UF

ТақырыбыПсихологиядағы және әлеуметтік тәжірибеде қарым-қатынас этикасының проблемалары

 

1. Қарым-қатынастың онтогенезде дамуы. Нәрестелік кезең. Ересектермен қарым-қатынаста болу қажеттілігінің қалыптасуы. Жандану комплексі. Баланың ересектермен ситуативті-тұлғалық қарым-қатынасы. Нәрестелік кезеңдегі негізгі іс-әрекет – ересектермен қарым-қатынаста болу.

 

Қарапайым органикалық эмоцияларды бала туылғаннан бастап басынан кешіреді. Ең бірінші – жағымсыз эмоциялар байқалады. Олар: жылау, шыңғыру, т.б. ішкі және сыртқы ағзаның жағымсыз әсер етуіне жауап ретінде, мысалы, температураның төмендеуі, қарын ашу, суланған жаялықтар, т.б. Нәжістің бұзылуы, кешігіп берілген тамақ, балаға қатал дауыспен сөйлеу, осының барлығы эмоциялық реакция тудырады. Эмоциялық қозу кең түрде иррадиацияланады, эмоциялар басым, бірақ тез сөнеді.

Өмірінің бірінші айында анасына үлкен қуаныш әкелетін нәрсе ол – баланың күлуі. Алайда бұл күлкіні, жымиюды адамдардың күлкісі деуге болмайды. Өйткені, баланың көзі жабық немесе адамның бетіне емес, басқа жаққа қарауы мүмкін, бірнеше секундтан кейін мұндай күлімсіреу қабақтың шытылуымен немесе есінеумен алмасуы мүмкін. Психолог-ғалымдар мұндай күлімсіреуді «физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атаған.

Өмірінің үшінші аптасында немесе бірінші айда балада ересек адамға бағытталған күлкісі пайда болады. Бірте-бірте бала анасының күлгеніне жауап ретінде күлімсірейді.

Қорыта айтқанда, баланың бірінші айдың соңында пайда болған күлкісі қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болып табылады. Мұндай күлімсіреу жаңадан туған бала мен нәрестелік кезеңнің шекарасы болып табылады.

Ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі қажеттілік. Нәрестенің ересек адамдармен қарым-қатынас жасауының пайда болу туралы пікірлер бар. Кейбір авторлар ол қасиетті туа біте пайда болады десе, енді біреулері уақыт өте келе жүзеге асады деген тұжырымды жақтап, дәлелдеуге тырысады. Осындай байланыстың нәтижесінде балада физикалық үдіріс пайда болады.

Үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсуді жас нәресте шын мәнінде керек ете ме?   Бір - екі апталық нәресте баладан шын мәніндегі қарым-өатынас жасаудың белгілерін көру мүмкін емес. Осы құбылысты байқай келе, баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығы жоқ екенін көруге болады, Бала анасын көргенде қуанбайды және оны іздемеуі де мүмкін. Жас нәресте өзін қоршаған адамдардың сөзіне ешқандай реакция қайтармайды және адамдардың да назарын өзіне аударуға тырыспайды.

Адамдармен байланысқа түспеуінен, мынандай теория шығаруға болады, жас нәресте өмірінің алғашқы апталарында ересектермен қарым-қатынасқа бармайды, ол тек уақыт ете пайда болатын құбылыс.

М.И.Лисина мынандай болжам айтады. Жас нәрестенің қарым-қатынасқа түсуі органикалық қажеттіліктерден туады (тамақ, жылу және т.б.). Өз бетімен бұл қажеттілікті жасай алмағандықтан, бала үлкендермен қарым-қатынасқа түседі. Бала жылау арқылы, қимылы және мимикасымен үлкен адамдардың назарын өзіне аударуға тырысады. Бірақ жас нәресте өз өмірінің алғашқы күндері мұндай әрекеттерін ешкімге бағыттамайды. Жас бала үлкен адамның арасындағы қарым-қатынас физикалық қарау ретінде жүзеге асады (тамақтандыру, орау, шомылдыру және т.б.). Байланыс толық қанды жүрмейді. Балада қарым-қатынас жасау деген ұғым бірте-бірте дами бастайды.

Баланың байланысқа түсуінде өзге адамдардың пайда болуы қызығушылықты оятады. Басқа адамдар ол үшін қалыпты қоршаған орта емес, жаңа информация объектісі болып табылады.

Жас нәрестенің өмірінде байланыс жасаудың ең белсенді субъектісі ретінде анасын алуға болады. Ана баланың ерекше қарым-қатынасқа түсіп, оның іс-әрекетін үнемі бақылауда алып және өзара байланыс сигналдарын жасауға тырысады. Бұл іс-әрекет мынандай формада жүреді; ана баладан шықққан түрлі дыбыстарға назар аударып тыңдап, оған жауап қайтарады. Ал бала көп жағдайда өзі тарапынан жауап қайтармайды. Ана бала іс-әрекетін аса байқағыштықпен аңғарса, екеу арасындағы байланыс ерте пайда болады.

Нәрестенің қимылына, ымына, күлкісіне ана тез арада жауап қайтаруға тырысады және баланың көзқарасын өзінде ұзақ ұстап тұруға тырысады. Алғашқы үш аптада қарым-қатынасөа түсу қиынға соғады. Бірақ анадан шыққан сигналдар яғна дауыс, қимыл-әрекет, мимика – белсенді түрде жүріп, баладан 25-50 см-ге дейінгі алшақтықта жүзеге асуы қажет. Ана әрқашанда баланы назарын өзінде ұстауға тырысады. Анаға бала өмірінің бірінші айында сыймаытын қуанышы -  оның күлімсірегені. Жас нәрестенің беті үнемі белсенді қозғалыста болады. Бірақ бұл баланың күлімдегені әлі белсенді болмайды. Ол кезде баланың көзі жабық болады немесе бір жерге бағытталып қарап тұрады. Бұл кезде нәресте тек күлімсірейді, бірақ онда ешқандай қуаныш сезімі болмайды. Психологтар бұл құбылысты "Физиологиялық" немесе "асқазандық" деп атайды. Көп жағдайда аналар нәрестенің осылай күлгенін аса жылы қабылдайды.

Бала өмірінің үшінші аптасының соңына қарай баланың күлімдегені нақты адамға бағытталып, көз қарасы мен айшықталады. Алғашында бұл өте қысқа түрде жүреді, бірақ  уақыт өте келе бала анасының түрін көрген мезетте күлімсірей бастайды.

Психологтар үшін жас нәрестенің алғашқы күлімсірегені әлі де жұмбақ болып келеді. Бірінші кезекте баланың күлімсірегені оның толық түрде қажеттілігін алғанын аңғартқандай. Бала оған жақсы болғандықтан күлімсірейді. Бірақ ол үнемі олай болмайды. Мәселен адам тамақтанып және жақсы әуен тыңдағаны үшін күлмейді. Бала да тура сол жағдайда болады. Бала неліктен күлімсірейді? Және басқа адамдардың оған деген байланыс қарым-қатынас неліктен реакция тудырады?

Көптеген зерттеушілер осы құбылыстарды анықтамақ болды. Кей ғалымдар баланың күлімсірегенін қуаныш сезімімен байланыстырады. Бірақ эксперименттер бұл тұжырымды жоққа шығарады. С.Ю.Мещерякованың жасаған эксперименттері кішкентай балаға ашық түсті ойыншықтарды көрсеткенда ол сол затқа ұмтылады және көзін алмай қарайды, бірақ күлімсіремейді, яғни қуаныш сезімі болмайды.

Бала анасы келгенде күлімдейді себебі ана нәрестенің қажеттілігін жүзеге асырушы. Ананың келуімен жас нәресте тамақ пен жылулық сияқты ұғымдарды байланыстырады деген сияқты тұжырым бар. Бірақ бала сүтті немесе жылы затты көргенде қуанбайды. Осы әрекет жоғарыда аталған тұжырымды терістейді. Бала нәресте физикалық дискомфортты сезінгенде күлімсірегеннен гөрі жылайды. Баланың алғашқы күлімдегені органикалық қажеттілігі толық берілгенде байқалады. Жас нәрестенің күлімдегені оның қуанышын білдіруші сигнал қызметін атқарады. Физиологиялық күлкімен салыстырғанда ол белгілі бір адамға бағытталған болады және комуникативтілік белгісі болып табылады. Баланың қарым-қатынас жасаудағы екі түрлі сигналы белгілі. Оның біріншісі – күлімдеу, екіншісі – жылау. Екеуінің екі түрлі функциысы бар. Күлгенде бала толық күйде өзін жақсы сезінуін білдіреді жылағанда дискомфортсия сезінеді. Бұл екі белгі физиологиялық емес спецификалық болып табылады яғна бір нәрсеге бағытталады.

Ең алғашқы күлімдеу коммуникативтілік қызмет алып үшінші аптаның соңында орын алады.

Сонымен, нәресте баланың дүниеге келуінен бастап ең алғашқы бір ай мерзімге дейінгі уақытты қамтиды. Дүниеге келу бала организмі үшін үлкен өте күрделі құбылыс. Вегатативті физиологиялық тіршілік ету ортасынан мүлдем жаңа өмірге келеді. Нәрестелік кезеңді өте ауыр деп атайды, себебі бала осы кезеңде жаңа өмір сүру ортасына бейімделеді (адаптация).

Бала дүниеге белгілі бір рефлекстермен келеді. Бірінші рефлекстер қатарына физиологиялық адаптацияларды жатқызуға болады. Олар өмір бойы адам бойында сақталады. Екінші рефлекстер қатарына атавистикалық ерекшеліктерін жатқызамыз. Олар уақыт өте келе өшіп қалады. Жаңа туған нәрестенің рефлекстері оның психологиялық дамуын көрсете алмайды, Бұл рефлекстер туа біте қалыптасады, бала іс-әрекеті де белгілі бір мақсатқа бағытталмайды.

Нәресте көру және есту сияқты сенсорлық мүмкіндіктермен дүниеге келеді. Сенсорлық жүйе адамның өмір сүру формасымен байланысты болады(дауыс, дыбыс, қозғалыстағы заттар және т.б.)

Үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсу, ересектердің белсенділігімен жүзеге асатын күрделі процесс. Ана бала өмірінің басынан бастап оны толық қанды тұлға ретінде қабылдап, оның қимыл әрекетін, шығарған дыдыстарын, мимикасын мазмұндауға тырысып, мағынасын түсінуге ұмтылады. Ананың белсенділігінің нәтижесінде жас нәресте үшінші аптада қарым-қатынас жасаудың формаларын үйренеді. Бұл нәрестелік кезеңнен өтіп, жаңа психологиялық даму жолына келегенін көрсетді.

Бала өмірінің алғашқы бір жылдығы нәрестелік кезең деп аталады.

Нәрестелік кезеңнің екінші кезеңі – екі және алты айлар аралығын қамтиды. Анасының көмегі арқылы бала адамдарды бір-бірінен ажыратады, қарым-қатынас жасаудың түрлі формаларын ашады. Сәби енді адамдарды оның қозғалысынан, даусынан іздейді, оны алыстан көріп сезінеді;  сәби өз ананың бет -әлпетіне аса байқағыштықпен қарайтын болады. Анасының даусын тани бастайды. Анаға түрлі жауаптар қайтарады, күлімдейді, дауыс, ым білдіреді.

Ғалымдар сәбидің іс-әрекетіндегі белсенділік танытатын қуануын, жандану комплексі деп атаған. Бұл терминді ең алғаш рет М.Н.Щелованов  жиырмасыншы жылдары енгізді.

Жандану комплексі ең негізгі төрт компонеттен тұрады:

  1. Көрудегі ерекшелік – белгілі бір затқа немесе адамға ұзақ қарау.
  2. Баланың жағымды эмоциясын білдіретін – күлімдеу.
  3. Қимыл қозғалыс жандануы – басын қимылдату, аяқ-қолдарын қимылдату, арқасын тарту.
  4. Вокализация – баланың дыбыс шығаруы, мысалы ымдау.

Осы компоненттердің барлығы бірдей жүзеге асады. Осыдан келіп комплекс атауы шықты. Жандану комплексі  2,5 ай кезінде біліне бастайды және ол  4 айға дейін дамиды. Осыдан кейіін ол бірте-бірте төмендей береді. Оның кей компоненттері даралана түсіп, оның орнына жаңа іс-әрекет формалары пайда болады. Совет дәіріндегі алғашқы балалық шақты зерттеуші ғалымдар Н.А.Фигурин мен М.П.Денисова болды. Олар жарты ғасыр бұрын жандану комплекстерін баланың толық барлық жағдайымен қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болған жауап деп түсіндірді. Олар бала жауабын оның қанағат білдіргені деп қарастырды. Тірілу кломсплексі өте ұзақ уақыттары баланың ересектерге берген жауабы ретінде қарастырылып жүрді. 1965 жылы Д.Б.Элькониннің "Бала психологисы"  атты еңбегі жарық көрді. Мұнда жандану комплексін үлкен адаммен қарым-қатынасқа түсудегі ерекше форма ретінде қарастырған. Ол белсенді түрде жүзеге асады деген тұжырымдар айтылды. Бірақ бұл тек анықталмаған дәлелдеу мен экспериментті керек ететін тұжырым ғана болды. Ал нақты дәлелдер М.И.Лисина мен С.Ю.Мещерякованың зерттеу еңбектерінде болды.

Тірілу комплексі баланың қуанышын білдіруші реакция ретінде ғана емес, қарым-қатынасқа түсуші құрал деп қарастырды. Сондықтан да ол баланың өз белсенділігін көрсетуі тиіс. Егер де ол нақты осылай болса онда тірілу комплексі қарым-қатынасқа түсу ерекшелігіне және жағдайға байланысты болады. М.И. Лисинаның эксперименттерінде тірілу коплексі компоненттерінің бәрі де әр түрлі байланысқа түсу ерекшелігінде мынандай болды;

  1. Пассивті түр
  2. Күлімдеп қараушы
  3. Нәзіктік
  4. Сөйлесу
  5. Комплексті қарым-қатынас (күлімдеу, сипау, сөйлесу әрекеті бір мезетте).

Баланың комплексті жандану әрекеті үлкен қарым-қатынасқа түсуші адамға байланысты болады деген тұжырымды жүргізген эксперименттер нәтижесінде айта аламыз. Мысалы анасы бірінші күлімдесе, сәби де оған күлімдеп жауап береді. Ал бала денесін ұстағанда сәби ұзақ уақыт бойы ым білдіріп күлімдейді. Ал сөйлегенде сәби де міндетті түрде жауап қайтарады. Осылайша сәби комуникативтіліктің түрлі жолдарын іздейді. Осы эксперимент нәтижесінде тірілу комплексінің мынандай факторлары дәлелденді:

1-ден сәби өзін өте белсенді ұстайды, ол қарым-қатынасөа түсуші үлкен адам онымен салыстырғанда әлдеқайда пассив болуы мүмкін. Сонымен қатар керісінше үлкен адам өзін актив түрде ұстаса сәби соғұрлым пассив болдаы. Жоғарыда көрсетілгендей баланың активтілігі үлкен адам белсенділік танытпаған кезде болады.Осыдан келіп тірілу комлексін заңға бағынбайды деуге болады.Ол тек қарым – қатынас жасау заңына ғана сүйенеді.Екі адамның біреуі пассив болса, оны жақындататын белсенділікке тарту қажет.

2-ден коплексті тірілу әрекеті үздіксіз болып отырады.Бала анасы өзге біреумен сөйлесіп отырған уақытта оның назарын аудару мақсатында анасына ұмтылып іс - әрекет жасайды, дауыспен ым – ишара білдіреді.Мұндай жағдайда жандану комплексі жауап емес, тікелей бірінші болып байланысқа түсу болып есептеледі.

Дегенменде жандану комплексі тек қана қарым – қатынас жасаудың амалы ғана емес, ол белгілі бір затқа деген баланың қызығушылығын білдірудің негізгі формасы болып табылады. Сонымен жандану комплексінің 2 түрлі функциясы бар: 1-ші қызметі жандану комплексінің қатынас құралы, 2-ші қызметі қоршаған ортаға деген қызығушылықты ояту, соған қарай (затқа) талпыну.

С.Ю. Мещерякованың эксперименттері екі түрлі қатынасты бөліп қарастырады: ересек адамның және түрлі ойыншықтардың.Екі топтың да әсері жас сәбидің қызығушылығын оятады.Мұндай жағдай пассив ересек адамдар мен қозғалмай тұрған зат және актив ересек адамдар мен қозғалыста тұрған заттар да бірдей деңгейде баланың қызығушылығын оятты. Бұл үш баллдық шкала бойынша есептелініп тұрды.

Жұмыс нәтижелері төмендегідей көрсеткіштерді берді:

1.Суммарлы қатынас және жандану комплексінің компоненттерінің (көруден басқа) белсенділігі, байланысқа адамдармен салыстырғанда төмен.

2.Заттардың қозғалысы жас сәбиге көру және ымдаудан көрі қимыл – қозғалысты жүзеге асыруда маңызды  болды.Ал байланысқа түсуші адам сәбиге қарап қимылдағанда, жас баланың комплексті тірілу фактоларының барлық компоненттерінің (көру,есту ымдау, қозғалу) барлығы белсенділік танытады.

3.  Жандану комплексі адам қатынасқа түскенде жоғары түрде белсенді болады, ол заттың балаға әсерімен салыстырғанда мұнда адамның әсерінің  күштілігін аңғартты. Жас сәбилер адм іс - әрекетінің  өзгеруіне байланысты олар да қарым – қатынасқа түскенде өзгеріп отырады. Көңіл – күйін білдірді. Ал заттық қатынасқа келгенде қалыпты болды. Заттардың ішінен сәбиге ерекше әсер еткен адам суреттері бар түрлі ойыншықтары болды.

4. Сәбидің адам мен затқа байланысты қарым – қатынасының  динамикасы. 12 адамның ішінде қашанда баланың қызығушылығын оятқан  бала таңдап алған 1 ғана адам болды.Бала әр кезеңде  сол бір ғана адаммен байланысқа түсуді қалайды. Ал бір ғана ойыншыққа деген қызығушылық болмайды.Сәбидің заттық әлемге деген көзқарасы өзгеріп отырады.Бала үнемі жаңа заттарды талап етіп отырады.

5. Жандану комплексінің динамикасы баланың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады, яғни жасына байланысты болады. Екі ситуацияда бала қызығушылғы өзгереді. Мысалы: екі айға дейін ол біркелкі болса, 3-ші айдан бастап, адамды қабылдауда бала – күлімдеуді 1-ші орынға қойса,  заттарды қабылдауда іс- әрекет жасау, жедел қимылдауды жүзеге асырады.

Сонымен М.И.Лисина және С.Ю. Мещерякованың зерттеулерінің нәтижесінде комплексті тірілудің негізгі актив қызметтерін таныдық. Бұл ғылыми негізі бар тұжырым. Осыған сәйкес бала сәби қарым – қатынас жасауды 2 айлық кезінен бастайды деп айтуға толық негіз бар.

Баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасауындағы жеке дара ситуациялық ерекшеліктер. 6 айға дейінгі баланың қарым-қатынас жасауын эмоционалды деп атауға болады. 2 айдан бастап бала үлкендермен актив түрде байланысқа түсе бастайды. Бұл қатынастардың 4 түрлі критерийлерін атап көрсетуге болады:

1. Ересек адамның сөзіне тікелей қарау. Бұл белгіні баланың қарым-қатынасқа толық түрде дайын екендігін айқындайды деп қарасчтыруға негіз болады.

2. Ересек адамның күлімсірегеніне жауап қайтару. Бұл белгі эмоционалдық сезімнен туындайды.

3. Қимыл-қозғалыс жасау, инициативті күлкі. Бала өзін көрсету арқылы үлкендердің назарын өзінде ұстап тұруға тырысады.

4. Байланыс жасаушы адамға жауап.

Жоғарыда айтылған критерийлердің жүзеге асуы қандай мазмұнда жүріп отырады?

  Алғашқы жартыжылдықта адам мен бала арасындағы байланыс негізсіз болады. Мысалы, бала анасын жылы сезіммен, қуанышпен қабылдйды. Ана баладан ештеме талап етпейді, ана тек оның бар болуына ғана қуанады. С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, бұл да ана мен бала арасындағы махаббат сезімі. Ол теория бойынша «тіршілікте бар болу, өмір сүрудің өзі» сені жақсы көруші адам үшін үлкен қуаныш. Мұндай кезде бала анасына өте бауырмал келеді, оған толық түрде тәуелді болады. Қарым-қатынастың бұл түрі экспрессивті-мимикалы қатынас деп аталады. С.Ю. Мещерякова және

А.И. Сорокинаның зерттеулері бойынша бұл кезде бала үлкен адамдардың оған жасаған оң және теріс әрекеттерін ажырата алмайды. Байланысқа түсуші адамның интонациясына бала жақсы жауап қайтарады. Тіпті, ол дөрекі немесе ұрсып қарым-қатынасқа түсіп жатса да. Бұл кезеңдегі басты керекті шарт – коммуникативтілік. Осы жағдайда балаға үлкен адамдармен қарым-қатынас өте қажет. Тіпті, оның әлеуметтік, атрибутивтік-заттық және т.б. маңыздылығын игерген жағдайда да.

  Дәл сол тұлғалық белгілер оны қатынасқа түсіп, әрекет жасауға итермелейді. Осылайша, баланың қарым-қатынасқа түсудегі ең маңызды формасы ситуативті-тұлғалық деп аталады. Мұнда ересек адамның балаға деген оң көңілі, экспрессивті-мимикалық қатынас және тұлғааралық қатынас маңызды рөл атқарады.

Жас сәбидің психологиялық дамуына ситуациялық-тұлғалық қарым-қатынастың тигізетін әсері. Бұл кезеңде баланың тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін ең алғашқы шарттар қалыптаса бастайды. Бала өзін-өзі танудың бірінші формасын қалыптастыра бастайды. Бұл алғашқы форма эмоционалды күйге әсер етуден пайда болады. Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы активті, яғни, белсенді түрде дамуға әсерін тигізеді. Бірақ, бұл қарым-қатынасқа түсуші үлкен адамның көңіл-күйінің жоғары болуына тікеледй байланысты болады. Адам неғұрлым байланысқа түсуде белсенділік танытып, балаға жағымды сөздер айтса, соғұрлым баланың да дамуы жедел түрде жүріп отырады. Сәби өзін байланыс субьектісі деп танып, үлкендермен қарым-қатынасқа тез түсетін болады. Бала үлкен адамның сөзінің, күлгенінің және т.б. әрекеттерінің тікелей өзіне бағытталғанын сезіне бастайды. Анасын тану арқылы сәби өзін-өзі тани бастайды. Ана да баланың әрбір іс-әрекетіне, дауысына, оның мимикасына міндетті түрде жауап қайтаруы қажет. Ал, 2-3 айлық кезінде сәби қарым-қатынас жасауда өзін белсенді ұстайтын болады.

  Н.Н. Авдееваның жүргізген эксперименттері бойынша бала өзін мадақтағанда оң жауап қайтарады. Мысалы, баланың қимыл-қозғалысын анасы мадақтаса, бала қуанады. Ал, қолын немесе саусағын аузына апарған кезде анасы ол қылығын бұрыс деп тауып, балаға қарсы ұрсады, ол кезде бала теріс көңіл-күй білдіреді. Сонда сәби өзінің іс-әрекетінің дұрыс еместігін сезіне бастайды. Бірақ, бала анасы тарапынан болған ұрсуды тікелей қабылдамайды, яғни оны ұрыс деп сезінбейді.

  Ал, Г.Х. Мазитованың зерттеулерінде баланың үлкен адамдарды тану-танымау әрекеттері қаралады. Бұл экспериментке 16 апталық баладан бастап 12 айлық сәбиге дейін қатысты.  Жас сәбилер қарым-қатынасты өте жақын, таныс және мүлдем таныс емес адамдармен жасады.

  Алғашқы кезеңде, яғни, 1 айлық балада өзі байланысқа түсетін адамдарды мүлдем танымайтындығы байқалды.

  2 айлық бала байланысқа түсуші адамдарды танымайды, барлығын бірдей қабылдайды. Бірақ, олардың көңіл-күйін бірден аңғара алады. Ал 3 айға толған кезде бала қоршаған отаға деген дифференциялды көзқарасын қалыптастырады. Бала бұл кезеңде үлкенге деген оң эмоциясын білдіреді, бірақ өзіне өте жақын адамдарды ерекше қуанышпен қабылдайды. Тек 5 айға толған кезде ғана бала адамдарды шын мәнінде тани бастайды. Ата-анасына сәби қуанады, ал таныс емес адамдарға жатырқау сияқты сезімді тудырады.

  Өте жақын адамға деген тартылыс күші пайда болады. Бұл осы кезеңде туған ерекше психологиялық факт болып табылады. Бұл ғылымда аффектілі-тұлғалық байланыс деп аталады. Осы сезімнің нәтижесінде баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы, бағасы қалыптасады. Бұл белсенділік баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл сезім баланың заттық әлемді тануына да септігін тигізеді.

  Жоғарыда аталған тұлғалық-эмоционалдық қарым-қатынастың шын мәнінде бар екендігін дәлелдеу үшін М.И. Лисина балалар үйіне туылысымен әкелінген жас сәбилерге эксперимент жүргізді. 2 және 4 ай аралығындағы сәбилер екі топқа бөлінді. Бірінші топ эксперименттік, ал екінші топ бақылаушы. Эксперименттік топтағы балаларға тәрбиешілер ерекше зейін, көңілмен байланыс жасап отырды. Таза сезіммен қарым-қатынасқа түсуге тырысты. Ал бақылаушы топтағы сәбилерге мұндай зейін қойылмады. Нәтижесінде эксперименттік топтағы сәбилердің қоршаған ортаны тануы, қызығушылығы, эмоциясы бақылаушы топтағы балалардан бірнеше есе көп екендігі байқалды. Ал, уақыт өте келе балалармен эмоционалды қарым-қатынас жасаудағы ерекшелік төмендейді.

  Бала дамуындағы сенсорлық жүйенің ерекшелігі маңызды болып табылады. Әрбір қимылды жасамас бұрын, бала алдымен соған бейімделеді. Алғашқы жарты жылдықта сенсорлы жүйенің дамуы белсенді жүреді. Қоршаған ортаға деген қызығушылық алғашында көру және есту мүшелері арқылы ғана қабылданады, кейін бала сол заттарға ұмтылып, қолмен ұстап көруге бейімделеді. Бұл құбылыс 5 айға толғанда жүзеге асады. Бала психологиясында бұл құбылысты ұстап көру актісі деп атайды.

 

2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөйлеу ерекшелігі.

Нәрестелік жаста кейін бала дамуында жаңа этап сәбилік кезең басталады. Бұл кезең 1-3 жас аралағыны қамтиды. Нәрестелік шақта бала көруді, тыңдауды үйренсе, сәбилік кезеңде дәрменсіз емес тіршілік иесі болып табылады. Ол өзінің әрекетінде белсенділік танытып, және үлкендермен қарым-қатынасқа деген ұмтылысы жоғары болады. Сәбилік кезеңде бала жетістік принципіне ие болады. Сонымен қатар балада «мен» концепциясы қалыптасады.

Сәбилік жастың бірінші жартысында бала көбіне жанындағы адамдармен әлеуметтік қарым-қатынаста болады. Бала өзінің әкесі мен шешесі және жақындарымен қарым-қатынас арқылы ақырындап, нормативті мінез-құлықты меңгере бастайды. Сәбилік жаста баланың дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынасқа түсу өте маңызды. Егер баламен аз қарым-қатынасқа түссе, яғни көңіл бөлінбесе, олар дамудан артта қалады. Кейбір жағдайда балаға шамадан тыс көңіл бөлініп, қажеттіліктерін толықтырып отырса және баланың өзіне мүмкіндік бермесе бұл жағдай баланың сөйлеуге деген ынтасына және дамуына кері әсерін тигізеді. Егер үлкендер керісінше баладан нақты, анық сөйлеуін қайталап сұрау арқылы талап етіп отырса, бала соған бейімделіп, сөйлеуі жақсы дамиды.

Үлкендермен қарым-қатынаста балада идентификацияның қарапайым түрі яғни формасы болып табылатын еліктеу сезімдерін байқауға болады. Баланың ересектермен, ересектердің балалармен идентификациялық қарым-қатынастары сәбиді эмоционалдық қарым-қатынасқа дайындайды. Идентификация фонында балада адамға деген сенімділік сезімі пайда болады.

Сәбилік кезде сөйлеудің дамуы 2 жолмен жүреді.

1. Ересектердің сөз мағынасы мен мәнін түсінуін жетілдіру.

2. Баланың өзіндік белсенді сөйлеуінің қалыптасуы.

Балада заттардың мәні мен әрекеттеріне қатысты сөздерді меңгеру бірден қалыптаспайды. Өйткені, нақты зат немесе әрекетке қарағанда белгілі бір жағдай түсндіріледі. Бала бір адаммен сөйлесе отырып, нақты әрекеттерді орындай алады. Осылайша бір жастағы сәби анасымен қарым-қатынасқа түсе отырып, дене бөліктері (көз, мұрын, қол аяқтары) көрсетуді үйренеді. Сонымен қатар бала анасымен тығыз интимді байланыста болады. Бұл кезде тек сөздер ғана емес, ым-ишара, сөйлеу интонациясы, қарым-қатынас жағдайлары іске асырылады. Ересектермен қарым-қатынаста бала олардың сөздеріне дұрыс мән береді, егерде сөздер нақты ым-ишаралармен байланыстырылып, қайталанылып отырса, онда бала сөздерді тез меңгереді. Мысалы: балаға «қолыңды бер!» деп өзі осы сөзді ым-ишара арқылы қозғалыс жасай отырып көрсетсе, бала бұл қозғалыстарды тез меңгереді. Осылайша ол тек сөздерге ғана емес, сонымен қатар ситуацияғада көп мән береді.

Ал, 2 жастағы бала үшін сөздер тежелуші мәнге қарағанда дамушы мәнге ие болады. Белгілі бір әрекетті орындауға қарағанда балаға сөз арқылы көрсетіліп тұрған қозғалысты орындау оңай болады. Мысалы, балаға есікті «жап» десе ол есікті ашып-жауып, осы әрекетті қайталай береді.

Сәбилік кезеңдегі тағы бір әрекет - қозғалыстың  тежелуі болып табылады. Сонымен қатар осы кезеңде бала «болмайды» сөзінің мәнін түсіне бастағанымен тыйым салу балаға әсер етпейді. 3 жасқа толғанда, үлкеннің айтқандары әр түрлі жағдайларда баланың мінез-құлқы қадағалана бастайды. Сәбидің үлкендермен қарым-қатынасы сөйлеудің дамуында нақты мәнге ие. Сонымен қатар, сөйлеудің дамуы бала үшін қарым-қатынастың даму мүмкіндіктерін аша түседі.

Нәрестелік кезеңнің аяғымен сәбилік кезеңнің басында балада паралингвистикалық белгілер жүйесі пайда болады (жест, ым-ишара, мимика т.с.с.) Қарым-қатынаста бұл белгілер баланың үлкендерге еліктеуі арқылы қалыпатасады. Бұл жағдай ұқсастықтың алғашқа формасы болып табылады.

Баланың ең алғаш меңгерген қарапайым белігілер жүйесі, үлкендердің ең алдымен анасының жауап реакциясына арналған стимулға айнала бастайды. Бала 1,5-3 жас аралығында ересектермен қарым-қатынаста психологиялық  енудің арқасында сөйлеуді тез меңгереді. Ол үлкендердің әңгімесін зейін қойып тыңдауға бейімделеді. Үлкендердің айтқандарын тыңдаудан алған рахаттану сезімі оны әрдайым елеңдетіп отырады. Сонымен қатар бұл жаста бала үлкендерге елеңдей отырып, «әсіресе анасына» өзінің сөйлеу қабілетін дамытады. Осы кезде бала үлкендерге сұрақ қояды және олардың жауаптарын түсінуге тырысады.

 

3. Құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста болу қажеттілігінің қалыптасуы.  Сәбилік кезеңдегі балалардың құрбыларына деген қатынасы. Эмоционалды-практикалық өзара әрекеттестік сәбилік кезеңдегі баланың қарым-қатынас ерекшелігі.

 

Сәбилік кезеңдегі қарым-қатынас ересектерден көмек сұрау арқылы дамиды.  Бұл жағдай баланың ерік-жігерінің бастауы болып табылады. Бала өзінің ерік-жігерін жақындарымен, үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынаста қолдана бастайды, яғни көрсетеді. Әлеуметтік белсенділіктің бұл түрлері баланың дамуына әсер етіп, тереңдете түседі.

Сәбилік кезеңде бала үлкендердің зейінін аударудың бірнеше жолдарын меңгереді. Бұл тәсілдер толығымен әлеуметтік қолданбалы болып табылады. Себебі, бала үлкендердің реакцияларына тітіркене алады. Осы жағдайда бала бауырмашылдық және симпатиялық сезімдерін көрсете алады. Сонымен қатар қанағаттанбаушылық сезімдерін көрсетіп, жағымсыз жағдайдан шығудың кейбір жолдарын ұсына алады. Бала қанша жерден шыдамды болса да үлкендер тарапынан көңіл аударуды күтуде шыдамдылық таныта алмайды. Сол себепті бала реагрисивті реакция беруі мүмкін және де бұл кезде біз сәбидің жетістіктерінің ореолында көре алмаймыз. Әлеуметтік белсенділіктің дамуында баланың құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктерінің дамуы үлкен орын алады. Сәбилік жаста балалардың бір-біріне деген қызығушылығы арта бастайды. Олар бірін-бірі бақылайды, ойыншықтармен алмасады, өздерінің жетістіктерін көрсетуге тырысады. Тіпті жарысқа түсуі мүмкін (доп ойнау, велосипед тебу, т.с.с.). Баланың жетістікке деген мотивациясы жарысу кезінде қалыптасады.(жетістіктер мотиві, Дэвид Маклелланд) Сонымен қатар балада өзінің және басқаның жетістігіне деген рефлекциясы дамиды.

Сәбилік кезеңде бала өмірінде тағы бір маңызды сфера қалыптасады, яғни оның басқа балалармен қарым-қатынасы. Сәбилік кезеңде бала өзінің құрдастарының арасында өскенімен де ол әлі қарым-қатынасқа түспейді. Сәбилердің бір-біріне деген таңдамалы қарым-қатынасы және өзіндік қызығушылықтары көрінгеніменде, бұл байланыстар сәбидің жаңа әсерлерді белсенді түрде қалыптастыру  қажеттіліктерінен туындайды.  Бала үшін құрдастары өзара әрекет ететін сыбайластан гөрі, қызықты объект болып табылады. 3 жастан кейін бала құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу қажеттіліктерімен, бір-бірімен өзара әрекет етуінің ерекше формаларын ашық-жарқын көрсете алады. Бұл қажеттіліктердің қалыптасу кезеңі осы сәбилік шақ болып табылады. Айта кететін жайт, баланың тұлғааралық қатынасындағы проблеманың пайда болуы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Психологиялық әдебиеттерде сәбилік жастағы баланың өзара әрекетімен қарым-қатынастары жайлы ақпараттар көп емес. Осы кезеңдегі баланың қарым-қатынасын зерттеу Галигузованың жұмыстарында кездеседі (1989).

Сәби өз құрдастарын қалай қабылдайды? Бала өмірінің алғашқы жылдарында орталық фигура үлкендер болып табылатындығы белгілі. Үлкендерге деген қатынасы басқа адамдарға ауады ма? Соның ішінде құрдастарына? Себебі, басқа балалар сырт бейнесімен де ересектерге ұқсамайды. Сонымен қатар сәбилік кезеңдегі баланың ойыншықтарға деген  қызығушылығы ерекше болады.Кейбір жағдайда басқа бала сәбиге тірі қозғалмалы ойыншық ретінде көрінуі мүмкін. Галигузованың зерттеуінің алғашқы серияларында балаға құрдастарының, үлкендердің, ойыншықтардың суреттерін слайд арқылы көрсеткен. Бұл жағдайда көбінесе, балада үлкендердің суретіне деген қызығушылық пайда болады. Бірақ баланың эмоционалды қызығушылықтары өздерімен жасты, яғни құрдастарының суретін көргенде артады. Ең қызығы, слайдтан баланың суретін көргенде, сәби өзін және өзімен болған оқиғаларды еске түсіреді.

Мысалы, Нұрлан (2 жас 1 ай) баланың суретін қарап тұрып, зерттеушіге «мен» деп көрсетті.

Арай (1 жас 11 ай) тура сол суретке қарай отырып, «бұл бала мен сияқты басын ауыртып алды» деп өзімен теңестірді.

Сонымен қатар бала суретке қарай отырып, суреттегі адам бейнелерімен сөйлесіп, оларға өз көңілдерін білдірді, өмірлік ситуацияға қосты. Ойыншық пен үлкендердің суретін көрген кезде мұндай жағдай байқалмайды. Ал құрдастарының суретін көргенде, балалар өздерін басқа жағынан тани бастайды. Тағы бір тәжірибеде мынаны байқауға болады: төсекте отырған балаға белгілі уақыт мөлшерінде, кезек-кезек ойыншық, қүрдасы және үлкен адам көрсетіледі. Құрдасы мен ойыншық бір төсекте, ал үлкен адам орындықта отырады. Төсекте отырған құрдасы өзін белсенді ұстайды, ал үлкен адам өзін керісінше, пассивті ұстайды. Бұл жағдайда баланың қызығушылығы үлкен адамға ауады. Себебі, үлкеннің көңілін өзіне аударып, қарым-қатынасқа түскісі келеді. Бұл тәжірибеден сәбилік кезеңдегі балаларға үлкендермен қарым-қатынасқа түсу қажет екенін байқауға болады.

Баланың қарым-қатынас қажеттілігі кезінде 4 негізгі критерий қолданылады

1. Басқа адамдарға деген қызығушылығымен олардың зейінін аудару;

2. Өзіне басқалардың көңілін аудару;

3. Құрдасына деген эмоционалды қарым-қатынасы;

4. Өзара әрекетті сезіну.

Галигузованың тәжірибелері бойынша сәбилік кезеңдегі баланың мінез-құлқы осы критерийлерге сәйкес келеді. Көп жағдайда баланың құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттілігі 3 жасында қалыптасады.

Сонымен қатар зерттеу кезінде, әртүрлі жағдайда баланың құрдастарымен қарым-қатынасын зерттей отырып, 4 негізгі категорияны бөліп көрсетуге болады:

1. Өзімен құрдас балаға деген қызығушылық. Бұл әрекет кезінде бала құрдасының сыртқы келбетіне назар аударады. Құрдасының жанына келіп, оның киіміне, дене бітімін қарайды. Оған қызығып көңіл бөледі;

2. Осы категорияда құрдасын ойыншық ретінде көру әрекеті байқалады. Бала құрдасымен ойыншық пен ойнағандай ойнайды. Ал үлкендерге мұндай әрекет жасалмайды;

3. Баланың құрдасымен және үлкендермен қарым-қатынастағы тәртібі кіреді. Іс-әрекетті бақылайды, еліктейді;

4. Бұл категорияда тек құрдастарымен қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайда балалар секіреді, күледі, бір-бірімен ойнауы, бірін-бірі қорқытуы жүзеге асырылады. Сонымен қатар осы категорияға құрдасына деген негативті реакциясы кіреді. Мысалы, ойыншыққа таласу, ренжісу,т.с.с.

Осы 4 категорияны қарастыра отырып, баланың басқа адамдармен қарым-қатынасын 2 негізгі аспектіге бөлуге болады.

1. Объективті

2. Субъективті

Бұл аспектілерде бала өзінің құрдастарының сыртқы келбеті мен іс-әрекетіне көп көңіл аударады. Бала өзінің құрдастарына еліктеп, секірсе секіріп, күлсе күледі. Бұл жағдай объективті аспектіге жатады. Ал екінші аспекті яғни субъективті аспект – бала құрдасының бетіне қарап тұрып, жалған іс -әрекетін қайталайды. Бұл аспектіде сәбилік кезеңдегі даму өзгерісін байқауға болады. Бұл динамиканың нешізінде объективті іс-әрекеті емес, субъективті іс-әрекет жүзеге асырылады.

Галигузованың зерттеуі бойынша баланың бірлескен іс-әрекетінің 59 түрін көрсетуге болады. Балалар өздерімен өздері болған кезде ғана бір-біріне жағымды әсер етеді.

Баланың құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі дамудың 3 жағдайында басталады.

1. Сәбилік кезеңдегі баланың қарым-қатынас эмоционалдылығы;

а) тәжірибелілігі

б) өзара әрекеті

2. Бала өзін құрдасымен салыстыра отырып, өзін теңестіреді;

3. Өзімен жасты балалармен қарым-қатынаста болып, бала өзінің жеке қажеттілігін қалыптастырады.

Қорыта келгенде қарым-қатынассыз сәбидің дамуы, жетілуі, сөйлеуі мүмкін емес. Сәбилік кезеңде қарым-қатынастың орны ерекше екенін көруге болады.            

 

4. Мектеп жасына дейінгі балалардың ситуациядан тыс-танымдық қарым-қатынас формасы.

 

  Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері.

Мектеп жасына деиінгі кезеңде бала өмірінде басқа балалар орын ала бастайды. Егер сәбилік кезеңде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі енді қалыптаса бастаса, ал мектеп жасына деиінгілерде ол ең басты қажеттіліктердің бірі бола бастайды. 4-5 жасында бала өзіне басқа балалардың керек екендігін сезінеді және де құрдастарының ортасын қалайтындығы анық байқалады.

  Бала дамуындағы құрдастарының рөлі туралы мәселелер психологиялық  әдебиеттерде кеңінен талқыланған. Бұл мәселені тек баланың үлкендермен және құрдастарымен қарым- қатынастарын салыстыра отырып шешуге болады. Шетел психологиясында компенсаторлық, яғни үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасының арасындағы өзара қатынастар туралы тезистер талқыланған. Баланың әлеуметтік дамуындағы құрдастарымен байланысының компенсаторлық рөлі, оларға үлкендердің зейіні мен қамқорлығы жетіспеген кезде болатындығын, психоанализдің өкілдері жүргізген жетім балалардың дамуын бақылау нәтижелелерінде дәлелдеген, сонымен қатар жұбайлар Харлоулардың маймылдармен  жүргізген зерттеулерінде де көрсетілген. Дегенмен, маймылдармен жүргізілген эксперименттердің негізінде алынған нәтижелер, адам баласының дамуына тікелей әсер етуі екіталай. А. Фрейд пен  С. Данның зерттеу жұмыстарында балалардың үлкендерсіз өмір сүріп, жақсы дами алмайтындығы жайлы ешбір деректер келтірілмеген. Кейбір зерттеулердің нәтижелері балалардың құрдастарымен қарым-қатынасы тек үлкендермен қарым- қатынасының негізінде қалыптасып, дамитынын көрсеткен. Ал балалар үйінде тәрбиеленгендерде үлкендермен қарым-қатынастарының жеткіліксіз болуынан, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуі өте баяу және бірқалыпты болады. Необихевиористік мектептерде (У. Хартоп, Браян және т.б) үлкендер мен құрдастарының баланың мінез-құлқына әсерлері өзара толықтырушы ретінде қарастырылады. Олар баланың мінез-құлқына әсер етуімен жалпыланады, сонымен қатар баланың құрдастарына қарағанда, үлкендер „күштірек“ атты әлеуметтік бекітулердің бастауы ретінде балалар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастарының сипатын өзгерте алады. Дегенмен, алынған нәтижелерде үлкендермен қарым-қатынасы баланың құрдастарымен қарым-қатынасына қарағанда сандық жағынан ғана ажыратылады, яғни әрекет ету күші, байланыстың саны мен жиілігі бойынша және т.б.

  Эксперименттерде балалардың үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасы, баланың жынысы, отбасындағы бала санына байланысты, қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген факторлар бойынша салыстырылады.

  Осының арасында, баланың құрдастарымен қарым-қатынасының үлкендермен қарым-қатынасына қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мектеп жасына деиінгілердің қарым- қатынасының алғашқы және маңызды ерекшелігі- оның коммуникативті  әрекетерінің жан-жақтылығында. Құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде, баланың үлкендермен байланыс орнатқанда мүлдем кездеспейтін көптеген әрекеттерін байқауға болады. Құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде, бала олармен бәстеседі, талап қояды, бұйырады, алдайды, аяйды және т.б. Осы кезде балада қырсығу, ренішін білдіру, сыбайласына әдейі жауап бермеу, еркелеу, қиялдау сияқты мінез-құлықтың күрделі формалары қалыптаса бастайды.

Баланың құрдастарымен қарым-қатынасындағы 2-ші бір ерекшелігі - ол оның тікелей анық эмоционалды маңыздылығында. Мектеп жасына деиінгілердің жоғары эмоционалдылығы олардың үлкендермен өзара әрекеттерімен ерекшелендіреді. Баланың құрдастарымен қарым-қатысынан жоғары экспрессивті – мимикалық көріністерді байқауға болады. Және де олардың құрдастарына қатысты әрекеттері жоғары аффективті бағыттылығымен ерекшеленеді. Мектеп жасына дейігілер көбінесе өзімен жастыларды жақтайды, сонымен қатар үлкендерге қарағанда 9 есе көп олармен дау-дамайға түседі.

  Балалар байланысының 3-ш спецификалық ерекшелігі ол сәйкессіздігі мен регламентсіздігінде. Егер де үлкендермен қарым – қатынаста тіпті ең кішкентай балаға дейін жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстанса, ал құрдастарымен қарым – қатынаста шынайы және күтпеген әрекеттер мен қозғалыстарды қолданады.

  Құрдастарымен қарым – қатынасының тағы бір ерекшелігі – жауаптылардан талаптану әрекеттерін меңгеру. Бұл сыбайласының жауапты белсенділігінің болмауынан, төмендейтін диалогты дамыту мен жалғастыру мүмкіндігінің болмауынан анық көрінеді. Бала үшін өзінің айтқандары мен әрекеттері маңыздырақ, ал құрдастарының талаптарын ескермей жатады. Ал үлкендердің қойған талаптарын бала 2-есе жоғары ескеріп, орындайды.

  Қарастырылған ерекшеліктер мектеп жасына дейінгі балалардың бүкіл қарым – қатынас спецификасын бейнелейді.

Мектеп жасына дейінгілердің құрдастарымен қарым – қатынасының  дамуы.

  Мектеп жасына дейінгі балалардың бір – бірімен  қарым – қатынастары  қажеттіліктер  мазмұны,  қарым – қатынас  түрткілері мен тәсілдері сияқты барлық параметрлер бойынша өзгеріп отырады.

  Баланың қарым – қатынасының дамуының 3 кезеңін көрсетуге болады. Бұл кезеңдерді мектеп жасына дейінгілердің құрдастарымен қарым – қатынасының формалары деп те атайды.

  Оның біріншісі – балалардың құрдастарымен қарым – қатынасының эмоционалды – тәжірибелік формасы. Кіші мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым – қатынасының қажеттілік мазмұны сәбилік кезеңнің аяғында қалай қалыптасса, сол күйінде сақталады.

  Құрдастарымен қарым – қатынасының келесі  бір формасы – ситуативті- іскерлік. Ол шамамен 4 жасында қалыптасады, 6 жасына деиін сақталады. 4 жастан кеиінгі балалардың құрдастары өздерінің тартымдылығымен үлкендерді қуып жетіп,  олардың өмірінде үлкен орын ала бастайды. Есте сақтайтыны, бұл жас рөлдік ойындардың даму кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде сюжеттік - рөлдік ойындар ұжымдық бола бастайды– яғни балалар жалғас ойнағаннаң гөрі, көпшілікпен ойнағанды қалайды.

  Балалармен рөлдік ойындағы қарым – қатынас 2 деңгейде жүзеге асады: рөлдік өзара қарым- қатынас деңгейі, шынайлық деңгейі.

  Бірлескен ойын әрекетінде балалар 1 деңгейден 2 деңгейге ауысып отырады және әрбір ойын сайын дауыстарын, интонацияларын сөйлеу мәнерін және т.б өзгеріп отырады. Осылайша, балалардың қарым – қатынасының басты мазмұны мектеп жасына дейінгі орта жаста іскерлік әріптестік болып табылады. Әріптес пен қатысушыны ажырата білген жөн. Эмоцианалды – тәжірибелік  қарым – қатынаста балалар бірге емес, тек бір – бірінің жаныңда әрекет етті, олар үшін құрдастарының зейіні мен бірге қатысқаны маңыздырақ болды. Ал, ситуативті – іскерлік қатынаста мектеп жасына дейінгілер  бәріне ортақ іспен айналысуда, олар өзінің әрекеттерін бір – біріне сәйкестендіріп, ортақ нәтижеге жету үшін серіктесінің белсенділігін ескергені жөн. Осындай типтегі өзара әрекеттер әріптестік деп аталады.

  Мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында балаларда қарым– қатынастың жаңа формасы қалыптасады. Ол ситуативті - іскерліктен тыс форма. 6-7 ж. ситуациядан тыс байланыстар орнатылады. Шамамен құрдасына деген тілдік қарым – қатынастың жартысы  ситуациядан тыс сипатталады. Бұл кезде балалар бір – бірлеріне қайда болғандарын, нені көргендерін айтып береді.

 

5. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың құрбы-құрдастармен қарым-қатынас ерекшелігі. Жеті жас дағдарысы. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынас ерекшелігі.

 

Бала алғаш мектепке барғанда, оқу ісін игеру мен қажетті икемдер мен дағдыларды қалыптастыру негізгі шешуші әлеуметтену шарты болып табылады. Сонымен қатар, оқушы ұйымдастырылу жағынан, ондай жоғары болмаса да, әлеуметтік тәжірибені игеруде өте маңызды болып келетін тұлғааралық қалыптасып жатқан қарым - қатынас процесіне қосылады. Бұл аталмыш «құпия» әлеуметтену бағдарламасының арқасында баланың сезімдік және әлеуметтік өмірі дамиды, оның өзі жайлы және өзгелер де не ойлайтыны туралы көзқарасы қалыптасады.

Мектепке келген күннен бастап-ақ, бала сыныптастарымен және мұғалімімен тұлғааралық дара әрекеттесу процесіне қосылады.Бұл дара әрекеттесу процесіне бастауыш мектеп жасы аралығында белгілі бір даму динамикасы мен заңдылығы болады. Мектепке бейімделу кезеңінде, бірінші сынып оқушылары үшін, мектептегі жаңа әсерлер өз сыныптастарымен қарым-қатынасынан гөрі әлдеқайда маңыздырақ болып келеді. Бұл кезеңде балалар өздерінің жаңа «мәртебесі» мен міндеттеріне берілгендігі сондай, олар кейде «Сенің қасыңда бірінші сыныпта кім отырған еді?» - деген сұрақтарға жауап қайтара алмайды.

Бірінші сынып оқушыларын бақылау кезінде байқалғандай алғаш кездерде балалар тіпті, бір-бірімен тікелей қарым-қатынастан шеттелетін сияқты, олар әлі де болса, «өз бетімен» жүргендей сезінеді. Балалар арасындағы өзара байланыс тек мұғалімнің қатысуымен іске асырылып отырылады. Я.Л.Коломинский келтірген бірінші сынып оқушыларыньщ өмірінен алынған үзіндіге қарайық: «Егер, оқушылардьң біреуі үйде қаламын (ручкасын) ұмытып кетіп, ал, сабақта жазу керек болса, ол құрдастарынан артық қалам сұраудың орнына, оқушы әдетте үндемей отыра береді, ал, кейде мұғалім оның мүшкіл жағдайын байқар деген үмітпен жылай да салады. Мұғалім не болғанын білгеннен кейін сыныпта ешкімде артық қалам бар ма екен деп сұрайды. Сол кезде артық қаламы бар оқушы, әдетте, қаламды құрдасына берудің орнына мұғалімге береді, ал, ол қаламды мұғалім оқушыға береді».(Коломинский Я.Л.1969. 74-756.).

Кіші бастауыш сынып оқушысы - бұл қарым-қатынас дағдыларын қарқынды түрде игеру үстіндегі адам. Бұл кезеңде балалар арасындағы достық қарым-қатынас орнатылу процесі қарқынды түрде жүріп жатады. Әлеуметтік әрекеттесу дағдыларын игеру және құрдастарымен достық қарым-қатынас орнату бұл жас кезеңінде даму мәселелерінің бірден-бір маңыздысы болып келеді.

Егер бала 9-10 жасында құрдастарының біреуімен достық қарым-қатынас орнатса, бұл оның құрдастарымен өте тығыз әлеуметтік байланыста бола алатындығын, ұзақ уақыт осындай қарым-қатынас ұстай алатындығын және онымен қарым-қатынас жасау біреу үшін маңызды және қызықты екенін көрсетеді.

Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, бастауыш сынып жас кезеңінде баланың достарына деген қарым-қатынасында, тіпті «достық» мағынасының өзінде белгілі бір динамикасы болады. Достар дегеніміз - ең алдымен баланың бірге ойнайтын, жиі көретін адамдары. Дос ең алдымен сыртқы себептерге байланысты таңдалады, балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады және с.с. Бұл жаста балалар көбінесе тұлғаның саналылығына емес, жүріс тұрысына көңіл бөледі. Достарын сипаттау барысында «достарының жүріс тұрысы өте жақсы», «олармен өте көңілді» -деп нұсқай отырады. Бұл кезеңде достық байланыстар шыдамсыз және ұзаққа бармайды.

8-11 жастар арасындағы балалар үшін, достар, оларға көмектесетін, олардың қызығушылығын бөлісетін, өтініштерін қабыл алатын адамдар. Аралық дара мейірдің пайда болуында ақкөңілділік, ілтипаттылық, өзіне-өзі сенімділік, дербестілік сияқты мінез-құлық түрлері де аз роль атқармайды.

Уақыт өте келе оқушының мектеп шындығын игере келе, балада сынып ішінде өзінің жеке қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Оның негізін басқалары үстемдік ететін тікелей эмоциональды қарым-қатынас құрайды.

Жүргізілген социометриялық зерттеулерге сүйенсек сыныптағы қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі оқушының алатын орны барлық жас топтарға бірдей факторлар бойынша анықталады. Сонымен, өз сыныптастарының таңдауына көбірек ие балаларды (жұлдыздар) былай жалпылай сипаттауға болады: Олар әдетте сөйлескіш, дарынды, ынталы және өте кең қиялдайды; бұндай оқушылардың көбі жақсы оқиды; әдетте қыздардың сыртқы келбеті тартымды болып келеді.

Ал, бұл жүйеде төменгі роль атқаратын балалардың да бір біріне ұқсас мінез құлықтары болады: мұндай балалар әдетте сөзшең емес, тіл табыса алмайтын, сотқар, қырсық, тұйық, ашуланшақ, ұқыпсыз, дүниеқор бала болып келеді.

Аталып өткен жалпы мінез-құлық қасиеттері әр түрлі бастауыш сынып жас кезеңдерінде белгілі бір ерекшеліктерге ие.

Жоғарғы әлеуметтік мәртебеге ие бірінші сынып оқушылары үшін мынандай қасиеттер маңызды болып келеді: сүйкімді келбет, белсенділік, барлық уақытта өз заттарымен бөлісуге дайын тұру. Екіншіден, бұл жастағы балалар үшін жақсы үлгеріммен оқуға деген қарым-қатынастары да маңызды болып келеді. Сыныптағы белгілі ұлдар үшін физикалық күш те үлкен маңызға ие. Ал өз құрдастарына «сүйкімсіз» бірінші сынып оқушылары мынадай ерекшеліктермен сипатталады: енжар, жүріс-тұрысы, оқуы нашар, ұзақ дос бола алмайды және жылауық болып келеді.

Сонымен бірінші сынып оқушылары өз құрдастарын ең алдымен сыртқы қасиеттері және көбінесе мұғалім көңіл бөлетіне қасиеттер бойынша бағалайды. Кішкентай мектеп жас кезеңінің соңына қарай бұл критерийлер кішкене өзгереді. Өз жолдастарын бағалау кезінде олар оқушылар үшін бірінші кезеңде қоғамдық белсенділік тұрады. Мұнда балалар тек мұғалімнің берген қоғамдық тапсырысты емес, ұйымдастырушылық қасиеттерді де бағалай бастайды. Бұл жаста балалар өз бетімен әрекет жасау, өз-өзіне сенімділік, шыншылдық сияқты жеке тұлғалы қасиеттерге ие болады.

Үшінші сыныпта бұл көрсеткіш төмен болады.

«Сүйкімсіз» үшінші сынып оқушыларының мінез құлықтары былай сипатталады: қоғамдық енжарлық, жалқаулық. Кішкентай мектеп оқушыларының ерекшеліктері олардың басқа адам туралы көзқарастарынан да байқалады. Сондықтан кішкентай оқушылармен жұмыс істейтін психолог ең алдымен оқушылардың сыртқы келбетіне көңіл бөлетінін ескеріп, өзінің сыртқы киімін дұрыстап жүру керек. Баланың жасы ұлғайған сайын ол өз құрдастарының арасындағы өз орны туралы түсінігі дәлірек бола бастайды. Бірақ осы жас кезеңінің аяғына қарай, бұл түсінік көрсеткіші бірден төмендейді. Тіпті мектеп жасына дейінгі балалармен салыстырғанның өзінде де сыныпта жоғары дәрежеге ие балалар оны төмен санап ал, керісінше қанағаттанарлықсыз дәрежеге ие балалар өз көрсеткіштерін жоғары деп санайды. Бұл деген сөз кіші мектеп жасының аяғына қарай балалар арасындағы өзара тұлға аралық қарым-қатынастарында, санасында қайта құрылу процесі жүріп жатады. Әрине бұл оқушылардың өз құрдастары арасындағы белгілі бір дәрежені иеленуге құштарлықпен тікелей байланыста.

Бұл кезеңде балалар үшін олардың құрдастарының көзқарасы маңыздырақ болады. Кішкентай мектеп сол себептен де өз ортасындағы дәрежесі туралы түсінігінің дәлелділігі кеми түседі.

9-10 жаста балалар сыныптастарының жасаған ескертулерін ауыр қабылдайды, сөйтіп олар ұяң бола бастайды. Олар үлкендерден, тіпті өз құрдастарынан да ұяла бастайды. Мұндай тұлғааралық қарым-қатынастардағы өзгерістерді тәрбие сағаттарын ұйымдастыру барысында міндетті түрде ескеру қажет. Оқушының сынып алдында қандай да бір ісі үшін жауапқа тарту көбінесе оқушы үшін үлкен психикалық зақым келтіруші фактор болып табылады. Әдетте мұндай жағдайда психологтың көмегі керек болып жатады.

Жеке қарым-қатынас жүйесін кез-келген адам өте эмоционалды қабылдайды, өйткені бұл адамның бағасымен және тұлға ретінде мойындауымен тікелей байланыста. Сондықтан да оқушылар ортадағы өзінің төмен дәрежесін ауыр қабылдайды. Дегенмен егер балада тым болмағанда бір өзара сүйіспеншілік болса, бала өзінің алатын төмен дәрежесін жеңілірек қабылдайды. Тіпті бір жалғыз өзара таңдаудың өзі бала үшін күшті психологиялық қорғаныс.

Мұғалім кіші мектеп жасындағы балалардың арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуында үлкен роль атқарады. Алғашқы оқу барысында мұғалімнің қойған бағасы ең мәртебелі баға болып саналады.

Әр түрлі әлеуметтік дәрежелі балаларға берілген сипаттамалар қорытындысына сүйенсек тұйық балаларды мұғалімдердің өзі ұнатпайды екен. Ол деген сөз көбінесе мұғалімдердің өздері әдейі болмаса да оқушының сыныпта тұйықталуына өз әсерін тигізеді. Жүйелі түрде қайталанып отыратын төмен бағалар, әр түрлі ескертулер басқа балалар үшін оқушыны бағалау кезінде үлкен әсер етеді.

Сонымен қатар сыныптағы бір оқушыны алып, оны шамадан тыс мақтап оны сынып алдында үлгі етуге тырысу оқушының өз құрдастарымен қарым-қатынастарының құрылуына зиянын тигізеді. Мұндай балаларды басқа сыныптастары ұнатпайды. Оларды «жағымпаз» деп, олармен сөйлеспеуге тырысады. Мұндай дидоктогениялар (мұғалімнің педагогикалық қателіктері салдарынан пайда болатын баланың психогендік қасиетінің бұзылуы) көбінесе кіші мектеп жасында жиі кездеседі.

Сонымен қатар мұғалім оқушыны сыныптағы «тұйық» балалар қатарынан алып шығу кезінде керісінше роль атқарады. Мұғалім әртүрлі ситацияларға байланысты оқушылармен әр түрлі қатынаста болу керек. Ол үшін мынандай рекомендацияларды білген жөн:

1.  Тұйық оқушыны қызықты іске тарту

2.           Оқушының үлгере алмай жүрген ісіне көмектесу.

3.           Психологиялық изоляцияның әсерінен пайда болатын аффекттерге
(тез ызалану, ренжу) тойтарыс беру.

4.           Кей балаларда өз-өзіне сенімділік туғызу керек.

5.           Жанама методтар қолдану. Мысалы, басқа мәртебелі оқушыларға
тұйық оқушыны қолдауды сұрау.

Кең таралған оқушының сыныптағы өз дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс болып социометриялық процедура табылады. Ең кең таралған осы әдістің критерийі - оқушыларға парталастарын өздеріне таңдату. Ал жалпы кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз құрдастарымен қарым-қатынасының деңгейін анықтайтын әдіс, ол Гезельдің қарым-қатынасты дамыту шкаласы.

 

6. Келіссөз   жағдайындағы   қарым  -  қатынас  ерекшеліктері. Келіссөздегі   қарым – қатынас  түсінігі. Келіссөзге  тән  ерекшеліктер. Келіссөз  жағдайындағы  қарым – қатынас  ережелері.

1. Келіссөздегі қарым-қатынас түсінігі

Келіссөздерді жүргізу инициативасы әрдайым психологиялық дайындығы бар жақта орнайды. Психологиялық жоспарда келіссөздердің негізгі мақсаты-әңгімелесуді сіздің жоспарларыңызды қабылдауға көндіру. Осыдан келіссөз процесі жайлы атмосферада өтуі мүмкін, барлық дөрекі әдістер жойылуы тиіс.

Ешқандай жағдайда да бір жақтың табысын ойламау керек. Мұндай нәтиженің болатынын байқасаңыз бұл туралы өз серіктестеріңізді ескертіңіз. Өзінің тым көп табыс алу көзін ғана ойлаған адам келесі келіссөздерде қызықсыз серіктермен қалып кету қаупі бар. Сондай-ақ ең жоғарғы дәрежеде дайындалған іскерлік келіссөздер де психологиялық факторлардың әсерінен кете алмайды. Маманданаған кәсіпкер дипломат болуы керек, өз серіктесінің жүрегіне жол таба біліп, қарсыластырымен әділ емес әрекеттерді жоюы керек.

2. Келіссөзге тән ерекшеліктер

Келіссөз жүргізер алдында бұл келіссөздер нәтижелі болу үшін жақсы психологиялық климат қалыптастыру қажет. Келіссөздердің  басынан бастап серіктесіңізді сізге қарататын және сіздің көзқарастарыңызбен келістіретін бірнеше әдіс бар.

Келіссөздің басынан бастап серіктеске немесе келіссөз жүргізушеге өзіндік маңыздылықты және фирманың белсенділігін көрсету қажет. Бұл  нәрселерді арзан мадақтау арқылы емес, шын ниетпен жасауыңыз шарт.Адам табиғатының ең терең ұмтылысы –ол басқа адамдарға маңызды болу.

Келіссөздер барысында келіссөз жүргізушіге өз дәрежесінде көңіл бөлуіңіз тиіс. Осыдан іскер адамдар арасындағы қарым-қатынастың табысы орналады, сіздің серіктесіңіз білетін немесе қызығатындар жайлы сөйлесу қажет.

Келіссөздер кезінде өз көзқарастарыңызда тұрып қалу қиын болуы мүмкін. Бірақ бұл көзқарастарда тартыс арқылы шешуге болмайды. Өйткені тартыс болған жағдайлардың онының біреуі серіктесіңіз принциптерін дұрыстайды.

Егер сіз тартыссаңыз, қарсыласыңызды  кейде жеңуіңіз мүмкін,бірақ жеңісіңіз мәнсіз болады, өйткені сіздің серіктесіңіз келіссөз жүргізуге ықыласы болмай қалады. Сондықтан сіз өзіңіз шешіңіз: көрінікті жеңіс маңыздырақ па,  жоқ әлде келіссөз жүргізетін серіктесіңіздің ықыласы артық па?

Келесі нәрселерді естен шығармау керек:

- әрдайым, қандай жағдайда да қызығушылық танытатын мәселелерде де екі жақты келісім алу қажет;

-қарсылас пікірден туындайтын қарым-қатынастарды, яғни конфронтацияны шыдай білу қажет;

Осы мақсаттарға жету үшін:

-мәселені шешу;

-тұлға аралық қарым-қатынастарды реттеу

-   эмоционалды басқару.

Егер сіз серіктесіңіздің қателіктерімен кемшіліктерін біліп отырсаңыз, сіз оған оның дұрыс еместігін оған өз көзқарасыңызбен, интонацияңызбен білдіре аласыз. Бірақ егер сіз оның дұрыс еместігін өзіне тіке айтатын болсаңыз, серіктесіңіздің өзіне деген сүйіспеншілік , өзін құрметтеу сезіміне соққы бересіз. Бұл онда қорғану сезімін, өзінікін дұрыстату сезімін тудырады, бірақ мұнымен ешнәрсе  өзгермейді.

Егер сіз : « Мен сізге оны дәлелдеймін» дейтін болсаңыз бұл сіздің серіктесіңіз үшін «Мен сізден де ақылдымын» деп есітіледі. Бұл онда ішкі қарсыластық сезімін тудырады.

Сіздің серіктесіңіз дұрыс емес екен біле тұрып, не істеу керек?

Бұл жағдайда мына сөздерден бастау қажет: « Мен басқаша ойлаған едім, мүмкін мен қателескен шығармын. Келіңіз екеулеп фактілерді тексерейік»

Неге бұлай сөйлесу керек?

Себебі, сіздің серіктесіңіз «Мен қателескен сияқтымын, екеулеп фактілерді тексерейік» десеңіз, сіздің пікірлеріңізді ешқанаш қайтармайды.

Басқаша да айтуға болады: « Мен  басқаша ойлаймын. Бірақ мен қателесімде мүмкін.Менде ондайлар болып тұрады, мен қателессем, менің қателерімді ескеріп отыратын шығарсыз»

    Өзіңіздің қателігіңізді біліп қиын жағдайлардан да шыға аласыз. Ең маңыздысы сіз тек өзіңіздің пікірлеріңізді ғана ескермей, басқа, яғни өз серіктестеріңіздің де пікірлерін ескеріңіз қажет. Сөйлесу уақытында               « әрине», «анық», «тек сондай» деген сөздердің орнына « менімше» , «мен солай айлаған едім», «менің ойымша» деген сөздерді көптеп қолдану керек.

Егер  сіз өз серіктесіңіздің кемшілігін байқасаңыз бірден оны бетіне айтудың қажеті жоқ. Оған жайлап бұл пікірлердің басқа жағдайларда оң ықпалының болуы мүмкін екенін айтып, бірақ бұл жағдайда ол дұрыс еместігін айту керек. Өз пікірін қарапайым түрде айту көптеген адамдарда қолдау тауып отыр.

3. Келіссөз жағдайындағы қарым-қатынас ережелері

Келіссөздер жүргізу барысында зерттеулер бойынша психологиялық атмосфера келіссөздерге аса ықпал етеді. Психологиялық атмосфера дұрыс, оң ықпал етуі үшін төмендегі ережелерді білу қажет.

Ереже 1. Дауысты көтеріңкі немесе түсіңкі, тез немесе жай сөйлемеңіз. Егер сіз көтеріңкі дауыспен сөйлесетін болсаңыз, сіздің серіктесіңіз өз пікіріңізді білдірткіңіз келіп отыр деп есептейді. Ал, егер сіз бәсеңкі дауыспен сөйлейтін болсаңыз, онда сіздің серіктесіңіз сіздің дауысыңызды нашар есітіп, сізге қайта сұрақ қоюы мүмкін. Ал, егер сіз тез сөйлейтін болсаңыз, сіздің тезірек өз варианттарыңызды ескеріп, қолдауын тезірек алғыңыз келеді деп ойлауы мүмкін. Ал сіз тым жай әңгімелесетін болсаңыз, онда сіз уақыт оздырып жатқан іспеттес көрінуіңіз мүмкін.

Ереже 2. Әрбір мәселеде өз фирмаңызды қызықтыратын жәйттарды таба білуіңіз қажет. Әрбір фирмада, кәсіпорында-директор немесе менеджер емес, ешқандай престижді орында отырмайтын  адамның ой-пікірі шешуші болуы мүмкін. Мысалы: квалификация, жұмыс тәжірибесі, жеке байланыстары, пәнді толық білуі.

Ереже 3. Серіктес  өз алдында фирманың бейнесі  ретінде келісімге келуге дайын адамды көру керек. Осы ережемен көбінесе біздің елдің іскерлері өз ойынша пайдаланады.

Қорыта келе табысқа жетелейтін алты негізгі ережелерді ұстануымыз қажет. Бұл ережелер арқылы келіссөздер кезінде психологиялық ыңғайлы климат қалыптастыруға болады. Бұл  ережелерді тек бір жақ қана емес, келіссөз жүргізші екі жақта ұстану қажет.

1. Рациональдылық.    Өзін рационалды ұстау міндетті.Егер  қарсы жақ кері эмоция көрсететін болса да, өзіндік ұстаным болуы керек. Өз эмоциясын ұстай алмау, келіссөз барысында оң шешімдер қабылауға ықпал етеді.

2. Түсінік.Серіктесіңізді түсінуіңізге тырысыңыз. Оны түсіне алмасаңыз біріге отырып мәселелерді шешуіңіз екі талай.

3. Сөйлесу. Егер қарсы жағыңыз сізді тыңдамаса да, тыңдағысы келмесе де , сіз олармен консультация  жүргізуге  тырысыңыз. Бұл қарым-қатынастардың жақсаруына әсер етеді.

4. Шыншылдық. Сіздің серіктесіңіз өтірік мағлұмат беріп жатса да, сіз шыншыл мағлұматтар беруге тырысыңыз. Мұндай ұстаным аргументация күшіне итермелеп, келесі қарым-қатынастарға әсер етеді.

5. Үйретуші тонның қажеттілігінен қашу. Серіктесіңізге үйретуші мәнерде болмауға тырсыңыз. Оның  аргументтерін ескере отырып, өз түсініктеріңізді айтыңыз.

6. Қабылдау. Серіктесіңіз туралы және оның көзқарастарын қабылдауға әрдайым дайын болыңыз. Біз келіссөз процесінің  психологиялық аспектілерін игеруге тырыстық. Біздің ойымызша бұл жағдайларда тәжірибені анық көрсететін американдықтардың әдістерін айтымызға болады.  

 

Әдебиеттер:

  1. Вердербер Р., Вердербер К. Психология общения. – СПб: «Прайм-ЕВРОЗНАК», 2003. – 318 с.
  2. Этика делового общения. Юнита 1. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 88 с.
  3. Психология и этика делового общения. Юнита 1. Теоретические основы психологии и этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 57 с.
  4. Психология и этика делового общения. Юнита 2. Технологмческие аспекты психологии и этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 57 с.
  5. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений. – М.: Аспект Пресс, 1997. – 376 с.
  6. Общая психология: Учеб. Для студентов пед. Ин-тов  / Под ред. А.В. Петровского. – М.: Просвещение, 1986. – 464 с.
  7. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Учебное пособие в двух книгах. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. – 384 с.
  8.  Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. - М.: Сфера, 2000. - 448 с.
  9. Анастази А. Психологическое тестирование / пер. с англ.: в 2-х кн. – М.: Педагогика, 1982. – Кн. 2. – 295 с.
  10. Прихожан А.М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. - М. - Воронеж, 2000. - 304 с.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-15 15:35:18     Қаралды-12864

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »