UF

Тақырыбы: «Сапа менеджменті жүйесі»

 

1. Сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелеры.

 

ИСО 9000 стандарттар топшалары сапа менеджмент жүйелеріне талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешеліктерді көрсетеді. Сапа менеджмент жүйелеріне талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бекітілген. Олар қай категориядағы болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандайда болмасын талаптар бекітпейды.

ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджмент жүйелерінің енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

ИСО 9000 стандарттар 2008 жылда шыққан версиясы 4 стандарттардан турады.

 1 ҚР СТ ИСО 9000-2007 СМЖ. Негізгі ережелері және сөздік

(сапа менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және СМЖ үшін терминлогияны бекітеді).

  2 ҚР СТ ИСО 9001-2009  Талаптар. (тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда СМЖ-не талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған).

  3 ҚР СТ ИСО 9004-2010 СМЖ. Ұйымның тұрақты жетістікке жетуі үшін менеджмент. Сапа менеджменті позициясынан тәсілдеме. (СМЖ-нің нәтижелігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. Осы стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы тараптарды қанағаттандыру болып табылады.)

4 ИСО 19011-2002 СМЖ-ін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті (тексеру) бойынша әдістемеліәк нұсқаулықтарға ие.

 

2. Сапа менеджменті нысандарының эволюциясы

 

Сапаны басқару сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер. Сапаны басқару процесі мен сапа ілмегінің белгілі бір сатысында қанағаттандырылмаған қызмет ету себептерін жоюға бірдей бағытталған әдістер мен шапшаң сипаттағы қызмет түрлерін қамтиды.

Сапаны басқарудың қазіргі заманғы концепцияларына  СМЖ, TQM, TQC, CWQC, ИСО негізгі түрлері  жатады.

TQC- деңгейі жоғары экономикалық тиімді және тұтынушының талаптарын толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру, қолдау және жақсартуды ұйымдастыру кезінде адамдардың әр түрлі топтарының үйлескен әрекеттері қамтамасыз ететін тиімді жүйе.

CWQC- жүйесі фирманың әр бір бөлімінде әрбір қызметкердің сапаны басқаруды іс жүзінде оқып игеруін және оған қатысуын қамтиды. Бұл жүйе TQC жүйесіне қатысты кезеңдерді өзінің құрамына ендіреді.

TQM- бұл кәсіпорын қызметінің барлық шеңберінде барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен және техникалық мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалану кезінде зерттеулер мен жасап дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін сапаны басқару жүйелері мен әдістерін әр жақты бағытталған және тиімді үйлестірілген пайдалануды қарастыратын тұжырымдама.

TQM- бұл теориялық пән емес, үш құрамдас бөліктен тұратын сапаны арттыру процесін басқару технологиясы:

Түбірлік жүйе талдау және зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұл әдістерде бақылау статистикалық  ыңғайға, белгілі математикалық аппараттарға негізделген, сол себептен барлық кәсіпорындарда пайдаланылады.

Техникалық қамтамасыздандыру жүйесі. Бұл қызметкерлерді осы құралдарды және оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуді қамтамасыз ететін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе әр бір кәсіпорынның орналасқан елінің ерекшеліктерін белгілейді, осы елдің ұлттық мәдениетімен және дәстүрімен байланысты.

Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.

СМЖ- бұл тікелей немеске жанама ықпал ететін компания қызметінің аспектісін басқару жүйесі.

СМЖ-  ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалнады.

 СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек.   СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек.  СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.

СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі  тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.

Жақсару әрекеті:

Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу

Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы

Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау

Таңдалынған шешімді орындау

Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.

Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу

Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек.  Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек.

 Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен  мақсаттары

- қызығушы жақтардың  қажеттіктерін есепке ала отырып  ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;

- кез келген жағдайда өнімнің  сапалы шығуына  ұмтылыс жасау;

-  өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;

-  алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің  деңгейін қадағалау;

- өнім шығаруда ұйымның  нәтижелілігі мен  тиімділігін  үнемі жақсарту үшін әзірленген  менеджмент жүйесін  үнемі жұмысшы  қалыпта ұстау;

 

3. Өнім сапасына әсер ететін факторлар. Жүйелі ыңғайдың пайда болуы

 

Өнімнің сапасы мен олардың қауіпсіздігі тікелей адам өмірі мен денсаулығына әсер етеді.

Соңғы жылдары өнім түрлері аса маңызда көбейді және олардың сапасы да жоғарылады сапаның ассортименті мен олардың сапасы сұранысқа жауап беретін болуы керек және бағасы қол жететіндей болуы қажет.

Өнім сапасының деңгейін – еңбек құралының, материалының және дайындау технологиясының сапасына қойылатын талаптар арқылы анықталады.

Сапаның деңгейі жоғары болуы тек – қана сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, кәсіпорынның әрі – қарай жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Сапа – товардың бәсекеге шыдамдылығын қамтамасыз етеді (конкурентоспособность). Олар өнімнің техникалық деңгейінен және функционалдық, эстетикалық, эргономикалық, экологиялық құрамы бойынша сипатталатын тұтынушы үшін товардың қажеттілігі бойынша анықталады. Сапаның жоғарлығы сұраныс пен пайданы көбейтеді.

Жоғары сапалы өнім алу үшін сәйкес әр түрлі факторлар әсер ететін жоғары  деңгейдегі өндіріс қажет.

 

Сапаға әсер ететін негізгі факторлар

Сапаға әсер ететін негізгі шарттар

Машиналар мен құрылғылардың сапасы

Өндірістік процестің мінездемесі, оның интенсивтілігі, ритімділігі, ұзақтылығы

Қызметкерлердің профессионалдық шеберлігі, білімі, тәжірибесі, психофизикалық денсаулығы

Қоршаған ортамен өндірістік бөлмелердің жағдайы.

Интерьер және өндірістік дизайн, маральдық және материалдық стимулдарының жүйесі.

Өндірістік коллективте моральды психологиялық

ауа – райы.

Ақпараттық қамтамасыз ету қызметтік ұйымдастыру түрі және қызметтік орындарды жасақтау деңгейі.

Қызметкерлердің әлеуметтік және материалдық ортасының жағдайы. 

    

Машиналардың сапасының төмен болуы өндірісте шығындар көбейеді. Мысалы ауыл шаруашылығындағы машиналар ескі болса (комбайн, машина, трактор) олардың сенімділігі төмендеп, қайта – қайта жөндеу жүргізіп, осы машиналарды бастапқы бағасын арттырады, ал ол шығынға әкеп соғады.

Жоғары сапалы өнімді қамтамасыз ету үшін келесі факторларды есепке алу керек. Мысалы ауыл шаруашылығы өнімнің сапасы, ауа райына да байланысты.

Қызмет көрсету барысында (дәнді егу) оларды уақытылы суғаруы, дәрі - дәрмек беру.

Сапаны қамтамасыз ету өндірістік процесте дәнді тазалау, дайындау, дұрыс сақтау. Осылардың бәрі сапаға әсер етеді.

 

4. Жүйе сапалары: БИП, СБТ, КАНАРСПИ, НОРМ, КСУКП. Жетістіктері мен кемшіліктері.

 

1950 жылдары Саратовтық жүйені ұйымдастыру дамыды. Ол БИП жүйесі. БИП - жүйесі негізіне орындаушы еңбегінің өзіндік бақылауы жүргізілді. Орындаушы дайындалған өнімнің сапасына жауап берді, яғни өнімді ақаусыз дайындау жүйесі деп аталды. Бұл жүйенің мақсаты өндірісте қолайлы жағдай туғызу, техникалық құжаттамадан ауытқусыз жұмыс өнімдерін дайындауды қамтамасыздандыру. ОТК ұсынған және жұмысшы дайындаған жалпы партия саны еңбек сапасын сандық бағалауда қолданды, партия саны прценттік қатынаста есептелінді, партия бірінші көрсеткіштерден ақ қабылданды.

Өндірістік жүйеге БИПті ендіру мыналарға мүмкіндік берді: технологиялық тәртіп және технологиялық операциялар қатаң орындалуы қамтамасыздандырылды, сапалы еңбек нітижесін алу үшін бірінші буында басшылықтың және жұмысшылардың жеке жауапкершілігін көтеру, еңбек сапасын жақсарту үшін жұмысшыларды моралды және материалды ынталандыру; өнім сапасын жоғарлатуда кең қадамдар жасау үшін алғы шарттар дайындау.

Онымен қоса БИП жүйесі негізгі өндірістің тек қана жұмысшы цехтарына кеңінен таралдып, әсер ету шеңбері аз болды. Бұл жүйе кері факторлардың әртүрлілігі және кәсіпорын шығаратын өнім сапасына әсер етудің әртүрлі дәрежесін ескермейтін « ақау бар- ақау жоқ» принципі бойынша іске асты. Сонымен қатар бұл жүйе бір кәсіпорын шеңберінде шектеліп, бұйым сапасы олардың жұмысқа пайдалану және тұтыну салаларын ескермейтін статистикалық мәнде болды. БИП ң негізгі принциптері ақаусыз еңбек жүйесінің негіздеріне жатады. Оның мақсаты өнім сапасын жоғарлатуы қамтамасыздандыру, сенімділігі және ұзақ өмір шеңдігі.  

ББССР (бірінші бұйымның сапа сенімділік ресурсы) жүйесі машина құрылыс өндірісінде бірінші болып жасалынды және 1957- 1958 жылдары Горькии қаласында ендірілді. Бұл жүйеде өндірісте технолог жұмысшылар және сапаны басқару жұмысшылары техникалық дайындауды жақсарту үшін бұйым сенімділігін жоғарлату негіз болды. ББССР - жүйесі өз кезеңіндегі үздік жүйенің бірі. Мұнда инженер технолог және ұжымдық ұйымдастыру шаралар  жиынтығын құрады. Бірінші өндірістік үлгіде ақ ол өнімнің жоғарғы сапалығымен сенімділігін қамтамасыз етті. Эксплуатациялау, жобалау және зерттеу барысында көптеген жұмыс түрлері қамтылды және ол ББССР  жүйесінің сипаттамасы болып табылды. Зерттеу және жобалау барысындағы тәжірибелі үлгі дайындауда көп көңіл қабыл алмау мен жойылу және өндірістік период себептерін анықтауға бөлінді. Бұл тапсырманы шешуге зерттеу және экспрементальды базаны дамыту, унификациялық коэффициентті жоғарлату, модельдеу және макеттеу әдістерін кеңінен қолдану, сынауды жылдамдату, соны мен қатар өндірісті технологиялық дайындау процесінде өнімді конструкторлық технологиялық өңдеу есептелінді.      

ББССР - дің мінездемелік ерекшеліктері;

- өнімнің жиынтық сапалылыгын қамтамасыз ету.

- мекемеде конструкторлық, технологиялық және сынайтын қызметтің дамуы.

-ұйымдық жұмыстың обьективті және уақытылы ақпарат шығарудың спа өнімі.

- Бұйым сапасын төмендететін себептерді анықтауға  өндірісті дайындау және интенсивті кезеңді қолдану.

- Процесте сериялы үлгіні шығарарда конструкциялық технологиялық жұмыстарды жүргізу.

- Эксплуатациялау кезінде бұйым құрылымын  шыңдау мен жоғарлату технологиялық деңгейін көтеру.

ББССР   қазірде кең қолданыс табуда.

Сапаны жақсартудың барлық назары өнімнің өмірлік циклы жүйесінде дамыды. Бірінші болып Ярославск мотор заводында 1960 жылы МАҒЖҮ қолданылды. Жүйенің мақсаты шығарылған двигательдердің ұзақөмірлігін және сенімділігін жоғарлату болып табылады.

МАҒЖҮ (моторесурстарды арттыру жұмыстарын ғылыми ұйымдастыру)  - жүйесінің негізіне моторесурс деңгейін жүйелі және бірізді бақылау және двигателдің бірінші күрделі жүйеге дейінгі моторесурсын шектейтін бөлшектер мен бөлшектер жиынтығынын сенімділігі мен ұзақмерзімділігін мезгіл мезгіл арттыру принциптері қойылған.

Жүйеде жұмыстарды ұйымдастыру циклдік принцип бойынша құрылған. Моторесурсты арттыру бойынша әрбір жаңа цикл өндірісте моторесурстың алдын ала жоспарланған деңгейіне жеткен соң басталады және моторесурсты шектейтін бөлшектер жиынтығын анықтауды, оның нақты деңгейін анықтауды қарастырады; моторесурсты арттырудың тиімді деңгейін жоспарлау; моторесурстың жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету бойынша инженерлік ұсыныстарды жасап дайындау және тексеру; өндірісте двигателдің жаңа ресурсын игеру бойынша конструкторлық технологиялық іс шаралардың кешенді жоспарын жасап дайындау; конструкторлық технологиялық шаралар және тәжірибе кешенді жұмыстарын жүргізу; өндірісте қол жеткен ресурстарды тұрақтандыру; жұмысқа пайдалану кезінде қол жеткен деңгейді тұрақтандыру. 

МАҒЖҮ жүйесін жасауда БИП жүйесінің тарауларын , ал оны жоспарлауда КАНАРСПИ жүйесінің негізгі ережелерін қамтиды.

ӨСБКЖ  (өнім сапасын басқарудың кешенді жүйелері) стандартқа базаланған жүйелі комплексті принципіне құрылған жұмыстар. ӨСБКЖ басқару теорисының жалпы принципіне және сол уақыттағы өнім спасы моделінің принципіне негізделген. мы ӨСБКЖ надай бес формада жасалынды:

Біріншіден: жүйенің ең басты мақсаты формаланды.

Екіншіден: жүйенің барлық әрекеттері арнайы функцияларға топтастырылды.

Үшіншіден: басқару ұйымы көп деңгейде қарастырылды: кәсіпорын, цех, қызмет, жұмыс орны деңгейлерінде.

Төртіншіден: спаны техникалық ұйымдастыру үшін кәсіпорын стандарттарын негізгі жүйе ретінде қолданды.

Бесіншіден: жүйені құру үшін жалпы басқару теориясының өзара қатынасын дамытуда және енгізуде қолданды.

ӨСБКЖ ғылыми әдістемелік жұмыстың үлкен қорытындысы, ол өткен жүз жылдықтың жылдарының басына барады. Ол ВНИИС ғылыми жұмыстарын ретке келтіруде қолданылды, КСРО МЕМСТ және оның төрағасы ғ.т. д. Профессор В.В.Бойцов жұмысшыларды тікелей ұйымдастыруда және әдістемелік қолдау көрсетті. Көптеген ғалымдардың жұмыстары Украинада Львовской облысында  үлкен масштабты өндірістік тәжірибеде тексерілді. Осы тәжірибеде алынған нәтижелер өнім сапасын басқарудың комплексті жүйесін құруда ЦК КПСС жылы тамыз айында арнайы шешім қабылдап енгізді.

ӨСБКЖ бұл өнім сапасын басқарудың бірінші жүйесі, бұл сапаны негізгі техникалық ұйымдастырудың стандарты болды. Бұл өнәм сапасын әдістемелік басқарудың принциптік жетістігінің өте маңызды жетілгендігі. Ол кәсіпорында өнім сапасын басқару жұмыстарын жүргізуді жаңа ұйымдастыру сатыларына көтерді. ӨСБКЖ жұмыстарын бастауда Мемлекеттік стандарт жүйелері кәсіпорын стандарты түрінде құжат қабылданып заңдастырылды. Ол сапаны басқаруда негізгі стандарт болып қалды. Кәсіпорын стандарттары регламенттейді, дәлірке айтсақ, шығарылатын өнім сапасын жоғарлатуда жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырады. Жоғары техникалық деңгейге жетуде атқарушы жұмысшылар және бөлімшелер тәртіпті әрекетті орнатуын және жауапкершілігін, ұзақ мерзімділігін және сенімділігін орнатады. Кәсіпорын стандарты еібек реурстарын және материалдарын үлкен тиімділік пен қолдануға мүмкіндік береді.

 Мына нәрсе анық болды: жүйені құру үшін жобалау жұмыстарын жүзеге асыру. Кәсіпорындарға консультативтік және әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы ұйымдарды құру керек деген ұсыныс туды. Тез арада басқарушы әдістемелік құжат жасап шығару тиіс еді. КСРО мемлекеттік стандарттарының тапсырмасы бойынша жұмысшы рекломендациясы жасалынып, енгізілеп және кәсіпорында сапаны басқарудың комплексті жүйесі орнатылды.

70 жылдардың аяғында КСРО өндірістерінде, ЦК КПСС шешімімен келісе отырып, ӨСБКЖ жұмыстары жедел және қарқынды жүргізілді. Оған мыңдаған өнеркәсіптер қосылды.

1979-1983 жылдар аралығында басқарудың комплексті әдістемесі мәнін меңгеру жұмыстары дамыды. Бірінші нәтижелер көріне бастады. Шығарылатын өнім номенклатурасы және ассортименті тез жаңартылып тұрды, сенімділігі жоғарлады, эстетикалық сапасы жақсарды. Сонымен қоса кемшіліктерде болды. Кәсіпорын басшысының жай ғана жұмыс істеуі емес, тез арада рапортты қабылдау қалауы кемшіліктің бірден бір себебі болды. Сапаны жаңа экономикалық қарқында өсірудің жұмыстарын іздестірді. Мұның барлығы сапаны басқарудың жаңа жолдарын ашуға итермеледі.    1989 жылы МЕМСТ институттарына және оны ұйымдастырушыларына сапаны басқаруда ӨСБКЖ жүйесін ендіруде кәсіпорындарға қандай да бір көмек көрсетуге тыйым салынды. Осылайша отандық жұмыстар және басқарудан жиналған тәжірибелер талқыланылып, олардан бас тартылды. Сапаны басқару үшін қолданылған бұл жүйе   90   жылдардың аяғында қолданыстан шықты.  Себебі сол уақытта сапаны басқару үшін ИСО стандарттары жариялана бастады. Бұл стандарттың бір бөлігі КСРО ға тиісті еді.     

  1978 жылы ойлары, принциптері, міндеттері және құрылымы едәуір тарихи ғылыми әдістемелік және практикалық қызығушылық  тудыратын өнім сапасын мемлекеттік басқарудың біріңғай жүйесінің ( ӨСМБ БЖ ) негізгі принциптері жасалып дайындалып Мемстандартпен бекітілді. Басқарудың кешенділігі өнім спасының халықтың және халықшарушылығының қажеттілігі сәйкестігін жүйелі талдауға және өнімнің тіршілік циклын құрайтын процестердің өзара байланысын ұйымдастыруға негізделеді. Ал негізгі принциптерінің бірі техникалық, ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік шараларды бір бірімен үйлестіруді қамтамасыз ететін  өнімнің сапасын басқару проблемаларын шешудің кешенділігі болып табылады.

 

5. TQM (тотальды сапа мененджментінің) принциптері

 

Сапаны жалпы басқару (ағылшынша Total Quality Management, TQM) – барлық ұйымдық процестердің сапасын үзбей жоғарлатудың жалпы ұйымдастырушы әдісі.

Total Quality Management – бұл көп жылдар бұрын Жапония мен АҚШ-та сәтті бастаған сапаны жалпы басқарудың философиясы. TQM-нің басты идеясы – компания тек өнімнің сапасын жоғарлату мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы жұмыстың сапасын да, қызметкерлердің жұмыс сапасын да жоғарлату мақсатында жұмыс істейді. Осы үш негіздің үнемі жақсарып отыруы (өнім сапасы, процесстерді ұйымдастыру сапасы және қызметкерлердің квалификациясының жоғарлауы), бизнестің жылдам және тиімді дамуының негізі бола алады. Сапа клиент талаптарының іске асу дәрежесі, компанияның қаржылық көрсеткіштерінің өсуі және қызмет ететін компаниялардың өз жұмыстарының жақсару категорияларымен анықталынады.

TQM екі механизде жұмыс істейді: Quality Assurance (QA) – сапаны бақылау және Quality Improvements (QI) – сапаны жоғарлату. Бірінші – сапаны бақылау – сапаның керекті деңгейін ұстанады және тауар немесе қызмет сапасындағы клиентке берілетін сенім туралы анықталған кепілдіктегі компания ұсынысымен қорытындылады. Екінші – сапаны жоғарлату – бұл сапа деңгейін тек қолдау ғана емес, сонымен бірге оны жоғарлату, соның ішінде кепілдік деңгейін де көтеру мақсатында жұмыс істейді. Бұл екі механизм – әрдайым бизнесті дамытуға, жақсартуға мүмкіндік береді.

TQM принциптері

  1. Кәсіпорынның тапсырыс берушіге жобалауы. Кәсіпорын өзінің тапсырыс берушілеріне өте байланысты, сондықтан да тапсырыс берушіні түсінуге, оның талаптарын орындауға және оның күткен нәтижелерін орындауға тиіс. Клиенттің талаптарын орындаудағы жүйелік жол арыздарды талдау мен тапсырыс берушінің талаптары туралы ақпаратты жинаудан басталады. Өздеріне TQM-ді ендіріп жатқан кәсіпорындарда барлық ақпараттар бүкіл кәсіпорын бойынша таралуы керек.
  2. Басшылықтың жетекші роль атқаруы. Кәсіпорын басшылары бірдей мақсаттар және іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын, және мақсаттарды жүеге асыру әдістерін бекітеді. Олар кәсіпорында қызметкерлердің қойылған талаптарына жету процесіне максимальды қызығу микроклиматын орнату керек.
  3. Қызметкерлерді қызықтыру. Жоғары басшылықтан жай жұмысшыға дейін – барлық қызметкерлер сапаны басқару әрекетіне жұмылдыруы керек. Қызметкерлер кәсіпорынның ең негізгі байлығы ретінде есептелінеді, және олардың шығармашылық дәрежелерін максимальды ашуға және пайдалануға барлық керекті жағдайлар жасалады. Қызметкерлер өздеріне жүктелетін міндеттер бойынша квалификацияға сәйкес болу керек. Сонымен қатар басшылық өз қызметкерлерінің мақсаттары кәсіпорынның мақсаттарына сай келуі үшін барлық жағдайларды жасау керек. Бұл жерде материальды және моральды көмек үлкен роль атқарады. Қызметкерлер командада істеу әдістерін игере білу керек.
  4. Процестік жол. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл мәселені процесс ретінде қарау керек, яғни кез келген процесті бақылау қалай жүрсе, сапаны жалпы басқару да сол сияқты қатты бақылауда болуы тиіс.
  5. Басқарудың жүйелік жолы. Кәсіпорын TQM принциптеріне сәйкес нәтижелілік пен тиімділікке қол жеткізуі үшін, қызмет немесе өнім процестерінің жүруі мен тапсырыс берушінің сұранысы бойынша өнім немесе қызметтің сәйкес келуінің бақылауын біріктіруі тиіс.
  6. Үнемі жақсару. Бұл облыста кәсіпорын тек қана кездесетін мәселелерді қадағалап отырмау керек, сонымен қатар келешекте тағы да осындай мәселелерге кездеспеу үшін басшылық тарапынан талдау жасалынғаннан соң да тиісті ескертетін іс-әрекеттер жасау керек.
  7. Фактке негізделіп, шешім қабылдау. Тиімді шешімдер тек сенімді анықтамаға негізделеді. Мұндай анықтамалардың түбірі сапа жүйесін ішкі тексеруінің шешімдері, ескерттетін әрекеттер, тапсырыс берушінің арыздары және ұсыныстары және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар ақпарат кәсіпорын қызметкерлерінен келіп түсетін ұсыныстар мен идеялардың талдауына негізделуі мүмкін.
  8. Жеткізушілермен қарым – қатынас. Кәсіпорынның жеткізушілермен тығыз жұмыс істеуіне байланысты, олар келешекте бірге жұмыс істеуі үшін де барлық жағдайларды қарастырады. Бұл этапта құжаттық процедура бекітіледі.
  9. Сапасыз жұмыспен байланысты ең аз шығын. Сапасыз жұмыспен байланысты ең аз шығын өнімді қандай да тең шарттарда болсада ең аз бағаға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

TQM маңызы

Кез келген басқару стилінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайда болады. Сапаны жалпы басқару қысқа мерзімді пайданы береді, бірақ бұл жолдың көптеген пайдасы қысқа мерзімділікте, және олардың тиімділігі де реализациялаудан кейін байқалады. Ұзақ мерзімді пайдалар тиімділігін беру үшін үлкен кәсіпорындарда бұған бірнеше жылдар кетуі мүмкін.

Сапаны жалпы басқарудағы күтетін ұзақ мерзімді пайдалар – бұл жоғары өнімділік, ұжымның моральды жағынан жоғарлауы, шығындардың азаюы және тапсырыс берушілер сенімділігінің өсуі. Бұл пайдалар компанияның көпшілік алдындағы дәрежесін жоғарлатуға және абыройлы болуына алып келеді.

Қателердің ауытқу және дұрыс әрекеттер ең алдымен уақыт пен ресуртарды сақтап қалады, сол кезде жиналған ақша қызмет көрсету (өнім шығару) саласына жұмсалынса болады немесе қызмет көрсету саласын жоғарлату мақсатында қызметкерлерге беріледі.

Сапаны жалпы басқаруда көбіне командалық жол пайдаланылады, ол бір жағынан, жұмысшыларға өз әріптестерімен бірге мәселені шешу тәжірибесін береді, екінші жағынан, оларға бірге жұмыс істегенде өз білімдері мен тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік береді. Қызметкерлер мәселелерді шешуде командалық жолдан тәжірибе алғандықтан, олар локальді топтардың мүмкіндіктерінен шығатын мәселелерді шешу үшін секциялық мега-командаларға қатыса алады. TQM кәсіпорындарға мәселелерді шешу жолында үлкен жол көрсетеді және барлық қызметкерлер үшін жұмыс істеу талаптары сапасын жоғарлатады.

 

6. ISO 9000 бойынша сапа мененджментінің жүйесімен (СМЖ) өзара байланыс. ISO 9000 бойынша халықаралық стандарттардың құрылымы. Сапа ілмегінің сапа мененджментінің жүйесімен байланысы. ISO 10011…10013 халықаралық стандарттары

 

Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. Трансұлттық компаниялар судпоставщиктерінен өз кәсікорындарында  9000 сериялы стандарттарды міндетті түрде енгізуді талап етіп отыр.

  Аталған стандарттардың әлемге тарау деңгейін төмендегі цифрлардан көруге болады: 1993 – 750000 сапа жүйелері сертификатталды, 1995ж.–100000, ал 1997ж. басында - 250000.

ИСО тарапынан в 1987ж. қабылданып және 1994ж. жаңартылған ИСО 9000 – 9004 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі шоғырланған және жинақталған.

ИСО 9000 стандарттарында фирманың қызметіндегі нақты жағдайға байланысты (сәйкес) стандарттарды таңдау және пайдалану туралы басшылық нұсқаулар келтірілген.

ИСО 9004 стандарты – кәсіпорында (фирмада) сапаға сәйкес жалпы басшылық жасау үшін әдістемелік нұсқаулар. ИСО 9001-9003 стандарттары – өндірістік  процестің  әртүрлі стадияларында сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің модельдері.

ИСО 9000-де атап көрсететіндей, фирма немесе кәсіпорынның ішінде сапаны қамтамасыз ету – жалпы басшылықтың тірлігі.

Контракт түзілетін кезде, экспортердің сапаны қамтамасыз  ету жүйесінің жағдайы контракт тарапында оған көрсетілетінін сенім шамасы болып табылады, әріптесінің сенімділігінің белгісі  болып табылады.

Осыған байланысты контрактта экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ИСО 9001-9003 стандарттарының бәріне сәйкес келуін бағалау қарастырылуы мүмкін. Бағалауды импортер немесе екі жақтың өзара келісімі бойынша бейтарап ұйым жүргізе алады. Егер жүйе сертификатталған болып, контрагент  сай келу сертификатын мақұлдаса, бағалау процесі жүргізілмейді.

Сапалы тауар нарық кеңістігін комплексті зерттеп отырған жағдайда ғана өндірілуі мүмкін.

  Сапаны басқарудың осы заманғы жүйесінің ерекшелігі, ИСО 9000 стандарттарнан туындайтындай, нақты өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бағытталуында. Өнімнің бірнеше түрлерін өндіретін кәсіпорында түрлі элементерімен өзгешеленетін бірнеше жүйелер болуы тиіс. Мысалы, Финляндияның «Нокия» фирмасының сапаны қамтамасыз ететін бірнеше дербес жүйелері бар («кабелдер, тұрмыс, электроника» және т.б.).

Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:

 – сапаны қамтамасыз ету;

 – сапаны басқару;

 – сапаны жақсарту.

Cапаны қамтасыз ету – өнімнің сапасына қойылған талаптарға сай келтіру мақсатында «сапа тұзағының» әрбір этапын орындау үшін қажетті жағдайларда тудыратын шараларды жоспарлау және жүйелі түрде жүзеге асыру.

Жоспарланатын шаралар, әдетте, сапаны қамтамасыз ету бағдарламасына кіреді. (мысалы, өнім сапасын жоғарылатудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалары).

Сапаны қамтамасыз ету бойынша жүйелі жүргізілетін шаралар кәсіпорынның күнделікті немесе мерзімді түрде атқаратын жұмыстарын қамтиды (нарық кеңістігін зерттеу, қызметкерлердің квалификациясын көтеру, персоналды үздіксіз біліммен қамту және т.б.).

   ИСО  9004 стандартындағы сапа «философиясы» сапаны қамтамасыз ету жүйесі туындайтын мәселелерді, олар пайда болғаннан кейін айқындасттындай емес, олардың алдын алатындай (ескертетіндей) болып жұмыс істеуі тиіс. Алдын алу (ескерту) шаралары болып табылатындар: инструменттерді дер кезінде жаңалап отыру; жабдықтарды жоспарлы түрде жөңдеу; жұмыс орындарында тиісті құжаттардың болуы және т.б.

Сапаны басқару – оперативтік сипатқа ие қызмет.

Бұл процестерге әсер ету, «сапа тұзағының» әрбір стадияларында сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жою, және де сол ауытқулардың себептерін жою жөніндегі әрекеттер.

Сапаны жақсарту – техникалық деңгейді және өнім өндіру сапасын көтеру, өндірістік жағдайларды жақсарту, сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті тұрақты атқарылатын жұмыстар.

 

7. ISO 9000:2000 бойынша сапа мененджменті жүйесінің негізгі ережелері. Сапа мененджменті жүйелерінің қажеттігін негіздеу

 

Сапа менеджменті жүйелері ұйымдардың тұтынушыларды қанағаттандыруын жоғарылатуға септігін тигізе алады.

Тұтынушыларға мінездемелері олардыңі қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыратын өнімдер керек. Бұл қажеттіліктер мен күтулер өнімге күтулер өнімге дайындалған техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып есептелінеді. Талаптар тұтынушымен шартта бекітілінуі немесе ұйымның өзімен анықталынуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімнің қолайлығын ақыры тұтынушы бекітеді. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулері ауысып отырғандықтан, ал ұйымдар талас және техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен, олар өздерінің, олар өздерінің өнімдері мен өздерінің үрдістерін үнемі жетілдіріп отырулары керек.

Сапа менеджментіне жүйелі келісім, ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға, тұтынушыларға қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқарылатын жағдайда ұстап тұруға әкеліп соғады. Сапа менеджменті жүйесі тұтынушының, басқа да қызығушы тараптардың қанағаттануын арттыратын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық сәйкес келетін өнімді тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік береді.

Сапа менеджменті жүйелеріне талаптар және өнімге талаптар.

ИСО 9000 стандарттар топшалары СМЖ талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешіліктерді көрсетеді.

СМЖ талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бкітілген. Олар қай категорияда болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандай да болмасын талаптар бекітеді.

Өнімге талаптар топшыланатын тұтынушылар сұраныстарынан немесе нұсқаулықтар талаптарынан шығып, тұтынушылар немесе ұйымдармен бекітіле алады. Өнімдерге талаптар көп жағдайда үрдістермен байланысты, мысалы, техникалық шарттарға, өнімге стандарттарда, үрдістерге стандарттарда, келісім шарттарда және регламенттерде жазыла алады.

Сапа менеджменті жүйелеріне тәсілдеме.

Сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше босқыштардан тұрады:

  • тұтынушылар және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
  • сапа саласында ұйымның саясаты және мақсаттарды әзірлеу;
  • сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдісте және жауапкершілікті бекіту;
  • қажетті қорды бекіту және анықтау және олардың сапа саласында мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
  • әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін өлшеу үшін әдістер;
  • осы өлшеулердің нәтижелерін әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
  •  сәйкессіздіктің алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті тәсілдерді анықтау;
  • сапа менеджменті жүйелерін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.

Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар СМЖ жұмыс жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімді қабылдаған ұйым өзінің процестерінің мүмкіншіліктері және өзінің өнімінің сапалығына сенімділік қамтамасыз етеді, сонымен бірге үнемі жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді. Бұл тұтынушының және басқа қызығушы тараптардың қанағаттандырылуын және ұйым жетістігін жоғарылатады.

Үрдістік тәсілдеме

Кірістерді шығысқа айналдыру үшін кірістердің қандай да болмасын әрекет немесе әрекет кешендері, үрдіс ретінде қарала алады.

Нәтижелі қызмет ету үшін ұйымдар өзара байланысты және өзара әрекеттегі көптеген үрдістерді анықтауы және басқаруы қажет. Жиі бір үрдістің шығуы келесі бір кірістің енуін қамтамасыз етеді. Ұйыммен қолданылатын үрдістердің жүйелі сәйкестендірілуі және менеджменті, әсіресе, осындай үрдістердің өзара әрекеті үрдістің келісім болып есептеліне алады.

Осы халықаралық стандарт үрдістік келісімнің ұйым менеджментіне қабылдауына жол ашуға арналған.

 

8. СМЖ-ге және өнімге қойылатын талаптар. СМЖ-ге жүйелі ыңғай. Процестік ыңғай

 

Процесті ыңғай

Кіріс пен шығыстың өзгерістері үшін ресурстар қолданылатын кез-келген қызмет немесе қызметтің кешені процесс ретінде қаралуы мүмкін.

Нәтижелі функциялау үшін  ұйымдар көптеген өзара байланыс пен өзара қатынысты процесстерді анықтау және басқару қажет. Жиі бір процесстің шығуы тікелей келесінің шығуын қадағалайды. Жүйелік бірдейлестіру мен қолданылатын ұйым процестерінің менеджменті және әсіресе сондай өзараәрекеттесетін процесстерді  «процессті ыңғай» деп санауға болады.

1 суретте ИСО 9000 стандартында жазылған  процессті ыңғай негізінде сапа менеждмент жүйесі келтірілген. Ол шығыс берілгендерді көрсетуші ұйымда   қызығушы жақтың  байыпты  орын ойнайтынын көрсетеді.

Процесті ыңғай 4принципке негізделген. ИСО 9000-2000 жылдың  стандартының версиясы  өзара байланысқан процесстердің құрамындағы сапа жүйесін жобалауда алгоритмдік ыңғайды болжайтын жүйеге жаңа көзқарасқа ие.

Осыдан кейін әрбір процесс келесідегідей жүйе ретінде қарастырылады:

  • Шығыс және процесстің нәтижесі нақты анықталуы жіне өлшенуі керек;
  • Әрбір процесстің тұтынушылары анықталынады, олардың талаптары бірдейлендіріледі, олардың процесс нәтижесіне қанағаттанарлығы ескеріледі;
  •  Кәсіпорынның функциясымен берілген процесстің өзараәрекеттестігі қойылады;
  • Әрбір процесс процессті басқаруда  өкілділікпен, құқықпен және міндеттілікпен қойылуы және басқарылуы керек;
  • Процессті жобалау кезінде оның қамтамасыз ету ресурсымен анықталуы керек.

МС ИСО 9000-ды ендіру кезінде процессті ыңғайды жүзеге асыруда  сапа менеджментін бизнес процесімен сабақтастыру керек.

Басқаша мағынада процесс түсінігі алгаритмге жақын. Бұл өйткені біздің өмірімізде күннен күнге ақпараттық технология ендіріліп бара жатыр, ал олар басқа тілді білмейді.  Одан басқа процессті алгоритм түрінде елестету оның көрнекілігіне артықшылық әкеледі, ол дегеніміз оны іске асыру тез болады.

Процесстер екі топқа бөлінуі мүмкін: негізгі және көмекші.

  Бірінші топқа өнімді құру, оның өткізуі мен техникалық қызмет көрсетуінің нәтижесі болып табылатын процесстер кіргізілген. Негізі бұндай процесстерді бизнес процесс деп атайды. Олар бәрінен бұрын  бизнес процесстің нәтижесіне төлеуге дайын тұрақты тұтынушыға иелігімен сипатталады (ИСО 9001 стандартының 7 тарауы).

  Екінші топты менеджмент процесі мен қамтамасыз ету процесі  -  сатып алу, метрологиялық және ақпарттық қамтамасыз ету құрайды ( ИСО 9001 стандартының 6 және 8 тараулары).

 Кілтті пайдалар:

Процесстер басқарылған талапта орындалады;

Процесс нәтижесін алдын ала білуге  болады;

Үнемі жақсартуға бағытталу;

5 принцип- басқаруға жүйелі  ыңғай.

 Бұл принцип алдағымен  және  сапа жүйесін процесстің өзара байланыс құрамы ретінде түсінуімен тығыз байланысты. Бұл  жобалау негізінде  жүйе оданда көп тиімді жолмен жетеді. Жүйелі ыңғай сонымен қатар  тұрақты жақсарту жүйесін өлшеу мен бағалау арқылы болжайды.

Берілген принцип барлық процесстердің бірыңғай жүйеде  өзара сабақтастырумен болжайды. Ол үшін бірінші кәсiпорынның тапсырмасы бар сапасының тұжырымдамасы және оның стратегиялық мақсаттарының есептеу шеңберiн көрсету керек. Оперативті  жоспарлау және жоспарларды әр орындаушыға жеткізу механизмін істеп шығару керек. Жоспарлау процессінің ұйымымен кәсіпорын қызметтерінің нәтижесін бағалау проблемасы тығыз байланысты.Ұзақ уақыт бойы бағалау  ретінде ең бастысы басшылар, акционерлер және инвесторларға қатысты қаржы саласы қолданды. Бірақ соңғы уақытта клиенттерді қанағаттандыру, процесстің тиімділігі,  өзіндік жұмысшылардың қанағаттануы сияқты бағалау критерииі қосылды.

Кілтті пайдалар:

- ресурстарды тиімді пайдалану есебінен шығындарды төмендетеді;

- жүйелі ыңғай есебінен  кәсіпорын  қызметтерінің үздіксіз жақсарту;

- кәсiпорынның тиiмдiлiгiндегi мүдделi тараптарына сенiмдiлiктiң беруi;

6 принцип- тұрақты жақсарту.

Үздіксіз және тұрақты жақсарту-  кәсіпорынның мақсаттарының бірі. Кез келген кәсіпорында ақаулылықтың нақтылы деңгейi болады.  Бұл деңгейді төмендету мақсатының қойылымы тұрақты  жетілдірулермен жақсартуларға мүмкіндік туғызатын болады.

Әдеттегiдей, бұған ауқымды емес,кiшкентай адымдармен, бірақ тұрақты және бірге  жетедi. Процесстерді жүйелі жақсарта олар тұрақты бағаны төмендету мүмкіндігіне, ол пайданы төмендету есебінен емес, өзiндiк құнмен және бағаның аралығында өсiмтал саңылаудың арқасында ие болды.

Бірақ әрбір жақсарту адамнан басталады-оның жетілдіруінен, оның алған білімінен, ойлауынан, жеке сапасынан.

Принцип  , мысалы, Деминг циклі, Паретто диаграммасы, бақылау картасы сияқты  белгілі білімімен және белгілі әдіс және ыңғайларды талап етеді.

Жақсарту процесін ынталандыру үшін олардың мойындауының атмосферасы болуы керек.

Қоршаған орта мен адамдарды үздіксіз жетілдіру бизнес-процесстерді жетілдіру үшін  алғышарттар құрады.

 3.Жүйелі ыңғай

 Менеджментке жүйелі ыңғай: Жүйемен сияқты өзара байланысты процесстердiң анықталу, түсiну және менеджментi ұйымның нәтижелiлiк және тиiмдiлiгiне оның мақсаттарының табысында үлес енгiзедi.

 Жүйелі ыңғайды  барлық кәсіпорын  процессін басқаруға қолдану-бұл төмендегідей бағытталған ұйым қызметін іске асыру:

- ұйымның тап қалған мақсаттарының табыстарын қамтамасыз ететiн  анықтау және процесстер жүйесін өңдеу жолымен жүйенiң жiктелуi ;

- берілген мақсаттар оданда тиімді жолмен  жету үшін соған қатысты жүйе құру;

- жүйеде процесстер арасындағы өзара тәуелдiлiктiң түсiнуi;

- бағалау және өлшеу арқылы жүйені үздіксіз жақсарту;

-ең бірінші ресурстармен мүмкіндіктерді анықтау, содан кейін әрекетке шешім қабылдау.

Стратегиялық жоспар кәсiпорынға өндiру үшiн  тұтынушысы бар толық қолдану керi байланыстар жүйелiк амалда болды және жүйенiң әрбiр құрама бөлiгiнiң жоспарлауын есепке алуы бар сапа бойынша жоспар болуы мүмкiн

5.Бизнес-процесті жетілдірудің ең кең таралған әдісі- В.Шухард-Э.Деминг циклін  қолдану «Plan-Do-Check-Akt (PDCA)- жақсарту циклі (жоспарлау-іске асыру- тексеру- жақсару, түзетушi әрекеттер). Циклдің өзі  төрт бөлікке бөлінген дөңғалақ түрдегі графиканы көрсетеді (7 сурет).

Әрбір сегмент сағаттық стрелкада  келесідегідей әрекеттегі төртеудің біреуін білдіреді:

  • жоспарлау-не істеу керек, қалай істеу керек және ол үшін не керек;
  • іске асыру- не жоспарласан соны істе
  • тексеру- нәтижелер жоспарға  калай сәйкес келед;
  • әрекет- келесіде қалай жақсарту керек.

PDCA схемасы- жақсарту циклі

 Жақсарту жүргізген кезде сапаға кері әсер етуші  үш негізгі факторларды ескеру керек: жоғалту, сәйкессiздiктер және рационал емес әсерлер.

 Бизнес-процесс анализ жүргізген кезде,  негізгі төрт сұрақтар қою керек:

  • не: процесс немесе операция кезінде дәл не істеледі?

Адамдар неге? Ол не үшін істеледі және оны істемеуге болама?

  • қайда: ол қайда істеледі, оны басқа жерде істеуге болама?
  • қашан: ол қашан істеледі, оны ерте немесе кеш істеуге болама?

Берілген принципті іске асыру кезінде статистикалық сапа бақылаудың қарапайым жеті құралдары қолданылады. Ең атақтысы  болып анализді  төрт «М»-ны( машиналар, адамдар, технология, шикізат) базалайтын Исикава схемасы негізінде жүргізу. Бұл ыңғай топтық жұмысқа  бағытталған,   процесстерді, сақтандыру, жөндеу, қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша қызметке персоналдарды ықыласын аудардару болжайды.

Осы уақытта практикалық тұрғыда кез келген кәсіпорын негіз, құрылым, технологияны жиі қайта құру  керектігімен жолығады.  Бұндай жетілгендік бизнестің реинжиниринг және қайта ұйымдастыруы болып табылады.

Кілтті пайдалар:

  • кәсiпорынның стратегиялық мақсаттарының табысына көздегендiк
  • барлық қызыметшiнi жақсарту бойынша қызметке ұйымдастыру есебінен ұйымдық  мүмкiндiктерiн жоғарылату;
  • қолайлы мүмкiндiктерді тез қадағалау.

 

9. Сапа облысындағы саясат және мақсаттары, жоғары басшылықтың ролі, СМЖ және мененджменттің басқа жүйелерінің бағытталғандығы әдістердің ролі, СМЖ және мененджменттің басқа жүйелерінің бағытталғандығы. Сапа мененджментінің жүйелері және жетілдіру модельдері арасындағы өзара байланыс.

 

Ұйым спа менеджментінің жүйесін әзірлеуі, құдаттауы, енгізуі және жұмысшы жағдайда ұстауы, осы стандарттың талаптарына сәйкес оның нәтижелігін ұдайы жақсартып отыруы керек.

Ұйым:

а) сапа менеджменті жүйесі үшін қажетті процестерді анықтау керек және оларды ұйым жұмысында қолдануға ықпал жасау керек(1.2 қараңыз);

б) осы процестердің жүйелігін өзара әрекетін анықтауы;

с) осы процестерді жүзеге асыру және басқару кезінде нәтижелігін қамтамасыз ету үшін қажетті критерийлер мен әдістерді анықтауы;

д) осы процестерді қолдау және оларды бақылау үшін қажетті ресурстар мен ақпараттардың болуын қамтамасыз ету;

е) осы процестерді талдауға да мүмкін болатын жерде мониторинг және өлшеуді жүзеге асыру керек;

f) жоспарланған нәтижелерге қол жеркізу және осы процестерді ұдайы жақсартуүшін қажетті шараларды жүзеге асыруы керек.

Ұйым осы стандарттың талаптарына сәйкес осы процестер менеджментінің жүзеге асыруы керек. 

Егер ұйым басқа ұйымға өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін қандай да бір процесті тапсыруды шешсе, ол өз тарапынан осындай процестерді бақылауды қамтамасыз етуге тиіс. Басқа ұйымдарға берілген қолданылатын әдістердің түрі және ауқымы сапа менджменті жүйесі шеңберінде анықталуы тиіс.

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың:

а) ұйым мақсаттарына сәйкес боллуын;

б) сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және нәтижелігін ұдайы жақсартуға арналған міндеттердің болуын;

с) сапа саласында мақсаттарды белгілеу және талдауға арналған негіздерді құруын;

д) ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және оған түсінікті болуын;

е) жарамдалыққа ұдайы талдануын қамтамсыз етуі қажет.

Сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлау

Жоғарғы басшылық;

а) 4.1 тармағында келтірілген талаптарды орындау үшін, сондай-ақ сапа саласында мақсаттарға жету үшін сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлауды;

б) спа менеджменті жүйесін жоспарлау және оған өзгерістер енгізуде тұтастығы сақталынуын қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелігін

а) ұйымға тұтынушылар талаптарының сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптардың маңыздылығын жеткізу ;

б) сапа саласында саясатты әзірлеу;

с) сапа саласында мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

d) басшылық тарапынан талдаулар жургізу;

е) қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы тұрақты жақсарту бойынша өзінің міндеттерін растауды қамтамасыз етуі керек.

Осы стандартты әзірлеу кезінде пайдаланушылардың мүддесінде осы екі стандарттың үйлесімділігін жақсарту үшін ISO   14001:2004 ережелеріне баса назар аударылды. А қосымшасында ISO 9001: 2008 және ISO   14001:2004 стандарттары арасындағы сәйкестік берілді.

Осы стандартта қоршаған ортаны қорғау менеджменті, өндірістегі қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы менеджмент, қаржы менеджменті немесе қауіптер менеджменті сияқты менеджменттің басқа жүйелеріне қойылатын нақты талаптар жоқ. Алайда ол ұйымға өзінің сапа менеджменті жүйесін тиісті басқа менеджмент жүйесінің талаптарымен келісуге немесе осы жүйелермен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Ұйым қолданастағы сапа менеджменті жүйесін осы стандарттың талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесінін құру үшін бейімдей алады.

СМЖ-сін дайындау және ендіру кезінде жұмыстарды жүргізу кезеңдері

Сапа менеджмент жүйесін  дайындау және ендіру келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезеңсапа менеджмент жүйесін құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру. Оның құрамына:

-         сапа менеджмент жүйесінің стандарттарын енгізу шешімдерін қабылдау;

-         құжат жинағын өндіру жұмыстары қандай күштермен  жүргізілетінін анықтау;

-         стандарттарды енгізу стратегияларын анықтау;

-         сапа менеджмент жүйесін дайындау  мен енгізудің басқарушы және жұмысшы мүшелерін құрастыру;

-         ұйым басшыларын және алдыңғы мамандарды үйрету;

-          сапа аймағында саясат пен мақсаттарды ендіру.

Бұл кезеңде Сапа менеджмент жүйесінің дайындау, енгізу және жақсарту бұйырықтары ИСО 9000 сериясына сәйкес шығарылады.

Егер Сапа менеджмент жүйесі әрбір бөлек бөлімшелер , процестер, өнім үшін шығарылса, онда ол бұйрыққа әсер етеді.

Өндіру үшін жауапты жақ белгіленеді, яғни Сапа менеджмент жүйесінің басшылық мүшесі. Белгіленген жақ сәйкес мүмкіндікке ие болу керек.

Сапа менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жұмыстарын координациялары үшін сапа жөнінде Кеңес құру ұсынылады және ол ұйымның басқару мүшесінен, Кеңес мүшелерінен, сапа бөлімшелері мен Кеңес көмекшісінің басқару мүшелерінен құралады.

Бұл кезеңде жұмысшы топ құрамына  құрылымдық бөлімшелердің сапаға жауапты арнайы мамандар кіреді. Мамандарды дайындау. Сапа менеджмент жүйесін енгізген ұйым тәжірибесі көрсетеді: Жүйені енгізу мен құжатты өндіру жұмыстары бөлімшелерге немесе мамндарға сапаға әсерін тигізетіндерге, яғни стандарттау комитеттері, техникалық бақылау бөлімшелеріне жүктеледі.

Жұмыстарға барлық деңгйдегі басшыларды және ұйым коллективін тарту қажет, олар идеяны түсіну керек және орнатылған тапсырмалардың шешімін табу керек. Бірақ ең алдымен жұмысты бастар алдын мамандарды жоғары бөлімнен атқарушыға дейінгі үйрету қажет.

Сапа аймағында саясатты анықтау – бұл ұйымның мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау, олар жоғарғы басшылықпен орнатылады және ұйым стратегиясына және оның сапаға қатысты философиясына негізделуі қажет.

Саясатта тапсырыс берушінің күтімін атқару мен орнатылған  мақсаттардың жүргізу әдістерінің ұйым мақсаттары көресетіледі.

2–кезең – сапа менеджмент жүйесінің жобалануы. Берілген этапта процесс анықталады; Сапа менеджмент жүйесі - әрекетінің негіз түрлері анықталады; Сапа менеджмент жүйесіндегі жоғарғы басщылықтың жауаптылықтары мен мүмкіндіктерін орнату.

Әрекеттегі жүйені талдау. Құжаттандыру қажеттігін оранту мақсатындағы процестер талданады.  Талдау кезінде міндетті түрде анықтау керек:

-         Сапа менеджмент жүйесінің сұрақтарына және процесті орындау сұрақтарына мамандардың дайындық деңгейі;

-         Қолданыстағы ресурстардың жағдайы және процестің материалдық- техникалық қамтамасыз етуінің жағдайы;

-         әрбір процестің «кіруі» мен «шығуы».

Талдау қортындысы негізінде жауапты атқарушылар мен атқару мерзімі анықталуымен бірге Сапа менеджмент жүйесінің  құрлымы енгізілген бағдарламада өнідіріледі.

3–кезең -  Сапа менеджмент жүйесінің құжаттандырылуы. Бұл этап  Сапа менеджмент жүйесінің өндіру процесін тұрақтайды.  Сапа менеджмент жүйесінің құрлымы мен құжат құрамы, сапа менеджмент жүйесі құжаттарын кодтау ережелері анықталынады, сапа менеджмент жүйесінің құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі, құжатты өндірудің бақылауы мен консультациясы ұйымдастырылуы.

4-кезең - сапа менеджмент жүйесін енгізу. СМЖ-нің құжатын іске келтіруін енгізген соң өндірілген жүйе бағаланады. Бұл үшін ішкі аудит тобы ұйымдастырылады, құжат талаптарын сақталуын басқарады, СМЖ-нің нәтижесін және керекті түзетулерді талдайды, СМЖ-сін енгізу актісін орнатады.

5-кезең – СМЖ-ні сертификаттауға дайындық. СМЖ-ні сертификаттау органы таңдалынады, СМЖ-нің мүмкін аудитін жүргізу, СМЖ-нің сертификатын соңғы тексеруіне дайындық.

 

Кәсіпорындарға сапа жүйесін ендірудің типтік алгоритмі.


12. Сапаны басқарудың құрылымдық және функционалды сұлбалары

Сапаны қамтамасыз ету модельдері. Сапаны бақылау.

 

 

Өнімнің сапасы ― тағайындалу мақсатына сәйкес белгілі бір қажет-тіліктерді қамтамасыз ету үшін өнімнің жарамдылығын өзідеріне шартты түрде тәуелді ететін оның қасиеттерінің жиынтығы. Ол өнідірістің түрлі сатыларында қалыптасады және бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: сенімділік, ұзақтөзімділігі, функционлдығы, эстетикалылығы.

  Сапалы өнім жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие, көтеріңкі ұсыныс пәніне йналады, қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. Сапа көрсеткіш-тері өнім өндірушілердің де, тұтынушылардың да сәйкес келмеуі мүмкін мүдделерін қозғайтын болғандықтан, басымдылық тұтынушы жағында болғанда ол қоғамның мүдде-ықыластары жағынан алғанда бағалануы тиіс. Қоғам  сапаны тек шынайы жоғарылатуды ғана, яғни тұтынуда өткізілетін сапаны танып мойындайды. Мысалы, машинаның бір буынының функциялану мерзімін ұзарту бағытында шексіз жұмыс істеу бекер, егер жалпы алғанда машинаның ұзақтөзімділігі басқа буындарының жетілмеуінен өспесе.

  Өнімнің қандай да бір түрінің сапасын көтеру мәселесін шешу жеке бір кәсіпорынға қиын, өйткені бұл процеске тек ішкі (ішкіөндірістік) факторлар ғана емес, «қоғам сапасы» деп аталатын сыртқы факторлар да ықпал етеді. «Қоғам сапасы» блогына кіретін барлық элементтерді жетілдірусіз өнімнің жоғары сапасына сенім арту қиын. Бірақ жоғары сапалы өнім кәсіпорынға жетістікті кепілдік етеді, ал кәсіпорынның жетістігі қоғамның жетістігіне әкеледі. Бұл процесті «сапа пирамидасы» түрінде ұсынуға болады (1-сурет).


1-сурет. Сапа пирамидасы

 

2. Сапа басқару объектісі ретінде

Сапаны басқару ― бұл, өнімді ойластырып жасау, өндіру, айналымға салу, эксплуатациялау және тұтыну кезінде оның сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және ұстап отыру; сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы  және оған әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсаттын таймай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады (ГОСТ 15467-79). Сапаны басқару дегеніміз ― тауардың өмірлік циклінің барлық сатыларында (енгізу, өсу, кемелденуі, сұранысты қолдап отыру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техника­ лық және басқа да іс­шараларды жүргізу.

  Қазіргі заман түсінігінде сапаны басқару бойынша іс­әрекет өнім өнді­ ріліп болғаннан кейін тиімді бола аламайды; ол өнім өндіру барысында үз­ діксіз жүзеге асырылуы, сонымен қатар, өнім өндіру процесінің алдында болуы тиіс.

  Сапаны басқару келесі принциптерде құрылады:

­ нысаналылық ― сапаға қатысты нақты мақсат болуы қажет;

­ жоспарлылық ― жүзеге асырылуы тиіс сапа саласындағы іс­шаралар­ дың жиынтығы жоспарланады;

­ үздіксіздік;

­ интенсивтілік ― сапаны жоғарылауы экономика дамуының интен­ сивті факторларына жатады;

­ жүйелілік жол табу;

­ кешенділік ― сапа мәселелерін оның тәуелді болуы мүмкін барлық аспектілерді ескере отырып шешу;

­ сапаның тұтынушылардың сұраныстарына дәл сәйкес келуіне тырысу;

­ үнемі жетіліп отыру ― кәсіпорынның бәсекелестік қабілетіне үлес қосады.

  Өнім сапасын басқару ― жалпы алғанда өндірісті басқарудың құрам-дас бөлігі, оның қасиеттерінің, функцияларының бірі. Сондықтан ол қолда-ныстағы басқару жүйесінің аясында дамиды және орындалады, сапа сала-сында саясатты жасауда, өнімге деген сұранысты анықтау, өнімді құру, жасау және күтім жасау бойынша нақты және жақсы ұйымдастырылған жұмыста тұжырымдалады. Ғылымның бұл саласы басқарудың жалпы теориясына сәкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» және т.б. түсініктерді қолданады.

  Сапаға өндірістің негізгі факторлары мен жағдайларынан басқа көптеген кездесоқ, жергілікті және субъектитвік факторлар әсер етеді. Осы факторлардың барлығына ықпал ету, сапаның тиісті деңгейін қолдап отыру үшін басқару жүйесі, яғни өнім құру процесіне үнемі әсер ету шараларының жиынтығы қажет.

  Басқарушы және басқармалы жүйелерді ажыратады. Басқармалы жүйе ұйымды, фирманы, басқа да құрылымдарды басқарудың түрлі деңгейлерімен ұсынылған; басқарушы жүйе ― сапа менеджментін құрады және қамтамасыз етеді.

  Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз етудің негізгі санаттарын қарастырайық.

  Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты келесі санаттарға сүйенеді: объект, мақсат, әдістер, функциялар, басқарушы-лық қатынастардың сипаттамалары және басқалар.

  Басқару объектісі ― өнімнің сапасы, оның қасиеттерінің жиынтығы немесе олардың бір бөлігі, тобы, өнімнің жеке бір қасиеті. өнімнің сапасын басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін басқару объектісі бөіп көрсетіліп қана қойылмай, бүкіл процесті жақсырақ зердеге түйіп, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқа да санаттар дәл анықталуы тиіс.

  Басқару субъектісі ― барлық сатылардағы басқарушы органдар және өнім сапасының жоспарланған деңгейіне қол жеткізуге және қолдап отыруға жауапты тұлғалар.

  Басқару мақсаты ― өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін, сонымен қатар, қауіпсіздік пен экологиялылық талаптарын ескерілген өнім сапасының білгілі бір деңгейі мен күйі; сапа қасиеттерінің жиынтығы және тұтыну сипатына сәйкес келетіндей және өндіріс пен тұтынудың тиімділігін, тұтыну үшін жетімді бағаны, қалыпты өзіндік құнды және өнімнің жеткілікті пайдалылығын қамтамасыз ететіндей анықтап белгіленуі, қол жеткізілуі және қамтамасыз етілуі тиіс сапаның деңгейі.

  Сапаны басқару әдістері ― басқару органдары өнімнің жоспарланған күйі мен сапасына қол жеткізуді және оны қолдап отыруды қамтамасыз ете отырп өндірістік процеске ықпал жасайтын жолдары.

  Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметті-ұйымдық, экономикалық, ұйым-технологиялық.

  Ұйымдық әдістер ― талап етілетін сапаны қамтамасыз ететіндей бас-қармалы жүйеастыларды ұйымдастыруға үлес қосатын әдістердің жиынтығы. Әдістердің бұл топтарына нормалардың, түсініктемелердің, консультация-лардың, танысымдардың, сақтанушылықтар негізінде жалпыұйымдық пен сызықты-функционалдық регламенттеуге негізделген жарлықтық (бұйрық-тар, директивалар, қаулылар, нұсқаулар, өкімдер), дисциплинарлық, мотива-цияны қамтамасыз ететін (жауапкершілікті және ынталандыру нысандарын белгілеу), тұрақтандырғыш әдістерді жатқызады.

  Әлеуметті-психологиялық әдістер ― жұмыскерлердің рухани мүдде-леріне, тиісті сапаны қамтамасыз етумен байланысты олардың ынта-жігер-лерінің қалыптасуына ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Мұндай әдіс-терге мыналар жатады: кәсіпорынға беріліп жұмыс істеуді, осы кәсіпорынның жұмыскері ретінде өзіне құрметпен қарауды, кәсіпорынның жетістіктері үшін мақтан етуді, өнегелік ынталандыру нысандарын тәрбиелеу және насихаттау.

  Сапаны басқарудың экономикалық әдістері ― сапа саласында эконо-микалық ынталандыруды қолдануға негізделген ықпал ету тәсілдері және сапа саласындағы белгіленген мақсатқа қол жеткізуге материалдық мүдде-лілікті құру тәсілдері. Экономикалық әдістер тобына сонымен бірге мыналар кіреді: сапаны басқару саласындағы іс-әрекетті қаржыландыру; өндірісті экономикалық ынталандыру; тұтынушыларға олардың талаптарына сәйкес келетін өнім мен қызмет көрсетулерді ұсыну; өнім мен қызмет көрсетулердің жаңа және модернизацияланған түрлерін жоспарлау және құру; өнімге және қызмет көрсетулерге олардың сапа деңгейін ескерумен баға қою; сапаны экономикалық ынталандыру қорларын түзу; өндірістік жүйенің әрбір жұмыс орнында және жалпы алғанда сапаны басқару жүйесінде еңбектің сапасын ескере отырып, еңбекақы төлеу мен материалдық көтермелеу жүйесін қолдану; жабдықтаушыларға олардың өнімді жеткізіп беруіне және қызмет көрсетулеріне қарай ықпал етудің экономикалық шарларын пайдалану.

  Ұйым-технологиялық әдістер процесс пен өнімнің сапасын бақылау әдістеріне және процесс пен өнімнің сапасын реттеу әдістеріне бөлінеді. Ұйым-технологиялық әдістерде негізгі орынды сапаны басқарудың жүйелілік әдістері алады.

  Сапаны басқару құралдарына мыналар кіреді:

  басқару органдары және сапаны басқару жүйелерінде арнайы функция-лардың орындалуын басқаратын тұлғалар пайдаланатын ұйымтехника, бай-ланыс құралдары;

  өнімнің сапа көрсеткіштерін регламенттейтін және сапаны басқару бойынша арнайы функциялардың орындалуын ұйымдастыратын нормативтік құжаттама банкі;

  мемлекеттік эталондарды, өлшеу құралдарын қамтитын метрологиялық құралдар;

  өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (МӨЖ) регламенттейтін құжаттары;

  заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтердің мемлекеттік қызмет базасы (СММҚ).

 

10. Сапа облысындағы кәсіпорынның саясаты. Саясатты әзірлеу кезінде ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері.

 

Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.

ИСО 8402 стандартында мынадай: «Сапа саласындағы саясат – жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар мен мақсаттарды ұйымдастыру» деген анықтама берілген.

Анықтаманың ескертуінде сапа саласындағы саясат жалпы саясат элементтері болып табылады деп айтылып, жоғары басшылықпен бекітіледі.

Саясаттың осыған ұқсас анықтамасы СЕҰ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) сөздігінде не келтірілген.

Сапа саяатын анықтау кезінде кездесетін бірінші мәселелері кәсіпорын қызметінде оның рөлін және орнын анықтау және кәсіпорын сапа саясаты мен стратегиясы ара қтынастары болып табылады.

Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің жетістіктері болып табылады.

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.

Сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001:2001 стандартында мынадай талаптар келтірілген:

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:

  • ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;
  • сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;
  • сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;
  • ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;
  • үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауының қамтамасыз етуі қажет.

«Фудмастер» АҚ үшін ИСО 9000 стандарттар талаптарына сәйкес сапа саласындағы саясат және мақсаттар төмендегідей үлгіде болады.

 «Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары.

«Фудмастер» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның барлық жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, жоғрылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.

Тамақ өндірісі соның ішінде сүт өндірісіне қатысты және «Фудмастер» АҚ-да қолданылуы мүмкін  ИСО 9000 бөлімдерін ескере отырып, тұтынушы талаптары мен қажеттіліктерін толқ қанағаттандыра алу үшін сапа концепциясын бекіту және кеңейту жоспарлануда.

Сонымен, «Фудмастер» АҚ өзінің негізгі мақсаты ретінде өз өнімі мен қызмет көрсетулер сапасын кәсіпорынның барлық персоналын бұл поцеске ынталандыру арқылы үнемі жақсартуды көрсетеді.

Қазір біз МЕСТ, ТШ және басқа да нормативті-техникалық құжаттар талабына сәйкесөнім шғарамыз. Сапа менеджмент жүйесін ендіру, біздің кәсіпорында оны функцияналдау біздің тұтынушыларымыздың жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады.

Біздің сапа саласындағы саясат біздің тұтынушылардың күтулерін толық қанағаттандыратын өнім шығару болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындағы әрбір қызметкер сапаға жауап беретін және әрбір қызметкер сапаны жетілдіруге және біздің өнімді шығаруда өнімділікті арттыруда қатысу қажет.

Біздің кәсіпорын әрекетінің негізгі принципі: сапа барлығынан да жоғары.

Бұл мақсатқа жету үшін біздің кәсіпорында 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сәйкес шығарылатын барлық өнімге сапаны қамтамасыз ету жүйесі дайындалады.

Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін ендірудің қортынды мақсаты шығарылатын өнімге халықаралық сапа сертификатын алу және басқару моделдерін жақсарту болып табылады, өйткені орнатылған басқару жүйесін барлық деңгейде тиімдендіру кәсіпорында көптеген проблемаларды шешуен жаға сапалы деңгейге шығруға мүмкіндік береді: өнім сапасы, персонал жұмысының сапасы, соңында халықаралық деңгейде біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Персонал жұмысының сапасы ИСО сапа сенеджментінің сегіз прниципін нақты орындаумен қамтамасыз етіледі:

  1. Тұтынушыға бейімделу.
  2. Басшылық жетекшілігі.
  3. Қызметкерлерді қызықтыру.
  4. Үрдістік келісім.
  5. Менеджментке жүйелі келісім.
  6. Ұдайы жақсарту.
  7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.
  8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.

 

11. Сапа бойынша басшылық. Негізгі тағайындалуы

 

Сапа бойынша басшылық (Quality Manual) бірінші деңгейдің құжаты болып табылады. Бұл құжатта сапа саласындағы саясат баяндалады және ұйымның сапа жүйесі сипатталады. Сапа бойынша басшылық сапа жүйесінің негізін қалайтын құжат ретінде роль ойнайды және оның жұмысшы қалпында анықтамалық құжат қызметін атқарады.

ИСО 10011 сәйкес  сапа бойынша басшылық келесідегідей мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін:

- сапа жүйесін тиімді енгізу;

- кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын баяндау;

- сапа жүйесінде процестерді тиімді басқару;

- сапа жүйесінің аудиті үшін нормативті негізді қамтамасыз ету;

- үзіліс жағдайында сапа жүйесінің қызмет көрсету тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- кәсіпорынды сапаны қамтамасыз ету саласында персоналмен қамтамасыз етуді дайындау;

- кәсіпорынның келісім түзу жағдайында өзінің сапа жүйесінің ИСО 9000 сериялы стандартарына сәйкес екендігін көрсету;

- сапа жүйесін таныстыру.

Сапа бойынша басшылықты құру келесілерден тұрады: кіріспе бөлмі; сапа саласындағы кәсіпорын саясаты және бөлімшелердің осы саладағы тапсырмаларын баяндайды; кәсіпорын құрылымының сипаттамасы; сапа жүйесінің элементтері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын бөлімдер; сапа бойынша басшылықты қайта қарау және түзету бойынша жағдайлар. 

Сапа бойынша басшылықта кәсіпорынның ИСО стандартының әрбір ережесі бойынша сәйкестікке қалай қол жеткізетіндігін көрсетіледі. Бұл құжаттың көлемі артып кетпеу үшін онда бекітілген және қолданыстағы құжаттарға сілтемелер беріледі. Сапа бойынша басшылықтың формасы оған өзгерістерді оңай енгізуге болатындай етіп таңдалады.

Сапа бойынша басшылықты дайындауды кәсіпорынның уәкілетті құзырлы тобы жүзеге асырады. Оны дайындау кезінде келесі іс-шаралар орындалады:

- сапа жүйесіне ИСО стандарты анықталады;

- сапа жүйесінде жүзеге асырылатын процедуралардың тізілімі құрастырылады;

- сапа жүйесін пайдаланушылар туралы ақпараттар жиналады; 

- сапа бойынша басшылықтың құрылымы және формасы анықталады;

- сапа бойынша басшылықтың қабылданған құрылымы және формасына сәйкес сапа жүйесінің құжаттары жіктеледі.

 

12. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы

 

Сапа бойынша басшылық келесілерден тұруы керек:

- атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы;

- мазмұны;

- сапа бойынша басшылық туралы және кәсіпорын туралы ақпаратардан тұратын кіріспе бөлімі;

- кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты мен мақсаты;

- ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі;

- сапа жүйесінің элементтерінің сипаттамасы және сапа жұйесінің құжатталған процедураларына сілтемелер;

- егер қажет болған жағдайда, «Анықтамалар» бөлімі;

- егер қажет болған жағдайда, басшылыққа сілтеме;

- егер қажет болған жағдайда, көмекші ақпараттардың қосымшасы. приложение с дополнительной информацией, если необходимо.

Атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы

 Сапа бойынша басшылықтың атауы және әрекет ету ортасы сапа бойынша басшылық қолданылатын ұйымды нақты анықтау керек. Сондай-ақ бұл бөлім сапа жүйесінің элементтерін қолдануды анықтау керек.

Мазмұны

Сапа бойынша басшылықтың мазмұнында бөлімдердің атаулары келтіріледі және оларды оңай табу үшін олар нөмерленеді.

Кіріспе бөлімі

Кіріспе бөлімінде мүдделі кәсіпорын туралы және сапа бойынша басшылық туралы жалпы мәліметтер келтіріледі. 

Сапа саласындағы саясат және мақсаттар

Сапа бойынша басшылықтың осы бөлімі кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын және мақсаттарын бекіту керек.  

Ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі

Сапа бойынша басшылықтың бұл бөлімінде кәсіпорынның жоғарғы деңгейінің сипаттамасы келтіріледі. Сондай-ақ жауапкершілігін, құзыреттілігін және өзара байланыстарын көрсететін құрылымдық схемасын көрсетуге болады. 

Сапа жүйесінің элементтері

Сапа бойынша басшылықтың қалған бөлімдері сапа жүйесінің барлық қолданылатын элементтерінің сипаттамасынан тұруы керек.

Сапа жүйесінің жлементтеріне талаптар ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарында немесе осы кәсіпорында қолданылатын стандартта бекітілген.

Анықтамалар

Егер анықтамалардан тұратын бөлім басшылықта қажет болған жағдайда, әдетте ол «Қолданылу саласы» бөлімінен кейін орналастырылады. Бұл бөлімде осы сапа бойынша басшылықта  қолданылатын терминдер мен ұғымдарға анықтамалар беріледі немесе сапа саласындағы терминологиялық құжаттарға сілтемелер көрсетіледі.

Көмекші мәліметтер үшін қосымша

Басшылыққа қажетті көмекші ақпараттардан тұратын қосымшалар кірістіріледі.

 

13. Сапа бойынша басшылықтың құрамы. Сапа бойынша басшылық элементтері. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы

 

Сапа бойынша басшылық - бұл ұйымның ерекшелігі туралы көрсетілім беретін концептуальды құжат. Ұйымның визиткалы карточкасы сияқты және ол мыналарды кірістіреді:

-         лицензиялауға жататын қызметтердің барлық түріне ұйымның лицензиялар тізімі;

-         ұйымдық құрылым;

-         СМЖ-нің толық сипаттамасы және оның әрекеттерінің жерлердегі қолдану аймағы.

Сапа бойынша басшылық электронды, қағаз жүзінде немесе типографиялық әдіспен алынған бірыңғай құжат сияқты бекітілуі мүмкін. Бөлімдерді бекіту кезінде оның элементтерінің ИСО 9001:2009 стандарты негізіне сай екендігін қадағалау қажет. Сапа бойынша басшылық ИСО 9001 стандарты элементерінің бірі болып табылады.

Корона ЖШС СМЖ-сін ендіруде ең маңызды қызметкерлердің бірі жауапты басшы болып саналады. Жауапты басшы іс - әрекетіне қарай кәсіпорынның алға қарай жылжуы, оның дамуы және нарықтағы бәсекеге қабілеттілгі айқын болады.

Сапа бойынша басшылық Техникалық реттеу және метрология комитетінің Сапа менеджмент жүйесінің қолдану саласын, сонымен қатар Сапа менеджмент жүйесі процестері арасындағы байланыстар қарым қатынасын, СМЖ саласында өңделген құжатталған процедураларға сілтемелерді сипаттайды.

Сапа бойынша басшылық келесі құжаттамалардан тұрады:

1.                     Жалпы ережелер.

2.                     Нормативті сілтемелер.

3.                     Терминдер мен қысқартулар.

4.                     Сапа менеджмент жүйесі.

     4.1 Жалпы талаптар.

     4.2 Құжаттамаларға талаптар.

5.                     Басшылық жауапкершілігі.

     5.1 Басшылық міндеттемесі.

     5.2 Тұтынушыға жобалау.

     5.3 Сапа саласындағы саясат.

     5.4 Жоспарлау.

     5.5 Жауапкершілік және ақпарат алмасу.

     5.6 Басшылық тарапынан сараптау.

6.                     Ресурстар менеджменті.

     6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету.

     6.2 Адам ресурстары.

     6.3 Инфрақұрылым.

     6.4 Өндірістік орта.

7.                     Өнімнің өмірлік циклінің процестері.

      7.1 Өнімнің өмірлік циклінің процестерін жоспарлау.

     7.2 Тұтынушалрмен байланысты процестер.

     7.3 Сатып алу.

     7.4 Кәсіпорын және қызмет көрсету.

8.                     Өлшеу, анализ және жақсарту.

8.1                Жалпы ережелер.

8.2                Мониторинг және өлшеу.

8.3                Сәйкес келмейтін өнімді басқару.

8.4                Ақпараттарды сараптау.

8.5                Жақсарту.

 

САПА БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ТҰРҒЫЗЫЛУЫ

                                                                                                                                                               (Кесте 3.1)

Сапа бойынша басшылық бөлімі

 

Бөлімнің қысқаша мазмұны

СТ ҚР ИСО 9001-2009 Пунктілері

Мазмұны

Сәйкес бөлімдермен қарастырылатын жетекшіліктің барлық бөлімдерінің тізімдері беттері мен бірге келтіріледі.

 

Сапа саласындағы саясат

Кәсіпорынның сапа саласындағы Саясаты жазылады

5.1-5.3

Сапа бойынша жетекшілікті тарату және қолдану облысы

Ұйымда және сыртқы пайдаланушылар үшін сапа бойынша жетекшіліктің қолданылу және таратылу саласы туралы мәліметтер келтіріледі.

4.2.2

Кіріспе

Ұйым, өнім, сапа бойынша жетекшілік туралы жалпы мәліметтер келтіріледі

4.2.2

Нормативтік сілтемелер

Сапа бойынша жетекшілікте сілтемелер келтірілген құжаттамалар белгіленулері мен тізімінен тұрады.

2

Терминдер,   анықта малар, қысқартулар мен шартты белгіленулер

 

Қолданылған қысқартулар және шартты белгіленулердің терминдермен бірге анықтамалары келтіріледі.

3

Органиграмма

Сапа менеджменті жүй есінің органиграммасы келтіріледі.

 

Сапа менеджмент жүйесі

Ажыратулардың қажеттілігін негіздеу және жүйенің құжаттамаланған негізі және құрылымы, процестердің тізбектілігі және өзара әрекетін қоса алғандағы СМЖ көлемінің және әрекет ету саласының суреттемесі келтіріледі.

Бөлім 4

 

 

Жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы

Сапа саласындағы мақсаттар және саясаттар құрылымдануы үшін жауапкершілік және олардың процеске дейінгі жазылуы келтіріледі.

Сапа саласындағы жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы келтіріледі.

Жетекшілік өкілінің жауапкершілігі келтіріледі, олар төмендегілер:

- сапа менеджмент процестерпін ұстап тұру және ұстап тұруға;

- жоғарғы жетекшілікке есептерді ұсынуға;

- тұтынушылар талаптарын ұйым персоналына дейін жеткізуге;

- сыртқы ұйымдармен байланысты ұстап тұруға (қажет болған жағдайда)

5.1; 5.3; 5.4.1

 

 

 

 

 

5.1; 5.3; 5.4.1

 

5.5.1; 5.5.3;

 

 

5.1-5.4; 5.5.2

Процестер

Сапа саласындағы мақсаттарды жоспарлау, ұйымда СМЖ құру және оны дамытуды жоспарлау.

Жетекшілік тарапынан талдау

Процестердің қысқаша суреттемесі және оларды суреттеуші құжаттамаларға сілтемелер

5.4.2

 

 

5.6

6-8 бөлімдер

Процедуралар

6 бөлімде келтірілген міндетті процедураларға (процестерді суреттеу кезінде мүмкін), сонымен қатар басқа да құжаттамаланған процедураларға сілтемелер келтіру және қысқаша суреттеу

Бөлімдер 4-8

Қосымшалар

Кәсіпорынның ұйымдастырушы лық құрылымы, СМЖ басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорындағы сапа қызметінің құрылымдың схемасы, құжаттамаланған процедураларда көрсетілген процестерге және іс әрекеттерге жауапкершіліктерді бөлу матрицасы, сонымен қатар СМЖ құжаттамаларының тізімі, (егер кәсіпорында мұндай тізім болмаса жеке құжаттама түрінде) келтіріледі.

 

 

Сапа бойынша басшылық құрылымы қағида бойынша ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты құрылымына ұқсас болады, ол сапа жүйесін сертификаттау кезінде сыртқы аудиторлардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сапа бойынша жетекшілікте кәсіпорында қандай жолмен ҚР СТ ИСО 9001-2001 барлық талаптарына сәйкестігі жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Жетекшіліктің артық көлемінен қашу мақсатында онда бекітілген және пайдаланылып жүрген құжаттамаларға сілтемелер келтіріледі (стандарттар, процедуралар, процестерді суреттеу, әдістемелер, нұсқаулар, сапа бағдарламалары және т.б.).

 

14. ИСО 9001:2009  элементтері:  жауапты басшы, ресурстар менеджменті, өнім өндірісі, өлшеу, анализ және жақсарту

 

Жауапты басшы

Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелігін

  • Техникалық реттеу және метрология комитетіне тұтынушылар талаптарының, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптардың маңыздылығын жеткізу;
  • Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында саясатты әзірлеу;
  • Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
  • басшылық тарапынан талдаулар жүргізу;
  • қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы тұрақты жақсарту бойынша өзінің міндеттерін растауды қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық тұтынушылардың қанағаттандырылуын көтеру мақсатында олардың талаптарының анықталуы мен орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың:

  • ұйымға мақсаттарына сәйкес болуын;
  • сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және нәтижелігін ұдайы жақсартуға арналған міндеттердің болуын;
  • сапа саласында мақсаттарды белгілеу және талдауға арналған негіздерді құруын;
  • ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және оған түсінікті болуын;
  • жарамдылыққа ұдайы талдануын қамтамасыз етуі қажет.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің жоғарғы басшылығы, өнімге қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті мақсаттарды қоса сапа саласындағы мақсаттар ұйымның сәйкес бөлімшелерінде және сәйкес деңгейлерінде белгіленуін қамтамасыз етуі қажет. Сапа саласындағы мақсаттар өлшене алатын және сапа саласындағы саясатпен сәйкестендіріле алуы керек.

Жоғарғы басшылық:

  • СМЖ талаптарын орындау үшін, сондай-ақ сапа саласында мақсаттарға жету үшін сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлауды;
  • сапа менеджменті жүйесін жоспарлау және оған өзгерістер енгізуде тұтастығы сақталынуын қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық жауаптылықтың және уәкілеттіліктің анықталуын және ұйым қызметкерлеріне жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық ұйым басшылығы құрамынан басқа міндеттеріне қарамастан, мыналарға таралатын жауапкершілік жүктелетін және өкілеттілік берілетін өкіл тағайындауға тиіс:

  • СМЖ талап ететін процестердің әзірленуін, енгізілуі және жұмысшы қалыпта ұсталуын қамтамасыз етуге;
  • сапа менеджменті жүйесінің қызметі және оны жақсартудың кез келген қажеттігі туралы жоғарғы басшылыққа есептер ұсынуға;
  • барлық ұйым бойынша тұтынушылар талаптарын түсінуді таратуды қамтамасыз етуге жауапты және уәкілеттерге ие болуы керек.

Жоғарғы басшылық ұйымда СМЖ-нің тиімділігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу мен коммуникациялардың сәйкес процестерін белгілеуді қамтамасыз етуі қажет.

Жоғарғы басшылық жоспарланған аралықтар сайын ұйымның сапа менеджменті жүйесінің үнемі жарамдығын, барабарлығын және нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында оны талдауы керек. Талдауға ұйымның СМЖ-н, оның ішінде сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жақсарту мүмкіндіктері мен өзгерістер енгізу қажеттіктерін бағалауды қосу керек.

Басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер мына ақпараттардан тұруы керек:

  • аудит нәтижелері;
  • тұтынушымен кері байланыс;
  • процестер қызметі және өнім сәйкестігі;
  • ескертетін және түзететін әрекеттер мәртебесі;
  • басшылық тарапынан алдыңғы талдаудан шығатын кейінгі әрекеттер;
  • СМЖ-ге әсер етуі мүмкін өзгерістер;
  • жақсарту жөніндегі ұсыныстар.

Басшылық тарапынан талдаудың шығыс деректері:

  • СМЖ және оның процестерінің тиімділігін арттыруға;
  • өнімді тұтынушылар талаптарына сәйкес жақсартуға;
  • ресурстардың қажеттігіне қатысты барлық шешімдер мен әрекеттерді қамтуы керек.

Ресурстар менеджменті

Ресуртармен қамтамасыз ету

Ұйым:

  • сапа менеджменті жүйесін енгізу және оны жұмысшы қалыпта ұстау, сондай-ақ оның нәтижелігін ұдайы арттыру;
  • тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы олардың қанағаттандырылуын арттыру үшін қажетті ресуртарды анықтауы және олармен қамтамасыз етуі қажет.

Ұйым сапа саласындағы мәселелер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін керекті ресуртарды анықтауға және қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін, үрдістердің орындалуының тиімділігі мен нәтижелілігі үшін, сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымдауы үшін, тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытқан тараптардың талаптарын қанағаттандыруы үшін де міндетті.

Анықтау кезінде ресурстардың барлық түрлері ескеріледі, мыналарды қоса:

  • адам ресурстары;
  • инфрақұрылым;
  • өндіріс ортасы;
  • қаржылық құрамы.

Ресурстарды басқаруда негізгі көңілге алатындар:

  • кәсіпорын мүмкіншілігін ескере отырып, рационалды және өз уақытында ресурстармен қамтамасыз ету;
  • материалды ресурстарды тиімді басқару, сонымен қатар өнімді өндіруге арналған құрал-жабдықтарды және оның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуін қоса;
  • материалды емес ресурстарды басқару, дайындау, қолдану және интеллектуалды жекеменшікті қорғауды қоса;
  • жаңа шешімдерді енгізудегі ықпал жасайтын механизмдерді дайындау;
  • кәсіпорын құрылымының жақсаруы;
  • ақпараттық қамтамасыз етуді басқару;
  • дайындау, оқыту жолдарымен мамандардың компетенттілігін жоғарлату және бағалау;
  • қоршаған ортаға зиян әкелмейтін өндірістің табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігін және ұйымдастыруын талдау.

Ресурстармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қолда бар ресурстарға талдау жүргізуге, ресурстардың барлық түрлері бойынша кәсіпорын талаптарын анқытау және жоспарлауға тиіс.

Керекті ресурстарды анықтау кезінде кәсіпорынның ұйымдастырушы – техникалық дамуы және шығарылатын өнімнің талаптары жорамалданады.

Адам ресурстары

Өнімнің ұсынылған талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персонал алған бөліміне, даярлығына, дағдысы мен тәжірибесіне сәйкес білікті болуға тиіс.

ЕСКЕРТПЕ: өнімнің талаптарға тура немесе жанама сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесі шеңберінде кез келген жұмысты орындайтын персонал әсер етуі мүмкін.

Біліктілік, даярлық және хабардар болуы

 

  • өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың қажетті біліктілігін анықтау керек;
  • қолданылатын жерде, қажетті біліктілік деңгейіне қол жеткізу үшін, дайындықты қамтамасыз ету немесе басқа әрекеттер қолдану керек;
  • қабылданған шаралардың нәтижесін бағалауы;
  • өз қызметкерлерінің әрекетінің өзектілігі мен маңыздылығын және сапа саласында мақсаттарға жетуге үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуі;
  • білімі, даярлығы, әдеттері және тәжірибелері туралы сәйкес жазбаларды жұмысшы қалыпта ұстауы керек.

Кәсіпорында жұмыс істейтін персонал сапа саласында кәсіпорын мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлардың бірі болып келеді. Сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлерде компетенцияны қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу, оқытуды, квалификациялауды жүргізу керек.

Кәсіпорын сапаға әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың талаптарын анықтау керек.

Өнім өндірісі

Техникалық реттеу және метрология комитеті қызмет көрсетуді басқару жағдайында ұстауды жоспарлауы және қамтамасыз етуі керек. Басқару жағдайлары егер бұл мақсатқа сай келсе:

  • өнім сипаттамасын суреттейтін ақпараттың болуынан;
  • қажет жағдайда жұмысшы нұсқауларының  болуынан;
  • сәйкес жабдықты қоданудан;
  • бақылау және өлшеу құралдарының болуы және оларды қолданудан;
  • мониторинг және өлшеуді орындаудан;
  • өнімді өндіру, жеткізу және жеткізілгеннен кейінгі әрекеттерді жүзеге асырудан тұруы керек.

Өнімді өндіру түріне байланысты ұйым қажетті өндірілілетін өнімнің құрамын және операция жүйелілігін анықтауы тиіс.

Ұйым өнім өндірісін нақты операция талаптарымен үйлестіріп немесе тұтынушы сұранысына сай шығарылған өнімге кепілді қамтамасыз ету қызметін көрсету.

Ұйым нәтижесін кезекті мониторинг немесе өлшеу арқылы тексеруге болмайтын өндіру және қызмет көрсетудің барлық процестерін растауға тиіс, соның салдарынан олардың кемшіліктері өнімді пайдалануды басқарғаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін ғана анық болады.

Валидтеу бұл процестердің жоспарланған нәтижелерге жете алу қабілетін көрсетуі тиіс.

Ұйым, егер бұл қолданылса, осы процестер бойынша шараларды әзірлеуі керек:

  • процестерді талдау және бекіту үшін анықталған критерийлер;
  • сйкес жабдықтар және қызметкерлер біліктіліктерін бекіту;
  • нақты әдістер мен процедураларды қолдану;
  • жазбаларға қойылатын талаптар;
  • қайталама валидтеу.

Қажет жерде ұйым, өнімді оның барлық өмірлік циклінің кезеңдеріне сәйкес құралдар көмегімен сәйкестендіруі керек.

Ұйым өнім өндіру барысында мониторинг және өлшеу талаптарына қатысы бойынша өнімнің мәртебесін бірдейлендіруге тиіс.

Егер бақылап отыру талап болып табылатын болса, онда ұйым өнімді арнайы бірдейлендіруді және басқаруға жазбаларды жұмыстық күйінде сақтауға тиіс.

Егер тұтынушының меншігі жоғалған, бүлінген немесе пайдалану үшін жарамсыз болса, ұйым бұл жөнінде тұтынушыны хабардар етуге және жазбаны жұмыстық күйінде ұстауға тиіс.

Ұйым ішкі өңдеу барысында және арналған орнына жеткізу процесінде өнімді талаптарға сәйкестігін ұстап тұру мақсатында сақтауға тиіс. Егер бұны қолдануға болса, сақтауға сондай-ақ бірдейлендіру, тиеу - түсіру жұмыстары, буып - түю, сақтау және қорғау енуге тиіс. Сақтау өнімнің құрамына, бөліктеріне  қолдануға тиіс.

Өнімді өлшеу және бақылау

Әдістемені жасау, жоспарлау және өнімді өлшеуді жүргізу келесі жағдайларда талап етіледі:

  • жеткізушімен жеткізілген өнімді өлшеу және тексеру үшін;
  • өмір циклының барлық сатысы бойынша өз өнімінің орнатылған талапқа сәйкестігін тексеру және өлшеу;

  Өнімді өлшеуді жүргізуді жоспарлау үшін мыналарды анықтау талап етіледі:

  • дайындау процесінде әрбір нүктенің орналасуы және өлшеу про цесінің бірізділігі;
  • әр нүктеде өлшеуге жататын сипаттамалар;
  • қолданылатын қабылдағыш критерийлері және өлшеуге жататын нормалаушы көрсеткіштер орнатылған құжаттама;
  • өлшеуге қолданылатын қажетті құралдар және жабдықтар;
  • тұтынушы тексеруіне жататын өнімнің таңдалған сипаттамалары;
  • тапсырыс берушінің қатысуымен орындалатын немесе орнатылған заңнамамен немесе нормативтік құжаттармен орган жүзеге асыратын сынау немесе бақылау;
  • егер заңнамамен немесе регламенттейтін органмен немесе жүргізу үшін тұтынушылармен талап етілсе, үшінші жақты Тарту;
  • типін сынау;
  • процесс барысында сынау немесе бақылау;
  • өнімнің тексерілуі;
  • өнімнің бекітілуі;
  • өнімді өлшеуді жүргізу кезінде қолданылатын сапа менеджмент жүйесі немесе жұмысшылардың біліктілігі немесе процесте, өнімге, материалға сәйкес қажеттілік;
  • сынауды бітіру жән қабылдау және барлық орнатылған бақылау түрлері бекіту мақсатында дайын өнім бақылауын жүргізу реті мен көлемі;
  • өнімді өлшеу процесінің шығу мәліметтеріне талаптар.

Өнімнің өлшеу және бақылау нәтижелерін тіркеу үшін қолдануға болады:

  • бақылау және сынау протоколдары;
  • нәтижелерді тіркеу үшін журналдар;
  • орнатылған формалар (кестелер, бақылау парақтары және т.б);
  • шығаруға рұқсат;
  • материалдардың шығарылуы туралы шешім;
  • қажет болған жағдайда сертификаттар.

Жақсарту

Ұйым сапа саласында саяаст пен мақсатты қолдануда, аудит нәтижелерінде, мәліметтерді талдауда, түзетуші және ескертуші әрекеттерде, сонымен бірге басшылық тарапынан талдауда сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі жақсартып отыру керек.

Ұйым жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеу бойынша үнемі жұмыс жасуды жүзеге асыру керек. Потенциалды жақсарту диапазоны жақсартудың көп жылдық жоспарларына дейін үздіксіз қызметтен болуы мүмкін.

Жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде процестің тиімділігі мен нәтижелілігіне назар аудару қажет. Бұл әрекеттер алға қойған мақсаттарға жетуге кепілдік үшін бақылау қажет.

Жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлауда тиімділік пен жоғары нәтижелілік үшін жоспарланған нәтижелерге жетуде мониторинг бойынша, процестерді талдау және өлшеу бойынша  ақпараттарды қолдану қажет.

Ұйымның сапа менеджмент жүйесі саясатты өзгерту есебімен, аудит нәтижелерімен, ескертуші және түзетуші іс-шаралар және мәліметтер талдауы болуы тиіс.

Үнемі жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жақсарту әдістемесін жасау қажет. Мұндай әдістеме барлық қызметкерлерге түсінікті болуы қажет, процестің, өнімнің жақсаруына жетуге бағытталған, сапа менеджмент жүйесі және күнделікті жұмыста қолданылуға жарамды болуы қажет.

Жақсы нәтижелерге  үнемі жақсарту бойынша жұмысқа персоналдарды қызықтыру жолымен жетуі мүмкін. Бұған жетуге болады, егер:

  • қызметкерлер, процесс, бөлімшелер, ұйым үшін нақты мақсаттар жасауды қамтамасыз ету;
  • тұтынушылар талабына қызметкерлерге дейін жеткізілуін қамтамасыз ету;
  • жақсартуды тіркеу;
  • тұтынушылар талаптарын орындау деңгейі мен мақсатқа жету деңгейіне үнемі баға жүргізу;
  • басшылық тарапынан жақсару айырмасын мойывндау;
  • үнемі жақсарту бойынша жұмыстарды орындау үшін персоналдар мотивация жүйесін құру.

  Жоғары басшылыққа жақсартудың активті мүмкіндігін іздеуге адамдарды қызықтыратын шарт жасау қажетті.

  Бұған көмегімен жетуге болады:

  • персонал үшін мақсаттар қою;
  • практика және бәсекеге қабілеттілік бойынша ақпараттарды қызметкерлерге жеткізу;
  • жетістіктерге алғыс.

  Ұйымда негізгі күш бизнес-процестің үнемі жақсартылуына бағытталуы тиіс:

  • процестің нәтижелілігін бағалау (процесс мақсатына жету бағасы);
  • процесс тиімділігінің бағасы (ресурстарды қолдану тиімділігінің бағасы);
  • ішкі тұтынушылардың қанағаттану  деңгейін бағалау;
  • процесс тұрақтылығын тексеру;
  • жоспарланған және жоспарланбаған процесс өзгерісінің әсерін бағалау. 

 

15. Сапа мененджменті жүйесін құжаттамасы. Сапа мененджменті жүйесінің құрылымы және иерархиясы. Сапа өнімін қамтамасыз ету сұлбасы

 

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы - сапа жүйесiнiң тиiстi жұмыс жасаулары және өнім сапасын қамтамасыз етуі үшiн қажеттi құжаттардың жиынтығы.

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы:

- сапа саласындағы саясат және мақсаттар туралы құжатталып рәсімделген өтініштерден;

- сапа жөніндегі жетекшіліктен;

- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан;

- жұмыс және оның процестерін басқаруды тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету үшін ұйымға қажетті құжаттардан;

- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін жазбалардан тұруы керек.

СМЖ құжаттамасының негізгі мақсаттары: ақпараттандыру, сәйкестік дәлелдері, білімдермен алмасу.

Бұл құжаттамалардың құрамына кіретін негізгі құжаттар:

  • СМЖ құжаттарының тізбесі;
  • Сапа саласындағы саясат;
  • Сапа бойынша басшылық; құжатталған үрдістер;
  • Жұмысшы, қызметтік нұмқаулар, бөлімшелер туралы ережелер.
  • Жұмысты жоспарлау тиімділігін қамтамасыз ету және сапа туралы білімді, процестерді бақылау үшін құжаттар.

ИСО 9001 стандарты келесі міндетті құжаттардың 6 процедуралары барын белгілейді:

  • құжаттарды басқару;
  • жазбаларды басқару;
  • ішкі аудиттер;
  • сәйкессіз өнімдерді басқару;
  • түзетуші әрекеттер;
  • ескертуші әрекеттер.

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына негізгі талаптар 4.1 суретте келтірілген.

 

4.1 сурет. Сапа менеджмент жүйесіне негізгі талаптар

 

Қарастырылған талаптардың біреуі орындалмаған жағдайда сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасының тиімділігін төмендетеді.

СМЖ құжаттамсының құрамын және құрылымын анықтау – құжаттаудың негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды 5 деңгейге бөлуге болады (4.2 сурет). Бұл схема құжат түрлерін көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ СМЖ құжаттамасын құрастыруды анықтайтын олардың арамсындағы өзара байланысын көрсетеді.

4.2 сурет. Сапаны басқару жүйесі құжаттарының құрылымы

 

Бірінші этапта сапа менеджментін құруды регламенттейтін құжаттар әзірленеді. Бұл құжаттаманы базалық құжат ретінде қарастыру керек. Базалық құжаттама сапа бойынша жалпы жетекшіліктен, сондай-ақ сапа менеджмент жүйесінің жеке элементтеріне қатысты жалпы ұйымдық және жалпы әдістемелік құжаттардан тұрады. Сапа бойынша басшылық сапа менеджмент жүйесінің негізін қалайтын құжат ролін ойнайды, және оның жұмысшы жағдайында анықтамалық материал қызметін атқарады.

Сапа менеджмент жүйесінің кұжаттамасы ҚР СТ ИСО 9001:2009 стандартының «Құжаттамаға қойылатын талаптар» бөліміне сәйкес жүргізіледі.

  1. Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы:
  • Құжатталып рәсімделген сапа саласындағы саясат пен мақсаттар туралы өтініштерден;
  • Сапа жөніндегі жетекшіліктен;
  • Осы стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан және жазбалардан;
  • Ұйыммен процестерді тиімді жоспарлау, жүзеге асыруды және оны басқаруды қамтамасыз ету үшін оған қажетті ретінде анықталған жазбаларды қоса құжаттардан тұруы керек.
  1. Сапа жөніндегі жетекшілік.

Ұйым:

  • Қандай да болмасын шектеулерге түсініктемелер мен енгіздемелерді қоса сапа менеджменті жүйесінің қолданылу саласынан;
  • СМЖ үшін әзірленген құжатталған процедуралардан, немесе оларға сілтемелерден;
  • СМЖ процестерінің өзара әрекетіне сипаттамадан тұратын сапа жөніндегі жетекшілікті әзірлеуі және жұмысшы қалыпта қстауы керек.
  1. Құжаттаманы басқару.

СМЖ-нің құжаттары басқарылуы керек. Жазбалар құжаттардың арнайы түрі болып табылады. Басқарудың қажетті жабдықтарын анықтау үшін:

  • Құжаттарды шығарылғанына дейін барабарлығын тексеруді;
  • Қажеттігіне қарай құжаттарды талдау және көкейкесті ету мен қайта бекітілуін;
  • Өзгерістердің және құжаттарды қайта қарау мәртебесін сәйкестендіруді қамтамасыз етуді;
  • Олардың қолданылу орындарында құжаттардың сәйкес нұсқаларының болуын қамтамасыз етуді;
  • Құжаттардың нақты және жеңіл сәйкестендірілетін күйде сақталуын қамтамасыз етуді;
  • Ұйымның СМЖ-н жоспарлау және жұмыс істеу үшін оған қажетті деп тапқан сырттан келген құжаттарды бүрдейлендіруін және оларды жіберуді басқаруды қамтамасыз етуі;
  • Көнерген құжаттардың қасақана пайдалануының алдын алу және қандай да бір мақсаттар үшін қалдырылған құжаттарға сәйкес сәйкестікті қолдануды қарастыратын құжатталған процедура әзірленуі керек.
  1. Жазбаларды басқару.

СМЖ-нің талаптарға сәйкестігін және жұмысының тиімділігіне растауды бекіту үшін жазбалар жүргізілуі, басқарылуы керек. Ұйым жазбаларды бүрдейлендіруді, сақтау, қорғау, қалпына келтіру, сақтау және алып тастау кезінде қажет болатын басқару құралдарын анықтау үшін құжатталған процедураны белгілеуге тиіс. Жазбалар айқын, оңай бірдейлендіретін болып қалуға және қалпына келтірілуге тиіс.

 

16. Процессті және жүйелі ыңғай. Деминг-Шухарт циклі және процесті ыңғай.

 

  • Кәсіпорынға басқару жүйесіне процесті ыңғай түсінігі.
  • Кәсіпорынның процесстер құрылымы.
  • Жүйелі ыңғай
  • В.Шухард-Э.Деминг циклі.

 

  • Процесті ыңғай

Кіріс пен шығыстың өзгерістері үшін ресурстар қолданылатын кез-келген қызмет немесе қызметтің кешені процесс ретінде қаралуы мүмкін.

Нәтижелі функциялау үшін  ұйымдар көптеген өзара байланыс пен өзара қатынысты процесстерді анықтау және басқару қажет. Жиі бір процесстің шығуы тікелей келесінің шығуын қадағалайды. Жүйелік бірдейлестіру мен қолданылатын ұйым процестерінің менеджменті және әсіресе сондай өзараәрекеттесетін процесстерді  «процессті ыңғай» деп санауға болады.

1 суретте ИСО 9000 стандартында жазылған  процессті ыңғай негізінде сапа менеждмент жүйесі келтірілген. Ол шығыс берілгендерді көрсетуші ұйымда   қызығушы жақтың  байыпты  орын ойнайтынын көрсетеді.

Процесті ыңғай 4принципке негізделген. ИСО 9000-2000 жылдың  стандартының версиясы  өзара байланысқан процесстердің құрамындағы сапа жүйесін жобалауда алгоритмдік ыңғайды болжайтын жүйеге жаңа көзқарасқа ие.

Осыдан кейін әрбір процесс келесідегідей жүйе ретінде қарастырылады:

  • Шығыс және процесстің нәтижесі нақты анықталуы жіне өлшенуі керек;
  • Әрбір процесстің тұтынушылары анықталынады, олардың талаптары бірдейлендіріледі, олардың процесс нәтижесіне қанағаттанарлығы ескеріледі;
  •  Кәсіпорынның функциясымен берілген процесстің өзараәрекеттестігі қойылады;
  • Әрбір процесс процессті басқаруда  өкілділікпен, құқықпен және міндеттілікпен қойылуы және басқарылуы керек;
  • Процессті жобалау кезінде оның қамтамасыз ету ресурсымен анықталуы керек.

МС ИСО 9000-ды ендіру кезінде процессті ыңғайды жүзеге асыруда  сапа менеджментін бизнес процесімен сабақтастыру керек.

Басқаша мағынада процесс түсінігі алгаритмге жақын. Бұл өйткені біздің өмірімізде күннен күнге ақпараттық технология ендіріліп бара жатыр, ал олар басқа тілді білмейді.  Одан басқа процессті алгоритм түрінде елестету оның көрнекілігіне артықшылық әкеледі, ол дегеніміз оны іске асыру тез болады.

Процесстер екі топқа бөлінуі мүмкін: негізгі және көмекші.

 Бірінші топқа өнімді құру, оның өткізуі мен техникалық қызмет көрсетуінің нәтижесі болып табылатын процесстер кіргізілген. Негізі бұндай процесстерді бизнес процесс деп атайды. Олар бәрінен бұрын  бизнес процесстің нәтижесіне төлеуге дайын тұрақты тұтынушыға иелігімен сипатталады (ИСО 9001 стандартының 7 тарауы).

  Екінші топты менеджмент процесі мен қамтамасыз ету процесі  -  сатып алу, метрологиялық және ақпарттық қамтамасыз ету құрайды ( ИСО 9001 стандартының 6 және 8 тараулары).

 Кілтті пайдалар:

Процесстер басқарылған талапта орындалады;

Процесс нәтижесін алдын ала білуге  болады;

Үнемі жақсартуға бағытталу;

5 принцип- басқаруға жүйелі  ыңғай.

 Бұл принцип алдағымен  және  сапа жүйесін процесстің өзара байланыс құрамы ретінде түсінуімен тығыз байланысты. Бұл  жобалау негізінде  жүйе оданда көп тиімді жолмен жетеді. Жүйелі ыңғай сонымен қатар  тұрақты жақсарту жүйесін өлшеу мен бағалау арқылы болжайды.

Берілген принцип барлық процесстердің бірыңғай жүйеде  өзара сабақтастырумен болжайды. Ол үшін бірінші кәсiпорынның тапсырмасы бар сапасының тұжырымдамасы және оның стратегиялық мақсаттарының есептеу шеңберiн көрсету керек. Оперативті  жоспарлау және жоспарларды әр орындаушыға жеткізу механизмін істеп шығару керек. Жоспарлау процессінің ұйымымен кәсіпорын қызметтерінің нәтижесін бағалау проблемасы тығыз байланысты.Ұзақ уақыт бойы бағалау  ретінде ең бастысы басшылар, акционерлер және инвесторларға қатысты қаржы саласы қолданды. Бірақ соңғы уақытта клиенттерді қанағаттандыру, процесстің тиімділігі,  өзіндік жұмысшылардың қанағаттануы сияқты бағалау критерииі қосылды.

Кілтті пайдалар:

- ресурстарды тиімді пайдалану есебінен шығындарды төмендетеді;

- жүйелі ыңғай есебінен  кәсіпорын  қызметтерінің үздіксіз жақсарту;

- кәсiпорынның тиiмдiлiгiндегi мүдделi тараптарына сенiмдiлiктiң беруi;

6 принцип- тұрақты жақсарту.

Үздіксіз және тұрақты жақсарту-  кәсіпорынның мақсаттарының бірі. Кез келген кәсіпорында ақаулылықтың нақтылы деңгейi болады.  Бұл деңгейді төмендету мақсатының қойылымы тұрақты  жетілдірулермен жақсартуларға мүмкіндік туғызатын болады.

Әдеттегiдей, бұған ауқымды емес,кiшкентай адымдармен, бірақ тұрақты және бірге  жетедi. Процесстерді жүйелі жақсарта олар тұрақты бағаны төмендету мүмкіндігіне, ол пайданы төмендету есебінен емес, өзiндiк құнмен және бағаның аралығында өсiмтал саңылаудың арқасында ие болды.

Бірақ әрбір жақсарту адамнан басталады-оның жетілдіруінен, оның алған білімінен, ойлауынан, жеке сапасынан.

Принцип  , мысалы, Деминг циклі, Паретто диаграммасы, бақылау картасы сияқты  белгілі білімімен және белгілі әдіс және ыңғайларды талап етеді.

Жақсарту процесін ынталандыру үшін олардың мойындауының атмосферасы болуы керек.

Қоршаған орта мен адамдарды үздіксіз жетілдіру бизнес-процесстерді жетілдіру үшін  алғышарттар құрады.

 3.Жүйелі ыңғай

 Менеджментке жүйелі ыңғай: Жүйемен сияқты өзара байланысты процесстердiң анықталу, түсiну және менеджментi ұйымның нәтижелiлiк және тиiмдiлiгiне оның мақсаттарының табысында үлес енгiзедi.

 Жүйелі ыңғайды  барлық кәсіпорын  процессін басқаруға қолдану-бұл төмендегідей бағытталған ұйым қызметін іске асыру:

- ұйымның тап қалған мақсаттарының табыстарын қамтамасыз ететiн  анықтау және процесстер жүйесін өңдеу жолымен жүйенiң жiктелуi ;

- берілген мақсаттар оданда тиімді жолмен  жету үшін соған қатысты жүйе құру;

- жүйеде процесстер арасындағы өзара тәуелдiлiктiң түсiнуi;

- бағалау және өлшеу арқылы жүйені үздіксіз жақсарту;

-ең бірінші ресурстармен мүмкіндіктерді анықтау, содан кейін әрекетке шешім қабылдау.

Стратегиялық жоспар кәсiпорынға өндiру үшiн  тұтынушысы бар толық қолдану керi байланыстар жүйелiк амалда болды және жүйенiң әрбiр құрама бөлiгiнiң жоспарлауын есепке алуы бар сапа бойынша жоспар болуы мүмкiн

5.Бизнес-процесті жетілдірудің ең кең таралған әдісі- В.Шухард-Э.Деминг циклін  қолдану «Plan-Do-Check-Akt (PDCA)- жақсарту циклі (жоспарлау-іске асыру- тексеру- жақсару, түзетушi әрекеттер). Циклдің өзі  төрт бөлікке бөлінген дөңғалақ түрдегі графиканы көрсетеді (7 сурет).

Әрбір сегмент сағаттық стрелкада  келесідегідей әрекеттегі төртеудің біреуін білдіреді:

  • жоспарлау-не істеу керек, қалай істеу керек және ол үшін не керек;
  • іске асыру- не жоспарласан соны істе
  • тексеру- нәтижелер жоспарға  калай сәйкес келед;
  • әрекет- келесіде қалай жақсарту керек.

Жақсарту жүргізген кезде сапаға кері әсер етуші  үш негізгі факторларды ескеру керек: жоғалту, сәйкессiздiктер және рационал емес әсерлер.

 Бизнес-процесс анализ жүргізген кезде,  негізгі төрт сұрақтар қою керек:

  • не: процесс немесе операция кезінде дәл не істеледі?

Адамдар неге? Ол не үшін істеледі және оны істемеуге болама?

  • қайда: ол қайда істеледі, оны басқа жерде істеуге болама?
  • қашан: ол қашан істеледі, оны ерте немесе кеш істеуге болама?

 

Берілген принципті іске асыру кезінде статистикалық сапа бақылаудың қарапайым жеті құралдары қолданылады. Ең атақтысы  болып анализді  төрт «М»-ны( машиналар, адамдар, технология, шикізат) базалайтын Исикава схемасы негізінде жүргізу. Бұл ыңғай топтық жұмысқа  бағытталған,   процесстерді, сақтандыру, жөндеу, қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша қызметке персоналдарды ықыласын аудардару болжайды.

Осы уақытта практикалық тұрғыда кез келген кәсіпорын негіз, құрылым, технологияны жиі қайта құру  керектігімен жолығады.  Бұндай жетілгендік бизнестің реинжиниринг және қайта ұйымдастыруы болып табылады.

 

17. Ұйым менеджментінің шоғырланған жүйесіндегі сапа жүйсінің әдістері және ролі. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушы құрылымы. Сапаны басқарудың құрылымдық және функционалды сұлбалары

 

Сапа менеджменті принциптері

  Ұйым әрекетін жақсарту мақсатында басшылық жетекшілікке алу үшін сапа менеджментін, сегіз принципі анықталған:

  1. Тұтынушыға бейімделу. Ұйымдар өздерінің тұтынушыларына мүдделі және сондықтан олардың ағымдағы және алдағы қажеттіктерін түсіну керек, олардың талаптарын орындауға және олардың ойлағандарынан асып түсуге ұмтылулары керек.
  2. Басшылық жетекшілігі. Жетекшілер ұйымның мақсат және әрекет ету бағыттарының бірлігін қамтамасыз етеді. Олар қызметкерлер, ұйым тапсырмаларын шешуде толықтай берілуіне жағдай жасайтын ішкі ортаны құрулары және ұстаулары керек.
  3. Қызметкерлерді қызықтыру. Барлық деңгейдегі қызметкерлер ұйым негізін қалайды және олардың толық қызығушылығы ұйымға олардың мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
  4. Үрдістік келісім. Ойлағандай нәтижеге әрекет және тиісті қорларды үрдіс ретінде басқарған жағдайда тиімді жеткізіледі.
  5. Менеджментке жүйелі келісім. Өзара байланысты үрдістерді жүйе ретінде шығарып алу, танысу және менеджмент ұйымның мақсатқа жетуіне нәтижелік және тиімділікке үлес қосады.
  6. Ұдайы жақсарту. Ұйым әрекетін ұдайы жақсарту оның өзгерметін мақсаты ретінде қарау керек.
  7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау. Тиімді шешімдер деректер және ақпараттар талдауына негізделеді.
  8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.

Ұйым және олардың жеткізушілері өзара байланысты және өзара пайда қатынасы, екі тараптың құндылықтар құруға мүмкіндік туғызады.

Осы сапа менеджментінің сегіз принциптері.

ИСО 9000 топшасына енетін сапа менеджменті жүйелеріне арналған стандарттау үшін негіз құрайды.

Сапа жұйелерінің құрылу тарихы

Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. Трансұлттық компаниялар судпоставщиктерінен өз кәсікорындарында  9000 сериялы стандарттарды міндетті түрде енгізуді талап етіп отыр.

  Аталған стандарттардың әлемге тарау деңгейін төмендегі цифрлардан көруге болады: 1993 – 750000 сапа жүйелері сертификатталды, 1995ж.–100000, ал 1997ж. басында - 250000.

ИСО тарапынан в 1987ж. қабылданып және 1994ж. жаңартылған ИСО 9000 – 9004 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі шоғырланған және жинақталған.

ИСО 9000 стандарттарында фирманың қызметіндегі нақты жағдайға байланысты (сәйкес) стандарттарды таңдау және пайдалану туралы басшылық нұсқаулар келтірілген.

ИСО 9004 стандарты – кәсіпорында (фирмада) сапаға сәйкес жалпы басшылық жасау үшін әдістемелік нұсқаулар. ИСО 9001-9003 стандарттары – өндірістік  процестің  әртүрлі стадияларында сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің модельдері.

ИСО 9000-де атап көрсететіндей, фирма немесе кәсіпорынның ішінде сапаны қамтамасыз ету – жалпы басшылықтың тірлігі.

Контракт түзілетін кезде, экспортердің сапаны қамтамасыз  ету жүйесінің жағдайы контракт тарапында оған көрсетілетінін сенім шамасы болып табылады, әріптесінің сенімділігінің белгісі  болып табылады.

Осыған байланысты контрактта экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ИСО 9001-9003 стандарттарының бәріне сәйкес келуін бағалау қарастырылуы мүмкін. Бағалауды импортер немесе екі жақтың өзара келісімі бойынша бейтарап ұйым жүргізе алады. Егер жүйе сертификатталған болып, контрагент  сай келу сертификатын мақұлдаса, бағалау процесі жүргізілмейді.

Сапалы тауар нарық кеңістігін комплексті зерттеп отырған жағдайда ғана өндірілуі мүмкін.

  Сапаны басқарудың осы заманғы жүйесінің ерекшелігі, ИСО 9000 стандарттарнан туындайтындай, нақты өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бағытталуында. Өнімнің бірнеше түрлерін өндіретін кәсіпорында түрлі элементерімен өзгешеленетін бірнеше жүйелер болуы тиіс. Мысалы, Финляндияның «Нокия» фирмасының сапаны қамтамасыз ететін бірнеше дербес жүйелері бар («кабелдер, тұрмыс, электроника» және т.б.).

Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:

 – сапаны қамтамасыз ету;

 – сапаны басқару;

 – сапаны жақсарту.

Cапаны қамтасыз ету – өнімнің сапасына қойылған талаптарға сай келтіру мақсатында «сапа тұзағының» әрбір этапын орындау үшін қажетті жағдайларда тудыратын шараларды жоспарлау және жүйелі түрде жүзеге асыру.

Жоспарланатын шаралар, әдетте, сапаны қамтамасыз ету бағдарламасына кіреді. (мысалы, өнім сапасын жоғарылатудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалары).

Сапаны қамтамасыз ету бойынша жүйелі жүргізілетін шаралар кәсіпорынның күнделікті немесе мерзімді түрде атқаратын жұмыстарын қамтиды (нарық кеңістігін зерттеу, қызметкерлердің квалификациясын көтеру, персоналды үздіксіз біліммен қамту және т.б.).

 ИСО  9004 стандартындағы сапа «философиясы» сапаны қамтамасыз ету жүйесі туындайтын мәселелерді, олар пайда болғаннан кейін айқындасттындай емес, олардың алдын алатындай (ескертетіндей) болып жұмыс істеуі тиіс. Алдын алу (ескерту) шаралары болып табылатындар: инструменттерді дер кезінде жаңалап отыру; жабдықтарды жоспарлы түрде жөңдеу; жұмыс орындарында тиісті құжаттардың болуы және т.б.

Сапаны басқару – оперативтік сипатқа ие қызмет.

Бұл процестерге әсер ету, «сапа тұзағының» әрбір стадияларында сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жою, және де сол ауытқулардың себептерін жою жөніндегі әрекеттер.

Сапаны жақсарту – техникалық деңгейді және өнім өндіру сапасын көтеру, өндірістік жағдайларды жақсарту, сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті тұрақты атқарылатын жұмыстар.

 

18. Сапа көрсеткіштері бойынша технологиялық процестерді басқару. Өндіруді, пайдалануда, жөндеуде сапаны талдау және қамтамасыз ету әдістері

 

Сапа менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше басқыштардан тұрады:

  • тұтынушылар және де басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
  • сапа саласында ұйым мақсаты және мақсаттарын әзірлеу;
  • сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдістер және жауапкершілікті бекіту;
  • қажетті қорды бекіту және анықтау және олармен сапа саласында мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
  • әрбір үрдістің нәтижелілігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
  • сәйкессіздік алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті тәсілдерді анықтау;
  • сапа менеджмент жүйесін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.

Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар сапа менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады. Жоғарыда көрсетілген келісімді қабылдаған ұйым өзінің поцестерінің мүмкіншіліктері және өзінің өнімінің сапалылығына сенімділік қамтамасыз етеді. Сонымен бірге үнемі жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде (уақытта) сапаны басқарудың, шетелдерге кең мәлім болған жаңа концепциялары пайда болды. Олар TQM (Total quality management-всеобщее управлением качеством) және QS 9000 (Quality system 9000), бұл екеуі де 9000 сериялы стандарттарға қайшы келмейді, сапа жүйеcін басқарудың одан ары дамуы және нақтыланған түрі деп қарастырылуы мүмкін.

TQM жүйесі компания қызметтерімен бөлімдерінің және де оның субпоставчиктерінің сапаны қамтамасыз ету бағыттарының толық сай келуіне қол жеткізу бағытталған. TQM енгізуге қол жеткізілетін негізді экономикалық эффект – дайын бұйымдардың ақаулығына байланысты  шығындары анағұрлым төмендету; ақаулық деңгейі ақаулар саналау 1000000 бұйымға келетін сапамен анықталады.

QS 9000 стандартты салалық сипатқа ие, өйткені: машина жасаудың үш гигант – компаниялар Крайслен Форд және Дженерол Моторс түзген, бекіткен. Оларға 5 жүктасушы көліктер өндірушілер – Фрайластнер, Мэн Транс, Невистер Интернешнл, Паккар, Вольво Джи, ЭьХэви Трак қосылған. QS9000, ИСО9000 стандарттарының негізінде жасалған, бірақ көрсетілген компаниялардың жалпы салалық сипатқа ие ір фирма үшін нақтыланған талаптарын қамтиды.

 Сапаны қамтамасыз ету жүйесін кәсіпорын басшылығы сапа саласындағы саясатын белгіленнен және құжат түрінде дайындағаннан кейін түзіледі және іске енгізіледі.

СТ РК 9000-2001

1 Қолданылу саласы

  1. Осы стандарт ИСО 9000 топшасындағы стандарттардың объектісі болып табылатын және менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін негіздейді және тиісті терминдерді анықтайды.

Осы стандар:

  • СМЖ енгізу арқылы артықшылыққа жетуге ұмтылатын ұйымдармен
  • өнімге қойылған талаптардың жеткізушілермен орындалуына сенімділік алуға ұмтылатын ұйымдармен
  • өнімді пайдалатындармен
  • сапа менеджментінде қолданылатын терминологиялық бірегей түсінілуіне мүдделілермен (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, реттелмейтін органдар)
  • СМЖ бағалайтын немесе ҚР СТ ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін тексеретін ұйымға қатысты сыртқы немесе ішкі талаптармен (мысалы, аудиторлар, сертификаттау, тіркеу жөніндегі органдар)
  • Берілгендер ұйымға сәйкес сапа менеджменті жүйелері бойынша ақыл-кеңес беретін немесе оқужүргізетін ұйымға іштей немесе сырттау қатысты талаптармен
  • Сәйкес стандарттарды әзірлейтіндермен пайдаланылды.

ИСО 9000:2000 бойынша сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелері

Сапа менеджменті жүйелері ұйымдардың тұтынушыларды қанағаттандыруын жоғарылатуға септігін тигізе алады.

Тұтынушыларға мінездемелері олардыңі қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыратын өнімдер керек. Бұл қажеттіліктер мен күтулер өнімге күтулер өнімге дайындалған техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып есептелінеді. Талаптар тұтынушымен шартта бекітілінуі немесе ұйымның өзімен анықталынуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімнің қолайлығын ақыры тұтынушы бекітеді. Тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулері ауысып отырғандықтан, ал ұйымдар талас және техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен, олар өздерінің, олар өздерінің өнімдері мен өздерінің үрдістерін үнемі жетілдіріп отырулары керек.

  Сапа менеджментіне жүйелі келісім, ұйымға тұтынушылар талаптарын талдауға, тұтынушыларға қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқарылатын жағдайда ұстап тұруға әкеліп соғады. Сапа менеджменті жүйесі тұтынушының, басқа да қызығушы тараптардың қанағаттануын арттыратын ықтималды көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық сәйкес келетін өнімді тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне сенімділік береді.

Сапа менеджменті жүйелеріне талаптар және өнімге талаптар.

ИСО 9000 стандарттар топшалары СМЖ талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешіліктерді көрсетеді.

СМЖ талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бкітілген. Олар қай категорияда болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандай да болмасын талаптар бекітеді.

Өнімге талаптар топшыланатын тұтынушылар сұраныстарынан немесе нұсқаулықтар талаптарынан шығып, тұтынушылар немесе ұйымдармен бекітіле алады. Өнімдерге талаптар көп жағдайда үрдістермен байланысты, мысалы, техникалық шарттарға, өнімге стандарттарда, үрдістерге стандарттарда, келісім шарттарда және регламенттерде жазыла алады.

Сапа менеджменті жүйелеріне тәсілдеме.

Сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше босқыштардан тұрады:

  • тұтынушылар және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
  • сапа саласында ұйымның саясаты және мақсаттарды әзірлеу;
  • сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдісте және жауапкершілікті бекіту;
  • қажетті қорды бекіту және анықтау және олардың сапа саласында мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
  • әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін өлшеу үшін әдістер;
  • осы өлшеулердің нәтижелерін әрбір үрдістің нәтижелігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
  •  сәйкессіздіктің алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті тәсілдерді анықтау;
  • сапа менеджменті жүйелерін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.

Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар СМЖ жұмыс жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімді қабылдаған ұйым өзінің процестерінің мүмкіншіліктері және өзінің өнімінің сапалығына сенімділік қамтамасыз етеді, сонымен бірге үнемі жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді. Бұл тұтынушының және басқа қызығушы тараптардың қанағаттандырылуын және ұйым жетістігін жоғарылатады.

Үрдістік тәсілдеме

Кірістерді шығысқа айналдыру үшін кірістердің қандай да болмасын әрекет немесе әрекет кешендері, үрдіс ретінде қарала алады.

Нәтижелі қызмет ету үшін ұйымдар өзара байланысты және өзара әрекеттегі көптеген үрдістерді анықтауы және басқаруы қажет. Жиі бір үрдістің шығуы келесі бір кірістің енуін қамтамасыз етеді. Ұйыммен қолданылатын үрдістердің жүйелі сәйкестендірілуі және менеджменті, әсіресе, осындай үрдістердің өзара әрекеті үрдістің келісім болып есептеліне алады.

Осы халықаралық стандарт үрдістік келісімнің ұйым менеджментіне қабылдауына жол ашуға арналған.

1 суретте ИСО 9000 стандарттар топшасында суреттелген сапа менеджменті жүйесіне негізделген үрдістік келісімді суреттейді. Онда қызығушы тараптардың ұйымға кіріс берілімдерін ұсынуға елеулі роль атқаратыны көрсетілген.  Қызығушылы тараптардың қанағаттандығын бақылауі, қызығушы тараптардың қажеттіктері мен ктістерінің орындалу деңгейіне қатысты ақпарат бағасынн талап етеді. 1 суретте көрсетілген үлгі үрдістерді бөлшекті денгейде көрсетпейді.

 

19. Сапа нашарлататын себептерді айқындау және оларды жою тәсілдері. Сапаны нашарлататын себептерді талдау. Сапаны нашарлататын себептерді жою тәсілдері. Сәйкессіздік себептерін жою жұмыстары

 

Сәйкессіздік дегеніміз - өнімнің көрсетілген нормативті-техникалық құжаттарында көрсетілген талаптарға сай келмеуін айтамыз.

Cәйкессіздік себептері дегеніміз - осы талаптардан ауытқуына әсер ететін құбылыстарды айтамыз. Сәйкессіздік себептерін болдырмау үшін жұмысшы персоналын квалификациядан өткізіліп тұруын қамтамасыз ету тиіс. Сәйкессіздік себептері өлшіу құралдарынан, аппараттардың дұрыс жұмыс жасамауынан шығуы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктердің алдын алу мақсатында мезгіл-мезгіл тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Сәйкессіздіктерді болдырмау мақсатында, оны бақылап, қадағалап отыратын арнайы жауапты тұлғаны тағайындау қажет. Егер сәйкессіздік орын алса, оны –түзету әрекеттері арқылы жоюға және қайта қайталануын болдырмауға болады.

    Кәсіпорын өнімге қойылатын талаптарға сәйкеспейтін өнімнің сәйкестендірілуін және қолданылуын немесе жеткізілуін алдын алу мақсатында басқарылуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкеспейтін өніммен басқару жабдықтары, сәйкес жауаптылық және өкілеттік құжатталған түрде анықталуы тиіс. Кәсіпорын сәйкеспейтін өнім сұрақтарын бір немесе бірнеше тәсілмен шешуі керек:

- айқындалған сәйкессіздікті жою мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы;

- сәйкес органнан немесе тұтынушыдан болдырмау туралы шешім болған   жағдайда оның пайдалануын, шығарылуын немесе қабылдануын шешу жолымен;

- алдыңғы болжалданған пайдалануы мен қолдануының алдын алу мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы.

- Сәйкессіздіктің мінездемесі және алып тастауға алынған рұқсаттарды қоса, қандай да болсын кейінгі қабылданған әрекеттер туралы, жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.

 - Сәйкеспейтін өнім дұрысталған кезде, талаптарға сәйкестігін бекіту үшін қайталау верификациясына түсуі керек.

- Сәйкеспейтін өнім жеткізілгеннен кейін немесе пайдаланудың алдында анықталса, ұйым сәйкеспейтін ықпалға (немесе әлеуетті ықпалға) сәйкес әрекетті қабылдауы керек.

Мұнай өнімдерінің сәйкессіздік себептерін анықтау мақсатында Исикаво диаграммасын қолданамыз. Тіршілік циклының барлық кезеңдерінде өнім сапасына әсер ететін факторларды Исикаво диаграммасының көмегімен анықтауға болады. Анықталған өнім сәйкестігін болдырмау жолдары төменде көрсетілген.

  1. Материалдарды:

- ақаулы бөлшектерды қолданбау;

- өлшеулердің дұрыс жүргізілуі;

- қоспаларды дұрыс таңдауы;

- келген шикізатты нормативтік-техникалық құжатқа сай қабылдап   алу;

- шикізаттардың сақтау орындарының жайлылығы

2) Персоналдарды;

-  жұмысты тиянақты орындау;

- жұмысқа жауапкершілікпен қарау;

- басшылықтан келген ақпараттармен дер кезінде таныстыру;

- жұмысқа ынталандырып, жағдайларын жасау (сыйақы, жәрдемақы т.б ақыларды дер көзінде төлеу, кәсіпорын өзінің фирмалық киімдерімен қамтамасыз ету);

- қызметшілерге жұмыс орындарын ыңғайлы етіп жасау, барлық құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;

- мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқуларға оқыту.

3) Әдістер:

- ең бірінші әдістерді қолданбас алдын оларды жақсылап зерттеу;

- нақты әдісті қабылдап уақтылы шешім қабылдау;

- өз әдістер мен басқа кәсіпорындардың, шет елдердің әдістерін салыстырып нәтиже шығару;

4) Өлшем құралдары:

- қазіргі заманға сай заманауи эталондар болуы керек;

- бұзылған приборлар мен тозған приборларды қолданбау;

- оларды әрдайым дер кезінде тазалап уақтылы жөнлеуден өткізіп тұруы керек;

- құрал-жабдықтардың толық техникалық шарттаға сай қызмет атқаруын қамтамасыз етуі қажет;

- мүмкіндігінше барлық параметрлерін қадағалап реттеп отыруы керек.

Сапаны басқарудың статистикалық әдістері сапаны тиімді басқарудың маңызды шарттары болып мойындалады. Сондықтан сапа бойынша жұмыстардың әдістерінің ортасынан бөліп алып қарастырамыз. Статистикалық ыңғайға негізделген әдістер бұйымның тіршілік циклының барлық сатыларында пайдаланылады. Сапаны басқаруда мынадай статистикалық әдістер жиі қолданылады:

  • гистограммалар;
  • уақытша қатарлар;
  • Парето диаграммасы;
  • себептік – тергеулер диаграммалары;
  • бақылау қағаздары;
  • бақылау карталары;
  • шашырау диаграммалары.

     Бұл әдіс «сапаның 7 құралдары» деп аталады. Соның ішінде Парето диаграммасына тоқталып өтейік.

          Парето диаграммасы проблемаларды шешу үшін жүргізілетін нүктені таңдау мақсатында барлық проблемалар мен шарттардың салыстырмалы маңыздылығын көрсету қажет болған жағдайда пайдаланылады. Парето диаграммасы қарастырылатын проблемалар мен оларды шешу реті арқылы анықталатын тік бағаналық сызба түрінде тұрғызылады. Мұндай диаграммаларды тұрғызу нақты маңызды проблемаларға көңіл аударуға көмектеседі. 2 – суретте Парето диаграммасы мысал түрінде келтірілген.

100 %

Ақаулар   Ақаулардың  саны жинақталған пайызы

       Ақаулар    

6.2 сурет. Парето диаграммасы

   

 Парето диаграммасын құру тәртібі мынадай сатылардан құралады:

  • салыстырылатын проблемаларды таңдау;
  • өлшем бірліктерін өлшеуге арналған критерилерді анықтау;
  • оқып зерттеу үшін уақыт мерзімін таңдау;
  • категориялар бойынша мәліметтерді топтастыру және әрбір топтың критерилерін салыстыру;
  • критери мәндерін кемуі ретінде горизонталь ось бойына солдан оңға қарай категорияларды санау.

Исикава диаграммасы. Нәтижелі көрсеткішке әсер етуші кейбір факторларды анықтау барысында сапаны сипаттайтын Исикава схемасын қолданады.

Бұл схеманы 1953 жылы инженерлердің әртүрлі пікірлерін нәтижелеу барысында Токийск университетінің профессоры Каору Исикава ұсынды. Тағы басқа бұл Исикава схемасын нәтиже және себеп диаграммасы «балық қаңқасы», ағаш деп те атайды.

Ол факторлы көрсеткіштерді және нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен тұрады (сурет 3)

Диаграмманың орналасуы келесі этаптарды құрайды:

  • Өнімнің (процестің т.б.) сапасын сипаттайтын нәтижелі көрсеткішті таңдау;
  • Сапа көрсеткішіне әсер ететін басты себепті таңдау. Оларды тікбұрышқа орналастыру тиіс («үлкен сүйектер»);
  • Бастысына әсер ететін екінші себепті таңдау («орталық сүйектер»);
  • Екіншісіне әсер ететін үшінші себепті таңдау («ұсақ сүйектер»);
  • Мағынасы бойынша факторларды ранжирование.

Нәтиже және себеп диаграммасы универсалды қолдануға ие. Сондықтан оларды мәнді факторларды шығару барысында, мысалы, еңбектің өнімділігіне әсер ететін факторларға қолданады.

  6.3 сурет. Исикава диаграммасы

 

20. Сәйкессіздік себептерін болдырмау

 

Жоғарғы басшылық сәйкессіздіктерді уақтылы тану және болдырмауды қамтамасыз ету үшін процестің кез келген кезеңінде сәйкессіздіктер туралы айтып отыру үшін қызметкерлерді өкілеттіктер мен жауаптылықпен қамтамасыз етуі және талаптарға процестер мен өнімдердің сәйкестігін ұстау мақсатында сәйкессіздіктердің алдын алу жөнінде өкілеттіктерді анықтауы керек. Ұйым сәйкеспейтін өнімдерді дұрыс емес пайдалануды болдырмау үшін, оларды сәйкестендірумен, алып тастаумен және кәдеге жаратумен нәтижелі және тиімді басқару керек.

Олардың тиімсіздігі кезінде талдау үшін және жақсарту жөнінен әрекеттер туралы деректерді зерттеу мен қамтамасыз етуді жеңілдету үшін сәйкессіздіктердің орналасқан жерін көрсетіп тіркеп отыру керек. Ұйым сондай – ақ өнімнің өмірлік кезеңдерінің процестеріне және көмекші процестерге қатысты сәйкессіздіктерді тіркеу және басқару туралы шешім қабылдай алады.

Сондай – ақ ұйым, жұмыс барысында түзетілген сәйкессіздіктер жөнінде тіркелген ақпаратты қарастыруы керек. Бұндай деректер процестердің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту жөнінен құнды ақпарат беруі мүмкін.

Сәйкессіздіктерге талдау және оларды болдырмау

Ұйым басшылығы анықталған сәйкессіздіктерді талдау мен болдырмау жүргізудің нәтижелі және тиімді процесін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек. Сәйкессіздіктерді талдауды қандай – да болмасын беталыс немесе олардың туу мүмкіндіктері көңіл бөлуді талап ететінін бекіту мақсатында өкілетті тұлғалар жүргізгені дұрыс. Жағымсыз беталыстар оларды жақсы жаққа өзгертуге, сондай – ақ оларды азайту және қажетті ресурстарды тарту жөнінен тапсырмаларды қарастырғанда басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер ретінде қарастырылады.

Талдауды жүзеге асыратын қызметкерлер сәйкессіздіктің жалпы әсер етуін бағалау үшін құзіреттікпен, сондай – ақ сәйкессіздіктерді болдырмау үшін және қажетті дұрыстау әрекеттерін анықтау жөнінен өкілеттіктерге және ресурстарға ие болуы керек. Сәйкессіздіктердің алдын алуды бекіту тұтынушылардың келісімшарттық талаптары немесе басқа да қызығушы тараптардың талаптары болуы мүмкін.

Ұйым өнімге қойылатын талаптарға сәйкеспейтін өнімнің сәйкестендірілуін және қолданылуын немесе жеткізілуін алдын алу мақсатында басқарылуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкеспейтін өніммен басқару жабдықтары, сәйкесжауаптылық және өкілеттік құжатталған түрде анықталуы тиіс.

Ұйым сәйкеспейтін өнім сұрақтарын бір немесе бірнеше тәсілмен шешуі керек:

  • айқындалған сәйкессіздікті жою мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы;
  • сәйкес органан немесе тұтынушыдан болдырмау туралы шешім болған жағдайда оның пайдалануын, шығарылуын немесе қабылдануын шешу жолымен;
  • алдыңғы болжалданған пайдалануы мен қолдануының алдын алу мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы.

Сәйкессіздіктің мінездемесі және алып тастауға алынған рұқсаттарды қоса, қандай – да болсын кейінгі қабылданған әрекеттер туралы, жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.

Сәйкеспейтін өнім дұрысталған кезде, талаптарға сәйкестігін бекіту үшін қайталау верификациясына түсуі керек.

Сәйкеспейтін өнім жеткізілгеннен кейін немесе пайдаланудың алдында анықталса, ұйым сәйкеспейтін ықпалға (немесе әлеуетті ықпалға) сәйкес әрекетті қабылдауы керек.

Жасалынатын өнім сапасын бақылау нәтижелерін талдау үшін саспа топтарын пайдаланытын талдаудың графикалық әдістері кеңінен таралады. Статистикалық әдістердің 3 категориясы болады:

Статистикалық бақылаудың 7 элементарлық әдістері:

Паретто диаграммасы

Исикава диаграммасы.

Гистограммалар

Нүктелік график

Шашырау диаграммасы

Бақылаудың кестелік нәтижесі

Бақылаушы  карта

Анағұрлым белгілі әдістер - "сапаны бақылаудың 7 аспаптары" әдістері: қабыршақтану әдісі, график, гистограммалар, себеп-салдарлық диагораммалар, бақылаулық карталар, шашырау диаграммалары, паретто диаграммасы.

Паретто диаграмасы түрлі ақаулардан болған шамасын көз алдында елестетуге мүмкіндік береді. Осы әдістің арқасында назарды бастапқы кезде мыналарға аударуға болады:

- осы ақауларды жою;

- ақаулылық себептерін анықтап білу.

Ақаулық себептерін анықтап білу кезінде себеп-салдарлық әдістерді немесе диаграммаларды пайдалану қажет. Ақауды жойғаннан кейін жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін басқару мақсатында диаграмма тұрғызылады. Бұйымдардың ақауынан болатын жоғалымдар жиынтығын есепке алу үшін кумулятифтік қисықты тшұрғызған орнында, ол ақау пайызы бойынша ақаумен келтірілген экономикалық немесе құндық шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Гистограмма-параметрлердің нақты шамаларын белгілі бір уақыт ішінде оны қайталау жиілігі болйынша бөліп үлестіруді көзге анық елестетуге мүмкіндік беретін бағандық график. Гистограмманы талдау кезінде белгілі бір параметр рұқсат етілетін диапазонға қаншалық жиі кіретінін және оның шектерінен шығуын анықтауға болады. Гистограмаларды талдау кезінде келесі әдістерді пайдаланылады:

- ақаудың үлесін және жоғалымдарды анықтау:

- себеп-салдарлық диаграмма көмегімен ақаулар себептері:

- сипаттамаларпдың уақыт ішінде бақылау карталары бойынша өзгерту.

Шашырау диаграммасы екі параметр арасындағы тәуелділік графигі ретінде тұрғызылады. Бұл осы параметрлер арасындағы өзара байланысты анықтауға, бір параметрдің екіншісіне ықпал етуін анықтауға және қажет болған жағдайда параметрлердің бір-біріне ықпал етуін жоюға мүмкіндік береді. Мұнда оң және теріс өзара байланыстар немесе кез-келген байланыстың жоқ болуы мүмкін.

Бақылау картасы - белгілі параметрлердің шамаларының сәйкестігін анықтаудың жол береді. Бұл график сипаттамалардың әдеттегі жағдайларда технологиялық процесс ішінде шашырауының өзгерістерінің рұқсат етілетін диапазонды білдіретін бақылаулық шекаралар шегін көрсетеді. Сипаттамалардың шекаралар шегінен шығуы процесс тұрақтылығының бұзылуының және оның бақыланбайтығын білдіреді. Осы мәліметтердің негізінде  осы ауытщқуларды жозю бойынша іс-шаралар жасалады. Графиктер сипаттамалардың айқын көрінуіт үшін және өзара байланысын түсіну үшін пайдаланылады. Сызықтық тәуелділік графиктерін, диаграмма, бағандық ленталық тәуелділіктерді қолданады.

Себеп-салдарлық диаграмма ақаулар өндірістің ең үлкен жоғалымдарға әкелген кезде қолданылады. Мұндй диаграмма тергеу, нәтиже және оларға әсер ететін барлық мүмкін себептермен арадағы қатынастарды көрсету мақсатында жасалып дайындалған. Балықтың қаңқасына ұқсағандығына байланысты мұндай диаграмма  «балық қаңқасы» немесе Исикаво деп аталады. Мұнда негізгі төрт факторлар талданылады: адам, өлшем құралдары, материал, жұмыс әдісі. Талдау кезінде жойылуы біріншілей, екіншілей, үшіншілей ақауларды анықтап біледі. Талдау үшін осы ақауларға әкелетін себептердің максисалды санын анықтау қажет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-20 17:58:57     Қаралды-39856

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »