UF

Мазмұны

 

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1  Негізгі бөлім.............................................................................................................9

1.1  Ортан жіліктің сынуы..........................................................................................9

1.2  Кәрі жіліктің сынуы.............................................................................................9

1.3  Шынтақ сүйегінің сынуы...............................................................................10

1.4  Иық сүйектерінің сынықтары..........................................................................11

1.5 Сүйектің сынуларының пайда болу себептері............................................11

2  Өзіндік зерттеулер................................................................................................13

2.1  Proanamnesis........................................................................................................13

2.2  Anamnesis vitae...................................................................................................13

2.3   Anamnesis morbi................................................................................................13

2.4  Status prоesens  communis universale.................................................................14

2.5   Status prоesens localis.........................................................................................17

2.6  Diagnosis............................................................................................................18

2.7  Decursis morbi et therapia....................................................................................18

2.8  Еріkrisis.............................................................................................................25

3  Техника қауіпсіздігі..............................................................................................27

Қорытынды................................................................................................................28

Пайданылған әдебиеттер тізімі................................................................................29

Қосымша суреттер.....................................................................................................30

1) Сурет......................................................................................................................30

2) Сурет.......................................................................................................................31

3) Сурет.......................................................................................................................32

 

      Анықтама

 

 

Оқшаухана - жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған  орын.

Деформация - ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы,

Крепитация -ауырсыну ісіну.

Гемоартроз - сынықтардың жылжуыңда , буын ішілік сынықта  буынның қалыпсыз қозғалуы.

Остеомаляция -  малдың сүйегінде кальций тұздары азайып, сүйектің жұмсаруы.

 

Кіріспе

 

 

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді. Сиырдың ортан жілігінің  сынуы өте көп кездеседі. Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда — терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрінде кездеседі.

Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз.

 

 

 

 

1 Негізгі бөлім

1.1 Ортан жіліктің сынуы

 

Сиырдың ортан жілігінің  сынуы өте көп кездеседі. Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір-бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда — терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрінде кездеседі.

Сиырдың ортан жілігінің  шыққанда, жарақаттанғанда және ұрылғанда міндетті түрде малға жәрдем көрсету қажет. Жедел түрде қан тоқтату керек, ауырғанын басу, ашық жараға микробтарды түсірмеу қажет. Неғұрлым бірінші көмек тез көрсетілсе, малдың еміріне деген қауіп-қатер азаяды.

Белгілері. Аяқ-қолдың сүйегі түгел сынған жағдайда бірден ақсайды, қатты ауырады, сол жері ісіп кетеді, сынған жердің ұзындығы және пішіні кішірейеді, сүйектері қырнайды, сүйектердің бөліктерінің шықырлағаны естіледі. Сүйектің сынған беліктері қимылдап тұрады. Жартылай сынған жағдайда мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады, сынған жерін қолымызбен сыйпап ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады [1,2,4].

Көмек түрлері. Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз.

 

1.2 Кәрі жіліктің сынуы

 

Кәрі жіліктің сынуы салыстырмалы жиі иттерде кездеседі, оларда кездесетін барлық сынықтың 15%-тін құрайды және де көрі жіліктің сынуымен бірге шынтақтың да сынуы байқалады. Жылқыларда эксплуатациялық зақымданудан кәрі жіліктің сынуы, оларда аяқ сүйектерінің жалпы сынуының 6,7%-ды құрайды.

Басқа жануарларда әсіресе ірі қара малдарда көрі жіліктің сынуы сирек болады.

Этиология: кәрі жіліктің сынуының себебі көбінесе түрлі механикалық зақымданудан; иттерде биік жардан құлау, соғылу, тістеу, машинаның басып кетуі; жылқыларда тұяқпен ұру, көлікке жеккенде қақтығысу, шалынысу және кенеттен қатты жерге құлау, аяқтың қысылуы, оның зорланып босануы т.б. сыныққа әкеп соқтырады. Сүйек майының қабынуы, қатерлі ісік, остеопороз, остеомаляция, рахит және авитаминоз.

Клиникалық белгілер: ауру белгісінің деңгейінің айқын білінуі сынықтың түріне байланысты: толық емес, жабық сынықтарда — тірегіштік ақсау орташа немесе жоғары деңгейде сынған аяқ қозғалғанда ауырсыну байқалады; тыныштық күйінде — аяқтың жартылай иілген күйінде тұяқтың ілініп жеңіл сүйенуі, толық сынықта — ақсаңдау жоғары деңгейде; ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы, ауырсыну ісіну, крепитация; сынықтардың жылжуыңда — деформация, буын ішілік сынықта — буынның қалыпсыз қозғалуы, гемоартроз. Иттерде жүрісінің бұзылуы айқын білінеді. Толық сынуда аяқтың маятник — тәрізді қозғалысы, крепитация және сынған жердің қатты ауырсынуы байқалады. Ауру жануар әдетте 3 аяқтап шабады [3,5,7].

Диагноз: сыныққа диагноз қою үшін анамнез мәліметтеріне және клиникалық белгілеріне сүйенеді. Сынықты рентгенологиялық зерттеумен растайды.

Болжам: иттерде жабық сынықтарда болжам оң. Буынішілік сынықтар емделінбейді.

Емделуі: иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия тағайындалады. Сынған сүйектің остеосинтезін қолдану жақсы терапевтік нәтиже береді.

 

1.3 Шынтақ сүйегінің сынуы

 

Шынтақ сүйегінің сынуы жылқылар мен иттерде көбінесе кездеседі. Осы сүйектің сынуы эксплуатациялық зақымданудан болады, жылқыларда байқалатын барлық сынықтардың орташа 6,8%-ын осы сынық құрайды. Сүйектің жарылып сынуы — көлденең, қисық, ұзыннан, қарапайым және ұшқындалған болып бөлінеді. Эксуатационды сынықтардың ішінде жиі байқалатыны — шынтақ төмпешік сүйегінің сынуы.

Этиология: шынтақ сүйегінің сынуының себебі кәрі жіліктің сынуындағыдай себептер болып табылады.

Клиникалық белгілер: шынтақ-төмпешік сүйегінің көлденең немесе ұсақталып сынуы ақсаңдаумен байқалады, төмпектің сындырылған бөлігін иықтың үшбасты бұлшық еті жоғары қарай тартқаны байқалады.

Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды. Иттерде шынтақ жілік сынғанда жіліктің аса қозғалғыштығы, жіліктің деформациясы, крепитация, қатты ауырсыну және ақсау байқалады.

Диагноз: толық сынықтарда диагноз қиын емес, ал толық емес (жарылу) — қиындатылған, рентгенологиялық зерттеуді талап етеді.

Болжам: шынтақ төмпешігінің көлденең аралас сынығында және буын ішілік сынықта болжам оң емес, басқа жағдайларда ақырын.

Емделуі: тыныштық күй, физиотерапия.

гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылады. Жақсы емдік — профилактикалық тәсіл ол жануарды жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.) [6,9,10].

 

1.4 Иық сүйектерінің сынықтары

 

Иық сүйектерінің сынықтары иттерде, жылқыларда және ірі қараларда кездеседі. Жылқыларда иық сүйектерінің эксплуатациялық сынықтары аяқ сүйектері сынықтарының жалпы саның 5,5% құрайды.

Сүйектердің жарақаттануының түріне қарай сынықтар эпифизарлы, метафизарлы болады. Иық сүйектерінің сынықтары толық емес, жабық және ашық, қарапайым және күрделі болады.

Этиология: ұрылулар, қатты соққылар, таю және кенеттен қатты затқа құлауы сынықтардың негізгі себептері. Бұл құбылыстарға себеп болатын сүйек ұлпаларындағы патологиялық өзгерістер немесе олардың мықтылығын әлсірететін ертеде пайда болған аурулар. Әсіресе, остеомилиелит, микоз, остеопороз, остеомаляция, рахит, авитаминоз, және остеодистрофия. [6,9,10].

Бурятск АССР аудандарында В.А.Матвеев, И.А.Ленец, Г.В.Иванов остеодистрофиямен ауырған қойларда кенеттен болаттын иық, сан және т.б. сынықтарды тексерген. Авторлардың ойынша, қойлардағы остеодистрофияның негізгі себебі ашығу болып табылған.

 

 1.5 Сүйектің сынуларының пайда болу себептері

 

Кальций алмасуының бұзылуы.Азыкпен, сумен ас корыту мүшелеріне түскен кальций (көмір қышкылы және фосфор қышқылы тұздары түрінде) Д витаминінің қатысумен аш ішектің кілегейлі қабығы аркылы бойға сіңеді. Денедегі кальций тұздары түгелдей дерлік (99%) сүйек құрамындағы протеинмен байланысқан, ал қалғаны қан мен токыма сұйығында еріген, Әдетте сүйек құрамындағы кальций деңгейі біршама тұрақты, тек эпифиз бен метафиз кемігенде ғана оның мөлшері не көбейіп не азайып отырады.

Кальций денеден негізінен тоқ ішектің кілегейлі қабығы арқылы, аз мөлшерде   бүйрек,   бауыр,   кейбір   бездер   арқылы   сыртқа   шығарылып тасталады [8,11,15].

Кальций алмасуы жүйке және ішкі секрециялы бездер қызметімен реттеліп отырады. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе қалқанша без бен қарбалас қалқанша без гормондарының маңызы зор: кальцитоцин шамадан тыс көп болса қанда кальций мөлшері азаяды да (гипокальцемия), сүйекте көбейеді, ал жеткіліксіз болса, керісінше, сүйекте кальций азаяды да қанда көбейеді (гиперкальцемия). Паратгормон әрекеті кальцитонин әрекетіне қарама-қарсы.

Токымада кальций бар-жоғын күмістеу тәсілдерімен  анықтауға болады: тоқыма кесіндісіне азот қышкылды күміс тамызылса кальций шөгінділері караяды. Кесіндіде кальций тұзының түйіршіктері мен үйінділері гематоксилинмен көкшіл-қара түске боялады.

Кальций алмасуының бұзылуы сүйекте кальцийдің азаюына, оның тұздарының әдетте кездеспейтін жерлерде —жұмсақ токымаларда шөгуіне әкеліп сокады.

Сүйек тоқымасында кальций тұздарынын азаюы остеомаляцияға, фиброзды остеодистрофия мен рахитке тән құбылыс.

Остеомаляция  көбінесе ересек күйіс қайыратын малда, етқоректілерде кездесетін дерт, оған ұшыраған малдың сүйегінде кальций тұздары азаяды, осыған орай сүйек жұмсарады.

Метастаздық әктену, ягни денеге кең тарайтын процесс. Оның негізгі сипаты қанда кальцнй тұздарының шамадан тыс көбеюі (гиперкальциемия).  Себептері: сүйек зақымданып (сыну, қатерлі ісік шығу), ондағы кальций тұздары „жуылып" қанға өтуі, остеомаляция, қарбалас қалқанша без қызыметінің күшеюі салдарынан туған остеодистрофия, тоқ ішектің және  бүйректің созылмалы қабынуы, Д витаминінің денеге шамадан тыс көп болып түсуі, т.б.

 

 

2 Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы     

 

Мен ОҚМУ — дың ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының клиникасында зерттеу жұмысын жүргіздім. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес ортан жілігі сынған сиырды емдедім. Жетекшім  Б.К. Ильясов болды.

 

2.1 Proanamnesis  

 

Малдың түрі - сиыр

Малдың жынысы - ұрғашы

Малдың жасы - 5

Малдың тұқымы - шведский

Малдың салмағы - 450кг

Малдың лақап аты - Марға

Малдың иесі - Нұржанов Азамат

Мекен - жайы - ОҚО, Сайрам ауданы, 25 үй, 30 пәтер

 

2.2  Anamnesis vitae

 

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, үсті жабық қорада ұстайды екен, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі дәнді, құнарлы жем - шөппен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Мал иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.

Малды күндіз мационға қоюға қорадан шығаруға, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, сүзеген болған, аяғын басарда сылтып басады, Малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2011 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

 

 2.3 Anamnesis morbi

 

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Аяғының болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, аяғының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды.

 

2.4 Status prоesens communis universale

1.  Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Сиырда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.

Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.

Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.

Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.

Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.

2. Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.

Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.

Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.

Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл — желпі дем алуы кездеседі.

Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.

Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.

Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған

Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.

Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.

Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.

Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған    сыбырлы    (экссудатты    плевритте,    өкпенің    фибринді қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).

Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).

Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).

Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).

Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.

3. Азық қорыту жүйесін зерттеу

Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.

Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.

Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек; 1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.

2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды. З.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.

4.Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.

Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;

а) Тәбет және оның бұзылуы;

б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;

в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;

Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.

4 . Зәр бөлу жүйесін зерттеу

Несеп бөлу актісі -  жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

Сиырдың түріне қарай несеп түсі - ақшыл - сарыдан, ашық - қоңыр аралығында болады. Несеп тұсінің өзгеруі ондағы басқа заттардың қосылуы салдарынан болады, несеп құрамында қан, гемоглобин, өт пигменттері және басқа да заттардың денедегі ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен жіберілген дәрі - дәрмектің түсіне байланысты.

б) Несеп консистенциясы (сұйықтығы). Несеп сұйықтығын екі шыны ыдыс алып оның біреуіне несеп құйып, содан соң оны жайлап келесі ыдысқа сапыра құю арқылы анықтайды. Барлық малдарда (дара тұяқтылардан басқа) несеп су тәрізді болады. Дара тұлқтыларда несеп кілегейлі болып келеді, құйғанда жіп тәрізді болады да ағады, себебі несеп құрамында муцин сілекейінің болуы.в) Несептің иісін сезім мүшелерімен анықтайды. сиырдың түріне қарай өзіне тән, лайықты несеп иісі болады. Қуық сал болғанда, қабынғанда, уратрадан несеп өтпей қалғанда несеп құрамының бұзылуы байқалады, осы сезде аммиактың иісі пайда болады. Куық ісігінде шіріген иіс, кетозда ацетон иісі кездеседі г) Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Цилиндрге несепті құйып, оған жайлап бөліктерінде 1,0- ден 1,060 санына дейінгі көрсеткіші бар уро метрді батырады. Урометр бір қалыпқа келген соң оның төменгі шкаладағы бөлігіндегі көрсеткішін белгілеп анықтайды. Нефритте, нефроз, склерозда несеп тығыздығының төмендеуі байқалады. Несеп тығыздығының көтерілуі диспепсияда, колибактериозда, паратуберкулезде, құсқа да, шаншуда және дене қызуы көтерілгенде кездеседі. Несептің ракциясын индикаторлы қағаздың көмегімен анықтайды. Ол үшін идикаторды несепке батырып алып, содан соң индикаторды түрлі-түсті ілгілермен (бөліктермен) шкаламен салыстырып анықтайды, ондағы сандармен белгіленген сан бөліктері шкала несептің қандай реакция екенін көрсетеді.

Циститте, қуық қабынғанда, мал құсқаннан соң несеп негізгі сілтілі болып келеді. Қышқылды несеп бүйрек жүмысының жетіспеушілігінде, мал ұзақ ашыққанда және дене қызуы көтерілетін кейбір ауруларда кездеседі.

Ауырған сиырдың несеп бөлу жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер жоқ.

4. Жүйке жүйесін зерттеу

Бас сүйекпен омыртқа бағана жотасының жағдайы — пішіні өзгермеген, перкуссиялау кезінде ауырсыну байқалмайды, мінез - құлқы орташа, сезім мүшелері жақсы сақталған, көру сезімі жақсы, лақап атын атағанда оның есту мүшесінің жақсы екенін байқадым, бел омыртқасын сипап көргенімде бойын тік ұстады, иіс сезу мүшесін зерттегенімде және теріні зерттегенімде өзгеріссіз болды.

Сиырдың бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу. Көру     арқылы     малдың     бас     сүйегінің     ми     сауытының     мынандай ерекшеліктеріне көңіл аударамыз; көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуіне, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).

Сипау әдісімен бас сүйегінің ми сауытына жақын түрған терінің ығысуын (ысу - менингит бас миының қабықшасының қабынуы), жұқпалы індетті энцефалит ауруында (ауырсынуы байқалуы), эхиноккоз (құрт ауруы), мидың ісінуі кезінде және сүйек ұлпасының жұмсаруын анықтау қажет. Бас сүйегінің ми сауытын нұқу дыбыстың өзгерілуі бар ми санын анықтау қажет. Көру, сипау және нұқу тәсілдерімен омыртқаны зерттеп, одан алынған мәліметтерді арнайы дәптерге жазу керек.

Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ахуалын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз - жүрек рефлексі қолданылады, ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Содан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 мм сынап бағанасы шамасындай күшпен босады. Тексерілген ауру малдың жүйке - жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер байқалмайды.

 

2.5 Status proesens  localis

Дене температурасы 1° - 37,5°С

Тамыр соғысы - 44

Тыныс алуы -16

Малдың жалпы жағдайы - күйзеліңкі

Дене бітімі - орташа

Қоңдылығы - орташа

Дененің кеңістікте -ұсатуы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысының жағдайы - алдыңғы оң аяғының тізесінің тері бүтіндігі бұзылған, аз ғана ісік немесе домбығудың белгісі бар.

Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.

Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы : жақ асты, иық алды, көлемі өзгермеген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсынуы бар, қызуы орташа.Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу білінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады.

 

2.6 Diagnosis

 

Анамнез және клиникалық белгілеріне қарап диагноз – Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды. Сол себепті ортан жілігінің сынғы деп қойдым.

 

2.7 Decursis morbi et therapia

 

Күні

Дене қызуы

Тыныс алуы

Тамыр  соғысы

Diagnosis  morbi

Diagnosis therapia

11.03.2011

40,5 ºС

58

95

Сиырдың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. Сиыр суды көп мөлшерде ішеді. Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды.  Сиыр тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

12.03.2011

40,4 ºС

56

93

Сиырдың жалпы  жағдайы нашар, азыққа  тәбеті жоқ.  тынышсыздану-да. Ауырсыну байқалады. Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды.  

 

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

13.03.2011

40,2 ºС

54

90,1

Сиырдың  жағдайы қалпында, тәбеті жоқ.аяқ   тұсында  ауырсыну  байқалады. Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды.  

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

14.03.2011

40,0 ºС

52

90

Сиырдың жалпы жағдайы төмен, бірақ азыққа  тәбеті  ашылған. Тынышсыздануы кішкене басылған.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

17.03.2011

39,2 ºС

50

85

Күннен күнге сиырдың жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

18.03.2011

39,0 ºС

48

85

Күннен күнге сиырдың жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

19.03.2011

38,5 ºС

48

83

Сиырдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, ортан жілігі қалпына келуде.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

 

21.03.2011

38,5 ºС

40

82

Сиырдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, ортан жілігі қалпына келген.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

22.03.2011

38,5 ºС

35

80

Сиырдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, ортан жілігі қалпына келген.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым.

Иммобилизациялық байлам, тыныштық күй, физиотерапия қолдандым. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылып кету үшін қолдандым. жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).жасадым

 

 

     2.8 Еріkrisis

 

Эпикризис - ауру тарихы туралы кеңірек қорытындылау.

Сиырдың ортан жілігінің  шыққанда, жарақаттанғанда және ұрылғанда міндетті түрде малға жәрдем көрсету қажет. Жедел түрде қан тоқтату керек, ауырғанын басу, ашық жараға микробтарды түсірмеу қажет. Неғұрлым бірінші көмек тез көрсетілсе, малдың еміріне деген қауіп-қатер азаяды. Сүйектің жарылып сынуы — көлденең, қисық, ұзыннан, қарапайым және ұшқындалған болып бөлінеді. Сынған жердегі ақауды пальпациямен анықтайды, оның қозғалғыштығын, шынтақ бунының төменге салбырауы байқалады. Толық емес қисық және ұзыннан сынуларда аяқтың ақсауы байқалады. Сынық аумағының ауырсынатын, ісінгендігі білінеді. Буын ішілік сынықта ақсаудың жоғары деңгейі байқалады; ауру жануар ауру аяғына сүйеніп тұра алмайды. Сиырларда ортан жілік сынғанда жіліктің аса қозғалғыштығы, жіліктің деформациясы, крепитация, қатты ауырсыну және ақсау байқалады. Толық сынықтарда диагноз қиын емес, ал толық емес (жарылу) — қиындатылған, рентгенологиялық зерттеуді талап етеді.

Аяқ-қолдың сүйегі түгел сынған жағдайда бірден ақсайды, қатты ауырады, сол жері ісіп кетеді, сынған жердің ұзындығы және пішіні кішірейеді, сүйектері қырнайды, сүйектердің бөліктерінің шықырлағаны естіледі. Сүйектің сынған беліктері қимылдап тұрады. Жартылай сынған жағдайда мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады, сынған жерін қолымызбен сыйпап ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады.

Сүйек қозғалмас үшін, аяқ-қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған және парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз.

       Тыныштық күй, физиотерапия. гидрокортизон (125 мг) мен антибиотиктерді (пенциллин 200 мың ЕД) қоса отырып игарабурсальды иньекция жасауға кеңес берген. О.Литц осындай тәсілмен емдегенде, футбол добының көлеміндей флюктуарлы бурситке — гидрокортизонды қайталап иңекциялағанда, толығымен жазылады. Жақсы емдік — профилактикалық тәсіл ол жануарды жұмсақ төсеніштің үстінде ұстау (опилка және т.б.).

 

 

3 Техникалық қауіпсіздік

 

Ірі қара ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. Операциядан кейін, келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды; арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады; операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң-тозаңнан сүртіп тазаланады. Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50 пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт. Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампала қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал-жабдықтар және т. б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцитті ультракүлгін лампаларда, Операция бөлмесінде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метрлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр екі метр сайын қою немесе жылжыту керек. Операция бөлмесінде адам болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек лампаларды бөлмеге 2-3 сағат қойғанда микробтарп едәуір азайса 6-8 сағатта 50-80 пайызға дейін кемиді. Егерде лампалармен бірге Операция бөлмесін ауамен тоңазытса онда микробтардың жойылуы 70-90 пайыз артатындығы анықталған. Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы  дезинфекция жасалса, асептикалық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3,5 есе азайғандығы дәлелденген. Емдеу бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау, операция жасайтын жерді өңдеу, тігін - таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек
қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап
оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды.
Кейіннен клиникада оқуда өтуі бағытында сол малдар оның
пациенттері болады. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті
орындалуы         оның атқарылу   техникасының     дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатыны сөзсіз екеніне күмән болмайды, бірақ хирургиялық операциялардың тек қана жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттерге анатомия, физиология, фармокология жэне басқада пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қорытындылай келгенде, мен Агроөнеркэсіп      институтының ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының клиникасында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес сиырдың ортан жілігінің сынығын емдедім.

Сиырды қабылдаған кезде жағдайы нашар болатын, азыққа тәбеті жоқ, жүрісінде сілтіп басып, тұрысында алдыңғы аяғын көтеріңкіреп тұратын. Жатып тұруында қиналыс бар.Сиырды бақылауға алғанда оған тиісті аурға тән, клиникалық белгілері бойынша сүйектің сынуы деген диагноз қойылды. Аурудың дамуы ағзаға жарақат немесе басқалай жолдармен енген микро ағзалардың әсерінен қабыну процесі болған. Емнің тиімділігі барысында мен керекті антисептикалық препараттарды, ерітінділерді, антибиотиктерді қолдануды дұрыс көрдім. Нәтижесінде он күннің көлемінде мал ауруынан айығып аяғынан тұрды.

Клиникада мен көптеген ауруларды кездестірдім. (ішкі жұқпалы емес аурулар, инвазиялық аурулар, хирургиялық аурулар). Соның ішінде жиі кездескені - хирургиялық аурулар. Мен осы хирургиялық аурулар ішінен емдегенім және көп кездескені –сүйек сынықтары.

Нәтижесінде он күннің көлемінде мал ауруынан айығып аяғынан тұрды.

Аурудан сақтандыру үшін және алдын алуға малдың азықтарына түзетулер енгізгенде рацион құрамына барлық ингридиенттермен қамтамасыз еттім.

Өндірістік практиканың жоғарғы білімді, әрі білікті, тәжиребелі маман қалыптастыруында маңызы зор деуге болады.

Клиникада мен көп тәжірибе жинадым. Мен ауруларды емдеуден басқа вакцинация жасау, бруцеллезге тексеру үшін малдан қан алу сияқты нәрселерді үйрендім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (148)
  2. Орысша -  қазақша  малдәрігерлік  сөздігі.   Т.Сайдулдин.  Алматы,   1993  жыл.(102)
  3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (114)
  4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(200)
  5. К.И.Шакалов,   Б.А.Баликиров,   Б.С.Семенов,   А.В.Лебедов,   А.И.Федеров, В.А.Лукьяновский.    "Хирургические   болезни   сельско   -   хозяйственных  животных".(350)
  6. И.Е.Повоженко,         К.И.Шакалов,         И.А.Калашник,         Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (165)
  7. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (315)
  8. В.Шакалов   К.И,   Башкиров   Б.А,   Поваженко   И.С   Частная   ветеринарная  хирургия. Ленинград 1986г (145)
  9. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (45б).
  10. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты  аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006.  (78 б).
  11. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің    сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (95 б).
  12. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (65 б).
  13. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990.  (42 б).

 

 

 

1.Сурет

 


 

Лангентті- циркулярлы гипсті таңғыш (Хохлов бойынша)

 

2.сурет

 

 

Аяққа гипстік байлам салу

 

 

 3.сурет

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-09-16 19:43:07     Қаралды-5402

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »