы төлеу, материалдық және моральдік ынталандыру формалары;
  5. жол торабының күйі, халықтың көлікпен қамтамасыз етілуі, су көздерінің тапшылығы, елді мекендер мен өндірістік орталықтардың сумен қамсыздандырылуы және жайылымдардың суландырылуы;
  6. жеке үй (қосалқы) шаруашылқтарының даму деңгейі, оларды ұлғайту мүмкіндіктері;
  7. қала түрғындарының, саяжай қүрылыстарының (жеке меншік, кооперативтік)

8)        өнімді өткізудің және өндірісті жабдықтаудың ұйымдастырылуы, кооперацияның, нарықтық қатынастардың, инфрақұрылымның дамуы, ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын жақсарту мүмкіншіліктері.

Қалыптасқан ауылдық қоныстану жүйесі біртекті емес. Мысалы, қой шаруашылығы тараған батыс жөне оңтүстік аймақтарға ұсақ қоныстар тән, ал республиканың астық өндірісі дамыған жерлерінде ірі елді мекендер қалыптасқан.

Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының қалаларға көшу процесі үдейе түсуде. Бұл шаруашылықтардың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне теріс әсер етеді, сондықтан жерге орналастыруды жүргізгенде міндетті түрде ескерілуге тиісті. Әрбір жеке жағдайда ауыл жанұяларын жақсы жабдықталған, қора-қопсылары бар үйлермен қамтамасыз ету көзделеді.

Осы мақсатпен жерге орналастыруды жүзеге асыру барысында елді мекендердегі жердің іс жүзінде пайдалануы зерттеліп, бос учаскелері айқындалады, жеке қосалқы шаруашылықтарының ұйымдастырылуы, оларды ұлғайту мүмкіншіліктері қарастырылады. Сондай-ақ шаруа фермерлік кожалықтарының динамикасы мен әрі қарай дамуы зерттеледі.

Осы аса маңызды әлеуметтік проблеманың шешілуі жерді пай­далану экономикасымен, әрбір елді мекеннің дамуымен бай­ланысты. Халық миграциясының белсенділігі жұмыс орындарының, денсаулық қорғау, білім беру және мөдени - тұрмыс қызметтерінің бар болуына, транспорттық қатынастарының даму деңгейіне тікелей байланысты. Бұндай қызметтер мен жұмыс орындарының жоқтығы, шарасыз, халықтың қалаларға көшуін себептейді. Осының нәтижесінде шағын ауылдардың едәуір бөлігі құлдырап, оларды сақтап қалу мәселесі бүгінгі күннің шешімін күттіртпейтін проблеманың біріне айналып отыр. Бұл мөселені шағын елді мекендерде қажетті мөлшерде жұмыс орындарын қамтамасыз ету, оларды жаңа шаруашылық құрылымдарын ұйымдастыруға пайдалану және дағдарыс жылдары жойылған мал фермалары мен кешендерін қалпына келтіру арқылы шешуге болады. Өзі кезегінде бұл іс-шаралар шағын қоныстарының жандануына және оларда мәдени-тұрмыс объектілерін (ФАП-терін, мектептерді, дүкендерді және т.с.с.) салуға септігін тигізеді.

Жерге орналастыру жобаларында жер пайдаланушылықтардың кеңістік кемшіліктерін (алабарлық, шалғайжерлік жөне т.с.с.) жою арқылы жолы жоқ жерлер мен жергілікті маңыздағы жолдарда жүру қашықтықтары айтарлыктай қысқартылады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің демалу және санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту мақсатымен алқаптық қостар мен орман жолақтары жобаланады, жарамсыз және тасталған жерлерде ағаш өсіру, жалпы мәдени ландшафттарды қалыптастыру және жақсарту жөніндегі шара­лар жоспарланады.

 

7. Жерге орналастыру жүйесі.

 

Қазіргі кездегі жер ресурстарын басқару бұл жер қатынастарын реттеуге, жерге орналастыру арқылы жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға, жер рыногін калыптастыруға бағытталған қүқықтық, экономикалық және үйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылады. Осымен қатар ол жер ре­сурстарын зерттеу мен картографиялауды, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді, жердің болашақта пайдалануын жоспарлау мен болжауды, жерді аймақтауды, оның пайдалануын және жер ресурстарының корғалуын бақылауды қамтиды.

Жаңа Жер кодексі бойынша Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік (ЖРБА) Үкімет құрамына кірмейтін, арнайы атқару, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен катар мемлекеттік жер ресурстарын басқару, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстары саласында катынастарды заңдармен белгіленген шеңберінде жүзеге асырып отыратын, бас атқару органы болып табылады. Оның құзыры осы Кодекстің 14- бабында көрсетілген.

Облыстар мен Астана жөне Алматы калаларында Агенттіктің заңды тұлға құқығына ие, территориялық органдары бар. Жер ре­сурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттер (Облкомжер) аудандық (қалалық) комитеттерге бөлінеді.

Сонымен бірге Облкомжер жанында бақылау-қадағалау функ­цияларын атқару мақсатымен мемлекеттік жер инспекциялары құрылған.

Іздестіру, картографиялау, жерге орналастыруды және мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды тікелей Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемҒӨО жер) жүзеге асырады. Бұның құрамында барлық облыстардың орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында еншілес кәсіпорындары, ал аудандарда мамандандырылған филиалдары бар. Сонымен бірге МемҒӨО жер құрамына мемлекеттік аэрофото-геодезиялық іздестіру институты мен қазыналық геодезиялық және картографиялық кәсіпорындары енеді.

Жерге орналастыру қызметі жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау, баска да табиғатты қорғау шараларын жоспарлау жөніндегі облыстың (аймақтық) бағдарламаларды әзірлейді, жыртылған жерлерді түгендеу және аймақтау жұмыстарын жүргізеді.

ЖРБА-нің тұжырымы бойынша, казіргі жерге орналастыру жұмыстары жер реформасын әрі қарай дамыту, жерлердің пайдалануы мен қорғалуын жақсарту талаптарына сай емес. Өткен дағдарыс жыл­дары жердің иесіз калмауын камтамасыз ету мақсатымен, жұмыстар негізінен жобасыз жүргізілді.

Енді, жер реформасының жаңа кезеңінің басталуына себепті, әр түрлі жобалардың негізінде жер-кадастрлық жұмыстарын әрі қарай тереңдету және жетілдіру, елдің жаңа Жер Кодексін толық масш­таб түрде орындау қажеттілігі тууда.

 

8.Қазақстан Республикасында жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

 

Жоғарыда жерге орналастыру үғымының ғылыми сипаттамасы, оның мақсат-міндеттері мен мазмұны анықталып шықты. Оларға қарағанда, Қазақстан Республикасында жерге орналастыру және жер кадастры шараларының күрделі кешені жүзеге асырылып отырады. Бұл кешен, жер заңдарына сәйкес жердің тиімді пайдаланылуын, жақсартылуын және қорғалуын, сондай-ақ жер реформасының іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін шаруашылық механизмнің құрам бөлігі болып табылады.

Толық түрде ол төмендегілерді қамтиды:

- елдегі облыстар және республикалық бағынудағы қалалардағы жерлерді пайдалану жөніндегі болжаулар мен бағдарламаларды әзірлеу;

  • ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді құру және қайта құру (реттестіру, жетілдіру) жөніндегі, экономиканың және экологиялық тұрғыдан негізделген, техникалық сауатты жобаларды жасау;
  • ауылшаруашылық өндірісін тиімді жүргізу мақсатымен ішкішаруашылық территорияны реттестіру жобаларын жасау;
  • жер алаптарын қорғауға, жақсартуға, сондай-ақ бүлінген жерлерді қалпына келтіруге (рекультивациялауға) қатысты жұмыс жобаларын дайындау;
  • жобаларды, схемаларды, болжауларды жасау, мемлекеттік ка­дастрды жүргізу және тағы да баска қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен жер ресурстарын зерттеу жөніндегі іздестіру жұмыстарын жүргізу;
  • ағымдағы және болашақ жоспарлауды негіздеу, салық салу, нарықтық келісімшарттарды жасасу және басқа да мақсаттарға жер-кадастрлық және жер бағалау жұмыстарын жүргізу;
  • жер мониторингі мен жердің пайдалануын бақылауды және авторлық қадағалауды жүзеге асыру;
  • жерді пайдалануға, иеленуге байланысты пайда болатын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу және заңға сәйкес рәсімдеу, құқықты куөландыратын актілерді тапсыру, жалға алу шарттарын рәсімдеу, межелер мен аудандарды планда және жер бетінде көрсету;

-жерге қатысты нарықтық келісім-шарттарды ұйымдастыру. Әр түрлі схемалар мен болжаулар, жобаларға қарағанда, нақты есептерді қамтымайды және ұзақ мерзім мен көлемді аймақтарға жасалады. Олар жерді пайдалану жөніндегі жалпы концепциялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады. Сонымен бірге бұлардың құрамында жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын ұтымды пайдалану және жағымсыз құбылыстардан (мысалы, эрозиядан) қорғау мәселелері де қарастырылады. Бұндай болжаулар жер ресурстарын пайдалануға байланысты шаруашылық іс-әрекеттердің даму бағыттарын алдын-ала ғылыми тұрғыдан белгілеу болып табылады. Жер ресурстарының пайдалануын жоспарлау және болжау әдістемесі - жеке ғылыми пәннің тақырыбы.

Әр түрлі жерге орналастыру жобаларының мазмұны жерге орналастырудың түрі мен түр тармақтарынан, формаларынан айтарлықтай тәуелді. Осыған себепті олардың құрам бөліктері, элементтері, жасау және негіздеу әдістері де саналуан.

Жобалардың жіктелуі, алдымен, жерге орналастыру жобаларын жасаудың жалпы және жеке әдістемелері, келесі семестрлерде ең көлемді ғылыми пөнде - "Жерге орналастырулық жобалауда" жөне көптеген баска ғылыми пөндерде карастырылады. Осыған қатысты бірнеше курстық жобалар да жасалады.

Жоғары аталған кешеннің жеке құрам бөліктері бір қатар ғылыми пөндердің тақырыбы болып табылады. Солардың ішінде: "Жер ка­дастры", "Жер ресурстарының пайдалануын жоспарлау және бол­жау", "Жерге орналастыру мен кадастр жүмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау", "Жерге орналастырудағы ЭМӘ", "Жер мони­торингі" және т.б.

Жерге орналастыруға тарихи қалыптасқан және дәстүрге айналған белгілі бір өндірістік және құқықтық процесс тән. Бұл про­цесс ҚР Үкметі бекіткен арнайы жерге орналастыру және жер ка­дастры жұмыстарын жүргізу реттілігі туралы ережеде белгіленген. Жалпы түрде ол мынадай стадиялардан тұрады (ҚР ЖК 151 бабы бойынша):

  • жерге орналастыру ісін қозғау;
  • дайындық жұмыстарды жүргізу;
  • болжауларды, схемаларды және жерге орналастыру жобаларын жасау;
  • жерге орналастыру құжаттамасын қарастыру, келісім жасау және бекіту;
  • жобаны орындау: жобаны жер бетіне түсіру; жерге орналастыру материалдары мен жобалық-сметалық күжаттаманы рәсімдеу және тапсыру; жерге орналастыру жобасының жүзеге асырылуына авторлық қадағалау жасау.

Іс қозғау стадиясында үкімет органдарынан немесе жер иеленушіден (жер пайдаланушыдан) өтініш түсіп, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге тапсырыс алынады.

Дайындық жұмыстары камералдық дайындық пен алқаптық жерге орналастыру зерттеуінен тұрады. Камералдық дайындық жұмыстарын жүргізу барысында жобаны немесе схеманы жасауға қажетті план-картографиялық және т.б. материалдар жиналып зерттеледі. Алқаптың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әрбір жер учаскесінің, әсіресе трансформацияға (бір-біріне ауыстыруға) белгіленгендерінің іс жүзінде пайдалануы анықталады. Алынған материалдардың негізінде жобалау тапсырмасы жасалады.

Жобалау жерге орналастыру процесінің аса маңызды стадиясы болып табылады. Бұл стадия ең көлемді және жауапты, өйткені жерге орналастыру шешіміндегі творчестволық ойды экономикалық, экологиялык және әлеуметтік тұрғыдан графикалық, аналитикалық және жазбаша түрде бейнелеуге тиісті. Жобалау стадиясының нөтижесінде сызбалардан, түсініктемеден және басқа да материалдардан тұратын жобалық - сметалық құжаттама жасалады. Бұнда жобалық жерге орналастыру шешімдері, олардың негізделуі, құқықтық тұрғыдан рәсімделуі және жүзеге асырылуы көрсетіледі.

Жерге орналастыру схемалары мен жобалары мүдделі жақтарымен қаралып қабылданады. Аудандық жерге орналастыру схема­лары мен ШАЖО және елді мекендердің жер шаруашылықтарын реттестіру жобалары тиісті деңгейдегі үкімет органдарымен бекітілуге жатады.

Агромелиоративтік және маңызды экологиялық және әлеуметтік мәселелерге қатысты, шараларды қамтитын ІШЖО және учаскелік жерге орналастыру жобалары мүдделі ведомстволармен (кәсіпорындармен) келісе отырып, тапсырма берушілермен бекітіледі.

Бекітілген жобалар жер бетіне түсіріледі және онда қабылданған жобалық шешімдер тиісті белгілермен көрсетіледі.

Жерге орналастыру жобасында жоспарланған шаралар жүйесінің жүзеге асырылуы авторлық қадағалау арқылы тексеріліп отырады.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-22 16:21:27     Қаралды-9211

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »