UF

Тақырыбы: ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА  ҚҰРЫЛЫМЫ

 

1. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар

 

  1. Мәдени-тарихи даму концепциясы.
  2. Іс-әрекет теориясы.

 

Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.

Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность).

Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.

Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.

Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:

1. Мәдени-тарихи даму концепциясы

2. Іс-әрекет теориясы.

     3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.

4. Үйрету теориясы

5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.

Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

  1. Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.
  2. Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету).

А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек.

Таным процестері қызметі іскерліктерді үйренумен толықтырылады. Адамның үйренуі — әр түрлі деңгейде өтетін күрделі, көп сатылы процесс.  Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ білу және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде қимылдарды таңдау және тиісті программаларда біріктіру, оларды жіктеу, іріктеу және жүйелеу болады. Олардың синтезі — сенсомоторлық үйрену — қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер қалыптасады.

Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау негізінде жүзеге асады, бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен міндеттер арқылы басқарылады. Бір жағынан, когнитивтік деңгейде тиісті сыныптардың есептерін шешу үшін қажет іс жүзіндегі білім мен практикалық іс-әрекеттерге үйрену (бұл орайда түсініктер мен практикалық іскерліктер қалыптасады), екінші жағынан, қорытылған теориялық білім мен ақыл-ой іс-әрекеттерін үйрену болады  (мұнда ұғымдар мен ойлау қалыптасады).

Үйренудің аталған бұл деңгейлері мен түрлері белгілі бір шамада жасанды түрде бөлінген. Іс жүзінде адамның үйренуі барысында олар тығыз ұштасып, өзара байланысып жатады. Алайда олардың әркайсысының белгілі бір ерекшеліктері бар. Бұған қоса бұл деңгейлер үйренудің генетикалық сатылары болып та көрінеді. Алайда мұның алдындағы деңгейлер ғайып болмайды және өз маңызынан да айрылмайды, олар бар болғаны қайта құрылып, келесі деңгейді үйренуге бағынады да, оның құрылымына кіре бастайды. Мысалы, когнитивтік үйренудің ең жоғары деңгейлерінде (жоғары математиканы оқып үйренуде) оған нақты білімдерді меңгеру де, жаңа практикалық амалдарды меңгеру де, қабылдаудың жаңа бейнелерінің (фигуралардың, графиктердің, белгілердің) қалыптасуы да, сондай-ақ моторлық жіктеулер де (формулалар жазу, қисық сызықтар сызу) кіреді.

Бірақ білім мен іскерліктерді осылай стихиялы түрде меңгерумен қатар үйрену көптеген жағдайларда нысаналы процесс ретінде арнайы ұйымдастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Үйренудің бұл мақсатқа сай ұйымдастырылуын оқыту деп атайды. Оның неғұрлым көп тараған түрі —мектепте оқыту. Бірақ ол басқа көптеген мекемелерде, мәселен балабақшада балаларға сурет салуды, музыканы, өзіне қызмет көрсету дағдыларын және т. б. арнайы үйреткенде жүзеге асырылады. Оқыту элементі семья тәрбиесінде (балаларды үлкендердің арасында өзін қалай ұстауды арнайы үйретеді), сондай-ақ адамдардың өзара қарым-қатынастары басқа да жағдайларда байқалады.

Дегенмен үйрену процесі тек қана арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана емес, сонымен қатар бала өмір сүретін әлеуметтік ортаның көптеген факторлары әсерімен, басқа адамдардың тәжірибесінен үйрену, немесе жол-жөнекей үйрену үлкен орын алады.

Жол-жөнекей үйрену және мақсат қойып оқу арақатынасы өте күрделі. Оқыту барысында оқушының нақ қандай белсенділігі немесе іс-әрекеті үйренуге жеткізеді? Зерттеулер мынаны көрсетеді: мәселен, бөбектің затты ұстауы, онымен ойнауы, еңбектеуі мен жүруі оны қозғалыстарды үйлестіруге, айналадағы ортаны бағдарлауға үйретеді, оған заттардың қасиеттерін таныстырады, қабылдауын қалыптастырады. Заттарды практикалық пайдалану мен сөйлеу балаға айналадағы заттардың неге арналғанын, олардың функцияларын және онымен не істеу керек екенін анықтап, жүзеге асырады.

Екінші жағдайларда, мәселен, машинаны басқарушыда тікелей мақсат белгілі сапасы бар, белгілі бір өнім алу болмақ. Ал бұл орайда болатын өндірістік дағдыларды жетілдіру болса, онда мұның өзі іс-әрекеттің қайсыбір қосарлас нәтижесі ретінде пайда болады.

Оқу процесі барысында балалар өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерін біртіндеп дәлелдеуге және негіздеуге үйренеді. Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін меңгеріп, оны өз таным процестерін ұйымдастыруға кеңінен пайдалана бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының оқу еңбегінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Баланың таным процестерінің дамуы олардың іс-әрекеттерінің түрлерімен тығыз байланысты жүред және баланың танымдық әрекетінің және жалпы барлық іс-әрекеттерінің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыратынына түсініп мотивациялық жүйесі қалыптасады.

Танымдык әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді акыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, максаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.

Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасау нәтижелесі  оқушылардың танымдық белсендігінің белгілерін анықтап оны үш топқа бөлдік:

оку-танымдык әрекеттін коғамдағы маңыздылык бағыты:

оқу-танымдык әрекеттің интеллектуалдық сипаты;

оқу-танымдык әрекеттің реттеушілік сппаты.

 

2. Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы

1.Сана құрылымы.

2.Сана функциялары.

3.Сана мен бейсаналының арақатынасы.

 

Адамзат  қоғамы  мен  адамның   арнаулы  сипаттамасы,  сапасы  бар,  олар  өзінің  меншікті  заңы  арқылы  дамиды.  Сана  және  еңбек  адамзат  қоғамының  арнаулы   сапасы,  оның аң,  жануар  әлеміне  мүлде   ұқсамайтын  ерекше  сапасын  анықтайды. Аңдарда  да  еңбек  ету  көріністері  байқалады.  Мәселен,  олар  өзіне    ұя  немесе  балаларына   тікелей  қажет  болғанда  ғана жсайды. Адам   болса,  әртүрлі  дүниелерді  дене  күшінің  еркінен   тыс, саналы  түрде  орындайды.

Сана   -  адамды  аңдардан  ажырататын  аса  маңызды  элемент.  Адам  жасаған  ісінің  басым  көпшілігін   саналы  түрде  істейді,  яғни  өзінің          іс-әрекеті  арқылы  алдын – ала қойылған  мақсатты  жүзеге  асыруға  ұмтылады. Дегенмен де адамдар   кейбір  іс- әрекеттерді  санаға  сіңіріп жатпай –ақ   инстинкті  түрде   іске  асырады.  Аңдардың  іс - әрекеті  барлық  уақытта  санасыз  және  инстинкті  болады.   Ең  олақ  шебердің   өзі  жануарларға   қарағанда  қолға  алған  ісін  әлдеқайда  жақсы  атқарады.  Сондықтан  да  адамның   санасында  өзі  жасайтын  заттың  идеалдық  бейнесі  болады,  яғни   бұл  өндіріс  процесінің  сол  процесті  таратудағы  түпкілікті  нәтижесі  деп  айтуымыз  керек.

  Дегенмен  аңдардың   іс - әрекетінде  ешқандай  сананың   элементі  болмайды  деп   айту  да  қате  ұғым. Аңдарда  да  сананың  есте  сақтайтын    элементі  бар.  Аңдардың  барлық  әрекеті  биологиялық  инстинкт  арқылы   іске  асырылатындықтан  олардың   іс - әрекеті  сана   арқылы   шарттандырылмаған.

  Адамдық  сана,  мақсаттылық  сипат  еңбек  құралын  жасау  процесінде  көрінеді.  Ойшылдар: « Адамдарды  аңдардан  санасына,  дініне  қарай  ажыратуға  болады.  Олар  өздерін   аңдардан    өмірге   қажетті  құралды  жасай  бастауымен –ақ  ажыратылады», - деген  болатын.  Адам  табиғатты   өзгерте  отырып,  соған  орай  өзіңде   өзгертеді. Оның  ішінде  еңбектің  нәтижесінде,  ең  алдымен  еңбек  құралын жасау  арқылы  адам  және  қоғам  қалыатасады,  соның  арқасында  адам  санасы  қалыптасады.

  Адам  қоғамы  мен  аңдар  қауымдастығының   арасындағы  айырмашылық  сонымен  қатар  адам  еңбегінің  және  өндіріс қатынасынын  саналы көрінісі  арқылы  сипатталады.  Бір  нәрсені  өндіру  үшін  адамдар  белгілі   бір байланысқа  және  қатынасқа  енеді,  тек  сол   қоғамдық   қатынастың   және  байланыстың    көлемінде  ғана  олардың   табиғатқа    қатынасы   өмір сүреді,  өндірістің  орны  болады.

  Адамдар  өндіріс   процесінде  толық  қатынастар   жүйесін  құрып,  жасайды,  соны   қалыптастырады. Аңдарда еңбек  бөлінісінің  тек  қана   белгілі   элементі  және  әлеуметтік   ұйымның  қайсібір  бастамасы ғана  болады.  Мысалыға ара мен  құмырысқаның  еңбек  бөлінісін  алуға  болады.  Оларда   биліктің,  тәртіптің  қайсыбір  элементтнрі - өзара   қорғаныс,  өз  ұрпағына деген қамқорлық,  т.б.  кездеседі. Бірақ  бұл   элементтерді  бәрі  де  инстинкпен   шарттандырылған,  олардың  сипаты  саналы   түрде  болмайды.

  Адамзат   қоғамы  салыстырмалы  түрде  тез  өзгереді,  ал  аңдар  қауымдастығы  болса  ұзақ  уақыт  бойы  белгілі  өзгеріссіз  ұзақ  сақталады. Адам  әрі  биологиялық,  әрі  қоғамдық  мән  ретінде  өзгереді. Адамзат  қоғамында  үздіксіз  даму  сақталады:  аға  ұрпақ  қоғамдық  жетістікті   өз  ұрпағына   мұра  етіп  береді.  Абай  дүниенің  даму  заңдылығын   мойындаған  ұлы  ойшыл,  ол  дүние  мен  адамзат  қоғамы бірқалыпты  тұрмайды,  өзгеріп  отырады  деп  тұжырымдады.  Бұл  жөнінде  ол:  «Дүние  бірқалыпты  тұрмайды,  адамның  қуаты,  ғұмыры  бірқалыпты  тұрмайды».   «Дүние  - үлкен  көл,  заман  соққан  жел.  Алдыңғы  толқын – алғаш  артқы  толқын – інілер,  кезекпен  өлінер,  баяғыдай  көрінер»  деген  болатын.  Бүгін пайда  болған жетістік,  материалдық  немесе  мәдени  игіліктер адамзат  қоғамында  ертең  жаңа    ұрпақтың   мұралануына  етелі  ал  аңдарда   бұл  сияқты  процесс  болмайды. 

  Адамзат  қоғамы  мен  аңдар  қауымдастығын   ажырататын   негізгі   сипаттамалар  қоғамдағы   арнаулы  құбылыстың  - әлеуметтіктің  пайда  болып,  өмір  сүруіне  мүмкіндік  жасайды,  ал  ол  аңдар  қауымдастығында  мүлде  кездеспейді.

  Алайда  қоғам  мен  табиғаттың   ерекшелігімен  қатар,  оның  жалпы  бір – бірін  толықтыратын  қасиеттері  де  бар.  Олар  биологиялық  және  инстинктивтік  шарттылық. Осылардың  нәтижесінде олардың  арасында  абсалюттік  шекара   деген  болмайды.

  Соған  қарамастан   аңдар   қауымдастығы  биологиялы  құбылыс, адам  қоғамы - әлеуметтік  құбылыс, бұлар  дамудың  арнаулы заңға  бағынады.

  Аристотель  адамды  «саяси  аң» деп  ккөрсеткен  екен. Сонымен  қатар адамда екі  бастау  бар: олар – аңдық (биологиялық) және  саяси (әлеуметтік).

 Осы  екі  бастаудың    қайсысы    шешуші    болып  қалыптасқан,  міне  проблема дәл  осында.

  Сезім,  тәртіп,  әрекет  секілді   көріністердің  өмір  сүру,  қалыптасуын  адам  бойындағы   биологиялық  және  әлеуметтік  секілді  ұғымдардың   қайсысы  анықтайды және   жүзеге  асырады  дегенге  келсек, әрбір  адамды   өмірде  өзінше  ерекше,  қайталанбайтын  құбылыс  дегенді   мойындай  отырып,  адамды  әр түрлі  белгілеріне  сәйкес  топтастыруға,  оларды   сипатына   (айталық жынысы,  жасы), биологиялығына   қарай  және  екіншіден,  әлеуметтік  жағынан,  ал  қайсы  біреулерін  биологиялық  пен  әлеуметтіліктің   өзара  әсері  арқылы  анықтауға  болады.

  Аданың  ең  басты  сапасы – оның  санасы,  ақылы,  осы  сапалар  арқылы  адам  басқа  тіршілік  иелерінен   түбегейлі   түрде   ажыратылатынын  атап  айтуымыз  керек.  Адам  санасы   өзгермей   қалмайды,  ол  білім  деңгейі  және  тәрбие   арқылы  өзгеріске   ұшырайды.  Егер   оған   жаман   әдетті,   дағдыны,  идеяны  немесе  ойды   таңса, онда   ол  ашушаң,  жаман  адам  болады да,  ал  әділеттілікке  тәрбиелесе  ол  жақсы,  әділ   адам   болып  шығады.  Басқа  сөзбен  айтқанда   қоғам  арасында  кең  тараған немесе  үстем  идея   қандай  болса,   адамдар  да  соған   бейімделе    жетіледі.  Қазір егемен   еліміздің   қоғамындағы   басты  идея – достық,  өзара  татулық.  Сондықтан  да  біздер   ол идеяны   жақтаймыз,  мойындаймыз,  бірлік,  тұрақтылық  үшін  күресіп   келеміз  және  соған   жетуге  ұмтыла  береміз.

 

3. Жеке тұлға аспектілеріне сипаттама 

1. Жеке тұлға динамикасы және оны зерттеу тарихы.

2. Темпераментпен жеке тұлғалық қасиеттердің байланыстылығы.

3. Темперамент көрсеткіштері.

 

Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.

Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность).

Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.

Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.

Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:

1. Мәдени-тарихи даму концепциясы

2. Іс-әрекет теориясы.

     3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.

4. Үйрету теориясы

5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.

Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

  1. Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.
  2. Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету).

А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек.

Жеке тұлға құрылылыын зерттеу  экспеременсталдық психологияда өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл мәселе жан-жақты зерттелуде.АҚШ ғалымы Олпорт 1949 ж.жеке адамға берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп 50 анықтамасы бар екенін көрсеткен. Ол өз анықтамасын берген:     Жеке адам- индивиттің ішіндегі мативациаларының жүййеге келтірілген, динамиалы,сыртиқы ортамен қарым-қатынасы ерекше ұйымдастырылған жүйе деп анықтаған.  Ж.Пиаже эксперим. Ол қолданылатын анқтамасын ұсынған.Оның ілімі бмойынша жеке адам дегеніміз тек сол адамды сипаттайтын психологиялық көрсеткіштердің сапалық белгілер жи ынтығы.  

К.Плотонов жеке адам-сана иесі деп қысқа тұжырымдама жасаған.  

Ришар Мейли бұл аныиқтамаларда жеке адам құры лысы ктөрсетілмеген,анықтамада жекелік қасиеттердің түбірі көрсетілуі  қажет деп тапқан.

2.Бұл апнықтамалардың ішінде тек Платонов нағыз адами қасиеттердің ортақ көрсеткішін тауып,оны сана деп отыр.Басқа зерттеушілер әр адам өте терең жекелік көрсеткіштермен мінезделетінін анықтайды. Жеке адамның анықтамасында ең үлкен пікір талас тудыратын мәселе келесі: табиғи және әлеуметтік факторлардың қайсысы адамдық белгі береді?

Сонда жеке адам формуласы:

Жеке адам=әлеуметтік + жекелік немесе жеке адам=жекелік+әлеуметтік.

Бұл жерде жекелік деген мағынасы оның табиғи қасиеттерін көрсетіп отыр. Сонда табиғи жетекші дегендер (биологизаторлар) адам=жекелік+әлеуметтік деген формуланы қолдайды; ал әлеуметтік ортаның әсері басым дегендер (әлеуметтендірушілер) әлеуметтік + жекелік деген формуланы қолдайды.

Жеке тұлға құрылымын зерттеушілер оның құрылымы жеке тұлғаның психологиялық қасеттерінен тұрады деп түсіндіреді.

К.К.Платонов концепциясы бойынша жеке тұлғаның құрылымы даму кезеңдерімен байланысты деп көрсетеді. Бұл тұжырым бойынша:

- жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі оның биологиялық қасиеттерімен сипатталады;

- екінші кезеңде – жүйке жүйесінің қасиеттері, темперамент көрінісі;

- психикалық процестер, таным процестерінің жекелік ерекшеліктері;

Тұлғалық қасеттердің дамуының ең жоғарғы сатысы – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі, білімі, іскерлігі, дағдысы және әдет-ғұрпы.

Жеке тұлға иерархиялық құрылымын К.К.Платонов келесі кестемен көрсеткен

 

Құрылымдық бөлімдердің қысқартылған атылуы

Құрылымдық бөлімдердің

мазмұны

Биологиялық және әлеуметтіктің ара қатынасы

бағыттылығы

Сенім-нанымдар, дүниетанымы, жеке тұлғаның мағынасын түсінуі, қызығуы

әлеуметтік деңгейде

(биологиялық жоқтың қасы)

Тәжірибесі

Білімі, іскерлігі, дағдылары, әдет-ғұрпы

әлеуметтік-биологиялық деңгейде

(биологиялыққа қарағанда әлеуметтік әлде қайда  басым)

Бейнелеу формасы

Таным процестерінің ерекшеліктері (ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау, түйсіну, зейін)

Биоәлеуметтік деңгейде

(әлеуметтіктен биологиялық әлде қайда  басым)

Биолологиялық  конституционалдық қасиеттері

 

Жүйке процестерінің жүру жылдамдығы, қазу және тежелу процестерінің арақатынасы, жыныстық және жас ерекшеліктері

Биологиялық деңгейі (әлеуметтік жоқтың қасында)

 

 

 

Мысалы: Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.

Қызығу түрлері. Адамдар қызығу олардың  іс-әрекеті сияқты өте алуан түрлі. Қызығуды оларды мазмұнынан, немесе бағыттылығына қарай ажыратады. Бұл ретте материалдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.

Материалдық қызығу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және басқа да сол сияқты қажеттілігі ерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін. Материалдық қызығу көбінесе нысансыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.

Рухани қызығу адамның жоғарғы дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен математикаға, физикаға, химияға, биологияға, философияға, психологияға тағы басқаларға деген танымдық (сөздің толық мәнінде) қызығулар. Бұған сондай-ақ, әдебиетке және өнердің алуан түріне (музыкаға, суретке, театрға) деген қызығулар да жатады.  Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдаструшылық іс-әрекетке деген мүдделерде білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар күшін жұмсайтың адамдар аз емес (олардың ішінде оқушылар да бар). Олардың қуанышы мен реніші көп ретте қоғамдық істің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.

Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз-іс-әрекет процесінің өзіне қатысты: таным, білім алу, еңбек және творчество процестеріне қызығу. Жанама қызығу дегеніміз-іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе, ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар. Жеке адамның белсенді де жемісті іс-қызметі үшін тікелей және жанама қызығулардың дұрыс арақатнасы неғұрлым игі ықпал етеді. Егер адам еңбекті, еңбек процесінің қзін сүйетін болса, онда ол белсенділік  танытады, іс-қызметке шығармашылықпен қарайды және еңбектің нәтижелі аяқталуына қол жеткізеді. Қызығудың мұндай үйлесімі  болғанда адам көп қанағат табады.

Қызығудың әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, копьютерлік ойындарға қызығу, өнер туындыларына қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны менгеру және қызықтыратын салада творчествомен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - нәрменді қызығу, мұндай адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі таңдаған объектіні меңгеріп алып әрекетке көшеді. Белсенді қызығу – жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі.

Жеке адам термині кең мағынада қолданғанда оған сипаттама беру үшін келесі ұғымдар қолданылады:    I.Монтивация - адамның іс әрекетінде және мінез құлқыда тұрақты көрініс беруге түрткі болатын бағыт беретін белсенділікті қамтамасыз ететін түрткілер мен себептер жиынтығы.   II.Темперамент - психиканың адам табиғатына (генотипіне ) байланысты  юарлық психикалық процестердің динамикасының көрсеткіштері.

   III. Қабілеттілік - адамның біліммен іскерлікті тез меңгеріп оны іс-әрекетті ұйымдастыруға тиімді қолданылуы.

    Оcы үш жекелік психикалық қасиет жеке адамның психикасиның үш аспектісі болып есептеледі Өйткені бұл қасиеттер жеке адамның ең турақты, құрамды бөліктері болып табылады. Ұзақ уақыт жүгізілген лонгитюд талдау барысында дәләлденген.

    Ең тұрақты-психикалық процесестер динамикасы. Өйткені ол анатомиалық-физиологиялық қасеттерімен, ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан темпепамент реактивтік, экстроверсия-иннтроверсия онша өзгермейтін қасиет жатады.

Мативация мен қабілеттілік, әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.

     Бұл теориялардың барлығы жеке адам деген ұғымды кең мағынада қолданғанда ол темперамент, қабілеттілік және мотивациа деген түсініктердің басын қосады.Бұл үш көрсеткіш жеке адамды сипаттайтын үш аспект болып есептеледі.

 Адамның  іс-әрекетінің  қай  түрін  алып  қарасақ  ол  үш  құрамды  бөліктен  тұрады:

 1. Іс-әрекеті  орындау  жылдамдағы,  динамикасы, қайталанудың  жиілігі  және  қарқындылығы. Бұл  темперамент  көрсетткіштер.

 2 Іс-әрекеті  ұйымдастыруға  қолдануған  құрал-жабдықтар  және  іс-әрекеті  ұйымдастыр  миханизімі.Бұл  қабілеттіліктің  көрсетткіші.

Осы үш  аспект  бір-бірімен   тығыз  байланысты  және  детерминизім  ұстанымы  бойынша  жеке  адамның  негізін  құрайтын  тұрақтылықпен  байланысты. Құбылмалы  көп  көріністі  жеке  адамның  негізі  ретінде 

Осы  үш  әспептіні  эксприменталдық психалогия  жан-жақты  зеріттейді.

Ол  жеке  адамның  құрылысы  деп  аталады.

Жеке тұлғаны зерттеу барысында оның аспектілерін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі кездегі зерттеулерде Олпорт анықтаған негізгі үш аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді. Оның ішінде психофизиологиялық негізі өте терең болып келетін темпераментті зерттеу мәселесі жетекші болып саналады.

Темперамент туралы ілімнің негізін құрған ғалыме ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.д.д. V ғ.). болып есептеледі. Оның тұжырымдамасы бойынша адамдардың бір-бірінен айырмашылығы оның ағзасындағы 4 негізгі сұйықтықтардың ара қатынасына - қан, шырыш (флегмы), сары өт және қара өт – байланысты деп есептеген.

Осы сұйықтықтар әр адамның ағзасында әр түрлі пропорцияларда болып, олар адамның темпераментін анықтайды деп есептелген (лат. temperamentum — қоспа, ара қатынас). Әр темперамен өзінің аталуын сол адамның ағзасында басым келеді деп болжамданған сұйықтықтың атынан алынған. Соған байланысты темпераменттің келесі типтері анықталған: сангвинк (латынша sanguis — кровь), холерик (грекше chole — желчь), флегматик (грекше phlegma — шырыш) и меланхолик (грекше melaina chole — қара өт). Гиппократ темпераментті таза физиологиялық қасиет деп бағалап, кейбір мүшелердің темпераменті туралы да ой тастаған. Мысалы, жүрек темпераменті, бауыр темпераменті. Сонымен қатар темпераменттің психикамен байланысын көрсетпестен, оларды бір-бірімен ешқандай байланыстырмаған.

Гиппократтың іліміне сүйене отырып антика кезеңінің ең танымал дәрігері Клавдий Гален (б.д.д. II ғ.) темпераменттің бірінші типологиясын жасады. Оны“De temperamentum” деп аталған трактатында баяндады. Оның пікірі бойынша темперамент типтеріне сипаттама берді.

Платон, Аристотель және басқа ежелгі философтар еңбектерінде темперамент туралы пікірлер үлкен орын алды. Аристотель «Жан туралы» трактатында жан төрт құрамды бөліктен тұрады деп, оның өте күрделі құрылым екенін анықтайды. Аристотель бірінші болып ғылымға психика ұғымын ендіріп, жан туралы ғылымды «психология» деп атауды ұсынды.

  Ежелгі ғалымдардың темпераментті зерттеуге тигізген әсері соншалықты, тіптен XVIII ғ. Ортасына дейін барлық зерттеушілер темпераменттің анатомо-физиологиялық негізі ретінде қан мен қан айналым жүйесін қарастырды.

XVIII ғ. Ортасынан бастап эндокриндық концепциялармен қатар жүйке жүйесінің ерекшеліктерімен темпераменттің байланыстылығы туралы теориялар жарық көре бастады. Эксперменталдық физиологияның негізін құрушы Альбрехт Галлер психологияға әсері үлкен болған қозу процесі және тітіркену туралы ұғымдарды ендірді, және темперамент ерекшеліктері қозу процесі мен оның күшіне байланысты деген болжам айтты.

    XVIII ғ. Аяғында И. Кант төрт темпераменттің психологиялық портретін жасады. Ол жартылай әдеби түрде жасалған мінездемелер қазірге дейін психология ғылымында және әдеби шығармаларда кеңінен пайдалануда. Оның берген мінездемелерін қысқаша келтірсек:

Мысал ретінде Стендаль көркем шығармаларында орын алған темперамент мінездемелерін келтіруге болады. Стендаль өзінің «Италия бейнелеу өнерінің тарихы» деген шығармасында суретші кейіпкерлердің бейнесін дәл суреттеу үшін оның психологиялық білімі жан-жақты болу керек деп көрсеткен.

Холерик темпераменті. Бұл темперамен иесінде өт ағзы сұйықтықтарының ішінде басым келеді. Өт — ағзадағы ең құпия қоспалардың бірі. Химиялық жағынан бұл жанатын, белктан тұратын, көпіршік зат. Физиология жағынан – дрожжылар тәрізді өте тез және күшті қоздыратын, ағымды сұйықтық. Сондықтан холерик ойлары да әрекеттері де жанып тұрған оттай болады. Ол барлық уақытта іс-әрекет үстінде, жылдам, ерекше жағдайларда тез шешім қабылдайтын, отқа да суға да тартынбай түсіп кете беретін, алдын-артын ойламайтын адам. Сондықтан ерекше ерлік көрсету холериктер арасында жиі кездеседі. Ол күйгелек, мазасызданғыш, ұрысқақ, ызақор, бірақ кек сақтамайтын, кешірімді.

Стендальдің пікірі бойынша ұлы адамдардығ ішінде холериктер жиі кездеседі, олар Юлий II, Карл V, Кромвель.

Сангвиник темпераменті. Сангвиник — жарқын жүзді, көңілді, толық денелі, кең көкіректі, сондықтан оның өкпесі мен жүрегі көлемді, дене қызуы жоғары. Бұл физиологиялық көрсеткіштері адамның көңіл-күйінің тепе-тең жағдайда болуына ыңғайлы, өзгелерге сенімділікпен, ынтымақатастықпен қарайды. Баршамен тіл табысқыш, тауекелге бармайды. Сондықтан оны қамалды жаулап алуға немесе қорғауға жіберуге болмайды, оны уәзір ретінде пайдаланған дұрысырақ болады. Француздардың басым көпшілігі сангвиниктер.

Флегматик темпераменті.Солтүстік халықтарына тән темперамент. Өскелең, толық, кең көкіректі адам. Тек ол көкірегін май басқандықтан өкпе-жүрек қысылып, қан айналымы баяу жүреді, сондықтан флегматиктің қимылдары үйлесімді, баяу. Ол еш уақытта шапшаңдық көрсетпейді. Сондықтан алып голландтықты шағын денелі гасконец жеңіп кетеді.

Флегматик сабырлы, оны ұлылыққа жету жолын іздеп мазасыздану мен ер жүректік көрсету (холериктей) қызықтырмайды. Флегматик таныштақ сақтап, іс-әрекетін сабырлылықпен сапалы орындап, барлық қажеттілігін қамтамасыз етіп отыру. Оның мінезі жұмсақ, асықпайтын, сезімін сыртқа шығармайтын, өмірі бір келкілікпен сипатталатын тұлға.

Стендаль 1812 ж. Наполеонның Мәскеуге жорығына қатысып, француз армиясымен бірге Ресейде болған. Ол қысы қатты суықтармен сипатталатын елдің халықтары флегматикалық темперамент көрсетпегеніне таң қалған. Мәскеу тұрғындарының бір түнде қаланы бос қалдырғаны ешқандай флегматикалық темпераментке тән емес, мұндей жағдайды тіптен франциядада кездестіру мүмкін емес, деп орыстардың ерекше шапшаңдығы мен ала сапыран кездегі көрсеткін ержүректігі таң қалдырған.

 Меланхолик темпераменті. Меланхолик қысылып-қымтырылып, қимылдары үйлесімсіз, шешім қабылдауда абайлап, келісімге келуі қиын адам. Сезімдері бүркемелі, адамдарға толы кең бөлмеге кіргенде онша көзге түспейтіндей жерлермен жүруге тырысатын, күнделікті көріп жүрген ең қарапайым нәрселерді дене түршігітіндей етіп айтып беретін адам. Махаббат сезіміне бөленгенде, оны айтуға батылы бармастан өзіне қол жұмсауға дейін бартындар да болған.

Стендалдің темпераментке берген осындай мінездемелері күнделікті тұрмыс тәжірибеде қалыптасқан пікірлерді жинақтап көрсеткен түрі.

Темпераменттің жүйке жұйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен байланыстылығы туралы ой-пікірлер әр түрлі формада XVIII және XIX ғғ. Философтар мен дәрігерлер еңбектерінде орын алады.   И.П. Павлов жүргізген эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде жүйке қызметінің көрсеткіштері темпераменттің физиологиялық негізін құратындығын көрсетті.

Эксперименталдық психологияның негізін құрушы В.Вундт темпераментті жеке тұлғаның аффектіге жақындығы: эмоция мен темперамент бір-бірімен түйсіну мен тітіркенгіштік сияқты байланысты деп көрсеткен.

  Темпераментті зерттеудің физиологиялық кезеңінде келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді: қанның химиялық құрамын зерттеу (қан — ағзаның ішкі ортасы, барлық мүшелер қан арқылы бір-бірімен физиологиялық байланыста болады); қан тамырларының кеңдігі мен оның қабырғаларының мықтылығы; зат алмасыдың жүру ерекшеліктері; ішкі секреция бездерінің қазметі; жүйке және ет ұлпаларының тонусы; жүйке жүйесінің қасиеттері.

Темпераментті жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеті екендігін дәлелдеу физиолог И. П. Пав­лов, психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын және олардың шәкірттері еңбектерімен байланысты.

Бұл физиологиялық концепция бастапқы кезде Павлов зертханасында «жүйке жүйесі туралы ілім» деп аталды, ал кейіннен «жүйке жүйесінің қасиеттері туралы ілім» деген ұғымға трансформацияланды.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері ретінде келесі үш көрсеткішті анықтады: күші, тепе-теңділігі және құбылмалығы. ЖЖ-сінің осы көрсеткіштерінің әртүрлі комбинациялары 24 түрлі типтер негіз болатынын анықтады.

В.Д.Небылицын, Б.М.Теплов шеке-ретикулярных құрылымдардың ерекшелігінің жеке тұлға қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттеу нәтижесінде осы жүйке құрылымдарының тұлғаны белсенділігіш және өзінің мінез-құлқын реттеуші құрылым екенін дәлелдеп, мінездің эмоционалдық аспектін басқаратынын дәлелдеді.

Қазіргі кездегі зерттеулерде мінездің «динамикалық аспекті» деген ұғым кеңінен пайдалануда: жалпы белсенділік, моторлық көрсеткіштері және эмоционалдықты бағалайды. Ал тем­перамент (психологиялық мағынада) — ол әр жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін динамикалық қасиеттері.

Жүйке жүйесі күшті, сабырлы, белсенді балалар (сангвиниктер) әдетте жоғары белсенді болады. Олар шапшаң және жұмысқа тез кіріседі, сабаққа белсенді қатысады, сұрақ қойғанда жауап беру үшін қолын созады, қызметтің жаңа түріне жеңіл ауысып, көп уақыт шаршамай жұмыс істей алады.

Жүйке жүйесінің күшті, мазасыз, инертті түріне ие балалар (холериктер) белсенділігінен гөрі реакцияшылдығы (тез ашулану, ызалану т.с.с.) басым болуымен ерекшеленеді. Олар сабырсыз, күйгелек, өзді-өзі ұстай алмайтын тынымсыз болып, қызметтің жаңа түріне оңайлықпен ауыса алмайды. Алайда, мұндай бала қызықса, жеңіл және ынтызарлықпен жұмыс істейді, ал егер оған бірдеңе ұнамаса, ол бірден «өшеді». Бұл балалардың жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз.

Жүйке жүйесінің күшті, сабырлы, инертті түріне ие балалар (флегматик-тер) көңілін баяу аударып, жұмысқа қиын және ұзақ кіріседі. Көңіл бөлсе, олар ұзақ және тынымсыз жұмыс істейді, бірақ бірден дағдылана алмайды.

Жүйке жүйесі әлсіз балалардың (меланхоликтер) белсенділігі төмен, олар-дың үні сабақта да, қоңырауда да естілмейді. Олар қол созып жауап бермейді, өте ұялшақ болады, баяу қозғалады, кішкене қиыншылық олардың көңілін бөледі, елеңдемей жұмыс істей алмайды, тез шаршайды. Демек, жұмыс істеу қабілетінің динамикасы бұл балаларда нашар.

Қазіргі кездегі темперамент анықтамасы: психикалық құбылыстардың динамикалық мінездемесі.

  1. Темпераменттің көрініс беретін үш аспектісі анықталған: жалпы белсенділігі, моторлық сфераның ерекшелігі және эмоционалдық қасиеттерінің ерекшеліктері.

 

4. Мотивация туралы теориялар

1. Белсенділік көрсетуге негіз болатын себептер жүйесі туралы ілімдер.

2. Маслоу концепциясы.

 

  Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин әр түрлі жағдайдағы мінез-құлық днамикасын түсіндіре отырып мотивация механизмінің түйсіну, қабылдау процестерімен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл болжамды одан әрі жалғастырған А.К.Маркова биологиялық қажеттіліктердің мотивациялық жүйенің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтауға үлкен үлес қосты. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап мотивацияны түсіндіру теорияларын көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. Олардың теориясы бойынша адамның іс-әрекетіне негіз болатын нәрсе ол қажеттіліктер жүйесі. Олардың ішінде ең танымал және қазіргі кезде кеңінен пайдаланылатын А.Маслоу ұсынған қажеттіліктердің иерархиялық пирамидасы. Бұл концепция бойынша мотивация пирамидасының фундаментінен бастап жоғары қарай қарастырса онда келесі тізіммен көрсетуге болады:

1.физиологиялық (органикалық) қажеттіліктер (өмір сүру үшін ең керекті тамақ, тұқымын жалғастыру сияқты қажеттіліктер көрсетілген);

2. қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі;

3. өзгелермен бірге болу, қырында болу, ұнау және ұнату қажеттілігі;

4. табысты болу, құрметке бөлену қажеттілігі;

5. танымдық қажеттіліктер;

6. эстетикалық қажеттіліктер;

7. өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі.

Жоғарыда аталған ғалымдардың басым көпшілігі мотивацияны зерттегенде жануарларға және адамдарға тән ортақ көрсеткіштерді тауып, сонан соң тек адамдарға тән мотивациялық жүйелерді бөліп көрсететін. Өткен ғасырдың екінші жасртысында Дж.Доллард, Д.Аткинсон, Г.Заккаузен, Х.Хекхаузен, В.Г.Асеев мотивацияны түсіндіретін бірнеше концепциялар құрды. В.Г.Асеев айтуы бойынша олардың барлығына ортақ ойларды келесі баптармен көрсетуге болады:

1.                     Жануарлар мен адамдардың мінезі мен жануарлардың қылықтарына негіз болатын мотивацияны ортақ концепциямен түсіндіру мүмкін емес деп табуы.

2.                     Жануарлар инстинктінің орын алуына негізгі себеп болатын ішкі қысымның төмендеуі адам үшін ешқандай мотивациялық рөл атқармайтындығы.

3.                     Белсенділік адамның табиғатына тән нәрсе және оның белсенділік көрсетуіне негіз болатын мотивация оның психикасымен байланысты деп табуы.

4.                     Адамның мінез-құлқында бейсаналық пен қатар саналы әрекеттердің жетекші рөль атқаратындығын мақұлдауы.

5.                     Адамның мотивациялық жүйесін зерттеуде тек адамдарға тән ерекшеліктерді белгілейтін ұғымдарды ендіруі (әлеуметтік қажеттіліктер, әлеуметтік мотивтер ұғымдарын ұсынғандар Д.Аткинсон, Г.Хеккаузен), өмірлік мақсаттар (Ю.Роттер, Х.Хеккаузен).

6.                     Адамның мотивациялық жүйесін зерттеуге жануарлар рефлекстерін зерттеуге пайдаланатын әдістерді қолдануды қолдамай, оларды адам мотивацияларын зерттеуге падалануға толық тиым салу (қоректену рефлекстерін, тоқпен ұоғыжу және басқа физикалық жәбірлеу әдістерін пайдалану).

7.                     Адам мотивацияларын зерттеуге тек адамдарға арналған және тілмен байланысты арнайы әдістемелер жасап шығару жолдарын іздеу.

Қорыта айтқанда адамның іс-әрекетіне негіз болатын себептер жүйесі өте күрделі:

А) органикалық себептер – адамның табиғи қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған (қоректену, баспана болу, киімі болу);

Б) функционалдық себептер – қамқорлықты қажет ету себептері, қарым-қатынас жасау себептері, оқу, мамандық алу;

В) материалдық себептер - өзі өмір сүретін ортадағы талаптарға сай материалдық байлықтарға ие болу;

Г) әлеуметтік себептер - әлеуметтік ортада лауазымды орындарға ие болу;

Д)  рухани себептер - өзін өзі тәрбиелеп, салауатты өмір сүру, білімін жетілдіру, жан-жақты дамыған болу….

Психологияда әр түрлі іс-әрекетте табысты болу мотивациясы туралы теория жоғары дәрежеде зерттелінген. Авторлары Д.Макклелланд және Д.Аткинсон. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініші-сүйінішіне, ойлануына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне қарай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне бөленеді. Табысты болу мотивациясы басым болған адамдар өз алдына мақсат қойғанда оны міндетті түрде шеше алатынына сенімді болады. Сондықтан бұл қажеттілік адамдардың ойлау, шығармашылық қызметін тудыратын негізгі күш болып табылады. Алдына қойған мақсатты орындау үшін адам белгілі бір құралдарды табуға, ал соларға сүйене отырып, әртүрлі теориялық және практикалық міндеттерді шешуге бар күшін жұмылдырады. Сондай-ақ, ерік-жігер ықпалын да тудырып отырады. Ерік күші, табандылық арқасында адам өз мақсатына жету жолындағы қиындықтарды жеңеді және белгілі бір дәрежеде қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты алға қойылған міндеттерді іс жүзіне асырады. Мұның барлығы ол адамда оң белгідегі эмоциялар тудырып келісімге келуге, табысқа жетуге құлшындырады.

Мотивацияның өрісі оның даму деңгейі өмірдің материалдық жағдайына байланысты. Адам саналы түрде өз қажеттіліктерін реттеп отырады және ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшелінеді. Қажеттіліктерін реттей отырып, ол тек сыртқы жағдайларды ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы мінез-құлықтың моральдық нормаларын да ескереді. Сондықтан өз қажеттіліктеріне тойымсыз адам емес, өз қажеттіліктерін өзге адамдардың қажеттіліктері мен қоғам мүддесін ескере отырып, орнымен қанағаттандыратын адам тәрбиелі болып есептеледі.

Жоғарыда келтірген зерттеулердің барлығында мотивация негізінде қажеттілікті қанағаттандыру жолдарын іздеу екені көрсетілген. Мотивация жеке тұлғалық қажеттілікті қамтамасыз етуге немесе қайсыбір жағдайларда адам қоғамдық борышты сезінуді басшылыққа алады, үшіншісінде – белгілі бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты (махаббат, сыйластық, кек алу, жек көру тағы да басқалар) әрекет етеді. Сонымен қатар, әрбір ересек адамда жеке негізгі бағытты белгілейтін әлдебір жетекші қасиет те болады. Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса, басқалары - өнер саласынан, ал үшіншілері – қоғамдық қызметтен табады. Әрине, бұл ретте әрбір адам өзінің халыққа неғұрлым көп пайда келтіретін салада еңбек ету парызын терең  сезініп іске кірісуі немесе жеке бас пайдасын көздеп даңқ, атақ үшін, мансапқұмарлықпен келуі мүмкін.

Қ.Жарықбаевтың айтуы бойынша мотивация ретінде алуан түрлі жағдайлар көрініс бере алады: адамның өзі түсініп-ұққан қажетсіну мен мүддесі, оның дүние танымы мен сенімі, сезімі мен ой-ниеттері, яғни адамның белгілі бір моральдық-психологиялық жағы мен мұраты мотивация ретінде көрініс береді. Адамның іс-әрекет мотивтерін зерттеу жеке адамның моральдық-психологиялық мәнін түсінуде ерекше рөл атқарады. Біреулер өзінің қажеттігін қамтамасыз ету үшін адал еңбек етсе, басқалары - өз парызын түсіне отырып еңбек етуге ерінеді, ал үшіншілері – уақытша, өзінің көздеген мақсатына жеткенше ғана еңбек етеді.

Іс-әрекет барысында табысты болу немесе сәтсіздікке ұшыраудың  адамның мотивациялық жүйесіне тигізетін әсері де әртүрлі. Табысты болу мотиві адамның іс-әрекетте кездескен қиыншылықтары оның мотивациясын күшейтеді, ал сәтсіздіктен қашу мотиві – қайрат-күшті төмендетіп, мәселені тағы бір орындап көруден бас тартады.

Балалардың оқу процесінде орын алатын мотивациялық жүйесі осы заңдалақтарға бағынады. Осы тұрғыда оқу мотивациясы қалыптасады. Бұл түп негіздерді үш категорияға бөліп көрсетуге болады.

Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, мұның өзі организмнің етене қажеттіктерімен білдірілетін туа біткен сипаты болуы мүмкін, сондай-ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіктерді білдіретін жүре біткен сипаты да болуы мүмкін.

Туа біткен қажеттіліктердің арасында оқуға ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері мен мәліметтерге қажеттіліктер ерекше маңызды. Бала өмірінің алғашкы күндерінен бастап үздіксіз белсенділік жағдайында болады, күледі, қозғалады, қол-аяғын қимылдатады, жүгіреді, ойнайды, сөйлейді, шексіз сұрақтар қояды. Іс-әрекет адамды рақаттандырады. Адамның мәліметтерге қажеттіліктерін сынау үшін адамдарды белгілі бір уақыт бойына сыртқы дүниенің қандай да болсын әсерінен оқшаулаған тәжірибелер жүргізілген. Мысалы, адамды дыбыс, жарық енбейтін бөлмеде ұстағанда нәтижесінде елеулі интеллектуалдық, эмоциялық және еріктік бұзылыстар, ұстамсыздық, мұң, ызалану, түңілу, еріктік іс-әрекеттер жасау қабілетін жою, кейде тіпті жүйелі ойлаудың бұзылуы, галлюцинациялар пайда болады.

Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге әлеуметтік ортаның талаптары, соған лайық адамның күтулері мен мүмкіндіктері жатады.

Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен формаларын ұсынады. Мәселен, әке-шешесі баладан тамақты қасықпен ішуді, орындыққа отыруды, «рақмет» айтуды талап етеді. Мектеп оқушыдан сабаққа уақытында келуді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды, оның тапсырмаларын орындауды талап етеді. Қоғам жеке адамнан мінез-кұлықта белгілі бір моральдық нормаларды, адамдардың қарым-қатынасы формаларын сақтауды, белгілі бір жұмысты атқаруды талап етеді.

Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын объективті шарттар: үйде жақсы кітапхана болса, оқуға ынталандырады, себебі сондай мүмкіндік береді. Психологиялық талдау адамның мінез-қүлқы көбіне объективті мүмкіндіктерге тәуелді болатынын көрсетеді (әсіресе оның жеке басы мен жетекші әмірлік мақсаттары әлі қалыптаспаған болса).

Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделерімен, ұмтылыстарымен, бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігімен, қоғамға көзқарасымен анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады. Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, мотивация барлық іс-әрекетке негіз болатын, табысты болуды қамтамасыз ететін түрткі себептер жүйесі.

 

5. Қабілет. Іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік

Қабілет анықтамасы

Қабілет түрлері

 

Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Ол адамның қабілеттілігін жан дүниесінің ерекше қасиеті деп біліп, қабілітті адам барлық іс-әрекет түрлерін тез үйреніп сапалы орындайтыны осы қасиеттің негізгі көрсеткіші деген. Қабілеттілікті ежелгі зерттеушілердің барлығы табиғи, ата текке байланысты тұқымқуалаушылық қасиеттерге жатқызған.

  Қабілеттің тек тұқымқуалаушылық қасиет деп түсіндіруді ең бірінші болып сынағандар ағылшын ғалымы Дж.Локк және француз материалистері. Олардың айтуынша жеке тұлға ерекшеліктері тек қана қоршаған әлеуметтік ортаның жағдайларына байланысты, сондықтан баланы жастайынан оқытып, тәрбиелесе олардың барлық адамдық іс-әрекет түрлеріне ерекше қабілеттілік көрсетуге шамасы келеді, сондықтан тәлім-тәрбие баршаға бірдей болу керек деген.

Барлық психологиялық зерттеулерде қабілеттілікті адамның көптеген жеке даралық ерекшеліктерін анықтайтын қасиет деп көрсеткен. Сонымен қатар қабілеттілікке берілген анықтамалардың саны көп. Оларды жүйеге келтіріп талдау үшін келесі анықтамаларға тоқтап өту қажет:

1 – қабілеттілік – жеке адам психикалық процестері мен жағдайларының ерекшеліктерін көрсететін қасиет (жанының).

2 – қабілеттілік дегеніміз – арнайы және жалпы білімді өте жоғары деңгейде меңгеру нәтижесімен байланысты адамның көптеген іс әрекеттерге икем болып шеберліктің тез қалыптасуы. 

3 – қабілеттілік дегеніміз адамның іс-әрекетті тез меңгеріп оны сапалы орындауы.

Қазіргі кезде қабілетті зерттегенде ерекше көңіл аударылатын мәселе шығармашылық қабілет болып отыр және бұл мәселе психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан келе жатқан құпия қасиет деген пікір қалыптасқан. Құпияның сырын ашу кілтін табу философия, психология, педагогика ғылымдарының бір міндеті болып табылады. Ол қасиетті әр саладағы зерттеу жүргізетін ғалымдар түрліше түсіндіреді. Шығармашылық қабілет – адамның әлі ешкім білмейтін жаңа бір бейнені өз бетінше құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ендіру арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.  

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Ал, бүгінгі күрделі жануралар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі  ойшылдардың  назарында болған. Ежелден– ақ ойшылдарымыз  Жүсіп  Баласұғын,  әл-Фараби, Абай Құнанбаевты ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке  басын, қабілеттерін  дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінде шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.

Шығармашылықтың психологиясы табиғаты туралы зерттеулерді жүргізгіндер Р.Солсо, С.Л.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров  бұл қасиеттің адамның жалпы және арнайы қабілеттерімен тікелей байланысты дамитынын дәлелдеген. Жалпы және арнайы қабілеттердің психофизиологиялық негіздерін зерттеген Б.М.Теплов өз еңбектерінде қабілеттің анықтамасын беріп оның жалпы және жеке даралық өзгешеліктерін көрсеткен. Қабілетті дамыту психологиясын зерттеушілер Н.С.Лейтес, Д.С.Брунер  зерттеулерінде қабілеттілік тәрбиеленетін қасиет екенін дәлелдеп, оны дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген.

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Дж.Гильфорд, Ж.Пиаже еңбектерінде оқушылардың таным процесінде болатын күрделі өзгерістерге негіз болатын сыртқы және ішкі факторларды талдай отырып олардың шығармашылығының дамуы іс-әрекеттен туындайтынын көрсетті, мұның арқасында заттық әрекеттер адамның санасы мен ойлауында бейнеленетінін көрсеткен. Тиісті міндеттерді орындаған кезде бұйымды бөлу, бөлшектеу, ажырату жөніндегі заттық іс-әрекет «ойдағы жүйке моделіне» айналып, ол модель біртіндеп іс-әрекетпен алмастырылады. Заттық іс-әрекет интериоризация процесінде ойша талдау процесіне айналады. Сондықтан іс-әрекет тек сырттан анықталған міндеттер және объективті мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен бірге ішкі, жеке негіздермен, яғни әуестену мен бағдарлар формасындағы қажеттіліктермен де анықталады. Сонымен қатар ішкі бағдарлардың дұрыс құрылуы ойлауды дамытудың шарттарының бірі болып табылады. Осы «жүйке моделі» бұрынғы тәжірибеде болғанның елесімен байланысты, дегенмен тіптен жаңа формада болуы мүмкін. М.А.Холоднаяның айтуынша осындай көріністегі ойлау және іс-әрекет шығармашылық қабілеттің көрінісі болып табылады. Шығармашылықты зерттеген ғалымдар анықтамасын жасап, оның дамуына әсерін тигізетін факторларды анықтады.

Шығармашылық - жаңа материалдық, немесе рухани құндылыктарды, айырықша қоғамдық құндылықтарды жасайтын адамдар ұжымының немесе жеке адамның іс-әрекеті. Э.Штерн білікті мамандарды немесе өз саласындағы шеберлерді зерттеу нәтижесінде олардың көпшілігі интеллектінің салыстырмалы орташа деңгейінің 120 шамасында болғаны туралы фактіні атап көрсетеді. Сондықтан ол IQ көрсеткіштерінің «шегі» туралы болжам жасады. Көптеген адамдарды зерттеу нәтижесінде интеллекті жоғары болғандардың жетістіктері өз табиғаты бойынша  когнитивті емес басқа да факторлармен (табандылық, қызығушылық, ата-ананың қолдауы т.б.) байланысты екенін анықтады.         

  Шығармашылық даму факторларына қатысты аса маңызда жайттың бірі - интеллектілік табыстылыққа жетуде ерекше рөл атқаратын білімдер және тиісті салада мамандануға бағытталған ауқымында тәжірибе мен оқытудың нәтижесі болып табылады. Мысалы, шахматта, сәулет өнерінде, физика саласындағы ғылыми жұмыста т.б. салада жеке тұлғаның жеткілікті шамада саналы түрде мақсатқа бағытталған практикасы болып табылады. Сонымен қатар шығармашылық дамуға негіз болатын нәрселер, біріншіден, тұлғадан өзінің жеке мүмкіндіктерін жетілдірумен байланысты еріктік күш-жігерді, күш жұмсау мен уақыт шығынын талап етеді. Екіншіден, бұл зерттеулер интеллектілі дарындылықтың кейбір механизмдерін түсінуге мүмкіндік беретін ерекше түрде ұйымдасқан ұғымдық тәжірибенің жеткілікті мөлшерде жинақталуымен, тәжірибенің әр түрлі компоненттері қалыптасуымен байланысты.

Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Қабілеттілікті жан-жақты зерттеген В.М.Теплов берген анықтама бойынша қабілеттілік дегеніміз жалпы және арнайы білім деңгейі. В.М.Теплов қабілеттілікті зерттеу негізінде жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері қойылған.  Олар туа біте көрініс беретін тұрақты қасиеттерге жатады. Олар:

а) жүйке қызметінің күші – ұзақ уақыт қарқында жүретін, жиі қайталанатын жүктемені көтере алуы;

б) жүйке жүйесінің тежелуге қарсы тұруы (тітіркендіргіштің ұзақ уақыт ішінде жиі тигізетін әсерін көтере алатындығы).

  В.М.Тепловтың айтуы бойынша қабілеттілік деген ұғым үш құрамды бөліктен тұрады.

Біріншіден – қабілеттілік жеке адамды басқалардан ерекше көрініс беретін жекелік психикалық қасиеттер жиынтығы (темперамент, таным процестері, психикалық жағдайы т.б.). Екіншіден, қабілеттілік әр жеке тұлғаның іс-әрекеттерді тиімді, сапалы орындауы. Үшіншіден, білім және іскерлік деңгейі. Осы үшеуінің басы қосылғанда ғана жеке адам өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қабілеттілік көрсетеді. Сонымен бірге қабілеттілік адамның білімін, іскерлігін, дағдысын одан әрі шыңдауға, жекешелендіруге әсерін тигізетін ішкі реттеуші күш.

   Қабілеттілікті зерттеу барысында негізгі үш проблемаға өте көп көңіл бөлінеді:

  1-шіден  – қабілеттіліктің пайда балуы және табиғаты;

  2-шіден  – қабілеттіліктің типологиясы және оны диагностикалау;

  3-шіден –  қабілеттіліктің даму заңдылықтары және қалыптасу ерекшеліктері.

  Психология тарихында қабілеттілік жан қасиеті ретінде зерттеледі. Көптеген психологтар бұл қасиет тұқым қуалаушылық қасиеттердің бірі ретінде генотиптен жеке адамға беріледі деп есептелген. Осы тұжырымдама ұзақ уақыт тәлім-тәрбие негізі ретінде қарастырылған. Жалпы қабілеттілік адамның барлық іс-әрекеттерге икемділігін көрсетеді. Мысалы: естігіштік, сезгіштік, көргіштік, дәм ажырату, барлау. Сонымен бірге қимыл әрекеттің барлық түрлерін меңгеру қабілеті (тік жүру, секіру, жүгіру, өрмелеу, жоғарыға шығып, төменге түсу т.б.), жалпы барлық адамдарға тән, тіршілік жасауға негіз болатын әрекеттерге қабілеттілік деп көрсетілген.

А.Н.Леонтьев көптеген зерттеулері барысында адамның барлық әрекеттерді меңгеруі оның іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты екенін анықтады. Қабілеттілік адам өмірінің барлық кезеңдерінде даму жағдайында болатын қасиет. А.Н.Леонтьевтің әрекеттік теориясы бойынша адамның өз іс-әрекетінде қолданып отырған қасиеттері күнделікті шыңдалынады. Ал қажеттілігі болмай, еш қолданылмаған қабілеттілік біртіндеп сөнеді. Сондықтан қабілеттілік өте нәзік, өзіне көп көңіл бөліп, баптап, тәрбиелеп отыруды қажет ететін қасиет. (Мысалы: музыкалық, техникалық шығармашылық, өнерпаздық, математикалық т.б.).

    Психологияды осы уақытқа дейін қабілет типологиясы ғылыми тұрғыда бір жүйеге клтірілмеген. Сондықтан зерттеушілер алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты түрлі сыныптастыру жолдарын қолданылады:

  1. Іс - әрекеттердің түрлеріне байланысты техникалық, өнерге, ғылым салаларына қарым-қатынас;
  2. Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, сенсориканың қызметіне байланысты: операционалдық шығармашылық қабілеттілік.

Психологияды қабілет типологиясы ғылыми тұрғыда бір жүйеге клтірілмеген. Сондықтан зерттеушілер әртүрлі классификациялар қолданылады.

Іс - әрекеттердің түрлеріне байланысты техникалық, өнерге, ғылым салаларына қарым-қатынас жасауға;

Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, сенсориканың (талдауыштардың) қызметіне байланысты: операционалдық, теориялық, интеллектуалдық қабілеттілік.

Сыныптастыруға келесі көзқарас – қабілеттілікті табиғи және нағыз адамдық, тарихи, әлеуметтік ортада қалыптасқан қасиеттерге бөлінеді.

Табиғи қабілеттіліктер адамдар мен жоғары дамыған жануарларға ортақ. Олар: қабылдау, еске сақтау, ойлау, экспрессиялық қарым-қатынас жасау.

Қабілеттіліктің бұл түрлері тұқым қуалаушылық нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін қасиет. Бұл қасиеттер генотиптегі нышандар қасиетке айналуға негіз болатын механизм операнттық үйрету, шартсыз рефлекстік үйрету және импритинг үйрету механизмдері деп аталады. Бұл түрлер жануарлар мен адам әрекеттерін үйретудің ортақ түрлері болып табылады.

 

6. Жеке тұлғаны типологиялық зерттеу

1. Типология әдісін пайдалану ерекшеліктері.

2. Психосоциотиптер туралы түсінік.

2. Кречмер, Шелдон ұсынған типологиялар.

 

Антропологтар мен психиатрлар жүргізген зерттеулерде адамдардың дене құрылыстары мен мінез-құлықтарының байланысы бар сияқтылығына көңіл аудара бастады.

XIX-XX ғғ. Аралығында дене құрылысы мен темперамент көрсеткіштері арасында байланыс бар деген концепцияны Италия, Франция, Германия ғалымдарының ішінде (А. Дж. Джиованни, Л.Л.Ростан, Г.Г.Карус) орын алды. Бұл пікірлерді жүйеге келтіргендердің ішінде өз зерттеулерімен Клода Сиго көзге түсті. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары ол адамдар типологиясын жасап, адамның психозға ұшырауы ол өмір сүретін орта мен табиғи икемділігіне байланысты деген пікір айтты.

К.Сиго және басқа ғалымдардың физикалық пен психикалықтың байланыстылығы зерттеушілердің көзқарастары қазіргі кезде кең тараған конституционалдық типологияларды жасауға негіз болды.

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап көптеген зерттеулерде адамның дене құрылысы мен оның психологиялық ерекшеліктерінің бір-бірімен байланысы бар ма, немесе ешқандай байланыс жоқ па, деген сұрақ көптеген психологтарды толғандырды. Ұлы адамдардың өмірін биографиялық зерттеу жүргізген жазушылар мен физиологиялық, антропологиялық зерттеулер жүргізген ғалымдар адамдардың интеллектуалдық қабілетіне оның дене құрылысы, ми сауытының көлемі және басқа физикалық көрсеткіштерінің әсерін анықтағысы келді. Көптеген жазушылар мен кейбір ғалымдар адамның бойы мен ойы, ерекше дарындылығы байланысты деп есептейді. Ерекше дарын адамдардың бойы кішкентай немесе өте ұзын болғанын дәлел ретінде келтіретіндер бар (Суворов, Наполеон, Чайковский, скульптор Наурызбаев – шағын денелі, ал Петр І өте биік бойлы болғанын дәлел ретінде келтіреді. Дегенмен бұл жағдай тек жеке фактілерден ары кетпейді. Өйткені ғұлама ғалымдардың және басқа бағытта ерекше дарындылық көрсетушілердің бойы амплитудасы ортадан ауқымды айырмашылықтармен сипатталады.

 Дене құрылысы мен психиканың байланыстылығы бойынша жүргізілген зерттеулерді 1960 жылдары Айзенк бір жүйеге келтірген. Ол өз еңбегінде конституцаоналдық зерттеулердің ғылыми бағалы екенін атай отырып, ол байланыстың ақиқатта сирегірек болатынын атап өткен. Дегенмен жеке тұлғаның физикалық және психикалық жақтарының байланысын зерттеу жеке тұлға құпияларын ашуға өз үлесін қосты. Осыдан бастап типологиялық зерттеулер ғылыми зерттеулердің бір түрі ретінде қалыптасты.

Типология – грек тілінде typos – таңба, форма, қалып, үлгі деген мағынаны береді және логия. Психологияда типология деген ұғымды пайдаланғанда оны таным процесінің, ғылыми зерттеудің бір түрі және әдісі ретінде пайдаланады. Мұндай зерттеудің негізінде берілген бүтін жүйелерді бөліктеріне талдап, оның құрамды бөліктерін тауып, ұқсас қасиеттері бойынша қайта топтастыру арқылы жаңа моделді жасау жатады. Ол жаңа модель болмыстан алынған емес, идеалды түрде жасалған модел болып табылады.

Модель жасау – эксперименталдық зерттеудің нәтижесі. Зерттеу нәтижесінде жасалған тип – ақиқаттан алынған бір көрініс емес, ол өте күрделі ғылыми зерттеудің нәтижесі, ой қорытындысы, талдау мен топтастыру нәтижесі. Типологиялық зерттеу барысында көптеген объектілерді (жеке тұлғаларды) зерттеу нәтижесі бойынша олардың ішінен ұқсас көрсеткіштері анықталып, сол көрсеткіштер бойынша типтің мінездемесі құрылады. Ал кейінгі жүргізілген зерттеулерде осы жасалған үлгіге көптеген көрсеткіштері бойынша ұқсас объектілер, жеке тұлғалар осы типтің өкілі ретінде анықталады. Сондықтан типологиялық зерттеулер күрделі, өте көп уақытты талап ететін зерттеулерге жатады.

Осы айтиылған қағидаларды басшылыққа ала отырып психологтар типологиялық зерттеулер жүргізеді. Қазіргі кезде типологиялық зерттеулер өте көп. Олардың бастамасын жасағандар Кречмер, Юнг және Шелдон деген ғалымдар.

1921 жылы Кречмердің «Дене құрылысы және мінез»  деген еңбегі жарық көрді. Ол өз еңбегінде адамдардың дене құрылысы мен психикасы байланысты деген қағиданы ұсынып, барлық адамдарды бірнеше «идеалды» типтерге бөлді. Өз зерттеуінде Блейлер деген ғалымның психозды шизойдты және маниакалды-депрессивті деп екі топқа бөлген сыныптастыруын негізге алды. Кречмер өзінің бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеуі бойынша барлық аурулардың дене құрылысы мен олардың науқасының түрі бір-бірімен байланысты деп тапты.

Шизойд психозына ұшырағандардың дене құрылысын лептосомдық – олардың бойы орта және одан ұзын, ал көлденең өлшемдері кішкентай болып келеді – немесе, олар ашаң денелі. Толықтардың ішінде шизойдтық психозға ұшырағандар өте сирек кездесетін жағдай деп көрсетеді.

Маниакалды-депрессивті психозға ұшырағандардың басым көпшілігінің дене құрылысы пикникалық – орта бойлы, толық денелі, бет пішіні дөңгелек, көкірегі кең, қарны қампиған.

Кречмер өз типологиясын конституционалдық деп атады. Аталған екі тип: лептосомдық және пикникалық – Кречмер типологиясында негізгі болып табылады. Сонымен қатар ол атлетикалық тип, денесі шымыр, тірек-қимыл аппараты өте жақсы дамыған, психозға сирек ұшырайтын тип деп көрсеткен.

Диспластикалық – дене құрылысы берілген үлгілерден ауытқулары анық байқалатын, ұзын бойлы, толық, шағын денелі толық т.с.с., анық байқалатын корреляциясы жоқтар деп топтастырған.

Көптеген зерттеулер көп жылдар бойы жүргізілді. Ол зерттеулерге шизиктер, цикликтер және эпилептиктер қатысты. Жалпы зерттеумен қамтылғандар саны 8099 аурулар тарихымен дәлелденген, дегенмен ол адамдармен зерттеу шектелген жоқ.

 

7. Қазіргі кездегі типологиялық зерттеулер

1. Фромм және басқа ғалымдар ұсынған жеке тұлға типтері.

2. Мінез-құлық моделі.

3. Қатынас моделдері бойынша типологиялау .

Адамның әлеуметтік ортадағы мінез көрсетуі бойынша типология құру психологияда кең тараған зерттеу түрі. Осындай типологияның бір түрін Фромм ұсынған. Ол өз типологиясын құруға негіз ретінде әлеуметтік мінез-құлық анықтамасын алған.

  Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған. Оның баптары: Әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз адамның қоршаған ортада қалыптасқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа икемделу динамикасына байланысты көрініс беретін энергиясы. Әлеуметтік мінез-құлық адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған субъективтік функцияны атқарады. Әлеуметтік мінез-құлық арқылы адам өзінің барлық күш-қуатын сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаның талаптарын орындауға жұмылдырады. Әлеуметтік мінез-құлық әлеуметтік ортаның өзгеруімен бірге өзгеріп тұрады.

  Мінез – нақты адамның мінез-құлық көрсету моделі. Ол адамның қандай жағдайда қандай шешім қабылдап, не істеу керек екенін анықтап, көп ойланбастан әрекет жасауына мүмкіндік береді.

  Әлеуметтік мінез-құлық пен жеке тұлға мінез-құлықының арасында айырмашылық бар. Осы айырмашылыққа байланысты бір мәдениеттік ортадағы адамдардың әрқайсысы тек өзіне тән ерекшелікпен сипатталады. Мысалы: студенттердің барлығы жақсы оқуы керек, сабақтан қалмауы керек, осы әлеуметтік талапты әр баланың орындауы әр түрлі болады. Ол отбасындағы тәрбиеге, (дененің сырт пішініне) конституцияға және темпераментке байланысты.

  Әлеуметтік мінез-құлық негізінде типология жасағанда Фромм адамдарды өз іс-әрекетінде қандай бағыт-бағдарды басшылыққа алатын ескере отырып келесі типтерді ұсынады:

  Біріші типті өз іс-әрекетінде өнімсіздікке бағытталғандар деп атаған.

Өнімсіздікке бағытталғандар типтері ішінде әлеуметтік мінез-құлықтың рецептивтік бағытта болу, қанаушылық (эксплуотатор), пайдакүнемдік (стяжательская), нарықтық (рыночная) бағытта болу

Рецептивтік бағыттағылар – ереже бойынша (рецепт бойынша), норма бойынша өмір сүретіндер, өз қажеттілігін қанағаттандыру көздері сыртта орналасқан, сондықтан матералдық құндылықтарды, білімді, ләзаттануды басқалар қамтамасыз етуі керек, ол тек өзгелер өзін жақсы көруі керек деп есептейді, ал өзі ешнәрсе істемей өмір сүруге бағытталған. Өзі ізденбейді.

Олар өзін толық қамтамасыз ететіндерді іздейді, оны тапса толық оған тәуелді болады. Сәтсіздікке ұшырағанда тамаққа тойымсыз, ішімдікке құмар болып кетеді.

Қанаушы (эксплуотатор) бағытындағылар – бұлар да барлық игілік, қажетті нәрселер сырттан келеді, өзгелер оның қажеттілігін толық қамтамасыз етуі керек деп есептейді, дегенмен ешкім өз еркімен ешнәрсе бермейді, барлық материалдық және рухани байлықты зорлық-зомбылық немесе құлық көрсетіп алу керек. «Ұрлап алған жеміс ең дәмді жеміс» деген ұранды басшылыққа алып, әр адамды одан нені алуға болатыны жағынан бағалайды. Өзгелермен қатынасында сенімсіздік, арсыздық, агрессивтілік,  қызғаншақтық және күншілдік білдіреді.

Пайдакүнем бағытындағылар – бұл типтегілер өмірде табысты болуына күмәнданады, сондықтан барын шашпай-төкпей ұстауға тырысады, олар өздерін сақтау «қорғанын» соғып алады да, сол қамалға көбірек нәрсе тасып алуға және одан ешнәрсе шығармауға тырысады. Махаббат сферасында - өзінің сүйген адамын меншіктеніп алып, оған ешқандай бостандық бермейді. Материалдық сферада сараңдық, ерекше пысықтық білдіреді. Барлық нәрсесі өз орнында, ерекше тазалық сақтау. Өз айтқанынан қайтпайтын бірбет, өзгелерден күмәнданғыш. Оның ұраны «Менікі – менікі, сенікі – сенікі», ешқандай алыс-беріс болмауы керек.

Нарықтық бағытындағылар – қазіргі кездегі доминанта болып отырған тип. Өзін тауар ретінде бағалайды, сондықтан барлық қабілеті мен өнерін жарнамалап, сұранысқа ие болуға тырысады. Ол бәсекелестікке құмар, сондықтан өзіне сұраныс көп болса, ол өзін бақытты адаммын деп есептейді. Сондықтан оның құндылықтар жүйесі тұрақты емес, барлық қоршаған адамдарды олардың адамгершілік қасиетімен емес, табысымен бағалайды.

Өнімділікке бағытталғандар типі. Іс-әрекеттік қатынас моделдері деп атаған. Бұл типтегілер өзіне қатынасында ізгі ниетпен, өзінің барлық мүмкіншіліктерін ашып, табысты болуды, жемісті еңбек етуді көздейді, соған бағытталған. Табыстылық пен белсенділік синонимдер емес. Гипноз жағдайында да белсенділік элементтерін көрініс береді, бірақ ол өзгелердің күшімен шақырылған белсенділік, егер адам басқалардың айтқанын ғана орындайтын болса, ол белсенділік, бірақ жемісті қызмет жасады деп айту қиын.

Табысты болу деген адамның жан саулығы күшті, өзінің ақыл-ойымен көп нәрсенің мән-мағынасына терең түсініп, өзінің барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажырлы еңбек етеді, табысты болады. Ол еңбекте қажырлы, қарым-қатынаста ізгі ниетті, ойшыл.

Фромм тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері адамдардың типологиялық ерекшеліктеріне тәуелді деп есептейді. Сондықтан қарым-қатынастың да типологиясын жасаған. Олар: симбиоздық одақтастық; шектеулілік, деструкциялық (жеке тұлға құрылымының бұзылғандығы); сүйіспеншілік.

Симбиоздық одақтастық қатынас адамның тәуелділігінің, басқа адамсыз өмір сүре алмайтындығының көрсеткіші. Ата-ана мен балалары арасында, ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі.

Шектеулілік – жеке тұлғаның өзгелерден тәуелсіз боламын деп, өзгелерді менсінбестен, өзімен-өзі болу. Қазіргі кезде европалық мәдениетте жылған ашықтықпен бүркеліп, жұмыстан бос уақытта ешкіммен қарым-қатынас жасамаушылыққа, жалғыздыққа алып келуде.

Деструкциялық – шектелудің белсенді түрі, өзін қоршағандардан өзін қорғаудың бір түрі ретінде өзгелерге зиян келтіріп, оларды талқандауға дейін бару (өсек таратып т.с.с. агрессия білдіру арқылы).

Сүйіспеншілік қатынас игілікке бағытталған, ізгі ниетті білдіретін қатынас. Ол өзін қоршағандарға қамқорлықпен қарауға, жауакершілікке, ынтымақтастыққе негізделген қатынас. Өнімділікке бағытталған типтерге тән қатынас түрі.

 

8. Манипулятивтік қарым-қатынас типологиясы

1. Э.Шостр жасаған мінез типологиясы.

2. Манипулятордың жеке тұлғалық ерекшеліктері.

 

Манипуляция – айла, амал, басқалардың өзіне қатысын реттеп отыру.

Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған.

Ал Э.Шострдың ең танымал еңбегі «Анти-Карнеги» деп аталады. Осы еңбегінде «Манипулятор» (айлашыл, қулықпен күн көретін) деп аталатын адамның әлеуметтік ортадағы көрініс беретін қасиетінің ішіндегі өзгелермен қатынас жасау ерекшелігіне байланысты типологияны келтірген. Бұл типтегілер қалау да болса жағдайды өзіне бағындыру жолдарын іздейді.

Э.Шострдың айтуы бойынша адам Манипулятор болып туылмайды. Нарықтық қатынасқа икемделу барысында әр адам өзін қоршағандарды қулықпен алдап-арбап, өзіне бағынышты етіп алуға тырысады. Сондықтан, қарым-қатынастағы Манипулятордың негізгі мақсаты басқаларға өзін беделді етіп көрсету және оларға өз өкімін жүргізу. Сонымен қатар өзі де беделділерге бағынғанды қажетсінеді. Манипулятор көрсеткіштері әрқайсымызда жеткілікті. Оның қайсысы басым екенін байқап көрейік. Оған қарама-қарсы бағыттағыларды актуализаторлар – мән берушілер деп атаған.

Манипулятор типтері:

Өктемшіл (диктатор) - өз айтқанын орындатқысы келеді, бұйрық беруге, беделділердің сөздерін келтіруге құмар. Оның түрлері: Бастық, Босс, Шеф...

 Жігерсіз – (өктемшілге қарама-қарсы) өзіне өзі басшылық жасай алмайтын адам (тряпка) – диктатордың құрбаны, көлеңкесі. Оның түрлері: «Хамелеон», Ақымақ, Конформист, Ұялшақ, Жасқаншақ.

Есепшіл - өзгелерді алдап, алдап, өтірік айтып күн көреді. Түрлері: Аферист, Пысықша (деловой, тек өз пайдасына шешетін), Құмарпаз, Рекламщик, Бәлеқор.

Жабысқақ – (есепшілге қарама-қарсы) тәуелді болғанды ұнатады, беделділермен байланыстары бар екеніне мақтанады, өзгелер жетелеп, алдап, арбап жүргенді қажетсінеді. Түрлері: Арам тамақ (жатып ішер, паразит), Уайымшыл, Басқаларға арқа сүегіш (иждивенец), Дел-салдық (ипохондрия – дене көтере алмайтын ауру), Дәрменсіз (беспомощный).

Хулиган - өзінің агрессивтілігін мақтанышпен көрсеткісі келетіндер. Түрлері: Қорлаушы, Жексұрын, Гангстер, Қауіп төндіретін, әйелдерде – қазымырлық (тілі сүйектен өтетін).

Жарқын жүзді – (хулиганға қарама-қарсы) ізеттілігіне көңіл аудартады, барлық уақытта утысқа ие болады, оның ақ көңілділігінен жексұрынның тікмінездігі жақсы. Түрлері: Жағымпаз, Өкімет адамы, Өсиетші, Тілектес.

Әділ қазы (судья) – ешкімге сенбейді, баршаны кінәлайды, кешіруі өте қиын. Түрлері: Білгір, Бағалаушы, Әшкерелегіш (обличитель), Кекшіл, Дәлел жинағыш, Кінәны мойындатқыш, Айыптағыш.

Қорғаушы - әділ қазыға қарама-қарсы көрсеткіштермен сипатталады. Кешірімді екендігін анық байқатады, жұмсақ мінезді және түсінгіштігімен басқалардың тәртібін төмендетіп, өзіне бағыныштылардың өсуіне кедергі жасайды. Өз жұмысын орындаудың орнына өзгелерге қамқор болып жүреді. Түрлері: Ұябасар (шөжелі тауық), Жұбатушы, Жебеуші (құпия қамқор), Жәрдемші, Шәкірт, Жанкешті (самоотверженный).

Тұлғааралық қатынаста Манипуляторлардың осы типтердің біреуінің көрсеткіштері аса дамыған, кейде бірнешеунің көрсеткіштері қатар келеді.

Манипулятордың өмірлік философиясын келесі төрт ұғымдармен жеткізуге болады: өтірікшілік, жете түсінбеушілік, қадағалаушылық, шектен шыққан арсыздық.

Манипуляторға қарама-қарсы сипаттағы тұлғаны актуализатор деп атайды. Актуализатордың кредосы: шыншылдық, түсінгіштік, бостандық және сенім білдіру.

 

9. Сенсорлық типология

1.   Юнг ұсынған жеке тұлға типологиясы негізіне алынатын көрсеткіштер.

2. Жеке тұлғаның сенсорлық (сезімталдық) ерекшеліктеріне байланысты типтерді анықтау.

Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, сенсориканың (талдауыштардың) қызметіне байланысты типология жасағанда оның әлеуметтік ортада болып жатқан құбылыстарға әсерленетіндігін, қарым-қатынас ерекшелігін есепке алынған: Психоәлеуметтік типтерді жасауға Юнг ұсынған типология негіз болады.

К.Юнг тұжырымдамасы бойынша адамдардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлық ерекшеліктері ерте қалыптасатын жоғары бағалап, басшылыққа алатын, жақсы көретін құндылықтары. Оның төрт негізгі түрі бар:

  • біріншісі – адамға қуат беретін энергия көзі – экстраверттер үшін ол сыртқы орта, ал интроветтер үшін өзінің ішкі дүниесі;
  • екіншісі – қоршаған объективті болмыс туралы мәлімет көзі – күнделікті болып жатқан, сезім мүшелеріне әсерін тигізіп жатқан мәліметтерді бірізділікпен, сөзбе-сөз қабылдау (сенсорлық-түйсінгіш) немесе өз ойына, ішкі сезіміне сүйене отырып жинақтау (сезімталдық);
  • үшіншісі – шешім қабылдау ерекшелігі – объективті болу үшін барлық жағын ойластырып, ешнәрсені алаламай, әділдікпен, жоспар бойынша (логикалық-ойшыл), немесе субъективтік және тұлғааралық деңгейде, сезіміне бөлене отырып (эмоционалдық сезімге бөленгіш);
  • төтіншісі - өмір сүру, тұрмыс қалпы – табандылық пен жүйелілікті берік сақтау (парасатты табанды тип), немесе ізеттілік көрсетуге құмар, жұмсақ, қарапайым, тура түсінетін, кейде күтпеген апаттай (эмоционалды қабылдайтын тип).

Осы төрт құндылықтың арақатынасына байланысты адамдарды келесі көрсеткіштер бойынша типологиялық мінездеме беруге болады:

  1. экстраверсия – интроверсия;
  2. рационалдық (ақыл-ойға сүйенетін) – иррационалдық (жасқаншақ);
  3. ойшыл тип (логик) – эмоционалдық тип (этик);
  4. түйсінгіш тип (сенсорик) – сезімтал тип (интуит).

Е-И шкаласы бойынша бағаланатындар. Экстраверттер (Е) энергияны өзге адамдар мен іс-әрекеттен жинайды. Сондықтан олар сыртқы ортадаға, қарым-қатынасқа бағытталған. Олар өз ойларын, пікірлерін және сезімін ішінде сақтамастан, сыртқа шығарып отыруы керек. Интроверттер (И) энергияны өзінің ішкі ортасынан алады, сондықтан олар өздерінің ішкі дүниесіне бағытталған, сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеулі (өзгелермен қарым-қатынас жасап, сөйлескеннен соң олар оңаша қалғанды, өз ойына бөленгенді қажет етеді). Бұл екеуінің де мінез-құлқы нормада, тек энергия көзі әр қилы болады. Тек интроверттерге өз ойына бөленуге мүмкіндік беру керек. Олар бірден ашылмастан, тек сенім білдірген адамдарына ғана немесе ерекше жағдайда ғана сырын айтып, ішкі дүниесін сыртқа білдіреді.

Л-Э шкаласы бойынша бағаланатындар. Ойшыл логик типтегілер (Л) өмірде болып жатқан нәрселердің мән-мағынасына түсініп, олардың негізгі қасиеттерін, бағынатын заңдылықтарын түсінгісі келеді. Эмоционалдық тип (Э) өмірде болып жатқан нәрселерді қабылдау немесе қабылдамау, барлық болған оқиғалардың әсері қандай болатындығымен бағалайды.

Т-С шкаласы бойынша бағаланатындар. Түйсінгіш тип (сенсорик) –болған нәрсені факт ретінде қабылдап, ақиқатты нақты бағалауға бағытталған. Сенсориктер нақты мәліметке сүйене отырып тәжірибені, ақиқатты өмірді бағалау критериі ретінде анықтайды. Оларға фантазия жат нәрсе, сондықтан „аспандағы айдан, қолдағының бағасы жоғары“. Сезімтал тип (интуит) болашақты болжамдауға, мәліметті еркін жинап, кейде оның мән-мағынасына түсінгісі келеді. Шешім қабылдағанда өзінің ішкі дауысына, интуициясына құлақ салып, өзгелердің осындай жағдайда не істейтініне ешқандай көңіл бөлмейді. Бұл қарама қарсылық кей кезде Т-С арасында түсінбеушілік тудырады: Түйсінгіштің „сағат неш болды?“ деген нақты сұрағына нақты жауап күтіп отрса, оған сезімтал „Кеш болды. Үйге қайтатын уақыт болды“ деп болжаммен жауап беруі мүмкін.

Р-Ж шкаласы бойынша бағаланатындар. Рационалдық (ақыл-ойға сүйенетін) батылдықпен, қорғалақтамай, неге ондай шешім қабылдау керек екеніне түсіне отырып ешқандай қиналмастан шешім қабылдайтын адам. Ол мойнына алған нәрсені жоспарлап алып, өз ретімен тиянақты орындайды. Ол өз өмірін және өзін қоршағандардың өмірін реттеп жүреді. Жаңалыққа онша мән бермейді. Иррационалдық (жасқаншақ) типтегілер шешім қабылдаудың орнына мәліметтер жинап, ол іске кіріскенше өз пікірін бірнеше рет өзгертуі мүмкін. Кейде пікірін неге өзгерткенін өзі де түсіндіре алмайды. Мұндай  оралымдылығы, икемделгіштігі, өзін ұйымдастыруының төмендігін, түсіндіруге болмайтын ішкі сезімнің басым болуын қоршағандар түсінбей қалады.

 

10. Жеке тұлғаның адаптивтілігі

1. Адаптация туралы түсінік.

2. Студенттер типологиясы.

3. Мұғалімдер типологиясы.

 

Студенттердің ЖОО адаптациясы келесі құрамды бөліктерден тұрады:

А) мамадық адаптация. ЖОО оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және оқу мазмұнын меңгеріге тез икемделуі және өз бетімен ізденуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге икемделуі;

Б) әлеуметтік-психологиялық адаптация. Жеке тұлғаның студенттік топтағы және оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемделуі, мінез-құлық стилінің қалыптасқандығы. Әлеуметтік-психологиялық адаптация барысында жеке тұлға көптеген ортаның ерекшеліктерін меңгеріп, сол ортада өмір сүру стратегиясын ішкі дискамфортсыз қалыптастырады.

Адаптациядан тез өту студенттің барлық іс-әрекеттерде табысты болуының кепілі болады. Психологияда бірінші курс студенттерінің ЖОО адаптациядан өтуінің келесі үш формасы анықталған:

 формалдық адаптация, ЖОО құрылымдық ерекшеліктеріне, мәліметтік-танымдық әрекеттер түрлерін меңгеруге, жаңа орта талаптарына және өз міндеттерін орындауға адаптациялануы.

Кей кезде балалардың үлгерімі нашарлауы өз бетімен өз өмірін ұйымдастыруға үйренбегендікпен, өз уақытын дұрыс пайдалану дағдысының қалыптаспағандығымен байланысты болады.

әлеуметтік адаптация, студенттер тобының ішкі интеграциясының қалыптасуы және топтың жалпы университет ұжымымен интеграцияда болуы;

дидактикалық адаптация, студенттердің ЖОО оқу-әдістемелік жұмыстардың жаңа формаларына үйренуі.

Студенттердің оқу мотивациясын зерттеу негізінде  типологиясы.

  Лисовский В.Т. ұсынған типология:

  1. Гармониядағы студент. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған. Жақсы оқиды, ғылыми жұмыстарды қызығып, дәйекті жүргізеді, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Жақсы дамыған, мәдениетті, ашық-жарқын, әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады.  Кемістіктерге кешірімсіз, шыншыл, адал. Өз ұжымында беделді, сенімді жолдас.

  Профессионал студент. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған. Жақсы оқиды, ғылыми ұжымдар жұмысына қызықпайды және сирек қатысады, өйткені тәжірибеге бағытталған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады, барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындайды. Спортқа да көңіл бөліп жүреді. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Кемістіктерге кешірімсіз, шыншыл, адал. Беделді.

  1. Академик. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған, тек беске оқиды.  Университетті бітіргеннен соң аспирантура, магистратура т.б. оқу орындарында білімін шыңдауға бағытталған, сондықтан ғылыми-зерттеу жұмыстарын өте көп уақытын бөледі.
  2. Қоғамшыл. Қоғамдық жұмыстарға өте бейім және құмар, сондықтан ол сабақтардан да қоғамдық жұмысқа көбірек уақыт бөледі, сондықтан үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін. Дегенмен ол мамандығын дұрыс таңдадым деп есептейді. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Досуг ұйымдастыруға шебер.
  3. Өнерсүйгіш. Жақсы оқиды, ғылыми жұмыстарға сирек қатысады. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, оларды уақытында оқып, танысып жүреді, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Эстетикалық талғамы күшті дамыған, кругозоры кең, өнер жағынан білгіш.
  4. Еңбеккер. Мамандығын таңдауға көптеген факторлар әсерін тигізген, сондықтан болашақта кім болатынын анықтамаған. Қабілеті орта бірақ барлық күшін салып жақсы, ұқыпта оқиды. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі, әдебиет пен өнер шығармаларына қызығушылығы төмен. дегенмен ол кино мен эстраданы жақсы көреді. Дене тәрбиесі бағдарламаға сай.
  5. Орташа. Оқу мәселесі жағдайға байланысты, онша күш жұмсамайды. Ол тек диплом алуды көздейді, ал жұмысты басқалардан кем орындамаймын деген сенімі күшті. Мамандық таңдауға онша көңіл берген жоқ. Бірақ оқуға түскеннен соң оны бітіру керек деп есептейді. Жақсы оқуға тырысады, бірақ кейде салақтыққа салынады.
  6. Көңлі қалған. Қабілетті, бірақ болашақ мамандығы еш ұнамайды. Бірақ ақуға түскеннен соң оны жақсы оқу керек, бітіру керек деген ойменен. Өзін қызығушылықтары бойынша жасаған әрекеттерімен жұбатып жүреді (спорт, өнер т.б. хобби).
  7. Жалқау. Зорға оқиды, дегенмен өзі оған қанағаттанады. Болашақ мамандық қызметі туралы қам жемиді. Студенттер мен оқытушылар оны «балласт» деп есептейді.
  8. Шығармашыл. Барлық жұмысқа шығармашылықпен қарайды. Сондықтан ол оқуда да, қоғамдық жұмыстада табысты. Дегенмен тер төгіп, шыдамдылықпен орындайтын тапсырмаларға онша емес. Сондықтан оның табысты болуы тұрақты емес. Кейде төмен баға алып қалады. Ғылыми жұмыстарда ерекше тақырыптар қызықтырады.
  9. Богемдік. Престижі жақсы факультеттерде жақсы оқиды. Басқа факультеттер студенттерін менсінбейді. Топта лидер болуға тырысады. Барлық нәрседен хабардар. Бірақ білімі жан-жақты емес, шектеулі. Өнерде тек мода болып тұрған ағымдарды ғана таниды. Барлық уақытта өз пікірі бар және басқалардан өзінің пікірімен санасқанды талап етеді. Кафе, ресторандардан шықпайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.  Абрамова Г.С. Практическая психология. М.: 2001.

2.  Годфруа Ж. Что такое психология. В 2-х т. М.: 1992.

3.  Колесников В.Н. Лекции по психологии индивидуальности. М.: 1996.

4.  Фрейд З. Основные психологические теории в психоанализе. СПб: 1998.

5.  Юнг К. Современный психоанализ. М.: 1997.

6.Фресс П., Пиаже Ж. Экспериментальная психология. М.: 1972.

  1. Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. М.: 2004.
  2. Андреева Г.М. Социальная психология. М.: 1980.
  3. Шадриков В.Д. Способности человека. М.; Воронеж, 1997.
  4. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
  5. Юнг К. Проблема души нашего времени. М.: 1994.
  6. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 2 т. Шымкент, 2007.
  7. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. 3т. Шымкент, 2009.
  8. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М.: 1996.
  9. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Ростов-на-Дону, 2001.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-14 18:12:03     Қаралды-44697

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »