UF
Загрузка...

Тақырыбы: Босанудың психологиялық сипаттары

 

1.  Дәстүрлі босану және босанудың қазіргі таңдағы тәжірибелері

 

1. Дәстүрлі босану.

2. Босанудың заманауи тәжірибесі.

3. Босануға психологиялық дайындық.

4.Серіктестік босану.

 

Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады. Бұл тарауда біз босану кезеңдерін, оларға деген түрлі қатынастарды, пренатальді тест пен мониторингті, сондай-ақ, асқыну процестерін қарастырады. 

Босану кезінде бала физикалық және психикалық жағынан қатты стерске шалдығады. Отто Ранк бұл мәселеге қатты көңіл бөліп «босану жарақаты» (акушерлік жағынан емес, психологиялық жағынан атады) және «алғашқы шок» деп атады.

Босану уақытысына бірнеше күн қалғанда әйелде адреналин және норадреналин гармоны көбейеді. Босанып жатқан әйелдің алғашқы баласы болса толғақ 12-16 сағатқа созылады, ал екінші бала болса 8-10 сағат болады.

Босану процесі жатырдың ашылуымен басталады. Жатыр толық ашылғаннан кейін бала іштен шығуға талпынады, әйел көп күш жұмсай отырып өмірге сәби әкеледі. Босанып жатқан әйелге физиологиялық және психологиялық жағымды жағдай болса онда босану процесі қалыпты өтеді. Босану кезінде және босанғаннан кейін де әйел өзге адамдардан мейірім, қамқорлықты күтеді.

Босанғаннан кейін әйел бойында көптеген уайым сейіледі. Босану процесі кезінде әйелдің дәрігер ұжымына толық сенім білдіріп олардың айтқаны істегені абзал.

Ерте кезден-ақ ғалымдар әйелдердің босану жағдайларын анықтай бастаған. Өткен ғасырдың соңында Мишель Оден әйелдердің суда босана алатыны туралы теорияның негізін қалады. Бұл босану түрі жатырдың ашылуына көмектеседі деді. Суда босануды әйел өзі таңдайды, бұл оның жеке ерекщелігіне байланысты. Алайда бұл теорияға көптеген ғалымдар қарсы келеді. Э.К.Айламазян суда босанудың ешқандай пайдасы жоқ дейді. Сонымен бірге суда босануға ұсыныс білдірген әйелдердің көпшілігінде эйфориялық өзгеріс бар екені анықталған. Э.К.Айламазянға келісуге болады қазіргі таңда су құбырларының, судың сапасына сенім аз. Дегенмен де әйел суда босануды қалған жағдайда жақсы жабдықталған құрылғылар бар болса, мамандардың кәсіби денгейі жоғары болса, әйелдің денсаулығы мықты, жүктілік кезеңі жақсы өткен болса рұқсат беруге болады.

Үй жағдайында босану туралы Г.И.Брехман былай дейді; «үйде босану жайлы жарнама жасаудың қажеті жоқ, тек перзентханалар үйге ұқсас жабдықтау керек, әйел өзін бөтен жерде емес үйдегідей сезіну керек». Босану кезінде әйел өзін қатты жалғыз сезінеді, сондықтан серіктестік босануда қазіргі уақытта маңызды. Ресейде 1990 жылдардың соңына қарай пайда бола бастады. Босану уақытысында әйелдің қасында ер адамның болуы жақсы да жаман да жақтары бар. Жақсы жағы ер адамның бұндай жағдайға келісуі. Босану уақытысында ер адам әр түрлі іс-әрекеттер жасайды. Бұл босану алды курсына барған не бармағанын аңғартады. Г.Б.Мальгина серіктестік босанудағы ер адамның 3 түрін анықтап көрсетеді.

  1. Белсенді-адекватты босану процесіне белсене араласады. Әйеліне ыңғайлы жағдай жасайды, дәрігерлердің айтқанын істей отырып, әйелі мен дәрігерлердің арасында дәнекер болады, баланың өмірге келуіне қатты қуанады, бірақ дәрігерлерге еш кедергі жасамайды.
  2. Енжар-бақылаушы - әйеліне қалай, қайтіп көмек берем деп ойланып тұрады, сондықтан босану процесіне араласа алмайды. Бұндай ер адамдар әйелін, дәрігерлерді сырттай бақылап тұрады, бірақ еш кедергі келтірмейді және ешнәрсеге араласпайды. Бала өмірге келгенде қатты қуана қоймайды бірақ балаға деген жылы көз қарас байқалады. Бұл топқа жататын ер адамдардың ішінде өзінің алғысын әйеліне, дәрігерлерге босану процесі біткеннен кейін бір сағат уақыт өткен соң айтатындарда кездеседі екен.
  3. Агрессивті – босану процесіне белсенді қатысады, дәрігерлерге көп араласады, әр істеріне жауап беруді талап етеді, әйеліне көмектеспей бұйрық береді. Ер адамдардағы бұндай қатты қорқыныштың болуы босанудың алдында болатын дайындықтанда пайда болуы мүмкін. Агрессивті ер адамның босану бөлмесінде болуы дәрігерлерге кедергі келтіреді, әйелдің жүйкесіне әсер етеді кейде конфликті болуы да мүмкін. Сондықтан босану уақытысында бұндай ер адамдарды босану бөлмесіне кіргізбеу қажет. Босанғаннан кейін бөлмеге кіруге рұқсат беру қажет әрине бұл уақытта бойындағы барлық агрессия, қорқыныш сезімдері қуанышқа ауысып кетеді.

Босану процесіне ер адамның қатысуы туралы шешу білімділікті талап етеді. Ерлі-зайыптылар босану процесінің адамға психологиялық жағынан қалай әсер ететінің жақсы білуі керек. Көптеген ғалымдар босану уақытысында әйел жалғыз қалмауы керек, сондықтан әйелге ең жақсы серік күйеуі болады дейді. Алайда ер адамның босану уақытысында әйелдің қасында болуды екеуі келсіп шешу керек. Ойланбай әйел «менің қиналғанымды көрсін?» деген оймен не ер адамның «қызық» деген оймен келісім жасауы дұрыс емес. Егер босанып жатқан әйелдің алғашқы баласы болса онда босану уақытысы 15-20 сағат болады, бұндай ұзақ және қиын сағаттарда әйелге күйеуінің қасында болуы көп көмектеседі. Толғақ қатты қысып кейін толғақ кеткен уақытта күйеуі ойын бөліп, әзілдесіп әйелдің көңілін көтеру керек. Кейде дәрігердің рұқсатымен босану бөлмесінен дәлізге алып шығып, жылы душта қабылдап алғаны дұрыс.

Баланың сыртқа шығуы кезінде әйелдің қасында күйеуінің болуы қажет емес. Зерттеулер көрсеткендей бала шығу кезінде әйелдің ойы басқа жаққа аумауы керек алайда кейбір жағдайда толғатып жатқа әйел күйеуін көріп шашын түзегенде жағдайлар болған. Кейде күйеуі әйелдің қиналғанына шыдай алмай тез арада бірнәрсе қалдану керек деп дәрігерлерге маза бермейтінде жағдайлар болған. Сондықтан, босанып жатқан кезде күйеуін басқа бөлмеге шығарған дұрыс. Күйеуі бұл процес кезінде әйелдің қасында боламын деп шешсе, онда ол әйелдің бас жағында әйеліне жылы сөздер айтып тұрғаны абзал, ал әйелі күйеуінің түрін көрмегені дұрыс. Бала өмірге келген кездегі қуанышты ерлі-зайыптылар қатар сезіп, қуанғаны абзал.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша серіктестік босану арқылы дүниге келген балаға ата-анасы көп көңіл бөліп, баласына көп алаңдайды екен.

Босанғаннан кейін 6-12 айдан кейін анкета жүргізгенде әйелдердің 88% күйеуі қасында болғаны жақсы екенін айтса, 17% әйелдер қарсылық білдірмей жақсы деп жауап берген. Әйелдердің барлығы серіктестік босанғанды дұрыс деп тапқан. Серіктестік босанғаннан кейін ерлердің 55%, әйелдердің 39% жыныстық қатынста еш өзгеріс болмады десе, әйелдердің 44%, ерлердің 28% жыныстық қатынас қайта күшейгені туралы айтқан.

Серіктестік босанудан тиімділігі:

  • акушер-гинекологтар босану кезінде аз болады
  • дәрігерлердің арасында физикалық және психикалық жауапкершілік аз болады
  • босанғаннан кейінгі медикаменттерді аз қолданады
  • нәрестенің жарақат алуы аз келеді
  • экономикалық жағынан да пайдалы
  • ерлі-зайыптылар арасында қарым-қатынас

Босану процесі үш кезеңнен тұрады: Жатыр мойнының ашылу кезеңі; бала туылу кезеңі; бала жолдасының бөліну кезеңі

Бірінші кезеңде баланың өмірге келуі үшін жатыр мойыны ашылады. Алғашқы кездегі толғақ бірнеше минутқа не 30 минутқа дейін созылуы мүмкін. Босану уақытысы алғашқы балада 12-15 сағатқа созылады. Әрбір толғақ болған сайын ұрықтың басы кіші жамбас шеңберіне қарай ойысып, жатыр мойнының ашылуына ықпал етеді. Бұл процес жатыр мойнының ашылуы деп аталады.   3-5 минут сайын толғақ жиілейді. Толғақ неғұрлым жиілеген кезде жатыр жиырылады. Сөйтіп, жатыр мойыны ашылуының аяғына қарай қабықшалар айырылады да ондағы су төгіледі. Кейде алғашқы баласын өмірге әкеліп жатқан анада жалған толғақ болады. Жалған толғақты шынайы толғақтан ажырату қиын. Сондықтан әйелге жәй жүргізу арқылы оны анықтауға болады.

         Екінші кезеңде баланың өмірге келу процесі басталады. Бала туылу кезеңінде жатырдың жиырылуына құрсақ қабырғасының күшенуі деп аталатын құбылыс қосылады. Яғни босанатын әйел аз уақытта тынысын бөгейді, соның нәтижесінде көк ет тығыздалады да ішті кернейді. Бұлай жасау арқылы іштегі қысым керіліп жатырға, содан кейін балаға жетеді. Осылайша нәресте екі күштің, атап айтканда, жатырдың жиырылуы және күшенудің әсерімен бас жағымен өмірге келеді. Бұл процесс 10 минуттан 40 минутқа дейін созылады. Бетін түмен қараған түрде шығады.

Үшінші кезең Кіндікпен басқада жасушалардың байланысы арқылы баланың өмірге келуі. Өмірге келгеннен кейін оттегі, тамақ бала организміне енді анасы арқылы берілмейді. Өмірге келгеннен кейін бала енді өз бетінше тыныс алуды үйренеді. Босану процесі нәрестені белгілі бір көлемде стресске шалдықтырады. Дегенмен де өмірге келген сәби бұл процесті жақсы қабылдауға қабілетті. Босанудың соңғы минуттарында нәрестенің организмінде адреналин және норадреналин гармондары көп бөлінеді, ол стресске қарсы тұруға көмектеседі.Адреналиннің көп мөлшерде бөлінуі оттегінің жетіспеушілігін толықтырады және баланың өмірге келген соң оттегімен тыныс алуға дайындайды. Алғашқы тыныс алу қиынға соғады, миллиондаған альвеолдары ауамен толтырылады. Бірнеше минуттан соң көптеген нәрестелерде қалыпты тыныс алу қалыптасады.

Осыдан 150 жылдан бұрын «дәстүрлі босану» деп уйде отбасылық дәрігердің көмегімен немесе көп баланы өмірге әкелген әйелдер қатысады. Көптеген уақыттар өткен соң госпитал, емдеу орталықтары ашыла бастады бұндай жерлерде әйелдер арнайы медициналық көмек алуға жағдай жасалынды. Күрделі жағдайларға тап болған жағдайда мұнда жан сақтау құрылғыларымен арнайы экстримді көмекке дайын. Осындай жағдайлардан кейін көптеген батыс елдерінде үй жағдайында босану 1930 да 80%  ті болса 1990 1 % дейін төмендеді, қазіргі таңда медициналық мекемелерден тыс жерлерде сәбилердің өмірге келуі көбейіп барады. «Дәстүрлі босану» деген түсінік осы кезге дейін күйеуінсіз босану деген түсінікпен қалыптасты. Яғни босану бөлмесінен күйеуін шығарып жібереді.

Босануға дайындайтын курстарға жүкті әйелдермен оның қасындағы (күйеуі, отбасының бір мүшесі немесе досымен) қатыса алады. Олар босанудың биологиялық табиғаты жағынан лекция тыңдайды, жүкті әйел жаттығулар жасайды. Әйелімен бірге қасына келген адам бұл уақытта ассистенттін рөлінде жүреді. Босану уақытысы болған уақытта курсты әйелімен бірге болған адам әйелдің жанында болады. Әйелге моральдық жағынан көмек көрсетіп, өзін жайлы сезінуге көмектеседі. Босану тез және оңай болады, егер ата-ана әр кезде не болатыннын жақсы біліп соған дайындалса, медициналық дәрілер қиын болған жағдай да ғана беріледі.(мүмкіндік болса пайдаланбайды да). Болашақ ана алда не болатынын білсе ( алғаш рет босанып жатқандар) оның бойында қобалжу сезімі азаяды. Нәтижесінде ата –ана босану процесіне белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта көптеген АҚШ-тың ауруханаларында тіпті толғақ кезінде  де күйеуін немесе досын кіргізеді. Ондай перзентханаларда сонымен қатар арнайы босанатын бөлме және босанғаннан кейінгі қалыпына келтіретін бөлмелер болады. Бұндай бөлмелер үй секілді жабдықталады. Кейде арнайы босанғаннанкейінгі қалпына келтіретін орталықтар ашылады. Бұл орталықтар медицинм мекемелердің ішінде болмаса соның жанында болады. Орталық барлық жүктілік кезеңдерін , алғашқы толғақтан баланың өмірге келуі мен босанғаннан кейінгі ананың денсаулығы арнап жұмыс жүргізеді.

Босану ешқандай қауіпсіз, оңай өткен жағдайда ананы арнайы акушерлік дайындықтан өткен медбике қабылдайды. Қандайда бір қауіп болған жағдайда керекті құрал-жабдықтар мен дәрігерлер әрқашан дайын тұрады.

         Көптеген босанғаннан кейінгі орталықтарда ана мен баланың уйге қайтуы туралы, ана мен баланың бір бөлмеде болуы, олардың бір-біріне деген эмоциональды қарым-қатынасы туралы мәселемен айналысады.Осындай орталықтардан көмек алу әйелдерге пайдалы. Бұндай орталықтарда жүктілік кезең ауыр өткен және қатер тобына жататын әйелдерді босандырмайды. Сонымен қатар орталықтан 35 жастан асқан әйелдер, алғашқысын босанатын әйелдер, егіз бала күтіп жүргендер, қант диабетімен ауыратын және жүрегі ауыратын және ерте кесерава жасаған әйелдер болмайды.

Босануға психалогиялық тұрғыдан дайындаудың мақсаты: босануға деген жағымды психалогияны қалыптастыру, ана деген сезімге тәрбиелеу, ата-ананың бір-біріне деген рухани- психалогиялық қарым-қатынасы.

  1. болашақ ананың жүктілік кезіне жауапкершілігін қалыптастыру
  2. әйелге негізгі жүктілік кезіндегі, босану кезіндегі физиологиялық жағдаймен таныстыру
  3. күнделікті режиммен таныстыру, тамақтану, жүкті кезінде және босанғаннан соң гигиенаны дұрыс ұстау және балаға дұрыс күтім жасау
  4. Ата-ананың баламен қарым-қатынасы

болашақ атаана іштегі сәби мен сөйлеседі, ертегі, өлең оқып береді.Бала туылғанға дейін ата-анасыныңдауысын танып біле алады.

      -Арттерапия: жағымды әуен тыңдау, ән салу, әуенге сай билеу баланың эстетикалық талғамын қалыптастырады, сурет салу ұрық кезіндеақ ұсақ моторикасын дамытады т.б

5.жүкті әйелге деген айналасындағыадамардың көмегі, жылы көзқарасын қалыптастыру

6. қауіпті фактор туралы ақпарат беру: стресстік жағдайлар, компьютердің зияны, дұрыс тамақтанбау т.б жағдайдың балаға әсері мен қоршаған ортаның жағымсыз жақтарынан қашу туралы ақпарат беру

7.  әйел, ана образын қалыптастыру; әйелге тән киіну, сыртқы келбет, іс-әрекеттер

8.  өмірге келген баланың әлеуметтік бейімделуі туралы ақпарат беру осы жағдайға байланысты қобалжу сезімін тойтару

Босану кезіндегі қауіп. Босану өте ауыр және қауіпті болады, егер бала құйрығымен жатып қалса болмаса беті ішіне қарап қалған жағдайда. Бұндай жағдайдың әрқайыссысында да әйел жарақат алады.Баланы құтқару үшін оны қалыпты позада жатқызуға тырысыды, егер одан пайда болмаған жағдайда кесерова жасайды. Кесерова тез жасалады және анестезия балаға айтарлықтай зиян болмайды. Көптеген жағдайда  ана мен бала өзін жақсы сезінеді.

         Алайда қазіргі таңда кесерова жасау өте кең таралып, көп таралып кеткен. Мысалыға;1998 жылы АҚШ-та 21,2% бала осы әдіспен дүниеге келген. Қазіргі таңда жыл сайын миллиондаған кесерова жасалады екен.Тіпті кейбір перзентханаларды балалардың 40% кесерова арқылы дүниеге келіп жатыр.

         Көптеген зерттеушілер кесерова жасатқан әйел ашулы болады және балаға ат таңдауда тежеліп қалатынын көрсеткен. Олар босанғаннан кейінгі өзіне бағаны өте төмне береді және баланы емізгенде қатты қиналады.

 

2. Шала және қауіп тобына жататын нәрестелер

 

1.

2. Шала туылған нәрестелер.   

3. Қауіп тобына жататын нәрестелер

 

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық  формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын молшерде болады. Олар  түрлі физиологиялық функциялардың  өтуін реттеуші: сору рефлексі,  қорғану және бағдарлау рефлексі, сондай-ақ бір  қатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және  сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері жатады.  Олардың бәрі  баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін  жұлын және  ми  қабығы  асты жүйке  орталықтарымен  реттеліп  отырады.  Сыртқы әсерлердің  көпшілігіне нәресте қолдар мен аяқтарының  жлпы жіктелмеген қимылдарымен жауап  қайырыда.

Жаңа туған кезеңдегі мидың  қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы.

Жаңа туған  баланың дамуының айрықша ерекшеліге  сол,  оның  соматикалық іс-әрекеттері  тезірек  қалыптасады,  соның  ішінде  әсіресе қору,  есту тәрізді анализаторлардың  іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Көптеген жаңа туған  балаларды алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты  шартты рефлекс  пайда болады. Алғашқы екі айда барлық  анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.

Елі үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері  көріне бастайды. Біртіндеп баланың  ересек  адамның көрінуіне бастады жадырау комплексі деп аталатын, арнайы  эмоциялы – қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Жадырау  комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің  басы  деп  есептелінеді.

Нәрестелік шақтың шелі – бір-екі айдан бір  жылға  дейін.  

Қарым-қатынас неңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың  алғашқы белгілері байқалып,  кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір  жастық  аяғына қарай нәресте кейбір  сөздерді түсіне  бастайды.  Дәл  осы  кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта  бастайды. 

Бала  алдымен жетіледі,  содан  кейін  барып оны бәрбиелеп,  үйретеді деп  жорамалдау дұрыс емес.  Адамға  тән  барлық  мінез-құлықта барлық психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін  ерте. Сәбилік   шақты жүруге,  заттармен  әс-әрекет жасауға,  көруге,  естуге,  тамуға,  есте сақтауға үйрету негізінде алады. 

Бір  жас  ішінде бала  қимыл-қозғалыстарының  дамуы және  психикалық процестері мен  қасиеттерінің қалыптасуы жағынан  үлкен жетістіктерге жетеді.  Ол басын  ұстауды,  отыруды,  еңбектеуді,  тік  тұруды және  бірінше жармасу қимылдары дами  бастайды.  Бала  өзін қызықтарған  жарқырауық   затқа ұмтылады,  оған  қолын  созады,  ұстауғы тырысады.

Нәрестелік  шақтың  соңына қарай балалар  үлкендердің көптеген  іс-әрекеттерін  қайталай  отырып,  үлкен еліктеушілік көрсетеді. 

Әдейі жасалған әрекеттер  мен  еліктеу ақылдың  күшті дамып  келе жатқандығын дәлелдейді.  Сонымен,  бала  өзінің  және  басқалардың  қимылдарына  еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде  үйренеді. 

       Бала дүниеге келген соң анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайларға: жарыққа,суыққа,ортаға,тамақтаныға,тыныс алуға тәуелді болады. Бала үшін жат, жаңа осы жағдайларға үйрену үшін туа біткен механизмдер- шартсыз рефлекстер жәрдем береді.

       Ең негізгі шартсыз рефлекс- тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Ерін немесе тілге байланысты сору қимылдары пайда болып, қалған қимылдар тежеледі. Нәресте толығымен соруға ден қоятындықтан, бұл реакция»тамақтануға ден қою» деп аталған. Басқа шартсыз рефлекстер төмендегі 1 кестеде келтірілген.

 

Нәрестенің шартсыз рефлекстері

 

     қоздырғыштар

         рефлекстер

Жарықтың әсері

Көздер жұмылады

Бала басының жанында қол шапалақтау

Көздер жұмылады

Баланың басын оңға қарай бұру

Иек көтеріледі, оң қол созылады,сол қол бүгіледі

Баланың алақанын саусақпен басу

Нәрестенің саусақтары жұмылып, ашылады

Баланың өкшесін саусақпен басу

Аяқ саусақтары тартылады

өкшені түйрегішпен түйіру

Тізе бүгіледі

Саусақпен аяқ саусақтарын өкшеге дейін тырнау әрекетін жасау

Аяқтың үлкен саусағы көтеріледі, қалғандары созылады

Жатқан баланы ішін төмен қаратып көтереміз

Нәресте басын көтеруге талпынады, аяқтарын созады

 

       Шартсыз рефлекстердің ішінде қорғаныштық және бағыт-бағдарлық рефлекстер кездеседі. Кейбір рефлекстер атавистік болып табылады-олар хайуан тектес бабаларынан тұқым қуалау нәтижесінде алынады. Мәселен,»маймылдікі» деп аталатын рефлекс өмірдің екінші айында-ақ жоғалады. Нәресте алақанына салынған саусақтар немесе таяқтарды маймылдың баласы секілді берік ұстайды. Мұндай «жабысқақтықтың» берік болатыны сондай нәресте көтеріп жүруге үйренеді. Кейіннен нәресте заттарды ұстауды үйренген соң мұндай қолдың беріктігінен айырылады.

Өмірдің бірінші айында соңына таман алғашқы шартты рефлекстер пайда болады. Бұл рефлекстер шартсыз рефлекстері туғызатын қоздырғыштардың алғашқы шартты қоздырғыштармен үйлесуі нәтижесінде қалыптпсады. Мәселен, нәресте терезеден өтіп бара жатқан автобусты көріп тұрғанда кенеттен найзағай даусын естісе,қорқып,жылай бастайды. Келесі ретте автобусты көргенде оның бойына қорқыныш сезімі қайта ұялайды. Жалпы, шартты рефлекстердің түзілуі кейінгі шақтарға тән.

Уақыт өткен сайын нәрестенің миы біртіндеп дами бастайды, сондықтан психикалық әмір ең бастысы жеткіліксіз дамыған негіздерге байланысты. Л.С. Выготский сол себептен де «сезімдік эмоциялық күйлер немесе сезімдер туралы» тұжырым жасайды.

Нәрестенің психикалық өміріндегі маңызды оқиғалар есту және көру қабілеттерінің дамуы. Естуге ден қою 2-3 аптада туындайды. 3-4 аптада нәресте адам даусына елеңдей бастайды. Нәресте дауысты естумен қатарбасын дауыс шыққан жаққа қарай бұрумен болады. Көруге ден қою 3-5 аптада пайда болып, осылай білінеді: нәресте затқа көз тастап,қарайды.

Нәресте уақытының басым бөлігін ұйқыда немесе ұйқымы-ояу күйде өткізеді. Біртіндеп бұл күйден сергектіктің қысқа мерзімдері бөліне бастайды. Көруге және естуге ден қою сергектікке белсенді алпат береді.

 Нәресте дүниеге әлсіз және көмекке мұқтаж болып келеді. Физикалық түрде анасынан бөлінегенімен, ол әлі де биологиялық тұрғыда анасымен байланысты болады. Ол өзінің бірде-бір мұқтаждығын өздігінше қанағаттандыра алмайды: оны тамақтандырады, шомылдырады, киімін ауыстырады,денсаулығына күтім жасалады. Мұндай көмекке мұқтаждық, ересек адамға толық тәуелділік нәресте дамуындағы әлеуметтік жағдай ерекшелігін құрайды.

 Нәресте өзіне күтім жасап жүрген анасының даусына елеңдеу, жүзін көру қабілетіне ие болған соң онымен эмоционалдық байланыс түзеді. 1 ай шамасында нәресте өзін күтіп жүрген адамды көргенде, олардың жүзіне көз тоқтатып, қолдарын сермейді, аяқтарын шапшаң қимылдатады, дыбвс шығарып, күле бастайды. Бұл эмоционалдық реакция «тірілу комплексі» деп аталады. Тірілу комплексі алғашқы әлеуметтік мұқтаждық қарым-қатынас мұқтаждықтың негізін қалайды. Наресте қарым-қатынасқа мұқтаждықтың қалыптасуы оның психикалық дамуда жаңа кезеңге өткенін білдіреді. Жаңа туған шақтың өтпелі кезеңі аяқталып, бүлдіршіндік кезең басталады.

Нәресте интенсивті дамиды. Дені сау баланың бойы бірінші жылы шамамен 1,5 есе,ал салмағы 2 есе артады, өскен сайын нәресте көбірек қимылдап, қозғала бастайды, сөйтіп қоршаған ортаның үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Нәрестенің физикалық дамуындағы негізгі кезеңдер мен олардың орта статистикалық пайда болу мерзімдері 2 кестеде көрсетілген. Нәрестенің танымдық дамуына келер болсақ, бірінші кезекте қабылдау мен қол қимылдарының дамуын қарастыру қажет.   

Нәресте моторикасының дамуы

 

Қимылдар

дың пайда болу уақыты

Моториканың дамуы

1-ай

2-ай

3-ай

4-ай 5-6ай

7-ай

8-ай

9-ай

10-ай

11-ай

12-ай

Иегін көтереді

Көкірегін көтереді

Затқа қол созады,бірақ қол жеткенде алмайды

Қолға ұстай арқылы отырады

Қолмен заттарды ұстайды

Көмексіз өзі отырады

Ешкімнің көмегінсіз отыруға үйренеді

Еңбектеп жүреді,сүйену арқылы тұрады

Қол мен тізеге сүйеніп еңбектеуді меңгереді,екі қолмен жүреді

Сүйенбей тұрады, бір қолмен жүреді

 

Шала  туған  нәресте  деп  жүктілік 28 – ші  және  38 апталары  аралығында  туған,  массасы  1000 граммнан  2500 граммға  дейін,  бойы  38 см-ден  47 – смге  дейін  болған  баланы  айтады.  Шала  туудың  негізгі  себептеріне  жүкті  әйелдің  тұрмыс  жағдайы,  тамақтануы,  жасы,  ананың  өзінің  аурулары  немесе  жүктілікке  байланысты  дамитын  сырқаттар,  ұрықтың  хромасомалық  ауытқулары,  баланың  жатыр  ішінде  дұрыс  жатпауы,  бала  жолдасының  өз  орнында  болмауы, қанның  резус  факторы  бойынша  сәйкес  келмеуі  және  т.б.  жатады.

         Шала  туған  нәрестенің  морфологиялық  белгілері: бетінде,  иықтарында,  арқасында  ұзын  түктердің  болуы;  тері  астында  майдың  жоқ  болуы;  осыған  байланысты  терінің  әжімденіп,  кәрі  кісілердің  терісіне  ұқсап  қалуы;  құлақ  шеміршегінің  жұмсақтығы;қол – аяқ  тырнақтарының  тырнақ  шетіне  дейін  жетпеуі;  ұл  балалардың  енінің  төмен,  ұмыға түспеуі,  ал  қыз  балалардың  жыныстық  саңылдауының  толық  жабылмауы  және  т.б.

         Шала  туған  нәрестелердің  ұзын  сүйектерінің  эпифизінде  сүйектену  ядросы  болмайды.  Шала  туған  нәрестелер  өлімінің  тікелей  себептеріне:  асфиксия, өкпе  ателектаздары,  гиалинды  мембраналар,  бас  ішіндегітууға  байланысты  жарақаттар,  пневмония,  туа  пайда  болған  кемістіктер,  жатыр  ішіндегідамыған  инфекциялар  және  т.б.  кіреді.

         Кейде  жетіліп туған  нәрестенің  массасы  қалыпты   көрсеткіштерден  төмен  болуы  мүмкін,  сол  үшін  шала  тууды  анықтауда  нәрестенің  массасын  ғана  есепке  алу  дұрыс  емес.

 

3. Нәрестелерді тексеру

 

  1. Жас нәрестелерді зерттеудің негізгі әдістері

2. Апгар шкаласы.

3. Брезелтон шкаласы.

4. Үйрену мен дағдылану

 

Жаңа туылған балалардың барлығында  туылуға байланысты күрт өзгерістерге бейімделуге қажетті тумысынан берілетін өмірлік күш қоры бірдей емес. Осы себепті бала денсаулығының әлсіз тұстарын мүмкіндігінше ерте анықтау өте маңызды.  1953 жылы Вирджиния Апгар стандартталған бағалау шкаласын жасап шығарды, осының арқасында дәрігерлер жаңа туылған сәбидің денсаулығын жылдам және обьективті анықтауға мүмкіндік алды.  Бағалау бала туылғаннан кейінгі 1 минуттан кейін  жүргізіледі және 5 минуттан соң тағы қайталанады.  Тамыр соғысы өлшенеді, тыныс алу, бұлшық ет тонусы, рефлекстік қозуы бағаланады, терісінің түсі тіркеледі.  Аталған шкала бойынша алуға мүмкін болатын  ұпай саны 10 балл, ал 7 және одан жоғары ұпай сандары қалыпты деп есептеледі. 7-ден төмен ұпай саны бала ағзасының қандай да бір жүйесі толықтай қызмет жасамай жатқанын және ол көбірек көңіл бөлуді, үздіксіз бақылауды қажет ететінін көрсетеді. Бағалау саны 4 баллдан төмен болса баланы бірден өмірді қамтамасыз ету жүйесіне қосу қажет.

 

Жаңа туылған сәбидің жағдайын бағалау үшін Апгар шкаласы

 

Белгілері

Белгілерді ұпай бойынша бағалау

0

1

2

Жүрек соғысы

жоқ

Жиілігі 100соғ/мин кем

Жиілігі 100соғ/мин артық

Тыныс алу

жоқ

Баяу, бір қалыпты емес

Ащы айқай

Бұлшық ет тонусы

әлсіз

Сәл қимылдай алу деңгейі

Белсенді қимыл

Рефлекстік қозуы

жоқ

Әлсіз көрінеді(гримаса)

Күшті көрінеді (айқай)

Терісінің түсі

Көгірек немесе ақшыл

Терісінің түсі қызғылт және шет жағы көгірек

Қызғылт

 

Көптеген клиникаларда Т.Бэрри Брэзелтонның жаңа туылған балалардың мінез-құлқын бағалау шкаласы (BNBAS; алғаш рет 1973 жылы, заманауи версиясы 1995 жылы жарық көрді) қолданылады, мұнан өзге оны көптеген ғылыми жұмыстарда қолданды. Ол 28 өлшемнен тұрады, бұларды   мінез-құлық көріністерінің біршама  жалпы 7 тобына біріктіруге болады. Олар: бейімделу, бағдарлау реакциясы, бұлшықет тонусы және қозғалыс белсенділігі, жай-күйінің динамикасы, жай-күйінің реттелуі, вегативті тұрақтылық пен рефлекстер.  Брэзелтон шкаласы кәдімгі неврологиялық тесттерден тұрады, бірақ оның негізгі белгіленуі – жаңа туылған балалардың мінез-құлық мүмкіндіктері мен әлеуметтік көңіл білдіре алуды бағалау.

Жаңа туылған сәбилер өзінің реакциясына қарай жаңа, қолайсыз немесе созылмалы стимулдарға бөлінеді. Бір балалар салыстырмалы түрде қоршаған ортадағы өзгерістерді тез анықтап, оларға өз зейінін бағыттайды да тез бейімделеді. Ал еңді біреулері не онша сезімтал емес, не аса қабылдағыш немесе тіпті тітіркенгіш болады; бұл жағдайда олардың зейінінің көлемі мен тұрақтылығы (және сәйкесінше бейімделуі) төмендейді. Жаңа туған сәбидің әсер ету мүмкіндіктері мен тәсілдерін Брэзелтон шкаласы бойынша бағалау баланың жеке тұлғасының дамуы мен әлеуметтік дамуына қатысты ерте болжамдарды жасауға мүмкіндік береді. Балалары Брэзелтон шкаласын қолданып тексеруден өткен ата-аналар өз балаларының қабілеттері мен жекелік ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөледі. Көбінесе, «күрделі» баланың әкесі мен анасы арнайы дайындықтан өте алады, мұнда олар өздерін не күтіп тұрғаны, балалырымен алғашқы ай барысында өзара әрекеттесуді қалай жақсартуға болатыны туралы кеңес алады.

Жаңа туылған сәбидің мінез-құлқын бағалау үшін Брэзелтон шкаласы

  1. Үйрену

Нәресте жарыққа, қоңырау және сылдырмақ дауысына, түйреуіш ұшына қаншалықты жылдам әсер береді және оларға үйренеді?

  1. Бағдарлау реакциясы

Бала қаншалықты тез жұбанады және жарық, қоңырау дауысы, ересек адамға қарай немесе оның даусы шыққан жаққа бұрылады?.

  1. Бұлшықет тонусы және қозғалыс белсенділігі

Баланың қозғалыс белсенділігі қаншалықты күшті және тұрақты?

  1. Жай-күйінің динамикасы

Бала ұйқыдан сергектікке қаншалықты тез және жеңіл өтеді? Жылауы ше?

  1. Жай-күйінің реттелуі

Бала қалай жұбанады? Оны жұбату оңай ма?

  1. Вегативті тұрақтылығы
  2. Рефлекстер

Жаңа туылған сәби өмір сүру рефлекстері мен қарапайым рефлекстік реакцияларды адекватты көрсете алады ма?

Жаңа туылған нәрестелердің үйрену қабілеті туралы дәлелдейтін деректер аз емес. Олар үйренген дыбыстарын, өлеңдерді, бесік жырларын ести отыра жұбанады. Үйрену дәлелдерінің тағы бірі – нәрестелердің еліктеу негізінде мимикалық маскаларды қайта жасай ала білуі.  Жаңа, жетілдірілген бақылау әдістері біздің өкімімізді олардың айтарлықтай күрделі мінез-құлық реакцияларын игеру қабілеті туралы көптеген құнды мәліметтермен толықтырды.

Жаңа туылған нәрестелерде шартты реакцияларды жасау бойынша алғашқы зерттеуде оларды қоңырау даусына қарай солға бастарын бұруға үйретті және баланың әрбір табысын сүт құйылған бөтелкемен бекітіп отырды. Бұл сыйлық қоңырау даусы шыққан кезде басын оң жаққа бұрған балаға да берілді.  Мұнан кейін тапсырма күрделенді: қоңыраудың дыбыстық мәні қарама-қарсы жаққа өзгерді. Балалар ойынның жаңа ережесіне сәйкес бастарын бұруды тез үйренді. Сонымен қатар, жарықты бала басын солға бұрған кезде қосу бойынша да эксперимент жүргізілді. Біршама уақыттан соң балалардағы хабитуация процесін терең түсінуге мүмкіндік беретін таңқаларлық жағдай орын алды. Нәрестелерді бұл ойын зеріктірген кезде олар ойынға деген қызығушылығын жоғалтты. Мұны ойын шартын қарама-қарсы өзгерте отырып жаңғыртуға болар еді. Алайда мұның өзі балаларды тез жалықтырды.

Хабитуация - бұл үйрену түрі, ол қандай да бір стимулмен танысуды және содан соң оған біртіндеп үйрену барысында әсер етуді тоқтатуды білдіреді. Нәрестелер мағынасы жоқ стимулдарға, мысалы, олардың киімдеріне жай ғана тиюге, немесе қоршаған ортадағы кез-келген қайталанатын дыбыстарға (үй дыбыстары немесе сырттан келетін дыбыстар) оларды теріске шығару, елемеу үшін үйрену керек. Мұнан өзге, хабитуация феномені маңызды зерттеу техникасына негіз салды. Үйрену әдісін қолдана отырып, зерттеушілер  баланы оның перцептивті зерттеу үшін мүмкіншіліктерін бір стимулдарға үйретеді.

 

4. Баламен өзара әрекеттесуді аналық және әкелік позиция ерекшеліктері

 

1. Ананың баламен аналық бауыр басуының жасалуының басталуы.

2. Өзара әрекеттесу тәсілдері.

3. Әкенің жаңа ролі.

4. Мәдени дәстүрлер

 

Қарапайым органикалық эмоцияларды бала туылғаннан бастап басынан кешіреді. Ең бірінші – жағымсыз эмоциялар байқалады. Олар: жылау, шыңғыру, т.б. ішкі және сыртқы ағзаның жағымсыз әсер етуіне жауап ретінде, мысалы, температураның төмендеуі, қарын ашу, суланған жаялықтар, т.б. Нәжістің бұзылуы, кешігіп берілген тамақ, балаға қатал дауыспен сөйлеу, осының барлығы эмоциялық реакция тудырады. Эмоциялық қозу кең түрде иррадиацияланады, эмоциялар басым, бірақ тез сөнеді.

         Өмірінің бірінші айында анасына үлкен қуаныш әкелетін нәрсе ол – баланың күлуі. Алайда бұл күлкіні, жымиюды адамдардың күлкісі деуге болмайды. Өйткені, баланың көзі жабық немесе адамның бетіне емес, басқа жаққа қарауы мүмкін, бірнеше секундтан кейін мұндай күлімсіреу қабақтың шытылуымен немесе есінеумен алмасуы мүмкін. Психолог-ғалымдар мұндай күлімсіреуді «физиологиялық» немесе «асқазандық» деп атаған.

         Өмірінің үшінші аптасында немесе бірінші айда балада ересек адамға бағытталған күлкісі пайда болады. Бірте-бірте бала анасының күлгеніне жауап ретінде күлімсірейді.

         Қорыта айтқанда, баланың бірінші айдың соңында пайда болған күлкісі қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болып табылады. Мұндай күлімсіреу жаңадан туған бала мен нәрестелік кезеңнің шекарасы болып табылады.

Ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі қажеттілік. Нәрестенің ересек адамдармен қарым-қатынас жасауының пайда болу туралы пікірлер бар. Кейбір авторлар ол қасиетті туа біте пайда болады десе, енді біреулері уақыт өте келе жүзеге асады деген тұжырымды жақтап, дәлелдеуге тырысады. Осындай байланыстың нәтижесінде балада физикалық үдіріс пайда болады.

         Үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсуді жас нәресте шын мәнінде керек ете ме?   Бір - екі апталық нәресте баладан шын мәніндегі қарым-өатынас жасаудың белгілерін көру мүмкін емес. Осы құбылысты байқай келе, баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығы жоқ екенін көруге болады, Бала анасын көргенде қуанбайды және оны іздемеуі де мүмкін. Жас нәресте өзін қоршаған адамдардың сөзіне ешқандай реакция қайтармайды және адамдардың да назарын өзіне аударуға тырыспайды.

        Адамдармен байланысқа түспеуінен, мынандай теория шығаруға болады, жас нәресте өмірінің алғашқы апталарында ересектермен қарым-қатынасқа бармайды, ол тек уақыт ете пайда болатын құбылыс.

         М.И.Лисина мынандай болжам айтады. Жас нәрестенің қарым-қатынасқа түсуі органикалық қажеттіліктерден туады (тамақ, жылу және т.б.). Өз бетімен бұл қажеттілікті жасай алмағандықтан, бала үлкендермен қарым-қатынасқа түседі. Бала жылау арқылы, қимылы және мимикасымен үлкен адамдардың назарын өзіне аударуға тырысады. Бірақ жас нәресте өз өмірінің алғашқы күндері мұндай әрекеттерін ешкімге бағыттамайды. Жас бала үлкен адамның арасындағы қарым-қатынас физикалық қарау ретінде жүзеге асады (тамақтандыру, орау, шомылдыру және т.б.). Байланыс толық қанды жүрмейді. Балада қарым-қатынас жасау деген ұғым бірте-бірте дами бастайды.

        Баланың байланысқа түсуінде өзге адамдардың пайда болуы қызығушылықты оятады. Басқа адамдар ол үшін қалыпты қоршаған орта емес, жаңа информация объектісі болып табылады.

         Жас нәрестенің өмірінде байланыс жасаудың ең белсенді субъектісі ретінде анасын алуға болады. Ана баланың ерекше қарым-қатынасқа түсіп, оның іс-әрекетін үнемі бақылауда алып және өзара байланыс сигналдарын жасауға тырысады. Бұл іс-әрекет мынандай формада жүреді; ана баладан шықққан түрлі дыбыстарға назар аударып тыңдап, оған жауап қайтарады. Ал бала көп жағдайда өзі тарапынан жауап қайтармайды. Ана бала іс-әрекетін аса байқағыштықпен аңғарса, екеу арасындағы байланыс ерте пайда болады.

           Нәрестенің қимылына, ымына, күлкісіне ана тез арада жауап қайтаруға тырысады және баланың көзқарасын өзінде ұзақ ұстап тұруға тырысады. Алғашқы үш аптада қарым-қатынасөа түсу қиынға соғады. Бірақ анадан шыққан сигналдар яғна дауыс, қимыл-әрекет, мимика – белсенді түрде жүріп, баладан 25-50 см-ге дейінгі алшақтықта жүзеге асуы қажет. Ана әрқашанда баланы назарын өзінде ұстауға тырысады. Анаға бала өмірінің бірінші айында сыймаытын қуанышы -  оның күлімсірегені. Жас нәрестенің беті үнемі белсенді қозғалыста болады. Бірақ бұл баланың күлімдегені әлі белсенді болмайды. Ол кезде баланың көзі жабық болады немесе бір жерге бағытталып қарап тұрады. Бұл кезде нәресте тек күлімсірейді, бірақ онда ешқандай қуаныш сезімі болмайды. Психологтар бұл құбылысты "Физиологиялық" немесе "асқазандық" деп атайды. Көп жағдайда аналар нәрестенің осылай күлгенін аса жылы қабылдайды.

      Бала өмірінің үшінші аптасының соңына қарай баланың күлімдегені нақты адамға бағытталып, көз қарасы мен айшықталады. Алғашында бұл өте қысқа түрде жүреді, бірақ  уақыт өте келе бала анасының түрін көрген мезетте күлімсірей бастайды.

       Психологтар үшін жас нәрестенің алғашқы күлімсірегені әлі де жұмбақ болып келеді. Бірінші кезекте баланың күлімсірегені оның толық түрде қажеттілігін алғанын аңғартқандай. Бала оған жақсы болғандықтан күлімсірейді. Бірақ ол үнемі олай болмайды. Мәселен адам тамақтанып және жақсы әуен тыңдағаны үшін күлмейді. Бала да тура сол жағдайда болады. Бала неліктен күлімсірейді? Және басқа адамдардың оған деген байланыс қарым-қатынас неліктен реакция тудырады?

      Көптеген зерттеушілер осы құбылыстарды анықтамақ болды. Кей ғалымдар баланың күлімсірегенін қуаныш сезімімен байланыстырады. Бірақ эксперименттер бұл тұжырымды жоққа шығарады. С.Ю.Мещерякованың жасаған эксперименттері кішкентай балаға ашық түсті ойыншықтарды көрсеткенда ол сол затқа ұмтылады және көзін алмай қарайды, бірақ күлімсіремейді, яғни қуаныш сезімі болмайды.

       Бала анасы келгенде күлімдейді себебі ана нәрестенің қажеттілігін жүзеге асырушы. Ананың келуімен жас нәресте тамақ пен жылулық сияқты ұғымдарды байланыстырады деген сияқты тұжырым бар. Бірақ бала сүтті немесе жылы затты көргенде қуанбайды. Осы әрекет жоғарыда аталған тұжырымды терістейді. Бала нәресте физикалық дискомфортты сезінгенде күлімсірегеннен гөрі жылайды. Баланың алғашқы күлімдегені органикалық қажеттілігі толық берілгенде байқалады. Жас нәрестенің күлімдегені оның қуанышын білдіруші сигнал қызметін атқарады. Физиологиялық күлкімен салыстырғанда ол белгілі бір адамға бағытталған болады және комуникативтілік белгісі болып табылады. Баланың қарым-қатынас жасаудағы екі түрлі сигналы белгілі. Оның біріншісі – күлімдеу, екіншісі – жылау. Екеуінің екі түрлі функциысы бар. Күлгенде бала толық күйде өзін жақсы сезінуін білдіреді жылағанда дискомфортсия сезінеді. Бұл екі белгі физиологиялық емес спецификалық болып табылады яғна бір нәрсеге бағытталады.

       Ең алғашқы күлімдеу коммуникативтілік қызмет алып үшінші аптаның соңында орын алады.

      Сонымен, нәресте баланың дүниеге келуінен бастап ең алғашқы бір ай мерзімге дейінгі уақытты қамтиды. Дүниеге келу бала организмі үшін үлкен өте күрделі құбылыс. Вегатативті физиологиялық тіршілік ету ортасынан мүлдем жаңа өмірге келеді. Нәрестелік кезеңді өте ауыр деп атайды, себебі бала осы кезеңде жаңа өмір сүру ортасына бейімделеді (адаптация).

       Бала дүниеге белгілі бір рефлекстермен келеді. Бірінші рефлекстер қатарына физиологиялық адаптацияларды жатқызуға болады. Олар өмір бойы адам бойында сақталады. Екінші рефлекстер қатарына атавистикалық ерекшеліктерін жатқызамыз. Олар уақыт өте келе өшіп қалады. Жаңа туған нәрестенің рефлекстері оның психологиялық дамуын көрсете алмайды, Бұл рефлекстер туа біте қалыптасады, бала іс-әрекеті де белгілі бір мақсатқа бағытталмайды.

       Нәресте көру және есту сияқты сенсорлық мүмкіндіктермен дүниеге келеді. Сенсорлық жүйе адамның өмір сүру формасымен байланысты болады(дауыс, дыбыс, қозғалыстағы заттар және т.б.)

        Үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсу, ересектердің белсенділігімен жүзеге асатын күрделі процесс. Ана бала өмірінің басынан бастап оны толық қанды тұлға ретінде қабылдап, оның қимыл әрекетін, шығарған дыдыстарын, мимикасын мазмұндауға тырысып, мағынасын түсінуге ұмтылады. Ананың белсенділігінің нәтижесінде жас нәресте үшінші аптада қарым-қатынас жасаудың формаларын үйренеді. Бұл нәрестелік кезеңнен өтіп, жаңа психологиялық даму жолына келегенін көрсетді.

Бала өмірінің алғашқы бір жылдығы нәрестелік кезең деп аталады.

         Нәрестелік кезеңнің екінші кезеңі – екі және алты айлар аралығын қамтиды. Анасының көмегі арқылы бала адамдарды бір-бірінен ажыратады, қарым-қатынас жасаудың түрлі формаларын ашады. Сәби енді адамдарды оның қозғалысынан, даусынан іздейді, оны алыстан көріп сезінеді;  сәби өз ананың бет -әлпетіне аса байқағыштықпен қарайтын болады. Анасының даусын тани бастайды. Анаға түрлі жауаптар қайтарады, күлімдейді, дауыс, ым білдіреді.

      Ғалымдар сәбидің іс-әрекетіндегі белсенділік танытатын қуануын, жандану комплексі деп атаған. Бұл терминді ең алғаш рет М.Н.Щелованов  жиырмасыншы жылдары енгізді.

     Жандану комплексі ең негізгі төрт компонеттен тұрады:

  1. Көрудегі ерекшелік – белгілі бір затқа немесе адамға ұзақ қарау.
  2. Баланың жағымды эмоциясын білдіретін – күлімдеу.
  3. Қимыл қозғалыс жандануы – басын қимылдату, аяқ-қолдарын қимылдату, арқасын тарту.
  4. Вокализация – баланың дыбыс шығаруы, мысалы ымдау.

Осы компоненттердің барлығы бірдей жүзеге асады. Осыдан келіп комплекс атауы шықты. Жандану комплексі  2,5 ай кезінде біліне бастайды және ол  4 айға дейін дамиды. Осыдан кейіін ол бірте-бірте төмендей береді. Оның кей компоненттері даралана түсіп, оның орнына жаңа іс-әрекет формалары пайда болады. Совет дәіріндегі алғашқы балалық шақты зерттеуші ғалымдар Н.А.Фигурин мен М.П.Денисова болды. Олар жарты ғасыр бұрын жандану комплекстерін баланың толық барлық жағдайымен қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болған жауап деп түсіндірді. Олар бала жауабын оның қанағат білдіргені деп қарастырды. Тірілу кломсплексі өте ұзақ уақыттары баланың ересектерге берген жауабы ретінде қарастырылып жүрді. 1965 жылы Д.Б.Элькониннің "Бала психологисы"  атты еңбегі жарық көрді. Мұнда жандану комплексін үлкен адаммен қарым-қатынасқа түсудегі ерекше форма ретінде қарастырған. Ол белсенді түрде жүзеге асады деген тұжырымдар айтылды. Бірақ бұл тек анықталмаған дәлелдеу мен экспериментті керек ететін тұжырым ғана болды. Ал нақты дәлелдер М.И.Лисина мен С.Ю.Мещерякованың зерттеу еңбектерінде болды.

       Тірілу комплексі баланың қуанышын білдіруші реакция ретінде ғана емес, қарым-қатынасқа түсуші құрал деп қарастырды. Сондықтан да ол баланың өз белсенділігін көрсетуі тиіс. Егер де ол нақты осылай болса онда тірілу комплексі қарым-қатынасқа түсу ерекшелігіне және жағдайға байланысты болады. М.И. Лисинаның эксперименттерінде тірілу коплексі компоненттерінің бәрі де әр түрлі байланысқа түсу ерекшелігінде мынандай болды;

  1. Пассивті түр
  2. Күлімдеп қараушы
  3. Нәзіктік
  4. Сөйлесу
  5. Комплексті қарым-қатынас (күлімдеу, сипау, сөйлесу әрекеті бір мезетте).

Баланың комплексті жандану әрекеті үлкен қарым-қатынасқа түсуші адамға байланысты болады деген тұжырымды жүргізген эксперименттер нәтижесінде айта аламыз. Мысалы анасы бірінші күлімдесе, сәби де оған күлімдеп жауап береді. Ал бала денесін ұстағанда сәби ұзақ уақыт бойы ым білдіріп күлімдейді. Ал сөйлегенде сәби де міндетті түрде жауап қайтарады. Осылайша сәби комуникативтіліктің түрлі жолдарын іздейді. Осы эксперимент нәтижесінде тірілу комплексінің мынандай факторлары дәлелденді:

1-ден сәби өзін өте белсенді ұстайды, ол қарым-қатынасөа түсуші үлкен адам онымен салыстырғанда әлдеқайда пассив болуы мүмкін. Сонымен қатар керісінше үлкен адам өзін актив түрде ұстаса сәби соғұрлым пассив болдаы. Жоғарыда көрсетілгендей баланың активтілігі үлкен адам белсенділік танытпаған кезде болады.Осыдан келіп тірілу комлексін заңға бағынбайды деуге болады.Ол тек қарым – қатынас жасау заңына ғана сүйенеді.Екі адамның біреуі пассив болса, оны жақындататын белсенділікке тарту қажет.

2-ден коплексті тірілу әрекеті үздіксіз болып отырады.Бала анасы өзге біреумен сөйлесіп отырған уақытта оның назарын аудару мақсатында анасына ұмтылып іс - әрекет жасайды, дауыспен ым – ишара білдіреді.Мұндай жағдайда жандану комплексі жауап емес, тікелей бірінші болып байланысқа түсу болып есептеледі.

Дегенменде жандану комплексі тек қана қарым – қатынас жасаудың амалы ғана емес, ол белгілі бір затқа деген баланың қызығушылығын білдірудің негізгі формасы болып табылады. Сонымен жандану комплексінің 2 түрлі функциясы бар: 1-ші қызметі жандану комплексінің қатынас құралы, 2-ші қызметі қоршаған ортаға деген қызығушылықты ояту, соған қарай (затқа) талпыну.

С.Ю. Мещерякованың эксперименттері екі түрлі қатынасты бөліп қарастырады: ересек адамның және түрлі ойыншықтардың.Екі топтың да әсері жас сәбидің қызығушылығын оятады.Мұндай жағдай пассив ересек адамдар мен қозғалмай тұрған зат және актив ересек адамдар мен қозғалыста тұрған заттар да бірдей деңгейде баланың қызығушылығын оятты. Бұл үш баллдық шкала бойынша есептелініп тұрды.

Жұмыс нәтижелері төмендегідей көрсеткіштерді берді:

    1.  Суммарлы қатынас және жандану комплексінің компоненттерінің (көруден басқа) белсенділігі, байланысқа адамдармен салыстырғанда төмен.

    2. Заттардың қозғалысы жас сәбиге көру және ымдаудан көрі қимыл – қозғалысты жүзеге асыруда маңызды  болды.Ал байланысқа түсуші адам сәбиге қарап қимылдағанда, жас баланың комплексті тірілу фактоларының барлық компоненттерінің (көру,есту ымдау, қозғалу) барлығы белсенділік танытады.

3. Жандану комплексі адам қатынасқа түскенде жоғары түрде белсенді болады, ол заттың балаға әсерімен салыстырғанда мұнда адамның әсерінің  күштілігін аңғартты. Жас сәбилер адм іс - әрекетінің  өзгеруіне байланысты олар да қарым – қатынасқа түскенде өзгеріп отырады. Көңіл – күйін білдірді. Ал заттық қатынасқа келгенде қалыпты болды. Заттардың ішінен сәбиге ерекше әсер еткен адам суреттері бар түрлі ойыншықтары болды.

4. Сәбидің адам мен затқа байланысты қарым – қатынасының  динамикасы. 12 адамның ішінде қашанда баланың қызығушылығын оятқан  бала таңдап алған 1 ғана адам болды.Бала әр кезеңде  сол бір ғана адаммен байланысқа түсуді қалайды. Ал бір ғана ойыншыққа деген қызығушылық болмайды.Сәбидің заттық әлемге деген көзқарасы өзгеріп отырады.Бала үнемі жаңа заттарды талап етіп отырады.

5. Жандану комплексінің динамикасы баланың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады, яғни жасына байланысты болады. Екі ситуацияда бала қызығушылғы өзгереді. Мысалы: екі айға дейін ол біркелкі болса, 3-ші айдан бастап, адамды қабылдауда бала – күлімдеуді 1-ші орынға қойса,  заттарды қабылдауда іс- әрекет жасау, жедел қимылдауды жүзеге асырады.

Сонымен М.И.Лисина және С.Ю. Мещерякованың зерттеулерінің нәтижесінде комплексті тірілудің негізгі актив қызметтерін таныдық. Бұл ғылыми негізі бар тұжырым. Осыған сәйкес бала сәби қарым – қатынас жасауды 2 айлық кезінен бастайды деп айтуға толық негіз бар.

Баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасауындағы жеке дара ситуациялық ерекшеліктер. 6 айға дейінгі баланың қарым-қатынас жасауын эмоционалды деп атауға болады. 2 айдан бастап бала үлкендермен актив түрде байланысқа түсе бастайды. Бұл қатынастардың 4 түрлі критерийлерін атап көрсетуге болады:

1. Ересек адамның сөзіне тікелей қарау. Бұл белгіні баланың қарым-қатынасқа толық түрде дайын екендігін айқындайды деп қарасчтыруға негіз болады.

2. Ересек адамның күлімсірегеніне жауап қайтару. Бұл белгі эмоционалдық сезімнен туындайды.

3. Қимыл-қозғалыс жасау, инициативті күлкі. Бала өзін көрсету арқылы үлкендердің назарын өзінде ұстап тұруға тырысады.

4. Байланыс жасаушы адамға жауап.

Жоғарыда айтылған критерийлердің жүзеге асуы қандай мазмұнда жүріп отырады?

         Алғашқы жартыжылдықта адам мен бала арасындағы байланыс негізсіз болады. Мысалы, бала анасын жылы сезіммен, қуанышпен қабылдйды. Ана баладан ештеме талап етпейді, ана тек оның бар болуына ғана қуанады. С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, бұл да ана мен бала арасындағы махаббат сезімі. Ол теория бойынша «тіршілікте бар болу, өмір сүрудің өзі» сені жақсы көруші адам үшін үлкен қуаныш. Мұндай кезде бала анасына өте бауырмал келеді, оған толық түрде тәуелді болады. Қарым-қатынастың бұл түрі экспрессивті-мимикалы қатынас деп аталады. С.Ю. Мещерякова және

А.И. Сорокинаның зерттеулері бойынша бұл кезде бала үлкен адамдардың оған жасаған оң және теріс әрекеттерін ажырата алмайды. Байланысқа түсуші адамның интонациясына бала жақсы жауап қайтарады. Тіпті, ол дөрекі немесе ұрсып қарым-қатынасқа түсіп жатса да. Бұл кезеңдегі басты керекті шарт – коммуникативтілік. Осы жағдайда балаға үлкен адамдармен қарым-қатынас өте қажет. Тіпті, оның әлеуметтік, атрибутивтік-заттық және т.б. маңыздылығын игерген жағдайда да.

         Дәл сол тұлғалық белгілер оны қатынасқа түсіп, әрекет жасауға итермелейді. Осылайша, баланың қарым-қатынасқа түсудегі ең маңызды формасы ситуативті-тұлғалық деп аталады. Мұнда ересек адамның балаға деген оң көңілі, экспрессивті-мимикалық қатынас және тұлғааралық қатынас маңызды рөл атқарады.

Жас сәбидің психологиялық дамуына ситуациялық-тұлғалық қарым-қатынастың тигізетін әсері. Бұл кезеңде баланың тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін ең алғашқы шарттар қалыптаса бастайды. Бала өзін-өзі танудың бірінші формасын қалыптастыра бастайды. Бұл алғашқы форма эмоционалды күйге әсер етуден пайда болады. Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы активті, яғни, белсенді түрде дамуға әсерін тигізеді. Бірақ, бұл қарым-қатынасқа түсуші үлкен адамның көңіл-күйінің жоғары болуына тікеледй байланысты болады. Адам неғұрлым байланысқа түсуде белсенділік танытып, балаға жағымды сөздер айтса, соғұрлым баланың да дамуы жедел түрде жүріп отырады. Сәби өзін байланыс субьектісі деп танып, үлкендермен қарым-қатынасқа тез түсетін болады. Бала үлкен адамның сөзінің, күлгенінің және т.б. әрекеттерінің тікелей өзіне бағытталғанын сезіне бастайды. Анасын тану арқылы сәби өзін-өзі тани бастайды. Ана да баланың әрбір іс-әрекетіне, дауысына, оның мимикасына міндетті түрде жауап қайтаруы қажет. Ал, 2-3 айлық кезінде сәби қарым-қатынас жасауда өзін белсенді ұстайтын болады.

         Н.Н. Авдееваның жүргізген эксперименттері бойынша бала өзін мадақтағанда оң жауап қайтарады. Мысалы, баланың қимыл-қозғалысын анасы мадақтаса, бала қуанады. Ал, қолын немесе саусағын аузына апарған кезде анасы ол қылығын бұрыс деп тауып, балаға қарсы ұрсады, ол кезде бала теріс көңіл-күй білдіреді. Сонда сәби өзінің іс-әрекетінің дұрыс еместігін сезіне бастайды. Бірақ, бала анасы тарапынан болған ұрсуды тікелей қабылдамайды, яғни оны ұрыс деп сезінбейді.

         Ал, Г.Х. Мазитованың зерттеулерінде баланың үлкен адамдарды тану-танымау әрекеттері қаралады. Бұл экспериментке 16 апталық баладан бастап 12 айлық сәбиге дейін қатысты.  Жас сәбилер қарым-қатынасты өте жақын, таныс және мүлдем таныс емес адамдармен жасады.

         Алғашқы кезеңде, яғни, 1 айлық балада өзі байланысқа түсетін адамдарды мүлдем танымайтындығы байқалды.

         2 айлық бала байланысқа түсуші адамдарды танымайды, барлығын бірдей қабылдайды. Бірақ, олардың көңіл-күйін бірден аңғара алады. Ал 3 айға толған кезде бала қоршаған отаға деген дифференциялды көзқарасын қалыптастырады. Бала бұл кезеңде үлкенге деген оң эмоциясын білдіреді, бірақ өзіне өте жақын адамдарды ерекше қуанышпен қабылдайды. Тек 5 айға толған кезде ғана бала адамдарды шын мәнінде тани бастайды. Ата-анасына сәби қуанады, ал таныс емес адамдарға жатырқау сияқты сезімді тудырады.

         Өте жақын адамға деген тартылыс күші пайда болады. Бұл осы кезеңде туған ерекше психологиялық факт болып табылады. Бұл ғылымда аффектілі-тұлғалық байланыс деп аталады. Осы сезімнің нәтижесінде баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы, бағасы қалыптасады. Бұл белсенділік баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл сезім баланың заттық әлемді тануына да септігін тигізеді.

      

5.  Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағы

 

1. Гештальт нәрестелік қалыптасуы

2. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағының онтогенезде қалыптасуы.

3. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағы блогының мазмұны

 

Нәрестенің дүниеге келуі, оның ана құрсағынан бөлініп, үлкен әлемге өтуі, оның оның төртінші базальды перинатальды матрицасын құрайтын күйзелісін анықтайтын күшті стресс болып табылады. С.Гроф былай деп есептейді, (туылу) дүниеге келу актісі – бұл бостандыққа шығу және сонымен бірге өткенге қайтарымсыз бас тарту. Сондықтан бала бостандыққа  шығар алдында үлкен қарқын (серпіліс)  апатының ақындағанын сезінеді. Өмір есігін ашу үшін күрестің қиын (азапты, ауыр) процесі өзінің шарықтау шегіне жетеді, ауырсыну (қиындық)  шыңының артында кенеттен жеңілдену мен релаксация  тұр. Бірақ бостандыққа шығу қуанышы үреймен (қорқынышпен) үйлеседі: ана құрсағы ішіндегі қараңғылық тұрақты температурадан соң бала алғаш рет, жарық пен, суықпен, жаңа (дене арқылы) түйсіну, сезінулермен бетпе-бет  келеді, тыныс алу керек... Кіндігін кесу анасымен дене байланысын дағдарды, және нәресте  анатомиялық тұрғыда байланыста болады, бірақ психологиялық  тұрғыда емес. Дүниеге келу процесінде бала ағзасында катехолагиндерді күшті тастау процесі жүреді. Осының салдарынан олар мөлшері нәрестелер қанында ересектерге қарағанда анағұрлым көп бөлады.

Бұл нәрестенің  туылғаннан кейін гомеотазды ұстап тұруын және ана құрсағынан босаған 40 минут ішінде сергектік жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл кезең қиын болады және баланың сыртқы факторлар ды ерекше қабылдаумен сипатталады. Бұл уақытта қоршаған орта нысандарын есте сақтап қалу, алғашқы аостнатальды тәжірибе алу процесі  жүреді. К.Лоренц бұл құбылысты 1935 жылы импринтинг деген атпен суреттеді. Демек, импрингтинг ағзаның күй, зейінін әр сәтте және тұрақты түрде есте қалдырудың тұқым қуалайтын бағдарланған қабілеті болып табылады. Импритинг шартты рефлекстермен және оперантты себепкерлікпен қатар оқыту формаларының бірі болып табылады. М.Клаус пен Дж.Кеннен, туу кезінде және баланың өмірге келген алғашқы сағаттарында жүзеге асырылатын импринтинг механизмдері бала мен ана арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Сондықтан, қоршаған орта заттарының ішінде есте қалатыны анасы, сол сияқты әкесі болғаны өте маңызды. Егер ата-аналарды босанғанға дейінгі күндей өткізілетін сабақтарда пренейтпен қарым-қатынас жасауға сауатты үйретсе (сөйлесу, гаптономия көмегімен жанасуды сезіну, т.б.) онда тыныс сөздер, тыныс дауыстар, анасы мен әкесінің жұмсақ алақандарын, жанарын, көзін-көзіне  қадап күлімсіреу (байланысын) анасының жылы денесіне  тікелей жанасуынан сәби оң эмоцияларды сезінеді. Бұл сепарациялық үрейленуін (қорқуды) төмендетеді, оның ана құрсағынан тыс жаңа өмір сүру  жағдайларына бейімдеуіне себепші болады. Бұл қиын қыстау  кезең нәрестенің анасына күшті әсер етумен сипатталады. Ол оның мінез-құлқын анықтайтын белсенді көзі болады. Егер әкесі де сауатты өткізілген серіктестәк  босануға қатысса, әкесі туралы да айтуға болады.  Басқа сөзбен айтқанда, босану процесінде стресс әйелмен пренейттің жалпы шекарасы  бұзылады, ал ерте постанальды кезеңде көбінесе липринтингтің арқасында, бұл шекараларды жекелей қалпына келтіреді мұнсыз нәресте жаңа жағдайда өмір сүре алмайды. Демек, импрингтинг ана мен баланың (диадты) бірлігін сақтауға себепші болады, басқаша сөзбен айтқанда бондингті қалыптастыруға себеп болады.

Жүктіліктің кезеңнің  толық 37 аптасы біткенге дейін мерзімінен ерте босанған кезде, соңғы етеккірдің алғашқы күнінен бастап есептегенде, егер оның денесінің салмағы 2500 г. Ал денесінің ұзындығы 48 см-ден аспаса, бала шала туылған деп белгіленеді. Шала туылған (уақыты жетпей) балада, ереже бала, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ перинаталды зақымдануы белгіленеді. В.В. Абрамченкомен Т.У. Кузьминаның мәліметі бала, әрбір 3-ші шала туылған балада жеңіл неврологиялық белгілері, әрбір 4-де бірқалыпты, әрбір жетіншіде ауыр белгілері байқалады.

Е.А. Грон мен П.Г. Иманалиева жүктілік қарым-қатынас тестін (ЖҚТ) қолдана отырып, жүктілігі қиын өту қауіпі бар.

Әйелдерде гостационды доминанттың психологиялық компонентінің эйфарикалық, гипогестогнозикалық варианттың жиі кездесетінін анықтады. Бұны біздің зерттеуіміз де  растады. Баласын мерзімінен бұрын босанған әйелдерде ПКГД-нің эйфорикалық, гипогестогнозикалық және қорқынышты вариантты басын болды, ал ПКГД-ң тиімді варианты баласын уақытыны босанған әйелге қарағанда 4 есе сирек кездеседі.

Шала туылған баланың функционалды жүйесінің пісіп жетілуі бондингтің қалыптасуын қиындатады. Мұндай жағдайда жаңа туылған сәбилер арада ауру мен оны жиілігі артады.

Егер тіпті нәресте денісау және мерзімінде туылса да, оған постнатальды кезеңде оған дұрыс күтім жасалмаса, сепарациялық рей деңгейін төмендетуге және бондинг қалыптасуға кедергі болатын созылмалы жүйкені жаралайтын жағдай құруы мүмкін. Бұны болдырмас үшін, кішкене бала үнемі қамқорлықпен назарда болуы тиіс, яғни Д.В.Винникоттың сөзімен айтқанда, босанғаннан кейінгі холдинг пен қамтамасыз ету керек (ағылшынша – қамқорлық жасау, қолына ұтау).

Бондинг пен холдинг

Бондинг деп бала мен ана арасындағы, туылғанна кейін пайда болатын көзге көрінбейтін (интуициялық) түйсіну арқылы болатын байланысын айтады, соның арқасында олар жалпы шекараны сақтайды және біртұтас болып қалуды жалғастырады. Мұндайда анасы баланың вертальды емес сигналдарын түсінуге, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның сепарациялық (базальды) үрейленуін (қорқынышын төмендетуге және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесуге қабілеті). Бондингтің көрінуі әртүрлі. Мысалы, анасымен қиын кезеңде байланыста болатын және әрі қарай одан (ажырайтын) бөлінген кезде де анасының иісін сезеді және оның сүтінің иісінде ажырата біледі. Нәресте өмірінің алғашқы минутында анасының жүзіндегі көзқарасты белгілей алады және онымен 10-15 секунд ішінде шолу байланысын орната алады. Жаңа туған нәресте өзімен сөйлесіп тұрған анасының жүзін бақылайды, оның мимикасына еліктейді, оның дауысын басқалардан ажыратады.

Өзінің жаңа туған нәрестелермен, туғаннан нәрестелермен, туғанна кейінгі ең кеш 1 сағат болған жерлерде оларды иісі бойынша тани алады. Көзін байлап, жұлған әйелнің 69 проценті  өзінің  нәрестелерін понтальды байланыс арқылы (біледі), таниды. Олар өзінің баласын жылаған дауысынан да таниды, олардың суретін басқа нәрестелерден ажырата алады.

Баланың өмір есігін ашқан алғашқы сағаттарда анасынан айырған кезде феномендер пайда болмайтынын немесе әлсіз байқалатынын атап өту керек. Бұл анасының нәрестесіне деген эмоционалды көңіл-күй деңгейін түсіде отырып, «ана-бала» жүйесіндегі байланысты қалыптастыруға барынша жағымсыз байқалады және әрі қарай ең алдымен баланың психикалық дамуына теріс әсер етуі мүмкін.

Нәрестенің қиын  кезеңде анасымен физикалық бологиялық тұрғыдағы байланысын үзу «ана-бала» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастың қалыптасуына алып келеді, көру талдағышының жұмысын нашарлатуға, кеңістікті нашар бағдарлауға алпы келуі мүмкін.

Осыған қарамастан, шамамен ХХ ғ. 1970 г. Дейін Батыс Европада бала мен ананың бала туылғаннан соң бірден айыру тенденциясы басым болды. Кеңес Одағы кезінде  де бұл тенденция ұзақ уақыт сақталып келді.

Біздің зерттеулеріміз ана мен баланы бала туылған соң бірден айыру босанған анада үрей (қорқыныш) деңгейінің артуына, баланы бөтен балаға айырбастап қою мүмкіндігі сияқты ойының қалыптасуына  сүт шықпай қалуына алып келеді. Баланы анасынан айыру, біздің пікірімізше, жаңа туған нәрестеге күш көрсету ретінде бағалануы мүмкін.

1995 жылдан бастап Санкт-Петербург қалағы №13 перзентхана да жаңа туған нәресте мен оның анасына күтім жасаудың әртүрлі үлгілерін салыстыру мақсатында зерттеу өткізілді, ол әртүрлі тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктерін ғылыми негізде анықтауға көмектеседі. Зерттеуге сегіз ғылыми негізде анықтауға көмектеседі. Зерттеуге сегіз топқа бөлінген 176 жұп (ана-жаңа туған нәресте) қатысты. Әрбір топ жаңа туған сәбидің алғашқы екі сағат ішіндегі жақындығын белгілі бір әртүрлі үйлесімдермен жүзеге асыруы тиіс болды. Туылған соң бірден «денесін денесіне тигізу»  тәсілі түрлендірілді. Киім кигізілген нәрестенің туылған соң анасының қолында болуы, туылғаннан соң бала мен ананы айыру, сол сияқты әрі қарай бала мен ананы айыру немесе босанғаннан кейінгі бөлімде олардың бірге болуы.

Үнің (модель) жімділігі нәрестенің температураға ойдағыдай бейімделуі  бала, сол сияқты «ана-бала» жүйедегі өзара әрекет бойынша, анасүтімен қоректендірудің қалыптасуы өзара әрекет бойынша бағаланады. Зерттеулер нәтижесі бала үшін неғұрлым қолайлысы анасымен ерте және ұзақ уақыт бойы дене байланысында болу деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Баламен ананың денесін денесіне ерте тигізу тәсілі бала (туылған соң бірден жүзеге асырылатын) нәрестені тыныштантырады, оның жаурап  қалуына кедергі болады, сәбиін кеудесіне ерте басу анасында сүттің пайда болуына себепші болады.

Туылған соң баланы анасынан ерте айыру сәбиді жаңа өмір жағдайына бейімделуін, жылудың реттелуін қиындатады, неғұрлым  әлсіз болады. Анасымен нәрестенің екі сағат бөлек болғаннан кейінгі бірге болуы тек қана сүт түзілу механизмін қалпына келтіре алады, бірақ баланың өзін реттеуін қалыптастыру механизмін емес.

Демек, зерттеу ана мен нәрестенің туылған соң бірден бірге болуы, ананың сәбиіне қамқорлық көрсетуге ұмтылысын көрсете алуы үшін қажет екендігін көрсетті, ал ол бондингтің ойдағыдай қалыптасуына себепші болады.

Нәрестенің анасы, Д.А.Винникоттың сөзімен айтқанда, барынша қамқор болуы тиіс. Ол холдинг түсінігіне енеді, яғни анасы нәрестесіне қандай қамқорлық жасайфды, соның бірі кіреді. Оның көзқарасы бойынша Холдингті қалыптастыру үшін анаға 9 ай беріледі. Холдинг екі қабат әйе өзіне, пренейтке сосын нәрестеге қарым-қатынас жасаудың маңызды факторы. Нашар холдингтің себептерінің бірі, анасының холдингті нашар меңгергені және өзінің ержеткен қызына өзінің аналық сенімсіздігін беруі. Ең кішкентай нәрестелер оларды қолға қалай алғанын (ұстағанын) да сезеді, біреуінде олар жылайды, екінші біреуінде бондинг сапасын көрсетіп тынышталады.

Винникот нәрестенің дүниеге қатынасын үш деңгейге бөледі.

Бірінші деңгей: кеңістікпен қоршалған тірі ағза, өзімен өзі тұйықталған, тек өзін біледі.

Екіні деңгей: кеңістікті бағындыру – аяқ пен қолды бүгіп, оны жеңуге болатынына көз жетеді.

Үшінші деңгей: кеңістікті анасының көмегімен бағындыру, диаданы сақтау.

Винникотт, жаңа нәресте  тез индивидиум болатын  сөзсіз тірі адам (ағза) деп атап көрсетті.

6-7 айлығында ол (сәби) бөліну мен жұту процесін байланыстыруға қабілетті. Нәресте үнемі қамқорлығына зәру болады. Винникот, әрбір нәрестенің  «Жақсы» мен «жаманды» айыруы, жаманнан құтылуы үшін уақыт керектігін атап өтеді.

Ана сәбиінің қажетін түйсігімен  сезінеді және оған көмектеседі. Оқыту сәби мен анасы арағы нәзік қарым-қатынасты қиындатып жіберуі мүмкін. Винникот, медбикемен дәрігерлердің, бала мен ананың кездейсоқ нәзік (әлсіз) қарым-қатынас механизміне араласпуы тиіс деп атап көрсетті. 

Демек, бондингті қалыптастыру мен холдингтің  қалыптасуы үшін сәби мен анасын туылған соң айырмай керек деп сеніммен айтуға болады.

Бондинг пен холдинг ана мен баланың протодиологын қалыптастыру үшін жағдай жасайды, табиғи тамақтандыруға (ана сүтімен) себепші болады.

Протодиолог және ана сүтімен тамақтандыру

Ана мен бала арасындағы ерте диалогты қалыптастыруда ана сүтімен тамақтандырудың мәні зор. Баланы ана сүтімен тамақтандыру (емізу) жағдайында ана мен баланың физикалық шекараларының бірігуі  біртіндеп қалпына келеді, себебі мұндайда бала жатыр ішіндегі болған кейбір жайттарға еліктейді, баланың сепарациялық (базальды) қорқынышы төмендейді және бұл баланың тойғанына қарағанда маңызы кем емес ана сүтін емізудің  маңызды міндеттерінің бірі. Міне, Винникоттың «емізудегі ең басты нәрсе  емізу емес» екендігін растағаны сондықтан. Анасы мен нәресте емізу жағдайында біріккен кезде, адамдың  қарым-қатынас инициациясы өтеді. Баланың қоршаған  орта нысан мен біртұтас  әлемге қарым-қатынас  үлгісі қалыптасады. Көптеген қазіргі  заманғы  авторлар ананы сәбиін  емізу кезін де онымен өзара әрекетке үйрету (оқыту) қажеттілігіне көп көңіл бөледі. Табиғи (ана сүтімен емізу) тамақтандырудың болу немесе болмауы, бондин, холдинг сапасы көбінесе бауыр басу вариантының қалыптасуын анықтайды.

Бауыр басудың  қалыптасуы және оның түрлері

Баланы дамытудың маңызды ынталандыруы  қоршаған орта туралы ақпараттың жетімсіздігін қысқарту жолмен базальды қорқынышты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Мұндайда ол неғұрлым дербес, анасына азырақ тәуелді болады. Бірақ «ана мен бала» диадасы онда өзіндігі сана пайда болғанға дейін өмір сүруін жалғастырады.

Бауырбасу (жақсы көруді) зерттеуге ағылшын психологы  мен педиатры (балалар дәрігері) Дж. Баулби  1951-1960 ж . орындаған жұмыстары орындалған. Өз зерттеулерінде ол баланың психикалық денсаулығы үшін қуаныш әкелетін, жылылық орнататын анасымен өзара қарым-қатынас керек екендігін көрсетті.

З.Фрейд баланың анасына негізгі қарым қатынасы рахаттану принципі деп есептеді, себебі сәби қарнын ана сүтімен тойдырып, ләззат алуға ұмтылады. Фрейдтен айырмашылығы, ләззат алу принципінен бас тартпай, Дж.Баулби жетістікке жету тәсілін дамытумен анаға жақындықты байланыстырады. Жақындық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, зерттеу жұмысымен айналасуға, оқуға, жаңа өмір жағдайына бейімделуге мүмкіндік береді. Демек, жақындықты қажетсіну – баланың негізгі қажеттілігі.

Әлі бір жасқа толмаған бала өзінің қыңқылдауымен өзінің қажеттіліктері  туралы білдіруге және көмек алуға қабілетті.

Егер анасының баласына қолы жетпей жатса, жақындықты қалпына келтіруге бағытталған, баланың іс-әрекеті белсендіріледі. Анасын жоғалтып алу қауіпі (қорқынышы) үрей туғызуы мүмкін. Егер жақын болуға деген қажеттілігі жиі қанағаттандырмаса, онда анасы жанында баланың өзінде бала өзін қауіпсіз  сезінуін доғарады.

Дж. Баулбидің теориялық ережелерін М.Эйнсвортт тәжірибесімен растады. 1-2 айлық балаларды бақылай отырып, ол баланы анасы емізу процесінде бала жылаған кезде және ойын сәттерінде анасымен қандай өзара қарым-қатынас ерекшеліктері  байқалатынын анықтауға тырысты. Зерттеу нәтижесінді, бала мен ананың өзара қарым-қатынасы алғашқы үш ай ішінде қалыптасатындығы және жылдың соңы (1 жас) мен әрі қарай олардың бауыр басушылық (жақсы көру) сапасы қалыптасатындығы анықталды.

Баланың дамуына синхронды қозғалыстағы эмоциясы экспрессивті, баламен  байланысы әртүрлі аналар  қолайлы. Баланы қолына сирек алатын, өз эмоцияларын білдіре білмейтін («ағаш жүзді әйелдер») – керісінше баланың психикалық қызметінің дамуына  себепші болмайды.

М.Эйнсвортқа тәжірибелі жолмен және бақылау нәтижесінде анасымен қарым қатынас әсерімен  қалыптасатын балалар мінез-құлқының  3 түрін бөліп алуға мүмкіндік береді.

А типі (түрі) қашқақтап жүретін жақсы көрушілік шамамен оқиғаның 20-21,5 пайызында кездеседі. Анасының бөлмеден шығып кетуіне, сосын оның қайтып келуіне бала көңіл бөлмейтіндігімен, онымен байланысты іздемей, ойынын жалғастыратындығымен ерекшеленеді. Ол тіпті анасы онымен ойнай бастаған кезде де байланысқа түспейді. Осыған ұқсас мінезді балаларды индифферентті (балалар) деп атайды.

В түрі. Қауіпсіз немесе сенімді, жақсы көрушілік басқаларда жиі кездеседі (65-66 пайыз). Жақсы  көрушіліктің бұл түрі анасы бар кезде  бала өзін жайлы сезінетіндігімен ерекшеленеді. Егер анасы кетіп қалса бала мазасыздана бастайды, зерттеушілік жұмысын тоқтатады. Анасы қайтып келген кезде, онымен байланыс орнатып, тез тынышталады, ісін қайта жалғасытрады.

С түрі. Амбивалентті жақсы көрушілік  шамамен оқиғаның 10-12,5 да кездеседі. Тіпті анасы қасында бар кезінде бала мазасыз болады. Ол кетіп қалған кезде қорқынышы арта түседі. Анасы қайтып келген кезде бала оған ұмтылады, бірақ байланысқа қарсыласады. Егер анасы оны қолына алса, ол қолынан босап шыққысы  келіп жұлқынады.

Кейінірек жақсы көрушіліктің тағы бір Д түрі табылды. Д түрі шырқы бұзылған жақсы  көрушілік шамамен оқиғаның 5-10 пайызында кездеседі. Жақсы көрушіліктің  бұл түрі патологиялық болып есептеледі және баланың қайтып оралған анасын көріп, мемшіп қалады немесе одан қашқақтайды.

Егер, бала анасын мұқият аңдып отырып, ол бөлмеден сәл шығуға әрекет жасаса, оған жармасып, ұстап алып, оны жібермей, тәжірибе жасауға мүмкіндік болмаса, жақсы көрушіліктің симбиотикалық түрі  деп аталады.

Дж. Баулби мен М.Эйнсворттың жұмыстары  бихевиоризмнің негізгі принциптеріне күмән тудырды.

Оперантты себепші болу негіздеріне және реакцияның қалыптасуына сүйене отырып, бихевиористер педагогикаға үлкен әсер көрсете отырып, ана на балаларын қодарына үйрету керек деген ұсыныс жасады, себеі, олардың көзқарасын бойынша бұл, зерттеу жұмысын тоқтатты. Диаданың постнатальды кезеңінде сақталған сапасын көрсететін жақсы көрушілік ерекшеліктері баланың психикалық дамуы сияқты соматикалық жағдайында да әсер етеді.

Ерте кезеңдегі психосоматикалық бұзылулар

Жоғарыда атап өткеніміздей, туылған кезде жарақат, алған, қоршаған белгісіз әлем алдында қорқыныш пен үрейді бастап кешіретін жаңа туылған нәресте үшін, анасы қауіпсіздік өмір сүруі үшін кепілдік болады. Егер анасында психикалық жүйке, бұзылулар болса, ол бұл міндеттерді орындай алмайды. Оның үстіне жаңа туған нәресте оның қорқынышын басқа да теріс эмоциясын индукциялайды және оның қоршаған ортаға бейімделуі барынша қиын. Мұндай нәрестелерде қоршаған ортаны зерттеу мен оны тануға қабілетті, анасын жақсы көрушіліктің қауіпсіз формасы қалыптаспайды. Невроздық бұзылулар бар немесе босанғаннан кейінгі депрессиядан зардап шегушілер қауіпсіз жақсы көрушіліктің үш түрімен сипатталады.

Постанальды кезеңде сәбилердегі бұзылуы мен соматикалық бұзылудың алдын алу жақсы көрушіліктің қауіпсіз формасы болып табылады. Жақсы көрушіліктің қауіпсіз формалары бар балалар қорқыныш (үрей) деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді оң (жағымды) эмоцияларды аз өткереді, ереже бойынша қарым-қатынаста қиындыққа кезігеді. 0-3 жасқа дейінгі балада психикалық жүйкені сезіну деңгейі жоғары жалпы және психикалық әсерленгіштігімен ерекшеленеді және самотовегетативті деген атқа ие болды. Бұл фонда оларда психосоматикалық бұзылулар сирек дамиды, ең алдымен ас қорыту жүйесіне қатысы бар. Нәрестік түйілу аэрофагия инфантильді анорексия, ас қорытудың дамымауы, тамақты тоя ішу, мерицизм, пикацизм тағы басқалар неғұрлым тіптік болып табылады.

Нәрестелік кезеңдегі түйілу әдетте 3 аптаның кезеңінен бастап, 3 айға дейінгі кезеңда байқалады. Түйілу (шаншудың) негізгі белгілері айқай мен жыау болып табылады. Тамақтандыру (емізу) аз уақытқа баланы тыныштандыра алады. Тамақтану тәртібін өзгертуге кірісу емшек сүтін қапаға ауыстыруғ дәрі-дәрмек терапиясы, ереже бойынша жеңілдік әкелмейді. Х.Финкельштейн бұл бұзылуды «Спастикалық диатез» деп атады (1938 жыл). А.Г.Аларкон (1943 ж), ал кейінірек Р.А.Шпиц (2000 ж) бұл бұзылудың ана қамқорлығынан айырылған, балалар үйіндегі балаларды (нәрестені де) мүлде болмайтындығын атап өтті. Д.М. Леви нәресте түйелуін анасының алғашқы үрийлі салғырттығымен байланыстырады (1943 ж). Левимен А.Беллдің бақылаулары бойынша, түйілуден (шаншу) зардап шегетін нәрестелер аналары үйінде тәрбиеледі және көп көңіл бөлді және алғашқы талабы бойынша емшек емізді. Шпиц нәрестенің шаншуы ең алдымен «ана-бала» диадазындағы қарым-қатынастың ерте бұзылуы болып табылады және объекті қарым-қатынастың ескі жаршысы болады. Сол кезде ол оның 2 факторының қосылысы кезінде пайда болатынын атап көрсетті: анасының мазасыздана шамадан тыс қамқорлық жасаумен баладағы жоғары бұлшық ет тонусы соңғысын қалпына келтірумен үш немесе төртінші айының соңында баланың басым көпшілігінде бұлшық ет тонусы қалпына келтіріледі.

Аэрофагия – (грек тілінен ыаударғанда – ауа жұтып қою) мазасыз ананың нәрестелерде кездеседі және олардың ашқарақтана емген кезде ауаны жұтуынан байқалады. Олар ауаны сол сияқты тағам қабылдауға қатыссыз жұтуыда мүмкін. Мұдай кезде жайсыздық пен ауырсыну сезімдерін тудыратын іштің желденуі жиі байқалады. Мұндай балада кезекпен жүрек айну, құсуды қоздыратын кекірек пайда болады.

Инфантильді анорексия – неврозды (жүйкесі тозыған) ананың сәбилерінің тәбеттерінің жоғалунан байқалады. мұндай аналар ереже бойынша, сәбилері тоқпа, жоқпа оны түсінбейді. Нәтижесінде балалар таммаққа тоймайды (емшекке жарымайды), салмағы аз болады. Мұндай бұзылу күйеуі жоқ, психикалық жүйке бұзылулары бар әйелдерге тән. Мұндай әйелдерде екіқабат кезінде, ереже бойынша, гестационды даминанттың мазасыз және мазасыз – депрессивті түрлері, гипогестогозиялық түрлері байқалды. Инфантильді анорексия мен ауыратын балаларды емдеу (педиатрдың) балалар дәрігерінің гипотрофиямен күреске бағытталған күшін, сол сияқты «ана-бала» жүйесі  қарым-қатынасындағы кикілжіңді жеңу күшінде талап етеді. Сол сияқты инфантильді анорексия құбылысы (байқалуы)  анаклитикалық  (тіректің болмауы) депрессияның маңызды көрінісі болып табылады. Бұл атауды Р.Шпиц анасынан айырылған балаларда жиі байқалатын күйлерін суретту үшін ұсынды. Бұзылудың ауырлық деңгейі мен симптоматиканың тұрақтылығы мұндайда көбінесе ажырағанға дейінгі «бала-ана» диадағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты болады.

Тағамның жетіспеуі ағзаға тағам аз түскен кезде және онда ешқандай ауру байқалмаған кезде дене салмағының төмендеуімен сипатталады. Мұндай жағдай «ана-бала» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас бұзылған кезде, яғни баланы жақтырмау және оның эмоционалды және сенсорлық депривациясы кезінде дамиды. Ереже бойынша, мұндай балалардың аналарынан жасырын түрде бала сүйгісі келмейтін, некеге қанағаттанбайтындықтарымен және тағы басқаларға байланысты эмоционалды ренішін анықтауға болады. Тиімді психотерапиялық көмек беру кезінде баланың жағдайы жақсарады.

Баланың толып кетуге алып келетін тамақты тоя ішуі, баланың тамақтан бас тартуы сияқты, баланың анасымен қарым-қатынасына қанағаттанбауы нәтижесінде пайда болады. Баланы анасымен қарым қатынасы неғұрлым көбірек алаңдатса, ол соғұрлым гепарациядан көбірек қорқады, соғұрлым ол тамақ ішуге өзін жиірек мәжбүрлейді. Тамақ мұндай бала үшін аштықты жеңу тәсілі емес, керісінше дабылды төмендетуге, сенімділікке, өзінің анасына әсерін сезінуге әрекет етуі (талаптануы).

Мерицизм – (грекше шайнау). Мерицизм анасының өзіне жеткіліксіз қамқор болуының құралы сияқты, шамадан тыс мазасыз қамқор ананың реакция нәтижесі болуы мүмкін. ұзақ уақыт бойы тамақты қайтадан шайнау эндрофиндер түзуге себепші болады және нәрестеге жақсы көрушіліктің қауіпсіз форамсы жасалады.

Пикацизм – балаларда жеуге жарамайтын тамақтарды жегісі келген кезде байқалады. Копрофагияға бейім көптеген баланың аналарда психотикалық деңгейдің бұзылуы байқалады (негізінен депрессивті анларда). Балаларға қарым-қатынасы оларда тұрақсыздығымен және қарама-қайшылығымен сипатталады. Шамадан тыс қамқорлық жасаумен қатаң бақылауға алу байқалуы қамқорлықтың азаюы мен эмоционалды шеттетілу мен алмасады, оның үстіне анасының балаға деген теріс сезімін ашық түрде көрінуі жоқ. Копрофагия балаларда өзінің құрдастарына қарағанда анасының өзіне аз көңіл бөлуімен байланысты болатын бақытсыз жағдайлар айтарлықытай жиі болады. Балаға әсер етуге тырысудың ереже бойынша, еш мәні жоқ. Психотерапиялық көмек мұндай жағдайда «ана-бала» жүйесінде де көрсетілуі тиіс. Себебі, кішкентай балаларда психикамен дене аралығы дифференциция әлі аяқталмаған, бірегей және шамадан тыс күрделі. Сондықтан, біріңғай жүйе құрайтын, анасы арқылы кішкене балалар мақсатқа сай әсер ету керек. Келтірілген деректер, әйел екі қабат кезден бастап психосоматикалық бұзылулардың анада да, балада да пайда болуының алдын алу шаралары қарастыру керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

6. Перинаталды айрылу психологиясы

 

1.Перинаталдық айрылу және оның құрылымы.

2. Перинаталдық айрылу және қайғыны өткеру процесі.

3. Отбасында перинаталдық айыруды бастан өткеру.

 

Перинатальды жоғалту және оның құрылымы.

Перинаталды жоғалтуға, жатырдан тыс жүктілік, түсік тастау ұрықтың антенаталды және интранаталды өлімі және нәресте туылғаннан кейінгі 28 тәуліктегі өлімі жатады.

Перинаталды өлімнің құрылымы.

  • Антенаталды кезеңдегі өлім – 35,3%
  • Интранаталды кезеңдегі өлім 26,0%
  • Неонаталды кезеңдегі өлім 38,7%

Перенаталды жоғалту психологиялық және медециналық мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта негізгі әлеуметтік мәселелердің бірі болып, медециналық  қызыметті жақсарту, халық санының денсаулығының  сапасына мән беру, демографиялық жағдайды көтеру болып табылады. Перинаталды кезеңдегі нәрестенің өлімі, өздігінен болатын түсікті немесе  ұрықтың антенаталды өлімін оқып, баға беру көптеген ғылыми еңбекті талап етеді.

Перинаталды жоғалту және қайғыны өткізу процесі.

Перинаталды жоғалтудың арнайы ерекшеліктері

Жоғалту дегеніміз- психологияда тұлға үшін күшті, аффективті құштарлығы бар бағалы құнды затын жоғалту. Бұған тек жақын адамның өлімі ғана емес сонымен қатаркөптеген басқа да ситуацияларды жатқызуға болады. Бұл болуы мүмкін жағдайлар жұмыс, статус, еңбекке деген қабілет, материалдық жағдайы, ажырасу, үй жануарларының өлімі, бұлда жоғалтуға жатады. Физиологиялық және символикалық 2 түрін ажыратуға болады.

  1. Физиологиялық жоғалту дегеніміз бұл айналасындағыларға түсінікті және оның объектінің жоғалуы. Бұндай жоғалту айналасымен расталады.
  2. Символикалық жоғалту бұл- адам үшін символды түрде бағалыны  жоғалту  (мысалы: пенсияға шығу, созылмалы аурудың пайда болуы, үміттің сөнуі ) айналасымен  расталмайды.

Қайғы дегеніміз- тұлғаны ұзаққа созылған психологиялық іс- қимылдың әлеуметтік физикалық реакциямен байланысты қайғылы процесс. Қайғы траурмен және скорбпен бірге жүреді.

Траур дегеніміз- тұлғаның мәдениетіне байланысты іс- қимылдары арқылы қайғысын жариялап демонстрациялауы.

Скроб дегеніміз- өзіне жақын адамның өлімімен нашарлаған эмоциялық  және соматикалық әлеуметтік процестердің комплексті жиынтығы.

Қайғы перинаталды жоғалтудың бастан кешіру процесі. Қайғыны бастан кешіру процесі жоғалту ситуациясында маңызды роль атқарады.

Олар 4 сатыға бөлінеді.

1 сатыға- шок, ступор, протест жатады. Бұл фразаның ұзақтығы біршама сағаттан 2 аптаға созылады. Осы күнде қайғының максималды көрінісі болады. Әйел жүктіліктің  фетальды ағымын, баласының іште өлімін немесе түсік жасату керектігін білгенді ол шок жағдайына түседі.

Ступор- бұл әйелдің қайғы қасіретке қорғаныс реакциясы. Бұл процесс кезінде әйелдің қабылдау концентрациясы, уақыты н білмейді,  ситуацияны  бағалай алмауы мен білінеді. Оның ашуы дәрігерге түседі.

2 сатыда- іздеу және сағыну. Бұл ортамен 2 аптамен  3 айға созылады. Бұл ауру күшті баланы жоғалтып алдым деген ой доминантты сипатта болады. Бұл кезде әйелге  ол  жайлы ойлама деп айтуға болмайды. Бұл кезде әйелдің психологиясында өзін кінәлі сезіну, жалғыздық , уайымшылдық, өмірінің мағынасы жоқ сияқты сезімдер пайда болады.

3 сатыға. Дезориентация- жоғалтудан кейін 5- 8 айда пайда болады, жылға созылуы мүмкін. Бұл кезде баланың жоғалтқанына сенеді. Өзін - өзі кінәлаудан одан сайын күшейеді. Еңбекке деген қабілеті, активтілігі төмен, есі нашарлайды, шаршағыштығы жоғарылайды, ұйқысыздық,  тамаққа деген  тәбеті төмендейді.

4 сатыға Реорганизация  бұл жоғалтудан кейінгі 18- 24 ай аралығында пайда болады. Жақсы отбасылық жағдайда аденватты психологиялық көмек көрсеткенде жоғалтудағы симптомдар біртіндеп қалпына келеді. Әйел болашаққа деген жоспар құра бастайды.

Отбасылық жағдайда перинаталды жоғалтудың қайғысы.

Перинаталды жоғалту тек әйелдің қайғысы емес, сонымен қатар отбасылық қайғы болып саналады.

Жас- жұбайлар арасындағы  перинаталды жоғалтудың қайғысы.

Екі ата- ана бірдей сәбиінің  жоғалуын сезінгенімен әрқайсысы өзгеше ьоны қабылдайды. Әйел адамы жоғалтқан жүктіліктің уақытына қарамай, өзінің қайғысын көп көрсетеді. Себебі айналадағы адамдардың оған жанашыр көзбен қарайды. Еркектің қайғысы өзгеше, көп еркек адамдар өзінің қайғысын басуға көп тәсіл қолданады. Қайғының ауырлығы мн тереңдігі жүктіліктің уақытымен, оны жоғалтқан уақытпен де байланысты. Еркек  адамы әйел адамына қарағанда қайғы қасіретін білдірмеуі тиіс. Әйел затына қолдау жасағаны дұрыс. Психология тұрғысынан әйел адамы нәрестесінен айрылғанда, отбасының қолдау жасауы маңызды орын алады. Медециналық тәжірибеде бұл жағдайлар психолог, психотерапевт мамандар өте қажет болып табылады.

 

 

 

7. Әйелдерге кеңес беру кабинетіндегі психотерапевттік жұмыстар және оларды ұйымдастыру

 

1. Перинаталды психологтың қызметі мен міндеттері.

2. Әйелдерге кеңес беруде міндеттері психотерапевтикалық кабинетінде пациентті қабылдауды ұйымдастыру

3. Әйелдерге кеңес берудегі психотерапевтикалық кабинетінде психопрофилактикалық жұмыс

 

Әйелдер кеңес ррны шешінетін орыннан, тіркелетін орыннан, күту бөлмесінен, жүктілерді, босанған әйелдерді, гинекологиялық ауруларды қабылдайтын және жүктілерді психопрофилактикалық сабаққа дайындайтын, жатыр мойнының патологиясын емдейтін, лаборатория, УДЗ жүргізетін кабинеттерден түрады. Акушерия-гинекология комегін жүмысшы әйелдерге жақындату мақсатымен ірі мекемелердің ішінде гинекологиялық бөлімшелер және әйелдер кеңес орны ұйымдастырылады. Мұвдай бөлімшелерде жүмыс жасайтын дәрігерлердің негізгі міндеттері:

1. Емдеу-профилактикалық жұмыс;

2. Әйелдердің еңбек жағдайларын бақылау;

3. Тамақтану туралы кеңес беру;

4.   Уақытша жұмыс жасамайтын өйелдер арасында экспертиза жүргізу;

5. Әйелдер арасындағы ауруларды талдау;

6. Жүмысшыларды профилактикалық қараудан өткізу;

7. Еңбек жағдайларын жақсартуға қатысу;

8. Гигиена бөлімшесінің жұмысын бақылау.

Ірі қалаларда медициналық-генетикалык әйелдер кеңес орындары ұйымдастырылған. Негізгі мақсаттары:

1. Генетикалық ауруларды анықтау;

2. Тұқым қуалаушылық аурулары бар әйелдерді ерекше есепке алып, оларға бақылау жүргізу;

3.  Медициналық генетика туралы мекемелерде және дөрігерлер арасында кеңес жүргізу.

Әйелдер кеңес орнының мақсаттары:

1. Жүкті, босанған және гинекологиялық аурулары оар өйелдерге емдік-профилактикалық көмек көрсету;

2.   Жүктіліктен  сақтану жүмыстарын жүрпзу (контрацепция);

3 Әйелдер арасыңда санитарлық ағарту жүмысьш жүрпзу,

4.   Жүкті, босанған әйелдерді емдегенде жаңа диагностикалық, емдік тәсілдерді қолдану;

5.  Әйелдердің еңбек жағдайларымен танысып, заң түрғысында қорғау;

6  Әйелдеркеңесорныөнебойыперзентханамен,жедел-жәрдем мекемесімен, жасөспірімдер емханасымен және басқа емдік-профилактикалық мекемелермен (туберкулез, венерология, онкология диспансерлерімен) тығыз баиланыста жүмыс жасауы қажет;                      

7  Әйелдер кеңес орны дәрігерлершщ ең непзп міндеті "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерді бақылауға альш, оларға өз мезгілінде емдік және кеңестік көмекті үйымдастыру.

Әйелдер кеңес орнының негізгі сапалы көрсетімдері:

1.  Жүкті әйелдерді ерте мезгілден (12 аптаға деиш) есепке алу жиілігі;                                                             

2. Жүктіліктің асқынуын (гестоз, үзаққа созылуын т.о.) мезгілінде анықтау;                                             

3 "Қауіп-қатер" тобындағы және жүктшіктен тыс аурулары бар жүкті әйелдерді өз уақытында перзентханаға жатқызу жиілігі;

Әйелдер кеңес орнында және перзентхана жағдайларындағы ана өлімін төмендету резервтері

Әйелдер кеңес орнында:

1.  Әйелдер кеңес орнында жүктілікті ерте мезгілден (12 аптаға дейін) есепке алып, толық клиникалық зерттеу жүргізу.

2. Жоғары "қауіп-қатер" тобындағы жүктілерді ерекше диспансерлік есепке алу.

3.   "Қауіп-қатер" тобындағы әйелдерді алдын ала перзентханаға жатқызу.

Перзентханада:

1.   "Қауіп-қатер" дәрежесін анықтап, акушерия ' асқынуларын алдын ала болжау.

2. Толық клиникалық зерттеуден өткізу.

3. Диагнозды анықтап, жүктілік асқынуын емдеу.

4. Босанудың қолайлы, үтымды тактикасын анықтау.

5. Мезгілінде сапалы жедел жәрдем көрсету.

6. Босану, босанғаннан кейінгі кезендері асқынған және экстрагениталды аурулары бар әйелдерді басқа мамандармен (терапевт, хирург, нефролог т.б.) бірлесе отырып, реабилитациялау.

7. Босанған әйелдерге қолайлы контрацепция әдістерін қолдану.

Әйелдерге кеңес беру кабинеттерінде медицина психологы және дәрігер – психотерапевт мамандары жұмыс атқарады:

  • медицина психолог- жоғарғы білімді психолог және қосымша медициналық факультетте медицина және перинатальды психология саласында білім алған адам.
  • Дәрігер-психотерапевт – арнайы перинатальды психология, психопатология және психотерапия бағытында білім алған адам.

Бұл мамандар психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру әдістерін өте жақсы білуі қажет. Олардың міндеттері:

  • жүкті әйел мен олардың жақын адамдарымен әңгіме жүргізе отырып, оларға нақты бір бағытта кеңес береді.
  • Босану мерзімі келгенге дейін әйелге психопрофилактика жүргізеді, жас балаларға арнайы сабақ өту
  • Жүкті әйелді жүктілік кезіндегі қандай бір ауқытқуға байланысты акушер-гинекологқа жібереді және ол әйелді бұл психологиялық жағынан дайындайды.
  • Жүкті әйелдер арасында скринингті тексеру жүргізе отырып, жүйке жүйесі зақымданған әйелдерді бөліп алу
  • Акушер-гинеколог маманмен бірге әйелдің жеке ерекшеліктеріне байланысты арнайы психокоррекциялық жоспар жасау
  • Әрбір келген әйелді жеке қабылдап психодиагностика, психологиялық кеңес, психокоррекция және психотерапия қоланады
  • Акушер-гинекологпен бірге жүкті әйелдерге қолданған психопрофилактика, психокоррекция және емдік қолданған шараларды бақылап, әрқайсысына баға береді.
  • Тәжірибе жүзінде психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, психотерапия және психологиялық кеңес беру бағытында жаңа бағыттарды қолдану

Әйелдерге кеңес беру кабинетінде әйелді жеке және отбасымен қабылдай алатын, релакция, арт-терапия және топтық жұмыс жасайтын арнайы бөлмелер болуы қажет. Бөлмелер желдетілген, жұмсақ диван және музыка тыңдайтын арнайы аспаптар, картина, бөлме өсімдіктері, кілем, видеомагнитофон, телевизор, компьютер, принтер, диктафон, секундомер, қан қысымын тексеретін құрал, түрлі-түсті қалам, бор, краска, қағаз, стол, киім шкафы, кітап сөресі т.б болуы қажет.

Алғашқы қабылдауға жүктіліктің 20-22 аптасында барады. Ол кезде әйелмен 30 миунтқа созылған диагностикалық әңгіме жасайды. Жүкті әйелмен психолог арасында эмтапиялық қарым-қатынас болуы керек. Әйелге психолог жүктілік кезіндегі болатын психологиялық стресс, қорқыныш т.б туралы түсіндіріп, бұндай жағдайдан шығу жолдарын, босанғанға дейін арнайы өтетін курс жайында түсіндіреді.

Екінші рет кеңес беру мекемесіне жүктіліктің 24-27 аптасында барады.

Кеңес беру мекемесіне екінші триместрде барудың өзіндік себебі бар. Осы кезде жүкті әйелдің барлыға берлік скринингті тексеруден өтеді.  Іштегі баланың кемістігі не тұқым қуалаушылықтан пайда болған ауруы бар жоқтығын анықтайды. Сондықтан жүкті әйел үшін психологиялық көмек қажет болады. Іштегі баланың кемістігі жайында естіген аналар стреске тез түседі. Сондықтан акушер-гинекологтар әйелді бақылай отырып психотерапевтке жібереді.

Тағы да бір маңызды құбылыс жүктіліктің 18-22 аптасында бала қозғалады. Осы кезден бастап психолог әйелге ол баламен сөйлесуге, балаға өз махаббатын беруге кеңес береді.

Үшінші қабылдау жүктіліктің 35-37 аптасына жоспарланады. Бұл уақытқа дейін әйел арнайы босанғанға дейінгі курсты толық бітіріп, балаға арнайы бөлме жабдықтайды.

Психолог әйелдің босануға деген психологиялық дайындығын бақылап, ана болуға дайындайды. 

Жүктілік кезінде әйел бойында өзінің денсаулығына, бала денсаулығына деген қорқыныш болады. Жүкті әйелдерде болатын жүйке жүйесінде психикасында болатын өзгерісетер.

Ятрогендік ( грек iatros- медик; genes-порождаемый) – медицина қызметкерлерінің жүкті әйелге деген теріс іс-әрекеті болмаса айтқан сөздерінен әйелде болатын бұзылыс. Көбіне дәрігерлердің дөрекілігі, қабылдаудағы әйелге көп көңіл бөлмеуі, кеңес берудің нашар ұйымдастырылуы, жүкті әйелге өз дәрежесінде қызмет көрсетпеуі әйелдің психикасына қатты әсер етеді.

 Дидактогендік (герк. didaktos- поучение, genes-порождаемый ) – ятрогендік бұзылыспен қатар жүреді. Қандайда бір профилактика кезінде, босануға дейінгі дайындық курстарында алған бұзылыстарды айтамыз. Босануға дайындық курстары дұрыс ұйымдастырылған болса әйел бала жайында, әр сайын болатын өз бойындағы өзгерістер жайында, босанғаннан кейінгі әйел жағдайы туралы толық ақпаратты алады. Қандайда бір ақпарат жайында толық мағұлмат алу әйел бойында қорқыныштың сейілуіне, өзіне деген сенімділігі көбейеді. Ал ақпаратты толық түрде алмауы, медициналық түсініксіз терминдер мен теорияның болуы әйелдің сенімділігін төмендетеді.

Гестогенді (лат gestation-беременность, genes-порождаемый ) – жүкті әйелдердің бір-бірне деген жағымсыз әсері. Сондықтан арнайы босануға дейінгі курстарда әйелдерге скрининг-диагностика жасау маңызды. 

Жүкті әйелдердің жүйке жүйесі мен психикасының өзгеруіне байланысты болатын қауіптің алдын алу үшін скрининкті бақылау жүргізу қажет. Бақылау жүргізу арқылы әйелдерді 3 топқа бөледі.

1- топқа - дені сау, психологиялық жағынан жағымды көңіл-күйде жүретін әйелдер жатады.

2- топқа – эйфориясы бар, гипогестогнозды, психикалық ауытқуға бейім, соматикалық ауруы бар әйелдер жатады.

3-топқа – депрессипті типтің барлық түрі, жүйке жүйесі мен психика зақымданудың барлық түрі бар, жеке бақылауды қажет ететін, психотерапевтің немесе психиатрдың емін қажет ететін әйелдер кіреді.

Скринингті тест жүргізу әйел бойындағы психикалық ауытқудың бар екенін анықтап ерте көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Уақытысында көрсетілеген көмек отбасы үшін, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі уақытта пайдалы. Әйелде босанғаннан кейінгі болатын психикалық бұзылыс сүттің азаюына акеледі. Гипогалакия – сүттің азаюы.  Тест арқылы психикалық бұзылысты анықтай отырып арнайы профилактика жүргізіу арқылы сүттің жетіспеушілігіне де көмектеседі.

  Перинатальды психологияның негізі бағыты әйелді босануға дейін дайындау. Ол үшін психолог:

  • жүктілік кезіндегі физиологиялық бұзылыстарды ерте анықтап, профилактика жасау керек
  • әйел бойындағы жүктілік кезінде болатын, босану процесі кезінде болатын қорқыныштан айырылту керек
  • әйелді жүктілік кезінде, босану кезінде болатын барлық психологиялық, физиологиялық жағдайын түсіндіру керек
  • босану кезінде белсенді болуға үйрету керек.

Бұл әдісті И.З.Вельвовский жасаған алайда кемшіліктері бар болғанымен босануға дейінгі кезеңдегі жүргізетін әдістердің басшысы ретінде саналады.

 

Қазіргі уақытта жүкті әйелдерге арнайы сабақ өткізіледі.

Ол 3 сабақтан тұрады.

 

  1. сабақ. Жүктілік кезіндегі әйел бойындағы анатомиялық-физиологиялық өзгерістер

 

  1. Жыныс жүйесі туралы қысқаша түсінік
  2. Әйел және ер адамдардың жыныс жасушасы туралы түсінік
  3. Ішкі ұрықтың дамуы

3.1 Жүктіліктің алғашқы белгілері

3.2 Ұрықтың ай сайын дамуы

3.3 Жүктілік кезіндегі әйелдің физиологиялық өзгерістері

  1. Жүктіліктің қауіп факторы

4.1 Жүктілік қауіпі деген не?

4.2 Ата-анасының денсаулығының ұрыққа әсері

4.3 Тұқым қуалаушылықтың ролі

4.4 Алкоголь, темекі шегу, наркотикалық және токсикомандық заттар жүктілік қауіпін туғызады.

4.5 Ұрық дамуына басқада факторлардың әсері (инфекциялық, дәрілік, радиациалық т.б)

  1. Медициналық тексеру

5. 1 Жүкті әйелдің кеңес беру мекекмесіне ерте келуі

5.2 Дәрігер-гинеколог, акушерлерге жиі баруы

5.3 Жүкті кезінде міндетті медициналық тексеруден өтуі

5.4 Ана мен баланың денсаулығына байланысты соңғы шыққан құрал-жабдықтармен таныстыру.

 

  1. сабақ. Жүктілік кезіндегі гигиеналық тазалық

 

  1. Өмір сүру дағдысының өзгеруі

1.1 Жүкті әйелдің құқықтық жағдайымен таныстыру. Жұмыста белгілі бір режим арасында жұмыс істеу

1.2 Күнделікті режимнің болуы

1.3 Жыныстық өмір

  1. Тамақтану

2.1 Калориялық тамақтар туралы түсінік

2.2 Сұйықты қолдану

2.3 Ана мен бала үшін витаминдер мен микроэлементтердің маңызы

2.4 Патологиялық процесс кезінде тамақтану (ерте токсикоз, гипертензия, бүйректің ауруы т.б)

  1. Жеке бас тазалығы

3.1 Дененің тазалығы (тері тазалығы, тіс күтімі, сүт безі, жыныс мүше гигиенасы)

3.2 Киім, аяқ киім

3.3 6 айға дейінгі емізудің ролі

  1. Жүктілік кезіндегі гимнастикалық гигиена

4.1 Жүктіліктің айына байланысты жаттығулармен таныстыру

4.2 Өзін жеңіл ұстауға үйрету

  1. Жүкті әйелдің психоэмоциалық жағдайы

5.1 Әйелдің жүктілікке бейімделуі

5.2 Жүкті әйелге босанғанға дейін және босанғаннан кейінгі уақытта отбасының психологиялық және физикалық жағынан қолдауы

 

  1. сабақ. Боснауға қорқынышсыз дайындау

 

  1. Босану уақытысының календарьі
  2. Толғақтың алғашқы белгісі
  3. Перзентханаға дайындық
  4. Босану уақытсы
  5. Босану кезіндегі іс-әрекет

5.1 Босану кезінде сабырлы болуы

5.2 Серіктестік босанудың ролі

5.3 Медицина мамандарына деген сенімділік және олардың айтқанын орындау

5.4 Босану процесі кезінде дем алуға үйрету

5.5 Аутотренинг және босану кезінде өзінің психоэмоциональды күйін реттеу үшін өзіне массах жасау

  1. Босанғаннан кейінгі алғашқы сағаттар.
  2. Босанғаннан кейінгі емдік массаж
  3. Ана болуға заң жүзінде құқығы

Бұндай сабақтар бірінші триместрден бастап жеке және топ болып өткізіледі. Топпен жұмыс жасағанда топта жүктілік мерзімі бірдей 10-15 әйел болуы керек.  Сабаққа дейін әр бір әйел туралы ақпарат білуі керек. Сабақты медицина психологы, дәрігер-психотерапевт, акушер-гинеколог, емдік дене тәрбиесін жүргізетін методист, педиатр-неонатолог жүргізеді.   

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Батуев А.С. Соколова Л.В. Учение о доминанте как теоретическая основа формирования системы «мать-дитя» // Вестн. С.Петерб. ун-та. Сер. 3. Вып. 2. СПб. С. 85- 102.

  1. Мухамедрахимов Р.Ж. Мать и младенец: психологическое взаимодействие. СПб.,1999
  2. Добряков И.В. Позитивный подход в психотерапии семьи, ожидающей ребенка //1-я Всемирная конференция по позитивной психотерапии: Тезисы докл., СПб., 1997. С.52.
  3. Добряков И.В. Диагностика и лечение невротических расстройств у беременных женщин // Перинатальная психология в родовспоможении: Сб. материалов конф. СПб., 1997. С. 57–61.
  4. Захаров А.И. Ребенок до рождения и психотерапия последствий психических травм. СПб., 1998.
  5. Хрестоматия по перинатальной психологии: Психология беременности, родов и послеродового периода / Сост. А.Н. Васина. — М.: Изд-во УРАО, 2005

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-14 12:12:56     Қаралды-26874

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »